Инфляцияның теориялық негіздері туралы ақпарат



Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инфляцияның мәнi мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Инфляцияның пайда болу себептерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

II. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
2.1. Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және дамуы ... ... ... ... 14
2.2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

ІІІ ТАРАУ. 2007.2010 ЖЫЛДАРДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫ ТӘРГЕТТЕУ САЯСАТЫ
3.1 2007.2010 жылдардағы инфляцияны таргеттеудің Қазақстанда қолданылуы

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады. Оның көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Менің курстық жұмысымның тақырыбы инфляцияны тәргеттеу проблемасы деп алдым.
Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі проблема инфляция болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада 2,9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне келсек, бұл «стандартты емес» нарықтық құрылым.
Қазіргі замандағы инфляцияға бірқатар айырмашылықтар тән: егер бұрын инфляция локальді сипатта болса, ал қазір күнделікті, барлық орамды; егер бұрын үлкен және кіші кезеңді қамтыса, атап айтқанда кезеңдік сипатта болса, ал қазір хроникалық; қазіргі замандағы инфляция ақшалай ғана емес, сонымен бірге ақшалай емес факторлардың да әсерінде тұрады.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көп уақыт бойы қолданылып келе жатыр. «Инфляция» термині АҚШ-та 1861-1865жж. азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60% - ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады. Инфляция дегеніміз не? Инфляция – бұл бағаның жалпы деңгейінің өсуі . Ал инфляцияның жалпы анықтамасы – бұл елде айналымдағы қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары (алтын) жөнінде құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі. Қазіргі кезде қолданылып келе жатқан анықтама – бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс және бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі. Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелдігі мүлдем үзілген; ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасыда. Бұның бір себебі мынада: көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару қарқынын көтереді. Сондықтан инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қағаз ақшаны шектен көп шығаруымен байланысты, бұл эмиссия ішкі айналым қажеттілігін де асып кетті. Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, сондықтан барлық шаруашылық пропорциялар бұзылады. Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде инфляцияның басты факторлары ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.
Инфляция – бұл күрделі де, көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған: қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктеп тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
1. Жаналинов Б.Н. Инфляция және Қазақстандағы инфляцияға карсы саясат. Алматы-2007ж.
2. Аубакиров Я. Экономикалық теория негiздерi. Алматы-1998ж
3. Ақша, несие , банктер. Валюта қатынастары. Б.А. Көшенова Оқу құралы Алматы “Экономика”-2000 жыл.
4. Денежное обращение и кредит при капитализме: Учебник /под ред. Л.Н. Красавиной. – М.: Финансы и статистика, 1989-365с.
5. Деньги, кредит, банки: Учебник /под ред. О. Лаврушина. Изд.2-е, перераб и доп.-. М.: Финансы и статистика, 1999-464с
6. Деньги, кредит, банки: Учебник для вузов/под ред. Е.Ф.Жукова.-. М.: Банки и биржи, ЮНИТИ 1999-622с
7. Деньги, кредит, банки: Учебник /под ред. Г.С. Сейткасимова. Изд.2-е перерабидоп-Алматы: Экономика, 1999-432с.
8. Поляков В.П., Москвина Л.А. Денежное обращение и кредитная система.-М., 1997.
9. Бибатырова И.А “Реттелетiн нарықты шаруашылық” Лекция курсы, Алматы, 1994
10. Жатқанбаев Е. “Аралас экономика негiздерi” А., “Қаржы -қаражат”, 1996
11. Аубакиров Я.°.“Экономика”.Оқу құралы.А. Эк., 1995
12. Жунисов Б “Нарықты экономика негiздерi” А. 1994
13. Гельбрейт Дж. “Экономические теории и цели общества”. М., 1978
14. Макконелл К.,Брю С.Л. “Экономикс” М., Изд. Республ.,1992
15. Камаев ВВ. “Основы экономической теории” М., Изд.Респ.1994
16. Куликов Л. “Основы экономияеской теории” схема-конспект (єазає тiлiнде) 1994
17. Ливщиц А.Я. “Введение в рыночною экономику” курс лекции. М., 1991
18. Борисов Е.Ф. ”Экономическая теория”Учебн.пособие., М:Драйт,1999
19. Фрейнкман Е.Ю “Экономика и бизнес” М., Наука, 1994
21. Баканов М.И. Шеремет А.Д. Теория экономического анализа.
22. Барнгольц С.Б. Тация Т.М. Экономический анализ хозяйственной
деятельности предприятий и обеденений. Москва Финансы и
статистика,1986.
23. Ихданов Ж.О Орманбеков Ә Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. Алматы, Экономика 2002ж.
24. Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуының индикативтік жоспары туралы 2000 жылдың 15 мамырындағы Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысы.
25. Медешов “ Нарықтық экономика өзiн-өзi реттеу жүйесi ретiнде“ 1996.ж.
26. “ХХl ғасырға қандай экономикамен кiремiз”. О.Сәбден .Алматы 1997ж.
27. Жүнiсов Б. Нарықтық экономика негiздерi. Алматы “Баспа” 1996 жыл.
28. Мәдешов Н. Нарықтық экономикаға кiрiспе. Алматы “Экономика” 1997 жыл.
29. Сейсенбаев Б. Нарық жолы – жарық. Егемендi Қазақстан 1994 жыл.
30. www.kaz.stat.kz ҚР-ң Статистика агенттігінің ресми сайты
31. www.government.kz ҚР-ы Үкіметінің ресми сайты
32. http://www.egemen.kz «Егемен Қазақстан» газетінің ресми сайты
33. Қаржы-инвестициялық журнал «LS(Личный счет)» №2(17) Қыркүйек-қазан 2008жыл
34. Г.С.Вечканов, Г.Р.Вечканова «Макроэкономика» Москва 2008г
35. «Банки Казахстана» №10, 2005ж. //Досниязова А.К. Инфляционное таргетирование.
36. «Банки Казахстана» №1, 2005ж. // Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі №004 баспасөз-релизі 2005 жылғы 13 қаңтар.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .3

Инфляцияның теориялық негіздері

1.1 Инфляцияның мәнi мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Инфляцияның пайда болу себептерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

Қазақстандағы инфляцияның ерекшеліктерін талдау

2.1. Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және дамуы ... ... ... ... 14
2.2. Инфляцияға қарсы саясат
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

