Соматикалық фразеологизмдер



КІРІСПЕ
1 тарау. СОМАТИКАЛЫҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР . ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
1.1 Фразеологизм туралы жалпы түсінік
1.2 Соматикалық фразеологизмдердің зерттелу тарихына қысқаша шолу
1.3 Анатомиялық атауларға сипаттама
2 тарау. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ АДАМНЫҢ ІШКІ АҒЗАЛАРЫ ҰЙЫТҚЫ БОЛҒАН СОМАТИКАЛЫҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРГЕ СИПАТТАМА
2.2 Ішкі ағзалар ұйытқы болған қазақ және ағылшын тілдеріндегі соматикалық фразеологизмдердің мағыналық.тақырыптық топтары
2.3 Қазақ және ағылшын тілдерінде ішкі ағзалардың ұйытқы болуымен жасалған соматикалық фразеологизмдердің ұлттық.мәдени ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда салыстырмалы-салғастырмалы зерттеу әдісі әр тілдің өрнек бояуын, ұлттық ерекшелігін, қайталанбас қасиетін танып білуге септігін тигізіп жүргені анық. Осы секілді ғылыми зерттеулер мәдениетаралық қатынастың төрінен орын алып, халықтардың бір-бірімен түсінісу барысын жүзеге асыруға кеңінен ат салысады.
Түркі-герман, оның ішінде қазақ және ағылшын тілдерін салғастыра зерттеудің кейінгі уақыттарда қолға алына бастағаны мәлім. Сол себепті де шешімін таппаған, толықтай зерттелмеген дүниелер болуы да заңды. Соның ішінде соматикалық фразеологиздер жан-жақты салыстырыла да, салғастырыла де зерттелген. Ал дене мүшелерді шартты түрде сыртқы және ішкі деп бөліп алып, ішкі ағзалар негізінде туындаған соматикалық фразеологизм табиғатын екі тілде тереңінен зерттеген дүние жоқтың қасы. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі соматикалық фразеологизмдер қатарынан ішкі ағзалар ұйытқы болған тұрақты тіркестерді жеке бөліп алып, олардың құрылымы әртүрлі екі тілдегі көрінісін, ортақ белгілерін, өзіндік ерекшіліктерін, тұрақты тіркес ретінде тілде қалыптасуының себеп-салдарын салғастыра зерттеу тіл білімінде әлі қолға алына қоймаған тың дүние болып саналады.
Біз өз еңбегімізде адамның ішкі ағзаларына қатысты пайда болған фразеологизмдерді тереңірек, кеңірек қарастыруды жөн санап отырмыз. Себебі бұл саладағы еңбектерде өкпе, бүйрек, бауыр, ми, асқазан, ішек, қарын және т.б. ішкі соматизмдерге арнайы тоқталған еңбек жоқтың қасы. Әрине, адам денесінің барлық мүшесін байланыстырып, «мемлекет әміршісі» қызметін атқаратын, адам ағзасындағы ең маңызды соматизм жүрек туралы көптеген зерттеушілер жан-жақты талдау жасаған. Салғастыра отырып, түрлі тілдердегі жүрек соматизмінің өзіндік белгілері мен ерекшеліктерін анықтаған. Ал қалған адамның ішкі ағзалары ұйытқы болған фразеологизмдер әлі де болса тереңірек талдауды талап етіп отыр. Себебі олардың фразеологиялық тіркес жасау жиілігі бір тілде жоғары болса, екінші бір тілде төмен екені байқалады. Осының себептерін анықтау да диссертациялық еңбегіміздің басты мақсаты болып табылмақ.
Жұмыстың бірінші бөлімінде ішкі ағзалардан пайда болған соматикалық фразеологизмдердің табиғатына үңілмес бұрын, кез келген тілде кеңінен тараған фразеологизмдердің аталған мағыналық тобының зерттелуіне тоқталдық.
Жұмыстың екінші бөлімінде ішкі ағзалардың ұйытқы болуымен жасалған қазақ және ағылшын тілдеріндегі соматикалық фразеологизмдердің мағыналық-тақырыптық топтары, семантикалық жіктемесі, сондай-ақ соматикалық фразеологияға тән уникалия және универсалия құбылыстары жөнінде сөз қозғалды. Осы арқылы соматикалық фразеологизмдердің табиғатына тереңірек үңілуді жөн санадық.
