Германияның орталық Азиядағы саясаты (1992-2009 жж.)



КІРІСПЕ

1. ФЕДЕРАТИВТІ ГЕРМАНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ
1.1 Федеративті Германия Республикасының сыртқы саяси ерекшеліктері: мақсаттары, негізгі бағыттары және басымдықтары
1.2 Германия сыртқы саясатындағы Орталық Азияның маңызы
1.3 Германияның орта азиялық саясатының мақсаттары, мүдделері, бағыттары мен басымдылығы

2. ГЕРМАНИЯНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ҰСТАНЫМЫ
2.1 Неміс саясаттануындағы Орталық Азияның қауіпсіздік және тұрақтылық мәселелері
2.2 Орталық Азиядағы демократиялық және құқықтық құрылымдарды қалыптастыру мәселелері
2.3 Экономикалық реформалар мен кедейшілікке қарсы күрес мәселелері
2.4 Аймақтық ынтымақтастықты дамыту мәселелері

3. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҒЫНДАҒЫ ФЕДЕРАТИВТІ ГЕРМАНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫ
3.1 Этносаясат . Германияның Орталық Азиядағы қатысуын белгілейтін фактор ретінде
3.2 Германияның Орталық Азия мемлекеттерімен саяси байланыстары
3.3 Германияның Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық қатынастары
3.4 Германияның Орталық Азия елдерімен дамыту саясаты шеңберінде ынтымақтасуы

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі ғаламдану жағдайында және жаңадан қалыптасып келе жатқан көптүрлі әлемдік жүйенің дамуында Каспий өңірі қатарында Орталық Азия аймағы геоэкономикалық тұрғыда маңызды орын алуда. Жаңа мыңжылдықтың басында Орталық Азия аймағының геосаяси және геостратегиялық жағдайы артты. Соның негізінде аймақ халықаралық саясаттың негізгі тақырыптарының біріне айналып, халықаралық қауымдастық назарында ерекше орынға иеленуде. Оның негізі мынадай факторлармен түсіндіріледі:
Біріншіден, ең алдымен аймақтың табиғи бай ресурстары, энергетикалық және минералды-шикізат көздеріне ие болуы арқылы тартымды;
Екіншіден, орта-азиялық аймақ шетелдік тауарларды өткізудің жаңа нарығы және инвестицияларды салу ортасы болып табылады, ал бұл фактордың маңызы орта азиялық елдердің келешекте әлемдік саудаға тартылуы барысында тіптен арта түспек.
Үшіншіден, орта-азиялық аймақ қазіргі кезде мұнай факторының есебінен тек қана экономикалық емес, сонымен қатар геосаяси маңызға ие, яғни әлемдік державалар аймақтағы экономикалық қатысуларының есебінен өз ұстанымдарын бекітуде.
Төртіншіден, Орталық Азия сауда ағымдарын іс-жүзіне асыру барысында Еуропа мен Азия ортасындағы делдалдық көпір қызметін атқара алатындай транзиттік қуатқа ие болғандықтан, әлемдік державалардың мүддесінде.
Осы жағдайларға сәйкес, Кеңес Одағының ыдырауынан бастап посткеңестік Орталық Азия аймағының әрбір егеменді мемлекетінің стратегиялық мақсаттары халықаралық қатынастар жүйесінде ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі негізінде әлем мемлекеттерімен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен, халықаралық субъектілермен тығыз байланыстарды орнату болды.
Осындай мақсатты қойған орта-азиялық мемлекеттер біржағынан, сыртқы халықаралық субъектілердің мүдделері екінші жақтан өзара түйісіп, қазіргі кезеңде бұл қатынастар даму деңгейінде.
Ресей және АҚШ, Түркия, Қытай сияқты өзге де негізгі акторлар қатарында Германия өз алдына дара және ЕО шеңберінде орта-азиялық аймақта өз мүдделерін қарастырады.
Алайда, орта-азиялық аймақтың геосаяси жағдайы әлемдік экономика және саясаттағы беделді акторлардың ұлттық мүдделерінің шиеленісуімен сипатталады. Оның үстіне табиғи қазба байлықтарына ие болған орта-азиялық мемлекеттер оларды әлемдік нарыққа шығару мақсатында тасымалдау мәселесімен кездейсоқ болды. Осы мәселені шешу барысында мұнай және газ құбырлары қандай жолдармен жеткізілуі қажет, қай елдердің территориялары арқылы құбырлар желісін құрастыру керек деген сияқты сауалдар тікелей геосаяси мүдделермен тығыз байланысты болып саналады.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 142 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ 327(430 : 574575) қолжазба
құқында

Тұяқбаева Айгүл Бекайдарқызы

ГЕРМАНИЯНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ САЯСАТЫ
(1992-2009 жж.)

тарих ғылымдары саласында халықаралық қатынастар
мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D.)
академиялық дәрежесін алуға арналған диссертация

Ғылыми жетекшілері:
Саясаттану ғылымдарының
кандидаты, доц.: С.Ж.Сапанов

Др. профессор : А.Прадетто

Қазақстан Республикасы
Алматы 2009

Еңбек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде орындалған.

Ғылыми жетекшілері:

саясаттану ғылымдарының
кандидаты, доц.: С.Ж. Сапанов

др. профессор: А Прадетто.

Пікір жазғандар:

ученая степень, фамилия, и., о.

ученая степень, фамилия, и., о.

Диссертацияны қорғау ___________ мерзімінде Мемлекеттік аттестациялық
комиссияның мәжілісінде халықаралық қатынастар факультетінде өтеді.

Диссертациямен әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің кітапханасында танысуға болады

Докторант
_________________________
қолы

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

1. ФЕДЕРАТИВТІ ГЕРМАНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ
1.1 Федеративті Германия Республикасының сыртқы саяси ерекшеліктері:
мақсаттары, негізгі бағыттары және басымдықтары
1.2 Германия сыртқы саясатындағы Орталық Азияның маңызы
1.3 Германияның орта-азиялық саясатының мақсаттары, мүдделері, бағыттары
мен басымдылығы

2. ГЕРМАНИЯНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ
ҰСТАНЫМЫ
2.1 Неміс саясаттануындағы Орталық Азияның қауіпсіздік және тұрақтылық
мәселелері
2.2 Орталық Азиядағы демократиялық және құқықтық құрылымдарды
қалыптастыру мәселелері
2.3 Экономикалық реформалар мен кедейшілікке қарсы күрес мәселелері
2.4 Аймақтық ынтымақтастықты дамыту мәселелері

3. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҒЫНДАҒЫ ФЕДЕРАТИВТІ ГЕРМАНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫ
3.1 Этносаясат – Германияның Орталық Азиядағы қатысуын белгілейтін фактор
ретінде
3.2 Германияның Орталық Азия мемлекеттерімен саяси байланыстары
3.3 Германияның Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық қатынастары
3.4 Германияның Орталық Азия елдерімен дамыту саясаты шеңберінде
ынтымақтасуы

