«ҚазТрансГаз» АҚ



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. Жобада қаралатын нысанның сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1. «Мақат.Солтүстік Кавказ» магистральды газ құбыры туралы жалпы мәлімет ... ... .
1.2. Редут ЖӨБ орналасқан жері мен ауа райы жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... .
1.3. Редут КС туралы жалпы мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Технологиялық бөлік
2.1. Компрессорлық стансаның технологиялық сұлбсының сипаттамасы ... ... ... ... ... ...
2.2. Басқару ғимараттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3. Компрессорлық цех ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4. Отындық, іске қосқыш, және серпінді газды дайындау қондырғылары ... ... ... ... ...
2.5. Ауыстыру торабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.6. Газ тазарту қондырғылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.7. Қысым бәсеңдету торабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.8. Газ салқындату торабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.9. Компрессорлық цехтың май шаруашылы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.10. Гидрат пайда болуын алдын алу торабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.11. Табиғи газы иістендіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.12. Магистральды газ құбырын катодтық қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.13. Бақылау және автоматты басқару жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.14. Жалпы стансалық автоматика жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.15. Өрт сөндіру және газ деңгейін бақылау жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.16. Электрмен қамтамасыздау жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.17. Жоба бойынша есептер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.17.1. Газ құбыры қабырғасының қалыңдығын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.17.2. Газдың негізгі физикалық қасиеттерін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
«ҚазТрансГаз» Акционерлік қоғамы магистральды және аймақтық тасымал саласындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі рыногында табиғи газды өткізу саласындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады.
«ҚазТрансГаз» АҚ-ның жалғыз акционері - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ. Мемлекеттік бағдарламалармен қатар «ҚазТрансГаз» АҚ газ кен орындарын қазу, өндіру және пайдалануды, газды сақтау мен өңдеуді, халықаралық және ішкі маршруттар бойынша тасымалдауды іске асырады.
«ҚазТрансГаз» АҚ құрылуымен 2000 жылдың басында Қазақстанның газ саласында қайта құру үрдістері басталды. Бүгінгі таңда «ҚазТрансГаз» компаниясы-қазақстандық экономиканың маңызды саласы, бұл саласыз көмірсутектерді тасымалдау, газ өндіру, елдің аймақтарында тіршілікті қамтамасыз ету сияқты экономиканың стратегиялық бағыттарын елестету мүмкін емес.
«ҚазТрансГаз» компаниялар тобының алдында өте маңызды міндеттер тұр, соның ішінде – тұтынушыларға газдың сенімді жеткізілуін қамтамасыз ету, газ тасымалдау жүйесін кеңейту, жаңа өткізу рыноктарын қалыптастыру.
«ҚазТрансГаз» АҚ негізгі міндеті – еліміздің газ саласында мемлекеттің стратегиялық мүдделерін білдіру.
Қоғамның қызметінің негізгі түрлерін еншілес кәсіпорындар орындайды, бас компания басқару міндеттерін атқарады.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ магистральды газ құбырларының монополиялық операторы болып табылады. Оның жүйесіне үш газ сақтау қоймасы (Ақыртөбе, Бозой және Полторацк) 26 компрессорлық станса және 9 мың км газ құбырлары, соның ішінде Орта Азия-Орталық, Бұхара-Урал, Газли-Шымкент, Бұхара-Ташкент-Алматы, Мақат- Солтүстік Кавказ газ құбырлары кіреді.
1. «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Редут» КС техникалық төлқұжаты
2. ГПА-10-01 газ айдау агрегаты. Пайдалану бойынша нұсқау 029108000-02 ИЭ, 1 бөлімі және 2 бөлімі, 1984 ж.
3. ГПА-10-01 029108000-01 ТО газ айдау агрегаты, 1977 ж.
4. «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» АГҚБ өнеркәсіптік нысанының қауіпсіздік декларациясы 1,2 том – Атырау, 2004 ж.
5. «Атырау» АГҚБ бөлімшелері бойынша жалпы нысандық өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқау- Атырау, 2006 ж.
6. «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» АГҚБ бөлімшелерінің персоналымен апатқа қарсы және өртке қарсы жаттығулар өткізу бойынша нұсқау –Атырау, 2006 ж.
7. «Агрегаттың жұмысының негізгі параметрлері және апаттық тағайыншамалары»
8. «Прикаспийская коммуна» газеті, № 103 (18664), 1,8-9 беттер, Атырау, 06.09.2007 ж.
9. Бабин Л.А., Григоренко П.Н., Ярыгин Е.Н. Құбырлардың құрылысын салудағы типтік есептер- М. Недра, 1995.-246 б.
10. ГОСТ РФ 51164-98 Болаттан жасалған магистральды газ құбырлары. Тоттанудан қорғауға жалпы талаптар.- М. Ресейдің мем.стандарты, 1998-42 б.
11. Болат құбырларды газ және мұнай өнеркәсібінде пайдалану бойынша нұсқау - М. «Газпром» РАҚ, 1996. – 68 б.
12. Коробков Г.Е. Мұнай базалары мен газ, мұнай айдау агрегаттарының канализациялық желілері мен имараттарының типтік есептері. Оқу құралы- Уфа, Уфа мұнай институтының баспаханасы, 1990-94 б.
13. Лурье М. В. Мұнай, мұнай өнімдері мен газдың құбыр тасымалы бойынша есептер жинағы М.: ГАНГ, 1995. – 267 б.
14. Нечваль А. М. Газ, мұнай құбырларын жобалау және пайдалану. Оқу құралы – Уфа, «Дизайнполиграфсервис» ЖШҚ, 2001-165 б.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .

