Экономикалық өсудің теориялық және әдістемелік негіздері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І бөлім. Экономикалық өсудің теориялық және әдістемелік негіздері.
1.1. Экономикалық өсу: түсінігі, факторлары мен типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Экономикалық өсудің модельдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3. Экономикалық өсудегі мемлекеттің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

ІІ бөлім. Дамыған елдердегі экономикалық өсу ерекшеліктері.
2.1. Америка Құрама Штаттарының экономикалық өсу алғышарттары, қазіргі әлеуметтік.экономикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2. Еуропа Одағында экономикалық өсу ерекшеліктері және әлеуметтік.экономикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.3. Қазақстан мен дамыған елдер арасындағы экономикалық өсу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Экономикалық өсу қоғамды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды бола отырып, бірнеше жүз жылдар бойы зерттелуде. Кез келген мемлекет өз халқының тұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын жақсартуға және ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге міндетті.
Жалпы экономикалық өсудің түрлі модельдері (неоклассикалық, кейсиандық, неокейсиандық, институционалдық) бар екендігі белгілі. Неоклассикалық модельдің зерттеу обьектісі экономикалық өсу факторлары, яғни еңбек, капитал, ресурстар, ҒТР, уақыт, экологиялық ақпараттық фактор, адам капиталы болып табылады. Ал, Кейнстік бағытты жақтаушылар теориясында өсу әлеуметтік-экономикалық алғышарттардың кешеніне әсер етпейтін, тек технико-экономикалық параметрлердің өзгерісі деп дәлелденген. Ол ең алдымен сапалы емес сандық құбылыс ретінде қарастырылады. Кейнстік және неокейнстік бағыт экономикалық өсудің алғышарттарын жасайды, яғни дағдарыстан қалай шығу керек, дамушы елдердің жүргізетін саясаттарын қарастырады.
У. А. Льюис экономика секторларын өнеркісіп және ауыл шаруашылығына бөле отырып, негізгі екі: 1) қорлану, яғни жинақтарды инвестицияға айналдыру; 2) жұмыспен қамту, яғни жұмыс күші артық сферадан еңбекке қажеттілігі жоғары сфераға еңбекті ауыстыру мәселелері шешілуі тиіс деп көрсетеді. Сонымен Льюистің жаңарту секторлар арасындағы материалдық және еңбек ресурстарын қайта бөлу тәсілі болып табылады.
Неоклассикалық және неокейнстік модельдердің өзара айырмашылығына қарамастан, олар ұқсас методологияға негізделген.
Осылай ХІХ ғасыр басы мен ХХ ғасыр классикалық теориясында үлкен орын экономикалық өсуге берілген. Табиғат, механизм және қорлану тенденциясы «халықтың байлығы» А. Смит, Д. Рикардо, Т. Мальтус, К. Маркс, Дж. Ст. Милльдің негізгі көңіл аударған мәселесі болды. Содан кейін ұзақ уақыт бұл тақырыпқа ешқандай көңіл бөлінбеді. Тек ІІ дүниежүзілік соғыс қарсаңында ғылымдық мақала шығарған, кейнсиандық экономикалық динамиканы талдауға жол ашқан Р. Харродтың арқасында бұл мәселеге қайтадан қызығушылық туындады. Соғыстан кейінгі бірнеше бесжылдықта өсу теориясы көбірек талқыламалы болды. Ұлттық өнімнің өсуі мәселесін қарастыратын үш концепция құрылды: неокейнсиандық (Т. Харрод, Е. Домар, Э. Хамсен), неоклассикалық (Р. Солоу) және посткейнсиандық (Н. Калдор, Дж. Робинсон).
Өзімнің курстық жұмысымда экономикалық өсуге теориялық анықтама бере отырып, оның жетекші мемлекеттердегі көрсеткіштерін анықтауға тырыстым. Мен бұл жұмыста Америка Құрама Штаттарының ІІ дүние жүзілік соғыстан кейінгі экономикалық өсуінің алғы шарттарын, оған әсер ететін факторларды қарастырдым. Қазіргі кездегі АҚШ-тың кейбір әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін кесте түрінде жаздым. Европа Одағындағы дамыған мемлекеттердің экономикалық өсуіне евроның халықаралық валюта ретінде қалыптасуының мәселелері мен қазіргі экономикасы мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткішетерін қарастырдым.
1. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, Е. Байжұмаев, Ж. Жәйшібеков «Экономикалық теория негіздері», Алматы 1998.
2. В. К. Ломакин «Мировая экономика» учебник, Москва 1998.
3. А. С. Булатов «Мировая экономика», Москва 1999.
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы Қазақстан Халқына Жолдауы.
