Ескі қазақ жазба ескерткіштеріндегі сөзжасам



Алғысөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
ХV.ХVІІ ғасырлардағы ескі қазақ жазба тілін зерттеу мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
Ескі қазақ жазба әдеби тілі ұғымы туралы ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Ескі қазақ тілі туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
Қазақ тілін дәуірлеу мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Ескі қазақ тілінің бастау көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Әбілғазы Баһадүр ханның «Шежіре.и түрки» атты еңбегінің ескі қазақ жазба тілі тарихындағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қадырғали би Қосымұлының «Жамиғат.тауарих» атты еңбегінің ескі қазақ жазба тілі тарихындағы орны ... ... ... ... .32
«Әділ сұлтан» эпикалық жыры . ескі қазақ жазба тілі туындысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
Өтеміс қажының «Шыңғыснама» қолжазбасы . ескі қазақ жазба тілі туындысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
Жазба ескерткіштер тіліндегі лексика.семантикалық ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
ХV.ХVІІ ғасырлардағы ескі қазақ жазба тілі үлгілеріндегі көнетүркілік лексика қабаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
ХV.ХVІІ ғасырлардағы жазба ескерткіштер тіліндегі кірме сөздер құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52
Ескі қазақ жазба ескерткіштер тілінде кездесетін араб және парсы негізді лексика құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
Ескі қазақ жазба ескерткіштер тіліндегі өзге тілдерден енген сөздердің қолданымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
Ескі қазақ жазба тілі үлгілеріндегі қауымдастық, әкімшілік, туыстық қатынастар және әскери лауазым атауларының берілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 61
Қауымдастық, әкімшілік бөлініске және туыстық қатынастарға байланысты атаулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
Лауазым және әскери атақ.дәрежеге байланысты атаулар ... 63
Ескі қазақ жазба ескерткіштер тіліндегі сөзжасам жүйесі ... . 68
Есім сөзжасам жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .68
Есім сөздерден есім сөз жасайтын жұрнақтар ... ... ... ... ... ... 69
Етістіктен есім сөз жасайтын жұрнақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ..79
Етістік сөзжасам жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 86
Есім сөздерден етістік жасайтын жұрнақтар ... ... ... ... ... ... ... 86
Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... 92
ХV.ХVІІ ғасырлардағы ескі қазақ жазба тілі үлгілеріндегі аналитикалық сөзжасам жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 97
Бірігу, қосарлану және қайталама тәсілімен жасалған сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 97
Жазба үлгілердегі сөз тіркесі түрінде кездесетін қолданыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..100
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .138 Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 145
Қазақ тілінің қазіргі өркениетіміз бен мәдениетіміздің және ұлтымыздың қалыптасуында негізгі ұйыстырушы, ұйтқы болғандығы белгілі. Қазіргі қазақ тілінің қалыптасу тарихын, даму жолдарын зерделеу, оқып-үйрену – ұлттық, мемлекеттік, жалпы азаматтық міндет, парыз болуымен қатар, мәдениетіміздің келешектегі даму бағдарларын анықтауға септігін тигізер мүдделі қажеттілік. Бабаларымыздың өткен тарихтағы асыл мұраларын танып білу іс-шараларында ескі қазақ тілінің жазба үлгілеріндегі материалдардың қолдағы барын игерудің, жоғын іздестіріп ғылыми айналысқа тарту ісінің маңызы өте зор. Өкінішке орай, ескі қазақ жазба тілінің ХV-ХVІІ ғасырлардағы жай-күйін танытатын жазба нұсқалардың көпшілігі бізге жетпеген, ал басым бөлігі түрлі объективті, ішінара субъективті жағдайларға байланысты шетелдік мұражайлар мен кітапханалар қорында жатыр.
Қазақ хандығы өз алдына шаңырақ көтеріп, қазақ мемлекет-тігін жариялағанымен, олардың өмір-тіршілігі көбінесе тарихи-саяси тартыс, күрес үстінде болды. Қазақ жұрты тал Қазақ жұрты талабуылға ұшырап, қазақ жерінің арғы шеті мен бергі шетіне үнемі көшіп жүргені тарихтан белгілі. Әсіресе, отырықшы халық пен отырықшы елдің мекен-жайы болған қалалардың өзі жиі-жиі, бір қолдан екінші қолға өтіп отырғаны тарихтан мәлім. Бұл жағдай қазақ халқының тарихи жазба мұраларын толығымен сақтауға, келе-шек ұрпаққа жеткізу мүмкіндігіне кері әсерін тигізді. Түркі тайпала-рының, оның ішінде ескі қазақ тілінің ерекшеліктері V-VІІІ ғасыр-лардағы Орхон-Енисей, одан кейінгі көне түркі, ұйғыр, араб жазулы және т.б. жазба ескерткіштерде сақталған. Әсіресе, «шағатай тілінде орындалған» деп танылып жүрген жазба ескеркіштерге қазақ халқы да ортақ. Өйткені шағатай тілі өз кезінде көптеген түркі тілдес халықтарға ортақ әдеби тіл. Қазақ ру-тайпалары дербес мемлекет құрып, өмір сүре бастаған ХV-ХVІ ғасырларда жазба дүниелердің қажеттілігі туды. Ол қажеттілік алдымен қазақтың хан-сұлтандары-ның өзге елдермен қарым-қатынас жасау саласында бой көрсетті. Сонан соң, жеке адамдардың немесе әулеттердің кейінгі ұрпақтары-на ата-бабаларын танытатын шежірелер жазу дәстүрі болған. Сонымен қатар, жазба түрде өсиетнама қалдыру сияқты дәстүрлер де болған екен. Сол кездегі шежірелер – құрылысы, баяндау стилі, көлемі, орындалу мақсаты жағынан әр түрлі болып келген.
1. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы, Алматы, 1993.
2. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы, Алматы, 1996.
3. Энциклопедия. Қазақ тілі, Алматы, 1998.
4. Әбілқасымов Б. Әбілғазы ханның Түркі Шежіресі және оның тілі, Алматы, 2001.
5. Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның Жылнамалар Жинағы, Алматы, 1991.
6. Қадырғали Жалайыр Шежірелер жинағы, Алматы, 1997.
7. Исин А.И. Әділ сұлтан эпикалық жыры, Алматы, 2001.
8. Өміралиев Қ. ХV-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі, Алматы, 1976.
9. Утемиш-хаджи Чингизнаме, Алматы, 1992.
10. Сыздыкова Р. Г. Язык Жами‘ат-Тауарих Жалайри, Алма- Ата, 1989.
11. Институт языкознание СССР. Древнетюркский словарь, Ленинград, 1969.
12. Отарбекова Ж. К. Жамиғат-Тауарих тіліндегі сөзжасам. Канд. диссерт. автореф. Алматы, 1997.
13. ҚССР Тіл білімі институты. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі, Алматы, 1989.
14. ECKMANN J. Harezm, Kıpçak ve Çağatay Türkçesі üzerіne araştırmalar, Ankara, 1996.
15. Ebülgazі Bahadır Han. Şecere-і Terakіme, Ankara, 1996.
16. Есенқұлов А. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар, Алматы, 1976.
17. Дүйсенов С.Ж. Түркі тілінің толық жүйеленген ережелер жинағы, Канд. диссерт. автореф. Алматы, 1995.
18. Сыздықова Р. ХІV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің тарихы, Алматы, 1984.
19. Құрышжанұлы Ә. Ескі түркі жазба ескерткіштері, Алматы, 2001.
20. Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 1992.
21. Базылхан Б. Қазақ және моңғол тілдерінің салыстырмалы тарихи грамматикасы. Алматы, 2000.
22. Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ. Түркология журналы №2, 2002, Түркістан
23. Қазақ грамматикасы, Астана, 2002.
24. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі (Морфология), Алматы, 1974.
25. Айдаров Ғ., Құрышжанов А., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі, Алматы, 1971
26. Керімұлы Ә. Ескі түркі ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар (ХІҮ ғ.), Түркістан, 2005.
27. Баялиева Г. Ж. ХІ-ХІІ ғғ. жазба әдеби ескерткіштер тіліндегі сын есімдер, Канд. диссерт. автореф. Алматы, 2003.
28. Шағырова Б.Д. М. Қашқаридың «Диуани лұғат-ит түрк» еңбегіндегі және қазіргі қазақ тіліндегі етістік категориясы, Канд. диссерт. автореф. Алматы, 2004.
29. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, Алматы,1977.
30. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі, Алматы, 1995.
31. Тіл білімі институты. Қазақ тілінің грамматикасы, Алматы, І том, 1967; ІІ том, 1967.
32. Қалиев Ғ., Боранбаева Г. Қазақ әдеби тілінің тарихы, Алматы, 2001.
33. Сүйіншәлиев Х. VІІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті, Алматы, 1989.
34. Жинақ. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары, Алматы, 1981.
35. Ғылыми-теориялық конференция материалдары. Қазақ әдеби тілі тарихының проблемалары, Алматы, 1987.
36. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы, Алматы, 1988.
37. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері, Алматы, 1996.
38. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары, Алматы, 1984.
39. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы, Алматы, 1994.
40. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері, Алматы, 1978.
41. Балакаев М. Казахский литературный язык, Алма-Ата, 1987.
42. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы, Алматы, 1997.
43. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркітануға кіріспе, Алматы, 1992.
44. Қордабаев Т. Р. Тарихи синтаксис мәселелері, Алматы, 1964.
45. Қордабаев Т. Р, Томанов М. Тарихи грамматика мәселелері, Алматы, 1975.
46. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, І том, Алматы, 1974.
47. Әбілқасымов Б. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер, Алматы, 1983.
48. Балақаев М.Б. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері, Алматы, 1941.
49. Жубанов Х. Исследования по казахскому языку, Алматы, 1936.
50. Қазіргі қазақ тілі, Алматы, 1954.
51. Аханов К. Қазақ тілі лексикасының мәселелері, Алматы, 1955.
52. Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі зат есімдік синонимдер, Алматы, 1957.
53. Әбілғазы Бахадүр хан. Түркі шежіресі (көне түркі тілінен аударған Б. Әбілқасымов), Алматы, 1992.
54. Иванов С.Н. Родословное древнотюрок Абулгази хана, Ташкент, 1969.
55. İnan Abdülkadіr. Ebülgazі Bahadır Han ve Türkçesі, Türk Dіlі Araştırmaları Yıllığı, Belleten Ankara, 1957.
56. Щербак А.М. Грамматика староузбекского языка, Москва, 1962.
57. Керімұлы Ә. Түркі әдебиеті ескерткіштері тіліндегі сөзжасам жұрнақтар (ХІҮ ғ.), Алматы, 1999.
58. Есенқұлов А. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар, Алматы, 1976.
59. Исаев С. М. Қазақ тілінде қосымшаларды жіктеу мәселесі, ҚазССР ҒА Хабарлары, филология сериясы, 1987. N 2.
60. Рүстемов Л. З. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері, Алматы, 1982.
61. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі, Алматы, 1993.
62. Маманов И. Қазіргі қазақ тілі, Алматы, 1973.
63. Серебренников Б. А., Гаджиева Н. З. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков, Москва, 1986.
64. A. Melek Özyetgіn. Altın Ordu, Kırım ve Kazan Sahasına Aіt Yarlık ve Bіtіklerіn Dіl ve Üslup İncelemesі, Ankara, 1996.
65. Ahmet Temіr. Türkolojі Tarіhіnde Wіlhelm Radloff Devrі, Ankara, 1991.
66. Mustafa Öner. Bugünkü Kıpçak Türkçesі, Ankara, 1998.
67. Eckmann Janos. Harezm, Kıpçak ve Çağatay Türkçesі Üzerіne Araştırmalar, Ankara, 2003.
68. Toparlı R., Vural H., Karaatlı R. Kıpçak Türkçesі Sözlüğü, Ankara, 2003.
69. Қайнар университеті. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы, Алматы, 2001.
70. Кайдаров А. Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке, Алма-Ата, 1986.
71. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі, Алматы, 1969.
72. Төлеуов Ә. Қазіргі қазақ тіліндегі есім сөздердің жасалуы, Алматы, 1973.
73. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Алматы, 1983.
74. Бекмұхаметов Е. А. Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, Түсіндірме сөздік, Алматы, 1977.
75. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер, Алматы, 1960.
76. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері, Алматы, 1972.
77. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы, Алматы, 1988.
78. Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан, Алматы, 1966.
79. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі, Алматы, 1986.
80. Хасенова А. Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер, Алматы, 1959.
81. ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы, Алматы, 1968.
82. Баласағұн Жүсіп. Құтты білік, Алматы, 1986.
83. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері, Алматы, 1994.
84. Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі, Алматы, 1991.
85. Исаев С. Қазақ тілі жайында ойлар, Алматы, 1997.
86. Жанұзақ Т. Есімдер сыры, Алматы, 2004.
87. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам, Алматы, 1999.
88. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (Фонетика. Морфология), Алматы, 1981.
89. Ибатов А. Сөздің морфологиялық құрылымы, Алматы, 1983.
90. Хасенова А. Етістіктің лексика-семантикалық сипаты, Алматы, 1971.
91. Қордабаев Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары, Алматы, 1995.
92. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар, Алматы, 1992.
93. Түркі тілдерінің салыстырмалы морфологиясы, Алматы, 1984.
94. Сарбалаев Ж. Сөзжасам мәселелері, Алматы, 2002.
95. D. Mehmet Doğan Büyük Türkçe Süzlük, Ankara, 1996.
96. Хабичев М. А. Именное словообразование и формообразование в куманских языках, Москва, 1989.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 150 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

