Халық шығармашылығының публицистикалық қыры



КІРІСПЕ
1 ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ҚЫРЫ
1.1 Сөз өнерінің төркіні һәм айтыс өлеңдерінің алғашқы түрлері
1.2 Қайымдасу тәсілдерінің қайнар көзі және қалыптасу кезеңдері
1.3 XIX ғасырдағы ақындар айтысының ақпараттық сипаты мен көркемдік ерекшелігі
1.4 Жыраулық, шешендік үлгілердің айтыс өнеріне әсері
2 ХХ ҒАСЫРДЫҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ЖӘНЕ КЕҢЕСТІК ИДЕОЛОГИЯ
2.1 Кеңес дәуірінің алғашқы жылдарындағы айтыс (1920.1940 жж.)
2.3 1946.1986 жылдар аралығындағы ақындар айтысының тақырыптық, мазмұндық ерекшелігі
2.4 1986.1991 жылдар аралығында өткізілген ақындар айтысындағы жаңашылдық пен жаңғыру үрдістері
3 ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТҰСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
3.1 Қазіргі айтыстың қоғамдық маңызы мен әлеуметтік мәні
3.2 Қазіргі айтыс және ұлттық идеология
3.3 Қоғамдық ой қалыптастырудағы айтыс өнерінің ықпалы
3.4 Қазіргі айтыстағы тақырып ауқымдылығы және оның өзектілігі
3.4 Қазіргі айтыстағы тақырып ауқымдылығы және оның өзектілігі
4.1 Тіл мәдениетін қалыптастырудағы айтыс өнерінің ықпалы
4.2 Айтыс өнері жайлы мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған ой.пікірлердің өзектілігі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. XXI ғасырдың алғашқы он жылдығы әлем өркениетінде өзінің күрделі тарихи пайымдауларымен, руханият саласындағы соны өзгеріс, тың идеялармен ерекшеленіп отырғаны белгілі. Ғасырлар тоғысындағы жаһандастыру идеясы адамзат тарихының өткені мен бүгініне, һәм келешегіне зерделі, терең ой жүгіртуге жетелейді. Тарихтың небір «тар жол, тайғақ кешуін» бастан өткерген қазақ халқы ғасырлар бойы армандаған азаттыққа XX ғасырдың соңын ала қол жеткізді. Салт-дәстүрі, тілі мен діні, әдебиеті мен мәдениеті ұлттық сипатынан ажыраудың сәл-ақ алдында тұрған халыққа жаһандастыру идеясы мезгілсіз қауіп төндірген топан су сияқты еді. Саяси дербестікке қол жеткізген жас мемлекет үшін елдің экономикалық ахуалын қалыптастырумен қатар, рухани-мәдени саланы да ілгерілету маңызды міндеттердің бірі болды.
Әр халықтың ұлттық сипатын айқындайтын ең басты ерекшелігі – ол сол елдің тілі болып табылады. Қазақ халқының да рухани қуатының қайнар көзі – өзінің ана тілі болатын. Ұлт руханиятының айнасы әдебиет, өнер, мәдениет сияқты іргелі салалардың да бүгіні мен болашағы ана тілінің тағдырымен тікелей байланыста қарастырылатыны сондықтан. Сөз өнерінің асыл қазына екендігі жайлы А. Байтұрсынов былай деп жазған еді: «Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын – бәрі шығарма болады. Шығарманың түрлері толып жатыр. Оның бәрін шумақтап бір-ақ атағанда, арабша – әдебиет, қазақша – асыл сөз дейміз» [1, 142 б.].
Саяси жағдайы тұрақталып, экономикасы қалыпты деңгейге көтеріле бастаған Қазақстан мемлекеті халықтың рухани қанаттануына барынша қолдау көрсетіп отырды.
2003 жылдың 4 сәуірінде елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған дәстүрлі жолдауы негізінде «Мәдени мұра» бағдарламасы өмірге келді.
Бағдарламада тарихи-мәдени дәстүрлерді жаңғырта отырып, халқымыздың сан ғасырлық рухани мұрасын насихаттау, сондай-ақ, ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүр, жазба және ауыз әдебиетінің бай мұрасын жинақтау сияқты іргелі шаралар көрсетілді. Сондай рухани асыл мұраларымыздың бірі –айтыс өнері. Ақындар айтысы өнер түрінде қазақ халқының тарихымен бірге жасасып, біте қайнасып келе жатқан рухани құндылық. Айтыс жырларында халқымыздың ғасырлар бойғы қуанышы мен шаттығы, қайғысы мен мұңы, әлеуметтік болмысы, дәстүр-салт, әдет-ғұрып, ой-армандары – барлығы да бедер тауып, суреттелген. Сондықтан да айтыс өнері – қоғамдық маңызы зор, әлеуметтік мәні терең, ақпараттық танымдылығы мол шығармашылық мұра. Осы уақытқа дейін ақындар айтысының халықтық, қоғамдық-әлеуметтік мәні бар өнер екендігі туралы қадау-қадау пікір айтылғанымен, түбегейлі нақты бағасы берілген жоқ. Көп жағдайда айтыс көңіл көтеретін думан, көпшілік қызықтайтын өнер түрінде бағаланып келді.
1 Байтұрсынов А. Шығармалары. Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.
2 Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б.
3 Сулейменов О. Язык письма. – Алматы-Рим: San Paolo, 1998. – 497 с.
4 Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. – Алматы: Ғылым, 1987. – 368 б.; Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы: ҚазМем оқу –педогогика баспасы, 1964. – 344 б.; Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. – Алматы: Жазушы, 1986. – 320 б.; Қаратаев М. Әдебиет және эстетика. Әдеби сын зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1970. – 82 б.; Жұмалиев Қ. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1967. – 433 б.; Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. – Алматы: Ғылым, 2001. – 448 б.; Бердібаев Р. Замана сазы. – Алматы: Жазушы, 1985. – 320 б.; Кәусар бұлақ. – Алматы: Жазушы, 1989. – 360 б.; Сарқылмас қазына. – Алматы: Мектеп, 1983. – 246 б.; Елеукенов Ш. Замандас парасаты. – Алматы: Жазушы, 1977. – 300 б.; Қасқабасов С. Қазақ халық прозасы. – Алматы: Ғылым, 1984. – 264 б.; Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері. – Алматы: Қазуниверситеті, 1992. – 216 б.; Сейдеханов К. Күрес пен жеңіс жырлары: (Халық ақындарының творчествосындағы тарихи жырлар). – Алматы: Рауан, 1991. – 184 б.;
Тұрсынов Е.Д. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. – Алматы: Ғылым, 1976. – 199 б.; Төреқұлов Н. Даланың дара ділмарлары. – Алматы: Қазақстан, 2001.– 592 б.; Сейдімбеков А. Қазақтың ауызша тарихы. Шежірелік деректерді пайымдау. – Астана: Фолиант, 2008. – 728 б.;
Сыдиқов Қ. Ақын жыраулар. – Алматы: Ғылым, 1974. – 240 б.; Сүйіншәлиев Х. Ғасырлыр поэзиясы. – Алматы: Жазушы, 1987. – 216 б.; Әбілқасымов Б. «Фольклор», «Ауыз әдебиеті» ұғымдары туралы. – Алматы: Ғылым, 1990. –
264 б.; Жармұхамедұлы М. Айтыс өлеңдерінің арғы тегі мен дамуы. – Алматы: Мұраттас, 2001. – 293 б.
5 Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Жазушы, 1983. – 456 б.
6 Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасып даму жолдары. – Алматы: Білім, 2004. – 368 б.
7 Шамақай Қ. Сөз бостандығы және MASS MEDIA. – Қарағанды: ҚарМУ, 2004. – 126 б.
8 Әлімбек Г. Сөз мағынасы және ақпарат. – Алматы: Атлас. 2006. – 168 б.
9 Нұрмұқанов Х. Сөз және шеберлік. – Алматы: Ғылым, 1987. – 288 б.
10 Екі мыңжылдық дала жыры. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2000. – 752 б.
11 Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. – Алматы: Ғылым, 1987. – 368 б.
12 Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1988. – 1 т. – 288 б.
13 Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1966. – 3 т. – 620 б.
14 Қыз бен жігіт. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1988. – 1 т. – 288 б.
15 Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. – Алматы: Ғылым. – 1976. – 168 б.
16 Домбай Н., Күмісбаев Ө. Тіл өрге басуы үшін оған өріс керек // Ана тілі. – 2008. – 25 желтоқсан.
17 Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы: ҚазМем оқу- педогогика баспасы, 1964. – 344 б.
18 Ертедегі әдебиет нұсқалары. – Алматы: Мектеп, 1967. – 207 б.
19 Әуезов М. Мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1985. –
17 т. – 352 б.
20 Қазақ фолклористикасының тарихы. – Алматы: Ғылым, 1988. – 432 б.
21 Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: ҚазССР Ғылым академиясының баспасы, 1960. – 1 т. – 1-кітап. – 737 б.
22 Аронұлы С. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1990. – 144 б.
23 Янушкевич А. Күнделіктер мен хаттар. – Алматы: Жалын, 1979. – 272 б.
24 Көпейұлы М.Ж. Қазақ фольклоры, ауыз әдебиет үлгілері. – Алматы: Алаш, 2006. – 6 т. – 396 б.
25 Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1965. – 1 т. – 556 б.
26 Бердібаев Р. Замана сазы. – Алматы: Жазушы, 1985. – 320 б.
27 Қисса Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1965. – 1 т. – 418 б.
28 Стюфляева М.И. Образные ресурсы публицистики. – М.: Мысль, 1982. – 176 с.
29 Әсет пен Ырысжан. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1965. – 1 т. – 351 б.
30 Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы. – Алматы: Ғылым, 1975. – 270 б.
31 Жамбыл мен Құлмамбет. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1965. – 1 т. –
188 б.
32 Жанақ пен Түбек. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1965. – 1 т. – 74 б.
33 Сөзстан. – Алматы: Жалын, 1980. – 1-кітап. – 208 б.
34 Белинский В.Г. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1987. – 352 б.
35 Кемпірбай мен Әсет. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1965. – 1 т. – 99 б.
36 Кеншімбай мен Ақсұлу. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1965. – 1 т. –
546 бб.
37 Бақтыбай мен Мәйке қыз. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1965. – 1 т. –
491 б.
38 Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1965. – 2 т. – 664 б.
39 Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: Жазушы, 1989. – 1 т. – 384 б.
40 Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 4-кітап. – 176 б.
41 Тұрсынов Е.Д. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. – Алматы: Ғылым, 1976. – 199 б.
42 Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. – Алматы: Ғылым, 1977. – 1 т. – 454 б.
43 Плеханов Г.В. Искусство и литература. – М.: Гос. изд. худ. лит., 1948. – 888 с.
44 Қанафияұлы Н. Шоқан – әдебиетші, публицист. – Алматы: Қазақстан, 1998. – 183 б.
45 Мұқанов С. Халық мұрасы. – Алматы: Жазушы, 2005. – 304 б.
46 Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. – Алматы: Ғылым, 2001. – 448 б.
47 Төреқұлов Н. Даланың дара ділмарлары. – Алматы: Қазақстан, 2001. – 592 б.
48 Уәлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1985. – 258 б.
49 Негимов С. Шешендік өнер. – Алматы: Ана тілі, 1997. – 208 б.
50 Төреқұлов Н. Билер сөзі – ақылдың көзі. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 240 б.
51 Сарбас пен Жамбыл. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1965. – 1 т. – 224 б.
52 Омарқұл мен Тәбия. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1965. – 1т. – 383 б.
53 Қалқаманұлы Б. Шығармалары. – Алматы: Мұраттас, 1992. – 95 б.
54 Нұралы мен Мықан. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1965. – 1 т. – 268 б.
55 Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Ғылым, 2000. – 3 т. – 568 б.
56 Тронский И.М. История античной литературы. – М.: Высшая школа, 1983. – 464 с.
57 Шешендік сөздер. – Алматы: Жазушы, 1967. – 152 б.
