Қазақстан Республикасында кеден органдарындағы қызметті ұйымдастыру



М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5.6

1.тарау. Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың теориялық
негіздері
§ 1.1 Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың мәні мен мазмұны
(объектілері және субъектілері) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7.14
§ 1.2. Кеден ісін басқарудың заңдылықтары мен принциптері ... ... ... ... 14.17
§ 1.3. Кеден органдарындағы басқарудың функциялары мен әдістері ... . 17.24
§ 1.4. Кеден ісін басқарудың құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24.31

2.тарау. Қазақстан Республикасында кеден органдарындағы қызметті
ұйымдастыру
§ 2.1. Кеден органдарында қызметті ұйымдастырудың әлемдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32.37
§ 2.2. Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрамы мен
мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 38.45
§ 2.3. Қазақстан Республикасы кеден органы қызметкерлерінің
лауазым иелерінің құқықтық мәртебелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 45.58

3.тарау. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаменті жұмысына талдау
§ 3.1. Оңтүстік Қазақстан Облысы кеден басқармасындағы
басқаруды ұйымдастырудың жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 59.68
§ 3.2. Басқаруды ұйымдастырудың ОҚО КБ бойынша проблемалары мен
болашағы, оларды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69.72

Қорытындылар мен ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73.76

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 77.79
К І Р І С П Е

Қазақстан Республикасы кеден қызметiнiң он алты жылдық жұмыс тәжiрибесi стратегиялық мақсаттарды нақты айқындаусыз, анық басымдықтарды тұжырымдаусыз елеулi табыстарға қол жеткiзудiң мүмкiн еместiгiн көрсеттi.
Қазiргi уақытта кеден қызметiн Қазақстандық сыртқы сауданы мемлекеттiк реттеудiң нақты жұмыс iстейтiн құралына айналдыру үшiн күш-жiгер жұмсалып жатыр, бұл жаңа басқару жүйесi бар қазiргi заманғы кеден қызметiн құруды, бақылау және пайдаланылып жүрген дәстүрлi кеден рәсiмдерiн жетiлдiру саласында жаңа стратегия әзiрлеудi талап етедi.
Бұл талаптардың негiзгi мақсаты фискальдық саясат жүргiзу, сыртқы сауданы реттеу және мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында кеден органдарының алдында тұрған мiндеттердi шешудiң мейлiнше тиiмдi және ұтымды жолдарын iздеу болып табылады.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына тиiмдi жәрдемдесудiң қажеттiлiгi Қазақстандық кеденнiң алдына кеден iсiн дамытуға жаңа тәсiлдердi әзiрлеу мiндетiн қойды.
Бұл димпломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының кеден қызметiн жетiлдiру тұжырымдамасы жинақталған тәжiрибенi жүйелеуге және осының базасында кеден органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша реформалардың мейлiнше ықтимал барысын алдын ала болжауға, басымдықтарды айқындауға әрекеттену болып табылады.
Дипломдық жұмыс кезінде жасалған талдау көрсетілген міндеттерді шешу қазіргі заманғы кеден қызметі үшін өзекті проблема болып табылатындығын көрсетеді. Кеден қызметін кеңінен жетілдірудің, оны сыртқы экономикалық қызметтің өсіп келе жатқан көлемі мен көп салалылығына сәйкес келтірудің, кеден қызметінің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының ұдайы өзгеріп отыратын шарттары мен міндеттеріне, халықаралық кедендік практикада қабылданған ережелерге, нормаларға, стандарттарға және рәсімдерге бейімделуінің барынша қажеттігі пісіп жетілді.
Кеден ісі саласында жетілдіру жұмыстарын табысты жүргізу үшін сөзсіз қаржыландырудың тиісті ресурстары мен көздері қажет. Дипломдық жұмыста көзделген іс-шараларды қаржыландыру мәселесі неғұрлым күрделі болып табылады. Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдіруді қамтамасыз етудің қаржылық тетігі мәселесі мемлекеттік бюджеттен кеден жүйесін дамытуға көзделген қаражатты бөлуді, республиканың кеден қызметінің жетілдірілуін жүргізуге мүдделі дүниежүзілік қаржы институттары тарапынан инвестициялар тартуды білдіреді.
Еліміздің тәуелсіздігімен қатар дүниеге келген кеден қызметі жыл өткен сайын дамып, қанатын кең жайып келеді. Еліміздің экономикалық қауіпсіздігін сақтау туралы мәселе Президентіміздің Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан - 2030» жолдауында нақты көрсетілген.
Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу жүйесінде кеден қызметінің жөні бөлек. Сондықтан, соңғы жылдары еліміздің кеден органдарының құрылымы біршама өзгерістерге ұшырады, жауапкершілік күшейтілді. Халықаралық кеден бекеттерінен заңсыз өткізілетін тауарларға тосқауыл қойыла бастады. Бұл еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамассыз ету шараларын мықтап қолға алғандықтың белгісі.
Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдірудің мақсаты экономикалық саясат пен мемлекеттің қауіпсіздігі стратегиясын іске асырудың тиімділігін арттыру, сыртқы сауданы дамытуға жан-жақты ықпал ету болып табылады. Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалау бағдарламасының негізіне алынды. Кеден қызметін реформалаудың негізгі міндеттерін шешу сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуды, СЭҚ-қа қатысушыларға қызмет етудің сапасын арттыруды және уақытын қысқартуды, бюджетке төлемдердің түсуін арттыруды, есірткілердің, қару-жарақтың, мәдени құндылықтардың контрабандасының жолын кесудің тиімділігін көтеруді, материалдық ресурстарды көлеңкелі айналымнан шығаруды, ұйымдасқан қылмыскерліктің әлсіреуін, Қазақстан Республикасының екі жақты және халықаралық шарттарда көзделген міндеттемелерінің орындалуын, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне ықпал етуді және әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне біртіндеп кіруін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізіп отырған, жаңа инвестициялық саясатпен, шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметті құрылымдық қайта құрумен, нарықтық қатынастарды одан әрі дамытумен, халықаралық сауда мен кеден органдарына интеграциямен сипатталатын экономикалық реформалар жағдайында сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу шараларын әзірлеуге және іске асыруға, Қазақстан Республикасының мүддесінде кеден саясатын қалыптастыруға қатысуды, басқа да мемлекеттік органдармен қатар ұлттық экономиканы дамытуға ықпал етеді. Елдің сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, азық-түліктік, экологиялық және қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді; елдің бюджетіне СЭҚ-дан кірістердің неғұрлым толық түсуін қамтамасыз етуді, тауарлардың бақылаусыз әкелінуін/әкетілуін шектеуді; кедендік құқық бұзушылықтарға, контрабандаға, есірткілік препараттардың, халық үшін зиянды және қауіпті тауарлардың контрабандасына, заңсыз өткізілуіне қарсы тиімді күресті қамтамасыз етуді; Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатын әзірлеуге белсенді атсалысу жолымен бейбіт шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруді тиімді шешуге қабілетті қазіргі заманғы кеден қызметін құрудың қажеттілігі туындап отыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл;
2. Қазақстан Республикасының Кеден кодексі. 2003 жылғы 1 мамыр;
3. Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 22 қаңтар N 536;
4. Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеруi туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 тамыз N 1238;
5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің төрағасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 қаңтар N 133;
6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң құрылымы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 5 мамырдағы N 786;
7. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2001 жылғы 30 қаңтар N 155-II
8. Алибеков "Таможенное дело в Республике Казахстан" Алматы 1997 год.
9. Алибеков "Таможенное право" Алматы 1997 год.
10. Драганов В.Г. "Основы таможенного дела" Москва 1998 год.
11. Основы таможенного дела: учебное пособие. Выпуск III. Экономическая деятельность таможенных органов. М.: РИО РТА, 1995. С. 294-295.;
12. Основы таможенного дела: учебное пособие. Выпуск I. Развитие таможенного дела в России. М., 1995 г., С. 78.;
13. Российское таможенное право: учебник для вузов./руководитель авторского коллектива Б.Н. Габричидзе – М.: издательская группа ИНФА, 1997 год. С.1.;
14. Сәрсенбаев М.А. "Таможенное право" Алматы 1998 год.
15. Мадиярова Д.М. "Кеден iсiн ұйымдастыру және басқару" Алматы 2000 жыл.
16. Садықов Е. "Iшкi экономикалық қатер", Ақиқат журналы 1 1998 жыл.
17. М. Шабанбаев "Қауiпсiздiк бәрiнен де қымбат". Егемен Қазақстан/13 желтоқсан/2000 жыл.
18. Ү. Құланбай "Кеден-мемлекеттiң шекарадағы сенiмдi қалқаны" Егемен Қазақстан/16 ақпан/2000 жыл.
19. Н. Назарбаев "Қауiпсiздiкке мән бермеу – нақты қатердi бағаламаумен тең" Егемен Қазақстан/25 ақпан/2000 жыл.
20. Президенттiң Қазақстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан/2000 жыл.
21. Б. Балғарина "Қауiпсiздiк тұжырымдамасы болашаққа қызмет етедi" Егемен Қазақстан/ 2 маусым/ 2000 жыл.
22. С. Мұса "Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық" Егемен Қазақстан/ 11 қазан/ 2000 жыл.
23. Қазақстан Республикасының Президентiнiң Жарлығы "Қазақстанның 2001-2005 жылдарға арналған экономикалық қауiпсiздiк стратегиясы". Егемен Қазақстан/ 27 ақпан/ 2001 жыл.
24. Е.О. Алауханов "Есiрткiнi ауыздықтау қауiпсiз қоғамға жол ашу". Үкiмет жаршысы, 1, 2001 жыл.
25. М. Байгiсиев "Халықаралық эономикалық қатынастар" Алматы "Санат" 1998 жыл.
26. Н. Әбiқаев "Қазақстан және Еуропалық Одақ: әрiптестiк пен ынтымақтастық". Егемен Қазақстан/24.04.2002 жыл.
27. М. Садыхан "Орталық Азия бiртұтас экономикалық аймаққа ұмтылады" Егемен Қазақстан/16.06.2000 жыл/.
28. Л. Матақбаева "Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Ммелекеттер Достастығындағы интеграциялық саясаты турал". Ақиқат журналы, 3, 1999 жыл.
29. М. Нүкенов "Экономикалық қауiпсiздiк күзетiнде". Егемен Қазақстан, 2001 жыл.
30. Ә. Дүйсенбек "Бiрiккен Ұлттар Ұйымы және Қазақстан". Егемен Қазақстан/06.02.2001 жыл./
31. В. Пресняков "Экономическая безопасность: таможенные методы и средства обеспечения". Внешняя торговля, 1995 год, 12.
32. Аграшенков А.В. Психология в таможенном деле. СПб.: «ПиК», 1995 год.;
33. Асанов А.М. Циклическое развитие управленческой мысли. – В кн.: Материалы V Международной конференции «Циклы природы и общества». Ч. 1. Ставрополь, 1997 год. С. 382.;
34. Бякин Г.И., Воронин Ю.Н., Кулешова А.В., Нарышкин Е.М. Перемещение товаров физическими лицами через таможенную границу РФ. СПб., С.- Петербургский филиал РТА, 1998. С. 67-69;
35. Венская конвенция о договорах международной купли-продажи товаров: комментарий. М.: издательство фирмы Гардарика, 1996. С. 303;
36. Ершов А.Д. Управление экономической безопасностью в таможенном деле: материалы научно-практической конференции «Таможенная деятельность и обеспечение экономической безопасности государства» Ростов на – Дону: Ростовский филиал РТА, 1998 год. С. 48-51;
37. Ершов А.Д. Основы управления и организации в таможенном деле. Учебное пособие. Санкт-Петербург 1999 год.
38. Зачесова Г.М. Курс лекций «Экономика таможенного дела» Учебное пособие СПб., 1997 год. С.54.;
39. Кисловский Ю.Г. Контрабанда: история и современность. М. Автор, 1996. С. З.;
40. Петров Ю.М., Кудрявцева И.В. Практика таможенного регулирования. М. Автор, 1994.;
41. Съедин С.И. основы управления: курс лекции. М.: РИО РТА, 1996. С. 101-103;
42. Дюмулен И.И. Всемирная торговая организация. М.: ТППРФ, 1997 год;
43. Демченко А.А. О применении программно – целевого управления в таможенной службе: тезис докладов международной научно-практической конференции «регулирование ВЭД и экономика таможенной политики России» от 22-23 октября 1996 г. .М.: РИО РТА, 1996. С. 171-173;
44. Ершов А.Д. Генезис и эволюция таможенного дела // Учен. зап. С.-Петербургского филиала РТА, 1998. № 5. С. 8-27;
45. Лозбенко Л.А. Стртегия Всемирной таможенной организации (ВТО) по модернизации таможенных служб мира: Материалы заседания «круглого стола» «Актуальные проблемы современной таможенной политики России» от 14.12.1995. М.: РИО РТА, 1995. С. 65-66.;
46. Беляшов В.А. «Таможенный энциклопедический справочник» Краснянский И.Ю. ред. басшылығымен, Минск 1998 жыл;
47. Ғ.Қасымов «Таможенная политика – составная часть государственной политики», ФЕМИДА, 1998 жыл, 3;
48. Ғ.Қасымов «Казахстану нужна единая тарифно-таможенная политика» Вестник по налогам и инвестициям, 1998 жыл., 11-12 беттер;
49. Тенлибаев Н. «Снижение пошлины: вести о таможне», Сегодня, 1998 жыл;
Бекбосунов И. «Ответственность за нарушение таможенных правил», Внешнеэкономическая деятельность, 2001 жыл., 1

Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 5-6

1-тарау. Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың теориялық
негіздері
( 1.1 Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың мәні мен мазмұны
(объектілері және субъектілері)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-14
( 1.2. Кеден ісін басқарудың заңдылықтары мен принциптері ... ... ... ...
14-17
( 1.3. Кеден органдарындағы басқарудың функциялары мен әдістері ... . 17-24
( 1.4. Кеден ісін басқарудың құқықтық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24-31

2-тарау. Қазақстан Республикасында кеден органдарындағы қызметті
ұйымдастыру
( 2.1. Кеден органдарында қызметті ұйымдастырудың әлемдік
тәжірибесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 32-37
( 2.2. Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрамы мен
мақсаттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 38-45
( 2.3. Қазақстан Республикасы кеден органы қызметкерлерінің
лауазым иелерінің құқықтық мәртебелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45-58

3-тарау. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаменті
жұмысына талдау
( 3.1. Оңтүстік Қазақстан Облысы кеден басқармасындағы
басқаруды ұйымдастырудың жағдайын талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59-68
( 3.2. Басқаруды ұйымдастырудың ОҚО КБ бойынша проблемалары мен
болашағы, оларды жетілдіру жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 69-72

Қорытындылар мен ұсыныстар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73-76

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 77-79

К І Р І С П Е

Қазақстан Республикасы кеден қызметiнiң он алты жылдық жұмыс
тәжiрибесi стратегиялық мақсаттарды нақты айқындаусыз, анық басымдықтарды
тұжырымдаусыз елеулi табыстарға қол жеткiзудiң мүмкiн еместiгiн көрсеттi.
Қазiргi уақытта кеден қызметiн Қазақстандық сыртқы сауданы мемлекеттiк
реттеудiң нақты жұмыс iстейтiн құралына айналдыру үшiн күш-жiгер жұмсалып
жатыр, бұл жаңа басқару жүйесi бар қазiргi заманғы кеден қызметiн құруды,
бақылау және пайдаланылып жүрген дәстүрлi кеден рәсiмдерiн жетiлдiру
саласында жаңа стратегия әзiрлеудi талап етедi.
Бұл талаптардың негiзгi мақсаты фискальдық саясат жүргiзу, сыртқы
сауданы реттеу және мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
саласында кеден органдарының алдында тұрған мiндеттердi шешудiң мейлiнше
тиiмдi және ұтымды жолдарын iздеу болып табылады.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына тиiмдi жәрдемдесудiң
қажеттiлiгi Қазақстандық кеденнiң алдына кеден iсiн дамытуға жаңа
тәсiлдердi әзiрлеу мiндетiн қойды.
Бұл димпломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының кеден
қызметiн жетiлдiру тұжырымдамасы жинақталған тәжiрибенi жүйелеуге және
осының базасында кеден органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша
реформалардың мейлiнше ықтимал барысын алдын ала болжауға, басымдықтарды
айқындауға әрекеттену болып табылады.
Дипломдық жұмыс кезінде жасалған талдау көрсетілген міндеттерді шешу
қазіргі заманғы кеден қызметі үшін өзекті проблема болып табылатындығын
көрсетеді. Кеден қызметін кеңінен жетілдірудің, оны сыртқы экономикалық
қызметтің өсіп келе жатқан көлемі мен көп салалылығына сәйкес келтірудің,
кеден қызметінің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының ұдайы өзгеріп
отыратын шарттары мен міндеттеріне, халықаралық кедендік практикада
қабылданған ережелерге, нормаларға, стандарттарға және рәсімдерге
бейімделуінің барынша қажеттігі пісіп жетілді.
Кеден ісі саласында жетілдіру жұмыстарын табысты жүргізу үшін сөзсіз
қаржыландырудың тиісті ресурстары мен көздері қажет. Дипломдық жұмыста
көзделген іс-шараларды қаржыландыру мәселесі неғұрлым күрделі болып
табылады. Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдіруді қамтамасыз
етудің қаржылық тетігі мәселесі мемлекеттік бюджеттен кеден жүйесін
дамытуға көзделген қаражатты бөлуді, республиканың кеден қызметінің
жетілдірілуін жүргізуге мүдделі дүниежүзілік қаржы институттары тарапынан
инвестициялар тартуды білдіреді.
Еліміздің тәуелсіздігімен қатар дүниеге келген кеден қызметі жыл өткен
сайын дамып, қанатын кең жайып келеді. Еліміздің экономикалық қауіпсіздігін
сақтау туралы мәселе Президентіміздің Қазақстан халқына жолдаған Қазақстан
- 2030 жолдауында нақты көрсетілген.
Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу жүйесінде кеден қызметінің жөні бөлек.
Сондықтан, соңғы жылдары еліміздің кеден органдарының құрылымы біршама
өзгерістерге ұшырады, жауапкершілік күшейтілді. Халықаралық кеден
бекеттерінен заңсыз өткізілетін тауарларға тосқауыл қойыла бастады. Бұл
еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамассыз ету шараларын мықтап қолға
алғандықтың белгісі.
Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдірудің мақсаты
экономикалық саясат пен мемлекеттің қауіпсіздігі стратегиясын іске асырудың
тиімділігін арттыру, сыртқы сауданы дамытуға жан-жақты ықпал ету болып
табылады. Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалау
бағдарламасының негізіне алынды. Кеден қызметін реформалаудың негізгі
міндеттерін шешу сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуды, СЭҚ-қа
қатысушыларға қызмет етудің сапасын арттыруды және уақытын қысқартуды,
бюджетке төлемдердің түсуін арттыруды, есірткілердің, қару-жарақтың, мәдени
құндылықтардың контрабандасының жолын кесудің тиімділігін көтеруді,
материалдық ресурстарды көлеңкелі айналымнан шығаруды, ұйымдасқан
қылмыскерліктің әлсіреуін, Қазақстан Республикасының екі жақты және
халықаралық шарттарда көзделген міндеттемелерінің орындалуын, Қазақстанның
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне ықпал етуді және әлемдік шаруашылық
байланыстар жүйесіне біртіндеп кіруін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізіп отырған, жаңа инвестициялық
саясатпен, шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметті құрылымдық қайта
құрумен, нарықтық қатынастарды одан әрі дамытумен, халықаралық сауда мен
кеден органдарына интеграциямен сипатталатын экономикалық реформалар
жағдайында сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу шараларын
әзірлеуге және іске асыруға, Қазақстан Республикасының мүддесінде кеден
саясатын қалыптастыруға қатысуды, басқа да мемлекеттік органдармен қатар
ұлттық экономиканы дамытуға ықпал етеді. Елдің сыртқы экономикалық, ғылыми-
техникалық, азық-түліктік, экологиялық және қаржылық қауіпсіздігін
қамтамасыз етуді; елдің бюджетіне СЭҚ-дан кірістердің неғұрлым толық түсуін
қамтамасыз етуді, тауарлардың бақылаусыз әкелінуінәкетілуін шектеуді;
кедендік құқық бұзушылықтарға, контрабандаға, есірткілік препараттардың,
халық үшін зиянды және қауіпті тауарлардың контрабандасына, заңсыз
өткізілуіне қарсы тиімді күресті қамтамасыз етуді; Қазақстан
Республикасының сыртқы сауда саясатын әзірлеуге белсенді атсалысу жолымен
бейбіт шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруді тиімді шешуге қабілетті
қазіргі заманғы кеден қызметін құрудың қажеттілігі туындап отыр.
1-ТАРАУ. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНДА БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.1. Кеден органдарын басқаруды ұйымдастырудың мәні мен мазмұны
(объектілері мен субъектілері).

