Қазақстан монғол-татар шапқыншылығы дәуірінде



1. Жалпы мәлімет.
2. Монғол шабуылдарының алғашқы кезеңі.
3. Жазушылардың дерктері бойынша.
4. Монғолдардың билеп.төстеуінде.
5. Монғолдар жаулап алуының әлеуметтік зардаптары.

Қолданылған әдебиеттер:
Жалпы мәлімет. Монғол шапқыншылығы - ХІІІ ғасырда соғыстан олжа түсіру, Азия мен Шығыс Европа халықтарын тонау және құлдану мақсатымен монғол феодалдары ұйымдастырған жаулап алу соғыстары мен жекелеген жорықтары. Монғол феодалдары берік топтасқан әскери ұйым құрып алғаннан кейін халықтың көпшілігін жаулап алу соғыстарына жұмылдырды. Қалың қолдың негізгі күші - жорықта тез қимылдайтын сансыз көп атты әскерлер болды; ондағылардың басым көпшілігі араттардан тұрды. Монғол феодалдары жорықта өздері жаулап алған елдердің әскери күштерін, олардың техникалық жетістіктерін пайдаланды. Әскерлер бір орталыққа (командашыға) бағынды. берік тәртіп ұстады, жақсы қаруландырылды; жауынгерлік сапасы жағынан көрші елдердің жасақтарынан анағұрлым артық тұрды. Монғол шапқыншылығының табысты жүргізілуіне Азия мен Шығыс Европадағы көптеген елдердің ішіндегі өзара қырқысулары, алауыздығы және ондағы билеуші топтардың сатқындығы едәуір себепкер болды. Осы күрестің барысында монғол тайпасының өкілі Темучин (Шыңғыс-хан) Орталық Азия тайпаларын біріктірді, сөйтіп ол Орталык Азия даласындағы ең құдіретті жаулап алушыға айналды. Керейіттер ханының наймандармен, монғол тілдес татар және меркіт тайпаларымен соғыстарында Темучипнің атағы шыға бастады, ол соғыстарға Ван-ханның вассалы ретінде болашақ Шыңғыс-хан белсене катысты.
1. Қазақ совет энциклопедиясы, 8-том, 127-131 беттер.
2. Қазақстан энциклопедиясы, 5-том.
3. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк, Алматы «Дәуір» баспасы,1994ж.) 100-108 беттер.
4. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан. Жолдасбайұлы, Сәйден. 1995 ж. Ана тілі газеті.
5. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (4 томдық археология институты, Алматы, Атамұра, 1994 ж.) 1 том, 440-449 беттер.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан монғол-татар шапқыншылығы дәуірінде.

Жоспар:
1. Жалпы мәлімет.
2. Монғол шабуылдарының алғашқы кезеңі.
3. Жазушылардың дерктері бойынша.
4. Монғолдардың билеп-төстеуінде.
5. Монғолдар жаулап алуының әлеуметтік зардаптары.

Қолданылған әдебиеттер:

Қазақстан монғол-татар шапқыншылығы дәуірінде.
Жалпы мәлімет. Монғол шапқыншылығы - ХІІІ ғасырда соғыстан олжа түсіру, Азия мен Шығыс Европа халықтарын тонау және құлдану мақсатымен монғол феодалдары ұйымдастырған жаулап алу соғыстары мен жекелеген жорықтары. Монғол феодалдары берік топтасқан әскери ұйым құрып алғаннан кейін халықтың көпшілігін жаулап алу соғыстарына жұмылдырды. Қалың қолдың негізгі күші - жорықта тез қимылдайтын сансыз көп атты әскерлер болды; ондағылардың басым көпшілігі араттардан тұрды. Монғол феодалдары жорықта өздері жаулап алған елдердің әскери күштерін, олардың техникалық жетістіктерін пайдаланды. Әскерлер бір орталыққа (командашыға) бағынды. берік тәртіп ұстады, жақсы қаруландырылды; жауынгерлік сапасы жағынан көрші елдердің жасақтарынан анағұрлым артық тұрды. Монғол шапқыншылығының табысты жүргізілуіне Азия мен Шығыс Европадағы көптеген елдердің ішіндегі өзара қырқысулары, алауыздығы және ондағы билеуші топтардың сатқындығы едәуір себепкер болды. Осы күрестің барысында монғол тайпасының өкілі Темучин (Шыңғыс-хан) Орталық Азия тайпаларын біріктірді, сөйтіп ол Орталык Азия даласындағы ең құдіретті жаулап алушыға айналды. Керейіттер ханының наймандармен, монғол тілдес татар және меркіт тайпаларымен соғыстарында Темучипнің атағы шыға бастады, ол соғыстарға Ван-ханның вассалы ретінде болашақ Шыңғыс-хан белсене катысты.