58 Шешендік сөздер. – Алматы: Отау, 1992. – 190 б.
59 Сейдімбеков А. Қазақтың ауызша тарихы. Шежірелік деректерді пайымдау. – Астана: Фолиант, 2008. – 728 б.
60 Об ораторском искусстве. – М.: Гос. изд. полит. лит., 1959. – 343 с.
61 Әйгілі гректер. – Алматы: Жалын, 1977. – 296 б.
62 Түркістан уәлаятының газеті. – Алматы: Ғылым, 2003. – 598 б.
63 Асанұлы Қ. Евней Букетов – публицист. – Қарағанды: ҚарМУ, 2005. – 196 б.
64 Сыдиқов Қ. Ақын жыраулар. – Алматы: Ғылым, 1974. – 240 б.
65 Айқап. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. – 367 б.
66 Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. – Алматы: Жазушы, 1986. – 400 б.
67 Керімқұл мен Бибайша. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1966. – 3 т. – 39 б.
68 Шапиғ пен Жаппар. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1966. – 3 т. – 50 б.
69 Жібек пен Құмар. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1966. – 3 т. – 59 б.
70 Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. – Алматы: Мектеп, 1981. – 239 б.
71 Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 176 б.
72 Қирабаев С. Асыл парыз. Өнер алды қызыл тіл. – Алматы: Жазушы, 1986. – 208 б.
73 Әуезов М. Совет ақындарының айтысы. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1966. – 3 т. – 620 б.
74 Бес арыс. – Алматы: Жалын, 1992. – 544 б.
75 Қаһарлы сөз қамал бұзады / Құраст. Сейдеханұлы К. – Алматы: Ғылым, 1995. – 271 б.
76 Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті. – Алматы: Жазушы, 1968. – 268 б.
77 Ысқақұлы Д. Сын өнері. – Алматы: Қазақпарат, 2001. – 303 б.
78 Қалқа мен Қуат. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1966. – 3 т. – 249 б.
79 Ақындар үні. Батыс Қазақстан ақындарының облыстық 1-ші айтысы. – Орал: Гостипография. – 1958. – 50 б.
80 Елеукенов Ш. Замандас парасаты. – Алматы: Жазушы, 1977. – 300 б.
81 Введение в теорию журналистики. – М.: Высшая школа, 1980. – 287 с.
82 Ақын-жыраулар. – Алматы: Ғылым, 1979. – 184 б.
83 Сәт пен Нұрқан. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1966. – 3 т. – 266 б.
84 Қиса мен Дүйсенғали. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1966. – 3 т. – 444 б.
85 Горохов В.М. Основы журналистского мастерства. – М.: Высшая школа, 1989. – 117 с.
86 Қаратаев М. Әдебиет және эстетика. Әдеби сын зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1970. – 351 б.
87 Болман мен Нұртаза. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1966. – 3 т. – 216 б.
88 Рамазан мен Сарбас. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1966. – 3 т. – 534 б.
89 Қалқа мен Қуат. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1966. – 3 т. – 238 б.
90 Рахмет пен Әбділда. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1966. – 3 т. – 385 б.
91 Жармұқамедов М. Айтыс өнері. – Алматы: Қазақстан, 1979. – 59 б.
92 Қазақтың қазіргі халық поэзиясы. – Алматы: Ғылым, 1979. – 313 б.
93 Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы: Білім, 1995. – 287 б.
94 Көкенов М. Сыр әуендері. – Алматы: Жазушы, 1991. – 176 б.
95 Манап Көкенов – Әзімхан Қосбасаров. Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы. – Алматы: Ғылым, 1975. – 102 б.
96 Айталы А. Ұлттану. Оқу құралы. – Алматы: Арыс, 2003. – 226 б.
97 Олкотт М.Б. Казахи. – Стэнфорд. Калифорния: Изд. инст. Гувера, 1989. – 38 с.
98 Қалихан Алтынбаев – Сағымғали Мұқанов. Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы. – Алматы: Ғылым, 1975. – 122 б.
99 Көшеней Рүстембеков – Батима Батырбекова. Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы. – Алматы: Ғылым, 1975. – 166 б.
100 Байзақов И. Құралай сұлу. – Алматы: Жазушы, 1971. – 383 б.
101 Құлжабай Төлеуов – Бақытжамал Оспанова. Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы. – Алматы: Ғылым, 1975. – 116 б.
102 Қалдыбек Әліқұлов – Асылқұл Бүрбаев. Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы. – Алматы: Ғылым, 1975. – 134 б.
103 Мұса Асайынов – Бикен Сембаева. Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы. – Алматы: Ғылым, 1975. – 149 б.
104 Қимадиден Нұғманов – Сара Тоқтарбаева. Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы. – Алматы: Ғылым, 1975. – 131 б.
105 Жүнісбек Жолдинов – Молдабай Жолдыбаев. Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы. – Алматы: Ғылым, 1975. – 169 б.
106 Аймауытұлы Ж. Псиқолоғия. – Алматы: Рауан, 1995. – 312 б.
107 Қазақстанның қазіргі заман тарихы. – Алматы: Атамұра, 2005. – 384 б.
108 Мәңгі көктем. – Алматы: Жалын, 1988. – 328 б.
109 Ерманов Ж. Ақындар шығады айтысқа // Қызыл ту. – Павлодар. – 1987. – 26 август.
110 Ділдебаев Ш. Кенші сыры. – Алматы: Жазушы, 1993. – 112 б.
111 Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. – Алматы: Жазушы, 1989. – 360 б.
112 Асқаров Е. Астана жұртына айналсам. – Астана: Елорда, 1999. – 242 б.
113 Бердібаев Р. Сарқылмас қазына. – Алматы: Мектеп, 1983. – 246 б.
114 Амандосов Т. Публицистика дәуір үні. Қазіргі қазақ публицистикасы және оның жанр ерекшеліктері. – Алматы: Қазақстан, 1974. – 120 б.
115 Қалыбекова Ә. Қызылқұм қызғалдағы. Өлеңдер мен айтыстар. – Алматы: Жазушы. 1989. – 60 б.
116 Мұстафин Ғ. Ой әуендері. – Алматы: Жазушы, 1978. – 296 б.
117 Көкейкесті. Әдебиеттану. Қазіргі айтыс: дәстүрі келешегі. – Астана: Күлтегін, 2003. – 3-кітап. – 264 б.
118 Әлімжанов Б. Алаш пен Манас. – Новосибирск: Изд.ТД ГРАУНД. 2004. – 398 б.
119 Әлтай А. Ақжол. – Алматы: Қаз. Парлам. баспа, 1997. – 135 б.
120 Ежелгі шығыс философиясы. Әлемдік философиялық мұра.
20-томдық. – Алматы: Жазушы, 2005. – 1 т. – 560 б.
121 Құсанбаев С. Байғыз. – Павлодар: ЭКО, 2001. – 224 б.
122 Ерман Ж. Екі тізгін бір шылбыр. – Алматы: Атамұра, 2008. – 320 б.
123 Қазіргі айтыс. – Астана: Күлтегін, 2004. – 1-кітап. – 312 б.
124 Ерман Ж. Мемлекеттік мәселені стенографистка шешетін болғаны ма, сонда?.. // Жас Алаш. – 2005. – 17 наурыз.
125 Нарымбетов Ә. Уақыт шындығы – көркемдік кепілі. – Алматы: Жазушы, 1989. – 184 б.
126 Қазақ журналистикасы. – Алматы: Таймас, 2008. – 3 т. – 352 б.
127 Құсанбаев С. Өсіреміз деп жүріп өшіріп алмасақ жарар еді // Жас Алаш. – 2008. – 12 желтоқсан.
128 Әлімжанов Б. Алаш пен Манас. – Новосибирск: Изд. ТД. ГРАУНД., 2004. – 398 б.
129 Оразалиева Г., Тұржанова О. Жалаулы жырым жарқылдап // Орталық Қазақстан. – 1988. – 11 июнь.
130 Жолдасбеков М. Сөзінің арасына қыл сыймасын. Көкейкесті. Әдебиеттану. Қазіргі айтыс: дәстүрі келешегі. – Астана: Күлтегін, 2003. –
3-кітап. – 264 б.
131 Барманқұлов М. Телевизия: Бизнес. Әлде билік? – Алматы: ҚазҰМУ, 2007. – 216 б.
132 Айтыс өнерінің деңгейі қандай немесе қазаққа айтыс керек пе? – www.Ayqap.ks. Қоғамдық саяси апталық. – 2006. – № 12 (39). – 30 маусым.
133 Медеу Б. Айтыс жауынгерлік сипатынан айырылды // Ана тілі. – 2008. – 10 қаңтар.
134 Әбдірұлы Е. Дайындалып шығу – Сүйінбай мен Жамбылдың кезінен бар үрдіс // Жас қазақ. – 2006. – 24 қараша.
135 Жармұхамедұлы М. Айтыс өлеңдерінің арғы тегі мен дамуы. – Алматы: Мұраттас, 2001. – 293 б.
136 Әбдуов М. Қазақтың діни эпосы. – Қарағанды: ҚарМУ, 2006. – 254 б.
137 Қазіргі айтыс. – Астана: Күлтегін, 2004. – 2-кітап. – 312 б.
138 Қазіргі айтыс. – Астана: Күлтегін, 2006. – 3-кітап. – 320 б.
139 Дәуренбеков Ж. Сөз киесі. – Алматы: Ана тілі, 1996. – 304 б.
140 Мұханғалиев Е. Ұлттық ерекшелік – мемлекеттің ерекшелігі // Жалын. – 2008. – № 11. – 3 б.
141 Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 216 б.
142 Қазақстан тарихы. – Алматы: Мектеп, 2007. – 304 б.
143 Қазақ әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 2005. – 368 б.
144 Әбдірұлы Е. Айтыс: даңқ пен дақпырт // Жас қазақ. – 2007. – 2 наурыз.
145 Қалиев С. Көзайым. Өлеңдер мен айтыстар. – Алматы. 2007. – 150 б.
146 Әбдезұлы Қ. Ұлбике ақын және қазіргі айтыс өнері // Әдебиет айдыны. – 2008. – 14 ақпан.
147 Қойлыбаев Ш. Қазіргі айтыстың идеялық-көркемдік ерекшеліктері: филол ғыл. канд. ... автореф. – Астана: ЕҰУ, 2009. – 24 б.
148 Қойлыбаев Ш. Айтыс – ұлттық идеяны ұлықтаушы өнер // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2007. – № 4. – 88 б.
149 Жолдасбеков М. Алғы сөз. Қазіргі айтыс. – Астана: Күлтегін, 2004. –
1-кітап. – 312 б.
150 Ертісбаев Е. Ана тілім туралы. Айтыстан кейінгі толғаныс // Орталық Қазақстан. – 2007. – 4 тамыз.
151 Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар. Әдебиеттану, сын әлемі. – Алматы: Қазығұрт, 2003. – 4 кітап. – 336 б.
152 Мұқанов С. Айтыстар туралы. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1965. – 1 т. – 556 б.
153 Абай. Қалың елім қазағым. – Алматы: Атамұра, 2002. – 224 б.
154 Оралбаев Ө., Омаров Б. Ажары бір ашылды ана тілдің // Лениншіл жас. – 1989. – 13 апрель.
155 Болғанбаев Ә. Тіл және шеберлік. Өнер алды қызыл тіл. – Алматы: Жазушы, 1986. – 208 б.
156 Тоқсанбай Қ. Арман не, өз тіліңде сөз қалдырсаң // Егемен Қазақстан. – 2007. – 10 қыркүйек.
157 Жұмағалиев Қ. Атасын ақиқаттың айтыс айтқан // Егемен Қазақстан. – 2009. – 23 қаңтар.
158 Бұлұтай М. Дін және ұлт. – Алматы: Арыс, 2006. – 584 б.
159 Базарбаев М. Саяси-әлеуметтік өлең-жырлар. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. – Семей-Новосибирск: Талер-Пресс, 2006. – 398 б.
