Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аймағындағы Қазақстанның саясаты



Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3


1. Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Меммелкеттер Достастығы аумағындағы аймақтық саясатынның негiзгi бағыттары ... ... ... ... ..5

2. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аймағындағы Қазақстанның сыртқы және iшкi экономикалық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13


Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының экономикалық, саяси және әскери тұрғыдан алғанда Орталық Азиядағы ең iрi әрi ықпалы зор бiрден бір ел болып табылады. Қазақстанның Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы елдермен жан-жақты қатынастарды дамыту сыртқы саясатта басым орын алады. Бiздiң мемлекетіміз үшін Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастығы қоғамдастықта халықаралық орынды нығайту және ұлттық мүдделерді ілгерілетумен тікелей байланысты.
Сондықтанда Қазақстан Республикасының осындай айтарлықтай ықпалын барлық Орталық Азиядағы елдер өз пайдасы мен мүддесiне сай пайдаланып қалуды мақсат тұтады. Әрине қазiр Қазақстан Республикасы өз қалауы бойынша Тәуелсiз Меммелкеттер Достастығындағы саяси оқиға барысын толық айқындай алмайды. Оның үстіне бір кездері Қазақстанмен есептесе бермейтін Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығындағы кейбiр елдер өз позициясын нығайтып, халықаралық қатынастағы рөлін өсіруге тырысып бағуда.
Әсiресе, осы соңғы он жылдық Қазақстан Республикасы Тәуелсiз Меммелкеттер Достастығы аумағындағы сыртқы саясаты үшін үлкен өзгерістер кезеңі болды. Қырғи-қабақ соғысының аяқталуы мен ғаламдану процесі жағдайында жаңа халықаралық қатынастар жүйесі калыптасуда. Қазақстан Республикасы жаңа халықаралық тәртіп жағдайында өз сыртқы саясатын қайта қарап қана қоймай, оны осы өзгерістерге сай бейімдеп, бағыттай білу мәселесі пайда болды.
Кеңес Одағы тараған соң Қазақстан Республикасы са¬яси тәуелсiздiкке ие болып өз алдына жеке мемлекет ретiнде Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мүшелiгiне қабылданды, басқа да тәуелсiз елдер сияқты әкiмшiлдiк жүйеден рынок қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алып, өтпелi дәуiр кезеңдерiн басынан өткiзуде. Осыған орай республикамызда жаңа өндiрiстiк қатынастар заңдылықтарын, олардың ерекше көрiнiстерiн зерттеу мүмкiңдiгi ашылды.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995.
2.Экономикалық теория негiздерi. Оқулық.-Алматы. 1998 ж. Авторлар ұжымы
.Соглашение о создании Содружества Независимых Государств от 21 декабря 1991 г.
3. Соглашение о порядке таможенного оформления транзитных грузов от 2 апреля 1992 г. (СНГ).
4. Соглашение о Таможенном союзе между Российской Федера¬цией, Республикой Беларусь и Республикой Казахстан от 20 янва¬ря 1995 г.
5. Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о едином порядке регули-рования внешнеэкономической деятельности от 20 января 1995 г.
6. Соглашение об освобождении от уплаты таможенных пошлин, налогов и выдачи специальных разрешений за провоз норматив¬ных документов, эталонов, средств измерений и стандартных об¬разцов, провозимых с целью поверки и метрологической аттеста¬ции от 10 февраля 1995 г. (СНГ).
7. Закон Республики Казахстан “О таможенном тарифе и пошлине” от 24 декабря 1991 г. //Ведомости Парламента Республики Казахстан. 1991 г. №15.
8. Закон Республики Казахстан “О стандартизации и сертификации” от 18 января 1993 г//Ведомости Парламента Республики Казахстан. 1993 г. № 20.
9. Закон Республики Казахстан “Об инвестициях” от 8 января 2003 г.//Казахстанская правда от 11 января 2003 г.
10. Закон Республики Казахстан “О валютном регулировании” от 24 декабря 1996 г.//Казахстанская правда. От 26 декабря 1996г.
11. Закон Республики Казахстан “О таможенном тарифе Республики Казахстан на экспортируе¬мые товары” от 11 января 1994 г. //Ведомости Парламента Республики Казахстан. 1994 г. №18.
12. Закон Республики Казахстан “О временном импортном таможенном тарифе” от 28 ноября 1992 г. //Ведомости Парламента Республики Казахстан. 1992 г. №24.
13. Закон Республики Казахстан “О декларировании и порядке перемещения товаров через тамо¬женную границу Республики Казахстан” от 19 февраля 1993 г. //Ведомости Парламента Республики Казахстан 1993г. № 129.
14. Закон Республики Казахстан “О порядке перемещения физическими лицами через таможен¬ную границу Республики Казахстан товаров, в том числе и транс¬портных средств” от 2 ноября 1995 г. № 1440 //Ведомости Парламента Республики Казахстан. 1995г. №24.
15. Сарсембаев М. А. Международно-правовые отношения госу¬дарств Центральной Азии. Алматы, 1995.
16. Основы таможенного дела: Учебник/Под общ. ред. В.Г.Драганова М.: 1998.



Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аймағындағы Қазақстанның саясаты

ЖОСПАР

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...3

1. Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Меммелкеттер Достастығы аумағындағы аймақтық саясатынның негiзгi бағыттары ... ... ... ... ..5

2. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аймағындағы Қазақстанның сыртқы және iшкi экономикалық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

Кiрiспе

Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының экономикалық, саяси және әскери тұрғыдан алғанда Орталық Азиядағы ең iрi әрi ықпалы зор бiрден бір ел болып табылады. Қазақстанның Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы елдермен жан-жақты қатынастарды дамыту сыртқы саясатта басым орын алады. Бiздiң мемлекетіміз үшін Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастығы қоғамдастықта халықаралық орынды нығайту және ұлттық мүдделерді ілгерілетумен тікелей байланысты.
Сондықтанда Қазақстан Республикасының осындай айтарлықтай ықпалын барлық Орталық Азиядағы елдер өз пайдасы мен мүддесiне сай пайдаланып қалуды мақсат тұтады. Әрине қазiр Қазақстан Республикасы өз қалауы бойынша Тәуелсiз Меммелкеттер Достастығындағы саяси оқиға барысын толық айқындай алмайды. Оның үстіне бір кездері Қазақстанмен есептесе бермейтін Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығындағы кейбiр елдер өз позициясын нығайтып, халықаралық қатынастағы рөлін өсіруге тырысып бағуда.
Әсiресе, осы соңғы он жылдық Қазақстан Республикасы Тәуелсiз Меммелкеттер Достастығы аумағындағы сыртқы саясаты үшін үлкен өзгерістер кезеңі болды. Қырғи-қабақ соғысының аяқталуы мен ғаламдану процесі жағдайында жаңа халықаралық қатынастар жүйесі калыптасуда. Қазақстан Республикасы жаңа халықаралық тәртіп жағдайында өз сыртқы саясатын қайта қарап қана қоймай, оны осы өзгерістерге сай бейімдеп, бағыттай білу мәселесі пайда болды.
Кеңес Одағы тараған соң Қазақстан Республикасы са­яси тәуелсiздiкке ие болып өз алдына жеке мемлекет ретiнде Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мүшелiгiне қабылданды, басқа да тәуелсiз елдер сияқты әкiмшiлдiк жүйеден рынок қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алып, өтпелi дәуiр кезеңдерiн басынан өткiзуде. Осыған орай республикамызда жаңа өндiрiстiк қатынастар заңдылықтарын, олардың ерекше көрiнiстерiн зерттеу мүмкiңдiгi ашылды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының басты мiндеттері мен алға қойған мақсаттары ол - әлеуметтiк бағыттағы жоғары әрі тиiмдi экономиканы қалыптастыру әлемдiк кеңiстiкте өз орнын табу, экономи­калық тәуелсiздiктi қамтамасыз ету, жоғары дәрежелi еңбек өнiмдiлiгiне жету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары технологияны пайдалану, халықтың тұрмыс дәрежесiн көтеру, аралас экономиканы қалыптастыру, түрлi меншiк иелерiне жол ашу, рынок орталықтарында тиiмдi заңға негiзделген iскерлiкке қол жеткiзу болып табылады Соңғы он жылдың аралығында Қазақстан Республикасының экономикасы әкiмшiлiк басқаруға негiзделген жоспарлы экономикадан бас тартып, нарықтық экономикаға көшкелi бұл салада елдiң экономикасында тың өзгерiстер орын алғаны белгiлi. Кеңестер Одағының ыдырауы нәтижесiнде тәуелсiздiк алған Қазақстан үшiн, әрине тарихи тұрғыдан бағалағанда бұл он жыл тым аз ғана уақыт болып табылғанмен, алайда осы аз ғана уақыт аралығында Қазақстан Республикасында қоғамдық формация ғана өзгерiп қоймай, сондай-ақ бұл елдiң экономикасы бұрынғыдан мүлдем басқаша жаңа принципке негiзделiп, жаңаша жұмыс жасай бастады деп айтуға болады.
Бүгiн қойнауы мұнайға бай Қазақстан Республикасында мемлекет экономикасы аса жоғары қарқынмен даму үстiнде және соған сәйкес бiздiң елiмiздiң де саяси салмағы мен ықпалы Тәуелсiз Меммелкеттер Достастығының көптеген елдерi үшiн артып отыр деп айтуға болады.
Мен өзiмнiң курсатық жұмысымда Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы аймақтық саясатынның негiзгi бағыттарын теориялық тұрғыдан саралауға арналған.

1. Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Меммелкеттер Достастығы аумағындағы аймақтық саясатынның негiзгi бағыттары

Жалпы Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы саясатының стратегиялық мәні - демократияны қолдау, рынокты кеңейту мен аймақтарда Қазақстанның позициясын сақтау. Бұлар - қауіпсіздік мәселесі жөнінде ең көп алаңдататын және осы бағыттарда Қазақстанның ең жоғары нәтижелерге жете алатын мәселелер. Осы прагматикалық саясатты Қазақстан өз мүддесіне көбірек сәйкес келетін жерлерде жүргізу үстiнде.
Осыған байланысты Қазақстан өзiнiң экономикалық және саяси күшін оның ықпал ету тетігіне көбірек мүмкіндігі бар жерлерге топтастыруда.
Қазiргi кезде Қазақстан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы мемлекеттермен қатынастар ғана маңызды емес, сондай-ақ Европа, Азия, Америка Құрама Штаттыры сияқты елдермен де байланыста мәнді сипатқа ие болып отыр.
Осы соңғы он жылдың аралығында Қазақстан Республикасының экономикасы әкiмшiлiк басқаруға негiзделген жоспарлы экономикадан бас тартып, нарықтық экономикаға көшкелi бұл салада аталған елдiң экономикасында тың өзгерiстер орын алғаны белгiлi. Кеңестер Одағының ыдырауы нәтижесiнде тәуелсiздiк алған бұл жас мемлекет Қазақстан үшiн, әрине тарихи тұрғыдан бағалағанда бұл он жыл тым аз ғана уақыт болып табылғанмен, алайда осы аз ғана уақыт аралығында Қазақстан Республикасында қоғамдық формация ғана өзгерiп қоймай, сондай-ақ бұл елдiң экономикасы бұрынғыдан мүлдем басқаша жаңа принципке негiзделiп, жаңаша жұмыс жасай бастады деп айтуға болады.
Бүгiн қойнауы мұнайға бай Қазақстан Республикасында мемлекет экономикасы аса жоғары қарқынмен даму үстiнде деп айтуға болады. Қазiргi таңда Қазақстан Республикасында экономиканы мемлекеттiк ретеудiң маңызы нарық жағдайында да өзiнiң өзектiлiгiн, яғни актуальдығын жоғалтқан жоқ деп айтуға болады. Себебi мемлекет барлық жағдайда да бұл елдiң экономикалық дамыуының негiзгi бағыттарын айқындап, әсiресе стратегиялық макроэкономикалық бағытта алдын-ала дұрыс жоспарлау жасап отыруға мүмкiндек бередi. Мiне осы тұрғыдан алғанда шетел инвестициясын тартудың және оны тиiмдi пайдаланудың аса жоғары стратегиялық мәнi мен маңызы зор. Әсiресе осы орайда мемлекеттiң ұстанған инвестициялық саясаты мен осы инвестицияны ұтымды реттеудiң экономикалық және саяси мәнi айрықша болып табылады.
Мәселен, Қазақстандық экономистердiң мәлеметтерi бойынша, Салық пен инвестициялардың Халыкаралық орталығы батыс инвесторлары арасында өткiзген әлеуметтiк сұрау кезiнде қазақстандық нарыққа (рыноққа) деген олардың қызығушылығы белгiлi болды. Қазақстан Республикасындағы инвестиция­ларға әсер ететiн стратегиялык факторлар арасында бiрiншi орында тұрғандары — iрi нарықтық потенциал мен табиғи ресурстар екенi анықталады.
Негiзнне әсiресе, АҚШ, Евородаққа мүше ең iр ықпалды мемлекеттердiң демократияны қамтамасыз ету мен адам құқығын сақтаудағы күш-жігері қайырымдылық көмек бағдарларымен сипатталады. Бұл қиналған жандардың өмірін жеңілдетуге және адам құқығы мен нарықтық экономиканы қорғау идеясын ұстанған демократиялық жүйелер құру үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған және де бұл мемлекеттер қайырымдылық көмегін көрсету және бастама көтеру жолымен босқындар проблемасына қатысты дағдарысты жеңілдетуге ұзақ мерзімді ғаламдық ынтымақтастықты күшейтуге және осы процеске тартылған халықаралық ұйымдарды нығайтуға осы арқылы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы саясатқа ықпал етуге тырысуда.
КСРО құлауынан кейін жаңа стратегиялық кеңістік пайда болды. Ресейде оны “Таяу шет ел” деп атады. Ол — 15 жаңа тәуелсіз мемлекетке қатысты ұғым. Бұрын Ресей империясының құрамына кірген, Ресеймен көршілес болған және көп миллиондаған орыс тілді диаспора тұратын елдерде Мәскеудің ерекше мүдделері бар деп есептеледі.
