Патша өкіметінің отарлау саясаты



КІРІСПЕ

I. КІШІ ЖҮЗ БЕН ОРТА ЖҮЗДІҢ РЕСЕЙДІҢ ҚОЛАСТЫНА ӨТУІ. БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ЖУЙЕСІ


II. ОТАРЛАУДЫҢ АЯҚТАЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫ


III. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ПАТШАЛЫҚ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНА ҚАРСЫ ҰЛТАЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ЌОЛДАНЫЛЃАН ЄДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақ қоғамы басшыларының Ресейге үміт артуы сол кезде орын алған күрделі жағдайдан шығудың жолы еді; қазақ еліне шапқыншылығын қоймаған Жоңғар мемлекеті тарапынан қауіп күшейген шақта арқа сүйер тірек іздемеске болмады. 1726 жылдың басында Кіші жүздің ханы Әбілқайыр Петерборға Қойбағар Көбеқұлын елшілікке жібереді. Ондағы мақсаты Ресейден жоңғарларға қарсы соғыс бола қалса қолдау табу жөне Ресейдің қол астындағы башқұрттар иелігі мен Жайық арасында көшіп-қонуға құқық алу, қазақ көпестерінің Ресейдің қалалары мен селоларына еркін баруын қамтамасыз ету және оларды жайықтық қазақтар мен башқұрттардан қорғау, сондай-ақ тұтқындармен алмасу. Алайда елшіліктің сапары сәтсіз аяқталды. Оған елшінің өкілеттігін дәлелдейтін құжаттың жоқтығы формалды себеп болды. Шын мәнінде оның себебі тереңіректе жатты, оны самодержавиенің өзіне Қазақстанның бір бөлігін ғана емес, оны тұтас күйінде бағындырмақ болған стратегиялық мақсатынан іздестірген жөн.
1. Казахстан 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. //Казахстанская правда//, 1997 год, 11 октября.
2. Казахстан 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. //Вечерний Алматы//, 1997 год, 13 октября.
3. Бондарцова. «Преемственность поколений», //Юридическая газета//, 1998 года
4. «Поворотная веха в истории становления Казахстана», Казахстанская правда 10 октября 1997 года
5. «Азия – экономика и жизнь», 1998- 2000 г.г.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

I. КІШІ ЖҮЗ БЕН ОРТА ЖҮЗДІҢ РЕСЕЙДІҢ ҚОЛАСТЫНА ӨТУІ. БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ЖУЙЕСІ

II. ОТАРЛАУДЫҢ АЯҚТАЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫ

III. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ПАТШАЛЫҚ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНА ҚАРСЫ ҰЛТАЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ЌОЛДАНЫЛЃАН ЄДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазақ қоғамы басшыларының Ресейге үміт артуы сол кезде орын алған күрделі жағдайдан шығудың жолы еді; қазақ еліне шапқыншылығын қоймаған Жоңғар мемлекеті тарапынан қауіп күшейген шақта арқа сүйер тірек іздемеске болмады. 1726 жылдың басында Кіші жүздің ханы Әбілқайыр Петерборға Қойбағар Көбеқұлын елшілікке жібереді. Ондағы мақсаты Ресейден жоңғарларға қарсы соғыс бола қалса қолдау табу жөне Ресейдің қол астындағы башқұрттар иелігі мен Жайық арасында көшіп-қонуға құқық алу, қазақ көпестерінің Ресейдің қалалары мен селоларына еркін баруын қамтамасыз ету және оларды жайықтық қазақтар мен башқұрттардан қорғау, сондай-ақ тұтқындармен алмасу. Алайда елшіліктің сапары сәтсіз аяқталды. Оған елшінің өкілеттігін дәлелдейтін құжаттың жоқтығы формалды себеп болды. Шын мәнінде оның себебі тереңіректе жатты, оны самодержавиенің өзіне Қазақстанның бір бөлігін ғана емес, оны тұтас күйінде бағындырмақ болған стратегиялық мақсатынан іздестірген жөн.