160 Абсаматов М. Сабырлы – сыннан сүрінбейді // Ислам өркениеті. – 2009. – 21-30 қараша.
161 Өмірбаева Т. Ақындар айтысының ұлттық сипаты // Ұлағат. – 2007. –
№ 6. – 103 б.
162 Имашев Б. Айтыстағы сатира мен юмор: филол. ғыл. канд. ... автореф. – Астана, 2006. – 24 б.
163 Асылбекова Ж. Қазіргі айтыстың тілдік ерекшеліктері. Көкейкесті. Әдебиеттану. – Астана: Күлтегін, 2003. – 3-кітап. – 264 б.
164 Айтбаева А. Қазіргі заманғы айтысқа мәдени философиялық талдау // Қайнар университетінің хабаршысы. – 2007. – № 4-2. – 12 б.
165 Аймұхамбетова Ж. Қазіргі айтыстың көркемдік ерекшеліктері. Көкейкесті. Әдебиеттану. – Астана: Күлтегін, 2003. – 3-кітап. – 264 б.
166 Қыз болық пен Әзілкеш. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1965. – 1 т. –
314 б.
167 Төлеген мен Серік. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1966. – 471 б.
168 Елеукенов Ш. Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде. – Алматы: Алатау, 2006. – 352 б.
169 Оразалы Досбосынов пен Айбек Қалиевтің айтысы. Қазіргі айтыс. – Астана: Күлтегін, 2004. – 2-кітап. – 271 б.
170 Қазтуған жырау (ХV ғ). Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: Жазушы, 1989. – 1 т. – 384 б.
171 Доспамбет жырау (ХVІ ғ). Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: Жазушы, 1989. – 1 т. – 384 б.
172 Ақтамберді жырау (1675-1768). Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: Жазушы, 1989. – 1 т. – 384 б.
173 Қозыбаев М., Нұрпейіс К., Жүкешев Қ. Қазақстан тарихы. – Алматы: Мектеп, 2009. – 240 б.
174 Б. Әлімжанов пен Ә. Қалыбекова айтысы. Алаш пен Манас. –Новосибирск: изд. ТД. ГРАУНД., 2004. – 398 б.
175 Базарбаев М. Көрікті ойдан – көркем сөз (Зерттеулер мен мақалалар). – Алматы: Рауан, 1994. – 368 б.
176 Дербісалин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар (Ғылыми еңбектерінің жинағы). – Алматы: Ғылым, 1990. – 296 б.
177 Мэлс Қосымбаев пен Айбек Қалиевтің айтысы. Қазіргі айтыс. – Астана: Күлтегін, 2006. – 3-кітап. – 196 б.
178 Арын Мұхтар. Бес анық. – Алматы: Арыс, 1996. – 120 б.
179 Болғамбаев Ә. Тіл және шеберлік. Өнер алды қызыл тіл. – Алматы: Жазушы, 1986. – 208 б.
180 Асанов Қ.Д. Журналист және сөз мәдениеті. Жоғары оқу орындары жүйесінде журналист даярлау мәселелері (Ғылыми мақалалар жинағы). – Қарағанды: ҚарМУ, 2004. – 142 б.
181 Бөпежанова Ә. Өнер жеке тәжірибе (Сыни-мәдениеттанушылық кітап). – Алматы: Жібек жолы, 2007. – 1 т. – 295 б.
182 Омашев Н. Ұзынқұлақтан қазақ радиосына дейін. – Алматы: Санат, 2007. – 320 б.
183 Айтбайұлы Ө. Ана тіл, Ана сүтім, Арым менің. – Алматы: Арыс, 2007. – 304 б.
184 Дәулеткерей Кәпұлы мен Мұхамеджан Тазабеков айтысы. Қазіргі айтыс. – Астана: Күлтегін, 2004. – 2-кітап. – 15 б.
185 Айтмұхамбет Исақов пен Қайыртай Ақылбековтың айтысы. Қазіргі айтыс. – Астана: Күлтегін, 2004. – 2-кітап. – 48 б.
186 Аманжол Әлтаев пен Ермек Жұматаевтің айтысы. Қазіргі айтыс. – Астана: Күлтегін, 2006. – 3-кітап. – 51 б.
187 Дәулеткерей Кәпұлы мен Оразалы Досбосыновтың айтысы. Қазіргі айтыс. – Астана: Күлтегін, 2004. – 2-кітап. – 75 б.
188 Мэлс Қосымбаев пен Оразалы Досбосыновтың айтысы. Қазіргі айтыс. – Астана: Күлтегін, 2004. – 2-кітап. – 104 б.
189 Ерман Ж. Жеңіс Жандарбекте // Алаш айнасы. – 2009. – 3 сәуір.
190 Бұлғақов Ж. Алаштың айнасына өкпелеме! // Алаш айнасы. – 2009. –
1 сәуір.
191 Құнанбаев А. Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – Алматы: Ғылым, 1977. – 1 т. – 454 б.
192 Омарұлы Б. Айтыстағы зар заман шындығы. Көкейкесті. Әдебиеттану. – Астана: Күлтегін, 2003. – 3-кітап. – 264 б.
193 Ивин А.А. Дұрыс ойлау өнер. – Алматы: Рауан, 1991. – 240 б.
194 Мансұров Н. Демократия дегенді себеп қылдық... // Алаш айнасы. –
– 11 cәуір. – 2009.
195 Нұрғали Р. Айтыстың драмалық сипаты. Көкейкесті. Әдебиеттану. –Астана: Күлтегін, 2003. – 3-кітап. – 264 б.
196 Серғалиев М. Айтыс тілінің синтаксисі. Көкейкесті. Әдебиеттану. –Астана: Күлтегін, 2003. – 3-кітап. – 264 б.
197 Рақымов Б. Айтыстың жанрлық жүйесі. Көкейкесті. Әдебиеттану. –Астана: Күлтегін, 2003. – 3-кітап. – 264 б.
198 Ісләмжанұлы К. Рухани уыз. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 144 б.
199 Құмарұлы Ш. Қытай қазақтарының ақындар айтысындағы ерекшелігі. Көкейкесті. Әдебиеттану. – Астана: Күлтегін, 2003. – 3-кітап. – 264 б.
200 Смелкова З.С., Ассуирова Л.В., Савова М.Р., Сальникова О.А. Риторические основы журналистики. – М.: Наука, 2002. – 320 с.
201 Жақыпов Ж. Айтыстағы диалог (Әдіснамалық пайымдаулар). Көкейкесті. Әдебиеттану. – Астана: Күлтегін, 2003. – 3-кітап. – 264 б.
202 Хайдаров Ә. Шығарма тілі – көркем әдебиет өзегі. Өнер алды қызыл тіл. – Алматы: Жаушы, 1986. – 208 б.
203 Момынова Б. Газет лексикасы: жүйесі мен құрылымы. – Алматы: Арыс, 2003. – 228 б.
204 Қазақ журналистикасы. – Алматы: Таймас, 2008. – 2 т. – 352 б.
205 Балақаев М. Әдеби тіл және көркем әдебиет / Жазушы және сөз мәдениеті. – Алматы: Ғылым, 1983. – 152 б.
206 Қамиев Д. Түзеп ал төрелердің қисық тілін // Алаш айнасы. – 2009. – 22 сәуір.
207 Шырынбек Қойлыбаев пен Карима Оралованың айтысы. Қазіргі айтыс. – Астана: Күлтегін, 2004. – 2-кітап. – 175 б.
208 Мұхтар Қуандықов пен Сара Тоқтамысованың айтысы. Қазіргі айтыс. – Астана: Күлтегін, 2004. – 2-кітап. – 247 б.
209 Елмірбек Иманәлиев пен Айнұр Тұрсынбаеваның айтысы. Қазіргі айтыс. – Астана: Күлтегін, 2004. – 2-кітап. – 195 б.
210 Әбішев Ә. Туған тілдің тағдырын ойласақ. Өнер алды – қызыл тіл. – Алматы: Жазушы, 1986. – 208 б.
211 Сариева Ұ. Айтыс кері кетті ме? // Орал өңірі. – 2008. – 31 шілде.
212 Қонысбай Қ. Айтыс – қазақ ақпарат құралының атасы // Заң. – 2008. – 29 шілде.
213 Әміреев Ж. Айтыс қайда барасың? // Жетісу. – 2008. – 21 маусым.
214 Аяшұлы Д. Айтыс өтті, қайтып өтті? // Сыр бойы. – 2007. – 19 қазан.
215 Ғабдуллин С. Талант тартыста танылады // Коммунизм туы. – 1987. – 20 ақпан.
216 Жолдасбеков М. Қазаққа Алланың берген сыйы еді // Егемен Қазақстан. – 2008. – 12 желтоқсан.
217 Асан Қ. Айтыс ардың байрағы // Орталық Қазақстан. – 1992. –
25 қараша.
218 Қажыкен С. Қазіргі айтыс. Деңгейі қай тұс // Ана тілі. – 2007. –
29 қараша.
219 Жұмағалиев Қ. Атасын ақиқаттың айтыс айтқан // Егемен Қазақстан. – 2009. – 23 қаңтар.
220 Әбдірұлы Е. Айтыс: Даңқ пен дақпырт // Жас қазақ. – 2007. – 2 наурыз.
221 Әлімжан Е. Ақындық бұлағы – ауыл // Егемен Қазақстан. – 2009. –
23 қаңтар.
222 Әлтай А. Сырлы сөзді саудаға салмайық // Егемен Қазақстан – 2009. – 23 қаңтар.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 248 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. XXI ғасырдың алғашқы он жылдығы
әлем өркениетінде өзінің күрделі тарихи пайымдауларымен, руханият
саласындағы соны өзгеріс, тың идеялармен ерекшеленіп отырғаны белгілі.
Ғасырлар тоғысындағы жаһандастыру идеясы адамзат тарихының өткені мен
бүгініне, һәм келешегіне зерделі, терең ой жүгіртуге жетелейді. Тарихтың
небір тар жол, тайғақ кешуін бастан өткерген қазақ халқы ғасырлар бойы
армандаған азаттыққа XX ғасырдың соңын ала қол жеткізді. Салт-дәстүрі,
тілі мен діні, әдебиеті мен мәдениеті ұлттық сипатынан ажыраудың сәл-ақ
алдында тұрған халыққа жаһандастыру идеясы мезгілсіз қауіп төндірген топан
су сияқты еді. Саяси дербестікке қол жеткізген жас мемлекет үшін елдің
экономикалық ахуалын қалыптастырумен қатар, рухани-мәдени саланы да
ілгерілету маңызды міндеттердің бірі болды.
Әр халықтың ұлттық сипатын айқындайтын ең басты ерекшелігі – ол сол
елдің тілі болып табылады. Қазақ халқының да рухани қуатының қайнар көзі –
өзінің ана тілі болатын. Ұлт руханиятының айнасы әдебиет, өнер, мәдениет
сияқты іргелі салалардың да бүгіні мен болашағы ана тілінің тағдырымен
тікелей байланыста қарастырылатыны сондықтан. Сөз өнерінің асыл қазына
екендігі жайлы А. Байтұрсынов былай деп жазған еді: Ауыз шығарған сөз
болсын, жазып шығарған сөз болсын – бәрі шығарма болады. Шығарманың түрлері
толып жатыр. Оның бәрін шумақтап бір-ақ атағанда, арабша – әдебиет,
қазақша – асыл сөз дейміз [1, 142 б.].
Саяси жағдайы тұрақталып, экономикасы қалыпты деңгейге көтеріле
бастаған Қазақстан мемлекеті халықтың рухани қанаттануына барынша қолдау
көрсетіп отырды.
2003 жылдың 4 сәуірінде елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған
дәстүрлі жолдауы негізінде Мәдени мұра бағдарламасы өмірге келді.
