Мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылықтың теориялық проблемасын кешенді түрде зерттеу, мал ұрлығына байланысты қылмыстық заңдарды жетілдіру бағытында ұсыныстар жасау, зерттеліп отырған проблемаға байланысты қылмыстық заңды теориялық және практикалық тұрғыда қолданудың бірегей жолын іздестіріп, оны дамытуға мүмкін болатын жағдайларды көрсету



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Қазақстан Республикасында мал ұрлығы үшін жауапкершіліктің тарихи.қылмыстық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Қазақстан Республикасында мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін заңдардың даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына сәйкес мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

2 Мал ұрлығы құрамының қылмыстық.құқықтық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ..28
2.1 Объективтік белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.2 Субъективтік белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
2.3 Сараланған белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
2.4 Құрамды басқа ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату ... ... ... ... ... ... 59
2.5 Мал ұрлығы үшін жаза тағайындау мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .70
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 74
Дипломдық жұмыс қылмыстық құқық теориясындағы өзекті мәселелердің бірі - мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылық проблемаларына арналған. Зерттеу жұмысында мал ұрлығы үшін жауапкершіліктің тарихи-қылмыстық маңызы, меншікке қарсы қылмыстардың жалпы көрінісі, сонын ішінде талан-таражға салудың түсінігі мен белгілері, аталған қылмыс құрамының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы сонымен қатар мал ұрлығының криминологиялық себептері мен жағдайлары, қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін зерттеуге әрекет жасалған.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып жарияланғанына он үш жылдан асты. Осы жылдардың ішінде еліміз әлем сахынасы төрінде беделді орынға ие болып, көптеген жетістіктерге қол жеткізгені мәлім. Бұл жетістіктердің бірі адам құқығы мен бостандықтарын бірінші орынға қойып, оларды мемлекет тарапынан қорғауға алуға қатысты. Оған дәлел, 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституцияның 1 бабында: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" делінген [1, 4 б].
Бірақ "бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып ұрпақтарға қалдыру қажет" [2,35 б]. Тәуелсіздікті қорғау және нығайту ең алдымен мемлекеттің ішкі әл аухатынан басталады. Ал қазіргі ахуал, оның ішінде қылмыстылықтың өрістеу деңгейі, адам құқығы мен бостандығының көп жағдайда тиісті түрде қорғала бермейтіні қатты аландатады. "Барлық жерде қылмыстық дәстүрлер мен дағдылар жаңғырып, қылмыстық әлемнің кәсіпқойлануы мен мамандануы жүріп жатыр. Көптеген азаматтардың негізгі табыс көзі қылмыстық бизнес болып отыр" — деп, Елбасы бекерге айтпаған [3,1 б].
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және элеуметтік тұрғыда даму, өркендеу процесі берік орын алды. Елімізде жылма-жыл алға өрлеушілік, дүниежүзілік деңгейге көтерілуге қадам басқандық айқын көрініс беруде. Мемлекетіміздің құқықтық негізі берік орын алды. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасында көптеген кодекстер — қылмыстық, қылмыстық-атқару, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, әкімшілік және т.б. қабылданды. Осындай заңдылық нормалардың қабылдануы құқық бұзушылықтың алдын алуға және қылмыстық құбылыстармен пәрменді күрес жүргізуге құқықтық негіз жасап берді. Мемлекетімізде орын алып жатқан оңды жетістіктерімізбен бірге қоғамның одан әрі серпінді дамуына кедергі келтіріп жатқан теріс құбылыстар да бар. Сондай қоғамға жат құбылыстардың бірі - қылмыстылық.
Республика бойынша тіркелген жалпы қылмыстылықтың деңгейімен салыстырғанда мал ұрлығы қылмысы онша орасан зор емес. Бірақ та бұл тұрғыдағы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі оның латенттігіне байланысты, яғни мұндай қылмыстардың ашылуы, ресми тіркелуі көп қиындықтарды туғызады. Оның үстіне мал ұрлығының тіркелуі, ұрлықтың басқа түріне қарағанда биік түр. Оған себеп, біздің ұлтымыздың тамырын терең жайған өмір сүру салт-дәстүрі, атап айтқанда, мал бағып күн көру дағдысы.
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. — Алматы: Қазақстан, 1995. - 48 б.
2 Назарбаев Н. Ә. Қазақстан - 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. - Алматы: Білім, 1997. - 176 6.
3 Назарбаев Н.Ә. Азаматтардың құкықтары мен еркіндігін қорғау мемлекеттігімізді нығайтудың маңызды мәселесі //Заң газеті. - 2000. 26 сәуір.
4 Хрестоматия по истории государства и права зарубежных стран /Под ред. З.М. Черниловского,- М.: Юрид. лит., 1984. - 544 с.
5 Гуров А.И. Порфессиональная преступность: прошлое и современность.- М.: Юрид. лит., 1990. - 241 с.
6 Валиханов Г.Ч. Избранные произведения. - Алма-Ата, 1958. — 665 с.
7 Культелеев Т.К. Уголовное обычное право казахов. - Алма-Ата: Издательство АН КазССР, 1995. - 356 с.
8 Мукамбаева ГА. Государство и право Кыргыстана.-Бішкек, 1998.-321 с.
9 Нурбеков К. История государства и права Киргизской ССР. - 2-ое изд. -Бишкек, 1958. -554 с.
10 Дурманов Н.Д. Преступление, составляющие пережитки родового быта.- М.: Госюриздат, 1938. - 450 с.
11 Фукс С.Л. Обычное право казахов в 18 — первой половине 19 вв.- Алма-Ата, 1981. — 654 с.
12 Джекебаев У. С. О социально -психологических аспектах преступного поведения. — Алматы: Наука, 1971. — 215 с.
13 Кригер Г.А. Квалификация хищений социалистического имущества.- М.: Юрид. лит., 1974. - 547 с.
14 Наумов А.В. Уголовное право. Общая часть: Курс лекций. -М.: Изд-во БЕК, 1996. - 506 с.
15 Возмещение материального вреда //Ведомости Верховного Совета Киргизской ССР.- 1960. - № 140. - С. 9.
16 Уголовный Кодекс РСФСР: с постатейными материалами. -
JVL: Юрид. лит., 1984. - 324 с.
17 Загородников Н.И. Сахаров А.Г. Демократизация советского общества и проблемы науки уголовного права // Советское государство и право.- 1999. - № 12.- С. 5-9.
18 Барымта тыйылама ма? //Егемен Қазақстан. - 2004.- 28
қыркүйек.
19 Журавлев Р.А. Методологические и прикладные аспекты
изучения преступности на селе // Государство и право. -1992.- №12.- С. 56-60.
20 Кайржанов Е.И. Интересы трудящихся и уголовный закон.-Алматы: Казахстан, 1973.- 325 с.
21 Наумов А.В. Механизм уголовно-правового регулирования.-М.: РАН, 1999.-245 с.
22 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. - Алматы:Жеті Жарты, 2000. -5 20 с.
23 Иванов Н.Г. Понятия и нормы соучастия а советском уголовном праве. - Саратов, 1991.- 452 с.
24 Исаев А.А. Применение специальных познаний для квалификации преступлений. - Алматы, 1997. — 153 с.
25 Владимиров В.А., Ляпунов Ю.И. Ответственность за корыстные посягательства на социалистическую собственность. - М.: Юристъ, 1986. - 325 с.
26 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: Оқулық.Толықтырылып,
екінші басылуы. - Алматы: Жеті жарғы, 1999.- 320 б.
27 Дремова АН. Мотив и цель в преступлениях несовершеннолетних. - М.: Юристъ, 1972. - 245 с.
