Мемлекеттік меншікті басқару мен реттеу



КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІ БАСҚАРУ МЕН РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мемлекеттік меншіктің мәні
1.2 Ұлттық компания мемлекеттік меншіктің ұйымдық нысаны ретінде
1.3 Мемлекеттік меншікті басқарудың шетелдік тәжірибесі
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕН БАСҚАРУДЫҢ ДАМУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ
2.1 Ұлттық компанияларды реттеуші органдар
2.2 Ұлттық компанияларды мемлекеттік басқарудың қазіргі жағдайын талдау
2.3 Ұлттық компаниялар қызметін бағалау
3 МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
3 МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
3.2 Ұлттық компанияларды дамытудың негізгі бағыттары
3.3 Ұлттық компаниялардың даму болашағы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан экономикасының нарықтық жағдайда дамуы елдің экономикалық әлеуетінің бәсекелі басымдықтарымен қатар нарыққа бейімделудің әр түрлі мүмкіндіктерімен байланысты олардың кемшіліктерін де анықтады. Бұл шикізаттық емес сектордың жекелеген салаларында, оның ішінде өнеркәсіпте өндірістің айтарлық құлдырауына және ұюына әкелді, экономиканың нақты секторы салаларының шикізат экспорты жағына қарай тепе-теңсіздігі шиеленісе түсті.
Қазақстанның әлемдік шаруашылық жүйесіне белсенді кіруін әлемдік және өңірлік еңбек бөлінісіндегі Қазақстанның тар мамандануы, негізгі әлемдік тауар нарықтарынан алшақтығы тежейді, бұл бірінші кезекте, сыртқы нарықтарға шығуды қамтамасыз ететін көлік-коммуникациялық инфрақұрылымның дамымағандығымен шиеленісе түседі.
Осыған байланысты, Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі экономикалық саясаттың басты басымдығы ретінде мемлекет мақсаты дамудың шикiзат бағытынан қол үзу жағына қарай экономиканы әртараптандыру және сервистiк-технологиялық экономикаға көшуге дайындалу жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізу болып табылатын Қазақстанның Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік баңдарламасы негізінде экономиканы және жоғары технологиялар инновацияларын индустрияландыру жолын таңдап алды.
Соңғы жылдардағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері орнықты экономикалық өсудің болуын және халықтың әл-ауқатының артуын растайды. Сонымен қатар, қабылданған шараларға қарамастан, ел экономикасында бірқатар міндеттер мен проблемалар шешусіз қалғандығын куәландыратын кейбір үрдістер байқалады. Бүгінгі күні экономиканың мемлекеттік секторы қандай да бір тауар және қызмет өндіруші түрлі кәсіпорындарды қамтиды. Сондықтан да саяси жүйе және меншік субъектісі ретіндегі мемлекетті және экономикалық қызмет субъектісі ретіндегі кәсіпкер мемлекетті ажырата білген абзал.
Мемлекеттің әлемдік қауымдастыққа сәтті интеграциялануы оның барлық элементтерімен, және де ең алдымен оның негізгі субъектілері-трансұлттық корпорацияларының оңтайлы өзара байланыс механизмінің қалыптасуын болжайды. Ол үшін елдің ішкі рыноктарында сол трансұлттық корпорациялардың тарапынан болатын шетелдік бәсекеге төзе алатын ғана емес, сонымен қатар сыртқы рыноктарда да бекіне алатын мықты отандық экономикалық құрылымдарды жасау қажет болып тұр. Басқаша айтқанда, ірі қазақстандық корпорацияларды, соның ішінде трансұлттық бағыттағы корпорацияларды құру ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шешуші факторы бола алады.
1. Америка экономикасының негіздері/Дайындаған К. Конте, А.Р.Карр; АҚШ Мемлекеттік Департаменті Халықаралық ақпараттық бағдарламалар басқармасы. - Vienna : АҚШ Мемлекеттік Департаменті, 2005. - 168 б.
2. Экономическая теория. Под.ред В.Д.Камаева – М., 2002.
3. ҚР Азаматтық Кодексі (жалпы бөлім). Алматы: Юрист, 2001. – 43 б.
4. Г. Жолдасова Экономика негіздері: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2008. - 219 б.
5. Предпринимательство: Учебник/Под. ред. М.Г. Лапусты. – М.: ИНФРА-М,2000.
6. Бусыгин А. Предпринимательство : Основной курс, -М.,1997
7. Кошанов А.К. Устойчивое развитие экономики Казахстана в условиях глобализации // Саясат. – 2001. – №2. – С. 14-18.
8. Байгісиев М.К. Экономиканы мемлекеттік реттеу: оқу құралы – Алматы: Қазақ Университеті, 2010. – 354 б.
9. Алшанов Р., Әшімбаева Ә. Жаһандық экономика және Қазақстан // Егемен Қазақстан. – 2007. – 28 ақпан.
10. Н.К.Мамыров, А.Н.Саханова, Ш.С.Ахметова, Л.Бруза. Государство и бизнес. 1-том., А 2002.
11. Бисенғазиев М.Б., Хамитов А.Ш., «Кәсіпкерлік негіздері» – Орал 2001ж.
12. Сборник «Предприниматель и право», Издательский дом «БИКО», Алматы 2000
13. Алпысбаев С.А. Стратегия инновационного развития в условиях устойчивого экономического роста: Монография. – Алматы: Экономика, 2005. – 150 с.
14. Қазақстандағы бизнес тіркелімі: статистикалық жинақ / Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі. - Астана : 2009. - 86 б.
15. Самрук казына сайты
16. Басекелестик агенттиги сайты
17. Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития. Т.1. – Алматы. – 2001.
18. Казтаг
19. . www.telecom.kz. Қаржылық есеп беру мәліметтері
20. Мұхтарова К.С. Мұнай-газсекторында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. /Статья в сб. Научно-теоретической конференции студентов и молодых ученых "Моденизация экономики Республики Казахстан: теория, практика, перспективы". - Алматы: Университет международного бизнеса, 2006.
21. Мұхтарова К.С. Анализ рынков сбыта казахстанской нефти. /Статья в сб. Научно-теоретической конференции студентов и молодых ученых "Моденизация экономики Республики Казахстан: теория, практика, перспективы". - Алматы: Университет международного бизнеса, 2006.
22. www.akorda.kz. Н.Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы, Астана,2010
23. Эффективность государственного управления: Пер. с англ. – М.- 1998.
24. Виноградов В.А. Государственная собственность в развитых капиталистических . – М.: «Мысль». - 1999.
25. Ж. Т. Ходжаниязова Нарықтық экономика негіздері: оқулық - Астана: Фолиант, 2007. - 163 б.
26. www.minplan.kz. Мемлекеттік активтер
27. К.З.Хамитова Экономика және кәсіпкерлік негіздері:оқулық - Астана : Фолиант, 2007. - 192 б.
28. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ: 2020 жылға дейінгі стратегия және 2003-2008 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары. – Астана: ҚМГ, 2003. – 25 б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазақстан экономикасының нарықтық жағдайда дамуы елдің экономикалық
әлеуетінің бәсекелі басымдықтарымен қатар нарыққа бейімделудің әр түрлі
мүмкіндіктерімен байланысты олардың кемшіліктерін де анықтады. Бұл
шикізаттық емес сектордың жекелеген салаларында, оның ішінде өнеркәсіпте
өндірістің айтарлық құлдырауына және ұюына әкелді, экономиканың нақты
секторы салаларының шикізат экспорты жағына қарай тепе-теңсіздігі шиеленісе
түсті.
Қазақстанның әлемдік шаруашылық жүйесіне белсенді кіруін әлемдік және
өңірлік еңбек бөлінісіндегі Қазақстанның тар мамандануы, негізгі әлемдік
тауар нарықтарынан алшақтығы тежейді, бұл бірінші кезекте, сыртқы
нарықтарға шығуды қамтамасыз ететін көлік-коммуникациялық инфрақұрылымның
дамымағандығымен шиеленісе түседі.
Осыған байланысты, Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі экономикалық
саясаттың басты басымдығы ретінде мемлекет мақсаты дамудың шикiзат
бағытынан қол үзу жағына қарай экономиканы әртараптандыру және сервистiк-
технологиялық экономикаға көшуге дайындалу жолымен елдің орнықты дамуына
қол жеткізу болып табылатын Қазақстанның Үдемелі индустриялық-инновациялық
даму жөніндегі мемлекеттік баңдарламасы негізінде экономиканы және жоғары
технологиялар инновацияларын индустрияландыру жолын таңдап алды.