Бағдарламада тарихи-мәдени дәстүрлерді жаңғырта отырып, халқымыздың сан
ғасырлық рухани мұрасын насихаттау, сондай-ақ, ұлттық мәдениет, фольклор,
салт-дәстүр, жазба және ауыз әдебиетінің бай мұрасын жинақтау сияқты іргелі
шаралар көрсетілді. Сондай рухани асыл мұраларымыздың бірі –айтыс өнері.
Ақындар айтысы өнер түрінде қазақ халқының тарихымен бірге жасасып, біте
қайнасып келе жатқан рухани құндылық. Айтыс жырларында халқымыздың
ғасырлар бойғы қуанышы мен шаттығы, қайғысы мен мұңы, әлеуметтік болмысы,
дәстүр-салт, әдет-ғұрып, ой-армандары – барлығы да бедер тауып,
суреттелген. Сондықтан да айтыс өнері – қоғамдық маңызы зор, әлеуметтік
мәні терең, ақпараттық танымдылығы мол шығармашылық мұра. Осы уақытқа дейін
ақындар айтысының халықтық, қоғамдық-әлеуметтік мәні бар өнер екендігі
туралы қадау-қадау пікір айтылғанымен, түбегейлі нақты бағасы берілген жоқ.
Көп жағдайда айтыс көңіл көтеретін думан, көпшілік қызықтайтын өнер түрінде
бағаланып келді. Тіпті, қазіргі Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы ақындар
айтысының өзін мерекелік шара, даталық думан, шоу түрінде қарау әдеті орын
алып отыр. Егер осындай көзқарас, пайымдаулар жалғаса беретін болса,
қазақтан басқа көп халықтың маңдайына бітпеген өрелі өнеріміздің құнын
түсіріп алуымыз әбден кәдік. Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы осындай
көкейкесті мәселелердің мәніне ғылыми тұрғыдан жауап іздеу тұрғысында
айқындалады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Халық шығармашылығының үлкен бір арнасы
қазақтың бай ауыз әдебиеті болса, айтыс өнері сол саладағы ең маңызды
рухани мұра. Қазір тарихымыз бен әдебиетімізді тәуелсіз ел тұрғысында қайта
таразылап, түрлі қоғамдық идеология сызаттарынан арылтып, өзінің ұлттық,
шынайы болмысына қайта оралуына ден қойып жатқан уақыт. Жоғарыда айтылған
Мәдени мұра бағдарламасы да осындай мүдде тұрғысында өмірге келген
болатын. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Тарих толқынында атты еңбегінде қазақтың
суырыпсалмалық өнеріне мынадай маңызды пікірлер келтіреді: Тіпті, қазақ
даласы топонимикасының өзі де тұнып тұрған поэзия, тарихи драма мен өткір
сықақ, әжуа. Қазақ сөзінің суырыпсалма жыр шығаруға деген сан ғасырлық
тамаша дәстүрі де біздің халқымыздың толып жатқан тамаша қасиеттері туралы,
оның жан дүниесінің тереңдігі мен кемеңгерлігі туралы мол мағлұмат бере
алады [2, 124 б.].
Айтыстың ақпараттылығы, деректілігі һәм мол мағлұмат көзі екендігін
дәлелдейтін мұндай пікірлер қазақ ғалымдары мен ұлт зиялыларының
еңбектерінде жиі кездеседі. Қазақ халқының бүгінгі геосаяси кеңістігінде
біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы көшпенді өмір салтында ғұмыр кешіп,
ұлы дала мәдениетінің ғажайып үлгілерін қалыптастырған. Қазіргі ғылыми
ортада көшпенділер өркениеті деп аталатын халықтың сол рухани құндылықтарын
қайта жаңғыртып, жандандыру бүгінгі ұрпақ парызы.
Осы орайда, айтыс өнері сияқты рухани мұрамызға тәуелсіз ел
көзқарасында баға беріп, оның қоғамдық-әлеуметтік рөлін айқындау толғағы
жеткен мәселе болып отыр. Халық арасынан шыққан айтыс ақыны, ең алдымен сол
ортаның әлеуметтік, қоғамдық ахуалына барынша қанық, әрі ұлт тілінің уызын
бойына толық сіңірген ділмар, шешен болуы шарт. Елдің аңсар-мұратын
насихаттаушы, әрі қоғамдық пікір қалыптастырушы айтыс ақындары әр кезде
өзі өмір сүрген ортаға ықпалды болған. Ұрпақтан ұрпаққа мұра болып жеткен
ақын жырлары, әр дәуірдің, қоғамның болмыс бедерін бүгінгі күнге жеткізіп
отыр. Бұл тұрғыдан алғанда сөз (тіл) өнерінің өшпес, өміршең мұраттарын
тағы да баса айтқымыз келеді. Себебі ақындарын от ауызды, орақ тілді деп
мадақтаған халқымыз олардың қиыннан қиыстырып айтатын шешендіктерін,
айтқыштықтарын қашанда алдыңғы орынға қойып отырған.
Белгілі түркітанушы, ақын Олжас Сүлейменов өзінің Язык письма атты
еңбегінде тіл туралы мынадай пікір айтады: Тілдер – бұл жылнамалар
үзінділерінде сақталған тарихи мәліметтердің қоймасы, тілдер – бұл
өртенбейтін, жанбайтын, шайылмайтын, идеология ықпалына берілмейтін
мұрағат. Ата-бабалардың сансыз ұрпақ алмасуларынан бізге қалған басты
зияткерлік мұра [3, 204 б.].
Зерттеуде айтыс өнерінің ақпараттық сипатын тіл (сөз) өнері төркінінен
тарқатудың бір сыры да осындай пікірлер өзегінен туындайды. Адамдар бір-
бірімен тілдесу (сөйлесу) арқылы ақпарат, хабар, мәлімет алмасады. Бұл –
сөз өнерінің ең басты қасиеті. Ал ақындар айтысындағы амандасудан бастап,
елдік мәселелерге дейінгі аралықта қаншама ақпарат-мағлұмат айтылады. Қазақ
фольклорының асыл жәдігерлерінің бірі – айтыс өнері екендігін ескерсек,
ғасырлар қойнауындағы халықтың тарихи болмысын, әлеуметтік-тұрмыстық
сипаттарын, өмірлік таным-түйсіктерін, дәстүр-салтын, әдет-ғұрпын, әдебиеті
мен мәдениетінің бірден-бір насихатшысы айтыс жырлары, аңыз-әфсаналар,
тарихи жыр-дастандар, шешендік сөздер болғандығы талас тудырмайтын шындық.
Халық шығармашылығының әлеуметтік мәнін аша отырып, қазақ руханиятындағы
алар орны мен қоғамдық маңызын көрсету арқылы, айтыс жырларының
публицистикалық қырын айқындау болып табылады.
Зерттеу нысаны көне түркі дәуіріндегі сөз жәдігерлері, айтыстың алғашқы
нұсқалары, жыраулар поэзиясы мен би-шешендік мұралар, сондай-ақ, XIX-XX
ғасырлардағы халық ақындары шығармашылығы мен Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы
айтыс жырларының зерттеу өзектілігіне қажетті тұстары іріктеліп,
қарастырылды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ауыз әдебиетіндегі айтыс үлгілері жайлы
алғашқы пікірлерді XIX ғасырда өмір сүрген ағартушы-ғалымдар жазбасынан
кездестіруге болады. Ш. Уәлихановтың Таңдамалы шығармалар жинағында
(Алматы: Жазушы, 1985) айтыс жайындағы пікірі аталмыш өнердің табиғаты мен
ұлттық ерекшелігін баяндаса, В.В. Радлов Образцы народной литературы
тюркских племен, живущих в Южной Сибирии Джунгарской степи (СПб., 1870.
Часть 3,) атты еңбегінде қазақтардың шебер де шешен сөйлейтіндігін, ауызекі
сөзінің өзі өлең болып төгіліп тұратын айтқыштық қабілетіне назар
аудартады. Сондай-ақ Ә. Диваевқа арналған Тарту жинағы (Ташкент.
Түркістан республикасы: Баспасөз мехкамасы, 1924), М.Ж. Көпейұлы Қазақ
фольклоры: ауыз әдебиеті үлгілері (Алматы: Алаш, 2006. 3 т.),
А. Янушкевич Күнделіктер мен хаттар (Алматы: Жалын, 1979) жинақтарында
кездесетін айтыс өнеріне қатысты ой-пікірлер халық шығармашылығын әр
қырынан танып, біле түсуге мол мүмкіндіктер туғызады.
XX ғасырдың алғашқы жартысында Айтыс өнерінің әлеуметтік мәнін ашып
көрсеткен қадау-қадау пікірлер А. Байтұрсынов Шығармалары (Алматы:
Жазушы, 1989), Х. Досмұхамедұлы Аламан (Алматы: Ана тілі, 1991)
еңбектерінен бастау ала отырып, М. Әуезов Айтыс өлеңдері (Айтыс Алматы:
Жазушы, 1965. 2 т.), Совет ақындарының айтысы (Айтыс
Алматы: Жазушы, 1966. 3 т.), С. Мұқанов Айтыстар туралы (Айтыс
Алматы: Жазушы, 1965. 1 т.) Айтыстар (Алматы: Жазушы, 2005) ғылыми
мақалаларында жүйелі түрде жазылады.
Бұл зерттеулердің барлығы айтыстың өміршең екендігін, күнделікті өмірге
тікелей қатысы бар жанр ретінде, халық мүддесінің насихаттаушысы әрі оның
жоқтаушысы ретінде танылатындығын тілге тиек етеді.
Айтыс өнері туралы XX ғасырдың алғашқы кезеңдерінде айтылған осы мәндес
пікірлер кеңестік дәуір тұсында да үзбей жалғасып, ғалымдардың келелі
пікір, ғылыми пайымдауларына арқау болды.
Ауыз әдебиетінің арналы саласы ретінде айтыс өнеріне қашанда әдебиетші
ғалымдар назарын аударып отырды. Айтыстың жанрлық, мазмұндық, көркемдік,
тілдік, синкреттік қырларын ашып көрсетуде зерттеушілеріміз аз жұмыс
жасаған жоқ.
Жоғарыда келтірілген алыптар тобы қатарында С. Сейфуллин,
І. Жансүгіров, Ғ. Мүсіреповтердің ақындар айтысы туралы
айтқан келелі пікірлері де аталмыш жанр табиғатын жан-жақты аша түседі.
Айтыс тақырыбына қатысты зерттеудің ғылыми өрісі Ә. Қоңыратбаев, М.
Ғабдуллин, Б. Кенжебаев, М. Қаратаев, Қ. Жұмалиев, С. Қирабаев, Р.
Бердібаев, Ш. Елеукенов, С. Қасқабасов, С.
Садырбаев, К. Сейдеханов, Е. Тұрсынов, Н. Төреқұлов, А.
Сейдімбеков, Қ. Сыдиқов, Х. Сүйіншәлиев, Б. Әбілқасымов, М. Жармұхамедұлы
сияқты ғалымдар еңбегінде жалғасын тауып отырды [4].
Осы еңбектердің ішіндегі атап айтарлығы ұзақ жылғы пайымдаулар мен
ғылыми талдаулардың, пікірлердің қорытындысы іспеттес 2001 жылы жарық
көрген М. Жармұқамедұлының Айтыс өлеңдерінің арғы тегі мен дамуы атты
монографиясы болды. М. Жармұқамедұлының бұл зерттеуін айтыс өнері
тақырыбындағы тұңғыш кешенді зерттеу деп бағалауға болады.
Айтысты синкреттік жанр ретінде таныған ғалымдарымыз аталмыш өнердің
табиғатын әр қырынан ашып көрсетуде нәтижелі еңбектерге қол жеткізді.
Сондай-ақ айтыстың пайда болу, даму, қалыптасу кезеңдерін қарастыру
барысында аталмыш өнердің өміршеңдік мұраттары жан-жақты сарапталды.
