Қазақстан Республикасындағы баспа ісі жағдайы



ГЛОССАРИЙ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАСПА ІСІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1.1 Нарық жағдайындағы Қазақстан Республикасында баспа ісінің қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2 «Полиграфкомбинат» ЖШС.нің негізгі қызметінің бағыттары, есебін жүргізудің ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
1.3 «Полиграфкомбинат» ЖШС.нің қызметінің экономикалық жағдайы, бәсекелестік мүмкіндігі және даму бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

2 ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСПА ІСІНДЕ ҚОЛДАНУ
2.1 Калькуляциялаудың қазіргі кездегі әдістері және даму бағыттары ... ... ... ...30
2.2 Баспадағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы, калькуляциялаудағы шығындар құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51
2.3 Баспа ісінде қолданылатын калькуляциялау әдістері, оның
«Полиграфкомбинат» ЖШС.де қолданылуын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63

3 БАСПАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ МЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ЖӘНЕ БАҚЫЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Шығындарды бақылаудың мерзімдік және оперативтік тәсілдерін
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...69
3.2 Шығындарды пайда болу бағыттары бойынша бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... 79
3.1 Баспада стандарт.кост әдісін қолдану және ауытқуларды талдау бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...83

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...93

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..95

ҚОСЫМША БЕТТЕР
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңдағы қалыптасқан экономикалық қатынастар, қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыратын меншік иеленушілердің көптүрлілігі, ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың күрделілігі, бәсекелестік деңгейінің жоғарылығы, отандық есеп жүйесінің халықаралық стандарттарға бет бұруы шаруашылық бірліктеріндегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесіне қатаң талап қоюда.
Бүгінгі нарықтық қатынастар жағдайында микро деңгейде қызмет атқаратын шаруашылық механизмдерінің, яғни, жеке ұйымдардың нарықтық экономиканың басты звеносы ретіндегі маңызы артып отыр. Соған сәйкес нақты экономикалық ғылымдардың да мәнділігі өсе түсті.
Баспа өнімдерін өндіретін ұйымдардың нарықтық қатынастар жағдайында әрекет етуі, яғни үнемі өзгеріп отыратын сыртқы ортаға бейімделуі, бәсекелестікті қабылдауы, сатып алушылар тарапынан баспа өнімдерінің сапасы мен дәрежесіне қатысты талаптарының жоғарылауын ескеруі қажет. Дәл осындай мүмкіндікті қамтамасыз ететін ұйымдағы бірден-бір ақпараттық жүйе бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесі.
Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнама бойынша барлық шаруашылық субъектілері өздерінің ұйымдық-құқықтық және меншіктік нысанына қарамастан бухгалтерлік есеп жүргізуге, қаржылық есептілікті құрастырып, тиісті орындарға ұсынуға міндетті.[1]
Экономиканың даму деңгейі, оның ішінде қаржы жүйесінің, өндірістің, әлеументтік-экономикалық даму қарқынының артуы есеп жүйесінде шешілуге тиісті жаңа мәселелерді туғызды. Есеп жүйесі деңгейінің төмендігі қай елде болмасын экономикалық прогресске кері әсер етеді. Бүгінгі күні елдерді олардың өркениеттілік деңгейіне ғана емес, олардағы есеп жүйесінің даму деңгейіне қарап та бөлуге болады. Яғни, есеп жүйесіне қатысты мәселелер әрқашан өзекті және қандай қоғамда болмасын жедел шешімді талап етеді.
Баспа өнімдерін шығару және таратумен айналысатын ұйымдар біздің елімізде көптеп саналады, олардың ішінде ірі корпорациялар да болғанымен, көбінесе шағын және орта бизнес субъектілері ретінде құрылған. Сондықтан олар бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастыруда №2 ұлттық қаржылық есептілік стандартын басшылыққа алады.[3]
Баспа қызметі дегеніміз баспаны немесе полиграфиялық ұйымды құруға, кез-келген түрдегі баспа өнімдерін дайындау және шығаруға бағытталған қызмет болып табылады.
Баспа өнімін шығарушы және таратушы ұйым бұл баспа өнімдерінің айналысы сферасындағы негізгі звено, шаруашылық және заңнамалық тұрғыда өз алдына жеке қызмет атқаратын, баспа өнімдерін шығарытын, сатып алатын, сақтайтын, сатумен айналысатын, және де халыққа қажетті басқа да қызмет түрлерін көрсетіп пайда алатын ұйым болып табылады. Баспа өнімдерін шығаратын ұйымдардың барлығы коммерциялық ұйымдар болып табылады, себебі олардың мақсаты жоғары пайда алу.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жөніндегі” нұсқауы, 28 ақпан 2007 ж.
2. Қазақстан Республикасының «Жауапкершіліг шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңы, Алматы, 05.07.2006 жыл.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.Алматы,ЮРИСТ,2007.-308б.
4. Қазақстан Республикасының «Баспа ісі жөніндегі» заңы, 2006 жыл
5. Ұлттық қаржылық есептілік стандарттары, Алматы, 19 маусы 2007 жыл.
6. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары,2001ж.
7. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары,Алматы 23 мамыр 2007 жыл.
8. Стандарты по издательскому делу.М.:Юрист, 1998.-376с.
9. Атчабарова А.М. Учет и аудит затрат.Автореферат, Алматы,1999г.
10. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности. Алматы:Экономика, 2009.
11. Любушин Н. П. Экономика организации:Учебник.М.:КНОРУС,2010.-304с.
12. Дюсембаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж. Г «Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы 2001ж.
13. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ финансовой отчетности, Алматы, 1998.
14. Далада Е.В. Управление современным издательским процессом:конспект лекций.М.:МГУП,2008.-156с.
15. Друри, Колин Управленческий и производственный учет.Вводный курс:учеб.для студентов вузов/К.Друри.- 5-ое изд., переаб. и доп. – М.:ЮНИТИ-ДАНА,2005.-735с.
16. Дәуренбекова Ә.Н. Шығындарды басқару: оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2009.-158б.
17. Жумабаева М.Д. Учет затрат на производство и их анализ в условиях рыночной экономики.Автореферат,Алматы, 1994г.
18. Иришина Е.В. Издательская деятельность:бухгалтерский учет, налогообложение, правовые аспекты.М.:Книжный мир,201.-192с.
19. Иванова Е.Н. Финансово-хозяйственная деятельность предприятия книгораспространения:Учебник.М.,2008.-796с.
20. Кенжебаев Б. Кожакеев Т. Қазақ баспасөзі тарихынан. Алматы, 1962ж.
21. Комаров Е.И. Эффективное издательство.М.:Логус, 2000.-238с.
22. Назарова В.Л. Басқару есебі.Алматы,Экономика.2005ж.
23. Радостовец В.В.Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп, Алматы,2003.
24. Рахимбекова Р.М., «Финансовый учет на предприятии»: Учебник. Алматы: Экономика,2005.-282с
25. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятий АПК:Учебник. М.:Новое знание, 2004.-736с.
26. Сейдахметова Ф.С. Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп.Оқу құралы.Алматы:Lem баспасы,2008.-500б.
27. СІРА бағдарламасы бойынша оқу құралы: «Басқару есебі 1». Корпорация Прагма және АҚШ халықаралық даму бағдарламасы бірлесіп шығарған.
28. ССТ 29.115-88 «Авторлық және баспалық түпнұсқалар. Жалпы техникалық талаптар»
29. ССТ 29.160-90 «Суреттік түпнұсқалар полиграфициялық өңдеуге. Жалпы техникалық талаптар» стандарты
30. Тайгашинова К.Т. Управленческий учет:Учебное пособие.-Алматы:Экономика, 2008.-333б.
31. Тулегенов Э.Т. Басқарушылық есеп теориясы мен практикасынан автореферат, Алматы, 2010ж.
32. Турарбеков З. Баспасөз және экономика. Алматы, 1967ж.
33. Үмбеталиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік. Оқулық.-Алматы:Экономика,2009.-462 бет.
34. Управленечский учет:Учебное пособие/Под ред. А.Д. Шеремета.-М.:ФБК-ПРЕСС,1999.-512с.
35. Хорнгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет:управленческий аспект: Пер. с англ.М.Финансы и статистика,2003.-416с.
36. Шамахайұлы Қ. Демократиялық қоғамдағы баспасөз және ақпарат құралдары: оқу құралдары.Астана, 2006.-309бет.