Соңғы жылдардағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі
көрсеткіштері орнықты экономикалық өсудің болуын және халықтың әл-ауқатының
артуын растайды. Сонымен қатар, қабылданған шараларға қарамастан, ел
экономикасында бірқатар міндеттер мен проблемалар шешусіз қалғандығын
куәландыратын кейбір үрдістер байқалады. Бүгінгі күні экономиканың
мемлекеттік секторы қандай да бір тауар және қызмет өндіруші түрлі
кәсіпорындарды қамтиды. Сондықтан да саяси жүйе және меншік субъектісі
ретіндегі мемлекетті және экономикалық қызмет субъектісі ретіндегі кәсіпкер
мемлекетті ажырата білген абзал.
Мемлекеттің әлемдік қауымдастыққа сәтті интеграциялануы оның барлық
элементтерімен, және де ең алдымен оның негізгі субъектілері-трансұлттық
корпорацияларының оңтайлы өзара байланыс механизмінің қалыптасуын болжайды.
Ол үшін елдің ішкі рыноктарында сол трансұлттық корпорациялардың тарапынан
болатын шетелдік бәсекеге төзе алатын ғана емес, сонымен қатар сыртқы
рыноктарда да бекіне алатын мықты отандық экономикалық құрылымдарды жасау
қажет болып тұр. Басқаша айтқанда, ірі қазақстандық корпорацияларды, соның
ішінде трансұлттық бағыттағы корпорацияларды құру ұлттық экономиканың
бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шешуші факторы бола алады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты- мемлекеттік
меншіктің объектісі ретіндегі ұлттық компаниялардың қалыптасуының,
қызметінің теориялық және практикалық қажеттіліктерінің негізі және
Қазақстан Республикасындағы қазіргі нарықтық экономикада мемлекеттік
меншікті, оның ішінде ұлттық компанияларды мемлекеттік реттеу жолдары мен
құралдарын анықтау.
Бұл мақсат келесідей міндеттерді көздейді:
-мемлекеттік меншік, ұлттық компания категорияларының және олардың
республика экономикасын реформалаудағы маңыздылығын ашу;
-мемлекеттік меншікті басқару мен реттеудің шетелдік тәжірибесіне
жүгіну;
-стратегиялық маңызы бар салаларда қызмет ететін ұлттық компаниялардың
бірқатарының қызметін қарастыру;
-мемлекеттік меншікті, сонымен қатар ұлттық компанияларды басқарудың
тиімділігін арттыру жолдарын көрсету.
Жұмыстың негізгі бөлімінде алға қойған міндеттер шешімін табады.
Бірінші бөлімде - мемлекеттік меншікті басқару мен реттеудің теориялық
негіздері. Мұнда меншік, мемлекеттік меншік категорияларының мәні, оның
атқаратын қызметтері, мемлекеттік меншікті басқарудың шетелдік тәжірибесі
және ұлттық компаниялар қызметінің маңыздылығы сипатталады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген қоғамдық және саяси құрылыста
мемлекеттік сектор елдің негізгі экономикалық тіректерінің бірі болып
табылады және мемлекеттік басқарудың маңызды саласы болып табылады. Қандай
да болмасын көлемде кез келген ел экономикасына мемлекеттік сектор қажетті
және әлемнің барша елдерінде мемлекеттік секторға маңызды орын
берілетіндігі айқын көрсетілген.
Екінші бөлім - Қазақстан Республикасындағы ұлттық компаниялардың
қызметін мемлекеттік реттеу мен басқарудың дамуын талдау. Қазіргі таңдағы
мемлекеттік мүлікті, сонымен қатар ұлттық компанияларды реттеуші
органдардың қызмет жағдайы талданып, бірнеше ұлттық компаниялар қызметіне
сипаттама берілген.
Үшінші бөлімінде - Мемлекеттік меншікті даму перспективасы,
мемлекеттік меншікті реттеуде мемлекеттің ролін анықтау, мемлекеттік
меншікті басқарудың кешенді тұжырымдамасының қажеттілігі, сонымен қатар
ұлттық компаниялар қызметіндегі кемшіліктер, оларды жою жолдары бойынша
талдау жасалып, жетілдіру жолдары көрсетілген.
Жұмыс барысында негізінен келесідей авторлардың еңбегіне сүйендім: М.К.
Байгісиев, Е.Б. Жатқанбаев, В.И. Кошкин, А.К. Қошанов. Сонымен қатар
Қазақстан Республикасының заңдық және нормативті актілері, республиканың
статистикалық органдарының, ұлттық компаниялардың материалдары қолданылды.

1 МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІ БАСҚАРУ МЕН РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мемлекеттік меншіктің мәні

Меншік экономикалық категория ретінде адам қоғамының дамуында шешуші
рөл атқарады. Қоғамдық экономикалық формация бір-бірінен не өндіріледі
дегенмен емес, қалай өндіріледі, қандай өндіріс құралдарымен, кімнің
қолымен, және бұл өндіріс құралдары кімнің меншігінде дегенмен
айрықшаланады. Әкімшілік-әміршілік жүйеден нарықтық экономикаға өту
кезеңінде нарықтық қатынастардың барлық әлеуметтік-экономикалық жүйесінің
басты негізі экономикадағы меншіктің әртүрлі пішіндері болып табылады. [1]
Нарықтық экономика бұл, ең алдымен, нарықтық, экономикалық, өндірістік
қатынастар. Мұндағы басты мәселе – меншіктілік. Меншіктіліктің әрбір қоғам
мүшесінің, тауар өндірушінің қолында болуы экономика тұрақтылығының
кепілдігі.
Меншік деген терминнің экономикалық мағынасы – адамдар арасындағы
барлық мүлікті, шаруашылықты пайдалану және иемдену жөніндегі қатынастар.
Меншіктің экономикалық мазмұны иемдену-шектетілу қатынастарын көрсетеді.
[2] Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және
қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған
билiк ету құқығы.
Мемлекеттік меншік- мемлекеттік меншік құқығына негізделген елдің
барлық мүліктері. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей мемлекеттік меншік тиімді
бола алады, өйткені оның қызметтерімен байланысты өзіндік артықшылықтары
бар: макроэкономикалық реттеуге, елдің экономикалық даму стратегиясын
қалыптастыруға, ұлттық экономика құрылымын оңтайлы етуге қабілетті.
Меншік типтері: а) өздеріне тиесілі мүліктерді меншік иелерінің жалпы
мақсатта пайдалану деңгейі бойынша; б) жекелеген еншілес меншік иелері
арасында жалпы меншікті еркін бөлу мүмкіндігі мен мүмкін еместігі бойынша
анықталады.

Сурет 1. Меншіктің типтері [27]

Меншіктің субъектілері: жеке тұлға, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік
ұжым, халық, басқару органдары. Меншіктің объектілері болып өндіріс
құралдары, мүлік, құнды қағаздар, ақпарат, жұмыс күші табылады.
Тарихта меншіктің екі үлгісі белгілі, олар – жеке меншік пен қоғамдық,
мемлекеттік меншік. Бұл үлгілердің әрқайсысы әртүрлі формаларда өмір
сүреді. Тарихи тұрғыда мемлекеттік меншіктің формалары мемлекеттің қоғам
үстінде тұрған және қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық құрылымды қорғаудың
спецификалық қызметін атқаратын ерекше аппарат ретіндегі қажеттілігінен
туындайды. Мұндай қызметтерді атқару үшін мемлекет мемлекеттік билік
органдарын, полиция, әскер, соттарды және т.б. материалдық қамтамасыз ету
үшін қажетті табыстар мен мүлікке ие болуы керек. Бұл басты орынды
қазынаның ақшалай құрамы мен мемлекеттік бюджеттің ақшалай құралы басты
орынды алатын мемлекеттің меншіктің қарапайым және таза түрі болып
табылады.
Мемлекеттiк меншiк республикалық және коммуналдық меншiк түрiнде
көрiнедi. Республикалық меншiк мемлекеттік қазынадан және заң құжаттарына
сәйкес мемлекеттiк республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген
мүлiктен түрады.[1]
Республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры,
мемлекеттiк меншiктiң Азаматтық Кодекстiң 193-бабында аталған объектiлерi
(жер, оның қойнауы, су, өсiмдiк және жануарлар дүниесi, басқа да табиғи
ресурстар) және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де
мемлекеттiк мүлiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қазынасын құрайды.