1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, Ғылым.1986. – Х Т
2. Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. – Алматы, Арыс. 2007. – 800б
3. Жалпы және салғастырмалы фразеологияның өзекті мәселелері. Алматы, Альянс-2, 2003. – 165б.
4. Авакова Р. Фразеология теориясы. Алматы, Қазақ университеті. – 2009, 290б.
5. Уызбаева Б.К. Қазақ тіліндегі соматикалық етістік фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты. Канд.дисс. Алматы, 1994, 203б.
6. Омиралиева Ж.К. Национально – культурная специфика конвенциональных фразеологизмов с соматизмами. Автореф. дисс. к.ф.н. Алматы, 1999. –стр. 27.
7. Сатылханова Г.А, Сақтағанова М.Ж. Ағылшын, қазақ тілдеріндегі түс компонентті фразеологиялық тіркестерінің ұлттық – мәдени ерекшеліктері /
8. Кеңесбаева Ү. Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің шығу төркіні // Тіл және қоғам. – 2006, №1 (6).
9. Нағасбекова Б. Соматикалық фразеологизмдердің көпмағыналығы // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №7-8(123-124), 2009. – 189б.
10. Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. Алматы, Санат. 1996. – 128б.
11. Болғанбаев Ә. Анатомиялық атауларға байланысты фразеологизмдер. Кітапта: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелері. – Алматы: Ғылым, 1989. – 87б.
12. Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, Мектеп, 2008. –677б.
13. Қапалбеков Б.С., Садықова А. Дене мүше атауларынан туындаған бірліктер. Алматы, «Тіл» оқу - әдістемелік орталығы. 2008. -274б
14. Ахметжанова Г. «Соматическая фразеология как отражение национально – культурной специфики языкового сознания». Алматы, 2007, 205с.
15. Құнанбайұлы А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т.2: Өлеңдер мен аудармалар, поэмалар, қарасөздер. – Алматы, Жазушы. 2005. – 336б
16. Жидебаев К.Н. Анатомические названия в казахском языке. Автореф. дисс.к.ф.н. Алматы, 1977.
17. Аргингазина Ш. Тіларалық фразеологиялық сәйкестіктер және олардың зерттелуі // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №9 (71).
18. Кунин А.В. Англо – русский фразеологический словарь. Изд. 3-е, М., 1967. – стр. 738.
19. Jennifer Seidl, McMordie W. Oxford pocket English dictionary. Oxford University press. 2003. – 317p.
20. Байтелиев А. Абай тілі фразеологиясы және тілдік норма. Қазақ тілі мен әдебиеті. № 6, 1995, 82-87бб.
21. Seidl J., Mc Mordie W. English Idioms and how to use them. – Moskow: Vyssaja skola, 1983.
22. Амосова Основы английской фразеологии. Ленинградский университет, 1963. – 207б.
23. Рақышев А. Анатомия терминдерінің сөздігі. – Алматы. Рауан, 1992. – 144 б.
24. Нұрышев М. Адам анатомиясы. Оқулық. Алматы. Қарасай, 2006. – 348 б.
25. Қоқышева Н. М. Қазіргі қазақ тіліндегі дене мүше атаулары негізіндегі сөзжасамдық ұялардың сөзжасамдық сатыларындағы туынды сөздер. – Алматы, 2001. – 1 б. канд.дис
26. Мықтыбаева Т. Ж. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі анималистік фразеологизмдердің коннотативтік семантикасы. Канд.дис. – Алматы, 2005. – 125б.
27. Күркебаев К. Қ. Қазақ тіліндегі өлшемдік атаулардың этнолингвистикалық сипаты (ұзындық, арақашықтық, салмақ-көлем өлшемдері негізінде) Канд.диссерт. – Алматы, 2003. – 12 б.
28. Карменов Н.Г. Дене мүше атаулары: Қысқаша қазақша-арабша, арабша-қазақша сөздік. – Алматы, 2001. – 34б.
29. Смағұлова Г.Н. Фразеологизмдер – ұлт менталдығының көрсеткіші. Тіл және менталдылық (Аханов оқулары). ХІІ халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – 314б.
30. Кунин А.В. «Английская фразеология». Москва, высшая школо, 1970.344с
31. Вакк Ф.О. «О соматической фразеологии в современном эстонском языке. Автореф. Дис. Канд. Фил.наук. таллин, 1964, 30с.
