Қылмыстық құқықтың ұғымы



Кіріспе
1 Қылмыстық құқықтың ұғымы
2 Қылмыстық құқықтың міндеттері және принциптері
2.1 Қылмыстық кұқықтың принциптері.
3 Қылмыстық заң ұғымы, ерекшеліктері мен маңызы,
міндеттері мен мақсаты
4 Қылмыстық.құқықтық норманың құрылымы
5 Қылмыстық заңның уақыт және кеңістік бойынша қолданылуы
6 Қылмыс. Қылмыстың ұғымы, белгілері және
қылмыстарды топтастыруы
Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазіргі Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы — ҚР кұқықтық жүйесіне кіретін өз алдына жеке құқық саласы. Ол негізінен, мемлекет, егер орындамаса, өзінін жазалайтындығын алға тарта отырып, бекіткен және санкциялаған, белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салатын ережелердің жиынтығын кұрайды.
Қылмыстық құкық ғылымында жазадан босату және жаза мен жауапкершілікті қоғамдық әкімшілік шаралармен алмастыру мәселелері қомақты орын алады. Осы орайда тек қылмыстық заң ғана емес, сонымен қатар, оны қолдану тәжірибесі де зерттеледі. Қылмыстық заң мен құкық колданудағы кемшін тұстары анықталып, оны дамытуға бағытталған ұсыныстар жасалады.
Қылмыстык құкық ғылымы өз пәнін зерттеу барысында диалектиканың негізгі әдістеріне ғана емес, сондай-ақ, жүйелік, логикалық-кұрылымдық, салыстырмалы құқықтанушылық, нақты әлеуметтік сипатты жеке зерттеу әдістеріне жүгінеді.
1 ҚР қылмыстық кодекс
2 С.Д. Баққұлов Құқық негіздері., Алматы, 2004ж.
3 ҚР құқық негіздері. Е.Баянов, Алматы, 2001ж
4 ҚР Конституциясы, Алматы, 2004ж.
5 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық .Жалпы бөлім. Алматы, 1999ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1 Қылмыстық құқықтың ұғымы
2 Қылмыстық құқықтың міндеттері және принциптері
2.1 Қылмыстық кұқықтың принциптері.
3 Қылмыстық заң ұғымы, ерекшеліктері мен маңызы,
міндеттері мен мақсаты
4 Қылмыстық-құқықтық норманың құрылымы
5 Қылмыстық заңның уақыт және кеңістік бойынша қолданылуы
6 Қылмыс. Қылмыстың ұғымы, белгілері және
қылмыстарды топтастыруы
Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қазіргі Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы — ҚР кұқықтық жүйесіне кіретін өз алдына жеке құқық саласы. Ол негізінен, мемлекет, егер орындамаса, өзінін жазалайтындығын алға тарта отырып, бекіткен және санкциялаған, белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салатын ережелердің жиынтығын кұрайды.
Қылмыстық құкық ғылымында жазадан босату және жаза мен жауапкершілікті қоғамдық әкімшілік шаралармен алмастыру мәселелері қомақты орын алады. Осы орайда тек қылмыстық заң ғана емес, сонымен қатар, оны қолдану тәжірибесі де зерттеледі. Қылмыстық заң мен құкық колданудағы кемшін тұстары анықталып, оны дамытуға бағытталған ұсыныстар жасалады.
Қылмыстык құкық ғылымы өз пәнін зерттеу барысында диалектиканың негізгі әдістеріне ғана емес, сондай-ақ, жүйелік, логикалық-кұрылымдық, салыстырмалы құқықтанушылық, нақты әлеуметтік сипатты жеке зерттеу әдістеріне жүгінеді.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ КҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы — ҚР кұқықтық жүйесіне кіретін өз алдына жеке құқық саласы. Ол негізінен, мемлекет, егер орындамаса, өзінін жазалайтындығын алға тарта отырып, бекіткен және санкциялаған, белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салатын ережелердің жиынтығын кұрайды.
Қылмыстық құқықтың реттеу аясына мемлекеттік және қоғамдық құрылыс меншік, жеке адам, құқықтык тәртіп, коршаған орта және т. б. сияқты сан-саналы қоғамдық катынастар, соньң ішінде, басқа құкық, салаларымен реттелетіндері де кіреді.
Қылмыстық құқықты иіндескен құқық салаларынан даралап алуға оның реттеу пәні, яғни қылмыс жасауға және оған белгілі бір жазалар колдануға байланысты туатын қоғамдық, қатынастар негіз болады.
Қылмыстық заң қоғамға қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатынын анықтап, оларға жаза бекітеді.
Қылмыстық құқық кылмыстық жауаптылықтың жауаптылықпен жазадан босатудың талаптары мен негіздерін, кылмыстық жазаны іске асыруда, қылмысқа қарсы күрес пен оның алдын алуда қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын реттейді.
Қылмыстық құқық пәнінің үш түрлі бағытта шоғырланғандығын байқауға болады: реттеуші, қорғаушы, кылмыстын алдын алушы коғамдық қатынастар.
Қылмыстық құкықтық қатынастар қылмыс жасаған уакытта оны жасаушы адам мен мемлекет атынан әрекет ететін оның органдары (анықтау, тергеу, сот, прокуратура органдары) арасында пайда болып, қылмыстық жауаптылықты толығымен іске асырған сәтінде аяқталады.
Кылмыстық құқықтың реттеу әдісі кылмыстық құқықтық нормаларды бұзғаны үшін міндетті түрде қылмыстық жаза қолданылатындығымен сипатталады.
Қылмыстық құкықтың барлық нормалары екіге: Жалпы және Ерекше бөлімге бөлінеді.
Жалпы бөлім қылмыстық жауаптылықтың негіздерін, міндеттері мен прициптерін, жекелеген жаза түрлерінін қолдану шегін, оларды тағайындау тәртібін белгілейтін нормалардан, шартты түрде жаза қолдануды, қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босатуды, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды реттейтін институттарды орнықтыратын нормалардан, сондай-ақ, сотталғандарды түзеу ісіне қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын көрсететін нормалардан тұрады.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың кылмыстық жауаптылығы мен оларды жазалаудың ерекшеліктері де, соттылықты жою мен алып тастау шарттары да Жалпы бөліммен реттеледі.
Жалпы бөлімнің нормалары өзара да, Ерекше бөлімнің нормаларымен де тығыз байланысты.
Қылмыстық қүқыктың ерекше бөлімінің нормалары жаза түрлері мен оның қолдану шегін көрсете отырып, нақты жекелеген қылмыстарға сипаттама береді.
Құқық саласы ретіндегі қылмыстық құқықтан қылмыстық құқық ғылымы өзгеше. Ол — қылмыстық құқықтық идеялар мен көзқарастардың, қылмыс пен жаза және олармен байланысты институттар хақындағы пікірлер мен ойлардың жүйесі, Қылмыстық құқық ғылымы қылмыстык жауаптылықтың негіздері мен белгілерін, мазмұнын аша түседі, қылмыс құрамыньң, сондай-ақ істің қоғамға қауіптілігі мен заңға кайшылығын жоятын мән-жайлардың түсінігін беріп, белгілерін зерттейді, алдын ала жасалған қылмыстық әрекеттер үшін, қылмысқа қатысушылық үшін жауапкершіліктің теориялық негізін жасайды, қылмыстың көптігіне түсінік беріп, оны топтастырады.
Қылмыстық жазаны реттей отырып, оның мазмұны мен мақсатын анықтайды, жазаньң жекелеген түрлеріне, оларды тағайындау тәртібі мен негіздеріне талдау жасайды.
Қылмыстық құкық ғылымында жазадан босату және жаза мен жауапкершілікті қоғамдық әкімшілік шаралармен алмастыру мәселелері қомақты орын алады. Осы орайда тек қылмыстық заң ғана емес, сонымен қатар, оны қолдану тәжірибесі де зерттеледі. Қылмыстық заң мен құкық колданудағы кемшін тұстары анықталып, оны дамытуға бағытталған ұсыныстар жасалады.
Қылмыстык құкық ғылымы өз пәнін зерттеу барысында диалектиканың негізгі әдістеріне ғана емес, сондай-ақ, жүйелік, логикалық-кұрылымдық, салыстырмалы құқықтанушылық, нақты әлеуметтік сипатты жеке зерттеу әдістеріне жүгінеді.

