Табиғатты пайдалану экономикасы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2



I . бөлім. Табиғатты пайдалану экономикасының (экономикалық өсу мен экология) міндеттері мен проблемалары
1.1 Экономикалық өсудің және экономикалық дамудың теориясы мен түсініктері, оның негізгі қарастыратын мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.2 Экономикалық . экологиялық саясат және оның қазіргі таңдағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Табиғатты пайдалану экономикасының негізгі идеясы. оның міндеттері мен проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

II . бөлім. Экологиялық дағдарыстан шығудың экологиялық . экономикалық стратегиясы
2.1 Қазіргі кездегі экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары (Киото хаттамасы, Жапония) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Қазақстан Республикасының экономикалық.экологиялық саясаты, оның жүзеге асырылу процессі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.3 Тұрақты дамудың міндеттерін шешуде экологиялық . экономикалық механизмінің тиімділігін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

III . бөлім. Экономикадкағы экологиялық негізгі бағыттар
3.1 Экономикадағы экологиялық факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3.2 Экономиканың құрылымдық қайта құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Қолданылған материалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланыс бүгінгі таңдағы проблемалардың бастысы болып отыр. Қазіргі уақытта табиғатта және экономикалық дамуда экологиялық тепе – теңдікті сақтау міндеттері өзара байланысты. Өйткені, табиғат байлығын аяусыз сарқа пайдаланып, бейберекет ластаумен экономиканың қалыпты дамуын өамтамасыз ету мүмкін емес. Табиғи – ресурстық әлеуеттің шектеулі екендігін және ғаламдық экологиялық апаттың жылжып келе жатқандығын әлем қауымдастығының жете түсінуі нәтижесінде туындаған тұрақты даму идеясы осынау тығырықтан шығудың жолын іздеуге адамзатты мәжбүр етеді.
Қоршаған ортаны сауықтыруға ықпал етуде және экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасауда табиғатты пайдалануды кешенді және үйлесімді түрде қалыптастыру ісі-әлем елдерінің алдында тұрған маңызды проблема болып табылады, сондықтан қоғам мен табиғат арасында өзара қайшылықтар кедергісінен өту - өндіріс пен экономиканы экологияландыру болмақ. Қазіргі Қазақстан мемлекеті үшін Семей аумағы, Арал проблемасы мен қатар экономиканы дұрыс жоспарламау салдарынан болып отырған Каспий проблемасы, қалаларымыздың ауа тазалығын шешу уақыт күттірмейтін проблемалар. Сондықтанда Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықпен бірге осы проблемаларды шешуде көп күш пен қаражат жұмсауы керек, ал ол үшін біріншіден экономика саласын реттеу маңызды аспектілерінің бірі. Бекерден бекер емес, қазіргі таңда табиғатты пайдалану экономикасы, яғни экономикалық өсім мен экологияны қатар алатын сала ретінде маңызды ғылыми пән ретінде қалыптаса бастады.
Осылардың шешімін табу үшін экономика саласында мамандардың экономика мен табиғатты пайдалануды ұйымдастыру және экология негіздерінің ауқымындағы білімін талап етеді. Кез-келген кәсіпорын болсын, қазіргі өзекті экологиялық сауаты бар мамандарды тартуға көп көңіл бөлу
үстінде. табиғатты пайдаланудың механизімі дұрыс жоспарланған кезде ғана экономиканың тиімділігіне, экологияның тазалығына қол жеткізуге болады. Ал алдымен, әлем, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен билік өкілдері экономикалық өсімді не экологияны бірінші қоямай екеуін де қатар дамытуды жете түсінуі қажет. Бұл салада мемлекеттің жетістіктерімен қатар кемшіліктері де бар. Осы курстық жұмысымның негізгі мақсаты – экология мен экономикалық өсімнің қатар жүруінің маңыздылығы, бар проблемалардың теориялық және әлемдік пратикалық шешімі, сонымен қатар нормативтік-құқықтық құжаттардың реттелуі болып табылады.
1. Экономикалық теория, оқулық ҚР ҒА академигі, э.ғ.д. Аубакиров Я.А., э.ғ.д., проф. Байжумаев Б.Б., э.ғ.д., доцент Жақыпов Ф.И., аға оқытушы Табеев Т.П., Алматы, 1999ж. (3 бөлім. 149-153 б).
2. Экономикалық теория. Оқулық. э.ғ.дғ., РФ ғылымына еңбегі сіңген қызметкер А.И. Добрынин, э.ғ.д., Л.С. Тарасевич. С-Петербург, 1997, 2001; (18,19 тарау)
3. Жалпы экономикалық теория (политэкономия). Оқулық. П.В. Плеханов ат. Ресей экономикалық академиясы, академик В.И. Видяпин, академик Г.П. Журавлева. М., 1995, (27, 29, 30 тарау).
4. Лившиц А.Я. Введение в рыночную экономику. 2 бөлім, 12, 13 тарау.
5. С. Меньшиков Новая экономика. –М., 1999.
6. Курс экономической теории. /Под общей редакцией проф. М.Н. Чепурина., проф. Е.А. Киселевой - Киров, «Аса», 2004.
7.Экономическая теория. Теория свободного рынка. /К. Хорвар, Г. Журавлева, Н. Эриашвили.-М., 1998.
8. Экономическая теория. Учеб. пособие. /Н.Н. Соловых и др.-М., 1998.
9. Основы экономической теории: Учеб. пособие. /Под. ред. В.Д. Камаева.-М., 1996
10. Зубко Н.М. Экономическая теория.- Минск, 1998.
11. Курс экономической теории: Учебник. /Под общ. Ред. Чепурина М.Н., Кисилевой Е.А. –Киев, 1999.
12. Гайнулин Ф.Р. Введение в экономическую теорию. – Алматы, 1997.
13. Основы экономической теории: Учеб. пособие. /В.Л. Клюня, М.Л. Зеленкевич, Н.В. Черненко и др.; /Под ред. В. Л. Клюни.- Мн., 1997.
14. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы / Ержан Байғожаұлы Жатқанбаев жетекшілігімен авторлық ұжым дайындады. –Алматы, 2006.-300 бет. Ред. алқа: э.ғ.д. Бимендиева Л.А. (жауапты редактор), э.ғ.д., профессор Жатқанбаев Е.Б. э.ғ.д., доцент Күренкеева Г.Т.
15. Табиғатты пайдалану экономикасы. Мамыров, Үпішев, Алматы 2005ж.
16. Сагимбаев Г. «Экология и экономика» Алматы 2005ж,
17. Глухов В. Экономические основы экологии. 1995ж.
18. Джозев Э. Стиглицтің мақаласы. ( лауреат Новолевской премии по экономике 2001 года, профессор Колумбийского университета (Нью-Йорк)) , Киото хаттамасы (Жапония)
19/Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы
20. www. egemen. kz - Егемен Қазақстан сайты
21. www. akorda. kz - ҚР Президеттінің сайты
22. www. e. gov. kz – ҚР Үкіметінің сайты
23. «Статистика», М.В. Ионина, Новосибирск, 1997ж.
24. Статистические сборники Агенства РК по статистике, 2005г.

