Интеллектілік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этномәдени факторлардың әсері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.5

1 ИНТЕЛЛЕКТІЛІК ДАМУ МЕН ӨЗІНДІК БАҒАЛАУДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫНА ЭТНОМӘДЕНИ ФАКТОРЛАРЫНА ТЕОРИЯЛЫҚ ШОЛУ

1.1 Интеллектілік даму мен өзіндік бағалаудың теориялық негіздері ... ... ... ..6.20

1.2 Интеллектілік даму мен өзіндік бағалауға этномәдени факторлардың әсері ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.33


2 ИНТЕЛЛЕКТІЛІК ДАМУ МЕН ӨЗІНДІК БАҒАЛАУДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫНА ЭТНОМӘДЕНИ ФАКТОРЛАРЫН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ

2.1 Зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34.41
2.2 Эксперименттік зерттеулердің нәтижелерінің сандық және сапалық талдауы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41.56


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 57.58
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 59.61
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 62.65
Зерттеудің жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңда қоғам талаптарының бірі жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Еліміздегі түбегейлі өзгерістер тұлға құрылымына психологиялық тұрғыдан жаңа сипатта қарауды қажет етеді. Сонымен қатар, қоғамдағы болып жатқан өзгерістер творчестволық тұлғаның мақсатқа бағытты қалыптасуын, белсенді өмірлік бағыты бар тұлға дамуын талап етіп отыр. Бұл талаптың жүзеге асуы белгілі бір дәрежеде тұлға белсенділігінің табиғаты түсінігімен анықталады. Сондықтан тұлға дамуында интеллектік белсенділікті және өзіндік бағалауды айқындау – басты мәселелердің бірі. Сондай-ақ, интеллектік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысын этнопсихологиялық негізде зерттеу бүгінгі таңдағы этнопсихология ғылымының басты мәселелер қатарынан орын алады. Осы орайда тұлғаның интеллектік дамуы мен өзіндік бағалау ерекшеліктерін зерттеу, олардың өзара байланысын және этнопсихология аясында қарастыру мәселесінің артта қалып отырғандығын атап өткен жөн.
Интеллектік дамуы мен өзіндік бағалауды зерттеу нәтижесінде тұлғаның мінез-құлқы мен іс-әрекет мотивациясында этномәдени ерекшеліктерге негізделген айырмашылықтардың бар екендігі айқындалды. Өзіндік бағалау мен интеллектік даму тұлғаның өмір сүріп отырған ортасына, сондай-ақ, оның өз-өзіне қатынасына байланысты. Сондықтан тұлғаның интеллектік дамуы мен өзіндік бағалауының өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсерін анықтау, сонымен бірге жаңа эксперименттік психологиялық зерттеу қажеттігі туындайды.
Психология ғылымында интеллектік даму мен өзіндік бағалау мәселесі жеткілікті қарастырылған, дегенмен олардың өзара байланысының мазмұны, құрылымы, сонымен қатар өзара байланысына этнопсихологиялық факторлар әсері толық зерттелмеген. Интеллектік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсерін қазіргі заман талабына сай зерттеу және жүйелеу тақырыптың көкейкестілігін айқындайды.
Кеңес психологиясында тұлға интеллектісі – ақыл-ой әрекеті қалыптасуының жүйелік зерттеулерінде (П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, Н.Ф.Талызина), интериоризация құбылысы ретінде (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев) қарастырылды.
Қазақстандық психология ғылымында интеллектіні (ақыл-ойды) тарихи этнопсихологиялық аспектіде зерттеу белгілі ғалым М.М.Мұқановтың зерттеулерінен бастау алады. Қазақстандық ғалымдар С.Нұрғалиевтің, С.М.Жақыповтың, А.М.Кимнің, В.К.Шабельниковтың еңбектерінде тұлға құрылымындағы этностық ерекшеліктер зерттелді. Сонымен қатар, творчестволық іс-әрекеттің этнопсихологиялық ерекшеліктерін интеллектпен арақатысты зерттеген С.Қ.Бердібаеваның зерттеулерін айтуға болады.
Тұлға дамуының этнопсихологиялық аспектілері жайлы қазақстандық ғалымдардың, олардың ішінде Қ.Б.Жарықбаевтың, А.Ж.Алдамұратовтың, Д.Д.Дүйсенбековтың, О.Х.Аймағанбетованың еңбектері зерттеудің теориялық негізін қалауға зор ықпал етті.
Қазіргі қоғамның осы мәселеге байланысты ғылыми-әдістемелік сүйемелдеудің болмауы біздің зерттеу мәселесін айқындады және диплом жұмысының тақырыбын «Интеллектілік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этномәдени факторлардың әсері» деп таңдауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Тұлға құрылымындағы интеллектік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этномәдени факторлардың әсерін теориялық және эксперименттік зерттеу.
1. Аяғанова А. Интеллектік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері. Канд.дисс. Алматы, 2009.
2. Әл-Фараби философиясы. Әлеуметтік этикалық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1975.-Б.418.
3. Аристотель. Сочинение: в 4-х т. Т.4 – М.: Мысль, 1981. – С. 613.
4. Практический интеллект. Стернберг Р.Дж., Форсай Б., Ходланд Дж. И др. – Санкт-Петербург: Питер, 2002.- С.272.
5.Богоявленская Д.Б. Психологические основы инттелектуальной активности: дисс.д-ра психол.наук. М., 1988.
7. Равен Дж. Руководство для Прогрессивных Матриц Равена и Словарных Шкал. – М., 2002.
8. Гилфорд Дж. Структурная модель интеллекта //Психология мышления. М.: Прогресс, 1965. – С.27.
9. Айзенк Г.Ю. Классические IQ тесты. – М.: ЭКСМО, 2004. – С. 192
10. Холодная М.А. Психология интеллекта. – С пб. 2002.
11. Дункер К. Психология продуктивного (творческого) мышления // Психология мышления. –М.: Прогресс, 1965. – С.234.
12.Пиаже Ж. Избранные психологические труды. – М.: Просвещение, 1969. – С. 659.
13. Анастази А. Психологическое тестирование. Изд-во: СПб: Питер, 2003, - С.688.
14. Фишер К. Воля и рассудок: с прилож. Критично-биографического очерка С.О.Грузберга: СПб.: Типо-мифы, 1909. – С.63.
15. Лурия А.Р. Об историческом развитии познавательных процессов- М., 1988.
16. Калмыкова З.И. Продуктивное мышление как основа обучаемости. – М.: Педагогика, 1998.
17. Рубинштейн С.Л. О мышлении и путях его исследования. – М.: 1999.
18. Крамаренко В.Ю. Интеллект человека- Воронеж. Изд-во Воронеж. 1990.
19. Фрейд З. Введение в психоанализ. – М., Наука, 1989.
20. Хорни К. Самоанализ: пер.с анг.под.ред. А.Боковикова. –М., Эксмо-Пресс.2001.
21. Фромм Э. Анатомия человеческой деструктивности: пер. С нем. Э.Телятниковой. – М.: Аст, 2004. – С. 635.
22. Роджерс К. Несколько важных открытий // Вестн. Моск. Ун-та. Сер. 14, Психология. – М., 1990. - № 2. – С.58-65.
23. Левин К. Определение понятия «поле в данный момент» / Хрест. По истории психологии: Период открытого кризиса. Начало 10-х – середина 30-х годов ХХ в. – М.: Изд-во Моск. Ун-та, 1980. – С. 131-145.
24. Липкина А.И. Самооценка школьника. – М.: Знание, 1998.
25. Чеснокова И.И. Проблемы самосознания в психологии. – М.: Наука, 1996.
26. Столин В.В. Самосознание личности. – М.: МГУ, 1997.
37. Захарова А.В. , Андрушенко Т.Ю. Исследование самооценки младшего школьника в учебной деятельности//Вопрорсы психологии. – М., 1980.
28. Чамата П.Р. Вопросы самосознания личности с советской психологии// В кн. Психологическая наука в ССР. Т.2. – М., 1958. – С.91-109.
29. Абульханова К.А. Психология и сознание личности. М., 1999.
30. Савонько Е.И. Возрастные особенности соотношения ориентации на самооценку и на оценку другими людьми // М., 1988.
31. Демина Д.В. Некоторые аспекты соотношения самооценки и объективной оценки свойств личности// М., 1998.
32. Сафин В.Ф. Устойчивость самооценки и механизм ее сохранения // Вопросы психологии. – М., 1995.
33. Кузьмина З.В. Исследование динамики саомоценки в условиях успеха и неудачи // - М., 1987.
34. Лисина М.И. Общение со взрослыми и психологическая подготовка детей к школе. – Кишинев: Штиинца, 1974.- С. 135.
35. Магун В.С. О парадоксальных соотношениях между адекватностью суждений человека о себе и других людях и тестовыми оценками интеллекат // В кн.: Личность и деятельность: Тез. Докл.у всесоюз. Съезда общ.психол.СССР. – М., 1977. – С.15.
36. Божович Л.И. Этапы формирование личности в онтогенезе. – М., 1979. – С.412.
37. Бодалев А.А. Формирование понятия о другом человеке как личности. – Л., 1970. – С.135.
38. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. – М: Изд-во «Просвещение», 1968 – С.463.
39. Серебрякова Е.А. Уверенность в себе и условия ее формирования у школьников//Вестн. Ленинг.ун-та. – Л., 1981. - №3. – С. 15-24.
40.Славина Л.С. Дети с аффективным поведением. – М.: Изд-во «Просвещение», 1966. – С.150.
41. Божович Л.И., Благонадежина Л.В. Изучение мотивации поведения детей и подростков. – М., 1972. – С.39.
42. Пантилеев С.Р. Самоотношение как эмоционально-ценностная система. – М.: МГУ., 1991. – С.108.
43. Чеснокова И.И. О психологических основах самовоспитания / Вкн.: психол. Формирвания и развития личности.- М.: Наука, 1981. – С.223-234.
44. Рувинский Л.И. Самовоспитание чувств, интеллекта и воли. – М., Знание 1986.
45. Джеймс У. Психология /под.ред. Л.А.Петровской. – М.: Педагогика, 1991. – С.368.
46. Мид М. Культура и мир детства. – М.: Наук, 1988. – С. 429.
47. Мухина В.С. Возрастная психология: феноменология развития детство, отрочество. – М., 2000.
48. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии: в 2-х т. – М.: Педагогика, 1989. – Т.2. – с.585
49. Малаева А.К. Зависимость социальной детерминации личности от характера этнокультурной среды:дисс.канд.психол.наук. – Алматы, 1995. -186с.
50. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. - Л.: Гидрометеоиздат, 1990. - 637 с.
51. Шабельников В.К. Исторические и этнокультурные основы онтогенеза личности //Материалы Международной психологической конференции «Проблемы психологии развития». –М., 1999. С,168-174.
52. Жарикбаев К.Б. Состояние и преспективы развития этнопсихологических исследований в Казахстане //Национальные процессы:пути и способы регулирования. – Алма-Ата, 1992 с.69-71
53. Джакупов С.М. Этнопсихологические аспекты интенсивного обучения //Материалы международной научно-практической конференции «Проблемы и преспективы этнопедагогического образования в Казахстане» /26-28 апреля, 1999/.-Алматы, 1999.-с.153-155.
54. Выготский Л.С. Мышление и речь. – М.: Соц.эк.гиз. 1999.
55. Лурия А.Р. Психология как историческая наука (к вопросу об исторической природе психологических процессов) // История и психология / Под ред. Б.Ф. Поршнева, Л.И. Анцыферовой. - М.: Наука, 1971. - С. 36-62.
56. Мұқанов М.М. Ақыл-ой өрісі. Алматы, 1975. -181б.
57.Тәжібаев Т.Т. Развитие просвещения и педагогической мысли в Казахстане во второй половине Х1Х века. – Алматы: изд-во АНКазССР. -1962. 1-98с.
58. Көмекбаева Л.К. Мұғалімдердің этникалық өзіндік санасының психологиялық ерекшеліктерінің көрінісі: психол.ғ.к.дисс. – Алматы, 2002. -152с.
59. Снежкова И.А. К проблеме изучения этнического самосознания у детей и юношества // Советская этнография. – 1982. - № 1. - С. 80-88.
60. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. – Алма-Ата: Изд-во КазГУ, 1992. -195с.
61. Әмірова Б.Ә. Оқыту процесінде этникалық жаңсақ нанымдардың өзгеруі: психол.ғ.к. дис. Автореферат.-Алматы, 1998. 26б.
62. Гаджиев А.Х. Проблема марксистской этнической психологии. - Ростов: Изд-во Рост-го ун-та, 1982. - 182 с.
63. Балгимбаева З.М. Роль семьи в возникновении половых этнических предубеждений у детей: дисс.канд. психол.наук. – Алматы, 2002.-146с.
64. Алимбекова Р.Т. Исследование этнических предубеждений у детей младшего школьного возраста в процессе обучения: Автореф. дисс.канд.психол.н. Алматы, 2001. -26с.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Нуркасымбаева Аида Бекмухамбетовна

