Батыс Қазақстан өңірінің фольклоры (әпсана-хикаяттар, аңыздар, шешендік сөздер, тарихи өлеңдер, тарихи жырлар, айтыстар, дастандар)



Кіріспе
3.б
І бөлім. Батыс Қазақстан фольклорының жанрлық сипаты.
1.1. Әпсана.хикаяттар. 9.б
1.2. Аңыздар. 22.б
1.3. Тарихи өлеңдер. 28.б
1.4. Тарихи жырлар. 38.б
1.5. Айтыстар. 61.б
1.6. Шешендік сөздер. 83.б
1.7. Дастандар. 89.б
ІІ бөлім. Батыс Қазақстан фольклорының поэтикасы.
110.б
2.1. Образдар жүйесі. Көркемдік кестесі. (айқындауыштар, ажарлаулар, монолог, диалогтар, сюжеттік.композициялық құрылым, топонимдік атаулар, диалектілік ерекшеліктер).

2.2. Батыс Қазақстан . эпикалық жыр ордасы.
135.б
Қорытынды.
141.б
Пайдаланылған әдебиеттер.
144.б
Қазақ фольклоры сан салалы, ол болмыстың барлық саласын түрліше тұрғыдан сипаттайтын жанрлар тобынан тұрады. Әрбір жанрдың пайда болу, қалыптасу, даму жолдары қазақ халқын құраған түрлі тайпалардың тарихына байланысты әркелкі сипатта өріс алған. Қазақстанның батыс аймағы эпикалық жыр дәстүрі қарқынды дамыған өлке ретінде ежелден-ақ зерттеушілер назарын аударған. Алайда ұлттық руханиятқа ұзақ уақыт бойына өзге көзқарас тұрғысынан баға беріліп келгендіктен аймақтық фольклор түгілі кезінде жалпы фольклорлық мұрамызға сыңаржақ пікірлер таңылғаны белгілі.
Бүгінгі тәуелсіз қоғамымыздағы халық мұрасына деген жаңаша, еркін көзқарас фольклортану ғылымының бұрынғы саясат салдарынан көмескіленіп келген тұстарына көңіл аударуға мүмкіндік береді. Солардың маңыздыларының бірі – фольклордың аймақтық (региондық) ерекшелігі.
Орыс фольклортану ғылымының өзінде бұл мәселенің шешілуі күрделі көзқарастарға толы екендігіне көптеген зерттеулер арқылы көз жеткізуге болады. Мәселен, Г.И.Живков фольклордағы жалпы мәннен гөрі жеке өңірлік ерекшеліктерге ерекше назар аударса [1, 127 б.]. В.А. Лапин “Жалпы фольклор дегеніміздің өзі әртүрлі аймақтардың құрамды жүйесі” деп қарастырады [2, 202]. Ғалым В.М.Шуров: “Региондық ерекшеліктің сыртқы сипаттарын: әр түрлі қоршаған табиғат ерекшеліктері (орман, дала, суық, жылы климат (мыс: солтүстік), жылы (оңтүстік) тау, жазық дала: әр түрлі тарихи жағдайлар (көшіп-қону процесіндегі этностардың араласуы, шаруашылық-тұрмыстық жағдай ұқсастықтары,” – деп жүйелейді.
Мұндай ерекшеліктердің атауының өзі жөнінде бірізділік жоқ. Бірде аймақтың (регинальный) жергілікті (локальді) ерекшелік дейді [3, 19-30 б.] – Аймақтық ерекшеліктерді ғылыми атаудың өзінде бірізділік жоқ. Бірде аймақтық (региональный) делінсе, енді бірде жергілікті (локальді) ерекшелік деп қарастырылады. Мыс: Б.Н.Путилов “О регинальном аспекте изучения фольклорной культуры” деген еңбегінде тұтас тұрғыдан қарастырса, В.П.Аникин “Общее русское и локальное творчество в фольклоре” атты еңбегінде осы екі ұғымды да салыстырады. [4, 11-27 б.].
Демек, аймақтық ерекшелік дегеннің өзі не? Оны айқындайтын өзіне тән негізгі белгілері қандай деген сұрақтарға нақтылы жауап табу қиын. Себебі, жергілікті ерекшелікті нағыз бейнелеп сипаттауға лайық, сол өңірге ғана тән фольклордың үлгілер табиғатын тану үшін екі түрлі шарт есте болу керек. Біріншісі, зерттеліп отырған аймақтың тарихи-экономикалық, мәдени-рухани дамуының синхронды сипатын толық білу, екіншісі, айқындалған ерекшеліктерді өзге аймақтық белгілермен салыстыру.
Қазақ фольклорының аймақтық ерекшелігін айқындау енді-енді қолға алына бастаған іс. Біздің бұл зерттеуімізде осы мақсаттар негізінде жүргізілген.
1. Живков Г.И. Русский фольклор. М. 1989, 560 с.
2. Шуров В.М. Региональное изменение. М-Л. 1990, 335 с.
3. Путилов Б.Н. Актуальные обрядов проблемы сибирской
фольклористики. Иркутск. 1991, 480 с.
4. Фольклорные традиции современного села. Москва, 1990, 510 с.
5. Досмұхамедұлы Х. Аламан. 1991, 380 б.
6. Назарбаев Н. Тарих толқынында. А. Атамұра 1899, 296 б. (14-15)
7. Сейфуллин С. Шығармалар, 6 том. Қазақ әдебиеті. 319 б.
8. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ том. 2 кітап. А.1965, 421-б.
9. Ысмайылов Е. Ақындар. 1962, 422 б.
10. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. А.1958, 360 б.
11. Қасқабасов . С. Қазақтың халық прозасы. А. 1984, 350 б.
12. Бекет ата. А. 1994, 385 б.
13. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. А. 494 б.
14. Михайловский В.М. Шаманство сравнительно - исторические очерки. Вып. 1. М: с. 41 Стеблева И.В. Древнетюркская книга гаданий. В кн. История, культура языки народов Востока. 1970.
15. Едіге батыр. А. 2002.
16. Мелетинский Е.М. Поэтика мифа. М. 1976, 563 с.
17. Қасқабасов С. Жаназық. Астана-Елорда. 2003, 450 б.
18. Уәлиханов . Ш. 1961, 5 томдық шығ. жинағы І том. 380 б.
19. БҚАӘ. ІІІ т. 289 б.
20. Адамбаев Б. Халық даналығы. А. 1982, 365 б.
21. Бердібаев Р. Эпос мұрасы. А. 1989, 455 б.
22. Мұхтар Ә. Қазақстанның Батыс өңіріндегі қоғамдық-саяси өмір. (ХVІІІ ғасыр ІІ жартысы. ХІХ ғасыр І ширегі) 2002. Докторлық диссертация.
23. ОҒК. Қолжазба қоры. Қ. № 457.
24. Қазақ әдебиетінің тарихы. І т. А. 1960, 670 б.
25. Шешендік сөздер. А. 1992, 250 б.
26. Сөз тапқанға қолқа жоқ. А. 1989, 270 б.
27. Қасқабасов С.А. ХV- ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы. (компендиум). А. 2004., 180 б.
28. БҚАӘ. ІІІ т. 221 б.
29. БҚАӘ. ІV т.
30. Әуезов М. Әдебиет тарихы. А. 1991
31. Смирнова Н.С. Очерки казахской литературы ХVІІІ в. А – Ата. 1951.
32. БҚАӘ. ІІІ т.
33. Кенжебаев Б. 1916 жылғы көтеріліс туралы жырлар. А. 1956. Жармұхамедов М. 1916 жыл жырлары.
34. Әуезов М. Шығармалары. 7 – том. А. 1961.
34. Досмұхамедұлы Х. Аламан. А. 1891.
35. БҚАӘ. 7 – том. 133 б.
36. БҚАӘ. VІ том. 295 б.
37. БҚАӘ. V том.
38. Әуезов М. Әдебиет тарихы. А. 1991, 375 б.
39. Қазақ әдебиетінің тарихы. І т. 1-кітап. А. 1960, 680 б.
39. Шалабаев С., Өмірбаев Е., Сыдиықов Қ. Маңқыстау. А. 1973, 375 б.
40. ОҒК. 686-бума, 3-дәптер. 426-бума, 6-дәптер
41. Төреқұлов Н. Досан батыр. Кітапта: Қазақ тарихи жырларының мәселелері. А. 1979, 310 б.
42. ОҒК. 669-бума, 1-дәптер.
43. ОҒК. 268-бума, 5-дәптер.
44. ОҒК. 686-бума, 3-дәптер.
45. Жанғабылов С. Тоқсан толғау. А. 1967.
46. Сыдиықов Қ. Ақын-жыраулар. А. 1974, 380 б.
47. ОҒК. 241-бума, 3-дәптер
48. Ақберен. Құрастырған Сыдиықов Қ. А. 1972, 576 б.
49.
50. Қазақстан тарихы. 2-том. А. 2002
51. Қазақ әдебиетінің тарихы. І т. 1-кітап. 1960, 613 б.
52. ОҒК. 354-бума, 2-дәптер.
53. ОҒК. 849-бума, 2-дәптер.
54. ОҒК. 354-бума, 3-дәптер.
55. ОҒК. 354-бума, 1-дәптер.
56. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. А. 1962, 625 б.
57. Қазақ тарихи жырларының мәселелері
58. Әуезов М. Әдебиет теориясы. А. 1991.
59. Шөреков Ы. Исатай-Махамбет. А. 1976.
60. Өтемісұлы М. Ереулі атқа ер салмай. А. 1962. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері. А. 1958, І т. Әуезов М. Жиырма таңдамалы шығармалар жиыны. А. 1984. Аманшин Б. Дауылпаз ақын. // Жыр – семсер. А. 1979. Жұмалиев Қ. Егеулі найза. А. 1979.
61. Тілепов Ж. Қазақ әдебиетінің тарихилығы. А. 1994.
62. Сүйіншәлиев Х. ХVІІІ- ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. А. 1993.
63. Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. А. 1976.
64. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті. І бөлім. А. 1957.
65. Әуезов М. Шығармалары 19-том. 1961.
66. Досмұхамедұлы Х. Аламан. А. 1891
67. ОҒК. 573-бума.
68. Айтыс. А. 1989. І том.
69. Айтыс. А. 1989. ІІ том.
70. Мұқанов С. Айтыстар туралы. Айтыс. І том. А. 1964.
71. Бердібаев Р. Айтыс. А. 2000 ж. 200 б.
72. Қазақ әдебиетінің тарихы. 2-том. 2-кітап. А. 1961.
73. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. А, 1891
74. Қасқабасов С. ІV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. 2005
75. Азибаева Б. Казахский дастанный эпос. А., «Ғылым», 1998
76. Нұрмағанбетов О. Н.Байғанин
77. Тәжібаев Ә. Есімдегілер. Жұлдыз. 1975, 446 б.
78. Байғанин Н. Шығармалар жинағы. А. 1966, 497 б.
79. Мелетинский Е.М. Герой волшебной сказки. М. 1972
80. Каскабасов С.А. Казахская волшебная сказка. А. 1974
81. Бердібаев Р. Эпос тағлымы. А. 1989, 280 б.
82. Дүйсенбаев. Қазақтың лиро-эпосы. А. 1973. 473 б.
83. Жирмунский В.М. Народный героический эпос. М. 1872. С. 530.
84. Селиванов В.М. Сравнение. Русский фольклор. М. 1996. 518 б.
85. Негимов С. Ақын-жыраулар тілінің бейнелілігі. А.1894.
86. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. А. 1972
87. Лазутин С.Г. Поэзия русского фольклора. М. 1989
88. Қабдолов З. Сөз өнері. А. 1979.
89. Фольклор и искусство слова. М. 1966. С. 390.
90. Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. А. 1989
91. Байтұрсынов А. Шығармалары. 3 т. А. 2006
92. Базарбаев М. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. А. 1973
93. Ержанова Ұ. Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің
этнолингвистикалық сипаты. А. 1997. Кандидаттық диссертация. 150 б.
94. Липец Р.С. Образ батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. М. 1984
94. Толстов С.П. По следам древнехорезмской цивилизации. М. 1998.
95. Далгат У.Б. Литература и фольклор. М. 1881
96. Қоңырбаев Т. Қазақ теңеулері. А., 1978
97. Байғанин Н. Шығармалары. Екі томдық. Алматы, 1956
98. Қысқаша энциклопедия. А. 1989, 4 б.
99. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. А. 1991, 250 б.
100. Мұхтаров Ә. Қазақстанның Батыс өңіріндегі тарихи оқиғалар. А. 2004.
101. Қоңыратбаев Ә. Эпос және айтушылар. А. 1994. Әдебиет тарихы.
102. Радлов В. Эпос – ел қазынасы. А. 1994.
103. Жұмалиев Қ. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті. А. 1965, 420 б.
104. Нұрмағанбетова О.
Әуезов М. Әр жылдар ойлары. А. 1958.
105. Ысмайлов Е. Ақындар. А. 1961.
106. 107. Жыраулық дәстүр және қазіргі жыраулар. А. 1973.
108. Тленбеков М.К. О некоторых вопросах регионального обследования. – А., 1991. Материалы республиканской конференции.
109. Лазарев А.И. Региональные аспекты изучения фольклора и литературы. М. с. 492
110. Багизбаева М.М. Фольклор семиреченских казахов. А. 1977.
111. Померанцева Э.В. Фольклорный репертуар одного села за сто лет. В кн: Русский фольклор. Л. 1976
112. Мельников М.Н. Региональное своеобразие фольклора сибиряков. Л.
1984. с. 335
113. Власова З.И., Мартынова А.И. Современный фольклорный репертуар одного региона. В кн. Русский фольклор. вып. 9. 1982.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 142 бет
Таңдаулыға:   
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