“Басқару” түсінігі айтарлықтай кең ұғым береді және адамзат қызметінің
түрлі салаларында қолданылады. Кеден қызметінің қатысы бар түрлі әлеуметтік
- экономикалық жүйелерде “Басқару” ұғымы әр-түрлі мағыналарда
түсіндіріледі. Айталық, классикалық менеджмент “Басқаруды” - ұйымның
қалыптасуы мен мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, жоспарлау,
ұйымдастырудың және бақылаудың барысы деп таниды. Ал, басқару саласының,
келесі топ ғалымдары мен мамандары “Басқару” дегеніміз – кәсіби дайындықтан
өткен мамандардың ұйымдарды қалыптастырып, мақсаттарды қою арқылы оған қол
жеткізудің интеграциялық процессі деп есептейді. Дегенмен, кеден қызметінің
теориясы мен тәжірибесіндегі “Басқару” терминінің түсінігі “ішкі және
сыртқы жағдайлардың өзгермелі кезінде қойылған мақсаттарды орындауды
қамтамассыз ететін, белгіленген тәртіпте құрылған ұжым адамдарының
басқарушылық шешім қабылдауларының ақпараттық процессі” болып табылады.
Сонымен, басқару - дегеніміз жүйенің қойылған мақсаттарды шешім
қабылдау арқылы жүзеге асыру үшін, өзінің құрылымын сақтауға, оның ішкі
және сыртқы қатынастарын тәртіпке келтіруге бағытталған, әсер ету
процессінің ашырамас қасиеті.
Кеден жүйесін басқару, онымен қатынасқа түсу, оның ішкі тетіктерін
ұғыну мен оларды қолдана білу қабілеттілігі болып табылады. Кеден
жүйесіндегі басқарудың мәнін, тек жүйенің барлық қатыстарының қимыл-
қозғалысы, элементтері мен бөліктерінің байланысы терең зерттеудің
объектісі болған кезде ғана ұғынуға болады.
Біртұтастық қағидасы жүйенің қызметтік иерархиялығына алып келеді,
яғни жүйенің төменнен жоғарыға дейінгі бағыныштылығы жағынан сатылығын
көрсетеді. Дәлірек айтқанда бір жүйелер басқа жүйелердің элементтері болуы
мүмкін, яғни жүйелер өзінің жеке жүйелерінен құралып басқа жүйе құрамына
кіреді. Мысалы, кеден жүйесі сыртқы экономикалық қызметті реттейтін
мемлекеттік жүйенің құрамына кіреді.
Осы қағида, кеден ісінің қасиетін ашық және анық түрде көрсетеді.
Кеден ісі жүйесінің мәні - бұл кеден ісінің түрлі формаларда жүзеге
асырылатын үдерістер бірлігінің ішкі мазмұны. Өз кезегінде, Кеден ісінің
ішкі мазмұны оның ішкі қасиеті - негізгі қызметінен көрініс табады.
Сондықтан, жүйеде қалыптасатын қасиет жүйенің қызметі деп аталады, ал ішкі
құрылым – жүйенің құрылымы. Кеден жүйесінің негізін қалайтын қызмет – бұл
халықаралық алмасу процессін тәртіпке келтіру және үйлесімді реттеу
қабілеттілігіне ие болу қызметі. Кеден ісінің қолданылуының өзі осыған
келіп саяды.
Жоғарыда аталғандай, күрделі кеден жүйесі белгілі-бір жүйелердің
санынан тұрады. Оның құрамындағы әрбір жүйе өзінің жеке жүйесінен құралған.
Мысалы, кеден бекеті белгіленген кеденнің жүйесіне кіреді, өз кезегінде ол
аймақтық не облыстық кеден басқармасы жүйесіне, ал облыстық кеден
басқармасы өз кезегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кеден
комитеті жүйесінің негізін құрайды.
Кез-келген жүйенің өзіне тиесілі шектелген құзіреттілігі, мақсаттары,
қызметтері, құқықтары және т.б. бар. Мысалы, кеден бекетінің жүйесі
қызметкерлер ұжымынан, кеден технологияларынан, аумағынан және т.б.
құралады. Бірақ, осы элементтердің әр–біреуін жеке мини-жүйе ретінде
қарастыруға болады.
Жүйенің құрылымының түсінігі аталған жүйенің құрамдас бөліктерге,
элементтерге бөлу мүмкіндігіне меңзейді.
Кеден ісін тануда және оның мәндік, тәжірибелік қызметін ұғынуда
“объект” және “субъект” түсініктері үлкен маңызға ие. Бұл ұғымдар алғашқыда
фәлсафада, кейінірек нақты-пәндік ілімдерде пайда болды.
Фәлсафалық көзқарас бойынша объект (латын тіліндегі objecto – алға
тастаймын, қарсы тұрамын) субъектінің қызметінде қарама-қарсы тұратын ұғым
береді. Қазіргі заманғы объект түсінігін Р. Декарта берді, яғни объектінің
субъектіге тікелей қарсы қойылуы немесе білімнің тұпнұсқалық жағынан
нақтылығын айқындау.
Субъект ұғымы (латын тіліндегі subjectus – төменде жатқан, негізін
қалаушы, sub – астында, jacio – негізін қалау) фәлсафалық тұрғыдан жеке
тұлға қызметінің танымдық мәнін көрсетуші, белсенділік көзі, объектіге
қарсы бағытталған.
Ілімнің түрлі салаларында объект және субъект түсінігі әр-түрлі
мағыналарда түсіндіріліп, өзіндік ерекшеліктер мен ғылыми түсіндірмелерге
ие болады.
Кеден ісіндегі басқарудың объектісі – кеден органдары тарапынан
басқару субъектісі ретіндегі басқарушылық әсер ету бағыты. Кеден
органдарының басқарудың субъектісі ретіндегі қызметтері алдын ала құрылған
бағдарламалар мен көзделген мақсаттарға жетуге бағытталған белгіленген
кедендік процесстерге басшылық жасаумен түсіндіріледі. Осыған байланысты
басқарудың объекті және субъекті ұғымдарын бөліп қарастырыуымыз қажет.
Басқарудың субъектісі дегеніміз – басқару органдары жиынтығының
басқарушылық жүйесі болып табылады.
Кеден ісіндегі басқарудың объектілері мен субъектілерінің жиынтығының
құрамы төмендегілерден тұратын басқару жүйесін құрайды:
• басқарудың механизмі (мақсаттары, қызметтері, қағидалары мен
әдістері);
• басқарудың ұйымдастыру құрылымының жиынтығы (кеден органдарының
түрлері, басқарудың ұйымдастыру құрылымының түрлері, басқару
деңгейлері, жеке қызметкерлер құрамы және т.б.) ;
• кеден процесстері механизмдер элементтері және басқару құрылымының
әрекеттері мен олардың өзара қатынасы ретінде (кеден бағдарламалары
көмегі, технологоиялық схемалар, жағдайларға байланысты, туындайтын
мәселелер бойынша арнайы шешімдер, жедел-құқықтық әрекеттер және т.б.)
;
Кеден ісіндегі құқықтың объектісі – дегеніміз кеден қызметін жүзеге
асыру кезінде туындайтын, реттеуші орган (ҚР МКК) мемлекет тарапынан
құқықтық реттелуге, бекітілуге немесе қорғалуға тиісті қатынас. СЭҚ –ке
қатысушылардың немесе кеден шекарасынан өтуші тұлғалардың құқыққа сәйкес
және міндетті әрекеттерін, кеден органдарының құқықтары мен міндеттерін
нормативті-құқықтық актілерді көрсете отырып, мемлекет туындайтын
қатынастарда тараптарды мемлекеттің мүддесіне жауап беретін қоғамдық
қатынас түрлерін таңдауға итермелейді.
Кеден ісіндегі құқықтың субъектісі – бұл заң бойынша құқықтар мен
заңды міндеттерді жүзеге асыруға қабілетті (құқықтық субъектілікке ие)
тұлғалар (жеке және заңды), яғни жеке немесе ұжымдық субъектілер. Жекелеген
юристердің пайымдауынша құқық субъектісінен құқықтық қатынас субъектісін
бөліп қарау қажет.
Осы, дипломдық жұмыста негізінен басқарудың объектілері мен
субъектілері қарастырылады.
Басқарудың объектілерін зерттеудің бірнеше тәсілдері белгілі. Белгілі
жағдайларда “зерттеу объектісі” мен “басқару объектісі” біртұтас түрде
қарастыралады, ал қалған жағдайларда “зерттеу объектісі” мен “басқару
объектісі” жеке зерттеледі. Менің ойымша, зерттеу объектісі кеден жүйесіне
қатысты болғандықтан кең ұғымға ие болады. Өз кезегінде басқару объектісі
зерттеу объектісінің бөлігі ретінде оның құрамына кіреді және оның
негізінде жүйенің маңызды қызметі қалыптасады.
Кеден және басқа да экономикалық әдебиеттерінде “кеденді басқару”,
“сыртқы сауда кәсіпорындарын басқару” және т.б. терминдері жиі
қолданылады. Менің көзқарасым бойынша, аталған терминдер дұрыс
қолданылмайтын сияқты, өйткені жылжымайтын мүлікті, ғимараттарды, жолдарды
және т.б. басқаруды қалай түсінуге болады. Кеден ісінің түсінігі бойынша,
аталғандарды кеңістікпенен уақыт кеңістігінде басқарумен түсіндірілген
болар еді. Сондықтан бұл жерде “кедендегі басқару” немесе “кеден ісін
басқару” дәлірек болады.
Кеден қызметінің ақпараттық-электронды ұйымдастыру және басқару
формасына көшуі басқарудың екі бағытын бірінші кезекте “басқарудың
объектісін” анықтауда синтездеуге алып келді. Бірінші бағыт дәстүрлі
қалыптасқан басқаруды жалғастырумен байланысты, ал екінші бағыт дәстүрлі
қалыптасқан басқаруды қайта талғап, басқарудың объектісін кибернетикалық
жаңалықтармен толықтыруды көздейді.
Кеден тәжірибесі көрсетіп отырғандай кеден жүйесіндегі басқарудың
негізгі объектісіне тауарлар, көлік құралдары, және Қазақстан
Республикасының кеден шекарасынан өтуші тұлғалар жатады.
Тауарлар. Тауар ұғымы – басқарудың теориясы мен тәжірибесіндегі ең
күрделі және көп мағыналы түсініктердің бірі.
Кеден ісінің экономикалық қызметі тұтынушылық құн мен тауардың құны
арасында реттеу рөлін жүзеге асыру. Мұндай реттеу кеден тарифі негізінде,
кедендік құнды анықтау және басқа да әдістер арқылы халықаралық тауар
алмасу барысында жүзеге асырылады.

