Білім беру модернизациясының әлемдік тәжірибесі және оқытудың интерактивті әдістері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Тарау. Білім беру жүйесін жаңалау бағытына әсер етуші факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Жаһандану жағдайындағы білім берудің жаңа тұжырымдамасы мен моделі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. АҚШ.ғы саяси оқиғалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3. Еуропалық білім беру жүйесінің реформалары ... ... ... ... ... ..9
1.4. Бизнес.білім берудің мәні мен қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.5. Бірыңғай білім беру кеңістігін құру қажеттілігі туралы ... ... ..16
Экономикалық білім беруді қамтамасыз ету мен ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Институционализм қазіргі заманғы экономикалық теорияның бағыттарының бірі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Білім беру жүйесіндегі реформаның ұйымдастырушылық. экономикалық компоненттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

2.Тарау. Жаһандану заманындағы оқытудың интерактивті әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
2.1. Жоғары білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың әлемдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.2. Онлайндық бағдарламалар жүйесіндегі жоғары оқу орындары, оқытушылар және студенттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
2.3. Виртуалдық оқыту, қажеттілігі және даму тенденциялары ... 36
2.4. Дистанциялық оқыту: мәні, даму сатылары және тәжірибе...38
2.5.Тренинг ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
2.6.Белсенді оқыту әдістері. Іскерлік ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... 48
2.7. Студенттердің оқу іс.әрекетін өзін.өзі ұйымдастырудың мәні және қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
Түйінді сөздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .66
Әлемдік өндірісте болып жатқан әлеуметтік–экономикалық өзгерістер, дамыған елдердің постиндустриалды қоғамға өтуі жаңа экономикалық парадигманың қалыптасуын қамтамасыз етті. Ондағы экономиканың тиімді сапалы және құрылымдық өзгерістерге (түрлендіруге) бейімділігі адам және оның қабілеттігін қалыптастыратын байлықтар мен салалардың материалды емес формаларға тікелей тәуелді болады. Бұл контексте білім беру жүйесінің рөлі мен маңызы артады. 2015 жылға дейінгі тұжырымдамада білім беру жалпы ұлттық басымдық ретінде қарастырылатыны белгілі. Ол адамзат капиталымен қатар елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің базасын құрайды. Бүкіл білім беру жүйесінің жетекші буыны педагогикалық білім беру болып табылады ([18]).
Экономикадағы трансформациялық үрдістер білім берудің барлық деңгейлерінің модернизациясына әкелді, бірыңғай білім беру кеңістігінің құрылу үрдісі жүріп жатыр. Сондықтан білім беру саласының мазмұны мен ұйымдастыруын қалыптастыру бойынша АҚШ, дамыған Батыс елдерінің тәжірибелері бірінші тараудың негізін құрайды.
Білім беру модернизациясының әлеуметтік құрастырушысы болып халықтың барлық санаттарына білім алуда теңдей мүмкіндіктерді құру табылатыны белгілі. Әлемдік дамудың бағыты мынада: білім беру барған сайын адамға жақындай түсуде. Әртүрлі жолдармен–білім берудің дистанциялық формалары, филиалдардың ашылуы,мемлекеттік емес бағдарламалар, жеке бағдарламалар және т.б. арқылы, мұндағы өзекті бағыт - бұл білім берудің оңтайлылығын қамтамасыз ету. Осыған сәйкес екінші тарауда балалар мен ересектерді оқытудың кейбір қазіргі заман әдістерін қарастыруға тырыстық.
Бұл жұмыста шетелде білім беру мәселелері бойынша ресей авторларының ғылыми мақалалары, заң құжаттары, статистикалық мәліметтер және т.б. пайдаланылды.
1. Животовская И.Г. Европейская система образования в условиях глобализации //Экономика образования, 2003. №4.
2. Косолапова Н.В. Бизнес-образование и традиции российского образования //Экономика образования, 2003. №4.
3. Субботин А.К. Глобальная образовательная стратегия и бизнес-образование для развивающихся стран в первой четверти 21 века //Экономика образования, 2002. №4
4. Баширова М.Я. Вклад высшего образования в социально-экономическое развтите страны // Финансы и кредит, 2005. №17 (185)
5. Рамазанов А. Интеллектуализация отношений собственности //Экономист, 2005. №2
6. Зарецкая С.Л., Семеко Г.В. События 11 сентября 2001 г. и система высшего образования США // Экономика образования, 2002-№4.
7. Преимущества обучения в режиме on-line //Экономика образования, 2002-№2.
8. Информационные технологии и университеты //Экономика образования, 2003-№6.
9. Черноморова Т.В. Преподаватели и обучение в режиме on-line //Экономика образования, 2002-№4.
10. Семеко Г.В. Проблемы экономического образования во Франции, //Экономика образования, 2002-№2.
11. Тамбовцев В. Реформы российского образования и экономическая теория //Вопросы экономики, 2005, №3.
12. Зарецкая С.Л. Виртуальное обучение в совремменном мире: тенденции развития, Эффективность и перспективы //Экономика образования, 2002-№3.
13. Животовская И.Т. Дистанционное обучение в мире: история, теория и практика //Экономика образования, 2002-№4.
14. Жилинкова А.П. Дистанционное обучение: этапы становления и перспективы //Экономика образования, 2002-№5.
15. Трайнев В.А. Деловые игры в учебном процессе. – М. Издательство «Дашков и Кº», 2002-360с.
16. Пучков О.А. Солопова Н.С. Самоорганизация учебной деятельности в юридическом вузе (методологические основы).
17. Модернизация образования// Экономика образования, 2003-№5.
18. Министерство образования и науки РК. Концепциянепрерывного педагогического образоваия педагога новой формации Республики Казахстан (проект) // Казахстанская правда. – 18.08.2005.
19. Исаева З.А., Мынбаева А.К., Садуакасова З.М. Активные методы и формы обучения в высшей школе. –А: Қазақ университеті, 2005.
20. Шаститко А.Е. Неоинституционализм //Вестник МГУ, 1997- №6.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Т. С. Сарбасова, А. К. Сарбасова
Ж. Т. Бейсенбаев

Білім беру модернизациясының әлемдік тәжірибесі және оқытудың
интерактивті әдістері

Оқу құралы

Алматы
Қазақ университеті
2006
Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті экономика және бизнес
факультетінің Ғылыми кеңесі және Редакциялық – баспа кеңесі ұсынған

Пікір жазғандар:

Экономика ғылымдарының кандитаты, доцент Г. Т. Күренкеева;
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ұ. Б. Төлешова

Сарбасова Т.С., Сарбасова А.К., Бейсенбаев Ж.Т.
Білім беру модернизациясының әлемдік тәжірибесі және оқытудың интерактивті
әдістері. Оқу құралы – Алматы:
Қазақ университеті, 2006ж. 67-бет.

Оқу құралында біртұтас білім кеңістігін құру қажеттілігіне алып келген
әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің әлемдік білім беру саласындағы
кешенді талдауы келтірілген және бұл контексте әлемдік білім беру жүйесіне
толығымен кірігудегі Қазақстанның орны анықталған.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына арналған.

с Сарбасова Т.С., Сарбасова А.К.,
Бейсенбаев Ж.Т., 2006
с Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2006.

Кіріспе

Әлемдік өндірісте болып жатқан әлеуметтік–экономикалық өзгерістер,
дамыған елдердің постиндустриалды қоғамға өтуі жаңа экономикалық
парадигманың қалыптасуын қамтамасыз етті. Ондағы экономиканың тиімді сапалы
және құрылымдық өзгерістерге (түрлендіруге) бейімділігі адам және оның
қабілеттігін қалыптастыратын байлықтар мен салалардың материалды емес
формаларға тікелей тәуелді болады. Бұл контексте білім беру жүйесінің рөлі
мен маңызы артады. 2015 жылға дейінгі тұжырымдамада білім беру жалпы ұлттық
басымдық ретінде қарастырылатыны белгілі. Ол адамзат капиталымен қатар
елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің базасын құрайды. Бүкіл
білім беру жүйесінің жетекші буыны педагогикалық білім беру болып табылады
([18]).
Экономикадағы трансформациялық үрдістер білім берудің барлық
деңгейлерінің модернизациясына әкелді, бірыңғай білім беру кеңістігінің
құрылу үрдісі жүріп жатыр. Сондықтан білім беру саласының мазмұны мен
ұйымдастыруын қалыптастыру бойынша АҚШ, дамыған Батыс елдерінің
тәжірибелері бірінші тараудың негізін құрайды.
Білім беру модернизациясының әлеуметтік құрастырушысы болып халықтың
барлық санаттарына білім алуда теңдей мүмкіндіктерді құру табылатыны
белгілі. Әлемдік дамудың бағыты мынада: білім беру барған сайын адамға
жақындай түсуде. Әртүрлі жолдармен–білім берудің дистанциялық формалары,
филиалдардың ашылуы,мемлекеттік емес бағдарламалар, жеке бағдарламалар
және т.б. арқылы, мұндағы өзекті бағыт - бұл білім берудің оңтайлылығын
қамтамасыз ету. Осыған сәйкес екінші тарауда балалар мен ересектерді
оқытудың кейбір қазіргі заман әдістерін қарастыруға тырыстық.
Бұл жұмыста шетелде білім беру мәселелері бойынша ресей авторларының
ғылыми мақалалары, заң құжаттары, статистикалық мәліметтер және т.б.
пайдаланылды.

