Адамның әлеуметтік мәртебесі: сөйлеу әдебінің ерекшеліктері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Адамның әлеуметтік мәртебесі әлеуметтік лингвистика категориясы ретінде

1.1 Зерттеудің метатілдік негізін анықтау: тілдік тұлға, тіл беделі, әлеуметтік мәртебе, әлеуметтік рөл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Психофизиология мен әлеуметтік себептердің адамдардың сөз қолданыстарындағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
1.3 Тұлғааралық қатынастың әлеуметтік лингвистикалық ерекшеліктері: сөйлеу әдебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27


2. Түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің сөйлеу әрекеті

2.1 Әлеуметтік лингвистикалық зерттеудің теориясы мен тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
2.2 Ассоциативті тәжірибенің процедурасы және нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .70
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .72

Қосымша 1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76
Қосымша 2 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... . 78
Қосымша 3 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..88
Қосымша 4 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..90

Резюме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 92
Зерттеу тақырыбы: Адамның әлеуметтік мәртебесі: сөйлеу әдебінің ерекшеліктері

Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Тіл білімінде қарым-қатынас процесі және оның әлеуметтік-мәдени жақтарын қарастыру көкейкесті мәселелердің бірі. Сөйлеу әрекетінің ұлттық-мәдени ерекшеліктері әдеп формаларымен байланысты болғандықтан, зерттеуіміздің өзектілігін адамдардың әлеуметтік мәртебесінің қарым-қатынас пен сөйлеу әдебіне әсері анықтайды.

Зерттеудің мақсаты.
Адамның әлеуметтік мәртебесін қоғамның мәдени контексін, адамның сөйлеу әрекетінің қалыптасуы мен қызметін әлеуметтік лингвистикалық аспектіде қарастыру.

Зерттеу міндеттері:
1. әлеуметтік лингвистика жүйесіндегі адамның әлеуметтік мәртебесі мен әлеуметтік рөлі ұғымдарының орнын сипаттау;
2. зерттелетін мәселеге қатысты отандық және шетел ғылымындағы көзқарастарды саралау;
3. коммуниканттардың сөйлеу әдебін тиімді модельдеуін (қарым-қатынас нормасы, сөйлеу әдебі) сипаттау;
4. әлеуметтік мәртебе мен сөйлеу әдебіне байланысты ассоциативті тәжірибе, сауалнама жүргізу және таспаға жазған материалдардың әлеуметтік белгілерін көрсету;
5. адамның әлеуметтік мәртебесіне байланысты сөйлеу әрекетін қазіргі ғылыми зерттеулердің контексіндегі болашағын белгілеу;
6. тіл беделі мәселесін қазақстандық өзгеріс үстіндегі қоғамда қарастыру.

Зерттеу пәні: лингвоәлеуметтік қауымдастық.

Зерттеу нысаны: адамдардың әлеуметтік мәртебесін білдіретін сөйлеу әдебіне байланысты тілдік бірліктер.

Зерттеу әдіс-тәсілдері. Жұмыста тілдік факторларды белгілеуде негізге алынған сипаттамалы мен байқау әдістері, әлеуметтік мәртебеге байланысты сөйлеу әдебін нақтылау үшін ассоциативті эксперимент, материалдарды жаппай іріктеп жинақтау, топтастыру, сандық тәсілдері қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
Адамның әлеуметтік мәртебесінің әсеріне қатысты сөйлеу әрекетіне кешенді (лексика, тіл беделі мен тіл таңдау, прагматикалық ерекшеліктері) талдау жасалды. Адамның сөйлеу әрекетіне жасалған сипаттама қазақтың әлем бейнесін ашатын қырлар зерттеу тақырыбының жаңалығы болып табылады.
1. Қазақ тілі. Энциклопедия. – Алматы, 1998
2. Юсселер М. Социолингвистика. – Киев: Вища школа, 1987
3. Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі. – Алматы: Мектеп, 1983
4. Караулов Ю.Ю.Русский язык и языковая личность. – Наука, 1987
5. Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі// Сулейменова Э.Д., Шәймерденова Н.Ж., Смағұлова Ж.С. – Астана: «Арман-ПВ», 2008
6. Социолингвистика: Материалы для лекций и семинарских занятий/ Сост. Дьячков М.В. – М.: АПКиПРО, 2002.
7. Беликов В.И., Крысин Л.П. Социолингвистика. – Москва, 2001
8. Meyerhoff M. Introducing Sociolinguistics. London and New York, 2006
9. Ануфриев Е.А.Социальный статус и активность личности. М.: Издательство Московского университета, 1984
10. Әбсаттаров Р. Әлеуметтік мәртебе дегенді қалай түсінеміз?// Ақиқат №5, 2008
11. Карасик В. Язык социального статуса. –М: «Гнозис», 2002
12. Мұхтар Д. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың әлеуметтік варианттылығы. – Алматы, 2009
13. Гамперц Дж. Об этнографическом аспекте языковых изменений// Новое в лингвистике. Вып. VII. Социолингвистика. – М.: «Прогресс», 1975
14. Әлеуметтану оксфорд сөздігі. Алматы: ЖШС Қазақстан баспа үйі, 2002
15. http:\\www. vuzlib.net\beta3\html\1\26235\26256
16. Швейцер А.Д. К проблеме социальной дифференциации языка// Вопросы языкознания. - М., 1982, № 5
17. Мечковская Социальная лингвистика. М: Флинта: Наука, 1999
18. Платонов Ю.П.// http:\\www.rb.ru\inform\88227.html
19. Шоқым Г.Т.Қазақ тіл білімінің гендерлік тұғыры. – Алматы, 2007
20. Сагатова С.С. Разноименность возрастных и ролевых номинаций в системе «человек-адам». Диссертация на соискание ученой степени кандидата филологических наук. – Алматы, 2005
21. Абишева К.М. Социально-языковая контактология. – Алматы, 2001
22. Ибраева Ж.К. Современный политический дискурс в Казахстане: специфика институциональности//Активные процесы в различных типах дискурсов: политический, медийный рекламный дискурсы и интернет-коммуникация. – М.: Ярославль, 2009
23. Аристова Н.С. Социальный статус коммуникантов и его отражение в речи//Язык в современных общественных структурах (социальные варианты языка-IV): Материалы международной конференции 21-22 апреля 2005 года. Нижний Новгород: Нижнегородский государственный лингвистический университет им. Н.А.Добролюбова, 2005
24. А.В.Мудрик Социализация человека. Москва: Academia, 2004
25. Джон Кортни Грилвуд Мужчины и женщины действительно разные // Караван, 8-марта, 1996 г.
26. Кон И.С. Половые различия и дифференциация социальных ролей. // Соотношение биологического и социального в человеке. – М: "Политиздат", 1975
27. Мамаева Г. Ерлер мен әйелдердің сөз қолданыстарындағы ерекшеліктер. канд. дисс. Алматы, 2003
28. Сычев А., Почему мужчины и женщины мыслят по разному// Известия. 21 апрель, № 74, 1995
29. Этинген Л. Мифологическая анатомия. М. : ИОИ, 2006г.
30. Жинкин Н.И. Речь как проводник информации. М.: Наука, 1982
31. Хасанулы Б. Языки народов Казахстана. – Алматы: Арда, 2007
32. Байғұтова А. «Қазақ әйелі» концептісінің этномәдени сипаты. канд. дисс. Алматы, 2008
33. Сейсенова А.Д. Лингвистикалық мәдениеттану: Этикет формаларына салыстырмалы талдау. Кандидаттық диссертация авторефераты, 1998
34. Педагогическое речеведение. Словарь-справочник// Под.ред. Т.А.Ладыженской, А.К.Михальской, сост. А.А.Князьков. – М: Флинта: Наука, 1998
35. Ларина Т.В. Категория вежливости и стиль коммуникации: Сопоставление английских и русских лингвокультурных традиций. – М: Языки славянских культур, 2009
36. Языковая картина мира и системная лексикография// В.Ю.Апресян, Ю.Д.Апресян, Е.Э.Бабаева и т.д. – М: Языки славянских культур, 2006
37. Оразгалиева Г.Ш. Речевой этикет в этнолингвистическом аспекте. – Караганда, 2005
38. Формановская Н.И. Речевой этикет и культура общения. М.: - Высшая школа, 1989
39. Қобланова А. Қазақ сөз этикеті. Кандидаттық диссертация. -Алматы, 1993
40. Игісінова А. А. Мектеп оқушыларының сөз мәдениеті. Канд. дисс. –Алматы, 1998
41. Бейсенбаев А. Әдептілік әлемі. –Алматы: Жалын, 1982
42. Уәлиев Н. Қазақ тілі – қандай тіл? //Тілтаным. Алматы, 2004. N3
43. Уәлиұлы Н. Сөз мәдениеті. Алматы: Мектеп, 1984
44. Елеусізова О. Қарым-қатынас психологиясы. – Алматы, 1995
45. Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. – Алматы, 1974
46. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. Астана: Елорда, 2001
47. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі. Алматы: Ғылым, 1987
48. Асылов Ж., Нұсқабайұлы Ж. Әдептану. –Алматы: Мектеп, 2001
49. Тіл мәдениеті. Оқу құралы. //(авт. Уәлиұлы Н. З.Бейсембаева, Ж.Исмайлова, М.Қанабекова, Г.Қайдарова). Алматы, 2005
50. Головин Б. Н. Основы культуры речи: Учеб. пособие. –М.: Высш. Школа, 1980
51. Жанатаев Қ. Ә. Адамның жас ерекшелігіне, жынысына қатысты атаулар. –Алматы, 1997
52. Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер. – Алматы: Ғылым, 1995
53. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003
54. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. – Алматы: Қазақ ССР Ғылым Академиясының Баспасы, 1955
55. Арғынбаев Х. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. – Алматы: Қайнар, 2005
56. Қазақтар. – Т. 5. – Алматы: Қазақстан даму институты, 1998
57. Диалектологиялық сөздік. – Алматы: Арыс, 2007
58. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1979. – Т.4.
59. Роджер Т.Белл Социолингвистика. Цели, методы и проблемы. – М.: Международные отношения, 1980
60. Даулетбаева Н. Іскерлік қарым-қатынастағы сөйлеу мәдениеті // ҚазҰУ Хабаршысы. 2005, №5
61. Голуб И. Б., Розенталь Д. Э. Секреты хорошей речи. –М., Международное отношение, 1993
62. Лю Чжимэй Русское обращение с позиции иностранца: коммуникативно-прагматический аспект// диссертация на соискание ученой степени кандидата филологических наук, Алматы 2007
63. Е.В.Резникова Личные местоимения и этикет// Вестник Челябинского государственного университета. 2009. №27 (165). Филология. Искусствоведение. Вып. 34
64. Рянжин В., Гринберг Г. Этикет в служебных отношениях // Советский этикет. –Л., 1974
65. Принципы и методы социолингвистических исследований. – М: Наука, 1989
66. Социолингвистика вчера и сегодня: Сб. науч.трудов. – М, 2008
67. Сон С.Ю. Этапы и процедура социолингвистического анализа. – Алматы: Қазақ университеті, 2003
68. Краткий словарь когнитивных терминов// Под общей ред. Е.С.Кубряковой. – М., 1996
69. Психологический словарь// http://psychology.net.ru/dictionaries/psy.html?word=71
70. Попова Т.В. Ассоциативный эксперимент в психологии: учеб. пособие. – М: Флинта, 2006