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

I – бөлім. Табиғатты пайдалану экономикасының (экономикалық өсу мен
экология) міндеттері мен проблемалары
1.1 Экономикалық өсудің және экономикалық дамудың теориясы мен түсініктері,
оның негізгі қарастыратын
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 3
1.2 Экономикалық – экологиялық саясат және оның қазіргі таңдағы
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Табиғатты пайдалану экономикасының негізгі идеясы. оның міндеттері мен
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

II – бөлім. Экологиялық дағдарыстан шығудың экологиялық –
экономикалық стратегиясы
2.1 Қазіргі кездегі экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары (Киото
хаттамасы,
Жапония) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...14
2.2 Қазақстан Республикасының экономикалық-экологиялық саясаты, оның жүзеге
асырылу
процессі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .17
2.3 Тұрақты дамудың міндеттерін шешуде экологиялық – экономикалық
механизмінің тиімділігін
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..21

III – бөлім. Экономикадкағы экологиялық негізгі бағыттар
3.1 Экономикадағы экологиялық
факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3.2 Экономиканың құрылымдық қайта
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .29

Қолданылған
материалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...30

КІРІСПЕ

Қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланыс бүгінгі таңдағы
проблемалардың бастысы болып отыр. Қазіргі уақытта табиғатта және
экономикалық дамуда экологиялық тепе – теңдікті сақтау міндеттері өзара
байланысты. Өйткені, табиғат байлығын аяусыз сарқа пайдаланып, бейберекет
ластаумен экономиканың қалыпты дамуын өамтамасыз ету мүмкін емес. Табиғи –
ресурстық әлеуеттің шектеулі екендігін және ғаламдық экологиялық апаттың
жылжып келе жатқандығын әлем қауымдастығының жете түсінуі нәтижесінде
туындаған тұрақты даму идеясы осынау тығырықтан шығудың жолын іздеуге
адамзатты мәжбүр етеді.
Қоршаған ортаны сауықтыруға ықпал етуде және экономиканың тұрақты
дамуына жағдай жасауда табиғатты пайдалануды кешенді және үйлесімді түрде
қалыптастыру ісі-әлем елдерінің алдында тұрған маңызды проблема болып
табылады, сондықтан қоғам мен табиғат арасында өзара қайшылықтар
кедергісінен өту - өндіріс пен экономиканы экологияландыру болмақ. Қазіргі
Қазақстан мемлекеті үшін Семей аумағы, Арал проблемасы мен қатар
экономиканы дұрыс жоспарламау салдарынан болып отырған Каспий проблемасы,
қалаларымыздың ауа тазалығын шешу уақыт күттірмейтін проблемалар.
Сондықтанда Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықпен бірге осы
проблемаларды шешуде көп күш пен қаражат жұмсауы керек, ал ол үшін
біріншіден экономика саласын реттеу маңызды аспектілерінің бірі. Бекерден
бекер емес, қазіргі таңда табиғатты пайдалану экономикасы, яғни
экономикалық өсім мен экологияны қатар алатын сала ретінде маңызды ғылыми
пән ретінде қалыптаса бастады.
Осылардың шешімін табу үшін экономика саласында мамандардың экономика
мен табиғатты пайдалануды ұйымдастыру және экология негіздерінің
ауқымындағы білімін талап етеді. Кез-келген кәсіпорын болсын, қазіргі
өзекті экологиялық сауаты бар мамандарды тартуға көп көңіл бөлу
үстінде. табиғатты пайдаланудың механизімі дұрыс жоспарланған кезде ғана
экономиканың тиімділігіне, экологияның тазалығына қол жеткізуге болады. Ал
алдымен, әлем, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен билік
өкілдері экономикалық өсімді не экологияны бірінші қоямай екеуін де қатар
дамытуды жете түсінуі қажет. Бұл салада мемлекеттің жетістіктерімен қатар
кемшіліктері де бар. Осы курстық жұмысымның негізгі мақсаты – экология мен
экономикалық өсімнің қатар жүруінің маңыздылығы, бар проблемалардың
теориялық және әлемдік пратикалық шешімі, сонымен қатар нормативтік-
құқықтық құжаттардың реттелуі болып табылады.

