Қазақстан Республикасындағы шағын инновациялық бизнестің даму барысына жан-жақтылы талдау жасай отырып, қазіргі кезеңдегі шағын инновациялық кәсіпкерліктің дамуында кездесетін проблемаларды саралау және соның негізінде шағын инновациялық бизнесті дамытудың жаңа бағыттарын ұсыну



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. ШАҒЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ.ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.1. Инноватика теориясы шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамытудың негізі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2. Ұлттық инновациялық жүйенің даму болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.3. Инновациялық кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттің рөлі және құқықтық қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... 30
2.1.Қазақстандағы инновациялық саланың бүгінгі жағдайына сараптама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.2. Шағын инновациялық кәсіпкерліктің дамуын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
2.3. Қазақстан Республикасындағы венчурлы бизнестің даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... .60
3.1. Инновациялық кәсіпкерліктің дамуына кедергі жасайтын мәселелер және оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
3.2. Инновациялық кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..67
3.3. Шағын кәсіпорындағы инновациялық жобаның тиімділігі ... ... ... ... ... ... ..76
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...86
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .89
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы бірқатар әлеуметтік – экономикалық табыстарға қол жеткізді. Минералды-шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық экономикаға қайта құру кезеңінің дағдарысына төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бірақ қазіргі өсім сапасы қанағаттандырарлық дәрежеде емес, себебі ол жоғары технологиялар есебінен жүзеге асырылмай жатыр. Жинақталған экономикалық әлеует, әрине ең алдымен минералды-шикізаттық, ғылыми-технологиялық және адами ресурстарды толық қолдану есебінен экономиканың одан әрі қарай дамуына алғышарттар құрайды.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасы экономикасының тиiмдiлiгi негiзiн табиғи және еңбек ресурстарымен қатар ғылыми-техникалық әлеует қалыптастырып отыр. Экономикада ғылым мен техниканың жетiстiктерi инновациялық кәсiпкерлiк арқылы өндiрiске енгiзiлiп рынокқа бәсекеге қабiлеттi жаңа өнiмдер шығарылады. Инновация дегенiмiз – нарықтық бәсеке негізінде және мемлекеттiң қолдауы арқасында жүзеге асырылатын инновациялық үрдiстердiң соңғы тиiмдi нәтижесi. Осы аталған соңғы нәтиже мiндеттi түрде белгiлi бiр «пайдалы инновациялық тимiдiлiкпен», яғни, экономикалық, ғылыми –техникалық, әлеуметтiк, экологиялық тиiмдiлiкпен сипатталынуы тиiс.
Инновациялық-инвестициялық проекттер бойынша тиiмдi шешiм қабылдау Қазақстанның болашағына зор әсер етедi. Ғылыми-техникалық әлеует – кез келген мемлекеттiң ұлттық байлығының негiзгi саласы. Барлық дамыған елдер тәжіребиесi көрсеткендей, экономикалық дамудың негiзгi жолы - ғылыми-техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар экономиканың құлдырауына төтеп берiп, ұлттық экономиканың тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғарылатады. Сондықтан бүкiл дүние жүзiндегi кәсiпкерлер инновацияларды басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңiл бөледi.
Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды – инновациялық даму Стратегиясында өңдеуші және ғылыми сыйымды жоғары технологиялық индустрияға аса зор көңіл бөлініп жатыр. Елдің экономикалық тәуелсіздігі технологиялық даму деңгейінен ажыратылмай қарастырылады. Әлемдік экономикадағы мемлекеттің рөлі мен оның мәні, инновация мен өзгерістердің негізгі қозғаушы күші – жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады. Қазіргі заманғы техника өндіріс технологиясынан бөлек ажыратылып қарастырылмайды. Ол тек нақты технологиямен қатар қолданылады және сол арқылы көрініс табады.
1. «Инновациялық қызмет туралы заң» // Ресми газет, 2002ж. 13 шілде. №28.
2. Н.Ә. Назарбаев. Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін. Президенттің халқына жолдауы. // Сарыарқа. 26 наурыз 2004 жыл.
3. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Президенттің халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан. 18 ақпан 2005 жыл.
4. ҚР Президенті Н.Ш. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңарту жолында» Қазақстан Халқына жолдауы. Егеменді Қазақстан №55, 19 наурыз 2005 жылы.
5. ҚР Президентінің 2006 ж. 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Қазақстан Халқына Жолдауы.
6. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. 2007 ж.
7. Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалық-инновациялық даму стратегисы. Астана, 2003.
8. Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама Астана, 2005 жыл.
9. ҚР статистика бойынша агенттігі. Қазақстан Республикасында ғылыми-техникалық жұмыстарды орындау. Сер.14
10. Статистический бюллетень // Алматы, Агентство РК по статистике, 2004, №1.
11. ҚР статистика жөніндегі Агенттігі. Қазақстандағы 2005 жылға қатысты ғылым мен инновациялық қызмет. Статистикалық жинақ. Алматы 2006.
12. ҚР статистика жөніндегі Агенттігі. ҚР кәсіпорындарының 2006 жыл бойынша инновациялық қызметі. Алматы, 2007ж.
13. Назарбаев Н. Участникам Международной конференции «Наука третьего тысячелетия» // Казахстанская правда. 11 мая 2000 г.
14. 4 Республикалық марғұлан оқулары «Инновация – жаңа бастамалардың негізі» Жезқазған, 2006 жыл.
15. 4 Республикалық марғұлан оқулары «Сапа, инновация және еңбекпен қамту, университеттер тәжірибесі» Жезқазған, 2006 жыл
16. Жарменов А.А., Акбердин А.А. Комплексная переработка минерального сырья Казахстана, Астана, 10 том, 2003 г. (4 Республикалық Марғұлан оқулары «Сапа, инновация, және еңбекпен қамту, университеттер тәжірибесі», Жезқазған, 2006 жыл 37-41 беттер)
17. Купешова С.Т. «Ғылыми-технологиялық және инновациялық саладағы мемлекеттің орны» // Саясат №2, 2001 жыл. Даму институты.
18. Әшімахун А.А. «Отандық кәсіпорындарды дамытуда инновацияның қосатын үлесі» // Саясат №2, 2001 жыл.
19. У.С. Есайдар «Кәсіпорындардың инновациялық қызметін мемлекет тарапынан реттеу қажеттілігі» // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №6 (46), 2004жыл.
20. Ерешев Д. «Қазақстан заңнамасындағы инновация түсінігі» // Заң, №9, 2005 жыл.
21. «Қазақстан Республикасының индустриалды – инновациялық саясаты – экономикалық өсудің негізгі шарттарының бірі» // Теоретические и практические аспекты индустриально – инновационного развития РК, 2005 год
22. Шадиев Р. Проблемы индустриально-инновационного развития // Саясат. 2005. №11
23. А. Акчурин «Некоторые проблемы инновационного развития РК» // Қаржы-қаражат, №3, 2005 г.
24. Ж.М. Садвакасова «Значение инновационного процесса в развитии национальной экономики» // ҚазҰУ хабаршысы №5(51). 2005ж.
25. А.Есилов «Повышение эффективности инноваций в малом бизнесе» // АльПари, №1(45), 2006г.
26. Г.Ж. Нурмуханова «Развитие и функционирование инновационных систем как фактор повышения конкурентоспособности экономики: зарубежный опыт» // Қаржы-қаражат, №4, 2007г.
27. Камалиев Б. «Бәсекелестікке бастайтын бес бағыт» // Орталық Қазақстан, 2007 жыл 3 шілде
28. Алшанов Р «Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайларындағы инновациялық өзгерістері» // Дипломатия жаршысы, 1(11) 2007 жыл
29. М. Шлимбетова «Қазақстанда инновациялық стратегияны жүзеге асыру жолдары» // ҚазЭУ хабаршысы. №1, 2007жыл.
30. А. Тұрғынбаева «Қазақстандағы ұлттық инновациялық жүйе қызметіндегі даму институттарының рөлі» // Қоғам және Дәуір. №3(15) 2007 жыл
31. А.О. Демеубаева, Г.Ж. Ахметова «Инновациялық процестердің дамуында мемлекеттік реттеудің қалыптасуы» // Қаржы қаражат, №3, 2007 жыл.
32. О.В. Беднякова «Концептуальный механизм государственной поддержки инновационного предпринимательства» // АльПари, №3-4, 2007г.
33. А. Кошанов «Наука как стратегический приоритет формирования инновационной экономики» // Саясат, №1. 2007г.
34. Майлыбаев Б. По пути инновационного развития // Казахстанская правда. 2004. 7 февраль.
35. Абсалямова Н. Васильченко В. Ставка на регионы // Казахстанская Правда 03.08.04
36. «Ұлттық инновацияны қолдау» // Президент және халық. 29 желтоқсан, 2005 жыл.
37. «Еліміздің келешегі - өндірістік жаңашылдықта» // Президент және халық, №16 (138) 18 сәуір, 2008 жыл.
38. Шумпетер Й. Теория экономического развития. - М.: Прогресс, 1982. – 454 с.
39. Кембаев Б.А., Комлев Ю.В. Развитие науки и техники в Казахстане. Алматы, 2004г.
40. О состоянии и перспективах развития науки и технологий в РК. Алматы, 2006г.
41. Бердашкевич А.П. «Оподдержке инновационной деятельности в Японии» // Инновации №7, 2002 ж.
42. Заборцева Е. Реструктуризация инвестиционной политики Республики Казахстан в процессе реализации стратегии индустриально – инновационнного развития экономики. /Экономика и статистика. 2006г. №4, 91 б./
43. Жанбирова Б.А. «Совершенствование инновационной политики Республики Казахстан на современном этапе» // Транзитная экономика №6 (63) 2007г. стр. 19-22
44. Ерешев Б.Т. «Стратегии управления инновационным процессом в малом предпринимательстве» // Транзитная экономика №6(63) 2007г. Стр.13-17
45. Freeman C. Technology Policy and Economic Performance. London, Pinter Publishers, 1987.
46. Лекция Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева в Евразийском Национальном Университете имени Л.Н. Гумилева, Астана 26.05.2006. www. akorda.kz
47. Технологии Казахстана» электронды журналы. www.innovations.kz
48. «2006 жылы Бірінші жартыжылдығына қатысты ҚР әлеуметтік – экономикалық дамуы және 2006 жылы екінші жартыжылдығына қойылатын міндеттер» ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінің есебі. www.minplan.kz
49. www. government. kz
50. www. google. kz