2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘІІЕ ПРИНЦИПТЕРІ

Қылмыстық құқықтың міндеттерін оньң пайда болуымен тікелей байланысты, бағзыдан келе жатқан қорғау міндетінен бастауға болады. ҚР Кылмыстық кодексінің 2-бабында: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардьң құқықтары мен заңды мүдделерін, коғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Казақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың кауіпсіздігін қорғау... міндеттері көрсетілген.
Қылмыстық құқықтың қорғау міңдеті туралы сөз қозғағанда екі тұрғыдан келген ләзім. Алғашқысы, қылмыстық заңның жалпылама ескертпесі (қылмыстың жалпылама алдын алу міндеті), яғни азаматтарды қылмыс жасаудан тыйым салу арқылы сақтандыру. Тек қана тыйым салатын нормалар емес, сонымен қатар кейбір істерді жасауға жол беретін әрекеттермен де (мысалы, қажетті қорғану мен аса қажеттілік туралы) жал-пылама ескертпе жасалады. Өйткені мұндай нормалардың да қылмыстың алдын алуда өз үлесі бар.
Екіншісі, қылмыстың жеке дара алдын алу міндеті (арнайы ескертпе). Ол бұған дейін қылмыс жасаған адамдарға қылмыстық жаза медициналық және тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу, шартты соттау сияқты шараларды қолдану арқылы жана қылмыс жасаудан сақтандырады.
Бұлар қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері. Бұдан басқа да міндеттерді (мысалы, тәрбиелеу) айтуға болады. Қылмыстық заңнын бұл көрсетілген міндеттері қылмыстық саясат арқылы жүзеге асады, ал ол кең мағынасында қылмыспен күресу жолындағы мемлекеттің үстанған саясаты болып табылады.

