Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әрекет етуші жүйесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУШІ ЖҮЙЕСІ ... ... ... .. 8
1.1 Шағын және орта кәсіпкерлік түсінігі және оның нарықтық экономикадағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Қазақстанның шағын және орта бизнесті қолдау жүйесі және оның құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
1.3 Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың мақсатты кешенді бағдарламасына классификацилық сипаттама ... ... .. 17

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ МЕХАНИЗМДЕРІНЕ ТАЛДАУ: ДАМУЫ МЕН НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... 25
2.1 Шағын және орта бизнесті қолдаудың шетелдік тәжірибелері және олардың Қазақстан жағдайында қолданылу деңгейін бағалау ... ... ... ... 25
2.2 Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму динамикасын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 40
2.3 Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау механизмдерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ МЕХАНИЗМДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 48
3.1 Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі тетіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
3.2 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдаудағы мемлекеттің негізгі бағдарламалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
3.3 Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдау механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 77

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 87

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 89
«Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау механизмдері» атты дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту жолдарының маңыздылығымен негізделеді.
Шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері нарықтық экономикада ерекше маңыздылықты иеленеді. Бұл жағдай Қазақстан Республикасына да қатысты, себебі шағын және орта бизнесті дамыту елдің қазіргі уақыттағы әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты бірқатар мәселелерді шешуі мүмкін.
Осы мәселеге мемлекеттің ерекше көңіл аударуы қоғам үшін экономикалық, саяси және әлеуметтік оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылуымен түсіндіріледі.
Саяси нәтижелер шағын және орта бизнестің қоғам тұрақтылығының негізі – орта класты қалыптастырушы көз болып табылуынан көрінеді.
Әлеуметтік – шағын және орта бизнес халықтың жұмыспен қамтылуы және кедейшілік мәселелерін шешуге ықпал етеді. Сондай-ақ еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тартады.
Экономикалық нәтижелер келесі жағдайлардан көрініс табады; Шағын және орта бизнес:
- бәсекелес ортаны қалыптастырады;
- нарықты отандық тауарлар және қызмет көрсетулермен толтыруға ықпал етеді;
-ірі бизнес үшін кадрлар мен капитал ресурсының көзі болатын «қоректену ортасы» болып табылады;
- республиканың шағын қалаларының сақталуы мен дамуына әсер етеді;
- арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босатады.
Сондықтан мемлекеттік басқару органдарына экономиканың осы секторын қолдау қызметімен байланысты барлық сұрақтарды өз қолдарына алуы қажет. Бұған жаңа шағын және орта бизнесті құруда қолдау және көмектесумен оның дамуын ынталандыру жатқызылады.
Қоғам мен экономикадағы белсенді трансформациялану процесі жағдайында, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау тәжірибесі, оның құқықтық және институционалдық-құралдық жүйесі ілгерілеушілік сипатты иеленеді.
1. «Жас зерттеуші» газеті, 2008 жыл, № 3, 4, 29 – 40 беттер
2.ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдер). Алматы: ЮРИСТ, 2005ж.
3. Қинашева Ж. Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролі.//Ақиқат-2002ж.№2.
4. Ашонұлы Қ. Шағын кәсіп және нарық.//Қазақ әдебиеті-2005ж.
5. Бейсенғазиев М.Б. Кәсіпкерлік негіздері. 2006ж, Орал.
6. Исабеков Б. Қазақстанда кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оның даму перспективалары.//Қазақстан жоғарғы мектебі-2003ж.
7. «Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңы
8. “Таңдамалы еңбектер’’О.Сәбден, Алматы, 2009, 6-том.
9. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
10“Таңдамалы еңбектер’’О.Сәбден, Алматы, 2009, 6-том.
11 Бейсенғазиев М.Б. Кәсіпкерлік негіздері. 2006ж, Орал.
12. www.goverment.kz (Қазақстан Республикасы Үкіметінің сайты)
13“Таңдамалы еңбектер’’О.Сәбден, Алматы, 2009, 9-том.138-143-беттер.
14 Ломакин В.К. Мировая экономика. 2004ж, Москва: Финансы.
15 Мадяирова Д.М., Қалдыбаева А.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар. 2004ж, Алматы.
16. www.stat.kz (Қазақстан Республикасы статистика агенттігі)
17www.goverment.kz (Қазақстан Республикасы Үкіметінің сайты)
18«Саясат»журналы, 2011 жыл, №4, 43 бет.
19 Жеке кәсіпкерлік туралы (2008.05.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) Заңы
20 Нұрғалиев Қ.Р. Қазақстан экономикасы. 2007ж, Алматы.
21www.stat.kz (Қазақстан Республикасы статистика агенттігі)
22“Таңдамалы еңбектер’’О.Сәбден, Алматы, 2009, 9-том.238бет
23www.nationalbank.kz (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі)
24 Нұрғалиев Қ.Р. Қазақстан экономикасы. 2007ж, Алматы.
25“БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020” бағдарламасы
26 Елбасының 2007 жылғы халыққа арналған жолдауы
27www.salyk.kz (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті)
28 Жеке кәсіпкерлік туралы (2008.05.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) Заңы
29«Шаруа қожалығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 наурызындағы Заңы;
30«Айқын» газеті, 2010 жылғы 5 қараша (№ 139) – 6 бет.
31“БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020” бағдарламасы
32«Бизнес Кеңесші» Бағдарлама
33«Даму - Аймақтар ІІ» бағдарламасы
34 Елбасының 2011 жылғы халыққа арналған жолдауы
35«Саясат»журналы, 2011 жыл, №4, 45 бет
36«Алматы ақшамы» газеті, 2010 жылғы 9 қараша (№ 129) – 7 бет.
37“Таңдамалы еңбектер’’О.Сәбден, Алматы, 2009, 9- том.245бет.
38 Ақ сөйле - 13.07.10. Айқын газеті Е. Иманқұлов
39 «Жас Алаш»,2007ж. №6, 5 бет