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі ғаламдану жағдайында және жаңадан
қалыптасып келе жатқан көптүрлі әлемдік жүйенің дамуында Каспий өңірі
қатарында Орталық Азия аймағы геоэкономикалық тұрғыда маңызды орын алуда.
Жаңа мыңжылдықтың басында Орталық Азия аймағының геосаяси және
геостратегиялық жағдайы артты. Соның негізінде аймақ халықаралық саясаттың
негізгі тақырыптарының біріне айналып, халықаралық қауымдастық назарында
ерекше орынға иеленуде. Оның негізі мынадай факторлармен түсіндіріледі:
Біріншіден, ең алдымен аймақтың табиғи бай ресурстары, энергетикалық
және минералды-шикізат көздеріне ие болуы арқылы тартымды;
Екіншіден, орта-азиялық аймақ шетелдік тауарларды өткізудің жаңа нарығы
және инвестицияларды салу ортасы болып табылады, ал бұл фактордың маңызы
орта-азиялық елдердің келешекте әлемдік саудаға тартылуы барысында тіптен
арта түспек.
Үшіншіден, орта-азиялық аймақ қазіргі кезде мұнай факторының есебінен
тек қана экономикалық емес, сонымен қатар геосаяси маңызға ие, яғни әлемдік
державалар аймақтағы экономикалық қатысуларының есебінен өз ұстанымдарын
бекітуде.
Төртіншіден, Орталық Азия сауда ағымдарын іс-жүзіне асыру барысында
Еуропа мен Азия ортасындағы делдалдық көпір қызметін атқара алатындай
транзиттік қуатқа ие болғандықтан, әлемдік державалардың мүддесінде.
Осы жағдайларға сәйкес, Кеңес Одағының ыдырауынан бастап посткеңестік
Орталық Азия аймағының әрбір егеменді мемлекетінің стратегиялық мақсаттары
халықаралық қатынастар жүйесінде ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қажеттілігі негізінде әлем мемлекеттерімен, халықаралық және
аймақтық ұйымдармен, халықаралық субъектілермен тығыз байланыстарды орнату
болды.
Осындай мақсатты қойған орта-азиялық мемлекеттер біржағынан, сыртқы
халықаралық субъектілердің мүдделері екінші жақтан өзара түйісіп, қазіргі
кезеңде бұл қатынастар даму деңгейінде.
Ресей және АҚШ, Түркия, Қытай сияқты өзге де негізгі акторлар
қатарында Германия өз алдына дара және ЕО шеңберінде орта-азиялық аймақта
өз мүдделерін қарастырады.
Алайда, орта-азиялық аймақтың геосаяси жағдайы әлемдік экономика және
саясаттағы беделді акторлардың ұлттық мүдделерінің шиеленісуімен
сипатталады. Оның үстіне табиғи қазба байлықтарына ие болған орта-азиялық
мемлекеттер оларды әлемдік нарыққа шығару мақсатында тасымалдау мәселесімен
кездейсоқ болды. Осы мәселені шешу барысында мұнай және газ құбырлары
қандай жолдармен жеткізілуі қажет, қай елдердің территориялары арқылы
құбырлар желісін құрастыру керек деген сияқты сауалдар тікелей геосаяси
мүдделермен тығыз байланысты болып саналады. Энергетикалық шикізаттарды
тасымалдау маршруттары техникалық мүмкіндіктерден емес, транзиттік
мемлекеттер мен әлемдік державалардың мемлекетаралық қатынастарына тәуелді
болып қалды[1] [1].
Осы ретте, XXI-ші ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап Орталық Азияда
өзінің қатысуын нығайтуға ұмтылған Германия сияқты еуропалық мемлекеттің
ролін сараптау маңызды.
Неміс экономикалық кереметтігімен танымал болған, нарықтық реформалар
нәтижесінде тиімділікке жеткен және қазіргі кезеңде әлемдік экономикада
үшінші орынды иеленетін Германия Орталық Азия елдері үшін жақсы үлгі болып
табылады.
ҚР президенті Н.Назарбаев өзінің Қазақстан жолы атты еңбегінде
Қазақстанның даму стратегиясындағы жоспарлы экономикадан нарыққа,
тоталитарлықтан либералдық саясатқа көшуді белгілеуде Германияның экономика
министрі, кейінде канцлері болған Людвиг Эрхардтың жақсы тұрмыс – баршамыз
үшін деп аталатын қағидасын ұстанғандығын мәлімдейді[2].
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси басымдықтары елбасының
жолдауларында көрсетілгендей, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту
басымдығы Ресей, Қытай, АҚШ сияқты державалардан кейін 4-ші орындағы бағыт
болып қала бередi[3].
Халықаралық қауымдастықтағы негізгі еуропалық актор ретінде Германия
федеративті үкіметі Орталық Азия қатысында белсенді саясатты ұстануда. XX-
шы ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап, Германия ғылыми және саяси ортасында
Орталық Азияның стратегиялық маңызын түсіне бастаған. Германияның орта-
азиялық мемлекеттермен екіжақты деңгейдегі қатынастарының қарқынды даму
динамикасы оның аймақтағы белсенді қатысуын көрсетеді. Дәлел ретінде,
төмендегі факторларды ескеру қажет: біріншіден, Германияның дипломатиялық
өкілеттіліктері басқа еуропалық елдермен салыстырғанда барлық орта-азиялық
мемлекеттерде ашылған; екіншіден, Германия еуропалық континентте өзінің
экономикалық қуаты есебінен үстемді күшті қалыптастыра алуына байланысты,
ауыспалы экономикасы бар орта-азиялық мемлекеттер үшін тартымды
серіктестікке айналған; үшіншіден, Германияның сыртқы саясаты бейбіт
ұстанымды көрсетуіне байланысты барлық орта-азиялық мемлекеттер ішінде оның
беделі анағұрлым жоғары.
Жоғарыда келтірілген факторларды ескерсек, Германияның аймаққа қатысты
ұстанған саясатын зерттеудің мерзімі жеткендігін байқаймыз, соған сәйкес
қарастырылып отырған тақырыпта арнайы ғылыми зерттеуді жүргізу өзекті.
Диссертациялық зерттеу жұмысының мақсаты XX ғасырдың 90-шы жылдарынан
XXI ғасырдың алғашқы онжылдығы аралығындағы Германия Федеративті
Республикасының Орталық Азия қатысында ұстанған саясатының даму үрдістерін
анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді іс жүзіне асыру қажет
болды:
• Федеративті Германия Республикасының заңнамалық және сыртқы саяси
құжаттарын сараптаудың негізінде оның сыртқы саяси ерекшеліктерін,
айқындау;
• Федеративті Германия Республикасының Орталық Азияға қатысты сыртқы
саяси концепцияларын зерттеудің нәтижесінде Германияның орта-азиялық
бағытының ерекшеліктерін анықтау;
• Федеративті Германия Республикасының Орталық Азияға қатысты сыртқы
саяси концепцияларының негізінде оның орта-азиялық бағыттарының
негізгі басымдылығын көрсету;
• Неміс зерттеу институттарының Орталық Азия елдеріне қатысты ғылыми
еңбектері мен есептерін сараптаудың негізінде Германияның Орталық
Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі үлесін
белгілеу;
• Федеративті Германия Республикасының Орталық Азия елдерімен екіжақты
және көпжақты деңгейдегі келісім-шарттарының негізінде оның аймақпен
өзара қарым-қатынасы мен ынтымақтасуының ерекшеліктерін сараптау;
Зерттеу жұмысының нысаны Германия федеративті үкіметінің Орталық Азия
аймағына қатысты сыртқы саяси бағыты болып саналады.
Зерттеу жұмысының пәні Германия федеративті республикасының сыртқы
саясаты және Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы.
Диссертациялық жұмыстың хронологиялық шеңбері XX ғасырдың 90-шы
