Стратегиялық басқару есебінің жүйелерін зерттеу, оны қолдану жолдарын анықтау



Кіріспе
1 Кәсіпорындағы басқару есебін жүргізу, оның мәні мен экономикалық көрсеткіштерге тигізетін әсері

1.1 Басқару есебінің экономикалық мәні, маңызы және міндеттері
1.2 «Агрофирма Жаңа Ақ даланың» экономикалық жағдайы мен
оның сипаттамасы
1.3 Ұйымның есеп саясаты
2 Стратегиялық басқару есебінің ұйымдағы маңызы мен алатын орны

2.1 Стратегиялық басқару есебінің маңызы мен кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымының мәні
2.2 Стратегиялық басқару есебінің ұйымның стратегиясымен өзара байланысы
2.3 Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымының стратегиялық түрлері
3 Стратегиялық басқару есебінің жүйелері және қаржылық нәтижелердің есебі
3.1 Стратегиялық басқару есебі жүйелерін зерттеу және оны
қолдану
3.2 Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебі
3.3 Ұйымның қаржылық ағындарын басқарудағы стратегиялық басқару есебінің орны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
ҚОСЫМША А
Нарықтық экономика – ресурстың барлық материалдық және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді және олар кәсіпкерлік іс-әрекеттің күтілетін нәтижесін қамтамасыз етуі тиіс.
Басқару есебі – кәсіпорынның қолда бар ресурстарын пайдалануды меншік иесі тарапынан бақылауға бағытталған. Мұнда ең алдымен, шығындарды, қорытынды нәтижені және олардың тиімділігін білу маңызды. Сонымен қатар, басқару есебінің көмегімен қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік бар.
Кәсіпорындар іс жүзінде жоспарлау мен өзіндік құнды калькуляциялау саласындағы мамандарды тартпайды, бұл шаруашылықты тиімсіз жүргізуге, ал кейде банкротқа ұшырауға әкеледі. Бақылаусыздық пен жылдам ақша алу кезі өтеді, оның орнына шаруашылық жүргізудің өркениетті формасы келеді, ол меншік иелерін әуелі шығыстар мен кірістерді санауға, содан кейін ғана шешім шығаруға мәжбүр етеді.
Бізге белгілі, әлемдік тәжірибеде көпшілік мақұлдаған басқару шешімдерін қабылдауға және оларды зерттеуге менеджерлердің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе – басқару есебі болып табылады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі: ұйымның қаржылық нәтижелерін реттеуде стратегиялық басқару есебінің маңызы зор. Стратегиялық шешімдерге демеу беруден өзге, стратегиялық басқару есебінің жақсы жүйесі – компания басшылығын бизнес қызметінің қаржылық нәтижелерін көрсететін тиісті көрсеткіштермен қамтамасыз етіп отыруында. Бұл көрсеткіштер бизнес алдында тұрған басым стратегиялық мәселелерге байланысты өзгеріп отырады. Онымен қоймай, экономикалық және басқарушылық тиімділікті бағалаудың әртүрлі көрсеткіштерін қажет етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: стратегиялық басқару есебінің жүйелерін зерттеу, оны қолдану жолдарын анықтау, стратегиялық басқару есебінің ұйымдар үшін маңыздылығын, сондай-ақ, оның ұйымның қаржылық ағындарын басқарудағы орнын зерттеу және кешенді ғылыми дәлелденген ұсыныстар жасау.
Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер анықталады: ұйымның қаржылық жағдайы туралы толық әрі шынайы ақпарат алу; пайдаланушыларға ол ақпаратты дер кезінде жеткізу; стратегиялық басқару есебінің негізінде бәсекелестерді, сыртқы ортаны, экономикалық, саяси жағдайларды зерттеу;
Басқару процесі әрқашан сәтті бола бермеуі мүмкін. Жоспар да ойлағандай орындала бермеуі мүмкін. Сондай-ақ, адамдар да өзіне қатысты құқықтар мен міндеттерді дұрыс қабылдай бермейді. Ұйымдастыру –қоршаған орта жағдайының өзгеруіне қарай бейімделуі тиіс. Барлық ұйымдар мен кәсіпорындар өз қызметінде белгілі бір мақсатты көздейді.
1. Скоун Т. Управленческий учет. М.: издательское объединение «ЮНИТИ», 2003
2. Ковалев В.В. Введение в финансовый менеджмент. – М.: Финансы и статистика, 2000. - 768 с.
3. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық.- Алматы, 2007. – 296 б.
4. Кит Уорд. Стратегический управленческий учет/перевод с англ. – М.: ЗАО «Олимп-Бизнес», 2002. – 448 с.
5. Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005. – 298 б.
6. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңы. 28 ақпан 2007 жылғы № 234-III (өзгертулерімен және толықтыруларымен).
7. Тренев Н.Н. Управление финансами. М.: издательское объединение «ЮНИТИ», 2003
8. Фадеева Ю.В., Использование методов оптимизации управленческого учета в деятельности руководителей предприятия» // Управленческий учет №3, 2005. – 8 бет.
9. Управленческий учет/Под ред. В. Палия и Р. Вандер Вила.-М.:ИНФРА-М, 2002-480с
10. Николаева О.Е., Алексеева О.В. Стратегический управленческий учет. –М.: Едиториал УРСС, 2003. – 304 с.
11. В.К.Радостовец, В.В. Радостовец, О.И. Шмидт «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», - Алматы, 2002
12. Сборник бухгалтерских проводок / Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2009.-160с.
13. Крылов С.И., «Стратегический управленческий учет и его роль в управлении финансовыми потоками организации» // Управленческий учет №3, 2005. – 7 бет.
14. Экономикалық орысша-қазақша сөздік/ Жалпы редакциясын басқарған академик А.Қошанов – Алматы: Дайк-Пресс, 2008.
15. Орысша-қазақша электрондық сөздік «www.sozkomek.kz».
16. Управленческий учет для эффективного менеджмента, В. В. Иванов, О. К. Хан, Москва Инфра - М 2007, - 208с.