5. www.google.kz
6. www.akorda.kz
7. ҚР-сы статистика агенттігі «ҚР-сы және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының статистикалық көрсеткіштері», Алматы 2007.
8. www.stat.kz
9. www.rambler.ru
10. www.yandex.ru
11. www.economic.narod.ru

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І бөлім. Экономикалық өсудің теориялық және әдістемелік негіздері.
1.1. Экономикалық өсу: түсінігі, факторлары мен
типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Экономикалық өсудің
модельдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .9
1.3. Экономикалық өсудегі мемлекеттің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

ІІ бөлім. Дамыған елдердегі экономикалық өсу ерекшеліктері.
2.1. Америка Құрама Штаттарының экономикалық өсу алғышарттары, қазіргі
әлеуметтік-экономикалық
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.13
2.2. Еуропа Одағында экономикалық өсу ерекшеліктері және әлеуметтік-
экономикалық
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .16
2.3. Қазақстан мен дамыған елдер арасындағы экономикалық өсу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .28

Кіріспе

Экономикалық өсу қоғамды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешуде
маңызды бола отырып, бірнеше жүз жылдар бойы зерттелуде. Кез келген
мемлекет өз халқының тұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын жақсартуға және ұлттық
қауіпсіздігін қамтамсыз етуге міндетті.
Жалпы экономикалық өсудің түрлі модельдері (неоклассикалық,
кейсиандық, неокейсиандық, институционалдық) бар екендігі белгілі.
Неоклассикалық модельдің зерттеу обьектісі экономикалық өсу факторлары,
яғни еңбек, капитал, ресурстар, ҒТР, уақыт, экологиялық ақпараттық фактор,
адам капиталы болып табылады. Ал, Кейнстік бағытты жақтаушылар теориясында
өсу әлеуметтік-экономикалық алғышарттардың кешеніне әсер етпейтін, тек
технико-экономикалық параметрлердің өзгерісі деп дәлелденген. Ол ең алдымен
сапалы емес сандық құбылыс ретінде қарастырылады. Кейнстік және неокейнстік
бағыт экономикалық өсудің алғышарттарын жасайды, яғни дағдарыстан қалай
шығу керек, дамушы елдердің жүргізетін саясаттарын қарастырады.
У. А. Льюис экономика секторларын өнеркісіп және ауыл шаруашылығына
бөле отырып, негізгі екі: 1) қорлану, яғни жинақтарды инвестицияға
айналдыру; 2) жұмыспен қамту, яғни жұмыс күші артық сферадан еңбекке
қажеттілігі жоғары сфераға еңбекті ауыстыру мәселелері шешілуі тиіс деп
көрсетеді. Сонымен Льюистің жаңарту секторлар арасындағы материалдық және
еңбек ресурстарын қайта бөлу тәсілі болып табылады.
Неоклассикалық және неокейнстік модельдердің өзара айырмашылығына
қарамастан, олар ұқсас методологияға негізделген.
Осылай ХІХ ғасыр басы мен ХХ ғасыр классикалық теориясында үлкен орын
экономикалық өсуге берілген. Табиғат, механизм және қорлану тенденциясы
халықтың байлығы А. Смит, Д. Рикардо, Т. Мальтус, К. Маркс, Дж. Ст.
Милльдің негізгі көңіл аударған мәселесі болды. Содан кейін ұзақ уақыт бұл
тақырыпқа ешқандай көңіл бөлінбеді. Тек ІІ дүниежүзілік соғыс қарсаңында
ғылымдық мақала шығарған, кейнсиандық экономикалық динамиканы талдауға жол
ашқан Р. Харродтың арқасында бұл мәселеге қайтадан қызығушылық туындады.
Соғыстан кейінгі бірнеше бесжылдықта өсу теориясы көбірек талқыламалы
болды. Ұлттық өнімнің өсуі мәселесін қарастыратын үш концепция құрылды:
неокейнсиандық (Т. Харрод, Е. Домар, Э. Хамсен), неоклассикалық (Р. Солоу)
және посткейнсиандық (Н. Калдор, Дж. Робинсон).
Өзімнің курстық жұмысымда экономикалық өсуге теориялық анықтама бере
отырып, оның жетекші мемлекеттердегі көрсеткіштерін анықтауға тырыстым. Мен
бұл жұмыста Америка Құрама Штаттарының ІІ дүние жүзілік соғыстан кейінгі
экономикалық өсуінің алғы шарттарын, оған әсер ететін факторларды
қарастырдым. Қазіргі кездегі АҚШ-тың кейбір әлеуметтік-экономикалық
көрсеткіштерін кесте түрінде жаздым. Европа Одағындағы дамыған
мемлекеттердің экономикалық өсуіне евроның халықаралық валюта ретінде
қалыптасуының мәселелері мен қазіргі экономикасы мен әлеуметтік-
экономикалық көрсеткішетерін қарастырдым.