1. Жобада қаралатын нысанның сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.1. Мақат-Солтүстік Кавказ магистральды газ құбыры туралы жалпы мәлімет
... ... .

1.2. Редут ЖӨБ орналасқан жері мен ауа райы жағдайлары
... ... ... ... ... ... ... .

1.3. Редут КС туралы жалпы мәлімет
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2. Технологиялық бөлік

2.1. Компрессорлық стансаның технологиялық сұлбсының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ...

2.2. Басқару ғимараттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..

2.3. Компрессорлық цех
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...

2.4. Отындық, іске қосқыш, және серпінді газды дайындау
қондырғылары ... ... ... ... ...

2.5. Ауыстыру торабы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..

2.6. Газ тазарту қондырғылары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .

2.7. Қысым бәсеңдету торабы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...

2.8. Газ салқындату торабы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...

2.9. Компрессорлық цехтың май шаруашылы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.10. Гидрат пайда болуын алдын алу торабы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.11. Табиғи газы иістендіру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .

2.12. Магистральды газ құбырын катодтық қорғау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.13. Бақылау және автоматты басқару жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.14. Жалпы стансалық автоматика жүйелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.15. Өрт сөндіру және газ деңгейін бақылау жүйелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.16. Электрмен қамтамасыздау жүйелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.17. Жоба бойынша есептер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..

2.17.1. Газ құбыры қабырғасының қалыңдығын есептеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.17.2. Газдың негізгі физикалық қасиеттерін есептеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

ҚазТрансГаз Акционерлік қоғамы магистральды және аймақтық тасымал
саласындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі рыногында табиғи
газды өткізу саласындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады.

ҚазТрансГаз АҚ-ның жалғыз акционері - ҚазМұнайГаз ҰК АҚ. Мемлекеттік
бағдарламалармен қатар ҚазТрансГаз АҚ газ кен орындарын қазу, өндіру
және пайдалануды, газды сақтау мен өңдеуді, халықаралық және ішкі
маршруттар бойынша тасымалдауды іске асырады.

ҚазТрансГаз АҚ құрылуымен 2000 жылдың басында Қазақстанның газ
саласында қайта құру үрдістері басталды. Бүгінгі таңда ҚазТрансГаз
компаниясы-қазақстандық экономиканың маңызды саласы, бұл саласыз
көмірсутектерді тасымалдау, газ өндіру, елдің аймақтарында тіршілікті
қамтамасыз ету сияқты экономиканың стратегиялық бағыттарын елестету мүмкін
емес.

ҚазТрансГаз компаниялар тобының алдында өте маңызды міндеттер тұр,
соның ішінде – тұтынушыларға газдың сенімді жеткізілуін қамтамасыз ету, газ
тасымалдау жүйесін кеңейту, жаңа өткізу рыноктарын қалыптастыру.

ҚазТрансГаз АҚ негізгі міндеті – еліміздің газ саласында мемлекеттің
стратегиялық мүдделерін білдіру.

Қоғамның қызметінің негізгі түрлерін еншілес кәсіпорындар орындайды, бас
компания басқару міндеттерін атқарады.

Интергаз Орталық Азия АҚ магистральды газ құбырларының монополиялық
операторы болып табылады. Оның жүйесіне үш газ сақтау қоймасы (Ақыртөбе,
Бозой және Полторацк) 26 компрессорлық станса және 9 мың км газ құбырлары,
соның ішінде Орта Азия-Орталық, Бұхара-Урал, Газли-Шымкент, Бұхара-Ташкент-
Алматы, Мақат- Солтүстік Кавказ газ құбырлары кіреді.

1. ЖОБАДА ҚАРАЛАТЫН НЫСАННАҢ СИПАТТАМАСЫ

Жобада қаралатын Редут КС ҚазМұнайГаз Ұлттық Компаниясы Акционерлік
қоғамының еншілес кәсіпорны болып табылатын, ҚазТрансГаз АҚ құрамындағы
Интергаз Орталық Азия АҚ-на қарасты және трансұлттық газ құбырлары
арқылы Орта Азиядан Ресейге, Солтүстік Кавказға табиғи газды тасымалдайды,
соның ішінде қазақстандық табиғи газды экспортқа және ішкі тұтынушыларға
тасымалдайды.

Интергаз Оралық Азия АҚ-ның трансұлттық газ құбырларының кешені бұрма-
құбырлары бар және бір қатарлы орындалғанда жалпы ұзындығы 10669 км
құрайтын газ тасымалдау жүйелерін қамтиды. Интергаз Орталық Азия АҚ
құрамына төрт магистарльды газ құбырлары басқармасы: Ақтөбе МГБ, Орал
МГБ, Южный МГБ, Қызылорда МГБ, Атырау МГБ және бір жөндеу мекемесі
ЖҚЖСЖжәнеДБ кіреді. Магистральды газ құбырларының технологиялық
учаскелерін тікелей басқаруды 10 желілік-өндірістік басқарма (МГ ЖӨБ) іске
асырады. МГ ЖӨБ-ның қызмет ету аумағына магистральды газ құбырының
учаскесі, газкомпрессорлық станса, газ тарату стансалары, бұрма-газ
құбырлары, қосалқы технологиялық бөлімшелер және жөндеу қызметтері кіреді.