жылдарынан XXI ғасырдың алғашқы онжылдығы аралығын қамтиды. Алайда кейбір
жағдайларда мәселені жіті түсіндіру үшін алдыңғы кезеңдерге сүйену қажет
болды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысының әдістемесі зерттеу пәні мен
объектісі, сондай-ақ қойылған мақсат пен одан туындайтын міндеттердің
сипатына байланысты таңдалынды. Осы зерттеу жұмысында қазіргі кездегі
саясаттану және тарих ғылымдарындағы халықаралық қатынастар мен сыртқы
саясатты зерттеуге арналған әдістер жинағы қолданылды. Халықаралық
қатынастар мен мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерін қарастыру барысында
тарихи және ғылыми объективтілік қағидасы басшылыққа алынып, белгілі бір
елдің екінші бір елге, не болмаса белгілі бір аймаққа қатысты сыртқы саяси
бағыты мен оның даму үрдісін зерттеуде кешенді типлогиялық тәсілдер
пайдаланылды.
Берілген жұмыста автордың қолданған әдістеріне жүйелі, деңгейлі, секторалды
талдаулар кіреді. Аталған әдістер екіжақты қарым-қатынастар дамуының
эволюциясы мен аймақты дамыту мәселелерін жан-жақты сараптауда тиімді пайда
берді. Зерттеу жұмысының теоретикалық негізін неореализм, либерализм,
либералды институционализм элементтері құрайды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығына кешенді зерттеулер барысында автор
төмендегідей нәтижелерге жетті:
- автор отандық тарихи ғылымда алғашқылардың бірі болып қазақ тілінде
Германияның Орталық Азия бағытындағы сыртқы саясатының даму үрдістері мен
эволюциясына бақылау жүргізуге тырысты;
- Германия саяси институттарының (Bundesministerium für
Wirtschaftszusammenarbeit, Auswärtigen Amt, Deutscher Bundestag ресми
құжаттарын, Орталық Азияға қатысты неміс ғылыми зерттеу институттары мен
орталықтарының (SWP, DIE, CORE) еңбектерін, Г.Шмидт атындағы бундесвер
университетінің (HSU), Еркін Берлин университетінің (Freie Universität zu
Berlin), Фридрих Эберт атындағы (FES), Конрад Аденауер атындағы (KAS),
Фридрих Науман атындағы неміс қорларының және бундестаг қорындағы ғылыми
материалдар жинағын автор алғаш рет ғылыми айналымға енгізді.
- Г.Шмидт атындағы бундесвер университетіне (Гамбург, Германия) шеккен
ғылыми сапары барысында Германияның белді ғылыми зерттеу орталықтарындағы
Орталық Азия мемлекеттерін зерттеуші мамандармен сұхбат жүргізді. Атап
айтқанда, Гамбург университеті Бейбітшілік пен қауіпсіздікті зерттеу
(IFSH) институты шеңберіндегі ЕҚЫҰ-мын зерттеу орталығының (CORE) ғылыми
сарапшысы А.Крайкемайермен, Бонн қаласындағы Неміс дамыту институтының
(DIE) маманы Й.Гревингхольтпен, Берлин қаласындағы Ғылым және саясат
қорының (SWP) маманы А.Шмицпен және Орталық Азия сараптамалары
(Zentralasien Analysen) журналының редакторы зерттеуші Б.Эшментпен
жүргізілген сұхбаттар ғылыми зерттеу жұмысының жаңа дерек көздері болып
табылады.
Қорғауға шығарылатын тұжырымдамалар. Германия федеративті республикасының
Орталық Азия аймағына қатысты саясатын кешенді әдіс-тәсілдермен зерттеудің
нәтижесінде қорғауға мынадай тұжырымдамалар шығарылады:
• Сыртқы саяси салада ЕО-тың ұлтүсті институты немесе оның
орталықтандырылған сыртқы саяси механизмдері қалыптаспағандығына
қарамастан, Германия сыртқы саясатын еуропалық саясат сарынында
жүзеге асыруға мәжбүр.
• Германияның орта-азиялық мемлекеттермен қарым-қатынасы екіжақты
деңгейде ерекшеленуіне қарамастан, сонымен қатар Орталық Азия саяси-
экономикалық тұрғыда бірыңғай тұтас аймақ ретінде қалыптаспағандығына
қарамастан, Германияның Орталық Азияға қатысты ұстанған саясаты
аймақтық сипат алады.
• Германияның Орталық Азия қатысындағы сыртқы саяси концепцияларына
кешенді зерттеу жұмысын жүргізудің нәтижесінде оның негізгі
басымдылығы орта-азиялық аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті
қамтамасыз ету екендігі анықталды;
• Германияның Орталық Азия аймағын дамытудағы орасан зор үлесіне
қарамастан, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында
қойылған мақсаттарына толығымен жеткен жоқ;
• Зерттеу нәтижелері Германияның Орталық Азия мемлекеттерімен
болашақтағы қарым-қатынастарын ЕО және Орталық Азия серіктестігі
үлгісіндегі аймақаралық деңгейіне жеткізу ісі де екіталай екендігін
көрсетті, демек Германияның орта-азиялық саясаты келешекке
бағытталған;
Зерттеу деректері. Зерттеу жұмысының дерек көздері сипаты жағынан түрлі
құжаттар мен материалдар жатады және олар мына бейнеде тізбектелген:
Деректердің бірінші тобына Германия федеративті республикасы және Орталық
Азия елдері арасындағы екіжақты қарым-қатынастар негізін қалаушы және
оларды реттеуші құқықтық келісім-шарттар енеді. Еңбекте мынадай құжаттар
Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы
арасындағы болашақ үшін серіктестік туралы бірлескен мәлімдеме[4]
(Gemeinsame Erklärung über eine Partnerschaft für die Zukunft zwischen der
Bundesrepublik Deutschland und der Republik Kasachstan) сарапталынған.
...
Деректердің екінші тобын Германия федеративті республикасының заңдары,
ресми сыртқы саяси концепциялары, бағдарламалық құжаттары бундестаг
құжаттары, ЕО-тың стратегиялары құрайды. Бұл топтағы деректердің негізін
Германия Федеративті Республикасының Негізгі заңы[5] (Grundgesetz für die
Bundesrepublik Deutschland vom 23.05.1949), Германияның социал-
демократиялық партиясының Еуропадағы Германияның рөлі атты
бағдарламасы[6] (Deutschlands Rolle in Europa und der Welt Die
Programmdebatte der SPD 23. März 2005), Германияның социал-демократиялық
партиясының ұстанымын білдіретін Каспий теңізі - болашақтың аймағы атты
ресми бағдарламасы[7] (Zukunftsregion Kaspisches Meer. Positionspapier der
SPD Bundestagsfraktion, Juni 1998), Экономикалық ынтымақтастық және даму
министрлігінің Орталық Азияға қатысты концепциясы[8] (BMZ – Zentralasien-
Konzept vom 18.12.2001), Федеративті Германия үкіметінің Орталық Азияға
қатысты концепциясы[9] (Zentralasienkonzept der Bundesregierung vom
18.03.2002), Экономикалық ынтымақтастық және даму министрлігінің Орталық
Азияға қатысты концепциясы[10] (Zentralasienkonzept des Bundesministeriums
für wirtschaftliche Zusammenarbeit und Entwickliung 2005), Еуропалық
Одақтың Орталық Азияға қатысты 2002-2006 жж. арналған стратегиялық
құжаты[11] (Strategy Paper 2002-2006 & Indicative Programme 2002-2004 for
Central Asia. 30 October 2002), Еуропалық Одақтың ЕО және Орталық Азия:
жаңа серіктестік стратегиясы[12], ЕО-тың Орталық Азияға қатысты
стратегиясын жүзеге асыруға байланысты неміс бундестагының ресми
сұранысы[13] (Zur Umsetzung der EU-Zentralasienstrategie. Deutscher
Bundestag von 24. 10. 2008),
Көрсетілген деректер тобы Германияның Орталық Азия қатысындағы сыртқы
саясатының құқықтық және концептуалдық негіздерін анықтауға мүмкіндік