ІІІ ТАРАУ. 2007-2010 жылдардағы инфляцияны ТӘРГЕТТЕУ саясаты
3.1 2007-2010 жылдардағы инфляцияны таргеттеудің Қазақстанда қолданылуы

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .30

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .32

Кiрiспе

Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады. Оның
көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл
әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл
атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі
инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның
ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау
қажеттілігімен анықталады. Менің курстық жұмысымның тақырыбы инфляцияны
тәргеттеу проблемасы деп алдым.
Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ.
Егер 30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі
проблема инфляция болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада
2,9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы
макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне келсек, бұл стандартты
емес нарықтық құрылым.
Қазіргі замандағы инфляцияға бірқатар айырмашылықтар тән: егер бұрын
инфляция локальді сипатта болса, ал қазір күнделікті, барлық орамды; егер
бұрын үлкен және кіші кезеңді қамтыса, атап айтқанда кезеңдік сипатта
болса, ал қазір хроникалық; қазіргі замандағы инфляция ақшалай ғана емес,
сонымен бірге ақшалай емес факторлардың да әсерінде тұрады.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көп уақыт бойы қолданылып келе
жатыр. Инфляция термині АҚШ-та 1861-1865жж. азамат соғысы тұсында, екі
жыл ішінде доллардың 60% - ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде
қолданыла бастады. Инфляция дегеніміз не? Инфляция – бұл бағаның жалпы
деңгейінің өсуі . Ал инфляцияның жалпы анықтамасы – бұл елде айналымдағы
қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары (алтын) жөнінде
құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі. Қазіргі
кезде қолданылып келе жатқан анықтама – бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы
дисбаланс және бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық
пропорциялар бұзылуы нәтижесі. Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс
қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелдігі мүлдем үзілген; ақша айналымының
дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасыда.
Бұның бір себебі мынада: көп елдер инвестицияны ынталандыру және
экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару қарқынын көтереді. Сондықтан
инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қағаз ақшаны шектен көп шығаруымен
байланысты, бұл эмиссия ішкі айналым қажеттілігін де асып кетті.
Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, сондықтан барлық шаруашылық
пропорциялар бұзылады. Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі
сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ақша массасының
өсуі ірі масштабқа жеткенде инфляцияның басты факторлары ақша массасындағы
өзгеріс болып табылады.
Инфляция – бұл күрделі де, көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша
айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің
бұзылуымен сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және
шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.[1]
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге
десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі
болған: қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша
айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек
белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор
сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз
ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады,
айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктеп тыс өседі. Артық ақша сұранымды
арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде бағаларға қатты ықпал жасап, оларды
көтеріп жібереді.