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 95 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

АДАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕСІ: СӨЙЛЕУ ӘДЕБІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
6N0205 - Тіл теориясы

Орындаған ___________________
___ ____________ 2010 ж

Ғылыми жетекші филол. ғ.к., доцент ________________
___ ____________ 2010 ж

Норма бақылаушы филол.ғ.к., доцент ________________
___ ____________ 2010 ж

Қорғауға жіберілді
Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі

Филол. ғ. д., профессор _____________________

___ ___________ 2010 ж

Алматы 2010
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Адамның әлеуметтік мәртебесі әлеуметтік лингвистика категориясы
ретінде

1.1 Зерттеудің метатілдік негізін анықтау: тілдік тұлға, тіл беделі,
әлеуметтік мәртебе, әлеуметтік рөл
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Психофизиология мен әлеуметтік себептердің адамдардың сөз
қолданыстарындағы рөлі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 17
1.3 Тұлғааралық қатынастың әлеуметтік лингвистикалық ерекшеліктері:
сөйлеу әдебі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... . 27

2. Түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің сөйлеу әрекеті

2.1 Әлеуметтік лингвистикалық зерттеудің теориясы мен тәжірибесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 51
2.2 Ассоциативті тәжірибенің процедурасы және нәтижелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .70
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
. ... .72

Қосымша 1
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 76
Қосымша 2
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. ... . 78
Қосымша 3
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. ... ..88
Қосымша 4
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. ... ..90

Резюме
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 92

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбы: Адамның әлеуметтік мәртебесі: сөйлеу әдебінің
ерекшеліктері

Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Тіл білімінде қарым-қатынас процесі және оның әлеуметтік-мәдени
жақтарын қарастыру көкейкесті мәселелердің бірі. Сөйлеу әрекетінің ұлттық-
мәдени ерекшеліктері әдеп формаларымен байланысты болғандықтан,
зерттеуіміздің өзектілігін адамдардың әлеуметтік мәртебесінің қарым-қатынас
пен сөйлеу әдебіне әсері анықтайды.

Зерттеудің мақсаты.
Адамның әлеуметтік мәртебесін қоғамның мәдени контексін, адамның
сөйлеу әрекетінің қалыптасуы мен қызметін әлеуметтік лингвистикалық
аспектіде қарастыру.

Зерттеу міндеттері:
1. әлеуметтік лингвистика жүйесіндегі адамның әлеуметтік мәртебесі мен
әлеуметтік рөлі ұғымдарының орнын сипаттау;
2. зерттелетін мәселеге қатысты отандық және шетел ғылымындағы
көзқарастарды саралау;
3. коммуниканттардың сөйлеу әдебін тиімді модельдеуін (қарым-қатынас
нормасы, сөйлеу әдебі) сипаттау;
4. әлеуметтік мәртебе мен сөйлеу әдебіне байланысты ассоциативті
тәжірибе, сауалнама жүргізу және таспаға жазған материалдардың
әлеуметтік белгілерін көрсету;
5. адамның әлеуметтік мәртебесіне байланысты сөйлеу әрекетін қазіргі
ғылыми зерттеулердің контексіндегі болашағын белгілеу;
6. тіл беделі мәселесін қазақстандық өзгеріс үстіндегі қоғамда
қарастыру.

Зерттеу пәні: лингвоәлеуметтік қауымдастық.

Зерттеу нысаны: адамдардың әлеуметтік мәртебесін білдіретін сөйлеу
әдебіне байланысты тілдік бірліктер.

Зерттеу әдіс-тәсілдері. Жұмыста тілдік факторларды белгілеуде негізге
алынған сипаттамалы мен байқау әдістері, әлеуметтік мәртебеге байланысты
сөйлеу әдебін нақтылау үшін ассоциативті эксперимент, материалдарды жаппай
іріктеп жинақтау, топтастыру, сандық тәсілдері қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
Адамның әлеуметтік мәртебесінің әсеріне қатысты сөйлеу әрекетіне
кешенді (лексика, тіл беделі мен тіл таңдау, прагматикалық ерекшеліктері)
талдау жасалды. Адамның сөйлеу әрекетіне жасалған сипаттама қазақтың әлем
бейнесін ашатын қырлар зерттеу тақырыбының жаңалығы болып табылады.

Зерттеу жұмысының материалы.
2008-2010 жылдар аралығында түрлі әлеуметтік, жас және кәсіби топтағы
орыс және қазақтілді респонденттерге сауалнама әдісінің жаппай еркін
ассоциативті тәжірибесін жүргізу барысында зертеудің материалдары алынды.

Негізгі тірек ұғымдар: әлеуметтік мәртебе, әлеуметтік рөл,
әлеуметтену, сөйлеу әдебі, ассоциативті тәжірибе, сауалнама, респондент,
сұхбат, сұхбат жүргізуші, сауалнамашы

Жұмыстың құрылымы. Магистрлік жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, 10 сурет, 1 кесте, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен
қосымшадан тұрады.

Зерттеу жұмысының сарапталуы және жариялануы: Зерттеудің нәтижелері әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Түркі әлемі атты
симпозиумда және Аханов тағылымы атты халықаралық конференцияда
баяндалып, кафедрада алдын ала қорғауда талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Зерттеудің теориялық мәселелері ғылыми конференцияларда баяндалып, 2 мақала
жарияланды.
1. Қыз ұғымының эвфемизм мен дисфемизмдердегі әлеуметтік сипаты ҚазҰУ
хабаршысы, филология сериясы, №4, 2009
2. Әлеуметтік лингвистиканың әлеуметтік мәртебе категориясы Язык-
Общество-Время. Халықаралық конференция. –А, 2010

1. Адамның әлеуметтік мәртебесі әлеуметтік лингвистика категориясы
ретінде

1.1. Зерттеудің метатілдік негізін анықтау: тілдік тұлға, тіл беделі,
әлеуметтік мәртебе, әлеуметтік рөл