I. КІШІ ЖҮЗ БЕН ОРТА ЖҮЗДІҢ РЕСЕЙДІҢ ҚОЛАСТЫНА ӨТУІ. БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ЖУЙЕСІ

1730 ж. маусымда Әбілқайыр өзіне бағынышты қазақтарды Ресейдің қол астына алуын сүранып патша Анна Ивановнаға тағы да өтініш хат жолдайды. Хат жеткізуші елшілікті Сейтқүл Қойдағүлов пен Қүлымбет Қоштаев бастап, 1730 жылы 8 қыркүйекте Уфа қаласына келді. Мүндағы оның мақсаты Ресей империясына арқа сүйеу арқылы өз ықпалын күшейтуді, қазақтың үш жүзін түгел бағындырып, бір орталықтан басқарылатын билік орнатуды, сондай-ақ өкімет билігін балаларына сайлау арқылы емес, мүрагерлік жолымен қалдырып отыруға жету. Әбілқайырдың бүл пиғылын сезіп, біліп отырған Петербордағы билеушілер ханның хатын күшақ жая қарсы алды. Қазақтардың бағынуы Ресей империясы үшін барлық жақтан пайдалы еді. Үлы Петр қазақ хандығын "Барлық Азия елдерімен жерлеріне кірудің кілті" деп қарап, оны өзіне бағындырудың стратегиялық маңызын жоғары бағалаған.
1731 жылы 19 ақпанда патша әйел Әбілқайыр ханға жөне "бүкіл қазақ халқының олардың Ресейдің қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы Грамотаға қол қойды. 1731 жылы 10 қазанда Әбілқайыр және оның серіктері тиісті құжатқа қол қояды да оны Ресейдің елшісі А.И.Тевкелевке табыс етеді. Хан Ресейден "өле-өлгенше қол үзбеймін, қасық қаным қалғанша оған адал қызмет етемін" деп ант береді. Орыс мемлекетіне, оның жауларына қарсы күресте қазақ жасақтарының жергілікті әкімшіліктің талабы бойынша жіберіп отыратыны атап көрсетілді. Қазақ сүлтандары жайықтық қазақтарға, башқұрттарға, Еділ қалмақтары мен "Ресейдің басқа да қол астындағыларға" шабуыл жасамауға, ешқандай жәбір-жапа көрсетпеуге, "олармен дау-дамайсыз тату" тұруға міндеттенді. Сондай-ақ сауда керуендерін қорғау үшін арнайы жасауылдар бөле отырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету де көзделді. Қазақ тұтқындарының "Христиан заңында тұратындардан басқаларын" қайтарған жағдайда барлық орыс тұтқындарын қайтару жөнінде міндеттемелер алынды.
Ресейдің Қазақстанды отарлауы Әбілқайыр қол қойған осы актіден басталады. Әңгіме сол кездегі қазақ қоғамындағы түрлі саяси күштердің нақты мүдделерін ескере отырып, тек қазақтарға тиімді одақгас және сүйеніш бола алатын сюзеренді іздестіру жайында болуға тиіс еді.
Орта жүз бен қарақалпақтар Кіші жүздің жолын қуды. 1735 жылы желтоқсанның аяғында Орта жүздің Ресей қоластына қабылдануын қуаттаған жаңадан сайланған Күшік хан мен Барақ сүлтан Орта жүзге Ресей елшілігін жіберуді өтінді. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет 1740 жылы Ресейге қосылу жөнінде Орынборда ант береді.
XVIII ғасырдың 40-жылдарының басында қазақ-орыс қарым-қатынастары одан әрі жандана түсті. Бұған кедергі келтіруді көздеген Жоңғар билеушісі әскери сипаттағы бірқатар шаралар қолданды: қазақтардың қоныстарымен және орыс қамалдарымен іргелес жерлерде 20 мыңнан астам әскерін шоғырландырды. Осыны сылтауратқан патша үкіметі Қазақстан өңіріңде көптеп әскери бекіністер салуға кірісті. Қазақстанмен шекаралас аудандарда шептердің негізі Жайық өзені бойындағы қазақ қамалдары, форпосттар мен редуктар болды. Осы кезде оң жағалауда жайықтық қазақтардың күшімен 14 қамал салынды. Осыдан соң қазақтардың дәстүрлі көшіп-қону өрісі тарылды.