Монғол шабуылдарының алғашқы кезеңі. Монғол шапқыншылығының Шыңғысхан бастаған (1206- 27 ж. билеген) Монғолдың ертелікті феодалдық мемлекеті кұрылғаннан кейін басталлы да, ХІІІ ғасырдың аяғына дейін созылды, арада аздаған ғана үзілістер болды. 1207-11 ж. Сібір мен Шығыс Түркістан халықтары - бурят, якут, ойрат, қырғыз, ұйғырлар бағындырылды. Танғұттың Си-Ся мемлекетіне қарсы жорық жүргізді. Сөйтіп оны 1227 жылдың қарсанында біржола талқандады. 1211 ж. чурчжәндік Цзинь мемлекетіне (Солтүстік Қытайда) шабуылды бастады. Монғол отрядтары 90 шақты қаланы бірдсн қпратты, сөйтіп 1215 ж. Пекнн (Яньцзин) қаласын алды. 1217 ж. Хуанхэ өзеннінің солтүстігіндегі жерлерді түгел жаулап алды. Темучин керейіттер мен наймандар ұлыстарының билеушілерін талқандаған кезде ол Орталық Азия далаларындағы бірденбір кұдіретті қолбасшыға айналып, мұны саяси тұрғыдан баянды етті. 1206 жылдың көктемінде Онон өзенінің сағасында Темучинді жақтайтын көшпелі шонжарлардың құрылтайы өткізіліп, сонда ол тоғыз құйрық қыл байланған қасиетті ақ ту желбіреген жағдайда салтанатты түрде ұлы хан деп жарияланды. Сонымен бірге құрылтай Темучинге Шыңғыс-хан атағын бекітіп берді, бұл оның өз есімінің орнын басты. Темучин - Шыңғыс-хан былай деп мәлімдеді: Мен... түрлі мемлекетті ақиқат жолына бағыттап, халықтарды өзімнің біртұтас билігіме караттым. Мүмкін, ол Батыс пеп Шығысқа жасаған жорықтарының нәтижесінде өзінің қандай шындарға шығатынын білмеген де болар, атап айтқанда, қашқан наймандар мен меркіттерді қуалай отырып, оларды 1208 жылы Ертіс жағалауында екінші рет талқандады. Бірлесіп қимылдаған меркіттер мен наймандар тобын 1209 жылы ұйғыр идиқұты (билеушісі) өз иелігіне өтуге әрекет жасаған кезінде тас-талқан етті. Соның салдарынан олардың жолдары екі айрылды. Талқандалудан аман қалған найман тайпаларын Күшлік-хан Жетісудағы қарақытайлар иелігіне әкетті, ал меркіттер Орталық Қазақстан далаларындағы қыпшақтарға қашты. Наймандардың едәуір бөлігімен Жетісуға ығысқан Күшлік-хан онда қалыптасқан күрделі жағдайды пайдаланып қалуға тырысты. Аласапыранның басты кінәлілері Шығыс Түркістандағы Тұрфан князьдігінің ұйғыр идиқұты және қарақытайларға вассалдық тәуелділікте болған Жетісу қарлұқтары мен қаңлылардың мұсылман билеушілері еді. Шыңғысхан енді Жетісуға көз алартты. Бұл өлкедегі гүлденген бай қалалар қызықтырды Оның үстіне Жетісуды билеп тұрған найманның ханы Кучлукпен қырғи қабақ болатын. Мұсылман дініндегі халыққа Кучлуктың қысым көрсетуі Жетісу алабындағы мұсылмандардың наразылығын туғызды, монғолдардың жаулап алуын жеңілдетті. Бірсыпыра уақыт бойы Жетісу мен Шығыс Түркістанның жергілікті князьдіктері қарақытайлардың жоғарғы билігін таныды, бірақ ХII-ХІII ғасырлар шебінде іс жүзінде тәуелсіз болып алды. Сондықтан қарақытайлардың гурханы (билеушісі) найман жауынгерлерін бағынбайтын вассалдарын басып-жаныштау үшін пайдаланбақшы болып үміттепді. Гур-ханның сеніміне кірген Күшлік-хан 1210 жылы гур-ханды тақтан тайдырып, мемлекеттегі билікті басып алды, бірақ гур-ханды өлтіруге батылы бармай оған биліктің сыртқы белгілерін қалдырды. Күшлік қарлұқтарды, қанлылар мен ұйғырларды