Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісі. Оны реформалау және даму жағдайлары, басымды бағыттары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісі: оның тарихи даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Сақтандырудың ұғымы және оның бүкіләлемдік сақтандыру кеңістігінде атқаратын рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Сақтандыру қызметінің түрлеріне жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... .15
1.3 Міндетті және ерікті сақтандыру ісі

2 Қазақстан Республикасындағы міндетті және ерікті сақтандыру қызметін құқықтық реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.1 Сақтандыру шартының түсінігі: міндетті және ерікті сақтандыру шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.2 Әлеуметтік сақтандыру міндетті сақтандыру түрі ретінде

3. Сақтандыру қызметің реформалау және даму жағдайлары, басымды бағыттары
3.1 Сақтандыру қызметін ұйымдастыру мен құқықтық негіздері
3.2.Қазақстан Республикасының сақтандыру зандары мен сақтандыру құқығы: кешенді заңдар және құқық саласы ретінде дамуы

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Сақтандыру ежелгі заманнан бері жүзеге асырылып келе жатқан, өзінше бағдар-бағыты бар, айырықша мүддесі – тұлғалардың мүліктеріне, жеке бастарына байланысты кездесетін жағдайлардан қорғау, шығынды жабу, зардап-зиянды қалпына келтіру сипатындағы іс-қимыл болып табылады. Мемлекет тұрғысынан алғанда сақтандыру мемлекеттің қаржы жүйесінің элементі болып есептелінеді.
Сақтандыру мемлекеттің, заңды тұлғалардың, азаматтардың мүліктік мүдделерін қорғау жүйесін құрады. Сонымен қатар, ол күтпеген табиғи, техногендік және өзге де құбылыстарға байланысты мүліктік, материалдық нұқсандарды қалпына келтіруге кепілдік бере отырып қаржы жүйесін нығайтуға оң әсерін тигізеді.
Сақтандыру - сақтандыру жағдайлары туындаған кезде зиянның орнын толтыруға кеткен шығындарды қаржыландыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ ұзақ мерзімге инвестициялаудың бір көзі болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан аумағында өте қарқынды түрде жүзеге асырылып жатқан процестердің бірегей сақтандыру рыногын түпкілікті қалыптастыру және оның тиісті инфрақұрылымдарын құру болып отыр. Қазақстандағы сақтандыру рыногының даму жағдайының көрсеткіштері еліміздің ұлттық сақтандыруының негізі құрылғанын мәлімдеп, дәлелдеуде, сондай-ақ Қазақстандағы сақтандыру құқықтық қатынастарының бастамасы болып табылатын сақтандыру, сақтандыру қызметі әлі де зерделеу, зерттеуін асыға күтіп жатқан аяға, оның ішінде экономикалық және құқықтық тұрғыдан қарастыруды қажет ететін өзекті бағытқа айналып отыр.
Сондықтан, бірінші кезектегі мақсат белгілі бір мөлшерде сақтандырудың экономикалық табиғаты мен мән-маңызын, сақтандыру экономикалық тұйықталған қатынастарының ерекшеліктерін қарастыру және жете танысып білу болып табылады. Осыған орай, сақтандыруға айрықша назар аударып отырмыз. Біздің ойымызша қазіргі кезеңдегі басым бағыт сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталдарының ең аз мөлшерін жоғарылату және оны тек ақша қаражаттары есебінен ғана қалыптастыру.
Сонымен бірге, сақтандыру ісін дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына жету үшін мына келесідей іс-әрекеттерді жүзеге асыру қажет: сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру; сақтандыру қызметінің нормативтік - құқықтық базасын жетілдіру; сақтандыру жүйесінің қаржылық орнықтылығын және беріктілігін қамтамасыз ету; Қазақстандық және халықаралық сақтандыру рыноктарының өзара қарым – қатынастарын дамыту; сақтандыру қызметін көрсету рыногындағы құрылымдық саясатын жүргізу.
Осы сақтандыру рыногындағы құрылымдық саясаттың басты көрінісі сақтандырудың ерікті және міндетті түрлерінің арақатынастарының ұтымдылығын арттыру. Сақтандыру аясындағы ақпараттық-талдау жұмыстарының да жеткілікті деңгейде жүргізілмей отырғанын байқауға болады. Сақтандыру ұйымдарының өздеріне қабылдаған міндеттерін бұлжытпай орындауларын бақылау жөніндегі тиімді мемлекеттік бақылау механизмін құру проблемасы да күн тәртібіндегі өткір мәселе болып табылады. Сондықтан, біздің ойымызша сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу саласында сақтандыру рыногының қызмет атқаруының нормативтік – құқықтық және әдістемелік базасын жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажет.
1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы 10 том 660-661 б
2. Сман Б.У. Вестник КазНУ 2008 г. «Понятие и система страхового дела»
3. Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы. «Қазақстан
аумағында құрылыс саласын сақтандыру» 2009 ж. -20 ақпан
4. Егемен Қазақстан 2000ж 22- желтоқсан, «Қазақстан республикасының сақтандыру қызметі туралы» заң.
5. ҚР Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің Қаулысымен 4 желтоқсан 1998 жылы бекітілген. “ ҚР Ұлттық банкінің сақтандыруды қадағалау департаменті туралы” Ережесі.
6. Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы. 2008 жыл 12
сәуір «Ана мен баланың өмірін сақтандыру»
7. Шахов "Страхование" учебник для вузов М. Юнити 1997жыл
8. Егемен Қазақстан 21 қараша 2008жыл
9. Заң газеті 2007ж.- 19 Сәуір 3 бет
10. Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу № 10 2009ж
11. Айқын 2009ж. 12-тамыз №147
12. 1995жылы 30 тамызда қабылданған, Қазақстан Республикасының Конститутциясы 1-бап, 4-бап, 24-бап 2-тармағы, 28-бап
13. «Cтрахование». Гвозденко.А.А 56-57 бет. Москва 2004г.
14. Жук И.Н «Автомобилыные страхование» 33-34 бет Москва 2001г.
15. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 293-бап
16. Қазақстан Республикасының «Әлеуметтік сақтандыру туралы» заңының 5-бабы
17. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» заңына соңғы өзгерістер 2006 жыл 31 қаңтардағы Қ.Р заңына сәйкес енгзілді
18. «Туроператордың және тур агенттің азаматтық -құққықтық жакапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2004 10-наурыздағы заңына 2006ж. 31- қаңтарындағы толықтырулар
19. «Жекеше нотариустардың азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», ҚР 2003 жылғы 11 маусымдағы заңы
20. «Қызметкер, еңбек міндеттерін атқарған кезде, оның өмірімен денсаулығына зиян келтіргені үшін, жұмыс берушінің азаматтық құққықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заң ҚР 2005 жылдың 7 ақпанындағы заңы
21. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 805-бап
22. Тагиев Г.М. «Развитие государственного сртахования в СССР». Москва 1978г. С. 6 –8.
23. Сман Б.Ө. "ҚР Сақтандыру құқық қатынастардың мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру" - Алматы, 2002ж
24. «Страховое дело». Учебник : под редакцией Л.И. Рейтмана. М.1992г. с.91-92
25. Жуйриков К., Назарчук В., Жуйриков Р. «Страхование: теория, практика, зарубежный опыт». - Алматы, 2000г. с. 313-318.
26. Арзакова Т. «Услуги по страхованию при перевозках (внешняя торговля)»
1992 с. 11-12.
27. Брюзгалов М. «Страхование грузов». \Закон 1994г. с.5.
28. «Сақтандыру құқығы» О.Қағазов Тараз 2003 жыл 6-бет
29. С.М Найманбаев «Сақтандыру құқығы» 256 бет
30. Жүйріков К.Қ «Нарыққа өту жағдайында сақтандыру» Алматы 2003ж. 15-бет
31. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 қаңтардағы 15 қаулысымен бекітілген «сақтандыру ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беру және келісім беруден бас тарту ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы» қаулысы.
32. Худяков. А.И «Страховое право» Алматы, «Жеті жарғы» 1997ж. 275-301 бет

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 130 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісі: оның тарихи даму
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

1. Сақтандырудың ұғымы және оның бүкіләлемдік сақтандыру кеңістігінде
атқаратын рөлі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...6
2. Сақтандыру қызметінің түрлеріне жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ...15

1.3 Міндетті және ерікті сақтандыру ісі

2 Қазақстан Республикасындағы міндетті және ерікті сақтандыру қызметін
құқықтық
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .26
2.1 Сақтандыру шартының түсінігі: міндетті және ерікті сақтандыру
шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.2 Әлеуметтік сақтандыру міндетті сақтандыру түрі ретінде

3. Сақтандыру қызметің реформалау және даму жағдайлары, басымды бағыттары
3.1 Сақтандыру қызметін ұйымдастыру мен құқықтық негіздері
3.2.Қазақстан Республикасының сақтандыру зандары мен сақтандыру құқығы:
кешенді заңдар және құқық саласы ретінде дамуы

