Балқаш Алаколь алабының рекреациялық мүмкіншілігі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ ПРИОРЕТЕТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Тәуелсіз Қазақстандағы туризмнің қалыптасу тарихы және алғашқы тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.2 Туристік саяхаттардағы рекреациялық ресурстардың мәні және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Қазақстан Республикасында туристік қызметті мемлекеттік реттеу және қолдау жүйесін дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
15

2 БАЛҚАШ.АЛАКӨЛ АЛАБЫНЫҢ ТАБИҒИ.РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ПОТЕНЦИАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
20
2.1 Балқаш.Алакөл алабындағы туристік индустрияның қазіргі жағдайы мен дамуы
20
2.2 Жер жәннаты Жетісудың табиғи.рекреациялық ресрустары ... ... ... ... ... 23
2.2.1 Солтүстік Тянь.Шань және Іле Алатауы аймағы ... ... ... ... ... ... ... ... . 23
2.2.2 Жоңғар Алатауы аймағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 40
2.2.3 Балқаш көлі аймағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
2.2.4 Ұлы Жібек жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43

3 ТУРИСТІК ТАБИҒИ.РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
79
3.1 Қазақстанның туризм индустриясының даму проблемары ... ... ... ... ... .. 49
3.2 Балқаш.Алакөл алабының даму перспективасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 54

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 58
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 60
Бүгінде туризм әлемдік экономикада маңызды рөлдердің бірін атқарады. Және туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары, серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің бір түрі. Негізінен туризмнің өсіп, оның көркеюі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен дамиды. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орның табуға мүмкіндігі мол.
Негізінен туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, әрі экономикалық тиімді болашақ. Оған себеп, шетел валютасының құйылуы, халықтың жұмыспен қамтылуы, елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесетіні сияқты оң экономикалық нәтижелер негіз бола алады.
«Қазақстан 2030» стратегиясындағы мемлекеттің экономикасын дамыту туралы мәселенің бірі туризм және қызмет көрсету саласына да бағытталған.
Қандай жер болмасын, өзінің табиғи байлығымен және тарихи – мәдени құндылықтарымен ерекшеленіп тұрса, ол жер саяхаттаушыларды, ғалым зерттеушілерді, іскер адамдар мен жәй ғана демалушыларды өзіне тартып тұрады.
Жұмыстың негізгі мақсаты:
1. Қазақстандағы қазіргі туристік индустрияның жағдайы мен даму болашағын қарастыру.
2. Балқаш-Алакөл алабы бойынша Қазақстанның туристік рекреациялық мүмкіншіліктерді зерттеу және туристік өнімдерге ұсыну.
3. Табиғи рекреациялық ресурстарын және оның туристерге тартымдылығын зерттеу.
Жұмыстың міндеттері:
1. Балқаш-Алакөл алабы бойынша Қазақстанның туристік өнімдерін зерттеу.
2. Табиғи рекреациялық ресурстарын туристік-рекреациялық мүмкіншілігін зерттеу әдістері мен нәтижесі.
Тақырыптың өзектілігі: Халықтың демалысқа деген (қажеттілігін қанағаттандыру, олардың мінез-құлық, физикалық денсаулығын қалпына келтіру, табиғи рекреакциялық аймақтарды сақтау, тарихи-мәдени ескерткіштерді жан-жақты зерттеу арқылы Қазақстан туризмін бәсекеге қабілетті етіп, ары қарай дамыту.
Туризм – белгілі-бір мемлекет аумағындағы және оның аймақтарындағы рекреакциялық басымдықтарды әлеуметтік және саяси жағдайда пайдалану.
Қазақстанда рекреакциялық ресурстар зерттеліп, туризмді дамыту мүмкіндіктері туындады. Елімізде рекреакциялық жағынан негізінен зерттелген аймақ Оңтүстік-Шығыс Қазақстан. Басқа аймақтарда осы тақырыпқа байланысты ғылыми жұмыстардың жеткіліксіз мөлшерде жазылуы белең алып отыр. Балқаш-Алакөл алабында рекреакциялық ресурстарды дамытуға жаңа және ескі туристік орталықтарды қайта құру халықтың өз қажеттілігінен туындап отыр.
1. Веденин Ю. Динамика территориальных рекреационных систем. – М. Наука, 1982 – 225 б.
2. Ердаулетов С. Р. Основы географии туризма. Учебное пособие. – Алматы: Қайнар, 1991. – 235 б.
3. Ердаулетов С. Р. География туризма Казахстана. – Алматы: Ғылым, 1992. – 115 б.
4. Ердаулетов С. Р. Казахстан туристский. – Алматы: Қайнар, 1989 г. – 110 б.
5. Закон о туристской деятельности РК – 2002. – 40 б.
6. Сорокина М. Эксперт «Имиджленд PR» – Советник, 2000. – № 2 – 35 б.
7. О Государственной программе Республики Казахстан «Возрождение исторических центров «Шелкового пути», сохраняя и приемственность развития культурного населения тюркоязычных государств, создание ифраструктуры туризма» / собрание Актов Президента Республики Казахстан. – 1998. – № 6. – Б. 14-58.
8. Пыхарев А. Н., Жолдасбеков А. А., Мамадияров М. Д. Организационно-правовые основы туристской деятельности в Республике Казахстан. – Астана, 2005 – 35 б.
9. Уляновский А. Могучий незначительный: выбор имиджа в PR. – СПб, 1997 г. – 215 б.
10. Табиғи мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңы. – Халықкеңесі 1992 ж. 4 тамыз. – 55 б.
11. Қазақ Совет энциклопедиясы. Энциклопедиялық анықгама I том және II том. – Алматы 1973, 1980 жж. – 535 б.
12. Сыздықов К., Жолдасов С. Ата қоныс. – Шымкент, 1992 ж. – 78 б.
13. Памятники культовой архитектуры. – Шымкент, 1985. – 78 б
14. Жетісу энциклопедиясы. –Алматы: Арыс баспасы, 2004 ж. – 78 б – 315 б.
15. Байпақов Қ., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық – Қазақстан. – 78 б
16. Қазақстан Республикасының Заңы "Ерекше қорғалынатын табиғи
территориялар" туралы – 1997 ж. 15 шілдеде – 45 б.
17. Проблемы развития туризма и возрождение. Исторической значимости Шелкового пути. – Шымкент, 1998. – 163 б.
18. Теоретические проблемы рекреационной географии. – М., 1989. – 236 б.
19. Родоман Б.Б. Географические проблемы отдыха и туризма. // Сб. Территориальные системы производительных сил. – М., 1971. – 93 б.
20. Чигаркин А.В. Памятники природы Казахстана. – Алма-Ата, 1980. – 115 б.
21. Ерзакович Л.В. Караванные пути юга Казахстана XII-XVX вв. // Известия АН КазССР. Серия общественная. - 1969. -№2. – Б. 56-63
22. Перспективы освоения туристско-рекреационных ресурсов Прибалхашья. – Алматы, 2000. – 216 б.
23. Нурмухаммедов Н. Будды Тамгалытаса – Простор, 1967 – №8. – 2000 – Б. 26-31.
24. Ким А. Г. Рекреационная оценка территории и развития туристско-рекреационного хозяйства в Казахстане. – Алматы: Рауан, 1997. – 215 б.
25. Закон О туристской деятельности в Республике Казахстан: Закон Республики Казахстан от 13 июнья 2001. – №211-ІІ. – Б. 4-5.
26. О концепции развития туризма в Республике Казахстан. Постоновление Правительство Республики Казахстан от 6 марта 2001. – №333. – Б. 7-8.
27. Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы дәстүрлі Қазақстан халықына жолдауы. // Егемен Қазақстан. – 2005, ақпан. – 5 б.
28. Г.А. Ким. Рекреационная оценка территорий и развитие туризма в Казахстане. - Алматы: Рауан, 1999. – Б.13-38 .
29. В.И. Попов, Т.С. Гуляева, Ю. Абулхатаева, Н.В. Пиманкина, П. Гасанова, С.Ф. Буланин. Рекреационное оценка горных территорий Казахстана. - Алматы: Евро, 2003. – Б. 8-15.
30. И.В. Попов. Ркреационная оценка горных территории. – Алматы: Евро, 2000.– Б. 98-106
31. Ю.С. Накатков. История развития туризма в Казахстане. – Алматы: Евро, 2004 – Б.72-84.
32. Л.К. Диденко-Кислицина. Кайназой Юго-Восточного Казахстана. –Алматы: 2001 – Б. 7-10.
33. В.М. Чупахин. От пустын до снежных вершин. – Алма-Ата: Казахстан, 1966. – Б.124-146; Б.165-186.
34. В.И. Попов, Т.С. Гуляева, А.Ю. Абулханова. Методические особенности рекреационной оценки горных территорий //Проблема развития туризма и возрождение исторической значимости Шелковго пути: сб.- Шымкент, 2000 – 21 б.
35. В.М. Чупахин. Высотныее геосистемы гор Южного Казахстана и Средней Азии. – Алма-Ата: Наука, 1974 – 115 б.
36. Л.М. Пузырева. Климатическая районирования Южного Казахстана. – АлмаАта: Наука, 1975 – Б.174-180.
37. www.mount.kz
38. Н.Г. Прудников. Подходы к оценке территории для рекреационной деятельности. // Сборник научных трудов: География и туризм. – Выпуск 3 – Пермь, 2006 – Б. 184-203
39. Шлеймович П.И. Почвенный покров Алакольской впадины // Алакольская впадина и ее озера. Алма-Ата: Наука, 1965. – Б. 186-207