Атырау магистральды газ құбырлары басқармасы - Интергаз Орталық Азия
АҚ-ның ең ірі бөлімшесі, оның өндірістік жүйесі мен басқару жүйесі жүйелі
түрде дамып келеді, нысандары Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау
облыстыранда орналасқан.

Атырау МГБ газ тасымалдау жүйесі үш дербес магистарльды газ
құбырларынан құралады:

1. Орта Азия-Орталық (ОАО) МГ: табиғи газды Орта Азиядан Ресейге
тасымалдайтын ОАО-І, ОАО-2, ОАО-3, ОАО-4, ОАО-5 деп аталатын
жұмысқабілеттілігі әртүрлі учаскелерден құралған көп қатарлы газ
құбырларының коридоры.

2. Окарем-Бейнеу магистральды газ құбыры: газды Түркіменстан және
Каспий аумағы кенорындарынан Орта Азия-Орталық магистральды газ
құбырларының жүйесіне жеткізіп тұратын;

3.Мақат –Солтүстік Кавказ магистральды газ құбыры: табиғи газды
Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстанның батыс өңірлерінен Орта
Азия–Орталық газ құбырлары жүйесі арқылы Солтүстік Кавказға
тасымалдайтын. Атырау МГБ газ тасымалдау жүйесі трассасының жалпы
ұзындығы 1665,8 км құрайды, бір қатарлы орындалғанда - 4398 км.

Атырау МГБ құрамында он желілік-өндірістік басқарма, екі жөндеу
басқармасы (МЭЖБ) – Мақатэнергожөндеу басқармасы мен Апаттық-қалпына
келтіру поезы (АҚП) бар. Желілік-өндірістік басқармалардың негізгі міндеті
- табиғи газды үздіксіз тасымалдау.

1.1. Мақат-Солтүстік Кавказ магистральды газ құбыры туралы жалпы
мәлімет

Мақат-Солтүстік Кавказ магистральды газ құбыры - 1987 жылы салынған бір
қатарлы құбыр. Бұл желіде үш желілік бөлімше қызмет етеді: Ақкөл, Тайман
және Редут. Бүгінгі таңда Редут КС - аталған газ құбырында қызмет ететін
негізгі бөлімше.

Редут ЖӨБ қызмет ететін Мақат-Солтүстік Кавказ трассасында 84 краны
бар 21 кран торабы, 2 қырғыш жіберу және 2 қырғыш қабылдау тораптары бар.

Редут ЖӨБ қызмет ететін Мақат-Солтүстік Кавказ трассасында 18 катодтық
қорғау стансасы орнатылған. Алаң ішіндегі желілерді қорғау мақсатында 12
катодтық қорғау стансасы орныталған. ОПС және ОПЕ типті катодтық қорғау
стансалары атмосфералық құбылыстардан қорғау үшін бетон немесе металлдан
жасалған жайларда орнатылған және жұмыс қалпында тұрады. Электрмен газ
құбыры трассасы бойында орналасқан ВЛ-10кВ желілерден қоректендіріледі.

Желілік кран алаңдары магистарльды газ құбырының трассасында әр 25-30 км
сайын орналасқан және жөндеу жұмыстары жүргізілгенде, кейбір учаскелерді
ажырату функцияларын орындайды, сондай-ақ газ құбырының апаттық жарылысы
орын алған кезде, газды сақтау функцияларын орындайды. Газ құбырын газдан
босату қажет болған жағдайда газ шығару үшін жапқыш арматура шамдалдарда да
орнатылған.

Піспекті қабылдау және қырғышты жіберу тораптары Мақат-Солтүстік Кавказ
магистарльды газ құбырының 124 және 242 шақырымында және Редут КС пен
Тайман өа қорғаулы аймақтары маңында орналасқан.

Желілік бөліктің нысандарын трасса бойындағы ВЛ-10кВ электр берілісі
желілерінен электрмен қамтамасыздау қарастырылған.Сумен, жылумен
қамтамасыздау жүйелері жоқ.

Интергаз Орталық Азия АҚ Атырау МГБ филиалының құрылымдық бөлімшесі
болып табылатын, Редут желілік-өндірістік басқармасы, ұзындығы 242 км
құрайтын Мақат-Солтүстік Кавказ магистарльды газ құбыры арқылы газ
тасымалдауды іске асырады, тасымалданылатын газдың көлемі тәулігіне 60 млн
м3 құрайды.

Сондай-ақ, газ тарату стансасы арқылы (ГТС) тәулік бойы Атырау қаласының
газ тұтынушыларына газ жіберіліп тұрады, қыс мезгілінде газ жіберу көлемі
тәулігіне 2,5 млн. м3 құрайды.

Желілік-өндірістік басқармаға екі компрессорлық станса қызмет көрсетеді:
Редут және Тайман компрессорлық стансалары. Бұл стансаларда 14 штаттық ГАА
агргегаттан
ДР-59Л газтурбиналық қозғалтқышы мен ЦБН-235-21-1 типті ортадан тепкіш
айдауышы бар ГПА 10-01 типті 8 газ айдау агрегаты тәулік бойы, берілген
режим бойынша трассаға жұмыс істейді.