№1. Схема. Кеден жүйесідегі басқарудың объектілері құрылымы.

Кеден ісінің ұйымдастыру-құқықтық қызметінің ұстанымы бойынша тауарлар
дегеніміз кез-келген жылжыйтын мүлік болып табылады, соның ішінде валюта,
валюталық құндылықтар, электр және басқа да түрдегі энергиялар. Тауарларды
кеден шекарасынан алып өтудің негізгі талабы, олардың СЭҚ ТН сәйкес кодтың
берілуінде.
Сонымен қатар тауарларды кеден ісінің басқа ұстанымдары жағынан
қарастыруға болады (экономикалық-құқықтық, ұйымдастырылу-психологиялық және
т.б.). Айталық төмендегідей тауарлардың кеден ісіндегі негізгі белгілеріне
сәйкес жіктеулерге:
1. Ұлттық белгісіне сай:
• қазақстандық;
• шетелдік;
2. Кеден кеңістегіндегі қозғалысының бағыты бойынша:
• импорттық;
• экспорттық;
• транзиттік;
3. Уақытша мінездемесіне сай:
• мерзімдік;
• тез бұзылатын;
• маусымдық;
• уақытша әкелінетін және шығарылатын;
4. Сауда-айналымдық мақсатына сай:
• сыртқы сауда айналымында сату және сатып алуға арналған,
коммерциялық мақсаттағы тауарлар;
• сауда айналымына арналмаған, коммерциялық емес тауарлар;
5. Фискальды белгісі:
• кедендік салық салуға жататын тауарлар;
• салықтардан босатылған тауарлар;
6. Тұтынушылық мінезіне сай:
• жеке пайдалану мақсатындағы тауарлар;
• өндірістік тұтынушылық мақсатындағы тауарлар;
7. Тиым салу-шектеу шаралары:
• ҚР кеден аумағына әкелуге немесе ҚР кеден аумағынан әкетуге тиым
салынған тауарлар;
• енгізілуіне немесе шығарылуына тиым салынған тауарлар;
• тек арнайы рұқсатпен ғана өткізілетін тауралар;
• экономикалық саясат шаралары қолданылатын тауарлар;
8. Шығарылатын еліне сай:
• шығарылған елі анықталған тауарлар;
• шығарылған елі анықталмаған тауарлар;
9. Тауарларды өткізу шешімдерінің нәтижесіне сай:
• ҚР кеден шекарасынан өткізілген тауарлар;
• ҚР кеден шекарасынан өткізілмеген тауарлар;
10. Арнайы бақылау белгілеріне сай:
• СЭҚ ТН сәйкес берілген кодтарына сай бақыланатын тауарлар;
• пошта – халықаралық пошта жіберілімдері;
• кеден бақылауына жатпайтын (дипломатиялық тұлғалардың,
мемлекетттік қызметкерлердің қол багаждары,) тауарлар;
• қол жүктері – жеке тұлғалардың өздерімен бірге алып өтетін
тауарлары;
11. Қауіпті деңгейіне сай:
• 1 класс – түрлі қасиеттерге ие жарылғыш материалдар;
• 2 класс – улы не улы емес газдар;
• 3 класс – тез тұтанатын сұйықтар;
• 4 класс – тез тұтанатын қатты заттар, өздігінен тұтанатын
заттар, сумен қатынасқа түскен жағдайда өздігінен тұтанатын газ
бөлетін заттар;
• 5 класс – қышқылданатын заттар, органикалық пероксидтер;
• 6 класс – улы және инфляциялық заттар;
• 7 класс – радиоактивті материалдар;
• 8 класс – коррозиялық заттар;
• 9 класс – 1-8 класстағы заттарға жатпайтын жүктер, яғни оларды
ашық немесе су көлік құралымен тасымалдағанда қауіпті қасиеттері
көрініс алатын.
Көлік құралдары. Көлік құралдарына жолаушылармен тауарларды
халықаралық тасымалдау үшін қолданылатын кез-келген құралдар жатады, соның
ішінде контейнерлер мен басқа да көліктік құрылымдар.
Олар төмендігідей құрмнан тұрады:
а) өндірістік және коммерциялық жүктерді тасымалдаумен айналысатын
көлік құралдары:
• теміржол;
• авиациялық;
• ғарыштық;
• теңіз;
• өзен;
• автомобиль;
• құбыр;
• электро линиялар;
б) жеке мақсаттарға арналған және коммерциялық мақсаттарға арналған
жүктерді тасымалдаумен айналыспайтын көлік құралдары.
Тұлғалар. “Тұлғалар” термині кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, басқа
да заңды және жеке тұлғалар ұғымын білдіреді. Қазіргі таңда бұл термин
мынандай белгілерге сәйкес жіктеледі:
1. Құқықтық статус:
• жеке тұлғалар – Қазақстан заңдарына сәйкес толық көлемде
құқықтық қабілеттілік пен іс-әрекет қабілеттілігіне ие
азаматтар;
• заңды тұлғалар – жеке меншігінде, жедел және шаруашылық
басқаруында мүлкі бар және өз міндеттеріне өзінің мүлкімен жауап
беретін ұйым;
2. Азаматтық елі:
• қазақстандық тұлғалар;
• шетел тұлғалары;
3. Мекен – жайы:
• резидент – ҚР тұрғылықты тұратын мекен жайы бар тұлғалар және
оларға жататындар:
- ҚР тұрғылықты тұратын мекен-жайы бар жеке тұлғалар, соның
ішінде уақытша оның аумағынан тыс жердегілер;
- ҚР заңдарына сәйкес құрылған және ҚР орналасқан заңды
тұлғалар;
- ҚР аумағынан тыс жерлерді орналасқан оның дипломатиялық
және ресми өкілеттіліктері;
- ҚР аумағынан тыс жерлердегі резиденттердің филиалдары мен
өкілеттіліктері;
Резидент еместер – шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ
ҚР аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын жеке тұлғалармен орналасқан заңды
тұлғалар.
Резидент еместерге жататындар:
• ҚР аумағынан тыс жерлерде тұрғылықты тұратын жеке тұлғалар, соның
ішінде ҚР уақытша тұратын;
• шетел мемлекеттерінің заңдарына сәйкес құрылған, ҚР аумағынан тыс
жерлерде орналасқан заңды тұлғалар;
• ҚР аумағындағы шетел мемлекеттерінің дипломатиялық және ресми
өкілеттіліктері;
4. Кедендік ресімдеуге мүдделлі тұлғалар:
• декларант – кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен көлік
құралдарын мәлімдеуші;
• кеден тасымалдаушысы – тауарларды тасымалдаушы тұлға;
• кеден брокері немесе делдалы – делдал ретінде тауарлар мен көлік
құралдарын мәлімдеуші;
• кеден қоймасының иесі – кеден органының лицензиясы негізінде қойма
жөнінде қызмет көрсетуші тұлға;
• кедендік ресімдеу жөніндегі маман – кедендік ресімдеу жөнінде
қызметтер көрсетуге құқылы тұлға;
5. Арнайы құқықтық белгілер:
• кедендік бақылау жөнінде жеңілдіктері бар дипломаттар, мемлекеттік
қызметкерлер;
• басқа да құқыққорғау органдарының қызметкерлері;
• кедендік бақылауға көмеке көрсетуші тұлғалар (мамандар, медициналық
қызметкерлер, сарапшылар, куәлер);
• басқа да тұлғалар;
Қызметтер. Қызметтер дегеніміз адамдарға пайдалы нәтижелер ұсынушы
әрекеттер. Кейінгі уақытта халықаралық саудада қызметтерге үлкен мән
беріліп жүр. Көптеген елдерде қызметтер көрсету саудасы халықаралық саудада
үлкен көлемге ие болады. Халықаралық валюта қоры жөніндегі БҰҰ
Статистикалық Коммисиясы, Европалық Одақ және басқа халықаралық ұйымдар
аясында, қызметтер көрсету саласында әдістемелік сұрақтарды шешу
ұйымдастырылып жүр. Осы жұмыстардағы негізгі проблема:
• халықаралық саудада “қызметтер” ұғымын анықтау;
• қызметтердің классификаторын қалыптастыру;
Өнімнің бірыңғай классификаторына сәйкес қазіргі таңда қызметтердің 160
түрі белгіленген:
• іскерлік қызметтер – 46 қызметтің салалық түрі;
• көліктік қызметтер – 33 түрі;
• байланыс қызметтері – 25 түрі;
• қаржылық қызметтер – 17 түрі;
• жалпы кәсіби қызметтер – 5 түрі;
• басқа да қызметтер – 34 түрі;
Санаткерлік меншік. Бүкіләлемдік сауда ұйымының Уругвайдағы келіссөздері
тауарлардағы санаткерлік меншікті қорғау проблемасын анықтап берді.
Келісімнің мақсаты санаткерлік меншікті қорғау арқылы оның заңды сауда
жасауға кедергі болмауына қол жеткізу.
Келісімнің қатысушылары кедендік қорғалуғы тиісті санаткерлік меншікке
мыналарды жатқызды:
• авторлық және аралас құқықтар;
• тауар белгілері;
• географиялық нұсқауларды пайдалану;
• өндірістік дизайн;
• патенттер;
• интегралды микросхемалардың технологиялары;
• жасырын ақпараттарды қорғау;
Келісімнің жаңалықтарының бірі - қатысушы мемлекеттерге санаткерлік
меншік құқығын қорғаудың ұлттық механизмдерін құру міндеттілігі болды.
Қазіргі кезде ҚР МКК БСҰ санаткерлік меншікті реттеу бойынша ұсынған заңның
жобасын зерттеу үстінде.