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
ҚазақстандаҒЫ ШАҒЫН және орта БИЗНЕСті мемлекеттік қолдаудың әрекет8
етуші жүйесі ... ... ... ..
1.1 Шағын және орта кәсіпкерлік түсінігі және оның нарықтық 8
экономикадағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
1.2 Қазақстанның шағын және орта бизнесті қолдау жүйесі және оның 14
құрылымы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.3 Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың 17
мақсатты кешенді бағдарламасына классификацилық
сипаттама ... ... ..
25
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН және орта БИзНЕСТІ МЕМЛЕКЕТТІК
ҚОЛДАУдың механизмдеріне талдау: ДАМУЫ МЕН НЕГІЗГІ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ ... ... ... ... ... .. ... ..
2.1 Шағын және орта бизнесті қолдаудың шетелдік тәжірибелері және 25
олардың Қазақстан жағдайында қолданылу деңгейін
бағалау ... ... ... ...
2.2 Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы шағын және орта 40
кәсіпкерліктің даму динамикасын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау 45
механизмдерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..
48
3. ҚАЗАҚСТАНДАғы ШАҒЫН және орта БИзНЕСТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.1 Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі 48
тетіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
3.2 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдаудағы64
мемлекеттің негізгі
бағдарламалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдау механизмдерін 77
жетілдіру бойынша
ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..
87
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
89
пайдаланылған ӘДЕБИЕТТЕР тізімі

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік
қолдау механизмдері атты дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту жолдарының маңыздылығымен
негізделеді.
Шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері нарықтық экономикада ерекше
маңыздылықты иеленеді. Бұл жағдай Қазақстан Республикасына да қатысты,
себебі шағын және орта бизнесті дамыту елдің қазіргі уақыттағы әлеуметтік-
экономикалық дамуымен байланысты бірқатар мәселелерді шешуі мүмкін.
Осы мәселеге мемлекеттің ерекше көңіл аударуы қоғам үшін экономикалық,
саяси және әлеуметтік оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылуымен
түсіндіріледі.
Саяси нәтижелер шағын және орта бизнестің қоғам тұрақтылығының негізі –
орта класты қалыптастырушы көз болып табылуынан көрінеді.
Әлеуметтік – шағын және орта бизнес халықтың жұмыспен қамтылуы және
кедейшілік мәселелерін шешуге ықпал етеді. Сондай-ақ еңбек қызметіне ірі
кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй
жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар)
тартады.
Экономикалық нәтижелер келесі жағдайлардан көрініс табады; Шағын және
орта бизнес:
- бәсекелес ортаны қалыптастырады;
- нарықты отандық тауарлар және қызмет көрсетулермен толтыруға ықпал
етеді;
-ірі бизнес үшін кадрлар мен капитал ресурсының көзі болатын қоректену
ортасы болып табылады;
- республиканың шағын қалаларының сақталуы мен дамуына әсер етеді;
- арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және
тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босатады.
Сондықтан мемлекеттік басқару органдарына экономиканың осы секторын
қолдау қызметімен байланысты барлық сұрақтарды өз қолдарына алуы қажет.
Бұған жаңа шағын және орта бизнесті құруда қолдау және көмектесумен оның
дамуын ынталандыру жатқызылады.
Қоғам мен экономикадағы белсенді трансформациялану процесі жағдайында,
шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау тәжірибесі, оның құқықтық және
институционалдық-құралдық жүйесі ілгерілеушілік сипатты иеленеді.
Бұл жүйе шағын және орта кәсіпорындардың өзінің даму қажеттіліктері мен
жаңа тенденцияларын, сондай-ақ әлдеқайда кемелденген, шаруашылық етудің
нарықтық жүйенің қалыптасқан сипаты мен оған енгізілген мемлекеттік қолдау
механизмдерін бейнелей отырып, үнемі дамып және жетілдіріліп отыруы қажет.
Бұл толығымен саясаттың, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың
мемлекеттік, республикалық және аймақтық бағдарламалар жүйесі тәрізді
маңызды механизмдерге қатысты.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі:
1. Қазақстандық экономиканың нарықтық трансформациялану процесіндегі
және елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтандыру процестеріндегі шағын және
орта кәсіпкерліктің алатын орнын ашу;
2. Елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың әрекет
етуші жүйесі.
3. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың мақсатты бағдарламасын
жүзеге асырудағы республикалық, аймақтық және жергілікті деңгейлердің өзара
әрекеттестігі.
4. Шағын және орта бизнесті қолдаудың заманауй механизмдерін іздестіру.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – экономикалық әдебиеттердегі
теориялық тәсілдер мен шағын және орта бизнесті қолдау механизмін және
шағын және орта бизнесті қолдау тәжірибелерін қарастыру.
Қойылған мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыста келесі міндеттер
қойылған:
- шағын және орта бизнестің мәнін көрсету;
- шағын және орта бизнес субъектілерінің түрлі аспектідегі қиындықтары
мен проблемаларын терең талдау;
- терең талдау негізіндегі проблемаларды шешу жолдарын зертеу арқылы ҚР
- дағы шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау механизмдерін әзірлеу;
- дамыған елдердің экономикасындағы шағын және орта бизнесті дамыту мен
қолдаудың әлемдік тәжірибесін, олардың механизмдерін біздің елдің
жағдайында қолдану мүмкіндіктері;
- Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдау механизмдеріне талдау;
- шағын және орта  бизнесті мемлекеттің қолдау саясаты.
Зерттелетін тақырыптың шетелде өңделу дәрежесі өте жоғары, себебі
кәсіпкерлік ұзақ жылдар бойы мемлекеттік және қоғамдық белсенді қолдауды
иеленді. Бұл жағдай ТМД елдерінде, оның ішінде 90 - жылдардың басында қайта
құрумен басталды. Жиырма жылға жуық уақыт -оқымыстылардың
кәсіпкерлікке, елдің өркендеуіне қадам ретінде көңіл аударуы үшін
жеткілікті мерзім.
Қазақстанда кәсіпкерліктің даму мәселелеріне А.Е.Есентүгелов,
Р.С.Каренов, Ж.С.Кәріпжанов, О.С.Сәбден, А.Б.Көшербаев, А.Н.Тоқсанова және
тағы да басқа ғалымдардың еңбектері арналды.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізі отандық және шетелдік авторлардың
оқулықтары мен оқу құралдары, интернет сайттары, мерзімді баспасөздегі
материалдар болып табылады.
Ақпараттық база болып шағын және орта бизнес саласындағы заңдар мен
жарлықтар, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Елбасының халыққа
арналған жолдаулары, қаулылары, Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау
туралы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының статистика
жөніндегі агенттігінің мәліметтері, шағын және орта бизнестің дамуы мен
мемлекеттік қолдау бағдарламалары табылды.
Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде, Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік
қолдаудың әрекет етуші ждүйесіне сипаттама берілген.
Ал, екінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы шағын және орта
юизнесті мемлекеттік қолдаудың механизмдеріне талдау жасалынады, сондай-ақ
шағын және орта бизнестің дамуы мен негізгі проблемалары туралы айтылады.
Үшінші бөлімде, Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік
қолдау механизмдері қарастырылған. Қорытынды бөлімде шағын және орта
бизнесті мемлекеттік қолдаудағы кемшіліктер баса айтылып, мемлекеттік
қолдау механизмдері турасында ұсыныстар көтеріледі.
Әдебиеттер тізімінде пайдаланылған әдебиеттер рет-ретімен жазылған.