ТІЛ КОМИТЕТІ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ,
ТҮРКОЛОГИЯ
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

ӨМІРБАЕВ ЕРЖАН ЖАРЫЛҚАСЫНҰЛЫ

ЕСКІ ҚАЗАҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМ
(ХV-ХVІІ ғасырлардағы жазба ескерткіштер материалдары бойынша)

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2006 жыл
ББК
Ө
Баспаға Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,
Түркология ғылыми-зерттеу институтының Ғылыми кеңесі ұсынған

Пікір жазғандар:
Филология ғылымдарының докторы, профессор Ә. Құрышжанұлы;
Филология ғылымдарының докторы, профессор Б. Әбілқасымұлы;
Филология ғылымдарының докторы, профессор М. Акар

Ж а у а п т ы р е д а к т о р ы:
Филология ғылымдарының докторы Қажыбек Ерден Зада-ұлы

Р е д а к т о р л а р ы:
Филология ғылымдарының докторы Малбақов Мырзаберген Малбақұлы;
Филология ғылымдарының кандидаты Дүйсен Сержан Жүнісұлы

Өмірбаев Е. Ж.
Ө Ескі қазақ жазба ескерткіштеріндегі сөзжасам: Оқу құралы Дайындаған:
Е. Ж. Өмірбаев – Алматы, 2006. – 150 бет (10 б.т.).

ISBN
Кітапта ХV-ХVІІ ғасырлардағы жазба ескерткіштер материалдарын-дағы Ескі
қазақ тілі сөзжасамының лексика-семантикалық ерекшеліктерінің тілдік
табиғаты, оның қазіргі қазақ тілімен тарихи сабақтастығы мәселелері
баяндалған.
Оқу құралы ана тіліміз, қазақ тілінің тарихы мәселелерімен шұ-ғылданушы
мамандарға (магистранттарға, аспиранттарға, студенттерге жә-не т.б.)
арналған. Оқу құралын Қазақ тілінің тарихы, Түркология, Түркі
тілдерінің тарихы, Түркі тілдерінің салыстырмалы тарихы сияқты пәндерді
оқыту барысында, осы тақырыпқа байланысты арнаулы курс жүргізгенде
пайдаланылады.

ББК
Ө
© Өмірбаев Е. Ж. 2006

АЛҒЫСӨЗ

Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып қалыптаса бастаған алғашқы
жылдардың өзінде-ақ, Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен,
еліміздің санаты қатарында жүрген азаматтардың қолдауымен, Қазақстан
халықтарының талап-тілегінің, арман-мүддесінің өзара қауышып, қабысып
жатуына орай, қазақ тілі – мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып, ұядай
ұйыған Мемлекеттігіміздің жанды жүрегіне, жасампаздық белгісіне айналды.
Оның басты және бірегей себебі, қазақ тілінің дәуірлер қойнауында
қалыптасқан қазақ этноұғымын ғасырлар бойына шыңдап, сомдап, қазақ
мемлекеттігіне негіз, байрақ етіп, бекітіп беруінде жатыр. Қазақ тілі
арқылы қазақ халқының өзіндік дәстүрі қалыптасты, тарихы жазылды, ата-баба
рухы мен бүгінгі ұрпақ байланысының баяндылығы қамтамасыз етілді.
Қазақ тілі өзінің қалыптасу, өсіп жетілу жолдарында түрлі тарихи даму
сатыларынан өтті. Қазіргі уақытта шешімі табылмай жүрген бірқатар
мәселелердің түп-төркіні, осы қазақ тілінің қалыптасу, даму негіздерімен,
әсіресе кейінгі ортағасырлардың соңғы кезеңдеріндегі қоғамдық-әлеуметтік,
мәдени қызметімен тығыз байланысты. Қазақстан аумағын мекен-жай еткен қазақ
халқына, түрлі ұлт өкілдеріне ғасырлар бойына қызмет етіп келе жатқан ана
тіліміз, қазақ тілі – ұлттық мәдениетіміздің ажырамас, құрамдас бөлігі
болып табылатындығын әрдайым есте тұтқанымыз абзал.
Қолдарыңызға ұсынылып отырған оқу құралында қазақ тілінің бастау
бұлақтарының бірі – кейінгі ортағасырлардағы Ескі қазақ тілі сөзжасам
жүйесінің лексика-семантикалық ерекшеліктері ХV-ХVІІ ғасырлардағы жазба
ескерткіштер аясында, қазіргі қазақ тілімен байланыстырыла қарастырылған.
Кітапта халқымыздың мәдение-тіне, тіліне қатысты осы іспеттес өзгедей де
жазба ескерткіштерді зерттеу, игеру мәселелерінің шешім жолдарын
іздестіруге қатысты тың пікірлер ұсынылады.