Экономикалық өсу әр мемлекеттің экономикасының негізгі
көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сол себепті дамыған елдер мен
Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінің ерекшеліктерін көңіл
бөлдім.

І бөлім. Экономикалық өсудің теориялық және әдістемелік негіздері

1.1. Экономикалық өсу: түсінігі, факторлары мен типтері.
Осы замандағы экономикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп,
өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты
көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Осы
жағдайда талдаудың пәні өндірістің потенциалдық көлемінің өсуі болып
табылады. Ал осы өсу, тепе-теңдіктің бір ұзақ мерзімдік болмысынан, оның
келесі болмысына қозғалыс деп тұжырымдалады.
Осындай жағдайда экономикалық өсуге және ұсыныс факторларына басты
назар аударылады. Нақты экономикалық өсуді талдағанда зерттеу пәні тек
экономикалық динамиканы белгілейтін факторлармен шектелмейді, оған салалық
және ұдайы өндірістік пропорциялар, экономикалық өсу процесіндегі
институционалдық құрылымдардың пропорциялары, өсу қарқынын өсіру немесе
тежеудің мемлекеттік саясаты, өндірістің нақты көлемінің оның потенциялдық
көлемінен аз болуының себептері және т.б. жатады. Нақты экономикалық өсудің
мәні – экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру
болып табылады: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық қажеттердің
шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі бар:
біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы, екіншіден, бар болған
өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігін жоғарылату және қоғамдық
қажеттіктерді дамыту арқылы. Бірақ осымен процесс бітпейді: дамудың әрбір
жаңа кезеңінде өндірістік мүмкіндіктердің молаюымен байланысты қоғамдық
қажеттердің барлығы қамтамасыз етілмейді. Қоғамдық қажеттіктер, оларды
қаматамасыз ететін өнімдердің өндірісін осы елдің өндірушілері немесе
импорт жасалған өнімдердің жеткізушілері игергеннен кейін пайда болады.
Бірақ осыған қарамастан, қоғамдық қажеттіктер өндірістік ресурстарға
қарағанда біріншілік, жетекші болып табылады. Өйткені, пайда болған
қажеттілік бірте-бірте жаппайылыққа айналады, ал бұл жағдай өндірістің
үздіксіз дамуын талап етеді.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің көрініс формалары туралы екі
бағыт орын алған. Экономикалық өсу деген ЖҰӨ (ҰТ) нақты көлемінің өсу
шапшандылығымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштердің бір адамға шаққандағы
өсуінің (көбеюінің) шапшаңдығымен өлшенетін, белгілі мерзімде ұлттық
экономиканың дамуының қорытынды сипаттамасы деген түсінік кең тараған.
Әдетте экономикалық өсуді өлшеудің қандай әдісін қолданатыны зерттеудің
мақсаттарымен байланысты болады. Экономикалық өсудің бірінші әдісі көбінесе
елдің экономикалық потенциалының молаю шапшаңдығын бағалау үшін
қолданылады, екінші – халықтың әл-ауқатының динамикасын талдағанда, немесе
әр елдер мен региондардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Бүгінгі күні өсу теорияларында өлшеудің екінші әдісі көбірек қолданылады.
Экономикалық өсу деп халықтың санының өсу шапшаңдығынан нақты ұлттық
табыстың өсу шапшаңдығының артық болуына әкелетін, ұлттық экономиканың
дамуы деп түсініледі.
Экономикалық өсуді өндірістің нақты көлемінің өсуі шапшаңдығы жағынан
қарағанда, әдетте экономикада күрделі құрылымдық немесе институционалдық
өзгерістер орын алмайды деп тұжырымдалады. өндірістің құрылымы мен
институционалдық орта қалыптасып болған және өзгерістер жоқ, тұрақты деп
есептеледі. Дамудың осындай сипаты, тұтастық қасиеттері бар және сыртқы
ортамен үйлесімді өзара әсер ететін экономикалық жүйелерге тән болады. Ұзақ
мерзімді уақыт деп әдетте негізгі капиталдың өмірлік циклына тең уақыт
түсініледі. Осындай тұжырым экономикалық өсудің неокейнстік және
неоклассикалық теорияларына тән болады.