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 101 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

ГЛОССАРИЙ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАСПА ІСІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1.1 Нарық жағдайындағы Қазақстан Республикасында баспа ісінің қалыптасуы
мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2 Полиграфкомбинат ЖШС-нің негізгі қызметінің бағыттары, есебін
жүргізудің
ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .16
1.3 Полиграфкомбинат ЖШС-нің қызметінің экономикалық жағдайы,
бәсекелестік мүмкіндігі және даму
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .25

2 ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫ БАСПА ІСІНДЕ ҚОЛДАНУ
2.1 Калькуляциялаудың қазіргі кездегі әдістері және даму
бағыттары ... ... ... ...30
2.2 Баспадағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы, калькуляциялаудағы
шығындар
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...51
2.3 Баспа ісінде қолданылатын калькуляциялау әдістері, оның
Полиграфкомбинат ЖШС-де қолданылуын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..63

3 БАСПАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ МЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ЖӘНЕ БАҚЫЛАУДЫ
ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Шығындарды бақылаудың мерзімдік және оперативтік тәсілдерін
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...69
3.2 Шығындарды пайда болу бағыттары бойынша
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... 79
3.1 Баспада стандарт-кост әдісін қолдану және ауытқуларды талдау
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .83

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .93

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 95

ҚОСЫМША БЕТТЕР

ГЛОССАРИЙ МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Баспа қызметі - баспаны немесе полиграфиялық ұйымды құруға, кез-келген
түрдегі баспа өнімдерін дайындау және шығаруға бағытталған қызмет болып
табылады.
Алдын-ала калькуляциялау - басылымды дайындап, өндіріп шығаруға
жұмсалатын шығындарды нақты баптары бойынша есептеп алуға мүмкіндік береді.
Есептік калькуляция - бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде нақты
орын алған шығындар бойынша жасалынады және басылымның жоспарлы өзіндік
құнымен салыстыра отырып, талдауға негіз болады.
Бақылау – басқару процесінің қажетті құрамдас бөлігі, ол кері байланыс
элементі болып табылады, себебі бақылау арқылы жоспарлар мен қабылданған
шешімдерге түзету жасалынады.
Бақылау технологиясы – бұл ауытқуларды анықтауға мүмкіндік беретін
әдістер мен тәсілдерді жинақтау механизмі.
Бақылау қағидасы – бұл бақылау жағдайында экономикалық, әлеуметтік,
және басқа заңдылықтарға сәйкестендірілген бақылау жүйесінің қалыптасуын,
жұмыс істеуін анықтайтын жалпы қабылданған ережелер болып табылады.
(АКБСЖ) - Ақпараттық, кітапхана және баспа ісі бойынша стардарттар
жүйесі.
Жоспарлы калькуляцияның бір түрі - сметалық калькуляция; оны бір рет
шығатын (бірегей) бұйымға немесе жұмысқа, тапсырыс берушілермен есептесу,
баға белгілеу және басқа мақсаттар үшін жасайды.
Жобалық (проектілік) калькуляциялау –келешектік калькуляцияның бір
түрі, олар күрделі қаржының, жаңа техниканың және технологияның тиімділігін
анықтау үшін қолданылады.
ХҚЕС – халықаралық қаржылық есептілік стандарттары
ҰҚЕС – ұлттық қаржылық есептілік стандарттары