Қажыбек Ерден Зада-ұлы

КІРІСПЕ

Қазақ тілінің қазіргі өркениетіміз бен мәдениетіміздің және ұлтымыздың
қалыптасуында негізгі ұйыстырушы, ұйтқы болғандығы белгілі. Қазіргі қазақ
тілінің қалыптасу тарихын, даму жолдарын зерделеу, оқып-үйрену – ұлттық,
мемлекеттік, жалпы азаматтық міндет, парыз болуымен қатар, мәдениетіміздің
келешектегі даму бағдарларын анықтауға септігін тигізер мүдделі қажеттілік.
Бабаларымыздың өткен тарихтағы асыл мұраларын танып білу іс-шараларында
ескі қазақ тілінің жазба үлгілеріндегі материалдардың қолдағы барын
игерудің, жоғын іздестіріп ғылыми айналысқа тарту ісінің маңызы өте зор.
Өкінішке орай, ескі қазақ жазба тілінің ХV-ХVІІ ғасырлардағы жай-күйін
танытатын жазба нұсқалардың көпшілігі бізге жетпеген, ал басым бөлігі түрлі
объективті, ішінара субъективті жағдайларға байланысты шетелдік мұражайлар
мен кітапханалар қорында жатыр.
Қазақ хандығы өз алдына шаңырақ көтеріп, қазақ мемлекет-тігін
жариялағанымен, олардың өмір-тіршілігі көбінесе тарихи-саяси тартыс, күрес
үстінде болды. Қазақ жұрты тал Қазақ жұрты талабуылға ұшырап, қазақ жерінің
арғы шеті мен бергі шетіне үнемі көшіп жүргені тарихтан белгілі. Әсіресе,
отырықшы халық пен отырықшы елдің мекен-жайы болған қалалардың өзі жиі-жиі,
бір қолдан екінші қолға өтіп отырғаны тарихтан мәлім. Бұл жағдай қазақ
халқының тарихи жазба мұраларын толығымен сақтауға, келе-шек ұрпаққа
жеткізу мүмкіндігіне кері әсерін тигізді. Түркі тайпала-рының, оның ішінде
ескі қазақ тілінің ерекшеліктері V-VІІІ ғасыр-лардағы Орхон-Енисей, одан
кейінгі көне түркі, ұйғыр, араб жазулы және т.б. жазба ескерткіштерде
сақталған. Әсіресе, шағатай тілінде орындалған деп танылып жүрген жазба
ескеркіштерге қазақ халқы да ортақ. Өйткені шағатай тілі өз кезінде
көптеген түркі тілдес халықтарға ортақ әдеби тіл. Қазақ ру-тайпалары дербес
мемлекет құрып, өмір сүре бастаған ХV-ХVІ ғасырларда жазба дүниелердің
қажеттілігі туды. Ол қажеттілік алдымен қазақтың хан-сұлтандары-ның өзге
елдермен қарым-қатынас жасау саласында бой көрсетті. Сонан соң, жеке
адамдардың немесе әулеттердің кейінгі ұрпақтары-на ата-бабаларын танытатын
шежірелер жазу дәстүрі болған. Сонымен қатар, жазба түрде өсиетнама қалдыру
сияқты дәстүрлер де болған екен. Сол кездегі шежірелер – құрылысы, баяндау
стилі, көлемі, орындалу мақсаты жағынан әр түрлі болып келген. Олардың ата-
бабалардың аттарын хронологиялық тәртіппен түзген сызба тәріздес қысқа
түрлері де, тарихи шығарма түрінде келетін күрделі түрлері болса керек.
Алдыңғы топтағы түпнұсқалары сақталмаған. Ал тарихи жылнама түрінде
жазылған жазба ескерткіштердің бізге жеткені өте аз.
Қазақ тілінің орта ғасырдың соңғы ширегіндегі жай-күйіне, тілдік
ерекшеліктеріне тілші ғалымдар, мәдениет қайраткерлері үне-мі назар салып,
түрлі жанрларда орындалған ізденіс жұмыстарына арқау етіп келеді. Осы
бағытта зерттеулер жүргізіп, келелі пікір-лерін, тұжырымдарын ұсынған Ш. Ш.
Уәлихановтың, А. Бай-тұрсынұлының, М. Тынышпаевтің, Қ. Жұбановтың, Н. Т.
Сауран-баевтың, Ә. Х. Марғұланның, Б. Кенжебаевтың, С. А. Аманжолов-тың, Р.
Сыздықованың, Ә. Т. Қайдардың, Ә. Құрышжанұлының, Б. Әбілқасымовтың және
т.б. арнайы орындалған еңбектерінде, сон-дай-ақ осы мәселеге қызығушы
мамандардың түрлі басылымдар арқылы білдірген пікірлерінде мәселенің өткір
де өзекті тұстары туралы келелі пікірлер ұсынылып жүр. Оларды бір арнаға,
бір аяға топтастыру, жүйелеу арқылы мүмкіндігінше мәселенің нақты шеші-мін
табудың қажеттілігі күнбе-күн артып келеді. Осындай қажетті-ліктің шешімін
іздестірудің бір жолы – ХV-ХVІІ ғасырлар арасында орындалған, тілдік
материалдары ескі қыпшақ және ескі қазақ тілде-ріне өте жақын болып келетін
жазба ескерткіштерді өзара салғас-тыра, салыстыра отырып зерттеу. ХVІ
ғасырда жазылған Қадырғали Жалайыридің Жамиғат-Тауарих (Жылнамалар
жинағы) атты еңбегі осы қатарға жатады. Оның әсіресе ортағасырлық қазақ
тарихы мен ескі қазақ тілін зерттеуде алатын орны ерекше. Сондықтан бұл
ескерткіш – ескі қазақ әдеби тілі, қазақ мәдениеті және тарихына байланысты
арнайы зерттелініп, үнемі назарға тұтылып келеді. Бұл жайында зерттеулер
жасаған ғалымдар Р. Сыздықова және М. Қойгелдиев Қадырғали би Қосымұлы
және оның Жылнамалар жинағы атты кітабында былай дейді:
Қадырғали би Қосымұлының еңбегі бізге толық емес, екі тізім және татар
ғалымы Ә. Рахим тауып жариялаған үзінді түрінде жеткен. Бұл еңбегімізді
даярлау барысында қазіргі уақытта Ленинград университеті ғылыми
кітапханасының Шығыс бөлімінде сақтаулы тізімі мен Қазан университеті
ғылыми кітапханасының Шығыс бөліміндегі тізімі, екеуін де негізге алдық.
Бірақ бұл екі тізім де толық емес, дегенмен бірін-бірі толықтырып отырады
[5].
ХVІІ ғасырда жазылған Әбілғазы Бахадүр ханның Шежіре-и Түрки шежіресі
өз тұсындағы шағатай тілінен өзгешелеу тілде, өз сөзімен айтсақ, түркі
халықтарына ортақ нағыз түрік тілінде жазылғанын көреміз.
Бұл шығарма – ғылым әлеміне екі ғасырдан астам уақыт белгілі болса да,
ол туралы жазылған мақалалар, кейбір зерттеулер жарияланса да, қазақ
оқырмандарына тек ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана мәлім бола басады.
Қазақ ғалымдарының арасынан Түркі Шежіресінің тілін жіті зерттеген –
профессор Б. Әбіл-қасымов. Ғалым ескерткіш материалдарына жасаған
талдауларында Түркі Шежіресінің тілін қыпшақ тобына, оның ішінде қазақ
тіліне жақындатуға толық мүмкіндік бар екендігін тиянақты фактілер жиынтығы
арқылы айқындап көрсеткен.
ХІV ғасырдың соңы мен ХV ғасырдың басында жазылған Өтеміс қажының
Шыңғыснамасы да – ескі қазақ тілі тарихы үшін өте маңызды еңбек. Бұл
жазба ескерткішті алғаш рет қазақстандық шығыстанушы В. П. Юдин тарихи
тұрғыдан зерттеп, транскрип-циясын жасады. Тағы бір ескерткіш – Санкт-
Петербург мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында сақталған, ХVІ
ғасырда жазылған Әділ сұлтан эпикалық жыры. Бұл жазба ескерткішті тарихи
тұрғыдан зерттеп, қолжазба факсимилесін және транскрипциясын жасаған –
тарихшы-ғалым А. И. Исин. Біз осы ға-лымдар транскрипциялаған мәтіндерді
негізге ала отырып, оларды сөзжасам тұрғысынан өзара салыстыра отырып
қарастырдық. Соңғы аталған жазба ескерткіш бұрын-соңды тілдік тұрғыдан
зерттелмеген.
Қадырғали Жалайыридің Жамиғат-Тауарих, Әбілғазы Баха-дүр ханның
Түркі Шежіресі, Әділ сұлтан эпикалық жыры және Өтеміс қажының
Шыңғыснама атты жазба ескерткіштеріндегі тарихи мәтіндер сол кезеңдегі,
яғни ХV-ХVІІ ғасырлардағы ескі қазақ жазба тілінің болмысынан, тілдік
құрылысынан жалпылама және нақты мәліметтер береді. Бұл шығармалардан ескі
қазақ жазба тілінің ғасырлар бойы қолданылып келген заңдылықтары, оның
ішінде сөзжасам жүйесі айтарлықтай өзгеріске ұшырамай, қазіргі уақытқа
дейін жеткендігі аңғарылады. Ескі қазақ тілі мен қазіргі қазақ тілінің
сабақтастығын, әсіресе кейінгі ортағасырдың соңғы ширегіндегі жай-күйін,
қалыптасуы мен даму жолдарын анықтаудың басты бір әдісі – көне мұрағаттарды
талқыдан, ғылыми зердеден өткізу. Сол арқылы қазақ мемлекеттігінің, қазақ
ұлтының алғашқы қалыптасу кезеңіндегі тіліміздің статикалық және
динамикалық даму үрдісін анықтау – қазіргі заман талабынан туын-дап
отырған, келешекте де күн тәртібінен түспейтін, зәрулігі, өзек-тілігі
жоғары деңгейлі мәселе болып қала берері анық. Осы тұрғыдан зерттеудің
өзектілігі дау тудырмайды.
ХV-ХVІІ ғасырларда жазылған ескі қазақ жазба ескерткіштеріндегі
сөздердің тұлғалық ерекшеліктерін, олардың лексикалық мағыналарын және
сөздердің жасалуы мен қолданымын талдау. Жазба ескерткіштерге бірдей ортақ
категориялық заңдылық ерекшеліктерін тауып, басын біріктіріп, тиісті
қорытындыларға келу. Негізгі материалдар – Қадырғали Жалайыридің Жамиғат-
Тауарих, Әбілғазы Бахадүр ханның Түркі Шежіресі, Әділ сұлтан эпикалық
жыры және Өтеміс қажының Шыңғыснама атты жазба ескерткіштерінде берілген
тілдік материалдар. Олар иіні мен ретіне орай өзгедей материалдармен де
салыстырыла қарастыры-лады. Бұл талдауларды жасауда жазба ескерткіштердің
бұрынғы транскрипциялары (Б. Әбілқасымұлы: Түркі Шежіресі (Демезон
нұсқасы), Р. Сыздықова, М. Қойгелдиев: Қадырғали би Қосымұлы және оның
Жылнамалар жинағы, Шыңғыснаманың В. П. Юдин дайындаған транскрипциясы
және Әділ сұлтан эпикалық жыры-ның А. И. Исин жасаған транскрипциясы) сол
қалпында пайдала-нылды. Жазба ескерткіштердегі грамматикалық
категориялардың қолданымын және қажетті сөздің лексикалық мағынасын аша
түсу үшін мәтіндерге анықтама және иллюстрациялық материалдар берілді.

