«Әл - Жазира» телеарнасының хабар беру ерекшелігі



Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

Негізгі бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

І тарау. «Әл .Жазира» телеарнасының хабар беру ерекшелігі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

1.1 Жаңалықтар телеарна айнасы . . . . . . . . 4.18
1.2 «Әл.Жазира» телеарнасының негізгі бәсекелесі «Әл.Арабия » . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19.24

ІІ тарау. «Әл .Жазира» телеарнасының Қазақстан мен Ресейдегі тілшілер қосынының қызметі .25.32

2.1 Араб CNN және CNN телеарналар жұмысын салыстыру . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .33.39
2.2 КТК және «Әл . Жазира» . . . . . . . . . 40.44

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .45.46

Сілтемелер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 47

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . 48.49

Қосымша . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .50.56
Тақырыптың өзектілігі. Қандай телеарна болмасын, шындықты халқына дұрыс жеткізуді мақсат етеді.Ана тілінің қадірін жоғары бағалайтын араб халқы, халықтың рухын, еліне, жеріне деген махаббатын сезіндіру үшін шындықты қалады. Дінім, тілім деп жар салып тұрған «Әл-Жазира» телеарнасы қазіргі таңда ірі жекеменшік телеарна болып табылады. Жоғары жақтан көптеген қиыншылықтар көрген телеарна, қазір жаңалықтардың иегері болып отыр.
Сонау 2001 жылы бүкіл әлемді таң қалдырған оқиғадан кейін «Әл–Жазира» телеарнасы үлкен үлкен жетістіктерге жетті. Олардын ұстанған әдісі «Сөз бостандығын дұрыс қолдану». Тақырыптың өзектілігі «Әл Жазира» телеарнасының кеше және бүгін тыныс –тіршілігімен байланыстыру
Тақырыптың зерттелуі. Қазіргі таңда «Әл-Жазира» телеарнасы біздің елімізде зерттеле қойған жоқ. Біз бұл телеарна жайында тек интернет сайттарынан біле аламыз. Қазіргі кезде Ресейде «Известия. Ру» саитының журналист маманы Елена Шестернина осы тақырыпты зерттей бастаған. Ал Қазақстанда зерттелмеген. Сол себептен «Әл-Жазира» телеарнасының хабар беру ерекшелігін зерттеу уақыт талабынан туындап отыр.
Диплом жұмысының жаңалығы. Қазақстанның КТК телеарнасы мен салыстырып, ондағы өзекті мәселелерді талғап, көптеген бағдарламаларды салыстыра отырып, зерттелді. Бәсекелесі «Әл-Арабия» қандай мақсатпен құрылғаннын талғадым.
Диплом жұмысының мақсат міндеті.
1. «Әл Жазира» телеарнасының ұстанған бағытын айқындату.
2. «Әл Жазира» телеарнасының журналистік шеберіне талдау жасау.
3. «Әл Жазира» телеарнасының озық тәжірибесін зерттеу
4. «Әл Жазира» телеарнасының мақсат міндетін зерттеу
5. «Әл Жазира» телеарнасының кешегі мен бүгінгіні салыстыру
6. «Әл Жазира» телеарнасының хабар жасау әдістері талдау.
.Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, сілтемелерден , пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Бірінші тарауда «Әл Жазира» телеарнасының тарихын және «Әл Арабия» телеарнасымен слыстыру. Екінші тарауда шетелдік және Қазақстандық телеарналармен салыстыру.
1. Масаков Б «Демократия әліппесі» Алматы . Жалын баспасы 1999жыл
2. Әбдіғали Б.Б «Саяси ой тарихы» Алматы. Үшқиян баспасы 2003жыл
3. Нысанбаев Ә «Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы» Алматы 1999жыл
4. Дәркенов С «Біз кімбіз?» Алматы 2000жыл
5. Аргановский А «Суть дела» Мәскеу 1967 жыл
6. Аврамов Д.С «Профессиональный этика журналистики» Мәскеу 1991-2001 жыл
7. БАҚ туралы заң 1991жыл 21 тамыз Егемен Қазақстан.
8. Қазақстандағы Әл Жазира телеарнасының тілшілер бөлімшесінің бас редакторы Шеож Заур Ахмед Намиден алған жеке сұхбат.
9. «Хабаршы» №5 43-53 беттер 1999 жыл
10. «Әдеп және жантану» Жарықбаев, Табылдиев. Алматы 1994жыл
11. «Сөз бостандығы» Егемен Қазақстан 2003 жыл
12. «Саяси ой тарихы» Әбдіғали Б.Б «Үшқиян» баспасы Алматы 2003 жыл
13. «Артықпағанның асығы алшысынан» Айталы.А «Қазақстан » баспасы Алматы 2003жыл
14. «Саясатты талдау әдістері мен тәсілдері» «Спитер» баспасы Алматы 2002 жыл
15. «Демократия әліппесі» Масаков Б. Алматы «Жалын » баспасы1999жыл
16. «Радиожурналистика» Н. Омашев Алматы «Экономика» баспасы 2005 жыл 78-81бет
17. «Телевизия: Бизнес әлде билік» Барманкулов М Алматы «Қазақ университеті» 2007 жыл 90-98 беттер
18. «Журналистика Казакстана энциклопедия» Қозыбаев С Алматы «экономика» баспасы 2006жыл
19. «Практическая Журналистика в Казахстане» Алматы 2006 348 бет
20. «Тікелей эфир табиғаты» Әбдіжәділқызы Ж Алматы «Қазақ университеті» 2003 жыл 86-90беттер
21. Нехад М. Арабское спутниковое телевидение в 1990-е годы //www. relga.rsu.ru /. 2001.
22. «Қазіргі шетел журналистикасы» Омашев Н.О., Бегімтаева Р.Ш. Алматы 2000 жыл «Қазақ университеті»
23. «Араб журналистикасы» Бегімтаева Р.Ш. Алматы 2002 жыл «Қазақ университеті»30 - 34 беттер

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ

Бітіру жұмысы

Әл - Жазира телеарнасының хабар беру ерекшелігі

Алматы 2009

Мазмұны

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . 3

Негізгі бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . .

І тарау. Әл -Жазира телеарнасының хабар беру ерекшелігі . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . .

1.1 Жаңалықтар телеарна айнасы . . . . . . . . 4-18
1.2 Әл-Жазира телеарнасының негізгі бәсекелесі Әл-Арабия . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . 19-24

ІІ тарау. Әл -Жазира телеарнасының Қазақстан мен Ресейдегі тілшілер
қосынының қызметі .25-32

2.1 Араб CNN және CNN телеарналар жұмысын
салыстыру . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
.33-39
2.2 КТК және Әл – Жазира . . . . . . . . . 40-44