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Сақтандыру ежелгі заманнан бері
жүзеге асырылып келе жатқан, өзінше бағдар-бағыты бар, айырықша мүддесі –
тұлғалардың мүліктеріне, жеке бастарына байланысты кездесетін жағдайлардан
қорғау, шығынды жабу, зардап-зиянды қалпына келтіру сипатындағы іс-қимыл
болып табылады. Мемлекет тұрғысынан алғанда сақтандыру мемлекеттің қаржы
жүйесінің элементі болып есептелінеді.
Сақтандыру мемлекеттің, заңды тұлғалардың, азаматтардың мүліктік
мүдделерін қорғау жүйесін құрады. Сонымен қатар, ол күтпеген табиғи,
техногендік және өзге де құбылыстарға байланысты мүліктік, материалдық
нұқсандарды қалпына келтіруге кепілдік бере отырып қаржы жүйесін нығайтуға
оң әсерін тигізеді.
Сақтандыру - сақтандыру жағдайлары туындаған кезде зиянның орнын
толтыруға кеткен шығындарды қаржыландыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ ұзақ
мерзімге инвестициялаудың бір көзі болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан аумағында өте қарқынды түрде жүзеге асырылып
жатқан процестердің бірегей сақтандыру рыногын түпкілікті қалыптастыру және
оның тиісті инфрақұрылымдарын құру болып отыр. Қазақстандағы сақтандыру
рыногының даму жағдайының көрсеткіштері еліміздің ұлттық сақтандыруының
негізі құрылғанын мәлімдеп, дәлелдеуде, сондай-ақ Қазақстандағы сақтандыру
құқықтық қатынастарының бастамасы болып табылатын сақтандыру, сақтандыру
қызметі әлі де зерделеу, зерттеуін асыға күтіп жатқан аяға, оның ішінде
экономикалық және құқықтық тұрғыдан қарастыруды қажет ететін өзекті бағытқа
айналып отыр.
Сондықтан, бірінші кезектегі мақсат белгілі бір мөлшерде сақтандырудың
экономикалық табиғаты мен мән-маңызын, сақтандыру экономикалық тұйықталған
қатынастарының ерекшеліктерін қарастыру және жете танысып білу болып
табылады. Осыған орай, сақтандыруға айрықша назар аударып отырмыз. Біздің
ойымызша қазіргі кезеңдегі басым бағыт сақтандыру және қайта сақтандыру
ұйымдарының жарғылық капиталдарының ең аз мөлшерін жоғарылату және оны
тек ақша қаражаттары есебінен ғана қалыптастыру.
Сонымен бірге, сақтандыру ісін дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына
жету үшін мына келесідей іс-әрекеттерді жүзеге асыру қажет: сақтандыру
қызметін мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру; сақтандыру қызметінің
нормативтік - құқықтық базасын жетілдіру; сақтандыру жүйесінің қаржылық
орнықтылығын және беріктілігін қамтамасыз ету; Қазақстандық және
халықаралық сақтандыру рыноктарының өзара қарым – қатынастарын дамыту;
сақтандыру қызметін көрсету рыногындағы құрылымдық саясатын жүргізу.
Осы сақтандыру рыногындағы құрылымдық саясаттың басты көрінісі
сақтандырудың ерікті және міндетті түрлерінің арақатынастарының ұтымдылығын
арттыру. Сақтандыру аясындағы ақпараттық-талдау жұмыстарының да жеткілікті
деңгейде жүргізілмей отырғанын байқауға болады. Сақтандыру ұйымдарының
өздеріне қабылдаған міндеттерін бұлжытпай орындауларын бақылау жөніндегі
тиімді мемлекеттік бақылау механизмін құру проблемасы да күн
тәртібіндегі өткір мәселе болып табылады. Сондықтан, біздің ойымызша
сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу саласында сақтандыру
рыногының қызмет атқаруының нормативтік – құқықтық және әдістемелік
базасын жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажет.
Қазақстанның банк және сақтандыру жүйесі тарапынан экономиканың
келешегі зор секторларына, нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсетуі үшін
жағдай жасалуын және өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде
мемлекеттік – жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын күшейту қажет деп
тұжырымдайды Елбасы өз жолдауында.[1]
Сонымен бірге, сақтандыру ісінің қалыптасып, дамуын негіздейтін,
тұйықталған бөлу, қайта бөлу қатынастары ретінде көрініс табатын айрықша
сақтандыру қатынастарын реттейтін құқықтық реттеу механизмдерін құру да
көзделген еді.
Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру заңдарын, заңға
сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, сақтандыру шарттарын зерделеу, білу,
игеру және меңгеру тек осы сала мамандарының үйлесіндегі іс болып ғана
қоймай, сонымен бірге барлық шараушылық субъектілерінің, азаматтардың
әсіресе заңгерлердің де міндетті түрдегі қажеттілігіне айналып отыр.
Қазақстандағы сақтандыру ісінің әлі де жетілдіріуі көзделінген
ізденістер үстінде екенін, оның бүгінгі даму тенденциялары мен құқықтық
реформалануы дәлелденуде.
Сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметінің және сақтандыру құқығымен
сақтандыру заңдарының мәселелері жөніндегі зерттеулер Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік тілде жүргізілмеген, әлі де өз кезегін асыға
күтіп жатқан өте өзекті проблемалар қатарына жатады.
А.И.Худяков, К.К.Жүйріков, С.М.Найманбаев, И.М.Назарчук, Г.В.Ким,
С.С.Сатубалдин, Б.Сман және т.б. Қазақстандық ғалым-оқымыстылар мен
тәжірибелік мамандардың, сондай-ақ оның ішінде Ресей Федерациясының –
А.Л.Алякринский, В.В.Шахов, В.Р.Идельсон, Н.Я.Шиминова, Л.И.Рейтман және
т.б. ғалымдарының ғылыми еңбектерінде зерттелінген мән-жайлар, талданып,
талқыланған проблемалар осы жұмыстың тақырыбының мәселелерін ашу кезінде
себебін тигізгенін атап өтуіміз қажет. Ал сақтандыру құқығы, сақтандыру
қатынастары жөніндегі ақпараттар А.И.Худяковтың және С.М.Найманбаевтың оқу
құралдарында біршама дәрежеде зерделенген болатын.
Аталмыш авторлардың еңбектерінде осы жұмыстың біршама мәселелеріне
жеткілікті деңгейде талдау жасалынғанымен сақтандыру саласы мен заңдарының
үзбей, жиі реформаланылуына, сақтандыру рыногын халықаралық стандарттарға
сай дамытудың құқықтық базасын жаңаша қалыптастыруға орай, қазіргі кезде
сақтандыру қызметіне мемлекеттік басшылық ету, сақтандыру құқықтық
қатынастарын мемлекеттік реттеу проблемаларының бұрын Қазақстанда
зерттелінбеген көптеген жаңа аспектілері пайда болып отыр.

1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісі: мемлекеттердің тарихи
даму кезеңдеріндегі көрінісі
1. Сақтандырудың ұғымы және оның бүкіләлемдік сақтандыру кеңістігінде
атқаратын рөлі