Интеллектілік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этномәдени
факторлардың әсері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В050300 - Психология мамандығы

Алматы - 2013
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді
Білім беру психологиясы
және әлеуметтік коммуникация
кафедрасының
меңгерушісі, психол.ғ.д.,
профессор ______ Р.Б.Каримова
_______________2013ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Интеллектілік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына
этномәдени факторлардың әсері

5В050300 - Психология мамандығы бойынша

Орындаған: Нуркасымбаева А.Б.

Ғылыми жетекшілер:
психол.ғ.к., доцент Нұрғалиева Ұ.С.

аға оқытушы Ингайбекова Т.А.

Алматы 2013

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Психология-педагогика факультеті
Білім беру психологиясы және әлеуметтік коммуникация кафедрасы





Бекітемін

Каф.меңгерушісі, психол.ғ.д.,

профессор Каримова Р.Б.

____ ______________2012ж.

Дипломдық жұмысты орындауға арналған
ТАПСЫРМА

Студент
___________________________________ ______________________________
университет ректорының _____________2012ж. № _________ бұйрығы бойынша
___________________________________ ___________________________________ _____

тақырыбында дипломдық жұмыс бекітілді.
Дипломдық жұмысты аяқтау мерзімі
___________________________________ ____________
Зерттеу материалдары мен дерек көздерінің жазылуы
_________________________________
___________________________________ ___________________________________ ______
___
___________________________________ ___________________________________ ______
___
___________________________________ ___________________________________ ______
___
___________________________________ ___________________________________ ______
___
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:
1.
___________________________________ ___________________________________ ______
__
___________________________________ ___________________________________ ______
____
2.
___________________________________ ___________________________________ ______
__
___________________________________ ___________________________________ ______
____
3.
___________________________________ ___________________________________ ______
__
___________________________________ ___________________________________ ______
____
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
________________
Сызба материалдарының (кесте, схема, графиктер) тізімі:
___________________________________ ___________________________________ ______
____
___________________________________ ___________________________________ ______
____
___________________________________ ___________________________________ ______
____
Дипломдық жұмысты орындаудың
КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ
№ Жұмыс кезеңдері Орындалу мерзімі Орындалуы
туралы
жетекшінің
бағасы
жоспарланған орындалуы
1 Дипломдық жұмыс қыркүйек
жоспарының құрылуы және
оны ғылыми жетекшімен
келісу
2 Дипломдық жұмыстың желтоқсан
бірінші тарауын жазу
және оны тексеруге ұсыну
3 Өндірістік (дипломдық) желтоқсан
практикадан өткен
жерінен немесе жұмыс
орнынан жинақталған
практикалық
материалдарды жүйелеу,
талдау және қайта қарау
4 Дипломдық жұмыстың ақпан
екінші тарауын жазу және
тексеруге ұсыну
5 Қорытындылар мен ақпан
ұсыныстарды ғылыми
жетекшімен келісу
6 Дипломдық жұмысты ақпан
ескертулеріне сәйкес
қайта құру (жетілдіру)
және ғылыми жетекшінің
пікірімен оны кафедраға
ұсыну
7 Дипломдық жұмысты ақпан
кафедрада алдын ала
қорғау
8 Кафедра меңгерушісі наурыз
дипломдық жұмысты
қорғауға жібергеннен
кейін сыртқы оппонентке
пікірге жіберу және
жазбаша пікір алу
9 Қорғауда айтатын наурыз
баяндамасын, тезистерін,
кестелік-сұлбалық
материалдарын құрастыру

Тапсырма берілген күн ________________2012ж.
Ғылыми жетекшісі: ____________________________ ___________
Студент ___________________________________ __ ___________

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-5

1 ИНТЕЛЛЕКТІЛІК ДАМУ МЕН ӨЗІНДІК БАҒАЛАУДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫНА ЭТНОМӘДЕНИ
ФАКТОРЛАРЫНА ТЕОРИЯЛЫҚ ШОЛУ

1. Интеллектілік даму мен өзіндік бағалаудың теориялық негіздері
... ... ... ..6-20

1.2 Интеллектілік даму мен өзіндік бағалауға этномәдени факторлардың әсері
...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-33

2 ИНТЕЛЛЕКТІЛІК ДАМУ МЕН ӨЗІНДІК БАҒАЛАУДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫНА ЭТНОМӘДЕНИ
ФАКТОРЛАРЫН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ

2.1 Зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен зерттеу әдістемелерінің
сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 34-41
2.2 Эксперименттік зерттеулердің нәтижелерінің сандық және сапалық талдауы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41-56

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... . 57-58
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59-61
ҚОСЫМША
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 62-65