28 Таганцев Н.С. Русское уголовное право: Часть общая. СПб., 1999.-Т.1. - 594 с.
29 Даль В.Толковый словарь живого великорусского языка. - М., 1955. - Т.2. - 171 с.
30 Курманов К.Ш. Уголовное право Киргизской Республики. – 4 изд. - Бишкек, 1997.- 245 с.
31 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты. Бөтеннің мүлкін
ұрлаудың кейбір мәселелері туралы. Нормативтік қаулы //Заң.-1996.- №5.-5-12 6.
32 Қылмыскер үсталды //Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының бюллетені,- 2000.- № 5.- 45 б.
33 Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. - Алматы:Юрист, 2005.- 141 б.
34 Тишкевич Т.С. Приготовление и покушение по уголовному праву.- М., 1958,- 471 с.
35 Малдың құны ескерілу қажет //Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының бюллетені.- 1998.- № 9. - 55 б.
36 Кінә дәлелденді //Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының бюллетені.- 2001.- № 8. -55 б.
37 Комментарий к Уголовному Кодексу Российской Федерации: В 2-х т.- М., 1998.-528 с.
38 Тіркелген қылмыстарға шолу //Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының бюллетені. - 2004.- № 7. - 45 б.
39 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты. Бөтеннің мүлкін
ұрлаудың кейбір мәселелері туралы. Нормативтік қаулы //Заң.-1996.- №5.-5-12 6.
40 Жадбаев С.Х. Стадии совершения преступления.-Алматы: Жеті Жарғы, 1998.-254 б.
41 Заңды тергеу //Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының бюллетені.- 2000,- № 4. -55 б.
42 Сот соңғы шешім шығарды //Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының бюллетені.- 1998,- № 5-6. - 65 б.
43 Сергиевский В. Рахметов С. Квалификация преступлений.- Алматы: Өркениет, 1999.-106 б.
44 Маликова А.Ш. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығындағы қылмысты саралаудың жалпы ТҮСІНІГІ мен маңызы: Заңғыл. канд. автореф,- Алматы, 2003.- 32 б.
45 Голина В.В. Криминологическая профилкатика предотвращении и пресечения преступлений.- Киев, 1989.- 254 с.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Қазақстан Республикасында мал ұрлығы үшін жауапкершіліктің тарихи-қылмыстық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Қазақстан Республикасында мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін заңдардың даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
.2 Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына сәйкес мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

2 Мал ұрлығы құрамының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ..28
2.1 Объективтік белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2.2 Субъективтік белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
2.3 Сараланған белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
2.4 Құрамды басқа ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату ... ... ... ... ... ... 59
2.5 Мал ұрлығы үшін жаза тағайындау мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...70
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 74

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс қылмыстық құқық теориясындағы өзекті мәселелердің бірі - мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылық проблемаларына арналған. Зерттеу жұмысында мал ұрлығы үшін жауапкершіліктің тарихи-қылмыстық маңызы, меншікке қарсы қылмыстардың жалпы көрінісі, сонын ішінде талан-таражға салудың түсінігі мен белгілері, аталған қылмыс құрамының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы сонымен қатар мал ұрлығының криминологиялық себептері мен жағдайлары, қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін зерттеуге әрекет жасалған.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып жарияланғанына он үш жылдан асты. Осы жылдардың ішінде еліміз әлем сахынасы төрінде беделді орынға ие болып, көптеген жетістіктерге қол жеткізгені мәлім. Бұл жетістіктердің бірі адам құқығы мен бостандықтарын бірінші орынға қойып, оларды мемлекет тарапынан қорғауға алуға қатысты. Оған дәлел, 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституцияның 1 бабында: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" делінген [1, 4 б].
Бірақ "бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып ұрпақтарға қалдыру қажет" [2,35 б]. Тәуелсіздікті қорғау және нығайту ең алдымен мемлекеттің ішкі әл аухатынан басталады. Ал қазіргі ахуал, оның ішінде қылмыстылықтың өрістеу деңгейі, адам құқығы мен бостандығының көп жағдайда тиісті түрде қорғала бермейтіні қатты аландатады. "Барлық жерде қылмыстық дәстүрлер мен дағдылар жаңғырып, қылмыстық әлемнің кәсіпқойлануы мен мамандануы жүріп жатыр. Көптеген азаматтардың негізгі табыс көзі қылмыстық бизнес болып отыр" —деп, Елбасы бекерге айтпаған [3,1 б].
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және элеуметтік тұрғыда даму, өркендеу процесі берік орын алды. Елімізде жылма-жыл алға өрлеушілік, дүниежүзілік деңгейге көтерілуге қадам басқандық айқын көрініс беруде. Мемлекетіміздің құқықтық негізі берік орын алды. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасында көптеген кодекстер —қылмыстық, қылмыстық-атқару, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, әкімшілік және т.б. қабылданды. Осындай заңдылық нормалардың қабылдануы құқық бұзушылықтың алдын алуға және қылмыстық құбылыстармен пәрменді күрес жүргізуге құқықтық негіз жасап берді. Мемлекетімізде орын алып жатқан оңды жетістіктерімізбен бірге қоғамның одан әрі серпінді дамуына кедергі келтіріп жатқан теріс құбылыстар да бар. Сондай қоғамға жат құбылыстардың бірі - қылмыстылық.
Республика бойынша тіркелген жалпы қылмыстылықтың деңгейімен салыстырғанда мал ұрлығы қылмысы онша орасан зор емес. Бірақ та бұл тұрғыдағы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі оның латенттігіне байланысты, яғни мұндай қылмыстардың ашылуы, ресми тіркелуі көп қиындықтарды туғызады. Оның үстіне мал ұрлығының тіркелуі, ұрлықтың басқа түріне қарағанда биік түр. Оған себеп, біздің ұлтымыздың тамырын терең жайған өмір сүру салт-дәстүрі, атап айтқанда, мал бағып күн көру дағдысы.
Ұрлық қылмысы қылмыстық құқық теориясында көп зерттелген тақырыптардың бірі, бірақ мал ұрлығына қатысты, оның ұғымы, белгілері, түрлері, оның ұқсас қылмыстардан айырмашылығы, мал ұрлығы қылмысының ауырлататын және аса ауырлататын белгілері, аталмыш құрамның криминологиялық мәселелері арнайы жан-жақты зерттеу объектісі бұрын-соңды болмаған. Осыған байланысты зерттеліп отырған тақырып теориялық және практикалық жағынан өте өзекті болып табылады. Аталған мәселені сот —тергеу тәжірибесінің негізінде зерттеп, ғылыми-ой елегінен өткізу қажеттілігі ешбір күмән тудырмайды.
Зерттеліп отырған проблема Қазақстанның қылмыстық құқық теориясында көптен бері түбегейлі шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселе. Осы даулы мәселеге арналған жекелеген мақалалардан басқа Қазақстан Республикасында аталып отырған қылмыс құрамының табиғатын терең, әрі ғылыми тұрғыда зерттеген іргелі еңбектер жоқ. Осыған орай осы проблеманың құқықтық табиғатын, тарихи, әлеуметтік қырларын кешенді түрде зерттеу қажеттілігі айтпаса да түсінікті.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылықтың теориялық проблемасын кешенді түрде зерттеу, мал ұрлығына байланысты қылмыстық заңдарды жетілдіру бағытында ұсыныстар жасау, зерттеліп отырған проблемаға байланысты қылмыстық заңды теориялық және практикалық тұрғыда қолданудың бірегей жолын іздестіріп, оны дамытуға мүмкін болатын жағдайларды көрсету болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес дипломдық жұмыс алдына мынадай мақсаттар қойылды:
- мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін зандардың даму тарихын зерттеу;
- мал ұрлығы үшін жауапкершілік мәселесінің ғылыми теориялық және тарихи-құқықтық аспектілерін зерттеу;
- мал ұрлығы құрамының жаңа мәтінін құрастырып, оның қылмыстық-құқықтық белгілеріне талдау жасау;
мал ұрлығы үшін жаза тағайындауға байланысты ұсыныстарға талдау жүргізу;
мал ұрлығы үшін жауаптылық белгілейтін зандарды жетілдіруге ұсыныстар енгізу;
- мал ұрлығы қылмысын алдын - алуға байланысты ұсыныстар жасау.