ӘОЖ 398 (574. 11) Қолжазба
құқығында

МУЛДАШЕВА СӘУЛЕ БЕКТҰРСЫНҚЫЗЫ

Батыс Қазақстан өңірінің фольклоры (әпсана-хикаяттар,
аңыздар, шешендік сөздер, тарихи өлеңдер, тарихи жырлар, айтыстар,
дастандар)

10.01.09 – Фольклортану

филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының

докторы
Б.У.Әзібаева

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2007

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3-б
І бөлім. Батыс Қазақстан фольклорының жанрлық сипаты. 9-б
Әпсана-хикаяттар.
Аңыздар. 22-б
Тарихи өлеңдер. 28-б
Тарихи жырлар. 38-б
Айтыстар. 61-б
Шешендік сөздер. 83-б
Дастандар. 89-б
ІІ бөлім. Батыс Қазақстан фольклорының поэтикасы. 110-б
2.1. Образдар жүйесі. Көркемдік кестесі. (айқындауыштар,
ажарлаулар, монолог, диалогтар, сюжеттік-композициялық
құрылым, топонимдік атаулар, диалектілік ерекшеліктер).
2.2. Батыс Қазақстан - эпикалық жыр ордасы. 135-б
Қорытынды. 141-б
Пайдаланылған әдебиеттер. 144-б