КІРІСПЕ

Зерттеудің жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңда қоғам талаптарының бірі
жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Еліміздегі
түбегейлі өзгерістер тұлға құрылымына психологиялық тұрғыдан жаңа сипатта
қарауды қажет етеді. Сонымен қатар, қоғамдағы болып жатқан өзгерістер
творчестволық тұлғаның мақсатқа бағытты қалыптасуын, белсенді өмірлік
бағыты бар тұлға дамуын талап етіп отыр. Бұл талаптың жүзеге асуы белгілі
бір дәрежеде тұлға белсенділігінің табиғаты түсінігімен анықталады.
Сондықтан тұлға дамуында интеллектік белсенділікті және өзіндік бағалауды
айқындау – басты мәселелердің бірі. Сондай-ақ, интеллектік даму мен өзіндік
бағалаудың өзара байланысын этнопсихологиялық негізде зерттеу бүгінгі
таңдағы этнопсихология ғылымының басты мәселелер қатарынан орын алады. Осы
орайда тұлғаның интеллектік дамуы мен өзіндік бағалау ерекшеліктерін
зерттеу, олардың өзара байланысын және этнопсихология аясында қарастыру
мәселесінің артта қалып отырғандығын атап өткен жөн.
Интеллектік дамуы мен өзіндік бағалауды зерттеу нәтижесінде тұлғаның
мінез-құлқы мен іс-әрекет мотивациясында этномәдени ерекшеліктерге
негізделген айырмашылықтардың бар екендігі айқындалды. Өзіндік бағалау мен
интеллектік даму тұлғаның өмір сүріп отырған ортасына, сондай-ақ, оның өз-
өзіне қатынасына байланысты. Сондықтан тұлғаның интеллектік дамуы мен
өзіндік бағалауының өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің
әсерін анықтау, сонымен бірге жаңа эксперименттік психологиялық зерттеу
қажеттігі туындайды.
Психология ғылымында интеллектік даму мен өзіндік бағалау мәселесі
жеткілікті қарастырылған, дегенмен олардың өзара байланысының мазмұны,
құрылымы, сонымен қатар өзара байланысына этнопсихологиялық факторлар әсері
толық зерттелмеген. Интеллектік даму мен өзіндік бағалаудың өзара
байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсерін қазіргі заман талабына
сай зерттеу және жүйелеу тақырыптың көкейкестілігін айқындайды.
Кеңес психологиясында тұлға интеллектісі – ақыл-ой әрекеті
қалыптасуының жүйелік зерттеулерінде (П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин,
Н.Ф.Талызина), интериоризация құбылысы ретінде (Л.С.Выготский,
А.Н.Леонтьев) қарастырылды.
Қазақстандық психология ғылымында интеллектіні (ақыл-ойды) тарихи
этнопсихологиялық аспектіде зерттеу белгілі ғалым М.М.Мұқановтың
зерттеулерінен бастау алады. Қазақстандық ғалымдар С.Нұрғалиевтің,
С.М.Жақыповтың, А.М.Кимнің, В.К.Шабельниковтың еңбектерінде тұлға
құрылымындағы этностық ерекшеліктер зерттелді. Сонымен қатар,
творчестволық іс-әрекеттің этнопсихологиялық ерекшеліктерін интеллектпен
арақатысты зерттеген С.Қ.Бердібаеваның зерттеулерін айтуға болады.
Тұлға дамуының этнопсихологиялық аспектілері жайлы қазақстандық
ғалымдардың, олардың ішінде Қ.Б.Жарықбаевтың, А.Ж.Алдамұратовтың,
Д.Д.Дүйсенбековтың, О.Х.Аймағанбетованың еңбектері зерттеудің теориялық
негізін қалауға зор ықпал етті.
Қазіргі қоғамның осы мәселеге байланысты ғылыми-әдістемелік
сүйемелдеудің болмауы біздің зерттеу мәселесін айқындады және диплом
жұмысының тақырыбын Интеллектілік даму мен өзіндік бағалаудың өзара
байланысына этномәдени факторлардың әсері деп таңдауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Тұлға құрылымындағы интеллектік даму мен өзіндік
бағалаудың өзара байланысына этномәдени факторлардың әсерін теориялық және
эксперименттік зерттеу.
Зерттеудің нысаны: Тұлғаның интеллектік дамуы мен өзіндік бағалау
ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: Интеллектік даму мен өзіндік бағалау деңгейінің өзара
байланысына этномәдени факторлардың әсері.
Зерттеудің болжамы – егер, интеллектік деңгей мен өзіндік бағалау
өзара байланысты болса, онда тұлға дамуына этномәдени факторлар жағымды
әсер етеді.
Зерттеудің міндеттері:
1. Психология ғылымындағы интеллектік даму және өзіндік бағалау
ерекшеліктерін теориялық талдау.
2. Интеллектік көрсеткіш пен өзіндік бағалау арасындағы статистикалық
байланысты айқындау.
3. Тұлға құрылымындағы интеллектік дамуға этномәдени факторлардың
әсерін анықтау.
4. Интеллектік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этномәдени
фактордың әсерін эксперименттік зерттеу.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: жүйелік құрылымдық әдіснама
(С.Л.Рубинштейн, Б.Г.Ананьев), мәдени-тарихи тұжырымдама (Л.С.Выготский),
интеллектіні білім беру жүйесінде талдау (К.Фишер, В.Ю.Крамаренко), өзіндік
бағалауды өз беттілік, жеке тұлғалық феномен, адамның мінез-құлқын реттеуші
ретіндегі тұжырымдамалар болып табылады.
Зерттеу әдістері:
1. Дж.Равеннің ойлаудың логикалығын зерттеуге арналған әдістемесі;
2. Классификация әдістемесі;
3. Тұлғаның этносқа қатынасын анықтауға мүмкіндін беретін М.Кун мен Т.
Макпартлэнд ұсынған Мен кіммін? әдістемесі.
Зерттеу кезеңдері: Зерттеу жұмысы екі кезеңде жүргізілді.
Бірінші кезеңде зерттеу тақырыбы таңдалып, оны теориялық тұрғыда сналы
ұғыну жүзеге асырылды; зерттеудің мақсаты мен міндеттері құрылды;
зерттеудің жұмыс болжамы құрастырылды; зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-
әдіснамалық және оқу-әдістемелік әдебиеттер зерттелді және талданды.
Аталған кезеңде констатациялық эксперимент жүргізілді, оның барысында
зерттелетін мәселенің шынайы жай-күйі анықталды, сонымен бірге зерттелетін
құбылысты іздеудің жаңа тәсілдері мен технологиялары қарастырылды.
Екінші кезеңде зерттеу тақырыбы бойынша тәжірибелік-эксперименттік
жұмыс жүзеге асырылды; тұлғаның өзін-өзі танытуының гендерлік-психологиялық
ерекшеліктерін анықтауға бағытталған эксперименттік жұмыс жүргізілді.
Зерттеудің практикалық базасы: № 176 мектеп – гимназиясы
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: аталған зерттеу жұмысында интеллектілік
даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына әтномәдени факторлардың
ерекшеліктері айқындалды; интеллектілік даму мен өзіндік бағалаудың өзара
байланысына әтномәдени факторлар ұғымы теориялық тұрғыда негізделді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Ғылыми зерттеудің практикалық
маңыздылығының құндылығы оның дәйектілігімен анықталған. Зерттеуден алынған
нәтижелерді тұлғаның интеллектік дамуы мен өзіндік бағалауларын
диагностикалауда, тұлға іс-әрекетінде кездесетін қиындықтарды болдырмау
мақсатында ұйымдастырылатын психологиялық қызмет жүйесінде, білім беру
жүйелеріндегі мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарында және ата-
аналарға кеңес беруде қолдануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: кіріспеден, 2 бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Жұмыстын жалпы көлемі 61 бетті құрайды.

1 ИНТЕЛЛЕТІЛІК ДАМУ МЕН ӨЗІНДІК БАҒАЛАУДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫНА ЭТНОМӘДЕНИ
ФАКТОРЛАРЫНА ТЕОРИЯЛЫҚ ШОЛУ