₰1.1 Экономикалық өсудің және экономикалық даму теориясы

Кез-келген ұлттық экономиканың қалыпты жағдайы қоғамда әрекет ететін
қарама-қайшылықты күштердің динамикалық тепе-теңдігін көрсетеді. Сондықтан
экономикалық өсуді және экономиканың дамуын қарастырғанда макроэкономикалық
көрсеткіштердің жалпы экономикалық жалпы экономикалық тепе-теңдіктен
ауытқуын сипаттайтын, қалыпты жағдайлар туралы да сөз қозғалады.
Экономикалық өсу дегеніміз – бұл қоғамдық өндірістің өсуі сапалы
түрде жетілдірілуі. Экономикалық өсу белгілі бір уақыт аралығында ұлттық
экономиканың дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың, нақты ЖІӨнің
артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Мағынасы бойынша, экономикалық
өсу өз құрамына өндіріс нәтижесінде жаңа үдемелі теңдіктердің қалыптасуын
қосатын, экономикалық даму процесінің бір нысаны болып табылады. Даму – бұл
көп өлшемді процесс, оның құрамында техникалық экономикалық, әлеуметтік,
саяси саладағы терең түбегейлі өзгерістер кіреді. Л. Бальцерович бойынша
экономикалық даму қарқынын анықтайтын факторлар төрт топқа бөлінеді:
1. Экономика дамуының бастапқы деңгейі (мысалы, жан басына
шаққандағы табыспен өлшенетін);
2. Адам капиталы, яғни халықтың білім деңгейі, денсаулығы;
3.Шаруашылық жүргізудің ішкі шарттары, яғни экономикалық құрылыс;
4. Шаруашылық жүргізудің сыртқы шарттары, яғни әлемдік
конъюктурасы;
Экономикалық даму оң және теріс динамикада болуы мүмкін. Ал,
экономикалық өсу экономикалық дамудың оң динамикасы болып табылады.
Экономикалық өсудің базасы болып өндіріс және ұдайы өндіріс
тиімділігі болып табылады. Өндіріс пен ұдайы өндіріске талдау жасамай,
экономикалық өсуге өол жеткізу мүмкін емес. Сонымен, экономикалық өсу –
бұл экономика дамуының оң динамикасын сипаттайтын, экономикалық
элементтердің (жұмыссыздық, баға, өндіріс, т.б.) дмау бағыты. Сонымен
қатар, экономикалық өсу – бұл номиналды және нақты ЖҰӨнің өсуіне әкелетін
қозғалыс, яғни елдің экономикалық қуатының артуының негізі. Сондықтан
экономикалық өсу мемлекеттің экономикалық саясатының басты мәселесі болып
табылады.
Нақты экономикалық өсу – экономикадағы негізгі қайшылықты
(ресурстардың шектеулігі мен қоғамдық қажеттіліктердің шексіздігі
арасындағы) жаңа деңгейде шешу. Ол екі тәсілмен шешілуі мүмкін:
а) Өндірістік мүмкіншіліктерді арттыру арқылы (жаңа ресурстарды,
өндіріс процессіндегі жаңа мүмкіншіліктерді қолдану)

б) Қолда бар өндірістік мүмкіншіліктерді тиімді пайдалану және қоғамдық
қажетткіліктерді жетілдіру арқылы (темекі шегумен, нашақорлыққа қарсы
күрес, адамның өзін-өзі жетілдіруі, мәдениетті дамыту).
Тағы бір көңіл бөлетін ұғым қазіргі экономикалық өсу. Қазіргі
экономикалық өсу – нақты ұлттық табыстың өсу қарқынының халық санының өсу
қарқынынан тұрақты түрде жоғары болуы. Қазіргі экономикалық өсуіне тән
белгілер:
1. Жан басына шаққандағы ЖІӨ өседі.
2. Халықтың білім деңгейі жоғарылайды.
3. Аграрлық сектордың үлесі азаяды.
4. Урбанизация процесі жеңілдейді.
5. ЖІӨгі экспорттың үлесі артады.
6. ЖІӨгі жинақ үлесі біртіндеп өсе бастайды.
7. Экономика мен әлеуметтік саяси даму арасында тығыз байланыс
туындайды(демократиялану процесі)
Экономикалық өсудің қарқыны мен экономикалық өсу сапасының жоғарлануы
арасында белгілі бір алшақтық болатынын айта кету керек. Өсудің жоғарғы
қарқыны қосу сапасының төмендеуі арқылы болуы мүмкін.
Мысалы, еңбек шығындарының артуына, сол арқылы экономикалық өсу қарқынын
өсіретін жұмыс күнінің ұзаруы немесе еңбек интенсивтілігінің өсуі өз
кезегінде экономикалық өсу сапасына кері әсер етеді, яғни бос уақытты
азайтады. Керісінше, төмен және теріс экономикалық өсу қарқыны сапалы өнім
шығару негізінде тұтынуды қанағаттандырумен қатар жүруі мүмкін. Сондықтан
да көп экономистердің ойы бойынша өсу аса жоғарғы қарқынды
(9-10%) болса да, төменболса да (2-3%) экономикалық өсудің тұрақты қарқыны
болу керек.
Экономикалық өсу өндіріс көлемі мен сұраныс өсетін экономиканың
жағдайымен анықталады және құлдыратуға қарсы тұрады. Сонымен қатар, ол
экономикалық саясаттың басты мақсаты болып табылады және экономиканың
циклдық ауытқуын жоя алмағанын өзінде, оны төмендетуге бағытталады. Сондай-
ақ, дамудың объективті мүмкіндіктері жағдайында үздіксіз және барынша
жоғарғы экономиаклық өрлеуді қамтамасыз етуге бағытталады.

Экономикалық өсудің факторлары мен типтері

Экономикалық өсуді талдау, жеткілікті ұзақ кезеңді қамтыған жағдайда
ғана нәтижелі болуы мүмкін. Өсу факторлары – экономикалық өсудің түпкілікті
элементтері. Әдетте келесідей экономикалық өсу факторларын бөліп көрсетеді:
1. тұрғындар;
2. капитал салу (инвестициялар)
3.инновациялар
4.сырқы айырбас

Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар тікелей және жанама болып
бөлінеді. Тікелей фактор экономикалық өсуге физикалық қабілеттілікті
тікелей анықтайды. Жанама осы қабілеттің іске асу мүмкіншілігіне әсер
етеді. Тікелей факторлардың құрамына жиынтық өндіріс пен ұсыныс динамикасын
тікелей анықтайтын бес негізгі фактор кіреді:
1. еңбек ресурсының сапасын және санын арттыру;
2. негізгі капитал құрамын сапалы жақсарту және көлемін өсіру;
3. өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру;
4. шаруашылық айналымға тартылатын табиғи ресурстардың санын және
сапасын жоғарлату;
5. қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттерді өсіру.

Аталмыш суретке көз жүгіртсек Қазақстан Республикасының таңдаған
жолын көре аламыз. Яғни, Қазақстан ең алдымен, экономикалық өсімді таңдап
отырғандығы анық байқалады. Алайда соңғы кездері бұл саясаттың өзгеріп келе
жатқандығын көріп жүрміз.