ХV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ЕСКІ ҚАЗАҚ ЖАЗБА ТІЛІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ескі қазақ жазба әдеби тілі ұғымы туралы
Ескі қазақ тілі туралы

Қазақ әдеби тілінің бастау алған кезеңдерін жүйелеу қазақтың төл
әдебиетінің алғашқы нұсқаларын айқындаумен тығыз байла-нысты. Ғалым Р.
Сыздықова ХV-ХVІІІ ғасырлардағы ақын-жырау-лардың тілін арнайы талдай
келіп, олардың шығармаларын қазіргі әдеби тілдің алғашқы үлгілері, – деп
таниды. Сөйтіп, бұл кезеңде қызмет еткен тілді жазба дәуірге дейінгі ауыз
әдеби тілі деп атайды. Алайда кейбір зерттеушілер жазба дәуірге дейін
қолданылған тілді әдеби тіл деп есептемейді. Олар белгілі бір тілді әдеби
тіл деп тану үшін жазудың болуы шарт екенін, яғни хатқа түскен нұсқа-лары
жоқ немесе өте аз болған жерде әдеби тіл де жоқ дегенді кесіп айтады.
Зерттеушілердің көпшілігі әдеби тіл ұғымы тарихи жағынан құбылмалы деп
таниды. Ол жөніндегі бір ғана таным-анықтама барлық тілдердің әдеби түрінің
даму барысындағы күллі дәуіріне бірдей сай келуі шарт емес. Сондықтан
кейбір халықтардың жазу дәстүрі тумаған немесе дамымаған, я болмаса бір
кезеңдерде жазуы болып, кейін әр түрлі себептерден дамымай қалған
дәуірлерінде де әдеби тілі болуы мүмкін деген пікірлер де айтылып жүр
[1, 17].
Қазақ халқының ру-тайпалық кезеңдерінен бастап, оның жеке халық болып
құралған дәуіріндегі және ұлттық дамуы кезіндегі тілінің жалпы тарихын
зерттеу де, оның әдеби түрінің даму барысын танып-білу 30-40 жылдардан
бастап қолға алына бастағаны белгілі. Қазақ тіл тарихының жеке проблемалары
белгілі бір кезеңдердегі жағдайы және жазба әдеби тілдің дамытудағы
қызметі мен орны тәрізді мәселелер ғылыми ізденістердің, нақты талдаулардың
негізгі объектісі болып келеді. Қазақ тілінің соңғы екі-үш ғасыр барысын-
дағы статикасы мен динамикасын танып-білуде Н.Сауранбаев, І. Ке-ңесбаев, С.
Аманжолов, Х. Жұмалиев, А. Ысқақов, Т. Қордабаев, Қ. Өмірәлиев, М.
Балақаев, Р. Сыздықова, С. Исаев, Ә. Құрышжанов, Ш. Сарыбаев, М. Томанов,
Е. Жұбанов, Ғ. Қалиев, Б. Әбілқасымов, С. Хасанованың еңбектері елеулі үлес
қосып отыр.
Әдеби тілдің нормалық қасиеті тек жазу-сызу арқылы ғана қалыптаспай,
ауызша сөз қолданыс арқылы да жетіле түседі. Ауыз-ша әдеби тілі мен ауызекі
сөйлеу тілі ұқсас құбылыс болғанымен, бұлардың атқаратын қызметі, тілдік
амал-тәсілдерінің жұмсалу жағынан бір-бірінен айырмашылықтары және
ұқсастықтары бар. Ауыз әдеби тілі мәдени-рухани дүниелерді жасаудың,
қоғамдық іс-қимылды ұйымдастырудың құралы, жалпыға ортақ мәнділігі, тілдік
амал-тәсілдердің талғап жұмсалатындығынан т.б. қасиеттері арқылы сөйлеу
тілінен тұрады. Сондай-ақ әдеби тілдің ауызша түрінің де өз ішінде
стильдік тармақтарға бөлінетіндігі байқалады. ХV-ХVІІІ ғасырлардағы ауыз
әдеби тілінің көркем әдебиет стилі тәрізді тармақтары болған. Өйткені әдеби
тілдің әр кезеңге лайық ерекше-лігі болады. Мәселен, ұлттық және ұлттық
емес дәуірде әдеби тіл адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік ұжымдары
қызметінің негізгі салаларындағы қарым-қатынас қажетін өтейді. Қазақ әдеби
тілінің қалыптасу тарихына қазақ халқының халық болып, жеке мемлекет
(хандық) құру кезінен, ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ хал-қының мәдени-рухани
өмірінде жаңа құрала бастаған халықтық сөйлеу тілі мен қазақ халқын
құраған ру-тайпалардың әріден келе жатқан ауызша дамыған және қоғамдық
үрдіс негізінде әдеби және жазба тіл қызмет етті [2, 108]. Ауызша әдеби
тілдің арнасы мен үлгі-лері жазба тілге қарағанда, әлдеқайда кең болып
келеді. ХV ғасырға дейінгі дәуірде ауызша поэзия негізінде, жырлардың көп
үлгілері өлең жолдарымен қайта айту негізінде жаңа шығармашылық туын-ды
ретінде жасалды. Бұл жыр-толғаулар ноғай, қазақ, қарақалпақ, башқұрт және
татар сияқты халықтардың ортақ мұрасы, керісінше, бұл халықтардың кейін
туған жырларына ықпал етті.
Бұл екі үлгінің айырмашылығы жасалу, таралу және сақталу әдісінде
болды. Қазақ қауымында қолданылған жазба әдеби тіл көп-теген зерттеулерде
ескі қазақ тілі деп аталады.
Ғалым Р. Сыздықова өз оқулығында Орта ғасырлардағы түр-кі әдеби
тілдерінің қазақ халқын құраған ру-тайпаларға да қатысты екенін, кейінгі
ғасырларда ұлыс атымен шағатай тілі деп аталған ортаазиялық түрікті қазақ
қауымы да өз қажетіне жұмсай білгенін тілші-ғалымдардың көпшілігі жалпы
түрде айтып өткен болатын. Бұл жазба тіл іс қағаздары мен эпистольярлық
жанрға, тарихи шығармалардың бір үлгілері болып табылатын шежірелер жазуға,
мұсылманша діни әдебиетке қызмет етті, -дей келе, бұл тілді кезін-де қазақ
топырағында кітаби тіл деп, сол тілде жырлаған ақындар-ды кітаби
ақындар деп аталғанын, қазақ мәдениетіне қызмет еткен кітаби тіл таза
шағатай тілі емес, сол тілдің және татар жазба әде-би тілі мен қазақ
тілдерінің элементтерін араластырып пайдаланған қоспа дүние болды деген
пікірлерді атап өткен [1, 16].
Ескі қазақ тілі – орта ғасырда (ХV-ХVІ ғғ.) қолданылған қазақ халқының
тілі. Бұл кезде белгілі бір қыпшақ тайпалары мен түркі рулары Алтын Орда
мемлекетінен бөлініп шығып, қазақ деген этникалық атқа ие ретінде, өз
алдына этнос болып қалыптасқан. ХV ғасырдан бастапосы бір қалыптасқан халық
көршілері арасында да, сол заман оқиғаларын көрсететін жазба деректерде де
қазақ аты-мен белгілі болады. Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт
бойы зерттеушілердің қызу айтыс-тартысының тақырыбына айналып келеді. Ол
халықтың өзінің шыққан тегі туралы туғызған көптеген аңыз-әңгімелерінде сөз
болады. Деректерге қарағанда, бұл термин әуелгі кезде әлеуметтік мәнінде
қолданылып, өз мемлекетінен, тай-пасы мен руынан оқшауланып шығып,
шытырман оқиғалар іздеуге мәжбүр болған адам (В.В.Бартольд) мағынасында
қолданылады. Тарих-и Рашиди мен өзге деректерде қазақ атауы Жәнібек пен