[3]
Коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан және заң құжаттарына сәйкес
коммуналдық заңды түлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен түрады. Жергiлiктi
бюджет қаражаты және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге
де коммуналдық мүлiк жергiлiктi қазынаны құрайды. Коммуналдық меншiк
жергiлiктi мемлекеттiк басқару деңгейлерi бойынша облыстық (республикалық
маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар
қалалардың) меншiк болып бөлiнедi.
Мемлекеттiк меншiктегi мүлiк мемлекеттiк заңды тұлғаларға шаруашылық
жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен бекiтiлiп берiлуi мүмкiн.
Шаруашылық жүргiзу құқығы мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған
және бұл мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқықтарын Азаматтық
Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгiленген шекте жүзеге асыратын
мемлекеттiк кәсiпорынның заттық құқығы болып табылады.
Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктiң меншiк иесi заң құжаттарына сәйкес
кәсiпорын құру, оның қызметiнiң мәнi мен мақсаттарын белгiлеу, оны қайта
құру мен тарату мәселелерiн шешедi, кәсiпорынға тиесiлi мүлiктiң өз
мақсатында пайдаланылуы мен сақталуына бақылау жасауды жұзеге асырады.
Меншiк иесi өзi құрған кәсiпорынның шаруашылық жұргiзуiндегi мүлiктi
пайдаланудан келтiрiлген таза табыстың бiр бөлiгiн алуға құқылы.
Оралымды басқару құқығы меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен
қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң, меншiк иесiнен мүлiк алушы және өз
қызметiнiң мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмаларына және мүлiктiң мақсатына
сәйкес заң құжаттарымен белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану
және оған билiк ету құқығын жұзеге асырушы қазыналық кәсiпорындардың заттық
құқығы болып табылады.

Мемлекеттік кәсіпорындар

Шаруашылық жүргiзу құқығында
Оралымды басқару құқығында

Шаруашылық қызметтен алынатын
қірістер есебінен жұмыс істейді
Өз пайдасын пайдалану бағытын өзі
анықтайды
Мемлекет кәсіпорынның
міндеттемелері бойынша
жауапкершілікте болмайды
Дәрменсіз борышкерлер болуы
мүмкін
Жарғылық қоры қалыптастырылады
(10 мың АЕК кем емес)
Меншіктенушінің немесе оған
уәкілетті мемлекеттік органның
жазбаша келісімінсіз негізгі
құралдарға жатқызылған мүлікке
иелік етуге құқығы жоқ
(меншіктенушінің біршама кең
дербес келісімі, мүлікке иелік
ету бойынша біршама құқығы бар)
Барлық өзіне тиесілі мүлікке
өзінің міндеттемелері бойынша
жауап береді
Меншіктенуші қаржыландырады
Смета бойынша өз қаражатына иелік
етеді
Мемлекет қазыналық кәсіпорындардың
міндеттемелері бойынша
субсидияланған жауапкершілікте
болады
Дәрменсіз борышкерлер болып
табылмайды
Жарғылық қор қалыптаспайды, қызмет
мүлікі меншіктенуші бекітетін
кірістер мен шығыстар сметасына
сәйкес жүзеге асырылады
Уәкілетті органның тек жазбаша
келісіммен өзінің шаруашылық
қызметі нәтижесінде алынган өзіне
бекітілген мүлікті шеттеуге немесе
өзге тәсілмен иелік етуге құқылы
Өзінің иелігінде ақшаға ғана өзінің
міндеттемелері бойынша жауап
береді.

*Есткерту: сурет дерек көзі - minplan.kz. Мемлекеттік активтер
негізінде автормен құрастырылған.

Сурет 2. Мемлекеттік кәсіпорындардың түрлері: негізгі ерекшеліктері

Мемлекеттiк мекемеге немесе қазыналық кәсiпорынға бекiтiлiп берiлген
мүлiктi меншiктенушi, егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, ол мүлiктi
қайтарып алуға, не өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында өз қалауы
бойынша қайта бөлуге құқылы.
Қазақстанда мемлекеттік кәсіпкерліктің ұйымдық экономикалық
нысандарының тізімі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен
бекітілген. Мемлекеттік секторға қатысты келесілер бөліп
көрсетілген12,15б:
1. Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар
(медикаменттерді, емдеу препараттарын, өндіру және өткізу саласы,
мемлекеттің монополияға жатқызылған салалар, энергия мен сумен қамтамасыз
ету жүйелері және т.б.)
2. Жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, оларға
жататындар: транспорт және инфрақұрылымның өзге де обьектілері, байланыс,
білім беру, ғылым, мәдениет, табиғатты қорғау т.б.
3. Мемлекеттік акциялар пакеті 51% және одан да жоғары акционерлік
компаниялар, сонымен қатар 51%-тен төмен, бірақ өндірістік қызметті
бақылауды қамтамасыз ететін компаниялар.
4. Мемлекеттік акциялар пакетінсіз, бірақ алтын акциясы бар акционерлік
компаниялар. Мемлекет активтері - өткен операциялар немесе оқиғалар
нәтижесінде мемлекеттік меншікке алынған, құндық бағасы бар мүліктік және
мүліктік емес игіліктер мен құқықтар.
Қазақстан қоғамының орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы
бар, оны иелену және (немесе), пайдалану және (немесе) оған билік ету
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер ететін
мүлік стратегиялық объект болып табылады.
Стратегиялық объектілерге: магистральдық темір жол желілері;
магистральдық мұнай құбырлары; магистральдық газ құбырлары; ұлттық электр
тораптары; магистральдық байланыс желілері; ұлттық почта тораптары;
халықаралық әуежайлар; халықаралық маңызды мәртебесі бар теңіз порттары;
әуе қозғалысын басқару жүйесінің аэронавигациялық құрылғылары; кемелердің
қауіпсіз жұзуін реттейтін және оған кепілдік беретін құрылғылар мен
навигациялық белгілер; атом энергиясын пайдаланатын объектілер; ғарыш
саласының объектілері; су шаруашылығы құрылыстары; ортақ пайдаланудағы
автомобиль жолдары; сондай-ақ меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды
тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары), меншігінде
стратегиялық объектілер бар жеке және заңды тұлғалардың шешімдерін тікелей
немесе жанама айқындауға немесе қабылдайтын шешімдеріне ықпал етуге
мүмкіндігі бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері,
пайлары) жатқызылуы мүмкін.
Бүгінгі күні экономиканың мемлекеттік секторы қандай да бір тауар және
қызмет өндіруші түрлі кәсіпорындарды қамтиды .Сондықтан да саяси жүйе және
меншік субъектісі ретіндегі мемлекетті және экономикалық қызмет субъектісі
ретіндегі суперкәсіпкер мемлекетті ажырата білген абзал.
Мемлекет заң шығарушы, атқарушы және сот органдары қызметінің саласы
болып табылады. Мемлекет материалды ешнәрсе жасамайды, ол билік және
басқару аппараты болып табылады. Ал экономиканың мемлекеттік секторына
келсек, ол тек тұтынбайды, сонымен қатар өнім өндіріп, табыс әкеледі.
Мазмұны бойынша ол халық шаруашылығының өзге секторларының кәсіпорындары
секілді шаруашылық өмірдің қатысушысы болып табылады.
Жеке меншік мемлекеттік меншікпен салыстарғанда қарапайымдау категория.
Ол меншік объектісіне тек бір адам ғана билік етуін білдіреді.
Мемлекеттік меншіктің ерекшелігі оның әскер, полиция және т.б.
қолдайтын саяси билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты. Ең алдымен осы
себепке байланысты қоғамның саяси жүйесін реформаламай меншікті мемлекет
иелігінен алуды қандай да бір кең көлемде жүргізуге болмайды.
Бір жағынан, мемлекеттің тікелей мәжбүрлеуінсіз оның меншігі үстем
болмас па еді, екінші жағынан-бұл форма оның бөліну және қайта бөліну
процесінде мемлекеттің тұрақты араласуынсыз бірнеше онжылдықтар бойы
тіршілік етпес еді. Осы тұрғыдан мемлекеттік меншікті тоталитарлық саяси
жүйенің басты ерекшеліктерінің бірі ретінде қарастыру қажет.