1. ҚазақстандаҒЫ ШАҒЫН және орта БИЗНЕСті қолдаудың әрекет етуші жүйесі

1.1 Шағын және орта кәсіпкерлік түсінігі және оның нарықтық
экономикадағы рөлі

Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның
қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің
алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер
кәсіпкерліктің шығуын франсуз экономисі Р.Контильион (18ғ) есімімен
байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде
тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып
келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі
араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, касб түсінігі
негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.
Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп
тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер,
гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар
мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады.
Қазіргі уақыттағы алдыңғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі
Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша
кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор
Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-
экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.
Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу
төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір
қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылаудан қорғайды.
Кәсіпкерліктің анықтамасына тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті қандай
категорияға жатқызу керек екендігін нақтылап алайық.
Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас
элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық
шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын жан-жақты танып білуге
мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қаклыптасқан мәселелерді өз кезеңінде
байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік
береді.
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей
айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай
салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім
көлемі.
Осы ерекшеліктеріне сай кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге
болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып,
экономиканың тұтас ағзасын құрайды.
Ірі кәсіпорындар – нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі
кәсіпорындар – эконамика қаңқасы, экономикалық тұрақтылықтың базисі.
Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен
және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар
жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда
пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған
кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ –
түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің
барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып
табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің
жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге
қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын
кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау
керек.
Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар,
шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін
фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500
адамнан аспайтын жұмысшылар саны бар және сату көлемі 20 млн доллардан
аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып
табылмайды.
Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын,
географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі
үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі
стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару
сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау
барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара
алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерінде
кәсіпкерлік және бизнес ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік
пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып,
отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер -
өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін
қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты
пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке
тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын (тек
заңмен тыйым салынбаған) еркін шаруашылықты білдіреді.
Бірақ кәсіпкерлік және бизнес түсініктері экономикалық тұрғыдан
қарастырғанда синонимдер болып табылғанымен. Бизнес түсінігі нарықтық
экономика тұрғысынан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық
экономика бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті
өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканың барлық
қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және жалдамалы
жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін
қамтиды. Жалпы түрде бизнес – бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі
адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір
формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге
асырылады [1].
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес (жалпы бөлім):
кәсіпкерлік – азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан,
тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға
бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық
басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің
өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге
асырылады [2].
Соған қарамастан, тәжірбиеде кәсіпкерлік пен бизнес терминдері
бірін – бірі алмастыруда. Нақтылап кететін жағдай, кәсіпкерлік және
шағын бизнес бірі – біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес
кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі
қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын.
Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді.
Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей
себептерді бөліп көрсетуге болады; пайда табу, қоғамның әлеуметтік,
экономикалық әне материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде
кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мативі ретінде келесілерді көрсетге
болады: тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске
халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу,
азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу.
Енді шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы рөліне келетін
болсақ, әлемдік тәжірибеде шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі
бағалауға клмейтіндей жоғары екнің көрсетіп отыр. Ол мемлекет өмірінің
барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін
тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері
бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды роль
ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның
икемділігін артырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және
орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі
экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды. Қазақстан үшін
шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған
экономикаға өтетін көпір болуы қажет.Түрлі қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге
қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономиклық, әлеуметтік,
ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше отырып қарқын алуда.
Шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі қоғамдағы келесі
мәселелерді шешуінен көрінеді, олар:  
-көптеген тұтыну тауарларымен жергілікті шикізат көздерін пайдалануда
бастапқы капиталдың салымдарды кәсіпкерлікті ұлғайту мақсатында алу;
- үлкен кәсіпорындарда пайда болатын жұмыс күшін қалыптастыру;
- қылмыстық бизнеске оң балама қолдану;
- қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға
мүмкіндік береті, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың
қалыптасуы;
- ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы.
Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес
қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;
- тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;
- экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік
экономикаға өтімділік, икемділік береді;
- өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын
иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;
- қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;
- адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға,
дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;
- еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын
халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер,
мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;
- меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының
қалыптасуы;
- ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;
-жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және
игеру;
- ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу
жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;
- арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және
тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату; [3].
Осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің
экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына
жатқызылып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырылады. Бірақ
шағын және орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын
себептерді айтпауға болмайды.
Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай
(инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі,
төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық
қорғалуы).
Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін
теңгеруі.
Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге толық сенімнің болмауы.
Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі,
тіпті, керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы.
Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал –
жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық
төлем құнының жоғары болуы [4].
Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды
мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін
әкімшілік – ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.
Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей
немес жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш
жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге
асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары
қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық
қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен
кәсіпкерлікті қаржылық қолдлау аясын кеңйтуге әсер ету, тиімді
инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке
келтіру.
Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті
қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін
берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының
артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын
кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді.
Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты
жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші
деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал
мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10% - тен
аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агегнттігінің құрылуы,
шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау,
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер
беру.
Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын және орта
бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың балама жолы бола алады,
өйткені ол екі макроэкономикалық проблемелармен байланыстырады – жұмыспен
қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық
көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды
ынталандыру және шағын кәсіпорындар ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық
мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы он жылдықты дамыған
елдердегі экономиканың даму тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен
байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы,
қоғам ресурстарын толығырақ қолдану және инновациялық процесті күшейту
сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды
қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу саласына
айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизнестің нақтылануы қажет
еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға берілетін. Шағын
кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі
экономикалық жағдайға байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы
сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез
бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға,
сондай – ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру дәрежесі
болып табылады.
Кез келген процесс сияқты шағын және орта бизнестің дамуы мен қолдауын
басқару қажет. Кәсіпкерлік басқару объектісі ретінде өзінің ерекшеліктері
бар. Егер бұл сұраққа басқару қызметі жағынан келетін болсақ, онда
басқарудың келесі қызметтерін көрсетуге болады:
- жоспарлау (стратегиялық менеджмент, маркетинг стратегиясын әзірлеу,
бизнес жоспарды әзірлеу);
- ұйымдастыру (барлық деңгейде кәсіпкерлікті сәйкес басқару құрылымын
құру);
- мотивация (кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыратын механизмді
қалыптастыру);
- бақылау (жоспарланған істерден ауытқуды анықтау және сәйкес
түзетулер енгізу); [5].
Біздің елімізде шағын бизнестің рөлі әрқашан өсіп отырады.
Дей тұрғанмен өзінің іс-әрекетінде кәсіпкерлік оның дамуын тежейтін
көптеген мәселелрге тап болады. Қазақстанның экономикасындағы
кәсіпкерліктің қазіргі рөлінің маңыздылығын мойындай отырып, үкімет
басшылары кәсіпкерлікті қолдайды. 
Кеңес дәуірінде шаруашылық субьектілерінің әр түрлі формалары онша
маңызды болмады. Себебі, мемлекет барлық кәсіпорындарды басқарып отырды.
Кеңестер заңнамасына сай, кәсіпорынның тек бір түрі ғана шаруашылық іс-
әрекеттің барлық түрін туғызатын – мемлекеттік кәсіпорын болды. Өйткені,
өнеркәсіп шикізаттары мемлекетттің меншігінде болды. Ал басқа шаруашылық
субьектілер ол кезде болған жоқ. 
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты шағын және орта бизнесті
мемлекеттік қолдаудың құқықтық базасы қалыптаса бастады.
1997 жылы маусым айында ел парламентінің шешімімен қабылданған Шағын
кәсіпкерлікті мемлекттік қолдау туралы заңы Қазақстан Республикасының
экономикалық дамуындағы маңызды қадамы болып табылады. Мұнда іс-әрекеттің
негізгі бағыттары және мелекеттік, жергілікті бағдарламаларды жасау үшін
заңды алғышарттар жасалды. 
Кейіннен Тура инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заң Қазақстан
Республикасының Президентінің жарлығымен қабылданған Шағын кәсіпкерліктің
дамуын және оны мемлекттік қолдауды күшейту туралы заңымен келісілген және
оның жалғасы болып табылады. 