І-тарау

Білім беру жүйесін жаңалау бағытына Әсер етуші факторлар
1.1. Жаһандану жағдайындағы білім берудің жаңа
тұжырымдамасы мен моделі
Жаһандану деп өндіріс сферасындағы микроэлектрондық революция туғызған
өнеркәсіптік төңкерістің нәтижесін айтады. Басқа нәтижесі ретінде
өнеркәсіптік дамыған елдердің дамудың постиндустриалды сатысына өтуін, ал
мемлекеттік саясат саласында кейнсиандық идеологиядан неолиберализмге
өтуін атайды.
ХХ ғасырдың 70–ші жылдардағы Еуропа елдерінде байқалған экономикалық
және институционалды дағдарыстан шығу еркін нарыққа қайта келумен,
бәсекелестік индивидуализмге негізделген жеке мүдде мен бастаманың қайта
өрлеуімен байланыстырылды. Ең ақырында бәсекелестіктің өсуіне қол жеткізу,
демек өңдіріс шығындарын азайтуға қол жеткізу мүмкін еді. Бұл елдердің
жаңа әлемдік еңбек бөлінісіне және әлемдік нарықтағы бәсекелестің жаңа
шарттарына бейімделу үрдістерін күшейтер еді.
Қарқынды техникалық прогреспен үйлесе отырып, экономиканы және каржыларды
либералдау экономика, қаржылар, нарықтар саласында бірыңғай кеңістікті
қалыптастырудың алғышарттарын құрды. Олардың заңдары қазіргі кезде жеке
елдердің, өндірушілердің және азаматтардың орнын анықтайды.
Ақпараттық–коммуникациялық желілердің дамуы ақпараттық және интелектуалды
кеңістіктің қалыптасуына әкелді. Осылайша, батыс қоғамдарының дамуындағы
көп нәрсе қазіргі таңда әлемдік нарықтарда өсіп келе жатқан бәсекелестік
және нарықтар ұсынатын идеялармен және құндылықтармен анықталады.
Жалпыға бірдей коммерциялизациялау және бәсекелестік күрес пен нарық
логикасын енгізудің әлемдік үрдісіне мәдениет, білім беру, денсаулық
сақтау, әлеуметтік қызметтер сияқты сфералар түсті, бұл сфералар бұрында
қоғамдық игілік ретінде қарастырылатын.
Аталған өзгерістерді бәрі бірдей қабылдамайды, себебі:
- біріншіден, кейбіреулер онда еуропалық елдерге тән, демократиялық
құндылықтарға төнетін қауіп бар деп ойлайды;
- екіншіден, және бұл бастысы, бүгінгі таңдағы білім беру-бұл
стратегиялық ресурс және оны тиімді пайдалану жеке елдердің өндірушілердің
және тұлғалардың жетістігін қамтамасыз етеді;
- үшіншіден, осының салдары ретінде білім беруді дамыту проблемаларын
талқылауға білім беру саласындағы мамандар, басқарушылар мен ата–аналар
ғана емес, сонымен қатар іскер топтар, халықаралық ұйымдар – ЮНЕСКО, ОЭСР,
әлемдік банк, ХВҚ (МВФ) және ХСҰ (ВТО) қатысады;
- төртіншіден, білім беру елдердің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
факторына айналып отыр.
Білім берудің жаңа тұжырымдамасы мен моделі қажет пе?, -
деген сұраққа жауап беруден бұрын, алдымен білімнің өсуі мен оның
қолданылуының экономикаға әсерін анықтайық. Бұл үшін кейбір мәліметтерді
келтірейік.
Әлемдік банктың бағалауы бойынша, білім ел дамуының негізгі факторына
айналып отыр. Адам капиталы елдегі жалпы байлық көлемінің 64%-ға жуығын
құрайды. АҚШ-та ЖІӨ-нің 45%-ы ғылыми зерттеулер, білім беру, бағдарламалық
қамтамасыз ету өндірісі сферасында жасалады ([4], 50б.).
Ақпараттық технологияларды пайдалану Нью-Йорк биржасына өз тиімділігін
400%-қа жоспарлатуға мүмкіндіктер берді. Қоғамның білімін бір академиялық
жылға арттыру ЕО экономикасын қысқа мерзімдік переспективада 5%-ға және
ұзақ мерзімдік перспективада 2,5%-ға өсуін қамтамасыз етті ([4], 51б.).
Білім өз мәні жағынан демократиялық болғанымен, білім беру сферасында
жаһанды бәсекелестік болып отыр: қаржыландыру көлемі мен студенттер үшін
жоғарғы оқу орындары арасында; еңбек нарығындағы мамандар арасында; еңбек
ресурстары үшін елдер арасында.
Осындай жағдайда елдің экономикалық өсуі мен әлеуметтік бірлігіне қалай
қол жеткізуге болады? Әр елдер мәселесінің шешімін әрқалай табады. Алайда,
Әлемдік банк мынандай ұсыныс беріп отыр: білім беруге салынатын
инвестицияның жалпы деңгейі ЖІӨ-нің 4-6%-ын құрауы тиіс. Орташа
есептегенде, ЕО елдері ЖІӨ-нің 5%-ын, АҚШ ЖІӨ-нің 6,6%-ын, Жапония 3,5%-
ын, Ресей 0,62%-ын, ҚР ЖІӨ-нің 1%-дан аз ғылымға жұмсайды.
Білім беру сферасындағы 10 жылдық нарық реформалары білімді дамытуға
деген кәсіпкерлік көзқарастың кері жақтарын айқындады. Ең алдымен, бұл:
- білімге практикалық және тұтынушылық көзқарастарын нығайту, оның
руханилығы мен ағартушылығының маңызын жою ТҰК–мен монополиялар
жағынан ұлттық жүйелерге қауіп төндіреді, азаматтардың
құқықтарына, еркін білім алуға кедергі жасау;
- білім берудегі нарықтық бастамалар әр түрлі елдердегі элиталар үшін
мүмкіндіктердің жоғарғы теңдігіне, ал ел ішінде қоғамның күрт әлеуметтік
поляризациясына әкеледі;
- білім беру саласындағы мамандар мен саясаткерлер мемлекетті білім беру
саласынан шығару тенденциясына қарсы, өйткені мемлекет өзінің қоғамдық
маңыздылығынан айырылады: білім беруге таңдау, бәсекелестік,
стандарттар, еркіндік сияқты түсініктер маңызды бола бастады;
- білім берудің нарық сұраныстарына бағытталуы сынға түсіп отыр: мәселен,
мектептік білім беру сферасындағы басымдықтар жұмыс табуға мүмкіндік
беретін мәселелерге, білімге және ептілікке шоғырлануға фундаменталды
білімі бар ерекше тұлғаны қалыптастырудан жылжып отыр;
- нарық жоғарғы білімді әлемдік нарықтарда қысқа мерзімдік бизнес
қажеттілктеріне сәйкес кадрларды даярлауға және зерттеулерді жүргізуге
бағыттайды және де экономика мен қоғамның әрі қарай дамуы үшін фундаментін
жоя отырып, табиғи және қоғамдық ғылымдар саласындағы фундаментальды
зерттеулерге зиян келтіреді;
- мамандарды сонымен бірге білім беру бағдарламаларында әлеуметтік
негіздің болмауы, білім беруді жалпы гуманитаризациясыздандыру да алаңдатып
отыр, бұл болашақта қоғамның, экономиканың мәселелерін ұзақ мерзімде
көруіне зиян әкеледі.
Сонымен, бүгінгі таңда жаһандану жағдайындағы қоғам дамуының ұлттық
ерекшеліктерін ескере отырып, жоғарғы технологияның қажеттіліктеріне сәйкес
білім берудің жаңа тұжырымдамасы мен үлгісін құру қажет.
Моделдің негізі–бұл үздіксіз білім беру немесе өмір бойы оқыту. Осыған
байланысты білім берудің дәстүрлі ұйымдастырылуы мен институтционалдық
құрылымын, мектептік, жоғары оқу орнындағы, жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беруден және ересектерге білім беруден бастап радикалды қайта құру
керек.
Тұжырымдаманың жарияланған жобасында ([18]) үздіксіз білім беру жүйесі
деп білім берудің барлық деңгейіндегі өзара іс-әрекет ететін оқу орнындары
жүйесіндегі бірізді, келісілген оқу бағдарламаларын, педагог қызметін,
тұлғаны дамыту, сондай-ақ педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру және
қайта даярлау жүйесін дамыту жолдарының, тәсілдерінің және құралдарының
жиынтығын айтады. Тұжырымдамада, сонымен бірге, үздіксіз педагогикалық
білім берудің қағидалары анықталған, сондай–ақ буындарының жүйелілігі
негізінде білім берудің барлық 5 сатысының мазмұнын талдау келтірілген.
Тұжырымдаманы жүзеге асыру сатылары мен күтілетін нәтижелері табылды.
Білім беру жүйесіне қоғамдық жоба дәрежесін қайтару қажет, онда барлығы
үшін мүмкіндіктер теңдігі қамтамасыз етілер еді.
Жаңа әлеуметтік келісім-шарт жасау керек, мұнда мемлекет білім беру
қызметтерін алуға тұтынушылар құқығының, сондай-ақ азаматтардың өмір бойы
білім алуға құқығының кепілі ретінде шығады. Ал білім беру жүйесі
азаматтардың жекелеген және әр түрлі қажеттіліктеріне сай келуі тиіс.
Білім беру сапасын бақылауды мемлекет жүзеге асыруы қажет.
Осылайша, білім беру қазіргі жаңа әлемде қоғамдық игілік қызметін өзіне
қайтаруы тиіс, ал оның дамуына ұлттың әл-ауқаты байланысты.