КІРІСПЕ

Қазақ фольклоры сан салалы, ол болмыстың барлық саласын түрліше
тұрғыдан сипаттайтын жанрлар тобынан тұрады. Әрбір жанрдың пайда болу,
қалыптасу, даму жолдары қазақ халқын құраған түрлі тайпалардың тарихына
байланысты әркелкі сипатта өріс алған. Қазақстанның батыс аймағы эпикалық
жыр дәстүрі қарқынды дамыған өлке ретінде ежелден-ақ зерттеушілер назарын
аударған. Алайда ұлттық руханиятқа ұзақ уақыт бойына өзге көзқарас
тұрғысынан баға беріліп келгендіктен аймақтық фольклор түгілі кезінде жалпы
фольклорлық мұрамызға сыңаржақ пікірлер таңылғаны белгілі.
Бүгінгі тәуелсіз қоғамымыздағы халық мұрасына деген жаңаша, еркін
көзқарас фольклортану ғылымының бұрынғы саясат салдарынан көмескіленіп
келген тұстарына көңіл аударуға мүмкіндік береді. Солардың маңыздыларының
бірі – фольклордың аймақтық (региондық) ерекшелігі.
Орыс фольклортану ғылымының өзінде бұл мәселенің шешілуі күрделі
көзқарастарға толы екендігіне көптеген зерттеулер арқылы көз жеткізуге
болады. Мәселен, Г.И.Живков фольклордағы жалпы мәннен гөрі жеке өңірлік
ерекшеліктерге ерекше назар аударса [1, 127 б.]. В.А. Лапин “Жалпы фольклор
дегеніміздің өзі әртүрлі аймақтардың құрамды жүйесі” деп қарастырады [2,
202]. Ғалым В.М.Шуров: “Региондық ерекшеліктің сыртқы сипаттарын: әр түрлі
қоршаған табиғат ерекшеліктері (орман, дала, суық, жылы климат (мыс:
солтүстік), жылы (оңтүстік) тау, жазық дала: әр түрлі тарихи жағдайлар
(көшіп-қону процесіндегі этностардың араласуы, шаруашылық-тұрмыстық жағдай
ұқсастықтары,” – деп жүйелейді.
Мұндай ерекшеліктердің атауының өзі жөнінде бірізділік жоқ. Бірде
аймақтың (регинальный) жергілікті (локальді) ерекшелік дейді [3, 19-30 б.]
– Аймақтық ерекшеліктерді ғылыми атаудың өзінде бірізділік жоқ. Бірде
аймақтық (региональный) делінсе, енді бірде жергілікті (локальді) ерекшелік
деп қарастырылады. Мыс: Б.Н.Путилов “О регинальном аспекте изучения
фольклорной культуры” деген еңбегінде тұтас тұрғыдан қарастырса, В.П.Аникин
“Общее русское и локальное творчество в фольклоре” атты еңбегінде осы екі
ұғымды да салыстырады. [4, 11-27 б.].
Демек, аймақтық ерекшелік дегеннің өзі не? Оны айқындайтын өзіне тән
негізгі белгілері қандай деген сұрақтарға нақтылы жауап табу қиын. Себебі,
жергілікті ерекшелікті нағыз бейнелеп сипаттауға лайық, сол өңірге ғана тән
фольклордың үлгілер табиғатын тану үшін екі түрлі шарт есте болу керек.
Біріншісі, зерттеліп отырған аймақтың тарихи-экономикалық, мәдени-рухани
дамуының синхронды сипатын толық білу, екіншісі, айқындалған ерекшеліктерді
өзге аймақтық белгілермен салыстыру.
Қазақ фольклорының аймақтық ерекшелігін айқындау енді-енді қолға алына
бастаған іс. Біздің бұл зерттеуімізде осы мақсаттар негізінде жүргізілген.
Тақырыптың өзектілігі. Аймақтың фольклорына тән өзгешеліктерді
тарихпен тамырлас қарастырғанда Батыс Қазақстан өлкесі өзіндік болмыс-
бітімімен өзгешеленеді. Өткен ғасырдың басында-ақ, қазақ фольклорын жанрлық
тұрғыдан жіктеп, осы өңірдің фольклорлық мұраларын терең сипаттаған ғалым
[5, 78] Х.Досмұхамедұлы “Кіші жүздің соңғы 150 жылдық тарихы қанмен
жазылды” деп атап көрсеткен болатын.
Тұрмыс-тіршілігі табиғат аясымен етене халықтың өзіне тән саяси
құрылымы мен рухани байлығына жат пиғылды үстем биліктің араласуы
жергілікті халықтың тәуелсіз, өз билігі өзінде болған кездерін аңсау
сезімін тудырды. Яғни, “Таршылықтың түбі патша үкіметінде екенін түсініп,
қара бұқара орысқа қарсы шықты. Сондықтан 1731 жылдан бергі Кіші жүздің
ханға болсын, сұлтандарға болсын, орысқа болсын көтерілістерінің бәрін
патша үкіметіне қарсы көтерілістер деп қарау керек” [5, 17 ].
Батыс өлкенің өзге билікке өтуі, тәуелсіздік аңсаған халықтың
көзқарасы мен күресі сол аймақтың фольклорлық мұрасындағы ерлік рухының
басымдығын тудырды. Осы сипаттағы фольклорлық үлгілер мол пайда болып
дамыды. Халықтың ежелден келе жатқан туған жерді жат жұрттан қорғау
мазмұнындағы дәстүрлі батырлық жырлар кең қанат жайды.
Тұрмыстық-салттық өлеңдерден гөрі кең құлашты эпикалық туындылар,
батырлық жырлар мен тарихи жырлар, сондай-ақ шешендік сөздер, аңыздар
негізгі рухани қажеттілікті атқарды. Оларда негізінен қазақтың ішкі
тартыстары мен ел басқарудағы алауыздықтар көрсетіліп, жалпы халықтық
мәселелер алға шығарылды. Қазақтың өзге көршілес елдермен қарым-қатынасының
кейбір мәселелері де фольклорда көрініс тапты. Ұзақ уақыт бойына қазақ
халқының саяси-әлеуметтік жағдайы күрделеніп, шиеленісті жағдайды басынан
кешірді. Себебі, орыс үкіметі қазақ-қалмақ, қазақ-башқұрт қатынасын әдейі
шиеленістіріп, сол арқылы қазақты әлсіретіп, тәуелді ету, хан, сұлтан,
билерге ерекше көзқарас білдіріп, халыққа айдап салу әрі ол ханның өзінің
күшейіп кету қаупінен қорқып астыртын зымияндық әрекеттер ұйымдастыру
арқылы халықты уысында ұстады.
Жинақтай келгенде, Батыс өлкесінің фольклорлық мұраларын әңгіме
еткенде, аймаққа тән тарихи-мәдени даму ерекшеліктерін есте ұстау қажет.
Сонда ғана фольклорлық жанрлардың атқарған қызметінің сипаты мен олардың
даму, өзгеру заңдылықтарын айқындауға болады.
Өкінішке орай, біз бір зерттеуімізде аймақтық ерекшеліктерді ашуға
қойылатын талаптардың үддесінен толық шыға алмаймыз. Кейбір жалпы
мәселелері жөнінде ғана әңгіме ете аламыз. Себебі, ұзақ жылдар бойына қазақ
фольклорының өзіне (тұтастай алғанда) жеткілікті көңіл бөлінбеді. Ал
региондық өзгешеліктер жөнінде өте мардымсыз ғана пікірлер білдірілді. Ол
жайындағы ой-тұжырымдар “рушылдық” “ескішілдік” секілді айыптармен
қудаланды. Мұның өзі біз зерттеу нысанасы еткен Батыс өлкесінің фольклорлық
мұрасындағы жалпы қазақ фольклорына тән белгілері мен өзіндік дара
сипаттарын ғылыми саралауда күрделі қиындықтар туғызуда. Бүгінгі мәдени
мұрамызға жаңаша сипаттағы көзқарас Батыс Қазақстан өңірінің тарихы мен
фольклорын мүлде жаңа талаптар тұрғысынан тексеруге мүмкіндік беріп отыр.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаев: “Тарихи-тек тамырыңның тереңнен бастау
алғанын танып түсіну, ата-бабасының шапағаты мол шабытты істерін заңды
мақтан ету, тоталитарлық кезеңнің зардаптарынан арылу, сөйтіп, тарихи
сананы уақыт талабына сай қалпына келтіру ұлттық тұтастануға тегеурін
серпін беруге тиіс және тарихтағы өз орныңды білу, бабаларды ру төмпешігі
деңгейінде емес, жалпы ұлттық өреде мақтаныш тұту, ұлан-байтақ Евразия
тарихында ұлы істерге ұйытқы болған қазақтар мен олардың бабаларының
өзіндік орнын түсіну, ұлттық қадір-қасиетіңді қорлайтын жаттанды жалалардан
арылу, міне, ұлттық тұтастыққа кепіл болатын бүгінгі күннің ең қуатты
тетіктері осылар,” (Н.Назарбаев. Тарих толқынында. А. Атамұра, 1899 [6, 14-
15 б.] - деп айқын бағдар ұсынып отыр.
Демек, Батыс Қазақстан фольклорын зерттеу оның өткен тарихи дәуірдегі
жүріп өткен жолдарымен тығыз сабақтастықта қарағанда ғана нақты нәтижелерге
қол жетпек. Әрине, Батыс Қазақстан фольклоры өзінің пайда болу, даму
заңдылықтарына сай түгел сақталды деуге болмайды. Кемелдене дамыған
эпикалық үрдістің бүгінгі күні бізге сарқыншақтары ғана жетіп отыр. Ол
жөнінде белгілі зерттеуші, Батыс Қазақстан өңірінің перзенті
Х.Досмұхамедұлының пікірі көп жайды аңғартады: “Қазақтар ғажайып есте
сақтау қабілетімен ерекшеленгенімен, біздің қазақтардың тұтас бір жырды бір-
ақ рет тыңдаған соң дәл сол күйінше қайта айтып бергеніне куә болғанымыз
бар. Әрине, уақыт өте келе талай дүние ұмыт болды. Оған әсіресе, түрлі
жұқпалы аурулар мен соғыс, аштық пен жұт кездерінде халық әдебиетінің
белгілерінің жаппай опат болуы да әсер етті” [5; 27 ].