1.2 Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдау жүйесі және оның
құрылымы

Әлемдік эканомикада шағын және орта бизнесті ұйымдастырып, жүзеге
асырудың әртүрлі механизмдері бар. Ол механизмдер көптеген факторларға
байланысты болып келеді. Бұл факторларға эканомиканы мемлекеттік реттеудің
ерекшелігі, нақты кезеңдегі эканомиканың хал-ахуалы, ғылыми потенциалдың
мүмкіндігі, тұрғылықты халықтың менталитеті. т.с.с.
Осы факторларға байланысты шағын және орта бизнесті қолдаудың жүйесі
қалыптасады. Қазақстандағы қазіргі кездегі шағын және орта бизнестің
өркендей түсуіне байланысты оның даму сферасы ұлғайып келеді. Бұл бөлімде
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдау жүйесіне және құрылымына
сипаттама беріледі.
Қазақстанның тәуелсіздігін алғаннан бергі өмір жолында оның
экономикасының дамуына әсер ететін бірден-бір факторлардың бірі - бұл шағын
және орта бизнес, ал шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту
мемлекеттің экономикалық саясаты жағынан, заңнамалық тұрғыдан белгілі бір
жүйеде жүргізіледі. Қазақстанда бұл сектордың экономикалық және әлеуметтік
секторға әсер етуі шетелдердегідей, соның ішінде Батыс Еуропа, Америка және
Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегідей, біздің елімізде де іскерлік өмірде
дамыған динамикалық бөлімдерінің біріне айналды [6].
Шағын және орта бизнес жеке кәсіпкерлікті құрайтын қазақстандық
жүйе болып табылады. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес, шағын
бизнес субъектілеріне білімі қамтылмаған жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер
және заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар, құрамында
орташа жылдық санмен 50 қызметкері бар және бір жылдық активтердің жалпы
құны 60 мың айлық есептік көрсеткішке тең болатын (қазіргі таңда 55 миллион
теңгеден жоғары немесе 400 мың АҚШ доллары) кәсіпорындар жатады. Сонымен
қатар, шағын кәсіпкерлік құрамынын заңнамамен бөлінеді, яғни жеке
кәсіпкерлер және орташа жылдық санмен 10 жұмысшы саны бар заңды тұлғалар
[7].
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың жүйесіне, шағын және орта
кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары кіреді.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жолындағы мақсаттар 1997 жылы
Президенттің Шағын бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шаралары
туралы және Қазақстан Республикасында шағын бизнесті қолдау мен дамытудың
жергілікті бағдарламалары туралы жарлықтарынан бастау алады.
Осы нормативтік актілерде мемлекеттік саясаттың осы
сферадағы бағыттары көрсетіледі. Орталық және жергілікті атқарушы
органдардың шағын кәсіпкерлікті қолдау координациясы, сондай-ақ олардың
халықаралық қаржы институттарымен шағын кәсіпкерлк бағытына техникалық және
қаржылық көмек жасау туралы қарым - қатынаста болуы сипатталады. Бұл
бағыттарды қолдау Қазақстан Республикасының экономика және сауда
министрлігі құрамындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау Агенттігіне жүктеледі.
Қазіргі таңда шағын және орта бизнесті қолдау аясындағы қызметтер Қазақстан
Республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне
тапсырылады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы алғашқы бағыттар мыналар болып
табылады:
- халық тауарларын өндірудІ дамыту, импорт, құрылыс материалдарын,
әртүрлі құрылғы түрлерін шығару;
- қызмет сферасын дамыту:
- аграрлық жүйе өнімдерін шығару өндірісін дамыту [8].
Осыған байланысты алдағығы кезеңде жүзеге асырылатын мемлекеттік
бағдарламаларға тоқталатын болсақ.
Үстіміздегі жылы үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010 - 2014
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жұмысын бастады.
Бағдарламаны іске асыруға мүмкіндік беретін механизмдері жайлы айтатын
болсақ.
Қазіргі уақытта Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру мақсатында 23
салалық және функционалдық бағдарламалар әзірленуде. Онда экономиканың
басым бағыттарын жүйелі, әрі селективті қолдау шаралары нақтыланады. Ал
аймақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу шеңберінде өңірлік қолдау
шараларын қолға алу көзделіп отыр. Салалық және өңірлік бағдарламаларды
іске асыру мақсатында Индустрияландыру картасы аясында біріктірілген
қаржылық және қаржылық емес шараларын ұсыну арқылы нақты жобалар қолдауға
ие болады. Бүгінде жинақталған Индустриаландыру картасы жалпы құны 7,2
трлн. теңгені құрайтын 237 инвестициялық жобадан тұрады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі осы жылдың сәуірінде Индустрияландыру
картасын бекіткен болатын. Оған жалпы сомасы 6,7 трлн. теңгені құрайтын 101
инвестициялық жоба енгізілді. Сонымен қатар облыстардың және Астана мен
Алматы қалаларының әкімшіліктері өңірлік Индустрияландыру карталарын
жасауда. Осы уақытқа дейін оған жалпы құны 490 млрд. теңгені құрайтын 136
жоба қосылды. Жобалардың іске асырылуын тәуелсіз бағалау мақсатында
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Сауда-өнеркәсіптік
палатасымен әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Сонымен қатар
Индустрияландыру картасының жұмысы Қазақстан Республикасының инвестициялық
жобаларын басқару ақпараттық жүйесі арқылы үйлестіріледі. Өндірістік
қуаттарды 2015 жылға дейін оңтайлы орналастыру схемасы Мемлекеттік
бағдарламаны іске асырудың тағы бір тетігіне айналмақ. Схемада
Индустрияландыру картасының жобаларын негізге ала отырып елдегі