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. .45-46

Сілтемелер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. 47

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . 48-49

Қосымша . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . .50-56

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі. Қандай телеарна болмасын, шындықты халқына дұрыс
жеткізуді мақсат етеді.Ана тілінің қадірін жоғары бағалайтын араб халқы,
халықтың рухын, еліне, жеріне деген махаббатын сезіндіру үшін шындықты
қалады. Дінім, тілім деп жар салып тұрған Әл-Жазира телеарнасы қазіргі
таңда ірі жекеменшік телеарна болып табылады. Жоғары жақтан көптеген
қиыншылықтар көрген телеарна, қазір жаңалықтардың иегері болып отыр.
Сонау 2001 жылы бүкіл әлемді таң қалдырған оқиғадан кейін
Әл–Жазира телеарнасы үлкен үлкен жетістіктерге жетті. Олардын
ұстанған әдісі Сөз бостандығын дұрыс қолдану. Тақырыптың өзектілігі Әл
Жазира телеарнасының кеше және бүгін тыныс –тіршілігімен байланыстыру
Тақырыптың зерттелуі. Қазіргі таңда Әл-Жазира телеарнасы біздің елімізде
зерттеле қойған жоқ. Біз бұл телеарна жайында тек интернет сайттарынан біле
аламыз. Қазіргі кезде Ресейде Известия. Ру саитының журналист маманы
Елена Шестернина осы тақырыпты зерттей бастаған. Ал Қазақстанда
зерттелмеген. Сол себептен Әл-Жазира телеарнасының хабар беру ерекшелігін
зерттеу уақыт талабынан туындап отыр.
Диплом жұмысының жаңалығы. Қазақстанның КТК телеарнасы мен салыстырып,
ондағы өзекті мәселелерді талғап, көптеген бағдарламаларды салыстыра
отырып, зерттелді. Бәсекелесі Әл-Арабия қандай мақсатпен құрылғаннын
талғадым.
Диплом жұмысының мақсат міндеті.
1. Әл Жазира телеарнасының ұстанған бағытын айқындату.
2. Әл Жазира телеарнасының журналистік шеберіне талдау жасау.
3. Әл Жазира телеарнасының озық тәжірибесін зерттеу
4. Әл Жазира телеарнасының мақсат міндетін зерттеу
5. Әл Жазира телеарнасының кешегі мен бүгінгіні салыстыру
6. Әл Жазира телеарнасының хабар жасау әдістері талдау.
.Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
сілтемелерден , пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Бірінші тарауда Әл Жазира телеарнасының тарихын және Әл Арабия
телеарнасымен слыстыру. Екінші тарауда шетелдік және Қазақстандық
телеарналармен салыстыру.

І тарау. Әл - Жазира телеарнасының хабар беру ерекшілігі.
1.1. Жаңалықтар телеарна айнасы.