32. The Oxford Dictionary of Idioms
33. Сарсенбаев Р. лексико-семантические особенности казахских пословиц и поговорок: автореферат дис. ... канд. Филол. Наук. – Алма-Ата, 1961. – с.21].
34. Қайдар Ә. Принципы классификации фразеологизмов и их классификационные группы в современном казахском языке // Қазақ тілінің өзекті мәселелері.- Алматы, 1998. - 304б.
35. Вайнтрауб Р.М. Опыт сопоставления соматических фразеологизмов в славянских языках (К вопросу о сравнительном изучении славянской фразеологии) // Труды Самаркандского гос университета им. А.Навои вып. №288. Вопросы фразеологии. С.175, 157-162 с.
36. Смағұлова Г.Н. Соматикалық атаулар // Қазақ тілі мен әдебиеті №3. – 1993.
37. Нағасбекова Б. С. «Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің көпмағыналығы» канд. Дис. Жетекші: Г.Смағұлова. алматы, 2010. 129б.
38. Мықтыбаева Т.Ж. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі анималистік фразеологизмдердің коннотативтік семантикасы. Канд.дис. Алматы, 2005, 125б.
39. Гринберг Дж. И др. Меморандум о языковых универсалиях// Новое в лингвистике, вып 5, - М., 1970
40. Есимжанова М. «Краткий англо-русско-казахский фразеологический словарь». Алматы, мектеп, 1997
41. The World Book Encyclopedia. London. Volume 10, 1994, 47p.526p
42. Webster’s New Encyclopedic Dictionary. New York, 1992. – 1787р.
43. Oxford Thesaurus of English, 2004
44. Ахметжанова З.К., Валиханова Р.Е. Сопоставительно-функциональное исследование лексико-фразеологических систем казахского и русского языков. Алматы, 1999 г. – с. 183
45. Сағидолдақызы Г. Поэтикалық фразеологизмдердің этномәдени мазмұны (қазақ және монғол тілдерінің материалдары бойынша салыстырмалы талдау). Алматы. Ғылым, 2003. – 248 б.
46. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1-том / құраст. С. Әжіғали – Алматы. Арыс. 2005. – 328 б.
47. New Oxford Dictionary. Over 290,000 words and phrases. 2001.
48. Байрамова Л.К., Садыкова Г.З. Универсалии и уникалии во фразеологии//Материалы итоговой конференции. – КГУ, 1989. – с.29
49. Cambridge International Dictionary of Idioms (Кеймбриджский международный словарь идиом)
50. Cowie A.P., Mackin R., McCaig I.R. Oxford dictionary of Idioms. Oxford University Press. 2002. – 685 p.
51. Мықтыбаева АФ табиғатына тән ұлттық-мәдени ерекшеліктер. Универсалия мен уникалия, фреквенталия құбылыстары
52. Аманжолов А.С., Арғынғазина Ш.Б. Ағылшынша-қазақша етістікті фразеологизмдер сөздігі. – Алматы. Қазақ университеті, 2003. – 51 бет.
53. Кеңесбаева Ү. Ағылшынша-қазақша фразеологиялық сөздік. English-Kazakh dictionary of Idioms. Астана, 2010. 772 бет.
54. Кайдар А. Тысяча метких-образных выражений: (казахско-русский фразеологический словарь с этнолингвистическими пояснениями). – Астана. Білге, 2003. – 368 бет.
55. Копыленко М.М. Избранные труды по языкознанию. В 2-х томах. Алматы. 2010. – с. 444
56. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. Алматы. Санат, 1997. – 464 бет.
57. Қайдар Ә. Этнолингвистика // Білім және еңбек. 1985. - № 4.
58. Оспанова Ф.А. Фразеологизмдер уәждемесінің лингвомәдени аспектісі (қазақ және ағылшын тілдеріндегі материалдар негізінде) // канд.дис. Алматы. 2006, - 157 б.
59. Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. – Алматы. Евразия, 1995. – 178 с.
60. Сүлейменова Э.Д., Шәймерденова Н.Ж., Смағұлова Ж.С., Ақанова Д.Х Әлеуметтік терминдер сөздігі. Словарь социолингвистических терминов. – Астана. Арман-ПВ, 2008. – 392 б.
61. Гумбольт В. Избранные труды по языкознанию/пер. с фр; общ.ред. Т.В. Рамишвили. Москва. Прогресс. – 2000, 440с.