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. ШАҒЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.1. Инноватика теориясы шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамытудың негізі
ретінде
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2. Ұлттық инновациялық жүйенің даму
болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
3. Инновациялық кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттің рөлі және құқықтық
қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 21
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ
ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... 3 0
2.1.Қазақстандағы инновациялық саланың бүгінгі жағдайына
сараптама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.2. Шағын инновациялық кәсіпкерліктің дамуын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ..38
2.3. Қазақстан Республикасындағы венчурлы бизнестің даму
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫ
ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... 60
3.1. Инновациялық кәсіпкерліктің дамуына кедергі жасайтын мәселелер және
оларды шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 60
3.2. Инновациялық кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибесі және оны
Қазақстан жағдайында қолдану
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 67
3.3. Шағын кәсіпорындағы инновациялық жобаның
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . .76
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .86
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...89

РЕФЕРАТ

Диссертациялық жұмыс 91 беттен, 10 кесте мен 12 суреттен тұрады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеу жұмысының
негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы шағын инновациялық бизнестің
даму барысына жан-жақтылы талдау жасай отырып, қазіргі кезеңдегі шағын
инновациялық кәсіпкерліктің дамуында кездесетін проблемаларды саралау және
соның негізінде шағын инновациялық бизнесті дамытудың жаңа бағыттарын
ұсыну болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер
қойылды:
- инноватика теориясының қалыптасуы мен қазіргі кезеңдегі
концепцияларын сараптау;
- шағын инновациялық кәсіпкерліктің теориялық негіздері мен оның
даму кезеңдерін сипаттау;
- Қазақстандағы венчурлы бизнестің дамытудың экономикадағы ролі
мен орнын анықтау;
- Қазақстандағы шағын инновациялық кәсіпкерліктің ұйымдастыру
тенденциялары мен қазіргі жағдайын зерттеу;
- ҚР-дағы шағын инновациялық кәсіпкерліктің даму үрдістерін
айқындау;
- ҚР-дағы шағын инновациялық кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен жүзеге
асырудағы проблемаларды анықтау;
- шет ел тәжірибесін сараптау арқылы оның Қазақстан
ерекшеліктеріне сай келетін жақтарын қолдану мүмкіндіктерін
анықтау.
Зерттеу пәні шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамыту механизмдері мен
құралдары, олардың шағын инновациялық бизнестің дамуына ықпал ету
мәселелері болып табылады.
Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасындағы шағын инновациялық
кәсіпкерлік субъектілері табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы экономикалық дамудың қазіргі сатысында шағын
инновациялық кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетудің жаңа
механизмдерін мен құралдарын ұсыну болып табылады.
Зерттеу үрдісінде келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
- шағын инновациялық кәсіпкерліктің даму кезеңдеріне салыстырмалы
талдау жасау негізінде шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамытудың
объективті қажеттілігі негізделді;
- шағын инновациялық кәсіпкерліктің қазіргі даму барысын талдау арқылы
оның болашақ даму бағыттары айқындалды;
- шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамытуға негіз болатын
экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық мәселелер анықталынды;
- шағын инновациялық кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін
проблемалар анықталып, оларды жоюдың жолдары белгіленді;
- шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде оның ел ерекшелігіне сәйкес
келетін тұстары анықталып, оны қолдану мүмкіндіктері көрсетілді.
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы
бірқатар әлеуметтік – экономикалық табыстарға қол жеткізді. Минералды-
шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық экономикаға қайта құру кезеңінің
дағдарысына төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын
қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бірақ қазіргі өсім сапасы
қанағаттандырарлық дәрежеде емес, себебі ол жоғары технологиялар есебінен
жүзеге асырылмай жатыр. Жинақталған экономикалық әлеует, әрине ең алдымен
минералды-шикізаттық, ғылыми-технологиялық және адами ресурстарды толық
қолдану есебінен экономиканың одан әрі қарай дамуына алғышарттар құрайды.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасы экономикасының тиiмдiлiгi негiзiн
табиғи және еңбек ресурстарымен қатар ғылыми-техникалық әлеует
қалыптастырып отыр. Экономикада ғылым мен техниканың жетiстiктерi
инновациялық кәсiпкерлiк арқылы өндiрiске енгiзiлiп рынокқа бәсекеге
қабiлеттi жаңа өнiмдер шығарылады. Инновация дегенiмiз – нарықтық бәсеке
негізінде және мемлекеттiң қолдауы арқасында жүзеге асырылатын инновациялық
үрдiстердiң соңғы тиiмдi нәтижесi. Осы аталған соңғы нәтиже мiндеттi түрде
белгiлi бiр пайдалы инновациялық тимiдiлiкпен, яғни, экономикалық,
ғылыми –техникалық, әлеуметтiк, экологиялық тиiмдiлiкпен сипатталынуы тиiс.