1.2. АҚШ-ғы саяси оқиғалар
Бұл оқиғалар американдық қоғам өмірінің көптеген жақтарына,
экономикасына, жекелей алғанда, жоғары білім беру жүйесіне күшті әсер етті.

Студенттер қандай колледждерді таңдады:
- Потенциалды студенттердің қауіпсіздік мәселесіне алаңдаушылығы
өскендіктен, олардың көбісі үйлеріне жақын орналасқан оқу орындарын
таңдайды;
- Колледждердің 30%-ы жақын жатқан аймақтарда тұратындарға басты назар
аударды;
- 173 жеке және 63 мемлекеттік колледждер жарнамалық қағаздарда
кампустардағы қауіпсіздік пен білім беру мәселелеріне үлкен көңіл бөлді
([6] 27б.).
АҚШ–ғы шетелдік студенттер санының динамикасы қандай? 2002 жылдың мамыр
айында АҚШ сенатымен қабылданған шекара қауіпсіздігі туралы заңның
негізінде келесі шаралар қабылданды:
- туристік визаның студенттік визаға алмастырылуы қиындайтын болады;
шетелдік студенттердің тәртібі үшін жауапкершілік университеттерге
жүктеледі;
- виза алушылардан қосымша қаражаттар алынатын болады (мәліметтер
базасына мәліметтерді кіргізу үшін) және оларды алу мерзімі ұзартылады;
Осыған сәйкес оқығысы келетіндердің саны қысқарады, демек колледждердің
табыстары қысқарады, себебі шетел студенттері өз оқуларын толық төлеп
отырған.
Тиісінше, ағылшын тілінің жазғы курстарына қатысатын шетелдіктердің саны
қысқарады. Ескеретін бір жәйт, шетел студенттерін қабылдап отырған елдерге
қаржы ресурстарының жалпы ағыны жыл сайын 20 млрд. долларды құраған. АҚШ-та
шетелдік студенттердің ағымы ел экономикасына 2002 жылы 12,3 млрд. долларды
қамтамасыз етті. 19992000 оқу жылында АҚШ–та 515 мыңға жуық шетел
студенттері білім алды, ал Францияда–180 мың студент, Австралияда–70 мың
студент. Ресей білім беру қызметімен осы қызметтерді тұтынушылардың әлемдік
нарығының тек 1%-ға жуығын ғана қамтамасыз етіп отырды ([3], 16б.).
- Шетел студенттері мен аспиранттар санының қысқаруынан табиғи және
техникалық факультеттер (әсірісе, шетелдіктер есебінен өмір сүретін шағын
университеттер) және мазмұнын әскери мақсатқа пайдалану потенциалды мүмкін
болатын академиялық сабақтарды оқып үйрену ең көп зардап шегеді;
- Сонымен бірге жарты оқуын АҚШ–та өткісі келетін ағылшын студенттерінің
саны өсті. Мұны АҚШ–тың сырты саясат мәселелеріне қызығушылықтың күшеюімен
байланыстырады. Мәселен, Уэйн Университетінде (Огайо штаты) олардың саны
бір жыл ішінде 50%-ға дейін артты. Ағылшын студенттерінің Фулбрайт
стипендияларын (30%-ға), Кеннеди Мемориалды трастын (12%-ға) алуға
өтініштерінің саны өсті, себебі соңғы трасттар атақты университеттерде,
мәселен Гарвард секілді университеттерде оқу құнын толық төлейді ([6],
31б.).
Оқу курстарының құрылымы және білім берудің мазмұны өзгертілді, жеке
алғанда:
- адам іс-әрекеттеріне байланысты стихиялық апаттардың алдын алу,
мәселен ғимараттарды жарылыс қауіпінен сақтау, жалпы қауіпсіздікті
қамтамасыз ету, бөлмелерді ауамен қамтамасыз ету жүйесіндегі бұзылулардың
алдын алу, құтқару психолгиясы және т.с.с.;
- әртүрлі катаклизмалармен байланысты тәуекелді сақтандыру саласындағы
қызметінің маңызы жоғарлады, осыған сәйкес тәуекелдерді басқару бойынша
оқыту бағдарламалары енді апаттардың теорияларын зерттеуді, әсіресе табиғи
апаттардың, терроризм және қылмыстық әрекет тәуекелдерін экономикалық және
техникалық шешімдерді қабылдауды, қоғамдастықтың, мемлекеттік көмектің
рөлін және т.с.с. зерттеуді қамту қажет.
- Таяу Шығыс проблемаларына, исламға, араб тіліне және халықаралық
байланыстарға, сәйкесінше тиісті курстарға деген қызығушылық күрт өсті;
Мәселен, 2001 жылдың қазан айының соңына қарай Чикаго университетіндегі
араб тілінің бастапқы курстарында тыңдаушылардың саны 70%-ға өсті, ал
Стэнфорд университетінде палестина, сионизм және араб–израиль қақтығысы
курсында олардың саны 40–тан 100 адамға дейін артты; Бостон университетінде
95 студент терроризм бойынша курс өтуін талап етті және т.б.;
- Калифорниялық университетте (Лос-Анджелес) 50 жаңа курс енгізілді, жеке
алғанда, колониалды Мысыр әдебиеті және Алжир мен бельгиялық Конгодағы
соғыстарды оқып–зерттеу бойынша, лаңкестік және Макиавелли философиясы,
талибан қозғалысын, лаңкестік тарихын оқып–үйрену және т.б.
- араб, корей және парсы тілдері бойынша мамандарды даярлауды арттыру
қажеттілігі туындады, бұл әлемдік нарықтағы АҚШ–тың экономикалық бәсеке
қабілеттілігінің өсуіне және басқа елдермен байланысты нығайтуға мүмкіндік
туғызар еді ([6], 32-33б.б.).
11 қыркүйек оқиғасының тағы бір салдары–бұл on-line оқытуына
қызығушылықтың пайда болуы: авиатасымалдау мәселесі бойынша алаңдаулар
электронды білім алудың артықшылықтарын анықтады, мұнда ешқандай жерге
барудың қажеті жоқ, мәселен, іскерлік әкімшіліктің магистр дәрежесін алу
үшін.
Күйдіргі ауруының пошта арқылы тарату жағдайлары корреспонденцияны
электрондық пошта арқылы таратудың, демек білім беру саласындағы
интернет–технологияларды пайдаланудың артықшылығын ұлғайтады. Мұны кең
тыңдармандар үшін Гарвард, Йель университеттерінің және т.б. студенттерін
қабылдау қызметтері қолданды.