инфрақұрылымдық және ресурстық базаның даму жоспарын үйлестіру нәтижелері
көрсетілген.
Осылайша, Жол картасына қосылған жобалардың ресурстарға және
инфрақұрылымға қосымша қажеттігін ескере отырып, арнайы тізім бойынша
минералды-шикізаттық, энергетикалық, су, жер және еңбек ресурстарының 2010
жылға дейінгі жобалық баланстары нақтыланып, әзірленді. Сонымен бірге
энергетика, автожол, темір жол, құбыр өткізу, су және әуе
инфрақұрылымдардың алдағы уақыттағы даму схемалары дайындалды. Әзірленген
Индустрияландыру картасы және схема - ұдайы өзектендіріліп, бағдарлама
орындалған сайын нақтыланып отырады. Бұдан басқа, схема қазіргі 2020 жылға
дейінгі стратегиялық жоспарды іске асыру мақсатында әзірленіп жатқан елдің
2020 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының
құрамдас бөлігі болмақ [9].
Мемлекет шағын кәсіпкерлікті қолдауда келесі бағыттарды ұстанады: 
- шағын кәсіпкерлікті мемлекттік, қаржылық, статистикалық, материалдық-
техникалық ақпараттық ресурстар және ғылыми-техникалық технологиялар
субьектілерінің қатысуымен жеңілдіктер жасау; 
- шағын кәсіпкерлік субьектілерін мемлекттік түрде қабылдау, олардың іс-
әрекетін лицензиялау, өнімдерін сертификаттау;
- шағын кәсіпкерлік субьектілерінің құқықтық тәртібін аластау, соның
ішінде шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау үшін шетелдік инвестицияларды
тұтыну жүйесін қолдану;
- қаржы көздерін анықтауда шағын кәсіпкерлік субьектілерін несиеге беру
бағдарламасын қабылдау;
Осылайша, мемлекет экономикасының толық дамуын шағын кәсіпкерлік
субьектілерін қорғау және қолдау мақсатымен оларға жеңілдіктер бере отырып
шағын кәсіпкерліктің дамуына үлкен мән беріледі.
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың қағидаларына келетін
болсақ.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидалары:
- шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдылығы;
- шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;
- инфрақұрылымды дамытуда және кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық
формаларын таңдауда жағдай туғызу;
- алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені қолдау [10].
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы жаңа
заң еліміздің құқықтық, саяси және экономикалық жүйесінің дамуының жаңа
кезеңін ескере отырып, жаңа өкілеттіктер белгіледі. Оларды біліктілікпен
жүзеге асыру, әсіресе кәсіпкерлік сияқты аса маңызды және үнемі дамып
отыратын салада, басқарушылық және құқықтық сауаттылыққа, олардың
жаңашылдық қабілетіне және ең бастысы - бастамашылдығына байланысты болып
табылады. 
Осы іс-шараларды ескере отырып Қазақстан Республикасында шағын және
орта бизнесті қолдау құрылымының іргетасы қалыптасу үстінде десекте болады
Шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету құрылымы деп бұл
жағдайда шағын кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ететін, шағын
кәсіпорындарға ақылы және басқа негізде білім, консалтинг, ақпарат,
технология, техника, қаржы салаларында, қауіпсіздікті қамтамасыз ету
саласында қызмет көрсететін және қолданылып отырған заң негізінде
кәсіпкерлермен, сондай-ақ, бір-бірімен өзара қимыл жасайтын
мемлекеттік, қоғамдық және комерциялық құрылымдар жүйесі айтылып отыр
[11].
Солардың қатарында, бүгінде кәсіпкерлер қауымы жақсы білетін Даму
қорының жұмысы дағдарыстан кейінгі дамуға бет алған шағын кәсіпкерлік үшін
орны ерекше десек, артық айтқандық емес.
Даму қоры туралы сәл тоқтала кетсек: 1997 жылы еліміздегі шағын
кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру,
сондай-ақ шағын бизнеске қолдау көрсету үшін мемлекет тарапынан бөлінетін
қаржыны тиімді пайдалану мақсатында Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ
құрылған болатын, Даму қорының шағын кәсіпкерлікті сапалы дамыту
мақсатында жүзеге асып жатқан бағдарламалардың бірнешеуіне тоқтала кеткен
жөнболар.
Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартты түрде орналастыру
бағдарламасы. Бағдарлама бойынша несиелендірудің негізгі шарттары бар: 12,5
пайыздан аспайтын жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – қаржыландырудың ең
жоғарғы лимиті 750 000 000 теңге. Сондай-ақ шарт бойынша өтімділігі жоғары
кепіл мүлкі болуы тиіс. Бүгінде қаражатты екінші деңгейлі банктерде шартты
түрде орналастыру бағдарламасы бойынша серіктес банктер қатарында
Қазақстан Халық Банкі АҚ, Альянс Банк АҚ, БТА Банк АҚ, Банк Центр
Кредит АҚ, АТФ Банк АҚ, Казкоммерцбанк АҚ, Каспий Банк АҚ, Цесна
Банк АҚ бар.
Бұдан басқа қаржылық бақылау агенттігі, Ұлттық банк, Бәсекелестікті
қорғау комитеті, Есеп комитеті және әлеуетті органдардан тұрады [12].
Дей тұрғанмен, шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың
нақты жүйесі пісіп жетілді деуге келмейді.Оған дәлел:
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының жеткіліксіз
дамуы; қолданып жүрген заңдарды жергілікті деңгейде орындау тәжірибесінің
әлсіздігі; салық салу және салықтық тексеру жүйелерінің тым күрделілігі;
негізгі қаражатты алуға және айналым қаражатын молайту үшін
несиелік қорларға қол жеткізудің шектеулігі: мамандарды даярлау және
шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қолдаудың тұтас жүйесінің жоқтығы;
шағын кәсіпкерліктің мемлекеттік құрылымдар мен өзара іс-қимыл
жасаудың ұйымдық мәселелері; шағын кәсіпкерліктің даму жолындағы
әкімшілік тосқауылдар тағы басқа. Демек шағын және орта бизнесті
қолдаудың жүйесі мен құрылымын одан әрі жетілдіріп, нығайту қажет.