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География факультеті

Туризм кафедрасы

Бітіру ЖҰМЫСының тақырыбы:

Балқаш Алаколь алабының рекреациялық мүмкіншілігі

Орындаушы
4 курс студенті ________________

Ғылыми жетекшісі
Г.ғ.к., аға оқытушы ________________ Ақтымбаева
Ә.С.

Нормабақылаушы _______________ Байжокенова
А.М.

Қорғауға каф.
меңгерушісімен
жіберілді _______________
Ердәулетов С.Р.

Алматы, 2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..

1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ 5
ПРИОРЕТЕТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Тәуелсіз Қазақстандағы туризмнің қалыптасу тарихы және алғашқы 5
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1.2 Туристік саяхаттардағы рекреациялық ресурстардың мәні және 9
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
1.3 Қазақстан Республикасында туристік қызметті мемлекеттік реттеу
және қолдау жүйесін 15
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...

2 Балқаш-Алакөл алабының ТАБИҒИ-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ПОТЕНЦИАЛЫ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 20
2.1 Балқаш-Алакөл алабындағы туристік индустрияның қазіргі жағдайы мен
дамуы 20
2.2 Жер жәннаты Жетісудың табиғи-рекреациялық 23
ресрустары ... ... ... ... ...
2.2.1 Солтүстік Тянь-Шань және Іле Алатауы 23
аймағы ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2.2 Жоңғар Алатауы 40
аймағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .
2.2.3 Балқаш көлі 41
аймағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..
2.2.4 Ұлы Жібек 43
жолы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .

3 туристік ТАБИҒИ-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ДАМЫТУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..79
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
3.1 Қазақстанның туризм индустриясының даму 49
проблемары ... ... ... ... ... ..
3.2 Балқаш-Алакөл алабының даму 54
перспективасы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ 60
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Бүгінде туризм әлемдік экономикада маңызды рөлдердің бірін атқарады.
Және туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары, серпінді дамып келе
жатқан қызмет көрсетулердің бір түрі. Негізінен туризмнің өсіп, оның
көркеюі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен дамиды. Осыған байланысты,
Қазақстанның әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орның табуға
мүмкіндігі мол.
Негізінен туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, әрі экономикалық тиімді
болашақ. Оған себеп, шетел валютасының құйылуы, халықтың жұмыспен қамтылуы,
елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесетіні сияқты оң экономикалық
нәтижелер негіз бола алады.
Қазақстан 2030 стратегиясындағы мемлекеттің экономикасын дамыту
туралы мәселенің бірі туризм және қызмет көрсету саласына да бағытталған.
Қандай жер болмасын, өзінің табиғи байлығымен және тарихи – мәдени
құндылықтарымен ерекшеленіп тұрса, ол жер саяхаттаушыларды, ғалым
зерттеушілерді, іскер адамдар мен жәй ғана демалушыларды өзіне тартып
тұрады.
Жұмыстың негізгі мақсаты:
1. Қазақстандағы қазіргі туристік индустрияның жағдайы мен даму
болашағын қарастыру.
2. Балқаш-Алакөл алабы бойынша Қазақстанның туристік рекреациялық
мүмкіншіліктерді зерттеу және туристік өнімдерге ұсыну.
3. Табиғи рекреациялық ресурстарын және оның туристерге тартымдылығын
зерттеу.
Жұмыстың міндеттері:
1. Балқаш-Алакөл алабы бойынша Қазақстанның туристік өнімдерін зерттеу.
2. Табиғи рекреациялық ресурстарын туристік-рекреациялық мүмкіншілігін
зерттеу әдістері мен нәтижесі.
Тақырыптың өзектілігі: Халықтың демалысқа деген (қажеттілігін
қанағаттандыру, олардың мінез-құлық, физикалық денсаулығын қалпына келтіру,
табиғи рекреакциялық аймақтарды сақтау, тарихи-мәдени ескерткіштерді жан-
жақты зерттеу арқылы Қазақстан туризмін бәсекеге қабілетті етіп, ары қарай
дамыту.
Туризм – белгілі-бір мемлекет аумағындағы және оның аймақтарындағы
рекреакциялық басымдықтарды әлеуметтік және саяси жағдайда пайдалану.
Қазақстанда рекреакциялық ресурстар зерттеліп, туризмді дамыту
мүмкіндіктері туындады. Елімізде рекреакциялық жағынан негізінен зерттелген
аймақ Оңтүстік-Шығыс Қазақстан. Басқа аймақтарда осы тақырыпқа байланысты
ғылыми жұмыстардың жеткіліксіз мөлшерде жазылуы белең алып отыр. Балқаш-
Алакөл алабында рекреакциялық ресурстарды дамытуға жаңа және ескі туристік
орталықтарды қайта құру халықтың өз қажеттілігінен туындап отыр. Себебі:
Жетісу Жер Жаннаты демекші облыс аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді
және табиғаттың өзі жасап, қалдырған қайталанбас табиғи орындарды өз
көзімен көру қажеттілігі туындады.
Қазіргі кезде, біздің қоғамымызда ақысыз демалу және емделу
мүмкіндігіміз жоқ. Осыған байланысты денсаулық сақтау жүйесіне өзгерістер
енгізілсе, ол өз кезегінде туризмді дамытып қана қоймай, халықтың
денсаулығының жақсаруына алып келеді. Ұлттық парктер, орман парктері,
спорттық-сауықтыру орталықтары, демалыс аймақтары және басқа да туристік-
рекреакциялық жүйе халықтың денсаулығын жақсартып, олардың қажеттілігін жан-
жақты қанағатыра алады. Бірақ та республикамызда және оның басқа да
аймақтарында қазіргі кезең туизмінің даму деңгейі әлі де төмен.
Зерттеу жұмысымыздың тағы бір өзектілігі әлемдік нарықта туристік
қызмет көрсету.
Көптеген мемлекеттердің қазіргі кезеңдегі туризміне талдау жасай
отырып, біз мынаны түсінеміз: туризмді жан-жақты дамыту үшін ең алдымен
ішкі туризм жайлы бағдарлама керек. Әр мемлекет шеңберіндегі ішкі туризм
экономиканың тұрақтануына жол ашады.