2. Кеден органдарында басқарудың заңдылықтары мен принциптері.

Басқару заңдылықтары басқару жүйесінің элементтері мен жүйелерінің
арасындағы ортақ, негізгі және қажетті байланыстарды көрсетеді. Заңдылықтар
объктивті және адамдардың санасы мен еріктеріне тәуелді болмайды.
Басқарудың заңдарын білу басқару жйесін құру және олардың қызметтерін
ұйымдастыру кезінде олардың талаптарын есепке алуға мүмкіндік береді.
Басқарудың жүйесіне мыналар жатады: басқару жүйесі бірлігінің заңы,
кәсіби қызмет және басқарудың үйлесімділік заңы, басқару қызметін оңтайлы
орталықтандырудың заңы, басқарудың қызметі, басқарушы және басқарылатын
жүйелердің салыстырмалылығы заңы және басқалар.
Басқару жүйесі бірлігі заңының әрекеті мыналардан көрініс табады:
басқару қатынасының үзіліссіз тізбегі мемлекеттік басқарудың жоғарғы
органдар жүйесінен бастап оның ең төменгі құрамдас бөлігіне дейін
жалғасатындығы; басқару процессінің барлық сатылары, операциялары мен
кезеңдерінің үзіліссіздігі мен келісімділігінен; адамдардың ғаламдық
мақсаттар мен мүдделерінің барлық қосалқы бөліктерін басқарудың бірлігінен;
басқарудың қызметтері мен әдістерінің бірлігінен; басқару аппараты
қызметкерлеріне қойылатын талаптардың бірлігінен.
Кәсіби қызмет және басқарудың үйлесімділік заңы басқарудың маңызды
мақсаттарын анықтайды, басқарушы және басқарылатын жүйелердің ұтымды түрде
үйлесімді қызмет жасауын қамтамассыз етеді. Үйлесімділік жүйенің негізгі
қызметін басқару қаншалықты дәлме-дәл және толық қамтамассыз етілгіндігімен
өлшенеді, яғни кедендік ресімдеу және кедендік бақылаудың минималды
шығындар шығару арқылы қажетті әсер беруі.
Басқару қызметін оңтайлы орталықтандырудың заңы кеден органдары
жүйесінің әрбір төменгі құрамдас бөлімнің орталық басқару органдарына
тұрақты түрде қажетті бағыныштылығын орнату арқылы бақару жүйесінің қызмет
етуін қамтамассыз етеді. Орталықтандырылған басқару жүйенің барлық құрамдас
бөлігінің қызметін қатаң түрде белгілеуді білдірмейді.
Басқарушы және басқарылатын жүйелердің салыстырмалылығы заңы
басқарылатын жүйенің сәйкестілігін қамтамасыз етуді талап етуді көздейді.
Осы салыстырмалықтың өзгеруіне түрлі факторлар әсер етеді, бірінші кезекте
ұйымдастыру және экономикалық. Бәрінен де бұрын, басқарушы жүйенің даму
және қызмет ету деңгейі басқарылатын жүйенің жедел-қызметтік қызметі
деңгейіне сәйкес болу шарт.
Кеден органдарындағы басқару, объективті заңдармен олардың негізінде
қалыптасатын принциптердің біркелкі жүйесіне де иек артады.
Басқару принциптері дегеніміз – басқарушы жүйе басшылыққа алып
отыратын басқарушылық идеялар, тәртіптер, негізгі ережелер мен тәртіп
нормалары. Кеден органдарын басқару тәжірибесінде жалпы, жеке және
ұйымдастыру-технологиялық принциптері қолданылады.
Жалпы басқару принциптері – дегеніміз басқарудың басым нормалары және
олар кеден органдарының барлық салаларымен жүйелерінде қолданылады.
Басқарудың жалпы мынандай принциптері бар:
Жүйелілік – басқарудың жетекші принципі. Кеден органдарын басқарудағы
жүйелілік жүйенің құрылымдылық және қызметтік бірлігін қамтамассыз етеді
және жетілдіреді.
Кеден органдарының алдында тұрған мақсаттар күрделенген сайын,
соғұрлым жүйенің кері байланыс принципі үлкен маңызға ие болады. Ақпарат
басқару объектісіне нақты сәттерде жүйенің жағдайы, көзделген мақсатқа қол
жеткізгендік туралы мәліметтер алуға және жүйеге әсер ету мен басқарушылық
шешімдерді жүзеге асыруды қамтамассыз етуге мүмкіндік береді.
Кеден органдарының алдарына қойған мақсаттарына жекілікті қысқа
мерзімде аз материалды, қаржылық және еңбек шығындарымен жетулері
басқарудың ұтымдылығы қағидасын білдіреді.
Кеден жүйесінде басқарудың ұтымдылығы түрлі әдістер мен құралдар
арқылы қамтамассыз етіледі.
Басқарудың жеке принциптері кеден органдарында екі үлкен топқа
бөлінеді: кеден қызметінің экономикалық, әлеуметтік-саяси және рухани
салаларында қолданылатын принциптер, және мемлекеттік құқыққорғау ұйымдары
ретінде өз құзыреттілігі шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық
қауіпсізділігін қамтамассыз ететін кеден органдарының жүйесінде орын алатын
принциптер.
Басқарудың жеке принциптеріне жататындар: заңдылық, орталықтандыру,
үзіліссіздік, жеделдік, шапшаңдық, жауапкершілік, мұрагерлік, нәтижеге
ұмтылушылық және т.б.
Кеден жүйесінде басқару мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы және
қызмет етуі принципі, кадрларды таңдау, оларды оқыту мен тәрбиелеу
принципі, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру принципі және т.б. сияқты
жеке принциптердің топтарында қолданады.
Ұйымдастыру-технологиялық принципті кеден органдары басшыларының
ұйымдастыру-басқару және әкімшілік-орындаушылық қызметтері негізінде жүзеге
асырылады. Оларға мынандай басқару принциптерін жатқызуға болады: дара
басшылық, нақтылық, еңбекті бөлу, иерархия, құзіреттіліктерді анықтау,
басқарудың ауқымдылығы және т.б.
Дара басшылық принципі бір жағынан басқарудың алқалығын, ал екінші
жағынан атқарушылық қызметке қатаң дара жауапкершілікті орнатуды білдіреді.
Басқарудың алқалығы әрбір қызметкерге жүктелген іс үшін жеке
жауапкершілігін білдіреді. Кеден органдарының барлық деңгейлерінде кеден
органдарының басшылары заң жүзінде дара басшылық құқықтары мен міндеттеріне
ие және ондай басшылық әрдайым қолданылады.
Дара басшылықты принципі негізінде кеден органдарының жүйесін
басқаратын Қазақстан Республикасы МКК төрағасы жүзеге асырады. Кеден ісін
басқарудың неғұрлым күрделі сұрақтары Қазақстан Республикасы МКК алқасы
отырысында шешіледі. Алқа отырысында қабылдаған, МКК төрағасы бұйрығымен
ресімделген шешім, барлық кеден органдары мен қызметкерлерінің
орындауларына міндетті.
Дара басшылық принципіне облыстық кеден басқармаларының бастықтары да
сүйенеді. Дара басшылық принципі кеден және кеден бекеттері бастықтарының
басқару қызметтерінде қолданылады.
Кеден органдарын басқаруда жетістікке жету кеден жүйесі органдары мен
ұйымдастыру, олардың барлық лауазым иелерінің әрекеттерінің бірлігімен
қамтамассыз етіледі. Бұл жағдайда ортақ істе олардың әрқайсысының арнай
орындары, ерекшеліктері мен атқаратын рөлдерін, құзыреттіліктері мен
құқықтарын нақты анықтау үлкен маңызғп ие.
Басқарудың нақтылығы принципі жағдайдың нақты талдаудан өтуін
