Абылай ханның сыртқы саясаты



1. Кіріспе бөлім:
1.1. Абылай ханның сыртқы саясаты ... ... ... ... ... ... ... ..3
2. Негізгі бөлім:
2.1. Абылай ханның өмірбаяны ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.2. Жонғар шапқыншылығы кезіндегі Абылайдың саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.3. Ресей үкіметімен саяси байланыстары ... ... ... ...11
2.4. Цин империясымен ұстанған саясаты ... ... ... ...12
3. Қорытынды бөлім:
3.1. Қазақ тариxындағы қайталанбас тұлға ... ... ... ..15
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Абылай хан — Қазақ тарихындағы ең көрнекті мемлекет құрушы қайраткер тұлғалардың бірі. Еліміздің бүгінгі көлемінде сақталып қалуына жан аямай еңбек сіңірген ақылды, айлалы, айбынды, қолбасшы ханымыз.
Ш.Уәлиханов Абылайдай шексіз билікке ие болған бір де бір қазақ ханының болмағанын, оның мемлекет билігін орталықтандырып, нығайту бағытындағы әрекеттерін, «ханның билігін алқалы кеңес арқылы шектеп отыратын рубасылар мен сұлтандардың өркөкірек үстемдігін» тыйғандығын жазды. Шоқан: «Қазақтардың аңыз-әңгімелерінде Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Абылай дәуірі, қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры. Оның жорықтары және батырларының көзсіз ерлігі мен қаһармандығы жыр-дастандардың арқауына айналған», - деп атап көрсетті.
Шындығында, Абылай өмір сүріп, елінің азаттығы жолында жанкештілікпен арпалысқан ХVІІІ ғасыр Қазақ елінің басына қара күн туып, құрып кету қаупі төнген, халқымыз «Ақтабан шұбырындыға» ұшырап, «Елім-айлап» күңіренген зар заман екені бүгінде әркімге аян.
Сол кезде солтүстіктегі алып көршіміз Ресей барынша күшейіп, бүкіл Сібірді бауырына басып, Қазақ жерін жан-жағынан құрсаулай қысып, батыста Еділ мен Жайықты, солтүстікте Ор мен Тобыл, шығыста Ертіс өзендерінің бойын иемденіп, берік орнығу үшін Омск (1716 ж.) Семей (1718 ж.), Павлодар (1720 ж.) Өскемен (1720 ж.) бекіністерін салып, албастыдай төніп келе жатқан. Қазақ еліне шығыстан кіріп, Ертіс бойына жағалай бекіністер салуынан Қытайдың алдын орап, олардан бөліп тастауға тырысқан ниеті анық байқалады. Олар қазақтардың жоңғарлармен, әсіресе, қытайлармен одақтасып кетуінен қатты сескенген. Сондықтан Сібірдегі қалаларына шабуыл жасай берген ойраттарға қарсы бірге күресуге қазақтармен келісім жасауға әрекет етіпті. Қазақтарға қарсы ондай келісімді жоңғарлармен де жүргізген.
1. Сейітқали Қарамендин «Абылай»,
Алматы, Дария-Пресс, 1993ж, 6-15 бет
2. Хамит Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы »
Алматы, 1995ж, 76-87 бет
3. «Тарих ата» журналы, 150-152 бет
4. Ерғали Ахметтің мақаласы
«Айбынды Абылай хан: аңыз бен ақиқат» 09.05.2011
5. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 1 том
6. Интернет жүйесі
www.tarih.kz
www.testent.kz

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университеті

Абылай ханның сыртқы саясаты

Тексерген: Қозыбақова Ф

Орындаған: Ергедыр А

Тобы: БЖ-111К

Алматы 2012

Жоспары:

1. Кіріспе бөлім:

1. Абылай ханның сыртқы саясаты ... ... ... ... ... ... ... ..3

2. Негізгі бөлім:

1. Абылай ханның өмірбаяны ... ... ... ... ... ... ... ..6

2. Жонғар шапқыншылығы кезіндегі Абылайдың саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

3. Ресей үкіметімен саяси байланыстары ... ... ... ...11

4. Цин империясымен ұстанған саясаты ... ... ... ...12

3. Қорытынды бөлім:

1. Қазақ тариxындағы қайталанбас тұлға ... ... ... ..15

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Абылай хан — Қазақ тарихындағы ең көрнекті мемлекет құрушы
қайраткер тұлғалардың бірі. Еліміздің бүгінгі көлемінде сақталып қалуына
жан аямай еңбек сіңірген ақылды, айлалы, айбынды, қолбасшы ханымыз.
Ш.Уәлиханов Абылайдай шексіз билікке ие болған бір де бір қазақ ханының
болмағанын, оның мемлекет билігін орталықтандырып, нығайту бағытындағы
әрекеттерін, ханның билігін алқалы кеңес арқылы шектеп отыратын рубасылар
мен сұлтандардың өркөкірек үстемдігін тыйғандығын жазды. Шоқан:
Қазақтардың аңыз-әңгімелерінде Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет
құдірет иесі болып саналады. Абылай дәуірі, қазақтардың ерлігі мен
серілігінің ғасыры. Оның жорықтары және батырларының көзсіз ерлігі мен
қаһармандығы жыр-дастандардың арқауына айналған, - деп атап көрсетті.
Шындығында, Абылай өмір сүріп, елінің азаттығы жолында жанкештілікпен
арпалысқан ХVІІІ ғасыр Қазақ елінің басына қара күн туып, құрып кету қаупі
төнген, халқымыз Ақтабан шұбырындыға ұшырап, Елім-айлап күңіренген зар
заман екені бүгінде әркімге аян.
Сол кезде солтүстіктегі алып көршіміз Ресей барынша күшейіп, бүкіл Сібірді
бауырына басып, Қазақ жерін жан-жағынан құрсаулай қысып, батыста Еділ мен
Жайықты, солтүстікте Ор мен Тобыл, шығыста Ертіс өзендерінің бойын
иемденіп, берік орнығу үшін Омск (1716 ж.) Семей (1718 ж.), Павлодар (1720
ж.) Өскемен (1720 ж.) бекіністерін салып, албастыдай төніп келе жатқан.
Қазақ еліне шығыстан кіріп, Ертіс бойына жағалай бекіністер салуынан
Қытайдың алдын орап, олардан бөліп тастауға тырысқан ниеті анық байқалады.
Олар қазақтардың жоңғарлармен, әсіресе, қытайлармен одақтасып кетуінен
қатты сескенген. Сондықтан Сібірдегі қалаларына шабуыл жасай берген
ойраттарға қарсы бірге күресуге қазақтармен келісім жасауға әрекет етіпті.
Қазақтарға қарсы ондай келісімді жоңғарлармен де жүргізген.
Бұл кезде Ресейдің жан-жағын жалмап, өзіне жақындап келе жатқанын көріп
отырған Қытай да қарап жатпай, қарсы әрекетке көшіп, Шығыс Түркістанды
(1715 ж.) басып алып, Моңғолияны уысына ұстап, Жоңғарияға қызыға қарап көз
тігіп отырған. Ал жүз жылдан бері қазақтармен үздіксіз соғыс жүргізіп келе
жатқан жоңғарлар Қытаймен арасында біраз жыл татулық орнатып, орыс
отрядымен ілесіп келіп, 1716 жылы Семей маңында қолға түскен швед инженері
Ренатқа жағдай жасап, зеңбіректер құйдырып, Ресейдің Кузнецк қаласынан отты
қарулар сатып алып күшейген соң 1723 жылы біздің елімізге қарсы 70 мыңдық
қолмен жеті бағытта кезекті жойқын шабуылын бастаған.
Абылайдың аты осы соңғы қазақ-жоңғар соғысында жарқ етіп шығып, ерлігі мен
ақылы арқасында қатардағы сарбаздан беделді сардар, батыр қолбасшы, көреген
хан дәрежесіне көтеріліп, ата жаудан ата мекенімізді түгел тазартады. Осы
жағдай оның қазақтың бағына туған жан екенін дәлелдейді.
Жасынан әке-шешеден жетім қалып, қашып, жүріп күн кешіп, жадап-жүдеп,
Сабалақ атанып, Төле бидің түйесі мен жылқысын бағып, еңбекпен есейіп, оның
тәлім-тәрбиесімен ер жеткен Әбілмансұр бозбала шағында Аңырақайда болған
кескілескен шайқаста жоңғарларға қарсы Абылайлап шауып, Қалдан Сереннің
жиені Шарышты жекпе-жекте өлтіріп, хан тұқымы екенін, ержүрек азамат,
келешекте үміт күттіретін батыр сұлтан екенін дәлелдеп, Абылай атын алуы
үлкен бір тарихи оқиға.
Қазақтармен қалмақтардың өзара мәмілеге келуінен сол кезеңде Ресей
империясы қатты қорыққан. Оларды бірігіп кетеді деп көрген.
Абылай қалмақтармен соғыстан қалтыраған елінің есін жиғызу үшін
дипломатиялық байланыстарды да тиімді пайдаланады. Қазақ халқының