Зерттеу нәтижесінде мынандай нақтылы тұжырымдар ұсынылады.
- Қазақстан Республикасында мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін заңдардың даму тарихын зерттеп, халқымыздың тұрмыстық ерекшелігін ескере отырып және соңғы уақытта сот-тергеу тәжірибесінде мал ұрлаудың кең етек алуына байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне ұрлық құрамынан бөлек "175-1 бап Мал ұрлау" деп аталатын жаңа қылмыс құрамын енгізу.
- Мал ұрлау құрамының жаңа мәтінін ұсыну. Мал ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, қылмыс құрамының құрылысын белгілеу. Мал ұрлаудың негізгі, ауырлатылған және аса ауырлатылған құрамдары үшін жауаптылықты анықтау.
- Мал ұрлығы құрамының объективтік және субъективтік белгілеріне талдау жүргізу және оларды жүйелі түрде негіздеу.
Қылмыс заты - мал ұрлау құрамының қажетті белгісі болып табылатынын негіздеу.
Мал ұрлаудың басқа ұқсас құрамдардан ажырататын белгілерін жеке —жеке бөліп көрсету.
Мал ұрлығының сараланған белгілеріне байланысты қылмыстық жазаны ауырлататын ұсыныстар енгізу.
- Мал ұрлығы қылмысына жол беретін себептердің жүйесіне және оның жасалу жолдарына қарсы, осы қылмыстың алдын алу шараларын ұсыну.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МАЛ ҰРЛЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТАРИХИ-ҚЫЛМЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ
1.1 Қазақстан Республикасында мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін заңдардың даму тарихы
Қай қоғамда болмасын мал ұрлау ерте заманнан келе жатқан қылмыстардың бірі. Қылмыскерлер мал ұрлағаны үшін ауыр жазаға тартылса да, бұл қылмыс түрі тоқтатылар емес. Тарих беттеріне жүгінсек, мәселен біздің заманымызға дейінгі XVII ғасырда Вавилон патшасы Хаммурапидің зандарында мал ұрлағаны үшін мынандай жауаптылық көрсетілген: "Егер қылмыскер өгіз ұрласа, не қой ұрласа, не есекті ұрласа, не шошқаны... егер ол мал құдайдікі болса, не орданікі болса 30 есе көлемде өндірілу керек, ал, егер қылмыскердің төлейтін мүмкіндігі болмаса —ол өлтіріледі" [4,12 6].
Көне феодалдық қоғамда қолданылған біздің заманымызға дейінгі V-VI ғасырларда "Салическая правда" зандарында мынандай тараулар бар: "Шошқа ұрлау туралы", "Мүйізді мал ұрлау" және "Жылқы ұрлау туралы" және т.б.
Ал біздің байырғы қазақ халқының тарихына үңілетін болсақ, қазақ халқы көбіне мал, соның ішінде ірі қара мал шаруашылығымен айналысқан. Малына қарап бай, кедейлігін анықтау бүгінде сақталған. Қазақ халқының тұрмысы мал шаруашылығымен өте тығыз байланысты, сондықтан да мал негізгі байлық болып есептелген. Осыған орай мал ұрлау кең етек алған қылмыстың бірі болған, соның ішінде, құны жағынан басқа малдан асып түсетін жылқыны ұрлау көп таралған қылмыстардың бірі болып есептелген.
А.И. Гуров жазғандай: "Ерте заманнан бастап Орта Азия
халықтарында, сол сияқты басқа да халықтарда жылқы ұрлау кең
тараған еді. Жылқы ұрлаушыларды "отырғыштылар" скамеечники
деп атаған. Бұлар ұрылардың ішіндегі ең мықтылары болды, әрі
олардың ғасырларға созылған қылмыстық дәстүрлері, әдейі өздеріне
ғана белгілі жаргондары, губерния аралық қылмыстық байланыстары,
ұрланған малды жасыруға қалыптасқан айла-тәсілдері болған.
Тәжірибелі жылқы ұрлаушылар "кәсіби" шеберліктерін мұра қылып қалдырып отырған. Жылқы ұрлау ұйымдасқан қылмыстың түрі болған және арнаулы кәсіби қарақшы топтардан тұрған. Кейде мұндай топтар бірнеше жүздеген адамды қамтыған, сондықтан, бұл қылмысты ұйымдасқан қылмыс санатына жатқызуға болады" [5, 72-73,78-79 б].
Тарихқа жүгінсек, жылқы ұрлаумен қазақ халқында кәсіби ұрылар айналысқан және олардың бұл қылмыстарын бүркемелеуші сол кездегі байлар болған. Ауқатты адамдар, байлар, ауыл старшиналары мен атқамінерлер әдетте осы қылмысты ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған.
Бұл қылмыстың түрі Кеңес үкіметі тұсында да жойылмаған. Мысалы, қазақ жерінде 1934 жылы Ортау селосында 10 адамнан тұратын қылмыстық топтың ішінде ауылдық Кеңестің төрағасы, орынбасары мен хатшысы және партия ұйымының хатшысы мен колхоз басқармасы болған. Олар жылқы ұрлаушы ұрыларға қару-жарақ пен колхоздың аттарын беріп ұрлықтан түскен жылқыны өзара бөлісіп, көпшілік жағдайда етті Қаракөл қаласының базарына сатқан [6, 515 б].

Орта Азияның көшпелі және жартылай отырықшы мал өсіруші халықтары арасында барымта кең орын алған [7, 200 б]. "Барымта, -деп жазады Ш. Уәлиханов, - ашықтан-ашық күндіз жасалған, не мұқтаждықтан күш жұмсау арқылы жасырын ұрлық түрінде жасалған" [6, 600 б]. Ашықтан-ашық істелген барымта үстінде малынан айырылған жақ күш көрсетіп баққан, барымта кезінде төбелес те, тіпті, кісі өлімі де болып тұрған. Әдетте барымтаға қарулы топ қатысып, олардың тарапынан күш жұмсау, кейде өрт қою, мүлікті алып кету де, не оны құрту да орын алған. Барымта кезінде, көбінесе көп малды иемденіп кету жиі болып тұрған. Барымтаның себептері әртүрлі болған: әдет-ғұрыпты бұзу, адамның ар-намысына тиу, оны жәбірлеу, малды айдап кету, кек алу, қызғаныш т.с.с. Әлбетте, қарсы жақтан да мұндай қылықтарға қарсы әрекеттер де болып тұрған. Көп жағдайда барымта екі рулы ел арасында қарулы қақтығыстармен қабаттаса жүрген және оның біраз зардаптары да болған. Мұндай кезде ру басылары жанжалдасушы жақтардың уәкілдерін жинап, олардың дауларын шешкен. Қуып кеткен малдың орнына басқа мал қайтарылып берілген, ал өлген адам үшін, кінәліні қарсы жаққа беретін болған. Жазалаушының туыстары мен руластары өш алуды, не жазаны жеңілдету үшін құн төлеген. Сонда рулар арасындағы араздық пен жанжал ата дәстүрлері негізінде өз шешімін тауып отырған.