Әдебиетші ғалымдардың айтыс өнері туралы осындай іргелі зерттеулері
Тәуелсіз Қазақстан тұсында, одан әрі жанданып, түрлі ой-пікір дискуссиялар
нөпіріне ұласты. Айтыс туралы проблемалық мақалалар мен ғылыми
пайымдаулардың БАҚ-ында жиі жарияланып, қызу талқыға түсуінің де өзіндік
себептері бар еді. Ең алдымен 1984 жылдан басталған теледидарлық айтыстың
аудиториясы Республика аумағын тұтастай қамтуы болды. Кеңес дәуірі
тұсындағы айтыстарда дәл мұндай техникалық мүмкіншіліктер болмады, болса да
шектеулі болатын. Айтыстың бұқаралық сипат алып, миллиондаған көрерменнің
көзайымына айналуы, аталмыш өнерге деген халақ ықыласын тудыруымен қатар,
оның жетістігі мен кемшілігін де сарапқа салып отыруына қолайлы жағдайлар
жасады. Баспасөзде, теледидарда, радиода жазылып, айтылып жатқан
проблемалық мақала, хабарлар айтыс өнерін әр қырынан танып білуге мол
мүмкіндіктер туғызды. БАҚ-ындағы ой-пікірлердің дені айтыс өнерінің бүгінгі
ахуалын сын тезіне алса, кейбіреулері оның (айтыстың) жеткен жетістіктері
мен қоғамдық маңызын ашып көрсетуге тырысты. Қалай дегенмен де тәуелсіздік
жылдарындағы айтыс өнері төңірегіндегі қарама-қайшы пікірлер нәтижесіз
болмады.
2003 жылдың 19 наурызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінде Қазіргі айтыс: дәстүрлі келешегі. Көкейкесті мәселелер
атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференцияда
қазіргі айтыстың дәстүрі, келешегі һәм көкейкесті мәселелері қарастырылды.
Осы конференциядағы ғылыми баяндамалар негізінде Көкейкесті әдебиеттану
сериясы бойынша Қазіргі айтыс: дәстүрі, келешегі (Астана: Күлтегін, 2003)
атты ғылыми жинақ жарық көрді. Кітаптағы Айтыстағы диалог (әдіснамалық
пайымдаулар) Ж. Жақыпов, Жұмбақ айтыстарының көркемдігі Ш. Керім,
Қазіргі айтыс: тарихы мен проблемалары С. Қирабаев, Айтыстың драмалық
сипаты Р. Нұрғали, Айтыстағы зарзаман шындығы Б. Омарұлы,
Айтыстың жанрлық жүйесі Б. Рақымов, Айтыс тілінің синтаксисі М.
Серғалиев, Айтыстың жанрлық метаморфозасы А. Шәріп, Қазіргі айтыстың
көркемдік ерекшелігі Ж. Аймұхамбетова, Қазіргі айтыстың тілдік
ерекшеліктері Ж. Асылбекова мақалалары айтыс жырларының әр қырын ғылыми
тұрғыдан сипаттаған өзекті пайымдаулар қатарына жатады.
Іргелі ғылыми зерттеулерден бастап, күнделікті проблемалық мақалаларды
зерделей отырып, айтыс жырлары өзінің шығармашылық ұзақ тарихында көп
жағдайда қоғамдық ойды насихаттаушы, ақпарат таратушы болғандығын, яғни
публицистикалық жанрдың міндетін атқарып келгендігіне көз жеткіземіз.
Аталмыш зерттеудің міндеті де айтыстың осы сипатын ғылыми түрде айқындап
беру әрекетінен туындайды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында айтыс өнерінің қалыптасуы
мен даму кезеңдеріндегі әлеуметтік мәні мен қоғамдық маңызы ашыла отырып,
ақпаратты-танымдылық, насихатшы-үгітшілдік, деректі-мағлұматтық сипаттары
айқындалады:
айтыс жырларының мазмұндық ерекшелігі уақыт пен қоғам ара қатынасы
негізінде талдана отырып, оның әлеуметтік мәнінің өміршеңдік мұраттары
нақты мысалдар арқылы көрініс табады;
айтыс табиғатына тән насихатшылдық, үгітшілдік сипаттар аталмыш өнердің
идеологиялық қуатын айқындап, оның мемлекет, қоғам үшін аса маңызды
шығармашылық фактор екендігін танытады;
айтыс жырларының ақпараттылығы мен деректілігі қазақ қоғамында азаматтық
журналистика функцияларын орындай алатындығына дәлел бола алады;
адамзат руханиятының асыл қазынасы тіл (сөз) арқылы қалыптасып дамитындығы
һәм халықтың өмір сүру қағидаларының барлық түрі тіл (сөз) арқылы жүзеге
асырылып отыратын заңдылығы айтыс тілінің де шежірелік, жылнамалық сипатын
танытады;
айтыс жырларының деректілігі қазақ халқының тарихи тұрпатын және саяси-
экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын тануға мол мүмкіндік
беретіндігі нақты мысалдар арқылы көрініс табады;
XІX ғасырдағы айтыс жырларының рулық-тайпалық ерекшелігі тұңғыш рет ұлт
тұтастығы тұрғысында қарастырылып, айтыс өнерінің тарихи құндылығы
айқындалады;
айтыс жырлары қазіргі ұлттық журналистика ерекшеліктерімен салыстырыла
отырып, қоғамдық проблема көтерудегі ақын шеберліктерінің өзіндік қырлары
сарапталады;
жыраулық, шешендік үлгілердің айтыс өнеріндегі көрінісі ұлттық тіл ажарын
айшықтаудағы дәстүр сабақтастығы ретінде қарастырылып, оның сөз мәдениетін
қалыптастырудағы әсер-ықпалы байыпталады;
ақындар айтысындағы демократиялық ұстаным принциптерінің шынайы көріністері
нақты мысалдар арқылы баяндалып, аталмыш сипаттың өміршеңдігі айтыс
өнерінің тарихымен біртұтас қарастырылады;
айтыс жырларының публицистикалық қырлары ретінде деректілікпен қатар
мазмұндық, пішіндік, тілдік ерекшеліктері де теориялық һәм тәжірибелік
негізде талданып, тұжырымдалады;
қазіргі айтыстың әлеуметтік мәні ашыла отырып, тақырып ауқымдылығының
кеңдігі ұлттық деңгейден әлемдік өркениет кеңістігіне көтерілгендігі нақты
мысалдар арқылы көрсетіледі;
айтыстағы Отанды, елді, жерді сүю қасиеттері патриотизм көрінісінің айқын
нышаны екендігі, айтыс тарихындағы дәстүрлі үрдіспен сабақтастырылып
қарастырылады;
қоғамдық пікір қалыптастырудағы ақындар айтысының ықпалы айқындалып,
мемлекеттік мүдде үшін аса маңызды шығармашылық өнер екендігіне меңзеу
жасалынады;
айтыс өнері қоғаммен бірге жасасып, бірге өсіп, дамып келе жатқан халықтың
төл өнері екендігі һәм болашақта да ұлт мүддесінің қамқоршысы, насихатшысы
бола беретіндігіне ғылыми пайымдаулар жасалынып, сол арқылы өнердің
өміршеңдік мұраттары айқындалады.
Зерттеудің хронологиялық мерзімі. Зерттеудің хронологиялық мерзімінің
негізгі бөлігі айтыс өнерінің қалыптасып, өркендеу кезеңі болып табылатын
XІX-XX ғғ. мен XXІ ғасырдың алғашқы онжылдығы шамасын қамтиды. Сөз
өнерінің ақпараттық сипатын таныту мақсатында көне түркі дәуірі (VI-XV ғғ.)
мен қазақ хандығы (XV-XVІІІ ғғ.) кезеңдеріндегі ақын-жыраулар
шығармашылығына қажетіне қарай шолу жасалынады. Осы уақыт бедеріндегі халық
шығармашылығының, оның ішінде, қайымдасу тәсілдерінің ақпараттық,
деректілік сипаттары айқындалады. XІX, XX ғасырлар һәм XXІ ғасырдың алғашқы
онжылдығы кезеңіндегі ақындар айтысының әлеуметтік, қоғамдық маңызы жан-
жақты талданып, халық шығармашылығының публицистикалық қырлары уақыт пен
қоғам кеңістігі негізінде сараланып, тұжырымдалады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты
айтыс өнерінің қалыптасу, даму барысындағы әлеуметтік-қоғамдық мәнінің
артуы мен ақпараттық, насихатшылдық рөлінің айқындалып, бұқаралық сипат
алуын жан-жақты ашып, ғылыми тұрғыда саралау болып табылады. Осы мақсаттар
негізінде диссертацияға төмендегідей міндеттер қойылады:
адамзат рухани құндылықтарының қайнары – сөз өнерінен бастау алатындығын
пайымдай отырып, ұлттық әдебиетіміздің негізі халық шығармашылығының
бағзылық үлгілерінен тамыр алып жететіндігін көне жазба жәдігерлерді
саралай отырып қарастыру;
айтыс өнерінің көне түрі қайымдасу тәсілдерінің ақпараттық, мағлұматтық
сипаттарын көрсету арқылы, халық шығармашылығының қоғамдық-әлеуметтік мәнін
ашып көрсету;
ақын-жыраулар шығармашылығындағы елдік, халықтық мәселелердің патриоттық
асқақ мұраттарын айқындай отырып, осы үрдістің айтыс жырларына тигізген
әсер-ықпалын байыптау;
XІX ғасырдағы ақындар айтысын тәуелсіз ел тұрғысында қайта қарап, оның
мақсат-мұраттарын ұлт тұтастығы сипатында жаңаша бағамдау;
кеңес дәуіріндегі ақындар айтысының (1920-1945 жж.) мазмұндық, идеологиялық
мәнін аша отырып, оның насихатшылдық, үгітшілдік қырларын көрсету;
XX ғасырдың 46-86 жылдарындағы ақындар айтысының тақырыптық, мазмұндық
ерекшеліктерін саралай отырып, ұлт руханиятына тигізген қоғам
идеологиясының зардаптарын анықтау. Әрі сол арқылы айтыстың дәуір дидарын
боямасыз жеткізетін шынайы ақпарат көзі екендігін дәлелдеу;
1985-1991 жылдар аралығында өткізілген жыр сайыстарындағы жаңару, жаңғыру
үрдістерін айқындай отырып, тарихымыздағы демократиялық ұстанымдардың
сабақтастығын көрсету;
тәуелсіз Қазақстан тұсындағы ақындар айтысының қоғамдық маңызы мен
әлеуметтік мәнін ашып, қоғамдық ой қалыптастырудағы аталмыш өнердің ықпалы
мен ұлттық идеология мұраттарын насхаттаушысы ретіндегі белсенділігін
таныту;
қазіргі айтыстың тақырып ауқымдылығы һәм өзектілігін саралау арқылы төл
өнердің ұлттық ұғымнан адамзаттық асқақ мұраттарға дейін жырлауын нақты
мысалдар арқылы дәйектеу.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Зерттеу нәтижесін қорытындылай
келе мынадай тұжырымдамалар ұсынылады:
әр халықтың әдебиеті мен өнерінде тек сол ұлттың дүниетаным көзқарасы мен
өмір сүру қағидаларына тән ерекшелігінің болуы заңдылық. Әлем әдебиетіне
ортақ рухани құндылықтың қайнар көзі – сөз өнері екендігін ескерсек,
қазақтың айтыс өнерінің элементі басқа халықтарда да кездесуі ықтимал.
Бірақ, дәл қазақтың айтысын барлық болмыс бітімімен ешқандай халықтың
қайталай алмасы анық. Бүгінде әлем халықтарының әдебиеті мен терезесі тең
қазақ әдебиетінің де пайда болу, қалыптасу, даму кезеңдері болғаны мәлім.
Ұлттық әдебиеттің бастау бұлағы фольклордан, яғни ауыз әдебиетінен нәр
алатындығы ақиқат. Ендеше халық шығармашылығының үлкен саласы айтыс
жырларын әр қырынан түбегейлі танып, зерттеу ұлт руханияты үшін маңызды
міндет.