өзіне бағындыруға ниеттеніп, оларға қарсы ойран салған шабуылдар жасады. Осындай жағдайда қарлұқтардың Арслан-ханы, Іле өзенінің аңғарларындағы Алмалықтың билеушісі Озар (Бұзар), ұйғыр идиқұты Баршық арттегін наймандардың жауы Шыңғыс-хан монғолдарынан көмек сұрауға мәжбүр болды. Арслан-хан мен Баршық арттегін өз иеліктері шегіндегі қарақытай наместниктерін өлтірді. Бұл билеушілердің 1211 жылы Шыңғыс-ханға бағынғаны қытай,монғол және мұсылман (араб-парсы тілдеріндегі) жазбаша деректемелерінде егжей-тегжейлі айтылады. Шыңғыс Жетісуға Жебе нойон бастаған қалың қол-ды жіберді. Монғолдар діни қысым жасамау ұранын көтере келді. Осындай жағдайда Баласағұн қаласы ұрыссыз берілді. Оған монғолдар гобалық (Жақсы қала) атағын берді. Сөйтіп 1218 ж. Шыңғысхан Жетісуды алды. Ешбір қарсылықсыз басып алады. Тіпті 1210-1211 жж. қарлық облысының иесі Арыстан хан Шыңғыс-ханның қоластына көшеді. 1217 ж. Алмалық облысының билеушісі Бұзар моңғол ханының вассалына айналады. Келесі жылы Баласағұн қаласы моңғол қолбасшысы Жебеге соғыссыз беріледі. Наймандар басшысы Күшліктің сегіз жылдық билеуінен кейін, оның хорезм-шах Мұхамметпен және қарлық билеушілерімен жүргізген соғыстарынан кейін, Жетісу халқы ақырында қатты жұтап, қайыршының күйіне түскен еді. Күшліктің мұсылмандарды қудалауы, оның ішінде көпшіліктің бас қосып намаз оқуына тыйым салғаны жұрттың зығырданын қайнатады, сол себепті де дінге төзімділік жасаған моңғолдарды халық өздерін құтқарушылар есебінде қарсы алды. Жетісу халқын өз жағына тарту үшін Шыңғысхан бұл өлкеде талаушылық пен қырғынға тыйым салады. Ал, Күшлік бұлардан Орта Азияға қашады, бірақ кейінірек моңғолдар оны Бадахшанда қуып жетіп, көзін құртады. Қашып кеткен Күшлікті монғолдар Бадах-шанда қуып жетіп. басы алынды. Жошы-хан Қазақстанның Торғай далаларында меркіттермен шайқасып, оларға күйрете соққы бере ыдыратып жіберді. Бірақ келесі күні оған Хорезм шахы Мұхаммедтің 60 мыңдық әскері шабуыл жасады, ол Сырдарияның төменгі ағысындағы Женттен қазіргі қазак далаларында мекендеген көшпелі қыпшақтарға жорыққа шыққан әскер болатын. Бұл шайқаста ешқайсысы жеңіске жеткен жоқ. Бірақ жалпы алғанда бұл кездейсоқ қақтығыс хорезмшахқа қатты әсер етті, В. В. Бартольдтың пікірінше, Шыңғыс-хан 1219-1221 жылдары хорезмшахтардың мемлекетін шапқан кезде оның монғолдармен ашық шайқасқа неліктен шықпаған себептерінің бірі осы болған. Ал бұдан әрі монғол-хорезм қатынастары барған сайын шиеленісе берді де, соғысқа әкеп соқты. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін монғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Басып кіруге Отырар опаты деп аталатын жағдай себеп болды. Шыңғыс-хан мен хорезмшах Мұхаммед арасында соғыс болмай қоймайтын еді және оған соңғысының немесе оның Отырардағы вассалы Ғайыр-хан Иналшықтың әрекеті себеп болған жоқ, бұл жөнінде төменіректе айтылады. Соғысқа мынадай себеп болды: Шыңғыс-ханның империясы Орталық Азияның көшпелі қоғамы үстем топтарының белсене қатысуымен құрылған еді, сондықтан жаңа мемлекет осы үстем топтың мүдделерін білдіруге тиіс болатын. Ал көшпелі шонжарлар үшін жана жерлерді жаулап алумен