1. Интеллектілік даму мен өзіндік бағалаудың теориялық негіздері
Психология ғылымында тұлғаның интеллект табиғатын зерттеу ең басты
мәселелердің бірі болып табылады. Тұлға табиғи-мәдени тіршілік иесі ретінде
қалыптасады және өз өмірінде материалдық, рухани байлықтарды игереді.
Әлеуметтік-мәдени факторлар ( тіл, отбасы, салт-дәстүрлер) бұл байлықтарды
толықтырады. Тұлға әлеуметтік тіршілік иесі бола отырып, қоршаған орта
құндылықтарын игереді, қайта жасайды. Осы орайда, ақылдылық, парасат,
зияттылықтың негізі болып табылатын интеллектіні зерттеу шетел және кеңес,
отандық психология ғылымының маңызды да қажетті, тіпті өзекті мәселелердің
бірі болып табылады.
Интеллект табиғатын түсіндіретін көптеген зерттеулер бар. Оның негізін
ерте философиялық ой-пікірлерді ұсынушылардың еңбектерінен табуға болады.
Осы орайда, біз белгілі ойшыл әл-Фарабидің көзқарасынан бастау алатын
интеллект туралы ой пікірлерді талдаймыз [1]. Белгілі ойшыл интеллект
ұғымын адам, парасатты адам жөнінде айтқан кезде қолданған. Әрине, сол
кездегі интеллект туралы әл-Фарабидің пікірі қазіргі таңдағы зерттеулерден
әлдеқайда алыста. Дегенмен, әл-Фараби интеллект табиғатында адамның
парасаттылығы туралы оймен тұжырымдағандығы тұлға іс-әрекетіндегі рөлін
ашып көрсеткенін байқауға болады.
Интеллект табиғатының тұлға құрылымындағы маңыздылығы туралы ой
тұжырымдар белгілі ойшыл, еңбектері психологияның материалистік сипатына
негіз болған Аристотель көзқарастарында да кездеседі. Аристотель
интеллектіні өзіне қалай және қайтіп келіп қалғанын білмесе де, анология
жасау немесе ой толғау арқылы емес, туа біткен, жаратылыстан біткен қасиеті
арқылы әмбебеп, ақиқат және қажетті шарттар жөнінде анық мағлұмат алу үшін
адамға жағдай жасайтын жан қабілеті ретінде түсіндіреді [2]. Аристотельдің
пікірі қазіргі таңдағы интеллектіні ерекше қабілет ұғымын теңестіретін
тұжырымдарына жақын келетіндігін байқауға болады.
Сонымен қатар, Аристотель интеллектіні төрт түрге бөледі: әлеуетті,
актуалды, жүре келе дарыған және әрекетшіл интеллект. Енді оның
интеллектінің жоғарыдағы түрлеріне берген сипаттамасына тоқталамыз.
Әлеуетті интеллект-жан қабілеттерінің бірі немесе материядан дүниеде
бар заттардың парқы мен формасын абстракциялай алатын немесе соған даяр
әлде бірдеңе деп есептейді. Интеллект парқында бар нәрселер арқылы
формалардың жүзеге асқандығын түсіндіреді: дүниеде бар нәрселердің
формасына әлі ие болмай тұрған кезде, ол әлеуетті интеллект болып табылады,
ал формалар жүзеге асты дегенше ол актуалды интеллектіге айналады.
Актуалды интеллект-актуалды пайымдалғыш болғандықтан интеллектінің
формалары болып табылатын интеллекцияның пайымдалған объектіге бағдарланып,
бұған дейін актуалды деп саналып келген интеллект жүре келе дарыған
интеллектіге айналады.
Аристотель айтқан әрекетшіл интеллект дегеніміз-еш уақытта да материяда
болмаған және онымен мүлде байланысы жоқ абстракцияланған форма. Бұл
интеллект қайсы бір жағынан қарағанда актуалды интеллект болып табылады
және жүре келе дарыған интеллектіге өте жақын болып келеді. Ойшыл өз ой-
пікірлерінде интеллектінің табиғатын және оның түрлерін атап көрсетуде
құнды мәселелерді алға тартады. Философ-ойшыл интеллект ұғымын оның
түрлерін ажырата отырып түсіндіруге тырысты. Және де әрбір түрі әрекет
еткен сайын екінші түрге өтіп отыратындығын дәлелдеуге тырысты. Оның
еңбектерінен интеллектінің қоршаған шындыққа қатысты туындауы мәселесі сөз
болады. Осы орайда, Аристотельдің көзқарасы бойынша ақиқат дүниенің
интеллект дамуындағы рөлі болып табылады[3].
Көптеген зерттеулерден біз интеллект табиғатын функциялық ықпалмен
түсіндіретіндігін байқаймыз (Р.Дж.Стернберг, Б.Форсайт, Д.Б. Богоявленская)
[4;5]. Бірақ, интеллектік механизмдердің жұмыс жасауында немесе ойлау
типтерін суреттеуде функциялық ықпал терминдері толық жауап бере алмайды.
Оған теориялық жауаптарды жүйелік-құрылымдық ықпалда іздестіру
творчестволық ойлаудың құрылымының макро уақытты динамикасын табуға
мүмкіндік береді.
Интеллект теорияларында түрлі интеллектік тапсырмаларды орындау
нәтижесі арасында оң корреляциялық байланыстар бар деген тұжырым болды.
Егер белгілі бір зерттеулерде мұндай байланыстар болмаса, ол өлшеу
қателіктеріне байланысты болып келеді. Егер осы әлсіреу тиімділігін
түзетсе, онда байланыстар шамасы бірлікке ұмтылады.
Психология ғылымында интеллект табиғатын түсіндіруде көптеген
зерттеулер түрліше сипаттауға тырысты. Себебі, интеллект өте күрделі
құрылым болып табылады.
Олардың ішінде, Р.Б. Кеттелл еңбектерін ерекше атауға болады. Автор
тесттер жинағын және факторлық анализді қолдана отырып, 5 дәлелді анықтады.
gc - кристалданған (таза) интеллект-сөздік қоры, әлеуметтік
нормативті ескеру;
gf - ағымдағы-тесттер арқылы кескіндер мен сандар қатарынан
заңдылықтарды анықтау, оперативті ес көлемі, кеңістікті операциялар;
gy - визиалдылық-дивергентті тапсырмаларды орындауда бейнелерді
манипуляциялау қабілеті;
gm - ес-мәліметтерді есте сақтау және қайта жаңғырту;
gr - жылдамдық-интеллектік әрекеттің жоғары жылдамдығы.
Автордың бөлген интеллект түрлерінің ішінде кристалданған интеллект-бұл
мәдени ықпалдық пайда болу нәтижесі. Мұның негізгі қызметі білім беру мен
қабілеттілікті толықтыру, жинақтау болып табылады. Осы орайда, өмірлік
тәжірибемізде жанақталған түрлі білім, білік, дағдылардан тұратын
кристалданған интеллект қалыптасады. Ғалымның атап отырған кристалданған
интеллектісі қоршаған ортаға бейімделудегі белгілі бір міндеттерді шешуде
пайда болады. Бұл тұжырым біздің зерттеулеріміздегі негізгі идеямызға жақын
келеді. Себебі, интеллекттік даму қарқындылығы әлеуметтік ортадағы
ықпалдарға тәуелді болып табылады.
Шетелдік ғалым Р.Б. Кеттелл өз зерттеулерінің негізінде қосарлану
сипатында интеллектке сипаттама бере отырып, оны тұқымқуалаушылық және
ортадан тәуелді деген тұжырым жасады. Шын мәнісінде, Кеттелл бойынша, бұл
қосарлану сыртқы сипаты ғана болып табылады. Кристалданған интеллектіні
негізінен әлеуметтік деуге болмайды. Дж. Кеттелл gc-тің де gf секілді
генетикалығы басым деп есептейді, тек біріншісі 70%, ал екіншісі 90%
көрсетеді.
Р.Б.Кеттелл зерттеулеріне ұқсас желіні Дж. Равен зерттеулерінен көруге
болады. Ғалым тұлғаның ақыл-ес кемістігі мәселелерін зерттей отырып,
алынған нәтижелердің күрделілігін атап көрсетті. Оның пікірінше, ақыл-ой
қабілеті екі құрамнан тұрады: продуктивті (байланыстар мен қатынастарды
анықтау қабілеті, шешім жасау) және меңгерілген ақпараттарды пайдалана алу
қабілеті). Мұның негізінде Дж.Равен Прогрессивті матрицалар тестің
жасады, ол анағұрлым таза тест ретінде көрінді, сонымен қатар адамның
интеллектік жетістігін зерттеуде тапсырмас құрал болды [7].
Жалпы алғанда интеллект тұлға өмір сүруінде маңызды құрылым бола
отырып, мақсатқа бағытты әрекет ету, рационалды ойлау және қарқынды түрде
айналасындағылармен өзара әрекеттесу қабілетін білдіреді. Осыған қарағанда,
интеллектіні индивидтің қоршаған ортамен өзара әрекеттестігінің көп түрлі
формаларынан тыс анықтау мүмкін емес. Бұл әрекеттестік жай икемделу,
бейімділік емес, белсенді әрекет ретінде қарастырылады.
Интеллект табиғатын түсіндіруде өз зеттеулерін ұсынған шетелдік
ғалымдардың бірі Дж.Гилфорд құрылымдық модель ұсынды. Дж. Гилфорд ұсынған
модель үш бөлімнен тұрады [8].
1. Ақыл операцияларын орындайтын тип:
а). түсіну- берілген материалдарды танып білу және түсіну;
б).конвергентті өнімділік-жалғыз дұрыс жауап алғанда бір бағытта