1.3. Еуропалық білім беру жүйесінің реформалары
80–ші жылдардың ортасында басталған реформалардың мақсаты– бұл ұлттық
білім беру жүйелерін өндірістің жаңа жұмыс істеу жағдайларына, сондай-ақ
жаһандану мен техникалық прогрестің ықпалындағы экономикадағы және
қоғамдағы өзгерістерге бейімдеу ([1], 25б.).
Бұл реформаларды жүргізуге дейін білім беру былайша қарастырылған:
- ол мемлекеттің айрықша құзыреті болып табылады, ал білім беру құқығы
демократиялық мемлекеттің құндылықтар жүйесінің бөлігі болып табылады;
- мемлекет шеңберінде жеке азаматтардың әлеуметтік әділеттілік пен
әлеуметтік интеграциясын қамтамасыз етудің фундаменталды шарты ауқымды
оңтайлы мемлекеттік білім беру болып табылады;
- ол қоғамдық игілік болып табылады және барлық азаматтарға мемлекетпен
кепілді минималды өмірлік стандарттардың жиынына кірді;
- еңбек күшінің әлеуметтік ұдайы өндірісіне жұмсалған шығындар мемлекет
есебінен жүзеге асырылды, бірақ бұл шығындарға (фордистік* моделі
шеңберінде) барлық адамдарды жоғары біліммен қамтамасыз ету кірмеді.
Алайда, 70-ші жылдардың соңынан бастап жоғары білімге деген сұраныстың
қарқынды өсуі байқалды. Оның туындау себебі:
- біріншіден, өндіріске ақпараттық технологияларды енгізу және
техникалық прогресс өндіріс пен өнім интелектуализациясын жоғарлату
қажеттілігін тудырды;
- екіншіден, микроэлектроника, ақпараттық жүйелер, фармацевтика,
биотехнология және т.б. салаларға техникалық жаңалықтарды енгізу елдердің
постинндустриалды дамуға жылдам өтуіне әкелді;
- үшіншіден, ауқымды мектептік білім беруге деген ескі бағыт елдердің
әлемдік нарықтағы жеңілісіне әкелуі мүмкін еді. Осыған байланысты мемлекет
университеттерге элитарлық білім беруден кадрларды ауқымды даярлауға өтуді
ұсынды;
- төртіншіден, білім беру реформаларын бүгінгі таңда экономикалық
жаһанданудың факторын күшейту және ұлттық өндірушілер мен жалпы
экономикалық бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату қажеттілігі ұсынады.
Білім беруді реформалаудағы барлық Еуропа елдеріне ортақ нәрсе – бұл
білім беру сапасын жоғарлату және ұлттық оқу орындарының бәсекеге
қабілеттілігін арттыру мақсатында білім беру сферасындағы бәсекелестікке
жағдай жасау. Осындай жолмен білім беру жалпы арнада реформаланады, мұндағы
басты элементтер болып басқаруды орталықсыздандыру және жеке әлеуметтік
немесе мемлекеттік қызметтердің автономиясы табылады.
Білім беруді реформалаудың негізгі бағыттары ретінде мыналар
қарастырылады:
- мемлекеттің білім беру сферасына қатысуын айтарлықтай қысқарту, себебі
ол оқу орындарының тиімді оқытудағы икемділігін жояды;
- оқу мекемелері арасындағы бәсекелестікті ынталандыру жолымен
мемлекеттік ресурстарды өте тиімді пайдалану;
- жаңа жағдайларда мемлекеттің міндеттерін анықтау - бұл кедейлердің
білім алуына құқығының кепілі, білім алу мүмкіндіктері туралы ақпаратты
тарату, білім беру стандарттары мен оларды сақтау мониторингін енгізу
жолымен білім беру сапасын қамтамасыз ету;
- жоғары білім беруді басқарудағы бизнес тәжірибесін енгізу;
- оқытудың ресурс сыйымдылығының және соған сәйкес оның құнының үнемі
жоғарлауына қарай жоғарғы оқу орындарының балама қаржы көздерін іздестіру
қажеттілігі.
Салыстырмалы қаржылық дербестік жағдайындағы жоғарғы оқу орындарына тән
белгілер–бұлар:
- оқу үшін төлем енгізу;
- жеке компаниялармен және әртүрлі деңгейдегі билік орындарымен
келісім–шарт бойынша жұмыс істеу;
- көптеген елдердегі жоғарғы оқу орындарын мемлекеттік қаржыландыру
жүйесін келісім–шарттық негізге ауысуы;
- бизнес және жоғарғы оқу орындар арасында өте тығыз байланыс орнату;
бизнес, мемлекет және университеттер арасында жоғарғы технологиялық
зерттеулер бойынша ортақ жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ жобалар егер
қысқа мерзімдік нарық қажеттіліктеріне бағытталған болса, аса тиімді болып
табылады;
- жаңа жүйеде студент-тұтынушыға, оқытушы-сатушыға, ал зерттеушілер
кәсіпкерлерге айналады ([1], 28б.).

1.4. Бизнес–білім берудің мәні мен қызметтері
Бизнес–білім беру жалпы білім беру жүйесінің шағын жүйесін білдіреді; ол
100 жыл бұрын АҚШ–та пайда болды, кейін Еуропаға өтті. Ресей Федерациясында
және Қазақстан Республикасында бизнес– білім беру әзірге білім беру
жүйесінің органикалық бөлігіне айналған жоқ.
Бизнес–білім берудің туындауы мен дамуына бірнеше жағдай әсер етті.
Жоғарыда айтылып өткендей, ақпараттық жүйелер саласындағы ғылыми және
техникалық білімдерінің жылдам таралуы, олардың өндіріске және әлеуметтік
сфераға жаппай енуі байқалып отыр. Осылайша, дамыған елдердің білім,
ақпарат, коммуникация сияқты материалдық емес ресурстарды пайдалануға
негізделген өндірістің жаңа моделіне өтуі жүзеге асырылып жатыр.
Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің параметрі адам ресурсы болып
табылады.
Қазіргі уақытта көптеген өнеркәсіптік корпорациялар білім беру мен
кадрларды даярлауды өзінің даму болашағына стратегиялық инвестиция ретінде
қарастырады. Мемлекет істің мұндай жағдайының маңыздылығын әзірге жете
түсінбей отыр және білім беруді әрбір адамның ішкі ісі ғана деп
қарастырады. Дистанциялық білім беру, білім беру сферасына компьютерлік
технологияларды енгізу жолымен өнеркәсіп пен білім беру мекемелері
арасындағы байланысты күшейту қажет.
Жаһанданудың өсуі және онымен байланысты бәсекелестік жағдайында бизнес
білім беру процесіне белсенді араласа бастады және білім беру жүйесіне өз
талаптарын қоя бастады.
Жеке алғанда, мектеп бітірушісіне кәсіпкерлік саласында дағдарыстық
жағдайларды шешу және т.б. саладағы білімімен кең білім алу қажеттілігі
тағайындалады, себебі ол осы білімдерін іс жүзінде қолдана алуы тиіс. Ол
еңбек нарығында қандай өзгерістер болып жатқандығынан үнемі хабардар болуы
тиіс. Осыған байланысты көптеген елдерде жастарды кәсіптік даярлау жүйесін
дамытуға күш салынып отыр. Қазақстан Республикасында жастар ұйымы да
мемлекет алдына кәсіптік техникалық оқу мекемелерінің қайта ашылу, лицейлер
мен гимназиялар санының артуы және т.б. туралы мәселелерді қойып отыр.
Жоғарғы білім беру саласында бизнес жоғарғы оқу орындарының нарық
сұраныстарына жәй әсер етуін белгілейді. Жоғары білікті кадрларға, олардың
үнемі қайта даярлануына деген постиндустриалды еңбек нарағының
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бизнес жоғарғы оқу орындарының оқу
жұмысын қайта құруды ұсынады.
Жеделдетілген және модельді курстар, кешкі білім беру және демалыс
уақытында сабақтар жүргізу, дистанциялдық оқыту техникасын пайдалану сияқты
жаңа оқыту жүйесін енгізу керек ([1] 29б.).
Соңғысына белгілі бір деңгейде жоғарғы оқу орынды фундаменталды
білімдермен айналысатын ғылыми мекеме ретінде қалыптасқан түсінік
стереотипі кедергі болып отыр.
Компанияның өздері де жеке оқу мекемелерін - корпоративті
университеттерді құра бастағанын айта кету керек. Мәселен, ТҰК шетелдік
филиалдарда жұмыс істеу үшін бірыңғай корпоративті нормалар мен ережелерге
сәйкес жеке персоналын даярлай бастады. Сонымен қатар, кадрларды даярлаудың
өзі корпоративті басқару жүйесінің бір бөлігіне айналды. Корпоративті
университет қызметшілеріне бүкіл өмір бойына үздіксіз білім беру үшін
субъект болуы мүмкін.
Корпоративті университеттер басқа корпорацияларға оқыту бағдарламаларын
сату, оларға кеңес беру, басқа оқу мекемелеріне оқу құралдарын шығару және
т.б. жолымен тұрақты өзін-өзі қаржыландыруға ауысады.

