Delphi-де тест бағдарламасын құру



КІРІСПЕ
1 БӨЛІМ. ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
1.1 Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі бағыттары
1.2 Тест туралы жалпы түсінік
1.3 Компьютерлік тесттерді құру технологиясы
2 БӨЛІМ. DELPHI ОРТАСЫНДА ТЕСТІЛЕУ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚҰРУ
2.1 Delphi бағдарламалау ортасы
2.2 Delphi ортасында дайындалған тест бағдарламасы және құрылымы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісті ақпараттандыру мәселесі маңызды болып саналады. Компьютерді оқыту жүйесіне енгізуде оқылатын теориялық материалдардың қандай да бір бөлігін машиналық бағдарламаға ауыстыру мүмкіндігі пайда болды және де бұл жағдайда оқу материалының мазмұны мен құрылымында өзгеріс болады. Білім алушыға компьютермен жұмыс барысында мынадай бағыттарда жұмыс жасай алады:
• компьютерлік оқу бағдарламаларымен танысу;
• бақылау жұмыстарын орындау.
Бақылау жұмыстың кең тараған түрі – тест әдісі болып табылады. Тест – білім алушы білімін, іскерлігі мен дағдысын тексеретін немесе білім алушы білімінің белгілі бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексеретін стандартталған тапсырмалар жиынтығы. Тестілеу әдісінің кеңінен таралуына, тестілеу нәтижелерін мейлінше тез және сапалы түрде өңдеп шығаруға компьютерлердің үлкен септігі тиері сөзсіз. Оқыту бағдарламаларын тез әрі тиянақты құрастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалау жүйесі оқу үрдісінде білім алушылардың білімін бағалауда компьютерлерді кеңінен қолдануға жол ашады.
Курстық жұмыстың қойылымы:
Бұл курстық жұмыста білім деңгейін тексеруде Delphi бағдарламалау ортасында қолданылатын көп деңгейлі, әмбебап тест бағдарламасын құру тапсырылған еді. Осыған байланысты курстық жұмыс келесі мәселелерді зерттеуден тұрады:
• компьютерлік тесттің маңыздылығы, түрлері;
• компьютерлік тестке қойылатын талаптар;
• компьютерлік тесттерді құру технологиясы;
1. Ананьев А, Федоров А, Самоучитель Delphi76.0. – СПб.: Питер, 2010.
2. Андерсон Т. Delphi7«Шаг за шагом». – Москва, 2010.-223 б.
3. Браун С. Delphi7. Учебный курс. – СПб.: Питер, 2010.-574 б.
4. Бейсенова Г. Қазақстан мектебі: Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі.-№6, 2011
5. Волченков Н.Г. Программирование на Delphi76.0 : В 3-х ч.-М. Инфра – М, 2011. - 280 б.
6. Перри Г., Хеттикева С. Delphi76.0: Перевод с англ. – М.ЗАО «Издательство БИНОМ» , 2010. - 384 б.
7. Ғылыми-әдістемелік журнал. Информатика и образование.- №2, 2012.
8. Ғылыми-әдістемелік журнал. Информатика негіздері.- №1, 2012; №2, 2012, №6, 2012 , №20, 2012 .
9. Мак-Манус Д.П. Обработка баз данных на Delphi76.0.М, С-П, Киев, 2010. - 396 б.
10. Сафронов И. Delphi7 в задачах и примерах. - СПб.: Питер, 2007.
11. Хальворсон М. VISUAL BASIC-2005 «Шаг за шагом», 2010.
12. Культин Н. Delphi7 Освой на примерах.- СПб.: Питер, 2012.
13. Microsoft Delphi7 «Шаг за шагом». – М.: ЭКОМ, 2012.
14. Мұратәлиева Н.Жаңа формациядағы ұстаз, оның кәсіби мәдениеті.-№3, 2013.
15. Халықова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі.-Алматы, 2013.-196 б.

КІРІСПЕ

Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі
арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісті
ақпараттандыру мәселесі маңызды болып саналады. Компьютерді оқыту жүйесіне
енгізуде оқылатын теориялық материалдардың қандай да бір бөлігін машиналық
бағдарламаға ауыстыру мүмкіндігі пайда болды және де бұл жағдайда оқу
материалының мазмұны мен құрылымында өзгеріс болады. Білім алушыға
компьютермен жұмыс барысында мынадай бағыттарда жұмыс жасай алады:
• компьютерлік оқу бағдарламаларымен танысу;
• бақылау жұмыстарын орындау.
