Каспий бұзаубас балықтарының (perciformes, gobiidae) асқорыту жүйесінің морфо-функциональді ерекшеліктері



КІРІСПЕ
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1. Бұзаубас балықтардың систематикасы, таралуы, биологиясы мен экологиясы
1.1.1. Үлкен басты қарақшы . Benthophilus marocephalus (Pallas)
1.1.2. Үлкен құйрықты бұзаубаc . Knipowitshia longicaudata (Kessleri)
1.1.3. Каспий бұзаубасы головач немесе горлап . Neogobios kessleri gorlap Ilgin.
1.1.4. Жұмыр бұзаубас . Neogobius melanostomus
1.2. Солтүстік Каспийдегі бұзаубас балығының түрлерінің саны мен қоректену ерекшеліктері

1.3. Каспий теңізінің қысқаша физика . географиялық сипаттамасы
1.3.1. Гидролого. гидрохимиялық режимі
2. МАТЕРИАЛДАР МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕР
3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛҚЫЛАУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Бұзаубас балықтардың (Gobiidae) өкілдерінің көбі теңізбен байланысты. Олардың көп түрлері қоңыржай және тропикалық зоналарда мекен етеді. Қара, Азов, Каспий теңіздерде 50 түр және түршелер кездеседі. Азов теңізінде мөлшерлері улкен емес болсада (ұзындығы 20 см, салмағы 90г) бұзаубас балықтар үлкен кәсіптік маңызы бар [1]
Осы тұқымдастың туысы мен түрлері яғни өкілдерінің біршамалары ғана тұщы су қоймаларында және өзендерде кездеседі. Қазақстанда көбінесе Каспий теңізі мен Жайық өзенінде таралған [2]
Каспийде бұзаубас балықтардың балық шаруашылық маңызы жоқ, бірақ су қоймалардағы ихтиоценоздарда маңызды құрам болып табылады. Бұзаубас балықтар басқа балықтардың және тюленьдердың қорегі болып келеді. Сонымен қатар олар биоалуантүрлілігінің объектері - көп туыс пен түрлері Каспийдің эндемиктері болып келеді.
Бұзаубас балықтардың асқорыту жүйесін зертеген жұмыстар көп емес. Бұзаубас балықтарының көпшілігінің қарны анатомиялық тұрғыдан қарағанда жекеленген. Бірақ гистологиялық анализге сүйенсек кейбір бұзаубас балықтардың каудальді бөліміндегі алдынғы ішек қарын бездері онша жекеленбеген. Олардың даму денгейі бірдей емес. Янковскийдің [3] айтуы бойынша жұмыр бұзаубас балығы Neogobios melanostomus және құмдауыт бұзаубас балығы Neogobius fluviatilis қарны жойылған, ал зеленчак (N. ophioctphflus) және мартовик (N. batrachocephalus) осы екеуінің сыртынан қарағанда қарны өте айқын көрінеді [3]
Кульчицкийдың айтуы бойынша травяник, мартовик және жұмырбасбұзаубас балығының қарны ұқсас, бірақ травяник пен жұмырбасбұзаубастың қарнының бұлшық ет қабырғалары өте жұка және мартовикке қарағанда онша жекеленбеген [4] Көбегенова, Джумалиевтың мақаласында бұзаубас балықтың 6 түрінін асқорыту түтігі зерттелген [5].
Көбінесе басқа бұзаубас балықтардың түрлерінің асқорыту жүйесі зерттелмеген.
Бұзаубас балықтардың биологиясы су түбінімен байланысты және қоректік жағынан олар бентофагтарға жатады. Мұнайды қазіргі кезде қарқынды өндіруіне байланысты балықтардың тіршілік ету ортасы бұзылуда.
Каспийдің бұзаубас балықтарының асқорыту жүйесіне арналған жұмыстар жоқ. Сондықтан біздің жұмысымыздың мақсаты:
Каспий бұзаубас балықтарының асқорыту жүйесінің морфо-функциональді ерекшеліктерін экологиялық жағдайымен байланыстырып зерттеу.