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңдағы қалыптасқан
экономикалық қатынастар, қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыратын
меншік иеленушілердің көптүрлілігі, ұйымдар арасындағы өзара қарым-
қатынастардың күрделілігі, бәсекелестік деңгейінің жоғарылығы, отандық есеп
жүйесінің халықаралық стандарттарға бет бұруы шаруашылық бірліктеріндегі
бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесіне қатаң талап қоюда.
Бүгінгі нарықтық қатынастар жағдайында микро деңгейде қызмет атқаратын
шаруашылық механизмдерінің, яғни, жеке ұйымдардың нарықтық экономиканың
басты звеносы ретіндегі маңызы артып отыр. Соған сәйкес нақты экономикалық
ғылымдардың да мәнділігі өсе түсті.
Баспа өнімдерін өндіретін ұйымдардың нарықтық қатынастар жағдайында
әрекет етуі, яғни үнемі өзгеріп отыратын сыртқы ортаға бейімделуі,
бәсекелестікті қабылдауы, сатып алушылар тарапынан баспа өнімдерінің сапасы
мен дәрежесіне қатысты талаптарының жоғарылауын ескеруі қажет. Дәл осындай
мүмкіндікті қамтамасыз ететін ұйымдағы бірден-бір ақпараттық жүйе
бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесі.
Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнама бойынша барлық
шаруашылық субъектілері өздерінің ұйымдық-құқықтық және меншіктік нысанына
қарамастан бухгалтерлік есеп жүргізуге, қаржылық есептілікті құрастырып,
тиісті орындарға ұсынуға міндетті.[1]
Экономиканың даму деңгейі, оның ішінде қаржы жүйесінің, өндірістің,
әлеументтік-экономикалық даму қарқынының артуы есеп жүйесінде шешілуге
тиісті жаңа мәселелерді туғызды. Есеп жүйесі деңгейінің төмендігі қай елде
болмасын экономикалық прогресске кері әсер етеді. Бүгінгі күні елдерді
олардың өркениеттілік деңгейіне ғана емес, олардағы есеп жүйесінің даму
деңгейіне қарап та бөлуге болады. Яғни, есеп жүйесіне қатысты мәселелер
әрқашан өзекті және қандай қоғамда болмасын жедел шешімді талап етеді.
Баспа өнімдерін шығару және таратумен айналысатын ұйымдар біздің
елімізде көптеп саналады, олардың ішінде ірі корпорациялар да болғанымен,
көбінесе шағын және орта бизнес субъектілері ретінде құрылған. Сондықтан
олар бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастыруда №2
ұлттық қаржылық есептілік стандартын басшылыққа алады.[3]
Баспа қызметі дегеніміз баспаны немесе полиграфиялық ұйымды құруға,
кез-келген түрдегі баспа өнімдерін дайындау және шығаруға бағытталған
қызмет болып табылады.
Баспа өнімін шығарушы және таратушы ұйым бұл баспа өнімдерінің
айналысы сферасындағы негізгі звено, шаруашылық және заңнамалық тұрғыда өз
алдына жеке қызмет атқаратын, баспа өнімдерін шығарытын, сатып алатын,
сақтайтын, сатумен айналысатын, және де халыққа қажетті басқа да қызмет
түрлерін көрсетіп пайда алатын ұйым болып табылады. Баспа өнімдерін
шығаратын ұйымдардың барлығы коммерциялық ұйымдар болып табылады, себебі
олардың мақсаты жоғары пайда алу. Баспа ұйымы осы бағытта өнімдер шығарып
оларды тұтынушыларға жеткізеді. Баспа қызметінің негізгі мақсаттарын келесі
түрде анықтауға болады:
- жеке адамның, қоғамның, жалпы мемлекеттің баспа өнімдеріне деген
қажеттілігін қанағаттандыру;
- ой мен сөз бостандығына, көзқарастар мен тұжырымдарды еркін
жеткізуге деген құқықты қамтамасыз ету;
- ұлтына, этникалық тегіне, түсіне, тілі мен дініне, жынысына,
көзқарасына, саяси тобына, мүліктік жағдайы мен әлеументтік ортасына
қарамастан автор ретінде өз ойын айту мүмкіндігін беру;
- баспа өнімдерінің көлемі мен тиражын арттыру арқылы, сонымен қатар,
кітаптардың тақырыптарын кеңейту арқылы халықтың ұлттық және мәдени дамуына
жағдай жасау;
- баспа өнімдері арқылы азаматтардың мәдени деңгейін көтеру, ұлттық
және әлемдік әдебиеттің үздік туындыларының түпнұсқасын немесе аудармасын
шығару арқылы жалпы адамдық құндылықтарға жақындату.
Баспа ұйымдары басылымдардың саудасын ұйымдастырады, сатып алушылар
тарапынан баспа өнімдеріне деген сұранысты зерттейді, анықтамалық-
ақпараттық қызметті атқарады, маркетингтік қызметпен айналысады, баспа
өнімдерінің нарығын зерттейді, халыққа қажетті басқа да ілеспе қызмет
түрлерін көрсетеді.
Шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында баспа ұйымдары күрделі
шаруашылық-экономикалық қатынастарға түседі. Баспа өнімдерін тұтынушылар
саны мен баспа ұйымдары ұсынатын өнімдер саны мен түрлері күн сайын өсуде.
Яғни, шаруашылық-экономикалық қызметінің нәтижесін анықтауға мүмкіндік
беретін, барлық ақпаратты пайдаланушылар үшін шешім қабылдауға негіз
болатын бухгалтерлік есеп жүйесін бақылауды күшейту қажет.
Қазіргі жағдайларда кез-келген ұйым үшін басқарушылық есепті жүргізу
қажеттігі туындап отыр, себебі ұйым өз қызметін бюджеттеуді, жоспарлауды,
талдауды жүзеге асырып, менеджерлердің басқарушылық жұмысын жетілдіруі
қажет болып отыр. Қалыптасқан нарықтық қатынастар халықаралық нарыққа
шығудың бір шарты ретінде, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының
талаптар бойынша экономикалық дамудың көптеген қағидаларын қайта қарауды
талап етіп отыр.
Басқарушылық есептің негізгі мақсаты әдеттегі тапшылығына қарамастан
қорларды үнемдеу, өндіріс шығындарын азайту, ұйымның бәсекелестігін
қамтамасыз ететін табысты арттыру болып табылады.
Басқарушылық есеп ақпаратына мұқият көңіл бөлу арқылы өндірісті
басқару тиімділігіне, табысты сату-өткізу қызметіне ғана емес,
менеджерлердің уақыттылы және тиімді шешім қабылдауына әсер етуге болады.
Осылардың барлығы әрбір ішкі кезеңдердегі шығындарды азайту, соның
нәтижесінде өнімнің өзіндік құнын азайтуға және кәсіпкердің әрбір үрдіс
бойынша, немесе ұйым бойынша жалпылама түрде алынған табыс сомасының
ашықтығын қамтамасыз етеді. Осы жоғарыда аталғандардың барлығы зерттеу
тақырыбының өзектілігін ашады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің
өзіндік құнының калькуляциялануы мәселелріне қатысты тақырыпты толық
зерттелген деп атауға болады. Бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық
есептілікті құрастыруға қатысты заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық
актілер бар, өндіріс шығындарының есебі мен калькуляциялау мәселелері толық
қаралған деуімізге болады. Осы тақырыпты қозғайтын отандық Тайгашинова
К.Т., Тулегенов Э.Т., Назарова В.Л., Дәуренбекова Ә.Н. сияқты авторлардың
оқулықтары мен оқу құралдары, кандидаттық және докторлық диссертациялары
қаралып зерделенді. Шет елдік авторлар ішіндегі Колин Друри, Р. Энтони, Дж.
Рис, Ч.Т. Хорнгрен, Дж.Фостер, А.Д. Шеремет, М.А. Вахрушина сынды авторлар
еңбегін атауымыз қажет. Дегенмен де ұлттық тілдегі оқулықтардың, оқу
құралдарының аздығы анық.
Баспа ісіне қатысты заңнамалық актілер мен нормативтік әдістемелерге
қатысты мәселенің қиындау екендігі мәлім. Тәуелсіздік алғаннан бергі Баспа
ісі жөніндегі Қазақстан Республикасының заңының жобасы 2006 жылдың соңында
ғана ТМД халықтарының парламентаралық Ассамблеясының Баспа ісі деп
аталатын заң үлгісі негізінде даярланған болатын. Ал Баспа ісіне қатысты
стандарттардың Қазақстандық үлгісі мүлде жоқ, тек Ресейлік халықаралық
стандарттарға негізделіп жасалынған Ақпараттық, кітапхана және баспа ісі
бойынша стардарттар жүйесі (АКБСЖ) стандарттары бар. Оның құрамына 76
стандарт және салалаық стандарттар кіреді.
Ал енді тікелей баспа ісіне қатысты бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
мен салық салу, құқықтық аспектілерді ашу мәселесі отандық авторлар
еңбегінде қарастырылмаған. Ал Ресейдегі кітап шығару және сату өндірісінің
даму деңгейіне сәйкес Иришина Е.В., Иванова Е.Н., Далада Е.В., Комаров Е.И.
сияқты Ресейлік авторлардың кітаптары пайдаланылды.
Диссертациялық зерттеу мақсаты. Баспа ұйымының қаржылық шаруашылық
қызметінің нәтижесінің қалыптасуына әсер ететін элементтердің бірі алынған
табыс сомасы болса, екінші маңыздысы – өндіріс шығындары. Өндіріс шығындары
өнімнің өзіндік құнын құрастырады және ол баға белгілеуге негіз болады,
яғни, алынатын пайда мөлшерінің дұрыс анықталуына тікелей әсер етеді.
Өндіріс шығындарының есебі ұйымның ішкі есеп жүйесінің бір бөлігін құрайды.
Диссертациялық жұмыс мақсаты баспа ұйымныңдағы өндіріс шығындарының есепке
алынуы мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың теориялық және
тәжірибелік тұрғыда зерттеу және жетілдіру шараларын қарастыру болып
табылады.
Осы мақсатта келесідей міндеттер шешілуге тиісті:
- Баспа ұйымының есеп саясатымен танысып, зерттеу тақырыбына қатысты
саясатта көзделген әдістемені талдамалық көзқараста бағалау;
- Полиграфкомбинат ЖШС-нің технико-экономикалық жағдайына сипаттама
беру;
- Баспа ұйымындағы өндіріс шығындарының құрамын, оларды өнімнің
өзіндік құнына апару жолдарын қарастыру;
- Баспа ұйымныңдағы қолданылатын калькуляциялау әдістерімен танысып,
олардың ерекшеліктерін ашу, жетілдірілу жолдарын қарастыру;
- Баспа ұйымының өнімнің өзіндік құнының қалыптасуын бақылау жолдарын
қарастыру.
Зерттеу пәні мен объектісі. Диссертациялық зерттеудің пәні баспа
ұйымнындағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесі болып табылса,
зерттеу объектісі баспа ұйымныдағы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
әдістемесі болып табылады.
Теориялық және әдістемелік зерттеу базасы осы тақырыпқа қатысты
нормативтік актілер мен теориялық және тәжірибелік тұрғыда жазылған
оқулықтар мен оқу құралдары және Полиграфкомбинат ЖШС-нің қаржылық
есептілігі және өзге материалдары болып табылады.
Ғылыми жаңалылығы: баспа ұйымының қызметінің ерекшеліктерін,
сәйкесінше баспа ұйымында шығарылатын өнімдердің өзіндік құнын
калькуляциялау әдістемесін қарастырып, жетілдру жолдарын ұсыну болып
табылады.
Қорғауға келесідей ғылыми жетістіктер ұсынылады:
- Баспа ісінің даму тарихына, баспа ұйымның қызметін ұйымдастыруға
байланысты әдебиеттер көздеріне шолу жасалынып, өнімнің өзіндік құнын
құрайтын калькуляциялық элементтер анықталып, жүйелендірілді;
- Баспа ұйымындағы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың әдістері
ашылып көрсетілді және өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындарды бақылау
жолдары айқындалды;
- Баспа ұйымының өнімінің өзіндік құнын калькуляциялауды жетілдру
жолдары ұсынылды.
Диссертациялық жұмыс оқу үрдісі барысында студенттерге баспа
ұйымындағы салалық өндіріс шығындарын есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялаудың ерекшеліктерін оқытуда және студенттердің дипломдық
жұмыстарына негіздеме ретінде пайдалануға болады.
Диссертациялық жұмыс 96 бет көлемінде орындалды, оның ішінде 14 кесте
және 14 сурет бар. Жұмысқа 2 бетте қосымша тіркелген.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАСПА ІСІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

1.1 Нарық жағдайындағы Қазақстан республикасында баспа ісінің
қалыптасуы мен дамуы