Бақылау жұмыстың кең тараған түрі – тест әдісі болып табылады. Тест –
білім алушы білімін, іскерлігі мен дағдысын тексеретін немесе білім алушы
білімінің белгілі бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексеретін стандартталған
тапсырмалар жиынтығы. Тестілеу әдісінің кеңінен таралуына, тестілеу
нәтижелерін мейлінше тез және сапалы түрде өңдеп шығаруға компьютерлердің
үлкен септігі тиері сөзсіз. Оқыту бағдарламаларын тез әрі тиянақты
құрастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалау жүйесі оқу үрдісінде білім
алушылардың білімін бағалауда компьютерлерді кеңінен қолдануға жол ашады.
Курстық жұмыстың қойылымы:
Бұл курстық жұмыста білім деңгейін тексеруде Delphi бағдарламалау
ортасында қолданылатын көп деңгейлі, әмбебап тест бағдарламасын құру
тапсырылған еді. Осыған байланысты курстық жұмыс келесі мәселелерді
зерттеуден тұрады:
• компьютерлік тесттің маңыздылығы, түрлері;
• компьютерлік тестке қойылатын талаптар;
• компьютерлік тесттерді құру технологиясы;
• Delphi бағдарламалау ортасында құрылған көп деңгейлі әмбебап
компьютерлік тест түріндегі қосымша құру.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
• білім алушылардың білімін тексерудегі көп деңгейлі компьютерлік тест
бағдарламасының алатын орнын ашып көрсету;
• тест бағдарламасының әмбебаптығын көрсету.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері, әдістері:
• болашақта білім алушылар мен білім алушылар білімін тексеріп, бақылауда
тест әдісінің кеңінен қолданылуына жол ашу, білім беру жүйесіндегі
компьютердің алатын орнын, маңыздылығын анықтауға өз үлесімізді қосу;
• компьютерлік тесттерді типтерге жіктеуді, оларға қойылатын талаптарды
қарастыру, зерттеу;
• білімді тексеруде олардың алатын орнын анықтау;
• көп деңгейлі компьютерлік тест бағдарламасын құру;
• бағдарлама жазылған Delphi7 бағдарламалау тіліне сипаттама беру.
Курстық жұмыстың практикалық маңыздылығы:
• тест бағдарламасының әмбебаптығы, яғни кез-келген пән бойынша
жүргізіле беретіндігі;
• бағдарламаның білім алушыларды өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру,
ойлау қабілеттерін дамыту мақсаттарына бағытталуы;
• бағдарламаның қолдануға тиімді, қарапайымдылығы, есте сақтау қабілетінің
күшеюі.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Соңынан қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымша беріледі.
Бірінші бөлімда оқу үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану
мүмкіндіктері туралы жазылған. Екінші бөлімда қосымша құруға қолданылған
бағдарлама Delphi ортасында дайындалған тестілеу бағдарламасының құрылымы
мен қолданылуы жазылған.
1 БӨЛІМ. ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
МҮМКІНДІКТЕРІ

1.1 Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың
негізгі бағыттары

Қазіргі технологиялар ақпараттың кез-келген көлемін орналастырудың,
сақтаудың, өңдеудің және кез-келген қашықтықтарға тасымалдаудың шексіз
мүмкіндіктерін береді және оларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту
материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өздігінен оқып
үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Мұндағы айтып отырғанымыз–оқытуға
арналған материалдың мазмұнын таңдау ғана емес, оқытылатын материалдың
құрылымдық жағынан ұйымдастырылуы, оқытуға автоматтандырылған оқыту
бағдарламаларын енгізу ғана емес, интерактивті ақпараттық орта жасау және
барлық танымдық үрдістердің өзара байланысын, біртұтас қызмет істеуі және
соларды басқара білу болып табылады. Басқаша айтқанда, оқыту ісінің
тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену үрдісін тиімді
ұйымдастыру мен пайдаланылатын материалдардың сапасына тәуелді болады.