Патша өкіметі жер мәселесіндегі отаршылдық шараларын біртіндеп жүзеге асырды: 1742 жылы 19 қазанда Жайық бойында Жайық қалашығы мен салынып жатқан қамалдар маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салған жарғы шығарылды; Еділ мен Жайық өзендері аралығында көшіп-қонып жүрген қазақ ауылдарын Жайықгың сол жағалауына көшіруге бұйрық берілді. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін Жайық гарнизоны атты қазақтарынан күшті топ жарақталды.
Патша әскерлерінің алдына қазақтарды Жайықгың оң жағалауына өткізбеу ғана емес, сонымен бірге оларды ендігәрі бұл жаққа аяқ баса алмайтыңдай болуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу, тіпті тұтқындауға дейін бару міндеті қойылды. Қазақтар тұз өндірілетін Елек ауданына бару мүмкіндігінен айрылды. Олардың Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген жерлері де шектелді.
50-60 жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері бассейіндерінде Орта жүздің қазақтары да жерлерінен ығыстырылды. Бұл аудандарда қазақ еңбекшілерінің толқулары басталды. Патша өкіметі жеңілдіктер жасап, шектеуді жоюға мәжбүр болды: қазақтарға Ертістің оң жағалауына, шепке 25 шақырымнан артық жақындамай, қазақтардың күзетімен малдарын айдап өтуіне рұқсат етілді.
Қазақ қоғамындағы негізгі материалдық игіліктерді өндірушілер - шаруалар өлке халқының басым көпшілігі болатын, олардың онсыз да ауыр жағдайы патша әкімшілігінің жерді шектеуі, феодалдардың қауымдық жерлерді басып алуы салдарынан одан әрі нашарлады, ауылда мүліктік теңсіздік өсті.
Патшалық өкіметтер даладағы өзінің позициясын нығайту жөніндегі шараларын одан әрі кең көлемде жүргізді, құрылып жаткан шептер мен оларда салынып жатқан бекіністерден қазақ қоныстарын алыстату үшін түрлі әрекет жасалды. XVIII ғасырдың 50-жылдары шептер мен бекіністер Каспий жағалауынан Ертістің жоғары ағысына дейінгі аралықта салынып, казақ хандықгарын жартылай шеңбер құрсауынан алған еді. Осы кезге дейін-ақ Жайықтық, Орынборлық және Сібірлік қазақ әскерлері жасақгалып, оларға жер бөлініп берілді. Қазақ жерінде әскери бекініс салу XVII ғасырдың өзінде басталып, қазақтардың алғашқы форпосттары, редуктары мен қамалдары Жайық өзенінің жағалауына тізбектеле салынғанды. Ресейдің қол астына енген аймақтарда салынған бекіністер мен қалалар патшаның отарлау саясатының тірегі болды, сонымен бірге мұның өзі бекініс аудандарына орыстардың келуін күшейте түсті.
Осы кезде Орта жүздің саяси өмірінде аса маңызды оқиға болды: 1771 жылы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін Абылай хан таққа отырды. Ол өзін қазақтың барлық үш жүзінің ханымын деп есептеді, өйткені іс жүзінде оның билігі Орта жүзге қоса едәуір дәрежеде Кіші жүз бен Ұлы жүзге де жүрген еді. XVIII ғасырдың 60-жылдарында оның билігі мен ықпалы өзінің алдындағы хандардікінен әлдеқайда артық болды. Тәртіп бойынша хандық дәрежені Ресей патшасы бекітуге тиіс-тін. Бірақ Абылай орныққан рөсім бойынша Петерборға барып, Петропавл қаласында ант беріп, патша қолынан тиісті сый-сияпат алудан бас тартты. Орынбор әкімінің өжеттікпен жасаған өтінішіне көнген Абылай арада бес жыл өткеннен кейін ғана II Екатеринаға өзін қазақтардың үш жүзінің ханы етіп бекітуі жөнінде хат жолдады. Оны ұлы Тоғым бастаған елшілік 1776 жылы ақпанда патша әйелге табыс етті. Бірақ оның өтініші қабылданбады. Бұл түсінікті еді.