1.4.1. Әлемдік бизнес-білім беру мәселелері және Қазақстан
Республикасындағы ерекшеліктері
Әрбір бизнес – білім беру, тұтастай алғанда, ұлттық бизнеске және ұлттық
білім беруге негізделеді.
Ұлттық білім беру өз кезегінде көптеген ұлттық мәдениеттердің ықпалында
болды. Мәселен, Ресейлік білім беру (және онымен байланысты қазақстандық
білім беру) келесі белгілерді өзіне сіңірген:
- Германиялық педагогиканың, ол қоғамдық мүддеге және тұлғаның ішкі
әлеміне бағыттала отырып, абстрактілі тұлғалық құндылықтарға негізделген;
ол, сонымен қатар білім беруге және тәрбиеге реалистік көзқарасына ие
болды; мақсаты–адамның гуманистік идеалы емес, сондай-ақ практикалық
қайраткер түрі де емес, мемлекеттік адам, шенеунік, ғалым (және бұл
Ресеймен мойындалды);
- Гуманистік идеалы бар романдық білім беру мәдениетінің;
- Прагматикалық, функционалдық, оқыту мен тәрбиеге діни өзгешеліктерден
арылған көзқарастары бар англосаксондық педагогиканың (оның американдық
нұсқасымен бірге);
- Жекелікке, тұлғаның өзіне практикалық танымдық іс-әрекетті жүзеге
асыруына мүмкіндік беруге, осы тұлғаның экстраверттілігіне, тұлғаның
қоғамдағы өмірге бейімделуіне жағдай жасауға басты назар қойған американдық
педагогиканың ([2],37 б.).
Кеңестік дәуірде білім беру жоғарыдан орнатылатын сананың
қауымдық–ұжымдық түрін, қоғамдық құндылықтардың жеке құндылықтардан басым
келуін, тиісті идеология мен авторитарлы оқытушылық әдістемелер бағытында
тәрбиеленуді бастан өткізді.
Сондықтан әртүрлі мәдениет пен өмір жағдайларының ықпалында бүгінгі білім
берудің сипаттық ерекшеліктері айқындалды ([2], 37б.): білім беруді оның
барлық деңгейінде ұйымдастырудағы және қаржыландырудағы мемлекеттік
анықтаушы рөлі; оқыту және тәрбиелеу мәселелерінде қалыптасқан қоғамдық
мүдделердің жеке мүдделерден басымдығы, рухани және идеологиялық
компоненттерінің жоғары үлесі; білімнің айрықша маңыздылығы, білімді
тұлғаның жоғары беделі, білімнің қуаттылығына деген сенім; политехнизм;
тұлғаға білім беру қызметінің тұлғасы ретінде емес, нысаны ретінде дәстүрлі
көзқарас; білім берудегі авторитарлық; оқыту үрдісінде тұлғаға интровертті
көзқарас, тұйық адамды идеалды адам құндылықтары әлемінде тәрбиелеу.
Көрсетілген кейбір ерекшеліктер бизнес–білім беруде бейнелену қажеттілігі
толық негізделген. Әсіресе бұл мемлекеттің білім беру сферасындағы
анықтаушы рөліне байланысты. Мәселен, мемлекетпен білім беру сапасы
куәландырады, бұл мемлекеттік дипломдарды беру арқылы қамтамасыз етіледі.
Көптеген абитуриенттер жоғарғы білім алуға кәсіптік қызмет түрі ретінде
емес, жалпы оқу ретінде қарайды. Дипломды алған соң, олар алынған білімге
қатысы жоқ жұмысқа тұрады. Осыдан келіп, екінші жоғарғы білім алғысы
келетіндер саны өсіп отыр.
Кәсіптік қайта даярлауды өтуді көбісі мансаптық өсудегі орынды нығайту
ретінде қарастырады ([5], 58б.).
Бизнес–құрылымдарындағы және мемлекеттік басқару органдарындағы оқу
дайындығының деңгейіне және кәсіптік білімге талап артып отыр. Қазіргі
жағдайларда білімнің ескіру қарқыны жеделдеп отыр. Мұның бәрі мамандарды
қайта даярлау қарқынын жоғарлату қажеттілігіне мүмкіндік туғызып отыр.
Нарықтық экономиканың іс-әрекет етуі, екінші жағынан, бизнес– білім
берудегі жекенің қоғамдықтан басымдылығын ұйғарады. Соңғысының қызметі -
пайдаға, мансаптық өсуге, кәсіпкерлік бағытта тәрбиеге бағытталған кадрлар
өндірісі үшін даярлау. Сонымен қатар адамдарды ұжымда жұмыс істеуді,
командалық жұмысқа үйрету қажет.
Осылайша, жоғарғы оқу орын білімінің кемшілігі әзірге бизнес заңдарын
білмеуінен, алынған білім негізінде шығатын ілімдер мен ептіліктің
болмауынан көрініп отыр.
Көрсетілген кемшіліктерді толтыру – бұл бизнес–білім берудің қызметі.
Екінші жағынан; жұмыс үрдісінде команададағы моральдік–этикалық нормаларды
сақтау үшін бизнес-білім беруде тыңдаушылар бизнес этикасы, іскерлік және
корпоративтік мәдениет және т.б. бойынша курстарды өтеді.
Қазақстанда нарықтық экономика бойынша білім алуды және қайта даярлауды
қажет ететіндер үшін МВА (Master of Business Administration) бағдарламалары
бойынша бизнес-білім беру ұйымдастырылған. Оның сипаттамаларын атап
өтейік:
- Біліктілік кез–келген жоғарғы білімі бар тұлғаларға беріледі.
- Оқу мерзімінің соңында магистр қолданбалы сипаттағы диссертация жазады.
- Оның тәжірибемен, бизнес–кейстермен (case study) тығыз байланысы.
- Нақты әйгілі компаниялардың қызметінен шығатын бизнес– жағдайларды
талдау тыңдаушылардың кәсіби ілімдерінің, сараптамалық қабілеттіліктерінің
дамуына көмектеседі.
МВА бағдарламаларының бүкіл курсының құны батыс бизнес- мектептерінде
30–100 мың долларға тең, ал Қазақстанда 5–8 мың долларға тең.
Бағдарламалардың міндетті компоненті – бұл оқу сапасын бақылау және
қолдау. Сондай–ақ, оқытушылардың шетелдерде сынақ өткізуі, аккредитацияның
әлемдік тәжірибесін игеру және т.с.с. болжанып отыр.
Бизнес–білім беруде компаниялардың топ менеджерлерімен немесе жоғарғы
жетекшілерімен ұсынған Vip-білім алушыларды бөліп көрсету міндетті болып
табылады. Негізінен, ондағы оқу қымбат, оқытушылардың үлкен еңбегі мен көп
күш жұмсауды талап етеді. Жұмыс көлемінің толықтығынан топ-менеджерлер
стандартты бағдарламалар мен сабақтарға үнемі қатыса алмайды. Сондықтан
оларды оқыту қысқартылған оқыту формаларды қолдана отырып, демалыс күндері
жүргізіледі. Осы мақсаттарда Executive МВА, DBA– Doctor of Business
Administration (әкімшілік іскер докторы) бағдарламалық өнімдер қолданылады
([5],58 б.).
Қазақстанда жаңа ақпараттық технологияларды, ақпараттық жүйелерді, жеке
алғанда бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша ақпараттық жүйелерді жасау
бойынша құрылымдарды құру қажет. Ұйымдастырушылық мүмкіндіктер математика
және механика, ақпараттандыру және басқару, жоғарғы оқу орындарындағы
ақпараттық жүйелер мен информатиканың тиісті кафедраларының ҒЗИ (НИИ)
түрінде бар деп санайды.
Бағдарламалық қамтамасыз ету нарығының жоғарғы даму тиімділігі туралы
оның Про–Инвест Консалтинг ресейлік компанияның лидерінің тәжірибесі
дәлел болады.
- Ол инвестициялық жоспарлау, қаржылық талдау және болжау үшін қазіргі
заманғы компьютерлік бағдарламалардың толық пакеттерін дайындайды.
- Ол ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, корпоративті жоспарлау
жүйелерін енгізіп, консалтингтік қызметтер көрсетеді.
- Компанияның бағдарламалық өнімдерді пайдаланушылар 3000–ға жуық
ұйымдар (соның ішінде халықаралық) болып табылады.
- Оның қатысуымен жасалған жобалар бойынша жүздеген миллион долларға
инвестициялар тартылды ([5], 60б.).
Капитал салымының тиімді нысаны деп интернет пен интернет–
технологияларды санайды. Жақын болашақта интернет миллиардтан астам
компьютер пайдаланушыларын біріктіреді. Батыс Еуропада электрондық саудадан
түсетін жыл сайынғы табыс 300 миллиард доллар деңгейінде, ал АҚШ–та 900
миллиард доллар деңгейінде күтілуде ([5], 60б.).