Араб елдеріне теледидар қызметін енгізу ислам жетекшілерінің
тарапынан қарсылық тудырды. Мұндай жағдай әсіресе Сауд Арабиясында етек
алып, ол көп жылдарға созылды. Дегенмен де, уақыт өте келе телеқызмет
ұйымдастырылу мәселесі шешілді, бірақ бағдарламаның көпшілігі діни
хабарлар болу керектігі жөнінде шарт қойылды. 1965 жылдан бастап тәрбие
ретіндегі хабарлар көрсетілді.
Араб елдерінде спутниктік телехабар жеткілікті дамыған. Бұл елдер
спутниктік байланыс арқылы Евровидение жүйесіне қосылған.
Көптеген араб халқының телеарналары демократиядан алыстағанда,
Катар елінде пайда болған спутник телеарнасы, араб еліне үлкен жаңалық
әкелді.
Спутник телеарнасы Әл-Жазира өзінің жұмысын 1996 жылдың
7 қарашасында бастады. Әл–Жазира телеарнасының ресми
сайтындағы ақпаратға қарағанда, бұл күллі араб дүниесіндегі тұңғыш жоғарғы
техналогиялы деректі арна. Телеарна тәулік бойы үздіксіз хабар
таратады. Тақырып ауқымы да барынша кең: саяси өмірдің қыр сырынан
бастап, мәдени және ғылыми бағдарламаларға дейін қамтыған. Телеарна
алғашқы жұмыс маусымын 70 адамнан бастаған. Теледидарда шеберлік шыңына
шығу - қиямен де ылдимен де жүре отырып, биіктерді бағындыра өзінің орнын
тапты десекте жаңылмаймыз. Әл–Жазира телеарнасының көрермендері бірінші
рет ток шоу, ақпараттық жаңалықтарды, репортаждарды көре бастады. Бұл
телеарнада цензураға жол жоқ. Телекөререндер көрген, естіген, білген
жаңалықтарын өздері бағалады.
Әл-Жазира (араб тілінен аударғанда - арал деген мағынаны
білдіреді) телеарнаның Штаб үйі Катар елді мекенінің Доха қаласында
орналасқан. Бұл телеарнада 35 миллионға жуық адам жұмыс істейді. Бұл
телеарнаның дүние жүзінде 31 бөлімшесі бар. Телеарна өз заманының шебері,
араб халқында ВВС телеарнасының журналистері 1996 жылы жабылғандығына
байланысты. Әл-Жазираға ауысты.
Бұқаралық ақпарат құралының айтуы бойынша Катар қаласындағы Эмир
Хамад бен Халифа Әл - Тани осы телеарнаның қамын ойлап, дәрежесін
көтеруге ат салысып, 30 миллион доллар бөліп қана қоймай, араб халқына
таныс емес телеарнаның тәуелсіздігін қамтамасыз етіп отырды. Катар елді
мекенінде орналасқан Әл-Жазира телеарнасы жоғары жақтағы министрлерге
бағынбады. Эмир Хамад бен Халифа Әл - Тани шенеуніктерге
телекомпанияның саясатына бас сұқпауын ескертті.
Әл-Жазира телекомпаниясының президенті Эмир Шейхының ағайынды
бауыры, Шейх Хамад бен Таер Әл - Тани. Осы кісі Ъ, Власть
журналында былай делінген: 5 жылдық жұмыс уақытымызда жалғыз Катар
елінің шенеуніктері ғана емес, барлық шығыс халқының шенеуніктері қыспаққа
алған. Әл -Жазира телеарнасы өз жұмысын бастағалы бері Катар халқының
министрлігіне, 400 - ге жуық арнайы телеарнаның жабылуына ұсыныс келген.
Палестиналықтар және Сириялықтар Әл-Жазира телеарнасын баға
жетпес деп атаған. Өйткені Әл-Жазира телеарнасы, Арабиядағы Ирусалимде
бөлмішесі және жеке танымал журналисі бар телеарна болып табылады.
1Израил елінің халқы Әл-Жазира телеарнасын терроризімді
қолдайды деп түсініп, қыспаққа алды. Өйткені, осы телеарна эфирге
күніне бір рет Интефада (исламға қарсы террорлық әрекет) туралы арнайы
репортаж береді.
Батыстан Әл-Жазира телеарнасына, көп елді дүрліктірер күнәлар
тағыла бастады. Ислам дінін құрушылар да, Әл-Жазираның террорлық
әрекеттердің көрсетілуіне риза емес.
Басқа телеарналар: Әл-Жазира телеарнасына қызғанышпен қарайды.
Әл-Жазира телеарнасы өзінің жұмысын, іскерлік, сыпайылық, үндемей тұрып
халқының сырын алатын, қаншама соққы алып, қысымға алынса да өз
жұмысының шебері десек те жаңылмаймыз.
Бізге қанша елден хат келетінін білесіз ғой дейді, - Тауфик мырза.
Көптеген елдер өз ұсыныстарын жазады, кейбіреуі өкінішке орай жағымсыз
хаттар. Бізді кінәлап, террорлық әрекеттерді эфирге шығаруды тоқтатыңдар
деп те жатады. Ол біздің жұмысымыз, қолымызға қандай болмасын мәлімет
түссе эфирге шығаруға тырысамыз. Ол тілшінің жұмысы. Сол мәліметті алу
үшін қаншама қаражат бөлінеді.
Кішкене ғана Ньюс-Румда 30 - ға жуық журналист бар. Бөлменің
мөлшеріне қарап, осы жерде жаңалық жасалады деп айту да қызық. Екінші
қабаты да бітіп қалды, ал бірінші қабатында тек ағылшын тілінде жаңалық
тарататын журналистер ғана қалады.
Ағылшын тіліндегі жаңалықтар ордасының ашылуы өз жұмысын атқарып
кететініне сенеміз. Әл-Жазира телеарнасы интернет жүйесіне 2003 жылы
жаңалықтарын тарата білді. 50 елдің сайттарының ішіне кіріп отыр. Ал сайт
жіберілген соң бірнеше айдан кейін, ол бостандық үшін күресуші
хаккерлердің жабылуына тап болды.
Әл-Жазира телеарнасы бәрімізге белгілі 2Усама бен Ладен
сұхбатымен танылды. Усама бен Ладен эфирге шыққан күннен бастап
біз өзіміздің объективті мамандалғанымызды дәлелдедік, - дейді
Әл-Жазира. Усама бен Ладеннен кейін Америка Құрама
Штаттары елінің президенті Буш эфирге шықты. Кім бізбен емес,
сол терроризммен, ал Бен Ладен әлемді мұсылман дініне
сенушілерге және сенбеушілерге бөліп тастады – дейді
Буш.
Телеарнаға осы эфирді бергеннен кейін Усама бен Ладенді барлық
әлем көріп, Америка Құрама Штаттары , Катар елінің Шейхы Хамад
бен Халифа Әл Таниға, телеарнаны қыспаққа алыңыз немесе эфирге
жіберетін мәліметтерді қолына алуына ұсыныс жасады. 3Бірақ Мәскеу тілшілер
қосының басшысының қол астында жұмыс істейтін журналисі
Акрам Хазам мемлекеттің бас сұғуына құқығы жоқ деп
хат арқылы өзінің ойын білдірді.
Сауд Арабиясының шенеуніктері Эмир Катар Хаматқа телеарнаны
жабуына бірнеше рет ұсыныс жасаған. Сауд елінің бизнес ошағында жүрген
компаниялар, өзінің жарнамаларының жүзеге аспауына байланысты үлкен
шағым келтіреді, ал Әл-Жазира телеарнасына жарнама беруіне қаншама
жылдан бері бас тартуда.
Әл-Жазира спутник телеарнасы, шығыс халқына 11 қыркүйектің 2001
жылы болған әлемге танымал қақтығыстан кейін, көрермендерінің ойымен
ерекше танымал болды. Бұл оқиға тек Шығыс көрермендерін ғана
емес, барлық елді дүрліктірер жаныңды сыздатар оқиға еді. Телеарнаның
барлық шындықты жария етуі, әсіресе Америка телеарналарына үрей туғызды.
Өйткені Әл-Жазира телеарнасын шығыста ешбір телеарна бәсекелес болады
деп ойламаған.
4Британия халқының бұқаралық ақпарат құралдары Әл-Жазира
телеарнасын Усама бен Ладеннің және Әл-Каида халқының қол
астында жұмыс істейтін хатшысы деп атаған. Катар елінің спутник
телеарнасының құпиясы неде болды екен?
Британиялық ВВС телекомпаниясының алпыс жеті жасқа қараған
тележұлдызы Сэр Дэвид Врост қызметің Әл-Жазира телеарнасына ауыстыратын
болып шешті. Британия тележұлдызының Әл-Жазира телеарнасына қалайша
бұйрегі бұрды деген әңгіме қызып тұрған тұста дәл
сондай оқиғалар Америка Құрама Штаттарының өзіндеде дүркін-
дүркін қайталанып жатты. Бұрыңғы АҚШ қорғаныс күштерінің
орталық басқарма өкілі әрі теңіз жаяу әскерінің таңымал офицері
Джош Рашинг те ағылшын тілді Әл-Жазира телеарнасына репортерлік
қызметке ауысты. Әл-Жазира телеарнасының Вашингтондағы қосыны болса
қазір тележұргізуші, тілші және продюсерлік қызметке Америкалық
журналисттердің арасынан жиыны қырық адамға байқау жариялап
отыр. Бұгінге дейін CNN, Фокс ньюс, Скай ньюс, ВВС телеарналарында
істеген бұрынғы журналисттерден барлығы төрт мыңнаң аса
өтініш келіп түскен. Олардың ішінде бұған дейін CNN интернэшнлдің беделді
жүргізушісі болған Ритс Кан Әл-Жазира телеарнасына қызметке тұруға
келісімін беріп үлгерген. Ал қызықтың көкесі Ақ үй жағынан
өршіп тұр. Джорж Буш әкімшілігінің тарапынан сан рет қарғысқа
ұшыраған Катарлық кері имидж дегі бұл телеарнаға елдегі
журналисттер қауымының бірден бас қоюы Вашингтон өкілдерін орындарынан өре
төрегелтіп отыр. Олар үшін Әл-Жазира телеарнасы жағынан журналисттердің
Жалмап отырған бір топ өкілдердің есіміде белгілі көрінеді. Сол себепті
Вашингтон пост аты аңызға айналған батыстық тележурналист Дэвид Фросттың
да қалай ғана құрыққа ілініп кеткендігін еске салды. Сондай-ақ фрост Әл-
Жазира телеарнасының ланкесшілерімен еш байланысы жоқ деп телеарна
басшылығынын Ұлы британия мен Америка Құрама