Өйткені Қазақстанда хан билігінің қисапсыз күшеюіне көмектесу, оның үстіне үш жүздің бәріне бір адамды бекіту патша өкіметінің есебінде жоқ еді. Сондықтан да патшаның 1778 жылғы 24 мамырдағы жарлығымен Абылай бір ғана Орта жүздің ханы болып бекітілді. Грамота мен хан шендерін Орынборда немесе Тройцкіде тапсыруға нұсқау берілді.
Наразы болған Абылай, әрине, бұл қалаларға барудан бас тартып, рәсімді орындауды өзінің қонысына жақын жердегі Петропавлға (Қызылжарға) көшіруді ұсынды. Кейін оған да бармады, ақырында патша өкілдері олардың бәрін Абылайдың ордасына өздері апарып тапсыруға мәжбүр болды. Ханның белгілері - қасқыр ішік, құндыз бөрік, қылыш Петропавл қамалында сол күйінде қалып қойды.
Қазақ қоғамының билеуші тобының Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін заңды мұрагері - оның ұлын таққа отырғызбай Абылайға тоқтам жасағандарының себебі мынада еді. XVIII ғасырдың бірінші жартысында Жоңғар әскерлеріне қарсы күресте ол қазақ жасақтарын басқарған, халық бұқарасының азаттық күресін ұйымдастырған талантты қолбасшы-стратег екенін танытты, одан көп бұрын 20-50 жыддарда болған аса ірі шайқастарда ерен ерлік көрсетті, сол үшін де оны халқы батыр атады. Абылай қазақтардың бірігу тенденциясына басшылық жасады әрі қазақ қоғамында өкімет билігінің орталықтануына көмектесті.
Кеңестік тарихнамада Абылайдың сыртқы саясат бағытын бағалауда сыңаржақтылық орын алды, сөйтіп оның екіжақты саясаты Ресей империясының Циндік Қытаймен шектес жерлерінде өте-мөте күрделі де шиеленіскен жағдайды тудырып отырды, өзінің олармен қарым-қатынастарында "бұлтару" саясатын қолданды, - деп көрсетілген. Мұнымен келісуге болмайды, өйткені Абылай өзінің сыртқы саясатын нақты тарихи шындық негізіне кұрды. Қазақ қоғамында мемлекеттілік дамуы деңгейінің әлі де төмен болғанын, тұрақты армия жоқ жағдайда құдіретті екі көршісімен де жанжалдасуға бару мүмкін еместігін ол жақсы түсінген.
Кіші жүз бен Орта жүз Ресей империясының құрамында болғанымен патша үкіметінің қазақтардың басына қиын-қыстау күн туа қалғанда көмекке келмейтініне оның көзі жеткен. Солай болды да, қазақтардың жоңғар басқыншыла-рымен бірнеше рет қарулы шайқастары болды, бірақ Ресей жағынан оларға әскери көмек көрсетілмеді. Керісінше, пат-ша үкіметі жергілікгі әкімшіліктеріне қазақтарға қару-жарақ, оқ-дәрі бермеу жөнінде құпия нұсқаулар жіберген.
Шексіз билікке ие болған Абылай хан ретінде де, батыр ретінде де қатыгездік көрсеткенін Ш.Уәлиханов айта келіп: "Абылай сияқты қазақтың бірде-бір ханының шексіз билігі болған емес! Ол бірінші болып өзінің әмірімен дарға асуды қолданды, бұрын бұл тек халық жиналысының ережесіне сәйкес қана жүзеге асырылатын" (Шығ., 4 т., 116-бет).
Абылай Қазақстанда және одан тысқары жерде көреген әрі ақылды саясаткер ретінде танылды. Қорықпайтын жаужүректігі, данышпан көрегендігі, әскери ақыл-айласы, бойындағы алып күш-қуат, өткір ойы, дарынды дипломат болғаны оның бүкіл қазақ қоғамын билеуге лайықты қасиеттер еді. Халық ол жайында көптеген аңыздар, ертегілер, дастандар шығарды, оларда оның дипломатиялық қабілеттілігі, жеке басының ерлігі мен батылдығы, мемлекеттік алғыр ойы, қайсарлығы айқын көрсетілді. Абылай 1781 жылы Ташкент маңында 69 жасында қайтыс болды. Оның денесі Түркістанға жеткізіліп, Қожа Ахмет Йассауидің кесенесінде ас беріліп, ардақтап жерленді.