Экнонмикалық өсудің экстенсивті және интенсивті типтеріне қатысты
өсудің
тікелей факторлары екі негізгі топқа бөлінеді: экстенсивті және интенсивті
(2-сурет)
Экстенсивті және интенсивті экономикалық өсу типтері экономикада таза
күйінде қолданылмайды. Өсу факторларын ҒТП жетістіктерін енгізу негізінде
сапалы жетілдіру өндіріс құрал-жабдықтарына немесе жұмыс күшіне инвестиция
салуды талап етеді, сондықтан нақты экономикалық өсуге талдау жасау кезінде
басымырақ экстенсивті немесе интенсивті өсу қарқыны деп бөлінеді. Қазіргі
уақытта экономикалық өсуді наұты ЖҰӨ өсіміндегі үліс салмағына байланысты
екі типтің біріне жатқызады. Егерде нақты ЖҰӨ өсудің интенсивті факторы
арқылы алынған үлес 50%-дан жоғары болса, онда экономикада интенсивті өсу
типі басым және керісінше.
Экономикалық өсуді реттеудегі мемелекеттің негізгі бес бағытын
көрсетейік:
1. Мемлекет рынок шеше алмайтын мәселлерді шешеді: қоғамдық игіліктер
өндірісі, іргелі ғылыми зерттеулерді қолдау. қоршаған ортаны қорғау жіне
т.б.
2. Антициклдық реттеуді жүргізу, яғни бюджет мен ақша айналымына мемелекет
бақылау жасайды. Мемлекет төлем қабілеті бар сұранысты қамтамасыз ету үшін
рыноктық тепе-теңдікті қалыпты деңгейде ұстауға ұмтылдады.
3. Экономикалық өсудің жаңа сапасы өндірісті құрылымдық қайта құруға
әкеледі: ҒТП енгізу, капитал салымдарының тәуекелін төмендету, экономиканың
жаңа секторын игерудегі бизнесті қолдау, экспрттық салаларды қолдау,
импортты алмастырушы өндірісті қолдау және т.б.
4. Инвестициялық сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланысты сақтау, яғни
жинақтардың ағымдық тұтынудан өндірістік тұтынуға ауысуы ауысуы.
5. Салық саясаты.
Мемлекет жиынтық сұраныс пен ұсынысты ынталандыра отырып,
экономикалық өсуді жүзеге асыру үшін қолайлы инвестициялық климаттың
қалыптасуына себепші болады.

Экономикалық өсудің модельдері
Эконикалық өсу қзінің қоғамды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі
аса маңыздылығымен соңғы үшжүзжылдықтың ғалымдарымен зерттелуде.
Классикалық мектептің негізін салушы А. Смит Халықтар байлығының
себептері мен табиғаты туралы зерттеулер еңбегінде XVIIIғ. соңында-ақ,
экономикалық өсудің негізгі факторларын атаған болатын: еңбек бөлінісі
процесі, капиталдың қорлануы және техникалық прогресс.
XXIғ. басында осы мектептің келесі көрнекті өкілі ағылшын экономисі
Д. Рикардо экономикалық өсудің басқа тұжырымдамасын ұсынды оның мәні
кемімелі қайтарым қағидасына негізделген Д. Рикардо: жерге қосымша
инвестиция салымының өсуі жерден алатын экономикалық өсудің кідірісін
туғызады - деген.
Экномикалық өсудің модельдеріне келсек, оның негізгі үшмоделін атап
өтуге болады:
1. Неоклассикалық модель, яғни еркін рыноктық қатынасты, өндіріс
факторларын қарастырды.
2. Кейнстік және неокейнстік модельдер-сұранысты ынталындыра отырып
экономиканы реттейді.
3. Институционалдық модель-дамып келе жатқан қажеттілікті үнемі
қанағаттандыруға және халық шаруашылығының құрылымының институционалдық
өзгерістеріне көңіл бөледі.
Неоклассикалық бағыт төмендегілерге негізделген:
а) өндірістің әрбір фаторы өндірілетін өнімге сәйкес үлесін қамтамасыз
етеді;
б) өнім құны шекті факторлармен жасалады
в) экономика еркін бәсеке процесі кезінде тепе-теңдікті автоматты түрде
қалпын келтіру үшін қажетті алғы шарттарға ие.

Табыстың күтілетін өнімі, Y
G1
G2
G3

Акселератор әсері

E F

C D

A B

45˚

X
шаруашылық субьектілер санының
өзгерісі

Шаруаышлық субъектілер санының өсуі
Неоклассикалық бағытты қолдаушылар экономикалық өсудің неокейнстік жүйесіне
қарсы өздерінің жаңғырту тұжырымдамасын жасауға ұмтылды. Кейнстік бағытты
жақтаушылар теориясында өсу әлеуметтік-экономикалық алғы шарттардың
кешеніне әсер етпейтін, тек тек техника-экономикалық көрсеткіштердің
өзгерісі деп дәлелденген. Ол ең алдымен сапалық емес сандық құбылыс ретінде
қарастырылады. Кейнстік өсу теориясының қарастыратын негізгі мәселесі
инвестиция мен жинақтың ара қатынасы, бірақ неоклассиктер капиталдың
қорлануы мен халықтың өсуінің арасындағы тепе-теңдікке кейнстерден бұрын
талдау жасаған. Неоклассикалық және неокейнстік модельдердің өзара
айырмашылығына қарамастан. олар ұқсас әдістемеге негізделген.
Институтционалдық модельдің олардың өзгешелігі сапалық теориялық негіздерге
сүйенеді.

1.2 Экономикалық – экологиялық саясат және оның қазіргі таңдағы маңызы

Қазіргі күнге дейін адамзат табиғаттың ресурстарын аяусыз сарқа
пайдаланып келді. Соңғы кездері әлемде болып жатқан оқиғалар адам баласының
ойланып, ой санасына табиғат ресрустарының шектеулі екендігі, экологияның
нашарлауы адамзат үшін қауіпті екенін сезіне бастады. Көптеген әлемде болып
жатқан соңғы онжылдықта өткен самиттер мен халықаралық кездесулер осының
дәлелі болса керек. Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік туын
желбіреткен күннен бастап, көптеген экологиялық проблемаларға жолықты.
Әрине, бастапқы кезде ол проблемаларды шешуде көп қателіктер
жіберілді.Керек десеңіз, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі де
жасақталмаған болатын. Бірақ ең бастысы біз ядролық қарудан еркін аймақ
болып жарияландық. Қазіргі кезде халықаралық көптеген хаттамаларға
қосылдық.
Біздің өзіндік экономикалық-экологиялық саясатымыз қалыптаса бастады.
Мұның кез келген мемлекет үшін маңызды екендігі қазір толық дәлелденіп
отыр. Жалпылама алғанда мемлекет үшін бұл сала маңызды болуы тиіс. Әлемді
алып қарасақ, кедей елдер экономикалық экологиялық саясат жүргізбейді.
Мұның өзіндік себептері болса керек. Өйткені, бұл мемлекеттердің оны
ойлауға шамасы да жоқ. Себебі, экономикалық өсу төменгі деңгей болып
есептелетін аталмыш елдердің халқы өте кедей тұрады. Олар үшін ең маңыздысы
халқының әлеуметтік жағдайы. Сондықтанда әлемдік қауымдастық алдында қазір
экономикалық-экологиялық саясатты жүргізудің маңызы зор.
Бұл мәселелерге тоқталғанда әлемдік интеграцияның маңызын атап өткен
жөн. Себебі, алпауыт капиталистік мемлекеттер кедей елдерге қаржы жағынан
көмек көрсетуі керек секілді. Менің ойымша, қазір экономикалық-экологиялық
саясатты белсенді жүргізу керек. Мемлекеттің осындай саясатты жүргізуі
болашақта өз жемісін беретіні айқын.