Сақтандыру өндірістік қатынастардың аса қажетті элементі болып
табылады және ол әрқашанда өндіріс барысында туындайтын шығындар мен
залалдардың орнын толтыруға, калпына келтіруге байланысты болады. Осы
қоғамдық өндіріс процесінде екі қарама-қайшы құбылыстар ұштастырылады.
Біреуіне, адамдардың табиғи стихиялық апаттармен және басқа да төтенше
қатерлі жағдайлармен күресіне байланысты адам мен табиғаттың арасындағы
қарама-қайшылық жатса, ал екіншісіне қоғамдағы адамдар арасында мүліктік
және басқа да мүдделерге қатысты, қоғам ішінде туындайтын адамдардың
арасындағы өндірістік байланыстарды қиындататын қарама-қайшылықгар жатады.
Міне, осындай қарама-кайшылыктар келеңсіз нәтижелерге әкеп соғатын төтенше
жағдайлар мен күтпеген қатерлі оқиғалардың туындауының объектілі негізін
құрайды.[2]
Егер қалыпты жүріп жатқан қоғамдық өндіріс процесі адамдардың саналы,
мақсат-бағдарлы қызметтерінен тыс ғаламат төтенше жағдайлардың туындауына
байланысты бұзылатын болса, онда сол қатерлі жағдайлар сақтандыру оқиғалары
деп айтылады. Жоғарыда аталған жайларға байланысты қоғамдық өндірістің
қатерлі сипатта болуы адамдар арасында стихиялық және басқа
да ауыртпашылықтардың қиратып - жоюшы күштеріне қарсы тұру, болдырмау,
алдын-алу, әрі қарай тарауына жол бермеу, сондай-ақ келтірілген зиянның
орнын талассыз толтыру жөніндегі объектілі қатынастарды туындатады. Бұл
қатынастар - арнайы сипатта болатындықтан жиынтығында қоғамдық өндірісті
қорғауды сақтандырудың экономикалық категориясын құрады. Осы категорияның
ерекшелігі мынадай: қиратып-жоюшы оқиғаның кездейсоқ сипатта туындауы;
ақшалай және натуралды сипаттағы өлшемдермен сипатталынып келтірілген
зиянның төтеншелігі; аталмыш жағдайдың зардаптарының алдын алу, жоюдың және
материалдық немесе өзге де зияндардың орнын толтырудың объектілі түрдегі
қажеттілігі сияқты негізгі белгілер арқылы көрініс табады.
Ал көрсетілген белгілер адамдардың өндірістік қызметтерінің аясында
сақтандырылатын тәуекелдердің болатынын және сақтандыру қорғауының
қажеттілігін дәлелдейді. Сақтандыру тәуекелі мен сақтандыру шаралары
сақтандырудың экономикалық категория ретіндегі маңызын білдіреді.
Сақтаңдыру талабына сәйкес қорғау, алдын-алу, қалпына келтіру және
т.б. шараларды жүзеге асыруға қажетті сақтандыру қорын қалыптастыру,
қоғамдық өндіріс аясындағы қорғауды сақтандырудьң экономикалық
категориясының осы қор түріндегі материалдық нысанын көрсетеді. Аса кажетті
осы сақтандыру қоры негізінде өндіріс аясында белгілі бір уақыт
көлемінде жасалынатын ұлттық табыстың қайта бөлінуі есебінен
қалыптастырылады.[3]
Сақтандыру қорының есепті жыл ішінде жұмсалынбай қалған бөлігі қорлану
қорына түседі. Ал зиянның орнын толтыруға және т.б. шараларға жұмсалған
бөлігі тұтыну корын толықтырып қана қоймай, сонымен бірге өндіріске кеткен
қаражаттардың қалпына келтірілуін толықтырып отырады.
Тағы бір айта кететін жайт, міндетті мемлекеттік сақтандыру ақша қоры
мемлекеттің қаржы жүйесінің бюджет, банктердің қаржыларынан кейінгі буыны
болып табылады. Алдында айтқанымыздай сақтандыру экономикалық категория
ретінде қаржылармен байланыста болады және қаржылар сияқты ақша нысандағы
құндық белгілі қорларды қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу кезіндегі
қозғалысын білдіреді. Осыған орай, сактандыруды басқа экономикалық
категориялардан ажырата білу үшін оның өзіне тән ерекшеліктерімен
танысуымыз қажет.
Экономикалық категория ретінде сақтандыру мына келесідей белгілермен
сипатталады:
- сақтандыру кезінде ақшалай қайта бөлу қатынастары пайда болады. Осы
қайта бөлу қатынастарының негізінде сақтандыру тәуекелінің болуы
және сақтандыру оқиғасының туындау мүмкіндігі жатады;
- сақтандыру кезінде тек сақтандыру ауқымындағы қатысушылар ғана
қатысатын тұйықталған қайта бөлу қатынастары туындайды. Бұл жерде
сақтандыру акшалай қоры тек жаңағы қатысушылардың нақты
белгіленген жарналары есебінен қалыптастырылады;
- сақтандыру қорына жұмылдырылған сақтандыру төлемдері аумақтар
көлемінде қайтарылады;
- сақтандыру келтірілген зияндарды әкімшілік-аумақтық
бөліністер арасында және белгілі бір уақыт көлемінде қайта бөлуді
көздейді.[4]
Демек, сақтаңдыру айтарлықтай көлемдегі аумақтық құрылымдар мен
сақтандырылған объектілерді қамтуы керек және қатарынан бірнеше
жыл бойы ешкандай төтенше жағдай орын алмаған болса, сақтандыру төлемдерін
алдағы уақытта туындауы мүмкін залал-зияндарды қалпына келтіруге қажетті
запастағы қор құрылуы тиіс.
Сақтандырудың экономикалык манызы оның функциялары аркылы да көрініс
табады. Олар сақтандырудың қаржы жүйесінің буыны ретіндегі ерекшеліктерінің
қаржылардың функцияларына сәйкес келетінін көрсетеді. Сонымен, біздің
ойымызша сақтандыруға мынадай функциялар тән болады: жұмылдыру функциясы;
бөлу, қайта бөлу функциясы (тәуекелдік функция; алдын алу функциясы;
жинақтау функциясы); бақылау функциясы. Осы функциялар өздігінен емес, тек
сақтандыру қызметін жүргізу кезінде ғана іс жүзінде жүзеге асырылады.
Жұмылдыру функциясының көмегімен мақсатты сақтандыру қорының қаражаттарын
сақтаңдыру жарналары есебінен қалыптастыру қызметі жүзеге асырылады.