Патшалық Ресейдің билеуші тобының Қазақстанның кең-байтақ жерін өзіне қаратып алу арқылы империяның шеңберін ұлғайтудағы стратегиялық мақсаты орындалды. Енді өкімет оны басқару үшін жаңа жүйе жасауға кірісті, оның түпкі мақсаты - аумақтық-әкімшілік жүйені қайта құру арқылы мұндағы жалпы халықтың ықыласымен хан сайлап келген қазақ халқын осынау демократиялық тарихи дәстүрінен айыру еді.
Абылай қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Уәли Орта жүзге хан болып көтерілді, ол өле-өлгенше Ресейге адал болуға ант берді. Хан өзінің қоластындағыларға ерекше қаталдық пен озбырлық көрсетті. Оның мұндай әрекеті халық арасында наразылық туғызды. Орта жүздің қазақтары 1795 жылы II Екатеринаға хат жазып, ханды тағынан тайдыруды өтінді.
Уәлидің билігін әлсіретуге тырысқан өкімет 1815 жылы Бөкейді екінші хан етіп тағайындады. 1819 жылы Бөкей, 1823 жылы Уәли хан қайтыс болды. Олардан кейін Ғұбайдолла хан болуға тиісті еді, бірақ өкімет оны Сібірге айдады, өйткені ол Орта жүз жерінде әскери бекіністердің салынуына белсенділікпен қарсылық көрсетті. Одан кейін аз уақыт тақта оның әйелі Айғаным отырды. Бірақ жаңа ханды бекіту патшалық самодержавиенің жоспарында жоқ болатын, оның ойы басқаша еді, өзінің түпкі мақсатына жетуді көздеді. Ықпалы шамалы хандар патша өкіметі саясатының жүргізілуін қамтамасыз етпегенімен ғана қоймай, сонымен бірге өздерінің бөлшектенушілік ниеттерін күшейтті. Патша хандық биліктен уақытша бас тартып, ру басылары арасынан әлеуметтік тірек табуға әрекеттенді, XVIII ғасырдың аяғында басқару жүйесінде реформа жасамақ болды. Бірақ оны жузеге асыру ойдағыдай нәтижесін бермеді, хан билігі қалпына келтірілді, алайда бұл да ұзаққа бармады.
1822 жылы Сібір екі бөлікке: бас басқармасы Иркутскіде болатын, Шығыс және орталығы әуелі Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс бөліктерге бөлінді. Батыс Сібірге Қазақ даласының қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол "Сібір қырғыздарының облысы" деп аталды да 1822 жылы оған арналып "Сібір қырғыздары туралы жарғы" шығарылды. "Жарғы" бойынша қазақ даласы сыртқы және ішкі округтерге, тиісінше - округтер болыстар мен ауылдарға бөлінді.
Патша әкімшілігі "Жарғыға" сүйене отырып, жаңа басқару аппаратын құрды. Сөйтіп хан өкіметі таратылды. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, округтерді приказдар басқарды. Оның төрағасы аға сұлтан болды да оған тағайындалатын ресейлік екі заседатель мен сайланып қойылатын екі құрметті қазақ енді.
Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайлайтын, ол Ресей қызметінің майоры шенінде болды және жергілікті басқарманы басқаруға қойылатын шенеунік саналды. Болыстарды болыстық сұлтандар басқарды, оларды қайта сайлау тек Омбы облыстық басқармасының келісімімен ғана жүргізілетін еді. Ауыл старшындарын қарапайым қазақтар әрбір үш жылда бір сайлады, оларды округтік приказ бекітетін.
1824 жылы "Орынбор қырғыздары туралы жарғы" қабылданып, Кіші жүзде хандық билік жойылды. Патша өкіметі жергілікті жерде өз саясатын жүргізуде сүлтандарды тірек етті. Алайда XIX ғасырдың екінші жартысында-ақ сүлтандардың қазақтар арасындағы экономикалық және саяси ықпалы құлдырай бастайды. Батырлар қазақ жүздерінің шекаралық аудандарында ғана ықпалын сақтады; бұл жерлерде руаралық барымта және хиуалық, қоқандық, бұқарлық феодалдармен қақтығыстар тоқталмаған болатын.