1.3 Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың
мақсатты кешенді бағдарламасына классификацилық сипаттама

Жалпы кешенді бағдарламалардың әдебиеттерде әр түрлі анықтамалары
кездеседі. Мақсатты кешенді бағдарлама ретінде бірыңғай басшылық астында
жұмыс істейтін, орындаушылардың көмегімен іске асырылатын, ресурстар
бойынша балансталған бірыңғай мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, уақыт
бойынша жоспарланған шаралар кешені түсіндіріледі. Бағдарламалы-мақсаттық
құрылымдар – барлық өндіріс жүйесін, жеке мақсатқа бағдарланған бірыңғай
обьектісі ретінде кешенді басқарудың (уақытша құрылған арнайы органдар
көмегімен) ұйымдық түрін білдіреді. Алға қойылған мақсаттың әрбірінің іске
асырылуы – сәйкес өндірістік және басқарушы буындар тарапынан шаралар
кешенінің орындалу жолымен қамтамасыз етіледі, олардың көлемі мен мерзімі
бойынша сандық және сапалық түрде анықталған жиынтығы бағдарламаны құрайды.
Сонымен, бағдарлама – бірінші кезекте соңғы мақсатқа жетуге бағытталған
шаралар кешені. Шағын кәсіпкерліктің мақсатты кешенді бағдарламасына
анықтама бере отырып кешенді шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының
мақсатын (ШБ ҚБ) және, оған жету құралдарын нақтылап алу керек. Шағын
бизнесті дамытудың мақсатты бағдарламалық кешені экономикалық, өндірістік,
ұйымдық-құқықтық және нормативті-әдістемелік шаралар кешені болып табылады,
олар - өндірісті көлемін көбейтіп, соның базасында жалпы экономиканы
жандандыру мақсатында, аймақ эконмикасының шағын секторындағы кәсіпкерлік
қызметтің жандануын қамтамасыз ететін ресурстар, атқарушылар және орындалу
мерзімі бойынша ұштастырылады.
ШБ ҚБ әртүрлі классификациялық топтар тұрғысынан қарастырайық.(1-
сурет)Бағдарламалар мазмұны жағынан әлеуметтік-экономикалық, экологиялық
және ұйымдасқан-шаруашылық болып бөлінеді. Әлеуметтік-экономикалық даму
проблемаларын шешуге бағытталған. Өндірістік-экономикалық бағдарламалар
өндіріс саласындағы ірі салааралық проблемаларды шешуге, олардың
тиімділігін арттыруға, еңбек, материал және қаржы ресурстарын орынды
пайдалануға, жаңа салалар мен өндіріс түрлерін ашуға және басқа да ұқсас
проблемаларды шешуге бағытталған.
ШБ ҚБ әлеуметтік-экономикалық топқа да, аймақтық бағдарламаға да
жатқызуға болатын белгілермен сипатталады. Бірақ ШБ ҚБ-ң квалификациялық
тобын анықтаған кезде бағдарламаның негізгі мақсаттылық мазмұнынан шығатын,
оның жетекші белгісін бөліп көрсету керек. ШБ ҚБ-сы шағын бизнеске толық
жеңілдік жағдайларын жасау арқылы экономиканың шағын секторында
кәсіпкерлікті жандандыруды көздейді. Сондықтан шағын бизнесті қолдаудың
кешенді бағдарламасын әлеуметтік-эконоьикалық бағдарлама деуге болады.
Уақыт ұзақтығы бойынша кешенді бағдарламалар ұзақ мерзімді (ұзақтығы 5
жылдан жоғары), орта мерзімді (5 жыл не одан аз уақытқа созылатын) және
қысқа мерзімді жылдық бағдарламаларына бөлінеді. Тәжірибе көрсетіп
отырғандай ұзақтығы 2 жылға созылатын орта мерзімділері ШБ ҚБ-да кеңінен
тараған. Бұл бір жағынан қысқа мерзімді жылдық бағдарламаларына бөлінеді.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай ұзақтығы 2 жылға созылатын орта мерзімділері
ШБ ҚБ-да кеңінен тараған. Бұл бір жағынан қысқа мерзімді жылдық
бағдарламалар дайындаудың тиімсіз болуымен түсіндіріледі, себебі уақыт
кеңістігін кеңейту келешекті жақсы көруге, қорларды ұтымды жұмсауға және
шағын бизнестің инфрақұрылымын құру бойынша барлық дайындық жұмыстарын
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бірақ уақыт аралығын одан ары қарай
созудың заңды болуы екіталай. Бұл шағын кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін
факторлардың көп түрлілігінің нәтижесінде пайда болатын блжамдаудың
қиындығымен, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жандандыруды жылдамдату
процесінің өте маңызды екндігімен түсіндіріледі. Сондықтан шағын
кәсіпкерліктің инфрақұрылымын құру жұмысын 5 және одан көп жылға созу
қолайсыз.
Мақсатының ауқымы бойынша ШБ ҚБ мемлекеттік, аймақтық және локалдық
сипатта болуы мүмкін. Мақсаттардың саны бойынша ШБ ҚБ – көп мақсатты, яғни
оның іске асуы бір емес, бірнеше мақсатқа жетуді қамтиды. Мысалы, аймақтық
экономиканы жандандыру, қайта құрылған жұмыс орындарын көбейту,аймақта
орналасқан кен орындарын игеру және аймақтық нарықты тұтыну тауарларымен
қамтамасыз ету, басқа да қызмет көрсетулермен толтыру сияқты.