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Батыс Қазақстан аймағында туған
фольклорлық туындылардың басты сипаты – ерлік жырларының молдығы, эпикалық
сипатының басымдығы. Ол жөнінде кезінде белгілі әдебиеттанушы ғалымдар атап
көрсеткен болатын. С.Сейфуллин [7], Қ.Жұмалиев [8], Е.Ысмайылов [9],
М.Ғабдуллин [10] пікірлеріне сүйенсек, Қазақстанның басқа аймақтарына
қарағанда бұл өлкеде ерлік жырлары көп туған, батырлар жырын дамытып
айтатын дәстүрлі ақын, жыршылар легі (ортасы) болған. Эпикалық шығармаларға
негіз болған халық тарихынан орын алған елеулі оқиғалар көп өткен аймақта
желілі ерлік жырлары туады. Ол жырлардың желісі ғасырлар бойы жыраудан
жырауға көшіп, өңделіп, өрбіп сала-сала боп жүйелі түрде дамиды, мұның
айқын дәлелі – біздің дәуірімізге дейін қазақтың көрнекті жыршылары Мұрын,
Нүрпейістер арқылы жеткен “Қырымның қырық батыры” жыры. Сондай-ақ,
жыраулық, жыршылық дәстүрдің арқауы XX ғасырдың басына дейін жалғасқан.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ фольклорының жалпы
заңдылықтарын негізге ала отырып, Батыс Қазақстан фольклорының ерекшелігін
ашу басты міндетіміз болып табылады. Ол үшін ең алдымен аймақ тарихына тән
оқиғалар мен саяси-әлеуметтік себептердің сырын ашып, оның халықтың рухани
ой-әлеміндегі бейнеленуін ашу парыз. Эпикалық үрдістің үзілмеген алтын
арқауы болып табылатын бұл өңірдің фольклорлық жанрларының сипаттамасы
айқындалып, тың материалдарды ғылыми айналысқа түсіру көзделді.
Диссертациялық жұмыста Батыс Қазақстан фольклорындағы әпсана-хикаят,
аңыз, тарихи жыр, дастан, айтыс жанрларының ерекшеліктері мен заңдылықтары
талданып жүйеленді, көркемдік-эстетикалық, тақырыптық-мазмұндық ерекшелігі
ашылды.
Зерттеу нысанына негізінен аталған өлкенің ең мол дамыған жанрлары
екшеліп алынып, олардың қалыптасу кезеңдері мен жалпы фольклорлық мұра
құрамындағы орнын айқындау мақсат етілді. Зерттеудің методологиялық негізі
ретінде бұған дейін пікір айтқан қазақ зерттеушілері мен мамандарының
талдаулары, ғылыми еңбектері қарастырылды. Бұрын ғылыми тұрғыдан зерттеу
нысанына алынбаған “Балуанияз”, “Қармыс”, “Байбоз-Жанбоз” жырлары мен
“Нарқыз”, “Төрехан” дастандары, Бекет әулие жайындағы әпсана-хикаяттар мен
айтыстың бұрын беймәлім болып келген үлгілері талданды.
Диссертациялық ізденістің мақсаты осы өңірлік ерекшеліктердің сипатын
жан-жақты талдап, ғылыми ой қорытындыларын жасаумен мазмұндалады. Сондай-ақ
бұрынғы зерттеулерде қарастырылған жайттардың өзі жаңаша мәнде талданып,
тақырыпқа сай тексерілді. Жанрлардың табиғатына терең үңіліп, оның
дамуындағы тарихи-мәдени оқиғаның әсері айқындалды. Жанрлар поэтикасындағы
аймақ ерекшелігін танытатын көркемдік амал-тәсілдер сараланды. Нәтижесінде
Батыс Қазақстан аймағы фольклорының ерекшелігі ашылып, ең алғаш ғылыми
сараптаулар жасалды.
Зерттеудің дерек көздері. Зерттеудің дерек көздері ретінде Бекет әулие
жөніндегі әпсана-хикаяттар, Сырым туралы аңыздар, Әйтекенің шешендік
сөздері мен осы аймақ ақындарының бұрынғы, қазіргі айтыстары мен
“Балуанияз”, “Қармыс“, “Байбоз-Жанбоз” жырлары, “Досан батыр”, “Бекет
батыр” “Исатай-Махамбет” жырлары “Нарқыз” “Төрехан” дастандарының мазмұны
мен образдар жүйесі, көркемдік кестесі назарға алынды.
Зерттеу жұмысының жаңалығы. Батыс Қазақстан аймағы фольклорлық
мұрасының жанрлық сипаты мен көркемдік кестесі, даму тарихы арнайы түрде
тұңғыш рет диссертациялық зерттеу нысанына алынды.
Батыс Қазақстан фольклорының аймақтық ерекшелігі қоғамдық-әлеуметтік-
саяси даму үрдісімен сабақтастықта алғаш рет зерделенді. Аймақтық ерекшелік
ретінде сипатталатын басты белгілер мен шарттылықтар қарастырылды.
Фольклор мен ауыз әдебиеті аралығындағы туындылардың табиғатына талдау
жасалып, эпикалық туындылар тақырыбының жеке бір өлкелік мәннен жалпы
аймақтық шеңберге одан соң жалпы қазақтың халықтық сипат алу деңгейіне
дейінгі даму заңдылықтарына алғаш рет ғылыми саралау жасалды.
Бұрын сөз болмаған Бекет әулие туралы әпсана-хикаяттар, аймаққа тән
аңыздар мен шешендік сөздер, айналымға түспеген, ғылыми жұртшылыққа
белгісіз айтыстар бірінші рет тексеріліп, талданды. Сондай-ақ, бұрыннан
белгілі жырлардың біразы соңғы кезеңдердегі ғылыми талаптарға сай жаңаша
тұрғыдан қайта зерделенді. Эпикалық мол мұрамызды жеткізуші Н.Байғаниннің
жазба әдебиетінің өлшемімен қарағандықтан орынсыз сындарға ұшыраған
“Нарқыз” “Төрехан” дастандары фольклорлық заңдылықтар негізінде қайта
тексеріліп сарапталды. Жанрлардың даму эволюциясы қаралып, көркемдік
табиғаты мен ерекшеліктері ашылды. Қоғамдық-әлеуметтік қағидалардың
фольклорда бейнелену ерекшелігі ғылыми дәйектеліп, аймақтың өзіне тән
табиғатын танытатын сипаттар нақтыланды.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негіздері.
Диссертацияда Батыс Қазақстан фольклоры негізгі нысана ретінде алынды.
Батыс өлкесінің барлық фольклорлық мұралары зерттеудің дерек көздері болып
табылады.
Көптеген әдебиеттанушы ғалымдар мен мамандардың еңбектерін басшылыққа
алынды. Жалпы қазақ фольклорының заңдылықтарына сүйене отырып, аймақтық
ерекшеліктері, фольклордың көркемдік сипаты, дамуы туралы ой-пікірлері
назарда ұсталды. Атап айтқанда, М.Әуезов, Х.Досмұхамедұлы, Қ.Жұмалиев,
Е.Ысмайылов, С.Қирабаев, З.Қабдолов, С.Қасқабасов, Ш.Елеукенов,
Ә.Нарымбетов, Қ.Сыдиықов, М.Жармұхамедов, Б.Әзібаева, Т.Қоңыратбаев,
Ш.Керім, О.Нұрмағамбетова, В.Бердібай, Ш.Ибраев, Б.Рақымов, С.Сәкенов тағы
басқа ғалымдардың әдебиет тарихы, поэзия, жалпы ақындық өнер туралы
еңбектері мен ғылыми тұжырымдары теориялық және методологиялық негіз
ретінде қарастырылды. Орыс ғалымдарының тақырыбымызға қатысты
зерттеулерінің ішінде Н.И.Кровцов, А.М.Новикова, А.В.Кулагина, О.С.Шурц,
П.Т.Богатырев, В.П.Аникин, Б.Н.Путилов және т.б. еңбектеріндегі теориялық
пікірлер де ізденісімізге септігін тигізгенін атап өту қажет.
Зерттеудің әдістері. Батыс Қазақстан фольклорының тарихы мен
теориясына, аймақтық ерекшелік мәселесіне, сонымен бірге ұлт фольклорының
қалыптасуына жан-жақты тоқталу үшін тарихи-салыстырмалы және салыстырмалы-
типологиялық талдау мен сараптама әдістері қолданылды.
Жүйелі-кешенді зерттеу әдісі Батыс өлкесінің типологиялық сипаттары
мен өзіндік ерекшелігінің ұлттық фольклор өзегіндегі орнын айқындауға
мүмкіндік береді.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Жұмыста дәйектелген
пікірлер мен тұжырымды көзқарастарды келешекте фольклортану саласындағы
зерттеулерде қолдануға болады. Оқу орындарына әдебиет пәнінің тарихы мен
теориясы мәселелерін оқыту барысында, сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуге,
жоғары оқу орындарының филология саласында пайдалану мүмкіндігі бар. Жоғары
оқу орындарының бағдарламаларын тың зерттеулермен қамтамасыз етуге
бағытталған, сонымен бірге фольклортанушы зерттеушілерге де қажетті тың
тұжырымдар жасалды. Қазақ фольклорын зерттеуші мамандардың, аспиранттар мен
студенттердің пайдалануына болады.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі ғылыми
нәтижелері ҚР Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау
комитеті бекіткен басылымдардағы жалпы саны 6 мақалада және республикалық
халықаралық конференциялар материалдарында 3 ғылыми баяндама жасалып жарық
көрген.
Диссертациялық зерттеу жұмысы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының қолжазба орталығында талқыланған.
Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І БӨЛІМ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ ЖАНРЛЫҚ СИПАТЫ