Штаттарымен құлақтарына алтын сырғағып айтқан ескертпесің баяндап береді.
Бұған байланысты Вашингтон пост америка Құрама Штаттарында
мысалы мемлекеттік хатшынын Таяу Шығыс елдері жөніңдегі көмекшісі Элизабет
Чейни, республикашыл конгресші Дана Рорабакер
сияқты Адамдардың Фросттың оптиизіміне бәрібір күмәнмен қарайтының
келтірген. Сол Рорабакердің өзі басылымға:
Журналистикадағы жауаптылыққа бей жай қарай алмайтындары
үшін Әл-Жазира шынымен, анафема! Олар Америка Құрама
Шттарының қаншама халқына залалын тигізіп кележатқанын есалаң әрі
радикалды исламшылдар шоғырының баяғыдан бергі көсеуі, -деп мәлімдеген.
Вашингтон посттың келтіргендей, Америка Құрама Штаттарының қорғаныс
министірі Дональд Рамсфельд те терроризмді
қолдайтыны және тарататындығы жайында үнемі жалған
ақпараттар жариялайтыны үшін телеарнаның тілшілерін Иракқа аттап басуға
тыйым салған. Америка Құрама Штаттары мемлекеттік департаментінің өзі
тілшілерін талай рет сынға алған болатын.
Қалай деген мен де дұрлікпе ақпараты арқылы әлемді жайлауға
талпынған Әл-Жазира Вашингтондағы қызметін телефизиалық төрт сағаттық
эфирі арқылы бастауға бел буып отыр. Сол сияқты Лондон
мен Куала - Лумпурден де күн сайын төрт сағат көрсетілім болады.
Ал эфирдің қалған он екі сағаты телеарнаның Катардағы Штат
пәтеріне дайындалады.
Әл-Жазира телеарнасы қаншама таяу шығыс елді мекені қыспаққа
алса да, өз жұмысына аса шебер атқаруын тоқтатар емес!
Біріншіден Әл-Жазира телеарнасы араб халқындағы ең алғашқы
жекеменшік телеарна. Тек хабар беру ерекшелігімен ғана емес,
сонымен қатар ақшалай демеушісінде өздерінің адамы болғандықтан,
мемлекет тарапынан қыспаққа ілінбейді. Катар еліндегі бизнес орталықтары
жарнама ұсынуға немесе қандайда бір пікірталас өткізуге болады деген
өсек - аян берілген.
5Телеарнаның басшысы: Әрине, кімде болса өзінің бизнесіне
ақша салған тұтынушы, үстіне 10% болса да ақша алалмаса үлкен
тапшылыққа ұшырайды, ал біздің телеарна сөз бостандығын дұрыс
қолдана біледі. Сөз бостандығын дұрыс қолдана алмайтын телеарна
өзінің дегеніне жете қоймас- деп журналитерге сұхбат берген. Бұл
саясат емес, таза комерциялық ойын. Мүмкін Әл-Жазира телеарнасын
құрған бизнесмен де демократияға сенбей, тек ақша табудың қамын
ғана ойламайтын шығар?!
Сонымен-ақ идеологиялық бақылау мен цензураның жоқтығы
түсіндірілетін шығар.?! Мәскеу филиалының басшысы Акрам Хазамның айтуы
бойынша: Бұл жағдай өте шешімді, яғни ақша қандай мәселені болмасын
шешеді.
Екіншіден, Әл-Жазира телеарнасы телекөрермендеріне сапалы
жоғары мәлімет береді. Басқа телеарналарға қарағанда Таяу
Шығыста, Әл-Жазира телеарнасының телекөрермендері арнайы қарап, өзінің
бағаларын береді.
Максималдық объективті хабар беру ерекшелігі, басқа халықтың
ойын тыңдап кәсіби сапалы жұмыс істейді. Халықты телеарнаға
қаратудың 3 қағидасы осы. Катар телеарнасының ерекшелігіде
осында.
Таяу Шығыстағы, Әл-Жазира телекомпаниясының Кабул қаласындағы
бөлімшесі 11 қыркүйектегі оқиғадан кейін Тайсер Алмунидің арқасында
танымал арна атағына ие болды. Ол шынайы түрде
өзінің жасаған жұмысына таң қалды және Талиб қызметкерлерінің
айтуы бойынша, барлық Доха қаласына жіберілген мәліметтер,
бағаланып, сыналып, Алмунидің арқасында теле түсірілімге жіберіліп
отырған. Сол себептен жалғыз Алмуни мырзаға шетелдік
тележурналист атағын берді. Ол Ауғаныстан аудандарының бірінде
Талиб журналистерінің басшысы ретінде қабылданып, сол ауданның
басты жаңалықтарын жеткізіп отырды. Кішкене ғана Ньюс-Румда 30 - ға
жуық журналист бар. Бөлменің мөлшеріне қарап, осы жерде жаңалық
жасалады деп айту да қызық. Екінші қабаты да бітіп қалды, ал бірінші
қабатында тек ағылшын тілінде жаңалық тарататын журналистер ғана қалады.
Әл-Жазира телеарнасының Кабул қаласындағы бөлімшесі ВВС телеарнасының
ұсынысымен жарылысқа ұшырады. Осы кезде Иран халқының арасында жағымды
мәліметтер үшін талас жүре бастады. Араб халқындағы Әл- Жазира
телеарнасының интернет сайтына Америка Құрама Штаттарынаң хаккерлер жою
жұмысын жүргізе бастады. Ағылшын тіліндегі жаңалықтар ордасының ашылуы өз
жұмысын атқарып кететініне сенеміз. Әл-Жазира телеарнасы интернет
жүйесіне 2003 жылы жаңалықтарын тарата білді. 50 елдің сайттарының ішіне
кіріп отыр. Ал сайт жіберілген соң бірнеше айдан кейін, ол бостандық үшін
күресуші хаккерлердің жабылуына тап болды. Оған себеп болған Америка
Құрама Шттатары жұлдызды ала туы мен үлкен ағаштан жазылған Боже ,
богослови наши войска деп жазылған мәліметтер және де Әл-Жазира
телеарнасының екі журналисі Уоллстрит қаласына шағым келтірді. Бұған себеп
Әл-Жазира телеарнасы Ирак қаласындағы өлтірілген және де тұтқынға
түскен Британ халқының әскерлерін көрсеткеннен кейін, Көрсетілген
қыспақ болды. Екінші рет соғыс басталғалы бері Америка және Британ
әскерлері , соғыста болған оқиғаларды көрсетіп, айтқаны үшін шағым
келтірді. Әрине ең бірінші орында Әл-Жазира телеарнасы тұр. Оған
себеп Британ әскерінің Ирактағы өлімі. Оларды жексенбі күннен бастап
жоғалғандар қатарына қосқан еді. Мен өзімнің шағымымды Әл-Жазира
телеарнасының жақында кешкі уақытта эфирге берілген
мәліметтерге келтіргім келеді деп ВВС басшысы Брайн Батридж айтып
өтті. Британ елді мекені басшысының айтуы бойынша, британ әскерінің
соңғы шағымнан кейін өлгенін айтып отыр. Осындай сюжеттер
дүниеден өткен әскерлерінің ата-аналарының, туған-туыс, дос- жарандарына
психикалық әсер етеді. Бұл дұрыс емес – дейді Женева конвенциясының
өкілдері.
Әрине Әл-Жазира телеарнасы араб халқының ең алғашқы
арнасы болып табылады. Ол тек араб халқын ғана емес, барлық Таяу
Шығыс, Еуропа және Америка елін өзіне табындырған болашағы кең телеарна.
Әл-Жазира телеарнасын бұрыннан араб CNN деп те
атап кеткен. CNN-ді Әл-Жазира телеарнасымен салыстыратын себебі ол ерте
шыққан телеарна. Оның өзіндік алып кетер ойы, ақылы, жаңалықтары бөлек.
Ал біз болсақ сөз бостандығын шебер қолдана аламыз. Бізбен бір де бір
телеарна бәсекелес болуға шыдамайды. Бастапқыда ақ бостандыққа үйренген
біздер, қазір өзіміздің қанжығамызға байлаған жеңісімізді ешкіммен бөлісе
алмаймыз!
Ирак халқының соғысы Әл-Жазира телеарнасын басқа көзқарастарға
ие болды. Әл-Жазира телеарнасының өзі бір кішкентай қалашық деп те
атап кетті. Әскер мүшелері Барс қаласының халқы Ирак халқына көтеріліс
жариялайды деген хабарға Әл-Жазира телеарнасының журналисі - еш қандай
көтеріліс жоқ деп мәлімдеді. Бастапқыда Америка телеарналары Ирак халқының
тұтқынына алынған әскерлерін көрсетілімге жібергенде Женева конвенциясы
осы көріністі ойламай, енді біздің көрсеткен эфирге шағым түсіруі дұрыс
емес. 6Тұтқындалған әскерлер тізерлеп тұр, олардың қалталарын тексеріп
жатқанда, сол жерде бірнеше операторлар түсіруде болған. Әл-Жазира
телеарнасының Американдық тұтқынға түскен әскерлерін эфирге жібергенде
Конвенция жайында еске түсіруі қызық болған жайт. Заңның 13 бабында өз
кезінде Америка Құрама Штаттары да Иракта қол қоя отырып, бұл заңға
мән бермегені ме? Тұтқынға түскен әскерлерді басқа елді қызығуынан
сақтап, олардың қандай қайғы шеккенін эфирге жіберуге тыйым салынды, -
делінген .
Ал, бұл жерде әскери командирлердің қателігі, тұтқынға түскен
әскерлерінің бетін көрсету дейді заң өкілдері. Сондықтан эфирге
жіберілген сюжеттер үшін телеарнаны кінәлауы дұрыс емес. Журналистер қолына
түскен мәліметтерін, жаңалықтарын жіберуге әбден құқылы.
Әл-Жазира телеарнасының жаңалықтарына Америка Құрама Штаттары
бірнеше рет шағым келтірседе, журналистер қауымы өзінің саясатын дұрыс деп
санайды. Деңгейі өскен Әл-Жазира телеарнасы өзінің жұмыстарын Америка
Құрама Штаттарында, жаңалықтарын ағылшын тілінде бастамақшы.
Әл-Жазира телеарнасына үлкен қайғыға соғыстың басталуы болып
табылады. Жұма күнінің кешінде, Бартыс ауданындағы оператордың жоғалуы
үлкен қайғыға әкеп соқты. Түсіруші тобы Британия әскері танкісінің астында