Міндеттері:

• анатомиялық құрылысын зерттеу;
• өңеш, қарын, ішектің гистологиялық сипатын беру;
• асқорыту жүйесінің ерекшелктерін балықтардың экологиясымен байланыстыру.
1. Жизнь животных. Том четвертый. Москва просвещение. 1983.448с.
2. К.Н. Аманниязов, А.З. Джанмурзаев. Рыбы Каспийского моря. Алматы. Қазақ университеті.
3. Б.А. Янковский. Некоторые особенности строение органов пищеварения азово- черноморских бычков и связь их с питанием. Вопр. рыбохозяйственного освоения и санитарно-биол. режима водоемов Украины. Мат. Докл. 11 Респ. Конф. Укр. Филиала Всес. Гидробиол. Обва ( май 1970). Ч. 11.-Киев: Наука думка. -1970.-С.
4. Кульчицкий
5. Көбегенова Джумалиев
6. Бәйімбет Ә.А., Темірхан С.Р. Қазақстанның балықтәрізділері мен балықтардың қазақша-орысша анықтауышы.Алматы ҚазақУниверситеті
7. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы Алматы -1970 ж. Б. 56-57.
8. Никольский Г. В. Экология рыб, 3 изд., М., 1974.
9. Никольский Г.В. Частная ихтиология, 3 изд., М., 1971.
10. Современное состояние окружающей среды контрактной территории Тюб –Караган. Отчет ТОО Недра 2004. 97 с.
11. Шорыгин А.А. Питание и пищевые взаимооношение рыб Каспийского моря М., Пищепромиздат.
12. Ф.К. Гавлена Каспийский бычок кругляк Neogjbius Melenostomus Fffinis-новый элемент ихтиофауны средней волги изд.Наука. Ленинградское отделение. Ленинград 1970г.С.44-45.
13. Халилов Ф.Х. Материалы по морфологии и гистохимии пищеварительной системы костистых рыб. Изд «мектеп» Алма-Ата 1969.123 с.
14. Б.А.Домбровский. Основы сравнительной морфологии животных. Алма-ата: Казгосуниверситет.1961.-195с.
15. Веригина И.А. Жолдасова И.М. Эколого-морфологические особенности пищеварительной системы костистых рыб. Изд «ФАН» Ташкент 1982. 154 с.
16. Уголев А.М. Эволюция пищеварения и принципы эволюции функции.-Л.:Наука.-1985.-544.
17. Костылев Л.Г. Гидрометеролоическое издательство . Ленинград. 1987.
18. Шалғымбаева С.М., Нуршин К.А., Көбегенова С.С. Микротехника негіздері. Қазақ университеті. Алматы 2007.
19. Хегай И.В., Көбегенова С.С. Основы микротехники. Алматы 1999.
20. Роскин Г.И., Левинсон Л.Б. Микроскопическая техника.Советская наука-1057.С.
21. Ромейс Б. Микроскопическая техника. М. 1957.
22. Кобегенова С.С. К вопросу о возможной причине редукции желудка у некоторых костистых рыб. Вопр.ихтиол.-1988.- Т.28. -Вып. 6.- С. 983-992.
23. Хэм А., Кормак Д. Гистология. Том 2.часть 3. Москва Мир-1993.
24. Богачик Т.А., Ремез З.М. Морфологические адптации челюстно-глоточного аппарата бычков (Gobiidae). Вопр.ихтиол.-1967.Т.-Вып.-
25. Москалькова К.И. Анатомо-гистологические и функциональные особенности развития кишечника у бычка-кругляка Neogobius melenostomus, рыбы с прямым типом развития. Воспр. Ихтиол. -1988. –Т. . –Вып.5.-С.812-827.
26. Шубич Г.М., Могильная Г.М. Гистохимия желудка позвоночных в таксономическом и эволюционном аспекте.Ж.Общ.биол.-1981.-Т.42.-№2.-С.276-288.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Биология факультеті
Зоология және гистология кафедрасы

Бітіру жұмысы

Каспий бұзаубас балықтарының (Perciformes, Gobiidae) асқорыту жүйесінің
морфо-функциональді ерекшеліктері

Орындаған 4-курс студенті:

Ғылыми жетекшісі:___________
____ _________2008ж.

Норма бақылаушы:___________
____ _________2008ж.

Қорғауға жіберілді, кафедра меңгерушісі,
профессор :___________________
_____ ________ 2008 ж.

Алматы 2008 ж.

РЕФЕРАТ

Бітіру жұмыстың тақырыбы: Каспийі бұзаубас балықтарының
(Perciformes, Gobiidae) асқорыту жүйесінің морфо - функциональді
ерекшеліктері.
Дипломдық жұмыс 24 беттен, 1 кестеден, 7 суреттен, 26 әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Кілттік сөздер: Каспий, бұзаубас балықтар, асқорыту жүйесі, өңеш,
қарын, ішек, эпителий, қарың бездері, дәнекер ұлпа, мукоцит, энтероцит.
Жұмыстың мақсаты: Каспий бұзаубас балықтарының асқорыту
жүйесінің морфо-функциональді ерекшеліктерін экологиялық жағдайымен
байланысқан зерттеу.
Міндеттері:

• анатомиялық құрылысын зерттеу;
• өңеш, қарын, ішектің гистологиялық сипатын беру;
• асқорыту жүйесінің ерекшелктерін балықтардың экологиясымен
байланыстыру.