Мемлекеттік меншік иерархиялық принцип бойынша құрылған алуан түрлі
және өзара байланысты қарым-қатынастарды қамтиды. Біріншіден, бұл мемлекет
иелігіндегі меншіктің иемдену, пайдалану және билік етумен, мемлекеттік
бюджетті бекіту және толтырумен байланысты мемлекеттік билік және басқару
органдарының ішіндегі қатынастар; екіншіден, билік пен басқарудың орталық
және жергілікті (аймақтық) органдар арасындағы, үшіншіден, мемлекет
аппараты және нақты тауар өндіруші және шынайы кәсіпкерлер ретіндегі
мемлекеттік кәсіпорындар арасындағы қатынастар.
Мемлекеттік меншікке оның субъектілерінің және иемдену, пайдалану,
билік ету қатынастарының иерархиялық құрылымы тән. Батыс елдерінде
мемлекеттік меншікті жеке меншіктің бір түрі ретінде бейнелеуі дұрыс емес.
Мемлекеттік меншік әрдайым жеке меншікке қарама-қарсы қойылады және оның әр
түрлі елдердегі ерекшеліктері ең алдымен оның нақты тарихи формасының
ерекшеліктеріне әкеліп тіреледі.
Кеңестік ғылыми әдебиетте және заңнамада мемлекеттік меншікті жеке
меншіктің бір түрі ретінде саналатын буржуазиялық мемлекеттердің
меншіктерінен айырмашылығы бүкіл халықтық деп түсіндірілуінде. Бірақ
саяси декларацияларға қарамастан ешбір мемлекет барша халықтың ерігі мен
мүддесін білдіре алмайды. Халық ең алдымен экономикалық өмір жағдайының
айырмашылығының нәтижесінде әр түрлі әлеуметтік кластарға, топтарға,
ұлттарға және т.б. дифференциацияланған. Олар бір бірінен қоғамдық өндіріс
жүйесіндегі алатын орны бойынша ерекшеленеді. Сонымен қатар, мемлекеттің
өзі халықтың үстінде тұрған және ерекше мүддесі бар айрықша аппарат болып
табылады. Сондықтан мемлекеттің саясатыда, оның ішінде меншікке қатысты
саясаты да тең дәрежеде баршаның мүддесіне сай келе бермейді. Яғни,
қоғамның әлеуметтік құрылымы тұрғысынан да, мемлекеттің мәні тұрғысынан да
мемлекеттік меншік жалпы халықтық сипатта бола алмайды. Ол қатысушылары
мемлекет меншігінің объектілерін қамтитын мүлікті нақты пайдалану
нәтижесінде теңсіздік жағдайында болатын және өз қажеттіліктерін әр түрлі
дәрежеде қанағаттандыратын қатынастарды білдіреді.[4]
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген қоғамдық және саяси құрылыста
мемлекеттік сектор елдің негізгі экономикалық тіректерінің бірі болып
табылады және мемлекеттік басқарудың маңызды саласы болып табылады.
Нарықтық шаруашылық белгілі бір жағдайларда инфрақұрылымды дамыту,
өнеркәсіптің кейбір салаларын реконструкциялау, халық шаруашылығын арзан
электр энергиясымен және шикізатпен қамтамасыз ету, жалпымемлекеттік
деңгейдегі ғылыми-зерттеу, экспериментальдық және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру мәселелерін шеше
алмайды. Аталмыш мәселелерді мемлекеттік сектор өз мойнына алуға мәжбүр.
Жалпы, мемлекеттік секторға тек кәсіпорындар ғана кірмейді. Мемлекеттік
бағалы қағаздар қор рыногының бір секторын құрайды, ал мемлекеттік акциялар
пакеті-унитарлы кәсіпорындар секілді басқару объектісі болып табылады. Бұл
мәселе мемлекеттік несиелерге де, табиғи қазба байлықтардың барланған
қорына және өзге де ресурстарға қатысты. Бірақ, әдетте мемлекеттік сектор
туралы айтқанда мемлекеттік кәсіпорындарды меңзеп тұрады.
Көптеген елдерде орталық үкіметке тиесілі халықтық меншік және
жергілікті басқару органдарының меншігіндегі коммуналды меншікті
ажыратады.[5]
Мемлекеттік сектордың басым бөлігі - бұл инфрақұрылым объектілері,
көбінесе рентабельді емес, келесі бөлігі - үлкен инвестицияларды қажет
ететін және капитал айналымдылығы баяу шикізат және энергетикалық саладағы
мемлекеттік кәсіпорындар. Мемлекеттік фирмалардың рентабельділігі жеке
меншік фирмалардыкінен төмендеу болады. Мемлекеттік сектордың енді бір
бөлігі - аралас компаниялардың акциялары.
Мемлекеттік сектор көлемі, оның ұлттық экономикадағы үлесі тек жаңа
құрылыс нәтижесінде ғана емес, сонымен бірге рентабельді, қайта құрылған
мемлекеттік меншік объектілерін жеке меншік капиталға сату нәтижесінде де
өзгереді.[6] Мемлекеттік сектор өзге құралдармен бірге жобамен барлық
әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін реттеу құралы ретінде
қолданылады.
Мемлекеттік сектордың үлесі қомақты болып келетін елдерде ол
экономикалық циклді тегістеу және жұмыспен қамтылуды қолдау үшін қазық
ретінде қызмет етеді. Конъюктураның нашарлауы, депрессия және дағдарыс
жағдайында мемлекеттік объектілер өндірісті қысқартпайды. Және де
мемлекеттік темір жолдардағы негізгі капиталдың жаңартылуы, пошта және
телеграфтың қымбат жабдықтарды сатып алуы, автомобиль жолдарын салудағы
бум, порттар мен әуежайлар реконструкциясы әдетте дағдарыстық кезеңдерге
келеді. Осылайша, мемлекеттік шаруашылық объектілері реттеу органдарының
инициативасы бойынша өндірістің құлдырауы мен жұмыссыздықтың өсуіне қарсы
тұруға ұмтылады.
Мемлекеттік сектор қаржы рыногында бірқатар маңызды қызметтерді
атқарады:
-ақша қаражаттарын аккумуляциялайды және оларды дамуына елдің халық
шаруашылығының экономикалық конъюктурасы мен құрылымы байланысты салаларға
бағыттайды;
-қарыз капиталы рыноктарында проценттік ставкаларды анықтайды, осылайша
экономиканың өсу қарқынына әсер етеді;
-бағалы қағаздар рыногында қызмет ете отырып, экономикадағы өтімді
құралдардың болуын реттейді және бюджетке қосымша қаражаттардың түсуін
қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік сектор ҒЗТКЖ –да үлкен роль атқарады, әсіресе
университеттік ғылымда, кадрларды қайта даярлауда. Мемлекеттік сектордың
мекемелері көптеген елдерде мемлекеттік қаржыландыру есебінен жүзеге
асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарының басты орындаушылары және
экономиканың барлық салаларына ҒЗТКЖ-ң нәтижелерін жеткізуші болып
табылады.
Мемлекет орындайтын қызметтерге ең алдымен мыналар жатады:
• экономиканың қызмет ету үшін құқықтық негіздерді құру мен
реттеу;
• монополияға қарсы реттеу;
• макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізу;
• ресурстарды орналастыруға ықпал ету;
• табыстарды бөлу аясындағы қызмет;
• мүліктік қатнастар субъектісі ретіндегі мемлекет қызметі.
Заңдық базаны құру – бұл барлық тауар өндірушілер, тұтынушылар және
мемлекеттің өзі іс - әрекетінде жетекшілікке алуға тиісті экономикалық
агенттің тәртібінің ережесін, экономикалық араласудың заңдық қағидаларын
белгілеу. Бұл ереженің ішінде жеке меншіктің құқығын қорғайтын, кәсіпкерлік
қызметтің нысанын, кәсіпорынның қызмет ету жағдайын, олардың өзімен және
мемлекет арасындағы өзара қатнастарды анықтайтын заңдар мен нормативті
актілерді атап өтуге болады.
Макроэкономикалық тұрақтану экономикалық өсумен, жұмыспен толық
қамтамасыз етілуімен және бағаның тұрақты деңгейімен байланысты.
Ресурстарды қайта бөлу өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісіне
қатысты болуы мүмкін. Әрбір нақты жағдайда мемлекеттік ықпал етудің
белгілі бір түрлері қолданылады. Салықтар, демеу қаржылар, тікелей реттеу
және т.б. – құралдар ретінде қолданылуы мүмкін.