Қазақстан Республикасының Баспа қызметі жөніндегі заңнамалық актісі
баспалар мен дайындаушылардың, баспа өнімдерін тартушылардың арасындағы
өзара қатынасты реттейді. Заң бойынша баспа қызметі дегеніміз баспаны
немесе полиграфиялық ұйымды құруға, кез-келген түрдегі баспа өнімдерін
дайындау және шығаруға бағытталған қызмет болып табылады.
Баспа қызметінің негізгі мақсаттары:
- жеке адамның, қоғамның, жалпы мемлекеттің баспа өнімдеріне деген
қажеттілігін қанағаттандыру;
- ой мен сөз бостандығына, көзқарастар мен тұжырымдарды еркін
жеткізуге деген құқықты қамтамасыз ету;
- ұлтына, этникалық тегіне, түсіне, тілі мен дініне, жынысына,
көзқарасына, саяси тобына, мүліктік жағдайы мен әлеументтік ортасына
қарамастан автор ретінде өз ойын айту мүмкіндігін беру;
- баспа өнімдерінің көлемі мен тиражын арттыру арқылы, сонымен қатар,
кітаптардың тақырыптарын кеңейту арқылы халықтың ұлттық және мәдени дамуына
жағдай жасау;
- баспа өнімдері арқылы азаматтардың мәдени деңгейін көтеру, ұлттық
және әлемдік әдебиеттің үздік туындыларының түпнұсқасын немесе аудармасын
шығару арқылы жалпы адамдық құндылықтарға жақындату.
Ресейде баспасөз – газет, журнал, кітап бастыру, шет елдермен қарым-
қатынастардың көбеюі ұлы Петрдің жүргізген өзгерістері нәтижесінде шықты.
Ал, қазақ баспасөзі XIX ғасырдың аяқ кезінен бері қарай өсіп-өркендей
бастады. Қазақ тіліндегі тұңғыш газет Дала уәләятының газеті деп аталып,
1888 жылдан бастап, Омск, Ақмола, Семей, Жетісу облыстық ведомостіне
қосымша болып, екі тілде басылып, жетісіне бір рет шығып тұрды. Оның
қазақшасының редакторы Дала-уәләяты генерал-губернаторлығының бас
тілмаштары, әуелі, Сұлтанғазин, кейін, Абылайханов деген кісілер болды. XIX
ғасыр ішінде қазақ жерінде 1884 жылдан бастап, Түркістан уәләяты, Торғай
газеті шығып тұрғанымен, қазақ арасында көп тарамады, олар Дала уәләяты
газетіндей маңызды болмады. Дала уәләяты газеті 1902 жылы тоқталды.
Ресейде 1905 жылғы буржуазияшыл-демократиялық революция қазақ халқына өз
әсерін тигізді. 20-шы ғасыр басында қазақ арасында мектеп, медреселер
ашылып, қазақ тіліндегі кітаптар көбейді. Солардың ішінен Айқап журналы
мен Қазақ газеті 5 жыл бойы шығып тұрды.
Қазақстан Республикасында баспа ісінің дамуы туралы айтқанда Ш.
Кұдайбердиев, М. Дулатов, С. Дөнентаев, А. Байтұрсынов сынды ұлттық-
демократиялық мәдениеттің ірі өкілдерінің кітаптары ең алғаш 1905-1907
жылдардағы революциядан кейін басылып шыққан болатын. 1909 жылы ұлы ақын,
әрі ойшыл Абай Құнанбаевтың іріктелген туындыларын басып шығару Ресей
қоғамдастығын Абайдың өлеңдерінің үштен екі бөлігімен ғана таныстырды. Осы
кітаптағы ақынның бауыры Кәкітай Исхаковтың кіріспе сөзі Абай творчествосы
мен көзқарастары жөнінде жалпылама библиографиялық мәжіметтер берді.
Демократиялық бағытта дамыған қазақ әдебиетінің дарынды өкілдері
Султанмахмут Торайғыровтың, Сабит Дөнентаевтың, Турмаганбет Изтелеуовтың,
Машхур Жусуп Копеевтің творчестволары Ресей қоғамдастығына кеңінен танылған
болатын.
Қазақ авторларының кітаптарын Петербургте, Қазан, Орынбор және
Ташкентте басып шығару жалғасып отырды. 1912 жылы Семей қаласында қазақ
тілінде кітап басатын Жардем баспасы ашылды. Қазан революциясына дейін
осы баспада қазақ тілінде 700-ге жуық кітап шығарылған болатын.
Баспа ісіне қатысты әдебиеттер көздерін қарастыра келе қазақ
баспасөзінің тарихы туралы жазған үш авторды атауға болады, олардың ішінде
Б. Кенжебаев және Т. Қожакеев қазақ баспасөзінің тарихы жөнінде 1950 жылы
студенттерге арналған көмекші құрал ретінде шығарған болатын. З. Турарбеков
1967 жылы баспасөз және экономика арасындағы байланыс жөнінде жазды. Үшінші
автор, Қ. Шамахайұлы 2006 жылы Демократиялық қоғамдағы баспасөз және
ақпарат құралдары жөнінде оқуқұралын шығарды, бірақ аты айтып отырғандай
кітап ақпарат құралдарының маңызын ашып көрсетуге бағытталған.
Баспа ісіндегі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуы
жөнінде әдебиеттер көздерін іздестіре отырып тек екі автордың кітаптарын
кездестірдік. Бірінші автор А.Б. Гальперинаның полиграфиялық қызметтегі
есеп және калькуляция тақырыбындағы кітабы 1958 жылы жарық көрген. Екінші
автор Е.В. Иришинаның баспа қызметіндегі есеп, салық салу, құқықтық
аспектілерге арналған, 2001 жылы жарық көрген.
Аталған баспа ісіндегі есепке қатысты екі кітаптың да Ресейде
шыққандығын айтуымыз қажет. Баспа ісі бухгалтерлік есеп жүргізу мен өнімнің
өзіндік құнын калькуляциялаудағы ерекшеліктерінің көптігіне қарамастан осы
салаға қатысты өзіміздің авторларымыздың еңбектері жоқтың қасы.
Соңғы кездерде баспа ісі қызметінің жақсы дамып келе жатқандығын
Ресейлік авторлардың кітаптарының көптігінен-ақ байқауға болады. Олар баспа
ісіндегі есепті, талдауды, аудитті, менеджментті, маркетингті кітаптарды
шығару және сатумен айналысатын ұйымдар мысалында бөлек қарастыруда.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында баспа ісімен байланысты
кәсіпкерлік қызмет жақсы дамыған. Баспа ісі қызметіне қатысты Мемлекет
саясатының негізгі қағидасы баспа қызметі саласында кәсіпкерліктің дамуына
бәсеке қабілетті нарықтық орта қалыптастыру және ұлттық кітап өндірісінің
дамуына жағдай жасау болып табылады. Отандық баспа қызметінің анықтығы және
басқарудың тиімділігі, тұтынушылар қызығушылығын қорғау, редакциялық-баспа
үрдістерінің жеделдігі мен сапасы, басылымдар жөніндегі ақпараттың
уақыттылығы, дәлдігі, толықтығы және салыстырмалылығы халықаралық
талаптарға сәйкес болуы қажет. Ақпарат, кітапхана және баспа ісіне қатысты
стандарттарды Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйым дайындайды.
Басылымдардың негізгі түрлеріне қатысты терминдерді және анықтамаларды
бекітетін стандарттың талаптары (ГОСТ – 7.60-90) баспа өнімдерін шығаратын
барлық ұйымдар үшін міндетті. Осы стандартқа сәйкес басылым дегеніміз
ішінде редакциялық-баспалық өңдеуден өткен, теру арқылы алынған,
полиграфиялық тұрғыда жеке рәсімделген, шығарылымдық мәліметтерден тұратын
ақпаратты таратуға арналған құжат. Баспа өнімі деп баспагер (баспагерлер)
басып шығаруға дайындаған немесе басып шығарған басылымдардың жиынтығын
айтуға болады. Баспа өнімдерінің әртүрлі белгілері бойынша жіктелген
түрлері де стандарт арқылы анықталған. Оларға келесі кесте түрінде
сипаттама беруге болады.

Кесте 1 - Баспа өнімдерінің түрлері*
Жіктеу Басылым түрі Сипаттамасы
белгісі
Мақсатты Ресми басылым Мемлекеттік ұйымдар, мекемелер, қоғамдық
бағытына ұйымдар тарапынан шығарылатын нормативтік
қарай сипаттағы материалдардан тұратын басылымдар
Ғылыми басылым Теориялық және эксперименталды зерттеу
нәтижелерін сипаттайтын басылымдар, тарихи
құжаттар мен мәдени ескерткіштер
Ғылыми-танымдықҒылым, мәдениет, техника саласындағы теориялық
басылым және эксперименталды зерттеулердің басылымдары
Өндірістік-тәжіБілікті мамандарға арналған технология,
рибелік басылымтехника және өндірісті ұйымдастыру жөніндегі
басылымдар
Нормативтік Өндірістік қызмет салаларына қатысты нормалар,
өндірістік-тәжіережелер, талаптар басылымдары
рибелік
Оқу басылымы Оқу және дәріс беруге арналған әртүрлі жастағы
және оқу сатысындағы оқушыларға арналған
басылымдар
Массалық-саяси Үгіт-насихат сипатындағы қоғамдық-саяси
басылым тақырыптағы басылымдар
Анықтамалық Ғылыми немесе қолданбалы сипаттағы белгілі-бір
басылым тәртіпте орналастырылған, жедел іздеп табуға
мүмкіндік беретін басылымдар
Бос уақытқа Тұрмысты ұйымдастыру, қолөнер және басқа
арналған салалық басылымдар
басылым
Жарнамалық Пайдаланушының назарын ерекше аударуға
басылым бағытталған бұйым, қызмет, іс-шаралар
жөніндегі басылымдар
Көркем әдебиетКөркем әдеби туындылар басылымдары
басылымы
Ақпаратты Ақпараттық Құжаттар, талдау нәтижелері жөнінде
өңдеу басылым жүйелендірілген мәліметтері бар басылымдар
дәрежесіне
БиблиографиялықБиблиографиялық басылымдар
басылым
Реферативті Рефераттардан тұратын реттелген
басылым библиографиялық жазулар жиынтығын құрайтын
басылымдар
Шолу басылымы Бір немесе бірнеше шолулардан тұратын
ақпараттық басылымдар