МАЗМҰНЫ

Бет
КІРІСПЕ 4
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1. Бұзаубас балықтардың систематикасы, таралуы, биологиясы мен
экологиясы
1.1.1.Үлкен басты қарақшы – Benthophilus marocephalus (Pallas)
1.1.2.Үлкен құйрықты бұзаубаc – Knipowitshia longicaudata
(Kessleri)
1.1.3.Каспий бұзаубасы головач немесе горлап – Neogobios
kessleri gorlap Ilgin.
1.1.4.Жұмыр бұзаубас – Neogobius melanostomus
1.2. Солтүстік Каспийдегі бұзаубас балығының түрлерінің саны мен
қоректену ерекшеліктері

1.3. Каспий теңізінің қысқаша физика – географиялық сипаттамасы
1.3.1.Гидролого- гидрохимиялық режимі
2. МАТЕРИАЛДАР МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕР
3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛҚЫЛАУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Бұзаубас балықтардың (Gobiidae) өкілдерінің көбі теңізбен байланысты.
Олардың көп түрлері қоңыржай және тропикалық зоналарда мекен етеді. Қара,
Азов, Каспий теңіздерде 50 түр және түршелер кездеседі. Азов теңізінде
мөлшерлері улкен емес болсада (ұзындығы 20 см, салмағы 90г) бұзаубас
балықтар үлкен кәсіптік маңызы бар [1]
Осы тұқымдастың туысы мен түрлері яғни өкілдерінің біршамалары ғана
тұщы су қоймаларында және өзендерде кездеседі. Қазақстанда көбінесе
Каспий теңізі мен Жайық өзенінде таралған [2]
Каспийде бұзаубас балықтардың балық шаруашылық маңызы жоқ, бірақ су
қоймалардағы ихтиоценоздарда маңызды құрам болып табылады. Бұзаубас
балықтар басқа балықтардың және тюленьдердың қорегі болып келеді. Сонымен
қатар олар биоалуантүрлілігінің объектері - көп туыс пен түрлері Каспийдің
эндемиктері болып келеді.
Бұзаубас балықтардың асқорыту жүйесін зертеген жұмыстар көп емес.
Бұзаубас балықтарының көпшілігінің қарны анатомиялық тұрғыдан қарағанда
жекеленген. Бірақ гистологиялық анализге сүйенсек кейбір бұзаубас
балықтардың каудальді бөліміндегі алдынғы ішек қарын бездері онша
жекеленбеген. Олардың даму денгейі бірдей емес. Янковскийдің [3] айтуы
бойынша жұмыр бұзаубас балығы Neogobios melanostomus және құмдауыт бұзаубас
балығы Neogobius fluviatilis қарны жойылған, ал зеленчак (N.
ophioctphflus) және мартовик (N. batrachocephalus) осы екеуінің сыртынан
қарағанда қарны өте айқын көрінеді [3]
Кульчицкийдың айтуы бойынша травяник, мартовик және
жұмырбасбұзаубас балығының қарны ұқсас, бірақ травяник пен
жұмырбасбұзаубастың қарнының бұлшық ет қабырғалары өте жұка және мартовикке
қарағанда онша жекеленбеген [4] Көбегенова, Джумалиевтың мақаласында
бұзаубас балықтың 6 түрінін асқорыту түтігі зерттелген [5].
Көбінесе басқа бұзаубас балықтардың түрлерінің асқорыту жүйесі
зерттелмеген.
Бұзаубас балықтардың биологиясы су түбінімен байланысты және қоректік
жағынан олар бентофагтарға жатады. Мұнайды қазіргі кезде қарқынды өндіруіне
байланысты балықтардың тіршілік ету ортасы бұзылуда.
Каспийдің бұзаубас балықтарының асқорыту жүйесіне арналған жұмыстар жоқ.
Сондықтан біздің жұмысымыздың мақсаты:
Каспий бұзаубас балықтарының асқорыту жүйесінің морфо-функциональді
ерекшеліктерін экологиялық жағдайымен байланыстырып зерттеу.