1.2. Редут ЖӨБ орналасқан орны және ауа райы жағдайлары

Редут желілік-өндірістік басқармасы Редут тұрғын поселкесінің солтүстік-
батысында 2,8 шақырым жерде, Атырау қаласынан 25 шақырым қашықтықта
орналасқан. Әкімшілік бірлікке қатысты Редут ЖӨБ Атырау облысы Махамбет
ауданында орналасқан.

Ландшафтық-географиялық жағынан Редут ЖӨБ аумағы Жайық өзені
жайылмасында және, бедері, қазіргі жастағы түзілімдерге жататын, жазықты,
көлді-пролювийлік типті, жайылма шалғын жерлер аймағында орналасқан. Жылы
мезгілде (сәуір-қазан) жауын-шашын аз болады - 120 мм аз. Жазғы жауын-
шашын, әдеттегідей, қысқа мерзімді және нөсерлі болады. Ылғалдану түрі мен
дәрежесі бойынша, ылғалдығының аздығымен ерекшеленетін, IV-ші климаттық
зонаға жатады. Жауын-шашынның жалпы жылдық көлемі 236 мм құрайды.
Агроклиматтық аудандау бойынша учаскенің аумағы құрғақ, ыстық облыстар
қатарына жатады, 100 С жоғары температуралар қосындысы 3400-4000 аралығында
белгіленеді, ылғалдық көрсеткіші 0.20-0.15, гидротермиялық коэффициенті (Г.
К. Селянинов бойынша) 0,3 кем. 100 С құрайтын орта тәуліктік ауа
температурасы кезеңінің ұзақтығы - 191 күн.

Сипаттап отырған аумақтың климатының ерекшелігі - атмосфераның тез
өзгеруі, бұл қарқынды турбуленттік алмасуға жағдай жасайды және тоқырау
құбылыстарға жол бермейді. Бұған куә жыл ішінде тымық жағдайлардың
қайталану деңгейінің төмендігі. Орта есеппен бұл аумақ үшін олар жалпы
байқаулар санының 6 %-нан аспайды.

Топырақ сулары 5 м дейінгі тереңдікте белгіленген, олар көбінесе аллювий
құмды-сазды және құмды түзілімдерде жиналады. Жер асты сулары төрттік
түзілімдердің сулы кешендеріне жатады және негізінде 1 гл дейінгі
минералданған түщы сулар болып табылады. Теңіздің әсері болар-болмас, және
аймақтың жағалау белдемінде ауаның ылғалдығы көтерілуінен, қыс мезгілінде
температураның көтерілуінен және жазғы айларда температураның төмендеуінен
білінеді.

Жылдың ең ыстық мезгілінің ең жоғарғы деңгейдегі орташа температурасы
32,3 С тең деп белгіленген. Ең суық ай – қаңтарда - орташа сыртқы ауа
температурасы – 9,6 С.

Желдің жылдық орташа жылдамдығы 5,5 мс тең. Қыс мезгілінде шығыс және
оңтүстік-шығыс бағыттағы желдер басым, жаз мезгілінде – батыс және
солтүстік батыс бағыттағы. Зерттеп отырған аумақтағы желдердің белсенді
әрекеті – шаңды дауылдар дамуының себебі.

Қаралудағы аудан бойынша ауаның салыстырмалы ылғалдығы ауаның
температуралық режимімен және атмосфераға ылғалдықтың келіп түсуімен
байланысты. Жылдың суық мезгілінде ылғалдық максимумға жетіп, 60-80 %
құрайды. Ылғалдықтың минимумы жазғы айларға келеді. Ылғалдық тапшылығының
жылдық барысы температуралардың жылдық барысы тәрізді: шілде айында
максимальды мәніне және желтоқсан-ақпан айларында минимальды мәніне жетеді.
Жайық өзеніндегі көктемгі су тасқыны кезінде жайылманы мезгіл-мезгіл су
басып кетеді. Су тасқынынан қорғау мақсатында станса бетон тақтайлармен
арматураланған қорғау бөгеттерімен қоршалған.

ВНИПИтрансгаз институты 1985 жылы Редут компрессорлық станса
аумағында жүргізген иженерлік ізденістерге сәйкес инженерлік-геологиялық
элементте 0,2 м-ден 8,7 м-ге дейінгі арақашықтағы тереңдіктегі топырақ -
астында қалыңдығы 1,5 метр, гипс қосылған жартылай қатты саз қабаты бар,
саз қабатының астында қалыңдығы 7 метрдей, тығыздығы орташа, ылғал және
сумен қаныққан шаңды құм қабаты орналасқан, шаңды, қатты құмайт болып
сипатталады. Топырақтық-өсімдік қабатының алымдылығы– 0,2 м. Топырақ сулары
1,8-3,0 метр тереңдікте ашылады.

1.3. Редут КС туралы жалпы мәлімет

Редут компрессорлық станса газ қысымын көтеру және магистральды газ
құбыры арқылы газ айдау үшін арналған. Ол магистральды газ құбырларына
кіретін имараттар кешенінің басқару элементі болып табылады. Желілік-
өндірістік басқарма тұтынудың ауытқулары кезінде, газ құбырының жұмыс
режимін реттеуге, газ құбырларының аккумуляторлық қабілетін толық
пайдалануға мүмкіндік береді. ЖӨБ-да бір компрессорлық цех бар, бұл цех
ішінде газтурбиналық жетегі бар 8 газ айдау агрегаты (ГАА) орнатылған.