1-ші кестенің жалғасы
Белгілеуге Тексттік Көлемінің басым бөлігі
байланысты басылым
Ноталық басылымМузыкалық шығарманың нота түріндегі жазбасы
Картографиялық Көлемінің басым бөлігін картографиялық
басылым шығармалар құрайтын басылымдар
Сурет басылымы Сурет түріндегі басылымдар
Материалдық Кітаптық Баспа материалдарының беттерін қаптау немесе
құрылысына басылымдар түптеу арқылы жинақталған блок түріндегі
қарай басылым
Журналдық Жинақталған беттерден тұратын басылым
басылымдар
Беттік басылым Бір немесе бірнеше баспа беттерден тұратын
арнайы
Газеттік Арнайы біріктірілген беттерден тұратын басылым
басылым
Буклет Екі және одан көп рет бүктелген беттік басылым
Карточкалық Карточка түріндегі қалың қағаз бетінің
басылымы
Плакат Іліп көрсетуге бағытталған бір немесе екі жағы
да басылған басылым
Открытка Бір жағы немесе екі жағы да басылған
(ашықхат) карточкалық басылым
Комплектілік Папкаға, футлярға, бандерольге жинақталған
басылым басылым
Кітапша-ойыншықЕрекше формадағы баланың ойын дамытатын
басылым
Көлеміне Кітап Көлемі 48 беттен астам кітап басылымы
қарай
Брошюра Көлемі 4 беттен артық, бірақ 48 беттен
аспайтын кітапша түріндегі басылым
Үндеу хат 1 беттен 4 бетке дейінгі беттік басылым
Текст Монобасылым Бір шығармадан тұратын басылым
құрамына
Жинақ Бірнеше шығармалардан тұратын басылым
Периодқа Периодтық емес Бір рет шығатын жалғасы жоқ басылым
қатысты басылым
Сериалық Белгісіз уақыт аралығында шығарылып отыратын
басылым басылым
Периодтық Белгілі-бір уақыт сайын шығарылып отыратын
басылым сериялық басылым
Жалғасқан Материал жинақталған сайын шығарылып отыратын
басылым кезеңдік сериялық басылым
Құрылымына Серия Тақырыбы, мақсаты бірыңғай басылымдар
қарай
Біртомдық Бір том етіп шығарылған басылым
басылым
Көп томдық Екі не одан көп нөмірленген томдардан тұратын
басылым периодты емес басылым
Шығармалар Бір немесе көп томдық мазмұны мен рәсімделуі
жинағы бірегей басылым
Таңдаулы Бір не бірнеше авторлардың іріктеліп алынған
шығармалар маңызды шығармаларының басылымы

*Басылымдар. Негізгі түрлері. Терминдер мен анықтамалар. (ГОСТ 7.60-
90) стандартынан алынған

Қазақстан Республикасының Баспа қызметі жөніндегі заңнамасына сәйкес
баспа өнімінің міндетті тегін данасы деген түсінік бар, соған сәйкес кітап,
альбом, брошюра шыққан күні шығарушы екі данасын Ұлттық Мемлекеттік Кітап
Палатасына және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына жіберуге
тиіс. Қазақстан Республикасының Кітап палатасы келесі қызметтерді атқарады:
- баспа өнімдерінің міндетті тегін даналарын жинақтау және олардың
сақталуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік библиографиялық тіркеу және каталогтау;
- ағымдағы және ретроспективті библиографиялық жылнамаларды шығару;
- елімізде шыққан барлық баспа өнімдерінің мемлекеттік статистикасын
жүргізу, баспа қызметі саласындағы даму динамикасы мен тенденцияларын
сипаттайтын статистикалық материалдар шығару;
- кітап өндірісіне қатысты ғылыми зерттеулер жүргізу;
- кітап, газет, журнал және басқа да отандық және шетелдік баспа
өнімдеріне талдау жасау;
- баспа өнімінің құндылығын ғылыми сараптау;
- кітаптардың және баспа өнімдерінің халықаралық стандарттық нөмірлеу
және кітаптардың штрих-кодтарын қою қызметін атқару;
Баспа өнімдерінің қоры мен Қазақстан Республикасының Кітап палатасының
мәліметтер базасы мемлекеттің қорғауында және мемлекеттік меншік болып
табылады.
Кеңес өкіметі кезеңінде қалыптасқан орталық және республикалық
баспалардың XX ғасырдың 80-90 жылдарындағы саны бүгінгі күні екі есеге
дейін қысқарған. Орталықтандырылған Республикалық басылымдардың көпшілігі
бүгінгі күнгі жаңа оқырмандардың әдебиеттің тапшы түрлеріне деген
қажеттілігін қанағаттандыруға қайта бағытталыуы қиындықтарға кездесіп отыр.
Сол себепті кітап өндірісінде көркем әдебиет, балаларға арналған,
анықтамалық, медициналық, бос уақытты ұйымдастыруға арналған басылымдардың
тапшылығы байқалады. Реформалардың басталуымен пайда болған кітап
өндірісіндегі мемлекеттік емес баспалар дәл осы бағыттарда жұмыс істей
бастады.
Көптеген бұрынғы баспалар жекешелендіру операциялары негізінде жеке
меншікке өткізілді. Мемлекеттік кітап өндірісінің ұйымдары жаңадан құрылып
дамып келе жатқан жеке меншіктік кітап өндіріс құрылымдарымен бәсекеге түсе
алмады. Жаңадан құрылып динамикалық даму үстіндегі баспалар нарықтық
қатынастар жағдайында өмір сүруге бейімділігі басым екендігін көрсетті.
Күрделі бәсекелестік кітап нарығының ішкі сегменттерінде, әсіресе көпшілік
сұранысқа ие болған, тиражы көп және тиімді өткізілетін өнім өндірушілер
арасында орын алды. Оларға балаларға арналған кітаптар мен көркем әдебиет
басылымдары жатқызылады. Мемлекеттік мекемелер нарықтық бәсекелестікке
қатыса алмады, себебі, жеке меншіктегі баспалардың айналымдылығы өте
жоғары, олардың меншікті мүліктер мен айналыс қаражаттарын ұстау, бос ақша
қаражатын жұмсаудың еркіндігі бар.
Мемлекеттік мекемелердің мұндай мүмкіндіктері жоқ, әрі оларда бос ақша
қаражаттары да жоқ. Олардағы дағдарыстық жағдай 90-шы жылдардан басталып,
осы ұйымдардың рентабельділігінің төмендеуімен, сол уақыттардағы икемді
салықтық және заңнамалық саясаттың жоқ болуымен одан әрі күшейе түсті.
Мемлекеттік мекемелерден тәжірибелі жоғары білікті мамандардың жеке
кәіпкерлікке келуі жеке меншікке негізделген кітап өндірісінің дамуының
тағы бір қозғаушы күші болды.
Тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстан республикасындағы целлюлоза-қағаз
өнеркәсібі мен баспа ісі бойынша өндіріліп шығарылған өнім көлемі мен
Республика бойынша жиынтық қосылған құн құрамындағы целлюлоза-қағаз
өнеркәсібі мен баспа ісі ұйымдарының үлестері жөніндегі мәліметтерді келесі
кесте түрінде жинақтап көрсетеміз.