Бөлу (қайта бөлу) функциясы өз алдына үш функциядан тұрады: олар
тәуекелдік (немесе қалпына келтіру) функциясы; алдын алу функциясы;
жинактык функция. Бұл жерде ең бастысы тәуекелдік және алдын-алу
функциялары болып табылады. Тәуекелдік функция тұйықталған сақтандыру
қатынастарының ішіндегі зияндардың орнын толтыруды, қалпына келтіруді,
апаттарға байланысты сақтандыру қаражаттарын кайта бөлуді жүзеге асырады.
Алдын-алу қатерлі жәйттерді болдырмауға, сақтандыру тәуекелдерін
мүмкіндігінше азайтуға бағытталған профилактикалық шараларды жүргізуге
қажетті функция болып саналады. Бақылау функциясы сақтандыру қорларының
мақсатқа сәйкес қатаң қалыптастырылып, пайдаланылуын тексеріп, қадағалауды
тиісті зандарға сәйкес жүргізеді.[5]
Сақтандырудың қоғамдық өндірістің үзілмеуін, баланысты болуын,
тоқтатылмауын қамтамасыз етуді көздеп атқарылатын рөлінің түпкілікті
нәтижесі мына келесідей көрініс табуы керек: сақтандыруды колдану аяларын
ұтымдыландыру; сақтаңдыру операцияларын дамыту көрсеткіштерін жақсарту;
зияндарды толығымен және дер кезінде қалпына келтіру; уақытша бос
сақтандыру қаражаттарын сақтандыру ұйымдарының инвестициялық қызметтерінде
пайдалану.
Сонымен, сақтандыру катысушыларының ақшалай жарналары есебінен табиғи
апаттар мен төтенше қатерлі жағдайлардың салдарынан зиян шеккен заңды
тұлғалар мен азаматтардың тартқан зияндарын қалпына келтіруге және орнын
толтыруға арналған мақсатты сақтандыру қорын құру жөніндегі тұйықталған
айрықша қайта бөлу қатынастарының жиынтығы болып табылады.
Демек осы жәйтті былайынша толық тұжырымдауға болады: сақтандыру
әкімшілік, конституциялық, қаржылық, азаматтық және т.б. құқық нормаларымен
реттелген, сактандырылған тұлғаларға қатысты тиісті зандарда немесе
шартта көзделген жағдайлардың туындауына орай сақтандыру қорғанысы мен
сақтандыру өтемін жүзеге асыруға байланысты кешенді, базистік экономикалық
қатынастардың жиынтығы ретінде көрініс табады.
Осы қысқаша сипаттамадан кейін сақтандырудың тарихи қалыптасып,
дамуына және біздің еліміздегі даму кезендері мен құқықтық аспектілерін
қарастыру кажет. Негізінде, сақтандыру көне дәуірден бері адамдар өркениеті
арасындағы қоғамдық-экономикалық қатынастардан белгілі бір қатерлі,
қауіпті, шығын-зардапты немесе пайдалы, көбінесе объектілі, кейбір кездерде
субъектілі жағдайлардың туындауына байланысты орын алатын өте қажетті
категория әрі сол өндірістік катынастардың мызғымас бөлігі болып табылады.
Алғашқы кезде сақтандырудың мағынасы "қауіп", "қорқыныш" деген сөздермен
байланысты болса, кейіннен көмектесу, жақтасу, кепілдендіру, қорғау, ұстап
тұру, тауда, теңізде сақтандыру және т.б. мағынада да айтылған.[6]
Сақтандырудың бастапқы нысандары өте көне дәуірде, құл иеленуші
қоғамдарда туындаған болатын. Мысалы, бізге жеткен деректер бойынша кұл
иеленушілер, өздерінін мүліктері мен құлдарын табиғи тылсым күштердің жойып
жіберуінен, ұрлықтан, тонаудан және басқа да қатерлі оқиғалардан қорғау
тәсілі ретінде сақтандыруды пайдаланған. Осы қоғамдағы кезіңде мал-мүлікті
және бәсеке басты қорғауға орай жасалынған келісімдер сактандыру шарты
ретінде көрініс берген еді. Көне дәуірдегі сақтандырудың алғашқы
нысандарының негізінде өзара міндеттемелер арқылы қамтамасыз етілетін
ұжымдық өзара көмекті жатқызуға болады. Сол кездерде қалыптасқан негізгі
қағидат бойынша сақтандыру пайда табуға, байлыққа бағытталған емес, ол тек
кауіп-қатерден қорғау тәсілі болып табылған. Демек, келтірілген залалдың
орнын ақшалай емес, тек сол зардапқа баламалы мүлікпен, затпен, өніммен
және.т.б. толықтырып отырған.
Сонымен, ғасырлар белесінде объекттілі қалыптасып, жан-жақгы дамыған
сақтандыру ісі уақыт өте келе көптеген бағытта жүзеге асырылған. Мәселен,
қалалар мен елді мекендердің өсуіне карай ғимараттар мен үйлердің және т.б.
мүліктердің әртүрлі дүлей апаттар мен өрттерден жойылуы немесе бүлінуі
қауіпінің күшеюіне байланысты адамдар солардан қорғануға, келтірілген
зардаптың орнын толтыруға, мүмкін болса қауіптің алдын алуға немесе
болдырмауға бірлесіп іс-кимыл жасауға талпынған. 1310 жылы Германияның
Брютте қаласында көпестер мен қолөнер гильдияларының мүліктік мүдделерін
корғау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын "Сақтандыру палатасының"
құрылуы жоғарыда айтқанымыздың айғағы болса керек.
Мүлікті кәсіпкерлік қызметтің объектісі ретінде сақтаңдырудан басқа,
өрттен сақтандыру да дами бастаған еді. Кезінде өрттен сақтаңдырудың
қарапайым нысаны мүліктері бүлінген немесе өртеніп кеткен адамдарға
көмектесу үшін жиналатын арнаулы алым түрінде болған. Әрине бүл көмекті шын
мәнісіндегі сақтандыру деп айта алмайтынымыз белгілі. 1866 жылғы Лондон
қаласының орталығын жойып жіберген жойқын өрттен кейін демек, үйлер мен
баска да ғимараттарды сақтандыру мақсатында "өрт полисі" деп аталатын
сақтандыру мекемесі, соңдай-ақ 1667 жылы Норвегияның Христиания (кейіннен
Осло деп аталған) қаласында Норвегиялық бранд-касса кұрылған болатын.
Бұлардың бәрі және басқалары өзара сақтандыру негізінде қызмет атқаратын,
яғни тек келтірілуі мүмкін зардап-зиянның орнын толтыруды ғана көздеген.
Осы сақтандыру жүйесі теңіз сақтандыруында күні бүгінге дейін қолданылады.
Зымырап өтіп жатқан заман ағымында экономиканың дамуына байланысты
және мүліктік мүдделерінің ұлғаюына қарай сақтандыру компанияларының саны
мен айналымдық капиталдары өсе бастаған еді. Мәселен, он сегізінші ғасырдың
алпысыншы жылдары Батыста мүлікті және жеке адамды сақтандырудың жүзге
тарта түрі болды. Осыған қарап сақтандырудың дамып жатқан экономика
талаптарына сай келгенін байқаймыз. Тек бір ескеретін жәйт, осы адам
қызметінің барлық аяларына тез таралған сақтандырудың уақыт, заман
талаптарына орай әдістері мен нысандарында әлсін-әлсін өзгертіліп отырған.
Мысалы, 1706 жылы жер жүзінде бірінші рет өмірді сақтандыру жөніндегі қоғам
құрылса, 1800 жылдары жануарларды, қаржылық шығындарды, қатерлі
жағдайлардан үйлерді қиратып кіріп жасайтын ұрлыктан сақтандыру түрлері
пайда болған. Көне Қазақстан аумағында дамыған сақтандыру жөнінде жазбаша
деректер мен мағлұматтардың сақталмауына қарамастан отырықшы мекендер мен
ірі қалалардың аясында қандай да болмасын нысандардағы сақтандыру іс-
қимылдарының жүргізілгенін білеміз.
Кейінгі, Ресей империясының құрамындағы Казақстанда жүзеге асырылған
сақтандыру деңгейінің дамуы туралы мәліметтер де жоққа тән. Алайда, сол
кездерде Ресеймен шектес орналасқан Орынбор, Орал, Гурьев қалаларында және
Жетісу өңіріндегі қалаларда, сондай-ақ жер өндеумен айналысатын аумақтарда
сақтандырудың кейбір түрлерінің жүргені мәлім. Сондықтан, біздің ойымызша
бірінші кезекге Ресей империясында қалыптасып, дамыған сақтандыруға, оның
әралуан нысандары мен түрлеріне қысқаша шолу-сипаттама жасап өту қажет.
Ресей мемлекетіндегі сақтандыру XVIII ғасырдың ортасына таман Петербург
пен Мәскеуде ағылшын сақтандыру ұйымдары филиалдарының
орналасуына орай басталған болатын. Ал бірінші Ресейлік сақтандыру ұйымы
1765 жылы Ригада ашылған еді. Ресейдегі теңіз саудасының жандануына
байланысты 1781 жылы теңіз сақтандыруы бірінші рет жүзеге асырыла бастады.
1786 жылы сақтаңдыру ісін мемлекеттік монополияға айналдыру мақсатында мына
екі банк: мемлекеттік заемдық банк пен мемлекеттік ассигнациялық банк