Басқаша тұжырым экономикалық даму, ұдайы өндірістік, индустриалдық және
постиндустриалдық теорияларда қолданылады. Бұл теориялар тым ұзақ
мерзімдегі экономикалық динамиканың мәселелерін зерттеп, талдайды. Осы
мерзімде үкіметтің негізгі институттары, басқару, инфрақұрылым объектері,
экономикадағы құрылымдық өзара байланыстар және оның сыртқы ортамен
байланысы – осылардың барлығы өзгеріске ұшырайды.
Тым ұзақ мерзімді экономикалық өсуді зерттеудің екі негізгі
ерекшеліктері болады:
1. Экономикалық өсу экономикалық дамуының құрамды элементі деп
есептеледі. Ол, бір жақтан, дамудың циклдық сипатына дем береді,
екінші жағынан, өзі құлдырау мен депрессияның кезінде дайындалған
өзгерістердің нәтижесі болып табылады. Сондықтан негізгі назар
экономикалық өсуге емес, экономикадағы глобалдық өзгерістерге,
осылардың жаңа сапаға айналуының тұрақты тенденциялары мен
заңдылықтарына аударылады.
2. Макроэкономикалық өзгермелі көрсеткіштерімен қатар, экономикалық
дамудың микроэкономикалық, салалық және индустриалдық негіздері,
кәсіпкерліктің мәселелері; өндірушілер, тұтынушылар және
мемлекеттің және үкіметтің мүдделерінің қайшылықтары, жаңа
экономикалық құрылымдардың қалыптасуы зерттеледі.
Халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету –
экономикалық өсудің негізгі түпкі мақсаттары болып табылады. Экономикалық
өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарылауы болып табылады,
осының құрамы:
1. Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. Бұл мақсатқа
жетуді ұлттық табыстың (ҰТ) жан басына шаққанда келетін өсу
шапшаңдығын көрсетеді.
2. Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты ЖҰӨ немесе ҰТ
көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету
дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен
жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек
әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудару керек.
3. ҰТ халықтың әр топтарының арасында бөлінуін жақсарту.
4. Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін
көбейту.
Көпсалалы өндірістің тиімділігі деген түсінікті құратын жағдайлардың
барлығының жақсартылуы экономикалық өсудің тиімділігі болып табылады.
Осыған жататындар:
• тауарлар мен қызметтердің сапасының жақсаруы, олардың отандық және
әлемдік нарықта бәсекелік қабілетінің жоғарылауы;
• бұрын қанағаттандырылмаған қажеттерді қамтуға мүмкіндік беретін,
немесе оларды тым жақсы қамтуға мүмкіндік әкелетін жаңа тауарлар
өндірісін игеру;
• халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі елдің территориялық
артықшылығымен есептесе отырып, өндірістің мамандану мен
кооперациялануын жетілдіру;
• басқару шеберлігін жоғарылату арқылы және фирманың ішіндегі еңбек
өнімділігін ынталандыру үшін тиімді мотивация қолдану арқылы, Х-
тиімді еместікті жою;
• өндірістік ресусртардың салалық және елдің аймақтары бойынша
аллокациясын жақсарту;
• жаңа технологиялар игеру.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген түсінік оның
әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады. Экономикалық өсудің
сапасын құрушылар:
• халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
• адамның гармониялық даму негізі деп қаралатын бос уақыттың көбеюі;
• әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
• адам капиталына инвестицияны өсіру;
• адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз
ету;
• жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
• еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық
қамтуды қолдау.
Экономикалық өсудің факторлары деп өндірістің нақты көлемінің көбею
масштабын белгілейтін құбылыстар мен процестер белгілейтін өсудің
тиімділігі мен сапасының жоғарылау мүмкіндіктерін атайды.
Факторларды экономикалық өсуге әсер етуіне байланысты тікелей және
жанама деп бөледі. Тікелей факторларға экономикалық өсудің физикалық
мүмкіндігін белгілейтіндер жатады. Жанамаға осы мүмкіндіктерді ақиқатқа
айналдыратын факторлар жатады.
Тікелейді бес негізгі факторлар құрайды, олар жиынтық өндіріс пен
ұсыныстың динамикасын тікелей белгілейді:
• еңбек ресурстары санының көбеюі және сапасының жоғарылауы;
• негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы;
• өндіріс технологиясы мен ұымдастырылуының жетілдірілуі;
• шаруашылық айналымына тартылған өндіріс ресурстарының саны мен
сапасының өсуі;
• қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттердің өсуі.
Жанамалар құрамына мынадай ұсыныс факторлары жатады: нарықтың
монополиялану дәрежесінің төмендуі, пайдаға салынатын салықтың азаюы, несие
алу мүмкіндіктерінің көбеюі және т.б. Жанамаларға сұраныс пен бөлу
факторлары да жатады.