Кесте 2 - Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі мен баспа ісі ұйымдарының өндіріс
көлемі индексі мен жиынтық қосылған құн құрамындағы үлесі*
Жылдар Физикалық өнім көлемінің Жиынтық қосылған құн
өткен жылға қатынасы, % құрамындағы үлесі, %
1998 93,6 0,6
1999 86,7 0,5
2000 109,6 0,8
2001 135,0 1,0
2002 121,4 1,1
2003 105,1 1,2
2004 120,1 1,3
2005 120,8 1,4
2006 108,8 1,2
2007 109,6 1,2
2008 100,3 1,0
2009 102,5 1,05

*Дерек көзі: Статистикалық жинақ негізінде қысқартылып алынды

Осы кестеден көріп отырғанымыздай, целлюлоза-қағаз және баспа ісі
бойынша еліміздегі шығарылған өнім көлемі 2003-2005 жылдар аралығында
қарқынды өсіп келе жатқан болса, 2006 жылдан бастап әлемдік дағдарыстық
жағдайдың орнауына сәйкес біршама азайған, 2008 жылы тек 100,3%-ды ғана
құраған, ал 2009 жыл қорытындысы бойынша 102,5% болып біршама қайтадан арта
бастаған. Жалпы баспа өнімдерін шығару көлемінің дағдарысқа да қарамастан
жоспарланған мөлшерден әлдеқайда артық орындалатындығын көріп отырмыз,
себебі баспа өніміне деген сұраныс ешқашан азаймайды, баспа өнімін
тұтынушылар қызығушылығы әлі арта түсуде. Осы кестеде келтірілген 12
жылдағы физикалық өнім көлемінің индексін келесі сурет арқылы көрнекі түрде
көрсетуге болады.

Сурет 1 - Целлюлоза-қағаз, баспа ісіндегі физикалық өнім көлемінің
индексі

Ал целлюлоза-қағаз және баспа өнеркәсіптерінің Қазақстан Республикасы
бойынша шығарылатын жиынтық қосылған құн құрамында қандай үлес алатындығын
да кестеден анық көруге болады. Бұл үлес сомасы өте аз мөлшерде болғанына
қарамастан, 1998-2005 жылдар аралығында тұрақты түрде өсіп келген, ал 2006-
2007 жылдарда бірқалыпта болса, 2008 жылы біршама азайып, 2009 жыл бойынша
қайтадан арта бастаған. Осы целлюлоза-қағаз өнеркәсібі мен баспа ісінің
жиынтық қосылған құн құрамындағы үлесін келесі сурет арқылы көрсетеміз.

Сурет 2 - Целлюлоза-қағаз, баспа ісі өнімдерінің жиынтық қосылған
құндағы үлесі

1.2 Полиграфкомбинат ЖШС-нің негізгі қызметінің бағыттары, есебін
жүргізудің ұйымдастырылуы

Полиграфкомбинат жауапкершілігі щектеулі серіктестік Қазақстан
республикасының 1964 жылы құрылған полиграфиялық ұйымы болып табылады. 1970
жылдан бастап бұл Қазақ ССР-ның өнім ассортименті мен сапасы жағынан
полиграфия саласындағы көшбасшы болып саналған.
Бүгінгі күні Атамұра корпорациясының құрамындағы Полиграфкомбинат
ЖШС-і Қазақстандағы негізгі полиграфиялық өнімдерді өндіруші деп
есептеледі.
Жаңа технологияға сәйкес жасалған жабдықтарды қолданысқа енгізу
комбинаттың жоғары сапалы өнімдер өндірудегі, оның ішінде көркем альбомдар,
оқулықтар, көркем әдебиет шығармаларын, ресми басылымдар мен
анықтамалықтар, журналдар, жарнамалық бағдарламалар, энциклопедиялар мен
сөздіктер шығарудағы мүмкіндіктерін кеңейтті. Ұйымның өнімдері көптеген
халықаралық көрмелерде сыйлықтар мен марапаттарға ие болды, ұйымның қызметі
Ең үздік өндіріс бірінші дәрежелі дипломмен аталып өткен. 1997-2004
жылдары Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі және Азиялық
Даму банкі ұйымдастырған әр түрлі тендерлерде бірнеше мәрте жеңімпаз
атанды. Білім және мәдениет саласында жаңа жобаларды ойдағыдай жүзеге
асырғаны үшін, жоғары сапалы баспа өнімдерін өндіргені үшін, әлеументтік-
гуманитарлық салада демеушілік бағдарламаларда белсенді ат салысқаны үшін
Атамұра корпорациясы бірқатар отандық және халықаралық сыйлықтармен
марапатталған. Солардың ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет
грамотасы, Өнеркәсіпке көмек көрсету Ассоциациясының Алтын медалі (Париж),
Халықаралық Алтын Жұлдыз (Женева), Хрусталь рыцарь сыйлығы (Мальта а.)
және тағы басқалары бар. Полиграфия саласындағы үздік өндіріс ұйымы Тез
әрі сапалы деген ұранды ұстанады. Ұйымның өндірістік қызметі Германия,
Дания, Швеция және басқа елдерден әкелінген жоғары технологиялық
жабдықтармен қамтамасыз етілген. Соның нәтижесінде ұйым бір жылда қатты
қағазбен түптелген кітаптарды 6 миллионға жуық және жұмсақ қағазбен
түптелген кітаптар мен брошюраларды 9 миллионға жуық мөлшерде шығара алады.

Бүгінде жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған 300 оқулық
және 600 оқу-әдістемелік кешен (ОӘК), 50 миллионнан астам дана таралымға
шығарылған. 2004 жылдан бастап алғаш рет 8-10 сыныптарына арналған қазақ
және орыс тілдеріндегі балама оқулықтар мен ОӘК басылып шықты 12 жылдық
жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сыныптарына арналған эксперименталды
оқулықтар мен ОӘК–нің байқау нұсқалары жарық көрді. Қазіргі уақытта олар
республикамыздың барлық аймақтарында сынақтан өткізіліп жатыр.
Полиграфкомбинат жауапкершілігі шектелген серіктестік коммерциялық
ұйым болып табылады, Мемлекеттік тіркеу 1998 жылы 16 ақпан айында
жүргізілген. Серіктестік ірі кәсіпкерлік субъектісі, ондағы орташа жылдық
жұмысшылар саны 250 адамнан астам және бір жылдық активтерінің саны 325000
айлық есептік көрсеткіштен астам.
Серіктестіктің фирмалық атауы мемлекеттік тілде Полиграфкомбинат
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Серіктестіктің мүшелері мыналар болып
табылады:
1. Құл-Мұхаммед Рақымғали Абрарұлы – Қазақстан республикасының
азаматы;
2. Корпорация Атамұра жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Серіктестіктің мекен-жайы – Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
Медеу ауданы, М. Мақатаев көшесі, 41 үй.
Серіктестіктің жарғылық капиталы 3408100 теңгені құрайды, ол
мемлекеттік тіркеу мерзіміне толық құралған. Серіктестік қызметінің негізгі
мақсаты тауарға деген (жұмыс, қызмет көрсету) сұранымды қанағаттандырып,
серіктестіктің өндірісінен таза пайда алу болып табылады.
Серіктестіктің негізгі қызмет көрсету бағыттары:
- полиграфилық қызмет;
- баспа қызметі;
- жарнама өнімдерін шығару;
- сату, сатып алу, коммерциялық, делдалдық қызмет;
- фирмалық дүкендері арқылы азықтүлік өнімдерін көтерме және жекелеп
сату, сатып алуды ұйымдастыру;
- кітап лотореясын, кітап жәрмеңкесін, кітап сүйгіштердің клубын,
тұрғындарға абоненттік қызмет көрсетуді ұйымдастыра алады;
- ауылшаруашылық өнімдерін өсіру, дайындау, қайта өңдеуден өткізу,
екінші шикізатты қайта өңдеумен айналысу;
- қоғамдық тамақтану нүктелерін, оның ішінде кафе, барлар,
ресторандар және т.б. ашу;
- халық тұтынатын өндірістік-техникалық арнаулы өнімдер мен
тауарларды шығару және сату;
- тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету;
- құрылыстық, жөндеу, құрастыру және іске қосу қызметтерін көрсету;
- экспорттық-импорттық қызметтері,
- инновациялық және инвестициялық қызметтері;
- маркетингілік, инжинирингілік, менеджменттік қызметтер;
- заңды және жеке тұлғаларға өліктік-экспедиторлық, оның ішінде
экспорттық-импорттық, ішкі және транзиттік жүк тасымалын (темір
жолы тасымалынан басқасын) көрсетеді;
- заңда көрсетілген тәртіппен сыртқы экономикалық қызметпен айналысу;
- заңды және жеке тұлғаларға жарнамалық, көрсететін, ақпараттық,
кеңес беру, сервистік, тағы басқа Қазақстан Республикасының заңымен
шектелмеген басқа да қызмет түрлерін көрсету.
Серіктестіктің мүлкін құрайтын көздер мыналар болып табылады:
- құрылтайшылардың жарғылық каиталға салымы;
- серіктестіктің алған кірістері;
- заңды әрекеттің шектелмеген басқа да көздері.
Серіктестіктің ұйымдары мыналар болып табылады:
- жоғарғы ұйымы – құрылтайшылардың жалпы жиналысы;
- атқарушы ұйымы – Президент.
Серіктестіктің қатысушыларының құқықтары:
1. Серіктестіктің істерін басқаруға қатысушылар Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңдары мен ұйым Жарғысының
тәртібі негізінде қатысады;
2. Серіктестік қызметі жайлы ақпарат алу және оның
бухгалтерлік құжаттарымен танысу Жарғыда көрсетілген
тәртіппен жүзеге асырылады;
3. Серіктестіктің қызметінен пайда табу Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңдарымен, Серіктестіктің
құрылтайшы құжаттарымен және серіктестікке қатысушылардың
жалпы жиналысының шешімдерімен жүзеге асырылады;
4. Серіктестік жойылған жағдайда, несие берушілермен
есептесуден қалған серіктестік мүлкінің бөлігінің құнын
немесе, серіктестікке қатысушылардың барлығының келісімімен
осы мүліктің қолданыстағы бөлігін заттай алады;
5. Серіктестікке қатысты қызметін тоқтатқан кезде Қазақстан
Республикасының заңында қаралған тәртіппен өзінің үлесін
шығарып алады;
Серіктестікке қатысушылардың міндеті:
1. Құрылтай келісім шарты мен ұйым Жарғысының талаптарын жүзеге асыруға;
2. Серіктестіктің Жарғылық капиталына салымдарды құрылтай құжаттарында
көрсетілген тәртіппен, мөлшері мен мерзімінде салады;
3. Серіктестіктің коммерциялық құпия деп тапқан мәліметтерді жариялауға
болмайды;
4. Серіктестіктің атқарушы ұйымын мәліметтер өзгерген жағдайда жазбаша
түрде ескертеді.
Ұйымның құрылымында үш негізгі цех және көмекші бөлімшелер:
электромеханикалық, столярлық, құрылыс, қағазды даярлау цехы, экспедиция,
полиграфиялық материалдарды, қағазды және дайын өнімді сақтау қоймасы бар
және ұйым балансында медициналық пункт пен асхана бар.
Ұйымның өндірістік қызметінің негізгі құрастырушылары оның үш негізгі
цехы болып табылады. (сурет 3)
Формалық цех баспаға дейінгі жұмыстарды атқарады. Бұнда бояуларды бөлу
мен сканерлеу кәсіптік көркем суретті планшеттік үлгідегі CREO фирмасының
EverSMART Selekt сканері арқылы жүзеге асырылады.
Бұл құралдың рұқсат етілген мүмкіндігі 14000 dpi, максималды форматы
434х300 және қалыңдығы шектелмеген. Суреттерді түзету калибрлі мониторлары
бар power Macintosh компьютерлерінде Abode Photoshop 7.0 бағдарламалары
арқылы жүргізіледі.