Осындай оңай іске аса қоймайтын мәселелерді шешу педагогтардың күннен-
күнге тасқындап бара жатқан ақпараттар ағынының көбеюі кезінде мәліметтерді
бейнелеу, іздеу және өңдеу тәсілдерінің қазіргі деңгейінде жұмыс істей
білуіне дайындығына байланысты болып отыр. Педагогтардың жаңа ақпараттық
кеңістікте жұмысқа дайын болуы, олардың көзқарастарының алдыңғы сатыға
көтерілуі білім беру ісінің жаңа формалары мен технологияларын жасау мен
соларды өмірге енгізуінің басты шарты болуы тиіс [10, 12-16].
Кез-келген ғылым өз саласында қолданылатын терминологиялық аппаратқа
көп көңіл бөлуі қажет. Ақпараттық технологиялар өте тез дамып келеді. Бір
жағынан, ол көптеген түсініктердің тұрақты бола алмауын көрсетсе, екінші
жағынан, осындай динамизм бұрынғы тұрақты деп саналатын түсініктерді қайта
қарап, соларды толықтыруды талап етеді. Білім саласындағы ақпараттық
технологияларды қарастыру кезінде ғылым тілінің осындай проблемалары өте
өзекті мәселеге айналып отыр. Енді жиі пайдаланылатын бірсыпыра
түсініктердің мағынасын ашуға тырысайық, олар:
• оқыту технологиялары;
• оқытудың қазіргі ақпараттық технологиялары;
• оқытудың интерактивті режимі;
• оқытудың компьютерлік технологиялары;
• мультимедия технологиялар;
• ақпараттық білім ортасына байланысты түсініктердің әр түрлері.
Білімді ақпараттандыру – оқыту мен тәрбиелеу ісінің психологиялық –
педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыру бағытында білім беру саласын қазіргі
кездегі жаңа ақпараттық технологияларды жасау және пайдалану жұмыстарының
теориясы мен практикасын қамтамасыз ету үрдісі.
Қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологиялар – қазіргі компьютерлік
техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін
қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі
техникалық құралдар жиыны. Ақпараттық технологиялардың жиі кездесетін осы
анықтамасын біз де пайдаланамыз.
Оқытудың қазіргі кездегі ақпараттық технологиялары – қазіргі оқыту
технологиясын интерактивті бағдарламалық – әдістемелік сүйемелдеумен
қамтамасыз ететін қазіргі компьютерлік техника, телекомуникациялық байланыс
құралдары, инструментальдық бағдарламалық құралдар жиыны.
Оқыту ісіндегі қазіргі ақпараттық технологиялардың негізгі міндеттері
- танымдық әрекеттерді басқару үрдісі мен қазіргі ақпараттық білім
ресурстарына қол жеткізудің интерактивті ортасын жасау ісі болып табылады
[10, 22-34].
Ақпараттандыру үрдісінің әсерімен жаңа қоғамдық құрылым қалыптасуда.
Қоғамды ақпараттандырудың маңызды бағытының бірі – білім беру ісін
ақпараттандыру – бұл жаңа ақпарат құралдары мен әдістерін, дамыта отырудың
идеяларын жүзеге асыруға оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін бір-
бірімен тығыз байланысты өрістетуге және олардың тиімділігі мен сапасын
көтеруге, жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайында өмір сүруге дайындауға
пайдалану деген сөз.
Бүгінде ақпараттық – білімдік желі құру жұмысы басталды, оған еліміздің
негізгі фирмалары – Қазақтелеком мен Алси қатысады. Бұл желінің негізгі
міндеті білім беру үрдісі болатыны сөзсіз. Әрбір деңгейге және тұтас
алғанда бүкіл білім беру жүйесіне кеңінен қол жеткізетін ақпараттық қарым
–қатынастық технологияның барлық мүмкіндіктерін еркін пайдаланады.
Екінші ерекшелік – басқару. Елдің бүкіл білім беру желісін жүйелеу
барысында басқарылатын біртұтас ақпараттық кеңістік қалыптастырылады.
Басқаша, айтқанда Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің ашық
ақпараттық инфрақұрылымы жасалды.
Үшінші ерекшелік – бұл желінің әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге
бағытталуы, яғни виртуальды және халықаралық қауымдастықтар, білім беру
сипатындағы корпорациялар құру т.с.с. Бұл жерде ішкі және сыртқы
ресурстарды қорғау мен сақтандыру шаралары ескерілген [10, 40-55].