1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ ПРИОРЕТЕТЫ

1.1 Тәуелсіз Қазақстандағы туризмнің қалыптасу тарихы және алғашқы
тарихы

Қазақстандағы туризмнің тарихи алғышарттары біздің дәуірімізге
дейінгі үшінші мыңжылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек Жолының қалыптасуы
мен дамуы болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін туризм басқа да экономика
салалары сияқты орталықтан қатаң регламенттелді. Туристік қызметтегі КСРО-
ның негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңірі, Ресейдің, Орта Азияның
тарихи орталықтары болды. Сонымен бірге, Қазақстанның бірқатар сәулет,
археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекті жерлерінің тарихи
мәніне іс жүзінде жарнама жасалмады және сұраныс болмады. Кеңестік кезеңде
Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметті атқарған мәдени-ағарту жұмысы
жүйесі элементтерінің бірі болып саналды және оның басым рөліне қарамастан,
қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылды және елеулі экономикалық маңызға ие
болмады.
Туризм – қазіргі таңда республикада динамикалық түрде дамып келе
жатырған экономикалық салалардың ішіндегі ең қомақты кіріс көздерінің бірі
болып табылады. Қазақстан Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның (БТҰ) толық мүшесі
болып 1993 жылы қабылданды. Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның пайымдауынша,
туризм- әлемдік экономикада дамуы бойынша ең қарқынды және пайдалы сала
ретінде қарастырылады. БТҰ-ның статистикалық мәліметтеріне назар аударсақ,
туризм әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің 110 бөлігін халықтық инвестицияның
11% астамын, әлемдік ұлттық табыстың 6% құрайды екен [1-2].
Бүгінде туризм көптеген елдің табыс көзіне айналып отырғандықтан,
біздің мемлекет те туризмді дамытуға мүдделік танытып отыр. Біздің еліміз
осы сала бойынша қомақты қаржы түсіруге мүмкіндігі бар елдердің бірі.
Мамандардың сараптауы бойынша елге келетін бір туристен түсетін түсім,
әлемдік нарыққа Қазақстанның 9 тонна таскөмір немесе 15 тонна мұнай, не 2
тоннадан астам жоғары сапалы бидай шығаруынан келетін кіріс көлемімен пара-
пар. Оның үстіне шикізат сату Қазақстан қорын күн санап кеміте түссе,
туристердің келуі еліміздің инфрақұрылымының дамуын арттырады.
Қазақстандағы туризм өндірісінің дамымай қалуының бір себебі
экономика саласы ретінде онымен мемлекеттік деңгейде тікелей айналыспады.
Туризмді аймақтық ұйымдастыру және мемлекеттік емес туристік құрылымдарды
кешенді болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм
табысының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан,
жергілікті басқару органдарының тарапынан туристік қызметті басымдық деп
танымауы саланы дамытуды тежеуші факторы болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін туристік қызметті реттеу мен
халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшін негізі қаланды.
Бүгінгі күні біздің мемлекетімізде туризмді дамыту “Туризм туралы”
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 3 шілдедегі №1508- XII Заңымен,
Қазақстан Республикасының Президентінің “Түркі тілдес мемлекеттер
басшыларының Ташкент декларациясын іске асыру туралы, Ұлы Жібек Жолының
Қазақстан Республикасындағы туристік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ЮНЕСКО
және Дүниежүзілік Туристік Ұйымның жобасы туралы” 1997 жылғы 30 сәуірдегі №
3476 және Жібек Жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес
мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм
инфрақұрылымын жасау “Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы
туралы” 1998 жылғы 27 ақпандағы №3859 жарлықтарымен қамтамасыз етіледі.
Осындай және өзге де құжаттар мен іс-шаралардың қабылдануы туризмнің
қазақстандық рыногын дамытуға оң әсер етпей отыр. Мұндай құжаттар қағаз
жүзінде ғана қабылданып, іс жүзінде жүзеге толық асқан жоқ. Өйткені,
туризмнің қазақстандық рыногы әлі де әлсіз, бақылаусыз .
Сонымен қатар, туризм саласындағы халықаралық қатынастарды дамытуға
жасалған қадамдардың бірі – Қазақстанның 1993 жылы толығымен Дүниежүзілік
Туристік Ұйымына толық мүше болып қабылдануы, туризм саласындағы
ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдер жасауы болды. Бірқатар
келісімдердің шет мемлекеттердің Қазақстанды туристік әлеуеті мол
перспективалы серіктес ретінде тану бастамасымен болғандығын атап өту
керек.
Қазақстандық туристердің неғұрлым көп болатын жерлері: Ресей, Қытай,
Германия, Корея Республикасы, Польша, Түркия, БАЭ. Ал, елімізге Ресейдің,
Қытайдың, Германияның, Корея Республикасының, Пәкістанның, Польшаның,
Түркияның азаматтары жиірек келеді.
Туристік қызметке жасалған талдау көптеген турфирмалардың сыртқа шығу
туризмімен айналысатындығын көрсетті, ал бұл бірінші кезекте, Қазақстаннан
капиталдың сыртқа ағылуына алып келіп соғады. 2003 жылы шетке көптеген ақша
шығарылған. Республика азаматтарының шет елге тауарлар сатып алу, кейіннен
оны сату мақсатында баратын жоспарлары, бұрынғысынша бұқаралық сипат алып
отыр, ал шоп-туризм Қазақстандағы туристік қызмет көрсету рыногының жай-
күйін анық көрсетеді. Ол экономикалық дағдарыс кезеңінде туристік қызметке
сұранысты жандандырып, көбінесе туристік фирмалардың тиісті тәжірбиесінің
және білікті мамандарының жетіспеушілігіне байланысты туристер мен “чартер
ұстаушылар” арасындағы делдалдық қызмет атқаруына елеулі көмек көрсетті.
Қазақстанның тұтыну рыногының төрттен бірін “қапшықтау” бизнесі тауарлармен
толтырады және тұтастай алғанда, бір мезгілде тауар өткізу мен сату
жүйесіндегі 150 мыңа жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Қазақстанның
ішкі сауда айналымындағы жыл сайынғы “қапшықтау” саудасының көлемі 2 млрд.
АҚШ долларын құрайды.
Сонымен, бір мезгілде, шоп-туризм, ең алдымен, еліміздің бюджетіне
кері әсер етеді. Туристік бизнестің секторларының бірі ретінде шоп-
туризмнің өсуі туристік қызмет көрсетудің деңгейін көтеруге елеулі әсер ете
қойған жоқ.
Бүкіл өркениетті дүние негізгі туристер ағынын өздеріне тартуға
ұмтылуда, себебі туризм мемлекет бюджетінің кіріс бөлігін толықтырудың
маңызды көздерінің бірі болып табылады. Сондықтан, Қазақстанға шетелдік
туристер ағынын көбейту қажет. Осы мақсатта туристік ұйымдардың қызметін,