қалғанын мәлімдеді. Телеарна жүргізушісі Мухаммед
Саидтың айтуы бойынша көліктері от астында қалып, көлік жүргізушісімен
бірге Бартыс қаласына жаяу қайтыпты, ал операторды табу
мүмкін болмағандығын айтты. Осы көлікпен барған журналистердің мүлде Әл-
Жазира телеарнасына қатысы жоқтығын айтты. Көптеген мәліметтердің
арқасында Иран қаласы Әл-Жазира телеарнасының бөлімшесін жапты. Аптаның
бірінші күні Иран Әл-Жазира телеарнасы уақытша жабылды деп айтып өткен.
Оған Иран халқының оңтүстік шығысында арабтар мен персамдардың қақтығысуы
себеп болып отыр. Соның салдарынан 1 адам өліп,  200 - ге жуық адам
тұтқынға алынды. Абхаз қаласында халық шеруге шығып, көліктерді, зәулім
сарайларды және банктерді жағып, тас талқан қылған.
7Абхаз қаласындағы дау дамай тарқамайынша және оған не себеп
болғанын талқыламайынша, Әл-Жазира телеарнасының бөлімшесі жабылды деп
Иран қаласының Мәдениет министрі айтып өтті. Оның айтуы, телеарнаның
жабылуына себеп, болған көтерілісті, қақтығыстарды эфирге жіберілуіне
байланысты. Олар қарақшыларды айдақтап жіберді деген. Осыдан кейін Әл-
Жазира телеарнасы құлдырауға ұшырады. Әл-Жазира
журналистерін Иордания мен Кувейт қалалары жұмыстан
босатуын сұрады. Жоғары жақта отырған министірлерді балағаттап, эфирге
оппозицияны қолдайтын өкілдерді шығаруына байланысты, Египеттегі
бөлімшесі де жабылды.
2002 жылдың 10 қарашасында Әл-Жазира телеарнасының бөлімшесі
Парсы шығанағында да жабылды. Аймақтық министрлер осындай шешімге
келді. Олардың ойынша Әл-Жазира телеарнасы өздерінің жеке
саясаты мен барлық Персид құламасының халқына жағымсыз мәлімет
таратып жатқандығын айтты.
Әл-Жазира телеарнасы жаңалықтар айнасындағы өзара соғыста
жеңді. Кішкене ғана дәрежесі бар Әл-Жазира телеарнасы өзінің әлсіздігіне
қарамастан, бастапқыда қиналғандығына қарамастан жер жүзін бір
дүрліктіргені мәлім. Осы телеарнада америкалық әскерлерінің жарақаттағанын
және өлген мәліметтерін эфирден көрсеткеннен бастап, деңгейі жоғары қарай
өсу жолында. Буштың жеңілгені, Катар еліне әскерлерінің жарақаттанып,
өлгенін эфирден алып тастауын сұрады. Өйткені американдықтар қанша
әскерінен айырылғанын білмей, пайыз арқылы көрсетіп, білгенше тоқтата
тұрғандарыныз дұрыс екен деген ұсыныс жасады.
Ағылшын тілінде жарық көрген телеарна арқылы, телеарнаның басшысы
Батыс елді мекеніне араб халқы қандай көзқараспен
Ирактың соғысын, Америка Құрама Штаттарының халықаралық
деңгейде екенін көріп, біле алды. Алайда веб сайдты ашып үлгерісімен
хаккерлердің жұмысы айқындалды. Америкалық хаккерлер сайттағы барлық
мәліметтерді өшіріп, үстіне АҚШ-тың туын қойғаны белгілі болды.
Әл-Жазира телеарнасының хабарлауы бойынша, Америкалық
хаккерлер тек осы сайтты ғана емес, БАЕ (біріккен Араб Эмираты),
- деген сайттарды жойған. Әлі күнге дейін Әл-Жазира телеарнасының
шетелдегі сайттарын алу мүмкін болмай жатыр. 8Әл-Жазира телеарнасының
ағылшын баламасындағы сайт редакторы Джоан Такердің айтуы бойынша: Қазір
саиттарды бақылап, хаккерлердің жұмысын тоқтататындай қызу жұмыс жүруде.
Джоан Такер аптаның ортасына дейін сайдты жөндеу жұмысы дайын болады,
деген еді. Алайда ол жұмыс жүзеге аса қойған
жоқ деп жариялады Әл-Жазира телеарнасы.
Алайда Американың телекомпаниялары яғни Pew Internet, American
Life, Projeсt айтуы бойынша, американдықтар соғыс жайында тек
Әл-Жазира телеарнасынан ғана емес, және сол сияқты CNN,
BBC, ABC тағы да сондай ірі телеарналардан, сайдтардан білу
үшін бірнеше ұсыныс жасаған. Деңгейі ең жоғары араб
телеарнасы Әл-Жазира Доха қаласындағы ірі
бөлімшелердің бірі. Бөлімшенің ішіне кірудің өзі бір
ғанибет. Екі КПП дан құжат тексереді, және бөлімшенің алдына екі
қамалды қорғайтын әскерлер бар. Бұлардың бәрі
біздің мақтанғанымыз емес, өзімізді қорағанымыздың белгісі. Жоқ,
біз қорықпаймыз. Ол біздің ұстанған ережеміз, - дейді Тауфик мырза.
Бөлімшенің сырты ақ бояумен боялып, төбесіндегі көгілдір түстің үстіне
араб және шет тілінде Әл-Жазира спутник телеарнасы деген жазу бар. Кіре
берісте көрермендердің хаттары жиналып тұр. Қайтар жолының мекен жайы
тек Катар қаласына ғана емес, Таяу Шығыстан, Америка Құрама Штаттарынан,
Канададан, Еуропадан жиналған хаттар екен. Әл-Жазира телеарнасын 35
миллионға жуық көререндері бар және жылдан жылға бұл сан ұлғайып келеді.
Еуропаның өзінде 8 миллион көрермен қауымы бар, ал Америка
Құрама Штаттарында 135 мың көрермен. Ең бірінші көрермендер 2003 жылы
Иракпен Америка Құрма Штаттары соғысының басталуының бірінші аптасында
жиналды.
Ал қазір Әл-Жазира телеарнасы жаңадан басқа арна құрды.
Ол телеарнаның аты Al Jazеera Live. Бұл телеарна 2008
жылдың 15 сәуірінен бастап эфирге шығарылды.
Нәтиже шығарушы іскерлердің айтуы бойынша: америкалық
Span телеарнасынан осы телеарнаның жоспары арнайы сұранып алынған.
Сонда Al Jazеera Live телеарнасын американдықтар құрса, оны қалай беріп
отыр. Жақында тағы бір қызық бар, Әл-Жазира телеарнасы
тек жаңалықтар топтамасын жіберетін тағы бір телеарна ашуды
ойластырып жатыр.
Біздің жаңалықтар басқаларға қарағанда ерекше. Бірақ эфирге
жіберген жаңалықтарымызды Араб әмірлігінің жанында отырған
өкілдері жаратпайды. Мейлі террорлық әрекеттерді айтсақта, соғыс
жайлы хабарласақ та, еліміздің саясаты жайында айтсақта, ол өзіміздің
еркіміз емес пе? Халық шындықты қалап тұрады. Біз шындықты
эфирден жібере аламыз. Қолымызға түскен мәліметтерді жібере алмасақ
біз қандай тілшіміз деп Абдул Хамад Аддаси айтып өтті. Расында халық
шындықты қалайды. Егер Әл-Жазира телеарнасы халық алдында шындықты жария
етпесе 35 миллионға жуық көрермені болар ма еді?
Әл-Жазира телеарнасы Америка Құрама Штаттарының Ресей елімен сөзге
келуін эфир арқылы айтып өтті. Америка Құрама Штаттарының тілшілері, Ресей
тілшілеріне басымдықпен қарап, қаншама күнә тақты. Оған себеп
болған: Ресей халқының сөз бостандығын дұрыс қолдана білген журналистері А.
Бабицкий және де А. Политковская Сендер Әл-Жазира телеарнасына
еліктегіш болсаңдар неге Шешенстан мен Ресей арасындағы
соғыс мәселелерін баяндап эфирге шығармайсыздар?,-деді АҚШ телеарналары.
Америка Құрама Штаттарының тілшілері Ирак халқы біздің
әскерлерімізді тұтқынға алып, соққыға жықты, ұрып соқты, өлтірді де.
Сол сюжеттерді эфирден берді. Сол сөз бостандығына жатады ма
деген еді.
Америка Құрама Штаттары әлі күнге жеңілгеннін сезінседе
мойындай алмай жүр. Оған себеп олар әлемде бірінші орында тұрған
халық. Екінші орын оларды қызғанышқа бауратады. Олар тек біріншіміз
деп АҺ ұруда. Ал жалпы халық кімді қолдап, бірінші орынға қояры анық
емес пе? Пентагонда өз сұрақтарын Әл-Жазира телеарнасына
жаудыруын қояр емес.
Әл-Жазира телеарнасындағы жаңалықтар бәрімізге белгілі сөз
бостандығын жақсы қолданады. Ирак пен АҚШ тағы болған соғыстың кішкентай
ғана алып кетері болса, халыққа шындықты жария етіп, көңілінен шығытын
телеарна.
Әл-Жазира телеарнасы бәрімізге белгілі 11 қыркүйекте болған
оқиға арқылы танымал болды. Ол сол жерде не болғанын, қандай
жаңалықтардың болғанын қалай жасалған террорлық әрекет екенін
толық халық алдына жария еткен телеарна. Біздерді ылғи да қыспаққа
алып, кінәлап жабуға да күш қолданды. Оған себеп болған біз
терроризмді жақтайды деді. Терроризмді қолдайтын халық болушы ма
еді? Біз тек болып жатқан оқиғаларды эфирге бұлжытпай шығаруды
ұстанамыз. Біз араб халқының көз - қарасы мен қараудамыз. Басқаша
болуы да мүмкін емес. Араб елінде тұрып, өмір сүріп, араб халқынын
нанын жеп жүріп, біз өзімізді араб халқынан бөлектеп басқа
мемлекетпіз деп айталмаймыз ғой, -дейді Абдул Хамад Аддаси. Оның
сөзіне дұрыс құлақ салып қарасақ жаны бар сияқты. Расында Әл-
Жазира телеарнасы барлық шындықты көрермендерге көрсете алмаса, 70 жыл
бойы еңбек етіп келе жатқан ВВС телеарнасынан 8 жылда оза шығар ма еді? Ол
күні түні көз ілмей еңбек еткеннің арқасы. Қандай жол болмасын, соққы
алса да өз дегендерінен қайтпай ойлаған, жетуде. Міне ерекшелігш де осында.