Редут желілік-өндірістік басқармасының құрамында мынадай негізгі
қызметтер бар:

• Газкомпрессорлық қызмет

• Бақылау -өлшеу аспаптары және автоматика (БӨАжәнеА)

• Энергиямен, сумен қамтамасыздау қызметі (ЭСҚ)

• Желілік - пайдалану қызметі (ЖПҚ)

• Электрхимиялы қорғау қызметі (ЭХҚ).

Газкомпрессорлық қызмет - газ тасымалдау жүйесіндегі ең маңызды буын
болып табылады. ГКС қызметі газ айдайтын жабдықтардың жұмыс процесін
басқарады, газдың магистральды газ құбырлары мен бұрма-газ құбырлары арқылы
тасымалданылуына, жергілікті тұтынушылар табиғи отынмен қамсыздандырылуына
жауапты.

Редут ЖӨБ негізгі технологиялық нысандары:

• Компрессорлық цехтар

• КС газ айдау агрегаттары

• Тозаңұстағыштар

• Сепараторлар

• Қысылатын газды салқындату жабдығы (АСА)

• Майды салқындату жүйелерінің жабдығы

• Отындық газ шығынын өлшеу тораптары

• Май жүйелері.

Редут ЖӨБ қызметін қамтамасыз ететін қосалқы жүйелер:

• Энергиямен қамтамасыздау жүйесі

• Жылумен қамтамасыздау және желдету жүйесі

• Техникалық және ас суымен қамтамасыздау жүйесі

• Канализация жүйесі.

Редут ЖӨБ басқа технологиялық жабдығы:

• өрт сөндіру жүйелері

• газдану деңгейін бақылау және құлақтандыру жүйесі

• жалпы стансалық бақылау, қорғау және басқару жүйесі

• отындық және іске қосу газын дайындау блогы

• серпінді және аспаптық газды кептіру блогы

• май тазарту қондырғысы

• салқындатқыш сұйықтықты дайындау блогы

• конденсат лақтыру резервуары

Редут ЖӨБ техникалық сипаттамасы:

• КС жобалық номиналдық өнімділігі тәулігіне қм3
109,8

• КС кіреберісіндегі газдың рауалы қысымы
52,7

• КС шығаберісіндегі газдың рауалы қысымы
70.

2. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІК

2.1. Компрессорлық стансаның технологиялық сұлбасының сипаттамасы

Редут компрессорлық стансасы қолданыстағы кәсіпорындар қатарына 1988
жылы енгізілді. Компрессорлық стансаның басты технологиялық нысаны –
магистарльды газ құбырына қызмет көрсететін компрессорлық цех. Газ қосылу
торабы арқылы
Дш 1400мм магистарльды газ құбырынан алынады, Дш1000 мм балдақ арқылы
газ тазарту қондырғысына келіп түседі. Тазартылғаннан кейін газ
компрессорлық цехтың газ айдау агрегаттарымен сорылады. Газды ГПА-10-01
типті 8 газ айдау қондырғысы қысып айдайды. Газ айдау қондырғылары
параллель қосылады. Әрбір газ айдау агрегатының қалыпты қосылуы мен
тоқтатылуын қамтамасыздау үшін сұлба бойынша, ажырататын, реттейтін және
кедергілейтін арматурасы бар, іске қосу контуры қарастырылған.
Қысылған газ компрессорлық цехтан Дш1000 мм екі құбырмен газды ауамен
салқындату қондырғысына жіберіледі. Газ ауамен салқындату аппараттарында
салқындатылады. Қыс мезгілінде немесе АСА-ын жөндеуден өткізгенде АСА
ажырату мүмкін болуы үшін, сұлба бойынша газды тоңазытқыштарға апармай,
Дш1000 мм бұрма-құбыр арқылы жіберу қарастырылған.

Салқындатылғаннан кейін, газ 13,9-39,60 С температурасымен Дш 1400 мм
далда арқылы магистарльды газ құбырына жіберіледі. Компрессорлық стансаның
магистарльды газ құбырына қосылу торабы магистральды газ құбырын тазарту
құрылғысын қабылдау және жіберу камераларымен бірлестірілген. Газ құбырын
тазарту өнімдері, осы жобаның желілік бөлік туралы тарауында сөз болатын,
су және көмірсутек конденсатты жинау құрылғысына жіберіледі.

2.2. Басқару ғимараттары

Редут ЖӨБ-нда мынадай басқару ғимаратары бар: ҚНжәнеЕ талаптарына сай
салынған аппараттар жайы, операторлар үйі, және диспетчерлік бөлмелер.
Аппараттар жайы, операторлар үйі және диспетчерлік бөлмелер штатты
өндірістік байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген. Электрлік және
түтіктер ішіндегі тартылымдардың (штатты кабілдер мен құбырлар, көтергіш
және тіреуіш құрылымдар) құжаттамасы, диспетчерлік (операторлық) жайлардың
тартылымдарын қосу және жалғау сұлбалары, қалқандар мен пульттердің
құжаттамасы бар.