17. Карпова Т.В. Основы управленческого учета. Учебник. – М.: ЮНИТИ, 2001.
18. Шеремет А.Д., Кондраков Н.П., Шапигузов С.М. Управленческий учет. – М.: ИД ФБК - Пресс, 2004.
19. Мескон М., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента. - М.: Дело, 2001.
20. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары. – Алматы: Орталық бухгалтерлер үйі, 2009-80б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Нарықтық экономика – ресурстың барлық материалдық және қаржылық
түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді және олар кәсіпкерлік іс-әрекеттің
күтілетін нәтижесін қамтамасыз етуі тиіс.
Басқару есебі – кәсіпорынның қолда бар ресурстарын пайдалануды меншік
иесі тарапынан бақылауға бағытталған. Мұнда ең алдымен, шығындарды,
қорытынды нәтижені және олардың тиімділігін білу маңызды. Сонымен қатар,
басқару есебінің көмегімен қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын
тиімді пайдалануға мүмкіндік бар.
Кәсіпорындар іс жүзінде жоспарлау мен өзіндік құнды
калькуляциялау саласындағы мамандарды тартпайды, бұл шаруашылықты тиімсіз
жүргізуге, ал кейде банкротқа ұшырауға әкеледі. Бақылаусыздық пен жылдам
ақша алу кезі өтеді, оның орнына шаруашылық жүргізудің өркениетті формасы
келеді, ол меншік иелерін әуелі шығыстар мен кірістерді санауға, содан
кейін ғана шешім шығаруға мәжбүр етеді.
Бізге белгілі, әлемдік тәжірибеде көпшілік мақұлдаған басқару
шешімдерін қабылдауға және оларды зерттеуге менеджерлердің қажеттіліктерін
қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе – басқару есебі болып табылады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі: ұйымның қаржылық
нәтижелерін реттеуде стратегиялық басқару есебінің маңызы зор.
Стратегиялық шешімдерге демеу беруден өзге, стратегиялық басқару есебінің
жақсы жүйесі – компания басшылығын бизнес қызметінің қаржылық нәтижелерін
көрсететін тиісті көрсеткіштермен қамтамасыз етіп отыруында. Бұл
көрсеткіштер бизнес алдында тұрған басым стратегиялық мәселелерге
байланысты өзгеріп отырады. Онымен қоймай, экономикалық және басқарушылық
тиімділікті бағалаудың әртүрлі көрсеткіштерін қажет етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: стратегиялық басқару есебінің жүйелерін
зерттеу, оны қолдану жолдарын анықтау, стратегиялық басқару есебінің
ұйымдар үшін маңыздылығын, сондай-ақ, оның ұйымның қаржылық ағындарын
басқарудағы орнын зерттеу және кешенді ғылыми дәлелденген ұсыныстар жасау.
Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер анықталады: ұйымның
қаржылық жағдайы туралы толық әрі шынайы ақпарат алу; пайдаланушыларға ол
ақпаратты дер кезінде жеткізу; стратегиялық басқару есебінің негізінде
бәсекелестерді, сыртқы ортаны, экономикалық, саяси жағдайларды зерттеу;
Басқару процесі әрқашан сәтті бола бермеуі мүмкін. Жоспар да
ойлағандай орындала бермеуі мүмкін. Сондай-ақ, адамдар да өзіне қатысты
құқықтар мен міндеттерді дұрыс қабылдай бермейді. Ұйымдастыру –қоршаған
орта жағдайының өзгеруіне қарай бейімделуі тиіс. Барлық ұйымдар мен
кәсіпорындар өз қызметінде белгілі бір мақсатты көздейді. Ұйым басшысы
өзінің алдына қойған мақсатына жеткенін, өз қатесін және қызметшілерінің
қатесін анықтауы үшін, ең алдымен, бақылау қызметін жүзеге асыруы тиіс.
Әрбір ұйым болашақта пайда тауып, жұмсаған шығындарын жабу үшін бақылау
қызметімен қатар жоспар құрып, ол жоспардың жоғары деңгейде болуын
қадағалауы қажет. Көп жағдайларда ұйымдардың шығынға ұшырауының негізгі
себебі – алдағы кезеңге жоспардың дұрыс құрмауында. Негізінде жоспарды –
істі жүзеге асыруды қалыптастыру, мақсат қою, оны іске асырудың жолдарын
қарастырып, ішінен дұрысын таңдап алу деп түсіну керек.
Стратегиялық басқару есебінің шеңберінде ұйым өзінің қызметін,
әрекетін жүзеге асыратын сыртқы бизнес-ортаны (бәсекелестерді,
тұтынушыларды, сыртқы экономикалық жағдайларды, үкіметтің әрекеттерін)
егжей-тегжейлі талдауы арқылы жүзеге асырады. Демек, сыртқы ортаны зерттеу
арқылы әрбір ұйым өзінің кемшіліктерін анықтап, оларды жоюға тырысады,
сондай-ақ, қажет болған жағдайда жасалған жоспарға тиісті өзгерістер
енгізіп, болашақта алға қойған мақсаттарға жету үшін іс әрекеттер жасайды.
Осының барысында ұйымның нарықтағы стратегиялық позициясы, сонымен бірге
аталған ұйымның құндылықтарының толық тізбегі құрылуға тиіс.
Ұйымның шаруашылық әрекетіне әсерін тигізетін сыртқы факторларға
шоғырлану – стратегиялық басқару есебін дәстүрлі есептен ерекшелейтін
негізгі элемент. Сондай-ақ, мұнда ұйымның рыноктағы стратегиялық ұстанымы,
шығаратын өнімдерінің жіктелуі және ұйым құндылықтарының толық түрде бір
жүйеге енгізілуі ескеріледі. Басқару есебінің жүйесін, белгілі бір шешім
үшін тек қана нақтылы ақпаратты алуға тиісті, шешімдер қабылдайтын
адамдардың мүдделерінде жасап шығарған жөн. Бұл сөз топтың бөлімшелері
туралы болып отырған жағдайларда әсіресе маңызды. Өкінішке орай, басқару
есебінің көптеген жүйелері, мысалы, өнімдер мен клиенттер арасында барлық
шығындар дәлме-дәл бөлінетін кезде сегменттің табыстылығын талдаған
жағдайда, мүлдем міндетті емес бухгалтерлік тиянақтылық, ұқыптылық есебінен
түсінбестік жасауға қабілетті болып келеді. Жүйені дұрыс жасап шығару үшін
ұжымшылдықтың жоғары дәрежесі және шешімнің қабылдануы үшін жауап беретін
басшылармен тығыз өзара әрекеттестік талап етіледі.