белгілейді. Бұл үшін басқару жүйесі туралы ғылыми ақпарат қажет.
Еңбекті бөлу принципі басқаруды ұйымдастыру бойынша барлық қызметті
жүзеге асыру, басқару жүйесінің нақты құрамдас бөліктеріне жүктеледі. Кеден
органын басқару жүйесінің әрбір құрамдас бөлігі нақты міндеттерге ие
болулары қажет.
Иерархия принципі төмен тұрған қызметкердің жоғары тұрған қызметкерге
бағынатындығын білдіреді. Әкімшілік иерархияның әрбір қызметкері жоғары
тұрған басшылық алдында тек өзінің шешімдері мен әрекеттері үшін жауап
беріп қана қоймайды, сонымен қатар өзіне бағынышты барлық қызметкерлердің
шешімдері мен әрекеттеріне жауапты болады.
Құзіреттіліктерді анықтау принципі басшылық саласындағы мақсаттарды
бағынышты қызметкерге өткізу кезінде, оны шешу үшін қажетті құқықтың да
берілуі кереке екендігін білдіреді.
Басқарудың ауқымдылығы принципі жоғарғы тұрған лауазым иесі
анықталған, бағынышты қызметкерлердің ұтымды сандарының қызметтері үшін
жауапты болатындығын көрсетеді.
3. Кеден органдарындағы басқарудың функциялары мен әдістері.
Басқару функциясы дегеніміз – жүзеге асырылу үшін нақты басқару
жұмыстарын талап ететін басқару қызметінің белгілі-бір түрі.
Кеден органдарын басқаруда басқару функциясы маңызды орын алады,
өйткені ол кеден органдарының барлық деңгейлеріндегі басқару қызметінің
мазмұнын ашып көрсетеді және басқару саласындағы міндеттерді бөледі.
Кеден органдары жүйесіндегі басқарудың функцияларын классификациялау
арқылы оларды басқарудың жалпы функциялары, яғни басқару процессінің
сатыларын көрсететін және арнайы функциялар, яғни кеден органдарының нақты
жедел-қызметтік қызметтерінің түрлерін айқындайтын түрлеріне бөлуге болады
(№2. Схема).
Басқарудың жалпы функциялары басқарудың маңызын немесе негізін
айқындайды, өйткені ол кез-келген объектіні басқару процессіне мінездеме
береді.
Басқарудың жалпы функцияларын анықтаған кезде олардың диалектиялық
бірлігін, сондай-ақ басқарушы және басқарылушының бірлігін есепке алу
қажет. Басқару функциясының құрамы, басқарылатын жүйе жағдайының кез-келген
өзгерісіне, басқарушы жүйе жауабының тиімділігін қамтамассыз етуі шарт.
Басқарудың жалпы функцияларына мыналар жатады: оперативті-қызметтік
жағдайдың талдауы мен болжамы, жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, есепке алу
және бақылау.
Басқарудың белгілі-бір функцияларын жүзеге асыру үшін басқару
жұмысының (операцияларының) нақты түрлерін орындау қажет. Бұл жағдайда
басқару жұмысы (операциялары) дегеніміз басқару функцияларын жүзеге асыруға
қажетті тұрақты қайталанатын, бір-ақ басқару объектісін басқаруды
қамтамассыз етуге жеткіліксіз әрекеттердің жиынтығы.
Егер басқарудың негізгі функциясын жүзеге асыру оперативті-қызметтік
қызметтің жаңа сапаға айналуына әкелсе, онда басқарудың жеке жұмыстарын
орындау мұндай қызметтің жаңа сапаға ие болуын қамтамассыз етуге
жеткіліксіз болады.
Басқарудың жалпы функцияларының нақты түрлерін жүзеге асыру басқару
жұмыстарының осы функцияларына ғана арналған арнайы жолдарымен жүзеге
асырылады.
Кеден органдарының объективті мүмкіндіктері жедел-қызметтік жағдайды
талдау және болжау негізінде ғана айқындалады. Жүйені бөліктерге бөлу, оның
құрылымын айқындау арқылы, талдау жүйенің жағдайын ғана көрсетіп қоймай,
оның арақатынасын да анықтайды. Бұл жағдайда талдау басқару жүйесінің әрбір
жекелеген құрамдас бөліктеріне өз талдауын жасайды. Кеден жедел-қызметін
талдау және болжау кеден қызметінің белгі-бір бөлімдеріндегі жағдайлардың
жиынтығын, сонымен қатар олардың кеден ісінің нәтижелеріне әсерін зерттеу,
ұғыну және алдын-ала білумен тығыз байланысты.

Кедендік жедел-қызметтік жағдай дегеніміз кеден қызметіне айтарлықтай
әсер ететін экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық, жергілікті және
басқа да жағдайлардың диалектиялық дамудағы элементтердің байланысының
жиынтығы.
Кедендік жедел-қызметтік жағдайдың негізгі элементтеріне мыналар
жатады:
- қызметтер көрсетілетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, яғни
Қазақстан және шетел жеке және заңды тұлғалары, кеден органдары
қызметінің аймағындағы тауарлар ағымдарының түрлері, көлемі мен бағыты,
оларды уақыт, орындар, көлік құралдары бойынша бөлу;
- кеден заңдарын бұзатын СЭҚ қатысушылары және олардың сыбайластары,
контрабандистер және олардың сыбайластары, кеден органдарына қарсы
жағымсыз әсер ету әрекеттерін жүзеге асыруға талпынушы кеден
айналасындағы қылмыстық топтар мен олардың сыбайластары;
- кеден органдарынң күш-жігері мен құралдары және өздеріне жүктелген
функциялар мен міндеттерді орындау мүмкіншіліктері;
- Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау және жалпы
мемлекеттік экономикалық қауіпсіздікті қамтамассыз ету шаралары;
- Кеден органдарының қызмет ету аясында контрабанда және кеден ережелерін
бұзушылықтармен күрес жүргізетін құқыққорғау органдарының,
құрылымдардың болу;
- Кеден қызметі жүзеге асырылатын аумақ.
Жоспарлау дегеніміз – өзінің көмегі арқылы кеден органдарында
ұйымдастырылуы құралатын болшақта жасалатын қызметтің бастауы, яғни
басқарудың негізгі функциясы.
Жоспарлау көмегі арқылы жүйенің мақсаттары мен қоғалысы, әдістері
жасалады. Басқару субъектісі орындаушылардың болашақ әрекеттерін, жоспарда
көзделген мақсаттардың жолдарын, тәсілдерін, құралдары мен мерзімдерін
айқындайды.
Жоспарлауды ұйымдастыру басқарудың барлық деңгейлерінде жүзеге
асырылады: стратегиялық (Қазақстан Республикасының МКК), жедел (ОКБ),
тактикалық (кедендер, кеден бекеттері).
Ұйымдастыру дегеніміз – жоспарлау процессі кезінде жасалған
жоспарларды орындау үшін қолданылатын басқарудың негізгі функциясы.
Бұл функцияның негізі атқарушылар арасында қажетті байланыстар орнату
үшін жүйенің қуты мен құралдарын құру.
Аталған функцияны жүзеге асыру кезінде басқару субъектісі арқылы
қабылданған шешімдер мен бекітілген жоспарлардың сәтті жүзеге асуы үшін
қолайлы жағдайлар туындайды.
Басқарудың “ұйымдастыру” функциясы кеден органдарында мынандай
басқару жұмыстары (операциялары) арқылы жүзеге асырылады: шешімдерді және
құрылған жоспарларды орындау бойынша мақсаттарды қою; қарым-қатынасты
ұйымдастыру; атқарушыларды дайындау, соның ішінде оларды оқыту; сондай-ақ
басқа да жоспарлардың орындалуын қамтамассыз ететін шараларды ұйымдастыру.