құрылған болатын. Осы банктер құрылыстар мен тауарларды, ренталарды,
адамдардың өмірін және т.б. сақтандыру операцияларын жүргізген.
Бірақ, кейіннен он тоғызыншы ғасырдың басында мемлекеттік сақтандыру
жойылып, оның орнында акционерлік, өзара және жергілікті (жерлердегі)
сияқты үш негізгі сақтандыру жүйесі біртіндеп қалыптасқан. 1827 жылы өрттен
сақтандыру жөніндегі Ресей Бірінші акционерлік қоғамы пайда болған. 1835
жылы өрттен сақтандыру жөніндегі Ресейлік екінші қоғам, ал 1846 жылы
"Саламандра" қоғамы құрылған. Осыған орай Ресей өрттен сақтандырудың отаны
деп есептелінген.
Шамалы уақыт өткеннен кейін, сақтандыру қоғамдары жауыннан соң каулап
өскен саңырауқұлақтай қарқынды дами бастаған. Мәселен, 1844 жылы
"Российское общество морского, речного, сухопутного страхования", 1847 жылы
көлікті сақтандыратын Санкт-Петербургтің Надежда компаниясы, 1867 жылы
"Русское", 1870 жылы "Коммерческое", "Варшавское", "Русский Ллойд", 1872
жылы "Северное", "Якорь'', "Волга" сияқты жаңа сақтандыру ұйымдары пайда
болған.[7]
1877 жылдан бастап егістістерді бұршақ соғудан сақтандыру жөніндегі
жер иеленушілердің "Московское" атты өзара қоғамы жұмыс істей бастаған
(1901 жылы осыған сәйкес "Церера" қоғамы құрылған). 1881 жылы ашылған
"Россия" атты өте ірі сақтандыру қоғамы өмірді, капиталдарды, ұжымдық және
жекелей сақтандыруды жүзеге асырған. 1885 жылдан бастап мынадай шетелдік
сақтандыру қоғамдарына Ресей аумағында қызметтерін жүзеге асыруға рұқсат
берілген: "Нью-Йорк" (АҚШ), "Урбен" (Франция) және "Эквитебл" (АКДІ). 1888
жылы "Помощь" атты сақтандыру қоғамы бірнеше бағыттағы өз жұмысын
жүргізген. 1895 жылы тұңғыш рет "Общество Русского перестрахования" деп
аталатын арнаулы қайта сақгандыру қоғамы құрылған. 1903 жылы Мәскеуде
көптеген фирмалардың қатысуымен жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді
өрттен сақтандыратын "Российский взаимный страховой союз" дүниеге келген
болатын. 1905 жыддан бастап өз салымшыларының өмірін сақтандыруды
мемлекеттік жинақ кассалары жүзеге асырған. 1913 жылы "Взаимное страхование
промышленников", "Взаимное морское и речное страхование", "Российский
союз обществ взаимного страхования от огая деген ірі сақтандыру
мекемелері қызмет аткарған. Ресейдегі жеке басты сактандыру ісі негізінен
тек ауқатты тұрғындарды қамтыған болатын. Осы аяда қызмет атқарған жиырма
ұйымның ішінде өмірді сақтандыру жөніндегі арнаулы үш мекеме болған
"Жизнь", "Заботливость", "Генеральное". Кезіндегі статистика бойынша 1913
жылы сақтандыру жарғыларының жалпы сомасы 204,5 млн. сомды құраған. Оның
ішінде акционерлік сақтандыру қоғамдарының үлесіне — 63,1 процент,
жерлердегі сақтандыру үлесіне — 19,8 процент, өзара сақтандыру үлесіне —
6,7 процент келген. Ресей бойынша сақтандыру қоғамдарының активтері 374
млн. сом мөлшеріңде болған.
Енді өз елімізде сақтандыруға байланысты жасалған алғашқы қадамдар мен
сақтандырудың одан әрі даму кезендерін баяңдайтын сәт туған сияқты.
Сақтандырудың Қазақстанға келуіне басты себеп болған Қазан революциясы деп
айтсақ қателеспегеніміз. Екінші серпіліс 1921 жылы жүзеге асырыла бастаған
жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуіне байланысты болды. Қазақстандағы
(Қырғыз КСР) сақтандыру осы 1921 жылдың екінші жартысына таман қызу колға
алынып, оны ұйымдастырудың ұтымды нысандары, сақтандыру аппараттары мен
бөлімдерін және олардың қызметкерлерін, оларды қажетті материалдармен және
азық-түлік, киімдермен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылып тұжырымдар
мен ұсыныстар жасалған болатын. Қазақстанның (Қырғыз КСР) аумақтық-
құрылымдық және мәдени—тұрмыстық ерекшеліктері ескерілген, талданған осы
ұсыныстар кейіннен нормативтік актілер қабылдау кезінде негізге алынған
еді.
"Мемлекеттік мүліктік сақтандыру туралы" 1921 жылғы қазанның
6-сындағы Х декретіне, орай Қазақстан аумағында 1921 жылдың желтоқсанының
14-інде Қырғыз КСР "Мемлекеттік мүліктік сақтандыру туралы Ережені"
бекітті.
Сонымен қатар, республикалық Қаржылар халық комиссариатында
мемлекеттік сақтандырудың бас басқармасы құрылды. Осы аталмыш басқарма
кезінде барлық сақтандыру операцияларына басшылық жасаған болатын және
өзіне тиесілі сақтандыру тарифтерін әзірлеу, Қаржы халық комиссариаты
бекітетін қағидалар мен нұсқаулықтар шығару, сақтандыру нысандарының ғылыми
негіздемелерін әзірлеу, алдын-алу шараларын ұйымдастыру, жергілікті
мемлекеттік сақтандыру мекемелеріне басшылық ету, соттар мен басқа да
мемлекеттік мекемелерде өздерін сақтандыру органдарының өкілі ретінде
көрсету сияқты міндеттерін орындауға атсалысқан.
Қазақстандағы табиғи апаттардан, т.б. көптеген төтенше, қатерлі
жағдайлардан мүлікті және жеке басты сақтандыру Орынбор, Актөбе, Орда,
Орал, Қостанай, Петропавловск және Семей губернияларында (сол кездегі
мемлекеттік құрылыс) жүзеге асырылған. 1921 жылғы қазанның 6-сындағы
"Мемлекеттік мүліктік сақтандыру туралы" декрет бойынша сақтандыру тек
ауылдық жерлер мен елді мекендердегі және калалардағы жеке меншік
шарушылықты қамтыған еді. Демек, мемлекеттік сақтандыру оларға өрттердің,
бұршақ соғудың, малдардың қырылуының, суда және құрғақта жүретін көліктер
аварияларының (апаттарының) салдарынан келтірілген залалдың орнын толтыруға
міндетті болған.
1922 жылдың шілдесінде Х қабылдаған қаулысында Мемлекеттік сақтандыру
қызметінің ұйымдастырылу жағы былайынша нақтыландырылған болатын:
мемлекеттік сақтандыру шаруашылық есеп негізінде ұйымдастырылады; өмірді
ерікті сақтандыруға және қатерлі жағдайлардан ерікті сақтандыруға рұқсат
етіледі.
Осы ерікті нысандағы мемлекеттік сақтандыру алғашқы кездерде
мемлекеттік меншікке қатысты да жүзеге асырылған еді. Мәселен, құрылыстарды
мемлекеттік ерікті және міндетті сақтандыруға қабылдау туралы қағида
бойынша өрттен сақтандыру кезінде меншік нысандары мен пайдаланылу
бағыттарына қарамастан барлық құрылыстар сақтандырылуға жататын.
Ал мемлекеттегі сақтандыру түрлері мына келесідей көрініс тапқан еді:
күрылыстарды, малдар мен егістіктерді міндетті және ерікті сақтандыру;
көлік құралдарын, өмірді және т.б. қатерлі жағдайлардан ерікті сақтандыру,
сондай-ақ кепілдендірілген сақтандыру. Кепілдендірілген сақтандыру ауқымы
кредиттік мекемелерді, мемлекеттік өнеркәсіпті, сауданы (қоймаларды),
теміржол және су жолы көліктерін қамтыған және ерікті сақтандыру түрінде
жүргізілген.
1928 жылы мемлекетімізде сақтаңдыру жүйесінің қайта құрылуын
көздеген кезекті компания жүзеге асырылды.
Жаңадан, республиканың әкімшілік-аумақтық бөліністеріне қатысты
құрылған сақтандыру аппараттарын басқару Аймақтық (краевой) мемлекеттік
сақтандыру кеңсесіне жүктелді, сондай-ақ оған жергілікті халықтың тұрмысына
сай келетін сақтандыру түрлерін, оның ішінде егістіктерді үсіктен және т.б.
жағдайлардан, кешенді мал өсіру шаруашылықтарындағы малдарды міңдетті
сақтандыруды енгізу жөніндегі мәселені қарастырып, шешуге ұсыныс жасалды.
1929 — 1930 жылдары Қазақстанда ерікті сақтандыру түрлерін
қысқартуға орай міндетті сақтандыру аясы айтарлықтай кеңейген
болатын. 1930 жылы маусымның 26-сындағы Қазақ КСР Х қаулысымен
бұрын ерікті сақтандырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың,
колхоздар мен кооперативтердің (тұтыну кооперативтен басқасы)
мүліктері енді міндетті сақтандырылатын болды.