1 Кәсіпорындағы басқару есебін жүргізу, оның мәні мен
экономикалық көрсеткіштерге тигізетін әсері

1.1 Басқару есебінің экономикалық мәні, маңызы және міндеттері

Басқару есебі - экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және
басқару әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы жүзеге асады.
Басқару есебінің негізінде қаржылық, материалдық және еңбек
ресурстарын тиімді басқару деген үлкен ұғым жатыр.
Нақ басқару есебі кәсіпорындағы міндетті қызметпен тығыз байланысты
методологияға негізделеді, оның үстіне, басты назар, мысалы, бөлімшелер
қызметін бағалау және өнім мен өндірістің пайдалылығын бағалау сияқты
аспектілерге байланысты шығындарды басқару есебіне аударады.
Осылайша, басқару мақсатымен есептің ақпаратты өзгерту қажеттілігіне
байланысты нормативті есеп орнына, әрине басқару есебі келеді.
Басқару есебінің мазмұнын жалпылай алсақ былайша жіктеуге болады:
өндірістік ресурстар, шаруашылық процестер мен олардың нәтижелеріне
біріктенуге болатын өндірісті басқарудың бүкіл циклі процесіндегі
объектілердің жиынтығы [1].
Өндірістік ресурстар кәсіпорынның шаруашылық қызметі барысында адам
еңбегінің мақсатқа сәйкестілігін қамтамасыз ету болып табылады. Олар
мыналарды біріктіреді:
1. Негізгі құралдар – еңбек құралдары (машиналар, жабдықтар,
өндірістік , ғимараттар және т.б.) , олардың жағдайы мен пайдалануы;
ғимараттар және т.б), олардың жағдайы мен пайдаланылуы;
2. Материалдық емес ресурстар – мерзімнен бұрын қаржы бөлінген
объектілер (жерді пайдалану құқығы, патенттер, лицензиялар, тауарлық
белгілер және т.б);
3. Материалдық ресурстар – еңбек құралдарының көмегімен өндіріс
процесінде өңдеуге арналған еңбек жарақтары;
4. Еңбек ресурстары – кәсіпорынның осы шақта бар нақты еңбек ететін
көпшілігі, мақсатқа сәйкес қызмет пен еңбек нәтижесінде еңбек ресурстарын
пайдалану.
Шаруашылық процестер мен олардың нәтижелері, жинақтай алғанда,
кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетін білдіреді.
Оларға іс-әрекеттің мынадай түрлері жатады:
1. қамтамасыз ету-дайындау;
2. өндірістік;
3. қаржылық-өткізулік;
4. ұйымдастырушылық.
Басқару есебінің мәні – шығындар мен кірістерді, мөлшерлеуді,
жоспарлауды, бақылауды және кәсіпорынның болашақ даму мәселелерін үйлестіру
мен шұғыл басқару шешімдері үшін ақпаратты жүйелендіретін талдауға есеп
жүйесін біріктіру.
Басқару есебінің объектілері – ұйымның шаруашылық қызметінің шығындары
мен қорытындылары, баға белгілеу, бюджеттеу мен ішкі есептілік.
Басқару есебінің мақсаты – нақтылы өндірістік мақсаттарға жетуге
жауапты менеджерлерді тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету. Кәсіпкерліктің әр
түрінде қаржы және адам ресурстарын басқару қажет. Ал басқару есебі оны
қажетті механизммен қамтамасыз етеді. Басқару есебі – қаржылық есепті
кеңейтеді және фирманың ішкі операцияларында қолданылады.
Басқару есебінің міндеттері мыналар: есеп, жоспарлау, бақылау, ұйымның
және оның құрылымдық бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің шығындары мен
нәтижелері туралы мәліметтерін талдау мен бағалау, қажетті басқару
шешімдерін шұғыл қабылдау үшін ақпарат ұсыну. Басқару есебі жалпы
ұйымдастырудың қызметін жоспарлаудан бастап шешімдер қабылдау, оны жүзеге
асыруды есепке алу, бақылау, талдау және реттеу функцияларын толығымен
қамтиды.
Талдауды өңдеу үшін басқарушы есептік және ақпараттық жүйеде
жиналатын мәліметтер мынадай талаптарға сай болуы тиіс: атаулылық,
оперативтілік, дер кезінде айқын сенімділік, пайдалылық, мерзімінен бұрын
талдамалылығы, түсініктілік, икемділік, бастамашылық, үнемділік, жүйелілік.
Басқару есебінің принциптері:
1. ұйым іс-әрекетінің үздіксіздігі;
2. жоспарлау мен есептеуде бірдей өлшем бірліктерін пайдалану;
3. құрылымдық бөлімшелермен тұтастай ұйым қызметінің шығындары
мен нәтижелерін бағалау мен жалдау;
4. жинау, өңдеу мен беру барысында бастапқы және аралық
мәліметтердің жалғасты сабақтастығы мен көп мәрте
қолданылатындығы;
5. ұйым ішіндегі қатынас жүйесін ұйымдастыру;
6. ұйымның өндірістік және коммерциялық циклдарын көрсететін
мерзімділік;
7. шығындар мен нәтижелерді сметалық басқару [2].
Начало формы
Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорын ішінде де, оның сыртында да пайда
болатын ақпарат көлемін едәуір ұлғайтуды ұйымнан талап етеді. Сыртқы
кәсіпорындар тарапынан кәсіпорынның қызметіне немесе оның қызметінің
нәтижесіне нақты қызығушылық туындайды. Шығарылатын өнімге сұраныс, белгілі
бір жағдайлар мен талаптарда өнімді өткізу мүмкіншілігі, бұл өнімнің
өндірісін материалдық – техникалық қамтамасыз ету, негізгі өндіріс,
өндірістің техникалық дайындығы, өндіріске шығындар мен белгілі бір
бұйымдарды шығарудың тиімділігі жайлы ақпарат көлемі артады.
Ұйымдардың қызметін басқару табыс алуға негізделген кәсіпкерлікті дамыту
және қазіргі нарықта тауар өндірушінің бәсекеге қабылетті болуымен
байланысты басқару есебінің теориялық және әдістемелік негізінің мәселелері
қажетті ақпаратты қалыптастыруға нақты көзқарасты талап етті. Бухгалтерлік
есептің қазіргі жүйесі барлық деңгейдегі менеджерлерді жедел ақпараттармен
қамтамасыз етуде. Кәсіпкерлік қызметті басқару механизмі технологиялық,
жоспарлы, есептік – аналитикалық ақпараттар негізінде іске асырылады.
Ұйымдарда оның құрылымдық бөлімшелерінің болашақтағы дамуын бюджеттеу,
жоспарлау аналитикалық есептеулер, ішкі есеп берулер негізінде жүргізіледі.
Сонымен қатар, басқару персоналын қамтамасыз етуге арналған ақпараттар
жүйесі қазіргіге қарағанда көлемді түрде ұсынылуы керек. Өндірістік ұйымдар
ішінде ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған бухгалтерлік есепті
жетілдіру қажет. Қазіргі кездегі ақпарат кәсіпорындарда, соның ішінде, оның
құрылымдық бөлімдеріндегі процестердің ағымдағы жағдайы туралы есеп
мәліметтері бойынша дайындалуға міндетті. Мұндай ақпарат өндірістік,
технологиялық операцияларды табысты орындау үшін, тек қана ішкі емес,
сонымен қатар сыртқы жағдайлардың қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдегі
өндірісіне болжам жүргізу үшін қажетті болып табылады.
Қазіргі таңда тек шығындарды ғана басқарып қоймай, жабдықтау процесі,
өндіру және өткізу немесе қызмет көрсетуді де басқаруға болады. Сондай-ақ,
әрбір процестің аумағында нақты жұмыстар жүргізіледі, сондықтан ақпаратты
дайындауды әр процестің ішіндегі жұмыс түрлері бойынша жүргізу қажет.
Осыған орай, бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланумен қатар, жоспарлауға,
талдауға, бақылау мен болжауға жатқызылатын жұмыс түрлеріне сәйкес
аналитикалық есеп шоттары бойынша аналитикалық ақпараттардың кең көлемін
дайындау қажеттігі туындайды. Мұндай функцияларды басқару есебі орындайды.