қатар соғыс олжасын да әкелетін үздіксіз соғыс өндірістік қызметтін рөлін де атқаратын. Орталық Азияның саяси біріктірілуі тайпааралық ішкі соғыстардың тыйылуына жеткізді. Оны көшпелі шонжарлардың тұрақты баю көзі - соғыс тоқтатылмағаны былай тұрсын, керісінше, ұлғайтылған жағдайда ғана қолдауы мүмкін еді. Сөйтіп Шыңғыс-хан көшпелі шонжарларына ішкі озара қырқыстардағыдан гөрі соғыс олжаларын қолға түсіріп, баюға тендесі жоқ мол мүмкіндіктер және сонымен бірге бай егінішілік елдерді қанау мүмкіндіктерін берген сыртқы жаулап алулар жолына түсті. Көшпелі шомжарлардың мал өсіретін ірі шаруашылықтары үшін жана жайылымдарды басып алуға ұмтылыс та аз ынта-ықылас туғызған жоқ. Шыңғыс-ханның соғыстағы жеңіске жету себептерінің бірі оның Түрік қағанаты ыдырағаннан кейін Орталық Азия мен Қазақстанның ең үлкен бөлігінің әскер күштерін, монғол тайпаларын ғана емес, түрік тайпаларын да біріктіруі болды. Монғолдардың Байырғы Киіз үй - Монғолияның өзінен тыс жерлердегі бастапқы жаулап алушылығы, Сібірдің, Қазақстанның, Шығыс Түркістанның түркі халықтарын қосып алуы бүркемелі сипатта болды, оған киіз туырлықты халықтарды біріктіру ұраны пайдаланылды, яғни Орталық Азияның барлық көшпелілерінің жалған бірлігі жөнінде насихат жүргізілді. Шыңғыс-хан сыртқы саяси науқандарына, жорықтарына және келісімдеріне көшпелі халықтарды біртұтас империяға топтастыру дәстүрін уағыздауға ұмтылып отырды. Түріктерді монғол бодандарына айналдыру мақсатымен дипломатиялық амалдар арқылы біріктірудің бұл саясаты одақтастық қатынастар жасасуға, сонымен қатар қарлұқтардың Жетісу және Ферғана князьдіктерінің, ұйғырлардың Тұрфан князьдігінің, онғыт ұлысының билеушілерімен әулеттік құда-андалы болуға әкеп соқты. Түрлі тілдегі жазбаша деректемелерде Шыңғыс-ханнын құдіретті империясы едәуір дәрежеде Қазақстан далалары бір бөлігі болып табылатын Орталық Азияның түрік тайпаларының негізінде құрылғаны көрсегіледі. Монғол мемлекеттілігінің негізіне түрік дәстүрі елеулі ықпал жасады. Шыңғыс-хан имлериясы ұйымдастырылуының мәні сонау Түрік қағанатында туып, наймандар мен керейіттер ұлыстарында дамытылған әскери-әкімшілік жүйе болды. Ұлыстардың әскерлері жүздіктерге, мыңдықтарға, түмендерге бөлінді. Шыңғыс-хан империясының халқы да осы әкімшілік бөліністер бойынша бөлінді. Көшпелілердің атты әскерлері әрқашанда жоғары жауынгерлік сапасымен және орасан зор шапшандығымен ерекшеленетін, бұлар Шыңғыс-ханнын орнатқан темірдей қатаң тәртібімен және бірыңғай басқаруымен ұйымдасып, тау суындай тасқынды, каһарлы жойқын күшке айналды. Сонымен бірге Шыңғыс-хан көшпелі шонжарлардың адалдығын жаулап алушылық саясат қана қамтамасыз ететінін, оларды опасыздық, қаскүнемдік жасаудан, ал өзі құрған империяны тез ыдыратудан сақтай алатынын түсінді. Жаулап алу тәуелді көшпелілерді соғыс олжаларынан тиесілі үлес алуға дәмелендіріп, Орталық Азиянығ көшпелі қоғамындағы әлеуметтік егестерді уақытша болса да әлсірету құралы болды. Жаулап алушылар XIII ғасыр ішінде ойдағыдай жүзеге асырған бұл саясатта Қазақстан мен Орта Азияға жасалған жорық Ескі Дүниенің орасан зор аумағындағы ғаламат жаулап алушылықтардың