Тіл білімінде қарым-қатынас процесі және оның әлеуметтік-мәдени
жақтарын қарастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. Сөйлеу
әрекетінің ұлттық-мәдени ерекшеліктері сөйлеу әдебімен тығыз байланысты
болғандықтан, зерттеуімізде адамның әлеуметтік мәртебесіне байланысты
әдебінің әртүрлілігі арқау болады. Жеке адам мәртебесіндегі жеке
категориялар – жыныс, жас және мәртебе мен рөлге байланысты ерекшеліктерді
қамтиды. Бір жыныстағы, бірақ түрлі әлеуметтік және түрлі кәсіби дәрежедегі
адамдардың сөйлеу әрекетінде ерекшеліктер болады. Кез-келген адамның сөйлеу
әрекеті үйінде, жұмысында, таныс және бейтаныс ортасында әртүрлі болады.
Сөйлеудегі ерекшеліктердің нақты көрінісі психологиялық, биологиялық және
әлеуметтік ерекшеліктерге сүйену арқылы анықталады. Ал белгілі бір қоғамдық
өмір деректеріндегі әлеуметтік, мәдени ерекшеліктердің себептерін тілмен
байланыстыра зерттейтін тіл білімінің саласы – әлеуметтік тіл білімі
(социолингвистика) болып табылады. Әлеуметтік тіл білімі арқылы адамдардың
қоғамдағы орнына қарай сөз қолданыстарындағы ерекшеліктерін байқауға
болады. Әлеуметтік мәртебе ұғымы әлеуметтану ғылымында кеңінен танылған
термин болып табылады. Оның қалыптасып қолданылуына себепкер болған
ғалымдар Э.Дюркгейм, М.Вебер, Т.Парсонс, Т.Шибутани, Р.Линтон, И.С.Кон,
Мейн, Е.А.Ануфриев және т.б.. Әлеуметтік тіл білімінің бір категориясы
әлеуметтік мәртебе мен оның адамның сөйлеу әрекетіне тигізер әсері жайлы
В.И.Беликов, Л.П.Крысин, Н.Б.Мечковская, В.Карасик, А.Д.Швейцер,
Н.С.Аристова секілді орыс ғалымдары айтқан. Әлеуметтік мәртебе және
әлеуметтік рөл ұғымдарын сөйлеу әдебі төңірегінде Н.И.Формановская
зерттеген. Ал отандық тіл білімінде әлеуметтік мәртебе жайлы арнайы зерттеу
еңбегі болмаса да, үздік-үздік айтқан ойлар бар. Ал әлеуметтік лингвистика
саласының негізгі категориясы ретінде Т.Шоқым Қазақ тіл білімінің
гендерлік тұғыры, Абишева К.М. Социально-языковая контактология атты
монографияларында әлеуметтік мәртебе мен әлеуметтік рөл ұғымдарына
түсініктеме беріп кетеді. Сөйлеу әдебіндегі әлеуметтік мәртебенің орны
жайлы Оразгалиева Г.Ш. Речевой этикет в этнолингвистическом аспекте,
Сейсенова А.Д. Лингвистикалық мәдениеттану: этикет формаларына
салыстырмалы талдау атты кандидаттық диссертациясында айтады. Сол сөйлеу
әдебі пікір алысу құралы ретінде адамның тек ойын ғана емес, сезімін де
білдіреді.
Қоғамда болып жатқан құбылыстардың тілдегі көрінісін немесе тіл мен
қоғамның байланысын әлеуметтік лингвистика зерттейді. Кез-келген адамның
сөйлеу әрекеті үйінде, жұмысында, таныс және бейтаныс ортасында әртүрлі
болады. Тіпті, ұлтты былай қойғанда, жынысы бір, бірақ түрлі әлеуметтік
және түрлі кәсіби дәрежедегі адамдардың сөйлеу әрекетінен көп ерекшелік
байқалады. Ол ерекшеліктер адамның әлеуметтенуінен және қоғамда алатын
әлеуметтік мәртебесіне байланысты болады. Сондықтан әлеуметтік мәртебе
категориясы әлеуметтік лингвистиканың негізгі қарастырылатын мәселелерінің
бірі болып табылады.
Ал әлеуметтік тіл білімі – тіл мен қоғамдық өмір деректеріндегі
себептестік байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы [1, 47].
Социолингвистика терминін алғаш рет 1952 жылы Г.Керри қолданды. Ал
тілдің социологиясы терминін 1952 жылы Дж.О.Герцлер америкалық Midwest
Sociological Society (Социологическое общество Среднего Запада)
қоғамында қолданғандығын М.Юсселер өзінің зерттеу еңбегінде айтады [2, 14].

Тіл қоғамдасқан адамдар арасында өмір сүреді, өзгереді және дамиды.
Сондықтан көптеген ғалымдар тілді әлеуметтік құбылыстармен баланыстыра
қарау керек деп санайды. Тілдің қоғаммен байланысын Т.Қордабаев ежелгі
гректердің затқа атау қою философиясынан іздейді: Затқа атауды адамдар
өзара келісу арқылы қойған, тіл содан пайда болған дейтін ежелгі грек
философтары тұжырымдарының өзінен де олардың тілдің әлеуметтік мәні
барлығын мойындағандықтары байқалады [3, 72]. Тілдің әлеуметтік табиғатына
алғаш назар аударып, зерттеген XIX ғасыр ғалымдары – П.Лафарг, А.Мейе,
А.Соммерфельд. Аталған ғалымдардың бірі Поль Лафарг тілді әлеуметтік
ортасынан бөліп қарауға болмайтынын айтады. Тілді әлеуметтік құбылыс
ретінде қарастырған бағыттың Отанын Франция деп санап, оны Франция
социологиялық мектебі деп атаушылық бар. Бұдан басқа тілдің әлеуметтік
мәніне назар аударған зерттеулер Швейцария, АҚШ, Ұлыбритания және Чехияда
қалыптасты. Бұл бағыттың өкілдері тілді қатынас, байланыс құралы ретінде
танып, тілдің ойлаудағы рөлін екінші орынға қойған. Тілдің әлеуметтік
ортаға және сөйлеушінің жасына т.б. қарай қолданыстарын XX ғ. 20 жылдары
Прага структуралистерінен бастап, Женева мектебі, неміс-тарихи
диалектографиясы, әлеуметтік бағыт, функционалды грамматиканың өкілдері
анықтайды.
Тілдің қоғамдық сипаты мен әлеуметтік мәні туралы пікірлер сан алуан.
Ф де Соссюр тілдің қоғамдық құбылыс екенін концепциясында негіз етеді.
Тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейтін дербес ғылым болу
керектігін және оның сыртқы лингвистика деп аталу керек екендігін айтады.
Осыған байланысты тіл және қоғам, тілдің әлеуметтенуі деген түсінік
кейіннен термин ретінде қалыптасты. Айта кету керек, осы екі ұғым, яғни екі
термин – әлеуметтік лингвистика (социолингвистика) және тілдің әлеуметтенуі
(социология языка) қатар қолдынылып келді. Өйткені тілдің әлеуметтенуі – ол
тілдік және әлеуметтік құбылыстар болып табылып, оны қоғамдық ғылымдар
санатына қосып қарастырса, әлеуметтік лингвистика – тіл білімінің бір
саласы болып, тілдің әлеуметтік табиғатына мән беріліп, оған тілдік талдау
жасалды, яғни қоғамда болып жатқан жағдайларға тіл тарапынан баға беріледі.