62. Сепир Э. Избранные труды по языкознанию и культурологии. – Москва. Прогресс, 1993. – 654 с.
63. Smith L.P. English Idioms. London, 1990. – 207 p.
64. Сулейменова Э.Д. Понятие смысла в современной лингвистике. – Алматы, Мектеп, 1989. – 152 б.
65. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері.
66. Авакова Р.Ә. Фразеологиялық семантика. – Алматы. Қазақ университеті. 2002. – 152 б.
67. Байрамова Л.К., Садыкова Г.З. Универсалии и уникалии во фразеологии // Материалы итоговой конференции. – КГУ, 1989. – с.29
68. Смағұлова Фразеологизмдер – ұлт менталдығының көрсеткіші. Тіл және менталдылық (Аханов оқулары). ХІІ халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – 314б.
69. Адамбаев Б. Шешендік өнер. Алматы. – 1999. 193 б.
70. Султангубиева А.А. «Тілдік бейнедегі жүрек концептісінің көрінісі (қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша)» Алматы, 2009, 122 б.
71. Сәтенова С.К. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты. - алматы, 1997. – 184.,

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 107 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда салыстырмалы-салғастырмалы
зерттеу әдісі әр тілдің өрнек бояуын, ұлттық ерекшелігін, қайталанбас
қасиетін танып білуге септігін тигізіп жүргені анық. Осы секілді ғылыми
зерттеулер мәдениетаралық қатынастың төрінен орын алып, халықтардың бір-
бірімен түсінісу барысын жүзеге асыруға кеңінен ат салысады.
Түркі-герман, оның ішінде қазақ және ағылшын тілдерін салғастыра
зерттеудің кейінгі уақыттарда қолға алына бастағаны мәлім. Сол себепті де
шешімін таппаған, толықтай зерттелмеген дүниелер болуы да заңды. Соның
ішінде соматикалық фразеологиздер жан-жақты салыстырыла да, салғастырыла де
зерттелген. Ал дене мүшелерді шартты түрде сыртқы және ішкі деп бөліп алып,
ішкі ағзалар негізінде туындаған соматикалық фразеологизм табиғатын екі
тілде тереңінен зерттеген дүние жоқтың қасы. Қазақ және ағылшын
тілдеріндегі соматикалық фразеологизмдер қатарынан ішкі ағзалар ұйытқы
болған тұрақты тіркестерді жеке бөліп алып, олардың құрылымы әртүрлі екі
тілдегі көрінісін, ортақ белгілерін, өзіндік ерекшіліктерін, тұрақты тіркес
ретінде тілде қалыптасуының себеп-салдарын салғастыра зерттеу тіл білімінде
әлі қолға алына қоймаған тың дүние болып саналады.
Біз өз еңбегімізде адамның ішкі ағзаларына қатысты пайда болған
фразеологизмдерді тереңірек, кеңірек қарастыруды жөн санап отырмыз. Себебі
бұл саладағы еңбектерде өкпе, бүйрек, бауыр, ми, асқазан, ішек, қарын және
т.б. ішкі соматизмдерге арнайы тоқталған еңбек жоқтың қасы. Әрине, адам
денесінің барлық мүшесін байланыстырып, мемлекет әміршісі қызметін
атқаратын, адам ағзасындағы ең маңызды соматизм жүрек туралы көптеген
зерттеушілер жан-жақты талдау жасаған. Салғастыра отырып, түрлі тілдердегі
жүрек соматизмінің өзіндік белгілері мен ерекшеліктерін анықтаған. Ал
қалған адамның ішкі ағзалары ұйытқы болған фразеологизмдер әлі де болса
тереңірек талдауды талап етіп отыр. Себебі олардың фразеологиялық тіркес
жасау жиілігі бір тілде жоғары болса, екінші бір тілде төмен екені
байқалады. Осының себептерін анықтау да диссертациялық еңбегіміздің басты
мақсаты болып табылмақ.
Жұмыстың бірінші бөлімінде ішкі ағзалардан пайда болған
соматикалық фразеологизмдердің табиғатына үңілмес бұрын, кез келген тілде
кеңінен тараған фразеологизмдердің аталған мағыналық тобының зерттелуіне
тоқталдық.