Кесте 1.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мақсатты кешенді бағдарламасына
классификациялық сипаттама
Рет Классификациялану белгісі Бағдарлама түрі

1. Мазмұны бойынша Әлеуметтік-экономикалық
2. Мақсатқа жету уақыты бойынша Орта мерзімді
3. Мақсаттың ауқымы бойынша Мемлекеттік (аймақтық,
локальдық)
4. Мақсаттардың саны бойынша Көп мақсатты
5. Орындаушылардың құрамы бойынша Жалпы жүйелік
6. Ұйымдасқан-технологиялық Кешенді-дискреттік
байланыстардың сипаты бойынша
7. Мақсаттардың бағытталу сипаты бойыншаМақсатты даму
8. Әсер ету обьектісі бойынша Проблемалық

ШБ ҚБ орындаушыдардың құрамы бойынша – жалпы жүйелік, яғни оның іске
асырылуына әкімшіліктің нарықтық қатынастар бөлімі ретіндегі же ргілікті
билік органдары; әділет басқармасы, сақтандыру банкілері, коммерциялық
банктер, білім беру мекемелері және басқалар сияқты әртүрлі функционалды
қосалқы жүйелердің қатысуы.
Бағдарламалы шаралар мен оларды орындаушылар арасындағы ұйымдасқан
техникалық байланыстардың сипаты бойынша ШБ ҚБ – кешенді-дискретті
бағдарлама, яғни оның мақсаттарына әртүрлі орындаушылардың түрлі деңгейдегі
дербес әрекеттерінің жиынтығы арқасында қол жеткізіледі.ШБ ҚБ-дағы көптеген
қосалқы бағдарламалар – дербес және басқа қосалқы бағдарламалардың
шешілуіне тәуелді емес, бұл олардың дайындалуы мен іске асуының параллельді
жүзеге асырылуына мүмкіндік береді.
Мақсаттардың бағытталу сипаты бойынша ШБ ҚБ – мақсатты даму
бағдарламасы, өйткені ол нақты – шағын бизнесті қолдау механизмін құру
негізінде шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселесін шешуге бағытталған. Әсер
ету обьектісі бойынша ШБ ҚБ – обьектіге бағытталған бағдарламаға қарағанда
проблемалық бағдарламаға жақын болып келеді.
Бағдарламаның негізгі мақсаттарын бөлшектекгенде оның қосалқы
мақсаттары айқындалады. Ол - мақсатқа жету құралы. Қосалқы мақсаттарнға
сәйкес ШБ ҚБ әртүрлі деңгейдегі қосалқы бағдарламалардан тұрады. Шб қб-
қосалқы бағдарламаларға бөлінуі, оларды дайындау мен іске асыруда
бағдарламаны дайындаушылар мен іске асырушылар іске асырушылар арасындағы
жауапкершілікті нақтылап белгілеу арқылы оларды әзірлеу мен жүзеге асыру
ісін ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды. Қосалқы
бағдарлама, бағдаламаның бір немесе бірнеше мақсатын іске асыруға
бағытталған міндеттер мен шараларды қамтитын бағдарламаның дербес бір
бөлігі болып табылады. Бағдарламаның ауқымы мен оның күрделілік дәркжесіне
байланысты, қосалқы бағдарламалардың жиынтығы тбағдарламаны тұтасымен
немесе оның негізгі бөлігін ғана қамтуы мүмкін.
Әрбір қосалқы бағдарлама өз кезегінде өте төмен деңгейдегі қосалқы
бағдарламаларға (мақсаттар) бөлінуі мүмкін. Қосалқы бағдарламалардың саны
кешенді бағдарламаның ауқымы мен күрделілігіне тәуелді, бірақ өте үлкен
болмауы керек. Негізгі қосалқы бағдарламалар бағдарламалық мақсаттарға
жетуді қамтамасыз ететін, нақты мақсаттар мен шаралар жүйесін білдіреді.
Қосалқы бағдарламалар негізгі және қамтамасыз етуші болады
(1-Суретте). Негізгі қызметтің қосалқы бағдарламалары, жалпы
бағдарламаның соңғы қалыптасқан мақсатына жататын нәтижені орындауға
бағытталған, ал қамтамасыз етуші қызметінің қосалқы бағдарламаларының
құрамына кіретін шараларды сәтті орындауға қажетті жағдайларды жасауға
бағытталған.
Республикалық шағын бизнесті дамытудың кешенді бағдарламасының негізгі
қосалқы бағдарламаларына аймақтық және жергілікті деңгейде дайындалған
қосалқы бағдарламалар жатады. Шағын кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ететін
қосалқы бағдарламаларға – нормативті-құқықтық, қаржылық, материалды-
техникалық және ақпараттық қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалар жатады.
Бұл қосалқы бағдарламалардың соңғы мақсаты іске асыруға тікелей әсер
етпеуіне қарамастан, олар оған қол жеткізу үшін барлық қажетті жағдайлар
жасайды.
Шағын бизнесті қолдаудың кешенді бағдарламасы дербес басқару обьектісі
ретінде, оның ерекше басқару механизмін дайындауды талап етеді. Біріншіден,
ШБ ҚБ экономикалық жүйенің ешқандай мақсатына сай келмейтін соңғы
мақсаттарға бағдарланған. Екіншіден, ШБ ҚБ ереже бойынша уақытша сипатқа ие
және мақсатқа жетісімен оны басқару механизмінің түрі де өзгереді.
Үшіншіден, бағдарлама кешенді шаралакрдан тұрады, олардың біреуінің жоқ
болуы бағдарламаның мақсатына жету мүмкіндігінен айырады. Төтіншіден,
бағдарламаның шаралары функция аралық сипатқа ие, олардың орындалуына
республика және аймақтар бойынша барлық функционалды комиттер мен
бөлімшелер қатысады. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді және жүйелі
тәсілі бұл процеске қатысты барлық құрылымдардың өзара байланысты және
үйлесімді түрде жұмыс істеуін талап етеді.
Тереңірек негізделу үшін тек ресурстарға деген қажеттілікті ғана емес,
сондай-ақ шараларды іске асыру мерзімдеріне, ресурстармен қамтамасыз ету
көздеріне деген қажеттіліктерді де белгілеу шарт. Мақсатты кешенді шағын
бизнесті қолдау бағдарламасын қаржыландырудың негізгі көздеріне бюджеттік
қаржаттардың 60% жатады, бюджеттік емес қаражаттар 15% құрайды және
басқалары 25%. Бүгінгі күнде республикалық және жергілікті бюджеттердің,
шағын бизнеске тікелей қаржылай қолдау көрсету мүмкіндіктерінің жоқ болуына
байланысты, алдыңғы орынға шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа нысаны болып
табылатын, екінші деңгейдегі банктер несиесі шығады. Бұдан келіп, кепіл
қоры түрінде кепілдеме беру сияқты нысандар туады, ал осы жерде кепіл қоры
ретіндегі жеғргілікті басқару органдарының коммуналдық мнешіктері
қолданылады.
ШБ ҚБ көптеген бағдарламалық шараларды іске асырудағы айтарлықтай
күрделі шығындарды қажетсінбейтіндігімен ерекшеленеді. Атап айтқанда тек
ұйымдық-құқықтық факторларды жандандыру арқылы ғана шағын бизнеске толық
жеңілдік жасау саясатын құру мүмкіндігі пайда болады.
Кешенді шағын бизнесті дамыту бағдарламасын кадрлық қамтамасыз ету –
кәсіпкерлерді білім беру жүйелері арқылы даярлауды, сондай-ақ кәсіпорын
жетекшілерін даярлау және қайта даярлау үшін арнайы курстар ашуды талап
етеді.
Бағдарламаны ақпараттық қаматамасыз ету - кәсіпкерлік құрылымдарды
заңдық-құқықтық салада болып жатқан барлық өзгерістермен әрдайым хабардар
етіп отыруды шешеді. Жаңа жәнежұмыс істейтін кәсіпорындарды құру және жұмыс
істеу проблемалары бойынша шағын бизнесті қолдау орталықтары тарапынан
көсетілетін консалтингтік қызметтер кешені де осыған кіреді.