Әл-Жазира телеарнасының биікке деген ынтасымен барлық араб
халқы жеңе алмайтынын біле отырып, оған қарсы басқа ой келеді.
Әрине оның ішінде Сауд Арабиясы, Кувейт, Ливан және Біріккен
Араб Әмірлігі. Сауд Арабиясының шенеуніктері Эмир Катар Хаматқа
телеарнаны жабуына бірнеше рет ұсыныс жасаған. Сауд елінің бизнес
ошағында жүрген компаниялар, өзінің жарнамаларының жүзеге аспауына
байланысты үлкен шағым келтіреді, ал Әл-Жазира телеарнасына жарнама
беруіне қаншама жылдан бері бас тартуда.
Әл- Жазира телеарнасына қарсы араб спутник телеарнасы Әл-Арабия
телеарнасын құрды. Ақпраттық телеарнаның пайда болуының өзі жаңалық.
Бірақ бас ауырталық жағдай бар. Шынайылық, объективті көзқарас жоқтың
қасы. Көптеген телеарналар тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Бұл өте
қиын. Осының кесірінен шынайы ақпарат берілмейді. Әл-Жазира
телеарнасын айтсан, бұл телеарна Иракта төрт мың қарапайым адамның
қаза болуына жауапты. Неге? Өйткені олар Ирак ұтады, Америка Құрама
Штаттары жеңілп жатыр деген сынайда ақпарат таратқан болатын. Осындай
Сүйіншіден соң, төрт мың адам Иракқа жеңісті тойлау үшін барып,
барлығы дерлік оқ астында қалып, қаза тапты. Сондықтан телеарналардың
тапсырыс бойынша жұмыс істейтіні рас.
Араб елінің жерін, халқының намысын жерге таптамай, биік шыңға
жетуде. Жоғарыда отырған министрлердің ойын, ісәрекеттерін бақылап, осындай
қызық мәліметтерді алу үшін қаншама қаражат құртып, эфирге шығарып,
деңгейлері жоғарылап, халықтың сүйіспеншілігін аулады десек
те жаңылмайыз. Ерекшелігі осымен ақ дәлелді.
Америкалық және Туркиялық барлау қызметтері бірлесіп жұргізген
тексеру нәтижесінде, өзің Әл-Жазира телеарнасынын өкілімің
деп таныстырған Сириялық азаматтын Ақ үй басшысына пышақ
сұқпақшы болғаны аңықталды. Сондай-ақ, осы іске қатысы бар деген күдікпен
оның үш сыбайласы тұтқындалды. Әл-Жазира телеарнасының
Анкарадағы өкілдігінің басшысы Жұсіп әс-Шәріп те кұдіктінің
құжаттарды қолдан жасалғаның растап отыр. Айта кетсек, Барак Обаманың
сапары барысында Америка Құрама Штаттар саясатына қарсылық
білдірген мыңдаған адам Анкара мен Стамбулда наразылық шарасына шыққан
еді. Қазір екі қалада Америка Құрама Штаттар президентінің
қауыпсіздігің қамтамасыз ету үшін, он бес мыңнан астам полиция
қызметкерлері жұмылдырды.
Мынау әлемдегі әлжуаз тұрақтылыққа тұрлі қайшылықтар қатер
төндіріп тұрғанда, әлемдік саяси және экономикалық қатынастар
жұйесінде тұбегейлі өзгерістер жасау мен қатар, белсенді ақпараттық
интеграцияда қажет. Ақпараттар ағының қалыптастыру әлемдік саясаттың
ең бірінші шешуші факторы болып табылады. Мұнын өзі CNN сияқты
тәулік бойы жұмыс істейтің жаңалықтар телеарнасынын дамуына ықпал етеді.
Олардың қатарына ағылшын тілді Әл-Жазира Интернэшнл, Араб тілінде тәулік
бойы жұмыс істейтің ВВС телеарналарын қосуға болады, олардың аудиториясы
кен.
Араб телеарнасына және Әл-Жазира телеарнасына Пентагон
сұрақ қойды: Мырзалар, сіздердің ұстанған сөз бостандықтарыңыз
қайда?. Өйткені, сұрақтың жауабы күделікті эфирден көрсетілген
жаңалықтар емес пе?
Пентагон бұл сұрақты өздерінің қолданатын сөз бостандығы бар
болғандықтан койып еді.
9Жаңалықтар топтамасын Тауфик Таха мырза былай бастайды.
Сәлеметсіздер ме! Эфирде Әл-Жазира телеарнасының жаңалықтар топтаасы!
Бүгінгі жаңалықтарда Америка Құрама Штаттары мен Ал
-Каида
Сонымен қатар Әл-Жазира телеарнасын елге танытқан, сол телеарнаның
тілшісі Алмуни мырза қайда? деген сұрақ туады. Талиб
елді мекенінің өкілдерінің сенімді мүшесі және де шетелдік жалғыз
тілші Бен Ладен түскен бейне мәліметтерді Әл-Жазира телеарнасына
беріп тұрды.
Сол кезде Кабул Әл-Жазира телеарнасының бөлімшесіне
жарылғыш заттар тасталып, бөлімшені жарып жіберді. Сол кезде
Аллуни мырза жеңіл жарақат алып, төсек тартып қалған. Талиб
азаматтары мен Аллуни мырза Пакистанға өтіп, содан кейін Катар
қаласына келеді. Одан кейінгі жоспары Иракқа бару еді. Қазір Аллуни мырза
Әл-Каида шешімімен Испания елді мекенінде үйінде
қоршауда отыр. Доха қаласындағы конференция жүзінде өткен Әл-Жазира
телеарнасының сұхбат кешінде Аллуни мырза былай деді: Білесіздер ме,
қала көшелері мен келе жатқанда менің қолымды қысады,
өзге ел өз еліңе жетпейді екен, менің тұтқынға алынғаным, олар
телеарнаны жапқысы келеді. Жалпы Әл-Жазира телеарнасын жойғысы келеді,
- дейді Аллуни. Өздерінің ойын айтуға рұқсат етпеген
басшылық, олардың осы әрекетін қызғана қарайтын сияқты.
Бізді кінәлап, қыспаққа алғанының себебі: олар бізді қызғанады.
Ол біздің іскерлік жұмыстарымызды қызғанады. Өйткені біздің
білетін мағлұматтарымызды ешбір телеарна біле
алмайды. Бізді Әл-Каида мен тығыз байланыста
дегені, тура Ақ үймен тығыз байланыста дегенді білдіреді. Расында
күнде шығатын мәліметтерде Америка Құрама Штаттарын 73%, ал Әл-Каида
мен тығыз байланыста дейтіні АҚШ ғана емес, 500-ге жуық халық біздің
жұмыстарымызды тоқтатуын ұсынған. Израил халқы Әл- Жазира телеарнасын
күнде таратуда. Өйткені Әл-Жазира телеарнасы мен бірге, ал одан арғысы
араб телеарналарының ішінде бірінші сұхбатты Әл-Жазира
телеарнасы, Израйл саясаткерлерінен алған, Әл-Жазира телеарнасының
тілшілері, эфирге жіберген жаңалықтары үшін қаншама қала бас тартты,
(Кувейт, Иордания, Египет, Сауд, Арабия) қаншама рет Эмир
Катарды телеарнаны жабуға шақырды. Әл -Жазира телеарнасына Бахрейн
қаласынан бөлімше ашқызуына тиым салынды. Сонда да Әл-Жазира
телеарнасының журналистері бастарын жоғары ұстауда.
Егер біздің бөлімшелерді жабатын болса, мәліметтер жинауға
қысым келтірсе, біздің айтқанымызды талқылап, жоғары жақтан
қысым келтірсе ол дұрыс. Олар біздің телеарнамыздың
көрермендері. Олар көреді. Шындық сондай қиынайтын болса, неге
дұрысталмайды екен?
2007 жылдың 16 қаңтарда Сомали халқының елшісі Катардың спутник
Әл-Жазира телеарнасын кешенінің аймағында болмауы тиіс деп жауап
тастады. Сонымен қатар радио толқындарының, яғни Радио Шабель
( Shabelle Radio), Африканская рога
(Radio Horm Afrik), және Голос Курана (Voix du ceran)
жабылуына тосқау болды. Сомайл елінің министрлерінің
айтуы бойынша бұл шешімнің себебі телеарна бұқаралық ақпарат құралдары
этикасын сақталмандығын айтты, яғни жалған ақпарат таратты деп айыптады.
Және де нақты дәлел болған анық. Баспасөз хатшысының айтуы
бойынша Әл-Жазира телеарнасына өз жұмысына тиянақтап,
жинақтап және саясатын тоқтатуын сұраған. Егер де сол қойған шарттарды
жасамаса, телеарнаның жабылуына күш келтіреміз деген. Соның арқасында
2007 жылы Сомали қаласында үш ірі қалалық телеарналар жабылған және Голос
Курана родиосы да өз жұмысын тоқтатқан. Осы бұқаралық ақпарат құралдарының
барлығы да күш қолданумен жабылған. Соның салдарынан ислам
дінін қолдайтын әскерлер мен Эфиопияның әскерлері Сомали елінің астанасы
Могадино қаласында 24 адамның өмірін қиған.
Араб телеарнасы Әл-Жазира 17 қыркүйекте Армения президенті
Роберт Кочарянды сұхбат арқылы эфирге шақырды. Бұл жұмысты араб
тележүргізушілерінің бірі Заверу Шевджиге ұсынды.
Армения мемлекетінің басшысы өзінің сұхбатында Таулы Қарабах
қақтығысы бейбітшілікпен реттелетіні туралы сұрақтарға Армения және Арабия
қарым - қатынасы және аймақақтық сұрауларға да тоқтады. Армения елді
мекеніне барған Әл-Жазира телеарнасының журналисі
