Халықаралық қатынастарды сараптаудың теориялық негіздері



Саяси идеализм (либерализм)
Идеялық қайнар көздері: Ағартушылық кезеңнің идеялары, 19- ғасыр соңындағы либерализм, утопиялық социализм және пацифизм.
Негізін салушылар және өкілдері: И. Кант, Дж. Бентам, К. Иглтон, Р. Кларк, Л. Сон. Іс жүзіне асырушылар: В. Вильсон, Дж. Картер, Дж. Буш, Ф. Шуман, Ж. Моне, Иоанн Павел-2.
Негізгі категориялары: Мораль және құқық.
Идеялары мен тұжырымдары:
1. Халықаралық қатынастарды:
1) құқық арқылы;
2) адамгершілік әділеттілік нормаларын кең тарату арқылы;
3) ХҚ жүйесін демократияландыру арқылы;
4) халықаралық ұйымдардың саны мен беделін өсіру арқылы;
5) мемлекеттер арасындағы қатынастарды жан-жақты дамытып, дипломатияның рөлін арттыра түсу арқылы реттеуге болады.
2. Соғыс адам табиғатына тән құбылыс емес, oл субъективті факторлардың әрекетінің нәтижесі. Сондықтан халықаралық аренадағы кез келген қақтығысты жоғарыда аталған тәсілдермен соғысқа ұласып кетпей тұрғанда бетін қайтаруға болады.
Ағымдары: Либералдық идеализм. Бұл ағым халықаралық қатынастарда тұрақтылық пен бейбітшілік орнатудың негізгі тәсілдері ұғымдық қауіпсіздік жүйесін жасау және демократияны бүкіл әлемге тарату деп санайды.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық қатынастарды сараптаудың теориялық негіздері

Дәстүрлі теориялар:

Саяси идеализм (либерализм)
Идеялық қайнар көздері: Ағартушылық кезеңнің идеялары, 19- ғасыр соңындағы либерализм, утопиялық социализм және пацифизм.
Негізін салушылар және өкілдері: И. Кант, Дж. Бентам, К. Иглтон, Р. Кларк, Л. Сон. Іс жүзіне асырушылар: В. Вильсон, Дж. Картер, Дж. Буш, Ф. Шуман, Ж. Моне, Иоанн Павел-2.
Негізгі категориялары: Мораль және құқық.
Идеялары мен тұжырымдары:
1. Халықаралық қатынастарды:
1) құқық арқылы;
2) адамгершілік әділеттілік нормаларын кең тарату арқылы;
3) ХҚ жүйесін демократияландыру арқылы;
4) халықаралық ұйымдардың саны мен беделін өсіру арқылы;
5) мемлекеттер арасындағы қатынастарды жан-жақты дамытып, дипломатияның рөлін арттыра түсу арқылы реттеуге болады.
2. Соғыс адам табиғатына тән құбылыс емес, oл субъективті факторлардың әрекетінің нәтижесі. Сондықтан халықаралық аренадағы кез келген қақтығысты жоғарыда аталған тәсілдермен соғысқа ұласып кетпей тұрғанда бетін қайтаруға болады.
Ағымдары: Либералдық идеализм. Бұл ағым халықаралық қатынастарда тұрақтылық пен бейбітшілік орнатудың негізгі тәсілдері ұғымдық қауіпсіздік жүйесін жасау және демократияны бүкіл әлемге тарату деп санайды.

Осы тұста саяси идеализм мен саяси реализмнің арасында дау орын алды. Бұл-халықаралық қатынастар теориясындағы 1-үлкен дау.

Саяси реализм
Идеялық қайнар көздері: Классикалық ағымның идеялары (Н. Макиавелли, Т. Гоббс, Э. де Ваттель, К. фон Клаузевиц, Б. Спиноза, Д. Юм идеялары.
Негізін салушылары және өкілдері: Э. Карр, Г. Моргентау, Р. Нибур, Дж. Шварценбергер, Р. Арон, А. Уолферс, К. Tомпсон, Г. Киссинджер.
Негізгі категориялары: Ұлттық мүдде, күш, күш тепе-теңдігі, басымдылық, билік.
Идеялары мен тұжырымдары:
1) Саяси идеализм идеялары түбірімен қате, өйткені олар нақты өмірден алшақ жатқан идеалдарға жүгінеді. Идеализмге табынушылық әлемге 2 - дүниежүзілік соғыс қасіретін тарттырды.
2) Халықаралық қатынастар- мемлекеттердің қарсы тұру, күш сынасу сахнасы.
3) Мемлекеттердің халықаралық қатынастар сахнасындағы әрекеттерінің негізінде құдіреттілікке ұмтылу жатыр. Құдіреттіліктің мағынасы өте кең, ол мемлекеттің экономикалық әскери күші, оның қауіпсіздігі мен гүлденуінің кепілі, өзінің идеологиялық, рухани, мәдени құндылықтарын өзгелерге тарату мүмкіндігі.
4) Мемлекеттер өзінің құдіреттілігін арттыру үшін екі түрлі тәсіл қолданады: дипломатия және әскери стратегия. Өз билігін орнатуда бейбіт тәсіл дипломатияның күші жетпесе, мемлекеттер әскери тәсілге, яғни әскери стратегияға көшеді.
5) Мемлекеттің құдіреттілікке деген қажеттілігі мен ұмтылысы ұлттық мүдде ұғымынан көрініс табады.
6) Мемлекеттердің өзінің ұлттық мүддесін барынша қанағаттандыру жолында әрекет етуінің нәтижесінде, халықаралық сахнада белгілі бір күш тепе-теңдігінің орнайды. Бұндай тепе-теңдік халықаралық тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етіп сақтаудың бірден-бір мүмкін жолы.

Осы тұста халықаралық қатынастар теориясында саяси реалистер мен модернистер арасында 2-үлкен дау болды. ХХ-ғ.50-60 жж..
Негізгі пәні - халықаралық қатынастарды зерттеу тәсілдері.
Неомарксизм
Идеялық қайнар көздері: Классикалық марксизм.
Негізін салушылар және өкілдері: П. Баран, П. Суизи, С. Амин, А. Иммануэль, И. Валлерстайн, А. Франк.
Идеялары мен тұжырымдары:
1. Классикалық марксизмнің қоғам ішіндегі таптық антагонизм туралы негізгі ережесін қатынастар сахнасына бейімдей отырып, бай және кедей мемлекеттердің арасындағы тең емес қатынастарға ауыстырады.
2. Бай дамыған елдер экономикалық даму деңгейі төмен елдерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарды сараптау жолдары
Корпоративті басқарудың құрылуы
Халықаралық ұғым заңдылықтары. халықаралық сараптаудың теориялық негіздері. халықаралық жүйелер. халықаралық қатынастар
Электрондық цифрлық қолтаңба алгоритмдері
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі
Германия Федеративті Республикасының Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси концепцияларының негізінде орталық азиялық бағытының басымдылықтарын көрсету
Тауарлардың тұтынушылық қасиеттері
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ АСПЕКТІЛЕРІН ЖОБАЛАУ
Орталық азия аймағындағы интеграциялық процестер: мәселелері мен келешегі
«Банк Центр Кредит» АҚ-ның мысалы негізінде Қазақстанда шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыруды жетілдіру
Пәндер