береді.
Деректердің үшінші тобына Германия федеративті республикасы мен Орталық
Азия елдерінің мемлекет басшылары, мемлекеттік қайраткерлері, белгілі бір
ресми жауапкершілігі бар жеке адамдардың еңбектері, сөйлеген сөздері мен
сұхбаттары жатады. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдаулары, жобалары
халықаралық форумдарда сөйлеген сөздерінің жинағы[14], Германияның бұрынғы
бундес-министрі Г-Д. Геншердің XXI ғасырдағы социал-демократиялық сыртқы
саясат атты кітаптың жарық көруіне байланысты сөйлеген сөзі[15],
Федеративті Германия Республикасының сыртқы істер министрі Ф-В.
Штайнмайердің Кірігу мен интеграция. ЕО шығыс саясатының жаңа белесі атты
еңбегі[16], Германияның сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік министрі Г.
Эрлердің Орталық Азиямен адам құқықтары саласы бойынша диалог[17] атты
еңбегі, ИНВЕНТ және БҰҰ-ның Даму Бағдарламасының Орталық Азиядағы
экономикалық ынтымақтастықтың жаңа келешектері атты форумында сөйлеген
сөзі[18], ЕО-тың сыртқы байланыстары мен еуропалық көршілестік саясаты
мәселелері бойынша комиссары Бенита Ферреро-Валднердің 2006 ж. 19-қазанда
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде сөйлеген сөзі[19],
неміс бундестагының мүшесі Г.Лайбрехттің Германияның Bündnis 90
партиясының ЕО-тың Орталық Азияға қатысты стратегиясын жүзеге асыру атты
ұсыныс-талабына байланысты сөйлеген сөзі[20] (Leibrecht, H. Mitglied des
Deutschen Bundestages. Rede vom 30.03.2007 Rede vor dem Deutschen Bundestag
zur EU-Zentralasienstrategie Antrag von Bündnis 90 Die Grünen "Die EU-
Zentralasienstrategie mit Leben füllen"), неміс бундестагының мүшесі
Х.Хайбахтың Орталық Азиядағы саяси жағдайларға қатысты бундестаг
мәжілісінде сөйлеген сөзі[21] (Rede von Mitglied des deutschen Bundestages
H.Haibach zur politischen Situation in Zentralasien), ЕҚЫҰ-дағы испандық
өкілеттіліктің арнайы тобының басшысы, елші Хосе Анхель Лопес Хоррин
мырзаның ЕҚЫҰ-журналына берген сұхбаты[22]. Аталған деректер тобы Германия
федеративті республикасы мен Орталық Азия мемлекеттерінің негізгі бағыттары
мен басымдылықтары және олардың міндеттері жайында сараптама барысында
нақты анықтамаларды береді. Сонымен бірге бұл құжаттарда жалпы Германия
сыртқы саясатының стратегияларына қатысты, Орталық Азия аймағына
бағытталған неміс саясатының мақсаттарына байланысты көзқарастарға және осы
саяси бағыттардың халықаралық саясат ағымында бекітілу үдерістеріне
бағалаулар берілген.
Деректердің төртінші тобына халықаралық саясаттағы теоретиктердің
еңбектерін қамтиды. Оларда халықаралық аренадағы Германия федеративті
республикасының ықпал ету ролі және Орталық Азия аймағының алатын орны мен
маңыздылығын көрсету арқылы, Германияның сыртқы саясатын және Орталық Азия
елдерімен қарым-қатынасын зерттеу барысында түрлі концепциялар мен әдіс-
тәсілдер ұсынылған. Еңбекте мынадай теоретикалық зерттеулер қарастырылған:
зерттеу жұмысының теоретикалық-әдістемелік бағдарын анықтау барысында
қазақстандық маман И.А. Черныхтың еңбектері[23], С.М.Гаджиевің[24] Германия
сыртқы саясатының бірізділігі туралы Х.Маулдің[25], жаңа қалыптасып келе
жатқан әлемнің бейнесі мен геосаяси жағдайды зерттеуші З. Бжезинскийдің[26]
еңбектеріі жатады.
Деректердің бесінші тобы Орталық Азия мемлекеттерінің ішкі даму
жағдайларын, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, саяси даму динамикасын
қарастыратын және Германияның орта-азиялық елдерді дамыту саясаты бойынша
халықаралық донор ретінде қосқан үлесі жайындағы статистикалық мәліметтер
қатарын береді. Статистикалық мәліметтер өзге неміс зерттеу еңбектерінен
алынған, олардың көбісінде халықаралық институттардың мониторинг
көрсеткіштері берілген. Сондай-ақ зерттеу жұмысы барысында неміс сарапшысы
Б.Эшменттің Орталық Азия анализдері деп аталатын ондайн-журналының
кезеңді нөмірлерінде берілген статистикалық мәліметтер пайдаланылды.
Интернет желілеріндегі статистикалық сайттар www.weltalmanach.de,
www.tatsachen-ueber-deutschland.de.
Деректердің алтыншы тобын кезеңді басылымдардың материалдары мен
бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) мәліметтері жатады. Бұл деректер тобы кең
көлемдегі іріктелген фактілер жинағын көрсетеді. Ол орын алған саяси-
экономикалық заңдылықтарды бекіту қажеттіліне көмектеседі. Мысалы, неміс
ақпараттық құралдарынан Deutsche Welle (Дойче Велле), art.de (Арт.де),
euronews (еуроньюс), неміс баспалары „Europäische Rundschau“, (Ойропеише
рундшау), „der Überblick“ (Үберблик), „Deutsche Allgemeine Zeitung“ (Дойче
альгемайне цайтунг), „Wirtschaft“ (Виртшафт), Die Pressedokumentation des
Deutschen Bundestages“ - неміс бундестагының баспа құжаттары,
„Pressemitteilungen des Auswärtigen Amt“– Германияның сыртқы істер
министрлігінің баспа құжаттары және т.б. Бұл топтағы деректердің басым
көпшілігі интернет желілеріндегі ғылыми және саяси институттарының ақпарат
беттерінен (www.auswaertiges-amt.de, www.astana.diplo.de,
www.bischkek.diplo.de, www.duschanbe.diplo.de, www.taschkent.diplo.de,
www.swp-berlin.org, www.die-gdi.de, www.gtz.de, www.kfw-
entwicklungsbank.de, www.bundestag.de, www.akorda.kz, www.kisi.kz ), ресми
ақпараттық сайттардан (www.wostok.de, www.deutsche-allgemeine-zeitung.de,
www.akipress.org, www.expert.ru және т.с.с.) алынған.
Осылайша, автордың қолданған деректері диссертациялық жұмыста қойылған
мәселелерді объективті түрде сараптауға және тұжырымдамаларды ғылыми түрде
дәлелдеуге жеткілікті әрі заңды, сонымен қатар олар зерттеу барысында
белгіленген мақсат-міндеттерді шешуге толық мүмкіндік береді.
Тақырыптың ғылыми деңгейде игерілгендігі
Қазақстандық және орта-азиялық зерттеулер. Қазақстандық мамандар ішінде
Германия бойынша зерттеулер қатарына ең алдымен М.Губайдуллинаның[27],
А.Мухитденованың[28], Г.Мовкебаеваның, Е.Чукубаевтың[29] еңбектері енеді.
Бұл мамандар Германияның сыртқы саясаты, саяси жүйесі мен олардың тарихи
кезеңдерін, сондай-ақ еуропалық интеграция үдерісі барысындағы Германияның
қосқан үлесі[30], Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ арасындағы
қатынастар тақырыбында жүргізген ғылыми зерттеу жұмысымен айналысқан.
Еуропалық интеграция тәжірибесін Орталық Азия аймағында қолдану идеясымен
шұғылданатын ғалымдардың ішінде т.ғ.к., ҚазҰУ-нің профессоры Ж.У.Ибрашевтің
еңбектері танымал[31]. Ж. Ибрашевтің еуропалық бағыттағы зерттеулер мектебі
шеңберінде Орталық Азия мемлекеттері мен ЕО арасындағы қарым-қатынастар мен
орта-азиялық аймақтағы ЕО-тың қатысуына арналған К.Байзақованың,
Ф.Кукееваның, К.Макашеваның, А.Утегенованың, С.Нурдаулетованың еңбектерін
атап көрсетуге болады.