мұның өзі бірінші кезекте, көлік құралдарының, орналастыру орындарының
кадрлық қамтамасыз етудің жай-күйіне байланысты, келуші туризмді дамытуға
қайта бағдарлау қажет.
Көлік. Бүгінгі таңда Қазақстанның халықаралық әуежелілерінің дүние
жүзінің әр бұрышына, атап айтсақ, Германияға, Үндістанға, Біріккен Араб
Әмірліктеріне, Түркияға, Италияға, Корея Республикасына, Венгрияға,
Израильге, Қытайға, Таиландқа және т.б. өзге мемлекеттерге ұшуды жүзеге
асыруға мүмкіндік бар. Ішкі және Халықаралық рыноктарда жұмыс істейтін “Эйр
Астана”, “KLM”, “Lufthansa”, “Иртиш Авиа”, “Тюрк Хава Юллары” түрлі авиа
тасымалдарды жүзеге асырады. Туристердің көпшілігі сервис және қызмет
көрсету сенімділігі жағынан отандық тасымалдаушыларға қарағанда әуе
рейстерін жүргізетін шетелдік тасымалдаушылардың қызметін пайдаланғанды жөн
көреді, мұның өзі отандық тасымалдаушылар жасайтын әуе рейстер жолаушылар
ағынын азайтатыны сөзсіз. Оның үстіне, әуебилеттер құнының қымбаттығы
Қазақстанның туристік өнімінің құнын өсіреді және тиісінше оның халықаралық
рыноктағы бәсекелесу қабілетін төмендетеді. Бұл орайда, айта кететін жәйт,
еліміздің немесе өзге шет ел туристері көбіне – көп Қырғызстан
Республикасындағы “Манас” әуежайы арқылы ұшуға, не шетелден ұшып келуге
мәжбүр. Өйткені, мұндағы қызмет көрсету құны және әуе билет құны төмендеу.
Осыған байланысты, қырғыз елінің әуе саласында жүргізіп отырған саясаты
орынды. Бірақ, біздің елімізде ұлттық тасымалдаушы ретінде “Эйр Астанамен”
бәсекеге түсе алатын басқа әуе компаниясының болмауы тарифтердің
көтерілуіне әкеліп соғуда.
Және, елімізде соңғы уақытта көтеріліп отырған өзекті мәселенің бірі
Алматы әуежайының халықаралық мәртебесін алып, оны Астана әуежайына беру.
Бұл туризм саласы үшін жасалып отырған қастандық. Бұған байланысты
еліміздің турфирмалары мен өзге де ұйымдары қарсылық білдірген. Бірақ
Үкімет өз шешімін күшінде қалдырды. Осы шешімнен кейін, шетелдік әуе
компаниялар өз тасымалдаушыларын кері қайтарып алатынын айтты. Өйткені,
Астана жас қала болғандықтан, барлық бизнес көзі, туристік желілер Алматы
қаласы арқылы өтетіндіктен бұл шетел компаниялары үшін өте пайдасыз, әрі
тиімді емес. Автомобиль көлігі шекаралас мемлекеттерге шоп-туризмді
ұйымдастыру және экскурсиялық бағыттарды ұйымдастыру үшін пайдаланылады.
Алайда, оны дамыту, тұтасымен алғанда, жолдардың жай-күйіне және туристік
көлік құралдарына тиісті техникалық қызмет көрсетілуіне байланысты болады.
Негізінен, автомобиль көлігін жалға беуді бірен-саран ұйымдар мен ірілі-
ірілі 2-3 қонақ үйлер ғана жүзеге асырады. Өйткені, ішкі туризмде бұл әлі
де үлкен сұранысқа қол жеткізген жоқ. Батыс Еуропа мен АҚШ сияқты алып
елдердің экскурсиялары мен саяхаттарының 70 % автомобиль көлігін жалға алу
арқылы жүзеге асады. Бізде осылайша қызмет көрсетілмеудің себебі, халықтың
әлеуметтік-экономикалық жағдайының сын көтерілмеуі. Сондай-ақ, еліміз
тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары автобус паркі қараусыз қалған, сонымен
бірге қазіргі заманғы жайлы автобустар жоқтың қасы болатын. Бірақ, соңғы 2-
3 жыл ішінде еліміздің туристік фирмалары өздеріне комфортты туристік
автобустарды сатып алуда. Әрбір мекеме өздерінің көлік құралдарын,
тасымалдауын жоғарғы деңгейге жеткізуде. Бірақ, бұл Қазақстанның Алматы,
Астана сияқты қалалары мен бірен саран облыстарға ғана тән нәрсе. Әрине,
бұл туристерге қызмет көрсетуді жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік бермейді.
Негізгі темір жол тасымалдаушысы “Қазақстан темір жолы” республикалық
мемлекеттік кәсіпорын 20 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайды.
Қазақстанның темір жолдарымен транзитпен Қырғызстанның, Өзбекстанның,
Ресейдің, Тәжікстанның, Түркіменстанның жолаушылар пойыздары өтеді. Сондай-
ақ, Қазақстаннан Қытайға, Иранға және аталған мемлекеттерге пойыздар
қатынайды. Негізінен, темір жол көлігі туризм саласында аса қолданылмайды.
Өйткені, арнайы жететін жерге дейін пойыздың жете алмауы негізгі себебі.
Сондай-ақ, темір жол желісінің бойында бірде-бір туристік объектілердің
болмауы. Темір жол көлігі арқылы саяхат, экскурсиялар өткізу бұрынғы Кеңес
елі кезінде жүзеге асырылған. Ол кездегі арнайы экскурсия поездары,
маршруттары болған. Келешекте экологиялық жағынан таза қоғамдық туристік
көлікті дамытуға назар аудару қажет [2-5].
Қазіргі күні елімізден Иранға дейін бірнеше мемлекетті басып өтетін
жолаушылар поезы бар. Сондай-ақ, Алматы-Астана бағытындағы “Тальго” испан
поездары бүгінгі күнге нағыз қолайлы, әрі лайық. Өте комфортты поезд.
Жылдамдығы да тез. Бірақ, бағасы қымбаттау. Ел Үкіметі осындай вагондарды
көптеп сатып алуға Испан Корольдігіне ұсыныс білдіруде.
Орналастыру құралы: Туристік бизнесті шектеуші елеулі факторлардың
бірі туризм индустриясы материалдық базасының мүмкіндіктерінің төмендігі
болып табылады. Қазіргі уақытта, республиканың қонақ үйлерінде,
турбазаларында, кемпингтерінде және басқа орналастыру объектілеріндегі
сыйымдылық жүктеменің елу пайыздан астамын құрайды.
Облыс орталықтарында шетелдік келушілерге сапасыз туристік өнім
берудің басты себебі тиісті сыныптағы қонақ үйлердің болмауы, ал қолдағы
бар қонақ үй базасы 50 %-ға ескірген қонақ үйлердің бір бөлігінің жай-күйі
мүлде нашар және банкроттық жағдайда тұр, себебі олар 60-шы жылдары
салынған. Тек халықаралық стандарттарға сай Астана және Алматы
қалаларындағы қонақ үйлер ғана. Және турбаза, кемпингтердің ең көбі осы
Алматы қаласының маңында шоғырланған. Әрине, мұндай объектілер ішкі
сұраныстың төмендігінен шектеледі. Таулы туризм үшін Өгем каньоны, Қызыл-
баш, Дружба, Сайрам биіктіктері себеп бола алады. Және Сайрам-су кемпингі
орналасқан. Бұл жерлер альпинистер үшін өте қолайлы.
Міне, мұның барлығы туризмнің түрлеріне тұнған аймақтағы ең негізгі
объектілер. Осындай ғажап, мүмкіндігі мол аймақты туризмнің нағыз орталығы
десек те болады. Облыс туризмін дамытудың экономикалық маңызы бар екенін
осыдан байқауға болады. Тек қана бұл объектілер жергілікті халық пен шетел
туристеріне сапалы қызмет көрсетіп, жоғарғы құрал-жабдықтармен қамтылса ел
экономикасына айтарлықтай үлес қосар едік. Әрине, мұның барлығы өсіп, дамуы
үшін облыс аумағында көптеген шаралар қолға алынып, жасалуда.