тұтастығын сақтау үшін Ресей үкіметімен де, Цин империясымен де қарым-
қатынас жасаған (1757 жылдары Бежінге 10 елшілік жіберген). Осы екі империя
арасындағы қайшылықты Қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырған.
Абылай жонғарлардың иелігіне өтіп кеткен көп жерлерді табанды жорықтар
жасап қайтарып алады. Жазба деректерде Абылайдың шет ел басқыншыларымен де
күрес жүргізгендігі туралы деректер сақталған. Еділ қалмақтары қазақ жері
арқылы үдере көшкенде олардың Жонғарияға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік
берудің дұрыс екендігін әскери кеңесте дәлелдеген де Абылай болды.
Жонғарларды Қытай империясымен Қазақ хандығының арасындағы белдеу деп
есептеген. Абылай сан жағынан басым жаумен шайқасудан еш тайынбаған. 1771
жылы Түркістанда бүкіл қазақ ордасының ханы ретінде ақ киізге көтерілді.
Қытай императоры, Жонғария хандығы, Орта Азия мемлекеттері Абылайды бүкіл
қазақ халқының ханы деп таныса, оның беделінен сескенген Ресей мемлекеті
Орта жүз ханы ретінде ғана құрмет көрсетіп отырған. Қазақ ордасын
бөлшектеууді көздеген. Бұл кезеңде Абылай Қазақ хандағының күшін
біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдарады. 1766-1768
жылдары Абылай Қоқан хандығына қарсы соғыс ашып, Ташкентті бағындырған.
Кейіннен Қытай әскері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға
жақындағанда мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауғанстан мен Ахмет
Дурраимен келіссөз жүргізеді. Түркиямен байланыс жасайды. Қытаймен
қатынасты жақсартқан сон Ресеймен байланыстардан бас тартады.
Абылай орыс жылнамаларында Сібірдің ханзадасы деп аталады. Ал шыныңда
Абылай Орта жүз қазақтарының ХVIII ғасырда өмір сүрген ханы.
Абылай хан, Әбілмансұр – қазақ халқының ұлы ханы, қолбасшы және дипломат.
1711 жылы дүниеге келіген. Арғы тегі Кіші жүз сұлтандарынан тарайды да.
Үшінші атадан барып Әбілмәмбет ханға қосылады. Арғы тегі - Жошы хан, бергі
бабалары Қазақ хандығының негізін салған әз – Жәнібек, одан кейін Есім хан,
Салқам Жәңгір. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.
Жәңгір қайтыс болып таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп,
Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының
баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер
Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Бірақ баласы Уәли
әкесінің даңқын асыра алмай, Түркістанды басып алған көрші билеушілердің
бірінің қолынан қаза табады. Қалтықсыз берілген бір құлының арқасында ғана
он үш жасар Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) аман
қалады. Ақтабан шұбырынды жылдарында жетім қалған ол, үйсін Төле бидің
қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап
Төле би оған Сабалақ деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің
жылқысын да бағады. Бұл, Шоқан Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13
жасар кезі болса керек (онда Абылайдың 1710 жылы туған деуге негіз бар).
Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ
даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатына, ел билеу
қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс
бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен
көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте
араласуына себепші болды.
Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін
сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол - Ақ толқын, Алабайрақ,
Бұлан жігіт, Дүние қалды, Жетім торы, Қайран елім, Қара жорға,
Қоржыңқақпай,
Майда жел, Садаққаққан, Сары бура, Шаңды жарық, т.б. күйлердің
авторы.
Абылай өмір жолын ат үстінде жорықтарды өткізіп, Арыс өзені жағасында
қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің
ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың
артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қыз қалды. Қазақ халқының жадында Абылай
қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде
сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік ұранға
айналды.
Азаттық күрестің жалынды басшысы Абылай ханның асқақ тұлғасы, ақыл-парасаты
Бұқар, Үмбетей, Шәді төре Жәңгірұлы жырларында, ақындар К.Жамантайұлы,
М.Айтбаевтың дастандарында, І.Есенберлиннің, Ә.Кекілбаевтың Қ.Жұмаділовтың,
т.б. ақын-жазушылардың туындыларында сомдалды. Оның ұлағаты өмірі мен ішкі,
сыртқы саясаты отандық және шет ел ғалымдарының назарын аударып келеді.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін 1991 жылы Алматының басты
даңғылдарының біріне Абылай есімі беріліп, темір жол вокзалының алдына ат
үстіндегі ескерткіші орнатылды. Хан ескерткіші Жезқазған, Павлодар
қалаларында да бар. Қазақстанның 1993 жылғы ең бірінші төл теңгесінде
бейнесі бедерленді. 2005 жылы Абылайдың өмір жолына арналған Көшпенділер
фильмі түсірілді. 2008 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Петропавлда
Абылай хан ордасы кешені ашылып, алдына ескерткіші орнатылды. Оның есімі
Алматыдағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне
берілген.
XVIII ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі
құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы А.Левшин: 1739
жылы Орта жүзде Сәмеке (Орта жүздің батысындағы аз санды руларды биледі)
ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық
билік жүргізген - деп жазды. Шоқан Уалиханов та осы пікірді қолдайды.
1739 жылы біз оны Орта жүздің ең ықпалды, ең күшті билеушісі деп таныдық.
Орыс үкіметі де көбінесе Абылаймен және оның інісі Сұлтанбекпен ғана
байланыс жасап отырған. Өйткені қырға барып қайтқан орыстардың айтуына
қарағанда, ол тұста нағыз ханның ешқандай мәні де, беделі де болмаған.
Даламен жақсы таныс Тевкелев бұл сұлтанды қырғыз билеушілерінің ішіндегі ең
айлакер, әрі ең ықпалдысы дейді.
Дүрбелеңге толы дүбірлі кезең Абылайдың тапқырлығы мен табандылығы,
ақылдылығы мен алғырлығын танытуына жағдай жасайды. XVIII ғасырдың алғашқы
он жылдығы қазақ халқының өміріндегі бір алапат кезең еді. Жоңғарлар, Еділ
қалмақтары, Жайық қазақтары мен башқұрттар қазақ руларына жан-жақтан тарпа
бас бас салып, қырып-жойып, малын айдап, жанын байлап әкетіп,талай әулетті
тұтасымен тұтқынға алып кетіп жүрді. Қытымыр қыс, кесапат жұт пен ашаршылық
тәңірден түскен қыспақтай-ақ халықты сансыратып, қайыршыландырып жіберді.
Орынбордағы бір қазақ рубасының өз жерлестерінің қайғылы халін соңынан бір
топ ұялас тазы қуған қоянның жағдайына теңегені бар. Әсіресе, 1723 жыл
сұмдық сипатымен қазақтардың есінде өшпестей боп қалды. Жоңғар қонтайшысы
Қалдан-Серен қисапсыз қолмен қазақ қырына басып кіріп, қазақтар мен
қырғыздарды бұрынғы шапқыншылығы үшін жаппай жазалауға кірісті. Қайда барса
да қанқұйлы жоңғарлар қыр соңынан қалмаған қазақтар үріккен киік үйіріндей
дүркіреп, жол-жөнекей дүние-мүлкін, бала-шағысын, кемпір-шалын, арық-тұрық
малын, үй-мүлкін шашып, түстікке барып қойып кетті. Орта жүз – Самарқанның
түбіне, кіші жүз – Хиуа мен Бұқараға барып паналайды. Орта Азияның құм
белдерінен шүйгін жайылым таба алмай, жаңа көршілерімен жауыққан қазақтар
құдіретті Ресейдің шекарасына көз салып, олардан қолдау мен қолқабыс
іздейді.
Міне, осындай екідай, үрейлі қанды–қасап кезеңде ел назары Абылай сұлтанға
ауады. Өйткені ол жорықтардың бәріне алғаш қатардағы жауынгер боп қатысып,
соның өзінде қисапсыз ерлік көрсетіп, айырықша амал–айласымен көзге түскен