Инфляцияның теориялық негіздері

1. Инфляцияның мәні мен түрлері

Инфляцияның мәні – ол тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң бағасының
өсуi және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуi салдарынан
ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндiгiнiң құлдырауы. Инфляция -
қоғамдық ұдайы өндiрiстегi диспропорцияның көрiнiсi. Ол мемлекеттiң
табысы мен шығынының үйлеспеуi салдарынан кездесетiн кез-келген
экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты
экономиканың салдары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары
мен мемлекеттiң және шаруашылық субъектiлерi арасында қайта бөлуге
тiрейдi.
“Инфляция” (латынша - inflatio) терминiн қазақшаға аударғанда “қабыну,
iсiну” деген сөздi бiлдiредi. Шындығында да, қауырт жағдайларда мемлекеттiк
шығындарды қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт
“көтерiлiп”, қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соқтырады. Оны әр елдегi
соғыс жылдарындағы ақша айналысынан байқауға болады. Мысалы, АҚШ-тың
бостандық үшін 1775-1783 жылдары соғыс және 1861-1865 жылдары Азамат
соғысы (оның соңғы екi жылында доллардың сатып алу мүмкіндiгi 60 пайызға
дейiн төмендеген); XIX ғасырдың бас кезiндегi Англияның Наполеонға қарсы
соғысы; 1789-1791 жылдары француз революциясы. Әсiресе, Бiрiншi
дүниежүзілік соғыстан кейiн Германияда инфляция жоғары қарқынға жеттi,
1923 жылы күзiнде айналымға ақша массасы 496 квинтиллион рейхсмаркаға
жетiп, ал ақша өлшемi триллион есе құнсызданды. Осы келтiрiлген тарихи
мәлiметтер инфляцияның бұрыннан келе жатқан феномен екенiн дәлелдейдi.
Ал қазiргi инфляцияға тән бiраз ерекшелiктер бар. Олар:
- егер бұрын инфляция бiр жердiң шеңберiнен аспаса, қазiргi инфляция
елдiң бүкiл жерiн қамтиды;
- егер бұрын инфляция бiр мезгiлде ғана әсіресе, қазiргi инфляция көп
уақытқа созылған құбылыс;
- егер бұрын инфляция тек ақшаның әсерiнен туындаса, қазiргi инфляция
көптеген ақшасыз факторларға байланысты болды.
Инфляцияны келесiдей белгiлерiне байланысты жiктеуге болады:[2]
1. Инфляциялық процестiң сипатына қарай:
- ашық инфляция, яғни бағаға ешқандайда кедергi болмайды, оның еркiн өсуi
байқалады;
- жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатаң
бақылау жасап отырады;
- инфляциялық шошыну, яғни бiр мезетте бiрден баға өсiп кетедi.
2. Таралу орнына қарай:
- локальдық инфляция, яғни баға бiр ғана елдiң шекарасында өседi;
- дүниежүзілік инфляция, яғни кейбiр елдер топтарын немесе барлық
ғаламдық экономиканы түгелдей дерлiк қамтиды.
3. Бағаның өсу қарқынына қарай:
- баяу инфляция - баға баяу қарқынмен бiртiндеп жылына 10%-ғана өседi.
- орташа инфляция - баға тез қарқынды жылына 20-дан 200%-ке дейiн өседi,
ондай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтiк зардаптарға
шалдықтырады;
- ұшқыр инфляция - баға жылына 500-ден 1000%-ке дейiн және одан жоғары
қарқынмен өседi. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінiң құлдырауына әкелеп
соғады. Мұндай жағдайда ақша өзiнiң атқаратын қызметтерiн жоғалта
бастайды.
4. Пайда болу сипатына қарай:
- Әкімшілік инфляция - әкімшлікті басқарулы бағалардан туындаған
бағаның өсуі мен пайда болатын инфляция.
- Шығын инфляциясы – ресурстар мен өһндіріс факторларына бағаның өсуі
мен көрінетін инфляция, соның әсерінен өндірістік шығынлар мен тауарлардың
бағалары өседі.
- Сұраным инфляциясы – ұсынысқа қарағанда сұраныстың көп болуы мен,
яғни тауарлар мен қызметтердің өсуіне қарағанда халық пен мекемелердің
жиынтық табыстарының тез артуынан туындайтын инфляция.
- Ұсыным инфляциясы - өндірісті к ресурстарды толық пайдаланбаған
жағдайда өнджіріс шығындарының өсуі мен байланысты бағалардың өсуінен
туындайтын инфляция.
- Импортталған инфляция – сыртқы факторлар әрекетінен туындаған
инфляция.
- Кредиттік инфляция – шамадан тыс кредиттік экспансиядан туындаған
инфляция.
Өнеркәсiбi дамыған елдер үшін бiрiншi түрі тән болса, ал дамушы елдер
үшін екiншi және үшіншi түрлері тән болып келедi.
Инфляцияның қарқыны статистикалық көрсеткiш - тұтыну бағаларының
индексi көмегiмен анықталады.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке
тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін
көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді. Бағаны
тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы
кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында,
астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша
жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары
бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын  зерттеу материалдары негізінде
есептеледі. 2009 жылғы қаңтардан бастап ТБИ-ді есептегенде азық-түлік
тауарларының үлесі – 38,8%, азық-түлік емес тауарлар - 32,4%, ақылы
қызметтер - 28,8% құрады.
Дүниежүзілік тәжiрибе инфляцияны мына шартты түрлерге бөледi:
- экономикадағы қамтитын аумағына байланысты жергiлiктi және әлемдiк
инфляция;
- жүру қарқынына байланысты - бiркелкi (баға үнемi төмен қарқынмен
өседi), үздiксiз және сатылы (бiр қалыпты емес) инфляция;
- даму қарқынына байланысты - жылжымалы инфляция, онда бағаның өсу
қарқыны жылына 5-10 проценттен аспайды; қарқынды инфляция – онда
бағаның өсу жылына орташа 10 проценттен 50 процентке дейiн (ал кейде
100 процентке) жетедi; ұшқыр инфляция ( гиперинфляция)- онда бағаның
өсуi жылына 100 проценттен асады; Халықаралық валюта қоры баға айына 50
проценке өссе, оны ұшқыр инфляцияның iшiндегi аса ұшқыр инфляция
(супергиперинфляция) деп атайды. Егер инфляция өндiрiстiң құлдырауымен
ұштасса оны стагфлияция деп атайды;
- әсер ететiн факторлар бойынша – сұраныс инфляция және ұсыныс (шығын)
инфляциясы.
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте,
төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында
мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде кағаз ақшаларды
шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол
айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторыиа айналды.
Инфляция қарқынының жай, орташа журуі кезінде бағанын өсуі 10%-тен
аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мұндай инфляцияны
экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық
саясат жургізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен
сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруга мүмкіндік
береді.
Жоғары қарқынды (галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20-дан
200 процентке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген
контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады. Аса зор,
шексіз инфляция (гиперинфляция) айналысындағы ақша мөлшері мен тауар бағасы
деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада,
азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%-ке дейін жетті. Мұндай
жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын
болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан еткізген
бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің
өсу қарқынынан әлдекайда жоғары.
Көптеген елдердің экономикасында кейде мынадай жағдай қалыптасады,
бағаның жалпы деңгейінің өсуі өндіріс көлемінің қысқаруымен бір мезгілде
болады. Экономиканың мұндай жағдайын стагфляция деп атайды. Көптеген
зерттеушілер стагфляцияның болу себебін инфляциялық күтумен байланыстырады.
Сұраным инфляциясы жағдайында өндіріс факторларының қожайындары өздерінің
табыстарының инфляцияға байланысты азаюының мүмкін екендігін ескере отырып
өздерінің қызметтерінің құнын көтере бастайды.
Бұл өндіріс шығындарының өсіне және жиынтық ұсынымның азаюына себеп
болды. Нәтижесінде стагфляцияға тән бір мезгілде бағаның өсуі және өндіріс
көлемінің төмендеуі орын алады.
Стагфляция себептері туралы теориялық даудың тәуелсіз Қазақстан
мемлекеті үшін де үлкен практикалық маңызы бар, себебі біз қазірде терең
стагфляция жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Мамандардың пікірінше,
стагфляцияны сәйкессіздіктер диспропорциялар, қалыптасқан басқару нысаны,
тағы басқа жағдайлар тудырады. Мысалы, ішкі сомдық аймақта төлем
дағдарысынан туындаған өнім өткізу дағдарысы халық шаруашылығының
құлдырауына әкеліп соқтырып отыр.