іздестіру;
в) дивергентті өнімділік-бірнеше дұрыс жауап алғанда түрлі бағытта
іздестіру;
г). бағалау- берілген жағдайлардың дұрыстығын талдау;
д). ес –ақпаратты есте сақтап, қорыту.
2. Интеллектік әрекеттің мазмұны:
а). нақты- нақты заттар мен олардың бейнесі;
б).бейнелік- әріптер, белгілер,сандар;
в). семантикалық-сөздік мағынасы;
г).мінез-құлықтық, өзінің немесе басқа адамның іс-әрекеті.
3. Ақырғы өнім түрлері:
а). нысана бірліктері-сөздердегі жетпей тұрған әріптерді жазу;
б). нысана топтары-заттарды топтау;
в). қатынастар- нысана арасындағы байланысты орнату;
г). жүйелер- нысана көпшілігінің ұйымдастыру ережесін анықтау;
д). тасымалдау-берілген материалдарды өзгерту, өңдеу;
е). импликациялар-егер осылай болса, не болады деген жағдайдағы
нәтижені болжау.
Осылайша Дж.Гилфорд теориясы бойынша адам дамуының толық бағалы
қабілетін анықтау үшін 120 факторды қолдану қажет (5х4х6) деген тұжырым
жасалады. Себебі, автор интеллектінің нақты жалпы факторларын теріске
шығару бағытын ұстанды. Ақырында Дж. Гилфорд көзқарасы бойынша белгілі бір
қабілетті анықтағанда мынадай көрсеткіштерге сүйену қажет: мазмұндық есте
сақтау мүмкіндіктерін өлшеу үшін ақырғы продуктының барлық түрлерін, ал
оның сапасын өлшеу үшін барлық операциялардың түрлерін есепке алу қажет.
Әрине ғалым интеллектіні түсіндіруде өзіндік маңызы бар тұжырым ұсынғанмен,
оны факторлармен ғана шектеді.
Ғалым Г.Ю.Айзенк интеллектіні үш ұғымда шектеді. Олар: биологиялық
интеллект, әлеуметтік интеллект, психометрикалық интеллект. Автордың
еңбектерінде биологиялық интеллект тұқымқуалау арқылы берілетін интеллект
болса, әлеуметтік интеллект тұлғаның белгілі бір білімдер мен тәжірибені
жинақтау барысында көрініс беретін интеллект, ал, психометрикалық интеллект
тест арқылы өлшенетіндер ретінде тұжырымдалған [9].
Түптеп келгенде шын мәнінде неше интеллект бар? деген сұраққа
тестология нақты жауап бере алмайды. Оның үстіне интеллектік тестілер
сынаққа түсушілердің даралық-психологиялық және жастық ерекшеліктеріне
байланысты екендігі байқалады. Шын мәнінде бұл тестілер адамның белгілі бір
мәдениетке қосылу деңгейін анықтайды, сол себепті оларды психикалық даму
тестілері деп атауға болады .
Тестологиялық тұрғыда қарау интеллектіде психологиялық шындық
жағдаятынан бас тартуға алып келді. Интеллект реалды психологиялық қасиет
ретінде бар ма немесе жок па? деген сұрақ төңірегінде академиялық
пікірталастар туындауы әбден мүмкін. Белгілі ғалым М.А.Холоднаяның
пікірінше интеллект жоғалып кетуі иллюзиясында үш негіздемені бөлу керек
[10].
Біріншісі-интеллекттік қабілеттерді диагностикалаудағы тестік
әдістердің қарама-қайшылықтарын айқындаушы әдістемелік негіз;
Екіншісі-интеллектіде белгілі бір тапсырмалық жағдаятты көрсетуші
қандай да бір психологиялық (интеллекттік) ерекшелік ретінде тестологиялық
қабылдаумен байланысты түсінілетін әдіснамалық негіз;
Үшіншісі-интеллекттік даму деңгейінің төмен-жоғары терминдерінде
нақты адамның интеллекттік мүмкіндіктерін интерпретациялайтын және тестік
тапсырмалардың даралық нәтижелерін түсіндіруге мүмкін еместігіне
негізделген мазмұндық этикалық негіз.
Жоғарыдағы топтама бойынша интеллект субъектінің ментальды (ақыл-ой)
тәжірибесін ұйымдастыру формасы ретінде анықталды. Тамаша жаңалықтар, шешім
табулар және жасап шығарулар адамның, әрине, ақылды екендігінің белгісі.
Ал, ақыл-ой қабілеті-тұлға интеллектісінің көрсеткіші болып табылады.
Интеллект гештальтпсихология теориясында да өз тұжырымдарын тапты.
Интеллектінің тірек сипаттамасы ретінде инсайт түсінілді (Дункер, 1965)
[11]. Инсайт тереңдеген сайын, яғни проблемалық жағдаяттарының мәнді
ерекшелігі қаншалықты күшті жауап әрекетін анықтаса, соғұрлым интеллекттік
болып табылады.
Интеллекттік қабілеттері әртүрлі деңгейдегі адамдар арасындағы ең басты
айырмашылық олардың әртүрлі ұйымдастырылған жүйелік білімдерге ие
екендігімен байланысты болып келеді. Дәл осы даралық білімдер базасыныни
ерекшелігі жеке таным процестерінің (есте сақтау, тапсырмаларды шешу)
қарқындылығын алдын-ала анықтайды. Осы орайда, білімділік интеллектінің
негізі деп тұжырым жасайтын еңбектерді кездестіруге болады .
Белгілі ғалым Ж.Пиаженің пікірінше, интеллект-бұл ассимиляция және
аккомадация процесінің бірлігін білдіретін ағзаның ортаға адаптациялануының
фрмасы болып табылады. Сондықтан, интеллект мәні физикалық және әлеуметтік
шындыққа икемді және бір мезгілде тұрақты адаптацияланудың жүзеге асу
мүмкіндігінде қорытылады, оның негізгі міндеті-орта мен адамның өзара
әрекеттесуін құрылымдау және ұйымдастыру [12].
Ж.Пиаженің айтуынша интеллект - ағзаның қоршаған ортаға
адаптациялануының неғұрлым жетілген формасы болып табылады. Автор үшін
интеллектінің мәні орта мен ағза арасындағы қатынасты құрылымдауға және
оның дамуы біршама адекватты адаптациялануда көрінеді. Мұндай көзқарастан
біз интеллектіні қоршаған ортамен байланысты түсіндіретін тұжырымды
көреміз. Яғни, мұнан біз интеллектінің дамуы әлеуметтік негізделеді деген
пікір айта аламыз.
Интеллектіні түсіндіру тестілеу нәтижесін пайдалану өрісінде
тұжырымдалды (А.Анасиази) [13]. Бұл жағдайда ол күнделікті ғана емес,
сондай-ақ кәсіби ортада IQ-нәтижесін интеллектпен теңестіруге тырысады.
Интеллект тестілері фактілік тұрғыда оқуға қабілеттік белестері деп
аталды. Мұның негізінде интеллект жоққа шығарылып, оны оқуға
қабілеттілік түсінігімен ауыстырды. Әрине, мұндай тұжырым біздің ойымызша
интеллект табиғатын шектейді.
Сондай-ақ, интеллект табиғаты таным арқылы ашылды. Мұндай зерттеулерді
біз К.Фишер теориясынан табуымызға болады. Автор тұжырымы бойынша интеллект
табиғатын түсіндіруде мынадай пікірді ұсынды: тұлға қоршаған болмысты
динамикалық тұрғыда өзгерте отырып, қоршаған ортаға қарай емес, керісінше
қоршаған ортаны өз ісіне қарай қайта құрады [14]. Дәл осы интеллект деңгейі
және оның даму типі тұлғаның болашағын, өзіндік бағалауын анықтайды деген
тұжырымызды нақтылай түседі.
Кеңес ғалымы А.Р.Лурия интеллектіні әлеуметтік-мәдени тұрғыда
қарастырды [15]. Мәдениет аралық зерттеудің ерекше міндеті әртүрлі мәдениет
өкілдерінің интеллекттік іс-әрекет ерекшеліктерін салыстырмалы талдауда
қорытылды. Осы зерттеулер барысында мәдени әсер айқын көрініп, дәл осы
жағдай адамзат интеллектісінің табиғатын көруге мүмкіндік береді. Бұған
дәлел, біріншіден, қабылдаудың, естің, ой қорытындысы, елес және т.б мәдени
өзгерісінің негізгі тенденциясы болмысқа анық категориялық қатынастың
көрінуімен тұжырымдалады: танымдық әрекет тікелей практикалық тәжірибе
аймағынан логикалық ой-пікірлер аймағының шегіне шығу қабілетін игереді.
Мәдениет интеллект дамуы деңгейіне өз әсерін тигізбей интеллекттік сипатына
ықпал етеді деген тұжырым жасалды.
Екіншіден, бір мәдениет шегінде қалыптасқан адамның интеллекттік
мүмкіндіктерін бағалау критерийлері басқа мәдениетке механикалық
ауыстырылуы мүмкін емес.
Үшіншіден, интеллектінің арнайы мәдени негізделген болуы оның
құрылымдылығын білдірмейді. Яғни, әртүрлі мәдениет өкілдерінің интеллекттік
белсенділіктерінің ерекшеліктері бар.
Төртіншіден, әлеуметтік мәдени ортаның кейбір жағдайлары интеллекттік
дамудың қарқындылығын арттырады.
Бесіншіден, интеллекттік әрекеттің логикалық тәсілдерін игеру арқасында
сөздердің мағынасы және логикалық пікірлер арқылы жеке тәжірибе бүкіл
адамзаттық тәжірибесіне орналастырылады, әрине бұл жағдайда жеке дара
адамның интеллекттік әлемі кеңейеді.