Патшаның 1822 және 1824 жылдардағы реформалары, басқарудың жаңа жүйесі - өлкеде отарлау режимін түпкілікті орнықтырды. Нәтижесінде қазақ елі өзінің еркіндігі мен тәуелсіздігінен айрылды.

II. ОТАРЛАУДЫҢ АЯҚТАЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫ

XIX ғасырдың алғашқы жартысының аяғына қарай, атап айтқанда, 1847 жылы Орта жүз қазақтарының басым көпшілігі орыстың бодандығына көшті де Қазақстанның Ресей қоластына өту процесі аяқталу сатысына қадам басты. Ресейге қосылған қазақ жерінде Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиополь (Аягөз), Лепсі бекіністері салынды, олар империяның Іле сырты өлкесін иемденудегі тірек пункттеріне айналды.
Ұлы жүздің өзіне қосылған аудандарын басқару үшін 1848 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын "Үлкен Орданың приставы" лауазымы белгіленді. Ұлы жүздің оңтүстік аудандары өлі де қоқан билігіне қарайтын, ол Хиуа хандығы секідді қазақтар мен қырғыздардың езуін күшейтті. Әбден ашынған қазақ мал өсіруші шаруалары мен егіншілері Хиуа мен Қоқан феодалдарына қарсы күреске талай рет көтерілген-ді. 1858 жылы наурызда Әулиеата мен оның төңірегінде сондай бір көтеріліс бұрқ ете түсті, көтерілісшілер Тоқмоқта, Әулиеатада, Шымкентте т.б. жерлерде орналасқан әскери бекіністердегі қоқандық гарнизондарды қоршауға алды. Қазақ пен қырғыз шаруалары тізе қоса шайқасты. Осы жылғы мамырда көтерілісшілер Созақ, Меркі, Шолаққорған қамалдарын алып, Жаңақорған мен Түркістанды қоршады.
Қозғалыстың ұйымдаспағаны мен стихиялық сипаты, ондағы қазақтың феодал үстем тобының сатқындық жасап, Қоқан ханымен келісімге келуі көтерілістің жеңілуіне себеп болды. Қазақтардың қоқандық, феодалдық езгіге қарсы 1858 жылғы көіерілісі өзінің сипаты жағынан халықазаттық көтеріліс болды.
Іле сырты өлкесін қоқан билігінен азат етіп, Қазақстанды толық отарлау арқылы империяның оңтүстік шекарасының ортаазиялық эмираттармен шектесуіне қол жеткізу патшалық самодержавиенің аса маңызды кезекті міндеті-етін. Подполковник Карбышевтің әскери жасағы қоқандықтардың Жетісудағы тірек пункті - Таукөбек қамалын талқандап, өлке жеріне сұғына кіреді. Осыдан соң Ресейдің Орталық және Сібір губернияларынан қоныс аударған орыс шаруалары мен патшаның сенімді тірегі -қазақтардың осы өлкені мекендеуі басталады, түпкілікті тұрақтану үшін олар бекіністер салуға кіріседі.
1854 жылы Верный (казіргі Алматы) бекінісі салынғаннан кейін солтүстіктегі қырғыздардың жері Ресей құрамына енген аймаққа іргелес жатты. 1856 жылы Іле сырты өлкесіне енгізілген птиставтың тәртіп орталығы Верный қаласы болған Алатау округі болып қайта құрылды. Сол жылғы 17 қаңтарда Ыстықкөл өңірі қырғыздарының 10 мың шаңырағы Ресейдің азаматы ретінде Алатау округінің құрамына кірді. Оңтүстік -Шығыс Қазақстан мен Ферғана аңгарының халқы Қоқан хандығының бөлігінде қалып қойды.
1857 жылы Әулиеата мен Шымкент өңірінде қазақтар мен қырғыздардың Қоқан езгісіне қарсы бірлескен көтерілісі болды, ол асқан қаталдықпен жанышталды. Орыс жасақтарының Оңтүстік Қырғызстанға сұғына енуіне қолайлы жағдай қалыптасты. 1859 жылы Ұлы жүз бен Солтүстік Қырғызстанның шекаралық ауданында Қастек бекінісі тұрғызылды. Осы жерден орыс әскерлерінің Шу аңғары арқылы қоқандық бекіністер - Әулиеатаға, Шымкент пен Ташкентке қарай ілгерілеуі басталды. 1863-1864 жылдары полковник Черняевтың жасақтары қоқандық бекіністер Созақты, Шалаққорғанды, Әулиеата және Шымкентті, ал патша офицері Веревкиннің жасақтары Түркіставды алды, сөйтіп Жаңа Сібір мен Сырдария шептері қосылды. Ұлы жүзді Ресейдің жаулап алуы осылай аяқталды.