1991 жылдың соңында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құра отырып, Ресей саясатшылары оны “осы сәттегі біртұтас геосаяси кеңістікті жалғыз мүмкіндігі”, - деп есептеді (Борис Ельцин). Белгілі саясатшылардың көпшілігі ТМД елдерімен экономикалық және әскери қатынасты барынша тығыз жүргізуді сақтаудың, орыс тілді тұрғындардың құқығын қорғауға, Белоруссия, Украина, Қазақстан Ресейге өздерінің ядролық, қаруларын беруге қол жеткізуге және оңтүстік шеттерде.
Әлемдік терроризм ғаламдық мәселеге айналды, яғни ол біріншіден халықаралық қатынастардағы әскери-техникалық ынтымақтастыққа тиді.
ТМД елдеріне қатысты (соның ішінде Каспий де бар) американ саясатын Ресей саясатшыларының едәуір бөлігі антиресейлік деп қабылдайды. АҚШ басшылығында таяу шет елдегі Ресей сыртқы саясатының бірқатар тұстары бойынша жаңа империялық сипат бар және АҚШ-қа барынша қарсы жүргізілуде деген пікір орныкқан. Осы мәселе төңірегіндегі халықаралық проблемалардың кең ауқымында екі жақтың арасында принципті айырмашылық айқын көрінеді. Мынандай проблемалар төңірегіндегі келіспеушілікті атап кетуге болады:
• жаңа дүниежүзілік тәртіп орнату және көшбасшылық проблемалары;
• өтпелі зкономикалы елдерді ғаламдандыруға ықпал ету және АҚШ пен Батыс Еуропа үшін бұрын жабық болған Кавказ және Орталық Азия секілді аймақтарға есік ашу;
• аймақтық қауіпсіздік жүйесін құру және бұрынғы кеңістік республикалардың НАТО-ға қосылуы, Солтүстік Кавказдағы тұрақсыздыққа байланысты Еуропада әдеттегі қару-жарақ туралы шартты қайта қарау;
• кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегі аймақтық жанжалдарды реттеу және осы аймақтағы Ресей бітімгершілігіне баға беру, халықаралық терроризмге қарсы күрестің қажеттілігін түсіну;
• мемлекеттік тәуелсіздікті "девальвациялау" және адам құқығы ролінің артуы;
• көмірсутегі шикізаты рыногы мен Каспий байлығын игеру, оны тасымалдауды диверсификациялау.
АҚШ Балтық жағалауы елдерінен Ресей әскерлерін тез және дау-дамайсыз алып кетуде арада жүрді, көп мәселеде көмек көрсету.
АҚШ 1991-92 жылдардағы ең қуатты, саяси тұрақты мемлекетке арқа сүйемек болып, кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегі жағдайды дұрыс бағалады. Украина ядролық қаруы тағдыры туралы мәселе бойынша Ресеймен тығыз байланыс орната отырып, Мәскеуге “Таяу шет елге” қатысты әрекет етуге еркіндік берді.
Ондағы негізгі бағыт мынау: Батыс Еуропа, Азия және бұрынғы Кеңестер Одағы аумағында жаңа ұлыдержава пайда болуына жол бермеу. Жоба авторларының пікірінше, “1994-99 каржылық, жылдары Пентагонның қорғаныс мәселесін жоспарлау жөнінде басшылық”, “ең дұрыс тәсіл бұрынғы КСРО байлығына ешбір жау держава бақылау орнатуына жол бермеу, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің әрекетін қолдау (бәрінен бұрын Ресей мен Украина), олардың демократиялық қоғамды нарықтық экономика негізінде құруға жәрдемдесу керек.
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Қазақстанды алғашқылардың бірі болып таныды және онымен бірінші болып дипломатиялық қатынастар орнатты, сөйтіп, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясының арқасында да қалыптасқан геосаяси ақиқаттың өзгерісіне тиісінше көзқарас білдірді.
Қазақстан және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы арасындағы дипломатиялық қатынастардың басы 1991 жылғы 25 желтоқсанда басталды. Нақ сол кезде көптеген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерi Қазакстан Республикасын егеменді мемлекет ретінде ресми таныды. Көп ұзамай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерi арасында елшілер деңгейінде толық ауқымды дипломатиялық қатынастар орнатылды. Қазақстандағы алғашқы шетелдік елшілік Түркиянiкi, Ресей мен Американікі болды.