1.5. Бірыңғай білім беру кеңістігін құру қажеттілігі туралы
Мамандардың бағалауы бойынша, білім беру қызметінің қалыптасқан әлемдік
нарығының көлемі 2005 жылы 90 млрд. долларды құрады. Білім берудің бірінші
әлемдік салонына (2000 жыл мамыр айы, Ванкувер, Канада) 56 елден 458 жеке
және мемлекеттік ұйымдардан 3000 кәсіби мамандар қатысты ([1], 31б.).
Алайда білім беруді коммерциялизациялау мен жаһандандыру үрдістері білім
берудің әлеуметтік және ұлттық – мәдени құрастырушыларының маңызын жоя
отырып, оның униформизациясы мен әрі қарай коммерциализациялануына
әкеледі. Еуропалықтарды американдық компаниялар мен оқу орындарының
экспансиясы, американдық жоғарғы оқу орындарының дистанциялық оқыту бойынша
курстары ерекше алаңдатады. (Интернет каналдары бойынша).
Білім беруді жаһандандыру үшін келесі шараларды жүзеге асыру қажет болды:
- 1998 жылдың мамыр айында Франция, Германия, Ұлыбритания және Италияның
білім беру министрлерінің Еуропалық жоғарғы білім беру жүйесін үйлестіру
туралы ортақ декларация құжатын қабылдауы. Онда барлық Еуропа елдерін
ортақ Еуропалық жоғарғы білім беру кеңістігін құруға мүмкіндік туғызуға
шақырған;
- 1999 жылдың маусымында 30 еуропалық ел Болондық декларацияға қол
қойды. Онда еуропалық жоғарғы білім беру жүйесінің әлемдегі бәсекеге
қабілеттілігін жоғарлатуға ерекше көңіл бөлінген. Ол декларацияда еуропалық
жоғарғы білім беру аймағын құру бойынша және әлемде еуропалық жүйенің
таралуына көмектесуі бойынша шаралар белгіленген.
Француз министрі К.Аллегр Ванкуверлік салонда айтып өткендей: ...
әлемнің технологиялық дамуына қарсы тұруға болмайды, сондай-ақ либералды
дамудың логикасын тұтастай қабылдаудың қажеті жоқ. Қазіргі әлем
талаптарына бейімделудің өзіндік жолын табу қажет ([1], 31бет).
Сонымен, Болондық декларацияға қол қою елге қандай міндет жүктейді? Бұл:
- дипломдардың салыстырмалылығын қамтамасыз ету;
- білім берудің қос сатылы жүйесін енгізу (бакалавриат және
магистратура);
- Еуропада қабылданған өтетін сабақтар сағатын есепке алу және сынақтық
бірліктер жүйесін енгізу (модульді процесспен несиелер);
- оқу орындарының аттестациялануы мен аккредитациялануын қамтамасыз ету;
- оқу сағаттарын өтетін сабақтар көлемін несиелік есепке алу жүйесіне
ауыстыру;
- аттестация және сапаның мемлекеттік бақылау жүйесін құру және т.с.с.
Болондық декларацияға қол қойған елдер үшін 2010 жылға жоғарғы мектептің
бірыңғай жүйесін құру міндетті болып табылады. Бұл үрдіске Ресей мен
Қазақстан Республикасы да қосылды.
Қазақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орындарындағы білім беру батыс
әдістемесі – несие жүйесі бойынша құрылуда. Оған сәйкес студент міндетті
сабақтардан басқа бірқатар курстар мен оқытушыларды таңдауға құқылы. Ол оқу
барысында басқа оқытушыға ауыса алады және бұл оқытушылар арасында
студенттер үшін, оқытудың жақсы әдістемесі үшін, ең қызықты материалдар
үшін бәсекелестіктің негізіне айналады.
Алайда Ресейде 2010 жылға жоғарғы білім беру қос сатылы жоғарғы білім
жүйесін, несиелер жүйесін және мемлекеттік стандарттарды қайта қарауды
енгізу жолымен халықаралық деңгейге өз бетінше ауысуы мүмкін деген жағдай
күмән туғызып отыр. Күмәндердің себебі ретінде жоғарғы мектептің қазіргі
қаржыландыру жағдайын, сондай–ақ жұмысшылардың еңбек ақылары көлемін
(батыспен салыстырғанда), жоғарғы оқу орындарының жабдықталу сапасын және
т.б. қарастырады.
Болондық үрдістің жақтаушылары дәлел ретінде студенттердің жоғарғы оқу
орнын таңдаудағы немесе қалаған модульді оқудағы еркіндігін қарастырады.
Әрине, бұл жерде бітірушінің дипломының иесізделгендік мәселесі және оның
жұмыс берушілер үшін маңыздылығы туындап отыр.
Алайда элитарлық еуропалық жоғарғы оқу орындарының барлығы Болондық
үрдіске кірмеген, мәселен, Кембридж, Париж саяси ғылымдар институты және
т.б. мұндай жоғарғы оқу орындарына Ресейдің кейбір жоғарғы оқу орындары да
қосыла алады. Сонымен қатар, элитарлық жоғарғы оқу орындарының студенттері
мен олардың ұрпақтары ақпараттық қоғам элитасын құрады деп болжанып отыр.
Салдары келесідей болады: жоғарғы білім алуға тең жағдай жасалмайтын болады
– біреулері артықшылыққа ие болса, екіншілері оған ие болмайды. Бұған
Франция тәжірибесі дәлел болады, мұнда 1950 жылы қарапайым отбасынан
шыққандар элитарлық жоғарғы оқу орындарында 30%-ды құрады, ал 1995 жылы 9%-
ды құрады ([4], 51б.).
Бірыңғай білім беру кеңістігін құру бірқатар оң мүмкіндіктерге ие. Оларға
жататындар:
- білім мен ақпаратты еркін алу мүмкіндіктері;
- әртүрлі елдердің жинаған тәжірибелерін, ілімдерін және білімдерін алуды
қамтамасыз ету;
- экономиканың кейбір сфераларындағы өсу мүмкіндіктері;
- әлемдік еңбек нарығын жетілдіру;
- әлемдік мәдениет пен адамдар арасындағы толеранттықты қалыптастыру;
- демократияны тарату және т.с.с.
Алайда көбісі мұндай процестің кері әлеуметтік-экономикалық салдарын
көрсетеді. Жекелей алғанда, бұлар:
- елдер арасындағы білім деңгейі мен сапасындағы айырмашылықтың ұлғаюы;
- ақыл-ой ағымының өсуі және адам капиталының шығуы;
- қоғамдағы саяси және әлеуметтік тұрақсыздық;
- ғылыми-техникалық прогресс пен білім беруді монополияландыру (жоғарғы
білікті еңбек күшін ұдайы өндіру);
- ұлттық білім беру жүйесінің өзіндік ерекшелігін жоғалтуы.
Жоғарыда аталғандардан шыға келе, кез–келген қоғам алдында жоғарғы білім
беру жүйесін құру мәселесі тұр. Ол білім берудің әлемдік даму деңгейі мен
жеке мемлекеттің ұлттық мүдделерін үйлестірер еді.