Сурет 3 - Ұйымның негізгі өндірістік цехтары

Теру әрі безендіру жұмыстары IBMPC компьютерлерінде Windows-98
операциялық жүйесінде Abode PageMaker 6.0, 6.5; CoreDraw 9.0, 11.0 Х3 және
Abode InDesign CS2, CS3 бағдарламалрында орындалады. Электронды монтаж
FUJIFILM фирмасының Celebrant 6.0 бағдарламасында жасалынады. Бұдан кейін
бояулары бөлінген фото формалар дайын болады. Бұл цехта 31 адам, оның
ішінде 28 жұмысшы, 3 басшы мамандар қызмет атқарады. Цех бойынша орташа
жалақы мөлшері 68045 теңгені құрайды.
Баспа цехы баспа өнімдерін ролдік және беттік баспа машиналарында
жүзеге асырады. Ролдік машиналардың форматтық диапазоны 60х9016, баспаның
бояу мүмкіндігі 2+2 боып табылады. Беттік паркте жылдамдығы жоғары спиртпен
ылғалдандырылып тұратын 4 түрлі бояу қабілеті бар КВА Rapida-104 АС және 5
түрлі бояу жағу қабілеті бар КВА Rapida-105-5+L ALV машиналары қойылған.
Машиналардың жоғары дәрежеде автоматтандырылуы және электронды түрде
басқарылуы баспа сапасының жоғары болуын қамтамасыз етеді. Басылатын бет
форматы 70х102 см құрайды.
Басылған өнім мақсатына қарай келесі түрдегі өңдеу операцияларына
өтеді:
- өнімді бір пышақты қағаз кесетін POLAR 11 5Е машинасында кесу;
- нөмірлеу және ламинациялау операцияларын жүргізу;
- форматы 70х100 см болатын плакаттарды басу;
- этикеткалар мен қораптарды жасау.
Бұл цехта 113 адам, оның ішінде 101 жұмысшы, 8 басшы маман қызмет
істейді. Цех бойынша орташа жалақы мөлшері 79564 теңгені құрайды.
Түптеу цехы осында қолданылатын түптеу-брошюралау жабдықтарының
кешенінде келесі өнім түрлері дайындалады:
- салынатын брошюралар жасау, сымтемірмен тігу;
- көтеріліп ашылатын брошюраларды жасау, оларды сыммен, жіппен тігу
немесе тігіссіз желімдеу арқылы бекіту;
- қатты матамен, қағазбен, ламинирленген тысты кітаптарды дайындау.
Кітаптардың форматтары 11х15 см-ден 22,5х30 смге дейін жасалынады. Ең
жоғарғы мүмкін болатын формат 240х330см. Кітаптың беттерін дәптер көлемінде
жинақтау Колбус ZU 804 машинасында, ал осы блоктарды жіппен тігу Астер 160
фирмалық автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған машиналарында
орындалады. Кітап блоктарын өңдеу қазіргі күнгі автоматтандырылған
кітаптарды топтап даярлайтын әлемдегі ең таңдаулы SIGLOCH-WOHLENBERG-STAHL
жүйесінде жүзеге асырылады.
Қаптарды жасау дәлдігі жоғары Horauf фирмасының BDM-60 машиналарында
орындалады. Қажет болған жағдайда 1 немесе 2 қатар алтын жолақты фольга
жүргізеді.
Брошюраларды тігіссіз әдіс арқылы жасау ең жақсы деп танылатын Muller
Martini фирмасының Amigo машиналарында жүзеге асырылады.
Цехта 108 жұмысшы, оның ішінде 8 басшы маман жұмыс істейді. Цех
бойынша орташа жалақы мөлшері 63406 теңгені құрайды.
Жоғарыда аталғандай, ұйымның құрамында көмекші бөлімшелер бар:
электромеханикалық (жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, ағымдағы
жөндеуді жүргізеді), столярлық және құрылыс (ұйымның ғимараттарын ағымдағы
жөндеуді жүзеге асырады), зертхана (кіретін материалдарды сараптап, жаңа
материалдар мен технологияларды енгізумен айналысады), ұйымды қорғау
бөлімшесі (2003 жылдан бастап ұйым аумағында бейне бақылау жүйесі қойылған,
оның құрамында 13 камера, 2 мультиплексор, 1 бейне жазатын магнитафон, 5
монитро кіреді. Бейне бақылау жүйесі баспа, түптеу, шаруашылық алаңын,
автокөліктер тұрағын, ұйым аумағының солтүстік бөлігін, механикалық цех пен
қоймаларды, орталық қақпаны қамтиды)
Көмекші қызметтегі жұмысшылар саны 66 адам. Олардың орташа жалақысының
мөлшері 63664 теңгені құрайды.
Ұйымда қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау шараларына көп көңіл
бөлінеді. Жұмысшылар штатында қауіпсіздік техникасы бойынша инженер қызмет
атқарады. Ол үш сатылы бақылауды және жұмыс орындарын аттестациялауды
жүзеге асырады. Медициналық пунктте дәрігер-терапевт, медбике, тазалықшы
және дезинфекциялаушы мамандар штатта жұмыс істейді. Жыл сайын
жұмысшылардың флюорографиялық және арнайы мамандар тексеруінен өтуі
ұйымдастырылып отырады. Жаз кезінде ұжымдық демалыстар және осы ұйым
еңбеккерлерінің балаларына арналған лагерлер ұйымдастырылады.
Полиграфкомбинат ЖШС-інде есепті ұйымдастырудың басты айқындаушы
құжаты есеп саясаты.
Есеп саясаты деп бухгалтерлік есеп жүргізу процесінде және соның
негізінде қаржылық, басқарушылық есеп беруді жасауда қолданылатын
әдістердің, принциптердің, ережелер мен рәсімдердің жиынтығын түсіну
керек.[11]
Есеп саясаты негізінде есеп беру ақпаратын нақты пайдаланушылардың
мүдделері жатыр.
Қазақстанда есеп саясатын белгілеу құқығына ие:
Мемлекет атынан Қаржы Министрлігі және Ұлттық статистикалық агенттігі.
Мемлекет есеп саясатын елімізде біхгалтерлік есепті ұйымдастыруды
реттейтін Салық кодексін, Ұлттық қаржылық есептіліктің 2 стандарттарын,
Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспарының тізбегін және оны қолдану
жөніндегі нұсқауларды, бухгалтерлік регистрлер мен құжаттардың үлгілік
арнайы нысандарын, басқа да негізгі ережелер мен нұсқауларды жасайды және
пайдалануға береді.
Кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдары. Бұл Қазақстан Республикасы
Аудиторлар палатасы және Қазақстан Республикасының бухгалтерлері мен
аудиторларының бірлестігі.
Бухгалтерлер мен аудиторлардың қоғамдық ұйымдары алдыңғы қатарлы
тәжірибелерін зерделеу және оны Қазақстан Республикасына енгізу мақсаты
мен басқа елдердегі бухгалтерлер мен аудиторлардың тиісті халықаралық
ұйымдармен байланыстарды жүзеге асырады.
Министрліктер, Республикалық ұлттық және акционерлік компаниялар,
экономиканың салаларын және ішкі салаларын басқарудың басқа органдары
жалпы мемлекеттік есеп саясатына сәйкес салалылқ (сала аралық) ережелер,
нұсқаулар, ұсынымдар жасап, оларда өндіріске жұмсалатын шығын есебінің
ерекшеліктерін және өнімнің өзіндік құнының калькуляциялануын бейнелейді,
шикізат пен материалдардың, дайын өнімнің, негізгі құралдардың және басқа
да активтер мен пассивтердің есебін ұйымдастырудың ерекшеліктері
айқындайды.
Шаруашылық жүргізуші ұйымдар өздерінің есеп саясатын халықаралық
немесе ұлттық қаржылық есептілік стандарттарына, есеп мәселелері, салық
салу, қаржылық есеп беру бойынша қолданылып жүрген заңдарға негіздеп
жасайды.[4]
Полиграфкомбинат жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің есеп саясаты
Қазақстан Республикасының 28 ақпан 2007 жылғы Бухгалтерлік есеп және
қаржылық есептілік туралы Заңына, №2 ұлттық қаржылық есептілік
стандартына, Типтік бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспарына сәйкес
жүзеге асырады.[6]
Есеп саясаты Уәкілетті органдар мен серіктестіктің қатысушысы
шешімімен келісіліп тағайындалады. Бұл есеп саясатымен есеп жүргізудің
негізгі ережелері мен бухгалтерлік есепті жүргізудің тәсілдері анықталады.
Полиграфкомбинат ЖШС-нің есеп саясаты 9 бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде Жалпы ережелер деп аталады және онда есеп саясатының
қалыптасуына негіз болатын заңнамалық, нормативтік-құқықтық актілер тізімі
көрсетілген. Есеп саясаты серіктестіктегі бухгалтерлік есеп пен қарыжылық
есептілік жүйесінің реттеуші құралы деп анықталған. Есеп саясаты
серіктестіктің басшылығы қабылдаған бухгалтерлік есепті жүзеге асыруға және
қаржылық есептілікті құрастырып, барлық пайдаланушыларға ұсынуға мүмкіндік
беретін тиімді әдіс-тәсілдер жиынтығы деген анықатма берілген. Есеп саясаты
үздіксіз, жылдан-жылға өзгеріс қолданылғаны жөн. Осы жалпы ережелер
қатарында есеп саясатына өзгеріс енгізуге мүмкіндік беретін жағдайлар
көрсетілген. Оларды сурет 4 ретінде жинақтап ұсынуға болады.