Қарулы қақтығыстар көрші халықтар арасында да орын алып отырған. Онда да барымтаның дауы мүлікті өртеу, кісі өлімі, не кепілдікке адам алып кетулермен көрініп отырған. Мысалы, 1770 жылы Абылай сұлтан қырғыздарға мал қуып кеткендерін желеу қылып, шабуыл жасаған. Абылайдың немересі, белгілі қазақ ағартушысы Шоқан Уәлиханов XIX ғасырда қырғыздар тарихын зерттеп, қырық мындай киіз үйлі Солты руынан Жаилское побоище Жайыл қырғынынан кейін тек қана қырықтай отбасы қалғанын жазады [6, 332 б]. Г.А. Мукамбаеваның пайымдауынша, "барымта, бір жағынан, қоғамдағы көпшілікке танымал зиян, не уәдені орындамау, не міндетінен жалтарудан шеккен шығынның орнын толтыру үшін жасалған іс, екінші жағынан бұл басқа адамның құқығын белгілі бір мақсатпен бұзу" деп атап көрсетеді [8, 174 б].
Т.М. Күлтелеевтің айтуынша, "барымтамен бай, әрі құрметті адамдар айналысқан және ол үшін әдейі дайындалган жігіттерді ұстаған, ал жарлылар болса мұқтаждықтан барымтаны қостаған және оны қарақшылық қастандық әрекет ретінде есептемеген"[7, 253 б]. К. Нурбеков: "Қылмыс жасауға қатысқандар ғана қылмыстық жауапқа тартылған, ал оны ұйымдастырушы бай, ауқатты адамдар жазасыз қалып отырған, олардың кейбіреулері қарақшылық үшін ашықтан-ашық адамдар ұстаған... деп жазады. Мысалы, Қырғызстанның 20-жылдардағы көрнекті қайраткері, Жетісуда "Қосшы" одағын ұйымдастырушы әрі басқарушы болған, 1918 жылдан коммунист, партияның XII съезінің шешуші дауысты делегаты, Түрік ЦИК пен Кироблисполкомның Президиум мүшесі Р. Құдайқұлов 1927 жылы "Үр-Токмақ" ісімен сотталған. Жас кезінде Пахотин деген шаруаның жылқыларын ұрлағаны үшін өз руынан аластатылған. 1916 жылы көтеріліс кезінде көтерілісшілердің бір тобын басқарған. Жеңілістен кейін Қытайға қашқан, онда да барымтамен айналысқан. Гали Өзбеков деген байдың 70 жылқысын қуып кеткен. Қытайдан келіп Ферғананның белгілі барымташы манабы Авасхан Егембердиевтің барымташыларының бір тобын басқарған" [9, 80 б].
Осы сияқты мысалдар ел арасында көп тараған. А.И. Гуровтың айтуынша: "Мал ұрлау қуып кету ерлік пен қайтпастықтың белгісі. Мал ұрлау ру ішінде ерліктің, өз туыстарына қарасудың белгісі деп түсінілген, сондықтан да оны айыптамаған" [5, 80-89 б]. Әдетте барымташылар билер мен ауқатты адамдардан материалдық көтермелеулерге ие болып, сый-қүрметке бөленген. Зерттеуші Т.К. Күлтелеевтің тұжырымы бойынша, барымта рулық өмір салтының туындысы. Себебі, ол кезде қоғамдық пікір әлеуметтік биліктің нышанындай еді. Сондықтан да ол дау-жанжалды шешуде қылмыстық іс деп қаралмай, екі жақтың занды мүдделерін бітістіріп отырған [7, 45 б].
Барымта XX ғасырдың 30 жылдарында Кеңес үкіметінің нығаюына байланысты жойыла бастады. Ал, оны әбден жоюда сол кездегі милиция органдарының ролі өте зор болды. Жетісу облгорревкомының 1922 жылғы 26 қыркүйектегі шешімімен жалпы қылмыстылықты, оның ішінде жылқы ұрлауды ауыздықтау мақсатында милиция деген орган құрылған. Жергілікті әкімшілік бөлімдері милицияны атпен қамтамасыз етуге міндетті болған. Құқық қорғау органдарының батыл қимылдары өз нәтижесін берді. Жылқы ұрлау елеулі азайды. Бірақ, жылқы ұрлауды үзілді-кесілді тоқтату әлі мүмкін емес болды.
Мысалы, 1926 жылы шілдеде Сусамырда қырғыздар қазақтардың мың басқа тарта жылқысын қуып кеткен. Бұл оқиғаны милицияның араласуымен Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары арасында әдейі құрылған жанжал комиссиясы тергеп шешкен.
Сол кездегі милицияның табандылықпен жүргізген мақсатты істері арқасында, әрі халықтың қолдауымен жылқы, басқа да мал ұрлау біркелкі бәсендей бастады.
Қазақ жерінде қазан төңкерісіне дейін қылмыстық құқық нормаларын анықтаған біраз құжаттар болған.
Мысалы, олар:
1. 1867 және 1886 жылдардағы Түркістан өлкесін басқару туралы
ереже.
2. 1891 жылғы Дала Степные облыстарын басқару туралы ереже.
Сол кезде билер соты да қызмет атқарған, оларды ресми ешкім сайламаған, әрі бекітпеген. Әдетте билер сол кездегі өте ауқатты адамдардың бауырлары, не олардың өзге туыстарынан болған. Барлық сотқа түскен мәселелерді олар ежелгі әдет-ғұрып бойынша, не мұсылмандық жолмен —шариғатпен шешкен және ешқандай қағазға түскен үкім болмаған. Өлке Ресей құрамына кіргеннен кейін үкімдер қағазға түсірілген құжаттар түріне көшкен.
Билер сот атқару ісін "Жеті жарғының" нормаларына сүйене отырып шешкен. "Жеті жарғыда" сот ісін жүргізу және соттауға жататын істер, олардың мерзімі туралы, қылмыс пен тәртіпсіздіктер үшін жауапкершіліктің жалпы нұсқаулары, жазаның түрлері мен мөлшері және тағыда басқа мәселелер жинақталған еді. Айта кететін жағдай, "Ереженің" біраз баптары бұрыннан қолданылатын, тек осыған дейін еш жерде жазылмаған. Ресей құрамына кіргеннен кейін, қазақтардың дағдылы құқықтық ережесі жасақталды. Бұл алғашқы жазбаша деректеме, сондықтан да, төңкеріске дейінгі қазақтардың дағдылы-құқықтық жүйесінің әртүрлі қырларын зерттеуге үлкен көмек етті. "Ереженің" VII тарауы, "Ұрлық, тонау, бөтен адамның мүлкін құрту, барымта, қазақ құжаттарын бұзу" деп аталды. Осы тарауда мал ұрлау, барымта туралы баптар бар. Мысалы, бірінші рет бір үлкен қойды, құлынды, не бұзауды ұрлағаны үшін айыпкер мал иесіне сол малдың құнын үш есе қылып қайтаратын болған. Ірі қараны ұрлағаны үшін айыпкер сол малдың құнын және үстеме бір жылқы, басына бес мал, екінші рет ұрласа айыпкер жәбірленушіге ұрланған малдың бағасын және жасаған зиянын жабуға екі бас ірі қара төлеген, әрі алты айға абақтыға жабылатын жаза қолданылған. Он бес малға дейін ұрлағаны немесе үшінші рет ұрлық жасағаны үшін, мейлі, тіпті, бір бас болса да, айыпкер ұрланған малдың үш есе құнын төлеп, әрі алты айдан бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуға жазаланған. Он бастан астам мал ұрлағаны, әрі ұрлықты үш реттен артық жасағаны үшін айыпкерге әр бас үшін тоғыз бас мал төлеуге және бір жылдан бір жарым жылға дейін түрмеге отыру үкімі шығарылған. Оған қоса айыпкерлер сот шығындарын, әрі қоғамдық қажеттіліктерге арнайы айыппұл мен салық төлеген. Егер қылмыс бірінші рет жасалса, әрі қылмыскер қаруланбаған болса және үлкен зардап әкелмесе жаза жеңілдетілген. Керісінше, қылмыс екінші рет жасалса, қылмыскер қаруланған болса, әрі басқа біреудің денесін жарақаттаса жаза ұлғайтылған. Сонымен "Ереже" бойынша мал ұрлығы үшін жаза, ұрлаған мал басына және басқа да ауырлатушы жағдайларға байланысты болған.