XX ғасырдың 20-30 жылдары КСРО тіл білімінде әлеуметтік бағыт
қалыптасты. Бағыттың алғашқы өкілдері Б.А.Ларин, Е.Д.Поливанов,
В.М.Жирмунский, М.В.Сергиевский, Л.П.Якубинский, К.Н.Державин және т.б.
болды. Әлеуметтік лингвистика ғылымының дамуы екі түрлі жолмен іске асты:
бірі – маркстік-лениндік әлеуметтік лингвистика, екіншісі – буржуазды-
позитивті әлеуметтік лингвистика.
Бірініші жолы – Маркстік-лениндік әлеуметтік лингвистика маркстік
теорияға, яғни маркстік ілімге негізделген. Олар: қоғамның әлеуметтік
құрылым теориясы, әлеуметтік жүйе теориясы, адамзат қоғамындағы тілді
үйрену мен қарым-қатынас құралы, ұлттың дамуы мен қалыптасуындағы тілдің
орны, тіл мен диалектінің қоғамдық қызметі. Әлеуметтік лингвистиканың
теориясын жасауда ғалымдардың барлығы, әсіресе, кеңес ғалымдары мен
кеңестік жүйедегі мемлекет ғалымдарының сүйенетін процестері: маркстік
қоғам туралы ілім, оның ұлттар мен белгілі топтар арасындағы байланысы мен
топтардың тілді қоғамдық құбылыс деп тануы. Мұндағы теорияның ерекше мән
беретін тұсы – маркстік философияның диалектикалық бірлігіндегі тілдің екі
негізгі қызметі: коммуникативті және экспрессивті немесе ойды білдіру
қызметі. Сонымен қатар әлеуметтік лингвистика теориясына адамдардың жасы,
жынысы, білімі, мамандығы, айналысатын кәсібі және сөйлеу тілінің
әлеуметтік топқа қатысы, ұлттық ана тілінің әлеуметтік стратификациясы,
оның әдеби тіл, диалект болуы жатады. Бірақ бұлар қоғамның құрылымдық
бірыңғай топтарына қатысты емес. Сондықтан маркстік әлеуметтік лингвистика
тек қана әлеуметтік философия мен маркстік ілімнің жалпы әлеуметтік
деңгейін ғана қарастырмай, қоғамдық құрылымдық әлеуметтік теориясын және
әртүрлі әлеуметтік жүйенің теориясына да мән береді.
20-30 жылдардың басынан тіл білімінің, әсіресе, әлеуметтік
лингвистиканың әдістемелік мәселелерін белсенді түрде кеңес ғалымдары мен
ГДР ғалымдары да зерттей бастады. 1926 жылы алғаш тілдің әлеуметтенуі
туралы Р.О.Шордың Тіл және қоғам деген кітабы жарыққа шықты. Бұл кітапта
тіл адамның биологиялық организмінің бір мүшесі ретінде емес, қоғамда
өзіндік орны бар, баршаға ортақ азық ретінде танылады.
Екінші жол – Буржуазды-позитивті әлеуметтік лингвистикада әлеуметтік
лингвистика термині әртүрлі мәселелерді біріктіреді. Олар әлеуметтік
лингвистиканың өзіндік зерттейтін нысаны жоқ ғылым деп, бұл ғылым тек
мәдениеттану, диалектология, этнология, антропология және ауыз әдебиеті мен
оның зерттеу стильдерімен арақатынастық байланысы бар деп қана санайды. Бұл
пікірдегі әлеуметтік лингвистика АҚШ, ГФР, Ұлыбритания, Франция, Италияда
дамыды. Оның әрі қарай дамуына Ресей ғалымдары: А.Швейцер, Л.Б.Никольский,
Л.Л.Федоров, Н.Б.Вахтин, Н.Б.Мечковская, М.В.Панов, Ю.Д.Дешериев,
Б.И.Беликов пен Л.П.Крысин өз үлестерін қосты.
Қазақстанда әлеуметтік лингвистиканың тілдік жағдай, тіл саясаты,
тілды жоспарлау мәселелері қарастырылған. Әлеуметтік лингвистикаға
Б.Хасанов, М.М.Копыленко, З.Қ.Ахметжанова, М.К.Исаев, С.Т.Саина,
Э.Д.Сүлейменова, Е.А.Хасенов, Н.Ж.Шәймерденова, О.Б.Алтынбекова,
Ж.Смағұлова сынды ғалымдар өз еңбектерін арнады.
Әлеуметтік лингвистика – адамдардың қоғамдағы әлеуметтік орнына,
қоршаған ортасы мен тұратын жеріне байланысты әртүрлі сөйлеуінің тамырына
үңіліп, себебін іздейді. Ол тек сөйлеу әрекетіндегі жаргон, арго немесе
кәсіби сөздер ғана емес, тіл таңдауы да жатады. Қазақстан жерінде 130-дай
ұлт болғанымен, олардың көпшілігі орыс тілі арқылы сөйлеседі. Қазақтар
сөйлеген кезде орыс тілінің элементтерін қоспай сөйлемейді. Себебі бұған
тәуелсіздікке дейінгі тілдік ахуал әсер етті. Орыс тілі бүгінде ресми тіл
болғанымен де, қолданылу аясы жағынан кең болып тұр. Ал сөйлеушілер қай
тілде сөйлеймін десе, ешкім оған кедергі бола алмайды. Демек, сөйлеушілер
қай тілді таңдап сөйлесе, сол тілдің беделі мықты болмақ. Сонымен тіл
беделі – тілдің әлеуметтік маңыздылығының жеке адам, топ, қоғам тарапынан
салыстырмалы түрде бағалануы. Қазірде мемлекеттік тілдің әсерінен орыстілді
адамдар сөйлеуінен қазақ тіліндегі элементтерді байқап жатамыз. Ол да тіл
беделінің белгілі бір деңгейдегі көрінісі болады.
Лауазымы жоғары қызметтегі адамның сөзінен жастардың күнделікті
қолданатын сөздерін естімейміз. Ол жас кезінде түрлі жаргондарды
қолданғанымен, уақыт өте келе немесе қоғамдағы әлеуметтік мәртебесінің
өзгеруіне байланысты айтпай кетуі мүмкін. Бұл жерде тілдік тұлға жайлы
айтпай кетуге болмайды.
Тілдік тұлға – тұлғаның лингвистикалық, әлеуметтік, интеллектуалдық,
этикалық, эмоциялық және т.б. компоненттерінің тілде, сөйлеуде, дискурста,
мәтінде жүзеге асырылуы. Тілдік тұлға құрамына тілдік сана мен сана-сезім,
сөйлеу мәдениетін, тіл және ойлау, тіл мен қоғам, тіл мен мәдениет
арасындағы байланысты, тілдің өмір сүру формаларын және т.б. кіретін
ұғымдар жиынтығы. Тілдік тұлға (Ю.Ю.Караулов бойынша) үш қабаттан тұрады:
а) вербалдық – семантикалық, яғни тілді білу. Сол тілді толығымен
қарым-қатынас жасай алатындай дәрежеде меңгеру.
ә) әлемнің тілдік бейнесінде қалыптасқан және ұғым, идея концептеріне
қоса санағанда когнитивтік деңгей. Әр адамның әлемді түсіну мүмкіншілігі.
б) мақсат, мотив, қызығушылық интенцияларды анықтайтын прагматикалық
деңгей [4, 264].
Бір мәдениет шеңберіндегі тілдік тұлға қатынастары түрлі болады. Кез
келген қатынас сөйлеуші мен тыңдаушы әрекетінен тұрады. Тұлғааралық
қатынастың заңдары қандай және олар тілдік тұлғаның санасында қалай
көрінеді. Қарым-қатынасқа қатысушылардың әлеуметтік тәжірибесі неғұрлым
сәйкес болса, соғұрлым олардың арасындағы түсіністік дәрежесі үлкен болады.
Психолингвистердің айтуы бойынша әлеуметтік тәжірибе неғұрлым жақын болса,
адам бір-бірін оңай түсінеді. Көп жағдайда жақсы қарым-қатынас бір-бірін
жақсы түсінетін, бұрыннан танитын достар арасында, көп жыл бірге тұрып,
тұрмыс құрған жұбайлар арасында болады. Сөйлеушілердің әлеуметтік
тәжірибесінің ортақтығы – тұлғааралық қарым-қатынастың жалғыз ғана сипаты
емес. Тілдік қалыптар жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Немесе біз
өмірде әртүрлі бейнелерді сомдаймыз. Соған байланысты әлеуметтік мәртебе
және әлеуметтік рөл ұғымдарын нақты ажырату қажет.
Адам белгілі бір әлеуметтік ортаға тиесілі болып, сол ортаның
нормаларын қабылдайды. Әлеуметтік сәйкестілік – жеке адам сәйкестілігінің
бір түрі; жеке адамның қоғамға, әлеуметтік топқа өзінің қатыстылығын
сезінуі, әлеуметтік мәртебемен және әлеуметтік рөлмен өзін-өзі теңдестіруі
[5, 57].
Адамның сөйлеу мәртебесінен басқа, жас ерекшелігі мен жынысына, қоғам
мен отбасында алатын рөліне байланысты әртүрлі болады. Мысал ретінде ер
адамды алсақ, ол отбасында бала, әке, аға, жездекүйеу бала, қайын
ағақайын, ата; жұмысында – бастық, қызметкер, сатушы, ұста, мұғалім,
дәрігер және басқа да жағдайларға байланысты әлеуметтік рөлі өзгереді.
Әлеуметтік рөлімен қатар сөйлеу әрекеті де түрленіп отырады. Міне,
адамдардың осындай қарым-қатынастарын әлеуметтік лингвистика зерттейді.
Социолингвистику интересуют такие детерминанты речевого поведения, как