1.2 Агрофирма Жаңа Ақ даланың экономикалық жағдайы мен
оның сипаттамасы

“Агрофирма Жаңа Ақ дала” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады.
Агрофирма 2008 жылы 7 ақпан күні құрылған.
Серіктестіктің атауы:
- қазақ тіліндегі толық атауы – “Агрофирма Жаңа Ақ дала”
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
- орыс тіліндегі толық атауы – Товарищество с ограниченной
ответственностью “Агрофирма Жана Ак дала”;
Серіктестіктің орналасқан жері: 1) Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс
қаласы, Ақдала ауыл мекені. 2) Оңтүстік Қазақстан облысы, Қапшағай қаласы,
Кербұлақ ауылы.
Серіктестік алдына қойған мақсатына жету үшін келесі қызмет
түрін жүзеге асырады: жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы
ауыл шаруашылық өнімдерін егіп, өңдеу. Егіліп, өңделетін өнімдер: қызанақ
(600 га), жуа (100 га), бау жеміс ағаштары (алма 220 га, алмұрт 20 га,
шабдалы 10 га, өрік 20 га). Жаңа инновациялық техникалар ішінде: тамщылап
суғару жүйесі Израиль мемлекетінен; суғару насостары Ресейден; қызанақ
өңдеу заводы үшін жабдық Италиядан; сақтау қоймалары: (сыйымдылығы 6400
тонна) жуа үшін Голландия мемлекетінен алынған.
“Агрофирма Жаңа Ақ дала” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
құрылған кезде оның жарғылық капиталы 200 000 (екі жүз мың) теңгені
құраған. Фирманың 50% үлесі “Эксперттік агро” ЖШС-нің құрамында болса,
қалған 50% жеке кәсіпкерлерге бөлініп берілген. Жарғылық капиталдың 80 000
теңгесін “Эксперттік агро” ЖШС-і салған, ал 120 000 тенге жеке
кәсіпкерлердің есебінен. Жалпы ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік
құқықтар, соның ішінде жер пайдалану құқығы мен өзге мүлікке құқық
серіктестіктің жарғылық капиталына салым бола алады. Салымды жеке мүліктік
емес құқықтар және өзге де материалдық емес игіліктер түрінде салуға рұқсат
етілмейді. Серіктестікке қатысушы жарғылық капиталға салым салу жөніндегі
міндеттерін жыл бойы орындамаған жағдайда, ол серіктестіктің залалдарын
өтеуге, сондай-ақ төленбеген бөлігінің сомасына серіктестікке тұрақсыздық
төлемін төлеуге міндетті. Тұрақсыздық төлемінің мөлшері ақшалай
міндеттеменің немесе оның тиісті бөлігінің орындалу күніне алғанда
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасын
негізге ала отырып есептеледі.
Серіктестік қызметінің басты мақсаты – таза табыс табу, оны
қатысушының мүддесіне пайдалану және өндірісті дамыту болып табылады.
Сондай-ақ, тұрғындарға жоғары сапалы өнім түрлерін ұсыну және олардың
бағасын қол жетімді деңгейде ұстау.
Серіктестіктің кірісі қаржылық есептеме негізінде оның бір жылғы
қызметінің нәтижелері бойынша анықталады. Серіктестіктің өзінің бір жылғы
қызметінің нәтижелері бойынша алған таза кірісі Қатысушының шешіміне сәйкес
бөлінеді.
Фирмада болуы мүмкін залалдарды оны құрған жағдайда, резервтік
капиталдың қаражаты жетпеген жағдайда Қатысушы залалдарды өтеу көздері
туралы шешім қабылдайды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі бухгалтерлік есеп жинақталған
жүйені, Cеріктестіктегі оқиғалар мен операциялар туралы ақпаратты жалпылау
мен тіркеуді көрсетеді. Ол төмендегі құжаттарға сүйене отырып қызметін
жүзеге асырады:
а) ҚР-ның 26 желтоқсан 2004 жылы №2372 Бухгалтерлік есеп және
қаржылық есептілік туралы Заңы;
ә) Халықаралық бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік
стандарттары;
б) ҚР-ның бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы басқа
да нормативтік және құқықтық актілері;
в) жұмыс шот жоспары.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бухгалтерлік есебі мен
қаржылық есептілігінің құрылуы келесідей қағидаларға сәйкес болуы тиіс:
- есептелуі, осыған сәйкес кірістер мен шығыстар бухгалтерлік есепте
ескеріліп және қаржылық есептілікте келіп түсуі немесе пайда болуымен
(ақшаның келуі немесе төлеудің негізінде емес) көрініс табады;
- қызметінің үздіксіздігі, ол болашақта қызметін жалғастыру үшін
немесе қызметін тоқтататын жағдай кезінде бұл ақпаратты Cеріктестіктің
қаржылық есептілігінде ашып көрсетеді;
- сапалы мінездеме: маңыздылығы, ақиқаттық, салыстырмалылық,
дәйектілігі.
Есепті кезең күнтізбелік жыл болып табылады. Жедел ақпарат үшін қаржы-
шаруашылық қызмет ай сайын және тоқсан сайын жүргізіледі.
Бухгалтерлік есептің мақсаты:
1. Тікелей басқару, шаруашылық қызметінің барысын, іскерліктің
нәтижесін, толық және оның ақпаратпен қалыптастырып, инвесторлардың, сатып
алушылардың, жабдықтаушылардың, несие алушылардың, салық және басқа да
қаржылық мекемелердің, қызушылық танытқан мекемелермен жеке тұлғалардың
пайдаланулары үшін.
2. Мүмкіндіктердің нақтылы бары және қозғалысы жөнінде бақылау,
материалдардың, еңбектік және қаржылық ресурстарды бекітілген ережеге сай,
нормативпен және мөлшерімен дұрыс пайдалануы.
3. Шаруашылық-қаржылық кемшілік жағдайларды болдырмау және
алдын ала ескерту, бақылау және ішкі бар резервті анықтау.
Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру. Есепті Cеріктестіктің бөлімі
жүргізеді. Бухгалтерлік қызметкерлердің лауазымдық міндеттері лауазымдық
нұсқаулармен регламенттеледі.
Бухгалтерлік есепті жүргізу автоматтандырылған есеп жүйесін пайдалану
арқылы іске асырылады.
Агрофирманың бухгалтерлік бөлімшесі 5 қызметкерден тұрады: 1 бас
есепші, 1 бас есепшінің орынбасары, 1 айлық есептейтін есепші, 1
материалдық есепші және кәсіпорынның базасы Арыс қаласы Ақдала ауылында
болуына байланысты ол жерде тағы бір есепші бар. Бухгалтерлік қызметті
директордың қаржы жөніндегі орынбасары басқарады.
Серіктестіктегі бухгалтерлік құжаттарға: бастапқы құжаттар,
бухгалтерлік есептің регистрі, қаржылық есеп беру, есеп саясаты кіреді.
Құжаттардың ретімен қозғалысы, орындаушылар тізбесі, бухгалтерияға
өткізу мерзімі, құжаттарды өңдеу және есеп аппаратының ішінде өтуі және
есеп беріп отырған кезеңмен бухгалтерлік балансты жасау және есеп беру
бәріде құжаттар-айналымын тудырады. Құжаттар-айналымы бекітілген кесте
бойынша жасалады, оны барлық мекеме қызметкерлері міндетті түрде
орындаулары қажет. Акционерлік Cеріктестіктің бірінші басшысы, егерде
өкілетті тұлғаның ауысатындай жағдайы болғанда, қызметкерлер тізімінен
тағайындайды, ұйымдастыру-әкімшілік және қаржылық-есептесу құжаттарға қол
қоюға құқықты тұлға.
Қаржылық есеп ҚР-сы ұлттық валютасымен құрастырылады.
Ақша айналымының есебін құрастыру тікелей және жанама тәсілді
пайдалану арқылы, ХҚЕС 7 Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру,
сәйкес келуі керек. Маңызды қателіктер мен түзетулер есеп саясатында
дәлдеп түзету жиынтығын шығару, ХҚЕС 8 Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп
пен қателіктерге өзгеріс сәйкес келуі керек, тек ерекше жағдайларда, іс
жүзінде анықтау болмайтын кезде, немесе осы қате белгілі бір кезеңге әсер
етсе, немесе кумулятивтік әсер етсе.
ХҚЕС 10 Есеп берген мезгілден кейінгі оқиға сәйкес ұйым қаржы
есебіндегі мәліметтерді анықтайды, есеп берген мезгілден кейінгі болған
оқиғаның салдарынан түзету енгізу үшін және қаржы есебіндегі мәліметтерді
анықтамайтын салдарын көрсету үшін есеп берген мезгілден кейінгі оқиғаның
түзетуге енбеуі.
“Агрофирма Жаңа Ақ дала” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
басты мақсаты – ол пайда табу болып табылады. Агрофирманың қаржылық
жағдайына талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп
берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерін қолданып, анықтау қажет.
Ұйымның негізігі және негізгі емес қызметінің нәтижесінде таза пайда
қалыптасады. “Агрофирма Жаңа Ақ дала” ЖШС-нің таза пайдасын біз келесі
кесте мәліметтері бойынша көре аламыз.

Кесте 1. Агрофирма Жаңа Ақ дала” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
2010 жылғы негізгі экономикалық көрсеткіштері [қосымша Б].
№ Өткен
Көрсеткіштің атауы Есепті кезеңкезең Өсу қарқыны
cомасы,мың тг

1 Өнімдерді өткізу мен 327881
қызметтер көрсетуден 485 774 157 893
түскен кіріс, мың
теңге
2 Өткізілген өнім мен 218040
көрсетілген 303 947 85 907
қызметтердің өзіндік
құны, мың теңге
3 789721 243800
Жалпы пайда, мың 545921
теңге
4 Таза пайда, мың теңге
113 307 1 649 111658
5 Сатудың 37 2 51
рентабельділігі %

Кесте 1-де көрсетілген мәліметтерге сәйкес ұйымның кірісі есепті
кезеңде өткен кезеңмен салыстырғанда өскенін байқай аламыз. Таза пайданың
үлес салмағы есепті кезеңде жоғарлаған. Бұл көрсеткіш көріп отырғанымыздай
111658 мың теңгеге артқан. Кестеде көрсетілген мәліметтерге сәйкес ұйымның
есепті жылындағы шаруашылық қызметінің нәтижелері жағымды көрсеткіштерге
тең.
Ұйымның сату рентабельділігі – бұл айналымдағы өнімнің бағасы
қаншалықты тиімді екендігін сипаттайды. Кесте 1-ден көріп отырғанымыздай
2010 жылы есепті кезеңде сатылымның рентабельділігі 37% құраған, ал өткен
кезеңде ол көрсеткіш 2% ғана болған. Рентабельділікті талдау жүргізудегі
негізгі ақпарат базасы-бухгалтерлік есептің мәліметтері болғандықтан,
талдаудың бұл түрі тек өнім түрлері бойынша шығындардың аналитикалық есебін
жүргізу барысында анықтауға болады.
Жоғарыда көрсетілген кестенің мәліметтеріне байланысты келесідей
қаржылық қызметтің нәтижесін сурет 1-ден көре аламыз:

Cурет 1. Ұйымның шаруашылық қызметінің нәтижесі
[қосымша Б].