Сұраныс факторлары өсіп келе жатқан өндіріс көлемінің өткізу
мүмкіндігін белгілейді. Сұраныс факторларының маңыздылары: тұтынулық,
инвестициялық және мемлекеттік шығындардың өсуі, жаңа нарықтар игеру
нәтижесінде немесе әлемдік нарықта ел өнімінің бәсекелік қабілетінің өсуі
нәтижесінде экспорттың кеңеюі.
Егер сұраныстың динамикасы нақты өндіріс көлемінің табиғи дәрежесінің
ұлғаюынан төмен болса, онда экономикада өсу шапшаңдығының құлдырауы немесе
өсудің рецессиясы деген жағдай орын алады.
Экономикалық өсуге әсер ететін бөлу факторлары:
• өндірістік ресурстардың салалар, кәсіпорындар және елдегі аймақтар
бойынша нақты аллокациясы;
• қоғамда орын алып отырған табыстарды шаруашылық жүргізуші
субъектілер арасында бөлу тәртібі.
Бұл факторлар экономикалық жүйенің өсу қабілетіне және оның
тиімділігіне әсер етеді.
Экономикалық өсу потенциалын жүзеге асыруда табыстарды бөлу тәртібі де
маңызды рөл атқарады. Ол осы қызметін тек жұмысшыларды еңбек өнімділігін
арттыруға ынталандырған болса атқарады. Басқа сөзбен айтқанда, экономикалық
потенциалдың мүмкін қарқынмен өсуі үшін өндіріс факторларының меншік
иелерінің табысының өсу шапшаңдығы олардың өнімділігінің өсу шапшаңдығына
тең болуы қажет.
Экономикалық өсудің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшаңдығы мен
өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі
болуы мүмкін. Теория жағынан экономикалық өсудің негізгі типі болады:
экстенсивтік және интенсивтік.
Экономикалық өсудің экстенсивтік типінде, материалдық игіліктер мен
қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың тікелей факторларының көпшілігін
қолдану арқылы жүреді: жұмыскелерді, еңбек құралдарын, жерді, шикізатты,
отын-қуат ресурстарын және т.б. Экстенсивтік өсуде өндірістің нақты
көлемінің өсу қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың өсу
қарқынының арасындағы пропорциялар тұрақты болып сақталады.
Экономикалық өсудің интенсивті типі керісінше сипатталады - өндірістің
кеңеюі өсудің тікелей факторлары сапасының жетілдірілуі арқылы жүзеге
асырылады: прогрессивтік технологияларды қолдану, жоғары квалификациясы мен
жоғары еңбек өнімділігі бар жұмысшы күшін пайдалану арқылы және т.б. Осы
жағдайда өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны нақты жиынтық шығындардың
өзгеру қарқынынан артық болып отырады.
Экономикалық өсудің типтерге бөлінуіне сәйкес, өсудің тікелей
факторлары негізгі екі топқа бөлінеді – экстенсивтікке және интенсивтікке.

Нақты өмірде экономикалық өсудің экстенсивтік немесе интенсивтік
типтері таза түрде болмайды. ҒТП жетістіктерін енгізу негізінде жүзеге
асырылатын, өсу факторларын сан жағынан жетілдіру, қашан болмасын өндіріс
құрал-жабдықтарына және жұмысшы күшіне инвестициялар салымын жасауды талап
етеді. Жұмысшы күші мен құрал-жабдықтардың өсуі, олардың сапалық
сипаттамаларына өзгеріс енгізеді. Сондықтан нақты экономикалық өсуді
талдағанда, оның теориялық үлгісін емес, өсу типтерін басымырақ
экстенсивтік және басымырақ интенсивті деп бөледі.
Осы заманда экономикалық өсуді типке бөлу, өсудің интенсивтік
факторларының нақты ЖҰӨ (ТҰӨ) өсіміндегі үлесіне сәйкес жүргізіледі. Егер
өсудің интенсивті факторларының нақты ЖҰӨ үлесі 50 % артық болса, онда
экономикаға өсудің басымырақ интенсивтік типі тән болады. Керісінше, егер
нақты ЖҰӨ өсіміндегі интенсивтік факторлардың салмағы ЖҰӨ жалпы өсімінің 50
% төмен болса, онда экономикалық динамикаға өсудің басымырақ экстенсивті
типі тән болады.
Өндірісте қолданылатын еңбек пен капиталдың сәйкестігін белгілейтін
макроэкономикалық көрсеткшітердің өзгерістеріне әсер етуіне байланысты, ҒТП
бірнеше типке бөлінеді.