2. Инфляцияның пайда болу себептерi

Инфляция – бұл кез-келген экономикалық даму үлгiсiне тән объективтi
құбылыс. Инфляцияның себептерi айналыс және өндiрiс саласында орын алады.
Қазiргi инфляция келесiдей факторларға байланысты болып келедi:[3]
- Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған,
шексiз көп ақшаның эмиссиялануы есебiнен айналыс аясының артық ақша
массасына толып кетуi; халық шаруашылығының артық несиеге толуы;
- Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өндiрiстегi теңсiздiкке, шаруашылықтың
шығындық механизмiне, мемлекеттiң экономикалық, саясаты, баға саясаты,
сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.
Сұраныс инфляциясы ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни
айналыстағы ақша массасы көтерiлiп, соның салдарынан төлем қабiлетi бар
сұраныс та жоғары болады. Ал сол кездегi бiрқалыпты баға жағдайында
өндiрiстiң оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтiп жиынтық
сұраныс экономиканың өндiрiстiк мүмкіндiктерiнен жоғарылап, бағаның
көтерiлуiне соқтырады.
Ақша массасының “көтерiлуi” себептерiнiң ең негiзгiсi - әскери
шығындардың өсуi, яғни шығарылған әскери техника күнбе-күнге өмiрде
колдануға жарамайтындықтан оның ақшалы эквивалентi бюджеттiң тапшылығын
тудырады. Тапшылықты жою үшін айналымға қосымша ақша массасы шығарылады,
немесе ақша нарығына мемлекеттiк займдар орналастырылады. Бюджет тапшылығын
жоюдың бiрiншi жолы өркендеген мемлекеттерге тән. Айналысқа қосымша ақша
массасын шығарудың алғашқы сатысында өндiрiстiң дамуы, жұмыссыздықтың азюы
және бағаның төмендеуi сияқты жағымды көрiнiстер байқалып, ал
қорытындысында тепе-тендiк орнайды. Сондықтан аз мөлшерлi инфляция пайдалы
деген қорытынды шығады, себебi ондай инфляция артық өндiру дағарысынан және
жұмыс орындарының қысқаруынын сақтандырады.
Сөйтiп, сұраныс инфляциясы кезiнде шектеулi ұсыныспен салыстырғанда
айналыста артық ақша массасының болуы бағаларды жоғарылатады және ақшаны
құнсыздандырады.
Сұраныс инфляциясы келесiдей факторлардың әсерiнен туындайды:
- әскери шығыстардың өсуi, яғни әскери техникалардың азаматтық
салаларда
пайдалану қажеттiгiнен, нәтижесiнде ақша баламасы айналыс үшін артық
болып қалады;
- мемлекеттiк бюджет тапшылығы және iшкi қарыздардың өсуi, яғни мемлекеттiң
қысқа және орта мерзiмдi мiндеттемелерiн шығару есебiнен бюджет тапшылығын
жабу, нәтижесiнде мемлекеттiң iшкi қарызы артады;
- несиелiк экспанциялау, яғни елдiң орталық банкiсінiң коммерциялық банктер
мен үкiметке несие беретiн несиелер көлемiнiң ұлғаюын сипаттайды;
- импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар
айналымына қажеттiлiктiң үстiне ұлттық валютаның эмиссиялануы;
- ауыр өнеркәсiп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау.
Шығын инфляциясы өнiмге баға белгiлеуде әсер ететiн ақшасыз факторларға
байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуi.
Тауар бағасының өсуi халықтың табысын төмендетiп, жалақыны қайта
индекстеу қажеттiгiн талап етедi. Жалақы өсуi өз кезегiнде өнiмдi өндiру
шығындарының өсуiне, пайданың төмендеуiне, қолданып жүрген баға бойынша
шығаратын өнiм көлемiнiң қысқаруына әкеп соқтырады. Пайданы сақтап қалу
мақсатында өндiрушiлер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесiнде
инфляциялық серiппе пайда болады: бағаның көтерiлуi жалақының өсуiн талап
етсе, жалақының өсуi бағаны көтередi. Бұл жалақы мен бағаның “инфляциялық
серiппе” теориясы деп аталады.
Шығын инфляциясы өнiмнiң әр бiр өлшемiнiң шығыны көтерiлiп, соған
байланысты баға өскенде ғана пайда болады. Алайда жалақы бағаны құрайтын
элементтердiң тек бiреуi ғана. Сонымен қатар тауар өндiрiсi шикiзат,
энергия көздерiн алу, транспорт қызметiн алу, транспорт қызметiн төлеу
шығындары көтерiлуiне байланысты да қымбаттайды. Шикiзат пен энергия
ресурстарының және оларды тасымалдаудың қымбаттауы, яғни материалдық
шығынының өсуi бүкіл әлемде болатын заңды процесс. Оған қарсы тұратын
фактор - өнiмнiң әр бiр өлшемiнiң шығындарын төмендететiн жаңа технологияны
пайдалану.
Өнеркәсiбi дамыған елдерде жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан-жылға
ауысатын бiр қалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерiнiң жобалауынша
инфляцияның бұл түрі өндiрiс пен жалпы ұлттық өнiмнiң өсуiн ынталандыру
мүмкін. Ал дамушы елдерде қарқынды және ұшқыр инфляция басымдау болады.
Инфляцияға әсер ететiн факторлар, оның түрлері және инфляцияның әлеуметтiк-
экономикалық зардаптарын жою шаралары да әр елдiң экономикалық өсуiнiң
ерекшелiктерiне байланысьы болады.
Инфляцияға түбегейлi себептерi тауар айналымы және тауар өндiрiсi
аясында болғанымен, оған елдегi саяси жағдайлар да әсер еттедi.
Инфляцияға әсер ететiн бiрiншi топтағы ақшалы факторлар - ақшаға
сұраныстың тауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесiнде ақша айналысы заңы
талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс
ақша шығаруға байланысты айналыстағы ақша массасының көбеюi, халық
шаруашылығындағы несие ақшаларының көптiгi, ұлттық валютаның курсын
бiрқалыпта ұстау үшін қолданылатын үкiметтiң тәсiлдерi, ұлттық валютаның
қозғалысын шектеу және т.б. факторлар.
Екiншi топқа тауарлар бағасын және шығындарды өсiретiн ақшалы емес
факторлар жатады. Олар: қоғамдық ұдайы өндiрiс құрлымының үйлеспеушiлiгi,
шаруашылық механизiмiнiң шығындылығы, мемлекеттiң экономикалық саясаты,
оның iшiнде салық және баға саясаты, сыртқы экономикалық iс-шаралары және
сол сияқты факторлар.
Шын мәнiндегi екi топтағы факторлар бiр-бiрiмен тығыз байланысып,
тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтiң бағасын өсiрiп, инфляцияға соқтырады.

Инфляцияның өмiрдегi көрiнiсi –тауар бағаларының күрт өсуi. Осы
көрiнiстi американдық ғалым және публицист Дж. Гелбрейт “ақшаның тауарды
қууы” деп сипаттады. Инфляцияның алғашқы себебi –айналымдағы ақша массасы
мен сатуға тиiс тауарлар массасы теңдiгiнiң бұзылуы. Бұндай
диспропорция, бiрiншiден тауарлар массасының аздығына қарамастан, мемлекет
өз шығындарын өтеу мақсатында қағаз ақшаны көп шығаруынан болады.
Алайда, айналымдағы ақша массасы тұрақты болған кей жағдайларда да
инфляция болуы мүмкін. Мысалы, 40-70 жылдарда АҚШ-та айналымдағы ақша
массасы бiр қалыпта болса да, айналымдағы тауарлар мен көрсетiлетiн
қызметтiң көлемi қысқарып, инфляциялық процестер туындады. Бұл ақша
айналымының шапшаңдығын арттыру өзiнiң экономикалық тиiмдiлiгi жөнiнен,
басқа жағдайлар өзгермесе, айналымға қосымша ақша массасын шығарғанға тең.