Бәсекелестік тетіктерін қамтамасыз етудегі бөлу - әлеуметтік топқа
жіктелуге және кедейлікке әкеледі. Қоғам әлеуметтік қорғау бағдарламасында
қолданылған, табыстарды салықты қайта бөлу арқылы ауқатсыз азаматтарға
қамқорлық жасауды өз мойнына алады.
Мемлекеттік меншік – сату-сатып алу объектісі болмайтын және пайда
әкелмейтін ұлттық игілікті көрсетеді. Мемлекеттік меншіктің қалыптасу көзі
мемлекет меншігіне айналдыру және мемлекеттік кәсіпкерлік болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпкерлікті, соның ішінде ұлттық компаниялардың қызметін
мемлекеттік реттеу бағытына монополиялық реттеу жұмыстары жатады. Мемлекет
меншігіндегі нысандар қызметтерінің монополиялануын реттеп отыратын
органдар болады.
Монополияға қарсы орган жүргiзетiн тексерулердiң нысанасы нарық
субъектiлерiнiң, мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының
бәсекелестiк және монополиялық қызметтi шектеу туралы заңнамасын сақтауы
болып табылады. Қазақстан Республикасының бәсекелестiк және монополиялық
қызметтi шектеу туралы заңнамасының сақталуы нысанасына монополияға қарсы
орган жүзеге асыратын тексеру жоспарлы және жоспардан тыс болуы мүмкiн.
Жоспарлы тексеру тексерiлетiн субъектiлердiң Қазақстан Республикасының
бәсекелестiк және монополиялық қызметтi шектеу туралы заңнамасын сақтауына
байланысты мәселелердiң бүкiл кешенiн қамтиды. Жоспарлы тексеру жылына бiр
реттен жиi болмайтындай етiп жүргiзiліп, монополияға қарсы органның басшысы
жыл сайын бекiтетiн жұмыс жоспары жоспарлы тексеру жүргiзуге негiз болып
табылады. Жоспарда өздерiне қатысты тексеру жүргiзiлу көзделiп отырған
тексерiлетiн субъектiлердiң тiзбесi және тексеру жүргiзiлетiн кезең
қамтылуға тиiс.
Монополияға қарсы органның жоспарында көзделмеген және Қазақстан
Республикасының бәсекелестiк және монополиялық қызметтi шектеу туралы
заңнамасын бұзушылық туралы монополияға қарсы органға келiп түскен не
дербес анықталған ақпаратты тексеру немесе анықтау үшiн жүргiзiлетiн
тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады. Жоспардан тыс тексеру
жүргiзуге:
• жеке және заңды тұлғалардың монополиялық қызметiнiң нәтижесiнде өз
құқықтарының бұзылғаны туралы өтiнiштерi;
• Қазақстан Республикасының бәсекелестiк және монополиялық қызметтi
шектеу туралы заңнамасын бұзушылық туралы басқа мемлекеттiк
органдардан келiп түскен материалдар;
• монополияға қарсы органның тауар нарықтарын талдау, бұқаралық
ақпарат құралдарының хабарламалары және өзге де мәлiметтер
негiзiндегi жеке бастамасы;
• Қазақстан Республикасының бәсекелестiк және монополиялық қызметтi
шектеу туралы заңнамасын бұзушылық мәселелерi бойынша монополияға
қарсы органның тексеру жүргiзуiнiң нәтижесi негiз болады.
Тексеру жүргiзу үшiн монополияға қарсы орган монополияға қарсы органның
басшысы қол қойған, мөрмен куәландырылған және Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген тәртiппен құқықтық статистика және арнайы есепке
алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын
мемлекеттiк органда тiркелген қатаң есептiлiк бланкiсiндегi нұсқаманы
қабылдап, тексерудi тағайындау туралы бұйрық шығарады және тексеру жүргiзу
бағдарламасын бекiтедi.
Монополияға қарсы реттеу – мемлекет жүзеге асыратын және рыноктық
бәсеке үшін жағдайды қамтамасыз етуге және рыноктық тетіктің қалыпты жұмыс
істеуіне қауіп төндіретін рынокты шамадан тыс монополияландыруды
болдырмауға бағытталған экономикалық, әкімшілік және заңнамалық шаралардың
кешені.
Монополияға қарсы реттеуге:
• өндірісті шоғырландыру және монополияландыру деңгейін реттеу;
• кәсіпорындардың стратегиясы мен тактикасын реттеу;
• сыртқы экономикалық қызметті реттеу;
• бағалық және салықтық реттеу.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті
қорғау комитетінің бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу
жөніндегі уәкілетті органы мынадай қызметтерді жүзеге асыралды:
• монополиялық қызметті ескерту, шектеу және болдырмауды;
• тұтынушылардың құқықтарын мен бәсекелестіктерін қорғауды;
• монополияға қарсы заңнаманы сақтауды бақылауды;
• бағаны реттеуді;
• тауар рыноктары мен бәсекелестікті дамыту жөніндегі саясат
саласында басқа мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру.
Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы Заңның 9-бабының 5-
тармағына сәйкес, монополияға қарсы орган өз өкілеттіктеріне сәйкес тиісті
тауар рыногында олардың үлесі отыз бес пайыздан асатын не тиісті тауар
рыногында басымды (монопольдық) орын алатын мемлекеттік органдарға, олардың
лауазымды тұлғаларына, рынок субъектілеріне, олардың басшыларына орындау
үшін міндетті ұйғарымдар беруге құқылы.
Рынок субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу үшін монополияға
қарсы орган монополияға қарсы саясат саласында орталық уәкілетті орган
белгілеген тәртіппен республиканың, облыстың, Астана мен Алматы қалаларының
тізілімдірін қалыптастырады және жүргізеді. Осы тізілімдерге жүргізілген
талдаулар қорытындысы бойынша өзгерістер мен толықтырулар жүргізіледі.
Заңнаманы бұзушылық жағдайында монополияға қарсы орган әкімшілік
тәртібінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл салуға
құқылы. Рынок субъектілерінің басшылары, мемлекеттік органдардың лауазымды
тұлғалары, заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкілдіктері) мынадай
құқық бұзушылықтар үшін жауапты:
• монополияға қарсы органның шешімін ұйғарым мерзімінде
орындамау;
• монополияға қарсы органның талабы бойынша құжаттарды не
оның қызметін жүзеге асыры үшін қажетті өзге ақпаратты
ұйғарым мерзімінде ұсынбау;
• монополияға қарсы органның қызметкерлерінің оларға
жүктелген міндеттерін орындауына кедергі келтіру.
Монополияға қарсы органның келісуінсіз рынок субъектілерін тіркеген
мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары заңнамада көзделген жағдайда
Қазақстан Республикасының заңнама актілерімен белгіленген тәртіппен
әкімшілік жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының заңнама актілерімен
белгіленген тәртіппен айыппұлдар төлету монополияға қарсы органның шешімі
бойынша жүзеге асырылады.
Рынок субъектілерінің мемлекеттік тізілімі - бәсеке ортада кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыратын рынок субъектілерінің атаулы тізбесі, олардың
тиісті тауар рыногындағы үлесі жыл сайын монополияға қарсы орган
белгілейтін шекті мөлшерден асады.
Мемлекеттік тізілімде тұрған рынок субъектілерінің монополияға қарсы
органға ұсынатын ақпараты:
• бірінші жарты жылдық қорытындылар бойынша қаржы-шаруашылық
қызметінің нәтижелері туралы ағымдағы жылдың 1 тамызына
дейінгі мерзімге, 2-жарты жылдық қорытындылар бойынша келесі
жылдың 1мамырына дейінгі мергімге есеп беру;
• сату және (немесе) кәсіпорын акцияларын (үлестерін,
өсімдерін) басқаруға беру туралы мәліметтер – ай сайын;
• өнімдердің монополиялық түрлері бойынша ақпарат: өндіріс
көлемі, жіберу бағасы мен өндірістің кірістілігі - ай сайын.
[16]
Мемлекет тарапынан тұрақты көңіл аудару мен реттеудің объектісі баға
болып табылады.