социальный статус коммуникантов, их социальные установки, ориентация на
факторы, как тема, обстановка, канал коммуникации (устная речь, письменная
речь, телефонный разговор, дискуссия в СМИ и т.д.) [6, 21].
Мәртебенің экономикалық, саяси, діни, демографиялық, әлеуметтік және
т.б. түрлері бар. Осы мәселені мәртебе дегеніміз не және оның ішіндегі
әлеуметтік мәртебенің рөлі қандай деген сұрақ төңірегінде қарастырып
көрейік.
Мәртебе термині Ежелгі Римде заңды тұлғаның құқықтық ережесін
білдірген. Ал Әлеуметтік мәртебе (ағыл. social status) – құқықтарын,
міндеттерін және мінез-құлықтың өзара алмасу кезегін қамтитын, қоғамның
әлеуметтік құрылымындағы жеке адамның орны, жағдайы [5, 55]. Әлеуметтік
мәртебе мен әлеуметтік рөл ұғымдары әлеуметтану мен әлеуметтік психология
ғылымдарынан әлеуметтік лингвистикаға енген. Кроме того, некоторые понятия
заимствованы из других областей языкознания: ... а также из социологии,
социальной психологии: социальная структура общества, социальный статус,
социальная роль, социальный фактор и некоторые другие[7,19].
Әлеуметтік мәртебе терминін алғаш ағылшын тарихшысы Г.Д.С.Мейн
әлеуметтік мағынада қолданады. Ол қоғамның әлеуметтік құрылымында тұлға
орнының позициясын білдіретін саяси-философиялық және әлеуметтанулық ұғым
ретінде қолдана бастады. Бұл теорияның дамуына белгілі әлеуметтік-саяси
ғылымының өкілдері Р.Линтон, Р.Мертон, Р.Тернер, Т.Парсонс және басқалары
үлес қосты. Әлеуметтік мәртебеге мағынасы жағынан жақын әлеуметтік класс
терминін Карл Маркс пен Макс Вебер сынды ғалымдар енгізген [8, 156].
Әлеуметтік мәртебе тек адамның қызметі мен лауазымын ғана білдірмейді.
Социальный статус личности не может быть правильно понят, если брать за
исходное только деятельность человека [9, 180]. Қазіргі пікірлерге сәйкес,
әлеуметтік мәртебе – бұл кәсібіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, саяси
мүмкіндіктеріне, жынысына, шығу тегіне, отбасы жағдайына сәйкес, қоғамдағы,
қоғамдық-саяси өмірдегі топтың немесе тұлғаның арақатынас жағдайы
(позициясы). Әлеуметтік мәртебе ұғымы қоғамдық-саяси өмірдегі, қоғамның
әлеуметтік құрылымындағы, қоғамдық іс-әрекеттер жүйесіндегі тұлғаның орнын,
әртүрлі қоғам өміріндегі олардың қызметтерін және қоғам тарапынан тұлға
қызметінің бағасын сипаттайды. Содан кейін, әртүрлі сапалық және сандық
көрсеткіштерде – лауазым, бедел, мәртебе (абырой), артықшылық, кіріс
деңгейі, жалақы, ақшалай сыйлық, марапаттау, атақ, даңқ және басқа да
жағдайларда көрінуі мүмкін [10, 5].
Е.А.Ануфриев мәртебе ұғымына мынандай анықтама береді: Статус – это
понятие, соотносительное с понятием социальной роли, которое показывает
место личности в системе общественных отношений и определяемую им систему
социальных функций личности [9, 178]. Әлеуметтік мәртебе тұлғаның
қоғамдағы орнымен қатар Конституциядағы бостандықтары мен құқықтарын
көрсетеді. Демек, әлеуметтік мәртебе құқықтық мәртебеге ие.
В.Карасик адам әлеуметтік мәртебесінің субстанционалды және релятивті
өлшемдерін көрсетеді. 1) субстанционалды (адамның дербес және
қалыптастырылған сипаттамалары) – а) жынысы, жасы, ұлты, мәдени және
әлеуметтік шыққан тегі; ә) білімі, мамандығы, тілді меңгеру деңгейі; 2)
реляциялық өлшемде жоғары тұрған мен төмен тұрғанның арасындағы қатынасты
көрсететін әлеуметтік және жағдаяттық теңсіздік терминдері арқылы берілетін
әлеуметтік құрылым арасындағы қарым-қатынас қарастырылады [11, 9-10]. Адам
өмірінің іс-әрекетіндегі басты мәртебе – жеке тұлғаның бағыты мен
мақсаттарын, оның қызметтерінің сипаты мен мазмұнын, өмір сүру кейпі мен
стилін, жүріс-тұрыс мәнерін, ортасын және т.с.с. анықтайтын мәртебе болып
табылады.
1) тұлғаның өзінің белгілі бір қауымдастыққа, әлеуметтік топқа
тиесілі екенін сезінуі.
2) тұлғаның өзін әлеуметтік мәртебемен және әлеуметтік рөлмен
теңдестіруі. Бұл ұғымды кең ғылыми айналысқа неміс әлеуметтанушысы Макс
Вебер кіргізген. Оның жұмысында мәртебе, класс және жұмыс әлеуметтік
стратталудың негізгі өлшемдері болып табылады. Вебер бойынша класс –
экономикалық жағдай жағынан теңдес адамдар тобы; билік – маңызды шешімдерді
қабылдауда адамдардың қатысуы; мәртебе – өмір салтына негізделген жағымды
немесе жағымсыз жақтан қоғамдық мойындауға ие болу [12, 71]
Тілдік қауымдастық ішіндегі әлеуметтік қарым-қатынас тек әлеуметтік
мәртебе ұғымдары арқылы ғана емес, функционалды рөлдер терминдерінде
қарастырылуы мүмкін. Функционалды рөл – қоғам ішінде индивидке телінген іс
әрекет. Надельдің пікірінше, әрбір рөл қабылдауға түсінікті, ұғынықты өз
кезегінде диакритикалардан (этикет, ым-ишарат, көйлек, сөйлеу мінез-
құлықтары сынды рөлдік мінез-құлық типтерінде көрініс табатын) тұратын
атрибуттармен сипатталады; екінші жақтан әрбір рөл рөлдік мінез-құлық
сипаты туралы алдын-ала хабар беретін діндар, әке, ұстаз сынды рөл
атауларымен сипатталады. Қайсыбір диакритика, егер оның болуы немесе
болмауы тіл иесінің рөлді қабылдауын өзгертпесе, қосалқы деп есептелінеді.
Сондай-ақ Надель рөлдік мінез-құлық іс-әрекеттің ішкі жағдайына
байланысты өзгереді [13, 320-389]. Гамперц бойынша белгілі бір қоғамға тән
рөлдердің жиынтығы қарым-қатынас матрицасы деп аталады. Тұлғаның өзін
белгілі бір әлеуметтік мәртебемен немесе әлеуметтік рөлмен
сәйкестендіруінде, қоғамның жалпы құрылымын және оның ерекше белгілерін
ажыратуда индивидуалды рөлдерді ажыратудың жалпыға бірдей ережелерін
анықтау, тіл немесе стилдьдің рөлге сәйкес мінез-құлық кореляттарын анықтау
маңызды. Сонымен қатар сөйлеу ерекшеліктері көрінетін рөлдерді немесе
рөлдер тармағын қарастыру әрбір рөл немесе субкодқа ие.
Қоғамтануда мәртебені екіге бөліп қарастырады – жеке және әлеуметтік.
Әдетте әлеуметтік мәртебе тар және кең мағынада қолданылады. Бұл термин кең
мағынада қолданылғанда, бұған дейін айтылғанындай, адамның қоғамдық-саяси
өмірде, қоғамның әлеуметтік құрылымында алатын нақты орнының жағдайы туралы
сөз болады. Бірақ жеке тұлғаның нақты әлеуметтік мәртебесіне сәйкес
келмейтін қоғамдық пікірлерде, сенімдерде қабылданған өзіне тән ерекше
адамның әлеуметтік мәртебелері бар.
Жеке мәртебенің әлеуметтік мәртебеден ерекшелігі шағын топтағы адамның
алатын жағдайы тұлғаның жеке салаларымен анықталады. Сондықтан, әлеуметтік
мәртебе бейтаныс ортада, ал жеке мәртебе таныс ортада басымырақ рөл
атқарады. Бейтаныс адамдармен танысқанда немесе оларды таныстарымызбен,
қызметтестерімізбен таныстырғанда, таныстырып отырған адамның әлеуметтік
мәртебелік сипатын – әлеуметтік жағдайын, жұмыс орнын, ұлтын және т.б. атап
көрсетеміз. Ал, біз жақсы таныстарымызбен әңгімелескеде, олар үшін
әлеуметтік-мәртебелік сипаттама емес, керісінше адамның жеке тұлғалық
сипаттары маңызды болады.
Ғалымдар әлеуметтік мәртебені іштей туа біткен және жүре пайда болған
деп екі түрге бөледі. Туа біткен мәртебеге – ұлты, туған жері, әлеуметтік
тегі және отбасы жатады. Ал жүре пайда болған мәртебеге – адамның білімі,
лауазымы және мамандығын жатқызады.