1.1 ӘПСАНА - ХИКАЯТТАР
Батыс Қазақстан фольклорының жанрлық құрамы әр қилы, онда жалпы қазақ
фольклорының құрамдас бөлігі ретінде барлық жанрлардың ізі сақталған.
Әрине, олардың даму, сақталу жағдайлары жөнінде әңгіме басқа. Бұл зерттеуде
осы өлке топырағында туылып, тұтас қазақтың мұрасына айналған әпсана-
хикаят, тарихи жыр, тарихи өлеңдер, дастан, айтыс үлгілері негізгі зерттеу
нысанына алынды.
Батыс өңірінде кең таралған фольклорлық үлгілердің мол саласы Бекет
әулие атына байланысты. Тарихи тұлғаның нақтылы істерімен қатар халық
аузындағы фольклорлық әсірелеулер, мадақтауларға негізделген түрлі
әңгімелер кең таралған. Оларда көне мифтік ұғымдармен қатар аңыздық,
хикаялық, әпсана-хикаяттың белгілері де бой көрсетеді. Сондай-ақ онда бүкіл
дүниенің сырын білетін, өз қауымы үшін қауіп-қатердің бәріне де қарсы
тұрып, құтқара алатын көне құдайлық ұғымның елесі де бар.
Халық көне танымдардағы жасампаз қаһарманның дүниенің бүкіл сырын
біліп, адам игілігі үшін қызмет ету қасиетін – Бекет әулие бойына
жинақтаған. “Рулықтан бірден феодализмге көшкен елдерде көп құдайлы емес,
бір құдайлы дін орнап, көне миф жүйелену емес, қуғынға ұшырап, ыдырап
кеткен, циклға түспеген, демек көркем дүниеге бірден айналмай хикаяға,
ертегіге ойысқан, жаңа жанр қалыптастырған,” [11, 130] – дейтін
С.А.Қасқабасов пікірін Батыс өңіріндегі осы Бекет туралы әңгімелердің
әпсана-хикаят жанрына айналу жолынан көреміз.
Көне сенімдер бойынша ерте уақытта ру басы, тайпа көсемі, бақсылары,
патшалары тотемнен туады да, соның кейпінде болады, тотемнің қасиетін
бойына сіңіреді. Бұл түсінік Бекеттің “киесі аққу” дейтін ұғымдардан
көрінеді. Ол кейде екеу, кейде жетеу болып суреттеледі. Мысалы: ел арасында
кең таралған: “Бекет Ата мен Барақ” – дейтін әңгіменің мазмұны былайша
өрбиді.
“Бекет Ата мен Жетіру табын Барақ жастары шамалас, дос адамдар екен.
Біраз жасқа келдік, мен қырда жүрмін, Бекет Маңғыстаудың ойында.
Көрісіп, амандасатын да кез болды-ау, – деп ойлайды Барақ. Сол күні Бекет
Ата да дәл осылай ниет еткен екен.
Бекет Ата мен Барақ кездеспекке жолға шығады. Екеуі Тұрыш деген жерде
қарсы жолығады. Барақ дөңнің басында, Бекет Ата ойпаңдау сайда тұрады.
Екеуі де қайсымыз бұрын сәлем беруіміз керек, кімнің әруағы басым болса,
сол бірінші амандасуы тиіс” деп ойлайды.
- Сен жоғарыда тұрсың, жол сенікі, қасиетіңді көрсет, – дейді Бекет
Ата Бараққа. Сол мезгілде ылдида үш дүркін су тасып, Бекет Атаны
судың екпіні ағызып кете жаздайды.
- Енді сіз қасиетіңізді көрсетіңіз, - дейді Барақ.
Бекет Ата көкке қарайды, сол-ақ екен Барақ төбесінен жеті аққу ұшып
бара жатқанын көреді.
- Сенің қасиетің күшті, бірақ су перісімен байланысты екенсің, өзің
өлген соң жерге сіңген судай жоғалып кетеді екенсің, - дейді
Бекет Ата.
- Ал, сенің қасиетің аспанда жеті аққу болып ұшты, әруағың биік тұр,
жеті ұрпағыңа дариды екен, сәлемді мен берейін, Ассалаумағалейкум! – депті
Барақ. Сөйтіп екеуі төс түйістіріп құшақтаса көріскен екен,” - дейді [12,
17].
Демек, белгілі бір тұлғаны, Бекетті дәріптеу үшін көне мифтік ұғымдар
жұмсалған.
Өйткені “Мифтік дәуірде адам өзінің әр түрлі жанды-жансыз нәрсенің
кейпіне кіріп, өзгеріп кететіндігіне кәміл сенген... Бұл дәуірде адам өзін-
өзі бірде аспандағы аққу кейпіне, бірде жортып жүрген жолбарыс кейпіне
ауыса алады деп сенген” [13, 44 ].
Осы тәрізді түсінік Батыс Қазақстанның Маңғыстау аймағында халық
арасында кеңінен таралған. Ол Бекет әулиеге байланысты мына әңгімеден
көрінеді.
“Бекет Ата қайтыс болғаннан соң 40 жылға дейін әр жұма сайын екі аққу
жұптаса қосарланып Оғыланды тауларын әлденеше рет дауыс шығара қаңқылдап
айнала ұшып жүріпті. Бұл көріністерді көзімен көріп, жүрегімен сезінген ата
ұрпақтары бұл қос аққу Бекет әулиенің қос аққуы дейді екен деген сияқты”
әңгімелерге де негіз болған. Кейде Бекет жеті балапан ерткен аққу
бейнесінде де көрінеді екен содан жұрт оның “әруағы жеті атаға тараған” деп
жоритын әңгімелер де кездеседі.
Ел түсінігіндегі Бекет образына фольклор кейіпкерлеріне тән тумысынан
даралық, ерекше туылу тән. Оның мұсылмандықты ұстанып, Алланың ақ жолын
елге насихаттайтын бағытқа түсуінің өзіне оның тумысындағы ерекшелігі негіз
болған деп көрсетіледі. Бұл жөнінде ел арасындағы “Ұстаз болжамы” дейтін
әңгімеде баяндалады.
“Бекет Ата Хиуадағы Шерғазы хан медресесінде оқыған. Бақыржан баба
өзімен қызметтес ғұлама-ұстаздарға бала Бекет жайлы:
– “Байқайсыздар ма, Бекет шәкіртіміз отырып-тұрғанда үнемі екі жағынан
екі періште келіп қолтығынан демеп жүреді. Құран оқып отырғанда да екеуі
екі иығында отырады. Бұл баланың болашағы зор болады деп пайымдаймын.
Иншалла, ұлысқа, мұсылманға Пір атанар – деген екен. Уақыт өте келе ұстаз
болжамдарының айна-қатесіз келгендігіне бүкіл ел куә!” [12, 28 ].
Бекеттің әулиелік жолға түсуінің себебін халық түсінде пірінің аян
беру мотиві арқылы көрсетіледі. Мұндай әңгімелерде хикаяттық сипат басым.
Себебі онда әр түрлі таным іздері: табиғатқа табыну, аруаққа табыну, жалғыз
құдайға табынумен қатар көрінеді. Кейде тек мұсылмандық пірлердің әсері
басым болып баяндалады. Ол мына әңгіме мазмұнынан айқын танылады.
Мәселен, Бекет әке-шешесінің ақыл-кеңесімен Шопан Ата басына үш күн
түнейді. Үшінші түнеген күні таң алдында Шопан Ата Бекеттің түсіне еніп:
- Өлі аруақ тіріге Пір бола алмайды. Хиуа шаһарына бар. Сондағы
медреседе Бақыржан қажы деген ғұлама қасиет иесі бар. Сол кісіні сағала.
Сені Хиуаға алып барар пырағың үй сыртында, есік алдында тұр, - дейді.
Бекет оянып кетсе, түсі екен. Жалма-жан киіне сала үй алдына шықса, шынында
да Шопан Ата түсінде аян бергендей ерттеулі пырақтың көлденеңдеп тыпыршып
тұрғанын көреді. Енді аялдауға болмайтынын іштей сезген ол дәретін алып таң
намазын оқи сала пыраққа мінеді. Алланың кереметіне таңдануға болмас, пырақ
Бекетті көзді ашып-жұмғанша Хиуа шаһарына алып барып ғайып болады. [12, 33
] Жалпы аққуды тотем санау түркі-монғол халықтарына тән. Оны өлтірмеу,
өлтірсе киесіне ұшырау туралы ұғымдар кең тараған [14, 41].
Мысалы, Қазақтың Едіге батырының да туылу тегі аққумен
байланыстырылады [15, 23].
Бекет жайындағы әңгімелерде көне шамандық түсініктердің де элементтері
бар. Ол Бекетке құдіреттіліктің күші аса таяқ арқылы берілуі туралы
әңгімелер. Үш әлемді вертикалді түрде жалғастырып тұратын Әлемдік ағаштың
мәні туралы орыс фольклортануында Е.М. Мелетинский [16, 213], оның
қазақтардағы көрінісін Ш. Уәлиханов [17, 113], С. Қасқабасов еңбектерінде