Бағалар – тұтынушылардың, өндірушілердің, импорттаушылар – дың және
экспорттаушылардың мүддесі тоғысатын, экономикалық және әлеуметтік-саясаи
өмірдің сыни нүктесі. Бағаларға ықпал ету ЭМР-дің ғаламдық мақсаттарына,
жағдаят және құрлымдық саясат мақсаттарына, инфляцияға қарсы күресте
әлемдік рынокта ұлттық бәсекелестік қабілетін күшейтуге және әлеуметтік
дағдарысты жұмсартуға қызмет етеді.
Бағаларды бақылаумен орталық статистикалық басқару органы айналысады.
Бағалардың қозғалысын жеке зерттеуді кәсіподақтардың ғылыми-зерттеу
орталығы, халаықаралық ұйымдардың тапсытысымен арнаулы комиссия жүргізеді.
Мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестер тарапынан бағаны
бақылаудың басты мақсаты – еңбекақы мен зейнетақының жыл сайын атаулы
көтерілуінің индексін анықтау үшін, өмір сүру құнының өсуін өлшеу, сондай-
ақ өндірістің шығынына және ұлттық бәсекелестік қабілетіне бағаның өсуінің
ықпалын анықтау.
Мемлекет сыртқы саудада бірігу одағына кіріп, есептік мөлшерлемені
өзгертіп, салықты құбылтып, ақша шығаруды жүргізіп, сандық және кедендік
шектеуді алып немесе енгізіп, бағаға ықпал жасауы мүмкін. Қандай
мақсаттарға қызмет етпесін, тәжірибе жүзінде барлық мемлекеттік реттеуші
акциялары бағаға жанама ықпал көрсетеді.
Мемлекеттің араласуы көтерілген өтелім шегерімінің өзіндік құнын қосу
арқылы және басқа қорға аудару арқылы өндіріс шығынын өсіруге мемлекеттік
органдардың ықпал шара қолдану жолымен жүзеге асырылады.
Нәтижесінде, тұтас салаларда шығындар бағаны қысымға алатын жағдай
туындайды, және өндіріс шығындарының есеп айырысуы үкіметтің жарияланған
жеңілдігі нәтижесінде барлық кәсіпорын салаларында өндіріс шығындары жоғары
болатыны сондай, бағаны көтермесе болмайтын жағдай туады. өйткені жеңілдік
барлық салаға тарйтындықтан, ішкі салалық бәсеке қолайлы жағдаят жағдайында
бағаның өсуі үшін жеткілікті кедергі бола алмайды.
Бағаның өзгеру үдерісіне тікелей мемлекеттің араласуы акциздік тауар
деп аталатындарға, бағаны белгілеудің мемлекеттік саясаты болып табылады.
Бағаның қалыптасуына мемлекеттік демеу қаржы тікелей ықпал етеді.
Бағалық демеу қаржы өндірушіге немесе тұтынушыға арнаулы төлем беру
жолымен бағаны төмендетуді қарастырады. Бағаға тікелей әсер ету және
бағаның жетекшілігі тауар мен қызметті тұтынудың мемлекеттік үлесі елеулі
салада, мысалы, өнеркәсіптік әскерей саласында, құрлыстың кейбір салалық
бөлімдерінде орын алады.
Үкіметтік органдар, жеке фирмалан белгілі бір тауарлар мен қызметтің
түрлерін тұрақты сатып алушы немесе тапсырыс беруші болып, әріптеспен
келсімшарт бойынша, кейін сала үшін базалық болып келетін нақты бағаны
белгілейді.
Бағаны реттеудің тиімді құралы – қосымша құнға салық болып табылады.
Бұл салықты өндіруші тауар мен қызметтің бағасына қосылады және бұл
салықтың мөлшерлемесінің саралау өзгерістері тікелей бағаға ықпал етеді.
Мемлекеттік шахталарда алынатын, минералдық шикізатқа, мемлекеттік
электр станциясынан алынатын электр энергиясына, теміржол және пошта-
телеграф тарифтеріне баға тағайындау – мемлекет секторындағы қызметтерге
және тауарларға бағаны белгілеу мысалдары.
Жасанды төмендетілген баға мен тарифтер жеке шаруашылық – тағы өндіріс
шығынын азайтуға және жасанды төмендетілген пайдалықтың немесе мемлекеттік
меншік объектілерінің аздығы есебінен ұлттық бәсекелестік қабілетті
көтеруге мүмкіндік береді.
Мемлекет секторына бағаны белгілеу немесе оларды көтерілу шегін бекіту
– әдетте әкімшілік-шаруашылық реттеудың құралы. Ол сирек қолданылады және
ережедегідей, рыноктық шаруашылық жағдайында ұзақ мерзімді, тіпті орта
мерзімді аспектіде тиімсіз болып табылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу аралас компаниялар саясатына ықпал ету
арқылы да жүзеге асырылады. Оларда мемлекетке бақылау пакеті немесе
акциялардың едәуір пакеті тиесілі болып келеді. Мемлекеттік органдар
акциялар пакетін басқара отырып, инвестициялар ағымын реттейді,
экономиканың дамуы үшін ірі кәсіпорындардың инвестициялық және техникалық
саясатты жүргізуге ынталандырады, оның ішінде өзіндік даму бағдарламаларын
қаржыландыруға бағытталатын қаражаттар көлемін арттыру және осы кезде
негізінен отандық кәсіпорындардың өнімін пайдалану.
Жекелеген елдерде мемлекеттік сектор ұлттық экономикалық және саяси
мүддені шетелдік экспанциядан қорғаудың спецификалық ролін атқарады. Егер
ұлттық капитал әлсіз, әрі бұл мәселені шеше алмаса, мемлекеттік сектор
алғашқы индустриализацияда кейбір салаларды, өндіріс түрлерінің, аймақтарды
шетел капиталының басып алуынан қорғаудың маңызды қызметін атқарады: олар
жай ғана мемлекеттік секторға қосылады.[7]
Мемлекеттік меншік құрылымы өзгеріссіз болып қала бермейді. Мемлекеттік
сектор рентабельді емес, бірақ халық шаруашылығы тұрғысынан қажетті
объектілерді құрғаннан немесе қайта ұйымдастырып, қайта жабдықтағаннан
кейін жеке меншік капиталдың белсенділігі жеткіліксіз жаңа салалар мен
объектілерге ауысады немесе дағдарыстағы салалар мен объектілерді
санациялау үшін немесе өтелмейтін шығындарды көтеруші ретінде қажет
болғанша дейін артқа шегіне тұрады.[6]
Монопольді пайда, жалпы пайданың өзі инфрақұрылым, энергетика,
шикізаттық салалар, ғылыми зерттеулер саласы, кадрларды даярлау, қоршаған
ортаны қорғау салаларындағы мемлекеттік сектордың бірінші кезекті мақсаты
болып табылмайды, өйткені одан ешкім жоғары пайданы талап етпейді, ал
шығындар бюджет есебінен жабылып отырады. Сондықтан мемлекеттік сектор
арзан қызметті жеткізуші болды, оның ішінде көлік, пошта-телеграф, электр
энергиясы мен шикізат жеткізу бойынша. Ол осы арқылы жеке сектордың
шығындарын төмендетеді.
Нарықтық шаруашылық жағдайында өз қызметінде өзге принциптерді
басшылыққа алатын сектордың болуы жалпы мемлекеттік экономикалық
мәселелерді шешуге, жеке шаруашылықтың рентабельділігін арттыруға
көмектеседі.
Мемлекеттік сектор арқылы мемлекеттік реттеудің басты артықшылығы: ол
бюджеттен қаржыландырылатын шаралардан арзанырақ түседі. Мемлекеттік
фирмалардың рентабельділігі қаншалықты төмен болса да олардың өзіндік қайта
өндіру қорлары бар, бағалы қағаздар шығарады, банкілік несиені пайдаланады,
сондықтан олардың капитал салымдары толығымен немесе бір бөлігі олардың өз
қаражаты есебінен қаржыландырылады. Кейбір кәсіпорындар бюджетке табыс
әкеледі, сол арқылы мемлекеттік сектордың өзге объектілерінің шығындарын
жабады.[8]

1.2 Ұлттық компания мемлекеттік меншіктің ұйымдық нысаны
ретінде

Мемлекеттік кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық негіздеріне талдау жасамас
бұрын Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сектордың үлес салмағының
төмендеуін тудырған жағдайларды саралауды жөн санаймын.