Инфляция кезiнде капитал өндiрiс аясынан айналысқа құйылады, себебi
айналым аясының жылдамдығы көптеген пайда түсiредi. Бiрақ ол инфляция
әсерiн күшейтедi: несиенi өндiрiске салынатын инвестицияны және
тауарлар ұсынысын қысқартады. Сөйтiп, инфляция факторлары екi жақты -
тауарларды шығаруға және сатуға, ақша массасын және айналым жылдамдығын
өзгертуге әсер етедi.
Инфляция факторларын былайша топтаймыз:
- ұдайы өндірістік факторлар: тауарлардың өндірісінің тоқырауы немесе
өндіріс көлемінің азаюы жағдайында пайда болды.
- қазыналық факторлар - ақша эмиссиясы есібінен бюджеттік тапшылықты
жабу, жанама салықтардың өсуі.
- ақшалай факторлар - ұлттық валютаның валюталық бағамының құлдырауы
үнемі сипат алып отырады.
- сыртқы факторларға - экспорттың артуынан шетел валюталарының
түсімінің ұлғаюы.
Инфляция - өндiрiс процесiнiң бұзылуы, шаруашылық салаларының бiр-
бiрiмен үйлесiмсiз дамуы және мемлекеттiң эмиссиялық саясаты мен
коммерциялық банктердiң iскерлiгiнiң икемсiздiгi салдарынан туындайтын
күрделi, әрi көп факторлы құбылыс.
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция
баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайдың
(конъюнктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ,
уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады,
қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс
қарқынды да, ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай
қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды
тауарға тікелей айырбастау (бартер) туындап кеңейеді.
Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер етеді,
экономнкада Танзи-Оливер әсері деп аталатын нәтиже қалыптасады. Бұл
әсерді XX ғасырдың 70-жылдары Латын Америкасы экономистері ашып зерттеген
еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады. Мысалы,
егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (кварталында) есептеліп осы жылдың
төртінші ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайында бюджетке
түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды.
Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры құнсызданады,
несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді.
Экономиканың интеграциялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір
елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және
төлем қатынастарын қиындатады.
Инфляцияның әлеуметтiк – экономикалық зардаптары төмендегi
жағдайлардан: тауарлар бағасының өсуiнен, халықтың ақшалы жинағының,
шаруашылық субъектiлерiнiң және мемлекеттiк бюджет қаржысынң
құнсыздануынан, халықтың экономикалық белсендiлiгiнiң төмендеуi мен
жұмыссыздықтың көбеюiнен, Ұлттық валютаның сатып алу мүмкіндiгiнiң
төмендеуi мен басқа валюталарға қарағанда оның нақты курсының
бұрмалануынан, көлеңкелi экономиканың белсендi өсуi мен оның салық
төлеуден жалтаруы және көптеген көлеңкелi процестерден байқалады.
Дамушы елдерде инфляцияның даму жағдайлары мен оған әсер ететiн
факторларға байланысты төмендегiдей жiктеуге болады.[4]
Бiрiншi топтағы елдерге Латын Америкасының дамушы мемлекеттерi жатады,
оларды 80 жылдардың аяғы - 90 жылдардың бас кезiнде экономикалық тепе-
теңдiктiң жоқтығы, мемлекет бюджетiнiң тұрақты тапшылығы, iшкi саясатта
ақша шығару станогы мен үнемi индекстеу механизiмiнiң қолданылуы байқалып,
ал сыртқы экономикалық ортада жүйелi түрде Ұлттық валютаның курсы
төмендедi. Никарагуада, мысалы, 1990ж. ақшаның құнсыздануы 8500 %, Перуде
8291,5 % жеттi.
Екiншi топқа - Колумбия, Эквадор, Венесуэла, Бирма, Иран, Египет,
Сирия, Чили елдерi кiредi, оларда да экономикалық тепе - теңдiктiң жоқтығы
байқалып, ал қаржы саясатында аз қаржыландыруға және несиелiк экспансияға
(несиені ұлғайту ерекше көңiл бөлiндi). Бұл елдерде қарқынды инфляция
(бағаның жылдық орташа өсуi 20-40 % өсуi шамасында) сақталып, бiрен-саран
индекстеу жүргiзiлуде, жұмыссыздықтың жоғары деңгейi сақталуда.
Үшiншi топқа жататын елдер - Сингапур, Малайзия, Оңтүстiк Корея,
Бiрiкке Арабтар Әмiршiлiгi, Катар, Сауд Аравиясы, Бахрейн- жеткiлiктi
деңгейде экономикалық тепе-теңдiгi бар мемлекеттер. Оларда жылжымалы
инфляция (1-5 %) сақталуда, бағаға қатаң бақылау енгiзiлген. Экономикасы
дамыған нарық жағдайында жұмыс iстеуде. Инфляцияға қарсы шаралар ретiнде
тауарды сыртқа шығару және шетел валютасының құйылуы зор рөл атқаруда,
жұмыссыздық бiр қалыпты деңгейде жүруде.
Төртiншi топқа дамушы мемлекеттер әлемiне теңгерiлген бұрынғы
социалистiк мемлекеттер кiредi (ТМД елдерi, Қытай, Польша Вьетнам және
т.б.). Бұл мемлекеттердегi инфляция жоспарлы - бөлу жүйесінен нарыққа өту
барысында туындайтын объективтi процестерге байланысты болады. Себебi
инфляция факторлары, бiрiншiден, мемлекеттiк бюджеттiң бұрыннан келе жатқан
тапшылығы негiзiнде қаржыландыру мәселелерiнде айқsндалады; екiншiден,
құрылым факторлары, мысалы, тез қайтарылымы болмайтын ауыр өнеркәсiпке
салынатын инвестициялық қаурыт өсуi; үшіншiден, “баға қайшысы” деп
аталатын ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң бағасымен салыстырғандағы өнеркәсiп
өнiмдерi бағасының қарқынды өсуiнiң арасындағы үйлесiмсiздiк. Құрылым
факторы тек бағаны қаурыт көтерiп шығын инфляциясына жағдай жасап қана
қоймай, сонымен қатар сұраныс инфляциясының өсуiне әсерiн тигiзедi.
Бұл мемлекеттер өндiрiстiң өсуi мен iшкi нарықтың аз сұранысы
арасындағы қайшылықтарды, бiр жағынан, зиянды қаржыландыру жолымен, яғни
ақша массасын басып шығарумен, екiншi жағынан шетел займдарын көптеген
мөлшерде тартумен шешуге ұмтылуда. Нәтижесiнде бұл топтағы мемлекеттерде
көп мөлшерде iшкi және сыртқы қарыздар пайда болады. Сонымен дамушы
елдерге тән қарқынды және ұшқыр инфляциялардың нышаны - ақша айналымы
жылдамдығының өсуi, ақша массасының жиынтық сатып алу мүмкіншiлiгiнiң
кенет төмендеуi және ақша айналысынан ұсақ монеталар түгiлi бiрте-бiрте
ұсақ қағаз купюралардың да жойылуы. Сонымен қатар сыртқы қарыздың өсуi
мемлекет iшiнде доллардың немесе басқа шетел валютасының қолданылуына және
елден капиталдың әкетiлуiне соқтырады.
Инфляцияның негiзгi салдары:[5]
- адамдардың көпшiлiгiнiң материалдық жағының нашарлауы;
- ұлттық табысты кәсiпорын – монополистердiң,
мемлекеттiң, экономика пайдасына бағаны өсiру және
тұрақты халықтың таза пайдасын төмендету арқылы бұру;
- бағаның өсуiнен пайда тапқан халық шаруашылығы табысты
салаларындағы өндiрiстердiң өсуi;
- онымен бiр уақытта басқа саладан жұмысшы күшi мен
капиталдың кетуi, шаруашылық байланыстың бұзылуы,
саудагерлiк пен көлеңке экономикасының өсуi.
Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең
өткір проблемалардың бірі.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда
құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты
құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп
қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның
ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен
ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға
деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер
етеді, ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің
артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық
өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге,
ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок
коньюктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына
және т.б байланысты. Демек, бағаның сәйкес өсуіне көптеген несие түрлі
себептердің әсері болады.
1-диаграмма:2000-2008 жылдардағы ҚР-дағы тұтыну тауарлары мен
қызметтері бағаларының өзгеруі[6]