туа біткен

Әлеуметтік мәртебе

жүре пайда болған

Әлеуметтік мәртебенің бұл екі түрін әлеуметтану сөздігінде қол жеткен
статус және маңдайға жазылған статус [14, 566] деп атайды. Адам өзінің
жеке қасиеттерімен және басқа үміткерлерімен ашық күрестегі кез келген
әлеуметтік жағдай. Мысалы, университет профессоры, доктор немесе
автомеханик лауазымына әдетте конкурстық емтихан арқылы қол жетіп, содан
кейін ғана еңбек етеді. Қол жеткен мәртебе мен маңдайға жазылған мәртебені
салыстыру – әдеттегі құбылыс. Мұның соңғысы адам не туа бітті лайық, не
өзінің отбасы есебінен лайық және жеке қасиеттеріне қарай өзгере қоймайтын
әлеуметтік жағдайға қатысты ұғым. Нәсілдік, этностық және гендерлік
ерекшелік маңдайға жазылған мәртебе болады. Қол жеткен және маңдайға
жазылған мәртебе арасындағы айырмашылық эвристикалық сипатта болады және
ешқашан абсолютті бола алмайды. Мысалы, жеке әлеуметтік таптық жағдайдың
қол жеткен немесе маңдайға жазылған болуы даулы мәселе. Себебі зерттеуші
тапты кәсіптік жетістіктер аясында ма, әлде отбасы аясында анықтай ма деген
сұрақ туындайды. Сол секілді, кейбір жетістікке негізделген нәтижелер
(соның ішінде емтихан нәтижелері немесе кәсіптік жетістіктердің өзі)
ішінара гендерлік және нәсілдік соқыр сенімдер секілді маңдайға жазылу
механизмдерін бейнелей алады.
Әлеуметтік мәртебенің жоғарыда айтылған ойға келетін табиғи және
кәсіби-лауазымдық түрлері бар. Табиғи әлеуметтік мәртебеге адамның жынысы
мен жасын атаса, кәсіби-лауазымдық мәртебе адамның мамандығы мен лауазымын
жатқызады.
В.И.Карасик әлеуметтік мәртебені зерттеудің бірнеше қырларын атап
көрсетеді [10, 22]:
1) Әлеуметтік экономикалық қыры адамдардың өмір сүру стилінде көрініс
беретін әлеуметтік-экономикалық стратификацияны зерттейді;
2) Әлеуметтік өлшемдік қыры әлеуметтік топтар мен халықтарды кәсіп түрі,
табыс көлемі, білімі, тұрғын үй типі т.б. көрсеткіштер шкаласы
бойынша бөліп көрсетеді;
3) Рөлдік қыры түрлі әлеуметтік рөлдердің жиынтығын сипаттайды.
Әлеуметтік рөлдер адамға заң немесе басқа құқықтық актілер арқылы
формалды бекітілуі мүмкін және ол көптеген моралдық тәртіп нормалары
арқылы формалды емес болуы да мүмкін;
4) Арақашықтық (дистанционный) қыры мәртебелердің сәйкессіздігі,
әлеуметтік дәрежесі әртүрлі адамдардың бір-бірімен қарым-
қатынасындағы сәйкессіздікті объективті және субъективті мәртебелік
бағалау (және өзін-өзі бағалау) болып табылады. Бұл ретте адамның
мінез-құлқы әлеуметтік деңгеймен сәйкес келуі ескеріледі;
5) Номинативтік (бағалауыштық) қыры қоғамда беделі жоғары адамды
құрметтеу мен бағалауды көрсетеді (мұны әлеуметтік иерархияға қатысты
мәртебеден ажырата білу керек);
6) Этномәдени қыры түрлі мәдениеттер мен тілдерге тән мәртебелік
қатынастар, дәлірек айтқанда, мәртебелік теңсіздіктің ашық
(эксплициттік) немесе жасырын (имплициттік) белгілерін (қатысымдық
ерекше жағдайлар, әдеп ережелері, қаратпалар т.б.) анықтайды;
7) Динамикалық қыры мәртебенің ауысып, өзгеріп отыруы және ол
филогенетикалық және онтогенетикалық тұрғыдан қарастырылады.
Филогенетикалық (немесе диахрониялық) мәртебелік қатынастарды талдау
әлеуметтік иерархиямен байланысты қоғамдық нормалар мен мінез-құлық
ережелерінің тарихи өзгерісін бақылауға мүмкіндік береді.
Онтогенетикалық мәртебелік қатынастарды талдау тұлғаның
әлеуметтенуіне қатысты және билингвизм, социолектілері (маңызды,
маңызсыз), тілдік жетіспеушілік (дефицит) феномені т.б. мәселелерді
қамтиды;
8) Типологиялық қыры әрбір адамдық қауымдастықтың даму деңгейінде
байқалатын қажетті және кездейсоқ, алғашқы және қосымша, негізгі және
жанама түрдегі мәртебелер, олардың өзгермелілігі, бейтараптануы мен
күшейтілуін сипаттайды.
Тұлғаның мінез-құлқынан, әсіресе сөйлеу әрекетінен аталған мәртебелік
белгілердің барлығын да кездестіруге болады.
Әлеуметтік рөл – жеке адамның әлеуметтік мәртебесіне қатысты
стандартты жалпы қабылданған нәтижелердің кешені. Әлеуметтік рөл термині
жайлы XX ғасырдың басында Э.Дюркгейм, М.Вебер, кейіннен – Т.Парсонс,
Т.Шибутани, Р.Линтон және т.б. айтып, зерттеді.
Әлеуметтік мәртебе – әлеуметтік топ жүйесіндегі жеке тұлғаның орны. Ал
әлеуметтік рөл – әр адамның мәртебесіне байланысты еріксіз түрде болатын
қызмет. Рөл мен мәртебе ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты. Тұлғаның
рөлдік теориясы жайлы И.С.Кон зерттеу еңбегінде былай дейді: Социальная
роль – это нечто безличное, не связанное ни ... с чьей индивидуальностью, это
то, что ожидается в данном обществе от всякого человека, занимающего
определенное место в социальной системе [15, 7].
Бір-бірімен салыстырғанда, жеке адам әртүрлі әлеуметтік рөл атқара
алады (қызметкер, әке, сатушы, бастық), сондай-ақ жағдаяттық әлеуметтік
рөлдің мәртебелік рөлі бар (қонақ, клуб мүшесі, үй иесі).
В.Карасик адамның рөлін мәртебе ұғымының астарына былай енгізеді:
Ролевое поведение есть поведение человека, занимающего определенную
социальную позицию в соответствии с ожиданиями людей [11, 13]. Ал
А.Д.Швейцер мәртебе мен рөл ұғымдарының ара қатынасын былай көрсетеді:
мәртебе – адамның жас мөлшерін, жынысын, белгілі бір әлеуметтік топқа
қатысын білдірсе, рөл – әлеуметтік жағдайға (оның өзгермелігіне) сәйкес
коммуникация кезіндегі адамдардың өзара қарым-қатынасы [16, 45].
Ғалымдардың жоғарыдағы пікірлеріне Л.П.Крысиннің жағдаяттық мәртебесін
қосуға болады. Трамвай жүргіншісі, нан сатып алушы, ғылыми конференцияда
сөз сөйлеушілерді жағдаяттық мәртебеге жатқызады. Зерттеушінің жағдаяттық
мәртебеге келтірген мысалдары әлеуметтік рөлмен пара пар келеді.
Ал Ресей әлеуметтік лингвистика зерттеушісі Н.Б.Мечковская да
әлеуметтік мәртебе мен әлеуметтік рөл ұғымдарын қатар қолданады. Сондықтан
әлеуметтік рөлдің жоғары және төмен стандартты түрлері болады. Жоғары
стандартты әлеуметтік рөлге жағдаяттық рөлдерді қосады (кинокөруші, шаш
қидырушы және т.б.); төмен стандартты әлеуметтік рөлге жыныс, жас және
адамның кәсібі секілді категорияларды қосады. [17, 308]. Себебі, әлеуметтік
мәртебе мен әлеуметтік рөл ұғымдары өте жақын, кейде бірінің орнына бірі
жүреді.
Ғалымдар әлеуметтік рөлдің әлеуметтік-демографиялық (күйеу, әйел, қыз,
немере), тұлғааралық (лидер, ренжіген адам, отбасының сүйіктісі) рөлдерін
атайды. Сонымен қатар рөлдің мынандай түрлерін көрсетеді: институтталған
және конвенционалды. Институтталған әлеуметтік рөлге: неке институты мен
отбасы (ана, қыз, әйел рөлдері) жатады, ал конвенционалды дегеніміз –
ерікті түрде, адам келісімімен қабылданатын (адамның одан бас тартуына
болады) рөл.