Мемлекеттік социализм- мемлекеттік меншік нысанындағы жалпы ортақ
иемдену үстемдік еткен әлеуметтік-экономикалық жүйе. Барлық иемдену
қатынастарының жүйесі, яғни ортақ меншікті пайдалану мен табыс алу түгелдей
мемлекет қолында болды. Осыған байланысты экономиканы толық мемлекеттендіру
жүзеге асты: а) халықтың меншігін мемлекет иемденді; б) экономиканы басқару
мен шаруашылық жүргізу құқықтарын мемлекеттік атқарушы аппарат түелдей өз
қолына алды; в) барлық негізгі өнімдер мен қаржылық ресурстар
орталықтандырылды. Барлық жұмысшылар мемлекетке жалданып жұмыс істеді,
өндірісті басқару, еңбекті материалдық ынталандыру жағдайларынан
шеттетілді. Олар жоғары сатыдағы органдардың бұйрықтарын орындаушыларға
айналды. Еңбекшілер мемлекеттік меншікті экономикалық жүзеге асыруды
жақсартуға мүдделі болмады, өйткені мемлекеттің экономикалық билігі халық
пен өндірістің қажеттіліктеріне, қоғамдық өмір шындығына қайшы болды [9].
Бұл қайшылықты меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру арқылы
шешуге болады. Мемлекетсіздендіру және жекешелендіру көптүрлі меншік
нысандарын құрудың, кәсіпкерлік құрылымды оңтайландырудың негізгі әдісі,
рыноктық шаруашылықты қалыптастырудың негізі ретінде маңызды.
Мемлекетсіздендіру- экономикадағы мемлекеттің шамадан тыс рөлін
төмендетуге бағытталған мемлекеттік меншікті қайта құру бойынша іс-шаралар
жиынтығы.
Мемлекетсіздендіру мемлекеттің экономика сферасынан толық кетуін
білдірмейді, ол шаруашылықты басқару қызметін кәсіпорын деңгейіне беруді,
тікелей шаруашылық байланыстарды көлденең байланыстармен ауыстыруды
сипаттайды.
Мемлекетсіздендіру әртүрлі бағытта жүзеге асуы мүмкін:
1) иемдену процестерін мемлекетсіздендіру, әрбір жұмысшы мен еңбек
ұжымын иемденудің теңдей қатысушысы ретінде тану, мемлекеттік
монополияны жою;
2) шаруашылық жүргізудің көптеген нысандарын құру, барлығына тең
құқықтар беру;
3) көлденең байланыстарға негізделген жаңа ұйымдық құрылымдарды,
кәсіпкерлік қызметтерді құру.
Осыған орай мемлекетсіздендіру монополияны шектеуге, бәсеке мен
кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Жекешелендіру (латынша приватус- жеке)- мемлекеттік меншікті жеке
және заңды тұлғаларға сату негізінде жүзеге асырылатын
мемлекетсіздендірудің бір түрі.
Жекешелендіру меншік қатынастарын түбегейлі өзгерту процесін сипаттаса,
мемлекетсіздендіру мемлекеттік монополияны жоюға, экономиканың мемлекеттен
тәуелсіз қызмет етуі үшін қолайлы жағдайлар құруға бағытталған қайта құру
кешенін білдіреді.
Жекешелендіру экономиканың тиімді дамуына күш береді, жеке сектор
мемлекеттік кәсіпорындар секілді өзіне ғана емес, тұтынушыға жұмыс істейді.

Мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру меншікті тегін беру, жеңілдетілген
жағдайда сату, акцияларды сату, кәсіпорындарды жалға беру, конкурс және
конкурссыз аукционда шағын кәсіпорындарды сату арқылы жүзеге асырылуы
мүмкін.
Жекешелендірудің шебері- Ұлыбритания жекешелендірудің келесідей
тәсілдерін ұсынады: акцияларды арзанға сату және қайтарымсыз түрде бөлу;
қызмет көрсету; мемлекеттік тұрғын үйлерді жалға алушыларға сату; бәсекені
дамыту мақсатында мемлекеттік монополиядан бас тарту. Әлемдік тәжірибеде
мемлекетік меншік пен оның қызметтерін жеке секторға толық және ішінара
берудің 22 тәсілі бар.
Айта кететін бір жайт, мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру
шаруашылықты тиімді жүргізуді қамтамасыз етпейді, тек рыноктық экономикада
бәсекелік ортаны қалыптастыруға, өндірісті демонополизациялауға объективті
негіз болып табылады. Сондықтан олар түпкі мақсат емес, тек қана халықтың
әл-ауқатын арттыру құралы. Ал тиімділікке бәсекеге негізделген рыноктық
экономикада ғана қол жеткізуге болады.
Қазақстанда жекешелендіру процесі негізінен аяқталды. Бірақ меншік
нысандарын өзгерту арқылы тиімді рыноктық экономика құру мәселелері
аяқталмайтынын есте ұстаған жөн. Жекешелендірудің мәні меншік нысанын
ауыстыру емес, капиталды арттыруға қабілетті және ынталы меншік иесінің
жаңа типтерін бекіту болып табылады. Ендігі мәселе, жаңа меншік иелерінің
өндірісті ұйымдастыруға, басқаруға біліктілік танытуы мен ынталарын
арттыруға жағдай жасау қажет. Олай болмаса, меншік нысандарын қайта құру
ешқандай оң нәтиже бермейді.
Ұлттық бағдарлама орындалып, біздің экономика демонополизацияланған
жағдайда қызмет етуде, онда шағын және орта бизнес, қызмет көрсету
сферасының үлесі жоғары.
Қазақстанның отандық компаниялары трансұлттық компанияларға төтеп бере
алуы үшін ұлттық экономика масштабына бара бар көлемге ие болуы керек. Яғни
ұлттық мүддені жүзеге асырушы компаниялар мемлекеттің бақылауында болуы
тиіс. Міне осындай мемлекеттік компаниялардың тиімді ұйымдық формасының
бірі - ұлттық компаниялар. Олар арқылы мемлекет экономиканың жекелеген
маңызды салаларында қызмет ете алады.
Ұлттық компаниялар барлық өндіріс процесі бойынша тігінен
интеграцияланған компаниялар болып табылады және де ол өзге компаниялардан
әлдеқайда мықтырақ болып келеді. Ұлттық компаниялар республика
қауіпсіздігінің мүдделері, мемлекеттің әлемдік рынокқа абыроймен шығу
мақсаттары бірінші кезекте ескерілетін Қазақстан экономикасының жаңа
деңгейде дамуы үшін жағымды жағдайлар жасауға бағытталған.
Өндіріс саласындағы өзіне тиесілі кәсіпорындар жиынтығы түріндегі
мемлекеттің экономикалық қызметінің мәселелері бүгінгі күні Қазақстандық
экономика үшін өзекті болып табылады.
Қазақстан Республикасының өзге заң актілерінде көзделген жағдайларды
қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке, ұлттық басқарушы
холдингке немесе ұлттық холдингке тиесiлi және ұлттық экономиканың негiзiн
құрайтын стратегиялық жағынан маңызды салаларда қызметiн жұзеге асыратын,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған акционерлік қоғам
ұлттық компания болып табылады.
Қазақстан Республикасының Yкiметi құрылтайшысы және жалғыз акционерi
болып табылатын, ұлттық компаниялардың және өзге де акционерлiк қоғамдардың
өзiне меншiк құқығымен тиесiлi акциялар пакеттерiн тиiмдi басқару үшiн
құрылған акционерлiк қоғам ұлттық холдинг болып табылады.
Құрылтайшысы және жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі
болып табылатын, қызметінің негізгі мақсаты ұлттық даму институттарының,
ұлттық компаниялардың және басқа заңды тұлғалардың өзіне меншік немесе
сенімгерлікпен басқару құқығымен тиесілі акциялар пакетін (қатысу
үлестерін) басқару болып табылатын акционерлік қоғам ұлттық басқарушы
холдинг болып табылады.
Қазақстан Республикасының үкіметі мемлекеттік меншікті басқару
тиімділігін арттыру мақсатында Республикалық меншіктегі акционерлік
қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер тізімін бекітті.[10] Республикалық
меншікке барлығы 54 акционерлік қоғамдар жатқызылды. Мемлекеттік меншіктің
негізі болып ұлттық компаниялар табылады. Олар арқылы мемлекет экономиканы
жекелеген стратегиялық салаларында қызмет ете алады.