Т.М. Күлтелеевтің айтуынша, "Ереже" дегеніміз, дәстүрлерді кодификациялап, оларға құқықтық күш беру. "Ереже" - сайып келгенде дәстүрлі-құқықтық нормалардың шағын жиынтығы. Онда сот атқарудың, азаматтық, отбасылық және қылмыстық құқық бұзудың ережелері жиналған. Қазақтардың қылмыстық құқық дәстүрінде құқық бұзушылық пен қылмыстың арасын нақты ажырату болмаған" [7, 253 б].

1917 жылы қазан төңкерісінен кейін феодалдық тәртіптер мен дәстүрлер жойылды. Жаппай ұйымдастыру және "Кулактар мен байларды тап ретінде жою, әрі Кеңес өкіметінің нығаюы кезінде
бүкіл Орта Азияға барымтаның жойылуы тән болды" [10, 72 б].
Төңкерістен кейін 1917 жылдың 22 қарашасында "Сот туралы Декрет" қабылданды. Осыған орай барлық ескі заңдар жойылды. 1918 жылы қабылданған "РСФСР-дың халық соты туралы ережеде" тек қана Кеңес өкіметі зандарын басшылыққа алу талап етілген. Төңкерістен кейін қылмыстық заңдардың болмауына байланысты Үкіметтің үндеулері, декреттері, ережелері, шешімдері мен қаулылары басшылыққа алынды.
1918 жылдың бірінші жартысында РСФСР территориясында
автономиялық республикалар құрыла бастады. Автономиялық
Республикалардың жоғары билік органдары өз қаулыларымен
территорияларында федеративтік зандарды өзгеріссіз енгізе
бастады, кейбір кезде жергілікті ұлттық дәстүрлер мен шаруашылық-
тұрмыстық жағдайларға сай бейімеп отырды. Сонымен қатар,
автономиялық республикалар зандар шығаруға да құқылы болды.
Мысалы, 1919 жылы 10 маусымдағы "СНК РСФСР-дың Қазақ
өлкесін басқарушы Революциялық комитет туралы декретінде",
Ревком Орталық кеңес үкіметінің қаулыларын жүзеге асырғанда
жергілікті халықтың дәстүрлері мен жағдайларды ескеріп отыруы
қажет; қазақтар арсындағы дау-дамайларды сотта қарағанда
жергілікті дәстүрлі зандарды пайдалануға болатыны көрсетілген.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімін дамытуға 1918 жылы 18 қазанда Түркістан Орталық Атқарушы Комитетінің "Революциялық трибунал туралы" қабылдаған ережелерінің маңызы зор болды. Онда нақты қылмыстардың құрамдары айқындалған болатын. Ережеде әрбір қылмыс үшін қандай жаза қолдану көрсетілген. Бірақ, мынадай талап қойылған болатын, революциялық әрбір трибуналдың шешімі мен үкімі қабылданғанда республика мүддесі, социалистік сана-сезім және революциялық ар-ождан басшылыққа алыну керек болатын. Ережеде жаза қолдану үшін трибуналдарға кең құқық беріліп отырды [7, 88 б].
1919 жылы желтоқсанда Әділет наркоматы коллегиясы: "РСФСР-ғы қылмыстық құқықтық басқарушылық бастауы деген құжат қабылдады. Ол Түркістан АССР жерінде өрекет етті. Бұл құжат қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімдері нормаларын бір жүйеге түсіруге жасаған алғашқы талпыныс еді. Ол қылмыстық заңдылықтың негізгі қағидалары мен ережелерін болашақта дамытуға үлкен әсер етті.
1922 жылдың 1 маусымында ВЦИК РСФСР-дің бірінші Қылмыстық Кодексін қабылдады. Ол Түркістан АССР жерінде де әрекет етті, ал бүған Қазақстан мен Қырғызстан кіретін болды. Екінші сайланған Қырғыз АССР Қазақ ЦИК - III - сессиясы Қылмыстық Кодекске қосымшалар мен толықтырулар енгізу туралы қаулы қабылдады. Оның IX тарауында қазақтардың құн төлеу, барымта, қалың мал, әйелдерді некеге түруға зорлау үшін жауаптылықтар белгіленген болатын. Автономия территориясында бұл тарау 1922 жылдың 1 шілдесінен күшіне енді.
Бірақ Қылмыстық Кодекстің IX тарауы ВЦИК-тің рұқсатынсыз енгізілгендіктен оның күші тоқтатылды. Ал КАССР Әділет халық комиссариатының циркулярында IX тарау ВЦИК-тің бекітуіне жіберілді, сондықтан заң қабылданғанға дейін қалың мал мәселесі ашық болады деп көрсетілді. Кешікпей, яғни, 1924 жылдың 16 қазанында ВЦИК-ң II сессиясы тек қана Қазақ АССР үшін РСФСР Қылмыстық Кодексінің IX тарауын бекітті, содан кейін бұл тарау басқа да автономиялық республикалар үшін күшіне енді. Бұдан кейінірек мемлекет пен құқық мамандары атағандай, 1922 жылы қабылданған РСФСР-ң Қылмыстық Кодексі кеңес қылмыстық заңдылықтарын, әсіресе социалистік қағидаларды, кодекстің жалпы және ерекше бөлімдерін дамытуға жасалған үлкен қадам еді. Осы Қылмыстық Кодекс қылмысқа материалдық анықтама берді. Онда қылмыс деп, коммунистік құрылысқа өту кезеңіне жұмысшы-шаруа билігі орнатқан кеңестік құрылыс пен құқықтық тәртіптің негіздеріне қауіпті кез-келген қоғамдық әрекет не әрекетсіздік есептеледі делінген болатын [11, 118 б].
1924 жылдың қазанында КСРО БОАК жалпы одақтық "КСРО мен одақтас республикалардың қылмыстық заңдылықтарының негізгі бастаулары" деген актіні қабылдады.
1926 жылдың 2 қарашасында БОАК РСФСР-дің жаңа Қылмыстық Кодексін қабылдады. Ол 1927 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді. Қазақ, Қырғыз, Литва, Латвия және Эстония республикаларында РСФСР-дің Қылмыстық Кодексі осы мерзімде күшіне енді. Осы Қылмыстық Кодекс Қазақ жеріне 1960 жылдың 1 қаңтарына дейін күшінде болды, яғни, Қазақ ССР-ң бірінші Қылмыстық Кодексі қабылданғанға дейін.
Аталған Қылмыстық Кодексте мал ұрлауға байланысты бірнеше
нормалар қаралды. Мысалы, 200-ші бапта "барымта - бассыздық ету
арқылы біреудің малый не мүлкін иемдену үшін емес, мал иесіне
оның туыстарын жәбірлегені үшін қарызын қайтару, немесе жасаған
зиянының орнын толтыру үшін істелген әрекет" деп анықталған.