Әрине, интеллекттік мүмкіндіктер мәдени контексте туындап ғана қоймай,
сонымен бірге оларда шектеледі. Бұл бағыттағы интеллекттік мүмкіндіктер
дамуының тұтастай критерийлері осы субъектінің сәйкес мәдениеттің мазмұнын
игеруімен және қаншалықты деңгейде интеллектісі басым мәдени бағдардың
тасымалдаушы және жүзеге асырушы болып табылатындығымен байланысты.
Ғалым З.И.Калмыкова іс-әрекет барысында тұлғаның ақыл-ой әрекеттерін
эксперименттік-психологиялық зерттеулерін негіздей отырып, интеллект
табиғатын продуктивті ойлау арқылы анықтауды ұсынды. Мұның мәні жаңа
білімдерді игеру қабілетінде айқындалады. Тұлға жетістік көрсеткіштеріне
сүйене отырып, олардағы бар білім деңгейін қорытындылау, оны қолдану
кеңдігі, игеру жылдамдығы, іс-әрекет барысында қозғалыс қарқыны жатады.
Бұған сай дара интеллектінің өзегі З.И.Калмыкованың пікірінше адамның өз
бетінше жаңа білімді игеруі және оны проблемалық жағдаяттарда қолдану
мүмкіндігін құрайды. Дәл осы іс-әрекеттің кез-келген түрінің сипаттамалары
баланың интеллектік дамуының критерийі ретінде көріне отырып, іс-әрекет
жетістігін алдын-ала анықтайды [16]. Сондай-ақ, ғалым пікірінше жеке басты
дамыту, әсіресе, интеллектіні, тек іс-әрекет нәтижесінде жүзеге асады.
Осы орайда іс-әрекет тұлғадан қандай да бір белсенділікті талап етеді.
Ал белсенді тұлға дамыту қоғамның басты талаптарының бірі болып табылады.
Интеллекттік көрсеткіштердің жоғарылығы іс-әрекет нәтижесінің жетістігі
екені белгілі.
Белгілі кеңес ғалымы С.Л.Рубинштейн ойлау теориясы шеңберінде интеллект
табиғатын түсіндіруге тырысты. Оның еңбектерінде психикалық тірі табиғат
дамушылығымен, үздіксіздігімен сипатталады. Кез-келген психикалық
белсенділіктің механизмдері іс-әрекет негізінде қалыптасады. Көрнекті
психолог мынадай көкейкесті мәселені алға тартады: адамының ақыл-ой
қабілетін оның іс-әрекетіне қарап бағалауға болмайды, яғни ойлау процесін
ашу қажет [17]. Кез-келген ақыл-ой қабілетінің түйіні адамға берілген
талдау, жинақтау және қортындылау болып табылады. Ғалым сонымен бірге
ойлауға қабілеттілік деген ұғымды енгізе отырып, оны ойлау дағды
ұғымына қарсы қояды. Демек, тұлғаның интеллекттік әлеуетінің мәні ішкі
процестердің мәдениетін құрастыру болып табылады және сол арқылы адамда
жаңа ой пайда болып, оның даму көрінісін береді.
Автордың пікірінше кез-келген ақыл-ой қабілетінің негізгі компоненті
немесе өзегі сол адамға тән талдау, жинақтау және жалпылау спасы болып
табылады. Сонымен, жекелей алғанда интеллект негізгі ой операциялары-
талдаудың, жинақтаудың және жалпылаудың пайда болуы мен бекітілуіне
байланысты құрылады. Бұл жағдайда қол жеткен ақыл-ой дамуы деңгейінің
көрсеткішінен баланың интеллекттік дамуының әлеуетін анықтауға көшуге
болмайды. Өйткені, тұлғаның шынайы интеллекттік мүмкіндігі кезектегі іс-
әрекет барысында көрінуі мүмкін.
В.И.Крамаренко интеллектіні ақыл-ой қабілеті ретінде және ойлауды ақыл-
ой белсенділігі ретінде шектейді. Ол инттеллект формасы алға шығатын шынайы
негіз және оның өзектенуі (нақты ойлау процесі формасы реінде көрінетін)
арасында бір мағыналық сәйкестілік жоқ деген тұжырымды ұсынады. Оның
пікірінше ойлаудың үстірт құрылымы жиі алдамшы және мәліметсіз болып
келеді. Мұнда субъектінің интеллекттік мүмкіндіктері туралы толық
мәліметтер берілмеген [18].
Шын мәнінде ақылдылықтың психологиялық негізі интеллект болып табылады.
Жалпы алғанда интеллект дегеніміз-психологиялық механизмдер жүйесі, олар
тұлғаның ішінде болып жатқан құбылыстардың көрінісін береді. Ақылдылықтың
психологиялық тамырын интеллект құрылымы және функциялық механимздерінен
іздеу қажет. Саналылықтың психологиялық түбірін интеллект қызметінің
құрылымынан табуға болады .
Психологиялық тұрғыдан алғанда интеллектінің функциясы-шым-шытырақ
нәрсені қалпына келтіру, жаңалық ашу, пікірталастар, яғни адам әрекетінің
барлық саласында білімге, жаңалыққа қол жеткізу, шешім қабылдау.
Қазіргі кезде халықтың интеллекттік күші демографияның аймақтық, ішкі
заттық, психологиялық көрсеткіштермен қоса оның алға дамуының негізі болып
табылады. Біріншіден, қазіргі экономикалық дамудың шешуші факторы
интеллекттік өндіріс, ал жеке меншік түрі интеллекттік жеке меншік көрініс
табады.
Екіншіден, интеллекттік шығармашылық адамның рухани жағының көрінісі
ретінде әлеуметтік механизм рөлін атқарады. Көптеген жылдар бойы адамның
интеллекттік мүмкіндігі тестпен өлшеніп келеді. Ал мұның өзі адам табиғатын
тануда әлсіздік көрсетіп келді .
Сонымен, интеллект табиғатын түсіндіруде түрлы талас сұрақтар
кездескенмен де оның маңыздылығы қай бағыттада айқын көрсетілген. Әрине,
бір жағынан алғанда саналы көзқарас адам өркениетінің күшті ресурсы болып
табылғанымен, екінші жағынан саналы болу деген сөз ең нәзік психологиялық
қабат, кез-келген уақыттағы қолайсыз жағдайда адам оны сыпырып тастайды.
Саналылықтың психологиялық негізі-интеллект екені даусыз. Осы орайда,
интеллектінің табиғатын жаңа тұрпатта түсіндіру қазіргі таңда маңызды
жағдайлардың бірі болып табылады.
Өзіндік бағалау тұлға өмірінде маңызды құрылымдылыққа ие қасиеттердің
бірі болып табылады. Өзіндік бағалау психология ғылымында жеткілікті жан-
жақты зерттелгені белгілі.
Батыс Еуропа және американдық психологтар өзіндік бағалауды қоршаған
ортада бағдарлануды қамтамасыз ететін және өзінің ішкі талаптарын сыртқы
жағдайлармен үйлестіретін механизм ретінде қарастырады. Бұл жағдайда
әлеуметтік орта адамға, оның қажеттіліктері мен ұмтылыстарына жау ретінде
түсіндіріледі. Бұл көзқарасты ұстанушылар З. Фрейд [19] және неофрейдистер
К.Хорни, Э.Фромм [20;21] болды. Аталмыш ғалымдар тұлғаның өзіндік бағалауы
ішкі қозулар мен сыртқы тыйымдар арасында әрдайым шиеленістер туындатады
деп есептеді. Адекватты өзіндік бағалаудың болуы мүмкін емес деген тұжырым
жасады.
Тұлғаның өзі туралы түсініктері толық емес, яғни К.Хорни пікірінше өте
күрделі және өткір шиеленістер тұлғаның өзін асыра немесе жеткілікті
бағаламауынан туындайды деген пікір білдірді [20]. Тұлғаның өзі туралы
идеалдағы Мені әрдайым көкейкесті және шынайы Менмен ұшырасады. К.Хорни
пікірінше, өзін идеалдандыру мен өзін жүзеге асыру арасындағы шиеленіс
ішкі қолайсыздықтың қайнары болып табылады.
Осы орайда, айта кететін жайт тұлғаның Мен жүйесі өзіндік бағалау
қалыптасуда шешуші жағдайлардың бірі. Себебі, Мен жүйесі арқылы қоршаған
ортамен өзара әрекеттесу жүзеге асады. Психологиялық әдебиеттерден Мен-
тұжырымдамасы үш жаста қалыптасады деген тұжырымды көруге болады. Бала Мен
жүйесі арқылы қоршаған ортада өзін бөлектей бастайды. Өз мүдделері мен
мүмкіндіктерін, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін білдіреді. Мұндай
жағдайлар баланың интеллекттік дамуына әсерін тигізуі әбден мүмкін.
Тұлғаның өзіндік бағалауын түсіндіруші келесі бағыттардың бірі
гуманистік психология болды. Бұл бағыттағы тұжырым бойынша өзіндік бағалау
тұлғаның мәнін бейнелейді. Яғни, тұлғаның өзіне эмоциялық-құндылық
қатынастарды білдіреді. Осы бағыт өкілі К. Роджерс пікірінше, Мен
құрамдастарының арасындағы мән неғұрлым жақындасқан сайын, солғұрлым
өзіндік бағалау жоғары болады [22]. Ол өзіндік сана мен өзіндік бағалауды
тұлға құрылымында орталық буынға жатқызды. Автор көзқарасы бойынша өзіндік
бағалау тұлғаның әлеуметтік ортада бағдарлануын және ішкі талаптар мен
сыртқы жағдайлардың келісімділігін қамтамасыз етеді. Ғалым тұлғаның
психикалық тұтастығының маңызды жағдайларының бірі өзіндік бағалаудағы