1.3 Табиғатты пайдалану экономикасының негізгі идеясы. оның міндеттері мен
проблемалары

Әлемдік экономиканың тоқтаусыз дамуы ғаламдық экологиялық көкейкесті
проблемалардың туындауына себеп болып отыр. Жердің шөлге айналуы, орманның
құрып кетуі, табиғи қордың сарқылуы, озон қабатының бұзылуы, жылыжай
буынның әсері(парник), тұзды жауын, ауыз судың тапшылығы, мұхиттардың
ластануы, өсімдік пен жануарлар түрлерінің жойылуына және жердің азуына
әкелуде. Жоғарыда айтылған осы проблемалар қайткенде де адамзат
өркениетінің болашағымен тығыз байланысты.

Тұтастай алғанда табиғат экологиялық проблемаларды білмейді. Егерде, олар
кейбір организм топтарында туындай қалса, әдеттегідей эволюциялық баяу
жолымен, біршама уақыт аралығында біп түрдің екінші түрге ауысуымен
табиғатта білінбестен өте береді. Оларға қарағанда адамдардың экологиялық
проблемалары жер шарындағы бар табиғатты өзекті проблемаларына айналып
отыр.
1. Табиғат пен қоршаған ортаға адамның ХХ ғасырдағы антропогендік
әсер етуінің шамасы үлкен болды. Қалыпты биосфераның шегіне жақындап қалды,
тіпті кейбір параметрлер бойынша асып жатыр. Әрине, мұның көріністері әр
түрлі:
Бұзылмаған жер көлемінің күрт азайып кетуі, олардың тозуы, биологиялық
түрлерінің азаюы, биосфераның сандық және сапалық жағынан кедейленуі;
Тұщы су, топырақ гумусын, биомассаны және өсімдік өнімдерінің орнын
толтыруға мұрша бермей бәрін алып, тұтынып жатыр;
ХХғ. орны толмайтынминералдық және отындық қорлардың тез азайып, сарқылуға
жақындауы өз кезегінде қиын экономикалық проблемалар тудырып отыр.
Құрамында заттар мен материалдар табиғат айналымында еш пайдаға аспайтын
шаруашылықтағы қалдықтар ортаны ластайды, экожүйені бұзуына әкеліп, адам
денсаулығына қауіп төндіреді;
Ортаны реттеп тұратын биосфераның қызметі әлсізденіп, экологиялық тепе-
теңдіктің бұзылуына алып келеді;

Жердің геологиялық тарихына өсімдік жабындысының құрғақтығында,
құрлықтың ландшафт құрылымында, климат пен атмосфераның химиялық құрамында
айтарлықтай өзгерістер бұрындары болып тұрған.
Сондай-ақ, адамның табиғатқа жағымсыз әсер етуінің де ұзақ тарихы
бар. Бірақ осылардың барлығы біздің заманымыздағы жағымсыз әрекеттің
жылдамдығында болған емес. Бұл ғаламдық экологиялық дағдарыстың есіктен
сығалауы деген сөз.

2. Өсіп отырған антропогендік қысымға табиғат бұрын-соңды көрмеген
экологиялық қауіпті өзгерістермен жауап беруде:
Ортаны химиялық және радияциялық ластануының әсерінен мутацияны тездетіп
және жаңа биологиялық түрлердің пайда болуына әкеліп отыр. Олардың
бейімделуі мен тұрақтылығы өте жоғары, ал кей жағдайда адамға өауіпті
қасиеттерге де ие;
Микроорганизмдердің, өсімдіктердің немесе жануарлардың жеке түрлеріне
таңдап жүріп әсер етуі, олардың табиғи бірлестіктен жойылуы көптеген
түрлерді жанап өтетін, экожүйелердің тұрақтылығын бұзып және олардың ішінен
көбін білінуге әкелетін бақылауға еш келмейтін тізбекті реакцияларға жол
ашады;
Ландшафттардың антропогендік тұрғыдағы қайта құрылуы мен ортаның ластануы
экологиялық апаттар мен экономикалық шығындарға, экологиялық қауіп қатері
жоғары зоналардың пайда болуына әкелетін бақылауға еш келмейтін салалары да
жоқ емес. Табиғат жауаптарының адам табиғатына тікелей қатысы бар.