Егер ҒТП дамуында еңбектің капиталмен жабдықталуының әрбір белгіленген
шамасына (КL-const) өндіріс факторларының шекті өнімділігінің ылғи бір
ғана көрсеткіші (шамасы) сәйкес келсе, онда Хикс бойынша бейтарап ҒТП орын
алады.
Егер еңбектің капиталмен жабдықталуы белгіленген жағдайда шекті еңбек
өнімділігі капиталдың шекті өнімділігінен тез өсіп отырса, экономикаға
еңбекті үнемдейтін техникалық прогресс тән болады. Керісінше жағдайда –
шекті еңбек өнімділігінің өсу қарқыны мен шекті капитал өнімділігінің
арақатынасы керісінше болғанда, ҒТП капитал үнемдейтін типі орын алады.
Егер ҒТП дамуында белгіленген еңбек өнімділігінің орта дәрежесіне
еңбектің шекті өнімділігінің бірдей шамасы сәйкес келсе (YtLt-const,
сондай-ақ DYtDLt-const), онда осындай тип Солоу бойынша бейтарап деп
аталады. Егер капиталдың шекті өнімділігі тұрақты болғанда (DYtDКt-const)
оның орташа өнімділігі де (YtКt тұрақты болса), Харродтың пікірі бойынша,
техникалық прогресс бейтарап деп аталады.

1.2. Экономикалық өсудің модельдері.
Егер тепе-теңдіктің статикалық үлгісі осы болмысқа жету шартына
анықтауға бағытталса, немесе, салыстырмалы статиканың графикалық үлгісі
тепе-тең алғашқы болмысы мен жаңасын сылыстырумен айналысқан болса, тепе-
теңдік өсудің үлгісін жасаудың мақсаты даму процесінде тепе-теңдікті
қамтамасыз етудің шарттарын анықтауға болып табылады. Бұлар тренд
траекториялары деп аталады. Нақты экономика осының бойымен қозғалып
отырады.
Өсудің тепе-теңдік үлгілерінде дамудың тепе-теңдік траекторияларын
тұрақты және тұрақты емес деп бөледі. Егер тепе-теңдік траекториясынан
экономика ауытқыса, бірақ біраз даму мерзімінен кейін қайтып осы тепе-
теңдікке оралған болса, онда осындай тепе-теңдік траекториясы тұрақты
болады. Егер бір траекториямен экономика бір сәтте тепе-теңдікке жетіп
шексіз ұзақ мерзім қозғалыста болатын болса, мұндай балансталған өсу
траекториялары тұрақты болмайды, егер оның ішкі құрылымы немесе бастапқы
даму шарттары өзгермесе қаншама аз түрткі болса да оның тепе-теңдік болмысы
бұзылады да экономика өз күшімен (өндірушілер мен тұтынушылардың өзара
әсерлерінің негізінде) ешқашан тепе-теңдік траекторияға қайтып оралмайды,
ол одан алыстай береді.
Тепе-теңдік өсу үлгілері тепе-теңдік траекториялардың қасиеттерін
(олардың тұрақтылығы және тұрақты еместігі) зерттеуге бағытталған және олар
ауытқу жағдайында экономикалық жүйені тепе-теңдік траекториясына қайтару
шарттарын анықтау үшін қолданылады. Осы үлгілердегі нақты экономикалық
жүйелердің өзгерулерінің ықтималдық тенденцияларын болжауға бағытталған өсу
үлгілерінен айыра білу керек.
Өсудің жабайы неоклассикалық үлгісі. Өсудің неоклассикалық үлгілері
дамудың стационарлық жағдайында трендтік траекторияларды зерттеу үшін
қолданылады. Дамудың стационарлық тәртібі жетілген бәсеке жағдайында және
өсу процесінде макроэкономикалық статикалық тепе-теңдік өзін-өзі ұдайы
өндіреді деп тұжырымдайды. Базалық өзгермелі үлгілер бірдей шапшаңдылықпен
өзгереді, ал олардың өзара байланыстары байқалып отырған мерзімде, оның
қандай уақытын алсақ та тұрақты болады. Осы жағдайда әңгіме динамикалық
статика туралы болып отыр: дамудың болашақтағы сипаты оның бүгінгі
сипатында болады. Осылайша, динамикадағы тепе-теңдік те статикадағы тепе-
теңдік сияқты жүзеге асырылады.: өндірушілердің өз өнімінің бағасын толық
білуінің негізінде, өнімдер мен ресурстардың икемді бағалары икемді
проценттік ставка (өсім ақысы) арқылы жинақтар мен инвестицияларды қолма-
қол теңестіру негізінде барлық өндірушілердің тәртібін жоғарылатын өндіріс
факторларының шекті өнімділігіне пропорционалды түрде табыстарды көбейту
негізінде.