Қолда бар мәліметтер негізінде ұйымның негізгі құралдарын тиімді
қолданудың жалпылама көрсеткіштері болып табылатын қор қайтымдылығын және
оған кері көрсеткіш қор сыйымдылығын талдайық. Қор қайтымдылығы негізгі
құралдың бір теңгесіне келетін өнім көлемін сипаттайды. Ал қор сыйымдылығы
шығарылған өнімнің бір теңгесіне келетін НҚ құнын сипаттайды.
Қор қайтымдылығы = өнім көлемі НҚ орташа жылдық құны;
Қор сыйымдылығы = НҚ орташа жылдық құны өнім көлемі;
Рентабельділік = таза пайда өткізілген өнім мен көрсетілген
қызметтердің өзіндік құны;
Жоғарыдағы формулаға сәйкес сандық мәліметтерді қойып, екі көрсеткіштің
мәнін анықтайық.
Қор қайтымдылығы = 485774 2479972 = 0,19
Қор сыйымдылығы = 2479972 485774 = 5,11
Рентабельділік = 113307 303947 * 100% = 37% [қосымша А]
Осыдан көріп отырғанымыздай, ұйымның қор сыйымдылығының жылдық
көрсеткіші 5,11-ге тең, ал қор қайтарымдылығы 0,19-ға тең болып отыр. Жалпы
қор қайтымдылығын анықтағанда өнімнің көлемі құндық, заттай және шартты
өлшемдермен есептелуі мүмкін.
Серіктестіктің қаржы есебі Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік
есеп және қаржы есебі туралы заңнамасына сәйкес есепті құрайды. Атқарушы
орган жыл сайын акционерлердің жалпы жиналысына өткен жылдың қаржы есебін
талқылауға және бекітуге ұсынады. Директорлар кеңесі жылдық қаржы есебін
акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтетін күнге дейінгі отыз күннен
кешіктірілмей алдын ала бекітуі керек. Серіктестіктің жылдық қаржы есебі
акционерлердің жылдық жалпы жиналысында соңғы рет бекітіледі. Серіктестік
жыл сайын баспа бетінде жылдық қаржы есебін уәкілетті орган белгілеген
мерзімде жариялауға міндетті.

1.3 Ұйымның есеп саясаты

“Агрофирма Жаңа Ақ дала” ЖШС-нің есеп саясаты Қазақстан
Республикасының 28 ақпан 2007 жылғы № 234-III “Бухгалтерлік есеп және
қаржылық есеп” заңына сәйкес құрылған. Сондай-ақ, ұйымның шаруашылық
операцияларын, активтерді, капиталды, міндеттемелерді, табыстар мен
шығыстарды көрсетудің альтернативті әдістерін ұсынатын Халықаралық қаржылық
есеп стандарттары (ХҚЕС) есеп саясатын құрастырудың базасы болып табылады.
Есеп саясаты – бұл бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық
есептілікті құрастыру жөніндегі заңнамалық талаптарға, бухгалтерлік есеп
стандарттарына, бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарына сәйкес ұйымның
қажеттілігі мен қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып бухгалтерлік есепті
жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастыру үшін қабылданған ережелері,
негіздері мен қағидалары.
Есеп саясатын қалыптастыру әрбір стандартта ұсынылатын әдістердің
біреуін таңдап алу және оларды негіздеумен түсіндіріледі [3].
Есеп саясатын мыналар белгілейді:
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және
аудит методологиясы жөніндегі департаменті, Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы, ұлттық статистика агенттігі,
Қаржы министрлігі, Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Экономика
министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, Қазақстан
Республикасының Аудиторлар палатасы, Салалық министрліктер, Акционерлік
қоғамдар ж .б.
Бұл органдар өз құзіреттерінің шегінде әртүрлі ережелер, нұсқаулар
және басқа да нормантивтік құжаттар шығарады, осылардың бәрі қосыла келе
есеп саясатын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.Есеп саясаты бухгалтерік
есеп пен салық салудың ағымдағы, сондай – ақ, болашақтағы міндеттерін
жүзеге асыратындай шешімдер белгілеуге тиіс.
Агрофирма Жаңа Ақ дала ЖШС Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне
сәйкес негізделіп құралған заңды тұлғасы және Қазақстан Республиксының
Жауапкершілігі шектелген серіктестік заңы негізінде жасалған және
басқада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісі болып
табылады.
Есептіліктің барлық шартты жүйесі келесі есептілік түрлеріне бөлінеді:
а) Қаржылық есептілік – шоттар жүйесі синтетикалық шоттар
бөлімдерінде жүргізіледі, яғни қаржы – шаруашылық қызметінде барлық
шығындар мен табыстар қалыптасады.
Қаржылық есептілік сыртқы пайдаланушылар үшін ашық және меншiк
иесiнiң тапсырысы бойынша тәуелсіз аудиторлар мен мемлекеттiк органдар
тексере алады.
б) Басқару есебі – құрама хабар бойынша басқарушының
тапсырмасын орындау үшін қаржылық, статистикалық және ағымдағы талдаулар
мен перспективалық жағдайлардың анықтамалары арқылы орындаймыз, сонымен
қатар тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қажетті.
в) Салық есебі – салық заңы бойынша бухгалтерлiк есептiң
қорытынды нәтиже базасына сәйкес қалыптасады және баламалық әдіс
есептіліктерін ескермейді. Есептiң мәліметтерін бекіту кезінде кестелерде,
тiзiмдерде, есептеулерiндегi осы есептіліктер кезеңінде жүргізіледі.
г) Статистикалық есеп – қаржы есепке алуының мәлiметтерiне
негiзде жүргізіледі, ол ұлттық статистикалық органдарда бекітілген.
Серіктестіктің ішкі қажетсінулерімен белгіленген міндеттер:
1) Серіктестіктің шектеулі ресурстарын тиімді түрде үлестіру мақсатымен