Барымтаның сараланған нышаны ретінде - қаруланған бір топ
туыстардың болуы көрсетілген болатын. Осы баптың екінші бөлігінде
ұйымдастырушы, айдап салушы және көмкетесушілердің әрекеттеріне жаза анықталған. Бірінші бөлік бойынша алты айға дейін түзету жұмыстарымен 500 сомға дейін айыппүл төлетілген, екінші бөлігінде - үш жылға дейін бас бостандығынан айыру қаралған. Барымтаның қалған қатысушыларына бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген болатын.

РСФСР-ң Қылмыстық Кодексінің 202-ші бабында барымта кезінде зорлық-зомбылық, кісі өлтіру, денеге зақым келтіру, таяққа жығу, өзге де күш жұмсалғаны үшін жазалар белгіленген.
Ү.С. Жекебаевтың айтуынша: "Ол кезде барымтаға қарсы қылмыстық-құқықтық күрес жүргізу керек еді. Себебі, барымта қоғамдық тәртіпті бұзып, халықтың мазасын кетіріп қана қойған жоқ, ол еңбекшілердің әлеуметтік бостандыққа жету жолындағы таптық күресіне, бірігуіне кері әсерін тигізді, әрі рулық тартыс әлеуметтік және рухани бытыраңқылықтың сақталуына жол ашатын еді" деп көрсетеді [12, 13 б].
РСФСР Қылмыстық Кодексінің 166-шы бабында жылқыны немесе басқа да ірі малды диқаншы не мал өсіруші еңбек адамдарынан жасырын, я ашық ұрлауға жаза қаралған. Оның қайталануы немесе басқа да адамдармен келісіп жасауы негізгі көрсеткіші болған. Бұл қылмыстың бірінші бөлігі үшін бес жылға бас бостандығынан айыру, ал екінші бөлігі үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылу қаралған болатын.
1922 және 1926 жылдары қабылданған Кеңестік Қылмыстық кодекстерде меншіктің барлық түрі бірдей қорғалды. Мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншіктер бір тарауға біріктіріліп "Мүліктік қылмыстар" деп аталды. Мысалы, РСФСР-дың Қылмыстық Кодексінің 162 бабы - "Басқа адамның мүлкін жасырын ұрлау", 164 бабы - "Ұрланған нәрсені біле түра сатып алу", 165 бабы - "Басқа адамның мүлкін ашықтан-ашық ұрлау", 167 бабы - "Қарақшылық" деп аталған.
Г.А. Кригер мен А.В. Наумовтың айтуынша: "Жас кеңес өкіметі социалистік меншіктегі мүлікті қорғауға құзырлы болды. Бұл кезде заңда мемлекеттік, кооперативтік және жеке меншіктегі мүліктерге қол сұғушыларға бірдей жауапкершілік қаралған болатын" [13, 116 б], [14, 220 6].
1930 жылдың 16 қаңтарындағы ЦИК пен СНК СССР "Малды талан-таражға салу-союмен күрес" қаулысында бұл кулактардың ұжымдастыруға қарсы жасап отырған қылығы деп атап көрсетілген, Мұндай кулактарды екі жылға дейін бас бостандығынан айырып, жер аудару, олардың малдары мен ауылшаруашылық қүралдарын тәркілеу қаралған. 1932 жылы 7 тамызда КСРО OAK пен ХКК "Мемлекеттік өндіріс орындарының, колхоздар мен кооперациялар мүлкін қорғау және қоғамдық социалистік меншікті нығайту туралы" қаулы қабылдады. Қоғамдық мемлекеттік, колхоздық, кооперативтік меншік Кеңес құрылысының негізі, сондықтан, оған қол сұққан адамдар ұрлықтың түрі мен көлеміне қарамай "халық жауы" деп танылған. Мұндай қылмыстарға өлім жазасы әрі мүлкін тәркілеу, ал жеңілдету шарттары болғанда он жылға дейін бас бостандығынан айыру әрі мүлкін тәркілеу қаралған. Бұл қаулы Қылмыстық Кодекстің баптарын жеңілдеткен жоқ, оған қосымша болды және оның заңдық күші болды. Біраз уақыттан кейін бұл заң "1932 жылдың 7 тамыз заңы" деп аталды.
Аталмыш қаулы бойынша, мал ұрлағандармен бірдей қоғамдық сектор малын союға, сол сияқты жұмыс көліктеріне немқұрайды қарағаннан ол малдың өлуіне жол берген қызметкерлер жауапқа тартылды. Шындығында, бұл қаулы мемлекеттік және қоғамдық меншікке қол сұғуды жеке қылмыс құрамдары етіп бөліп шығаруға жол ашты.
Бұрынғы кезде жеке меншіктегі мүлікке қол сұғуға тиісті дәрежеде мән берілмей келді, олар мемлекеттік және қоғамдық меншікке қарсы істелген қылмыстардан кейін қаралды. Жоғарыда көрсетілген қаулы он бес жылдай күшінде болды, кейде осы қаулыға сүйене отырып соттар ұсақ қылмыстар үшін де өте ауыр үкім шығарып отырды.
1947 жылы 4 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесінің "Мемлекеттік
және қоғамдық меншікті талан-таражға салғаны үшін қылмыстық
жауапкершілік туралы" және "Азаматтардың жеке меншігін қорғауды
күшейту туралы" Жарлықтары жарық көрді. Осыған орай 1932
жылғы 7 тамыздағы қаулы күшін жойды. Аталмыш жарлықтар
бойынша мемлекеттік және қоғамдық меншікті талан-таражға салу
бөлек топқа шығарылды, әрі жаза да күшейтілді. 1959-1961 жылдары
Одақтас Республикалардың жаңа Қылмыстық Кодекстері қабылданғанға дейін ұрлықтың барлық түріне соттар 1947 жылғы 4 мамырдағы занды қолданды.
Осы Жарлықтардың мазмұнына талдау жасайтын болсақ, олар негізінен ұйымдасқан топтардың іс-әрекетіне, ірі мөлшердегі ұрлыққа және бірнеше мәрте жасалған ұрлықтарға қатысты болғанын көруге болады.

1958 жылдың 25 желтоқсанында КСРО Жоғарғы Кеңесі кеңестік қылмыс құқығының негізгі принциптері мен жалпы қағидалары туралы "КСРО мен одақтас республикалардың қылмыстық заңдылықтарының негіздерін" қабылдады. Осының негізінде 1959-1961 жылдары барлық одақтас республикалардың Қылмыстық Кодекстері қабылданды. Қазақ КССР-нің бірінші Қылмыстық Кодексі 1959 жылдың 22 шілдесінде қабылданып, 1960 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді [15, 15 б]. Бұл заңда барымта мен мал ұрлау бөлек қылмыс құрамдары ретінде белгіленбеді.
Қазақ ССР Қылмыстық Кодексі социалистік жөне жеке меншікке қарсы жасалған қылмыстар үшін әртүрлі жауапкершіліктерді тағайындады. Мысалы, Қазақ КССР Қылмыстық Кодексінің 2 тарауында социалисте меншік үшін, жеке меншікке қарағанда қатаң жаза қолдану көзделген.
Мемлекет малын ұрлаған адам бас бостандығынан үш жылға дейін айырылу жазасын алса, ал жеке меншіктегі мал үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген болатын.