ҒТП үлгілеріне жүргізілген талдаудың көрсетуі бойынша, жетілген
бәсекенің өзі де экономикалық өсу процесінде тұрақты тепе-теңдікті
автоматты түрде ұстап тұруы техникалық прогрестің кез келген типінде жүзеге
асырылуы мүмкін емес. Мұндай мүмкіндік тек ҒТП-тің Харрод көрсеткен
бейтарап жағдайында ғана пайда болады. ҒТП-тің басқа типтерінде қосымша
шарттар қажет болады.
Динамикалық тепе – теңдіктің неокейнстік үлгілері. Дж. Кейнстің
концепциясы бойынша, жұмыспен толық қамтылған жағдайда, макроэкономикалық
тепе – теңдікке жету үшін, егер ЖҰӨ - нің барлық көлемін өткізу үшін тиімді
сұраныс жетімсіз болса, мемлекеттік бюджеттің тапшылығын көбейту арқылы
және мемлекеттік қарыздың өсуі арқылы қосымша инвестициялар жасау қажет.
Қосымша инвестициялар мультипликатор негізінде қосымша тұтыну заттарына
туынды сұраныс жаратады. Бұл ұлттық өндірістің барлық табиғи көлемін
өткізуге және жұмыспен толық қамтуға мүмкіндік береді. Осыдан кейінгі
экономиканың жағдайы Дж. Кейнстің назарынан тыс қалған, өйткені оның
зерттеуі қысқа мерзіммен шектелген болатын.
Бұл мәселелермен экономикалық өсу теориясы бағытынан Кейнстің
ізбасарлары айналысты. Олар мынаған назар аударды: егер инвестициялар
қосымша тұтыну заттарына сұраныс тудырса, онда осы жаңа сұраныс, туынды
байланыс ретінде, жаңа өндіріс құрал – жабдықтарына, жаңа инвестицияларға
да қосымша сұраныс жаратады. Осы процесте сату көлемінің өсу проценті
маңызды рөл атқарады. Егер көлемі өскен болса, онда осы процесс тудырған
инвестициялар бұдан жоғары шапшаңдықпен өседі. Және керісінше, сатудың
көлемі төмендегенде, инвестициялар осыдан шапшаң төмендейді. Осы жағдай
мультипликатор принципін акселератор принциптерімен толықтыруға мүмкіндік
берді.
Өсудің жабайы посткейнстік үлгілеріне Е. Домар мен Р. Харродтың
үлгілері жатады.
Е.Домардың үлгісі. Өсу теориясына Е.Домардың қосқан негізгі үлесінің
мәні мынада: ол инвестициялардың екі тиімділігін де есепке алудың
қажеттігіне назар аударады – мультипликатормен қатар акселераторға.
Домардың үлгісі бойынша, өндірістік қуаттардың толық пайдаланылуын
қамтамасыз ету үшін инвестицияларды тұрақты түрде өсіріп отыру қажет. Бұның
өсу қарқыны капиталдың өнімділігінің жинаққа шекті бейімділіктің
көбейтіндісіне тең болуға тиісті. Ал жұмыспен толық қамтылуды қолдау үшін
еңбек ұсынысының өсу шапшаңдығы еңбек сұранысының өсімінің шапшаңдығына тең
болу керек. Факторлардың біреуінің қызметін басқасы атқара алмайтындығына
байланысты, еңбекке сұраныстың өсімінінің қарқыны капиталдың өсімінің
қарқынына тең болу арқылы қамтамасыз етіледі. Сөйтіп еңбек нарығындағы тепе
– теңдікті еңбек ұсынысының өсу қарқыны капиталдың өсу қарқынына тең
болғанда қамтамасыз етіледі.
Домардың үлгісі бойынша, толық жұмыспен қамтуды және игіліктер
нарығындағы тепе – теңдікті қолдап, ұстап тұру үшін инвестициялар көлемін
берілген шапшаңдықта тұрақты түрде өсіріп отыру керек. Бірақ кәсіпкерлердің
инвестициялық жоспарлары сонша оптимистік болмауы мүмкін. Егер
инвестициялар өндірістің нақты көлемінің тепе – теңдікте өсуіне және толық
жұмыспен қамтылуды қолдауға қажет мөлшерден төмен болса, онда экономикалық
жүйе тепе – теңдік траекториядан одан әрі алыстай түседі. Сондықтан
Домардың үлгісіндегі тепе – теңдік тұрақты емес деуге болады. Өйткені мұнда
экономиканы сол тепе – теңдікке келтіру механизмі көрсетілмеген.