2.3. Компрессорлық цех

Компрессорлық цех құрамына: құбырлармен байланыстырылған, бақылау және
басқару аспаптары бар газ айдау агрегаттары, ортадан тепкіш айдауыштардың
сыртқы газдық байланыстыру жүйесі, қосалқы қондырғылар мен жабдықтар (май
шаруашылығы, газ тарату бекеттері, бақылау және басқару жүйелері және
басқа) кіреді.

Газ турбинасы – екі білігі бар механикалық жетекті агрегат болып
табылады. Агрегаттың құрамында осьтік компрессор; жану камерасы (тік және
көлденең); компрессорды іске қосатын бір сатылы осьтік реактивтік турбина (
бірінші саты); еркін немесе тәуелсіз ағындар бар, жабдықты іске қосатын
және жүктеме беретін бір сатылы осьтік төменгі қысым турбинасы бар (екінші
саты). Турбинаға компрессор мен турбинаның айналмаларын тіреу үшін қажет
төрт негізгі мойынтірек қондырылған. Отынның (газдың) жануы нәтижесінде
ГТҚ-нда пайда болатын жылу, газды қысымдайтын бір сатылы компрессор тәрізді
ортадан тепкіш айдауыштың жетегі үшін механикалық энергияға айналады.

Отынды өртеу үшін пайдаланатын ауа жану камерасына артығымен беріледі
(араластыру коэффициенті 3- 9 аралығында ). Жану камерасына келіп түсу
алдында қысылған ауа сүзгіден өтеді және төменгі қысым турбинасынан (ТҚТ)
шығып кететін газдардың жылуымен ауа қыздырғышында жылытылады. Жану
камерасында отын бастапқы ауа араласқан қоспада жанып кетеді және артық
ауамен араласып, жоғарғы қысым (ЖҚТ) және төменгі қысым турбиналарына
біртіндеп келіп түседі. Жану өнімдері (азот қышқылдары, көміртек оксиді)
регенерациядан өтіп, түтін мұржасы арқылы ауаға шығады.

2.4. Отындық, іске қосқыш және серпінді газды дайындау қондырғылары

Табиғи газ магистарльды газ құбырынан ауыстырып қосу торабы арқылы
компрессорлық стансаға тазартылу үшін келіп түседі. Сонымен бірге газдың
бір бөлігі өзіндік қажеттіліктер үшін арналған газ тарату бекеттері (ГТБҚ)
арқылы КС қазындығына отын ретінде жіберіледі.

Отындық, қосқыш және серпінді газды сапалы дайындау үшін: газ тазарту
блогы (ТБ), газ жылыту блогы (ГЖБ), газ өлшеу блогы (ӨБ), отындық және
қосқыш газды бәсеңдету блогы (ОҚГББ), серпінді газды кептіру және сақтау
блогы (СГКБ), жылуалмастырғыштар (ЖА-1, ЖА-2) пайдаланылады.

Газ газ тазарту блогына сүзгі-сепараторға келіп түседі, бұл жерде ол шаң-
тозаң мен сұйықтықтан (су, көмірсутекті конденсат және басқа) тазартылады.
Сүзгі-сеператордағы сұйықтық сұйықтық жинағыштардағы деңгей бойынша
автоматты түрде су мен конденсатты жинау құрылғысына жіберіледі.

Тазартылған газ жылуалмастырғыш-1 арқылы газ өлшеу блогында өлшеніледі,
содан кейін екі ағынға бөлінеді: біреу серпінді газды кептіру және сақтау
блогына жіберіледі, екіншісі- газ жлытқыштарға. Жылытылған газ ГЖБ-нан төрт
ағынға бөлінеді:

- біреуі- отындық газ – газ өлшеу блогынан отындық және қосқыш газды
бәсеңдету блогына келіп түседі;

- екіншісі- қосқыш газ – ОҚГББ жіберіледі

- үшінші газ – АГТС жіберіледі.

Отындық және қосқыш газ ОҚГББ-нан отындық және қосқыш газдың жалпы
стансалық коллекторларына келіп түседі.

Серпінді газды кептіру және сақтау блогында газ адсорберлерде
кептіріледі және сақтау үшін газ кірісінде орналасқан кері бағытты
клапандары бар екі ыдысқа жіберіледі.

Қысылған газдың температурасы төмен (-30 0 С) болуына байланысты қыс
мезгілінде отындық газды жылыту екі сатылы жүргізіледі:

- бірінші газалмастырғышта өзіндік қажеттіліктер үшін арналған газ
кедергілеу кезінде гидраттар пайда болмас үшін кедергіленбес бұрын 20-250
С дейін жылытылады;

- екінші жылуалмастырғышта 2,5 МПа дейін кедергіленген газ +100С –тан
+200 С дейін жылытылады.

Өзіндік қажеттіліктер үшін арналған газ тек қана КЦ жұмысы кезінде
жылытылады.