3. Адам өзінің консервативті биологиялық мәнінің және табиғаттан күн
санап өсе түскен өгейсінудің арасындағы қайшылықтарыдың торында шырмаланған
күн кешуде.
Өздері ойлап тапқан технологияны жақсы өмір сүру үшін тұрмыс
құралдарын пайдалана отырып, табиғи сұрыптау мен түр аралық
бәселекестіктің қысымынан үлкен дәрежеде құтылып отыр. Ол биологиялық
түрлер санынан бірнеше есе асып, биологиялық тұтынуды қанағаттандыру үшін
қуат (энергия) көздерін пайдалану көлемін ондаған есеге арттырады.
Адам санының өсуі олардың биологиялық сапасынының артуымен байланысты емес.
Керісінше, тұқым қуалайтын аурулардың жұқпалы ауруларға бейімділігі, сондай-
ақ егде адамдардың созылмалы аурулары да кең етек алып отыр. Адам
экологиясының проблемалары денсаулықтың проблемаларына көп ұқсап келеді.
Адамзат ХХғ. өзінің тұтынуы өркениеті шегінде қалып отыр. Экономика
екінші қажеттіліктің үлкен санына жабысуының арқасында тұр. Осылардың бәрін
қана,аттандыру қоршаған ортан мен табиғатымызға артық техногенді салмақ
түсіреді.
Адамзаттың экологиялық проблемалары әлеуметтік және экономикалық
проблемалармен өте тығыз байланысты. Аймақтық экологиялық проблемалары
әлеуметтік мүлік теңсіздіктері мен геосаяси сілкіністердің тікелей ошағы
болып табылады. Осы проблеманың көпшілігін тек қана экологиялық себептерге
ғана емес, сонымен қатар экономика мен қоғамдық идеологиялық саясатқа да
байланысты. Қазіргі таңдағы экология оларды кешенді түрде зерттеп және
шешудің маңызды ғылыми негіздерін еңгізуде.
Ғылым ретінде қазіргі таңдағы экологияның міндеті: көптеген нақты
материалдардың бірегей теориялық платформаға өзара қатынасын барлық қырынан
көрсетіп, осы мәліметтерді бір жүйеге келтіріп, біріктіру керек.
Қазіргі кездегі ғаламшардың экологиялық проблемасын түсіну үшін,
экологиялық жаңа идеологиясы мен әдіснамасын жасау үшін табиғатты
пайдаланудағы тәжірибелік істерді, экологиялық білімді дұрыс ұйымдастыра
білу қажет. Осы күнгі экологияның жалпы міндеттерін ғылыми іс-тәжірибелік
жоспарда ауқымды түсінік бойынша төмендегідей қалыптастыруға болады:
Ғаламшар табиғатты жағдайының және оның ресурстарының жан-жақты
диагностикасы, ортаның ластануы мен адамзат әрекетінен биологиялық
қорлардың алынуына себеп адамның ісінен, антропогендік қысымға қатынасы
бойынша биосфераның шыдамдылықты шамасын анықтау;
Биосферасы ең маңызды өнім әлеуетінің табиғатын кешенді түрде толығымен
қалыпты өзгеруінің, сонымен қатар қоршаған ортаның аймақтық және ғаламдық
жайкүйін, аймақтың және адамзаттың толық әлеуметтік дамуының әр түрлі
елдерінің түрлі сценарийі негізінде болжауын жасау;
Табиғатты күштеп бағындыру идеологиясынан алшақтау, эксцентризм әдіснамасы
мен жаңа идеологияны қалыптастыру, өнеркәсіп өркенетиетіне өтуге байланысты
білімді, саясатты, техниканы, өндірісті, экономиканы экологияландыруға
бағытталған шаралар;
Оңтайландыру критерийлерін орындау – экологиялық өктемдік пен анағұрылым
келісімді таңдау мен қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының экологияға
қарай бет түзеуі (бағдары)
Адамзат қоғамның стратегиялық әрекетінің экономикасы мен технологиясы,
табиғат шыдамдылығы шегінің экологиясының сәйкес шаруашылық қызметінің
сипаты мен көлемін қалыптастыру ғаламдық экологиялық дағдарысты
болдырмайды.

Мәселен, Қсзақстан экономикасында маңызды рөл ойнайтын мұнайды алып
қарастырсақ. Мұнайдың шыжығы
Жерінен табылған көмірсутегінің мол қоры сол елдің күрт дамуына негіз
қалағанымен, егер осы мүмкіндік өз уақытында дұрыс пайдаға асырылмаса, сол
байлықтың ақыр соңында бақ орнына сорға айналуы да ғажап емес екендігін
бірқатар елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Бұған ең әуелі африкалық
мемлекеттер мысал бола алады. Бұл құрлықта жер шарындағы мұнайдың барланған
қорының 7,2 пайызы сақталынып отырғанымен, одан халықтың шекесі шылқып
отырғандығы шамалы. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап қолдарына
жаппай тие бастаған тәуелсіздіктің қадір-қасиетін дұрыс бағалауға
мүмкіндіктері жетпеді ме (бұл құрлық елдері халықтарының білім деңгейі
төмен екені белгілі), жоқ әлде заман ағымына сәйкес лайықты саясат түзей
алмай қалды ма (кейбір сарапшылар қара құрлықтың дамуына осында етек алып
кеткен сыбайлас жемқорлық пен тәртіптің осалдығы кері әсер етіп отыр
дейді), әлде сол тәуелсіздік қолдарына тым кештеу келіп тиді ме (Африка
елдеріне жаппай тәуелсіздік берілуінің себебін құрлықтағы маңызды шикізат
қорларының таусыла бастауымен байланыстыратындар да бар), әйтеуір Африканың
көп халқы кедейлік пен кикілжің шырмауынан шыға алмай-ақ қойды.
Мамандардың пікіріне қарағанда, көмірсутегі шикізатын тиімді пайдалана білу
мәселесі көп жағдайда сол ел үкіметінің іскерлігіне байланысты болып
келеді. Өйткені, жер қойнауынан табылған мұнайдың мол қоры осы саланың
шикізаттық бағытының жеделдетіле дамуына мүмкіндік ашады да экономикалық
қызметтің басқа салаларының тең дәрежеде дамуын бұзады. Осыдан барып
көмірсутегі шикізатына тікелей қатысы жоқ салалар зардап шеге бастайды. Әр
сала бойынша еңбек ететін адамдардың алып отырған жалақыларында үлкен
айырмашылықтар пайда болады. Демек, Үкімет елдің мұнай-газ саласында
игеріліп жатқан үлкен байлық көзіне екінші бір сала адамдарының, мәселен
ауыл халқының қол жетімділігін қамтамасыз етуге тиіс. Мұны қалай жүзеге
асыруға болады?
Екіншіден, жерінен табылған мол шикізат көзі, халықты жеңіл күнкөріс
жолына қарай жетектеп, сапалық тұрғыдан дамуына кері әсер етуі де ғажап
емес. Мәселен, араб мемлекеттері шылқыған байлық үстінде отырғанымен
бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері жөнінен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінен
көп төмен жатыр. Мұндай жағдайда “өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай”
дегендей халықты да сын тезіне салып, экономиканы да талап дәрежесінде
дамытудың қандай жолдары бар. Үкімет міне, осындай күрделі мәселелерге дер
кезінде жауап беріп, соған сай әрекет жасауы тиіс.
Шетелдік сарапшылардың деректеріне қарағанда, бірқатар елдердің үкіметтері
осындай мәселелермен дер кезінде шұғылданбағандықтан артынан үлкен
қиындықтарға ұшыраған екен. Мәселен, әлемдік барланған мұнай қорының 6,3
пайызына иелік еткен Венесуэла елі өз экономикасының жоғарыдағыдай айықпас
дертке душар болғандығын 40 жыл бойы ұға алмай келген. Ал Бразилия
экономикасы, серпінділік стратегиясы дер кезінде жасалынбағандықтан,
дамудың 4 пайыздық қарқынына да төтеп бере алмай, шабандықтың күйін кешкен.