Керей бастап Жетісуға көшіп кететін сияқты топты білдіру үшін бастапқы
кезде өзбек-қазақ, сосын қазақ түрінде пайдаланыла-ды. Қазақ хандығы
алғашқы уақыттары Батыс Жетісу жерін, Шу мен Талас алқаптарын иеленді. Ол
Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан қоныс аударған қазақ ру-тайпалары сияқты
жергілікті тұрғындарды да біріктірді. Моғолстанның билеушісі Есенбұғаның
мұнда жылжыған қазақтарды тоқтатуға нақтылы күші болмады. Әбіл-қайырдың,
Темір әулетінің территориялық талаптарына, қалмақтар-дың шапқыншылығынан
Моғолстан шекараларының қауіпсіздігі солардың көмегімен сақтап қалуға
үміттеніп, ол қазақ қолбасшы-ларымен одақтасты. 1462 жылы Есенбұға қайтыс
болғаннан кейін Моғолстанда іс жүзіндегі толық бас аламандық, өкіметсіздік
орын алды. Мұндай жағдайда Жетісу жерінде қазақ халқының өмірге ке-ліп,
нығаюы әбден заңды құбылыс болған еді. Мұхаммед Хайдар Дулати Қазақ
хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.
Ескі қазақ тілі өз дамуында үш дәуірді басынан кешірді: а) қалыптасу
(ХІV-ХVІІ ғғ.); ә) даму мен жетілу дәуірі (ХVІІ-ХІХ ғғ.); б) жаңа дәуір,
яғни оның одан әрі де өркендеген уақыты (ХІХ ғ.). Ескі қазақ тілі өзінің
бастау кезін орта ғасырдың орта кезеңінен (ІХ-ХІІІ ғғ.) алады. Ол кездегі
халықтар түрктүрік, түркі сияқты жалпы атаумен аталып, сол дәуірдегі
жазылып қалынған ескі түркі жазба ескерткіштері деген атпен белгілі
болған. Алғашқы орта ғасырдан (V-VІІІ ғғ.) қалған жадыхаттарды көне түркі
ескерткіш-тері деп есептейді. Әрине, қазіргі қазақ тілі өзінің ескі түрі
арқылы осы айтылған тарихтың қойнауына қарай үңілсек, ескі түркі елдерімен
де тарихи өзектесіп жатады. Оның кейбір ерекшеліктері мен тамырлары Алтай
тілдерімен (олар арқылы Орал тілдерімен де) араласып кетеді, демек, біз өз
тіліміздің пайда болу (жаратылу) таби-ғаты мен өзгеруінің эволюциялық
жолдарын антикалық дәуірден (прототүркі дәуірінен, б.з.д. ІІІ ғ. – б.з. ІV
ғ.) іздеуіміз керек. Кезі келгенде көне қазақ тілі, тіпті ежелгі қазақ
тілі деп те айта беруге болар, бірақ көне түркі тілдерінің (V-Х ғғ.)
кезінде, әрине, қазақ (қазақ тілі) деген сөз дәл қазіргі мағынасында
айтылмаған (жазылып та қалмаған), ал ескі түркі тілдерінің кезінде (ХІ-ХVІІ
ғғ.) қазақ деген сөз жазылып қалғанмен, оның беретін мағынасы дәл
қазіргідей болмаған, яғни ол этникалық термин емес, бейтарап сөз болған.
Алайда, қазақ тілінің көне (ескі) тіл екендігін теріске шыға-руға болмасы
анық. Оның көнелік (ескілік) сипаттары көне (ескі) түркі жазба нұсқаларының
тілінен айқын байқалып отырады. Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына үлкен
үлес қосқан рулар мен тайпалардың, ұлыстар мен халықтардың өз заманында
қолданған тілдері қазіргі қазақ тілінің қалыптасуы мен дамуының қайнар
көзі. Олар V-ХV ғғ. өмір сүрген бұлғар, қыпшақ, оғыз және қарлұқ сияқ-ты
басты-басты тайпалар одақтарының құрамына еніп, солардың ті-лінде сөйлеген
[3, 113]. Басты бір фонетикалық заңдылықтар д-з-й (адақ-азақ-айақ), н-ң-й
(қон-қоң-қой) з мен г дыбыстарының й, у болып өзгеруі немесе түсіп қалуы
т.б. осы кезде қалыптасқан (д, з, н, ң, ғ, г дыбыстарын қолданатын тілдер
не көне, не ескі болып есепте-леді, осыған орай қазақ тілінде адақтау-
айақтау, суғар-суар, жаз-жай сияқты сөздер кездесе береді). Профессор С.
Аманжоловтың пікірінше, орта ғасыр түріктерінің, соның ішінде қоңырат,
қыпшақ, алшын, дулат, арғын, керей, найман, жалайыр т.б. рулар мен тайпа-
лардың, олардың одақтық бірлестіктерінің ауызекі сөйлеу тілі мен қатар
жазба әдеби тілі де болған, ол ауыз әдеби тілімен қатар өмір сүрген. Сол
тілдерде жазылып қалған (немесе айтылып жүрген) нұс-қалар мен ескерткіштер
де аз емес: Едіге, Ер Сайын жырлары (алшындар тілінде), Ер Көкше,
Қабанбай батыр (керейлер тілінде), Мухаббатнаме, Алпамыс (қоңыраттар
тілінде), Орхон-Енисей ескерткіштері (дулаттар тілінде), Кодекс кумани-
кус (қыпшақтар тілінде), Наһдж-ул Фарадис (кердерілер тілінде) пайда
болған. Әрине, Ескі қыпшақ тілінің ескерткіштері өз алды-на. Қазіргі
қазақ тілінің қалыптасу дәуіріне дейін (ХV ғасырға дейін) оның өзіндік
белгілерінің бәрі де сараланып, өзінің табиғи қасиет-терін айқындап, басқа
түркі тілдерінен айырым жүйелерін айшықтап бөліп алған. Олар, сөз жоқ,
ғасырлар бойы бір тілге жинақталып, өзара сіңісіп қалыптасқан. Мысалы қазақ
тілінің ж дыбысымен айтылу ерекшелігі орта ғасырдың орта кезінде пайда
болған. Одан бұрынғы дәуірлерде бұл дыбыстың ешқандай ізі болмаған. Ғалым
Р. Сыздықова: ХV-ХVІІ ғғ. қазақ халқының мәдени өмірінде жаңа құ-рыла
бастаған халықтық сөйлеу тілі мен қазақ халқын құраған ру-тайпалардың
әріден келе жатқан, поэзия тілінің негізінде ауызша дамыған әдеби тіл
қызмет етті, дейді. Халық тілінің орайына қарай қалыптасқан іс қазғаздары
(кеңсе тілі) мен ғылыми әдебиеттер жазылатын (ғылыми стиль); хат-хабар
қағаздарын жазатын арнаулы тіл (эпистолярлық стиль) т.б. да қоғамдық-
әлеуметтік, саяси-әкім-гершілік, мәдени-шаруашылық салаларында қызмет
жасайтын жазба тіл әртүрлі стильдер бойынша жүзеге асу процестерінен көріне
бастады. Ол жалпы түркілік, ортаазиялық жазба әдеби тілмен (түркі деп
аталатын тілмен) байланысты болды, оған, бірінші жа-ғынан, Орта Азия
халықтары тілдерінің өзара жақындығы мен ха-лықтардың құрдай араласып
жатқандығы себеп болса, екінші жағынан, сол кездегі тілдік материалдардың
кейінірек көбінесе шет өлкелерде (Қазан, Омбы, Орынбор, Санкт-Петербург,
Стамбул, Томск, Тройцк, Уфа т.б.) басылып отыруы әсер еткен болса керек. Ол
кездегі қазақ пен ноғай тілдеріне ортақ туындылар әрбір ұлттық тілдердің
тағдырына өз іздерін қалдырды, дегенмен, олар біршама қазақыланды.
Қазіргі қазақ тіліне қарағанда, ол дәуірдегі тілдің азды-көпті өзіндік
(лексикалық, фонетикалық, грамматикалық, син-таксистік, стильдік т.б.)
ерекшеліктері болды [3, 114].