Неміс диаспорасының Қазақстан және Германия қатынастарының негізін
құрайтын фактор жайында Л.А.Байдельдиновтың[32], Карсаковтың[33]
Орталық Азиядағы қауіпсіздік және геосаясат тақырыптарында И.Черных,
М.Лаумулиннің, Сыроежкиннің, С.Кушкумбаев, С.Сапановтың, С.Акимбековтың[34]
еңбектері қолданылды.
Неміс тарихнамасында Германияның Орталық Азиядағы саясатын
зерттеуге арналған тікелей диссертациялық зерттеу жұмысы жоқ, алайда 2002
ж. К.Аденауэр қорының көмегімен жарық көрген М-К. фон Гумппенбергтің
Deutsches und Europäisches Engagement in Zentralasien. Ein Beitrag zur
Stabilisierung der Region? (Орталық Азиядағы Германия мен Еуропаның
қатысуы. Аймақты тұрақтандыруға арналған үлес пе?) атты монографиясы
бар[35]. Бұл еңбекте автор Германия және Еуропаның саяси-экономикалық және
дамыту ынтымақтастығы бойынша орта-азиялық аймақтағы қатысуы мен
тұрақтылықты қалыптастырудағы үлестерін зерттей отырып, аталған
субъектілердің Орталық Азиядағы ықпал ету мүмкіндіктері шектеулі деген
қорытындыға келген.
Жанама түрде Вюрцбург қаласы, (Германия) Юлиус-Максимилиан атындағы
университетінде А.Варкочтің Die Zentralasienpolitik der Europäischen
Union: Interessen, Strukturen und Reformoptionen (ЕО-тың орта-азиялық
саясаты: мүдделер, құрылымдар және реформа мүмкіндігі) деп аталатын Ph.D
философия докторы атағын алуға арналған диссертациясы 2006 ж. қорғауға
шығарылған[36]. Ол Орталық Азиядағы әлеуметтік, саяси-экономикалық,
құқықтық, әскери саладағы қауптерді және олардың ықтималдылығын келтіре
отырып, ЕО елдерінің аймақтағы мақсаттары мен мүдделеріне сараптама
жүргізген. Сонымен қатар, А.Варкоч ЕО-тың көпдеңгейлі институттарын іске
қосуына қарамастан, ұйымның аймақтағы ықпал ету механизмдері әлсіз деген
қорытындыға келеді. Оның себебін, неміс сарапшысы ЕО-тың аймаққа
бағытталған мақсаттарынның орындалуы үшін күрделі жұмыстарды қажет
ететіндігіне қарамастан, ұйымның аймаққа арнап бөлген қаржы көлемі
мардымсыз, тіпті ол АҚШ-тың орта-азиялық аймаққа салған инвестиция
көлемінің ⅓ не де жетпейді деген сыни пікір арқылы түсіндірген.
Зерттеу жұмысы барысында неміс ғылыми және саяси институттары,
сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар болып саналатын неміс зерттеу
қорларындағы Орталық Азия бойынша зерттеу мамандарының еңбектері аймаққа
қатысты неміс көзқарастарын анықтау үшін пайдалы болды.
Осы ретте Берлин қаласы, Ғылым және саясат қоры (SWP) құрамындағы
“халықаралық саясат және қауіпсіздік институтында” саясаттану, сонымен
қатар Каспий өңірі, ТМД және Орталық Азия зерттеулерімен шұғылданатын У.
Хальбахтың еңбектері зор. Орта-азиялық зерттеулерінде оның институтқа
дайындаған есеп үлгісіндегі қауіпсіздік саласындағы монографиялары басым.
Мысалы, Sicherheit in Zentralasien (Орталық Азиядағы қауіпсіздік) атты
еңбегінің бірінші бөлімінде[37] Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздік
құрылымдары, әскери және қорғаныс саласындағы жағдайларын ұлттық және
аймақтық деңгейде қарастырса, екінші бөлімде[38] Ферғана бөктеріндегі
кішігірім қақтығыстарды аймақтағы жаңа қауіптер ретінде көрсеткен. Оның
Қазақстан дамуына қатысты екі бөлімнен тұратын. Осы еңбектерін У.Хальбах
2001 жылғы 11-қыркүйек оқиғасынан кейін толықтырып, Zentralasien in
Bedrängnis (Орталық Азия қысымшылық жаағдайында) еңбегін жарыққа шығарады.
Бұл еңбекте аймақ мемлекеттерінің және аймақтық державалардың орта-азиялық
аймақтағы қауіпсіздік қатерлеріне төтеп беру барысында жолыққан
кедергілерінің себептерін қарастырған[39]. Орталық Азиядағы қауіпсіздік
саласына көп көңіл бөлген У.Хальбах аймақ елдерінің Ресей Федерациясымен
арадағы қатынастары мен олардың эволюциясын қарастыратын Reaktionen auf
die Russlandskrise in den Staaten der GUS[40] (Ресейдегі дағдарысқа ТМД
мемлекеттерінің көзқарасы), Moskaus Südpolitik[41] (Мәскеудің оңтүстік
саясаты), Der nicht mehr postsowjetische Raum[42] (Әлдеқашан посткеңестік
емес кеңістік) атты еңбектерінде сараптамалар жүргізген. Сонымен қатар,
неміс маманы У. Хальбах Орталық Азия елдерінің мемлекеттік қалыптасуындағы
саяси және экономикалық қауіпсіздік мәселелерін өзінің Failing states?:
Nationale, staatliche und ökonomische Festigkeit der südlichen GUS-
Länder[43] (Әлсіз мемлекеттер?: оңтүстіктегі ТМД-елдерінің ұлттық,
мемлекеттік және экономикалық нығаюы) атты еңбегінде қарастырған.
Қазақстанның дамуын Хальбах Kasachstans Entwicklung zwischen Armenhaus und
Schatzkammer атты зерттеу жұмысында жеке қарастырған. Оның бірінші
бөлімінде[44] Қазақстанның экономикалық дамуын қарастырса, екінші
бөлімде[45] Қазақстанның әлеуметтік кедергілерін, саяси мәдениетін және
ұлттық құрылым жайында жазылған. Неміс сарапшысы У.Хальбах Орталық Азиядағы
тұрақсыздыққа әкелетін жаңа дәстүрлі емес қауіптер ретінде есірткі саудасы
және діни экстремизм факторы деп санайды. Зерттеу нысанасына алған бұл
қауіптерді ол өзінің Drogenströme durch den GUS-Raum[46] (ТМД кеңістігі
арқылы өтетін есірткі ағымдары) және Wahhabiten im Kaukasus und in
Zentralasien[47] (Кавказдағы және Орталық Азиядағы вахаббизм), Islam und
Islamismus im postsowjetischen Raum[48] (Посткеңестік кеңістіктегі ислам
және исламизм), Antiterrorismus und Jihad im postsowjetischen Raum“[49]
(Посткеңестік кеңістіктегі антитерроризм және джихад) деп аталатын
зерттеулерінде қарастырады.
Еңбекте Орталық Азиядағы демократиялық дамуларды зерттеуші Б.Эшменттің
Kasachstan auf dem Wege zur Demokratie?[50] (Қазақстан демократиялық даму
жолында ма?), Kirgistan: Von der Insel der Demokratie zum Zentrum der
Anarchie?[51] (Қырғызстан: демократия аралынан анархия орталығына?) атты
монографиялары сарапталынды.
Неміс сарапшыларының ішінде М-К. фон Гумппенбергтің Meinungsfreiheit
und Opposition in Kasachstan[52] (Қазақстандағы сөз бостандығы және
оппозиция), Kasachstan an der Schwelle zum 21. Jahrhundert. Präsident
Nazarbaev zwischen Kollektiverinnerungen und Zukunftsvision[53] (Қазақстан
XXI ғ. тоғысында. Президент Назарбаевтың естеліктері мен келешекті
болжауы), Die Sozioökonomische Entwicklung in Kasachstan[54]
(Қазақстанның әлеумееттік-экономикалық дамуы), Staats- und Nationsbildung
in Kazachstan[55] (Қазақстандағы мемлекеттік және ұлттық құрылым) атты
бірқатар монографиялық еңбектері Қазақстандағы саяси даму жағдайларына
бағытталған. Гумппенбергтің Өзбекстандағы Андижан оқиғаларына байланысты
жүргізген зерттеу жұмысында оқиға нәтижелері аймақ елдері мен батыстық
елдер арасындағы қарым-қатынастың салқындауына алып келді деген қорытындыға
келеді[56].
Орталық Азиядағы саяси жағдайларды зерттеуші, Фридрих Эберт атындағы
қордың бұрынғы байланыстырушысы Р. Круммның Zentralasien: Stabilität um