Міндеттері:

• анатомиялық құрылысын зерттеу;
• өңеш, қарын, ішектің гистологиялық сипатын беру;
• асқорыту жүйесінің ерекшелктерін балықтардың экологиясымен
байланыстыру.
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1. Бұзаубас балықтардың систематикасы, таралуы, биологиясы мен экологиясы

Класстар: Actinopterygii-Сәуле қанатты балықтар
Отряд: үсті Percoforpha-Перкоидтар
Отряд: Perciformes-Алабұға тәрізділер
Отррядтармағы: Gobiodei- Бұзаубас тектес балықтар
Тұқымдас:Gobiidae-Бұзаубас тектес балықтар
Туыс: Knipowitschia Iljin
1.Түр: Knipowitshia longicaudata(Kessler) - ұзын құйрықты бұзаубас
Туыс: Benthophilus Eichwalp - Қарақшы
2.Түр: Benthophilus macrocephalus (Pallas) -үлкен басты қарақшы
Туыс: Niogobios Iljin
3. Түр: Neogobios kessleri gorlap Ilgin- Каспий горлап бұзаубасы [6].

4. Түр Niogobios melanostomus affinis (Eichwald )- Жұмыр бұзаубас
балық

Отряд тармағы өкілдерінің ерекшелігі құрсақ қанаттары бір-бірімен
қосылып сорғыш қанатқа айналған. Осы тұқымдастың өкілдерінің көбі
теңізбен байланысты. Олар көбіне қоңыржай және тропикалық зоналарда
мекен етеді. Осы тұқымдастың туысы мен түрлері, яғни өкілдерінің біразы
тұщы су қоймаларда және өзендерде тіршілік етеді [1]. Қазақстанда көбіне
солтүстік Каспийде және Орал өзенінде кездеседі. Жерсіндіру нәтежесінде
осы балықтардың 6-7 түрлері Арал теңізінде кездескен және олар осы
теңіздегі биоценозды өзгерткен. Осы жерсіндірілген бұзаубастардың
биологиясымен саны жақсы зерттелген. Каспийдегі бұзаубас балықтарының 34
түрі , Жайық бассейінінде тіршілік ететін түрлері Аралға да жерсіндірілген.
Тұжырым бойынша Аралда жерсіндірілген барлық бұзаубас балықтар Красновод
шығанағынан ауланған. Осы жағдайды тұжырымдасақ Аралда тіршілік ететін
бұзаубас балықтар ихтиоценоз құрайды немесе барлығы бірге олар Каспийде
тіршілік етеді [2]. Осы тұқымдас балықтары басынының скилетінің
құрылымымен ерекшеленеді. Басында бүйір сызығы болады,ол гинипор деп
аталады және шырышты каналы мен тесіктері болады [7].

1.1.1. Үлкен басты қарақшы -Benthophilus macrocephalus (pallas)

Таралуы- Каспий теңізінде кеңінен таралған, Еділ өзенінде
кездеседі және Жайық өзенінің бастауында, ал Арал теңізінде тіркелмеген.
Сипаттамасы- Денесі мен басы майда сүйекті тікенектермен
қапталған, соның арасында үлкен жұлдызша тәрізді пластинкалар болады .
Артқы жағында 23-25 пластинка қатары орналасқан. Денесінің түсі сұр болып
келеді және дақтары болмайды. Аталықтары дамығаннан кейін сүйекті
тікенектері жойылып кетеді.
Биологиясы - Мамыр маусым айларында дамиды. Уылдырығын
порциялап шашады. Уылдырығы ірі болып келген. Дене ұзындығы 130 мм дейін,
ал салмағы 35 грамм. Шаянтәрізділермен, балықпен, нереиспен, моллюскамен
қоректенеді.
Маңызы- кәсіптік маңызы жоқ, аз зерттелген түр [8,9].

1.2.1.Ұзын құйрықты бұзаубас-Knipowitshia longicaudata (Kessler).

Таралуы: Қара теңізде, Азов және Каспий теңізінде тараған,
өзеннің төменгі ағысында тіршілік етеді. Қазақстанда Жайық өзенінде
таралған.
Сипаттамасы- Қабыршағының көлденең қатары 36-45. Құйрық қанаты
симетриялы емес. Д және А қанаттарының қатарларында күңгірт дақтары
болады. С қанатының басталатын жерінде қара дақтары бар. Аталықтарында
көбею кезінде қосымша қанаттары болады. Аталықтарының ұзындығы 50 мм-ге
дейін, аналықтарында 35 мм-ге дейін.
Биологиясы- Уылдырықтарын мамыр және маусым айларында 313-380
көлемінде шашады. Шабақтары Волга өзенінің дельтасында кездеседі [8,9].

1.3.1. Каспий бұзаубасы головач немесе горлап- Neogobios kessleri gorlap
Ilgin.