Қазақ тілін дәуірлеу мәселесі

Қазақ ру-тайпалары дербес мемлекет құрған кезде, яғни ХV-ХVІ
ғасырларда жазба дүниелердің қажетілігі туды. Бұл қажеттілік алдымен
қазақтың хан-сұлтандарының өзге елдермен қарым-қатынас жасау саласында бой
көрсетті. Сонан соң жеке адамдардың немесе әулеттердің кейінгі ұрпақтарына
ата-бабаларын танытатын шежірелер тарату дәстүрі болған. Сонымен қатар,
атаның өзінен кейінгілерге ақыл-өсиет сөздерін жазба түрінде қалдыру
сияқты дәстүрлер де болған екен. Сол кездегі шежірелер құрылысы, баяндау
стилі және көлемі жағынан әр түрлі болып келген. Ата-бабалардың аттарын
хронологиялық тәртіппен түзген схема тәріздес қысқа түрлері де тарихи
шығарма түрінде келетін күрделі туындылар да болса керек. Алдыңғы
топтағылардан өз кезінде жа-зылған түпнұсқалар сақталмаған. Ал тарихи
жылнама түрінде жа-зылған жазба ескерткіштердің бізге жеткені өте аз [3,
194] екендігін жоғарыда атап өткен болатынбыз.
Қазақ әдеби тілінің даму барысын дәуірлерге бөлу мәселесі жайындағы
пікірлер жүйесі біркелкі емес. Өйткені бұл тілдің басталар тұсы мен әрі
қарайғы даму бағыты әртүрлі танылып келгендіктен, оның дәуірлерге
бөлінісінің біркелкі болуы мүмкін де емес. Қазақ әдеби тілінің бастау алар
кезі жайлы пікірлер жиынтығы мынадай:
1) Қазақ әдеби тілінің тарихын ертеден, көне түркі дәуі-рінен,
хундар мемлекеті кезінен бастайды (Ғ. Мұсабаев ІІ ғасырдан, Ә.
Марғұлан, Б. Кенжебаев V ғасырдан т.б).
2) Қазақ әдеби тілінің тарихы ХVІІ ғасырлардан баста-лады (Қ.
Жұмалиев, М. Балақаев т.б.).
3) ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан басталады (Қ. Жұбанов, Н.
Сауранбаев, С. Аманжолов, І. Кеңесбаев). Бұл пікірді
ұстанушылар ХІХ ғасырдың ІІ жартысына дейін де қазақ әдеби
тілін танытатын үлгілер болды, дегенді айтады.
4) Қазақ әдеби тілі қазан төңкерісінен кейін басталады (Т.
Қордабаев).
5) Қазақтың төл әдеби тілі ауызша дамыған авторлы поэзия түрінде
оның халық болып құралған кезеңінен, ХV-ХVІ ғасырлардан
басталады, ал ескі жазба әдеби тілі ХVІ-ХVІІ ғасыр-лардан,
жаңа ұлттық жазба әдеби тілі ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан
басталады (Р. Сыздықова, Ә. Құрышжанов, Б. Әбілқасымов, Қ.
Өмірәлиев, А. Ысқақов т.б.) [1, 17].
Қазіргі қазақ тілінің ескі қыпшақ тілімен тікелей байланысты екендігін
профессор Ә. Құрышжанов: сөздің иіні келген соң айта кетейік, М.
Барманқұлов Существенное влияние на образование казахской народности
оказала Кипчакская конфедерация деп көрсе-теді. Бұл мәселе туралы ең алғаш
арнайы мақала жазып, нақтылы пікір айтқан академик Н. Т. Сауранбаев еді.
Бұл автор зерттеулерінің ең түйінді жері мынадай: Современный казахский
язык есть развитие древнекыпчакского языка в новых условиях. Монолитный
язык казахов сложился и существовал до Х в., когда народ, говоривший на
кипчакском языке, стал называться казахами дей келе, Н. М. Карамзин
Казахия деген елдің атауын Х ғасырдан бас-тап белгілі болған еді деп
көрсетеді, өйткені ол сөз Византия императоры Константин VІІ
Багрянородныйдың (905-959 ж.) еңбектерінде жазылып қалған екен. Н. Т.
Сауранбаевтың до Х в. деп отырғаны осындай бір мағлұматтарға келіп саятын
болса керек, өйткені Византия императорының Х ғасырдан кейін жазуы мүмкін
еместігіне баса назар аударды [22, 22].
Осындай бастау кездеріне сәйкес, қазақ әдеби тілінің әрі қарайғы даму
кезеңдері де әр түрлі ұсынылып жүр.
1968 жылы жарық көрген Қазақ әдеби тілінің тарихы (М. Балақаев, Р.
Сыздықова, Е. Жанпейісов) атты оқу құралында да әдеби тіл тарихын зерттеуші
М. Балақаевтың пікірі негізге алынған-дықтан, қазақ әдеби тілінің даму
барысы мынадай кезеңдермен бай-ланыстырыла қарастырылады:
1) ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы әдеби тіл;
2) ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдеби тіл;
3) ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдеби тіл;
4) ХХ ғасыр басындағы әдеби тіл;
5) 1920-1930 жылдардағы әдеби тіл;
6) 1940 жылдан кейінгі әдеби тіл.
Ғалым Р. Сыздықова қазақ әдеби тілінің даму кезеңдерін белгілеуде
ұсынылып келген бұл кестелердің көпшілігінен мына бір жайт байқалады, дей
келе, әдебиеттанушылар мен тіл мамандары да жалпы бір-бірінен бөлек екі
категорияны: жалпы қазақ тілі және қазақтың әдеби тілі дегендерді
араластырып, осы екі категорияны айырмайды. Бұл екі категория дәуірлеуге
келгенде екі түрлі болуға тиісті. Жалпы қазақ тілінің тарихы әріден
басталады және ол осы тілде сөйлейтін халықты құраған ру-тайпалардың
тарихымен, этникалық тұтастық ретінде халық болып топтасу үрдісімен, оның
әрі қарайғы ұлт ретінде ұйымдасуымен байланысады. Осы тұрғыдан келгенде,
жалпы қазақ тілінің дәуірлерін біздің жыл санауымыздан бірнеше ғасыр
бұрынғы кезеңнен бастап біздің жыл санауымыздың ХІV-ХV ғасырларына дейінгі
дәуірі, бұл дәуірде болашақ қазақ халқын құрайтын ру-тайпалардың тілі;
екінші кезең – ХV ғасырдан ХІХ ғасырдың ІІ жартысына дейінгі мерзім, бұл
мерзімде ру-тайпалар этникалық тұтас халық ретінде қалыптасты. Үшінші кезең
– ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан қазіргі кезге дейін, бұл уақытта қазақ халқы
ұлт болып шоғырланды деп тануға болады. Әдеби тіл – халықтық немесе ұлттық
мәдениеттің белгілі бір көрінісі, ол әрбір халықтың өзі жасап отырған
дәуіріндегі қоғамдық-экономикалық, саяси-шаруашылық өмірімен тікелей
байланысты. Сонымен қатар, әдеби тіл өзінің ішкі даму заңы бойынша да
өрістейді. Тіл өзі қызмет етіп отырған ортаның мәдени-әлеуметтік
ерекшеліктерімен, яғни ғылымның, өнердің, әдебиеттің, қоғамдық ойдың, т.б.
даму дәреже-сімен қоян-қолтық араласып, астасып жатады. Сол сияқты әдеби
тіл өзін тұтынып жүрген халықтың этногеографиялық ортасына да тәуелді,
әсіресе тәлім-тәрбие беріп, білім тарататын орталықтармен тікелей қарым-
қатынаста болады [1, 20], деп тұжырымдайды.
Әдеби тіл әрдайым өзгеріп отырады. Ол өзінің қызмет ету барысында
көптеген күрделі жолдардан өтеді. Сондықтан әдеби тілдің даму кезеңдерін
тарихи тұрғыдан алып қарау керек. Ұзақ жылдар бойы ол ақырын өзгереді,
біртіндеп қалыптасып, сыртқы сандық өзгерістерден ішкі, сапалық
өзгерістерге ұшырайды. Осындай ішкі (тілдік, құрылымдық) өзгерістерге
байланысты да әдеби тілдің өзгеру, жетілу немесе даму дәуірлерін бірнеше
кезең-дерге бөліп қарауға болады. Қазақ әдеби тілінің даму тарихын басты-
басты екі дәуірге бөлуге болады:
1) Қазақ халқының ұлттық кезеңге дейінгі әдеби тілі;
2) Қазақ халқының ұлт болып қалыптасқан кезеңіндегі әдеби тіл.
Алғашқы дәуірдің өзін шартты түрде екі кезеңге бөліп қарауға болады:
а) Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасу дәуірі, ХV-ХVІІІ ғасырдың
бірінші жартысын қамтиды.
б) ХVІІІ ғасырдың ІІ жартысынан ХІХ ғасырдың ІІ жартысына дейінгі
кезең, яғни бұл кезде қазақ жерінде хандық жойылды.
Алғашқы дәуір қазақ халқының дербес хандық құрып, өз алдына мемлекет
құра бастауы ХV ғасырдан басталып, ХІХ ғасырдың ІІ жартысына дейінгі
мерзімді қамтиды. Бұл – қазақтың ауызша да, жазба да әдеби тілдерінің
қалыптасуы мен даму процесінің алғашқы тұсы. Осы кезеңдегі ауызша дамыған
әдеби дәстүр қазақ халқы мен қазақ хандығының іргетасын бекіте түсетін
үлкен мәдени-рухани күш болды.
Екінші дәуір ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан басталады. Бұл – қазақтың
ұлттық жаңа жазба әдеби тілінің қалыптасу кезі болды. Сол кезде қалыптасқан
қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі өзгеріссіз бүгінгі қазақ әдеби тіліне
ұласып отыр.
Академик Р. Сыздықова қазақ әдеби тілі дамуын дәуірлеудегі ұсынылып
келген пікірлерді көрсете келіп, бұл мәселенің әлі де шешілмеген даулы
жайттары барын айтады. Дау туғызатын мәселе-нің бірі – қазақтың төл ауызша
әдеби тілінің тарихын не себептен ХV ғасырлардан бастаймыз деген сауал. Бұл
кезең – қазақ хандығын құраған ру-тайпалардың өз алдына дербес халық болып
топтана бастаған, яғни қазақ деген этнонимнің тарих сахнасынан орын ала
бастаған тұсы. Дербес қазақ хандығы құрылған ХV-ХVІ ғасырларда нағыз тума
қазақ әдебиеті ауызша поэзия түрінде қалыптасады. Соған орай оның төл әдеби
тілі де поэзия тілі түрінде жасалды. Сөз жоқ, бұған дейін де қазақ тілінде
сөйлеген ру-тайпалар сан ғасыр бойы өмір сүріп келген және олардың жақсы
дамыған ауызша көркем әдебиет дәстүрі болған, - дейді.
Екінші мәселе – қазақ қауымы халық болып қалыптасқан бойда көркем
әдебиеті мен әдеби тілі бірден пайда бола қоюы шын-дыққа сая ма деген
сауал. Әрине белгілі бір ру-тайпалардың халық болып бірігуі мен ол халықтың
рухани-мәдени дүниесінің, оның ішінде әдебиеті мен тілінің қалыптасуы
әрдайым тұспа-тұс келе бермеуі мүмкін. Бірақ халық болып құралғанға дейінгі
көркем сөз мұрасы мен дәстүрі сол халықтың әдебиетінің едәуір шамада көрі-
ніп, дербестік алуына жағдай жасайтыны және ықтимал. Сірә, қазақ халқын
құраған ноғайлы-қазақ ру-тайпа одақтарының ХV ғасыр-ларға дейінгі көркем
сөз өнері күшті дамып келгендігі қазақ халқының ауызша поэзиясының бірден
қазақ поэзиясы ретінде көрінуіне себеп болған тәрізді [1, 24].