Сонымен бірге, меншік нысандарына қарамастан құрылыстар мен қора-
қопсылар, ал қалалар мен қала санатындағы поселкелердегі құрылыстар оған
қоса - жер сілкінісінен, топан судан, кұйыннан және т.б. таулы аймактарда
болатын табиғи құбылыстардан; ауылшаруашылығы жануарлары - қырылудан;
ауылшаруашылығы өсімдіктері - бұршақ соғудан, ал мақталар жауыннан езіліп
кетуден және суық шалудан; соя, кенеп және мақта егістіктері шыкпай қалудан
міндетті сақтандырылуға жатқан. Оған қоса тұқымдық қор, механизациялар,
ауылшаруашылығы құрал — саймандары, механизацияланған көліктер міндетті
түрде сақтаңдырылатын болған.
Жаңаша құрылым облыстарда қаржылық басқармаларға бағынышты мемлекеттік
сақтандыру басқармалары, аудандарда аудандық, қалалық қаржылық бөлімдерге
бағынышты мемлекеттік сақтандыру инспекциялары, ал республика орталығы
астанада қазақ мемлекеттік сақтандыру басқармасы сипатында коммунистер
партиясы орталық комитетінің қаулысына сай қалпына келтірілді.

Сақтандыру ісінің жаңа белестеріне бағдарланған тиісті қызметтердің
жарқын көріністері 60 жылдардың екінші жартысында айтарлыктай жүргізілу
барысында қол жеткізген көрсеткіштерден байқалған еді. Басты назар
аударылған бағыт ауылшаруашылығы аясындағы сақтандыру жүйесі болды.
"Колхоздардың мүліктерін мемлекеттік міндетті сақтандыру туралы" 1967 жылғы
тамыздың 28-індегі КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығы мен КСРО Министрлер
Кеңесінің қаулысы Мемлекеттік сақтандыру мен колхоздардың экономикалық
баланстары мен мүдделерін сақтауды ойластырып қабылданған құқықтық құжаттар
болып саналады. Осы және басқа да құжаттарға сәйкес сақтандыру оқиғаларының
тізбесі кеңейтілген болатын. Мәселен, қуаңшылық, шамадан тыс ылғалдылық,
жылудың жетіспеуі, өсімдіктер зиянкестері, қолайсыз ауа райы жәие өзге де
ыңғайсыз жағдайлар.
1968 жылғы сәуірдің 30-ында қабылдаған "Жұмысшылар мен қызметкерлердің
жеке басты сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жарналарын ақшасыз есеп
айырысу жолымен төлеуі туралы" КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысына орай
сақтандыру қоғамдық қатынастарына өте қажетті әрі тиімді элемент
енгізілгенін ерекше атап өтуге тиіспіз. 1969, 1971, 1973, 1975, 1976, 1977,
1980, 1984 жылдары қоғамның әр түрлі аялары мен жан-жақгы нысанда жүзеге
асырылған міндетті және ерікті мемлекеттік сақтандыру үлкен жетістіктерге
жеткен болатын. 1981 жылғы қазанның 2-сінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің
Президиумының "Азаматтардың қарамағындағы мүліктерді міндетті мемлекеттік
сақтандыру туралы" Жарлығында жаңа тарифтер мен бағалар, нормалар мен
ставкалар, сақтандыру сомалары, сақтандыру аумағы мен объектілері,
сақтаңдыру құнын анықтау тәсілдері, сақтандыру төлемдері мен өтемдері
мұқият белгіленген еді. Сақтандыруды жетілдіруге атсалысқан мына
нормативтік актілер уақыт талабына сай қабылданылып отырған: 1977 жылғы
ақпанның 8-індегі КСРО Министрлер Советінің "Мемлекеттік сақтандыруды одан
әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы" қаулысы, 1978 жылғы маусымның 1-індегі
"Совхоздар мен басқа да мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарына
стихиялық апаттар мен өзге де қолайсыз жағдайлардан келтірілген залалдардың
орнын толтыру тәртібін жетілдіру туралы КОКП ОК мен КСРО Министрлер
Советінің қаулысы, 1984 жылғы тамыздың 30-ындағы "Мемлекеттік сақтандыруды
одан әрі дамыту және сақтандыру органдарының жұмыстарының сапасын
жоғарылату жөніндегі шаралар туралы" КСРО Министрлер Советінің қаулысы
және 1986 жылғы қыркүйектің 3-індегі "КСРО үкіметінің колхоздарды,
совхоздарды және басқа да мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарын
міндетті сақтандыру мәселелері бойынша кейбір шешімдерінің өзгергенін және
күшін жойғанын тану туралы" КСРО Министрлер Советінің қаулысы. Кеңестер
Одағының ыдырауы мен Казақстанның егемендік алуына аздаған уақыт көлемі
қалған кезде еліміздің сақтандыру жүйесінің кемеліне келген шағы болатын
деп санай аламыз. Мәселен, осы жөнінде атақты қаржыгер-экономист,
сақтандыру ісінің ірге тасын қалаушы практик маман және танымал ғалым К.К.
Жүйріков 1990 жылдың басында Қазақ КСР-сында сақтандырудың мына келесідей
20 түрі жүрген деп көрсеткен болатын: ауылшаруашылық сақтандыруы;
азаматтардың жеке басының мүлігін сақтандыру; өмірді сақтандыру; ара ұялары
мен олардың өнімдерін сақтандыру; азаматтардың қолындағы иттерді
сақтандыру; азаматтардың шаруашылығындағы көпжылдық көшеттер мен
ауылшаруашылығы культураларының шығымын сақтандыру; жолаушыларды ерікті
сақтандыру; кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы, колхоздардағы,
совхоздардағы және кооперативтердегі қатерлі жағдайлардан ұжымдық
сақтандыру; жүмысшыларды, қызметкерлерді және олардың отбасыларының
мүшелерін, мүліктері мен өмірлерін жер сілкінісінен сақтандыру; шаруа
қожалығының мүлкін сақтандыру; азаматтардың қолындағы жануарларын ұрлап
кетуден сақтандыру; азаматтардың қолындағы ұсақ малдарды сақтандыру;
жұмысты жоғалтуды-жұмыссыздықты сақтандыру және т.б.
Аталмыш сақтандыру түрлері осымен шектеліп қалмай өзге де түрлері
енгізілген болатын. Мысалы, қаржылық тәуекелдерді сақтандыру;
инвестицияларды сақтандыру; құрылыс-монтаж тәуекелдерін (катерлерін)
сақтандыру; интернаттық балалар мекемелерінің тәрбиеленушілерін сақтандыру
және т.б.
1.2. Сақтандыру қызметінің түрлеріне жалпы сипаттама