Таралуы: Ағысы қатты өзендерде кездеседі. Арал бассейінінде
кеңінен таралған,ал Жайықта кездеспейді. Солтүстік Каспийде аз бөлігі
кездеседі. Көбіне орталық және оңтүстік Каспийдің батыс және шығыс
жағалауларында мекендейді. Сонымен қатар Есіл жағалауларында және Теректің
төменгі ағысында кездеседі. Салыстырмалы түрде Каспийдің басқа жерлеріне
қарағанда, Апшерон бөлгінде өте аз.
Сипаттамасы - Қабыршағының көлденең қатары 61-71. Денесінің түсі-
қызғылт, сұрлау, жасылдау және сарғыштау немесе қара дақтары болады. Олар
құйрық қанатының бас жағындағы ұшбұрышты қара дағымен, басындағы домалақ
ақшыл дағы және қара авадогымен ерекшелінеді. Жүзгіш қанаттарында қара
дақтары бар. Дене ұзындығы 200 мм –ге дейін, ал дене салмағы 60 г-ға
дейін болады.
Биологиясы- Уылдырықтарын сәуір айынан маусым айына дейін
салады. Уылдырығын тасты жерлерге және су түбіндегі заттарға салуға
бейімделген. Өрістеу кезінде порция-порциялап салады. Орташа тұқымдылығы
шамамен 1500 уылдырық. Аталықтары кеш дамиды, көбіне балықтармен
қоректенеді. Ал шаянтәрізділермен моллюскалармен аз қоректенеді.
Саны мен шаруашылық маңызы- Аралда бұзаубас балықтарының саны онша көп
емес. Шаруашылық маңызы жоқ . Бұл түр аз зерттелген [1,8,9].

1.4.1. Жұмыр бұзаубас балық -Niogobios melanostomus affinis (Eichwald)

Таралуы: Бұл балықтар көбіне бірге тіршілік етеді, әсіресе орталық
және оңтүстік Каспийде. Алғаш рет бұл балықтар Кайдак ағысында табылған
(40,6‰). Орталық Каспийдің белгілі бір бөлігінде, атап айтсақ орталық және
оңтүстік Каспийдің құмдауытты, тастақты және сазды бөлігінде тіршілік
етеді. Сонымен қатар Есіл және Жайықта кездестіруге болады. Теңіздің
оңтүстігінен, Куре және Теректен табылмаған. Жұмыр бұзаубас балықтар лайлы
бақалшақтың ішінде кездеседі.
Сипаттамасы- Жұмыр бұзаубасының басы биік, аузы кішкентай: бірінші
арқа қанатында қара дағы бар. Денесінің ұзындығы 15 см-ге дейін; массасы 50-
60 г-ға дейін. Аналығы аталығына қарағанда үлкенірек. Дене ұзындығы,
массасы және жас аралықтары теңіздің орналасуына байланысты әр түрлі
болады. Мысалы: солтүстік Каспийде ұсақ және жас түрлер кездеседі. Бұл
балықтың аталығының ең үлкен ұзындығы 16 см, ал аналығы 20 см-ге дейін
жетеді. Аталықтары 3 жасқа дейін, аналықтары 5 жасқа дейін тіршілік етеді.
Биологиясы- Балықтардың жыныстық жетілуі өмірінің екінші жылында
болады. Бұл белгі аталықтарында 30% , аналықтарында 60 % дейін кездеседі.
3 жастағы және одан үлкен жастағы особътар жыныстық жетілген болып
табылады. Аталықтары өрістеуге 1 рет ғана шығады, 2-3 жасында тіршілігін
жояды. Ал аналығы бір немесе бірнеше рет өрістеуге шығады. Тұқымдылығы 200-
3800 уылдырыққа дейін жетеді. Уылдырығын порциялап шашады. Көбіне
уылдырықты судың түбіндегі әр түлі заттарға салады. Мысалы: Дағыстан және
Азербайжан суларында уылдырықты қыркүйек айында шашады. Аналықтары өрістеу
уақытында бірнеше аталықтармен болады. Олар моллюскалармен,
шаянтәрізділермен, нереис құрттарымен және балықтамен қоректенеді.
Сәуір айының ортасынан бастап алғашқы ең көп бөлігі өрістеуге
шығады. Өрістеу кезінде температура қолайлығы 10°С-15ºС болуы қажет. Кәрі
особътар шілде және тамыз айларында өрістейді, сол кезде 2 жастағы
аналықтар көбейсе, көп бөлігі өліп қалады. Қыстан шыққан балықтар 3 жылда
өрістеуге қайта шығады [1,8,9].

1.2. Солтүстік Каспийдегі бұзаубас балығының түрлерінің саны мен қоректену
ерекшеліктері.

Солтүстік Каспийде жүргізілген мониторингтің мақсаты бұзаубас
балығының түр құрамын, абсолюттік санын және кәсіптік маңызы бар балықтар
мен ит балықтарының негізгі қорегінің қорын,бұзаубас балықтарының қоректену
ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Бұзаубас балықтарының түр құрамы абсолюттік саны 1-ші кестеде
көрсетілген [10].