Сот және тергеу органдары қызметкерлері ірі қараны, шошқа, қой, ешкі және жылқы ұрлағандарға, оған оқталғанда немесе ысырап еткендерге жаза тағайындау барысында 1954 жылы 17 ақпанда қабылданған КСРО Министрлер Советінің №210 "Колхоз және совхоз малдарының өлуіне немесе ұрлануына жол берген қызметкерлердің материалдық жауапкершілігі туралы" қаулысын басшылыққа алып отырған. Онда материалдық зиян ұрланған малдың бір жарым есе құнына тең деп есептелген. Ал, ет, сүт, ет өнімдері ұрланғанда, жетпегенде немесе жойылғанда жауапты адамдардан өндірілетін материалдық шығынның мөлшері КСРО Мемлекеттік Бағалау Комитетінің 1983 жылғы 12 сәуірдегі "Ұрланған, жойылған ет, сүт, ет және сүт өнімдерінің бағасын анықтайтын тәртіп туралы" №303 қаулысына сай өндіріліп отырған. Онда әртүрлі тауарларға мемлекеттік бөлшек сауда бағасы бойынша коэффициенттер қою қарастырылды: ет және ет өнімдеріне —, сүт және сүт өнімдеріне — 2,5 деп белгіленген.
Жылқы және мал, сол сияқты ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдерінің ұрлануын нақтылағанда сот және тергеу органдары қызметкерлері талан-таражға түскен мүліктердің бір реттік бағасын, жауапты адамдардан өндіруді көздеген. Мұндай қылмыстарға қатысты материалдық шығынның мөлшері өндірілген кезде нормативтік-құқықтық актілерде қаралған түзету коэффициентін енгізіп отырған [16, 217-218 б].

Сайып келгенде, мемлекеттік немесе жеке меншікке қол сұғуды анықтаудың өзінде өзгешеліктер болды, сол сияқты материалдық зиянның мөлшерін анықтауда да алшақтықтар болды.
Қазақ ССР қылмыстық заңы ол кезде өзге бола алмайтын да еді,
себебі, сол таптық күрес идеясы негізінде жасалғандығы
бәрімізге аян. Сондықтан, социалистік меншік мемлекеттің экономикалық жүйесінің элементі деп қаралды, ал оны қорғау заңның басым міндеті еді. Мемлекеттік және қоғамдық мүлікке қол сұғу социалисте меншікке жасалған өте қатерлі қылмыс деп қаралды. Барлық азаматтар мемлекеттік және қоғамдық мүлікті талан-таражға салуға қарсы күресіп, оны сақтап әрі дамытуын, халық игілігіне ұқыпты қарауға міндетті болды.
Қазақ ССР қылмыстық зандылықтары ол кездегі көптеген түсініктер мен жағдайлардың және де қылмыс белгілерін ашып көрсетпейтін. Қылмыстық заңды түсіндіруде КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумдарының басшы қаулылары қолданылды. Мұндай түсіндірулер төменгі соттар үшін заңды дұрыс қолданудың үлгісі ретінде басшылыққа алынды. Бұл түсіндіруге қайшы келетін сот үкімі сөзсіз бұзылған. Қаулыларда негізінен қылмыстық занды түсіндіру ғана болған.
Мысалы, 1972 жылғы 11 шілдедегі КСРО Жоғарғы Сотының "Мемлекеттік және қоғамдық мүлікті талан-таражға салу істерін қараудағы сот тәжірибесі туралы" қаулысында, мемлекеттік және қоғамдық мүлікті ұрлау деп, күнілгері келіскен топтың үй-жайға немесе қоймаға заңсыз кіруі деп анықталған. Одан басқа қаулыда ұрлықтың аяқталу уақыты, ұрланған мүліктің құнын анықтау және т.б. терминдерге түсіндіру берілді.
Қылмыстық заңының кейбір нормаларын түсіндіретін осындай қаулылар қылмыстық занды дұрыс қолдануға және зандылықты нығайтуға тиімді болды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 18 қарашадағы "Азаматтардың мүлкіне жасалған қылмыстарды қараудағы сот тәжірибесі туралы қаулысы азаматтар мүлкіне жасалған қылмыстың құрамдас бөліктері неден тұратынына түсініктемелер берді. Қаулының 17 тармағында "Азаматтардың жеке мүлкіне жасалған қылмыс, ұрланған нәрселердің жалпы бағасынан, мөлшері және жәбірленушінің материалдық жағдайынан тұрады" деп көрсетілген. Бұлай түсіндіру сот-тергеу органдарының қылмыскерлердің жасаған іс-әрекетінен келген зиянға баға беруде әртүрлі пікірлерді туғызып отырды.
Көрнекті заңгерлер Н.И. Загородников, А.Г. Сахаровтар атап көрсеткеніндей, "гуманизм проблемасы ғылымда да, зандылықта да өз шешімін тапқан жоқ. Қазір адам құқығы мен мүддесінен гөрі мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғауға басым назар аударылады" [17, 51-52 б].

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларация қабылдады. Ел ерікті экономикаға негізделген демократиялық даму жолына түсті, Қазақстан Республикасында көптеген жаңа заңдар, Кодекстер қабылданды. Олардың бұрынғы заңдарға қарағанда көптеген өзгешеліктері болды. Жаңа зандарымыздың басты жетістігі мен мақтан тұтар тұстары, ол адам құқықтары мен бостандықтарын бірінші орынға қоюы болып табылады. 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 бабында меншік екіге: мемлекеттік және жеке меншік болып бөлінді. Көңіл аударарлық нәрсе Қазақсан Республикасының Конституциясы меншіктің барлық түрін бірдей қорғауды атап көрсетті [1, 6 б]. Қазақстан Республикасының барлық заңдары соның ішінде қылмыстық зандар да Конституциялық нормаларға сай келуге тиіс.
Мал ұрлау қылмысы Қазақстанда ертеден қанат жайған қоғамдық қатерлі қылмыс болып саналады, тарихтың әртүрлі кезендеріне жүгінетін болсақ та, тіпті қазіргі уақтытта да бұл қылмыстың түрі жойылар емес. Мал ұрлаумен күресте мемлекет негізінен меншікті қорғайтын қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін заңдылықтарды қолданып, оларды басшылыққа алып жүргізіп келеді. Бұл қылмыс түрімен күрес жүргізу үшін жаңа, қазіргі қоғамға сай нормативті-құқықтық актілерді қабылдаумен қатар, ғылыми негізделген тұжырымдар жасау қажеттілігінде сөз жоқ.

1.2 Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына сәйкес мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылық
1997 жылдың 16 шілдесінде Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданды. Ол өзінің күшіне 1 қаңтар 1998 жылы енген болатын. Б үгінгі күні Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне соңғы өзгертулер мен толықтырулар 9 желтоқсан 2004 жылы енгізілді.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексінде "Мал ұрлау" деген жеке қылмыс құрамы жоқ. Мал ұрлығы әрекет етуші Қылмыстық кодекс бойынша 175 бап ұрлық құрамымен сараланады. Заң шығарушы ұрлық құрамынан мал ұрлығын арнайы бап ретінде бөліп шығармады.
Конституцияда қаралған әрбір меншік түрі қылмыстық заңдылықпен қорғалуы тиіс. Себебі, меншік әр азаматтың ажыратылмайтын құқығы, оның тұрмысының іскерлігі мен творчестволық белсенділігінің экономикалық және жеке тәуелсіздігінің қайнар көзі.
Ауыл шаруашылығы малдарының әртүрлі меншікке жатуының олардың қылмыстық-құқықтық қорғау үшін ешбір рөлі жоқ. Қылмыстық заңдылық әр меншік иесінің малын қорғауда ешкімге ерекше басым дәреже бермейді, әр меншік иесінің малы бірдей қорғалуы керек. Ешбір тұлға малынан өз еркінсіз айырылуға тиісті емес. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы демократиялық, құқықтық мемлекет құруға бағыт алғанда әр адам, оның құқығы мен мүддесі басты орынға қойылғанда қылмыстық заң оның меншіктік құқығын қорғауға міндетті.