Ең соңында, бүкіл ақпараттық – білімдік желіні орталық телекоммуникация
орталығы басқарады, оны қалыптастыру қолға алынған. Орталық ақпараттық
білім беру ресурстарының деректер базасын қалыптастырып, Білім және ғылым
министрлігінде орналасқан.
Ақпараттық технологиялар дәуірі – объективті мәні бар үрдіс, ол адам
мүліктерін толық жүзеге асыруға жол ашады. Ал, оларды қолдану адам
бойындағы қабілетті дамыту негізінде қоғамның алға басуына үлкен ықпал
етеді.
1.2 Тест туралы жалпы түсінік

Жалпы тестті – база мәліметтеріндегі білім алушылардың және басқа
да оқу орындарының әр түрлі пәндерден білімін бақылау бағдарламасы
деп қарастыруға болады.
Жалпы тестке мына тапсырмаларды кірістіруге болады:
• біріншіден, білім алушыларды бақылау және бақылау тестілеуін
әр түрлі пәндерден білім алушыларға жүргізу бағдарламасы;
• екіншіден, жаңа тест құру бағдарламасы;
• үшіншіден, мектеп курсындағы пәндер бойынша: геометрия,
физика, орыс тілі, информатика, ОБЖ, сонымен қатар жоғарғы оқу
орындарындағы пәндер бойынша: бағдарламалау, алгебра, математика және т.б
пәндер бойынша тесттер жиынтығы.
Тестілеу қиын жүйенің ашық көрсетілген белгілеріне ие.
Тестілеу – құрылымдық жүйеге сәйкестендірілген қысқа сұрақтар мен
тапсырмалар жүйесі, жауап іздеуді уақыт бойынша шектеу және білім
алушылардың сандық әрі сапалық жеке айырмашылығын белгілеуге, білім
алушы мен оқытушы жетістігін айқындайтын жүйе. Тестілеу сынақтамалық
тапсырмалардан тұрады – оқулық сұрақтары, міндеттер, мәселелік
жағдайлар.
Тестілеу мен сынақтаудың негізгі мақсаттары мен функциялары:
1. Ақпараттық – оқытуды жүйелі тұрақтандыру және талдау нәтижесі,
профиль құру, білім кесілімдері.
2. Диагностикалық – жинақталған ақпарат негізінде оқытудың бейімделу
әдістемесі.
3. Білімділік – білім алушылардың білімдерін бекіту және тереңдету,
дағды мен икемін қалыптастыру.
4. Мотивациялық – білім алушыларды білім алу, икем, дағды бойынша әрі
қарай күш салуға, өз бетімен оқу технологиясын меңгеруге – жоғары
білім формасына ынталандыру.
5. Аттестациялық – білім алушы мен оқытушыларда білім, икем, дағдыға
оқып үйретуде (өзі оқып үйренгенде) алынған сандық, сапалық
деңгейі сипатын анықтау.
Тестілеу мен сынақтаудың сапасын жетілдіру ережелері:
1. Тестілеу – ақпараттық сенімді болу керек. Ақпараттық сенімді –
тестілеу шамасы білім, икем, дағды өлшеміне сәйкестілігі, оны
тексеру үшін арнайы мәтін әзірленген, оқыту бағдарламасы мен
қалыпқа шара сәйкестігі, сонымен қатар тестілеу нәтижесіне
сәйкестігі. Бұл барынша маңыздырақ, кешенді сипаттама, өйткені ол
тестілеудің құралдық дәлдігін көрсетеді.
2. Тестілеу керекті және жеткілікті деңгейде күрделі болу керек.
Күрделілік – бұл ой күші шарасы, жауап таңдауды талап етеді. Жиі
бұл шара дұрыс емес жауаптар үлесі ретінде тестілеу алынғандар
тобындағы тапсырма жауаптары кезінде анықталады.
3. Тестілеу объективті және сенімді болу керек. Сенімділік – дұрыстық
шарасы және тестілеуде білім алушы білімі деңгейінің балама
көрсетілімі. Сенімді тестілеу әр топтағы білім алушылардың және
әрбір топтағы білім алушының тең құқын қамтамасыз етеді.