1.2 Туристік саяхаттардағы рекреациялық ресурстардың мәні және
мазмұны

“Рекреациялық ресурстар” -- бұл тек қана ТМД елдерінде
тараған түсінік. Оның маңызы мен жіктемесі жайлы біздің елімізде
де, шет елдерде де бірыңғай анықтамасы жоқ. ДТұ Бас
Ассамблеясының IV сессиясында мақұлдаған туризм Хартиясында “табиғи”,
“жасанды”, “мәдени”, сондай -ақ “туристік”, “табиғаттық”
ресурстар деген ұғымдар қолданылған.
Рекреациялық ресурстар жөнінде Әртүрлі терминологиялық
айырмашылықтар болғанымен олардың барлығы да оған белгілі бір
объектілер мен құбылыстарды: табиғи ландшафттың компоненттерін, тарихи –
мәдени құндылықтар мен кешендерін, халықтық қолданбалы және басқаларды
қарастырады.
“Рекреациялық ресурстар” мен “туристік ресурстар” ұғымдары өздерінің
мәндері жағынан өте жақын ұғым, олар адамдардың демалуы, мен
рекреацияға (дене және рухани күштерінің қалпына келуі), танымдық
және коммуникативтік сұранымдарын қанағаттандыруға
қатысты қарастырылады.
Осы объекті мен құбылыстар жиынтығын шатастырмау үшін
“туристік - рекреациялық ресурстар” деп қарастыру дұрыс болып отыр.
Туристік нарық қызметінің саласын таңдауда немесе оның ары қарай
жіктеуінде базистік факторға туристер ағынын толастатпайтындай табиғи
географиялық ресурстардың болуы жатады.
Табиғи жаратылыстық ресурстарға технологиялық жарамдылық, жайлылық,
сыйымдылық, аттрактивтілік, мақсаттылық, тұрақтылық, кешенділік және
т.б. жатады.
Технологиялық жарамдылығына қарай ресурстар екі топқа
бөлінеді: 1) технологиялық міндетті; 2)технологиялық міндетті емес; яғни
мүмкіндік туғызушы ресурстар.
Технологиялық міндетті немесе қажетті ресурстарсыз туристік –
рекреациялық қызметті елестетуге болмайды. Туристік нарықты
жетілдіруде технологиялық қажетті ресуртар болуы қажет. Мысалы:
экологиялық туризм ресурстарына Әсем табиғи комплекстің болуы, ал тау
туризмі мен альпинизмге, тау тізбегі мен шатқалдардың бірегей
трассалардың болуы жатады.
Технологиялық міндетті ресурстар толық демалу мен рекреациялық
мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді, бірақ барлық уақытта ең тиімді
мүмкіндік болып санала бермейді. Сұранымды толық қанағаттандыру үшін
өзіне тӘн орта, жан – жақты Әсемдік, жарасымдылық
қалыптастыратын бірнеше ресурстар комплексі, яғни мүмкіндік туғызатын
ресурстар болуы қажет.
Технологиялық міндетті және мүмкіндік жасаушы ресурстардың
үйлесімділігі демалушылардың сұранымын барынша қанағаттандыраралықтай
туристік – рекреациялық ресурстар кешенін қалыптастырады.
Технологиялық міндетті рекреациялық ресурстың өзі немесе
мақсатты бағыттағы ресурстар (емдік, сауықтыру, спорттық және т.б.) болып
және рекреациялық емес, бірақ та технологиялық қажеттілігі бар
(орманның қалындығы, судың көптігі т.б.) ресурстар болып екіге бөлінеді.
Табиғат кешенінің жайлылығы бұл демалу мен туризмнің нақты бір
түріне деген сұранымның ресурстарға деген сӘйкестілік деңгейін анықтайтын
қасиетке негізделген.
Табиғи ресурстардың сыйымдылығын біркелкі емес туристер ағынын,
ұзақ уақыт бойына демалушылардың үлкен тобының сұранымын
қанағаттандыра алатындай қабілетімен есептеледі.
Табиғи ресурстардың көлемі туризмнің нақты бір түріне немесе
рекреациялық жұмыстардың циклына орай анықталады.
Табиғи ресурстарды пайдалануды реттеп отыру туристік қызмет
технологиясына аса қажетті, сондай-ақ табиғи ортадағы экологиялық тепе –
теңдікті сақтауға лайықты шара болып есеп теледі.
Аттрактивтілік. (французша atraktio – тартылыс, тарту). Табиғи
ресурстардың аттрактивтілігі сол жердің өзіндік ерекшелігі, пейзаждың
Әртүрлігімен сипатталады. Табиғи ландшафты эстетикалық тұрғыдан
бағаланғанда табиғаттың маусымдық динамикасы, жер қыртысының жеке – жеке
сипаттамасымен, қар басып жататын кезеңнің ұзақтығымен,
орманның қалыңдығы, судың молдығы сияқты ерекшеліктері
есептелінеді.
Табиғи ресурстардың мақсаттылығы – бұл белгілі бір аймақтың, ауданның
шаруашылық салаларына қарағанда осы туризм саласына пайдалану арқылы
түсетін Әлеуметтік – экономикалық пайдамен айқындалады.
Табиғи ресурстардың тұрақтылығы – туристік аймақтарды
болжауға, экологиялық негізделген эксплуатациялық салмақты көтере алумен,
өздігінен өнім өндіру мен сақталуы қамтамасыз етуден тұрады.
Кешенділік -- бұл қолда бар ресурстардың туризм мен
демалудың Әрқалай түрлерін қолдануын қарастырады.
Табиғи объектілері мен кешендер негізінен туристік рекреациялық
ресурс болып саналмайтының айтуымыз қажет. Туристік
шаруашылықта олар еңбек заты болып, ал жинақталған туристік
қызметтер турістік өндірістің нӘтижесі болып саналады. Табиғи
объектілер мен кешендер туристік рекреациялық қызметке қажетті жағдай
болып есептелінеді. Бірақ та олар демалуға, рекреацияға және
қоғамдық сұраныстық артумен, туристік сұранымның пайда болуы
оны зерттестіруге, бағалауға кеткен еңбек және қаржылай шығындардан кейін
туристік өнімді өндіруге, тікелей пайдалануға және пайдалануға
дайындалғаннан кейін барып рекреациялық ресурстардың категориясына
жатады.
Табиғи кешендерді туристік қызмет өндірісіне пайдалануда табиғат
ресурстар шешуші фактор болып саналады.
Табиғи жағдайдың сипаттамасы туристік кешен, жол және
бағыттарды айқындайтын фактор балып есептеледі. Себебі
туристердің демалу мен саяхатқа шығу маршруттарын таңдауды табиғи
ресурстар шешуші роль атқарады.
Туристік шаруашылықты ұйымдастыруда қайсы бір
территорияның жерінің маңызы ерекше. Туристер көбінесе
ландшафттар мен ауа – райы, өсімдіктер Әлемінің сан қилылығы, аң мен балық
аулау мүмкіндіктері, сондай-ақ демалумен спорттың тиімді түрлерімен
айналысуды қалайды.
Сонымен бірге таулы аймақтардағы көрікті орындар Әсемдігі,
туристерді тартатын, өзіндік ерекшеліктері, ауасының тазалығы,
альпинизм, тау шаңғысы мен аң аулау және т.б. істермен шұғылдануға ыңғайлы
маршруттар ашуға сұраныстар туғызғанымен, туристік объектілер мен
коммуникация құрылыстарын жүргізу көптеген техникалық -
экономикалық қиындықтарға кезігеді, алайда осындай қиындықтарға қарамастан
жұмсалған шығын тез арада - ақ өзінің орнын толтыратыны белгілі.
Туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасын жасаушы
Казгипроградинститутының берген мәліметіне қарағанда Қазақстан
Республикасының аумағында Әртүрлі функциональдық мақсаттағы 80 -дей
негізгі ландшафтық – рекреациялық аймақ бар. Осы аймақтан басқа
жерлерде конвейерлік туризмді дамытуға мүмкіндік жоқ, ал жекелеген
аудандарда ғылыми, ғылыми - танымдық туризмді ұйымдастыруға мүмкіндіктер
бар.
Еліміздің табиғи -- рекреациялық ресурстары өзінің жан --
жақтылығымен ерекшеленеді. Солтүстіктен Оңтүстікке қарай төрт табиғат
зоналары: орманды дала, дала, шөлейт және шөл орналасқан.
Республикамыздың оңтүстік - шығысында Тянь - Шань, Жоңғар Алатауы,
Саура, Тарбағатай және Алтай тау сілемдері ұзынынан жатыр. Күнгей
Алатау, Теріскей Алатау, Іле Алатауының жоталары мен Хан ТӘңірі
массивінде тау туризмін, тау шаңғысы спортын және халықаралық
альпинизмді дамытуға қолайлы орындар көптеп саналады. Кеген Еңбекші Қазақ
аудандарында тау шаңғысы спортын дамытуға қолайлы, тауға өрмелеу мен
альпинизм, тау шаңғысы туризмімен айналысуға жағдай жасайтын қонақ
үйлер, база т.б. жайлар салуға болатын табиғи – рекреациялық комплекстер
бар. Алматы облысы Нарынқол ауданында Мыңжылқы – Хан ТӘңірі атты альпинизм
мен тау шаңғысы спортының халықаралық базасы орналасқан.
Табиғат зонасының осындай таулы аймақтарында таулы жермен жаяу жүру,
спорттық және спорттық сауықтыру сипаттағы Әртүрлі базалар салуға
болады. Орта – таулы аймақтардың табиғаты мен ауа – райы жағдайы бұл
жерлерде туризм мен демалудың, спорттың қысқы түрлерін ұйымдастыруға
мүмкіндік береді.
Елімізде тропиктік және экваторлық климаттық белдеулерден басқа
белдеулердің барлығы бар. Климаттық факторлар мен минералды су
көздерін, емдік батпақ орындарын қамтытитын емдік – ресурстық фонд,
емдік сауықтыру туризмі мен рекреациялық шаруашылықты дамытуға
жол ашады.
Сауықтыру туризмнің ресурстары қолайлы ландшафтық – климаттық
жағдайлармен, жайлы кезеңнің ұзақтылығымен, жетілген көл -- өзен
жүйесінің болуымен, жылы теңіз жағалауымен, туристік рекреациялық
қызметтің түрлері: қыдыру, суға түсу – жағажай, су спортын дамытуға
арналған орындардың болуымен анықталады.
Қолайлы кезеңінің ұзақтығы ыстық (комфорт), салқын
(сукомфорт) және суық (дискомфорт) күндердің санымен есептеледі.
Республикамыздың территориясында жыл бойына күн сӘулесінің түсу
ұзақтығы да мол болып келеді. Оңтүстікте 3000- дай сағат болса, солтүстікте
2000- нан аса сағатқа созылады. Қолайлы кезеңнің ұзақтығы солтүстік