Кесте 1.
Солтүстік Каспидегі таяз су зоналарындағы бұзаубас балықтарының түр
құрамы мен саны. (2004 ж.)

№ Бұзаубас балықтардың Солтүстік Каспий
түрлері
Шығыс бөлімі Батыс бөлімі
1 Neogobius fluviatilis 85.1 96.8
құмдауыт
2 Бұзаубастар 94,7 99,9
3 N.melanostomus-Жұмыр 80,3 0,2
бұзаубас
4 N.igini-головач 1,2 2,9
5 N.gumnotrachelus-гонец 0,1 -
6 Пуголовки 5,3 0,1
7 Benthophilus 4,3 0,1
macrocephalus-каспийлік
бұзаубас
8 B.granulosus-зернистая 0,2 -
9 B.mahmudbegovi-Махмудбаева 0,8 -
Барлық таксондар 7 4
Жалпы аулау экз.трал. 6174 3150
Орташа аулау экзтрал. 363 137
Абсолюттік саны,млн экз. 355,7 181,5

Солтүстік Каспий кіші су зонасынан 2004 жылы маусым айында
бұзаубас балығының 7 түрі анықталған, соның ішінде 7-еуі шығыс аумағынан
және 4-еуі батысынан. Шығыс аумағында пугаловкидің (Benthophilus туысы)
алуан түрлілігі және Neogobius туысының өкілдері көп. Сонымен қатар
ауланған балықтар ішінде эврибионтты түр – құмдауыт бұзаубас балығы көп
кездескен, шығыс аумағында бұл көрсеткіш 85% тең, ал батысында шамамен 97%
құрайды. Шығыс аумағында ауланған балықтардың мөлшері бойынша бычок кругляк
алды, ал батысында горлап бұзаубасы болды [10].
Сонымен шығыс аумағында кездескен бұзаубас балықтарының құрамында
эвригалинді түрлері мен қатар стеногалинді түрлері де кездеседі. Бұл батыс
аудандарымен салыстырғанда тұздылығы жоғары түсіндіреді. Волга ағынының
әсерінен көптеген концентрациялық бұзаубас балықтары Новинск ауданында,
Волга, Орал өзендерінде кездеседі. Мұндағы бұзаубас балығының
концентрациясы 200-1000 экз.трал.тең. Жалпы ауланған бұзаубас балықтарының
мөлшері шығыс аумағында батысына қарағанда 2 есе жоғары болып табылады
[10].
Шығыс аумағындағы құмдауыт балықтарының қорегінің негізгін
моллюскалар ( 29,78%) және хирономидтер (24,50%) құрайды. 2-ші дәрежелі
қорек құрамына шаянтәрізділерден: мизидиалар және құрттар кіреді.
Орталық аумағында қоректік маңызы бойынша 2-ші орынды құрттар,
шығысында моллюскалар алды. Құрттардан: амфаретидтер, моллюскалардан: абра
және дресиналардың кездесу жиілігі басым. Құмдауыт балықтарының
популяцияда қоректенуіндегі алынған мәліметтер салыстырмалы түрде батыс
аудандарында өрістейтін балықтарды 3-5метр, сонымен қатар 1999 жылы маусым
айында құмдауыттың жақсы көретін обьектілері болып: нереис және кумацеи
және жұмсақ бентос болып табылады. Қорегінде ішектің толысу индексі бұл
жоғары калориялық және жақсы қоректері жоғары емес,ол 45,06 құрайды [11].
2004 жылы маусымда құмдауыттың қоректік спектрі кеңейді және ол 1999
жылға қарсы 9 компонентті құрады. Оның құрамында жергілікті емес
моллюскалар доминантты болған. Бір уақытта шаянтәрізділерді қажет ету