Р. Харродтың үлгісі. Р. Харрод Е. Домардан гөрі өз міндетін кең
мағынада түсінген. Ол үйлесімді өсу механизмін анықтау үшін, экономикадағы
функционалдық байланыстарды көрсететін теңдеулерге ғана сүйенбей, сонымен
қатар талдауға кәсіпкерлер әреккетерінің психологиялық мотивтерін енгізген.
Р. Харродтың үлгісіндегі кәсіркерлердің тәртібі былай сипатталады. Егер
өткен мерзімде сұраныс артық болса, онда олар (кәсіпкерлер) өндіріс
көлемінің өсу қарқынын көтереді. Керісінше болса, қалыптасқан өсу қарқыны
сақталады.
Өсудің неокейнстік үлгілерін талдаудың негізінде жасалатын қорытындылар
және экономиканың статика жағдайында қызмет етуінің кейнстік үлгісін
талдаудың негізінде жасалатын қорытындылар бір – біріне өте ұқсас деп
тұжырымдауға болады. Бұлардың мәні мынада: тепе – теңдік өсу тұрақты емес,
сондықтан экономиканың өсуіне мемлекеттік реттеу мақсатпен белсенді кірісу
қажет.
Осы концепциялардың негізгі мақсаты, ол қоғамның даму сатыларындағы
ерекшеліктерін, фундаметалдық айырмашылықтарын көрсету болып табылады.
Экономикалық теорияда қоғамды өсу сатыларына бөлудің екі негізгі
концепциясы орын алған.

1.3. Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу.
Мемлекет экономикалық өсуді реттеуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан
мемлекет тарапынан реттеудің қандай шаралары осы процесті ең қолайлы
әдіспен ынталандыратынын қарастыру керек:
1. Кейнсиандықтар көзқарасы жағынан экономикалық өсу , ол сұраныс
факторымен байланысты деп түсіндіреді. Әдетте олар өсудің төмен қарқынын
жалпы ұлттық өнімнің қажетті өсуін қамтамасыз етпейтін адекватты емес
жиынтық шығындар деңгейімен түсіндіреді. Сондықтан олар проценттің төмен
ставкаларын (арзан ақщасаясатын) капитал жұмсау ынталандырушы құрал
ретінде насихаттайды. Қажетті жағдайда финанс – бюджеттік саясат жоғары
капитал жұмсау денгейі инфляцияға әкеліп соқтырмауы үшін мемлекеттік
шығындар мен тұтынуларға шектеу қолданыла алады.
2. Кейнсиандық бағытты жақтаушыларға қарсы ұсыныс экономикасының
өкілдері экономикалық жүйенің өндіріс потенциялын ұлғайтатын факторларға
сүйенеді. Жеке жағдайда олар салықтың төмендетеді. Ал салықтың төмендеуі
қорлану мен капитал салудың нәтижесінде еңбек жағдайлары мен кәсіпкерлік
белсенділікті ынталандырады. Мысалы, табыс салығын төмендету немесе алып
тастау қорланудан түсетін табыстың үлкеюіне әкеліп соғады. Керісінше, табыс
салынатын салық көлемін үлкейтсек, онда тұтыну көлемі төмендейді және
қорлану ынталандырылмайды. Кейбір экономистер тұтынуға біркелкі салықты
енгізуді қолдайды. Яғни бұл салықың түрі жеке табыс салығының толық
немесе бөлшектеп ауыстыруы ретінде болады (жеке тұлғаларға , үй шаруаларына
және корпоративтік емес фирмалардың табысына салынатын салық ). Бұл
сөйлемнің мағынасы қорды тұтыну мен ынталандыруға қойылатын шектеулерден
тұрады. Капиталды жұисауға қатысты бұл экономистер әдетте инвестицияға
қатысты салық жағынан жеңілдік жасау үшін корпорацияның пайдасына салынатын
салықтарды төмендетуді немесе алып тастауды ұсынады. Кейнсиандықтар қысқа
мерзімді мақсаттарға көп көңіл аударатынын айтып кеткен жөн. Дәлрек
айтқанда , ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Циклдық даму және жаһандану жағдайындағы экономиқалық өсу
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ МАКРО –ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКIШ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДIСТЕМЕЛIК НЕГIЗДЕРI
Қазақстан халқының өсу динамикасы мен қазіргі кезеңдегі түйінді мәселелері
Экономикалық өсу, оның типтері және факторлары
Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдылары
Экономикалық өсу стратегиясын қалыптастыру негіздері
Посткеңестік мемлекеттердің әлемдік шаруашылыққа экономикалық интеграциялануы: ерекшеліктері және қазіргі кездегі тенденциялары
Эмр-дің әдістері мен ұйымдастыру негіздері
Экономикалық өсудің қарқыны
Экономикалық ілімдер тарихы
Пәндер