– шығыс 40-50 күндей, ал оңтүстікте 120-150 күндей болып келеді, таулы
жерлердегі сауықтыру туризмін дамытуға қолайлы аймақтардың қысы
жұмсақтау болып келеді (орташа температура 2 градус С -- ден 8
градус С дейін), ал жазы құрғақ – ыстық болып келеді (орташа
температура 20 – 27 градус С).
Арал теңізінің оңтүстік жағалуында, Балқаш көлінің маңында және
еліміздің оңтүстік – шығысында қолайлы кезеңінің ұзақтығы 120 күн. Ал
Сырдарияның орта ағысы мен Шымкентте 150 күнге ұласады. Алматының сондай –
ақ Аралдың солтүстігіндегі дискомфорт күндердің ұзақтығы 30
күнге созылады, Оңтүстік Қазақстанда 70, ал Балқаш көлінің маңайында
қолайлы кезең 40 күнге созылады.
Суға түсу – жағажайлық, су спорты мен қыдырыстыс туризм
түрлерін дамытуға өзен – көл тығыз орналасуының ықпалы зор. Біздегі құрғақ
климаттық ауа – райында өзен, көлдік жүйелер нашар дамыған.
Солтүстік аудандарындағы жазықта өзендер 100 км, 2 –3,5 км ұзындықта, ал
таулы жерлерде 20 -40 шаршы км дейін көбейеді. Жазық жерлердегі
таратылып кететін сулардың катамаранка салда серуендеуді ұйымдастыруға
өте ыңғайлы болып келеді.
Тау өзендері су ағысының жылдам болуы
және температурасының төмендігінен спорттық туризмге ғана қолайлы
болып отыр. Ішкі тау өзендері Шарын, Шілік, Көксу, Қараталда, және
Ертіс, Іле, Сырдарияда аса көп шығынды қажет етпейтін су туризмнің
дамытуға мүмкіндіктері бар.
Республикамыздың ірі – ірі теңіз, көлдерді Каспий, Арал теңіздері мен
Балқашты қоспағанда ірілі – ұсақты 48 мың көлдер бар. Оның жалпы
көлемі 20 мың шаршы метрден көп. Алакөл, Зайсан, Балқаш өзендерімен
Қапшағай, Бұқтырма, Шардара су қоймаларында туризмнің су –
спорттық және суға түсу – жағажайлық түрлерін дамытуға қажетті
бірден – бір қолайлы жағдай бар.
Минералды сулар гидрологиялық ресурстардың ішіндегі емдік қасиеті
жөнінен жоғары бағаланады. Бүгінгі күндері елімізде
минералды судың 500 –дей көздері табылып, 120 емдік батпақтар
табылған.
Ерекше қорғалатын территорияға жататын Солтүстік Қазақстан мен
Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында орналасқан
ормандар мен орманды алқаптар туризмді дамытудағы ерекше аймақтар
қатарын құрайды.
Қазақ халқының құс салып, құмай тазымен аң аулау дӘстүрлерін, жалпы
арнайы – ғылыми, оқу – танымдық, оқу – ағартушылық,
лицензияланған спорттық – аңшылық түрлерді дамытуда, еліміздегі табиғат
саябақтары, қорықтардың табиғат ескерткіштерінің сондай -ақ мемлекеттік
және тіркелген аң аулау шаруашылықтарының шектеулі болса да өте сирек
кездесетін өзіндік ерекшелігі бар мүмкіндіктерге ие.
Орманды дала және таулы аймақтар жануарлар Әлеміне өте бай.
Қазақстандық жануарлар Әлемінде сүтқоректілердің 150 түрі,
құстардың 485 түрі, балықтардың 150 –дей түрлері кездеседі. Мұның барлығы
белгілі бір дӘрежеде аңшылық, балық аулау туризмдерін ғана дамытып
қоймай, құландар мен ақбөкендердің, сирек кездесетін құстардың
мекендейтін жерлеріне зоологиялық, орнетологиялық саяхаттар
ұйымдастыруға жол ашады.
Туристік қызметке құнды табиғи – рекреациялық ресурстарды тартуда
кӘсіпкерлерден қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдалануға
қатысты біліктілікті талап етеді.
Мемлекеттің табиғи – қорықтық қорындағы ерекше қорғалатын
аймақтардағы туристік қызметтің хұқықтық, экономикалық, Әлеуметтік
ұйымдастырушылық негіздері Қазақстан Республикасының “Ерекше қорғалатын
табиғат аймақтары” Заңында қарастырылған.
Туристік бизнеспен айналысатын кӘсіпкерлер өздерінің табиғи
рекреациялық ресурстарды пайдалана отырып жүргізетін қызметін
таңдағанда, осы Заңның 2 бабының 1 тарауында қарастырылған ерекше
қорғалатын табиғат аймақтарын ғылым, мӘдениет, білім беру мен ағарту,
туризмді дамытуға қолдануға қатысты принциптерге сүйенуі қажет.
Ерекше қорғалатын табиғат аймақтар (ЕҚТА) арқылы өтетін туристік
индустрия мен оның объектілерінің құрылымын қалыптастыру
мӘселелері, сондай – ақ ғылыми, мӘдени – ағарту, оқу, туристік
рекреациялық қызметтер үшін ғимараттар мен Әртүрлі орындарды жалға
беру мемлекет құзырында болатынын үнемі есте ұстау керек. Қорғау режимі
мен пайдалану ерекшелігіне, мақсатына сай Заңда төмендегідей ЕҚТА
түрлері белгіленген. Олар:
- мемлекеттік табиғат саябақтары;
- мемлекеттік табиғат ескерткіштері;
- мемлекеттік қорықтық аймақтар;
- мемлекеттік табиғат қорықтары;
- мемлекеттік зоологиялық парктер;
- мемлекеттік ботаникалық баулар;
- мемлекеттік дендрология парктер;
- ерекше қорғалатын табиғат аймақтарындағы ормандар;
- мемлекеттік ерекше маңызы бар немесе ерекше ғылыми
құндылығы бар су қорлары;
- халықаралық маңызы бар сулы – батпақты орындар;
- экологиялық, ғылыми, мӘдени және басқадай ерекше құнды
маңызды бар жер асты байлығы бар алқаптар;
Қазақстан Республикасының “Ерекше қорғалатын табиғат
аймақтары” туралы Заңында ЕҚТА –ның мемлекеттік табиғи -- қорықтық
қорына төмендегідей объектілер жатқызылады:
- зоологиялық, - сирек кездесетін және бүгіндері тіпті жойылып
кету қаупі бар жануар түрлері, жануардың кӘдімгі, сирек
кездесетін, бағалы және өте сирек кездесетін түрлері;
- ботаникалық, - сирек кездесетін және бүгіндері жойылып кету
қаупі бар өсімдік түрлері, өсімдіктердің кӘдімгі,
сирек кездесетін, бағалы және өте сирек кездесетін
түрлері;
- ормандық, -- ЕҚТА –дағы ормандар, орман шаруашылығын ерекше
үлгілері мен жерді қорғауға қатысты орман өсіру жұмыстары;
- дендрологиялық, - ғылыми, мӘдени – тарихи мӘні бар, баулық –
саябақтық ерекше үлгісі бар ағаштар мен олардың топтары;
- гидрологиялық, - ерекше мемлекеттік немесе ғылыми маңызы бар су
қоймалары мен суаттар, су қорлары;
- геологиялық, -- экологиялық, ғылыми және басқадай
құндылықтарға ие жер қойнауының геоморфтық,
гидрогеологиялық бөліктері;
- топырақтық, -- кӘдімгі, Әртүрлі топырақтық аймақтарда өте
сирек кездесетін топырақ түрлері;
- ландшафттық, -- кӘдімгі және өте сирек
кездесетін ландшафттар;
- Әлі игерілмеген табиғаттың эталондық бөліктері мен ерекше
рекреациялық мӘні бар жер бөліктері.
ЕҚТА статусына ие Әрбір табиғат кешенінің 18 бапқа сӘйкес
паспорты болуы тиіс. Онда басқадай пунктер мен қатар төмендегідей пунктер
болуға тиіс:
- ЕҚТА –да орналасқан мемлекеттік табиғи - қорықтық қоры
объектілерінің сандық көрсеткішпен көрсетілген тізімі.
- ЕТҚА пайдалану түрлері.
ЕТҚА паспортының бұл пункттері туристік фирмалар мен
ұйымдардың туризмнің инфрақұрылымын дамыту мен туристік объектілер
мен маршруттарды ұйымдастыруға қатысты жұмыстарды бірлесе атқаруда
ұйымдық – хұқықтық мүмкіндіктерді айқындайды.
ЕТҚА арналған осы Заңның 22 бабына сӘйкес ерекше қорғаудың хұқықтық
тӘртібі немесе шаруашылықтың қызметті реттеу тӘртібі енгізілген. Ерекше
қорғаудың хұқықтық тӘртібі қорыққа қатысты және сұраныстық режим болып
бөлінеді. Қорықтық тӘртіп ЕҚТА –та немесе арнайы бөлінген орындарда кез -
келген шаруашылықтың қызметпен айналысуға, сондай -ақ табиғи тепе –
теңдікті бұзатын кез - келген Әрекетке тиым салады. Сұранымдық тӘртіп
ЕҚТА немесе арнайы бөлінген орындарда шаруашылықтық қызметті белгілі
бір маусым немесе мерзім аралығында, сол жердегі мемлекеттік табиғи
қорықтық қорына зиянын тигізбеген жағдай жүргізуге рұқсат
берумен сипатталады.
Ерекше қорғалатын табиғат аймақтарындағы шаруашылықтық қызметі
реттеу тӘртібі осы аймақтардағы табиғат ресурстарын қандай –да бір
шаруашылықтық мақсатқа пайдалануға тыйым салады.
Ерекше қорғауды аймақтарда азаматтардың, туристердің болуы сол
аймақты қорғау тӘртібі мен сол территорияға арналған
ережелерге сай ұйымдастырылады.
Ерекше қорғауды қамтамасыз ету үшін осы аймақтарда
мемлекеттік табиғи – қорықтық қоры объектілеріне кесірін тигізетін
қызметтің кез - келген түрінен қорғау, санитарлық - қорғау және т.б.
қорғау зоналары құрылады.
Туристік қызметті ұйымдастыру мен оның мақсатының
көпқырлылығына байланысты ЕҚТА -ны пайдалану мақсаттарына да сӘйкестендіріп
алу қажеттілігі туындап отыр. “Ерекше қорғалатын табиғат аймақтарын
пайдалану” жөніндегі VI тарауда: “ЕҚТА тек қана ғылыми, мәдени - ағарту,
оқу, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылықтық мақсаттарға
пайдалануға болады” - деп атап көрсетілген.
Туризм саласына қатысты ғылыми зерттеулер мен оның
инфрақұрылымын дамыту туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық
бағдарламаны іске асыруға қажетті жағдай болып есептеліп, кӘсіпкерлер мен
шетелдік инвесторларға практикалық көмек болып саналатыны белгілі. Осы
Заңның 29 бабындағы мынадай мақсаттарды: сыртқы ортаны қорғау
мен табиғатты тиімді пайдалану негіздерін жасауда мемлекеттік табиғи -
қорықтық қор объектілерін зерттеуді атап өтуге болар еді.