Сурет 1.
Республикалық мақсатты кешенді-шағын кәсіпкерлікті қолдау
бағдарламасының құрылымы

ШБ ҚБ-н басқару үшін бағдарлама жұмыстарынүйлестіретін белгілі бір
өкілеттерге ие, арнайы басқару органын құру қажет. Республикалық деңгейде
ондай органға ҚР-ң шағын кәсіпкерлікті қолдау және табиғи монополияларды
реттеу агенттігі, аймақтық деңгейде – шағын кәсіпкерлікті қолдау
комитеттері және жергілікті деңгейде – шағын кәсіпкерлікті қолдау бөлімдері
жатады.
Мақсатты кешенді шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын дайындау,
кекзеңдер бойынша жүзеге асырылады:
Бағдарламаның концепциясын қалыптастыру және проблеманы бағдарлама
бойынша шешуге негіздеу.
Бағдарламаның варианттарын жете зерттеу, оларды бағалау және қолайлы
вариантты таңдау.
Бағдарламаның жобасын жете зерттеу.
Бағдарламаны қалыптастырудың барлық кезеңдеріндекелесі жұмыстарды
жүргізу қажет: шағын бизнес жағдайын талдау, шағын кәсіпкерлікті одан ары
дамыту қарқыны мен шағын бизнесті қолдаудың жаңа түрлерін пайдалану
мүмкіндігін анықтау және шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша келешекке
болжам жасау.
Концепцияны дайындау кезеңінде Республика үшін тұтас және аймақтар үшін
жеке-жеке, шағын бизнесті дамытудың келешегі зор бағыттарын, сонан соң
бағдарлама көрсеткіштерінің құракмын анықтау өте маңызды болып табылады.
Осы кезеңде бағдарламаны дайындаудың егізгі тапсырмалары қалыптасады, оған
проблеманың қалыптасуы, ресурстардың бағдарланған шығындары, бағдарламаны
дайындаушылардың құрамы, дайындау кезеңдерінің тізімі (мерзімі
көрсетіледі), соңғы құжаттама нысандарына деген талаптар кіреді.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасын дайындауды
төмендегідей құрылымға сәйкес жүзеге асыру ұсынылады.
Кіріспе
Мақсатты анықтау және негіздеу
Бағдарламаның тапсырмасы
Бағдарламаны ресурстармен қамтамасыз ету
Бағдарламаны басқаруды ұйымдастыру
Кіріспеде шағын кәсіпкерлікті қолдау проблемаларын шешу кезінде
бағдарламалы-мақсаттық тәсілдің пайдаланылу мақсатқа лайық екендігін
негіздеу және бағдарламаның дайындалу сәтіндегі шағын бизнестің даму
деңгейін талдап шығу қажет.
Бағдарламаны дайындауда бағдарламаның мақсаттарын қалыптастыру, маңызды
кезқең болып табылады. Мақсат – бұл міндетті түрде алдын ала анықталған
нәтижеге жетуді көздейтін ең қажетті нәрсе. Шағын кәсәпкерлікті дамыту
мақсатын таңдау және негіздеу келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
Шағын кәсіпорындардың сандық жәнесапалық құрамы бойынша мәліметтерді
жинау және талдап қорыту;
Шағын кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін, ішкі және сыртқы факторларды
айқындау;
Республика мен аймақтардағы шағын кәсіпкерлікті қолдауды талдау;
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жобасын дайындау;
Қажетті ресурстар мен прблеманың шешілуі мүмкін мерзімді анықтау;
Мақсаттардың ресурстармен үйлесуі және соңғы мақсатты таңдау;
Бағдарламалық мақсатты іске асырудың әлеуметтік-экономикалық
зардаптарын талдау.
Жалпылама түрде, мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының
мынандай мақсатын қалыптастыруға болады: қоғамның экономикалық дамуының
маңызды факторы, жаңа жұмыс орындарын құру құралы, ғылыми-техникалық
жетістіктерді енгізу, бәсекелестік ортаны қалыптастыру және кәсіпкерлер
класын құру жолымен шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Қойылған мақсатқа сәйкес шағын кәсіпкерлікті дамыту, елдің экономикалық
дағдарыстан шығаратын маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мақсатты
кешенді бағдарламаларын құру принципі – мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті
қолдау бағдарламасы аймақтық шағын бизнесті қолдау бағдарламасының іске
асуы арқылы нақтылантындай болып ұсынылуы керек. Аймақтық шағын бизнесті
дамыту бағдарламасының мақсаты – аймақта шағын кәсіпкерлікті дамытуға
қолайлы ортаны қалыптастыру және өндірістік базаны дамытудың орнына,
нарықты тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерге толтыру; аймақта жаңа
жұмыс орындарын ашу; жергілікті табиғи табиғи ресурстарын тиімді пайдалану
және аймақта әлеуметтәк-эконмикалық ахуалды жақсарту болып табылады.
Бағдарламаның келесі бөлімі – ресурспен қамтамасыз ету.Кешенді шағын
бизнесті дамыту бағдарламасындағы ресурстық пысықтау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын бизнес – кәсіпкерліктің ерекше формасы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жайлы
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Шағын кәсіпкерлікті басқару жүйесі
Кәсіпкерлікті қолдау бойынша кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты күшейту бойынша ұсыныстар дайындау
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес менеджментін дамыту тиімділігі
Қазақстан Республикасының шағын бизнесін талдау және оның даму перспективалары
Шағын бизнестің негізін қалау жолдары
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы
Аймақтық кәсіпкерлікті дамыту негіздері
Пәндер