1.6. Экономикалық білім беруді қамтамасыз ету мен ұйымдастырудың әлемдік
тәжірибесі
Экономика әлемі үнемі өзгерістер үстінде, әсіресе соңғы 10 жылда өте
жылдам. Бұл экономистердің шешуге тиісті мәселелердің ауысуына,
статистикалық және эконометриялық талдау әдістерінің, тұжырымдамалардың
трансформациясына әкеледі.
Әлемдік экономикалық білім берудің мазмұнын талдау келесі табылған
кемшіліктерден оны реформалаудың қажеттілігіне әкеледі.
Біріншіден, экономикалық теорияда реализмнің болмауы айқындалып отыр.
Яғни, экономика қазіргі уақытта үстем болып тұрған неоклассикалық бағыт
тұрғысынан ғана зерттеліп отыр. Ал сонымен қатар экономикалық құбылыстарға
балама, әр түрлі көзқарастар бар. Мәселен, қазіргі заман жағдайында баға
құрудағы монополиялардың рөлін ескермеуге болмайды. Дамушы және дамыған
елдер арасындағы, сондай-ақ тіпті дамыған елдердің ішінде байлар мен
кедейлер арасындағы алшақтық күшеюде. Халықтың жалпы әлемдік қартаю
тенденциясы байқалуда және сонымен қатар кейбір елдерде халықтың өмір сүру
ұзақтығының төмендеуі жалғасып отыр және т.с.с. Басқаша айтқанда, қазір
экономикалық дамудың әлеуметтік факторының рөлі күшейіп отыр. Мұндағы басты
орынды мемлекет иеленеді. Сондықтан экономикалық заңдардың жүзеге асырылуы
институттардың дамуын, экономикалық агенттердің тарихының рөлін,
стратегиясының рөлін, әлеуметтік параметрлерді ескеру қажет деген тезис
белсенді ұсынылып отыр. Осының бәрі экономикалық теорияда неокейнсиандық,
институционализм және неомарксизм ережелерінің маңызы артып отырғандығына
дәлел болып тұр, себебі неоклассикалық теория көптеген нақты экономикалық
құбылыстарға жауап бермейді.
Екінішіден, экономикалық теорияда реализмнің болмауынан Бельгияда,
Канадада, АҚШ-та және басқа елдерде экономикалық мамандықтар бойынша
(менеджмент бойынша студенттер контингентінің өсуі барысында) студенттердің
саны азайған. Мәселен, Францияда соңғы 5 жылдың ішінде 10%-ға азайды ([8],
40 бет).
Мәселенің шешілу жолы білім берудің еңбек күші нарығының талаптарына
бейімделуден және білім алушылардың интеллектуалды сұраныстарын ойдағыдай
қанағатандырудан көрініп отыр. Экономикалық білім беру бағдарламаларының
мазмұны туралы пікір таластар сонау 20 ғасырдың 50 жылдары АҚШ-та да
жүргізілгенін айта кеткен жөн: экономиканы оқыту нақты өмірден ажыратылған
түрде жүргізілді, демек мынандай шешім қажет: жоғарғы оқу орындары
студенттерді дискуссияларға қатысуға үйретуі қажет. Сабақ курстарын нақты
әлеуметтік- экономикалық проблемаларға топтауы қажет.
Үшіншіден, дискуссия сондай-ақ экономикалық талдауда мамематикалық
(сандық) әдістерді пайдалану мәселесін де қозғады. Бірақ бұл жерде
қалымтасқан тек қана бір көзқарас жоқ.
Математикалық модельдерді қолдану экономикалық құбылыстар арасындағы
тәуелділікті көрсетуге көмектеседі, әртүрлі гипотезаларды зерттеуге және
салыстыруға мүмкіндік беретіні мәлім. Сондықтан экономиканы зерттеу
математикамен тығыз байланысты.
Экономикалық теорияны оқып үйрену барысында формализациясыз болмайды,
себебі:
1) математикалық әдістердің көмегімен ойды айқын, әрі жылдам білдіруге,
әдеби тілмен баяндалатын қателерді болдырмауға болады;
2) университеттерде экономистерге математиканы оқыту деңгейінің
төмендеуінің кері салдарларын есепке алу қажет. Мәселе мынада,
экономистерді даярлауда университеттер арасында және басқарушыларды, іскер
элитаны және жоғарғы инженерлік кадрларды дайындайтын үлкен мектептер
(grandes ecoles) арасында бәсекелестік бар. Математикалық әдістерді
қолдану, негізінен, университеттерде сынға ұшырайды, ал үлкен мектептер
оларды оқып-үйретуді қысқартпай отыр. Салдары ретінде, экономикалық
зерттеулер сферасында үлкен мектептердің гегемониясы күшейеді, демек
олардың студенттерді алуы да артады.
Осылайша, сандық талдау әдістерін зерттеу негізгі теориялық курстың
мазмұнынан оңашаланған. Ол әлсіз қолданбалы сипатқа ие (негізінен, ұлттық
есеп жүргізу сферасында).
Басқа маңызды мәселелерді атап көрсетейік:
- орта және жоғарғы оқу орындарында экономиканы оқыту арасындағы өзара
қатынас: орта оқу орындарында әлеуметтік – экономикалық проблемаларға жай
ғана көңіл бөлінеді, бірақ экономиканы оқып үйренуге негіз ретінде қажетті
білім берілмейді; демек, орта және жоғарғы оқу орындар арасында өзара
үйлестік жоқ;
- оқытуды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету саласында: дәрістердің сағаттар
санын қысқартып, студенттердің өз бетінше жұмыс істеуі үшін уақытты көбейту
ұсынылды. Мақсаты – студенттердің базалық біліктілік алу және өз бетінше
жұмыс істеуге үйренуі. Мысалы, Францияда оқу курстары 3 циклдан тұрады: 1-
ші цикл (3-жыл) – лиценциатқа дайындық, университеттік курстан өзіне 3 пән
және қосымша информатиканы, шет тілдерін, статистиканы және т.с.с. алады. 2-
ші цикл (5-жыл) – магистратураға дайындық – таңдап алынған мамандық бойынша
пәндерді тереңдетіп оқу. 3-ші цикл – арнайы оқу аяқталады ([8], 42 бет).

1.7. Институционализм қазіргі заманғы экономикалық
теорияның бағыттарының бірі ретінде
а) Институционализмнің және ерте
институционализмнің пайда болуы
Институционализм дербес бағыт ретінде жиырмасыншы ғасырда АҚШ-та пайда
болды. Оның негізін қалаушы ірі американдық экономист, әлеуметтанушы,
еңбектерінде экономикалық агенттердің бет алысында негізгі болып саналатын
толық рационалды тұжырымдамасы мен оған сәйкес аса пайдалылық қағидасын
сынаушы Т. Веблен болды.
Институционализмнің одан арғы дамуы У.Митчел және Дж.Коммонс секілді
америкалық экономистердің есімдерімен байланысты.
Институционалистер алғаш рет экономиканың үстінен әлеуметтік
(мемлекеттік) бақылау идеялары жайлы сөз еткен және теориялық жоспарда
кейнсшілдіктің кезектегі бағыты үшін нақты платформасын даярлаған еді.
Ертедегі институционалистер әлеуметтік бақылаудың әртүрлі тәсілдерін
ұсынды. Атап айтсақ, Т.Веблен-өндіріс үстінен кезекті бақылай отырып
билікті инженерлік-техникалық интеллигенцияға тапсырутуралы өз тәсілін
ұсынса, мемлекеттің рөлі мен оның экономикаға араласуын күшейту туралы
Дж.Коммонс: “үкімет пен қоғамның әртүрлі топтарының назар аудару балансын
қамтамасыз ете алады”, - деді. У.Митчелл мемлекеттік шығындарды көбейту
есебінен дағдарыстарды жоюға болады және ұлттық жоспарлау ұйымының қажет
екендігі туралы өз ойын айтты.
Институционализм жиырмасыншы ғасырдың 50-60 жылдарында, соғыстан кейінгі
кезеңдерде қайта дами бастады: Дж.Кларк–капитализмнің трансформациясы
(түбегейлі өзгеруі) туралы теориясын, Дж.Гэлбрейт–технократтық детерминизм
теориясын, Ф.Перру, Ж.Фурастье-әлеуметтік бағыт тұжырымдамасын және
Г. Мюрдалль–үшінші әлемнің келелі мәселелерінің зерттелуін ұсынды.