1.3 Қазақстан Республикасында туристік қызметті мемлекеттік реттеу
және қолдау жүйесін дамыту

Қазақстан Республикасында туристік қызметті мемлекеттік реттеу және
қолдау жүйесін дамыту. Бұл бағытта мынадай шараларды іске асыру қажет:
– Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу
мүмкіндігін ескере отырып, халықаралық сауданың мемлекеттік реттелуін
туристік қызметтермен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде нормативтік
құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлеу;
– келу туризмін және ішкі туризмді дамыту, көші-қон мәселелері
бойынша заңнаманы жетілдіру, виза рәсімдерін, кеден және шекара бақылауын
оңайлату;
– туризм саласындағы статистикалық есепке алу мен есеп беру жүйесін
жетілдіру, соның ішінде саланың мекемелері мен ұйымдары жұмысының қаржылық
нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштерді енгізу;
– Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ұсынымдарын және БҰҰ-ның
Статистикалық комиссиясының шешімдерін ескере отырып, туристік саланың
төлем теңгерімін қалып тастыру әдістемесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар
дайындау;
– Туристік к,ызметтер рыногындағы барлық өндірушілердің бәсекелестік
қабілеті мен тұрақты табысын қамтамасыз ету мақсатында туристік бизнес
рентабельділіпнің оңтай-лы шегін айқындау үшін баға құрау мәселелерінде
мемлекеттік реттеу саясатын әзірлөу,
– ұлттық туризмнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
– халықаралык. шарттардың негізінде шет елдермен туризм саласындағы
ынтымақтастықты дамыту;
– туристік қызметті стандарттау, сертификаттау, лизензиялаудың
талаптарына сәйкес туристерге қызмет көрсетудің сапасын жақсарту;
– туризм саласына кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру
жүйесін жетілдіру;
– саланы қаржыландырудың, оның ішінде кредиттік ресурстарды тарту
есебінен қар-жыландырудың жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету;
– туризм саласында мүдделі орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік
органдар арасындағы, сондай-ақ мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы
қызметті өң жоғарғы деңгейде үйлестіруді қамтамасыз ету;
Қазақстанның мәдени-тарихи және рекреациялық аймақтарын дамыту және
сақтау. Бұл бағытта мынадай шараларды іске асыру қажет:
– мәдени-тарихи және табиғи рекреациялық ресурстарды сақтау және
ұтымды пайдалану:
– халық арасында туризмнің қүндылықтарын насихаттауды және қоршаған
ортаға ұқыпты қарауды қамтамасыз ету;
– қоршаған ортаны және өзге де туристік ресурстарды қорғау жөніндегі
шараларды қамтамасыз ету;
– халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық жіктері мен топтары
арасында әлеуметтік туризмді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Маркетинг және қазақстандық туристік өнімді ұсыну.
Бұл бағытта мыналарды қарастыру қажет:
– ұлттық туристік өнімді экспорттау және туризм саласындағы
халықаралық ынтымақтастықты дамыту стратегиясын әзірлеу;
– туристік көрмелер мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру;
– туристік өнімді сатуда біріздендірілген үдемелі стандарттарды
енгізу;
– Қазақстан халқының барлық жіктерінің туристік ресурстарға қол
жеткізуін қамтаммасыз ету, туристік қызмет көрсетулерге қажеттіліктерді
барынша қанағаттандыру;
– мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мамандардың кәсіби
даярлығының оапасын жақсарту, оларды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру
жөнінде шаралар белгілеу;
– туристік саланың кадрларына арнап, Дұниежүзілік Туристік Ұйыммен,
Туристердің қазақстандық қауымдастығымен, Қазақстанның жоғары оқу
орындарымен және ха-лықаралық білім беру мекемелерімен бірлесіп, тұрақты
жұмыс істейтін кәсіби даярлық курстарын құру;
– республикада туристік индустрияны дамытудың түйінді проблемалары
бойынша ғылыми-практикалық конференциялар өткізуді және Қазақстанның
халықаралық туристік оқиғаларға қатысуын қамтамасыз ету қажет.
Туризм индустриясының материалдық - техникалық базасын дамыту. Осы
бағытта:
– туристік объектілерді жаңарту мен салу үшін отандық және шет елдік
инвестицияларды тарту жолымен туризмнің материалдық-техникалык, базасын
дамыту;
– әуе тасымалы қызмет көрсету рыногында бәсекелесу қабілетін көтеру,
автомобиль және темір жол көліктерінде жолаушыларды тасымалдауды одан әрі
дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
– Қазақстан Республикасының аумағына туристік объектілерді
перспективалық орналастырудың және туристік инфрақұрылымды дамытудың
схемаларын әзірлеу;
– туризмді дамыту аудандарында жерді пайдалану және құрылыс салу
нормаларының қолданылуын бақылау;
– қонақ үй - сервистік кешенін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру,
туристік кешендердің, этнографиялық мұражайлардың және демалыс аймақтарының
желісін құру;
– ілеспе инфрақұрылымды: сумен, электрмен жабдықтау, кәріз желісі мен
қатты қалдықтарды жоюдың жүйесін, қолданыстағы және әлеуетті туристік
аймақтарда телекоммуникацияны дамыту;
– аймақтық деңгейде туристерді орналастыру орындары мен қонақ үйлерді
жаңғырту және халықаралық тәжірибеге сай стандарттауды енгізу;
– шетел инвестициясын тарту жолымен жұйе құраушы туристік
объектілерді (халықаралық деңгейдегі туристік кешендер) дамыту:
– туристік объектілерді, оның ішінде орналастырудың орта және шағын
құралдарының жобаларын әзірлеу және оның құрылысын салу шараларын олардың
жыл бойы майдаланылуын қамтамасыз етуді ескере отырып, қабылдау қажет.
Туризмнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бағдарлама туризм саласындағы
қауіпсіздіктің деңгейін көтерудің мынадай бағым бағыттарын айқындайды:
– туристің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі;
– туризмнің сақтандыру рыногын дамыту;
– Тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
– өрт қауіпсіздігі;
– орналасу мен тамақтану орындарындағы қауіпсіздік;
– көліктегі қауіпсіздік;
– Турист кадрларын арнайы даярлауды және туристерге қызмет көрсету
жөнінде туроператорлар мен турагенттердің қызметінде техника қауіпсіздігі
жөніндегі нормалар мен ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге аоыру;
– Туристік ортаны қорғау және сақтау;
– Қорғау және қауіпсіздік мәселелері жөнінде хабардар ету;
– және жергілікті халықты қорғаудың және олардың қауіпсіздігін
қамтамасыз етудің жергілікті жүйесін құру.