кезең аяғына, өткен жылдың желтоқсанына, пайызбен, өсуі

ІІ. Қазақстандағы инфляцияның ерекшеліктерін талдау

2.1. Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және дамуы

Қазақстандағы инфляция барлық ТМД елдерi сияқты ел экономикасының
мемлекеттiк монополияланған жүйеден нарықтық қатынастарға өту кезiндегi
өзгерiстерге байланысты. КСРО–ның халық шаруашылығындағы инфляция көптеген
жылдар бойы мойындалған жоқ. Кеңес жүйесiнiң экономикасы жағдайында
инфляция болуы мүмкін емес, ол тек капиталистiк өндiрiс тәсiлiне тән
деген үзiлдi – кесiлдi тұжырымдар айтылды.
1992 жылға дейін Қазақстан Республикасында жасырын инфляция орын
алып келді, ол біртіндеп ашық сипат алып жоғарылай отырып гиперинфляция
сипатын алды.
Қазақстандағы қазiргi нфляцияның себептерiн нарыққа өтуге дейiнгi
инфляцияны тудыратын факторлардан iздестiру керек. Олардың ең бастысы –
шаруашылықты басқарудың жоспарлы бөлу жүйесі. Ол шаруашылықтың шығынды
механизм қалыптастыруға, халық шаруашылығында материалды-ақшалық
үйлесiмсiздiктiң тууына мүмкіндiк жасап, экономиканың барлық салаларына
зиян шеккiздi. Әсiресе:
- Ұлттық өнiмдi жинақтау қорына және тұтыну қорына бөлiп, соның
негiзiнде инвестициялық саясат жүргiзуде;
- құрал жабдықтарды өндiру және тұтыну тауарларын өндiру салаларында;
- мемлекеттiк баға белгiлеу жүйесінде;
- мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсi мен шығынында;
- несиелiк және қаржылық ресурстарды қалыптастыруда байқалды.
Қазiргi инфляцияның бiр көрiнiсi – тауар тапшылығы бiздiң
экономикада ондаған жылдардан берi байқалуда, оның түпкi себептерi:[7]
- бұрынғы КСРО-ның 20-шы жылдар аяғынан бастап бұрынғы нарықтық
құрылымдарды жоя бастауы;
- бұрынғы КСРО экономикасында көп жылдар бойы үйлесiмсiздiк қалыптасты,
яғни бiр жағынан өндiрiстiк құрал-жабдықтар шығаратын ауыр өнеркәсiп
жедел қарқынмен дамыса, екiншi жағынан тұтыну құралдарын өндiретiн
салалар қарқынсыз жәй дамыды. Ол-салалар ауыл шаруашылығы, тамақ,
жеңiл және басқа өнеркәсiп салалары.
- бұрынғы КСРО-ның Ұлттық табысының жартысына жуығы жинақтау қорына
кетсе, алдыңғы қатардағы өркендеген мемлекеттерде ол 15-25 % болды;
- бұрынғы КСРО Ұлттық жиынтық өнiмiнiң 25-30 % ғана тұтыну қорын
құраса, өркендеген елдерде ол көрсеткiш 60-65 % болды. Жалақы да өте
төмен, яғни ол Ұлттық табыстың 13 бөлiгiн құрады, ал өркендеген
капиталистiк елдерде ол 23 бөлiгi болды.