Инновациялық-инвестициялық проекттер бойынша тиiмдi шешiм қабылдау
Қазақстанның болашағына зор әсер етедi. Ғылыми-техникалық әлеует – кез
келген мемлекеттiң ұлттық байлығының негiзгi саласы. Барлық дамыған елдер
тәжіребиесi көрсеткендей, экономикалық дамудың негiзгi жолы - ғылыми-
техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар экономиканың
құлдырауына төтеп берiп, ұлттық экономиканың тиiмдiлiгi мен бәсекеге
қабiлеттiлiгiн жоғарылатады. Сондықтан бүкiл дүние жүзiндегi кәсiпкерлер
инновацияларды басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңiл бөледi.
Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды – инновациялық
даму Стратегиясында өңдеуші және ғылыми сыйымды жоғары технологиялық
индустрияға аса зор көңіл бөлініп жатыр. Елдің экономикалық тәуелсіздігі
технологиялық даму деңгейінен ажыратылмай қарастырылады. Әлемдік
экономикадағы мемлекеттің рөлі мен оның мәні, инновация мен өзгерістердің
негізгі қозғаушы күші – жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз
етілетіндігімен анықталады. Қазіргі заманғы техника өндіріс технологиясынан
бөлек ажыратылып қарастырылмайды. Ол тек нақты технологиямен қатар
қолданылады және сол арқылы көрініс табады.
Ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде ерекше өнімнің ғылыми-
техникалық жобалары, озық технологияларды басқарудың қазіргі заманғы
жүйесін жасаумен шұғылданатын ғылыми-зерттеу, кострукторлық және жобалық
ұйымдары ерекше рол атқарады. Қазақстан тек табиғи ресурстарды ғана
пайдалана отырып дамитын емес, сондай-ақ өзінің интеллектуалды капиталын да
пайдаланып дамитын елге айналғаны белгілі болды. Мұның өзі дүниежүзілік
бәсеке ғылыми-техникалық жобалардың өте жедел жүзеге асуын талап етеді.
Сыртқы әлемдік ортада үздіксіз жүріп жатқан өзгерістер дүниежүзілік
экономикадағы біздің еліміздің де орнын белгілейд, сондықтан индустриалды –
инновациялық қызмет өмір сүрудің және дамудың маңызды факторына айналуда.
Осыған байланысты туындайтын аса маңызды жайт – индустриалды – инновациялық
қызметтің елдің экономикасының өсуін және экономиканың құрылымдық қайта
құрылуын қамтамасыз ететін қуатты тұтқаға айналуы болып табылады.
Индустриалды – инновациялық қызмет – бұл ғылыми-техникалық идеяларды,
ұсыныстарды, өнер табыстарын іс жүзінде қолдануға және таратуға болатын
деңгейде жеткізу қызметі. Индустриалды-инновациялық қызметті басқару
мақсаты – жаңа идеяларды қолдау, бастама көтеру, оларды бақылау,
инновациялық өнімді нарыққа шығаруға жағдай жасау болып табылады.
Инновациялық үрдістерге тән жоғары дәрежедегі динамикалық, анықсыздық,
қарсы факторлардың көп болуы менеджментті күрделендіреді. Сондықтан
индустриалды-инновациялық қызметті басқаруда жағдайдың күрделілік сипатын,
бәсекені, тәуекелді ескеру қажет.
Қазіргі кезде Қазақстанда ескі және жаңа инновациялық жүйелердің
элементтері ұштасқан ауыспалы типтегі ұлттық инновациялық жүйе (ҰИЖ) қызмет
атқаруда. Ескі ҰИЖ-ге мемлекеттік сектордағы ғылыми-техникалық ұйымдардың
көпшілігі, әскери индустрия кешенінің ғылыми-техникалық орталықтары мен
ұйымдары жатады. Жаңа ҰИЖ-ге индустрия мен қызмет көрсету саласындағы шағын
сектордың ғылыми-техникалық ұйымдарын, шағын инновациялық кәсіпорындарды,
көптеген мемлекеттік емес, коммерциялық емес, ғылыми, талдау жасаушы,
консалтингтік т.б. орталықтарды жатқызуға болады. Аталмыш ҰИЖ субъектілері
нарықтық экономиканың ұйымдық және жүйелік принциптері негізінде қызмет
атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық
жүйенің әрекеттері болып табылады.
Шағын инновациялық фирмалар ғылымның және оның тәжірибеде жүзеге асуы
арасындағы байланыстырушы буын болып табылатындықтан, ол ҰИЖ-нің маңызды
бөлігі саналады. Шағын фирмалар ғана негізінен жаңа өнімдер мен
технологияларды құрастыру бойынша, білімдерді тауарға айналдыру бойынша
тәуекелге барады. Сол себепті шағын фирмалар құрамы жоғары тәуекелдік
нәтижесінде үнемі өзгеріп отырады, көптеген фирмалар құлдырап, оның орнына
жаңалары пайда болады. Бұл белгілі бір қалыптағы құрылымдық балансты құрып,
ҰИЖ-дегі шағын фирмаларының сындарлы массасын қалыптастырады. Отандық
жағдайдың ерекшелігі қазіргі кезде шағын фирмалар санының аздығымен және
оларға қолдау көрсететін инфрақұрылымның жаңа ғана қалыптасуымен
сипатталады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Кәсіпкерліктің дамуы, қалыптасуы және
қызмет ету мәселелері мен сұрақтарын зерттеген шетелдік және отандық ғалым-
экономистер, атап айтқанда: Смит А, Маршалл А, Бодо К, Бусугин А.Е,
Кантильон Р, Маккеланд Д, Мұхамеджанова Б.Ғ, Кубаев К.Е., Мұхтарова Қ.С.,
Жатканбаев Е.Б., Купешова С.Т. және т.б.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеу жұмысының
негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы шағын инновациялық бизнестің
даму барысына жан-жақтылы талдау жасай отырып, қазіргі кезеңдегі шағын
инновациялық кәсіпкерліктің дамуында кездесетін проблемаларды саралау және
соның негізінде шағын инновациялық бизнесті дамытудың жаңа бағыттарын
ұсыну болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер
қойылды:
- инноватика теориясының қалыптасуы мен қазіргі кезеңдегі
концепцияларын сараптау;
- шағын инновациялық кәсіпкерліктің теориялық негіздері мен оның
даму кезеңдерін сипаттау;
- Қазақстандағы венчурлы бизнестің дамытудың экономикадағы ролі
мен орнын анықтау;
- Қазақстандағы шағын инновациялық кәсіпкерліктің ұйымдастыру
тенденциялары мен қазіргі жағдайын зерттеу;
- ҚР-дағы шағын инновациялық кәсіпкерліктің даму үрдістерін
айқындау;
- ҚР-дағы шағын инновациялық кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен жүзеге
асырудағы проблемаларды анықтау;
- шет ел тәжірибесін сараптау арқылы оның Қазақстан
ерекшеліктеріне сай келетін жақтарын қолдану мүмкіндіктерін
анықтау.
Зерттеу пәні шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамыту механизмдері мен
құралдары, олардың шағын инновациялық бизнестің дамуына ықпал ету
мәселелері болып табылады.
Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасындағы шағын инновациялық
кәсіпкерлік субъектілері табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы экономикалық дамудың қазіргі сатысында шағын
инновациялық кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетудің жаңа
механизмдерін мен құралдарын ұсыну болып табылады.
Зерттеу үрдісінде келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
- шағын инновациялық кәсіпкерліктің даму кезеңдеріне салыстырмалы
талдау жасау негізінде шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамытудың
объективті қажеттілігі негізделді;
- шағын инновациялық кәсіпкерліктің қазіргі даму барысын талдау арқылы
оның болашақ даму бағыттары айқындалды;
- шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамытуға негіз болатын
экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық мәселелер анықталынды;
- шағын инновациялық кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін
проблемалар анықталып, оларды жоюдың жолдары белгіленді;
- шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде оның ел ерекшелігіне сәйкес
келетін тұстары анықталып, оны қолдану мүмкіндіктері көрсетілді.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі танымал экономист-
ғалымдардың еңбектерінде баяндалған шағын инновациялық бизнесті
қалыптастыру мен дамыту мәселелері жөніндегі пайымдаулар мен қорытындыларға
және монографиялық зерттеулерге сүйенеді. Сонымен қатар кәсіпкерліктің даму
теориялары жөніндегі танымал ғалымдардың ғылыми еңбектері, ғылыми –
тәжірибелік конференция материалдары, ғылыми және қолданбалы зерттеу
жұмыстары, шетелдік авторлардың, отандық экономистердің монографиялары, оқу
құралдары, сонымен қатар, заңды және нормативті-құқықтық актілер,
статистикалық жинақтар, құжатты материалдар құрайды.
Диссертациялық жұмысты жазу барысында әр түрлі экономикалық зерттеу
әдістері қолданылды: талдау және синтез әдістері, салыстырмалы және
факторлық талдау тәсілдері, бағалау, жүйелілік талдау әдістері, логикалық
және статистикалық тәсілдер.
Зерттеудің ақпараттық негізін ҚР-ның статистика бойынша Ұлттық
агенттігінің материалдары, ҚР Заңдары мен нормативті - құқтық актілері,
Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі, Қаржы министрлігінің
статистикалық бюллетендері, мерзімді басылымдар, сонымен қатар ресми веб-
сайттардың мәліметтері құрайды.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы диссертациялық зерттеу барысында
алынған тұжырымдар мен ұсыныстар алдағы кезеңде шағын инновациялық
кәсіпкерлікті дамыту жүйесін жетілдіру мақсатында және Қазақстан
Республикасында инновациялық қызметті жетілдіре түсу үшін қолданылуы
мүмкін.
Зерттеу нәтижесінің сыналуы. Магистрлік диссертация тақырыбы бойынша
2 ғылыми мақала жарияланды.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 90 бет көлемінде
баяндалған және ол кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен, 10 кестеден, 12 суреттен тұрады.
Диссертациялық жұмыстың бірінші бөлімінде шағын инновациялық
кәсіпкерлікті дамытудың қажеттілігі мен экономикалық мәні ашылған. Сонымен
қатар шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамытудың артықшылықтары осы бөлімге
арқау болған. Инноватика теориясы шағын инновациялық бизнесті дамыту негізі
ретінде қарастырылған.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы шағын инновациялық
кәсіпкерліктің даму барысына статистикалық мәліметтер негізінде саралау
жүргізілген. Осы бөлімде венчурлы бизнестің даму ерекшеліктеріне
сипаттама берілген.
Жұмыстың үшінші бөлімінде шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдауды жетілдіру жөніндегі шаралар кешені қарастырылады. Ал жұмыстың
қорытынды бөлімінде автордың диссертациялық жұмысты жазу нәтижесінде алған
өзіндік тұжырымдары мен ұсыныстары берілген.

1. Шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамытудың теориялық-әдістемелік
негіздері

1.1. Инноватика теориясы шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамытудың негізі
ретінде

Нарықтық экономикадағы ғылыми қызмет нәтижелерін пайдалану
мүмкіншіліктерінің мол болуы, инновация деген экономикалық және жалпы
ғылыми категориясын өмірге әкелді. Қоғамдық қатынастардағы пайда болған осы
құбылысты, жаңалық енгізу деген техникалық мағынаны білдіретін
инновация сөзімен атала бастады. Инновациялық қызмет туралы заңның
түсініктерге арналған 1-бабы бойынша, инновация – жаңа немесе
жетілдірілген өнім, жаңа немесе жетілдірген техникалық прогресс, жаңа
ұйымдастырушылық техникалық, қаржылық – экономикалық немесе басқа да
өнеркәсіп немесе қоғамды басқару салаларына прогрессивті ықпал ететін, әр
түрлі қоғамдық қатынастар салаларындағы шешімдер ретіндегі жүзеге
асырылынған, инновациялық қызмет нәтижелері. Біріншіден, бұл анықтамада
инновацияның құқықтық қатынастардағы түрлі көріністері көрсетілген.
Екіншіден, инновация – инновациялық қызметтің нәтижесі ретінде келтірілген.
Жалпы инноватика теориясының қалыптасуы - Й. Шумпетер теориясынан
басталады. 1920 жылдары австриялық ғалым И.Шумпетер өзінің Экономикалық
өсу теориясы еңбегінде экономикалық теория ғылымдырында алғаш рет
инновация түсінігіне көңіл аударды. Оның айтуынша экономикалық тұрақтылықты
жаңашыл кәсіпкерлер бұзады. Бұл кәсіпкерлер рынокқа жаңа өнім әкеліп, басқа
кәсіпкерлерді бәсекеге шақырады. Әр кәсіпкер бәсекеден қалып қоймау үшін,
өз тарапынан басқа да жаңа өнімдер ойлап табуға мәжбүр болады. Әр
кәсіпорынның ішкі факторларын жаңадан біріктіру, яғни факторлар
комбинациясы арқасында да жаңалық алуға болады деді. И. Шумпетер жаңа
комбинациялардың бес түрін көрсетті:
• жаңа өнімді қалыптастыру;
• жаңа технология пайдалану;
• өндіріс процессін ұйымдастырудың жаңа түрлерін пайдалану;
• сатудың жаңа рыноктарына шығу;
• ресурстардың жаңа түрлерін немесе жаңа қайнаркөздерін пайдалану.
И. Шумпетер өз теориясын Н.Д.Кондратьев толқындарымен байланыстырды.
И.Шумпетерден кейін инновациялар теориясын циклдер теориясымен байланыстыра
отырып Г.Менш, К.Фримен т.б ғалымдар жалғастырды. Ал МакКинзи
компаниясының менеджері Р.Фостердiң технологиялық айырылымдар теориясы
И.Шумпетер теориясынан ерекше болды. Р.Фостердің айтуынша кез келген
технологияның S - сияқты белгілі бір өмірлік циклі болады. Әр кәсіпкер өз
технологисының өмір циклін жақсы білуі керек, технология құлдырау фазасына
жақындаған уақытта ол технологияны жаңартуға немесе ауыстыруға даяр болуы
керек. Ғылыми –техникалық прогресс экономикалық өсу факторы ретiнде Солоу,
Е.Домар және Р. Харрод моделдерi танымал. Технологиялық кезеңдерді
инновациялармен тығыз байланыстырушы ғалымдардың бірі А.Ансофф. Ол
технологиялық кезеңдердiң түрлерiн анықтап, өнім өндіру технологиясының ,
сұраныс және ұсыныстың өмiр кезеңдерiн бір бірімен байланысын ашып көрсетті
38, 454 бет
Инновация сөзі 1440 жыл француз тіліндегі жаңғыру және жаңа әлде
зат жасаудың жаңа жолы деген мағынаны білдіретін innovacyon сөзінен
пайда болған. Инновация дегеніміз – бұрын рынокта болмаған жаңа сапалық
қасиеттерге ие бұрыннан белгілі өнім немесе тіпті жаңа және жақсартылған
технологиялық процестер түрінде көрінетін өзгерістер мен жаңалықтар 17, 64-
67 бет.
Р. Портер: Ғылыми парктер - әдемі ландшафта орналасқан, үлкен және
кіші фирмаларды жоғары технологиямен қамтамасыз ету және ол жоғарғы оқу
орнымен байланысты – деген, ал зерттеу парктері – ғылыми парктермен барлық
жағынан тең, бірақ кең өндірістік масштабтағы қызметпен және ЖОО байланысы
аз, яғни шектеулі. Технологиялық парктер – (технополистер) кең территорияны
алып жатыр, оған еңбек сиымдылығы жоғары фирмалар бағытталған., ал ЖОО
байланысы тұрақты емес және оның әсері бәсең.
Ю. Гаушилд және Р. Штейнкюхлер ғылыми және зерттеу парктерін бөліп
қарамайды. Оның басты қағидалары технологиялық білімнің локальды
агломирациясынан және нау-хау - дан тұрады деп және белгілі бір
технологияға бейімдеуі күшейеді деген 38, 37-41 бет.
Ғылыми паркт терминді ұйымдар басқа әйгілі атпен белгілі; мысалға:
зерттеу паркі, инновациялық орталық, алдыңғы қатарлы технологиялардың
даму орталығы т.б. аттармен қоғамда өзінің орнын алып, дамуда.
Ғылыми-техникалық прогресс — кез келген мемлекеттің ұлттық байлығының
негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономикалық
даму, көркейтудің негізгі жолы - ғылыми-техникалық және инновациялық салада
лидер болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп
беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап,
ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады.
Инновациялық қызмет - нәтижелерi экономикалық өсу мен бәсекелестiк
қабiлеттiлігі үшiн пайдаланылатын, өндiрiстiң және қоғамды басқарудың
әртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдердi, технологиялар мен
өнiм түрлерiн енгiзуге бағытталған қызмет.
Инновациялық қызметке мынадай қызмет түрлерi жатады:
1) қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми бiлiмдердi енгiзу;
2) экономикалық айналымда iске асырылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмдi
(жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi), жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық
процестi жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу, жобалау, iзденiс, тәжiрибе-
конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау мен оларға қызмет
көрсету;
3) инновациялық тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу
рыногын ұйымдастыру;
4) өндiрiстi технологиялық қайта жарақтандыруды және дайындауды жүзеге
асыру;
5) жаңа технологиялық процестердi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн
қызметтердi) сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткiзу;
6) бастапқы кезеңде инновациялық жоба өтемдiлiгiнiң нормативтiк мерзiмiне
жеткенге дейiн жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет)
өндiру және (немесе) жаңа немесе жетiлдiрiлген технологияны қолдану;
7) инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту;
8) инновациялық қызмет нәтижелерiн насихаттау және инновацияларды тарату;
9) игеру және iске асыру мақсатында интеллектуалдық меншiк объектiлерiне
(оның iшiнде ашылмаған ғылыми, ғылыми-техникалық және технологиялық
ақпаратқа) құқықтарды қорғау, беру және иемдену;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инновациялар жасауға
бағытталған өзге де қызмет түрлерi жатады.
Жалпы А. Флемингтің бағалы антибиотик – пеницилинді пайдалануды іске
асыруы, 18 ғасырда фотосуреттің пайда болуы, телефон, радио, персоналды
компьютерлердің, жердің жасанды серіктерінің пайдаға жаратылуы – бұл
жетістіктердің бәрі де инновациялық прогресс нәтижелері.
Қарастырылатын түсінік – жаңа немесе жетілдірілген өнім, жаңа немесе
жетілдірген техникалық прогресс деп берілген. Инновация тақырыбына
арналған әдебиетте, инновацияның статистикалық (өнім) және динамикалық
(прогресс) болмыстары көрсетілген. Инновацияны осындай жолмен қарастыру
көптеген зерттеушілерге тән. Мысалға О.П. Молчанова инновацияны түсінудегі
ғылымдағы екі амалдың бар екенін көрсетеді. Біріншісі, инновацияны
шығармашылық процестің нәтижесі, екіншісі, осы нәтижелерді енгізу процесі.
Инновацияны процесс ретінде қарастыру – оның ғылыми – техникалық нәтиже
қалпынан, нарыққа шығарылатын тауар қалпына әкелетін процесс деп
қарастырылады.
Заңның 1-бабы 1- тармағында инновациялық қызмет – экономиканы және
бәсекелестікті дамытуға арналған, әр түрлі салалардағы өнеркәсіп және
қоғамды басқару салаларына жаңа ойларды, ғылыми білімдер, технологиялар мен
жаңа өнімдерді енгізуге бағытталған қызмет деп берілген.
Инновациялық қызмет дегеніміз - бүкіл инновациялық процесс барысында
атқарылатын қызметтер. Инновациялық процесс бірнеше сатыдан тұратын іс
әрекеттер жиынтығы. Ол мынадай төрт негізгі сатыдан тұрады 20, 22-25б.