Сурет 4 - Есеп саясатына өзгеріс енгізуге мүмкіндік беретін жағдайлар

Екінші бөлімі Қызметінің мақсаты және түрлері деп аталынады және
мұнда серіктестіктің жоғарыда аталғандай қызмет атқарудағы мақсаты жоғары
пайдаға қол жеткізу, сол үшін Қазақстан Республикасында рұқсат етілген
қызмет түрлерін жүзеге асыратындығы жазылған. Негізгі қызмет түрі бетон
шығару және оны тасымалдап жеткізу екендігі анықталған. Серіктестіктің
қатысушылары, қатысушыларының жарғылық капиталды қалыптастыру шарттары
көрсетілген.
Есеп саясатының үшінші Басқару органдары және лауазымды
қызметкерлердің жауапкершіліктері бөлімінде ең жоғарғы басқару ұйымы
қатысушылардың жалпы жиналысы, жалпылама басқаруды директор, ал бақылауды
ревизор жүзеге асыратындығы атап көрсетілген.
Төртінші Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру бөлімі бухгалтерлік
есепті жүргізу бас бухгалтерге жүктелетіндігін, оның жауапкершіліктерін,
бухгалтерия бөлімі қызметкерлерінің функционалдық қызметтерінің
ерекшеліктерін ашады. Бас бухгалтер бухгалтерия жұмысына жетекшілік етеді,
басшығы қаржылық есептілікті (баланс, табыс және шығыс туралы есеп, меншік
капиталындағы өзгерістер туралы есеп) дер кезінде тапсыруға және толық,
сенімді мәліметтермен қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ ол бухгалтерия
мамандарын іріктейді, бухгалтерлік жұмыстардың компьютеризациясын және
салық есебінің жүргізілуін қадағалайды. Осы бөлімде серіктестіктегі
бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесінің негізін қалаушы заң,
нормативтік-құқықтық актілер тізімі де көрсетілген. Есеп саясатын құрудың
негізіне үздіксіздік, есептеу қағидалары және ақпараттық сапалық сипатын
көрсететін түсініктілік, орындылық, салыстырмалылық, шынайылық,
бейтараптылық, мәнділік және аяқтаушылық сипаттамалары жататындығы,
осылардың анықтамалры көрсетілген.
Серіктестік бухгалтерлік есеп жүргізудің келесідей әдістерін
қабылдаған:
- автоматтандырылған жүйеде синтетикалық және аналитикалық есеп
регистрлері мен есептілік нысандарын жүргізу;
- автоматтандырылмаған жүйеде шаруашылық операцияларының жүзеге
асырылуы барысында алғашқы есеп құжаттарын жүргізу.
Есеп саясатындағы бесінші бөлім Қаржылық есептілік деп аталады және
онда қаржылық есептіліктің негізгі нысандары көрсетілген:
- бухгалтерлік баланс;
- пайда және зиян туралы есептілік;
- ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік;
- меншікті капиталдың өзгерісі жөніндегі есептілік;
- түсініктеме жазбалар.
Қаржылық есептілікті жасау кезеңі болып күнтізбелік жыл саналады.
Алдыңғы жылдардың қаржылық есептілігін құрған кезде кеткен қателер
аңғарылған жағдайында, қателерді түзету сомасы келесі кезеңде таза табыс
немесе шығынды есептегенде ескеріледі (альтернативті тәсіл қолданылады).
Қаржылық есептілік ұлттық қаржылық есептілік №2 стандарттарына сәйкес
жасалады.
Қаржылық есептілік, оған аудиторлық және тексеруші комиссияның
қорытындысы берілгеннен кейін серіктестіктің қатысушысына ұсынылады.
Алтыншы бөлім Алғашқы есеп құжаттары және құжат айналысын
ұйымдастыру деп аталады. Барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы кітапханалары жаңа жағдайда: мәселелері, даму жолдары
Жұмысты жетекшіге қол қоюға ұсыну
Коммерциялық банктердің сыртқыэкономикалық қызметтері
Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы ақпараттық ресурстар
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР
Қырғызстандағы баспасөз журналистикасы
Кiтап iсiндегi жарнаманың рөлi
Қазақстан Республикасындағы қазіргі кітап ісі
Қытай Халық Республикасындағы қазақтардың экономикалық-әлеуметтік жағдайлары (1949 ж. аяғы 1962 ж)
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғашқы 1991-1999 жылдарында еліміздің кітапхана саласы
Пәндер