Туристік саланы ақпараттық қамтамасыз ету. Бұл бағытта:
– Қазақстан Республикасының табиғи және мәдени - тарихи әлеуетін
неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында интерактивті геоақпараттық жуйенің
негізінде туристік рыноктың жай-күйіне және болжамды дамытуға кешенді
талдау жүргізу;
– көлік жолдары, инженерлік және инфрақұрылымдық объектілерді бірге
ала отырып, елдің аймақтары бойынша туристік индустрияны аумақтық
аймақтарға бөлудің моделін әзірлеу;
– туристік ұйымдардың көрсеткен қызметіне электрондық брондауды
ұйымдастыру және электрондық төлемдерді енгізу жөнінде шаралар жүйесін
әзірлеу;
– туризммен сабақтас салалардың барлығына интерактивті геоақпараттық
жүйені енгізу қажет.
Бағдарламаны іске асыруға қажетті техникалық және экономикалық
шарттар. Осы бағдарламаны іске асыруға арналған техникалык,- экономикалық
негізгі шарттар мыналар болып табылады:
– саладағы бірыңғай ақпараттық кеңістік жүйесін дамыту;
– республика туристік индустриясының тұрақты дамуын қамтамасыз
ететін, бірінші кезектегі жұйе құраушы туристік өнімдерді және туристік
объектілерді әзірлеу және іске асыру;
– ірі халықаралық туристік көрмелерге қатысу және жыл сайын
қазақстандық халықаралық туристік көрме өткізу;
– мынадай халықаралық жобаларды әзірлеу және іске асыру:
– Ежелгі түріктер елі (Қазақстан-Ресей-Моңғолия-Қытай);
Астана қаласында Этнографиялық базар халық кәсіпшілігінің жыл сайын
Халықаралық жәрмеңкесін өткізу.
Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері. Бағдарламаны іске
асыру ұшін қажетті мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыру сомасы 2005
жылға дейін 3 92148,5 мың. теңгені құрайды. Қоса беріліп отырған іс-
шаралар жоспарының жобасына сәйкес, осы Бағдарламаны іске асыруға
республикалық бюджеттен болжанатын шығындардың сомасы: 2003 жылы - 32604
мың. теңгені; 2004 жылы - 32604 мың. теңгені, 2005 жылы - 32604 мың.
теңгені құрай-ды. Жергілікті бюджеттен 2003 жылы - 125 989,7 мың. теңге,
2004 жылы - 84 98,5 мың. теңге, 2005 жылы - 83 448,3 мың. теңге қажет.
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар тиісті жылға арналған
республикалық және жергілікті бюджеттерде қаралатын қаражат есебінен және
соның шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым
салынбаған өзге де көздер арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарламаның іске асырылуын басқаруды және бақылауды ұйымдастыру.
Бағдарламаны басқаруды және оның іске асырылуын қамтамасыз етуді
ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық
кесімдеріне және әдістемелік құжаттарға сәйкес барлық мүдделі орталық
атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен, облыстардың, Астана және
Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, туризм саласындағы мемлекеттік
уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже. Бағдарламаны іске асыру
барысында туризмнің ішкі және келу бағыттары бойынша туристердің жалпы
ағынының 2003 жылы 80 мың адамнан 2005 жылы 150 мың адамға дейін тұрақты
өсуін қамтамасыз ету көзделуде, бұл ретте ол жыл сайын орта есеппен 17500
адамға өседі деп болжанып отыр.
Келу туризмінің көлемін 2003 жылы 24 мың адамнан 2005 жылдың аяғына
60 мың адамға дейін көбейту болжанып отыр. Бұл ретте екі бағытта да
туристердің жалпы көрсеткіші бойынша келу туризмінің үлесі 2003 жылы 30
пайыздан, келесі жылдары 40 пайызға дейін артатыны стратегиялық тұрғыдан
алғанда маңызды болып табылады және жылына 7 мың адамға өсетін болады.
Ішкі туризмнің көлемі де 2003 жылғы 56 мың адамнан 2005 жылы 90 мың
адамға дейін көбейеді. Республиканың ішінде туристер ағынының жыл сайынғы
өсуі 10500 адамды құрайтын болады деп күтілуде. Бағдарламаны іске асырудың
тиімділігі 2003-2005 жылдарға арналған болжамды көрсеткіштер бойынша
есептелінеді.
Бір шетел турисі өзінің болуы кезінде бюджетке орташа есеппен 700 АҚШ
долларын әкелген жағдайда, келу туризмінен бюджеттің жыл сайынғы
толықтырылуы мыналарды құрайды:
2003 жылы - 32,2 млн. АҚШ доллары;
2004 жылы - 37,1 млн. АҚШ доллары;
2005 жылы - 42 млн. АҚШ доллары.
Келу туризмінен барлығы 2003 - 2005 жылдар кезеңіндегі бюджет
түсімінің жиыны 111,3 миллион АҚШ долларын құрайтын болады.
Әлемдік практикада бір шетелдік туристке қызмет көрсетуден 9 жумыс
орны құралатынын ескерсек, онда келу туризмі есебінен 2003 жылы - 414 мың
жұмыс орнын, 2004 + ылы - 477 мың жұмыс орнын, 2005 жылы - 540 мың жұмыс
орнын ықтимал қамтуға міндау көрсетіледі.
Жалдау арқылы жұмыс істейтін қызметкерлердің орташа жалақысы жылына
шамамен 20 пайызға өсуін ескеріп, (немесе нақты көрінісінде 6 пайызға),
келу туризмі ұлғаюы арқасында жұмыспен қамтылған халықтың табысы өсе
түседі.

балқаш-Алакөл АЙМАҒЫНЫҢ ТАБИҒИ-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ мүмкіншілігі
2.1 Балқаш-Алакөл алабындағы туристік индустрияның қазіргі жағдайы
мен дамуы

Турист энциклопедиясында туризм индустриясы туралы мынадай анықтама
берілген: бұл – материалдық-техникалық базалардың құрылуын, туристік
рекреациялық ресурстарының пайдалануын, туристік тауарлар мен қызметтердің
айырбасталуын, қолданылуын, материалды және материалды емес сфера
өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар жиынтығы.
Туризм индустриясының мекемелері мен орталықтарын, кәсіпорындарын үш
топқа бөледі:
1. Демалыс орындары мен маршруттардағы туристік экскурсиялық қызмет
көрсету мекемелері (турбазалар, қонақ үйлер, санаториялар,
кемпингтер; саяхат және экскурсия бюролары; арнайы көлік, туристік-
экскурсиялық тасымалдау; демалу орындары мен туристік орталықтары
туристерді сауықтыру орындарымен, сувенир мен басқа туристік
тауарлар мен қамтамасыз ететіндер).
2. Демалыс орындарындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы облысының туристік рекреациялық географиясы
Шығыс Қазақстан облысының ірі өзендері
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
Алматы облысының білім беру жүйелері мен денсаулық сақтау ұйымдарын ГАЖ технологияларын пайдалана отырып картаға түсіру әдістері
Алматы облысының физикалық - географиялық сипаттамасы географиялық орны
Туристік кластердің дамуын қолдау
Қазақстанның климаты, биологиялық сулары және рекриациялық аудандар
Қазақстандағы қар мен мұз ресурстары
Қазақстанның басты қалдық көлдері - Каспий мен Арал теңіздері
Ертіс атауының этимологиясы
Пәндер