Сурет 1 – Инновациялық процестің сатылары

Жалпы біз инновациялық процесстерді интегралды, параллелді және
тізбекті ұйымдастыру әдістеріне бөлеміз. Тәжірибе жүзінде инновациялық
үрдістерді ұйымдастыру , жоспарлау , бақылаудың көптеген әдістері бар.
Жоғарыда айтылғандай жаңа өнімнің рынокқа тиімді енуі мен пайдалы болуы
инновациялық үрдістердің тиімді ұйымдастырылуы негізінде болады.

Инновациялық процесстің кез келген деңгейінде инновациялық қызметті
басқару әдістері:

1. ФСА – функционалды-құндық әдіс

ФСА – функционалды-құндық әдіс кез келген өнімнің атқаратын пайдалы
қызметін толық зерттеу арқасында оны өндіруге кететін шығынды азайта отырып
осы қызметтерді сапалы түрде жаңарту әдісі . Ең бірінші рет ФСА –
функционалды-құндық әдіс 1947 жылы Дженерал Электрик компаниясында
пайдаланылған.

ФСА әдісі бірнеше кезеңнен тұрады :
1. дайындық, ;
2. ақпарттық;
3. аналитикалық;
4. зерттеу және ізденіс;
5. рекомендациялық және ұсыну;
6. енгізу және жүзеге асыру .

2. Бенчмаркинг әдісі

Бенчмаркинг benchmark деген ағылшын сөзінің орыс немесе қазақ тіліне
тікелеу аудармасы жоқ, бірақ ол тұрақты бір объекттің көрсеткіші, мысалы
жер бетінің теңіз деңгейінің биіктігін көрсететін бағанадағы көрсеткіш.
Ал экономикалық ілімдерде Бенчмаркинг дегеніміз ең күшті үлгі болатын
конкурент компанияларды іздестіру олардың қызметін зерттеу, үйрену
нәтижесінде жаңа инновациялық өнім ойлап табу қызметтерінің жиынтығы.
Бенчмаркинг ең алғаш рет 1972 жылы АҚШ – тың стратегиялық зерттеулер
институтында пайдаланылды.
Қазіргі күнгі бенчмаркинг әдісі түрленіп көптеген салаларда пайдаланылады .
Бенчмаркинг эволюциясы :
• реинжиниринг немесе өнімді ретроспективті талдау.
• бәсекелестік қабілеттілікті арттырушы бенчмаркинг
• стратегиялық бенчмаркинг
• глобальды бенчмаркинг

Бенчмаркинг әдісін үш деңгейде енгізуге болады

1. Микродеңгейде – кез келген кәсіпорынның конкуренттік позициясын күшейту
үшін пайдаланады;
2. Мезодеңгейде белгілі бір саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
мақсатымен;
3. Макродеңгейде - мемлекеттің отандық кәсіпкерлрдің бәсекеге
қабілеттілігін арттыру саясатына әсер ету.
3. QFD – тұтынушылардың пікірін сұрыптау және FMEA өндіріс дефекттерін
жою әдісі
QFD – тұтынушылардың қажеттіліктерін ескере отырып өнімге өзгеріс енгізу
әдісі. Ол әдіс алғаш рет 1972 жылы Митсубиси (Mitsubishi) компаниясында
пайдаланлған. С 1977 жылы бұл әдіс Тойота (Toyota) компаниясында
табысты қолданылды. Ал 1988 жылы Германии мемлекетінің фирмаларында
пайдаланыла бастады.
QFD - әдісі бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылады:
1. Тұтынушылардың қажеттіліктері мен идеялары туралы ақпаратты жинастыру
1. осы ақпаратты техникалық тілге келтіру
2. тұтынушы қажеттіліктерінің өнім сапасына қарағанда күшті және
әлсіз жақтарын қарастыру
3. өнім өзгертілгеннен кейінгі рыноктағы позицияны алдын ала бағалау;
4. рыноктағы сатып алушылар сегментін анықтау
5. Қажетті өзгерістерді енгізу
6. өндіріске енгізу

өнімнің ғылыми жобасын ұсыну

маркетингтік бағдарламасын жасау

өндіру құралдарын даярлау

сынақтан өткізу

шығындар мен пайда
сметасын жасау

Сурет 2 – Инновациялық қызметті ұйымдастырудың сатылы әдісі.

FMEA - өнім дефекттерін жою әдісі мынадай қызметтер арқылы жүзеге
асырылады:
• дефекттерді жүйелі түрде тіркеп отыру
• мүмкін болатын дефекттерді алдын ала бағалау
• өнім немесе технологияның техникалық құжаттарын мұхият тексеріп отыру
• деффекттерді жою үшін жеке қорды қалыптастыру
FMEA - әдісі мынадай себептерге байланысты пайдаланылуы мүмкін
• кәсіпорын тіпті жаңа өнім өндіру процессін игеру проектін жүзеге
асыру барысында
• Егер кәсіпорын бұрын пайдалану тәжербиесі болмаған технология
пайдалануды көздесе
• өнімге жаңа конструкциялар немесе бөлшектер енгізілсе
• өнім өндіруге бұрын соңды белгісіз болып келген материалдар
пайдаланылайын деп жатса т.б.
Осы инновациялық процессті ұйымдастырудың тәжірибе жүзінде бірнеше
түрі бар. Яғни, негізгі 3 негізгі түріне тоқталайық:
1. Инновациялық қызметті ұйымдастырудың сатылы әдісі
2. Инновациялық қызметті параллельді түрде ұйымдастыру әдісі
3. Инновациялық қызметті ұйымдастырудың интегральді әдісі.
Осы әдісті қарастыратын болсақ, кәсіпорын басқарушысы бірнеше бөлімнен
тұрады. Біріншісі, ғылыми-техникалық зерттеу бөлімі - өнімнің ғылыми
жобасын ұсынады, екіншісі, маркетинг бөлімі – маркетингтік бағдарламасын
жасайды, үшіншісі, өндіріс бөлімі - өндіру құралдарын даярлайды,
төртіншісі, сату бөлімі – сынақтан өткізеді, бесіншісі, қаржы бөлімі –
шығындар мен пайда сметасын жасайды. Осы бөлімдердің бәрі жаңа өнім
идеясына алып келеді.

Сурет 3 – Инновациялық қызметті парралелді түрде ұйымдастыру

Дегенмен Қазақстандағы инновациялық саланың дамуының қазіргі деңгейіне
сай мемлекеттің рөлі жоғары. Осы себептен, бұл саладағы қатынастарға
түсудің мемлекеттің ерекше құқық субъектісі ретіндегі алғышарттардың да
болуы қажет. Яғни, оның жария және жеке құқық субъектісі ретіндегі
мәселелердің заңда алдын алу қажет. Өйткені, инновациялық қызметтің
қоғамдағы жүзеге асырылуы, азаматтық құқықтағы теңдік принциптеріне
негізделеді.

Сурет 4 – Инновациялық қызметті ұйымдастырудың интегральді әдісі.

Осыған орай инновациялық заңнаманың нақты түрдегі жеке құқық және жария
құқық салаларының бөлінуі қажет. Демек инновациялық қызмет туралы заң
жеке құқық деңгейіндегі қатынастарды реттеуі қажет, ал мемлекеттің
инновациялық қатынастарға түсу алғышарттары, мысалға, Мемлекеттік
инновация саясаты туралы заңда немесе басқа да мемлекеттің инновациялық
қатынастарға түсуін реттейтін заңның болуы қажет.