Реттеу дегеніміз бағынышты тұлғалардың қызметтерінің тиімділігін
жоғарылату үшін қолданылатын басқару функцияларының негізгі түрлерінің
бірі.
Реттеу кері байланыс негізінде жүзеге асырылады. Ол жеке қызметкерлер
мен ұжымдардың қарым-қатынасын қолдау, бағдарлау, күштерді бөлу жолдары
арқылы жүзеге асады.
Басқарудың “реттеу” функциясы кеден органдарында мынандай басқару
жұмыстары (операциялары) арқылы жүзеге асырылады: бақылаудың нәтижесін
талдау; реттеу үшін шешім қабылдау; мақсаттар түріндегі шешімдерді
атқарушыларға дейін жеткізу; реттеуді ұйымдастыру; реттеуді жүргізу;
реттеудің барысына тексеру жүргізу.
Есепке алу функциясының мағынасы басқарылып жатқан жұйенің ағымдағы
жағдайы, оның қозғалысының бағытымен жылдамдығы, қол жеткен нәтижелер және
орын алған проблемалар туралы ақпараттарды жүйелеу және өңдеуді білдіреді.
Жоспарлардың дұрыс орындалып жатқандығын, оның жағдайы мен нәтижелерін
анықтау үшін бақылау пайдаланылады.
Бақылау дегеніміз - өзінің жүзеге асырылуы негізінде кеден органдары
жүйесінің қызмет ету процессіне, қызметтің барысы, жағдайы нәтижелеріне
қадағалауды жүзеге асыру үшін қолданылатын басқару функцияларының негізгі
түрлерінің бірі.
Қабылданған шешімдерді жүзеге асыруға бақылау жасау қойылған
мақсаттарға сәйкестіктерін анықтауға бағытталған. Бақылау жасаудың негізгі
мақсаты жоспарлау кезінде қойылған мақсаттардан ауытқуларды анықтау, ондай
ауытқулардың себеп салдарын айқындап, кеден органдарының барлық
қызметтерінің ұтымды жұмыс ітеуіне негіз болатын сәттерді ашып көрсету.
Бақылаудың нақты мақсаттары мен тәсілдері жедел-қызметтік жағдайға
байланысты болады.
Бақылау мынандай екі бағытта жасалады: бір жағынан, кеден органы
бастығы өзінің орынбасарлары мен тікелей бағынышты бөлімдердің, кеден
бекеттері мен құрылымдық бөлімшелердің бастықтарын бақылау жасайды, ал
екінші жағынан – олармен біріге отырып жоспарға сай құрылымдық бөлімшелерге
тексеру жүргізеді.
“Бақылау” функциясын жүзеге асыру үшін төмендегідей басқару жұмыстарын
орындау қажет: бақылаудың объектілерін, әдістерін, тәсілдерін, мерзімдерін
анықтау; бақылаудың атқарушыларын және оның дайындықтарын анықтау; бақылау
объектісін анықтау; бақылауды жүзеге асыру; бақылаудың мәліметтерін талдау
және оларды жүзеге асыру.
Осы аталған басқарудың барлық функциялары бір-бірімен тығыз байланысты
және біртұтас бірлікті білдіреді.
№2. Схема. Басқару функцияларының классификациясы

Басқарудың арнайы (нақты) функциялары
Кеден органдарындағы басқарудың арнайы функцияларына төмендегідей
функциялар жатады:
кеден қызметін басқарудың функциялары (кеден ресімдеуін және кеден
бақылауын, құқыққорғау қызметін, экономикалық қызметті, құқықтық реттеу
және ғылыми-техникалық даму жөніндегі басқару);
қаржы-экономикалық қызметті басқарудың функциялары (қаржылық қызметті
және бухгалтерлік қызметті басқару);
әлеуметтік қызметті басқарудың функциялары (кадр, еңбек және психолого-
педагогтық қызметтерді, сондай-ақ әлеуметтік қамтамассыз етуді басқару);
әкімшілік-шаруашылық қызметті басқарудың функциялары (әкімшілік
қызметті, кеден инфрақұрылымын және құрылысты, жанжақты материалды-
техникалық қамтамассыз етуді басқару).
Сонымен, кеден органдарындағы басқарудың арнайы функциялары жедел-
қызметтік қызметтің маңызымен байланысты болып шығады.

Басқарудың әдістері
Басқарудың әдістері дегеніміз қойылған мақсаттарға жету үшін
бағытталған, басқарудың объектілеріне әсер ету жолдарының, әдістерінің,
тәсілдерінің және формаларының жиынтығы.
Басқарудың әдістерін зерттеу кезінде олардың әсер ету бағыттары нақты
мақсаттардың болуымен сипатталады. Мұндай мақсат нақты ұйымдастыру,
экономикалық, әлеуметтік және техникалық мақсаттардың шешілуін талап етеді,
ал ол мақсаттар өз кезегінде басқарудың сәйкес әдістерін қолдануды талап
етеді.
Басқарудың әдістері басқару қызметінің көлемі және әсер ету
формаларына сәйкес классификацияланады.
Кеден органдарында басқару қызметінің көлемі бойынша жалпы және жеке
әдістер ерекшеленеді.
Басқарудың жалпы әдістері ғаламдық проблемеларды, кеден ісінің басым
мақсаттарын шешуге бағытталған. Олар бүкіл кеден жүйесінің негізгі
мақсаттарына жету тәсілдері мен қызметтерінің мақсаттарын айқындайды.
Басқарудың жеке әдістері көбінесе жедел және ағымдағы басқару
жүйесінде қолданылады (жергілікті кеден басқармалары, кедендер, кеден
бекеттері).
Кеден жүйесінде әсер ету формасына байланысты тікелей және жанама әсер
ету әдістері қолданылады.
Тікелей әсер ету әдістері мемлекеттің еркі мен беделіне сүйенеді.
Оларға мыналар: ұйымдастыру-тарату және құқықтық әдістер жатады.
Жанама әсер ету әдістеріне жататындар: әлеуметтік, психологиялық,
экономикалық және экономика-математикалық.
Кеден органдарында ұйымдастыру-басқарушылық (әкімшілік) әдісі көмегі
арқылы ұйымдастыру және реттеу сияқты басқарудың функциясын жүзеге асыру
кезінде, қызметкерлер мен ұжымдардың арасында мынандай: парыз, құзырет,
жауапкершілік, тәртіптік талап сияқты қатынастары қалыптасады.
Кеден органдарындағы әскерилендірілген және құқыққорғау ұйымдастыру-
басқарушылық әдістерінің ерекшелігі жүйеге тікелей өкімдік әсер
ететіндігінде, кеден органы басшысының біржақты шешімдерді қабылдауына
мүмкіндік беріп, нормативті-құқықтық құжаттарды міндетті орындауға
негізделгендігінде.
Кеден органдарында ұйымдастыру-басқарушылық әдістің үш тобы
қолданылады: ұйымдастыру, басшылық жасау және тәртіптік. Олардың ішінде
жетекші орын ұйымдастырушылық әсер ету әдістеріне беріледі. Олар басқарудың
негізі болып табылатын жүйеде ұйымдастыру байланысының ұзақ уақытқа
бекітілуін білдіреді және регламенттеу, нормалау мен нұсқаулаудан құралады.
Р е г л а м е н т т е у ұйымдастыру арқылы әсер етудің қатаң түрі
болып табылады. Ол кеден органдарында жүргізілетін жүйені және процесстерді
ұйымдастырудың негізін қалайды. Ұйымдастыру ережелерін жасауды және жүзеге
асыруды білдіреді, яғни мұндай ережелерге мыналар кіреді: кеден жүйесінің
қызмет ету тәртібін және ұйымдастырылуын белгілейтін; жұмыстың ішкі
тәртібін айқындайтын және орнататын ережелер; түрлі құрылымдардың
мақсаттарын, қызметтерін, құзыреттіліктерін белгілейтін ережелер; штаттық
күнтізбеліктермен және лауазымдық нұсқаулармен жүзеге асатын лауазымдық
регламенттеулер.
Н о р м а л а у дегеніміз ұйымдастыру арқылы әсер етудің айтарлықтай
қатаң түрлерінің бірі және ол қызметте басқарудың нормалары мен
нормативтерін белгілейді. Ұйымдастырудың нормалауы кеден жүйесіндегі
әрекеттердің және қатынастардың қажетті нормаларының, функциялар мен
міндеттерді орындаудың жолдары мен тәртіптерін анықтайды. Кеден органдарын
басқару практикасында кейбір уақыт және басқа нормативтері белгілі.
Н ұ с қ а у л а у әрдайым жұмыстың табысты орындалуына бағытталған
әдістемелік және ақпараттық көмектер формасында болады.
Ұйымдастыру-басқарушылық арқылы әсер ету әдістерінің екінші тобына
басқару органдарының күнделікті ықшамдалған жедел жұмыстарын қамтамассыз
ететін басқарушылық арқылы әсер ету әдістері жатады. Бұл әдістер
ұйымдастыру арқылы әсер ету көмегімен қалыптастырылған ұйымдастырылу
құрылымына негізделген ағымдағы ұйымдастыру жұмыстарының әдістері болып
табылады. Кеден жүйесіндегі басқарушылық арқылы әсер ету әдісі негізінде
құзыреттілік пен міндеттер жатыр. Аталған әдістер Қазақстан Республикасы
МКК алқасының шешім қабылдауы арқылы жүзеге асады, яғни бұйрықтар,
нұсқаулар, ережелер, құжаттарда резолюциялар шығару және ауызша формада
басқарушылық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы.
Кеден жүйесінде бұйрықтарды тек тікелей басшылар шығарады, ал олардың
орынбасарлары мен қызмет басшылары өздерінің құзыреті шегінде нұсқаулар
шығарады.
Ұйымдастыру-басқарушылық арқылы әсер ету әдістерінің үшінші тобына
тәртіптік әсер ету әдістері жатады. Бұл әдістердің кеден органдардағы
мағынасы жауапкершілікті орнату болып табылады. Олар басқару жүйесінде
ұйымдастыру байланыстарының қалыпты қызмет жасауы үшін орнатылған және
жеке, ұжымдық, материалдық, моральдік және қызметтік жауапкершілік болып
бөлінеді.
Құқықтық әдістер әлеуметтік-экономикалық жүйенің элементтеріне әсер
етудің заңды құралдары мен тәсілдерінің жиынтығын білдіреді.
Құқықтық әдістерге мыналар жатады: құқықтық нормаларды жасау,
пайдалану және қолдану, құқықтық қатынастарды қалыптастыру, құқықтық
актілердің талаптарын сақтау.
Құқықтық нормалар кеден жүйесіндегі барлық кеден органдарының
орындарын және оларды басқарудың әдістерін белгілейді. Осындай негізгі
құқықтық нормаларға жататындар: Қазақстан Республикасындағы кеден iсi
туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1995 жылғы 20 шiлде N 2368; Лауазымды
адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеруi
туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000
жылғы 12 тамыз N 1238; Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң
құрылымы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 5
мамырдағы N 786 және т.б.
Кеден органдарының басқару аппаратының қызметі еңбек, азаматтық,
шаруашылық және тағы бірқатар құқықтық актілердің нормаларымен белгіленеді.