Өткен жылдың жазында Астанаға келіп, мұнай-газ секторына тәуелділікті
төмендету жөніндегі конференцияға қатысқан Гарвард университетінің
экономист профессорлары Рикардо Хаусманн мен Андрес Веласко
қазақстандықтарды жоғарыдағыдай қиындықтардан сақтандырды. Осы бас қосуда
голланд дерті жайлы жиі-жиі сөз болды. Жаңағы шетелдік білікті мамандардың
айтысына қарағанда, оның бастапқы белгілері былайша басталатын көрінеді.
Жаңағы көмірсутегі қорларын шикізат күйінде өндіріп, сыртқы рыноктарға сата
бастаған кезде ел ішіне көп қаржы ене бастайды. Міне, осы кезде ол қаржыны
ел игілігіне жарататындай етіп, жұмсау тетіктерін әзірлеп, іске қосу қажет.
Әйтпеген жағдайда, елдің мұнай және сауда, қаржы секторы секілді сырттан
келіп жатқан валютаға қатысы бар салалары ғана жеделдеп дамиды да,
экономиканың даму теңгермешілдігі бұзылады. Ел ішіне шетелдік азық-түлік,
киім-кешек, электр және радиотауарлар, тұрмыстық техникалар импортының
толассыз ағыны етек алып, бұл құбылыс осы өнімдерді беретін ішкі салаларды,
атап айтқанда ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсіпті тұралата бастайды.
Алайда, шет елдерден қажеттінің бәрін бірдей импортай алмайсың. Мәселен,
тұрғын үйлер, мейрамханалар мен қонақ үйлер, құрылыс пен қызмет көрсету
салаларын импорттау мүмкін емес. Халықаралық бәсекеден тыс тұрған осындай
салалар жақсы дамығанымен мұның өзі экономиканың сапалық тұрғыдан дамуына
айтарлықтай ықпал ете алмайтындығы түсінікті.
Екінші жақтан алғанда, көмірсутегі шикізатын сатудан түсіп жатқан мол ақша,
халыққа да қозғау салып, үкіметке жалақыны арттыру, түрлі жеңілдіктер беру
жөнінде әлеуметтік талаптар қойылып, қоғамдық қысым жасалынатын болады.
Халықтың жоғарыдағыдай тілегін қанағаттандыру нәтижесінде ішкі рыноктағы
қаржының көбеюі инфляцияның күшеюіне дем береді. Оны ауыздықтап отыру
үкіметтің айықпас бас ауруына айналады.
Сөйтіп, экономика дегеніміздің өзі тірі биологиялық организм секілді
тең жағдайдағы дамуды сүйеді. Осындай жағдайда шикізат секторының ықпалымен
дамуға бет алған елдерде Үкіметтің білікті де белсенді әрекеттері көп
мәселені шешеді. Үкіметтен бірінші кезекте өзінің реттеушілік қызметін
орнымен пайдаланып, бір саланың дамуы екінші бір салаға залалын емес,
пайдасын тигізетіндей алғышарттарды қалыптастырып отыру талап етіледі. Олай
болмаған жағдайда жаңағы экономикалық ағзаңыз денесінің бір мүшесі өсуін
ерте тоқтатқан кемтар балаға ұқсап, жазылмас ауруға душар болады. Халық
үшін мұның ең үлкен зардабы негізгі күнкөріс көзіне айналып кеткен жаңағы
көмірсутегі шикізатының қорлары таусыла бастағанда басталатын көрінеді.
“Қарғыс атқыр, шикізат қасіреті” деген сөздің өзі осындай күйзелістерден
кейін пайда болса керек.
Демек ұқсатып пайдалана білмесе, әлдебір уақыттарда таусылуға
негізделген мұнай-газ байлығы дегеніміз бір есептен алғанда – алдамшы
байлық. Ал мұның ең ауыр зардаптарын шикізат сатуды ғана алданыш етіп,
сонымен жан сақтап келген елдер көбірек тартып отыр. Сондықтан Үкімет
шикізаттық экономиканың шылауынан ертерек шығуға қам жасай отырып, халықты
өзінің білімі, кәсіптік шеберлігі арқылы өмір сүріп кететіндей жағдайға
жеткізудің жолдарын күні бұрын қарастыруы керек.
Бір жақсысы, Қазақстан Үкіметі мұнайлы елдер тәжірибесін жан-жақты
зерттеу нәтижесінде оларда орын алған кемшіліктер мен қателіктерді күні
бұрын көре біліп, голланд дертінің алдын алу шараларын ерте бастан қолға
алды. Экономикада әртараптандыру бағытының ұсталуы, жоғары технологиялы
өндіріс түрлерін дамытуға талпыныстар жасалуы, экономиканың екінші қанаты
секілді үлкен сала ауыл шаруашылығының әлсіреуіне жол берілмей, мемлекет
тарапынан тұрақты түрде қолдау мәселесінің шешім табуы, мемлекеттік
қаржылардың жұмсалуы мен игерілуіне деген бақылау мен талаптың нығайтылуы,
бірнеше бағыт бойынша кластерлік дамуға басымдықтар берілуі елімізде
голланд дертінен сақтануға қатысты күрестің күшейтіле түскендігін білдірсе
керек.