1.2. Ұлттық инновациялық жүйенің даму болашағы

Қазақстан экономикасын модернизациялау және оны Елбасы Н. Назарбаевтың
соңғы жарғысында көрсетілген сыртқы нарықтарға бағыттау кезінде
инновациялық жүйенің тиімділік проблемасы бұрынғыдай өзекті мәселелердің
бірі болып отыр 6. Бұл процесті жүзеге асырудың міндетті шарты ретінде
инновациялық инфрақұрылым, соның ішінде даму институттарын қалыптастыру
мәселесін айтуға болады.
ҰИҚ-ның мақсаты- технопарктер, бизнес-инкубаторлар салу, венчурлы
қорларды ұйымдастыру. Қазіргі кезде ҰИҚ - ның құрамында 9 венчурлы қордың
қаржысы бар, олардың бесеуі отандық та қалған төртеуі- шетелдік. Қазіргі
кезде Қазақстанда венчурлық қор жүйесін қалыптастыру үлкен маңызға ие болып
тұр, бұл әсіресе заңдық шығармашылық барысында өте тиімді.
ҰИҚ өз жұмысының төрт бағытын анықтады; мұнай-газ секторына
технологиялық қызмет көрсету, информациялық технология, ауыл шарушылығы
өнімдерін қайта өңдеу. Сондай-ақ биотехнология мен фармакология саласында
да жұмыстар жүргізу. Бұл мақсаттарға қаржының жетпіс пайызы бөлініп отыр.
Қалған ақша ұқсас технологияларға, энергетикаға, нанотехнологияға,
космостық технологияға жұмсалатын болады.
ҰИҚ түрлі деңгейдегі талдау жұмсытарын жүргізу, Озық жетістіктер
орталығын құру, экономиканың нақтылы секторымен тығыз байланыс орнатып,
озық жетістіктерді ғылым мен техниканы дамытуға кеңінен пайдалану
мақсатында Бүкіләлемдік банкпен бірлесіп жұмыс істеуде. Бұл жоба 2005 жылы
Қоғамдық форумда қабылданған болатын. Ұлттық
инновациялық жүйе түсінігіне қатысты түрлі көзқарастардың болуын ескере
отырып, ең алдымен бұл ұғымның мәнін түсіндіре кетейік. XX – ғасырдың
соңында түрлі елдің ғалымдары жапондық технологиялық өрлеудің қайнар көзін
түсіндіру қажет болғанда Ұлттық инновациялық жүйе (ҰИЖ) концепциясына алғаш
рет назар аударған еді (К. Фримен, Р. Нельсон, Н. Розенберг, Б. Лундвана
және т.б.). 1997 жылы экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының бұл
түсінікке берген анықтамасы дәлірек болды.
Ұлттық инновациялық жүйе дегеніміз - мемлекеттің инновациялық
саясаттын қалыптастыру мен жүзеге асыруға негіз болатын, дербес және өзара
қарым – қатынас нәтижесінде жаңа технологияны дамыту мен таратуға жағдай
жасайтын, жеке және мемлекеттік секторге қатысты институттар жиынтығы 45.

ҰИЖ институттары ретінде университеттер, үкіметтік ұйымдар,
инфрақұрылым элементтері, сондай – ақ мемлекеттік саясат құралдары,
қоғамдық тәртіп заңдылықтары, заң нормалары және т.б. қарастыруға болады.
Инновациялық жолда серпінді дамып келе жатқан елдерде мемлекеттік басқару
институттарының маңызы өте зор. Бұл ұйымдардың негізгі міндеттеріне жаңа
техниканы енгізудің тәуекелін төмендету, ақпаратпен қамтамасыз ету, ғылыми
– зерттеу жұмыстарының басымдылықтарын айқындау, қаржылық көмек көрсету
жатады.
Қазақстанда 2007 жыл ҰИЖ – ні мемлекеттің белсенді қатысуымен
қалыптастыру мақсатын көздеген 2003 – 2015 жылдарға арналған Республикалық
индустриалды – инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыруда 2 – кезеңнің
соңғы фазасы екені баршамызға мәлім. Жалпы алғанда, сарапшылардың бағалауы
бойынша, Қазақстанның индустриалды – инновациялық саясатын жүзеге асыру
мемлекет қызметінің барлық салаларына әсер етті, бұл бойынша заң қабылдау
саласында түрлі жұмыстар атқарылып, бағдарламалық құжаттар мен нақты
шаралар қолданылып жатыр. Республикадағы инновациялық қызметті ынталандыру
бойынша үкіметтің қабылдаған түрлі шараларының нәтижесінде бұл саладағы
халық белсенділігінің өсу тенденциясын байқауға болады. Дәлірек айтсақ, ҚР
статистика жөніндегі Агенттіктің 01.01.2007 ж. Берген мәліметіне сәйкес,
республикадағы инновациялық белсенді кәсіпорындар саны 505 бірлікті құрады.
Бұл респонденттердің жалпы санының 4,8% - на тең (1 кесте).
Қазақстанның ҰИЖ – гі мемлекеттік даму институттарына Қазақстанның
даму банкі АҚ, Қазақстанның инвестициялық қоры АҚ, Ұлттық инновациялық
қор АҚ, Экспорттық несие мен инвестицияны сақтандыру бойынша мемлекеттік
сақтандыру корпорациясы АҚ, Технологиялық трансферт пен инжиниринг
орталығы АҚ, Маркетингтік – аналитикалық зерттеулер орталығы АҚ жатады.
Еліміздің экономикасының барлық секторында инвестициялық және инновациялық
белсенділікті арттыру мен ынталандыру мақсатында 2006 жылы 16 наурызында ҚР
Президентінің Жарлығына сәйкес, мемлекеттік акциялар пакетін иемдену мен
қолдануға құқылы, мемлекеттік даму институттарына қатысты басқарушы
холдингтік компания ретінде Тұрақты даму қоры Қазына құрылды (5 сурет).

Кесте 1 – 2004-2007 ж.ж. Қазақстан Республикадағы кәсіпорындардың
инновациялық белсенділігі
Көрсеткіштер Жылдар
2004 2005 2006 2007
Респонденттер саны, барлығы 7212 8022 10392 10591
Соның ішінде: инновациялық 148 184 352 505
белсенді кәсіпорындар саны
Инновация саласындағы 2,1 2,3 3,4 4,8
белсенділік деңгейі, %

Негізі: 11, 12.

Сурет 5 – Қазақстан Республикасының даму институттарын басқару.

2006 жылы 1 қаңтарында даму институттарының жалпы жарғылық капиталы 1
млрд. АҚШ долларынан астам қаржыны құрады. Қаржылық даму институттарының
инвестициялық жобалар портфелі жалпы сомасы 4 млрд. АҚШ долларын құрайтын
қаржыландыруға жіберілген 134 жобадан тұрады 42, 91 б.
Даму институттар қызметінің нәтижесін бағалайтын болсақ, Даму Банкі
құрылғаннан бері республикамызда жалпы сомасы 1970,2 млн. АҚШ доллары,
соның ішінде Банктің қатысуымен 807,7 млн. АҚШ доллар көлемінде 84
инвестициялық жоба мен экспорттық операциялар мақұлданған. Сондай – ақ 2006
жылы 1-ші жарты жылында жалпы сомасы 196,9 млн. доллар. Банктің қатысуымен
57,7 млн. АҚШ доллар көлемінде 10 инвестициялық жоба мен экспорттық
операциялар мақұлданғанын да айта кеткеніміз жөн. Банк тарапынан
қаржыландырылатын жобаларының қатарынан Оңтүстік Қазақстан облысындағы
тоқыма кластерін құру мен Ақтау қаласындағы халықаралық теңіз сауда портын
дамытуды бөліп көрсетуге болады.
Ұлттық инновациялық қор қызметінің негізгі бағыттары отандық және
шетелдік венчурлық қорларды құруға қажетті инвестициялау мен инвестиция
тартуға ғана емес, сондай-ақ инновациялық жобаларды іске асырушы
компанияларды қолдау, инновациялық қызметтің маманданған субъектілерін
қалыптастыру (технопарктер, технологиялық бизнес - инкубаторлар) және
тәжірибелік – конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жатады.
2006 жылы 1 шілдедегі мәліметке сәйкес ұлттық инновациялық қор жалпы
құны 102 млрд. теңгеге бағаланған 53 жобаны қаржыландыру туралы міндеттеме
алып отыр. Бұл жобалардың түрлері келесі 6 – суретте көрсетілген.

Инновациялық жобалар (10) ҒЗТКЖ жобалары (29)
Венчурлық қорлар (11) Инновациялық инфрақұрылым
элементтер(3)

Сурет 6 – 2006 ж. ҚР Ұлттық инновациялық қорының қаржыландырылатын
жобалары.