жан-жақты сөз болған.
Мысалы, Ш. Уәлиханов: “Жаһанда өсіп тұратын жалғыз ағаш, немесе бұта
қадірленіп, оның басына түнейді. Оның қасынан өтіп бара жатқан адамдар
бұтақтарына шүберек байлайды, ыдыс тастайды, я болмаса аттың жалын түйіп
тастайды,” – деп жазды.
“Аса таяқтың құдіретінің” киелілігі жөнінде “Оғыланды мен Бекет”
әңгімесінде былайша баяндалады.
Бір күні Ұстаз айтады:
– Шәкірттерім, медресені тамамдар кездерің жетті. Менің дәрісімнің
қаншасы дарыды, оны бір Алла біледі, өмір көрсетеді. Мен қартайдым,
менің ісімді енді жалғастыратын сіздерсіздер. Мен Аллаға сыйынып
аса таяғымды лақтырамын. Сол таяқ түскен жерден мешіт, медресе
саласыңдар. Таяғымды өзіме әкеліп берерсіздер. Батамды беремін.
Ұстаз ырғап-ырғап аса таяғын лақтырып жібереді. Шәкірттер сан тарапқа
жүгіре жөнеледі. Бекет медресе ішінде отырып қалады.
– Балам, сен неғып отырсың? – дейді Ұстаз.
– Ұстазым, Сіздің асаңыз олар ойлағандай жақын жерге түспеген шығар,
оны іздеуге өзіңізден бата алып, жолға әбден дайындалып шығуым
керек.
– Сапарың оң болсын! – деп Ұстаз батасын береді.
Бекет арып-ашып апталап, айлап жол жүріпті. Үстірттің Маңғыстау ойпатына
сұғына біткен бір тұмсығына келгенде қыр үстінде тұрған ұстазының аса
таяғына көзі түседі. Қуанып кетеді. Жүгіріп келіп, өзі білетін аяттарын
айтып, тартып келіп қалады. Аса таяқ қозғалмайды. Ана аяттарын айтады,
мынаны айтады, суырылмайды. Әбден қысылған кезде, ойына тағы бір аят
түседі. Соны айтып, тартып қараса, аса таяқ суырылып кетеді.
Бекет аса таяқты алып бара жатса, сол маңда қой жайып жүрген бір қойшы
айқай салады:
– Аса таяқ менікі, оны көргеніме бірнеше күн болды.
– Жоқ, мен тауып, суырып алдым ғой, – дейді Бекет.
– Жоқ, аса таяқты мен алғаш көргем.
– Е, онда суырып ала ғой, – деп Бекет аса таяқты лақтырып жібереді.
Аса таяқ ауада қалқып барып, жерге дірілдеп қадала қалады.
Қойшы аса таяқты әрі ырғайды, бері ырғайды, шығара алмайды.
– Жарайды, сен шығарып ала ғой, – дейді қойшы.
Бекет аса таяқты жерден суырып алады.
Бекет айналасындағы жақын, туыстарына тау беткейіндегі мешітіне
жерлеуді өсиет етіпті-мыс делінеді. Бекет бойындағы бүкіл табиғаттың жанды
тіршіліктің қамқоры ретіндегі бейнесін халық былайша көрсетеді біресе
ұстазына келіп сөйлеуге ұлықсат бер дейді.
- Ұлықсат, айта бер.
- Айтсам, мен қолымдағы балтамды ыңғайлап, ағаштарға жақындай түссем
болды: Жас едім, өркенімнің өскенін, жапырағымның жайылғанын армандап ем,
балта жүзін аулақ қыла көр, қайырымды адам, - деп көз жастарын көл қылады.
Жаным ашып, қыршынынан қиюға батпаймын. Өзегінен айрылған, омырылып түскен,
әбден қурап қалғанын теріп, уақытым текке кетіп жүргені, - дейді Бекет.
Мұны мұқият тыңдап, риза болған Пір:
- Шәкірттерім, сендер тоғайға барғанда мынадай жайды аңғардыңдар ма,
кездестірдіңіздер ме? – деп сұрайды.
- Жоқ, қасиетті Пір-Ата көргеніміз жоқ. Мына қазақ шәкірті өтірік
айтып отыр.
- Олай болса, Бекеттен өзгелерің әкелген отындарыңды тоғайға, сол
алған жерлеріңе апарып тастаңыздар, - дейді.
...Оқу аяқталар шақта Пақыржан қажы әдемі аса таяқты шәкірттерінің
біріне ұсынайын десе, бәрі де алғысы келіп таласатын түрлері бар.
- Олай болса, - дейді Пір, - мына асаны мешіттің төбесінен шығара
лақтырып жіберемін, қайсысың тапсаңдар, сол иелік етесіңдер!
- Жақсы!
Барлық шәкірт бір ауыздан осыған мақұлдасады.
Пір асаны лақтырып жібергенде шәкірттер сыртқа дүркірей ұмтылады.
Мешітте тек бір ғана Бекет отырып қалады. Басқалары лақтырылған асаны іздеп
жан-жаққа маңып кетеді. Алды үш-төрт дала кезіп құр қол оралады.
Пақыржан қажы шәкірті Бекеттен:
- Сен асаны іздеуге неге ықылас білдірмедің? – деп сұрайды.
- Уа, ұстазым, әуелі Алла, сосын Сіз ұлықсат етсеңіз, қылығымның жайын
айтып берейін.
- Ұлықсат.
- Ол аса әзір таптыра қоймайды. Құдіреттің күшімен ол әлі ұшып бара
жатыр. Түсер жеріне жете қойған жоқ және ол тым алыс, шалғайда.
Пір ләм-мим леп ештеңе айтпайды.
Асаны іздеп, таба алмай үмітін үзген шәкірттер түгелдей жиналады, оқу
аяқталып, елдеріне қайтады. Ал, Бекет кетуге асығар емес.
- Шәкіртім, сен неге айналсоқтап жүрсің, мұнда енді не қарастығың бар?
– деп сұрайды ұстазы.
- Сіздің батаңызды, берсеңіз еншіңізді күтулімін.
- Е-е, онда, жай қолыңды.
Пақыржан зерек, ерекше қабілетті шәкіртіне бетін сипайды да:
- Еншіме берерім мына қалың, асыл тысты кітап, тымақ, балта және аса,
енді не талабың бар? – деген екен.
- Ататын оқ беріңіз.
- Оқ дедің бе? Саған көп оқ беруге болмайды, біреуі де жеткілікті.
- Азық беруді де ұмытпаңыз, Ұлы ұстаз!
- Берер азығым жеті атаңа дейін жететін болады.
- Мінетін көлігім болғаны да жөн ғой.
Бұл әңгімеде Бекеттің әулиелік дәрежесіне бұрыннан келе жатқан
қасиетті батаның киесі баса айтылады.
Ал “Оғыланды мен Бекеттің кездесуі” – дейтін әңгімелерде Бекеттің дәріс
алған Пірі дарынды шәкірттеріне берген уәдесін орындап, Оғыланды атты
баланы жібереді. Бір ғажабы Пірдің сәлемін әлгі жіберген Оғыланды жеткізбек
түгіл, Бекетті сонадайдан көре сала қашады. Ал Бекет болса оның соңынан қуа
жөнеледі. Оғыланды осы күнгі Бекет-Ата мешіті тұрған жерге жеткенде көзден
ғайып болады.
Бекет-Ата осы жерді ерекше көңіліне медет етіп, қолындағы қара балтаны
белгі ретінде қояды да, жан-жағына барлай, бағдарлай көз салады. Міне,
қызық, сонау бір сәтті күні Пақыржан қажының лақтырған аса таяғы шың
етегінде шаншылған күйі тұр екен.
Пір аманаты бойынша Бекет асаны алуға ниет қылып келсе, жанында бір
қарт кісі отыр. Асаны алуға ол пейіл білдірмейтін танытады.
– Бұл асаның құдіреттің пәрменімен осында келіп шаншылғанына жетінші
жыл. Менен өзге мұны көрген, білген пенде жоқ, асылдың иесі менмін.
– Мұныңыз да жөн шығар. Ал иесі болсаңыз, асаны қолыңызға алып
игілігіңізге жаратпаймысыз?
– Таңқаларлық сыры сол, аса шаншылған орнынан міз бақпайды,
суырылмайды.
– Олай болса, бұл асаны күші жетіп, суырып алған адам меншіктейтін
болсын, соған келісейік.
– Иә, жақсы.
– Сіз үлкен кісісіз, әуелі, Сіз бастаңыз.
– Бұрын да аз әлектенген жоқ едім, шырағым. Дегенмен Алладан пәрмен
тілеп, баба қасиетінен дәрмен сұрап, сыйынып қарекет жасайын.
– Онда жолды Сізге бердім, ақсақал. Бейтаныс кісі асаны суырып алғысы
келіп үш күн бойы жанын сала арпалысқан. Әйтсе-дағы көздегеніне жете алмай,
болдыртқан, торыққан.
– Уа, ақсақал, енді маған кезек беретін боларсыз?
– Жеті жылдан бері көзімнен таса, көңілімнен жаза тарттырмай-ақ келіп
едім болмады.