табыстың, шығынның орталықтарын, пайда орталықтары мен инвестициялардың
орталықтарын белгілеу.
2) қаржылық және қаржылық емес ақпараттың біртұтастығын
қамтамасыз етумен ресурстардың есебі мен бақылау жүйесін ұйымдастыру.
3) іс-жүзіндегі нәтижелерді жоспарлық және болжамдық мәліметтермен
салыстыра отырып талдауға негізделумен соларға баға беру және түзетпелеу
әрекеттері.
4) мақсаттарға жеткені үшін материалдық көтермелеудің заңды
аспаптарын қалыптастыру мен енгізу.
Агрофирма Жаңа Ақ дала ЖШС-де табыстың, шығын мен қатыстырылған
активтердің бөлек есебі негізгі қызмет түрлері бойынша жүргізіліп отырады.
Серіктестіктің түрлі қызметінің, операциялары мен оқиғалардың әсері
тұрақтылығы, тәуекелі мен болжамдалуы бойынша өзгешеленеді, ал қаржылық
нәтижелердің элементтерін ашып көрсету қол жеткізілген нәтижелерді түсінуге
және келешектегі нәтижелерге баға беруге көмектеседі. Қосымша желілік
баптар пайда мен залал туралы есеп беруге енгізіліп отырады, ал баптардың
атаулары мен орналасу тәртібі қызметінің қаржылық нәтижелерін түсіндіру
үшін қажетінше өзгертіліп отырады.
Басқармалық есеп – бұл экономикалық есептеулерде қаржылық және
техникалық есепке алу мәліметтерін, сала мен нарықтың даму болжамдарын
үйлестірілген түрде қолдануға негізделген экономикалық есепке алу жүйесі.
Ол Серіктестіктің Басшылығына, соның шектеулі ресурстарды пайдаланудың
баламалы құнын ескерумен басқарушы шешімдерді қабылдауына арнап ұсынуға
арналған.
Басқармалық есептің мақсатына Серіктестіктің Басшылығына
Серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметінің ағымдағы жағдайы туралы
ақпаратты, сонымен қатар оны жоспарлық және болжамдық көрсеткіштермен
салыстыра отырып, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерден ауытқуларды
анықтау, басқарушы шешімдерді қабылдау және тиісті әрекеттерді жүзеге асыру
мақсатында ұсыну жатады.
Серіктестік Басқармасының басқармалық есептегі басты мақсаттарының
біріне қатыстырылған ресурстардың енгізілу сәтінен бастап дайын өнімнің
шығарылу сәтіне (қызметті ұсыну сәтіне) дейінгі өндірістің логикалық
тізбегін оңтайландырудың арқасында біздің клиенттерімізге негізгі
қызметтерді ұсынуға қатыстырылған барынша шектеулі ресурстарды тиімді түрде
белгілеу мен үлестіру, сондай-ақ сату циклдерінің көлемін арттыру мен
оларды жеделдету жатады.
Басқармалық есептің негізгі принциптері.
Басқармалық есептің мәліметтеріне қойылатын талаптар:
1. Шешімдерді қабылдау үшін жеткілікті болатын ақпараттың
аяқталғандығы. Қарастырылып отырған мәселе бойынша шешім қабылдауға әсерін
тигізуі мүмкін ақпаратты қалдырып кетуге болмайды.
2. Ақпараттың қабылданып отырған шешімдерге қатысты қисындылығы.
Ақпаратты (есеп берулерді) қарастырылып отырған мәселеге қатысы жоқ
мәліметтермен ыбырсытуға жол берілмейді.
3. Ақпараттың шешім қабылдау үшін уақытында ұсынылуы. Ақпарат ол
шешім қабылдау және тиісті әрекеттерді жүзеге асыру процесі үшін дер
кезінде алынған жағдайда пайдалы болып табылады.
4. Мәліметтердің қабылданып отырған шешімнің деңгейіне сәйкес
келетіндей деңгейдегі ұқыптылығы (толық көрсетілу дәрежесі) – қабылданып
отырған шешімнің деңгейі неғұрлым жоғары болса, мәліметтер де соғұрлым аз
болады. Кезеңнен кезеңге ауысқан сайын бірдей принциптер (әдістемелер)
қолданылып отыруы тиіс, олар өзгерген жағдайда пайдаланушыларға бұл туралы
хабарлап отыру керек.
5. Қабылдау үшін түсінікті болуы – ақпарат (есеп берулер) дәл және
ықшам болып отыруы тиіс.
6. Елеулі факторлар мен фактілер оларға көңіл бөлініп отыратындай және
шешім қабылдау кезінде ескеріліп отыратындай етіп ерекше көрсетіліп және
белгіленіп отыруы тиіс. Есеп берулерді (ақпаратты) артық елеусіз
мәліметтермен жүктемелеуге жол берілмейді.
Басқармалық есеп беру мәліметтерін шешім қабылдайтын адамдарға
ұсынудың бағытталғандығы және ұсыну арналары. Басқарушылар қабылдап отырған
шешімдердің түрлері мен олар алып отырған басқармалық есептілік түрлерінің
арасында нақты байланыс болып отыру керек.
Пайда мен залал туралы есеп беру.
Пайда мен залал туралы баптардың барлығы есептік күнге қатысты
қолданыста жүрген өлшем бірліктерінде көрсетілуі тиіс. Осылайша, сомалардың
барлығы оларға табыстың немесе шығынның бабы бастапқыда қаржылық
есептілікте көрсетілген күннен бастап бағалардың жалпы индексіндегі
өзгерістерді қолданумен қайта есептеліп отыруы тиіс.
Пайда мен залал туралы есеп беруге кем дегенде желілік баптар енуі
тиіс, олар:
а) түсім;
б) өзіндік құн;
в) жалпы пайда;
г) өткізу шығындары, жалпы және әкімгерлік шығындар;
д) негізгі қызметтен түскен пайда;
е) займдар бойынша шығындар;
ж) бағамдық айырма бойынша таза пайда (шығын);
з) үлестік қатысу әдісі бойынша ескеріліп отыратын қауымдасқан
компаниялар мен біріккен қызметтің пайдасы мен залалының үлесі;
и) өзге түрдегі табыс пен шығын;
к) салық салуға дейінгі пайда немесе залал;
л) табыс салығы бойынша шығын;
и) кезең ішіндегі таза пайда немесе залал.
Қосымша желілік баптар, тақырыптар мен аралық сомалар пайда мен
залал туралы есеп беруде мұнысы Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты
бойынша талап етілсе, немесе мұндай ұсыну компания қызметінің қаржылық
нәтижелерін шүбәсіз түрде ұсыну үшін қажет болған жағдайларда ұсынылып
отыруы тиіс. Қосымша баптарды ұсыну Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі бекіткен пішімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Серіктестіктің түрлі қызметінің, операциялары мен оқиғалардың әсері
тұрақтылығы, тәуекелі мен болжамдалуы бойынша өзгешеленеді, ал қаржылық
нәтижелердің элементтерін ашып көрсету қол жеткізілген нәтижелерді түсінуге
және келешектегі нәтижелерге баға беруге көмектеседі. Қосымша желілік
баптар пайда мен залал туралы есеп беруге енгізіліп отырады, ал баптардың
атаулары мен орналасу тәртібі қызметінің қаржылық нәтижелерін түсіндіру
үшін қажетінше өзгертіліп отырады.
Серіктестік табыс пен шығынның ешбір нысанын не қаржылық есептіліктің
өзінде, не соның түсіндірмелерінде, ашып көрсетулерінде әдеттен тысқары
(төтенше) нысан ретінде ұсынып отырмауы тиіс.
Қаржылық есептілікке арналған түсіндірмелерде Серіктестік
төмендегідей шығындардың барлығын солардың сипаты бойынша топтастырумен
ашып көрсетіп отырады, алайда олар мұнымен шектелмейді:
а) қызметкерлерге қатысты шығындар;
б) коммуникациялық шығындар;
в) негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің тозуы;
г) шикізат пен материалдар;
д) негізгі құралдарды жөндеу және күтіп ұстау;
е) салықтық шығындар;
ж) өткізу шығындары;
з) электр қуаты және коммуналды қызметтер;
и) іс-сапарлық шығындар;
к) банкілік қызметтерге жұмсалған шығындар;
л) өзгесі.

2 Стратегиялық басқару есебінің ұйымдағы маңызы мен алатын орны

2.1 Стратегиялық басқару есебінің маңызы мен кәсіпорынның
ұйымдастырушылық құрылымының мәні

Стратегиялық басқару есебі информациялық қолдаудың стратегиялық
мәселелерін шешуге, болжауға және бақылаудың ұйымдастырылуына негізделген
және келесідей бағыттардан тұрады:
- алға қойылған стратегиялық мақсаттарға жету;
- жоғары қаржылық нәтижелерге қол жеткізу;
- бәсекелестік ұстанымды бекіту және ұйымның бәсекеге
қабілеттілігін арттыру;
Соған байланысты басқару есебін жетілдіріп, дамыта отырып,
стратегиялық есеп оны жаңа дәрежеге көтереді, ал жетілдіру деңгейінің
жоғары болуы – өз кезегінде өнеркәсіптік салада стратегиялық басқару
бухгалтериясының құрылуын талап етеді.
Оның негізгі ерекшеліктері: стратегиялық бағыттама жасау, көздеген
мақсатқа жету, максималды ақпараттау және автоматтандыру, қолда бар
мүмкіндіктерді, ақпараттарды барынша қолдану және сыртқы ортаның
факторларын анықтау, болжау жасау, талдау болып табылады.
Қазіргі заманға сай шаруашылық қызметтің шарттары стратегиялық
басқару есебінің төмендегідей негізгі бағыттарының пайда болуына және
дамуына алып келді:
- сыртқы басқарудың стратегиялық есеп операциясы;
- шығындардың, кірістердің және нәтижелердің стратегиялық есебі;
- ақша ағынының және төлем қабілеттілігінің стратегиялық есебі;
- қауіп-қатерді бағалаудың стратегиялық есебі;
- резервті жүйенің стратегиялық есебі;
- бәсекелестік ұстанымның стратегиялық есебі;
- инновацияның стратегиялық есебі;
- желілік стратегиялық есеп;
Стратегиялық басқару есебіне төмендегідей сипаттамалар тән:
1. Бәсекелестер жайлы толық әрі шынайы мәліметтер алу;
2. Компания таңдаған стратегиялық ұстанымы мен пайдалануға
жоспарланып отырған басқару есебінің қолданылуы арасындағы байланысты
анықтау;
3. Шығындардың көлемін мүмкіндігінше азайтуға жол іздеу, ол үшін
қолда бар ақпараттар негізінде ұйымның қаржылық жағдайын талдау;
Жалпы стратегиялық басқару есебі ұғымын былайша түсінуге болады:
- ішкі факторлардың әсерін талқылау, бағалау;
- сыртқы факторлардың ықпалын талқылау және талдау;
- қауіп-қатер деңгейін алдын ала анықтау, оған талдау жүргізу;
- мүмкін болатын стратегиялық нәтижелерді болжау;
Стратегиялық басқару есебі – басқару есебінің кешенді бағыты
болып саналады және сыртқы бизнес-ортаның толық талдау шеңберінде, сондай-
ақ, ұйым өзінің қызметін жүргізу барысында ұзақ мерзімді шешімдерді
қабылдауға мүмкіндік туғызады.
Балансталған бағалау есептілігі – бұл бағалау есептілігі бизнес-
стратегия мен қаржылық көрсеткіштердің арасындағы тура байланысты анықтау
үшін қолданылады. Компанияның қаржылық көрсеткіштері қызметтің келесі түрі
арқылы балансталады:
- Ұйымның қаржылық жағдайын жақсарту, табыс көлемін арттырып, шығынды
барынша азайту жолдарын іздеу;
- Сатып алушылармен, тапсырыс берушілермен жұмыс жасау, клиенттер тарту.