2.5. Ауыстырып қосу торабы

Ауыстырып қосу торабы газ ағынын, орын алуы мүмкін әртүрлі жағдайға
байланысты, технологиялық ауыстырып қосу үшін арналған. Бұл жерде, апаттық
жағдай болған кезде, тұтынушыларды, АГТС пайдаланбай, айналма (байпас) желі
арқылы газбен қамтамасыздау да қарастырылған. Бұл жағдайда газ қысымын
кедергілеу крандар арқылы қолмен жүргізіледі. Шығыстық қысымды шығыстық
манометрлердің көрсеткіштері бойынша көзбен шолып бақылайды. Оған қоса,
ауыстырып қосу торабында, құбырлар мен жабдықтарды шығаберістегі қысымның
көтерілуінен қорғау үшін арналған сақтандырғыш клапандар мен қандай да
болмасын кранды жапқаннан кейін құбыр жүйесін үрлеп тазарту және газдың
қалдықтарын шығару үшін арналған үрлеу шамдалдары да бар.

2.6. Газ тазарту құрылғылары

Тазарту торабы газды қатты және сұйық қоспалардан (топырақ, шаң,
дәнекерлеу бұршақтары, отқабыршақ, май, су және т. б.) тазарту үшін
арналған. Газ компрессорлық стансаның газ кірісінде орнатылған циклонды
тозаңұстағыш арқылы тазартылады. Зерттеу барысында тозаңұстағыштың
кіреберісі мен шығаберісінде БӨАжәнеА құралдарынан қысым бергіштер
орнатылғаны анықталды. Тозаңұстағыштар технологиялық сұлбаға қолмен
басқарылатын крандар арқылы қосылған.

Аталған газ тазарту қондырғыларының саны, түрі және сипатамалары №1
таблицада көрсетілген:

Таблица 1. Тозаңұстағыштардың сипатамасы

рс Түрі, мақсаты, Тіркеу Жұмыс Су бойыншаДиаметрі
стансалық № № қысымы көлемі м3 мм
кгсм2
1 ТҰ № 1-ГП604.01.00.000-03 С-1621Г 75 25 2000
механикалық қоспалар мен
сұйықтықтан тазарту үшін
2 ТҰ №1-ГП-604.01.00.000-03 С-1618Г 75 25 2000
механикалық қоспалар мен
сұйықтықтан тазарту үшін
3 ТҰ №1-ГП-604.01.00.000-03 С-1619Г 75 25 2000
механикалық қоспалар мен
сұйықтықтан тазарту үшін
4 ТҰ №1-ГП-604.01.00.000-03 С-1620Г 75 25 2000
механикалық қоспалар мен
сұйықтықтан тазарту үшін
5 ТҰ №1-ГП-604.01.00.000-03 С-1622Г 75 25 2000
механикалық қоспалар мен
сұйықтықтан тазарту үшін
6 ТҰ №1-ГП-604.01.00.000-03 С-1623Г 75 25 2000
механикалық қоспалар мен
сұйықтықтан тазарту үшін
7 ТБ №1,2- БТ1 808.000.00 С-1625Г 75 25 2000
газ тазартатын
сүзгі-сепаратор

2.7. Қысым бәсеңдету торабы

Бәсеңдету торабы кіріс қысымның тұтынушыларға қажет деңгейге дейін
төмендетілуін және оның берілген деңгейде ұсталуын қамтамасыз етеді.
Бәсеңдету РДУ-50-01 типті қысым реттегіштер арқылы жүргізіледі. Бәсеңдету
желілерінің саны -2. Бір желі үнемі резервте тұрады. Ол, шығаберістегі
қысым төмендеген кезде, қосылады (тұтынушылардың саны көбеюіне байланысты)
және газдың номинальды қысымы сақталуын қамтамасыз етеді.

2.8. Газ салқындату қондырғылары

Компрессорлық цех желілік режимде жұмысы істеген кезде, газ саны 28 дана
ауамен салқындату аппараттарында (АСА) салқындатылады. АСА желдеткіштері
газды АСА БТП жайында орналасқан басқару стансасынан басқарылады. АСА
түрі мен сипаттамалары №2 таблицада берілген:

рсАСА түрі, Саны, СалқындатылатЖұмыс СалқындатыЖелдеткіЭл.
маркасы дана ын материал қысымы латын ш түрі қозғалтқыш
Мпа көлем м2 түрі, қуаты
1 2АВГ-75 28 Табиғи газ 7,5 99,30 Т50-4 ВАСО16-14-2
4, 37кВ

Жобада мына жағдайларда табиғи газды салқындату үшін АСА есептеу қажет:

1. АСА секцияларының бір қатардағы құбырларының толық көлденең қимасының
ауданы (құбырлардың осьтері бойынша қима):

2. АСА секциясының бірінші қатарындағы құбырлардың қысаң қимасының
ауданы

3. Құбырдың бір қума метріне келетін қырлардың бүйір жақ беті

4. Құбырдың бір қума метріне келетін қырлардың шетжақ бетінің ауданы

5. Құбырдың бір қума метріне келетін қырлардың бетінің толық ауданы

6. Қырлардың табаны маңындағы бір қума метр сыртқы бетінің ауданы

7. Құбырдың бір қума метріне келетін қабырғалар арасындағы аралықтар
ауданы:

8. Құбырдың қырланған бетінің бір қума метрінің ауданы:

9. АСА бір секциясының салқындатылған беті:

10. Құбырдың ішкі бетінің бір қума метр ауданы:

11. Қырлары бар құбырдың толық сыртқы бетінің оның ішкі бетіне қатынасы

12. Қырлану коэффициенті

13. мәндерін есптейді.