орамдылық және тәжірибе күшімен бұрын қалыптасқан құндылықтар жүйесін
өзгертуге бейімділігі деп есептеді.
Бірақ, К.Роджерс идеалды және шынайы Мендерді арақатынасын жасайтын
жалғыз фактор деп есептей отырып, тұлға ортасын және тұлғааралық қарым-
қатынас рөлін асыра бағалайды. Осы орайда, автор өз зерттеулерінде тұлғаның
өзіндік санасы қалыптасуындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың рөлін
ескермеді.
Өзіндік бағалауды түсіндіруде К.Левин [23] мотивтер, қызығушылықтар,
талаптану деңгейі және олардың динамикалық арақатынасын қарастырды. Осы
орайда, түрлі тапсырмаларды орындаудағы жетістіктер мен сәтсіздіктерге,
талаптану деңгейіне, шағын топтардағы статусқа өзіндік бағалаудың
тәуелділігі туралы фактілер анықтала бастады. Бірак, бұл жұмыстарда
талаптану деңгейі мен өзіндік бағалау толық түрде шешілмеді. Тұлғаның өз
алдына қоятын мақсаттарының мәні мен қоғамдық мазмұны шеттетіліп қалды.
Өзіндік бағалау әлеуметтік контекстен шығарылып тасталды. Бұл жұмыстарда
өзіндік бағалау дұрыс әдіснамалық негізді иеленбеді. Дегенмен, тұлғаның
өзіндік бағалауын анықтайтын біршама маңызды қорытындыларды ұсынды.
Қазіргі таңда кеңес психология ғылымында өзіндік бағалау теориялық-
эмпирикалық деңгейде терең зерттелген (А.И.Липкина [24], И.И.Чеснокова
[25], В.В.Столин [26], А.В.Захарова [27], П.Р Чамата [28], К.А. Абульханова
[29], Е.И. Савонько [30]). Соңғы жылдардағы эксперименттік зерттеулер
өзіндік бағалауды өз беттілік, жеке тұлғалық феномен, адамның мінез-құлқын
реттеуші деп тұжырымдалады (Д.В.Демина [31], В.Ф.Сафин [32], З.З. Кузьмина
[33], М.И.Лисина [34], В.С.Магун [35], және т.б.).
Өзіндік бағалау компоненттері болып табылатын өзіндік сана-сезімдердің
онтогенетикалық даму ерекшеліктері Б.Г. Ананьевтің [38], С.Л. Рубинштейннің
[39], Л.С.Выготскийдың [40] жұмыстарында қарастырылады.
Сондай-ақ кеңес психологтары өзіндік бағалаудың әлеуметтік
детерминациясына мән береді. Белгілі ғалымдар Л.И.Божович [36], А.А.Бодалев
[37] еңбектерінде тұлғаның өз қасиеттері мен құрылымдарын ұғыну және
өзіндік бағалаудың белгілі бір деңгейі, өзін-өзі тәрбиелеудің алғы шарты,
осы процестің маңызды факторы деп есептеді. Авторлардың пікірінше, өзіндік
бағалау деңгейі мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуге тәуелділігі өзіндік
реттелуде қарқындылықты қамтамасыз етеді.
Тұлғаның жастық позиция өзіндік бағалау ерекшеліктерін
детерминациялайды. Оның дамуы сыртқы ортамен өзара әрекеттесуде тұлға
бағытын өзгертуге мүмкіндік береді. Мұнда өзін-өзі реттеу процесінің мәні
мен өзіндік бағалау дамуы өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші болып
табылады.
Өзіндік бағалау-еңбектің, танымның және қарым-қатынастың күрделі
продуктісі. Мұның негізінде тұлға өз мінез-құлығы мен әрекетін, сондай-ақ,
айналасындағылармен мақсатқа бағытты қатынасын ұйымдастырады.
Ғалым Л.И.Божович еңбектерінде өзіндік сананың әрбір компоненті әр
қалай түсіндіріледі. Осы орайда өзіндік бағалау бірде тұлғаның тірегі
болса, енді бірде іс-әрекетті реттеуші ретінде қарастырылады [38]. Аталмыш
автор өз еңбектерінде тұлғаның басқа адамдарды тануы өзін танудың алдынан
шыға отырып, оның қайнары мен тірегі болып келеді деп көрсетті . Басқа
адамдармен өзін қатар қою және салыстыру өзіндік бағалау критерийі болып
табылады. Тұлға іс-әрекет процесінде өзін басқалармен салыстыры отырып,
басқалардан байқағандарын өзінен табады да, нәтижесінде өз қылықтары мен
әрекеттерін, қасиеттері мен құрылымдарын ұғына бастайды.
Тұрақты өзіндік бағалаудың қалыптасуын, оның талаптану деңгейімен
байланысын және мінез-құлық мотиві ретіндегі рөлін Е.И.Савонько [30],
Е.А.Серебрякова [39], Л.С. Славина [40] және т.б. ғалымдар еңбектерінде
кездестіреміз. Өзіндік бағалаудың тұрақсыздығы өзіне қатынастың
қалыптасуының салдары болып табылмайды. Өзіндік бағалау қылыптасуында
тұрақсыз болып келетін екі стадия бар:
1. Оның құрылу стадиясы;
2. Жаңа жағдайларға байланысты оның тербелісі, сынуы.
Екінші стадияда өзіндік бағалаудың тұрақсыздығы жаңа және ескі өзіндік
бағалау арасындағы күрестен туындайды. Өзіндік бағалау сипатындағы
ерекшелік ақиқат өмірлік әрекеттер арқылы анықталады. Бұл жерде негізгі
фактор бағалау қатынасында бейнеленетін адамның і-әрекеті және
айналасындағылармен қарым-қатынасы болып табылады.
Кеңестік ғалымдар Л.И.Божович және Л.В.Благонадежина еңбектеріңде:
Тұрақты өзіндік бағалау баланың психикалық дамуында маңызды рөл ойнайды.
Тұрақты өзіндік бағалаудың және талаптану деңгейінің қалыптасуы психикалық
даму факторы болып, ішкі қарама-қайшылықтар туындауына алып келуі мүмкін,-
деп көрсетті [41].
Өзіндік бағалау тұлға өмірлік әрекеті процесінде қалыптаса отырып,
оның дамуында маңызды қызмет атқарады және мінез-құлығы мен іс-әрекетін
реттеуші ретінде алға шығады. Көптеген зерттеулерде өзіндік бағалауды
психика дамуында белгілі қызметті орындаушы тұлға құрылымы ретінде
қарастырды .
Кейбір зерттеуде мектепке дейінгі кезеңнен бастап балалардың өз
әрекетін басқаруы ерекше ішкі механизмді иеленеді деп көрсетті (Д.Б.
Эльконин) [42]. Бала өз әрекетін өзіне және өз мүмкіндіктеріне қатысты
реттей бастайды. Белгілі зерттеуші Е.И.Савонько Белгілі зерттеуші Е.И.
Савонько [30] мінез-құлықты реттеуші ретіндегі өзіндік бағалау қызметі
басқа да психикалық ерекшеліктермен қатар дамитындығын және әр жаста жаңа
сапаларға ие болады деп көрсетті. Көптеген ғалымдар өзіндік бағалаудың бұл
қызметінің дамуын оның тұрақтануымен байланыстырады ( Л.И.Божович,
Л.В.Благонадежина, П.Р.Чамата). Себебі, тұрақты өзіндік бағалау тұлғаның
өзіне қатынасының қалыптасуын туындата отырып, оның әрекет-қылығына
маңызды әсерін тигізеді деп есептейді. Әрине, бұл тұжырымнан біз өзіндік
бағалаудың тұрақтылығы тұлғаның өзіне қатынасын ұғынуда басты шарттарының
бірі болып табылатындығын байқаймыз.
Ғалым А.И.Липкинаның зерттеулерінде тұлғаның танымдық әрекеті өзіндік
бағалауға тәуелді болып келеді деген тұжырымы біздің зерттеулеріміздің
негізгі идеясымен астасады [24]. Осы орайда, тұлға өз мүмкіндігін
қаншалықты дұрыс бағалауына байланысты интеллекттік әрекеті солғұрлым
қарқынды болмақ деген тұжырым жасауға болады. Сондай-ақ, іс-әрекеттегі
жетістіктер мен сәтсіздіктер өзіндік бағалау қалыптасудың маңызды
факторларының бірі екендігі белгілі.
Кез-келген психологиялық зерттеулерге талдау жасап, жүйелі тұрғыда
қарасақ, тұлға өмірінде өзіндік бағалаудың маңыздылығы айқын көрінеді.
Себебі, өмірлік мақсаттар қою, оған жету жолдарын табу әрбір тұлғаның
өзіне деген қатынасы арқылы айқындалады деп тұжырымдасақ қателеспеген
болар едік.
Сонымен қатар, біршама зертеулерде өзіндік бағалау тұлғада өзін
құрметтеу, өзін қабылдау, яғни Мен аумағы енетін өзіне деген қандай да
позитивті қатынастың туындауы болып табылады [23;24].
Өзіндік бағалау тұлға дамуы барысында құрылады. Біртіндеп әлеуметтік
тәжірибені меңгеру процесінде қайта құрылып, тұлғаның өзіндік санасын
қалыптастыра отырып, оның құрамына кіреді. Өзіндік бағалау өзіндік санада
көрінеді. Тұлғаның өзіндік санасы негізінде қоғамдық сана қалыптасады.
Сондықтан, қазіргі таңдағы түбегейлі бетбұрыстарға орай өзіндік бағалауды
этнопсихологиялық жаңа сипатта зерттеу психология ғылымына жаңа
мәндеттерді қояды.
Жалпы алғанда тұлғаның өзіндік бағалауы өзіндік сана бөлігі ретінде
функционалданады. Өзіндік бағалау-өзіне қатынасты, индивидтің сыни тұрғыда
қаралатын өзіндік сананың арнайы функциясы. Өзіндік бағалау тұлғаның