- Компанияның заманға сай жетілу, өркендеу қабілеттілігін анықтау.
- Осы нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін ішкі процестерді талдау.
Балансталған бағалау есептілік жүйесінің негізін Роберт Каплан мен
Дэвид Нортон қалаған. Олардың айтуы бойынша әрбір компания ең алдымен
қаржылық көрсеткіштер мен стратегия арасындағы байланысты ұйымның ең
жоғарғы деңгейінде анықтауы тиіс. Келесі кезеңде ішкі процестерді анықтап,
талдауы қажет. Сондай-ақ, алға қойған мақсаттарға жету үшін технологияның
дамуына өз септіктерін тигізу қажет.

Компанияның мақсаттары
Өндiрiстiң тиiмдiлiгiнiң жоғарлату Қаржылық
үшін белсендi саясат жүргізу
Клиенттерге шын ниетпен, адалдықпенКлиенттер бойынша
қарау
Жаңа технологияларды қолдану


Ішкі
Өндірістік циклдың бастапқы
кезеңінен сапалы өнімдерді
пайдалану
Қоймада оңтайлы өнім қоры
Өнім сатуда жоғары тәжірибенің
болуы
Қызметкерлердің кәсіби және дербес Оқыту және өркендеу
өсуі

Сурет 2. Балансталған бағалау есептілігінің көрсеткіштері.

Бұл кесте бойынша мынандай тұжырымдама жасауға болады: компания
нарықта өз қызметіне сәйкес көшбасшы болуға тырысу қажет және бизнесін
өркейту үшін рентабелділік деңгейін арттыруға міндетті. Сондай-ақ,

тұтынушыларға жоғары сапалы өнім шығару арқылы, жоғарғы нәтижелер көрсетуі
тиіс.
Р. Каплан және Д. Нортон балансталған бағалау есептілігін
стратегиялық басқару жүйесінің негізі деп санады және төмендегі
элементтерге жіктеді:
- бизнесті түсінікті түрде айқындау және жалпы түсініктегі
стратегияның тұжырымдамасы;
- байланыс және ақпаратты алу, қабылдау жолдары;
- жоспарлау және арнайы мақсатты нормативтерді жасау;
- стратегиялық кері байланыс және организациялық оқыту жүйесін
жасау;
Балансталған есептіліктің көрсеткіштері компанияның мақсаттары мен
міндеттерінің және стратегиясының негізінде жасалады.

Компанияның мақсаттары
Қаржылық
Клиенттер бойынша
Ішкі
Оқыту және өркендеу
Стратегиялар
Өнімдердің пайдалылық деңгейін
арттыру
Нарыққа ену деңгейін арттыру
Өнім шығарудың көлемін көбейту
Тауар ассортиментін дұрыс таңдай
білу
Өнім сатуда жоғары тәжірибеге ие
болу
Қорлардың көлемін дұрыс әрі тиімді
басқару
Өнімдерді жоспарланған мөлшерде
сату
Қызметкерлердің кәсіби өсуіне
мүмкіндік туғызу
Қызметкерлерге уақытымен тиімді
ақпараттармен қамтамасыз ету

Сурет 3. Бағалау есептілік жүйесiнiң түпкi мақсаттарын анықтау.

Жоғарыда көрсетілген суреттен ұйымның мақсаттары мен стратегиясын
байланыстырып, олардың бір-біріне тәуелді екенін көре аламыз. Яғни, ұйым
алға қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін, оларды аз уақыт ішінде орындау
үшін, ең алдымен, дұрыс әрі сапалы ақпараттар негізінде стратегия құруы
тиіс. Д. Нортон балансталған бағалау есептілігінің тиімді бағдарламасын
енгізу үшін және компанияның жетістікке жетуі үшін келесі факторларды
анықтады:
1. Ұйымның мобилизация құралы негізінде балансталған бағалау
жүйесін құру;
2. Стратегияны бейнелейтін балансталған бағалау есептілігін жасау;
3. Қызметкерлерді әрдайым ақпараттармен қамтамасыз етіп отыру;
4. Дербес мақсаттарды стратегиямен біріктіру;
5. Ұйымның бюджетін, ресурстарын стратегиямен біріктіру;
6. Тәжірибемен алмасуға, біліктілік деңгейін көтеруге мүмкіндік
беретін жағдайлар туғызу;

Компанияның мақсаттары
Қаржылық
Клиенттер бойынша
Ішкі
Оқыту және өркендеу
Көрсеткіштер
Пайданың өсу деңгейі;
Өнімді сатудың орташа жылдық
мөлшері;
Тұтынушылар туралы ақпарат;
Сатылған өнім көлемі;
Кредиттік карточка нөмерлері;
Жаңа сауда алаңдарының орташа
көлемі;
Қызмет бойынша өзгерістер
көрсеткіштері;
Стратегия бойынша жаңа
көрсеткіштер ойлап табу;

Стратегиялар
Қаржылық
Клиенттер бойынша
Ішкі
Оқыту және өркендеу

Сурет 4. Бағалау жүйесінің қалыптасуы.

Жоғарғы суретте ұйымның стратегиясы, мақсаттары және
көрсеткіштердің өзара байланыстары көрсетілген. Яғни, балансталған бағалау
есептілігінің жүйесі негізінде ұйым алға қойған мақсаттарына жетуге тиімді
жол іздейді. Жасаған стратегиясы негізінде қаржылық нәтижесінің деңгейін
арттыруға, тұтынушыларды тартуға, бәсекелестерден озуға, табысын ұлғайтуға
мүмкіндік алады.
Функционалдық, сызықтық және матрицалық құрылымдар:
Дәстүрлі түрде ірі ұйымдардың құрылымдары функционалдық немесе сызықтық
принцип бойынша құрылады. Функционалдық құрылым нақты мамандандырылған бір
сызықтық функциялардың басшының (мысалы, барлық өнімдерді және жекелеген
брэндтердің менеджерлерін тікелей бақылап отыратын өнім өткізу бөлімінің
меңгерушісінің) нақтылы бақылауымен бір бағытқа біріктірілуін қарастырады.
Ұйымдастырушылық құрылымның бұл типі 5-суретте көрсетілген.
Төменде көрсетілген құрылымның логикасы біртекті ресурстарды бизнестің
бір облысында шоғырландыру есебінен ауқымды үнемдеудің максималды әсеріне
қол жеткізуге болатындығында болып отыр. Сондықтан мұндай функционалдық
басқару құрылымдары тек қана бүкіл ұйымның деңгейінде ақталған деп
есептеуге болатын ірі инвестициялар қажет болған кезде мақсатқа лайықты,
ақылға сыйымды, көкейге қонымды болады. Ауқымды үнемдеу әсерінің
айтарлықтай потенциалдық мүмкіндіктерін жүзеге асырудың жақсы мысалы болып
өнімдер мен процестерді зерттеу мен жасап шығару, ақпараттық технологиялар,
сонымен қатар қаржы мен бухгалтерлік істің көптеген аспекттері секілді
қызмет, әрекет түрлері қызмет ете алады.
Солай болғанымен де, функционалдық принципке толығымен негізделген кез
келген құрылым өзінде айтарлықтай тәуекелді сақтап келеді. Әрине, бизнестің
кейбір облыстарында ауқымды үнемдеу әсеріне қол жеткізуге, компанияда жақсы
арнайы даярлығы бар, ірілендірілген функционалдық бағыттарды бақылап
отыруға қабілетті менеджерлерді жалдауға және ұстап тұруға, бірақ бәрібір,
егер компания әртүрлі нарықтарда өнімдердің кең жинағын сатумен айналысатын
болса, нақты нарықтық бағытқа ие болмауы мүмкін.