Ұлттық компаниялар барлық өндіріс процесі бойынша тігінен
интеграцияланған компаниялар болып табылады және де ол өзге компаниялардан
әлдеқайда мықтырақ болып келеді. Ұлттық компаниялар республика
қауіпсіздігінің мүдделері, мемлекеттің әлемдік рынокқа абыроймен шығу
мақсаттары бірінші кезекте ескерілетін Қазақстан экономикасының жаңа
деңгейде дамуы үшін жағымда жағдайлар жасауға бағытталған.
Мемлекет нарықтық экономикаға көшердің алдында-ақ көптеген шешім
қабылдады және нарықтық экономикаға көшкенде қалыптасуы мен құрамындағы
этаптарға реалды көрініс беретін, оптималды және эффективті форманы іздеуде
әртүрлі организациялық формалар қарастырылды. Алғашқыда салалық әкімшілік
сияқты формалар қолданылды: концерндер, ал ликвидацияланған салалық
әкімшілік базасында мемлекеттік акционерлік және холдингтік компаниялар,
т.б. құрылды. Соңғы жылдары мемлекеттік меншіктер объектілерін басқару мен
қызмет жүргізудің негізгі ұйымдық формасы ұлттық банктер. 1999-2000
жылдардағы мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және басқару бағдарламасында
ұлттық банктерге қатысты мемлекет республиканың жеке маңызды стратегиялық
салаларына қатысу керек делінген. Оған мұнайды алу, дайындау, тасымалдау,
темір жол және әуе транспорты, электр энергиясын бөлу, уран шикізаты мен
материалдарын өңдеу жатады.
Акционерлiк қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
ұлттық экономиканың негiзiн құрайтын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
шешiмi бойынша стратегиялық жағынан маңызды салаларда құрылған акцияларының
бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi, Қазақстан Республикасының өзге
заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайлардан басқа, акционерлік қоғам
ұлттық компания болып табылады. 
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 16 ақпандағы №
182 қаулысына сәйкес 12 акционерлiк қоғам ұлттық компанияларға жатқызылды.
ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы АҚ және Қазақстан темiр жолы АҚ ең
iрi компаниялар болып табылады, мұнда ұлттық компанияларда жұмыс
iстейтiндердiң жалпы санының шамамен 60%-ы еңбек етедi және өндiрiстiң
жалпы көлемiнде олардың үлес салмағы шамамен 75% құрайды.
Ұлттық компаниялар Қазақстан экономикасының үлкен бөлiгiн қамтиды, 12
ұлттық компанияға ғана ЖIӨ-нiң шамамен 14%-ы келедi. Ұлттық компаниялардың
әрқайсысы iс жүзiнде өз саласында жүйе құрушы болып табылады, елдiң
инфрақұрылымының (электрмен жабдықтау, көлiк қатынасы және
телекоммуникациялар) негiзiн қамтамасыз етедi, табиғи ресурстарды тиiмдi
пайдалануға байланысты мүмкiндiктердi iске асыруда маңызды роль атқарады.
Стратегиялық маңызы бар салалардағы экономиканың мемлекеттiк секторын
басқаруды жетiлдiру, сондай-ақ мемлекеттiң экономикалық өсуiн қамтамасыз
ету үшiн қолайлы жағдай жасау мақсатында және "Экономиканың мемлекеттiк
секторын басқаруда мемлекеттiң мүдделерiн одан әрi қамтамасыз ету жөнiндегi
шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28
қаңтардағы № 50 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006
жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысымен "Самұрық" мемлекеттiк активтердi
басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамы ("Самұрық"
холдингi" АҚ) құрылды.
Осыған байланысты "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" АҚ,
"Қазпочта" АҚ, "КЕGОС" электр желiлерiн басқару жөнiндегі қазақстандық
компания" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ ұлттық
компаниялары акцияларының мемлекеттiк пакеттерi "Самұрық" холдингi" АҚ
жарғылық капиталын төлеуге берiлген.
Бүгiнгi таңда Yкiмет "Самұрық" холдингi" АҚ-тың қызметiнiң негiзгi
қағидаттары туралы меморандумды бекiтiп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
жанынан Мемлекеттiк корпоративтiк басқару мәселелері жөнiндегi
мамандандырылған кеңес құрылды.
Елдiң индустриялық-инновациялық дамуының 2015 жылға дейiнгі
стратегиясын жүзеге асыру шеңберiнде құрылған және әрекет етушi барлық даму
институттары құрылу кезiнен және осы уақытқа дейiн өз қалыптасуының
бастапқы кезеңiнен өттi. Әрбiр институт өз  мамандануына ие, тұтастай олар
республикада iске асырылатын инвестициялық және инновациялық жобалардың
кешендi қолдау жүйесiн құрды.
Даму институттарының қызметi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң үнемi
назарында болды, және де мемлекет тарапынан оларға барлық жақты көмек пен
қолдау көрсетiлдi. Даму институттары өз тарапынан негiзiнен экономиканың
шикiзат емес салаларында iске асырылатын және қосылған үлкен құнмен дайын
өнiмдi алуға бағытталған инновациялық жобаларды мұқият iрiктеп және
қаржыландыра отырып, елдiң индустриялық-инновациялық дамуының стратегиясын
iске асыруға белсендi қосылды.
      Алайда, даму институттарын басқаруды қолданылған жүйесiн талдау
нәтижелерi бойынша олардың қызметiнiң тиiмдiлiгiн одан әрi арттыруға
кедергi жасайтын проблемалар анықталды.
Олардың iшiнде:
 - акционердiң (мемлекеттiң) құқықтары мен мүдделерiнiң толық емес iске
асырылуы;
- даму институттарының директорлар кеңесi қызметiнiң тиiмсiздiгi;
      - даму институттары қызметiнiң үйлестiрiлмеуi.
Осыған байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006
жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50
елдiң қатарына кiру стратегиясы" атты Жолдауына және "Қазақстан
Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберiнде ұлттық
экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар
туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 16 наурыздағы №
65 Жарлығына сәйкес "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы
("Қазына" АҚ) ұлттық басқару компаниясы құрылды.
Қазына АҚ-қа Қазақстан Даму Банкi, Қазақстанның Инвестициялық
қоры, Ұлттық инновациялық қор, Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры,
Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегі
мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы, Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер
орталығы акционерлiк қоғамдары акцияларының мемлекеттiк пакеттерi және
Қазинвест жауапкершiлігі шектеулi серiктестiгiнiң қатысу үлестерi
берiлген.
Қазына АҚ негiзгі мақсаттары:
- даму институттарын корпоративтiк басқару деңгейiн арттыру даму
институттары арасында үйлестiрудi жақсарту;
- iрi серпiндi жобаларды iске асыру үшiн даму институттарының күшi мен
капиталын ықпалдастыру;
- мемлекеттiң бизнеспен өзара әрекетiн жақсарту;
- экспорт және инвестицияның алға жылжуы үшiн халықаралық деңгейге шығу
болып белгiлендi.
Қазақстанда Самұрық холдингi" АҚ мен Қазына АҚ құрудың негiзгi
мақсаты мемлекеттiк активтердi басқару жүйесiнiң тиiмдiлігін арттыру және
оны жаңғырту болып табылды.
Самұрық холдингi АҚ басқарылатын әрбiр компанияның және холдингтiң
қызметiн тиiмдi функциялауға, инвестиция көздерiн қалыптастыру кезiнде
әртүрлі қаржы құралдарын пайдаланудағы мүмкiндiктердi кеңейтуге алып
келедi. Ұлттық компаниялардың кешендi дамуы елiмiздiң тұтастай
экономикасының дамуына жәрдемiн тигiздi.
Мемлекеттiк холдингтi жоғары капиталдану деңгейiндегi компания
ретiндегi негiз әлемдiк нарықта қосымша бәсекелiк артықшылық бередi, олар
инвестициялық мүмкiндiктердi кеңейтуге және жеке сектормен
ынтымақтастықтағы инвестициялық бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тәуекелдерiн төмендетуге мүмкiндiк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Реттеуші органдардың бақылауы
Қаржы менеджменттінің ұйымдастырылу негіздері
Банктік қызметті реттеу механизмі және оның элементтері
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің қаржылық қызметі
Банк менеджменті және экономикалық процесстерін басқару
Ұлттық банктің банк ресурстарын қалыптастыру шаралары
Банктік қадағалау басқармасы
Ұлттық банк және оның мақсаты
Коммерциялық банктердің меншікті капиталдары
Салықтық реттеуді дамыту үрдістері және салықтарды бөлу механизмін жетілдіру
Пәндер