Басқарудың әлеуметтік және психологиялық әдістері кеден жүйесіндегі
басқару әдістерінің ішінде маңызды орынды алады, өйткені кеден қызметіндегі
ұжымның әлеуметтік, экономикалық және ұйымдастырылудың арасындағы
қатынастың мінедемеін көрсетеді. Айталық, кеден органдарындағы қызметтік
жұмыстың тиімділігі кадрлардың ауыстырылуымен тығыз байланысты болады, ал
ол кеден органдарындағы еңбек етудің әлеуметтік және психологиялық
жағдайларын, соның ішінде тәртіптілікті, қызметкерлердің ар тазалығын,
ұжымдағы психолгиялық климатты және т.б. көрсетеді.
Әлеуметтік және психологиялық әдістердің мақсаты қызметкерлердің
әлеуметтік тұтынушылығын қамтамассыз ету және осының негізінде жеке адамның
қызметтік белсенділігін арттыру мен ұжымның тиімді қызмет жасауын жүзеге
асыру болып табылады.
Басқарудың әлеуметтік әдістері мынандай әдістерден құралады:
әлеуметтік нормалау, әлеуметтік реттеу, әлеуметтік жаңалықтар енгізу және
моральдік ынталандыру.
Әлеуметтік әсер ету әдістері кеден органдары ұжымының әлеуметтік даму
жоспарларынан көрініс табады. Ол мынандай шаралардан құралады:
қызметкерлердің мәдени-тәрбие және біліктілігін арттыру, кадрлардың
кетуімен күрес жүргізу, еңбек және тұрмыстық жағдайларды жақсарту.
Басқарудың психологиялық әдістері ұжымда тиімді психологиялық климатты
қалыптастыру арқылы кеден органдары қызметкерлерінің арасындағы
қатынастарды реттеуге бағытталған. Оларға жататындар: шағын топтар мен
ұжымдарды құру, еңбекті бағалау, психологиялық ой қозғау, кәсіби сұрыптау
мен оқыту.
Басқарудың экономикалық әдістері дегеніміз – экономиклық мүдделерді
пайдалану негізінде басқару объектісіне әсер ету тәсілдерінің жүйесі. Кеден
органдарындағы басқарудың экономикалық әдістеріне жататындар:
орталықтандырылған жоспарланған және экономиклық ынталандыру әдістері.
Басқарудың экономикалық әдістерінің ерекшелігі мемлекеттік, ұжымдық
және жеке мүдделер жүйесінің бірлігін қамтамассыз етуге бағытталғандығында.
Аталғандар кеден органдарында екі түрлі аспект арқылы жүзеге асады:
біріншісі – Қазақстан Республикасы бюджетінің кіріс бөлігін директивті
жоспарлар құру арқылы белгілеу, ал екіншісі – кеден жүйесін құру негізінде
және аталған қорды пайдалану негізінде басқару.
Басқарудың экономика-математикалық әдістері. Басқарудың шешілетін
мақсаттар ерекшелігіне байланысты кеден органдарында экономика-
математикалық әдістердің формаланбаған, әлсіз формаланған және формаланған
түрлері қолданылады.

4. Кеден ісін басқарудың құқықтық негіздері
Кеден ісін басқарудың нормативті-құқықтық негіздері екі негізгі
көздерден қалыптасады: біріншіден, формальды көздер, ал екіншіден
институционалды көздер. Формальды көздерге классикалық көздер мен әдеттер
жатады. Классикалық көздерге бірінші кезекте мыналар жатады: Қазақстан
Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң актілері мен қаулылары, Қазақстан
Республикасы Кеден Комитетінің актілері және басқа да министрліктер,
ведоствалар мен жергілікті атқарушы органдарының актілері. Қазіргі таңда
кеден ісіндегі басқару келесі заңдарға сүйенеді:
• Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл;
• Қазақстан Республикасындағы кеден кодексі. 2003 жыл 1 - мамыр;
• Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет
өткеруi туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысы 2000 жылғы 12 тамыз N 1238;
• Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің
төрағасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30
қаңтар N 133;
• Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң құрылымы туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 5 мамырдағы N 786;
• Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 22
қаңтар N 536;
• Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2001
жылғы 30 қаңтар N 155-II

2003 жылғы 5 сәуірде N 2368 қабылданған, Қазақстан Республикасы кеден
кодксі, Қазақстан Республикасындағы кеден ісінің құқықтық, экономикалық,
ұйымдастыру және әлеуметтік-психологиялық негізін жүйеге келтірілген заң
актісі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы кеден iсi осы кодекспен, Қазақстан
Республикасының өзге де заң актерлерiмен және кеден iсi бойынша нормативтiк
құқықтық актiлермен реттеледi. Кеден iсi мәселелерiне қатысты Қазақстан
Республикасының өзге де заң актiлерiнің ережелерi осы Заңның ережелерiне
қайшы келмеуi керек және кеден iсiнде осы кодекске өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзiлгеннен кейiн қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы
бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының кеден заңдарында бар
ережелерден өзге қағидалар белгiленген болса, аталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар
Кеден ісін басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының кеден саласын мемлекеттік реттеу
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Кеден төлемдерін төлеудегі кеден органдарын құқықтық реттеу және бақылау органдары ретiнде кеден қызметiн ұйымдастыру ерекшелiктерi
Алматы қаласы кедендік бақылау департаменті бойынша кедендік әкімшіліктендіру қызметін ұйымдастыру мен жетiлдiру тұжырымдамасы жинақталған тәжiрибенi жүйелеу
Қазақстан Республикасы кеден төлемдерiнiң экономикаық мазмұны
Қазақстан Республикасының кеден органдары қызметі
Кеден жүйесідегі басқарудың объектілері құрылымы
ҚР әділет органдарының қызметі: құрылымы, маңызы, мақсаттары мен міндеттері
Пәндер