2.1 Қазіргі кездегі экологиялық мәселелер және оларды шешу

жолдары

Егер де біз әлем тарихының дамуына көз жүгіртетін болсақ, әр елдің,
сонымен қатар дамыған мемлекеттердің ең басты ұстанған позициясы пайда табу
болатын. Капитализмнің дами түсуі бұл жағдайда ушықтыра түсті. Мемлекеттер
қоршаған ортаны аяусыз ластап, табиғат ресурстарын сарқа пайдаланды.
Экономика мен даму жолында табиғат құрбандыққа шалынды. Көптеген маңызды
шешімдер асығыс қабылданды. Ядролық технологиялардың дами түсуі бар
проблеманы одан әрі дамта түсті. Автокөліктердің көбейе түсуі, одан шығатын
көмірқышқыл газдарының шамандан тыс артық бөлінуі, озон қабатының тесілуі
планетаның температурасының артуына алып келді. Экономикалық нысандардан
шығантын қалдықтар табиғаттың мүде өзгеріп кетуіне аз ғана қалдырды.
Ендігін таңда табиғат ресурстарының бітуі, ал әлем халқының санының артуы
халықаралық жанжалдарға алып келуі мүмкін. БҰҰның айтуна қарағанда
планетада негізінен орын алып отырған экологиялық проблемалардың
негізілері:

1. Бүкіләлемдік жылыну;
2. Бүкіләлемдік су тасуы;
3. Бүкіләлемдік аштық;
4. Табиғат ресурстарының шектелуі;

Әрине, бұдан басқа проблемалар да жеткілікті. Бірақ та негізгілерімен
аталмыш проблемалар есептелініп шешілуге тиіс болып табылады.

Қазіргі таңда әлем мелекеттері экологияға қатты көңіл бөлу үстінде.
Бірақ бұл жерде экономиканың рөл ойнап кеткендігін айту керек. Табиғат
ресурстарының шектелуі және адамзаттың қажеттіліктерінің артуы
альтернативті жолдардың іздеуге әкеліп отыр. Бұл тарапта ЕуроОдақ пен
Жапонияның жетістіктерін айтуға болады. Негізінен Киото хаттамасының
мұндағы рөлін екерше айту керек және оағн айырықша тоқталуды дұрыс деп
есептеймін. Неге десеңіз, бұл әлемдегі экологиялық проблеманы шешудегі
тұңғыш құжат болып табылады. Оған дейін халықаралық тек мемарандумдар мен
конвенциялар қабылданып келді. Сондықтан Киото хаттамасын жеке алып
қарастырып көрсек,

1997 жылдың желтоқсан айында әлем қауымдастығы елдері атмосфераға
жылыжай газдарының шығарындылары ғаламдық жылынуға әкелетінініне бақылау
жасау жөніндегі тарихи келісімді жалғастырады. Оның негізінде заңды түрде
міндеттемей, қайта өз еркімен 2000 жылға дейін атмосфераға шығарылатын
жылыжай газдарының көлемін 1990 жылдың деңгейіне жеткіземіз деген
өнеркәсібі дамыған елдердің мәлімдемесі болды. Осы келісімнің экологиялық
және экономикалық негізі берік болуы үшін басты 3 міндеті қалыптастырылды:
Қатысушы-мемлекеттер үшін жылыжай газдарының шығарынды көрсеткіштерін және
мерзімін шынайы белгілеу;
Міндетті сызбалар мен шараларды емес, көміртегінің 2 тотығының
шығарындыларына икемді нарық механизмін қолдану. Атап айтқанда, шығарынды
газдарға салынатын салық;
Дамушы елдердің бұл шараға шындап қатысуына қол жеткізу;
Қатысушы – мемлекеттер бұл шараға 2008-2012 жылдарға айтарлықтай
көрсеткіштерге қол жеткізулері керек. Өйткені, ол оңтайлы шығынымен жаңа
технологияны біртіндеп енгізуге молынан мүмкіндік береді және оның
салдарынан компания мен оның қызметкерлері үшін тиісінше бесеңдеу болады.
Басты өнеркәсібі дамыған елдерінің жылыжай газдары шығарындысының
ауқымы, (1990-1995) 6-дан 8 пайызға дейін базалық деңгейінен төмен
сараланып белгіленді.
Белгілі бір қызмет түрінен шығарындыларды қысқартуды есепке алуға
мүмкіндік беретін ұсыныс енгізіледі. Мәселен, ағаш отырғызу арқылы
көміртегінің қос тотығын бойына сіңіретін табиғи сіңіргіштер құру.
Климаттың өзгеру проблемаларын шешуге экономикалық әдістерді енгізуге
көмектесу, ағаш отырғызуды ынталдыру т.б.
Екінші тапсырманы орындау келесіде айтылады.
Киото хаттамасында нарықтық тәсілдеменің негізі элементі белгіленді –
компаниялар мен елдер енді бір бірінен шығарылатын газдардың квоталарын
сатып алуға және сатуға мүмкіндіктері бар. Соған қарай квоталар да өзінің
бағасы бар тауар болып табылады. Квотаны сату мен сатып алуды есепке алу
банк жүйесіндегі ақшалай қаражаттың есепке алынуына ұқсас келеді. Банк
өзінің артық ақшасын басқа банкке жоғарғы процентпен береді. Сатудан түскен
табысты банк өзінің қалауынша жаратады.
Банк ішіндегі операцияларға қарамастан, қорытындысында ақша
балансының шамасы өзгеріссіз қалады.
Ал енді, жылыжай газдарының шығарындысына квотаның сатылуы мен стаып
алуының мысалын қарастырайық. Үш елді алайық: А,В және С.

Хаттамада белгіленгендей әрқайсысының шығарынды лимиті жылына 150, 100, 200
млн. тоннаға сәйкес болады.

Шығарынды өлшемі Квотаны сату Квотаны сатып Рұқсат
(млн.т) (млн.т) алу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғам дамуындағы табиғат ресурстарының рөлі. Табиғат ресурстарын сұрыптау
Табиғатты пайдалану экономикасының негізгі мәселелері және міндеттері
Табиғат пайдалану экономикасы
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Басқарудың танымдық, құқықтық негіздері және қолданылатын әдістері, табиғат қорғауды, пайдалануды жоспарлау, нормалау, ережелер, тәртіптері
Табиғатты пайдалану экономикасы дәрістер тізімі
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға ынталандыратын, жауапкершілігін артыратын экономикалық механизм мен тетіктер жүйесі
Қоршаған ортаны қорғау экономикасы және табиғи ресурстарды тиімді қолдану
Экономика және оның қоғам өміріндегі орны
Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану принциптері, басты бағыттары
Пәндер