Қазақстан басшылығы бұл ретте ядролық қаруды бұзу және кәдеге жарату процесінде АҚШ-пен ынтымақтастықтың маңызын түсіне отырып, "ядролық мәселенің" екі жақты қатынастарда өтпелі екендігін бағалай келе ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың мазмұнды бастауларын күшейтуге бағытталған дәйекті іс-қимылдар жасауда. Егер өзара қарым-қатынастарының бастапқы кезеңінде Вашингтон өзара қарым-қатынастардың ядролық астарларына зор көңіл бөлсе, Қазақстан басымдық ретінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қойды, оны тәуелсіздік пен қауіпсіздікті нығайтудың кепілі ретінде қарады.
Саяси қатынас
Қазақстан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiндегi ынтымақтастығының негізін Президент Н. Назарбаев Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiне ресми сапары барысында қаланды. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiн басшылары мен Қазақстан арасында жаңа қатынастардың орнатылатыны туралы мәлімдеді.
Қазақстан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерi арасындағы қатынастарында түйткілдер де болмай қалған жоқ. Олардың себебі, бұл мемелкеттер арасындығы экономикалық мүдделер мен бұл мемлекеттердiң демократия және адам құқығы сияқты әмбебап құндылықтарға көзқарастарының қағидаттында айырмашылықтарында емес, біздің еліміздегі демократиялық процестердің даму қарқынын, либералдық экономикалық реформаларды жүзеге асыру басталған тарихи жағдай ерекшеліктерін әркелкі түсінуде болды.
Қазақстан мен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiндегi қатынастардың маңызды саласы қорғаныс саласындағы ынтымақтастық болып табылады. Мәселен, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң мүшесi Ресей Федерациясы біздің еліміздің әскери әуе және теңіз флотын күзет қатерлерімен жарақтауға көмек көрсетті. Қазақстан Ресей үшiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiндегi алынып жатқан әскери бұйымдарды алуға мүдделілік білдірген елдер тізіміне енгізілді.
Қазақстанның Орталык Азиядағы және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiндегi Кеңестен кейінгі кеңістіктегі стратегиялық серіктесі ретінде Қазақстанның рөлі Америка Құрама Штаттарымен халықаралық және аймақтық проблематика бойынша сұхбат жүргізіп отыруды дамытудың нәтижесінде нығая түсті. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерi арасынан Вашингтон Қазақстанның бастамасымен Орталық Азия батальонын құру жөніндегі қадамды және БҰҰ атынан халықаралық операцияларға оның қатысуы жөніндегі ұсынысты дұрыс қабылдады.
Халықаралық терроршылдық пен экстремизм қатері, әртүрлi елдерінде ықпалдастық процестерінің тереңдеуі Қазақстан мен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiндегi ынтымақтастықты дамыту бойынша белсенді іс-қимылдарға итермеледі. Бұл бағытта маңызды практикалық шаралар қатарынан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiндегi терроршылдықпен күрес жөніндегі аймақтық өкілдігінің ашылуын, "Орталық Азиядағы терроршылдық және қарсы терроршылдық" конференциясының өткізілуін, Орталық Азияда қауіпсіздікті нығайту жөніндегі бағдарламаның қабылдануын және бірлескен комиссия шеңберіндегі терроршылдыққа қарсы жұмыс топтарын құру туралы ұсынысты және Қазақстан мен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiндегi терроршылдыққа қарсы жаттығуларға қатысу мүмкіндігін атап көрсетуге болады.
2000 жылы Қазақстан мен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы арасында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық айтарлықтай серпінді дамыды. Қазақстан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы өкілдерімен кездесулерде Қазақстанның төмен байытылған уранының мәртебесі, 15 пайыздық импорт бажын алып тастау және Қазақстан титан материалын преференцияның бас жүйесіне (ПБЖ) қосу туралы мәселені табандылықпен алға тартып отырды. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне АҚШ-тың ықпал жасауы жөнінде де консультациялар алмасылды.