ұзақ мерзімді және жоспарланған стратегиясындағы кезекті буын ғана болатын. Шыңғыс-ханным жоспарына бүкіл Евразияны, өз жауынгерлерінің аты жетуге тиіс болған соңғы теңізге дейін жаулап алу енді. Шыңғыс-хан қолының Қазақстан мен Орта Азия аумағына жорығы оған Шығыс Европа мен Алдынғы Азияға жол ашып берді. Қазақстан мен Орта Азияға жорық жасауға Шыңғыс-хан зор мән берді, сөйтіп оған ұзақ уақыт және мұқият дайындалды. Мұсылман көпестері мен монғолдарға қызмет еткен қашқындардан қарақытайлар мемлекетінін, сонан соң хорезмшахтың ішкі жағдайы мен әскери күштері туралы мағлұматтар алынып, солардың негізінде ойластырылған іс-қимыл жоспары жасалды. Шыңғыс-ханның жеткеи жеңістері туралы хабар Орта Азияда алуан түрлі пікірлер туғызды. Хорезмшах Монғолияға бірінен соң бірін - екі елшілік аттандырды. Өз тарапынан Шыңғыс-хан да елшілік жіберді. 1218 жылдың көктемінде хорезмшах Мұхаммед осы елшілікті қабылдады. Содан көп кешікпей Шыңғыс-хан Орта Азияға сауда керуенін жіберді. 500 түйеден тұратын керуенде монғол жансыздарын қоса есептегенде барлығы 450 адам болатын. Көп адамы бар керуен 1218 жылдың жазында Отырарға келіп жетті. Отырардың билеушісі қыпшақ Ғайыр-хан Иналшық көпестерді тыншылық жасады деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды ұстап беруді талап етті, бірақ хорезмшахтың бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге елшілерді өлтіруге әмір етеді. Бұл Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғысына себеп болды. Тіпті хорезмшах Ғайыр-ханды монғолдарға ұстап бергісі келсе де, оның мұны жүзеге асыруы екіталай еді. Ан-Нисавидің айтуынша, ол оған (Шыңғыс-ханға) жөнелте алмайтын еді, өйткені әскердік көп бөлігі мен жоғары дәрежелі әскербасылар соның (Иналханның) қыпшақ туыстары болатын. Оның кестесіндегі өрнекті және оның түйінінің негізін солар жасап, оның мемлекетінде толық билік жүргізді. Хорезмшахтың мемлекетінде орта ғасырлардағы Қазақстан далаларынан шыққан қыпшақтар осындай ықпалға ие болған. Шыңғыс-ханның хорезмшахпен соғысу үшін жинаган әскерінің дәл саны белгісіз, одақтастарымен - Жетісу қарлұқтарымен және Шығыс Туркістан ұйғырларымен қосып алғанда 150 мың жауынгер деген сан жобаға келеді. Жетісуды алу Хорезмшаһ билеген Мауараннахрға шабуыл жасауға жол ашты. 1218 ж. монғолдардың Отырарға жіберілген сауда керуенін Хорезмшаһ әкімінің талап алуы 1219 ж. Шыңғыстың 150 мың адамдық қалың қолының Орта Азйяға лап қоюына желеу болды. Алғашқы шабуыл Сырдарня бойындағы қалаларға бағытталды. Бұл кезде Шыңғысхан жағында көптеген жергілікті феодалдар (Бесбалық қаласының бнлеушісі әскерімен, Алмалықтың бір феодалы Сугнақ-тегін, Қойлық қаласының әкімі т. б.) болды. Олар жауға көптеген мағлұматтар беріп отырды. Жорық 1219 жылдың қырықүйегінде Ертіс жағалауынан басталды. Деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Шыңғыс-хан әскерін Ертістен Сырдарияға дейін бұрынғы жаулап алушылар жүрген жолмен - Жетісу арқылы алып өткен. Қазақстан жері үш моңғол ұлысының құрамына енді: оның дені (далалық жағы) – Жошы ұлысына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, Солтүстік-Шығыс бөлігі – Үгедей ұлысына енді. Жошының еншілігі Ертістің батысынан Жетісудың тірескейін қамтып, Дешті-Қыпшақтың бүкіл шығысын Төменгі Еділ бойына дейін алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда айтылған жерлер үстіне Шығыс Түркістан мен Мауараннахрды қосып алды, Үгедей – Батыс Моңғолия мен Жоғарғы Ертіс, Тарбағатай аудандарын биледі. Шыңғыс әулеті өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. Отырарға таянғанда Шыңғыс-хан оны қоршауға ұлдары Шағатай мен Үгедей басқарған әскерлерді қалдырып, Жошы-ханды Сырдарияның төменгі ағысына - Жент және Жанкент қалаларына жіберді, үшінші топ Сырдарияның жоғарғы ағысындағы қалаларды бағындыруға кетті, ал Шыңғыс-ханның өзі негізгі күштерімен Бұхараға аттанды. Отырардың билеушісі Ғайыр-хан бар күшін салып ең сонғы мүмкіндігін пайдалана отырып қорғанды. Отырарды қоршау бес айдай уақытқа созылды. Қаһармандық қорғаныстың бесінші айы бітуге айналғанда хорезмдік әскербасы Қаража-хаджиб он мыңдық қолымен монғолдарға беріліп, оларды қалаға кіргізіп жіберді. Алайда Отырар сонда да табандылықпен қорғана береді. Арыстандай айбарлы әскерлер тобымен Ғайыр-хан берік қамалға бекініп алды да, монғолдарға оны алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар түгел қырылғанным кейін ғана ол 1220 жылғы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға тусіп, Шыңғыс-ханның алдына апарылған жерде қатал жазаланып өлтірілді. Сырдария бойындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Шыңғыс-ханнын үлкен ұлы Жошы Сырдария бойындағы қыпшақтардың мемлекеттік бірлестігінің орталығы Сығанаққа жақындап келді. Монғолдар қаланы жеті күн, жеті түн қоршап, ақырында, оны шабуылмен алды да, кеңшілік пен аяушылық қақпасын жауып тастап, бүкіл халықты қырып салды.Одан соң монғол қолы Ашнасқа жеті. Жошы бастаған қол Сауран, Дженд, Баршылығкент, Узгепт қалаларын алды. Абулғазы Баһадүр ханның айтуынша, қарсылық көрсеткен кішкентай Аснаши қаланың халқын Жошы әскері қырға куып шығып, 9 күн бойы қаланы тонаған. Табан тіресе қарсылық көрсеткеніне қарамастан, қала күш тең болмаған күресте құлады, ал оның тұрғындарының көпшілігі қырып тасталды. Сырдария бойындағы қалалар алынған соң ғана монғолдың қалың қолы Мауараннахрға шабуыл жасауға мүмкіндік алды. Орта Азияның билеушісі Хорезмшаһ Мұхаммед күресті дұрыс ұйымдастыра алмады. Қарамағындағы феодалдардың күш біріктіруінен қауіптеніп, оларға сене алмай. әскер күштерін бөлек-бөлек қалаларға, қамалдарға ғана топтастырды. Мұның өзі монғолдардың жаулап алуын жеңілдетті. Бұхара, Самарқан сияқты қалалар жауға қарсылық көрсете алмай, ұрыссыз берілді. Мұхаммед Хорезм-шаһ Каспий теңізінің бір аралына қашып барып, сонда өлді. 1221 ж. Хорезмді бағындырып, монғол әскерлері орта Азияны жаулап алуды аяқтады. Осының барлығы 121920 жылдарда қыс пен көктемде болған еді. Жошы-хан бүкіл 1220 жыл бойы Арал өңірінде, Жентте қалды, ал 1221 жылы кескілескен қарсылықтан кейін Солтүстік Хорезмдегі Әмудария бойында орналасқан Гургендж (Үргеніш) қаласын алды да, жер қайысқан қолды бастап, Арал тенізінің солтүстік-шығысына қарай жатқан Қазақстан даласына жорыққа аттанды, онда қыпшақтардың қарсылығына кездесті. Қанға бөккен шайқаста монғолдар қыпшақтардың бытшытын шығарып талқандады. Соғыс қимылдары енді осы күнгі Ауғанстан жеріне қарай ойысты. Мұнда Хорезмшаһтың баласы Жалел ад-Дин жаулап алушыларға қарсы күресті әлі де жүргізіп жатқан. Шыңғысхан оны Инд өзеніне дейін ығыстырып барып, ақырында 1221 жылдың 24 қараша айында талқандалды. 