Сурет 5. Функционалдық негіздегі ұйымдасырушылық құрылым.

Басшылықтың көңілін нақтылы нарықтар мен өнімдерге шоғырландырудың ең
жақсы тәсілі – бизнесті тиісті дәрежеде мамандандырылған операциялық
бөлімшелерге (мысалы, стратегиялық бизнес-бірліктерге) бөлу екендігі туралы
жоғарыда сөз болып кетті. Бұл жағдайда сызықтық менеджерлер (бөлім
басшылары) өздерінің бөлімдері нақтылы нарықтарда тауарлардың белгілі бір
ассортиментімен жүргізіп отырған операциялар үшін тікелей жауапкершілікті
мойнына алатын болады. Осындай құрылымның негізгі басымдығы басқару көңілді
топтың ортақ бизнесінің бір ғана шағын бөлігіне шоғырландырудан тұрады.
Осылайша бөлімшелердің әрқайсысында дәл де анық құрылған бәсекелестік
стратегиясының жасап шығарылуы және жүргізілуі қамтамасыз етіледі.
Таза функционалдық принцип бойынша ұйымдастрылған топта
басшылықтың көңілінің нарықтық мәселелеріне шоғырлануының жоғарғы деңгейіне
қол жеткізу қиынға соғады. Дәл сол кезде толығымен сызықтық құрылым,
әсіресе, егер әрбір бөлім дербес, шаруашылық есептегі бірлік болып табылса,
ауқымды үнемдеудің осындай үлкен әсерін бермейді. Сондықтан осыларда екі
дәстүрлі тәсілдің, амалдың да артықшылықтарын біріктіруге
әрекеттер жасалған.

Сурет 6. Ұйымның сызықтық құрылымы.

Бұл жағдайда аралас ұйымдастырушылық құрылымдардың жасап
шығарылғандығы таң қалдырмайды. Аралас құрылымның ең кең таралған
нұсқасында дербес операция бөлімдері өздерінің өнімдері мен нарықтарына
шоғырландырылған.
Функционалдық менеджерлердің негізгі міндеті – қолда бар ресурстарды
тиімді пайдаланудан және топтың болашақтағы стратегиялық мұқтаждықтарын
қанағаттандыруға деген адекватты қабілеттерді дамыту болып табылады. Өз
кезегінде, таңдап алынған бәсекелестік стратегияларын табысты түрде жүзеге
асыру үшін сызықтық менеджерлер өзінің күшін өзінің бақылауында немесе өз
бөлімінің қарамағында тұрған ресурстарды тиімді пайдалануға, шоғырландыруға
тиіс. Осы бір нақтылы топтың ішіндегі негіз құрайтын мақсаттарды ескере
отырып, матрицада айқасу нүктелерінде көрініс тапқан барлық процестерді
басқару тәсілдерін анықтауға болады. Болашақта шатасуды, қымбат тұратын
қателерді болдырмау және персоналда дұрыс мотивацияны сақтап қалу үшін,
мұнда ерекше дәлдікпен әрекет жасау керек [4].



Сурет 6. Аралас ұйымдастырушылық құрылым.
Ұйымдастырушылық құрылымның осі бір құрама типі қанша мәселені
шешсе, сонша мәселені қордалап та тастайды. Бұл оның негізгі кемшілігі деп
айтсақ та болады. Топ деңгейіндегі функционалдық қызметтерде ауқымды
үнемдеудің жақсы әсеріне қол жеткізуге болса да, бөлімшелерде ұсағырақ,
бірақ тиімділігі кем емес қызметтерді құру есебінен қол жеткізілетін
нарықтық фокусталудан айрылып қалу қаупі, тәуекелі пайда болады. Осының
нәтижесінде, егер функционалдық көмек көрсету қызметтері өздері іс жүзінде
қолдау көрсетуге тиіс те болып отырған бөлімдер үшін ең көп мүдделі болып
келген облыстарда белсенді әрекет жасамайтын болса, тиімділіктегі ұтыс
нәтижеліліктен айырылуға әкеп соғуы мүмкін.
Осы бір мәселені шешу үшін, осыған сәйкес орталықтандырылған көмек
көрсету қызметтері (мысалы, ақпараттық технологиялар қызметі) операциялық
бөлімшелерге өз қызметтерін фирма ішілік бағалар бойынша сататын,
трансферттік бағалар жүйесін құрауды қоса отырып, әртүрлі әдістер сыналып
көрілген болатын. Бұл операциялық бөлімдерге өздері алғысы келген
компьютерлер мен басқа да жүйелерді алуға және дәл сол уақытта оларға ақша
төлеуге мүмкіндік береді. Алайда, ішкі трансферттік бағалар жүйелері
басқару мәселелерінің жаңа кешендерін құрайды. Ауқымды үнемдеудің
потенциалды әсері мәселесін шешудің тағы бір танымалдығы артып келе жатқан
тәсілі болып – ұйымдастырушылық құрылымның матрицалық типі табылады.
Өзінің ең қарапайым түрінде ол бизнестің негізгі бағыттарына басшылық
жасауды әртүрлі учаскелерге жауап беретін екі әртүрлі менеджердің жүзеге
асыратындығынан тұрады. Әрбір жеке бағыт бойынша екі басқару –
функционалдық және сызықтық басқару болады деп болжамдалады. Сөз жоқ,
осындай құрылым әрбір басқарушының функцияларын бүкіл мүдделі адамдар үшін
түсінікті болатындай етіп анық белгілеуді талап ететін басқару есептілігі
жүйесі үшін бірқатар қиындықтар туғызады [5].

2.2 Стратегиялық басқару есебінің ұйымның стратегиясымен өзара
байланысы

Стратегиялық менеджментті әдетте жоспарлау элементін, бизнес
стратегиясының жұмыс істеуін бақылайтын және орындауын байланыстыратын
басқарудың біріккен әдістемесі деп түсінеді. Әрине, бұл әдістеме ұзақ
мерзімді мақсаттар мен ұйымның міндеттерін, сонымен қатар берілген компания
әрекет еткен және әрекет ететін сыртқы ортаның жан-жақты талдауын болжайды.
Мұндай талдау тек қана ішкі қызметті және ұйым ресурстарын ғана емес,
сонымен қатар оның жұмыс істеуінің сыртқы аспектілерін, яғни,
бәсекелестерді, жеткізушілерді, клиенттерді, макроэкономикалық талаптар,
үкіметтің саясаты, нормативтік-құқықтық орта және ондағы өзгерістер және
т.б қамтуы тиіс. Көптеген сыртқы фактілерді есепке алу қажеттілігі және оны
бірінші орынға қою бұл – стратегиялық басқару есебінің басқа да немесе
басқару есебінің дәстүрлі түрлерінен басты айырмашылығы болып табылады
[6].
Жапон менеджерлері 70-жылдың орта тұсында өздеріне мынадай сұрақтар
қойған: Компанияның ұзақ мерзімдік мақсаты қандай?, Компания орта
өзгерісіне қалайша бейімделеді?, Жұмыскерлерді қалайша тиімді пайдалануға
болады?.
Қойылған сұрақтардың жауаптарын мынадай негізгі қағидалардан аңғаруға
болады:
1.Тиянақты шешім стратегиясы. Америка мен Жапонияның таңдаулы
фирмалары өндірісті ұдайы жетілдіріп, жұмысты ең жаңа және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фирманың негізгі қорларының есебінің ақпараттық жүйесін негіздеу
Фирманың негізгі қорларының есебінің ақпараттық жүйесі
Жер-су қатынастарын реттеудегі мемлекеттің рөлі
Өндірістік шығындар нормасы - өндірісті басқарудың негізгі құралы
Сапаны басқарудың концепциясына талдау
Шығындар есебін ұйымдастыру және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау негізінде басқару есебін тиімді ұйымдастыру және бюджет жасауды жетілдіру ("АГС сервис" ЖШС мысалында)
Кәсіпорынның басқару ісінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Есеп саясатын қалыптастыру
Кәсіпорындағы есепті ХҚЕС бойынша жетілдіру саясаты
«Dida company» ЖШС-не сипаттама және шағын кәсіпорындарда жеңілдетілгенсапалы есеп ақпараттарын құру
Пәндер