институтталған

Әлеуметтік рөл
конвенционалды

Ал американ әлеуметтанушысы Т.Парсонс кез келген рөлдің төрт
сипаттамасын ұсынды:
1) По масштабу. Часть ролей может быть строго ограничена, в то время
как другая – размыта;
2) По способу получения. Роли делятся на предписанные и завоеванные;
3) По степени формализации. Деятельность может протекать как в
строго установленных рамках, так и произвольно;
4) По видам мотивации. В качестве мотивации могут выступать личная
прибыль, общественное благо и т.д. [18, 2].
Т.Парсонстың рөлдердің сипаттамасы жайлы көзқарасын таратып көрейік.
Рөлдің ауқымы (масштаб) тұлғааралық қарым-қатынастың диапазонына
байланысты. Мысалы, ерлі-зайыптылардың әлеуметтік рөлінің ауқымы кең.
Себебі, олар бір-бірінің өміріне қатысты барлық жайттарды сұрайды,
араларында сезім мен эмоция болады. Және олардың қарым-қатынасы нормативті
актілермен реттеледі. Ал сатушы мен сатып алушының әлеуметтік рөлдерінің
ауқымы тар болып, олар тек сатып алу жөнінде тіл қатып, сөйлеседі.
Жоғарыда айтылған рөлдерден басқа да рөлдің түрлері бар. У.Герхард
болса рөлдерді мәртебелік, қалыптық (позициялық), жағдайлық деп ажыратады.
Мұндай жіктелім әсіресе ұлттық-мәдени салыстыруларда тілдік әлеуметтену
жайын зерттеу үшін тиімді. Мәртебелік рөлдер рөлдік теорияларда көрсетілген
мұра болған рөлдерге сәйкес келеді. Олар – адамның дүниеге келген сәтінен
белгіленген, яғни субъектіге тәуелсіз, туғаннан сақталатын жыныстық рөлі,
нәсілдік, этникалық, ұлттық, белгілі бір мемлекеттің азаматы ретіндегі рөлі
немесе адамның өмірлік кезеңдерімен қатар жүретін жас ерекшелігіне қарай
иемденген рөлдері, сонымен бірге көп өзгермейтін, дінге, әлеуметтік топқа,
тапқа қатысын білдіретін рөлдер.
Бір ерекшелігі, мәртебелік рөлдер ретінде ассоциацияланатын рөлдік
жіктелім бірқатар этностарда айтарлықтай айырмашылыққа ие. Мысалы, жыныс
пен жас мөлшеріне қатысты рөлдер. Жыныстық рөлдер тұлғаның әлеуметтенуі,
жас ерекшелігіне қатысты рөлдер қалыптық рөлдердің орындалуымен сабақтасып
жатыр.
Қалыптық рөлдер – адамның иемденген орнына сәйкес атқаратын қызметі
(рөлі). Мәртебелік рөлдер қалыптық рөлдердің орындалу түрін анықтайды.
Айталық, мұғалімнің қалыптық рөлін кім орындайтынын (еркекәйел, жас
педагогтәжірибелі педагог) салыстырудың өзі жеткілікті. Жағдайлық
рөлдермен салыстырғанда еркін орындалады.
Ал гендерлік рөлдер – белгілі бір қоғамда, тарихи жағдайда
қолданылатын әлеуметтік-мәдени нормаларға сәйкес ерлер мен әйелдерге
берілетін әлеуметтік рөлдер. Соған сай, әрбір жыныс өкілінің қоғамда
міндетті деп танылған сөйлеу әдебі, мінез-құлық, дене қимылы т.б.
талаптардың орындалуы шарт. Адам кез-келген уақытта өзіне тән құқықтар мен
міндеттерді нақты түсінеді, тиісті әрекеттерді біледі, сөйтіп,
төңірегіндегі адамдар күткеніндей, өз рөлін атқарады.
Әрине, гендерлік рөлдер әр қоғамда, әртүрлі этномәдени, діни,
әлеуметтік топтар мен жіктер арасында бірдей емес. Қоғам жеке адамнан
белгіленген әлеуметтік рөлдердің дұрыс орындалуын, әлбетте соған сәйкес
сөйлеу үлгісінің болуын талап етеді. Көбінесе адам өз мінез-құлқында
әртүрлі жағдайларды еріксіз ескеруіне тура келеді, мұндайда адам бір емес,
бірнеше топқа бағыт ұсайды. Рөлдік ережеден ауытқу қоғамдық пікір туғызудан
бастап заң қорғау органдарына дейінгі арада әлеуметтік тыйым жүйесі
қалыптасқан. Ол айыптаушылықтан бастап күштеп тоқтатуға дейін әкеп соқтыруы
мүмкін.
Алайда рөлдердің әртүрлілігіне қарамастан стильдің бір ғана түрі
қолданылады. Мәселен, ресми-іскери стиль басшыға да, оның қарамағындағы
қызметкерлерге де тән. Демек, бұл жерде рөл – екеу, субкод – біреу.
Л.П.Крысин мұндай рөлдік қатынастардың ресми-бейтарап-достық-сырластық
тәрізді қатысушыларға ортақ стильдік түрлерін ажыратады. Әрине, өзара
қатынаста тұлғаның әлеуметтік мәртебесі (әлеуметтік жағдайы, жасы, жынысы,
кәсібі) де ескеріліп отыратыны белгілі.
Әлеуметтік лингвистиканың әлеуметтік мәртебе және әлеуметтік рөл
ұғымдары жайлы шетел және Ресей лингвистикасында ғана емес, отандық тіл
білімінде де айтылып жүр. Г.Т.Шоқымның Қазақ тіл білімінің гендерлік
тұғыры атты монографиясында әлеуметтік мәртебе мен әлеуметтік рөл
категорияларына тоқталып өтеді: Гендердің мәртебелік-рөлдік құрамын
талдауда алдымен әлеуметтану мен әлеуметтік лингвистиканың тірек
категориялары болып саналатын тұлға, тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі
туралы негізгі тұжырымдарға тоқталған жөн [19, 32]. Одан басқа рөл туралы
Разноименность возрастных и ролевых номинаций в системе человек-адам
деген кандидаттық диссертацияда айтылады. Онда адамның жас ерекшелігіне
байланысты рөлдерді атап көрсетеді. Выделяются социальные, межличностные и
внутригрупповые роли (возраст), статусные, позиционные и ситуационные роли,
микросоциальные и макросоциальные роли (возрастная характеристика человека
релевантна не только в семье как микросоциуме, но и в более крупных
объединениях людей) [20, 95].
Сонымен бірге К.М.Абишева Социально-языковая контактолгия
монографиясында әлеуметтік-тілдік контактологияның үш категориясын алға
тартады. Соның ішіндегі әлеуметтік лингвистикалық категорияға тілдік
жағдаят, тілдік саясатпен қатар әлеуметтік мәртебе мен әлеуметтік рөл
ұғымдарына түсініктеме береді. Ол әлеуметтік мәртебенің мынандай төрт
факторын көрсетеді:
1. прагматикалық
2. коммуникативтік
3. этномәдени
4. әлеуметтік-мәдени [21, 22].
Тұлғаның әлеуметтік мәртебесін анықтайтын прагматикалық факторға
әлеуметтік иерархиядағы коммуниканттардың орны, олардың ұлтаралық қарым-
қатынас жағдаятындағы әлеуметтік рөлдері жатады. Ал коммуникативтік
факторға ұлтаралық, тұлғалық, топ ішіндегі коммуникация кезіндегі
коммуниканттардың коммуникативтік жағдаяты мен сөйлеу әрекетінің ұлттық-
мәдени ерекшеліктері қатысты. Әлеуметтік мәртебенің этномәдени сипаты –
түрлі мәдениет, салт-дәстүр, каста мен таптық қоғамдағы адамдардың өзара
қарым-қатынасы тілдің әртүрлі қолданысына әкеліп соқтырады. Бұл жерде
мәртебелік қатынас әртүрлі мәдениетке тән. Және төртінші әлеуметтік-мәдени
факторға коммуниканттардың әлемнің тілдік бейнесі, тілдің когнитивтік
механизмдері мен этникалық нормалары кіретін аялық білімінің көлемі енеді.
Адам әлеуметтенген кезде әлеуметтік рөлге ие болып, уақыт өткен сайын
рөлдердің саны да көбейеді. Мысалы, бала балалық шағында ойынның ережесі
бойынша бойына сіңген рөл сәбидің рөлінде болады. Содан кейін оған
балабақша тәрбиеленушісінің рөлі қосылып, алғаш қоғамдасқан, біріккен
ойындарға араласады. Одан әрі бала оқушының, қоғамдық және т.б. ұйымдардың
қатысушысы рөлдерін атқарады. Және ары қарай да жасы ұлғайған сайын
мәртебесі өскен кезде, әлеуметтік рөлі де қатар сан түрлі өзгеріп отырады.
Сонымен қатар әлеуметтік мәртебе сөйлеу әрекетінде қалай көрініс
табады және қалай көрінетінін атап өткіміз келеді. Ол адресат пен
адресанттың арасындағы қарым-қатынасына байланысты болады. Осы орайда Лю
Чжимэйдің Русское обращение с позиции иностранца: коммуникативно-
прагматический аспект атты кандидаттық диссертациясында Л.П.Рыжкованың
прессуппозиция туралы мынандай пікірін келтіреміз:
1) позициялық пресуппозициялар. Бұл топқа адресаттың жоғарғы, төменгі және
тең позициялық мәртебесі жатады;
2) тілдесім (общение) сипатына байланысты пресуппозиция. Бұл топқа
тілдесімнің ресми және бейресми сипаты енеді;
3) жас пресуппозициясы. Оған тілдесімнің мынандай компоненттері: үлкен,
жас немесе араласатын – коммуникативтік қатарластар;
4) танысу пресуппозициясы. Бұнда сөйлесетіндер таныс адресат және бейтаныс
адресат болады.
Демек, адресат пен адресанттың сөйлеу әрекеті жоғары және төмен
әлеуметтік мәртебеге, ресми және бейресми сипатқа, жас ерекшелігіне, таныс
және бейтаныс секілді сипаттарына байланысты өзгереді. Сонымен қатар
әлеуметтік мәртебе де қоғамда тұрақты орын алмайды. Заман мен уақыт
өзгерген сайын қоғам, ондағы адамдар мен сөйлеу әрекеттері өзгеріп отырады.
Әлеуметтік мәртебедегі айырмашылықтар саяси дискурстың негізгі құраушы
бөлігі ретінде белгілі бір әлеуметтік топқа тән әлеуметтік бедел секілді
өзгермелілігімен де анықталады [22, 145].
Ал адамның сөйлеу әрекетіндегі әлеуметтік мәртебесі тілдің барлық
деңгейінде көрініс табады. Ол – фонетика, лексика және грамматика. Тіпті
сөйлеушінің интонациялық белгілері арқылы сөйлеушінің әлеуметтік мәртебесін
анықтауға болады дейді ғалымдар. Чем выше статусная позиция участников
общения, тем более вероятно, что коммуниканты будут поддерживать
изысканную, вежливую беседу, не спеша, с ровной интонацией, модулируя
голос [23, 54]. Сөйлеушінің әлеуметтік мәртебесі оның сөйлеу әрекетінде
айқын көрініс табады.
Сонымен, әлеуметтік мәртебе – әлеуметтік топ жүйесіндегі заң түрінде
қабылданған жеке тұлғаның орны, ал әлеуметтік рөл – әр адам күтетін
мақұлданған тәртіп түрі. Мәртебе тұлға деген кім?, ал рөл ол не
істейді? деген сұраққа жауап береді. Әлеуметтік лингвистиканың екі
категориясы бірдей қолданыста жүр. Тіпті бірнеше ғалымдар екі ұғымды еш
айырмасыз бірінің орнына бірін пайдаланады.