жайлылық немесе жайсыздық жағдайын детерминанттайтын өзіндік сананың тірек
бөлшегі болып табылады. Яғни, өзіндік бағалау тұлғаның өзі туралы
білімдерінің қайнар көзі.
Белгілі ғалымдар В.В.Столин, С.Р.Пантилеев өзіндік бағалауды өзіндік
қатынас құрылымында қарастырды [26; 42].
Р.С.Пантилеевтың пікірінше, өзіндік бағалау тұлға дамуында
әлеуметтенудің алғашқы тәжірибесінің әсерінен дамиды. Осыған орай, өзіндік
бағалау-даму барысында биологиялықтың, психологиялықтың және
психоәлеуметтіктің өзара әрекеттестігінің нәтижесі болып табылады [42].
Өзіндік бағалау тұлға мінез-құлқының дамуында өз орнын қабылдау үшін
ерекше маңызға ие. Тұлға есейген сайын өзіндік бағалау шынайы сипатта
көріне бастайды.
Сондай-ақ өзіндік бағалау әлеуметтік ортада өзара әрекеттесу негізінде
қалыптасатындығын тұжырымдайтын зерттеулер де бар. Яғни тұлға қорғандармен
өзара әрекеттесе отырып, өз орнын анықтайды да, соның нәтижесінде өзіндік
бағалау қалыптасады .
Өзіндік бағалау тұлға психикасының жеткілікті деңгейдегі күрделі
құрылымы. Ол күрделі кезеңдерде және тұлға қалыптасуының әртүрлі
деңгейінде болатын өзіндік сана процесінің жалпыланған жұмысы негізінде
туындайды. Сондықтан да, өзіндік бағалау әрдайым өзгереді және өзіндік
кемелденеді. Өзіндік бағалацһуды анықтау процесі шексіз, себебі, тұлға
әрдайым дамиды, мұнан оның өзі туралы пікірлері өзгереді.
Ғалым И.И.Чеснокова пікірінше тұлға өзіндік бағалауының негізгі
функциясы-мінез-құлық және іс-әрекетті реттеудің қажетті ішкі жағдайы
болып табылады. Яғни, өзіндік бағалау өзіндік сана құрылымына енеді [43].
Ал, А.В. Захарова пікірінше, өзіндік бағалау өз дамуында динамикалық
әлеуметтік негізделген психикалық құрылымдар болып табылады. Өзіндік
бағалау дамуының негізгі жағдайы қоршаған ортамен қарым-қатынас және
тұлғаның жеке іс-әрекеті екені белгілі. Өзіндік бағалаудың қалыптасуы
тұлға дамуының әлеуметтік жағдаятының өзгеруімен байланысты, яғни қоршаған
ортадағылардан жаңа талаптардың көрінуі, өзбеттіліктің кеңеюі және өзін
жаңа қырдан көру [27]. Автор тұлғаның өзіндік бағалауы қалыптасуына
мақсатқа бағытты ықпал ете отырып, ең алдымен, тұлғаның қандай қасиеттерді
таныту керектігіне мән беру қажет деген тұжырымды ұсынады. Сонымен бірге,
ол жоғары немесе төмен, тұрақты немесе динамикалық, адекватты немесе сыни
өзіндік бағалауды біржақты көрсетуге болмайтындығын атап өтті.
Өзіндік бағалау табиғаты бойынша күрделі құрылым және ол жүйелі болып
келеді. Ол тұтас, сонымен қатар, көп аспектілі, көп деңгейлі және
иерархиялық құрылымға ие. Өзіндік бағалау басқа да психологиялық
құрылымдармен, іс-әрекеттің әртүрімен, қарым-қытынас формалары және
деңгейлерімен, тұлғаның когнитивті, рухани және эмоциялық дамуымен
көптеген жүйе астары байланыстарға қосылған.
Өзіндік бағалау жүйелік құрылым бола отырып, құрылымдық-динамикалық
модельге ие. Өзіндік бағалау танымның ерекше объектісі ретінде тұлғаның
өзін-өзі бейнелеу формасын, құндылықтарды қабылдауын, жекелік мазмұндарды,
мінез-құлықтың қоғамдық талаптарға бағдарлануын, сондай-ақ, сыртқы дүниені
жанама тану, субъектінің онымен белсенді өзара әрекеттестігін білдіреді.
Өзіндік бағалау компоненті екі құрылымды білдіреді: 1) когнитивті және
2) эмоциялық. Когнитивті құрылым тұлғаның өзін танып білуі болса,
эмоциялық құрылым-бұл өзіне деген қатынасы. Өзіндік бағалаудың уақыттық
қатынасы оның түрлерін анықтайды.
Тұлғада адекватты өзіндік бағалау қалыптасуы үйлесімді даму үшін өте
маңызды деп тұжырымдайтын зерттеулер де бар. Яғни, өз қабілеттерін, түрлі
аумақта өз мақсатына жету деңгейін шынайы көру және бағалай алу ептілігі
болып табылады.
Тұлғаның өзіндік бағалауы-бұл өзін шынайы және адамгершілікті тұрғыда
бағалау қабілеті. Өзіндік бағалауы жоғары және адекватты деңгейдегі
адамдар өз айналасында адалдық, жауапкершілік, жақсы көру және ортақтасу
сияқты атмосферасын құрайды. Мұндай адамдар өздерін маңызды және керекті
және өз өмірі жақсы болып тұрғандай сезінеді. Ол өзіне сенеді, қиын
жағдайда басқалардан көмек сұрауға дайын, бірақ, әрдайым өз бетінше шешім
жасауға, ойластырған түрде әрекет жасауға, таңдау жасауға қабілетті
екендігіне сенімді болып келеді. Ол өзінің маңыздылығын әрдайым сезінеді
Тұлға алдына күрделі міндеттерді қойғанда, қиындықтар туындап және оны
шешу талап етілсе, өзіндік бағалауы төмендеуі мүмкін. Бірақ, бұл уақытша
сезім, туындаған дағдарыстың табиғи нәтижесі ретінде қабылданады. Бұл
дағдарыс қандай да бір жаңа мүмкіндіктердің бастамасы болуы мүмкін.
Тұлға дағдырыс кезінде өзін жақсы сезінбейді, бірақ, өзіндік бағалауы
жоғары адамдар жеңетінін біле отырып, өз құндылықтарын сақтап,
қиындықтардан қашпайды.
Өзіндік бағалау-бұл тұлғаның өзін-өзі, өз мүмкіндіктерін, қасиеттерін
және басқа адамдар арсында орнын бағалауы болып табылады. Тұлғаның мінез-
құлығы өзіндік бағалау арқылы реттеледі, ал, өзіндік бағалау айналадағы
адамдармен қарым-қатынас барысында қалыптасады. Жаңа бағалауларға ие болу,
алғашқылардың мағынасын өзгертуі мүмкін. Көптеген ғалымдар өзіндік
бағалауды түсіну үшін үш сипатты ерекше бөліп көрсеткен (Липкина А. И.
[24], П.Р. Чамата [28], Л.И. Рувинский[44]). Біріншіден, өзіндік бағалау
қалыптасу үшін шынайы Мен-бейнесінің идеалды Мен-бейнесімен салыстырылуы
ерекше рөлге ие. Екінші фактор, сол адамға әлеуметтік реакцияның
интериоризациясымен байланысты. Үшінші фактор, тұлға өз іс-әрекетінің
жетістігін және ұқсастыру көлеңкесі арқылы оның көріністерін бағалайды.
Өзіндік бағалауды анықтау процесі шексіз болып келеді. Себебі, тұлға
өзі әрдайым дамып отырады. Мұнан өзі туралы пікірлер де өзгереді. Мұнын
бәрі өзіндік бағалауды төселу тәсілдері мен мазмұнының, сонымен бірге,
мінез-құлықты реттеуде қатыстылық мөлшерінің өзгеруіне алып келеді.
Тұлғаның психикалық өмірінде өзіндік бағалаудың негізгі функциясы
мінез-құлық және іс-әрекетті реттеудің қажетті ішкі жағдайы болып
табылады. Тұлға өзіндік бағаулауы арқылы мүмкіндіктерін саралап, іс-
әрекетті соған орай икемдейді.
Шетел психологы У. Джеймс [45] ең алғаш өзіндік бағалаудың эмоциялық
компонентін ажыратты. Яғни, тұлғаның талаптану деңгейімен байланысты
өзіндік құрмет. Мұның мәні тұлғаның өзі туралы білімдерінің қалыптасуы
оның өзгені тануына тәуелді. Ол Мен құрамын үшке бөлді: рухани Мен,
физикалық Мен және әлеуметтік Мен. Автордың бөлген Мен құрамы
өзіндік бағалауда әртүрлі деңгейде көрініс береді. Және тұлға қажеттілігін
қанағаттандыруда түрліше функционалданады.
Автордың зерттеулерінде өзіндік бағалау формуласы анықталды. Бұл
формула бойынша тұлға жеткен жетістіктер талаптану деңгейімен
салыстырылады. Мұны төмендегіше көрсеткен:

жетістіктер
Өзіндік бағалау=-------------------------
талаптану деңгейі

Жетістікке жету жағдайында талаптану деңгейі әдетте жоғарылайды, тұлға
күрделі тапсырмаларды орындауға дайын екендігін көрсетеді, керісінше
сәтсіздікке ұшырағанда қатысты жағдай төмендейді.
Міне мынадай жағдайлар тұлғаның өзіндік бағалауын қалыптасуында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері туралы
Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері
Интеллектіні психогенетикалық зерттеу жайлы ақпарат
Эмоцияларды басқару
Адамның этномәдени даму мәселелері
Поли және моноэтностық топтарға арналған әдебиеттерді талдау
Поли және моно этностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері
Антикалық кезеңдегі этнопсихологиялық ойлардың дамуы
Жас кезеңдерінің ұзақтығы
МЕКТЕПТІ БАСҚАРУ ІЛІМІМЕН және ОНЫ ЗЕРТТЕУ әдістерінің ИНТЕГРАЦИЯСЫ
Пәндер