Технологиялық трансферт пен инжиниринг орталығы АҚ-ы (ТТИО АҚ) ҚР
Үкіметінің бекітуімен 2003 жылы тамызында құрылған. 2004 жылы желтоқсан
айынан бастап ТТИО АҚ-ы ҚР технопарктер желісін дамытуға бағытталған
компания ретінде белгіленді. Бүгінгі таңда АҚ алдыңғы қатарлы шетелдік
технологияны тарту мен Қазақстандық инновациялық жұмыстарды әлемдік нарыққа
шығару бойынша қызмет атқаруда.
Технологиялық трансферт пен инжиниринг орталығы АҚ-ның соңғы
жұмыстарының бірі – технологияны трансферттеудің Қазақстандық желісін құру
(ТТҚЖ). ТТҚЖ – технологиялық алмасументрансфертпен айналысатын
инновациялық инфрақұрылымының ұйымдар жүйесі – технологиялық ақпаратты
тиімді тарату мен инновациялық, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға
серіктестерді іздеуге мүмкіндік беретін инновациялық инфрақұрылымның құралы
47.
Бұл желінің негізгі мақсаты Қазақстандағы инновациялық бизнестің дамуы
мен ғылыми сыйымдылығы жоғары технологияны өндіріске енгізуді қолдау болып
табылады. ТТҚЖ-ның электрондық платформасы – ашық технологиялық биржа, яғни
технология трансфертін жүзеге асыру мақсатында әлеуетті технологиялық
жабдықтаушылар мен тұтынушылардың мүдделі кездесулері өтетін сауда алаңы.
ТТҚЖ-ң негізіне Еуропалық инновациялық релей – орталықтар желісінің (IRC)
бейімделген методологиясы алынып отыр.
ТТҚЖ желісін үйлестіруші ұйым – ТТИО АҚ-ы. Бүгінгі таңда ТТҚЖ-не
қатысудың нысаны – Желінің Мүшесі – инновациялық инфрақұрылымның
кәсіпорындары және ұсынылатын немесе талап етілетін технологиялар жайлы
ақпаратты жинайтын, технологияны трансферттеумен айналысатын, сондай-ақ
технологиялық аудит жүргізу мен ТТҚЖ базасына енгізу үшін профильдерді
толтыра отырып, аймақтық мәліметтер орталығын қалыптастыру ісімен
шұғылданатын басқа да ұйымдар. Мәліметтер орталығының мазмұны үшін бұл
ұйымдар толық жауапты.
Желінің мүшелері халықаралық маманданған мәліметтер орталығына, соның
ішінде ТТИО АҚ-ы арқылы технологиялық трансферттің Ресейлік жүйесіне
(RTTN), ТТИО АҚ-ы мүше болуды жоспарлайтын шетелдік ақпараттық
агенттіктер мен баспасөздерде мәліметтерді (технологиялық профильді)
орналастыруға мүмкіндіктері бар. Қазіргі кезде Қазақстанды IRC-ке енгізу
туралы келіссөздер жүргізілуде. Бұл сұрақ Қазақстан пен Еуропалық Одақ
арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның отырысында қаралатын
мәселелер тізіміне кіріп отыр. Айта кететін жәйт, бұл мәселе оңды шешілген
жағдайда жүйенің мүшелері IRC ресурстарын қолдануға мүмкіндік алады. Сондай-
ақ ТТИО АҚ-ы электрондық платформа мен мәліметтер базасын құру бойынша
жұмыстар жүргізуде.
Қазақстанның инвестициялық қоры АҚ-нда қарастырылатын жобалар
экспортқа бағытталған және импорттың орнын басатын жаңа өндірісті
қалыптастыру мен құрылыс материалдар өндірісі, агроөнеркәсіп кешені, шыны
жасау өнеркәсібі, металлургия, машина жасау өнеркәсібі, орман және ағаш
өңдеу, химия өнеркәсібі, балық шаруашылығы, инфрақұрылым (энергетикалық
және көлік) сияқты салалардағы қызмет етуші кәсіпорындарды жетілдіруге
бағытталған. 2006 жылы 1 шілдесіне қатысты жалпы құны 9,8 млрд. АҚШ доллар
құрайтын 362 жоба қарастырылуға жіберілді. Жалпы сомасы 174,19 млрд. АҚШ
доллар құрайтын 36 жоба мақұлданды. Қордың қатысу үлесі – 24,08%. 2006
жылдың 1 шілдесіндегі мәліметтеріне сәйкес қордың жарғылық капиталда
қатысуымен жалпы құны 350 млн. АҚШ долларынан астам 27 жоба қарастырылды.
Қордың қатысуы – 182 млн. АҚШ доллары 48.
Экспорттық несие мен инвестицияны сақтандыру бойынша мемлекеттік
сақтандыру корпорациясы АҚ-ы. 2006 жылы 1 шілдеге қатысты корпорацияға
құны 800 млрд. теңгеге бағаланған экспорттық несие мен инвестицияны
сақтандыру бойынша 221 жоба берілді. Корпорация басшылығы тарапынан
қарастырылған 202 жобадан (жалпы құны – 36 млрд. теңге) 162 экспорттық жоба
мен инвестицияны (жалпы құны – 28,8 млрд. теңге) сақтандыру туралы шешім
қабылданды. Соның ішінде 96 жоба (жалпы құны – 17,4 млрд. теңге) бойынша
сақтандыру келісім шарттары жасалып, жүзеге асырылуда. Сонымен қатар жалпы
сомасы 7,2 млрд. теңге құрайтын 40 жобаны шикізаттық құрамына байланысты
және шетелдік сатып алушының қаржылық жағдайының қанағаттанарлық болмауынан
сақтандыруға қабылданбады. 2006 жылы 1 шілдеге тиісті қазіргі сақтандыру
келісімшартының көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе
өсіп, 11,8 млрд. теңгені құрады.
Тұрақты даму қоры Қазына АҚ-ы жанындағы Маркетингтік –
аналитикалық зерттеулер орталығы АҚ-ы кеңес беру қызметінің нарығында 2003
жылы тамыз айынан бастап қызмет атқарады. Орталықтың стратегиялық мақсаты –
ҚР индустриалды – инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде
ұлттық экономиканы диверсификациялау процесін маркетингтік, ақпараттық –
аналитикалық қамтамасыз ету, өнімдердің экспорты мен бәсекеқабілеттілігін
жоғарылату.
Сондай-ақ, 2006 жылдың қорытындысы бойынша, елімізде үш ұлттық
технопарк (Ақпараттық технологиялық паркі, Ядролық технологиялар паркі,
Биотехнологиялық паркі) және Орал, Қарағанды, Алматы қалаларында үш
аймақтық технопарктер қызмет етуде. Бұл аймақтық технопарктердің мамандануы
сол аймақтың негізгі өнеркәсіптік бағыты мен ғылыми әлеуетіне сәйкес келеді
30, 17-19 б.
Қорыта келгенде, Қаазқстан шикізаттық фактордың басымдылығынан туатын
қауіпті ұғына отырып, өндірісте ғылыми сыйымдылығы жоғары технологияны
қолданатын өндірісті дамытуға бағытталған жаңа экономикалық саясатты
қалыптастыруда. Мұндағы ең маңыздысы – еліміздегі қаржылық, ғылыми –
техникалық ресурстардың тапшылығына қарамастан, мемлекеттің бұл мәселеге
тікелей мүдделі болуында. Бұл мүдденің сипаты тек шығарылған заңдар,
жарғылар мен бекітулерден ғана емес, нақты атқарылған істерден де
айқындалып отыр.
Бүгінде экономика саласы мамандары еліміз экономикасы жаһандануы
жайында бірқатар проблемаларға тап болуы мүмкіндігін алға тартады. Мәселен,
экономиканың шикізаттық бағытталуы, әлемдік экономикамен елеусіз
ықпалдастығы, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның баяу дамуы,
кәсіпорындардың техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы,
ғылымның өндіріспен пәрмендә байланысының болмауы, ғылыми – зерттеу және
тәжірибелік жобалық жұмыстарға қаржының аз бөлінуі. Осы аталған
проблемаларды шешіп, алдын алу үшін бастысы – қоғамдық әл – ауқаттың
іргетасы бола алатын, білім – ғылымға негізделген, бәсекеге қабілетті
экономика құру қажет. Ол үшін ұлттық инновацияның дамуы шарт. Осы негіздегі
индустриалық – инновациялық дамудың 2003 – 2015 жылдарға арналған
стартегиясы экономика салаларын әртараптандыруға және дамудың шикізаттық
бағытынан кету арқылы елдің тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізуіне
негізделгені белгілі. Осыдан екі жыл бұрын қабылданған бағдарламаға сай
2004 жылы 204 инвестициялық жоба іске асырылса, соның тең жартысы даму
институттарының қолдауымен жүзеге асты. Сондай-ақ, 2005 жылдың басынан бері
жүргізіліп жатқан индустриалық саясаттың шеңберінде 64 жоба пайдалануға
берілді. Жыл аяғына дейін 169 жоба іске асырылды 36, 32 8-12б.
Салада жылжу бар. Жаһандану дөңгелегі алға қарай басқан сайын
экономикасы шағын мемлекеттер қадамы да қарқын алып келеді. Мысалы, соңғы
екі онжылдықта дамыған елдер жаңа технологиялардыенгізуде нарықтық
бәсекенің басты факторы ретінде әрі өндірістің тиімділігін арттыруда,
тауарлар сапасын жақсарту мақсатында инновациялық қызметті қолдау мен
белсенді мемлекеттік реттеу саясатын жүргізіп келеді.
Осыған байланысты Елбасы ағымдағы жылдың қыркүйек айында үшінші
шақырылған Парламенттің 2 сессиясы депутаттарына Инновациялық қызметті
мемлекеттік қолдау туралы Заң жобасын қарауды тапсырған болатын.
Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жөніндегі заң жобасына орай
депутаттар алдында баяндама жасаған Индустрия және сауда вице – министрі:
Инновация – зияткерлік меншіктің нысаны болып табылатын, қоғамды басқаруға
экономикалық тиімді және әлеуметтік, экологиялық маңызды болатын ғылыми –
техникалық қызметтің нәтижесі деген.
Осы орайда әлі де қолға алып іске асыратын жобалар жеткілікті. Тіптен,
инновацияны ілгері жылжытуда оның әдістемелік негіздерін тәжірибемен
ұштастыру мәселесі де үнемі өзекті болып келеді.
Алдағы уақытта еліміздің жоғары оқу орындарында инновациялық менеджмент
және кәсіпкерлік саласындағы білім берудің халықаралық әдістемесін енгізу
қолға алынуы тиіс. Бұл елімізде технологияларды коммерцияландырудың
іскерлік қағидаларын, инновациялық жобаларды меңгерген кәсіби мамандардың
қатарын көбейте түседі. Шындығында да, жоғары оқу орындарына инновациялық
қызметпен айналысатын уақыт жеткендей. Мемлекетіміздің экономикасын
дамытуда және Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына енуіне ұмтылыс жасаған
тұста елімізде алдымен ғылымға, инновациялық қызметті меңгерген мамандар
даярлауға көңіл бөлінгені дұрыс-ақ. Инновациялық қызметті мемлекеттік
қолдаудың негізгі мақсаты осы саланы дамытуға жағдайлар жасау екені даусыз.
Ал жаһандану жағадан алып тұрған заманда оның негізгі принциптері аталмыш
қызметті жүзеге асыру кезінде ұлттық мүдделердің сақталуы болса керек.
Инновациялық қызмет басымдығынсыз ұлттық экономиканың бәсекелестік
қабілеттілігін арттыру мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қиынға
соғары сөзсіз 43, 18-22б.