Сақтандырудың өзі бірнеше түрге бөлінеді. Қазақстан Республикасының
заңдары бойынша, Сақтандырудың түрлері, түсініг және белгілері, оларға:
1) міндетті түрде сақтандыру.
2) ерікті түрде сақтандыру.
Сақтандыру объектілері бойынша:
1) жеке сақтандыру
2) мүлікті сақтандыру.
Міндетті түрде сақтандыру, заң негізінде жүзеге асырылады, яғни заңмен
міндеттелген. Міндетті сақтандыру, ол заң актісімен бекітіледі. Міндетті
сақтандырудың тәртібімен, жағдайы Үкіметпен бекітіледі. Заңмен ерекше
белгіленген, өз өмірін міндетті түрде сақтандыру, ол жерде азаматтардың
денсаулығы барлығы заңмен шартпен қаралған. Міндетті сақтандыру ол,
жолаушыларды тасмалдаушы болуы және жеке сақтандыруда қажет. Кейбір елдерде
міндетті сақтандыру шартты түрде жүзеге аспайды, оларда сақтандыру
жағдайы, заңдарында белгілеген, осы заңда көрсетілген жағдайды орындаған
адамдар тараптары болып табылады. Қазақстан Республикасының заң
шығарушылығы бойынша, бұл міндетті түрдегі сақтандыру, қандайда бір шарт
нысанында ерікті түрде жүзеге асуы керек. Құқықтық актілерде келесі
қатынастар қарастырылған және шарттада көрсетілуі керек, сақтандырушы
келесі жағдайда, сақтанушымен міндетті шарт жасауы керек, ол сақтандыру
заңы арқылы алдын-ала реттеліп отыруы керек. Сақтандырушы ұсыныс жасауға
құқылы, яғни сақтандырушыға да, сақтанушығада ұтымды болуы керек. Осындай
міндеттерде заңшығарушылық міндетті сақтандыруда, екі тарапқа тең болады.
Келесі негіздерге байланысты, міндетті сақтандырудың белгілеріне
байланысты келесі негіздерге бөлуге болады:
а) заң шығару актісімен және парламент актісімен жүзеге асады.
б) міндетті сақтандыру жағдайы заң шығарушылықпен бекітіледі және
сақтандыруды реттейді. Заңшығарушы өзіне заңды қоса, міндетті сақтандыруда
да белгіленген және Үкімет қаулысында, осының негізінде ұйымның тәртібі
белгіленеді. Сақтандыру жағдайы құқықтық актіде ескертілеген, осы шартта
тараптарды тікелей белгілейді. Одан басқа тараптардың құқығы, шартта
сақтандырушы жағдайды жақсартуы, заңшығарушылықпен салыстырғанда.
в) сақтанушылар, міндетті сақтандырудан жалтарса, онда оларға
әкімшілік не қылмыстық жауапкершіліктері жүктетіледі, яғни жағдайдың ауыр
жеңіліне байланысты болады.
Міндетті сақтандыру, кез келген сақтандыру ұйымына шексіз құқық бере
алмайды. Ол онда сақтандыру ісін монапализімге алып келеді. Меншік нысаның
принципінде бұзады. Сондықтан да заңда альтернативалық сақтандыру
қарастырылған-сақтанушылар кез келген сақтандыру ұйымдарында сақтана
алады. [16, 24-26]
Кейбір жағдайларда сақтандыру ұйымы кейбір сақтандыру түрлерін
жүзеге асырмаса, сақтанушы келген кезде, яғни сақтандырушыға тиімді
болмаса да, бірақ сақтандырушыда сол сақтандыру түріне арнайы рұқсат
қағазы болса, ол онда сақтандыруға міндетті. Сондықтан да сақтандыру
ұйымдары, міндетті сақтандыруда жалғыз құқылы болып табылмайды, сонымен
бірге міндетті болып табылады.
Сақтандыру туралы заң және Қазақстан Республикасының азаматтық
кодекістің (ерекше бөлімі) өзінде де міндетті Сақтандырудың түрлері,
түсініг және белгілерін бекітпейді, бұны тек қана заң актілерімен
бекітіледі. Міндетті түрдегі сақтандырудың ең көп тараған түрі: әуе
жайындағы, темір жолындағылар, су қызметіндегілер, ішкі су
қызметкерлері және аудан аралық автобустар, халықаралық көлік құралдары.
Осы міндетті сақтандыру түрлерін көп тараған деп айтуға болады.
Мемлекет міндетті түрдегі сақтандыру түрлерін орындау мақсатымен
байланысты, заң шығарушылар бірнеше шара түрлерін қарастырған. Сондықтан
да сақтанушы міндетті сақтандыру шартын орындамаған жағдайда, сақтандырушы
сот тәртібімен міндетті сақтандыру шартын орындауын талап етуге құқығы
бар. Бұны жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы, яғни сол ұйымның міндетті
түрде сақтандыруы туралы рұқсат қағазының болуы қажет, сақтандыру
түрлеріне байланысты.
Міндетті сақтандыру шарты тасмалдаушының жолаушылар алдындағы
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, міндетті сақтандыруды жүзеге асыру
процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Тасымалдаушының
жолаушылар алдындағы азаматтық – құқықтық жауапкершілігін, міндетті
сақтандыру туралы заңдарға Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі,
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңы, осы заң және
Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілер
жатады.Тасмалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық – құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандырудан (бұдан әрі – міндетті сақтандыру)
туындайтын және басқада заң актілерін қолдану аясына қатысты қатынастар
қарастырылады.
Осы заңда тікелей реттелген қатынастардан басқасы осы актілермен
реттеледі. Осы заң тасмалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық
жауапкершілігімен қосымша сақтандыруды ерікті тәртіппен жүзеге асыру
құқығын шектемейді.
Міндетті сақтандыру объектісі, тасымалдаушының Қазақстан
Республикасының азаматтық заңдарында көзделген міндетіне байланысты
тасымалдау кезінде жолаушының өміріне, денсаулығына және мүлкіне
келтірілген зиянды өтеуге мүліктік мүддесі міндетті сақтандыру объектісі
болып табылады.
Міндетті сақтандырудың мақсаты және негізгі қағидалары. Міндетті
сақтандыру тасымалдау кезінде жолаушының өміріне, денсаулығына және мүлкіне
зиян келтірген мүліктік мүдделерін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру,
арқасында қорғау мақсатында жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың
негізгі принціптеріне мыналар жатады:
- зардап шеккен адамдарының мүліктік мүделерінің осы сақтандыру заңында
көделген тәртіппен және көлемде қорғауды қамтамасыз етуі.
- тасымалдаудың міндетті сақтандыру шарты болған жағдайда , оның
жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдау.
- тараптардың міндетті сақтандыру шарты бойынша, өз міндеттемелерін
орындауын қамтамасыз теуі.
Міндетті сақтандыру шарты және оны жасау тәртібі. Міндетті сақтандыру
шарты өміріне, және денсаулығына, мүлкіне тасымалдау кезінде зиян келтіруі,
мүмкін үшінші тұлғаның (жолаушының) пайдасына сақтандырылуы мен
сақтандырушы арасында жасалған келісім болып табылады. Сақтанушы
сақтандырушыны таңдауға ерікті. Сақтандырушы сақтанушының міндетті
сақтандыру шартын жасауына қарсы болмауы тиіс.
Міндетті сақтандыру шарты бойынша, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын
төлеуге міндеттенеді, ал сақтанушы сақтандыру жағдайы басталған кезде,
пайда алушыға заңда көзделген тәртіппен және мөлшерде сақтандыру төлемін
төлеуге міндеттенеді. Міндетті сақтандыру шарты сақтанушының жазбаша
өтініші негізінде жасалынады. Сақтандырушы сақтанушыдан, заң талаптарына
сәйкес міндетті сақтандыру шартына қажетті мәліметтер беруін талап етуге
құқылы. Міндетті сақтандыру шартын жасау сақтандырушының сақтанушыға
сақтандыру заңдарының талаптарына сәйкес рәсімделген сақтандыру полюсін
беруі мен куәландырады.[17]
Сақтандыру полюсі жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушыға
(сақтандырылған адамға) оның жазбаша өтініші негізінде сақтандыру полюсінің
көшірмесін беруге міндетті. Мұндай жағдайда сақтандырушы сақтанушыдан
сақтандыру полюсі бланкілерін дайндау құнының және көшірмесін рәсімдеуге
жұмсаған шығыстың өтелуін талап етуге құқылы, 0,1 айлық есептік
көрсеткіштен артық емес. Сақтандыру полюсінің нысаны мен мазмұны бойынша
қойылатын талаптары сақтандыру қызметін реттеуі мен қадағалау жөніндегі
уәкілетті мекемелік органдар белгілейді.
Міндетті сақтандыру шартының күшіне енуі, қолдану мерзімі және аумағы.
Егер міндетті сақтандыру шартында басқаша көзделмесе, міндетті сақтандыру
шарты сақтандыруды төлеуге тійіс сақтандыру сыйлықақысын , ал оны төлеген
кезде бірінші сақтандыру жарнасын төлеген сәттен бастап күшіне енеді және
тараптар үшін міндетті болады және сақтандыру мерзімі ішінде қолданылады.
Міндетті сақтандыру шарты, жоғарыда көрсетілген сәттен бастап, яғни
күшіне енген кезден бастап 12 ай мерзімге жасалынады. Міндетті сақтандыру
шарты, сақтандырудың барлық мерзімі ішінде қолданылады және бірінші
басталған сақтандыру жағдайы бойынша өз қолдануын тоқтатпайды. Егер
жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдауды жүзеге асыру құқығы 12 айдан
аз кезең ішінде аяқталса, онда міндетті сақтандыру шартының қолдануы
Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.
Міндетті сақтандыру шартының қолдануын мерзімінен бұрын тоқтату. Осы
шартты оны тоқтатудың Қазақстан Республикасының азаматтық кодекісінде
көзделген жалпы негіздерден басқа келесі жағдайларда мерзімінен бұрын
тоқтатылады.
- тасымалдаушының немесе сақтандырушының қызметі тоқтатылғанда.
- соттың шартты жарамсыз деп тану туралы шешімі қабылданғанда.
- сақтанушының талап етуі бойынша.
Конституция көрсетілген жағдайда міндетті сақтандыру шартын тоқтату
үшін негізгісі ретінде көзделген жағдайлардың пайда болғанынан бастап
міндетті сақтандыру шарты тоқтатылған болып саналады, бұл туралы мүдделі
тарап басқа тарапқа тез арада хабардар етуі тиіс. Міндетті сақтандыру
шартын мерзімінен бұрын тоқтату үшін сақтанушы (ол сақтанушы қайтыс болған
жағдайда-оның мұрагері) сақтанушыға жазбаша өтініш береді. Өтінішке сақтану
полюсі, не оның көшірмесі қоса беріледі. Міндетті сақтандыру шартын
мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушы сақтандыру сыйлық ақысының бір
бөлігін қайтаруға құқылы.Ұстау мөлшеріне сақтандыру үшін іс жүргізуіндегі
шығыстары соған енгізіледі.
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері және оны төлеу тәртібі. Теміржол
тасымалдаушылары жүзеге асыратын тасымалдаушының міндетті сақтандыруы