Қазақстан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерi арасындағы қатынастарындағы маңызды бағыт сауда-экономика саласындағы ынтымақтастық болып табылады.
Бiздердiң осы тақырыпты саралау барысында көз жеткiзгендiгiмiздей Қазақстан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы арасындағы алдағы уақытта да әлемдегі бірден-бір көшбасшы мемлекет біріне саналады. Қазақстан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аумағында ғанак емес сондай-ақ әлемдік саясаттағы мәселелерді біржақты және көпжақты арақатынас жасау арқылы өз бетінше шешуге бейім.
Мәселен, Қазақстан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерi арасыннан ең бiрiншi болып 1998 жылы көктемде АҚШ Иракқа қарсы күш қолдану үшін жауапкершілік салмағын алғанда да, БҰҰ араағайындығымен өз одақтастарына Бағдатпен компромиске келгенде де өзінің біржақты әрекет бағытынан тайынбайтындығын ашық сездірді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аумағында сыртқы саясаты үшін өз одақтастарының позициясын нығайту емес, керісінше олардың, Қазақстанмен келісілген бағыт ұстап, саясатына көмек көрсету қабілеттілігін арттыру маңыздырақ.
Қазақстан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерi арасында көшбасшылығы астында көпжақты серіктестіктің қатаң каркасы қалады.
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерi Қазақстанның сыртқы саясатын бұрынғы КСРО аймағындағы елдерге де қолданып жатса таңдануға болмайды. Осы аймақтағы кейбір мемлекеттерді, атап айтсақ, Украина, Әзірбайжан, Прибалтика американ дипломатиясына сүйеніп, платформалар тығыз экономикалық-саяси бағытты орнықтырумен жемісті еңбек етуде. Бұл платформа, сірә, американ ықпалын жүргізуге жақын арада қызмет ете де қоймас, бірақ Мәскеудің, рөлін шектеу құралы болары анық. Дегенмен Ресейдің американ көшбасшылығы астында Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнде жаңа саяси қатынастар құрылымы қалыптастыруына қосылуы екіталай мәселе.
Кавказдағы Қазақстан Республикасының саясатының екі бағыты ол мыналар деуге болады, яғни біріншіден, мұнай құбырын диверсификациялау аймақтағы Мәскеу монополиясына нүкте қояды. Оған империялық құдіретінін айырылғаннан кейінгі шындыққа икемделуге тура келеді. Аймаққа сыртқы күштердің енуіне толық кедергі жасауға күші келмейді қаржының жетіспеушілігі де, оның өз күшімен мұнай орындарын игеруіне мүмкіндік бермейді. Геосаяси жағынан Қазақстанның Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аймағындағы ешбір мемлекеттің бір өзі бақылауына мүдделі емес және оған әлемдік қоғамдастық кедергісіз шығуы тиіс. Мәскеудің бұрынғы монополиясын қайта орнатуы аймақтық тұрақтылыққа зиян келтіреді, сонымен қатар, Ресейдің Каспий қорын игеруге белсенді араласуы экономикалық және саяси көзқарас тұрғысынан өте маңызды.
Жаңа геосаяси жағдайға тап келген мемлекеттер мүдделері Каспий төңірегінде тоқайласып отыр. КСРО құлауымен Каспийге талас күшейді. АҚШ та төреші ретінде өзінің рөлін нығайтқысы келеді. Түркияның Иран мен Ауғанстандағы ислам фундаментализмге қарсы тұратын аймақтың көсбасшы болғанын қалайды. Энергетика рыногын диверсификациялау саясатын үздіксіз жүргізе отырып Қазақстан Ре;спубликасы н Каспий мұнайын игеруді және Баку - Жейхан мұнай құбыры құрылысын (Әзербайжан, Грузия, Түркия территориясы арқылы ететін) қолдайды. Американдықтардың ойынша бұл жоба жаңа тәуелсіз мемлекеттердің егемендігін және олардың өзара байланысын нығайтады, олардың тағдыр ортақтастығын сезінуі мен едәуір материалдық пайда табуына көмектеседі.
Екіншіден, Қазақстан Республикасы өз эксперты мен инвестиция үшін бірыңғай нарықтық қызмет механизмін құру мақсатын ұстанып отыр.

2. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аймағындағы Қазақстанның сыртқы және iшкi экономикалық саясаты

. Кез-келген саясаттың негізін экономика қалыптастырады, экономикалық тұғыр болмаған жерде саясат жоқ.Сол себептен де экономикалық даму болмаған жерде, саясат құлдырап оның орнын алаяқтық пен авантюризм алады. Тарихта экономикалық мүдделер мен географиялық, демографиялық, мәдени, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерге мән бермеудің салдарынан орын алған саяси құлдыраулардың болғаны белгілі.
Сондықтанда Кез-келген мемлекет үшiн өз мүддесiне сай дұрыс экономикалық саясат жүргiзудiң маңызы өте зор деп айтуға болады. Себебi мемлекеттiң экономикалық саясаты оның даму мүмкiндiгiн жетiлдiруге өте жақсы ықпалы бар. Экономикалық саясат деп Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы сауданы реттеу қағидаларының жиынтығын айтуға болады.
Эконо­мика мен саясат тығыз байланысты. 1985 жылдан бастап бұрынғы кеңес елiнде түбiрлi әлеуметтiк-экономикалық сапалы өзгерiстердiң болуы халықтың, жеке ұлттардың қоғамдық сана-сезiмiн жандандырып олардың экономика­лық ой-пiкiрлерiнiң жаңаша қалыптасуына жол ашты. Саясат болып қоғамдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің саяси жүйесі
Экономикалық Одақ жайлы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД)
Қазақстан Республикасы мен Қытай халық республикасының қазіргі экономикалық байланыстар деңгейі және болашағы
Егемен қазақстанның сыртқы саясаты
Сыртқы саясат
Халықаралық ұйымдар жайлы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі еңбек көші-қонының құқықтық механизмдері
Қазақстан мен ТМД елдерінің сыртқы экономикалық байланыстарының дамуы
ТМД-ның ролі мен маңызы Қазақстан
Пәндер