1-кесте: Қазақстан Республикасындағы инфляция[8]

кезең аяғына, өткен жылдың желтоқсанына пайызбен, өсуі
1999г. – 17,82001г. – 6,4 2003г. – 6,8 2005г. – 7,5 2007г. – 18,8
2000г. – 9,8 2002г. – 6,6 2004г. – 6,7 2006г. – 8,4 2008г. – 9,5

Сөйтiп бiздiң елде инфляция тудыратын себептер көп жылдар бойы
қалыптасты. Бiрақ жоспарлы – әкiмшiлiк экономика жағдайында ол басылыңқы
сипатта өрбiдi. Шындығында да директивалы баға белгiлеу халықтың
күнделiктi қажет заттарының бағасын тұрақты қалыпта ұстауға мүмкіндiк
бередi. Көптеген тауарлар бағасын өндiрiстегi, сұраныс пен ұсыныстағы
өзгерiстердi есептемей тұрақты қалыпта немесе төмен денгейде ұстап тұру
кейбiр тауарлар мен көрсетiлген қызмет бағасының олардың құны мен
салстырғанда әлдеқайда көп ауытқуына әкеп соқтырады. Мемлекет жүйелi
түрде көтерме, сатып алу бағаларын қайта қарап, ал бөлшек саудададғы
бағасын өзгерiссiз төмен қалыпта қалдырды. Бұл бағалар еңбектiң қажеттi
қоғамдың шығындары мен өнiмнiң сапасын, олардың тұтыну қасиетiн, оларға
сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын көрсеткен жоқ, ол әлемдiк денгейден
бiраз ауытқыды.
Сөйтiп тауардың көтерме, сатып алу бағасы мен бөлшек саудадағы
бағалары арасындағы үйлесiмсiздiк жылдан-жылға тереңдей түстi. Оған
мемлекеттiк бюджеттен дотация берiлiп отырды. Бұл тауар өндiрушiлердiң
көтерме және дара бағаларды көтере белгiлеуге деген ұмтылысын күшейтiп,
соның әсерiнен кейбiр тауарлардың тапшылығына және кейбiреулерiнiң сауда
орындары мен өнеркәсiпте жиналып қалуына әкеп соқтырды.
Өндiрушiлердiң өнiмiнiң сапасын жақсартып, оның өз құнын төмендетуге
ынтасы болмады. Нәтижесiнде жылма-жыл сауда орындарында тауарлар кем
бағамен сатылып, немесе шығынға жазылып отырды. Осының бәрi “жабық”
инфляцияның айғақ белгiлерi.
Қазақстанда 1992 жылдан бастап нарықтық өзгерiстер аясында
жүргiзiлген баға белгiлеудi босату шаралары бағаның кенет көтерiлуiне,
сонымен бiрге инфляцияның қарқындап өсуiне әсер еттi. 1993 жылы
айналымдағы ақша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе өстi. 1994 жылы ақша
массасы мен инфляция қарқыны әрқайсысы 845 және 125 процентке өстi, осы
көрсеткiштер 1995 жыл 216 және 160 пайыз болды. Ал 1996 жылы ақша
массасының өсу қарқыны одан әрi баяулап, инфляцияның бiртiндеп төмендеуiн
байқатты.
Жалпы экономикадағы инфляция денгейiн тұтыну бағасының индексi
көрсетедi. Ол үй шаруашылығының “тұтыну қоржынының” үлес салмағын есептеу
негiзiнде бiрсыпыра тауарлар мен көрсетiлген қызмет бағасының өсу
индексiнiң қорытынды көрсеткiшiмен есептелiнедi. Қазақстанда тұтыну
бағасының индексi 1991 жылы белгiлендi. “Тұтыну қоржынына” бiздiң елде 508
тауарлар мен қызмет түрлері кiредi. Бағаның және тұтыну тауарлары
құрылымының өзгеруi ескерiлiп тұтыну тауарларының индексi қаралып тұрады.
Тәуелсiз Қазақстанның тәжiрибесi инфляцияға қарсы күресте
энергоресурстарына, монополды құрылымдардың өнiмiне және транспорт
қызметтерiне баға белгiлеуде, сондай-ақ өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы
өнiмдерiне баға қайшысын жоюға мемлекеттiк реттеудiң қажеттiлiгi
аңғартты.
Таяу болашақта Қазақстанда инфляциялық қысым өспейді деп күтілуде. Бұл
туралы үкіметтің отырысында Әнуар Сәйденов мәлім еткен.[9]
"Инфляцияны тежеуге қосымша шаралар қолдану талап етілмейді, өйткені,
таяу болашақта Қазақстанда инфляциялық қысым өспейді деп күтілуде", - деді
Ә. Сәйденов.
Осыған байланысты ол Ұлттық банктің 2009 және 2010 жылдарға арналған
басты мақсаты - елдің қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету болмақ
деп атап өтті.
"Бұл міндет ақша-қарыз саясатын жұмсартуды меңзейді. Біз банктерге
қысқа мерзімді қолма-қол ақша беру саясатын одан әрі жалғастырамыз,
кепілдіктің тізімін одан әрі кеңейту, кепілсіз несие беру және банктерде
Ұлттық банктің және активтерін өзіміз басқаратын ұйымдардың депозиттерін
орналастыру мәселелерін қарастыратын боламыз", - деді банк басшысы.
"Кепілдік берілген міндеттемелер жүйесін жасап енгізу олардың
арасындағы сенімсіздік дәрежесін төмендетуге, банкаралық нарық арқылы
ресурстарды тарату және қысқа мерзімді құралдардың ақша нарығындағы
операцияларға қол жеткізуді іске асыруғк септігін тигізеді", - деді Ә.
Сәйденов. Оның айтуынша, Ұлттық банктің ақша ұсынысының көлемін ұлғайтуға
ниеті жоқ. "Екінші деңгейлі банктердің операцияларының көлемі әр банктің
жеке капиталы көлемінің 50%-ынан аспайды", - деді Ұлттық банк басшысы.
"Сонымен бірге, дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру іс-
шараларының жоспары аясында Ұлттық банк өз күш-жігерін төлем балансын
бағалау мен оған мониторинг жүргізуге, Ұлттық қордан несие алуға қолдау
көрсетуге және мүдделі жақтардың сауда-саттығы жөніндегі ақпараттардың
ашықтығын арттыруға, сондай-ақ, акционерлік қоғамдардың қаржылық есебінің
ашықтығын көтеруге бағыттайтын болады. Аталған барлық бағыттар бойынша
Ұлттық банк бірлескен іс-қимыл жоспарының мақсаттарына қол жеткізу үшін
мемлекеттік органдармен, даму институттарымен ықпалдастық орнатады", - деді
ол.