1.3. Инновациялық кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттің рөлі және құқықтық
қамтамасыз ету

Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға
қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің
мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді.
Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни
мемлекетті шикізат экспортынан және оның әлемдік рыноктағы жағдайынан
тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды
және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің
қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Дәл осы жағдайдан шығудың 1-ақ жолы
бар, ол – жоғары технологиялық өндірісті дамыту. Тек жаңа технологиялар
ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел
экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік
береді. Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары
технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми
– техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану – Қазақстан -2030
стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі.
Ғылыми-техникалық потенциал – кез келген мемлекеттің ұлттық байлығының
негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей экономикалық
даму, көркейтудің негізгі жолы – ғылыми-техникалық және инновациялық салада
лидер болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп
беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап,
ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады.
Сондықтан бүкіл дүниежүзіндегі кәсіпкерлер инновацияларды тиімді басқару
мен ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Ал мемлекет өз тарапынан ғылыми-
техникалық және инновациялық даму саласына қолдау жасап, тиімді саясат
жүргізіп отырады. Өйткені мемлекеттік ғылыми-техникалық және инновациялық
саясат – ғылыми-техникалық жетістіктерді адам игілігі үшін пайдаланып,
адамзат өмір сүру жағдайларын сапалы түрде жақсартуға бағытталған. Ал бұл
бүкіл адамзат тіршілігі мен шаруашылығының негізі, бас мақсаты.
Қазір Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық зерттеулер мен
инновациялық саласы дағдарыстық жағдайда. Бірақ сол қиындықтарға
қарамастан, Қазақстан кәсіпкерлері шетел жаңалықтары мен ғылыми-техникалық
жетістіктерін табысты түрде игеріп, оларды жоғарғы қарқынмен қызметтеріне
енгізіп келеді. Әрине, бұл инновациялар халықаралық технологиялық деңгейге
көтерілуге мүмкіндік береді, бірақ сол ғылыми-техникалық жетістіктердің
көбісі тек біз үшін ғана инновация, ал шетелдіктер үшін олар кешегі күн
жаңалықтары. Сондықтан да шетел технологиясы мен техникасын игерумен қатар,
өз ұлттық ғылыми-техникалық потенциалымыздың дамуына жағдай жасап, отандық
ғалымдардың ғылыми жетістіктерін өндіріске енгізіп, оларды бағалай білуіміз
керек 32, 18-22б.
Инновациялар қоғамдық өмірдің барлық саласына қатысты. Ол экономика,
заң, ғылым және білім беру, медицина, т.б. салаларда орын алып, қызмет
көрсету және өнім өндіру істерін түрлендіріп, дамытып отырады.
Инновациялық іс-әрекет нәтижесін интеллектуальды өнім ретінде
қарастыруға болады. Интеллектуальды өнім мынадай түрлерге бөлінеді:
• ғылыми-техникалық өнім, яғни жаңалықтар, гипотезалар, теориялар, жаңа
техника мен технология және жаңа өнім.
• информатика өнімдері – компьютерлік программалар, радио және
телепрограммалар;
• мәдениет саласындағы жаңалықтар.
Егер ғылыми-техникалық өнімдерді толығырақ қарастыратын болсақ, ғылыми-
техникалық зерттеулер мен тәжірибелер объектілеріне машиналар, приборлар,
құрал-жабдықтар, сондай-ақ өнім өндірудің жаңа әдістері және бұрыннан
белгілі құрал-саймандарды жаңа қажеттіліктерге жарату қам-қарекеттері
жатады.
Жаңа техника дегеніміз – еңбек үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ететін
материалданған ғылыми істер мен білім.
Инновациялық менеджмент – бұл инновациялық процестерді, инновациялық
қызметті және осы жұмыста қамтылған қызмет етуші дербес басқару мен
ұйымдастырудың принциптері, әдістері мен түрлерінің жиынтығы.
Барлық дамыған, дамушы елдерде мемлекет инновациялық саланы қаржылай
түрде, ұйымдастыру процесінде көмек көрсету арқылы қолдап отырады. Көптеген
елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономиканың күрт құлдырауы, қаржы
дағдарыстары кезінде де мемлекет инновациялық қызмет саласын қолдап,
дамытып отыру қажет.
Дамыған елдер тәжірибесі көрсетуінше, экономикалық дамудың негізгі
кепілі – ғылыми-техникалық салада лидерлік позицияны ұстау. Сондықтан да 80
жылдардан бастап барлық алдыңғы қатардағы елдер ғылыми-техникалық саясат
жүргізе бастады. Нәтижесінде, бүгінгі дүниежүзілік технологиялық даму
процесі жаңа саты – адамзат игілігі үшін, оның өмірін жақсартуға, оны
көркемдеуге бағытталған электронды, биоинженерлі және басқа да ғылыми
дәрежелерін пайдалануға негізделген деңгейге көшуде.
Қазіргі күні барлық елдерде ірі көлемді ғылыми-техникалық саясаттар
жүргізілуде. Батыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру
Шағын бизнестің клеткасы - шағын кәсіпорындар
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы
Шағын және орта бизнесті дамытуда кездесетін проблемалар
Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы шағын және орта бизнес секторының субъектілері мен олардың қызметтерінің жағдайы мен міндеттері
Кәсіпкерліктің негізгі формалары мен түрлері
Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Қазақстан Республикасының аймақтарындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі даму жағдайы
Қазақстан Республикасының шағын бизнесін талдау және оның даму перспективалары
Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясат
Пәндер