еді. Өнегелі ақыл–кеңесі, сұңғыла зердесі арқасында да ол бірден–ақ көрген,
кемеңгер деген атқа ие болады. Ол екі мәрте қолға түсті, қырғыздарға және
1742 жылы Абылай хан тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға
түсті. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді
ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ
қоғамында абыржушылық туғызып, оны босатып алу үлкен саяси мәселеге
айналды. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр
хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге
өтініш жасады. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор генерал-
губернаторы И.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей
түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші барып, келіссөз
жүргізіп, 1743 жылы қыркүйектің 5-інде Абылайды тұтқыннан шығарып алды. Бұл
жөнінде И.Неплюевтің Сыртқы істер алқасына жазған хатында қазақтар мен
қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те білдірді.
1731 жылы ауыл адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасқа қатысып,
Абылай, Абылай – деп ұрандап жігіттерге жігер беріп, жаудың тобына
ұмтылған ол қалмақтардың әскер басшысы Шарыш батырды жекпе–жекте өлтіреді.
Атой салып шайқасқа үш рет кірген ол ұрыста жауды талқандап жеңіске жетуге
үлкен еңбек сіңіреді. Жоңғардың ұлы Қонтайшы Қалдан–Серен 1745 жылы өліп,
оның мирасқорларының арасында хан тағы үшін талас, кескілескен тартыс
басталды. Осы орайда көрші жатқан Цин (Маньчжур) империясы жоңғарларға
қарсы қайта–қайта соғыс ашып, Жоңғар мемлекетін әлсіретті. Міне, осы
аласапыран, жанталас уақытты ұтымды пайдаланған Абылай қазақ жерін жоңғар
қалмақтарын тазартып босату мақсатымен Телліккөлдің маңына үш жүздің әскери
жасақтарын жиып, Түркістан әулиеті мен Сыр бойындағы қалаларды тазарту
жорығына аттанады. Осы жорықта ерен ерлігі, тамаша батырлығымен көзге
түскен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ
Қылышбек, Шапырашты Наурызбай Кіші жүздің батыры Бұғыбай, Уақ руының батыры
Баян, т.б. өз есімдерін өшпес даңққа бөледі. Бұл да Абылайдың жауға қарсы
қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-
бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан өтіп,
Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған
Әбілмәмбет ақылшы аға болып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі.
Абылай бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді.
Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай батыр басқарды. Оған атақты Үмбетей
жырау қосылды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер қолы Түркістан әулиетінің
Солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып бекінуге тиісті болды.
Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Ол Сырдарияның төменгі сағасына қарай
бет түзеді. Оған Тәттіқара жырау қосылды.
Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатынасқандар Шиелі,
Жаңақорған бойы мен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта
қазақтың аты шулы батырлары Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ,
Жәпек т.б. болды. Бұхар жырау науқастанып келе алмағандықтан топқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абылай ханның саясаттағы орны
Абылай ханның саясаты
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты
Абылай хан саясаты
Абылай ханның Қазақ хандығын біріктіруі
Абылай хан мемлекет қайраткері және дипломат ретінде
ХҮІІІ ғ. 50-ші жж. – ХІХ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстандағы саяси үрдістер
Абылай хан: мемлекеттік қайраткер, әскери қолбасшы және дипломат
Абылай ханның тарих сахнасына шығуы
Абылай ханның саясаты туралы
Пәндер