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында болған халықтардың тәуелсіздік алуына байланысты, өткендегі тарихты қайтадан ақыл-ойдың елегінен өткізу процесі жүріп жатыр. Осыған орай мынаны еске сала кеткен жөн. Қазақстанның тарихын жазуға қазақ ғалымдары қатысқанымен негізінен орталықтағы орыс ғалымдары жазып келді. Сондықтан да мұндай тарихтың бір адамның өмірінде бес рет қайталап жазылуына тандануға болмайды. Белгілі ғалым Санжар Асфендияров 20-жылдары қазақ халқының тарихы туралы жазған тұңғыш ғылыми еңбегі кезінде тәркіленді. Онда бар шындық айтылып, Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылды деген пікір теріске шығарылған, Әбілхайыр ханның кіші жүздің Ресей қоластына өтуі жөніндегі шешімі туралы старшындардың бәрі білмегені баяндалған. Хан өзінің хатында А.Тевкелевке былай деп хабарлапты: "... бұл жайында ешкіммен кеңеспедім, өзімнің сұлтандарыма және билерге хабарламай-ақ мен өзімді жоғары мәртебелі императоршаның қоластына бердім". Осыдан көрініп тұрғанындай, хан бүкіл қазақ халқының ғана емес, өзі билеген Кіші жүздің де тағдырын тәлкек еткен. Ол тек өз басының билікке жетуін ойлаған.
А.Тевкелев 1731 жылдың 3 қазанынан 1733 жылдың қаңтары аралығында Кіші жүз қазақтарының арасында болған кезінде күнделік жазған, онда былай делінген: "Ру басшыларының жиналысына келгенімде: "Неге келдің?" -деп сұрады. Мен: "Әбілхайырдың хатын және императорша Анна Ивановнаның сенім грамотасын алып келдім", - дедім. Одан әрі былай жазған: "Старшындардың біреуінің Әбілхайырға: "Сен қандай себеппен біздермен, қырғыздардың старшындарымен кеңеспей, бір өзің Ресейдің қоластына өтіп, біздерді құлдыққа бердің?! Көне заманнан бері хандар старшындардың келісімінсіз ешқандай шешім қабылдамайтын дәстүр бар еді, ал мынау оны бұзған, өзі шешкен... Ал Тевкелев қазақтардың әскерлерін көруге келді, сонсоң бізбен соғысады" дегендерін естідім".
А.Тевкелев қазақ арасына тыңшы ретінде жіберілген. Оған күнделіктегі мына сөздер куә бола алады: "Олар (қазақтар - К.Р.) зеңбірек құймайды, оларда ол жоқ және қолданылмайды, сол сияқты мылтықты да өздері жасамайды, оларды Хиуа мен Бұхардан қойларға, жылқыға айырбастап алдырады, дәріні әркім өзінің керегіне қарай өздері жасайды, үлкен зауыттары жоқ, соғыста көбіне фитильді құлыпсыз, оқты мылтықтары бар".
Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ халқының агрессияшыл көршілері - жоңғарлармен, Цин империясымен және ортаазиялық хандықтармен жауласуда жойылып кету қаупінен аман қалуының тарихи қажеттілігінен туған деген тезис те ақылға қонбайды. Оны логиканың күшімен, нақты фактілермен теріске шығаруға болады. Қазақ халқының басына аса ауыр күн туғанда қазақтың үш жүзі күш біріктіріп Аңырақай шайқасында жоңғар шапқыншылығына ойсырата соққы беріп, жеңіске жеткені мәлім. Қазақтар өздерін жаудан қайтпайтын қайсар жауынгер екенін және тек Кіші жүз бен Орта жүздің бір өзінен 300 мыңнан кем емес қарулы жасақ шығатынын көрсетті. Бұл жайында сол кездегі Орынбор губернаторы И.Неплюев өзінің Сенатқа жолдаған хатында атап айтқан.