Осы уақытқа дейін айтыс өнерінің арғы тегі, дамуы, жанрлық
ерекшеліктері, тілі, тақырыбы, әлеуметтік мәні сияқты көптеген қырлары
ғылыми зерттеулерге нысан болып келсе, аталмыш еңбек айтыс жырларының
публицистикалық сипатын аша отырып, қоғамдық мәні зор шығармашылық сала
екендігін айқындайды;
халықтың тарихын, мәдениеті мен дәстүрін, өмір сүру заңдылықтары мен
дүниелік көзқарас, пайымын зерделеуде қайымдасу үлгілерінің бағзылық
түрлерінен бастап, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан кезеңіне дейінгі аралықтағы
айтыс жырларының ақпарат, мәлімет беруші рухани қазына екендігі ғылыми
тұрғыда тұжырымдалады;
айтыс жырларының ақпараттылығын дерек пен дәйек көздері негізінде бағалау
жеткіліксіз. Сондықтан да айтыста көтерілген проблемалық ойлардың өзегі
өмір шындығынан алына отырып, ақынның лирикалық толғанысы, тілдік
шеберлігі, өзіндік пайымдаулары тұрғысында әрленіп, халық зердесіне
ұсынылады. Айтыс жырларының басты ерекшелігі де осындай қасиеттерінен
туындай отырып, өзінің көркем публицистикалық табиғатын танытады.
ақындар айтысында жыраулық поэзия сарыны мен шешендік сөз элементтерінің
сақталуы, өнердегі дәстүр сабақтастығын танытуымен қатар, оның уақытқа,
қоғамға бейімділігін, өміршеңдік мұраттарын да көрсетеді. Қазіргі айтыстағы
жыраулық толғамдар мен шешендік тапқырлық сипаттары соның айқын дәлелі.
Айтыс – жыраулық, шешендік қасиеттерді бойына топтастырған синкретті өнер;
ұлттық идеологияны қалыптастыруда һәм насихаттауда айтыс өнеріндей оңтайлы
шығармашылық сала аса көп емес. Біріншіден, айтыс таза ұлттық мүдденің
насихатшысы. Халықтың қалыптасу, даму тарихында қазақтың мінез-құлқын, ұлт
менталитетінің барлық ұңғыл-шұңғылын, дүниелік таным-түйсігін бойына
сіңіріп, бірге жасасып, тамырлас болып келе жатқан өнер түрі. Сондықтан да
қандай дәуір, қандай қоғам болмасын, айтыс өнері ұлт руханиятының асыл
кеніші болып қала береді;
айтыс ұлт әдебиеті мен өнерінің рухани тұтастығын көрсетеді. Өнер мен
әдебиеттің һәм журналистиканың үш таған бірлігін қалыптастырып, қоғамда
айрықша бұқаралық сипатқа ие болп отырған руханият көзі. Осы элементтер
ақындар айтысының XXІ ғасырда өзіндік дербес ресми мәртебесін айқындауына
мүмкіншіліктер береді;
кеңес дәуіріндегі айтыс жырларын зерделеу арқылы, ұлт шығармашылығының
қандай түрі болмасын, мазмұндық, идеологиялық ұстанымына қарай мансұқтау
тенденциясына бұдан былай тоқтам салу қажеттілігі айтылады. Тарихтағы жеке
топтар мүддесі, түрлі төңкерістер нәтижесі ұлт әдебиеті мен өнер иелерінің
шығармашылығына ықпал етіп отыруы заңдылық. Бұл жалғыз қазақ ұлтына ғана
емес, әлем халықтарының барлығына тән үрдіс. Сондықтан да кеңес дәуіріндегі
халық шығармашылығы тарихты таразылау, болашақты бағамдау тұрғысында
өзінің ақпараттық, мағлұматтық сипатымен қажетіне қарай кәдеге жарай
беретіндігі ескертіледі;
айтыстағы дәстүр мен жаңашылдық көріністері арқылы шығармашылық өнердің
қалыптасу, даму кезеңдеріндегі саяси-әлеуметтік жағдайлардың болмысы
ашылып, уақыт пен қоғамның халық мұрасына тигізген әсер-ықпалы сараланады.
Сол арқылы рухани құндылықтың өсіп, дами бермейтіндігі, күйзеліс пен
тоқырау жағдайларын бастан өткеретіндігі бағамдалады. Мұның өзі адамзат
ақыл-ойының азаттығы, еркіндігі сияқты ұғымдар аясында ашылады. Айтыстың
жаңару, жаңғыру үрдістері тікелей азаттық идеяларымен сабақтасып
жататындығы зерделеніледі. Бұл құбылыс айтыс өнерінің болашағы зор
екендігін айғақтайтын негізгі фактор ретінде қарастырылады;
қазіргі айтыстағы тақырып ауқымдылығы, ақындардың білімі мен біліктілігін
танытуымен қатар, ұлттық тарихымызды таразылауға, соны бүгінгі ұрпаққа
әсерлі насихаттауымен ерекшеленеді. Айтыстағы тіл, дін, тарих, мәдениет
сияқты танымдық деңгейі терең тақырыптармен қоса экология, экономика, ауыл
проблемалары, ар-ождан, мораль мәселелерінің барлығы бір-бірімен сабақтаса
көрініс табуы, қоғам, ұлт проблемасын тұтастай қарауға мүмкіншіліктер
береді. Осы күрделі, көкейкесті мәселелердің ақындар айтысының бір
кезегінде ғана өріліп түспеуі, қазіргі журналистиканың өзінде байқала
бермейтін мұндай ерекшеліктердің айтыста көрініс беруі ақындар
шығармашылығының өзіне тән тағы бір қырын танытады;
айтыс мәтіндерінің телетаспаға түсуі, баспасөз беттерінде жариялануы, жеке
жинақ болып басылып шығуы, ауызекі сөз өнерінің заманауи технологиялық
жетістіктердің арқасында сақталуын және халыққа кең түрде насихатталуын
қамтамасыз етеді. Бұл көрініс нені аңғартады? Айтысқа әлі күнгі ауыз
әдебиетінің саласы (немесе сарқыншағы) ретінде қарау, өнердің өміршеңдігіне
кепіл бола алмайды. Әрине, бұл жерде айтыстың жазба түрі туралы әңгіме
бөлек. Жоғарыда көтерілген мүмкіншіліктер қазіргі айтыстың кәсіби өнерге
айналғандығын дәлелдейтін факторлар. Ендеше зерттеу барысында туындаған
осындай тұжырымдар айтыс өнерінің кәсібилігін танытып, оның ресми мәртебе
(статус) алуына бағыт болады;
қазіргі айтыстың қоғамдық маңызы мен әлеуметтік мәні аталмыш өнердің
қоғамдық ой қалыптастырудағы ықпалы мен ұлттық идеология насихатшысы
екендігін айғақтайды. Публицистикаға тән осы элементтердің айтыс жырларында
кездесуі аталмыш өнердің азаматтық журналистика функцияларын атқарып
отырғандығына дәлел бола алады. Айтыс жырларының аз уақытта бұқаралық сипат
алып, қоғамдық пікір қалыптастыратын күшке айналуы қоғамдық, мемлекеттік
салалар үшін елеп-ескеріліп отыратын құбылыс. Халықтық ой-пікірді белгілі
бір мүддеге топтастыруда айтыс өнері үлкен рөл атқарады. Бұл мемлекет
саясаты үшін аса маңызды болып саналмақ;
мемлекеттік тіл бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында айтыс өнеріне
үлкен жауапкершіліктер жүктелуі қажет. Айтыс тіл проблемасын көтеруші
насихат құралы емес, ол ана тіліміздің сапасын арттыруда, мәдениетін
қалыптастыруда, қорын ұлғайтуда шешуші рөл атқарады. Айтыс жырлары – ана
тілдің ажарын ашып, айбынын асқақтататын рухани қуат;
зерттеу нысанының негізін қамтыған екі ғасырлық айтыс тарихының (XІX-XX)
жалпы болмысы, аталмыш өнердің халықтық сипатын айқындайды. Айтысушы ақын
жеке басының немесе белгілі бір топтың мүддесін қорғамайды, ол қашанда
халықтың арман-мұратын жырлайды, көкейіндегісін айтады. Ол сол қасиетімен
де қашаннан елдің ықыласына, қошеметіне бөленген өнер. Асан қайғы,
Қазтуған, Бұқар жырау, Махамбет жырларындағы дала демократиясының дегдар
қасиетін, бүгінгі жаңарған, жанданған айтыстан анық байқайтынымыз да
сондықтан, айтыстың демократиялық ұстанымын танытатын мұндай
ерекшеліктердің тәрбиелік-тағылымдық мәні де зор болмақ;
айтыс – қазақтың бары мен жоғын түгендеп, жақсылығы мен жамандығын,
жетістігі мен кемшілігін, дерті мен дауасын, ары мен иманын, бүгіні мен
болашағын ой таразасынан өткізіп, екшеп отыратын өнер. Осы айтылған
сипаттар ақындар айтысының қазақ қоғамы үшін қаншалықты қажет екендігін
танытып қана қоймай, өміршеңдік сипаттарына да кепілдік береді.
Зерттеу жұмысының ғылыми-әдістемелік негізі. Айтыс өнерінің
публицистикалық қырларын зерттеу барысында әдебиеттану ғылымындағы
теориялық, әдіснамалық тұжырымдар мен пікірлер, ғылыми ұстанымдар негізге
алынды. Ғылыми жұмыста А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Мұқанов,
Х. Досмұхамедұлы, Ғ. Мүсірепов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, М.
Қаратаев,
Ә. Қоңыратбаев, Б. Кенжебаев, Т. Амандосов, Т. Нұртазин, М. Базарбаев,
Ә. Болғанбаев, С. Қирабаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішұлы, Т. Қожакеев, Ө.
Айтбай, Н. Ғабдуллин, И.М. Тронский, Ә. Дербісалин, Р. Бердібай, Ә.
Нарымбетов,
М. Жолдасбеков, Р. Нұрғали, С. Қасқабасов, Ш. Елеукенов, Н. Төреқұлов,
С. Садырбаев, Н. Омашев, Ә. Қалмырзаев, Қ. Әбдезұлы, З-Ғ.Қ. Бейсенғали,
Т.О. Есембеков, Д. Ысқақұлы, Б. Майтанов, З. Сейтжанов, Т. Жұртбай,
Ө. Әбдиманұлы, Қ.Алпысбаев, Ө. Күмісбаев, А. Бұлдыбаев, Б. Омаров,
Б. Әбдіғазиұлы, С. Негимов, Б. Әбілқасымов, Қ. Ергөбек, С. Қозыбаев,
Ш. Нұрғожина, Қ. Тұрсын, Б. Жақып, Е.Д. Тұрсынов, Х. Нұрмұханов,
М. Жармұхамедұлы, В.М. Горохов, М.И. Стюфляева, Н. Қанафияұлы,
Б. Мұстафин, Ө. Оралбаев, т.б. ғалымдар еңбектері мен ғылыми жинақтар,
сондай-ақ, зерттеу тақырыбына байланысты мерзімді баспасөз материалдары
қарастырылды.
Зерттеудің ғылыми-теориялық және практикалық мәні. Ғылыми жұмыста
ұсынылған тұжырымдар, қорытындыларды жоғары оқу орындарындағы өнер, ауыз
әдебиеті тарихы, һәм публицистика теориясы мен тарихы, мамандандыру,
публицистика өнері, журналистика және әдебиет сияқты пәндерден өткізілетін
жалпы курстарда, семинар сабақтарында, сондай-ақ арнаулы орта мектептерде
айтыс өнері, сөйлеу мәдениеті сияқты факультатив сабақтарда пайдалануға
болады.