1.2. Психофизиология мен әлеуметтік себептердің адамдардың сөз
қолданыстарындағы рөлі

Жеке тұлғаның қалыптасу үдерісі, нақты қоғамға, әлеуметтік топқа
немесе өзге де микроәлеуметтік қауымдастыққа тән құндылықтарды, нормаларды,
қағидаларды, мінез-құлықтың үлгілерін өз бойына қабылдауын әлеуметтену деп
атаймыз. Әлеуметтенудің екі түрі бар: бастапқы әлеуметтену (отбасында) және
жанама, екінші әлеуметтену (бүкіл өмір бойы). Әлеуметтену негізгі үш салада
жүзеге асырылады. Олар: қызмет, қарым-қатынас және сана-сезім.
Ал тілге қатысты әлеуметтенудің мынандай түрлері бар:
а) тіл арқылы жүзеге асырылатын әлеуметтену (тіл – негізгі құрал);
ә) тіл үшін жүзеге асырылатын әлеуметтену (тіл – негізгі нәтиже); бұл
ретте мәдени және әлеуметтік тиімді тілді пайдалану аялары жөніндегі білім
әлеуметтену үдерісі барысында қалыптасады;
б) әлеуметтену тіл туралы (тіл жөнінде білім пайда болады, ал тілге
қарым-қатынас әлеуметтену үдерісінде қалыптасады) [5, 42].
Тілдік әлеуметтенудің тетігі (тілді меңгеру немесе тілдік қабілеттің
дамуы) адамның бүкіл өмірі бойында жетілдіріледі. Әлеуметтену стихиялы
түрде (еліктеу, айналадағылардың мақұлдауы немесе мақұлдамауы) және
нысаналы түрде (тәрбие, оқу, жарнама, үгіт-насихат) жүреді. Екінші жағдайда
әлеуметтенуді әлеуметтік бағдарламалау деп те атайды. Әлеуметтену бірнеше
кезеңге тарамдалады: бейімделу кезеңі (әлеуметтік тәжірибе сыни тұрғыдан
емес, бейімделу есебінен болады); дербестену кезеңі (өзін басқалардан
айрықша етіп көрсету ниеті пайда болады, мінез-құлықтың қоғамдық
нормаларына сыни көзқарас қалыптасады). Ал шоғырлану кезеңінде қоғам жеке
адамды қабылдайды немесе қабылдамайды. Адам әлеуметтік тәжірибені бойына
сіңіреді, таратады және басқаларға жеткізуі еңбек ету кезеңі деп аталады.
Еңбек етуден кейінгі кезеңде адам әлеуметтік тәжірибені келесі ұрпаққа
жеткізуге, таратуға үлес қосады.
Адам әлеуметтенгенде оның мәртебесі, рөлімен қатар сөйлеу әрекеті де
өзгереді. Тұлғаның қоғамдағы орны, мәртебесі, лауазымы және мамандығы
олардың сөйлеу әрекетінің сөз әдебіне сай келуі немесе кейбір
ауытқушылықтардың болуына әсер етеді. Адамдардың қарым-қатынас жасау
барысына әлеуметтік себеп әсер етеді.
Адамның әлеуметтенуін қарастырған кезде бұл үдерістің қандай
жағдайларда болатынын назардан тыс қалдырмау қажет. Адам әлеуметтенуіне
әсер ететін түрлі жағдайлардың таптастырылуы бар. Біз А.В.Мудриктің
пікіріне сүйеніп, адам әлеуметтенуінің төрт факторын көрсетеміз:
1. Мегафактор – ғарыш, планета, әлем арқылы Жер тұрғындарының
әлеуметтенуіне әсер етеді.
2. Макрофактор – ел, этнос, қоғам, мемлекеттерде тұратын адамдардың
әлеуметтенуіне әсер етеді.
3. Мезофактор – тұрғылықты жеріне байланысты өңір, ауыл, қала
тұрғындарының әлеуметтенуі.
4. Микрофактор – отбасы, көрші, құрдастар, мемлекеттік тәрбиелеу
ұйымдары, діни ұйымдар, әртүрлі қоғамдық және жеке ұйымдардың
әсерімен адамдардың әлеуметтенуі [24, 30].
Адамның әлеуметтік мәртебесінің басты белгісі – жыныстық бөлінісі.
Жынысына қарай ер және әйел деп бөлінгендіктен олардың сөйлеу әрекеті де
түрлі болады. Соған байланысты тілдегі гендерлік ассиметрия деген термин де
бар. Гендерлік ассиметрия (ағыл. gender түр, жыныс + грек. аsymmetria
сәйкессіздік, үйлесімсіздік) – әлем бейнесі ер адам дүниетанымы тұрғысынан
қалыптасады деген пікірге байланысты әртүрлі жыныс иелерінің тілдегі тең
емес көрініс табуы (яғни әлем бейнесі тек қана антропоцентрлік), ал әйелдің
дүниетанымы мүлдем есепке алынбайды немесе бөгде, бөтен ретінде
танылады. Тілдегі гендерлік ассиметрияның мысалдары:
а) көптеген тілде адам мен ер адам бір сөзбен бейнеленеді;
ә) әйел адамның ер адамды атауы оның мәртебесін көтерсе, керісінше,
ер адамның әйел адамды атауы әрқашан негативтілікке ие;
б) ер адамға тән атауларды қолдану (ер адамдар үшін де, әйел адамдар
үшін де) басымдылыққа ие;
в) феминдік мен маскулиндіктің бір-біріне тек сапалық жақтан емес,
сонымен қатар сандық жағынан қатаң қарама-қарсылықта болуы және т.б.
Сонымен тілде болатын өзгерістердің көпшілігі – лауазым немесе
туған жеріне байланысты өзгешеліктен гөрі ер мен әйелдің
психофизиологиясына байланысты болады. Жыныс арасындағы еңбек бөлінісі
олардың дене құрылысының, организмінің түрлілігінен, яғни физиологиялық
ерекшеліктердің салдарынан болып отырған құбылыс. Ерлер мен әйелдердің
психофизиологиялық ерекшеліктері болады. Яғни, олардың темпераментінің,
эмоционалдылығының және ең алдымен организмінің құрылысы мен құрамының
түрлілігі. Қарым-қатынас жасайтын ортаның түрлі болғанынан кейін олардың
сөйлеу және сөз таңдау қабілеті ерекшеленіп отырады. Бұл процестен кейін
біз ер және әйел сөз қолданыстарындағы ерекшеліктер мәселесіне тірелеміз.
Ерлер мен әйелдердің сөз қолданыстарындағы ерекшеліктердің пайда болуына
тек психологиялық және әлеуметтік факторлар ғана септігін тигізіп қоймай,
физиологияның да үлесі баршылық.
Дене құрылысының, организмінің даму және жетілу қарқыны, айрықша
ерекшеленетін белгілері болады. Бұны – психофизиология саласы зерттейді.
Жыныстық психофизиология ерлер мен әйелдердің эмоционалдылығын,
организмінің даму қарқыны мен ерекшелігін, ойлау қабілетін анықтайды.
Психофизиологиялық ерекшеліктер ер мен әйел жынысының сәйкес емес
өмірлік мақсаттарының тууына себеп болады. Еңбек бөлінісінен кейін әр
адамның өз қарым-қатынас жасайтын ортасы болады. Жыныстардың арасындағы
ерекшеліктер тек сыртқы белгілерімен ғана емес (бет келбеті, тұлғасы,
дауысы), олардың адамзат болып дүниеге келгенінен-ақ организмі, дене
құрылысы түрлі болып қалыптасады.
Мәселен, ұл бала туылғанда кішкене қыздарға қарағанда бойы ұзынырақ,
салмағы ауырлау, бұлшық еттері қаттылау болады, ал жүрегі мен бауыры қыз
балалардікінен гөрі үлкенірек. 18 жасқа дейін әйелдердің бұлшық еттерінің
күші ерлердікінен 50% төмен. Қыз балалардың сүйектері ертерек
қатайғандықтан тістеу, жүру, сөйлеу қабілеті бір-екі жыл бұрын ерте
қалыптасады. Қыздардың 14 жасқа дейін бойының өсу дәрежесі тез дамиды [25].
Әйелдердің терісі жұқа (сол үшін де тез қартаяды), қанының түсі ашық
болады. Себебі, 20%-ке дейін қанының қызыл түрі кем болып, бұл әйелдердің
күш-қуатына әлсіздік береді. Бірақ қосымша майлы қабаты оларға қиын
жағдайларда төзімділік туғызады.
Әйелдердің миының көлемі 10% кем болғанымен тығыз орналасқан. Бұл
жыныстардың ойлау құралын ерекшелендіреді, қимыл іс-әрекетінің, мінез-
құлқының, сөйлеу тілінің түрліше болуына себеп болады. Әйелдер мен ерлердің
психологиялық ерекшеліктері жас кезінен көріне бастайды. Психологтар (Э.
Маккоби, К. Джеклин) кішкентай ұл балалар мен қыз балаларға жасаған
экспериментінде қыз балалардың ұлдарға қарағанда сөйлеу әрекетінің жақсы
дамығанын, ал ұлдардың қыздарға қарағанда көру әрекеті басымырақ және
агрессивті болатынын байқайды. Өсе келе қыз балалар тіл тапқыш, қоғамшыл,
сенгіш болады. Олар қарапайым, оңай тапсырмаларды жақсы орындайды, ал ұл
балалар шиеленіскен, қиын жолдағы таным процестерімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу әдебі ұғымы
Сөз мәдениеті Сөйлеу мәдениеті
Сөйлеу мәдениетінің әлеуметтік маңызы
Сөйлеу әдебі ағыл
Аудармашы арқылы сөйлесу әдебі
Іскерлік қатынастың регламенттелуі
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті
Қонақ үйдегі қызметкерлердің қарым- қатынас мәдениеті
Университетке студенттің қатынасының этикалық негіздері
Қазақ тіліндегі сыпайылық семантикасы
Пәндер