Институционализмнің маңызды белгілері.

Біріншісі. Нарықтың неоклассикалық теориясына сынай қарау: біріншіден,
экономикалық механизммен жұмыс істеуде әлеуметтік, саяси және әлеуметтік-
психологиялық факторлардың рөлін ескермейтін бастапқы методологияның
тарлығына; екіншіден, нақты экономиканың маңызды құрылымдық және
институционалдық ерекшеліктерін ескермеуіне; үшіншіден, неоклассикалық
теорияның идеологиясының теріс түсініктілігіне.
Екіншісі. Неоклассикалық теорияның методологиялық индивидуализміне қарсы
пікір айту. Бәрімізге белгілі, неоклассиктер негіз ретінде абстрактілі
тұлғаның бет алысын, рынок құрылымының атомдығының бастапқы шарттарын және
экономиканы реттеудің жалпы механизмі секілді жетілген бәсеке жайында
қарастырды. Мұның негізінде берілген шектеулерде экономикалық тұлғаның
рационалдығын ұлғайтатын детерминделген мақсатты қызмет идеясы ұсынылды.
Үшіншісі. Араласу анализінде негізгі әдіс ретінде әрқашан да
математикалық аппарат қолданыла бермейді. Мұнда ойын теориясының тілі
пайдаланылады, өйткені біріншіден, әртүрлі жағдайларда индивидтердің бет
алыстары өзара байланыста болса, екіншіден, мұнда индивидтердің бет
алысында толық рационалдық талап етілмейді және үшіншіден, белгілі Парето-
оптималдық тепе-теңдігі емес Нэштың, Штакельбергтің стратегиясына үстемдік
ететін әртүрлі тепе-теңдіктер қолданылады.
б) Неоинституционализм және жаңа институционалдық экономика
Институцинализмді талдау орталығында институттар, яғни адамдардың саяси,
экономикалық және әлеуметтік араласуын құрылымдайтын, адамдармен жасалатын
шеңбер орналасады. Институттар–экономикалық теориядағы анализдің жаңа
сферасы.
Имре Латоштың пікірі бойынша, кез-келген теория–екі компоненттен “қатты
ядродан” және “қорғаушы қабықтан” тұрады.
Теорияның “қатты ядросын” құрайтын ұсыныстар теориясы дамуында қатар
жүретін кез-келген модификациялар мен дәлдеулерде өзгермей қалуы қажет.
Олар яғни, оппоненттер қаншалықты өткір тілмен сынаса да, теорияны кез-
келген кезекпен қолданатын зерттеуші бұл қағидаларға бағынуы қажет болатын
зерттеу парадигмасын түзеді.
Керісінше, теорияның “қорғаушы қабығын” құрайтын ұсыныстар теориясының
даму кезеңі бойынша үздіксіз түзетулерге ұшырайды. Теория сынауға ұшырап,
жаңа элементтер оның зерттеу нысанына еніп, бұл барлық үрдістер оның
“қорғаушы қабығының” үздіксіз өзгеріп отыруына себеп болады.
Неоклассиктердің “қатты ядросы” – бұларсыз неоклассикалық модельдің
біреуін де тұрғызу мүмкін емес. Олар:
- нарықта тепе-теңдік әрқашан болады және ол біреу ғана. Ол Парето
бойынша оптимумге сәйкес келеді (Вальрасс-Эрроу Дебре моделі);
- индивидтер таңдауды рационалды түрде жүзеге асырады (рационалдық таңдау
моделі);
- индивидтердің бағалауы тұрақты және экзогенді сипатта болады, яғни
оларға сыртқы факторлар әсер етпейді;
Неоклассиктердің “қорғаушы қабықтары”:
1. ресурстарға жеке меншік нарықта айырбасты жүзеге асырудың
абсолютті алғышарты болып саналады;
2. ақпарат алуға шығындар болмайды, және индивидтер келісімдер
туралы барлық ақпарат туралы мағлұматтармен таныс болады;
3. экономикалық айырбас шегі араласуға қатысушылар арасындағы
ресурстардың алғашқы таралуын ескеріп, пайдалылығын
азайтатын қағидалар негізінде анықталады. Айырбасты жүзеге
асыру кезінде шығын болмайды және теория жүзінде шығынның
бір түрі қарастырылады, ол - өндірістік шығындар.
Неоинституционализм-неоклассикалық теорияның өзгермеген ядросы,
анализдің жаңа элементі “қорғауыш белбеуін” түзету есебінен енгізіледі,
анализге кіретін сыртқы факторларға идеология, жүріс-тұрыс нормалары, қор,
отбасы және т.б. жатады.
Оның негізін қалаушы – Рональд Коуз болды. Рональд Коуз
неоинституционализмнің зерттеу бағдарламасын жасаған. Осы бағдарламасында
неоклассикалық теорияның “қорғауыш қабығына” келесі өзгерістерді енгізген:
• Осылардың негізінде айырбас жүзеге асатын келісім-шартты
құрылу мен меншік формаларының аса кең спектрі қарастырылады.
Рыноктағы келісімдерді қамтамасыз етуде төмендегілердің
салыстырмалы нәтижелілігі салыстырылады: осындай зерттеу
бағдарламалары, меншік құқығы теориясы, оптималды келісім-
шарт теориясы және қоғамдық сайлау теориясы (меншік құқығын
жасау мен тиімді қорғауда мемлекет жауапты болады). Қоғамдық
сайлау теориясынан конституциялық экономика бөлініп шықты.
• Неоклассикалық модельге “ақпараттық шығындар” деп аталатын
түсінік те кіреді. “Ақпараттық шығындар” – бұл рыноктағы
жағдайлар мен келісімдер туралы ақпарат алу және ізденумен
байланысты шығын түрі. Дегенмен, ақпарат теориясы
неоинституционализмге жатпайды, бірақ оның дамуына
айтарлықтай үлесін қосты.
• Өндірістік немесе трансформациялық шұығындармен қатар,
трансакционды (трансакционды шығындар теориясы үшін
орталықтағы яғни аса маңызды түсінік) шығындар болады.
Айтылған шығындардың бәрі келісімдер жасалғанда пайда болады.

Жаңа экономикалық тарих (Д.Норт) трансакционды шығын теориясы мен меншік
құқығы теориясын тарихи талдау үшін қолдану нәтижесінде қалыптаса бастады.
Жаңа институционалды экономика ертедегі неоклассиктердің постулаттарымен
байланыспайтын институционализм теориясын құруда әрекет жасады, яғни
неоклассикалық “қатты ядроға” осымен байланысты біраз өзгерістер енгізілді:
1. Вальрасс–Эрроу Дебренің жалпы тепе-теңдік модельдері бойынша
соққы-ойын теориясы (Дж.Фон Нейман, Дж.Нэш). Бұл
теория–экономикалық теорияның тәуелсіз бағыты, бірақ ол жаңа
институционалдық экономика моделінің тілін жасады. Ойын
теориясы келесі жорамалдардан тұрады: біріншіден, тепе-
теңдіктің бірнеше нүктелері болуы мүмкін; екіншіден, тепе-
теңдік нүктелері Парето бойынша оптимум нүктесімен сәйкес
келуі міндетті емес; үшіншіден тепе-теңдік мүлдем болмауы да
мүмкін.
2. Рационалды тепе-теңдік моделі Г.Саймонның толық емес
рациоаналдық теориясында қатты сыналған. Ол тек ғана ақпарат
шығындарын ескермейді, оларды когнитивті шектеулердің
қатысуымен қарастырады: индивид рыноктағы жағдайлар туралы
және келісім туралы барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымының мазмұны оның тарихында қалыптасқан рухани мұралар мен құндылықтар әлемі
Әлемдік экономикадағы жаңа құбылыстар және білім беру
Интерактивті тақтаны орнату
Интерактивті тақтаның құралдары
Педагог кадрларды даярлау процесі
Бұқаралық ақпарат құралдардың классификациясы
Қазақстан ғылымының нәтижелері мен мәселелері
Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесі: ерекшеліктері, жетілдіру бағыттары
Шетел тілі сабағында аутенттік мәтіндерді қолдану
ҚАЗАҚ ТІЛІН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІМЕН ОҚЫТУ
Пәндер