Зерттеу әдістері. Айтыс өнерінің публицистикалық қырларын ашу үшін,
тарихи-салыстырмалы, типологиялық, шығармашылық-психологиялық, кешенді,
синкретизмдік талдау әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының сарапталуы мен жариялануы. Зерттеу еңбектің теориялық
мәселелері мен тұжырымдары халықаралық, республикалық ғылыми теориялық және
ғылыми-практикалық конференцияларда баяндама ретінде тыңдалып, ғылыми
жинақтарда жарияланды. Диссертация нәтижелері ҚР Білім және ғылым
министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен ғылыми
басылымдар мен басқа да басылымдарда, ғылыми жинақтарда 34, оның ішінде
шетелдік басылымдарда 6 мақала жарияланды. Зерттеу негізінде 1 монография
жарық көрді. Ғылыми жұмыс Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университетінің журналистика кафедрасында,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті
кафедраларының кеңейтілген мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, төрт
бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1  ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ҚЫРЫ

1.1 Сөз өнерінің төркіні һәм айтыс өлеңдерінің алғашқы түрлері
Сөз (тіл) – адамзат тіршілігімен бірге жасасып, қалыптасып, дамып келе
жатқан құбылыс. Жер бетіндегі жанды тіршілік атаулыдан адамды айырып
ерекшелейтіні – оның тіршілік иесі екендігін айғақтайтын артықшылығы да,
адамның ойлау санасы мен сөйлеу мүмкіндігі бар екендігі. Сонымен, анық
ақиқат – адам адам болғалы сөз (тіл) бірге жасасып, адамзаттың қарым-
қатынас, яғни сөйлесу, ұғынысу, ақпарат алмасу құралы болып келе
жатқандығы.
...Сөз өнерін – бар өнердің басы, өнер атаулының ең қиыны және
күрделісі (Бальзак), ең жоғары түрі (Белинский) десек, асырып айтқан
болмаймыз. Қазақ халқының Өнер алды – қызыл тіл деген білгір тұжырымы да
тегіннен тегін тумаған-ды [5, 13 б.]. Қазақ публицистикасының қалыптасып,
даму жолдарын зерттеуші ғалым Б. Жақып: Адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі
– сөз өнері. Сонау көне замандардан бастап қазірге дейінгі адам ақыл-ойының
маржандары сөз арқылы бізге жетті. Өмірде болған не бір оқиғалар мен
құбылыстарды, тіршіліктің алуан түсті бояулары мен айшықтарын келер ұрпаққа
жеткізетін де сол өлмейтін сөз [6, 3 б.], – деп пікір білдіреді.
Кез келген рухани немесе материалдық құндылықтардың алғышарттары ой-
сана таразысында пісіп жетілгенімен оның өмірге келіп, адамзат кәдесіне
жарауы сөз (тіл) арқылы қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат, жәдігер болып
қалатындығы белгілі.
Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би, – деген халық даналығы
бекерге айтылмаса керек. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады, Сөз –
сүйектен, таяқ – еттен өтеді, Жүйелі сөз жүйесін, жүйесіз сөз иесін
табады, Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі, – деп сөз қадірін ертеден
түйсінген халқымыздың өмір сүру философиясының түп төркіні де сөзбен,
тілмен байланысты дамыған.
Қазақтың кең байтақ даласында тіл тұтастығының сақталуы да көшпелі
жұрттың сөз өнеріне деген өзіндік ықыласын танытса керек. Алтай таулары мен
Маңғыстаудың қойнауында қоныстанған қазақтың тілі де, ділі де, діні де
ортақ. Әрине, тілде аздаған диалект болуы мүмкін, бірақ ол жалпы
тұтастыққа ешқандай нұқсан келтіріп тұрған жоқ. Атшаптырым аймақта
қоныстанған көптеген ұлт-ұлыстар бір-бірін тілмашсыз түсіне алмайтын
жағдайлар болады. Еуропаның бес бірдей мемлекеті сиып кетердей аумақта
отырған қазақ халқының ұлттық болмыс, нақыш бояуларының ғасырлар бойы өз
сипатын жоғалтпай тұтастығын сақтауы таң қаларлық құбылыс. Әрине, зерттеуші
ғалымдарымыздың, тарихшыларымыздың бұған айтар уәж, пікірлері мол. Ең
алдымен көшпелі жұрттың бір-бірімен қоныстас болып, аралас жүруі тіл
тұтастығы сақталуының негізгі алғышарты, – дейді. Бұл уәжді біз де
қолдаймыз. Дегенмен де почта, телеграф сияқты байланысы жоқ көшпелі дәуірде
ел мен жердің, тілдің тұтастығын сақтап қалуда, далалық ақпарат таратудың
рөлі қандай болған деген әуестік әркімдерді де қызықтырары хақ.
Белгілі журналист-ғалым Қ. Шамақайұлы Азаматтық журналистика бізге жат
емес атты ғылыми мақаласында: ...Азаматтық журналистиканың дәстүрі,
тарихы тым әріде жатқанын аңғару қиын емес. Мерзімді баспасөз пайда болудан
бұрын қоғам өміріне, заман ағымына баға берген, оның дамуына ықпал еткен еш
нәрсе болмады деуге келмейді. Журналистикадан бұрынғы кезеңдерге
жатқызылатын ауыз әдебиеті, жазба мұралардың өзінде қазіргі журналистиканың
элементі жоқ деп айта алмаймыз [7, 92-93 бб.], – деп пікір білдіреді.
Сондай-ақ зерттеуші-ғалым қазақ халқының ежелгі мәдениетінде, көшпелі
өмір салтында да адамзаттық журналистиканың классикалық үлгісінің элементі
жатқандығын айтады. Бұдан әрі автор өз сөзін: Алыстан алты жасар бала
келсе, алпыстағы шал барып сәлем береді деген сөздің түпкілікті мәнін
сапардан оралған жан мейлі үлкен болсын, мейлі кіші болсын оның көпті
көретіндігін, көрген-білген адамда жақсылықтың (ақпараттың) болатындығын,
жаңалықты білудің, хабар-ошар алудың маңыздылығын осы бір ауыз сөздің өзі
меңзеп тұрған жоқ па? деген ойларымен сабақтастырады.
Зерттеуші, ғалым Гауһар Әлімбек Сөз мағынасы және ақпарат атты ғылыми
еңбегінде сөздің ақпараттық сипатын былайша саралайды:
-Сөз – ақпарат сақтаушы тілдік бірлік,
- Сөз – ақпарат жеткізу немесе тарату құралы,
- Сөз – ақпарат алу құралы,
- Сөз – ақпарат алмасу құралы,
- Сөздің грамматикалық мағынасы және ақпарат [8, 164 б.].
Жалпы, тіл туралы, сөз өнері туралы тереңнен толғап, зерделі ой-пікір
білдірген ұлттың ғұлама ойшылдары, ғалым жазушылары көптеп саналады.
Белгілі тілші-ғалым Х. Нұрмұқанов өзінің Сөз және шеберлік атты
зерттеу еңбегінде осы жайға жан-жақты тоқталған.
Сондай-ақ бұл проблема Сөз өнері, Өрелі өнер, Жазушы және сөз
мәдениеті, Сөзстан, Стиль сыры, Журналист және өмір, Қаламгер және
уақыт жинақтарымен белгілі ақын, жазушыларымыздың, сыншыларымыздың,
ғалымдарымыздың (мәселен, Ғ. Мүсіреповтің Суреткер парызы, Ғ. Мұстафиннің
Ой әуендері, Ә. Тәжібаевтың Өмір және поэзия, Жылдар, ойлар, Т.
Нұртазиннің Шеберлік туралы ойлар, Б. Кенжебаевтың Шындық және
шеберлік, З. Қабдоловтың Жебе, Қ. Мырзалиевтің Сөз сиқыры, М.
Балақаевтың Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері, Н. Уәлиевтің Сөз
мәдениеті т.б.) еңбектерінде қаралып, әсіресе Қазақ әдебиеті газетінің
Толғауы тоқсан қызыл тіл, Шеберлік туралы әңгімелейміз рубрикалары
желісінде ұзақ жылдар бойы үзілместен сөз болып келеді [9, 7 б.].
Бұл келтірілген деректер 1987 жылға дейінгі уақыттың кейбір еңбектерін
қамтыса, 1985 жылғы сәуір самалынан кейінгі қазақ тілінің тағдыры туралы
тереңнен қаузап, ашық, батыл жазылған шығармалар қаншама?
Сөз, тіл өнері, оның тағдыры туралы жазылған, айтылған толғақты
пікірлер жүздеген томдарға жүк болары сөзсіз.
ХІХ ғасырда қазақтың ойшыл ақыны Абай: Сөз түзелді, тыңдаушы сен де
түзел десе, ХХ ғасырдың басында А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев,
С. Сейфуллиндер ұлт тіліне, сөз өнеріне қатысты ұрпаққа ұлағат
болар толғамды пікірлер айтқан болатын. Алыптар тобының бұл аманатын М.
Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафиндер тереңдете түсті.
Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті қайраткері, ұлт зиялысы
А. Байтұрсынов өзінің Әдебиет танытқыш (1926 ж.)
еңбегінде сөз өнері, тіл қисыны, сөз өнерінің ғылымы туралы теңдессіз
теориялық қағидалар жазды.
Тіл күшіне өлшеу жоқ, тіл көркемдігіне теңеу жоқ. Тіл өлгенді де
тірілтеді. Әлдеқашан қайтыс болған прототиптерді тіл жасаған ұлттық
образдар тірілтіп көз алдыңа әкеледі. Жалғанда не терең? Сөз терең. Не
сұлу? Сөз сұлу. Не өткір? Сөз өткір. Сөз құдіреті ғажап: алтынды мыс, мысты
алтын етіп көрсете алады. Тас жүректі қорғасындай балқытып, балқыған
қорғасынды тастай ете алады. Кірлі көңілді тазартып, кірсіз көңілді кірлей
алады. Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе мен тіл байлығын
таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен сенімді байлық. Мұралардың ең
қымбаттысы – сөз. Сөз Күн шалмас қараңғы көңілді шалады, Күн жылытпас суық
көңілді жылытады. Сөз құдіреті ақты қара, қараны ақ етуге жетеді. Асыл адам
да, асыл нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды (Ғ. Мұстафин)
[9, 14 б.]. Адамзаттың асыл қасиеті – сөз өнерін осылай деп бағалайтын
болсақ, сөздің асылы мен жауһарының алтын қазынасы саналатын айтыс
ақындарының, жыраулардың шығармашылық жәдігерлері халық үшін таптырмас
құнды дүние болмақ.
Халық публицистикасының қалыптасу, даму жолдарын тереңнен қаузап,
зерттеген ғалым Б. Жақып бұл туралы өз еңбегінде көрсеткен: Мемлекеттің
пайда болуымен бірге қоғамдық өмір де күрделене түсті, түрлі саяси
құрылымдар мен кәсіби саясаткерлер орын алды. Дәл осы кезде қоғамдық
ақпаратты таратуда қалың бұқараның ішінен өзінің көсемдігімен, ақыл-ой,
парасаттылығымен оқшауланып, суырылып шыққан шешендер белсенді рөл атқарды
[6, 8 б.].
Қазақ ауыз әдебиеті тарихын зерделер болсақ, сөз өнерінің тізгінін
ұстаған би-шешендер, ақын-жазушылар өздері өмір сүрген қоғамның саяси-
әлеуметтік жағдайынан немесе халық мүддесінен тысқары болмаған. Қайта олар
сол қоғамның барлық қайшылықтары мен мақсат-мұраттарын өздерінің рухани
шығармашылығына арқау еткен.
Атадан балаға мирас болып, ғасырдан ғасырға ауысып фольклор үлгісінде
қазіргі заманға жеткен халық шығармашылығының асыл жәдігерлері әр кезеңнің,
әр қоғамның болмыс-бітімінен сыр шертіп, бүгінгі ұрпақты белгілі дәрежеде
ақпаратпен қамтамасыз етті. Мәселен, осыдан шамамен ХХХ ғасырдай бұрын
Еділдің шығысындағы ұлы Тұран жерінде, мал баққан спитама жұртында, киіз
туырлықты көшпелі Порушоспаның отбасында дүниеге келген, адамзат
тарихындағы тұңғыш пайғамбар, ақын Заратуштра:
Біз тұлпарлары қанатты,
Мәңгілік жарыққа,
Күнге сиынамыз.