Таулы Қарабахқа барып, Таулы Қарабах президенті Аркади
Гукасядан сұхбат алды. Арменияның 15 жылдығына орай
Әл-Жазира телеарнасына 21 қырқүйекте Армения халқының әдениетін,
табиғатын, саяси жаңалықтарын эфирге шығармақ. Және де Армения халқындағы
оппозиция өкілдері, басқа дін өкілдерімен министрлерінің сұхбатын эфирге
шығармақ.
Жаңалықтарды мәнерлі, шындықты басым беретін Әл-Жазира
телеарнасы көптеген қайғыға душар болды. Шет тіліндегі жалғыз журналист
Аллуни тұтқынға алынып, Италияда қамауда отыруда. Аллуни берген мәліметтер
бойынша: өз еліме келгенде жүрегім жібіп, бостандықты сезінемін.
Елінің махаббатына бөлінген Аллуни мырза телеарнадан кеткелі
бері де араб халқынан көп сұраныс жасады. Террористер арқылы
Усама бен Ладен сұхбаты арқылы танылды. Ол біз
террористерді қолдап, халықты уағыздаушылық емес, шындықты айту емес пе?
Біздер террористердің бейне көріністерін эфирге шығарсақ ол
уағыздаушылықты білдірмейді. Бейне көріністер 2 минут қана
болды, Бірақ Әл –Жазира- спорт арнасы бар. Ал спорт
жөнінде де әрине тағыда шындық айтылады. Спортта болған ширма артындағы
кәсіпкерлердің қулығын айқын ашып, халықты спорт арқасында шындыққа
тартты. Негізі араб халқында спорт саласы онша дамымаған.
Оған себеп АҚШ-тың Ираққа деген соғысы әсер етті. 2004 жылы болған
олимпиада ойындарында араб халқының спорт жұлдыздарын тұрып қарсы алды.
Және де эфирге деректі бейне көріністер шығады. Ол жерде жануарлар
жайында, белгілі адамдар жайында көрсетілімдер болатын. Тағы да балаларға
арналған бөлімі бар. Онда болашақ жастар, яғни
кішкентай балаларды тәртіпке шақырып, жақсылыққа тартып, ата-анаға деген
сүйіспеншілікке шақыратын бағдарлама балаларға арналып эфирге жіберіледі.
Одан да басқа басты қаруымыз 130 елді мекенде тұратын халықта,
ұялы телефоны барларға SMS- хаттар жібереді.
Жаңалықтардың шындығын, дұрыстығын барлық ел тек қана телеарна арқылы
ғана емес, сондай- ақ радио, SMS- хаттар арқылы да естіп
жатады. Бірақ SMS-хаттар 3 сағатта кешігіп жетеді дейді Тауфик Таха мырза.
Мәселен Усама бен Ладенді эфирге шығарып, артынан АҚШ президенті Бушты
шығарғанда, Буш мырзаның айтқан сөзі халықты мұсылмандарға және басқа
дінді ұстанушыларға бөлді деген еді. Расында екіге бөлінуі рас, алайда
соғыс ашқаннан басқа дінділер мұсылман дінің қабылдар ма екен.
Әл-Жазира телеарнасы Ирак пен АҚШ та болған 5 жылдық қорытындысын
жасады. Онда миллионға жуық Ирак әскерлері өлтірілді, 3
миллионға жуық адамдар жарақат алды, 2 миллион адам шет елдерге қашып,
2,5 миллион халық өздерінің баспанасын тастап, басқа ауыл, қалаларға
ауысты. Әл-Жазира телеарнасы мынадай мәлімдеме жасады.
Ал Америкалық әскери бөлім бес жыл бұрын Бағдат қаласын өз қол
астына алып, Саддам Хусейннің жеңіліп, дәрежесінің түскенін
айтып отыр. Ирак елінің 27 Миллион халықтың 31 пайызы
кедейшілікте өмір сүруде, ал 7,5 миллион халықтың 60 пайыз жұмысқа
қабілетті халық, жұмыссыз күн кешуде. Ирак елді мекені әбден тозып,
кедейшілік белесінде жүр. Тұрғын үй мәселелері ауырлай
түсті. Және шаруашылығы жоқ елдің өмір сүруі өте ауыр соғуда.
Көмек ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы барынша тамақ, кір
сабын, дәрі дәрмек, киімдер беріп, өздерінің қол ұшын беруде. Өзінше
саясат жүргіземіз деп соққы алған ел, әрі қарай қалай өмір
сүрмек, қалай дем алмақ?
Сол аралықта, ауыр жарақаттар алған әскерлері емделетін жер таппады.
Ирак халқының емханаларында 90 пайызға жуық дәрі-дәрмектердің жоқтығы
мәлім болды. Және де аурухана медбикелері басқа жақа ауысқан деп Әл
-Жазира телеарнасы айтып өтті.
Иракта коррупция басым түсті. Ондағы жаңадан қайталанып
салынып, жанартылып жатқан мекеме, үйлер, үлкен сарайлардың ақшасы жетіп
жатыр. Ирак халқы 4 миллиард доларға жуық ақшасын жоғалтты. Ол
ақша қалаға бөлінген ақша еді.
Бастапқыда айтылған мәлімет бойынша, Америка Құрама Штаттарында
өткен қаржы министірлерінің конгресіңде, соғысқа 2,7 триллион доллар
қаражатты жұмсалды. Бес жылдың ішіңде 4 мынға жуық Америкалық әскерлер
өліп, 60 мыңға жуық әскерлер ауыр жарақат алды. Бұл жайында
РиА жаңалықтары мәлімдеме жасады. Дубайдағы бөлімшені 1020
қазанда РиА Новости Мәскеудегі болімшесі 20 қазанда Әл-Жазира
телеарнасы араб еліндей жақсы дамып, деңгейінің жоғарылағаның
айтып өтті. Бұл жайында Әл-Жазира Интернет сайт хабарлама
жасады. Бұл жайында тест сұрақтары Вашингтон Пост (The
Washington Post) газетінде жарияланды.
Телеарнаның тілшілері өз өмірінде, бар игілігінде Әл-Жазира
телеарнасына арнады. Сондықтан осындай мықты телеарна дүниеге
келді. Өкінішке қарай, телеарнаның атақ абыройын Бен Ладенмен
байланыстыру әдетке айналып барады мұнын артынша көптеген
адамдар Әл-Жазира ланкестердің қолшоқары деп айып та таға
бастады. Сондықтан мұндай айыпты көтеру қиынға соқты.
Ақ үйдің катарлық телеарнаны қаржылай демеп жүргені шындықпен
жанаспайды. Катардың өзінде қаржы баршылық. Катармен АҚШ
арасында тығыз байланыс барында және Усама Бенладиннің
америкалық өнім екендігінде күмән жоқ. Бәлкім олар осы телеарна арқылы
өз мақсаттарына жетуді көздеп отырған да шығар. Америка Құрама Штаттарының
саясаты әлемді қақ жарысынан айырып, Ақ пен
қараға, жақсы мен жаманға бөлді. Басылымның айтуы бойынша тест сұрақтарына
120 елдің ірі телеарналары қатысты. Ең жоғары деңгейде өзін
көрсете алған Әл-Жазира телеарнасы әріптестерінің қуанышына,
мақтанышына бөленді. Бірінші орында Катардың спутник телеарнасы
Әл-Жазира (51,7%), екінші орында Сауд Арабиясы арнасы
Әл-Арабиа (8,4%), үшінші орынға Эмират телеарнасы Абу -Даби
( 7,6%), төртінші орынды Америкалық CNN (6,4%), бесінші
орынды британ телеарнасы МВС ( 5,3%) және алтыншы орында Ливан
телеарнасы LBC ( 4,6%) болды. Осыған қарап Әл-Жазира телеарнасының он
жылғы еңбектенген жұмысы өз нәтиесін тапқандығын көріп
отырмыз. Әл-Жазира телеарнасы жайында Қазақстанда мәліметтер өте аз,
жоқтың қасы десекте болады. Қаншама
кітаптардың бетін жүгіртсек ВВС, CNN телеарналары жайында жазылған
мәліметтер бар. Дегенмен Әл-Жазира телеарнасы бүкіл әлем
бойынша жаңадан шарықтап кележатқан, қаншама қыспаққа
алынса да өзінің орнын таба білген телеарналардың бірі. Әл-
Жазира телеарнасының дүние жүзі бойынша ірі - ірі Мемлекеттерінде
отыз бір бөлімшесі бар. Тек хабар беру ерекшелігімен ғана емес,
сонымен қатар ақшалай демеушісінде өздерінің адамы
болғандықтан, мемлекет тарапынан қыспаққа ілінбейді.
Біраз жыл бұрын кішкене Араб мемлекетінің Катар атты қаласында адам
сенгісіз оқиға орын алды. Эмир Катар қаласының басшысы кезекті демалысына
Франция мемлекетіне кетіп, қайтып оралмады. Ол кісінің орының жалғыз ұлы
басты. Жас Эмир өзінің атақ пен даңқын жоғарылататын және сақтап қалатын
жаңа идеялар іздеу үстінде. Дәл сол уақытта алыс Лондонда, арабтар өз ара
қалжындасып, мұсылман халқының астанасы дейтің, каласында ойламаған жерден
Британа Арабский телеарналық жоба жабылды. Жұмыссыз қалған журналист
қауым Жаңа Катар қаласының басшысы алдына барып өздерінің революциялық
ұсынысын айтып өтті. Яғни дүние жүзі бойынша бірінші, жиырма төрт сағат
бойына ақпараттық сараптама бағдарламасын жүргізетің телеарна ашу болатын.
Осылай 1996 жылы Катардың Доха қаласында Әл-Жазира телеарнасы жарық
көрді.