Қарттың көңілі босап, жүзі жабырқау тартып, Бекетке, амал жоқ, кезегін
береді.
Бекет шаншулы аса таяқтың жанына келіп “Иә, Алла” дегенде, ол орнынан
оп-оңай суырылып, қолында тұрады. Қазіргі Бекет-Ата мешіті жанындағы күні-
түні тынбай ағып жатқан тұщы сулы кәусар бұлақ, сол Пақыржан қажы лақтырған
аса таяқтың суырылып алынған орнынан бастау алған деседі. Ал бейтаныс
қарттың көз жасы тамған екі жерден ащы сулы қос құдық пайда болған. Сол
мешіт жанындағы құдық суының ащы болуы – аса таяққа иелік ете алмағандағы
әлгі қарттың көз жасы көрінеді-міс.
Бекет әулиенің ерекше қасиеті ретінде оның көзге көрінбей көмек етуі,
әр түрлі жағдайларға байланысты өзгеріске, түрліше кейіпке түсе алуы көп
әңгімеленеді. Бұл фольклордағы мифтік дәуірге тән құбылушылық құбылысын
танытады.
Фольклортанушы ғалым С.А.Қасқабасов тұжырымдағандай мифтердегі
мақсатты құбылушылық қазақ мифінің өзіндік ерекшелігі болып саналады. Ғалым
құбылушылықтың үш түрін жіктейді. Құбылушылықтың үшінші себебі – зор
қауіптен құтылу жолы - төнген қатерден құтылу [11, 27 ].
“Құбылушылықтың бұл түрі мифтік сананың бастапқы кезінде орын тепкен
адам өзі мен табиғатты бөлмей, дараламай, екеуі бір дүние деген түсінікке
негізделген (осы құбылушылық бойынша кейінгі замандарда фольклорлық көркем
прозада мысалы, ертегі кейіпкерлері оп-оңай басқа кейіпке түсіп, аң да, құс
та, жәндік те бола алатын болып суреттелген” [11,
28 ].
Әрине, біз баяндаған миф ел арасында айтылып, қазақ қоғамының бертінгі
дәуірлерінде ұстанған өмір салты мен идеологиясына, әдет-ғұрпына сәйкес
өзгертілген, солар тұрғысынан бағаланған.
Ел аузында Бекет әулие бірде ақ тұман, бірде сағым, бірде қаптаған қол
болып көрініп, өзінің жұртын жаудан, түрлі қауіп-қатерден құтқара алатын
қасиет иесі ретінде дәріптеледі.
Мұндай дәріптеулер түрлі нұсқада өте көп тараған. Ол ел ішілік деңгейде
ғана емес, көршілес елдер қарым-қатынасын да қамтиды. Ел арасындағы
айтылатын “Бекет Атаның қолбасыға айтқаны” – дейтін әңгімедегі Бекеттің іс-
әрекеті былайша баяндалады.
Қалмақтарға қарсы аттанарда бір күні қолбасы Бекет Атаға келеді.
– Мен талай жорыққа қатыстым, күшіммен ақылымды аяғаным жоқ, қазір
егде тарттым, жорықты қойдым, – дейді Бекет Ата.
Бекет Атаның бірге аттанбағанына қолбасы ренжісе керек. Сонда Бекет Ата
айтады:
– Сен ренжіме! Ақыл тыңда, жауға түс мезгілінде топтанбай, қатарларыңды
жайып шабарсыңдар.
Күндердің күнінде қалмақтарға қарсы аттанған қол елге оралады.
– Сенсіз де жауды жеңдік! – дейді қолбасы Бекет Атаға мақтанып.
Бекет Ата тұтқынға түскен қалмақтардың жанына келіп:
– Сендер қуатты жасақ едіңдер, қалай жеңіліп қалдыңдар? – дейді.
– Түс мезгілінде бізге келіп тиісті, қаптаған қалың қол екен. Біздің
жүрегіміз дауаламады, соғыспай-ақ берілдік, – дейді тұтқын.
– Қолбасы, бері кел, түс мезгілінде сағымды көтеріп, онды жүз, жүзді
мың етіп көрсеткен кімнің іс-әрекеті? – депті Бекет Ата.
Ал “Атағозы мен Бекет Ата” – дейтін әңгімеде Бекеттің қасиеттілігі
былайша көрсетіледі.
Бекет Ата мен Атағозы замандас екен. Атағозы жауға кетіп, елге
оралғасын Бекет Атаға келеді:
– Сен неғып жайбарақат отырсың? – дейді.
– Сенен дұшпаның үш күн бұрын кетіп еді, ақ тұман түсіріп, адастырып
жауыңның үстіне әкелдім, одан артық не істейін? – депті Бекет ата
Атағозы батыр аяқ астынан не айтарын білмей, атына міне алмай,
жетектей жөнеліпті [12, 33].
Халық ұғымында Бекеттің көзге көрінбей құс секілді ұша алатын қасиеті
жөніндегі әңгімелер де бір шоғыр. Оны жоғарыдағы аталған киесінің “аққу”
кейпінде болуымен түсіндірсе, енді бірде ерекше әулиелігі деп түсіндіреді.
Бекеттің әулиелігі батыс өлкесінен асып, көршілес елдерге дейін кең
тарағандығына “Қараман атадағы ант” – оқиғасы да куә. Мұнда Бекет әділ
төреші, ерекше сиқыр иесі ретінде мадақталады.
Ел арасындағы әңгіме бойынша “Жақай Қожаназардың көп жылқысының ішінде
ерекше бітімді бір құлынға қоныстас түрікмендер күмән туғызады. Қожаназар
жылқышылары ауыстырып алған түрікмен жылқысының құлыны деп ойлайды. Адайлар
да, түрікмендер де бұл Алланың әмірімен түз бен теңіз жылқысының
будандасуынан туған суын құлын деп есептейді. Сол суын құлын айлық жерге
ойлаған сәтте жететін ерекше жаратылған пырақ болыпты. Күдік пен күмәннің
соңы адайлар мен түрікмендердің анттасуына әкеледі. Түрікмендер
Қожаназардың кенже ұлы Қошанды антқа ұстауды талап етіпті. Өйткені, олар
Қожаназар ұлын антқа салмас, арғымақты беріп құтылар десе керек.
Анттасу Маңғыстаудағы Қараман атада өтеді. Анттасудың төрелігін айтуға
екі ел де Бекет атаны қалайды. Естіген жұрттың тайлы-тұяғы қалмай Қараман
атаға жиылады. Адайлар Қошанға қара киім кигізіп, қара ер-тұрман салынған
қара арғымаққа мінгізіп, қалың елдің ортасына алып келеді.
Бекет ата дөңнің үстіне шығып, қаумалаған әлеуметке бағыштап:
– Уа, құдірет, адайлардың қолы қаралы болса, Қошанды, ақ болса, ер
басына сұғылған бізді ат! – деп дауыстаған екен. Сол кезде ер басындағы
біздің сабы қақ жарылып, қара арғымақ омақаса құлайды.
Адайлар “Аллалап” ат үстінен Қошанды көтеріп алады.
– Бекет ата, адайларға бұрып кеттің, бұл шешімге риза емеспіз.
Анттасуды адайлар арасында емес, көне Үргеніштегі Шекабор (шейх
Кубар) әулие маңында өткіземіз, – дейді түрікмендер.
– Айтқандарыңыз болсын, ертең таң намазында сонда кездесейік. Ал,
мен соған жүрдім, – депті Бекет ата.
Осы сәтте қара киімді Қошан да қанатты қара арғымағымен ұша жөнелсе
керек.
– Болмады, Бекет ата құдіретін асырды, қанша арғымағымыз болғанымен
Шикаборға жету мүмкін емес, дауды доғарайық, – депті түрікмендер”.
Мұнда Бекеттің құдіретпен байланысы бар әулиелігімен қоса әділетті
төреші ретіндегі бейнесі де дәріптеледі.
Тағы бір әңгімеде ел ағасы батырларының бірін басшы етіп Бекет
айтқандай елу кісілік атты жасақ құрып, жау келер күні таңертең үлкен сайға
барып, жаудың келуін күтіп тұрады. Сонымен, көп ұзамай бұлар тағатсыздана
күткен жау қарасы да көрінеді. Жау жақындап аттарының дүбірі естілген кезде
Бекеттің әруағы аққу болып ұшып жауға қарай бағыт алады. Осыны күткен қазақ
жігіттері: “Бекет, ия, Бекет, қолдай гөр”, – деп атой сала қыр басына шауып
шыға келеді. Дәл осы сәтте бұлармен ілесе күшті жел пайда болып, тозаң
көтеріліп жердің шаңын аспанға көтереді де бұлардың шағын жасағы
түрікменнің 500 кісісін жеңіп шығады.
Яғни, ел аузындағы әңгімелерде Бекеттің әулиелігі мен қамқорлығы өз
халқының шеңберінен асып, көршілес өзге жұрттың ауқымына да тарап жатқаны
да көбірек сөз болады.