2 есе төмендеді, ал құрттар 2,5 есе төмендейді. 2004 жылы 3-6 метр
тереңдікте құмдауыт бұзаубасының қорегінде нереис болмаған, ал кумацеи
қажет ету 7 рет қысқарған, хирономидті қабылдау 9 есеге өскен. Белгілі
қорек санының жетіспеуінен және қорегі аз құмдауыт моллюскамен қоректенуге
мәжбүр болды. 2001-2002 жылы шаянтәрізділер рационының жартысынан көбін
құраған, ал 2004 жылы оларды қабылдау 39% төмендеген. Оның қысқаруы
рационында кумацеи және гаммаридттің әсерінен болды. Сол уақытта оның
ингредиентері мынадай болды: дресеналар, монодакналар және кардиумдар, ал
құрттартардан; амфаретидтердің қажеті өсті, ал нереистердің саны азайды.
1999-2003 жылдар аралығында Солтүстік каспийдің батыс аудандарында
құмдауыт балығының қоректік организмдер тобы мынадай: құрттар, моллюскалар,
шаянтәрізділер, хирономидтер осылар әдеттегі сүйіп жейтін қорегі болған
[12].
Жылдық өзгерістер санына байланысты доминантты түрлері әр түрлі, 1999
жылдан 2003 жылға дейін күрт аутқулар болған ауытқудың нәтежесінде
шаянтәрізділер 5 есе, моллюскалар 2-2,5 рет есеге көбейген және осылар
құмдауыт балығының доминантты түрі болып табылады. Ал 2000 жылдары құрттың
саны максимальді түрде саны көп болған. Кейін қорегінің мөлшері 2002 жылда
6,3% ғана қажеттілігі болған .2002 жылы құмдауыттың қоректік рационының
негізін шаянтәрізділердің мына түрлері құрайды: карафидтер және гомаридтер.
Негізгі қоректің құрамын хиронамидтер құраған.
2003 жылы құмдауыт балығының ішінде көбіне моллюсканың индексі
доминантты болған. Моллюска құмдауыт бұзаубас балықтың қажетті негізгі
қорегі болып табылады. Құмдауыт балықтың қоректі үгітетін тістерінің
болмауына байланысты моллюсканы ұнтақтай алмайды, сондықтан бүтіндей түрде
кездескен [12].
Солтүстік Каспий кіші су аймағындағы бұзаубас балықтарының түр алуан
түрлілігінің қалыптасуы экологиялық фактор әсерінен өтеді, негізінен су
тұздылығы. Эвригалинді түрге жататын құмдауыт бұзаубас балығы батысымен
салыстырғанда шығысында түр саны көп кездескен [12].

3. Сүйекті балықтардың асқорыту жүйесіне анатомия мен гистологиялық
құрлысына сипаттама

Балықтарда асқорыту түтігі 4 типке бөлінеді:
1.Албырт тектесті - Қарны үлкен емес, пилорикалық өсіндісінің саны 300 ге
дейін.
2. Алабұға тектесті - Қарны үлкен цилиндрикалық пішінді, пилорикалық
өсіндісі 3 тен көп.
3. Шортан тектесті - Қарны жуан қабырғалы және ұзын созылыңқы, пилорикалық
өсіндісі болмайды.
4. Тұқы тектесті - асқорыту түтігінде қарны бөлінбейді, ішіктері бірнеше
оралым құрайды [13].
Омыртқалылардың асқорыту жүйесіне жататын асқорыту түтігі: ауыз қуысы,
жұтқыншақ, өңеш, қарын, 12-елі ішек, ортаңғы және артқы ішек, асқорыту
бездері – бауыр мен ұйқы бездері. Жоғары сатыдағы омыртқалылардың ортаңғы
ішегі ащы және тоқ ішекке бөлінеді, артқы ішегі тік ішек деп аталады [14].
Балықтардың ішегі дифференциациялмаған түтік. Оның әртүрлі бөліктері
шырыш қабаттың рельефімен және диаметрмен сипатталынады. Ішегінің алдыңғы
бөлімі өңештен бірінші оралымына дейін, артқы бөлігі соңғы оралымынан
аналь тесіне дейін саналады [Веригина? Жолдасова].
Көптеген сүйекті балықтарда өңеш қысқа тік түтік ретінде болады. Оның
ішкі беті көпқабатты эпителиймен қапталған. Эпителийдің апикальды бөлігінде
шырышты клеткалар орналасады. Олардың пішіні алмұрт немесе шар тәрізді.
Эпитедийдің астында шарашты қабаттын негізі – коллаген талшықтардан
тұратың дәнекер ұлпа орналасады. Өңешті сыртынаң көлденен жолақты бұлшық ет
қаптап тұрады.
Қарныдарының пішіні әртүрлі болады; оның шырышты қабаты эпителийден
және одан дамитың қарын бездерінен сонымен қатад дәнекер ұлпадан тұрады.
Қарынның ішкі беті бірқабатты цилиндрикалық клеткалармен қапталған. Олардың
апикальды бөлігінде шырышты зат жиналып мукоидты пробканы құрайды.
Көптеген балықтарда мукоидты секрет ШИК әдісімен интенсивті боялынады.
Қарынның беттік эпителийі көптеген микроскопиялық шұңқырмен жабылған. Олар
қарын бездерінің шығаратың сөлінің жолы. Қарың бездерінің типтері әртүрлі
болады, мысалы, түтіктәрізді, альвеола тәрізді, жай және қүрделі. Бездердің
арасында және астында дәнекер ұлпа орналасады, ал қарынның бұлшықет қабаты
екі қабатты – ішкі қабаты сақиналы, сыртқы – көлденелі. Екі қабаттың бұлшық
еті тегіс мускулатурадан тұрады.
Көптеген сүйекті балықтарда ішек басталған жерден тұйық пилорикалық
өсінділер болады. Олардың саны ұзындығы балықтардың систиматикалық орнымен
байланысқан. Сонымен қатар ішектің алдыңғы болігіне бауырдың өт жолы және
ұйқы бездің өзектері ашылады [15].
Ішектің шырышты қабаты эпителий мен дәнекер ұлпадан тұрады. Ішек
эпителийі бір қабатты. Ішек эпителийдің клеткаларын энтероциттер деп
атайды. Энтероциттің негізі- олардың апикальді бөлігінде микроварсинкалар
дамиды. Микроварсикалардың арасында мембранды қорытылу процесі жүреді [16].
Энтерциттердің арасында бокал тәрізді шырышты клеткалар орналасады. Олардың
саны ішектің артқы бөлігіне қарай өседі.
Сұйекті балықтардың ішек қуысында ішкі қорытылу, мембранды қорытылу
және шабақтармен жас балықтарда ішкі клеткалы қорытылу процесстері белгілі
[16].