Күн жарық шашқанда,
Күн жылу шашқанда,
Жүз мыңдағандар
Құдіретті сезінеді,
Содан соң Мазданың
Сыйлаған жерінде
Жарық-нұр салтанаты үшін
Бақытын табады әркім
Бақыт сыйлайды әркім [10, 14 б.].
Көне түркі тегін, тарихын, дәстүр-салтын зерттеуші ғалымдар осыдан отыз
ғасырдай бұрын өмір сүрген Заратуштра ақынның осы мұралары арқылы, қажетті
ақпарат, мәлімет алары сөзсіз. Сондай-ақ Заратуштра заманындағы бағзылық
бабалардың діни наным-сенімдері тұрғысынан да біраз сырды аңғаруға болады.

Екі мың жылдық дала жырын зерделей отырып, халқымыздың тұрмыс-
тіршілігін, наным-сенімін, қоғамдық болмыс-бітімі мен ой-өрісінің
кемелдігін тануға жетерлік мол ақпарат қоры бар екендігіне көз жеткіземіз.
Сөз (тіл) қарым-қатынас құралы ғана емес, ол сондай-ақ насихат жыршысы
да. Жоғарыда келтірілген Заратуштра ақынның жырынан біз тек ақпарат қана
емес, сол заманның идеологиялық, яғни, насихатшылдық бояуын да байқаймыз.
Біздің заманымызға дейінгі 760 жылдар шамасында өмір сүрген Қарлұқ
Кегменер Үлгеұлынан қалған мұраға зер салып көрелік:
Шығыстан келген қорқаулар тонауда туған жұртымды,
Құтқарар шара таба алмай, жүрегім менің бұлқынды.
Сүліктей сорып қандарын, өшірді талай түтінді,
Ұмытқалы қашан, бауырым, тамаша менен күлкіні.
Үстінде лыпа, қамбада түйір дәні жоқ,
Сонда да қиын боп тұр-ау толтыру апан-құлқынды.
Ерте ме, кеш пе, сенемін, бізге де бір таң атар,
Көрерме ем сонда тіріліп, менменсінген шіркінді [10, 18
б.].
Есте жоқ ескі дәуірден бүгінге жеткен осынау жыр-жәдігер қадым заманның
қатыгез тарихынан сыр шертіп, бабалардың зар-мұңынан хабардар етіп тұрған
жоқ па?
VІІ-ҮІІІ ғасырларда тасқа таңбаланған бабалар аманаты сол дәуірдің
тарихи тұрпатын ғана баяндап қоймайды, сондай-ақ бағзылық бабаларымыздың
адами болмыс-бітімі, ақыл-ой кемеңгерлігінен де мол мағлұмат береді. Орхон
ескерткіштері деп аталатын Күлтегін, Тоныкөк жазбалары бүгінгі ұрпаққа
жетіп отырған рухани құндылықтарымыздың асыл жәдігерлері емес пе?!
Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді демекші, сөз өнерінің өшпейтін
құдіретіне тағы да куә болып, риясыз бас иесің.
Дала поэзиясы – қазақи дүниетануды түсінудің, халықтың өзін-өзі
тануының қайнар бұлағы. Мұнда дүниенің қазақы ұлттық түсініктегі бейнесі,
философиялық және поэтикалық астары қабыса, асқан көркемділікпен
кестеленген. Халқымыздың кемел ойы, пәк гуманизмі, асыл мұраты, терең
сезімі, ұлт болып ұйысу тарихы, өкініштері мен сүйініштері – бәрі – оның
поэзиясында сайрап жатыр. Қазақ поэзиясы – қазақ халқының рухани
эволюцияның шежіресі іспетті [10, 7 б.].
ХІІ ғасыр өкілі әйгілі Қожа Ахмет Иассауи заманына зер салып көрелік:
...Ей, мұсылман, тағат қылсаң, танбаған,
Ғазиз жаның – аманаты Алланың.
Харамдықпен, ұқ, жиған мал – жалғанын,
Қарыш атты жылан қылар малыңды.

Дәурішпін деп жұрт алдында дәрпілдеп,
Жүз құбылып зар жүгірер әркімге.
Құдай үшін құлдық ұрмай нарқың не,
Шын дәуріштің тау мен шөп қой мекені... [10, 49-50 бб.].
Қожа Ахмет Иассауи заманы ежелгі қазақ даласында өзін исламның кең
қанат жаюымен қарастырылатыны да сол уақыттардан жеткен рухани
жәдігерлердің ақпараттық, насихатшылдық сипатынан деп түсінгеніміз ойымызды
қуаттай түседі.
Кеңестік идеология, коммунистік көзқарас аз ұлттарды бұратана халық деп
есептеп, олардың жазу-сызу өнері, ғылым-білімі болмаған, жабайы көшпенділер
деп қарауы тәуелсіздік таңы атқанға дейін жалғасты. Шовинистік пиғылдағы,
кеудемсоқ Еуропа зиялыларының кейбір ғалымдары Шығыс жұртына, оның ішінде
Орта Азия халықтарына менсінбеушілікпен қарау әдеті әлі де салқынын
сездіруде. Заман түбегейлі өзгеріп, ақ дегенің адал, қызыл дегенің
қаныпезер болып жатқан тұста, ұлт тарихын әділдік таразысына қайта тартып
таразылайтын ақиқи заман туды. Ел тәуелсіздігі түп-тамырымызға терең
үңіліп, оны ақиқат тұрғысынан тануға мүмкіндік беріп отыр. Тегіміздің текті
болғанын енді танып, біліп жатырмыз. Білім мен ғылымның адамзат үшін қандай
қажет екендігін бабаларымыз ертеден-ақ айтып, насихаттағанын көнеден жеткен
рухани жәдігерлеріміз арқылы біліп, байыптай бастадық.
Ахмет Жүйнеки ХІІ ғасырдың аяғы мен ХІІІ ғасырдың басында өмір сүрген
ақын. Өз заманының білімпаз оқымыстысы болғандықтан, ақынды Әдиб Ахмет
(әдиб – оқымысты, жазушы) деп атаған. Толық аты-жөні – Әдиб Ахмет ибн
Махмут Жүйнеки. Жасынан зағиптың мехнатын тартқан. Туып өскен елі –
Түркістан қаласының маңындағы Жүйнек деген жер.
Ақынның Ақиқат сыйы атты кітабы – тәлім-тәрбие, адамгершілік, білім,
имандылық туралы ақыл-кеңестер беретін дидактикалық үлгідегі шығарма.
Небәрі 466 жол өлеңнен тұрады. Жиырма шақты тақырыпқа бөлінген. Аруз өлең
өлшемімен, түркі тілінде жазылған [10, 51 б.].
Бақыт жолы білім арқылы білінеді, Білімсіз надан – құны жоқ бақыр,
Білімді мен білімсіз қашан тең болып еді?, Білімсіз тірісінде көрде
жатқан өлік сияқты [10, 52 б.].
Міне, бұратана, білімсіз, ғылымға ықыласы жоқ деген халықтың өкілі ХІІ
ғасырдың өзінде-ақ осылай ой толғап, халықты білім мен ғылымға шақырады,
насихаттайды.
Екі мың жылдық тарихы бар дала поэзиясының бетін парақтаған сайын,
мұндай ақпарат, мағлұматтарға барынша қаныға түсеміз. Бағзы дәуір
адамдарының ой-санасы, адами болмыс-бітімі, әлеуметтік жағдайы, көзқарас-
пайымдарының барлығы сөз өнері арқылы бедерленіп, рухани жәдігер ретінде
бүгінгі күнге жетіп отыр.
ХХІ ғасырдағы озық ойлы адамзат өркениеті, ғылыми-технологиялық
прогрестің барынша жетілген тұсында осыдан жүз мыңдаған жылдар бұрын жер
қойнауында қалған затты немесе сүйекті зерттеп, ғылыми байлам жасап,
жаңалық ашып жатады. Тіпті сол кездегі жер беті климатын, жан-жануар,
тіршілік әлемі туралы нақты зерттеулер жүргізіліп, ғылыми тұжырым
жасалынады.
Ал ғасырлар керуенін көктей өтіп, бүгінгі күнге жетіп отырған рухани
жәдігерлерге (сөз өнері үлгілеріне) экспонат ретінде немесе өткеннің бедері
ретінде немқұрайды қарау саяздықтың белгісі болар еді.
Белгілі әдебиеттанушы ғалым Ә. Қоңыратбаев: ...Қазақ фольклорында мал
бағу, бала асырау, қыз ұзату, жаназалау, бақсылық нанымдары, діни әдет-
ғұрыпқа байланысты туған салт өлеңдері көп. Орыстар бытовые песни десе,
біз оларды тұрмыс-салт өлеңдері дейміз. Бұлардың көпшілігі анонимдік
түрде туып, халық аузында сақталған. Кейбіреулерінде тотемизм, мифологиялық
ойлау, бақсылық ұғымдар мен діни әдет-ғұрыптардың да ізі бар [11, 32 б.],
– дей келе, қазақтың бақташылық жырларының мәні мен мазмұндық ерекшелігіне
жан-жақты тоқталады: Төрт түлік мал жайындағы жырлардың өзі тілек – бата
түрінде айтылады.
Шаруаның бір түлік пірі – Шопан
Келтірмей қу, пір ата, қойға топан.
Қойды аңдыған бәленің бәрін құртып,
Бықпырт тиіп, үні өшсін қасқыр апан.
Мал бағу қамынан туған бұл жырлардың енді бірі жыр формасында айтылған.

Мен бір тілек тілейін,
Ай мүйізді, шоқпақтай,
Шүйделері тоқпақтай,
Тегене құйрық қошқарлы,
Малды берсең қойды бер!
Ұлды берсең бойлы бер,
Ақылы ортақ ойлы бер.
Халық жылқының етін, түйенің күшін, сиырдың сүтін дәріптеген... Әрбір
түліктің бабы болған. Сиыр қалың нуға, қоры үзілген буға бітем десе, қой
қара тасқа, жабағы жеген насқа бітем, жылқы бетегелі белге, найза ұстаған
ерге, түйе ащы көп сорға, ел ішінде зорға бітемін деген. Бұл қандай малға
қандай қоныс жайлы дегенді білдірмек [11, 32-33 бб.].
Біз ауыз әдебиеті үлгілеріндегі тұрмыс-салт өлеңдеріне жататын төрт
түлік малға қатысты бақташылық жырлардан бірді-екілі ғана мысал келтіріп
отырмыз. Ойымызды осы мысал төңірегінен өрбітер болсақ, тұрмыс-салт
жырларының өзі байырғы ата-баба тұрмысынан, халықтың мал шаруашылығы
жөніндегі таным-түйсігінен мол ақпарат беретіндігіне көз жеткіземіз.
Алдымен Келтірмей қу, пір ата, қойға топан, – деген сөйлемге назар
аударалық. Бұл жердегі пір сөзі діни-наным сенімді білдіреді. Пірге сиыну
ислам дінінде сопылық (суфизм) ағымына жатады. Менің пірім Сүйінбай, сөз
сөйлемен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасым Қайсеновтің публицистикасы
Ғабит Мүсірепов – очерк шебері
Ә.Нұрпейісов шығармашылығының бастау –бұлақтары
Орта мектепте Фариза Оңғарсынова лирикасын оқыту
Қадыр Мырза Әлі
М.Сералин шығармашылығы туралы
Асқар шығармашылық тілге көп мән берген жазушы
Кәкімжан Қазыбаевтың публицистикасы
Қадыр Мырза Әлидің поэзиясының поэтика туындылары
Мұхамеджан Сералиннің шығармашылығы
Пәндер