jeden Preis[57] (Орталық Азия: қандай жағдай болмасын ең алдымен
тұрақтылық) Zentralasien: Kampf um Macht, Energie und Menschenrechte[58]
(Орталық Азия: билік, энергетика және адам құқықтары үшін күрес)
еңбектерінде аймақтың тұрақтылық қауіп-қатерлері баяндалған.
Аймаққа тән қауіптердің ішінде Орталық Азия елдері ядролық қару-жарақ
материалдарын тасымалдау орнына айналды деген тұжырымдаманы А.Варкоч
өзінің Proliferationsrisiko Zentralasien[59] атты мақаласында келтірген.
Неміс дамыту институтының (DIE) ғылыми сарапшысы Й.Гревингхольт
Германияның экономикалық ынтымақтастық және даму бойынша федеративті
министрлігінің тапсырмасы бойынша Орталық Азиядағы Германия мен Еуропаның
қатысуын нақтылайтын алғышарттар жобасын қалыптастыруға қатысады. Жобаның
үлгілерін Гревингхольт 2004 ж. өзінің Krisenpotenziale und
Krisenprävention in Zentralasien[60] (Орталық Азиядағы шиеленістердің
алдын алу мен қақтығыстар ықтималдылығын жою) атты еңбегінде тұжырымдайды,
демек Германия мен Еуропаның орта-азиялық аймақтағы міндеттері
шиеленістердің алдын алу мен қақтығыстар ықтималдылығын жою негізінде
жүзеге асырылмақ. Аталған еңбекте көрсетілген аймақтағы дәстүрлі емес жаңа
қауіптердің негізі әлді мемлекеттілік мен әлді үкіметті қалыптастыру
институттарының тапшылығымен ұштастырады. Осы тұжырымдамасын Й.
Гревингхольт өзінің Staatlichkeit und Governance: Herausforderungen in
Zentralasien und Südkaukasus[61] (Мемлекеттілік және үкімет: Орталық Азия
мен Оңтүстік Кавказ қауіптері) атты еңбегінде бекітеді.
Германияның дамыту саясатында белгіленген орта-азиялық қауіптерді
реттеуде шиеленістердің алдын алу мен қақтығыстар ықтималдылығын жою
жобасы арқылы Германия және Еуропа Орталық Азияда аймақтық қауіпсіздік пен
тұрақтылыққа қолдау көрсетуі қажет, соған сәйкес ЕҚЫҰ құрылымдары мен саяси
диалог құралы іске қосылуы қажет деген ұсыныстар М-К. фон Гумппенбергтің
Die Organisation für Sicherheit und Zusammenarbeit in Europa.
Stabilisierendes Moment in Zentralasien?[62] (Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық ұйымы. Орталық Азияны тұрақтандыру кезегі ме?), А.Зайферттің
Der islamische Faktor und die Stabilitätsstrategie der OSZE in ihrer euro-
asiatischen Region[63] (Ислам факторы және еуразиялық континентіндегі ЕҚЫҰ-
ның тұрақтандыру стратегиясы) атты зерттеу жұмыстарында көрсетілген.
Алайда, Й. Гревингхольт Берлиндегі Гумбольдт университетінде өткен
Орталық Азиядағы тұрақтылықты қалыпттастыруға арналаған дамыту
ынтымақтастығы бойынша Германияның үлесі атты дискуссия барысындағы
баяндамасында аймақта 2001 жылдан бері күтілген қауіптер орын алған жоқ,
соған сәйкес аймақта айтарлықтай қауіп-қатер жоқ деген пікірді
келтірген[64].
Қазіргі кезеңде Германиядағы Орталық Азияны зерттеу шығыстану,
саясаттану мен мәдениеттану саласында біршама мамандар арқылы мынадай
институттарда шоғырландырылған:
• Гумбольдт атындағы Берлин университетінің түркі тіл білімі мен исламтану
институтында И. Бальдауф [65][2].
• Неміс сыртқы саясаты қауымдастығында (DGAP) геосаясат, Каспий өңірі, ТМД
және Орталық Азия елдерінің сыртқы саясаты саласында А.Рар; Неміс сыртқы
саясаты қауымдастығы ғылыми аналитикалық және халықаралық документтер
мұрағатынан тұратын екі бөлімді өзінің “Халықаралық саясат”
(Internationale Politik) журналын шығарады. Ол Германиядағы халықаралық
саяси салада ең ірі кәсіби институт болып табылады. Мәскеудегі неміс
елшілігі тоқсан төртінші жылдан бері орыс тілінде журналдың бір бөлігін
басып шағарады. Сонымен қатар, халықаралық қатынастардың барлық спектрі
бойынша монографиялық және ұжымдық еңбектерді жарыққа шығарады.
• Галле қаласы, Макс Планк атындағы университетінің этнология институтында
қазақ филологиясы бойынша П.Финке;
• Франкфурт университеті түркология және қазақ тілі саласында М.Кирхнер;
• Берлин қаласы, Ғылым және саясат қоры (SWP) құрамындағы “халықаралық
саясат және қауіпсіздік институтында” саясаттану, сонымен қатар Каспий
өңірі, ТМД және Орталық Азия зерттеулерімен У. Хальбах пен А.Шмиц
шұғылданады; Неміс халықаралық саясат және қауіпсіздік институты
негізінен бұрынғы Кельндегі кеңестік бағыттағы Федералды халықаралық және
шығысеуропалық зерттеулер институттың мұрагері.
• Мюнхен қаласындағы Орталық Азияны саяси зерттеу институтында М.К.фон
Гумпенберг;
• Бонн қаласындағы еуропалық интеграция орталығында Қазақстандағы
демократиялық дамулар саласында П.Вичорек;
• Бонн қаласындағы Герман даму институтында Йорн Гревингольт;
• Гамбург университетінің шығыстану институтында Ислам, Таяу Шығыс және
Түрік әлемімен бірге қауіпсіздік мәселелері саласында У.Штайнбах;
Институттың негізгі басылымы “Orient” деп аталады.
• Гамбург университетінің жанындағы ЕҚЫҰ зерттеу орталығында ТМД, Орталық
Азия және Кавказ аймақтарын зерттеу саласында А.Крайкемайер және
А.Зайферт;
Жалпы орта-азиялық зерттеулер Ф.Эберт және К.Аденауер атындағы
қорлармен қаржыландырылады.
Жұмыстың апробациясы. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері мен
қорытындылары автордың ғылыми басылымдарында және халықаралық қатынастар
факультеті деңгейіндегі ғылыми семинар шеңберінде, Мемлекеттік
аттестациялық комиссияның қатысуымен қарастырылған және әл-Фараби атындағы
КазҰУ-нің халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасының
кезекті мәжілісінде талқыланды.
Диссертациялық жұмыстың басым тұжырымдамалары Германия федеративті
республикасының саяси жүйесі, Германия федеративті республикасының сыртқы
саясаты атты арнайы курстарды оқыту үдерісінде апробациядан өтті.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш
бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және ...
қосымшадан тұрады.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Диссертациялық зерттеу жұмысының
негізгі тұжырымдары мен қорытындылары тарих, халықаралық қатынастар,
саясаттану, экономика және социология мамандарына қазіргі халықаралық
қатынастар жүйесін қалыптастыратын үдерістерді сараптауда пайдалы.
Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар үшін Германияның сыртқы саяси
концепциялары мен стратегияларын жобалау тәжірибесіне зерттеу барысында
қолданылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және басқа да
мемлекеттік мекемелері үшін Германияға қатысты сыртқы саяси бағытты жобалау
барысында ұсыныстар ретінде қабылдануы мүмкін. Ғылыми жобаларда, жоғарғы
оқу орындарындағы: Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар мәселелері,
Федеративті Германия Республикасының саяси жүйесі, Федеративті Германия
Республикасының сыртқы саясаты пәндері үшін ғылыми материал ретінде
қолданыла алады.