1225 ж. монғол әскерінің негізгі бөлігі Монғолияға қайтты. Монғолдың қолбасшылары Жебе ной-он мен Сүбедей батыр бастаған 30 мың адамдық қолы ғана батыста соғыс жүргізе берді. Бұл әскер Иранның солтүстігін басып өтіп, Кавказ тауларына келді. Мұнда Грузия мен Азербайжанның бір бөлігін ойрандап, Каспийдің жағасымен жүріп отырып, Аландардың жеріне шықты (1222). Ұрыста Аландарды да талқандап, монғолдың осы екі түмені Қыпшақ даласынан бірақ шықты. Қыпшақтың ханы Қотан (Катан, Котян) орыс князь-дарына елші жіберіп, көмекке шақырды. Оның: Көмектеспесеңдер, бүгін біз қырыламыз, ертең сендер қыры-ласыңдар деген көрегендік сөзі Лаврентий жылнамасында сақталған. Метислав Галицкийдің бастауымен орыстың 5 князы әскер ертіп көмекке келді. 1223 ж. 31 мамырда Қалқа өзенінде Жебе нойон мен Сүбедепдің қолына қарсы ұрыста алдьщғы сапта Қыпшақтар, екінші қатарда орыс әскерлері тұрды. Орыс князьдарының арасында ауыз бірлік болмады. Шайқастарда шыныққан монғол әскерлері бұл ұрыста Қыпшақтар мен орыс әскерлерінің шебін талқандап, жеңіп шықты. Бұларды Днепр өзеніне дейін тықсырып барып, өздері Еділдің ортаңғы ағысына қарай шегінді. Бұл жақта Еділ - Кама Бұлғарпясынан жеңіліп, Монғолияға қайтып оралды (1224). Жазушылардың деректері бойынша. Араб жазушысы Ибн-Васильдің деректері бойынша, 1229-1230 жылдары Батыс Қазақстан аумағында тағы да татарлар (монғолдар) мем қыпшақтар арасында соғыс оты тұтанды. 1229 ж. Құрылтай жиналысы Шыңғыстың кіші ұлы Үгедейді ұлы хан етіп сайлағаннан кейін, Монғол шапқыншылығы екі бағытта жүргізілді. Шығыста Солтүстік Қытайды жаулап алу жорығын аяқтады (1231-34), сөйтіп Кореяға қарсы соғысты бастады (1231-32). Монғол әс-керлерінің ірі-ірі бірнеше жорықтарынан кейін (1236, 1254, 1255, 1259), Кореяның көптеген бөлігі 1273 ж. қарсанында алынып болды. 1229 ж. Жайық өзеніне Сүбедей батырдың 30 мың адам-дық калың қолы келді. Ол Жошы ұлысының билеушісі Батыймен бір-лесе отырып. Каспий даласынан сақсиндер мен Кыпшақтарды ығыстырып шығарды. 1232 ж. монғол әскерлері Еділ - Кама Бұлғариясына баса көктеп кірмек болды бірақ бұлғарлардан соқкы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моңғолдар мемлекетінің құрылуы
Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс-хан шапқыншылығы
Шыңғысханның дүниежүзін жаулап алу саясаты және моңғол – татар шапқыншылығының тарихта алатын орны
Түркі тілдерінің фонетикалық жүйесі
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Моңғол мемлекеті және оның құрылу тарихы
АЛТЫН ОРДА МЕН ТАТАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ
11-15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
Шыңғыс ханның Орта азияға және Батыс мемлекеттеріне жорықтары
Шыңғыс хан тұсындағы Моңғол мемлекетінің қоғамдық - саяси жағдайы
Пәндер