4. Тестілеу тұрақты болу керек. Тұрақты тестілеу – бұл сенімділікті,
ақпаратты сенімділікті тестілеу басқаға ауыстырғанда, осыған ұқсас
ортаға ауыстырғанда сақтау шарасы, әртүрлі топтағы білім
алушылардың тестілеуінің тең мағыналылығы мен бірыңғайлылығы
шарасы. Тестілеуде тестілеу қабілеттілігі кейбір берілген баға,
балл жүйесін (шәкілде) оқу жетістігі нәтижесін дәл көрсетеді.
5. Тестілеу – көрнекті болу керек. Тестілеу көрнектілігі (немесе
тестілеу базасында) – оқытуда әртүрлі деңгейдегі тестілеу
көрсетілімі оқулық материалындағы тапсырмаларды, бағдарламаларды
толық қамту шарасы.
6. Тестілеу мәнді және дискриминантты болу керек. Тестілеу мәнділігі
– тестілеуге негізгі білімді ендіру қажеттілігі және көкейтесті
шарасы. Тестілеудің дискриминанттығы – оқытудың жоғары немесе
төменгі деңгейіне қатысты тестілеушілерді саралау.
7. Тестілеу ақиқат, ғылыми, қарама - қайшылықсыз болу керек.
Тестілеудің рас, ғылыми, қарама - қайшылықсыздығы - тестілеудің
шыншылдығы, байланыстылығы, қазіргі жағдайдағы ғылым мен
технологияға сәйкестік шарасы. Тестілеу тапсырмасының өзара (іштей
байланыстылығы), осылай және басқа да тестілеумен (сырттай
байланыстылығы) байланыстылығын қамтамасыз ету.
1 – 7 ережелер жалпы жүйелі болып келеді.
8. Тестілеуді тестология талаптарына толығымен сай келтіріп оқытушы
- әдіскер әзірлеу керек. Тестология туралы негізгі мәліметтер мен
түсінектер 1 ережеде айтылған.
9. Тестілеу тапсырманы анық әрі түсінекті болып берілуі тиіс, екі
ойлы түсінікті жіберуге болмайды, дұрыс жауап беруге мынадай
принцип жұмыс жасайды: Егер тапсырма оңай оқылса, онда түсінуге
де оңай, тестілеу тапсырмасына бөлінген уақыт, сұрақтың шартын
түсінуге емес, жауабын іздеуге жұмсалу керек. Тапсырманы бір
сөйлем түрінде жазуға тырысу керек.
10. Тестілеудің әрбір тапсырмасы функционалды аяқталған, яғни нақты
білім, икем, дағдыны тексеру керек.
11. Тестілеу тапсырмалары таңдағанда және тестілеу тапсырмаларының
өзі қиындық, деңгейі барлық диапазонда өзгеруі информативтік болу
керек, тек қана оның жеке бөлімшелерінде емес.
12. Барынша 5 - 20 сөзден тұратын сөйлем түрінде жай, бірақ
грамматикалық дұрыс ақиқаттағы тапсырма түрін пайдаланған дұрыс.
13. Қатаң емес сөздерді сирек қолдану, мысалға кейде, жиі,
барлық кезде, барлық, ешқашан, үлкен, үлкен емес, кіші,
көп, азырақ, көбірек және грамматикалық айналым түрінде
Неліктен бұлай істей алмайды..., Шын ба, ол..., Мүмкін
бе..., екі қайтара жоққа шығару, кванторлардың жоққа шығаруы
және т.б. (егер тестілеу тапсырмасы олардың түсінуіне есептеліп
жасалмаса).
14. Жауаптар сұрақтың шарты бойынша 2 – 3 негізгі сөзден тұру керек.
15. Жауаптардың формасы және ұзындығын бірдей құрған дұрыс [2, 15-
21].
Тестілеуде сапасын жетілдіру ережелері неғұрлым көп болса, онда
тестілеу жақсы жауаптарға жақын болады.
Ашық жауапты тесттер.
Ашық жауапты тесттер білім алушыларға өз білімін толық көрсетуге
мүмкіндік береді. Мұндай сұрақтар қысқа бір–екі жол немесе бірнеше жол,
шағын мәтін түрде жауап беруді талап етеді. Ашық жауапты тесттер білім
алушыға осы тақырып бойынша өткен барлық материалдарды есіне түсіруге, ойша
жауап дайындауға, содан соң оны жазбаша түрде көрсетуге итермелейді. Мұндай
сұрақтар білім алушыға білімін оқыту мақсаттарының жүйесіне қарай (талдау,
жинақтау, бағалау) жоғары деңгейде бағалауға мүмкіндік береді. Ашық жауапты
тесттердің артықшылықтары мыналар:
• жоғары сенімділік (білім алушыға дұрыс жауапты оңай біле алмайды);
• жоғары тиімділік (білім алушыға оқу курсы бойына алған білімін толық
қоса алады);
• оқу қабілеттерін арттыруға ықпал етеді, бағыт береді.