1. ФЕДЕРАТИВТІ ГЕРМАНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ
1.1 Федеративті Германия Республикасының сыртқы саясатының ерекшеліктері,
мақсаттары, негізгі бағыттары және басымдықтары
Неміс сыртқы саясатының ерекшеліктері. Германия федеративті
республикасының сыртқы саясаты кезкелген мемлекет сияқты оның шетелдермен
экономикалық, саяси, әскери, әлеуметтік-идеологиялық байланыстарының
жүйесін көрсетеді. Ол байланыстар халықаралық жағдайларға, Германияның
әлемдік қауымдастықтағы орны мен рөліне, ішкі саяси даму саяси жағдайларына
байланысты жүзеге асырылады [Губайдуллина, Внешняя политика, 61].
Сыртқы саясатты зерттеу барысында тарихи тәсілді пайдалану үшін онымен
бірге индукция және дедукция әдістерін қолдану қажет болады. Германия
сыртқы кестесін беру үшін ұлттық доминантасымеен қатар, халықаралық
жүйедегі жағдайы қатысушы элементтер болып саналады. Германияның сыртқы
саяси жүйесін қарастыру міндетті түрде оның сыртқы саяси үдерісінің тарихи
дамуындағы негізгі сәттерін объективті және субъективті жағдайларда
ескерумен тығыз байланысты болады.
Федеративті Германия республикасының сыртқы саясаты жүйе түрінде
мынадай бірнеше жүйелік топтарға бөлінеді:
1. Аймақтық құрылымдарына байланысты: Шығыс саясаты, Дамыту
саясаты, еуропалық саясат;
2. Функционалдық мәселелерді топтауға байланысты: атлантикалық
салиқалылық, қаруларға бақылау жүргізу ісі, ЕҚЫҰ және т.б.;
Германияның сыртқы саясаты сияқты оның әрбір топтық жүйелерінің де
өзіндік тарихи эволюциялық басталу нүктелері бекітілген және соған сәйкес
олар өзіндік кезеңдерді қамтиды.
Федеративті Германия Республикасының сыртқы саяси мақсаттары мен соған
сәйкес бағыттарын жетік түсіну және олардың теоретикалық мәнісін ашу үшін
неміс мемлекетінің сыртқы саяси дамуындағы заңдылықтарын, кезеңдері мен
ерекшеліктерін жалпы әлемдік және еуропалық тарих барысында қарастыру
тиімді.
Алайда, қарастырып отырған зерттеу жұмысы тұтастай Германияның жалпы
сыртқы саясатына емес, тек бір ғана бағытына арналғандықтан, сонымен қатар
хронологиялық шеңбердің нақты 1992 – 2009 аралығында белгіленуіне
байланысты біз неміс мемлекетінің сыртқы саяси дамуындағы заңдылықтары,
кезеңдері мен ерекшеліктерінің ішінде тек кейбіреулеріне немесе
диссертациялық зерттеу тақырыбына тиісті тоқталуды жөн көрдік.
Біз қарастыратын Германияның сыртқы саясаты ол оның 1990 жылдардан
басталатын жаңа кезеңі, өйткені бұл кезеңнен бастап Германия өзінің сыртқы
саясатында толық егеменділікке қолы жетеді [Губайдуллина ВПГ, 7-бап].
1990-1991 жж. басынан бастап қайта біріккен Германия Федеративті
Республикасының алдында өзгеріске ұшырау барысындағы халықаралық жүйеде
өзінің орнын, ерекшеліктерін және жаңа келбетін нақтылау мәселесі тұрды.
Федеративті үкімет үшін мемлекеттің келешектегі сыртқы саяси негізін
белгілеу және оны қалыптастыру мақсаты объективті түрде маңызды орын алды,
яғни Германия өзінің тәуелсіз сыртқы саяси максималды мүмкіндіктерін ашуға
ықпал ететін ішкі құндылықтарды басшылыққа ала отырып, жаңа халықаралық
жағдайларда пайда болған өзекті мәселелерді шешуге бағыт алды[66] [3 бет].
Германияның белгілі теоретигі Х.Маулдің тұжырымдауы бойынша, Германия
90-шы жылдардың басындағы бетбұрыстар барысында күрделі мәселелерге
кезікті. Сыртқы саясат өзгерісті жағдайда болды, оның себебі Германия
мемлекетінің өз ішінде, Еуропада, сонымен бірге әлемде саяси өзгерістер
орын алды... [Маул теоретик еңбегінде 3 бет]. Дегенмен де өзінің сыртқы
саясатындағы бірізділікпен ықпал ету жағдайының нәтижесінде Германия 1955
жылдан бастап жүргізген саясатының жетістіктеріне жеткен еді, өйткені ол
кезеңдегі ең негізгі мақсат ол ГДР-ді өз құрамына қосу, елді біріктіру
мақсатына жеткен болатын. Ол жетістіктердің оңай келмегендігі баршаға
әйгілі. Ол мақсатқа жетуде Германия Екінші дүние жүзі соғысынан кейінгі
жағдайлардың нәтижесінде қоғамды батыстық үлгідегі даму жүйесіне қосу,
демократиялық құндылықтарды енгізу арқылы, құқықтық қағидаларды басшылыққа
ала отырып, еуропалық интеграция шеңберінде экономикалық дамуға күш сала
отырып, елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздік жағдайларын қалыптастыруға
тырысты. Ол әсіресе, Федеративті Германия үкіметінің Солтүстік атлантикалық
одақ (САО) және Еуропалық экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) сияқты халықаралық
интституттардың құрылымдарына тартылуынан көрінді. Алайда сол кезеңде
Германияның елді қайта қалпына келтіру және дамыған батыстық елдер қатарына
қосу ұмтылысы іс-жүзіне асқанымен, федеративті үкіметтің сыртқы
байланыстарда дара өзінің еріктілігі болмады, ол сыртқы саяси істерде шешім
қабылдау барысында тек батыстық елдерге тәуелді жағдайда еді. Ол жағдай
түсінікті де, себебі қырғи-қабақ соғысының басталуы да, блоктык
саясаттардың түйісетін жері де Германия территориясы болғандығы баршаға
әйгілі. Дегенмен де батыстық блоктағы саясатта шығыстық блоктағы
саясатқа ықпал етуде, кеңестік жүйеге кіретін елдермен қарым-қатынас
барысында Федеративті Германия үкіметі орынды пайдаланылды және оның ішкі
саясаттары ескерілді. Демек, Федеративті Германия республикасының ГДР-ді
өзіне біріктіру мақсаты жалпы батыстық ықпал ету саясатымен өзара үйлестік
тауып, осы ретте федеративті республиканың ішкі экономикалық дамуы мен
саяси тұрақтылық ықтималдылығы кеңестік бағыттағы Германияға ықпал ету
құралына айналды. Осы бағытта федеративті үкімет еріктілікке ие болды, ол
ең алдымен барлық мүмкін болатын ықпал ету жобаларын қарастырып, шығыстық
саясатты жүзеге асыру үшін кең көлемде қаржы сомасын бөлген болатын.
Алайда, бұл екі Германия елдерінің бірігуі туралы, федеративті
республиканың алғашқы канцлері К.Аденауэр көрегенділікпен былай деп айтып
кеткен еді: ...Германия демократиялық республикасы коммунистік жүйенің
боданы болды, біз бірігуден тартынбаймыз, алайда, екі елдің бірігуі сол
жүйенің түбірімен жойылуының нәтижесінде ғана келеді. Дегенмен де екі неміс
елінің бірігуіне ықпал етуіміз қажет, сол бағытта біз бар күшімізді
салуымыз қажет[67] [91]. Сондықтан да федеративті үкіметтің өз дамуында ең
алдымен саяси-экономикалық тұрақтылықты қалыптастыру мақсатында
демократиялық қағидаларға сүйеніп және құқықтық мемлекеттілікті енгізу
арқылы екінші Германия үкіметіне үлгі болуды, сол арқылы тартымдылық күшін
қалыптастыру арқылы ықпал етуді көздеді.
Сондықтан да федеративті үкіметтің XX-шы ғасырдың 90-жылдардағы
өзгерістер салдарынан сыртқы саясат саласында біраз қауіпті дағдарысқа тап
болғанымен, Германия федеративті үкіметі екі неміс елінің бірігу үдерісінде
салғырттық танытпады, өйткені батыстық Германия бұл жағдайларға бірнеше
жылдан бері дайындалған болатын. Екі елдің бірігуінің барысында қоғамдық
деңгейдегі кері салдарын есептемегенде федеративті үкімет шығыстық
Германияны өзінің батыстық жүйесіне тез қарқынмен саяси-құқықтық және
экономикалық тұрғыда жеңіл кіріктіре алды.
Неміс саясаттанушылардың ортақ тұжырымдамалары бойынша, XX-шы 90-шы
жылдардағы өзгерістер нәтижесінде Федеративті Германия үкіметі XX-шы 49-шы
жылдарында қойылған мақсаттарға қол жеткізді деп санайды. Екі неміс елінің
қосылуына Америка Құрама Штаттары (АҚШ) әуелден қолдады, өйткені ол
үдерісті тежеу американдық көзқараста агрессивті жағдайларға жеткізеді деп
түсіндірілді. Сонымен қатар, еуропалық саясаттанушылар ортасында
Германияны 1945 жылғы заң шарттарымен ұстап тұру немесе негізсіз
федеративті үкіметке күдік келтіру кері нәтижелерге әкеледі деген пікірлер
басым болды. 1989 ж. 10-ақпандағы Г.Коль және Г.-Д. Геншердің Мәскеуде
М.Горбачевпен кездесуі барысында, екі неміс елінің бірігуі туралы ешқандай
талас-тартыс тумайтындығы жарияланып, ол мәселені немістердің өзі
шешетіндігіне жол ашылды.
Екі неміс елінің бірігуінен кейін, Н.В. Павловтың белгілеуі бойынша,
Германия федеративті республикасы еріксіз ұлы держава статусына ие болды,
өйткені елдің экономикалық және ақпараттық-технологиялық қуаттылығына қоса,
федеративті үкімет шексіз сыртқы саяси егемендігін қалыптастыра алды,
нәтижесінде оның үлесінде Еуропадағы қауіпсіздік саясаты және территориялық
статус-кво құқықтарын халықаралық деңгейде қадағалау міндеткерлігі тиді
[Павлов, 271 бет].
Неміс сыртқы саясатының негізгі мақсаттары. Кезкелген мемлекет сияқты
Федеративті Германия Республикасы да өзінің сыртқы саясатында үш мақсатты,
яғни қауіпсіздік, әл-ауқаттылық және тұрақтылықты көздейді[68].