2-диаграмма: Инфляция деңгейінің 2007-2009жж. өзгеруі.[10]

2.2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары

Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық және әлеуметтік қарама-
қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою және ақша
айналысын тұрақтандыруға арналған щаралар қолдана бастайды.
Инфляция зардаптарын жойып, ақша айналамын тұрақтандырудың негiзгi
әдiстерi - ақша реформасын жүргiзу және инфляцияға қарсы басқа да
саясаттар жүргiзу.
Тарихта ақша реормасын жүргiзудiң екi формасы бар:
- жаңа ақша жүйесін құру - ол алғашқы металл ақша жүйесін құрғанда,
сонымен қатар мемлекеттiк құрылым өзгергенде, отаршылық жүйе құлап,
оның орнына отаршылықтан арылған саяси тәуелсiз мемлекеттер пайда
болғанда және 90-жылдардың басында КСРО-ның орнына ТМД елдерi
құрағанда бұл елдердiң даму ерекшелiктерiне байлансты өзiне тән жаңа
ақша жүйесі пайда болды;
- ақша жүйесінiң кейбiр элементтерiн өзгерту, яғни жаңа ақша өлшемiн
енгiзу, баға масштабын, ақша түрлерін және т.с.с. өзгерту.
Соғыс және революциядан кейiнгi жылдары көптеген мемлекеттер ақша
айналысын тұрақтандыру мен экономиканы қалпына келтiрудiң ең бiрнеше
қажеттi жолы ретiнде мынадай әдiстерi қолданды: нуллификациия,
реставрация, девальвация, деноминация.[11]
Нуллификация - ол құнсызданған ақшаны жойып, орнына жаңа валютаны
енгiзу әдiсi. Мысалы, 20 жылдары Германияда соғыстан кейiнгi ұшқыр
инфляцияның нәтижесiнде рейхсмарка құнсызданып, 1924 жылы енгiзiлген жаңа
маркаға 1:1трлн. арақатынасымен ескi рехсмаркаға айырбасталды. Сөйтiп
құнсызданған ескi марка жойылды. Немесе 1993ж. Қазақстандағы ақша реформасы
арқасында Ұлттық валютамыз теңгенің енгізілуі де нуллификацияға мысал бола
алады.
Реставрация - ол ақша өлшемiнiң бұрынғы алтын құрамын қалпына
келтiру. Мысалы, Англияда Бiрiншi дүниежүзілік соғыстан кейiнгi 1925-1928
жылдардағы ақша реформасы кезiнде фунт стерлингтiң алтын құрамы соғысқа
дейiнгi қалпына келтiрiлдi. Ал Екiншi Дүниежүзілік соғыстан кейiн
реставрация – ревальвация ретiнде доллармен салыстырығанда Ұлттық
валютаның ресми курсын көтеру арқылы жүргiзiлдi. Содан кейiн Халықаралық
валюта қоры ақша өлшемiнiң алтын құрамын тiркеуден өткiздi.
Девальвация - ақша өлшемiнiң алтын құрамын төмендету. Ол екiншi
дүниежүзілік соғыстан кейiн АҚШ долларына шаққанда Ұлттық валютаның ресми
курсын да, оның алтын құрамын да төмендету. Долларды екi рет
девальвациялау нәтижесiнде оның алтын құрамы 1971 жылы желтоқсанда 7,89
пайызға, ал 1973 жылы ақпанда 10 пайызға төмендетiлдi. 1973 жылы
“өзгермелi” валюта курсын енгiзген соң, девальвация Еуропа валюта
жүйесінде – “реттелетiн валюта курсы” топтастығында жүргiзiлдi.
Деноминация - ол “нольдердi сызу” әдiсi, яғни баға масштабын
iрiлендiру. Мысалы, КСРО-да 1961 жылдың 1 қаңтарынан бастап баға масштабы
10 есе iрiлендiрiлдi, 1961 жылы шыққан жаңа 1 рубль ескi 10 рубльге тең
алмастырылды. 1988 жылы Бразилияда енгiзiлген жаңа ақша өлшемi –
нокрузадо бұрынғы құнсызданған 1000 крузадоға эквиваленттi болды. 1998
жылы Ресейде де рубльге деноминация 1:1000 ескi рубльге арақатынасымен
жүргiзiлдi.
Инфляциямен күрес әдiстерi - мемлекеттiң экономиканы реттеудегi
жүргiзiлетiн iс-әрекеттерiнiң жиынтығы.
Инфляцияны жұмсарту және оны жеңуге мемлекет инфляцияға қарсы
шаралар жүргiздi:
- баға мен жалақыны реттеу;
- жалақыны және басқа да табысты индексациялау бағаның
өсуiне байланысты оларды да ұлғайту;
- қаржы-несие жүйесін сауықтыру
- күштi, инфляция мен экономииканың құлдырауы кезiнде
ақшаны жаңадан пiшiндеу: ақша жүйесін толық және
бөлшектеп жаңарту сондай-ақ ақша айналымын теңестiру
шаралары жүргiзiледi.
Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады:
1) бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу;
бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық мөлшерлемелерді,
инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады;
компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке
тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және т.с.с.
2) инфляцияны төмендету, басу жөніндегі инфляцияға қарсы шаралардың
кешенін жүргізу.
Инфляцияны жою ретіндегі шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің
өндірістік – экономикалық, құқықтық, инстуционалдық, моралдық-адамгершілік
сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десек те, олардың
шешушісі базалық, өндірістік – экономикалық сфера болып табылады.
Сұраным инфляциясын жоюға ақша және фискалдық саясатты пайдаланудың
біршама қатардағы макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.
Инфляцияға қарсы саясат – инфляциямен күреске бағытталған экономиканы
мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мұндай саясаттың екі негізгі
жолы белгіленген дефляциялық саясат және кірістер саясаты. [12]
- Дефляциялық саясат – мемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін
пайыздық мөлшермелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын
шектеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын
реттеуді қарастырады . Бұл саясат экономиканы өсуін тежейді.
- Кірістер саясаты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция және онымен күрес
Инфляцияға қарсы күрес
Инфляция жағдайы
Ақша-несиелік реттеу саясаты
Қазақстан Республикасындағы инфляция мен жұмыссыздық процестерді мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдайды талдау
Инфляция жайлы
Ақша-несие саясаты
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақша-несие саясатына талдау
Қазақстан Республикасындағы инфляция және инфаляциямен күресу жолдары
Пәндер