Ескі қазақ тілінің бастау көздері

Ескі қазақ тілі өзінің бастау көзін ортағасырдың орта кезеңі-нен (ІХ-
ХІІІ ғ.) алады. Ол кездегі халықтар түрктүрік, түркі сияқ-ты жалпы атаумен
аталып, сол дәуірдегі жазылған мұралар ескі түркі ескерткіштері деген
атпен белгілі. Алғашқы ортағасырдан (V-VІІІ ғ.) қалған жадыхаттарды көне
түркі ескерткіштері деп есептейміз. Әрине қазіргі қазақ тілі өзінің
ескі түрі арқылы осы айтылған тарихтың қойнауына қарай үңілсек, ескі
түркі тілдермен де, көне түркі тілдермен де тарихи өзектесіп жатады.
Жоғарыда айтқанымыздай, оның кейбір ерекшеліктері мен тамырлары Алтай
тілдерімен араласып кетеді. Демек, біз өз тіліміздің пайда болу табиғаты
мен өзгеруінің эволюциялық жолдарын антикалық дәуір-ден іздеуіміз керек.
Кезі келгенде көне қазақ тілі, тіпті ежелгі қазақ тілі деп де айта
беруге болады. Бірақ көне түркі тілдерінің (V-Х ғ.) кезінде, әрине,
қазақ деген сөз дәл қазіргі мағынасында айтылмаған, ал ескі түркі
тілдерінің кезінде (ХІ-ХVІІ ғғ.) қазақ деген сөз жазылып қалғанымен,
оның мағынасы дәл қазіргідей болмаған, яғни этникалық термин емес, бейтарап
сөз болған. Алайда қазақ тілінің көне немесе ескі тіл екендігін теріске
шығаруға болмайды. Өйткені оның көнелік (ескілік) сипаттары көне (ескі)
түркі жазба ескерткіштерінің тілінен айқын байқалады. Қазақ халқының ұлт
болып қалыптасуына үлкен үлес қосқан рулар мен тайпалардың, ұлыстар мен
халықтардың өз заманында қолданған тілдері – қазіргі қазақ тілінің
қалыптасуы мен дамуының қайнар көзі болып табылады [3, 213].
Қазақ халқының мәдени мұраларының және тілінің тарихы өте көне
замандарға кететіндігін, қазақ халқын құраған ру-тайралар ежелгі Қытай мен
Рум аралығында өмір сүрген одақтар мен мемле-кеттердің құрамында
болғандықтан, көне мәдени мұраларға осы аралықты мекен еткен өзге де ру-
тайпалар сияқты қазақ халқы да ортақ болғандығын Ертедегі әдебиет
нұсқалары атты еңбекті Б. Кенжебаев, М. Жолдасбеков, М. Мағауин, Х.
Сүйіншәлиев, Қ. Сыдиқов сынды ғалымдар жариялап, айтқан болатын. Бұл ғалым-
дардың пікірінше, қоғамның ру, ұлыстық дәуірінде туған тұрмыс-салт жырлары,
ертегілер, Алып батыр, Қорқыт жайындағы аңыздар, Оғыз, Алпамыс туралы жыр-
дастандар түркі халықтарының тек біреуіне ғана емес, көпшілігіне ортақ [1,
27]. Бұл үлгілердің ішінде Оғызнама (ІХ ғ.), Қорқыт ата кітабы (ІХ ғ.),
Құтадғу білік (ХІ ғ.), сияқты хатқа түсіп, жазба түрде жеткендері де бар.
Сонымен қа-тар, тасқа қашалып, VІ-VІІІ ғасырлардан қалған Орхон-Енисей жаз-
ба ескерткіштері де – түркі халықтарының көпшілігіне ортақ мұра.
Жағрафиялық таралым өрісіне байланысты ұлыс атымен шаға-тай тілі
аталған немесе Орта Азиялық түркі тілі – қазақ қоғамының мәдени, тарихи,
әлеуметтік қажетін өтеуде үлкен роль атқарғаны белгілі. Бірақ, бұл жазба
әдеби тіл қазақтың халық тіліне негізделген төл әдеби тілі емес, түркі
халықтарына тән ортақ тіл болатын. Қазақ қауымында, әсіресе ХV ғасырлардан
бастап жазба дүниелерінің қа-жеттілігі артты. Келесі ұрпаққа ата-
бабаларының өсиеті ретінде шежіре тарату және жеті атасын білдіру
дәстүрі сақталды. Тек қана шежіре саласында емес, жазу дәстүрі хат-хабар
алысуда да орын алған. ХV ғасырдың ІІ жартысынан бастап қазақ
хандарының өзге елдердің билеушілерімен өзара елшілік хаттар арқылы қарым-
қатынас жасап отырғаны мәлім.
Орта Азиялық түркі әдеби тіліне тән жазба үлгілердің ішінде дәуірі
жағынан да, тілдік ерекшеліктері жағынан да қазақ тіліне жақыны деп –
Әбілғазы Бахадүр ханның Шежіре-и Түрки (ХVІІ ғ.) мен Қадырғали
Жалайыридің Жамиғат-Тауарих (ХVІ ғ.), Әділ сұлтан эпикалық жырын және
Өтеміс қажының Шыңғыс-нама атты шығармаларын атауға болады. Бұдан кейінгі
кезең-дердегі қазақ хандары мен сұлтандарының сыртқы елдермен, өзара
жазысқан қатынас қағаздары мен хаттарында қазақ тілінің элемент-терін
қолдану тұрақты сипат ала бастады. ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ әдеби тілін
танытатын үлгілерге, бір жағынан, ақын-жыраулар туындылары, екінші жағынан
риторикалық туындылар (заң, дәстүр, мәдениет, мемлекеттілік және т.б.),
үшінші жағынан, ауыз әдебиетінің лиро-эпостық, батырлар жырлары сияқты
түрлерінен басқа үлкен екі топтағы дүниелер жатады.
Оның біріншісі, алғашқы қазақ хандарының жарлықтары, бір-бірімен және
өзге елдермен арадағы қарым-қатынас қағаздары. Өйткені әрбір қазақ ханы,
іс-қағаздарын, үкім-жарлықтарын жүргізіп, оны іс жүзіне асырып отыратын,
кеңсе хатшылығы қызме-тін атқаратын уәзір ұстап отырған [2, 110]. Өкінішке
орай, осы топқа жататын жазба ескерткіштер әлі күнге дейін ғылыми айналыс-
қа тартылмай отыр. Оның басты себебі сол дәуірлердегі жазба мұралардың
сақталмауында болса, сондай-ақ оларды іздестіру жұ-мыстарының мүлдем
жүргізілмеуінде болып отыр.
Екіншісі – тарихи шежіре сипатындағы тарихи туындылар. Бұл тарихи
туындылардың қатарына жоғарыда атап өткеніміздей, Қадырғали Қосымұлы
Жалайыридің Жамиғат-Тауарихы, Әбілғазы Бахадүр ханның Шежіре-и Түрки,
Әділ сұлтан эпикалық жыры және Өтеміс қажының Шыңғыснама сияқты
туындылары жатады. Бұлар жазба нұсқалар болғандықтан, хатқа түскен
кезеңдегі жазба дәстүрінің толық сақталып қалғандығымен ерекшеленеді.
Бұл жазба ескерткіштердің тілі ерекшелігі жағынан Х-ХІ ғасырларда
қалыптасқан Орта Азиялық түркі, сондай-ақ ескі қыпшақ жазба тілі
дәстүрінің негізінде туып, оның қазақ топыра-ғында әрі қарай жалғасып да-
мыған түрі болып табылады. Негізінен, қазақ әдеби тілінің тарихында сөйлеу
тілі негізінде қалыптасып, осы ерекшеліктерімен поэзия мен шешендік сөз-
дерде, ауызша әдебиетте өмір сүріп келді және жазба әдеби тілге негіз
болды.
Ортағасырлық түркі жазба әдеби тілінің дәстүрлерін сақтай отырып, қазақ
топырағында әрі қарай дамыған, әр түрлі жазбалардан көрініп отырған қазақи
дәстүрлі жазба тіл болды. Бұлардың әрқайсысының қазақ әдеби тілінің
қалыптасуы тарихында өзіндік орны бар [2, 111].