2.1 Қылмыстық кұқықтың принциптері.

Қылмыстық кұқықтың принциптері — қылмыстық құқық басшылыққа алатын оның институттары мен нормаларының негізгі мазмұны мен бағы-тын анықтайтын бастаулар. Олардың бірқатарын санап шығуға болады, бірақ соның, ішінде төмендегі он принцип: қылмыстық құқықтың басты-басты қағидалары:
1. Заңдылық принципі. Ол қылмыспен күресуді заң шенберіндегі оның талаптарын мүлтіксіз орындай отырып, жүргізуге иек артады. Ешкім де соттың үкімінсіз, яғни заңға қайшы жолмен кінәлі болып табылмайды. Сондықтан да қылмыстық заң қылмыстардың нақты тізімін көрсетеді. Кылмыстық заң нормасын ұқсастығы бойынша (аналогия) қолдануға тыйым салынады.
2. Заң алдында азаматтардың теңдігі принципі. Ол адамның тегіне, әлеуметтік, лауазымдык, және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамай қылмыстық заң алдында бірдей жауап беретіндігін керсетеді. ҚР Конституциясының 14-бабында Заң мен сот алдында жүұттың бәрі тең,—делінген.
3. Қылмыстық құқық принциптерінің енді бірі — қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің тумай қоймайтындығы. Әрбір қылмыс жасаушы қолымен істегенді мойнымен көтеретінін біліп жүруге тиіс. Бұл принципті жүзеге асыру нысандары болып мемлекет атынан оның органдарының қылмыстық істі қозғауы, айып тағуы, соттауы, жаза тағайындауы мен орындауы табылады.
4. Жеке жауапкершілік принципі. Қылмыс жасағаны үшін заңды тұлғалардың емес, тек қана жеке тұлғалардың (адамдардың) қылмыстық жауаптылығын көрсетеді.
5. Айыпты жауаптылық принципі қылмыстық әрекет үшін басқа адамдар (баласы, ата-анасы т. б.) емес нақ сол әрекетті жасаушы адамды жауапқа тартуды ғана білдірмейді, сонымен қоса оны айыпты түрде жасаған адам айыпты екенін көрсетеді. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін (қапылыста, жәбірленушінін кінәсінен т. б.) қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.
6. Әділдік принципі объективті, жеткілікті, заңға сөйкес мәліметтерге сүйене отырып қана қылмыстық жауапқа тартуға болатының айыптының жасаған ісі мен тартқан жазасының сәйкес болуын, бір қылмыс үшін қайталап жауапқа тартуға болмайтынын білдіреді.
7. Демократизм принципі. Сот төрелігін жүзеге асыру барысында істі катысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілде жүргізу, сотталушыларды егер қажет етсе, аудармашының қорғаушының көмегімен камтамасыз ету демократизм принципінің көрінісі болып табылады.
8. Гуманизм принципінің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайындап, кейде әкімшілік жауапкершілікпен ауыстыра отырып, қьшмыстық жауапкершіліктен толығьшен босатудан, керісінше ауыр кылмыс жасағандарға, рецидивтерге, ұйымдасқан кұрылымдардың мүшелеріне неғұрлым ауыр жаза қолданудан тұрады.
9. Қылмыстық қудалау шараларын орынды қалдану принципі. Мемлекет қылмыстық қудалауды (жазаны) қылмыс жасаушының түзеудің басқа жолы калмағанда қолдануға шарасыздан барады. Аталмыш принциптің көрінісін жазаның көлемі мен салмағын қысқартудан, бас бостандығынан айырмайтын шаралар салмағының өсуінен, орынды жерде оларды әкімшілік немесе қоғамдық ықпал ету нысандарымен ауыстырудан, кейбір қылмыстарды әкімшілік кұкық бұзушылық санаттары қатарына қосудан көрінеді.
10. Интернационализм принципі ұлттық теңдікті бұзғаны үшін басқа мемлекеттің мүддесіне, халықаралық кауіпсіздікке, ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.

3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ ҰҒЫМЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МАҢЫЗЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН МАҚСАТЫ

Қылмыстық заң — халықтың басым бөлігінің еркі мен құқықтық санасының көрінісі есебінде ҚР Парламенті кабылдайтын нормативтік актілердің бірегейі болып табылады. Бұл акт қандай әрекеттер (іс-әрекет немесе әрекетсіздіктер) қылмыс болып табылатынын оларды жасаушылар қандай жаза қолдану керектігін, қылмыстық жауапкершіліктің маңызды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Құқық жүйесінің түсінігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
Қылмыстық құқықтың теориялық аспектілері
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Қылмыстық құқық жайлы мәлімет
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Конституциядан қылмыстық құқық
Дәстүрлі құқықтық жүйе
Қылмыс құқығы ұғымы, міндеттері, принциптері
Пәндер