Әсіресе өтпелі кезеңде мал ұрлау қылмысы өте қатерлі болып кетті. Осыған орай кейбір заңгерлер Қазақстанда мал ұрлау қылмысы әдейі көбейтіліп көрсетілуде дейтінді шығарды. Әлбетте мал ұрлау Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексін қабылдағанға дейін де орын алған. Бірақ, ол қылмыстарды бағалағанда меншікке жасалған өзге қылмыстар құрамында кетуші еді. Біздің ойымызша, Республика халқы тұрмысының ерекшелігіне орай Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексін қабылдағанда заң шығарушы мал ұрлаудың ерекше қатерлі қылмыс түрі екенін ескере отырып, оны өз алдына бөлек құрамға шығаруы дұрыс болар еді. Мал ұрлауды бөлек құрамға шығарудың қажеттілігі нарықтық экономикаға өтудегі аграрлық реформаның мақсаттарын іске асырудағы бірден бір шарт еді. Шаруашылықтың жаңа түрлеріне көшудегі қиындықтар Республика бойынша мал басының кемуіне әкеліп соқтырды.
Бұрынырақта біреу "Ет тәттілігін қойса мен ұрлығымды тыямын" деген екен. Бірақ, ет ешқашан дәмділігін де, маңыздылығын да жоғалтқан жоқ және соған сай ұрлықтың да қарқыны өршімесе, төмендемей түр. Қазақ үшін ет бар жерде бәрі бар. Қазір базардағы ет бағасының нарқын қарасақ, оның килосы 400-500 теңгеден айналады. Бұл қой мен сиырдікі. Ал жылқы еті 600, жал-жая 700, қазы мен қарта 800 теңгеге шарықтап кеткен. Демек, ет ешқашан құнын жоғалтпайды. Сондықтан да атам қазақ төрт түлік малының қадірін о бастан біліп, оларды зеңгі баба, шопан атаға теңеп, тіпті жыл атауына да кіргізіп қойған. Сол малының соңынан ілескен бабаларымыз қазіргі кең байтақ жерімізді мекендеп қалғаны да белгілі. Той-домалақ, небір айтулы жиындар өтсе төрт түлік ауыртпалықты көтеріп әкетеді, өлім-жітім, ас беру болып жатса да сол терт түлікке арқа сүйеледі. Қазекем амандық сұрасқанда әуелі "Мал-жан аман ба? " дейді. Бұл сөзде көп мән жатыр.
Ауылдағылар қолдарында қарайған малы болса соның басын азайтпауға тырысады. Өйткені, әлгі бағып отырған малдарының тұрақты сақталынуы отбасының алдағы уақытта да алаңсыз өмір сүре алатындығының кепілдігі. Малының көбейгені тұрмыстың басқа да тұсын қамтуға, етек-женді жабуга сеп береді. Егер ауыл арасында біреу-міреу мал сойып, ет сата қалса қаны жерге тамбай килосы 250-300 теңгеден қолдан қолға өтіп кетеді. Ендеше, жесе-тамақ, кисе-киім, сатса-ақша, мінсе-көлік дегендей, қазақ малына сенбегенде неге сенеді? Бірақ, амал нешік, кейде сол маңдай термен жиналған, өсірілген аша тұяқтың қарайғанға қолды болып кететіні өкінішті-ақ. Оған ең бірінші қауіп-қатер ұшқан құс, жүгірген аңнан емес, адамдардың өзінен келетіндегі жанды қинайды. Біреудің бірнеше жыл қатарынан бағып, ұстап отырған ақ адал малын бір күнде айдап әкету обал-ақ. Бірақ, құлқын қамын көздегендер обал-сауапты қайтсін, барымта кәсібі елімізде етек алып бара жатқан жайы бар көрінеді.
Мал ұрлығы тек зиян шеккендерді ғана емес баршаны ойландыратын деңгейге жетіпті. Өйткені, мал ұрлығымен сол мал иелері немесе құқық қорғау органдары ғана емес, жалпы жұрт болып, қоғам болып күрескенде бір нәтижеге қол жеткізуге болады. Жаппай барымталаудың етек алуы еттің молшылығында немесе оның арзандығына әкеп соқтырмайды. Керісінше, ол біреулердің бір мезет қалтасын қалыңдатуы мен мал басының азаюына, соған орай ет тапшылығына, яғни қымбатшылыққа ұрындырады. Бірнеше жыл қатарынан баққан малынан айырыла берген соң иесі оның санын көбейте беріп қайтсін. Ендеше, күнбе күн үйінде бір уақ болса да былқылдатып ет асып, терлеп-тепшіп майлы сорпасын ішетін қазақстандықтар үшін бұл жақсылық емес. Ал мал ұрлығымен кез-келген адамның да, әкімшіліктің де жеке дара қалғанда әл-шамасы келе бермейтіні тағы бар. Әрі-беріден кейін қазіргі кәсіптенген ұрылар аузы-мұрны бітеу пәтердегі дүние-мүлікті де үптеп кетеді. Сондықтан, олардың жолына тосқауыл жоқ секілді. Ендеше мал ұрлығын тоқтатудың бір-ақ жолы тәртіпті күшейту. Мәселе, мал ұрлығы туралы ақпараттарды бұрынғыдай тіркеп, соның санына қарап отыру емес, әр ұрлықтың ізін ашып, артына түсу керек. Тышқақ лақты әкеткен жан да құрықтан құтыла алмайтын болса, барымталау да тыйылады. Бірақ, біреулер мұндай "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" жағдайға жету мүмкін емес дейді. Өйткені, бір үркітсең қайтып оралмас аң-қүс емес, екі аяқты адамнан қулық артылған ба, аузы қанданған қасқырды ақыр аяғында қақпанға түсіріп, көзін құртпасақ әдетін қоймайды дейді. Демек, әсіресе, ұрлықпен күрес жүргізуде қандай тәсіл болса да тиімді ме деп ойлаймыз.
Сондықтан да Қазақстан Республикасы ІІМ қылмыстық полиция департаменті мал ұрлығының уақытында үстінен түсу және оны ашу үшін аймақтарда жол, қылмыстық полиция, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелері қызметкерлерінен шағын жедел-іздестіру топтарын Құруды қолға алды. Департамент мәліметі бойынша, ұрлықты дер кезінде ашудың бір қиындығы жәбірленушілердің уақытылы құқық қорғау органдарына шағымданбауы. Мал ұрлығының басым көбі ауылдық жерлерде болатыны белгілі. Ал ауыл адамдарының ұстайтын малдарының тең жартысы есепке қойылмайтындығы тағы рас. Оның үстіне азанда шығарған малы өрістен қайтпай қалса, ертең келер деп отыра береді. Тіпті сонан малының қайтпайтынын сезген кезде бұл туралы полицияға хабарлауды емес, әуелі өзі тауып әкелуді ойлайды. Жоғалған сиырын аннан-мыннан іздеп, ауыл-аймақты қарап шыққанша арада екі-үш күн, апта өтіп кетеді. Бұл кезде оның қайран сиыры шынымен қандыбалақ ұрының қолына түскен болса, ішек-қарыны тазаланып, еті қыр асып, ертеңгісін базарда тарам-тарам боршаланып, көпшіліктің қазанында сорпаланып жатуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пара беруді анықтаудың әдістемелері
Қазақстан Республикасынның қылмыстық саясаттың түсінігі және сипаттамасы
Пара берудің криминологиялық сипаттамасы
Парақорлық қарсы күрестің қылмыстық құқықтық қырлары
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығындағы жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы және түрлері
Мамандықтың пәндер каталогы
БӨТЕН МҮЛІКТІ ТОНАУДЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУДЫҢ НЫСАНДАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Парақорлық үшін қылмыстық жауаптылық
Құқықтың дамуы және түрлері
Пәндер