бойынша,сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тасымалдаушының сақтандыру
шартының қолдануы кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында
жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдаудан алынған (алынуға тиісті)
кіріс сомасының 0,2 проценті болады және бір айдан алынған (алынуға тиісті)
кірістен ай сайынғы жарналары түрінде төйленеді. Бірінші сақтандыру
жарнасының мөлшері алынған кіріске байланысты кейінгі қайта есеп айырысу
арқылы тасмалдаудан түскенді жоспарлап отырған айлық кіріске сәйкес
белгіленеді. Темір жол тасымалдауының жүзеге асыратың тасымалдаушының
міндетті сақтандыру шартың жасаған кезде сақтандыру сыйлық ақысының мөлшері
сақтандырушы өзі жүргізген сақтандыру тәуекелің бағалау нәтижелері
бойынша,бірақта тасымалдаушының сақтандыру шартының қолданылуы негізінде
Қазақстан Республикасының аумағында жолаушыларды және олардың мүлкін
тасымалдаудан алынған кіріс сомасының 0,5 процентінен аспайтын мөлшерінде
көбейтуі мүмкін.
- Ерікті түрдегі сақтандырудың жүзеге асуы,тараптары өз еркімен келіп,
шартқа отырады. Яғни заң жүйесіне күштеу көрсетілмейді. Ерікті сақтандыру
түрін,жағдайы және тәртібін тараптардың келісімімен жүзеге асады.
Сондықтан да ерікті сақтандыру шартының ен негізгі қайнар көзі ретінде, екі
тарап келісімге келген шарты болып табылады.
Сақтандырылған объектісі деп сақтандыу қорғауына жататын объекті, яғни
ол объекті неге бағытталған және сақтандырылған объекті. Бұл сақтандыру
шартының пәні ретінде, не сақтандырылды сол болып табылады. Объектінің
ішіндегі мүлікті сақтандырған кезде объектінің ішіндегі мүлік шартқа
түседі. Осыған сәйкес азаматтық кодексте мүліктік деп былай түсіндіреді, ол
мүліктің игілігі және құқығы. Яғни сол мүлік қайда қатысуына байланысты,
(ақша, құнды қағаздар, және тағы басқалары. Мүліктің өзі екіге бөлінеді:
қозғалатын және қозғалмайтын мүлік болып, оның ішінде: бөлінетін және
бөлінбейтін мүлік болып.
Қозғалмайтын мүлік деп - жер учаскелері мен тығыз байланыста тұрған
заттар, оларға: ғимараттар, кәсіпорындар басқада мүліктік кешендер. Яғни
олардың орнын ауыстырса қандайда бір шығынға келеді.[18]
Қозғалатын мүлік деп – ол мүліктің орнын ауыстырғанда, шығын болмайды,
болсада аз мөлшерде болады.
Бөлінетін мүлік деп – оны бөлген кезде, ол мүлік жоғалтпауы керек. Яғни
өз қызыметін жоғалтпайтын болуы.
Бөлінбейтін мүлік деп – оны бөлген кезде, ол мүлік өз мақсатын
жоғалтады. Яғни өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болады.
Азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандырғанда, міндеттілігі бойынша
сақтандыру жауапкершілігі тәуекелде болады, осының негізінде пайда болатын
себепті шығындар өмірге, денсаулыққа немесе басқа тұлғаның мүлкіне,
сондықтан да міндеттілігі бойынша жауапкершілігі, ол шарт негізінде
туындайды. Демек сақтандыру объектісі тәуекел болуыда мүмкін, осы міндетті
сақтандырудың екі түріене шығады:
а) өзінің орындауына жатпайтын міндеттіліктері.
б) үшінші адамға себепті шығындар келуі.
Бірінші түріне байланысты, сақтанадырушы өз міндеттерін бұзуы бойынша.
Міндеттемені орындамау немесе тійісті дәрежеде орындамау, (мезгілінде
орындамау, тауарлармен жұмыстарды толық орындамау), тиісінше орындамау,
оның бұзылуы деп түсіндіріледі. Тиісті дәрежеде орындауға мүмкіндік
болмаған жағдайда, борышқор бұл туралы несие берушіге дереу арада хабардар
етуге міндетті. Міндеттемені бұзғаны үшін борышқорды жауапқа тарту, несие
берушінің талап етуі бойынша жүргізіледі. Міндетін бұзған борышқор,
кридиторға кетірген шығынды толық түрде өтеуге міндетті. Сондықтанда
сақтандыру объектісі азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырушының
бұзуы, өз міндетіне қатысты тәуекел етеді.Яғни басқа тарап шеккен шығынды
өтейді, тексеруші агентіне келген шығыны оның міндеттемесін орындауына
жатпайды. Басқа сөзбен айтқанда келген шығынлар, сақтандырушы өзінің
тексеруші агентіне төлеуі керек, тәртіп бойынша шығындарды қайтару, өзінің
міндетіне жатпайтын міндеттерді орындаған кезде, сақтандырушы оның алдында
жауапты болады.
Сақтандыру шарты азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандыру
шартындағы міндеттемелерін орындамауы үшінші тұлғаның алдында ерікті түрде
немесе міндетті түріне алып келуі мүмкін. Қазіргі өмір тәжірибесінде,
тасмалдаушы өзінің клиентіне мүлкіне келтірген зияны үшін, сақтандыру
жауапкершілігі пайда болады.
Тағы бір түрі ретінде азаматтық құқықтық сақтандыру жауапкершілігі
сақтандыруға түскенде, шарт негізінде болмайды. Осыған сәйкес бір тұрға,
келесі бір тұлғаға (зиян шегуші) келтірген шығынын толық төлеуге міндетті.
Осыдан келе, зиян келтірген тұлға, зиян шеккен тұлғаға келген шығынды
өтеуге міндетті. Яғни бұл жерде зиянды өтеген кезде, үшінші тұлғаға зиянды
өтеген кезде шарт негізінде жүзеге аспайды. Бұндай міндеттемелердің түрінде
диліктілік (құқық бұзушылық) немесе қорғаушылық міндеттемелері. Бұндай
міндеттемелердің жауапкершілігіне байланысты, сақтандыр түріне байланысты
объектісі ретінде түседі.
Бұндай жауапкершіліктің жалпы жағдайы азаматтық заңшығарушылықпен
бекітіледі, оларға:
а) зиян шегу.
б) зиян келтірушінің құқыққа қайшы әрекеті.
в) арақатынасындағы байланс құқыққа қайшы болғандықтан
келген зиян келуі.
г) зиян келтірушінің кінәсі.
Заңды тұлғаның зиян шегуі, мүліктік негізде болады. Жеке тұлғаның зиян
шегуі мүліктік сипатта болуы да мүмкін және зиян шегушінің жеке жүйесіне де
зиян келтіруі мүмкін. Бұл жерде зиян шегуіне байланысты, мысалы: зиян
келтірушінің себебінен, зиян шегушінің автокөлігіне ғана емес сонымен қоса
денсаулығынада келуі. Бұл көлік құралдарында көп кездесетін жағдайлар.
Сақтандыру түріне байланысты, сақтандырушының орнына зиян келтіруші
түсуі мүмкін. Жалпы тәртіппен зиян келтірушінің жауапкершілікте болуы, ол
кінәлігіне байланысты. Азаматтық заңға сәйкес жеке тұлға қызметіне
байланысты, жаныгндағыларына аса қәуіпті дәрежеде болса немесе келтірсе,
онда шектірген шығынды өтеуге міндетті, қауіптілік дәрежесі қайнар көзіне
себепті болғанда. Бұл жерде зиян келу себебі, қандайда бір дүлей күштің
әсерінен болғанын дәлелдей алмаса.
Жоғары деңгейдегі қауіптілік қайнар көзі деп, көп несе қызметі деп
түсіндіріледі, ол қызметті жүзеге асырғанда жоғары деңгейдегі қауіптілік
дәрежесі пайда болуы мүмкін, оны толық түрде адамдар тарапынан бақылауы
мүмкін болмайды. Мүлікке зиян келгенде оған жауапкершілік, зиян келтіруіне
себеп болған осындай қайнаркөздерді оны пайдалану мақсатына бағытталған,
сондықтан да өзінің өндіруіне байланысты пацда болған, ерекше қасиеті,
мысалы:автокөлікті өзінің ойлауы бойынша автокөлікті жүргізсе, жол
тәртібіне қарамай.
Субъектінің жауапкерілігі зиян келтіргені үшін, қайнар көзіне жоғары
деңгейдегі қауіптіліктің себепшісі, оның иегері болып табылуы. Оны түсіну
жолы, заңды тұлға немесе жеке тұлға, осы қайнар көздің қауіптілік
дәрежесін жүзеге асыру, бұндай күш оның меншік құқығына шаруашылық құқығын
жүргізу, жедел басқару құқығы немесе басқа негіздерге байланысты – жалдау
шарты, айырбас шарты, көлік құралдарын сенімгерлік арқылы басқару. Егерде
зиян шегуші тұлғаның алдында жауап бермесе, ол иегері болып табылмайды.
Еңбек қатынасында белгілі механизімді басқаруы, ол осының қайнаркөзінің
иегері болып табылады.
Жоғары дәрежедегі қауіптілік қайнар көзінің қауіптілік себебінің болуы,
кенеттен келген зиянның болуы, өзінің кінәсінің болмауы негізінде болса осы
қайнар көздің иесі жауаптылық міндетіне ие болады. Бұл міндеттіліктің
барлығында сақтандыру объектісі болып міндеттіліктікті де жатқызуға болады.
Бұл сақтандыру түрінде сақтандырушы болып, көлік құралдарының иегері болып
табылады, сақтандырудың объектісі болып - көлік құралының иегерінің
жауапкершілігі, яғни үшінші тұлаға зиян келтіргені үшін жауапкершілігі. Бұл
сақтандырушының жауапкершілік мөлшерін алдын ала анықтау мүмкін емес, сол
сияқты келген шығынды да анықтау мүмкін болмайды. Көбінесе бұлар автокөлік
құралдарында кездесетін мәселе, бұнда сақтандыру құнын белгілеу, өз
тәртібімен және өз жағдайымен жүргізіледі. Сақтандырушы зиян келген
субъектіге төлемді төлеу кезінде, ұзақ мерзімде де төлеуі мүмкін, яғни ол
шеккен зиянына байланысты.
Келесі сақтандыру түрі болып, жеке сақтандыруда жатады. Жеке сақтандыру
түріне өмір, денсаулығы, еңбек қабілеттілігі және т.б. азаматтың жеке
өзімен байланысты.
Бұл сақтандырудың объектісі болып, сақтандыру кезінде өмірі,
денсаулығы, еңбек қабілеттілігі. Кейбір кезде жеке сақтандыру түріне,
кәсіпқойлық еңбек қабілеттілігін сақтандырады: әншілер даусын, аяғын,
бишілер, аяқ-қолын. Бұл түрін кеңейте келе, ауқымыда кеңейе түсті. Мысалы:
ішімдіктерден, жұқпалы аурулардан сақтандыру.
Жеке сақтандыру міндетті сақтандыру болыпта және ерікті сақтандыру
түріне жатады. Жеке міндетті сақтандыру, Қазақстан Республикасының заң
шығарушылығына сәйкес міндетті сақтандыру, өзінің өмірін немесе денсаулығын
сақтандыру. Демек міндетті сақтандыру өмірін және денсаулығын, бұл жерде
сақтандырушы ретінде, сақтанушы өзі болуы, онда заңсыз болады. Осындай
сақтандыру түріне кәсіпкер (жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпкерліктің дербес түрі
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты талдау
Қытай модернизациясы
Зейнетақы жүйесі туралы
Инвестициялық саясат
Мемлекеттік басқарудағы мемлекеттік қызметтің қазіргі жағдайы мен ондағы кездесетін мәселелерді талдау
Шартты мерзімінен бұрын тоқтату және лизинг берушіге құқығы мүлікті қайтару
Әлеуметтік сфера дамуы
Әлеуметтік қоргау жүйесін құрудагы альтернативтілік принципі
Кәсіпорынның инвестициялық саясатындағы кедергілер
Пәндер