Ашық жауапты тесттердің осындай артықшылықтарына, олар электрондық
оқулықтың материалдарында сирек қолданылады. Өйткені олардың кең
қолданысқа ие болуына тосқауыл болатын маңызды кемшіліктер бар, атап
айтқанда:
• Білім алушыға жауабын бағалау формасын алдын –ала дайындап алу қиын;
• бағалау нәтижесі білім алушыларының қаншалықты жазбаша тілді жақсы
білетіндігіне байланысты. Өз тілін дұрыс білмейтіндер үшін өте
қолайсыз шарт болып табылады;
• жауаптарды қолмен тексеру барлық кезде сенімді емес. Мұғалім көп
білім алушылардың жауабын тексере отырып, барлық уақытта бағалау
критерийлерін қатаң сақтай бермейді;
• ашық сұраққа жауап беру салыстырмалы түрде көп уақыт қажет етеді
(бұлай ету тексерілетін білім көлеміне шек қояды);
• білім алушы нақты тақырыптан ауытқып, тым ұзақ, көп сөзді мәтін
дайындауы мүмкін (егер сұрақты құрастырушы жауап көлеміне шек қоймаса
немесе қандай пункттерді ашу керектігін нақты көрсетпесе).
Көптеген тест құрушылардың ойынша, ашық жауапты тесттерді ерекше
жағдай болмаса қолданбаған дұрыс. Алайда бұлай деген сөз ашық жауапты
тесттер электрондық оқулық материалдарында мүлдем қолданылмайды дегенді
білдірмейді [2, 40-45].
Ашық жауапты тесттерді электрондық оқулық материалдарын жасауда сәтті
қолдануға болады. Оларды дайындау барысында төмендегідей тәртіпті
басшылыққа алған жөн:
1. сұрақ қоймас бұрын, білім алушыларға олардың алдында тұрған міндетті
түсіндіріп алыңыз;
2. ашық жауапты тесттер үшін таңдалып алынған тапсырманың дұрыс
қойылғандығын көз жеткізіп алыңыз, білім алушыларға олардан не керек
екендігін көз алдына келтіруге мүмкіндік беріңіз;
3. білім алушылардың өз жауаптарын дәйекті дәлелдер келтіріп, дәлелдеуін
талап етіңіз;
4. жауап дайындауға жетерлік уақыт (минутпен) беріңіз және жауап көлемін
(жолмен) көрсетіңіз. Жауапты қысқа беруді талап етіңіз. Өйткені қысқа
жауап білім алушылар ойын жақсы қалыптастырады;
5. білім алушылар жауабын бағалау критерийін дайындаңыз: дұрыс жауап
құрамында болуы керек негізгі кілт сөздермен сөйлемшелерді, идеяларды
жазып қойыңыз: әрбір дұрыс жауаптың қанша балл жинайтындығын
(тұратындығын) көрсетіңіз.
Критерийлер дайындау – ашық жауапты тесттермен жұмыс жасаудың барынша
нәзік бөлігі (өте шебер дайындалуы тиіс). Критерийлерді дұрыс сипаттау
ашық тест жауабын әділ бағалауға мүмкіндік береді, сұрақ жауабын бағалау
кезінде білім алушы мен оқытушы арасында болатын өзара түсініспеушілікке
жол бермейді [2,25-30].

1.3 Компьютерлік тесттерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Программалар коды терезесі
Delphi ортасында тестілеу бағдарламасын құру жобасы
Электрондық оқулықтың құрылымы
Тест - үлгерімді бақылау формасы
Delphi ортасында тест бағдарламасын құру
Delphi бағдарламалық ортасында «Pascal бағдарламалау тілінде файлдармен жұмыс істеу» электрондық оқу құралынжасап шығару
Paradox берілгендер қоры
Тест тапсырмаларын қалыптастыру және толтыру
Delphi объектілі бағдарлы бағдарламалау тілінің мүмкіндіктері
Тест бағдарламасын құру
Пәндер