Қазақ топырағында қызмет еткен әдеби дәстүр жайында сөз етер болсақ, ХV-
ХVІІ ғасырлардан бастап қазақ қоғамында да жазба дәстүр болғандығын, оның
шағатай тіліне қатысты екенін айтып өтуіміз шарт. Қазақ ру-тайпалары
дербес хандық құрған кезде, яғни ХV-ХVІ ғасырларда жазба дүниелердің
қажеттілігі туды. Ол ең алдымен, қазақтың хан-сұлтандарының өзге елдермен
қарым-қаты-нас жасау саласында қажет болды. ХVІ ғасырдың ІІ жартысынан
бастап, қазақтың Кіші жүзі және Орта жүз хандары мен Ресей империясының
сыртқы істер коллегиясы арасында алуан түрлі дипломатиялық, саясаттық және
шаруашылық жайларына қатысты жазба түріндегі қарым-қатынас қарқынды жүре
бастады. Содан соң, жеке адамдардың кейінгі ұрпақтарына ата-бабаларын
танытатын шежірелер жазу дәстүрі болған. Сондай-ақ, жақсы атаның ақыл-өсиет
сөздерін кейінгі ұрпаққа жазба түрде қалдыру сияқты дәстүр болғаны да
айтылады. Ел арасында орта ғасыр шамасынан бергі жерде шежірелер жазылып,
ол шежірелер көбінесе би, сұлтан және ру басылардың үйлерінде сақталған.
Тарихшы М. Қойгелдиев қазақ хандары мен сұлтандары са-райларында
шежірелер жазылып, оқылып отыратындығының заңды құбылыс екендігін дәлелдей
келіп, қазақ хан-сұлтандарының, дала ақсүйектерінің белгілі дәрежеде
сауаттылықты бағалауы, өз бала-ларына уақыт талабына сай білім беруі... шағын
кітапханалар ұстауы – дамыған феодалдық қоғамға тән құбылыс, деп жазады.
Бұл деректер ХV-ХVІІ ғасырларда қазақ қауымында жазба дәстүрінің
болғандығын, оны қазақтардың өздерінің пайдалан-ғандығын дәлелдейді. Сондай-
ақ, жазу салты жеке адамдардың бір-бірімен хат-хабар алмасуында да орын
алған. Оған бірден-бір мысал ретінде қазақ сұлтаны Оразмұхаммедтің ХVІ
ғасырдың соң-ғы ширегінде қазақ даласын билеп тұрған немере ағасы
Тәуекел ханмен жазысқан хаттарын келтіруге болады.
1595 жылы Мәскеуде, орыс патшасы сарайында отырған Ораз-мұхаммед
ағасына хат жазып, қазақтың халық жырлары мен шежіре-лерін жіберуді
сұрайды. Тәуекел хан да інісіне жауап хаттар жазып, сұраған қолжазбаларын
жібереді. Бұл хаттар кезінде Оразмұхам-медтің қолында болған Күміс
сандықта сақталған. Өкінішке орай, патша архивінде сақталып келген осы
сандық 1736 жылы Ресей Ғылым Академиясына сыйға тартылып, Академияның Азия
музейі-не тапсырылады. Нәтижеде, ол жоғалып кетеді. Оразмұхаммед пен
Тәуекел хан, сөзсіз бір-біріне хатты орыс, өзбек немесе татар тілдерінде
жазыспағандары анық. Заманының мұсылманша сауатты адамдары – хан мен
сұлтан сол кезеңнің тәртібін сақтап, жалпыға ортақ түркі жазба тілінің
нормаларын ұстап, өздерінше ана тілдері-нде, яғни қазақ тілінде жазысты. Ол
жазба дәстүр шағатай тіліне негізделді [4]. Осы кезеңдегі ресми қағаздар
мен хат-хабарлардан басқа жазба дүниенің аса маңызды түрі шежірелер
болған. Ол шежірелер құрылысы, баяндау стилі және көлемі жағынан әр түрлі
болып келген. Ата-бабалардың аттарын хронологиялық тәртіппен түзген схема
іспеттес қысқа түрлері де, тарихи шығарма түрінде де келетін күрделі
туындылар да болса керек.
Тарихи жылнама түрінде жазылғандардан бізге жеткені қазақ-тың тарақ
таңбалы жалайыр руынан шыққан Қадырғали бидің шежіресі. Бірқатар ғалымдар
(Б. Сүлейменов, Н. Өсеров т.б.) қазақ шежірелерінің қатарына Әбілғазының
Шежіре-и Түрки (ХVІІ ғ.) атты тарихи шығармасын да қосады. Сонымен қатар,
Өтеміс қажы-ның Шыңғыснамасы және Әділ сұлтан эпикалық жыры – осы-
лардың санатында. Ал, қазақ тілі мамандары қазақ жазба әдеби тілі тарихын
зерттеуде Әбілғазы шежіресінің де орны бар екенін айтады. Б. Әбілқасымов
ескерткіш тіліндегі тұрақты сөз тіркестерін зерттей келе, олардың басым
көпшілігінің қазіргі қазақ тілінде аса көп өзге-ріске ұшырамай сақталғанын
көрсетеді және олар көркемдік құрал ретінде қолданылғанда, қазақтың
ұлттық таным-түсінігіне сай ке-летіндігін айтады [4]. Ғалым Б. Әбілқасымов
Әбілғазы ханның Түркі Шежіресі және оның тілі атты кітабында: Әбілғазы
хан өзі билікке келгенге дейін Түркістандағы қазақ ханы Есім ханның үйінде
қонақта болған, мұнда қазақ хандарының шежіресімен таныс-қан деген
мәліметтер бар. Мүмкін оның тіліндегі қазақтық белгілер-ге бұл фактілер де
себебін тигізген болу керек, дейді[4].
Бұлардың ішінде жалайыр Қадырғали бидің Жамиғат-Тауарих атты
шығармасы – қазақтың ескі жазба тілін танытатын бірден-бір құнды
ескерткіш. Оның тіліне қарап ХVІ ғасырдың соңындағы қазақ жазба дәстүрін
танып білуге болады.
Қадырғали Жалайыридің Жамиғат-Тауарих (1598-1600), Әбілғазы Бахадүр
ханның Шежіре-и Түрки (1640), Әділ сұл-тан эпикалық жыры және Өтеміс
қажының Шыңғыснама атты шығармалары мен әр түрлі хан жарлықтары,
қатынас қағаздарының тілінен анық байқауға болады. Мысалы, бірлі-жарым
жерде ғана болмаса, сөз басында қазақ тілінің ерекшелігіне байланысты ж
келетін жерде й болып беріледі: йол жол, йахшы жақсы, йігіт жігіт,
йапырақ жапырақ және т.б. Бірақ дыбысының қолда-нылуы қайсысында да
кездесіп отырады: жабғу, жан, жайық, жауап және т.б. ж дыбысының орнына й
дыбысының қолданылуы – тіл дамуының әсері. Сондай-ақ, кейбір сөздердің
көне тұлғаларында жұмсалуы тағға тауға, тигді тиді, йағмур жаңбыр,
йағар жағар және т.б.). Қадырғали еңбегінен бір мысал: Йағмұр айндан
хақның ферманы білән йағар ол сәбәбдин барчә халықға ғадилиң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ескі қыпшақ жазба ескерткіштеріндегі сөзжасамдық ерекшеліктер ( Китаб әл-Идрак ли-Лисан әл- Aтрак ескеркіші бойынша)
Көне түркі (ХIII-ХIV ғасыр) жазба ескерткіштер тіліндегі есім сөздердің жасалу жолдары
Түркі жазба ескерткіштері тіліндегі үстеу сөздердің даму ерекшеліктері
Ескі қазақ жазба үлгілеріндегі лексика-семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктер ( ХV-ХVІІ ғғ )
Сөздің құрылымы
Сөзжасамның қазақ тіл білімінде зерттелуі
Сөзжасамдық жұп және оның семантикасы
Түркологиялық еңбектерде зат есімнің зерттелуі
Сөзжасам
Сөзжасамдық жұп және оның мағынасы
Пәндер