Мәселен, “Бекет Ата, Барақ, Балуанияз жорығы” – дейтін әңгімеде: Бекет
Ата, табын Барақ, балықшы – Адай Балуанияз батыр үшеуі Хиуаның бір мықты
бекінісіне шабуыл жасаған сарбаздарға басшылық етеді. Бірінші боп шабуыл
жасау кезегі Барақтың үлесіне тиеді. Ол шепті бұзып өте алмай, жараланып
қайта шығады. Екінші жолы қолды Балуанияз батыр бастайды. Ол бекіністі
бұзып-жарып өтеді. “Жау қашты, жау қаштылап!” әруақтанған сарбаздар лап
қойып, мол олжа түсіреді.

Содан соң Бекет Ата Бараққа: “Мына олжадан қалағаныңды ал, таңдау жол
сенікі” – дейді. Барақ: “Алмаймын”, - дейді. Бекет-екең: “Неге?” – деп
сұрайды. Сонда Барақ: “Мен өмірімде біреуден ешбір олжа алып көргенім жоқ,
қайта ортаға салатын адаммын. Бұл – бір. Екіншіден, Бекет-еке, Сізге мен
өкпелеп отырмын. Сіз қарыңызға тарттыңыз, Балуаниязға болыстыңыз. Ол шепті
бұзды, ал менің әрекетімнен ештеңе шықпады. Мен бекініске шапқанда табынның
“Тостаған!” ұранын айтпай, сіздің аруағыңыздан дәметіп, “Уа, Бекет!” деп
ұрандап едім. Онымнан түк те шықпағасын, бармағымды тістеп отырмын, –
депті. Сонда Бекет Ата Балуанияздан: “Жаңа шепке шапқанда, оқыс, одағай
ештеме көрген жоқсың ба?” – деп сұрапты. “Жоқ, байқамадым”, – депті ол.
Бекет Ата: “Енді сен не көрдің?” – деп Барақтан сұрапты. “Көрдім!” – деп
жауап беріпті Барақ.
– Шептің оң жақ қанатында үш-төрт адам түйе сойып жатты. Оған мен
пәлендей көңіл аударғаным жоқ еді, мән беретіндей мұрша болды ма, тәйірі?!
– дейді.
– Бекет Ата: Е, Барақ батыр, жарадың! Құр емес екенсің. Өзің білесің
түрікмендер де мұсылман ғой. Олар да өз әулие-әнбиелеріне сыйынып, ана
түйені жеңіс жолына құрбандыққа шалып жатыр екен. Сол сәтте олардың
әулиелерімен жағаласып, ала алмай жатқанмын. Сен бекініске дәл сол мезетте
шаптың. Сондықтан шепті ала алмадым. Балуанияз қол бастаған әзірде мен
басымдыққа ие болғанмын! Мен екеуіңізге де көмекке ұмтылдым. Бірақ, шындық
жаңағыдай еді – дегенде, Барақ: “Уай, Бекет-еке, кешіре гөр, менен бір
білместік болды. Сіздің атыңызға сыйынып шапқаныма енді өкінбеймін!” – деп
баяндалуында Бекетті бүкіл түркі жұртының қамқоры етіп көрсету сарындары
бар. Ал көп жағдайда кім болса да ұлтына, жеріне қарамастан өзіне сенгеннің
бәріне медет болып, қауіп-қатерден құтқарады. Енді бір әңгімелерде Бекеттің
өз аймағынан асқан әулиелік даңқына көршілес елдер де табынады деп
мадақтайды.
Адайлар киім-кешек, азық-түлік алу үшін Бесқалаға барып тұрады екен.
Сөйтсе түркмендер олардың жолын тосып, қорқытып, алып келе жатқан дүние-
мүліктерін тартып ала берген. Бұл қорлыққа шыдамаған Адай жігіттері бес жүз
атты болып түркмендерге аттанады. Мұны естіген түркмендер ойласып “Қанеки,
қазақтың Бекет Атасына сиыналық” деп келісіп, Ата жолына бір айғыр
байлайды. Содан екі жақтың қақтығысында түркмендер жағы жеңіп, көп олжаға
кенеліп қайтады. Ертеңіне Адайлар ойласып, Бекет Ата жолына боз қошқар
атап, қайта шабады. Нәтижеде жеңіске жетіп, дүние-мүліктерінің бәрін кері
қайтарып алады.
Бұл оқиға Бекет Атаның “Кім бұрын сиынса, соны жарылқаймын” дегенінің
нақты дәлелі іспеттес.
Осы жағдай “Қашқан да “Бекет”, қуған да “Бекет” дейтін әңгімеде де
көрініс табады.
Бекет Атаның бір танысы атын ұрлатып із кесіп, енді ұстармын деп таяу
қалған кезде:
– Уа, Бекет! – деп жәрдем сұрайды. Бірақ аттың ізі жоғалып, ұры
таптырмай кетеді.
Осы оқиғаны танысы Бекет Атаға айтады. Сонда Бекет Ата:
– Қашқан ұры да, қуған сен де “Бекет!” дедіңіздер. Ұры “Бекет!” деп
бірінші айтты. Соған көмектестім, – депті Бекет Ата.
Енді бір топ әңгімелер Бекеттің бойындағы мұсылмандық қасиеттерді
көбірек уағыздайды. Мәселен, Бекет 14 жасында мұсылман қауымына Мәшһүр
пірдің алдына барып дәрісін тыңдауды мақсат етіп, әке-шешесінен рұқсат
сұрайды. Әкесі, Шопан ата аруағына барып түнеуге кеңес береді. Түсінде
Шопан атаның өзі екі рет аян беріп “Өлі аруақ тіріге пір бола алмайды” деп
аян береді. Көлігін дайындап, жол көрсетеді. Онан әрі қарайғы жолында
кездеспейді. Бірақ оның, аруақтың қызметі кейін өзінің бойында, атқаратын
қызметінде танылады. Яғни, бұдан шығатын қорытынды әулие туралы әңгімелерде
халық танымының түрлі кезеңдерінің елесі бар. Көне мифтік, аруаққа табыну,
бір құдайлы түсінік осылардың бәрі де кейіпкерді дәріптеу үшін жұмсалып
көркемдік қызмет атқарады. Мысалы, “Бір жолы Бекет Ата таң намазын
уақытында оқи алмай, күн шығып кеткен соң қазасын оқыпты. Ол кісінің
бұлайша кешігу себебі, ауылдас бір кісінің жалғыз ұлы перінің салқыны тиіп
ауырып қалады. Ата күн шыққанша баланың қасында болуға тура келген. Оның
себебі: егер Ата күн шықпай кетіп қалатын болса, пері әлгі баланың жанын
алып кетуі мүмкін екен.
Бұл - Бекет Атаның ел мүддесін жеке басының мүддесінен жоғары қоюының
бір мысалы ғана.
Халық арасында Бекеттің мұсылмандық жолына түсуі жайындағы
әңгімелердің әр түрлі нұсқаларының бәріне ортақ бір белгі - Бекетке судан
бес саусақтың көрінуі туралы сарын.
“Бекет Ата жас кезінде тағдыр таршылығымен әртүрлі күнкөріс үшін
жақсылы-жаманды қарекеттер істесе керек. Бір сапардан келе жатса, өзеннен
өтер кезде су ішінен әуелі бір саусақ көрінеді. Кейіннен бес саусақ
көрінеді. Ол батып кетіп, артынан отыз саусақ көрінеді. Мұны Бекет Атадан
басқа ешкім көрмейді.
Бекет Ата ауылына келіпті. Сапарда көрген құбылысты әйеліне жорытыпты.
“Бір саусақ – бір Құдайды біл, бес саусақ – бес уақыт намазыңды, отыз
саусақ – отыз күн оразаңды ұмытпа” дегені депті әйелі. Бекет Ата өзге
қарекеттердің бәрінен тыйылып, ізгілік, имандылық жолға сонан кейін біржола
беріліпті,”- делінеді [12, 38].
Демек, бұрынғы ескі шамандық, көпқұдайлық діни нанымдардың орнына
бірқұдайлық діннің келуі түрлі көзқарастарды шиеленістіргенімен бұрынғыны
мүлде жойып жібере алмай, ежелгі ырым, әдет-салттардың жаңа дінге
бейімделетіндігінің белгілері осы Бекет жайлы әңгімелерден көрінеді.
“Хикаяттарда әңгімеленетін оқиғалар тыңдаушылар арасында сенімсіздік
тудырмайды, өйткені олар пайғамбарлар мен әулиелердің іс-әрекеті немесе
басынан кешкен оқиғалары болып баяндалады. Хикаят жанры, оның анықталу түп-
төркіні, сөз жоқ, көне заманның мифологиялық түсінік-нанымдарымен сабақтас.
Хикаят таза мұсылмандық мифологияға ғана негізделмейді, онда архаикалық
мифтің де, аңыздың да қасиеттері ұшырасады дейтін С.А.Қасқабасов [11, 135]
тұжырымы Бекет әулиеге байланысты фольклорлық әңгімелерден анық байқалады.
Фольклордағы сөз киесіне сену, ерекше болмысты адамдардың оң
батасынан қасиет дариды деген ұғымдар Бекет тағдырына қатысты фольклорлық
үлгілерде де басты мән иеленеді. Бекеттің бойындағы ізгілік ерекше
қасиеттер ұстазының я болмаса елдің белгілі адамдарының батасы арқылы
дарыған деген түсініктер мол ұшырасады. Солардың бірі ретінде Есет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
С. Қасқабасовтың қазақ фольклористикасының зерттелуіне қосқан үлесі
Фольклорлық практика есебі
Қазақ фольклорының тарихы
Балалар фольклорлық музыкасындағы жанр ұғымы
Қорқыт туралы аңыз бен ақиқат
Қазақ фольклоры
Қазақ халық прозасын ғалымдардың классификациялауы. Қарапайым прозаның шығу тегі мен жанрлық ерекшеліктері
Сейіт Қасқабаев - фольклортанушы ғалым
Рахманқұл Бердібай - фольклор зерттеуші
Фольклор - сөз өнері
Пәндер