I тарау. 1.2 Негізгі бәсекелесі Әл-Арабия

Әл-Жазира телеарнасының биікке деген ынтасымен барлық араб
халқы жеңе алмайтынын біле отырып, оған қарсы басқа ой келеді.
Әрине оның ішінде Сауд Арабиясы, Кувейт, Ливан және Біріккен
Араб Әмірлігі Әл- Жазира телеарнасына қарсы араб спутник
телеарнасы Әл-Арабия телеарнасын құрды. Әл-Арабия араб тілінен
аударғанда Арабша деген мағынаны білдіреді. Бұл телеарна MIDDLE TASTNEWS
(Таяу шығыс жаңалықтары) Али Әл Хеддеси Шейхының жекеменшік
телеарнасы. Телеарна Әл-Жазира телеарнасына қарағанда  500 миллион АҚШ
долларын құрайды. Штаб үйі Біріккен Араб Әмірлігінеде Дубай қаласында
орналасқан.
Ақпраттық телеарнаның пайда болуының өзі жаңалық. Бірақ бас
ауырталық жағдай бар. Шынайылық, объективті көзқарас жоқтың қасы.
Көптеген телеарналар тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Бұл өте қиын.
Осының кесірінен шынайы ақпарат берілмейді. Әл-Жазира телеарнасын
айтсан, бұл телеарна Иракта төрт мың қарапайым адамның қаза болуына
жауапты. Неге? Өйткені олар Ирак ұтады, Америка Құрама Штаттары жеңілп
жатыр деген сынайда ақпарат таратқан болатын. Осындай
Сүйіншіден соң, төрт мың адам Иракқа жеңісті тойлау үшін
барып, барлығы дерлік оқ астында қалып, қаза тапты. Сондықтан
телеарналардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отандық телеарнадағы шетел экспанциясы
Халықаралық медиа нарықтағы ақпараттық биліктің рөлі
ҚАЗАҚ ТЕЛЕДИДАРЫ ЖӘНЕ ХАБАР МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ
Журналистика пәнінен дәрістер
Қазақ тіліндегі электронды бұқаралық ақпарат құралдары және оларға шетелдік ақпарат агенттіктері материалдарының қажеттілігі
Хабар арнасындағы тележүргізушілер мектебі
Қазақ журналистикасындағы зерттеудің пайда болуы және қалыптасуы
ҚAЗAҚСТAН ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕAРНAСЫНДAҒЫ РЕКРЕAТИВТІК БAҒДAРЛAМAЛAРДЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
КТК телеарнасының кәсіби деңгейі
Балалар психологиясына теледидардың әсері
Пәндер