1.4. Каспий теңізінің қысқаша физика-географиялық сипаттамасы

Каспий теңізі (ескі тарихи атаулары: Гиркан, Хвалын, Хазар т,б)-
Еуразия орталығында, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі
тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды.
Каспий теңізінде балық аулау кәсібі жақсы дамыған. Теңізден бекіре
тұқымдасы, майшабақ, табан, торта, көксерке, сазан, килька көптеп ауланады.
Каспий теңізі қара уылдырық өндіретін су айдындары арасында дүние жүзі
бойынша алдыңғы орындардың бірінде.
Каспий теңізінің қалыптасуы ұзақ мерзімде өтті. Осы уақыт ішінде теңіз
суы бірден жағалауды басты, бірде суы кейін қайтып отырды.
Каспий теңізінің ауданы 376000 км. Меридиан бағытында 1200 000 км-ге
созылған, орташа ені 300 км. Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км
(Солтүстік жағалауының басым бөлігі және Шығыс жағалауының Солтүстік
жартысы). Беті мұхит деңгейінен 28 м төменде жатыр. Ең терең жері 1025 м,
орташа тереңдігі 180 м. Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қарабұғазкөл,
т.б. 50-ге тарта аралдар бар (ірілері: Құлалы, Шешен, Артем,т.б.).
Судың беткі қабаты жаз айларында солтүстігінде 24-26°С, оңтүстігінде
27-28°С-ға дейін жылынады. Қыста Солтүстік тайыз бөлігі қатады,
Оңтүстігінде судың температурасы 10°С-ға жуық болады [2, 17].

1.3.1. Гидролого-гидрохимиялық режимі

Қазіргі кезде Каспий теңізінің деңгейінің өзгеруіне климаттық және
антропогендік факторлар әсер етеді. Соңғы кездері ең жоғарғы деңгейі 19ғ-
дың басында (+22,5м), ең төменгі деңгейі (-29,0м) 1977 жылы байқалған. 1978
жылдан (20ғ-дың соңына қарай) теңіз деңгейі 2-2,7м-ге көтерілді.
Каспийдің шекарасы және түпкі бедері жөнінен 3 бөлікке бөлінеді.
Құрлықтық қайранда орналасқан Солтүстік бөлігі тайыз (10-20м). Орта
тұсындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Каспийдегі бұзаубас балықтардың асқорыту жүйесіндегі морфофункциональді ерекшеліктері
Қапшағай суқоймасындағы кейбір бөгде балықтардың таралуы
Қапшағай суқоймасының аборигендік ихтиофаунасына сипаттама
Бадам өзенінде жойылып бара жатқан балықтардың түрлерін сақтап қалу
Бекіре тұқымдастардың жалпы сипаттамасы
Іле өзеніндегі тыран (abramis brama) балығының биологиялық сипаттамасы және жыныс бездерінің гистологиялық ерекшеліктері
Жангелді ауданындағы балықтардың биоалуантүрлілігі ерттеу, экологиялық ерекшеліктерін анықтау
Балықтар
Шардара суқоймасындағы көксерке (Sander lucioperca) және ақмарқа (Aspius aspius) балықтардың қоректенуі
Алакөл жүиесіндегі қошқаркөл табан балығының морфо-биологиялық сипаттамасы және жыныс бездерінің даму ерекшелігі
Пәндер