Қазақ халқының ата жауы - жоңғарлар нақты қатерлі қауіп төндіргенде патша үкіметі оның қорғануына, аман қалуына нақты көмек көрсетпеді. Мысалы, 1741 жылы жоңғар билеушісі Қалден Серен қазақ жеріне шабуыл жасап, әскерлерінің бір бөлігі Орта жүзге, бір бөлігі Кіші жүзше басып кіреді. Әбілхайыр хан дереу Ресейден әскери көмек сұрайды. Мардымды жауап алмайды, тығылтаяу күн туғанда Әбілхайырдың үй-іші және қызметкерлерімен бірге Орынбор бекінісіне келіп паналауына рұқсат берілетіндігі айтылған.
Сонымен бірге нақты фактілер келтіре отырып патшалы Ресейдің отарлау саясатының шын бет пердесін де ашуға болады. Жетісу облысының әскери губернаторы генерал Ионов патша атына жолдаған жылдық есебінде "көшпелі қырғыздардың барынша көп жерін тартып алудың", оларда қазақтардың жаңа қоныстарын құрудың аса қажеттілігі" жазылған. Патша ағзам оған мынадай бұрыштама соққан: "Осы өлкені отарлауды одан әрі табанды жүргізу қажет". Отарлау саясатының мөнін бұдан басқаша түсіну мүмкін емес. Мұны патшаның әлгі губернаторының "казақтар жерін тартып алуға қарсылық білдіруде, оларды жаппай жазалайық десек абақты жетіспейді, барлары "бейімделмеген, әрі тар" дей келіп, "Абақтылар жедел салынсын!" - деген бұрыштамасынан айқын көруге болады. Ал Торғай облысының генерал-губернаторы генерал-лейтенант Ломачевский өзінің есепті баяндамасында патшаға арсыздықпен: "Қырғыздар үшін оқу орындарының қажеті жоқ", - деп жазған.
Патшалық отарлау саясатын жүргізуші шенеуніктер ғана емес, орыстың кейбір зиялылары да осындай пиғылда болған, олар "көшпелілер оқу-білімге қабілетсіз деп уағыздады. Белгілі жиһанкез, Орталық Азияны зерттеуші Н.М. Пржевальский Географиялық қоғамда жасаған баяндамасында менменділікпен былай депті: "Көшпелілер сондай топас, жалкау және өзінің табиғи жаратылысынан енжар. Қойды үретін ит етіп жаттықтырып үргізу қаншалықты мүмкін емес болса оларды да жігерлі, өркениетті адам ету қиын" (?!).
Міне, империялық ойланудың шырмауындағы отарлаушылар тұтас халықтың болашағын осылайша болжаған. Патша таптарының әлеуметтік заказын орындаған ғалымдардың революцияға дейінгі жылнамада қазақ халқын ғылыми емес, идеалистік тұрғыдан қарап тарихи процестің субъектісіне "ғылыми" тұжырымдар жасағаны кездейсоқ емес. Мәселен, Ермактың басқыншылық және жаулап алу сипатында болған жорықтары Лининнің көзі тірісінде жарық көрген басылымдарда "Сібірді басып алу", одан кейінірек -"Сібірді отарлау" деп атап көрсетілген болса, олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А. Г. Серебренников мұрағаты, патшалық Ресейдің Түркістан өлкесін отарлау саясатының тарихи дерек көзі (1840-1870 жж. )
Қоныстандыру саясаты және оның діни жағдайға әсері
Қазақ жеріндегі алғашқы мектептер
Патшалық ресейдің оңтүстік Қазақстандағы орыстандыру саясаты, орыстандыру саясатына қарсы наразылықтың өрістеуі
Қазақстанда XIX ғ. 60-90 жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалары. Патша өкіметінің аграрлық саясаты.
Қазакстанның Ресейге қосылуы
Патша өкіметінің көші-қон саясаты туралы
Қазақстанның XX ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Отарлық қоныстандыру саясатының күшеюі. Столыпин аграрлық реформасы
Ұлы және Орта жүздің Ресейге бағынуы
Қазақ хандығының Ресейге қосылуы
Пәндер