14.Қырлары дөңгелек құбырлардың шахматтық шоғының бойлық қатарларының
саны үшін түзету коэффициенті

15. Құбырлар шоғының қысылған көлденең қимасының баламалы диаметрі

16. Шартты анықтаушы өлшем

17. Құбырлардың шахматтық шоғы формасының коэффициенті

18. Атмосфералық ауаның есептік температурасы

19. Бірінші жуықтауда АСА газ салқындату температурасын ауаның есептік
температурасынан 10-15 К –ке жоғары деп береді:

20. АСА-ндағы газдың орташа температурасы:

21. Газдың меншікті жылусыйымдылығы (метанның мөлшері 94 %)

бұл жерде

22. шарты үшін
Газдың сығылғыштығық коэффициентінің орташа мәні:

бұл жерде

23. Құбырлардағы газдың жылдамдығы:

24. Газдың орташа меншікті салмағы:

25. АСА-ндағы газ қысымының шығындары:

26. шарты үшін газдың (метанның) тұтқырлығының динамикалық
коэффициенті:

27. Газ үшін Рейнольдс саны

28. Газдың (метанның) жылуөткізігіштігінің коэффициенті:

29. Газ үшін Прандтль критерийі:

30. Газ жағынан жылу беру коэффициенті:

31. АСА-ға берілетін жылу мөлшері:

32. Ауаның АСА-дан шығудағы орташа температурасы:

33. АСА секцияларындағы ауаның орташа температурасы:

34. Ауаның тұтқырлығының динамикалық коэффициенті:

35. Ауаның АСА-дан шығудағы тығыздығы:

36. Бірінші жуықтауда желдеткіштің статикалық қысымы:
деп береміз.
37. АСА секцияларындағы ауаның орташа тығыздығы:

38. АСА секциясының қысаң қимасындағы ауаның орташа жылдамдығы:

39. Шартты анықтаушы өлшем бойынша Рейнольдс саны:

40. Шахмат тәрізді орналасқан қырланған құбырлар шоғының гидравликалық
кедергісі:

бұл жерде СR – шағын қатарлы шоқтар үшін құбырлар қатарының санына
түзету. кезде ; кезде ; кезде

41. Желдеткіштің статикалық қысымы:

Анықталған мәннің берілген мәннен айырмашылығы аз (8,7%)

42. Ауаның жылуөткізгіштігінің коэффициенті:

43. Ауа үшін Прандтль критерийі:

44. Ауа үшін Рейнольдс саны:

45. Нусселть критерийі (В. Ф.Юдиннің тәуелділігі)

46. Ауа жағынан жылу берудің конвекциялық коэффициенті

47. Қырлардың шексіз биіктігі

48. Дөңгелек көлденең қырлардың тікбұрыш профилінің тиімділік
коэффициенті:

49. Қырлардың трапеция тәрізді қимасына түзету коэффициентін есептейді.
Қимасы тік бұрышты қырлар үшін: .

50. Жылу беру коэффицентінің қырдың бетіне бірқалыпты емес жайылуын
ескеретін түзету коэффициенті:

51. Келтірілген жылу беру коэффициенті:

52. Қырланған құбырлардың толық бетіне келтірілген, ластануы ескерілген
жылу беру коэффициенті:

53. Орташа логарифмдік температуралық арын:

бұл жерде

54. м әндері есептеледі.

55. Бір қиысқан жүріс кезіндегі түзету коэффициентін анықтаймыз (А=1):

56. Ортша температуралық арын

57. Жылу кернеулік:

58. Бір секцияның есептік жылу алмасу беті:

АСА есептегеннен кейін мәнінің мәнінен азғана айырмашылығы
болуы тиіс.

59. АСА –на берілетін жылудың мөлшерін анықтаймыз:

60. Газ салқындату есептік температурасы:

61. Дәлдік деңгейін береміз:

шықты.

Сондықтан мәнін көбейтеміз, мысалы,

, алғанда

20 тармақтағы есептерді қайталаймыз. Берілген дәлдік деңгейі кезінде
.

62. Желдеткіштер төмен орналасқан кездегі желдеткіштің динамикалық
қысымы:

63. Желдеткіш тұтынатын қуат:

Желдеткіштердің төмен орналасуы:

бұл жерде

2.9. Компресорлық цехтың май шаруашылығы

Компрессорлық цехта ГАА-мен бір жинақта қондырылған май шаруашылығы
қарастырылған, оның құрамында: таза және пайдаланылған май шандары бар май
блоктары; таза майды агрегаттарға жеткізетін сорғылар және пайдаланылған
майды жанар-жағар материалдар қоймасында тұрған арнайы резервуарға
жеткізетін сорғылар; әрбір агрегаттың кіреберісінде орналасқан май
түтіктеріндегі май сүзгілері; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның ақша қаражаттарының қозғалысының есебі
Кәсіпорындағы қаржылық менеджментті жетілдіру жолдары
Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау
ҚазТрансГаз» АҚ құрамындағы «Интергаз Орталық Азия» АҚ-
Баға саясатының мақсаттарын анықтау
Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерінде газды пайдалану
Шағын кәсіпорындардың қаржыларын басқару мәселелері
Газ өнеркәсібінде энергияны үнемдеу
Коммерциялық негізде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
Тұрғын үйді газбен қамту жүйесі
Пәндер