1. Қазіргі жағдайда қауіпсіздік саласының екі түрі бар, яғни жұмсақ
қауіпсіздік және қатты қауіпсіздік. Жұмсақ қауіпсіздік БҰҰ, ЕҚЫҰ, САО
шеңберінде арнайы құрылымдардың келіссөздер үдерісіне қатысуымен шешіледі.
Онда қарастырылатын қауіпсіздік мәселелеріне атомдық, биологиялық,
химиялық, жарылғыш заттардан тұратын қаруларды жою мәселесі және оларға
бақылау жүргізу мәселелері жатады. Кезкелген мемлекет сияқты Германияның да
қауіпсіздік саясатындағы мақсаттары ол – қарусыздандыру мен қарулануға
бақылау жүргізу болып саналады. Оның ішіндегі басымдылық танытатыны –
атомдық қарусыздану, жаппай қыруға арналған қару түрлерінің тарауына тыйым
салу. Осы мақсатты жүзеге асыруда Германия БҰҰ шеңберінде жұмсақ саясат
бойынша келіссөздер жүргізу арқылы көптеген іс-шараларға қатысуда. БҰҰ-дағы
донор мемлекеттер ішінде Германия АҚШ пен Жапониядан кейін үшінші орында
тұр, атап айтқанда ұйым бюджетінің 13% Германияның үлесінде. Сондықтан да
келешекте Германияның ЕО құрылымы негізінде БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне
ұжымдық үлгіде тұрақты мүшелігіне өту ұмтылысы да орынды.
Қатты қауіпсіздік болса, қарулы күштер мен әскерді ашық қақтығыс
барысында қолдану болып саналады. Қазіргі кезеңде күш көрсетудің орнына
әрбір мемлекет өз қауіпсіздігін белгілі бір мемлекетпен немесе мемлекеттер
тобымен ынтымақтастық шеңберінде қамтамасыз ете алады.
Германияның САО-пен ынтымақтасуы мен ұйымға мүшелік етуі оның
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды фактор болып қала береді. Алайда,
осы ретте біраз өзгерістер бар. Біріншіден, САО-тың шығыс елдеріне қарай
кеңею үдерісі. қауіпсіздік және тұрақтылық өрісі Германияның шығыс
шекаралары төңірегімен шектелмеуі қажет, сондықтанда САО-тың кеңею үдерісі
Германия мен ЕО-тың кеңею мүдделерімен үйлесіп жатыр. Екіншіден, САО өзі
ішінара түбегейлі өзгеріске ұшырауда, себебі қазіргі халықаралық жағдайда
сырттан келетін ешқандай басып алушылық қаупі жоқ, оның орнын тек қана САО
елдері территориясынан тыс жерлердегі қақтығыстарды реттеу мен шиеленістер
ықтималдылығын жою мақсаттары алмастырды. Үшіншіден, неміс саясатында қызу
талқыға түскен факт, ол неміс бундесверінің сырт территорияларға шығарылуы
мен қолданылуы. Федеративті Республиканың Негізгі заңында көрсетілгендей,
екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия әскери қақтығыстарға
қатыспайтындығы туралы жариялағаны баршаға әйгілі. Бундесвер қазіргі
халықаралық жағдайларда САО құрамында түрлі аймақтық қақтығыстарды реттеуге
қатысуда, мысалы Оңтүстік Еуропа немесе бұрынғы Югославия құрамындағы
елдерінде, Сомали, Ауғанстан, Өзбекстан және т.б. елдерде.
Қауіпсіздік саласында Германия САО-нан тыс Еуропа шеңберінде қауіпсіздік
және қорғаныс саясатын қалыптастыру мақсатын көздейді. Еуропалық
континентте ешуақытта соғыс жағдайы мүмкін болмайтындай немесе тіпті оның
реті келмейтіндей жағдайға жету үшін саяси тұрғыда бірігу үдерістері
мызғымастай болып бітісуі қажет. Оның мәнісі, өзге державалармен
бәсекелестікте оларға төтеп беруде дара еуропалық елдер тұрғысынан
қарағанда, біржақты дауыста үндесетін саяси ұйым деңгейіне жеткен
біртұтас Еуропа жағдайы әлдеқайда тиімді. Ондай саясатқа жету үшін
еуропалық елдер ұлттық егеменділіктің маңызды атрибуттарынан тартынулары
қажет болады, онсыз нағыз интеграция жағдайы мүмкін емес.
Германияның қауіпсіздік саясатында әрине АҚШ және Ресей Федерациясымен
өзара екіжақты қатынастары да маңызды орын алады. АҚШ-пен қарым-қатынас кем
дегенде САО-тағы күштер мен ынтымақтастықтың саяси тұрғыда еуропалық өзге
елдердің АҚШ-пен қатынастарын қаншалықты жақын құруына тікелей байланысты.
Ал Ресеймен қарым-қатынасында Германия оның қауіпсіздік саласында еуропалық
мәселелерге қатысуы құқығымен толық санасады.
2. Германияның сыртқы саясатындағы елдің әл-ауқатын жақсарту мақсаты
онда өмір сүру деңгейі ең алдымен сыртқы сауда көлеміне тәуелді. Бұл үдеріс
басқа елдермен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Сондықтан да Германия өмір
бойы әлемдік сауданың қалыпты жағдайда қызмет көрсетуіне және бөгде
нарықтарға мүдделіміз. Осы ретте Германия үшін Еуропадағы бірыңғай ішкі
нарықтың маңызын атап көрсету қажет. ЕО-тағы сауда айналымының 65%
Германияның сыртқы саудасының үлесінен келеді. Сондықтан да Германия ЕО-та
ең көп төлемақы беруші болып саналады. Әлеуметтік тұрғыда алдыңғы қатарға
шыққан Германия үшін ғаламдану барысында келетін қауіп ол қозғалыстағы ақша
мен еңбек күші. Германия қазіргі жағдайда өнімді анағұрлым арзан бағаға
өндіретін елдің қысымын көтеруде. Осы жағдайларды ескеретін болсақ,
Германияға тіпті қоғам тұрақсыздығын алдын алу үшін ғаламдану салдарынан
тиетін әлеуметтік жағдайды басқару тиімдірек. Осы ретте Германия өзінің
әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету шараларымен бөгде елдер азаматтары
үшін тартымдылық күшін туғызады. Қазіргі жағдайда Германия миграциялық
саясатты ұстанудың нәтижесінде иммигранттар есебінен өзінің арзанқол жұмыс
күшінің тапшылығын жеңуде.
3. Германияның сыртқы саясатындағы келесі тұрақтылықты қамтамасыз ету
мақсаты Германияның демократиялық құрылымын сыртқы қауіптерден қорғаумен
түсіндіріледі. 2002 ж. Федеративті Германия Республикасының Қазақстандағы
Төтенше және Өкілетті елшісі Андреас Кёртинг ол жайында былай дейді:
Тұрақтылыққа біздің ел тек қана демократия мен нарықытық экономиканы
сақтау арқылы ғана мүмкін, өйткені бұлар экономикалық және саяси тұрғыда ең
тиімді жүйе болып табылады.
Германияның тұрақтылығына төнетін қауіптер оның территориясына келетін
иммигранттар қатарынан күтіледі. Себебі ондай келімсектердің ішінде
халықаралық ұйымдастырылған қылмыс топтары немесе есірткі саудасының
өкілдері болуы ықтимал. Мұндай ұстаным әсіресе Балқан түбегінде орын алған
қақтығыстар қатарынан елден қашуға бекінген босқындардың Германияда қоныс
табуы көріністерінен кейін пайда болды. Себебі, ресми түрде көрсетілген
босқындардың саны 500 мың адам деп берілсе, іс жүзінде Германияға
қоныстанған босқындар саны 1,5-2 млн. адамды құрайды. Сондықтан да
федеративті үкімет өзінің көршілері қатысындағы ұстанымында олардың
құқықтық мемлекет қағидаларына сәйкес келетін ішкі тұрақтылық мен
демократиялық жағдайлардың қалыптасуына мүдделі. Осы ретте Германия өзін
этникалық қақтығыстар немесе саяси қуғындауларға ұшыраған аймақтардағы
шиеленістердің алдын алу мен оларды реттеуге толық құқылы деп санайды.
Қазіргі кездегі дәстүрлі емес қауіптердің, бір мемлекеттің ішкі үдерістері
екінші бір елдің тұрақтылығына ықпал етпей қоймайтындығы белгілі, осы
жағдайларды ескеретін Германияның халықаралық деңгейде адам құқықтарын
қорғау мәселесін көтеруіне шынайы себептер бар. Мәселе бұл жерде тек
идеология жайында ғана емес, сондай-ақ көршілес елдер мен аймақтардағы
тұрақтылықты қалыптастыру Германияның тікелей мүддесі болып саналады. Оның
үстіне, тұрақтылық жеке адамдарға тәуелді болып қалмай, нығайтылған
мемлекеттік құрылым арқылы жүзеге асырылуы қажет. Ал демократия мен
құқықтық мемлекетті қалыптастыру биліктің бейбіт түрде ауысуын қамтамасыз
етеді. Адам құқықтары сақталынбайтын қоғамда күш көрсету әрекеттері басым
келеді, соның нәтижесінде елде тұрақсыздық орнайды, ол өз кезегінде сыртқы
елдердің тұрақтылығына қауіп төндіреді. Демократия мен заңдылықтарды
қалыптастырған мемлекетпен Германияның сауда-экономикалық мүдделеріне
сәйкес келеді, өйткені транспарентті, жемқорлыққа бейімделмеген, басқарылуы
нақтылықты көрсететін мемлекет екіжақты пайдалы экономикалық қатынастарды
дамытуға және неміс инвестицияларын тартуға кепілдік береді.
Сонымен, қауіпсіздік, әлеуметтік әл-ауқаттылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Германия Федеративті Республикасының Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси концепцияларының негізінде орталық азиялық бағытының басымдылықтарын көрсету
Германияның Орталық Азиядағы саясаты (92-2009 жж.)
Федеративті Германия Республикасының сыртқы саясатындағы Орталық Азия
Қытай мен Ресейдің Орталық Азияға қатысты саясатының қалыптасуы және кезеңдері
Қытайдың сыртқы саясатында Орталық Азияның геостратегиялық маңызы
Қытайдың Орталық Азияға қатысты саясаты
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы
Қазақстан-Германия қарым-қатынастары
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Азиялық өндіріс
Пәндер