Жұмыстың екінші бөлімінде ішкі ағзалардың ұйытқы болуымен
жасалған қазақ және ағылшын тілдеріндегі соматикалық фразеологизмдердің
мағыналық-тақырыптық топтары, семантикалық жіктемесі, сондай-ақ соматикалық
фразеологияға тән уникалия және универсалия құбылыстары жөнінде сөз
қозғалды. Осы арқылы соматикалық фразеологизмдердің табиғатына тереңірек
үңілуді жөн санадық.
Зерттеудің өзектілігі. Фразеологизмдер – айтайын деген ойға айрықша
мән, әр, мәнерлілік беріп, көркем шығарма тілін жандандыратын, астарлап,
бейнелей суреттеудің тілдегі дайын құралы, халық даналығынан суырылған
образды ойлау, көркем тілінің үлгісі. Фразеологизмдер – тіл қазынасының бір
бөлшегі, фразеология деген терминнің мағынасы кең, оны әртүрлі ұғынып, әр
алуан салада зерттеу объектісі ретінде алуға болады. Тоқсан ауыз сөзді
тобықтай түйінге сыйғыза отырып, ұлт менталдығының, яғни халықтың салт-
дәстүрі, мәдениеті, сана-сезімі, тарихы мен наным-сенімін, ұлттық болмысын
бейнелейтін фразеологизмдер жан-жақты зерттеуді талап етіп отырады. Себебі
фразеологизмдер тек сөз мәнерлілігін арттырып қана қоймай, әрдайым даяр
түрінде қолданылатын, ұлт менталдығының көрсеткіші бола алатын, ғасырлар
бойы халық санасында қалыптасқан, ойды орамды, әсерлі жеткізудің құралы
ретінде қолданылады.
Әрбір тілдің фразеологиялық қорының 30% құрайтын соматикалық
фразеологизмдердің тілдегі алар орны ерекше. Соматизмдер лексиканың
ертедегі көне қабаты ретінде фразеологиялық тіркестердің құрамды компоненті
болып табылады. Бүгінгі күнге дейін адамның дене мүшелері ұйытқы болған
соматикалық фразеологиялық тіркестер жан-жақты қарастырылды, сараланды әлі
де зерттелініп жүр. Десек те, соматикалық фразеологизмдерге қатысты кейбір
мәселелер өз шешімін әлі де таппағаны белгілі. Осындай өзекті тақырыптардың
бірі – ішкі ағзалар ұйытқы болған соматикалық фразеологизмдер. Бұл ауқымды
тақырыпты зерттеу барысында біз адамның дене мүшелерін шартты түрде ішкі
ағзалар және сыртқы дене мүшелер деп бөліп қарастыра отырып, ішкі ағзалар
көмегімен жасалынған соматикалық фразеологизм табиғатына үңілуді дұрыс деп
білдік. Сондай-ақ қазақ және ағылшын тілдеріндегі адамның ішкі ағзалары
ұйытқы болған соматикалық фразеологизмдерді салыстыра-салғастыра талдай
отырып, қазақ әжне ағылшын тілдерінің өзіне тән ортақ белгілері мен
айырмашылықтарын анықтау, екі тілге ортақ болатындай мағыналық-тақырыптық
топтарға бөлу, семантикалық жіктемесін жасау, лексика-семантикалық
ерекшеліктерін анықтау басты мақсатымыз және бұл бүгінгі күннің талабы да
болып отыр.
Зерттеудің нысаны – қазақ және ағылшын тілдеріндегі соматикалық
атаулары бар фразеологизмдердің құрылымын, тілдердегі алатын орнын,
мағыналық-тақырыптық топтарын айқындау, әрбір тілге ортақ ішкі ағзалар
ұйытқы болған әмбебап және тек сол халыққа тән бірегей соматикалық
фразеологизмдерді анықтау.
Зерттеудің пәні – генетикалық және типологиялық құрылымы жағынан
әртүрлі қазақ және ағылшын тілдеріндегі адамның ішкі ағзалары ұйытқы болған
соматикалық фразеологизмдер.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі
адамның ішкі ағзалары ұйытқы болған соматикалық фразеологизмдердің
тіларалық ортақ белгілері мен ұлттық-мәдени ерекшеліктерін анықтау. Алға
қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі бірнеше міндетті шешу
көзделеді:
1. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі адамның ішкі ағзалары ұйытқы болған
соматикалық фразеологизмге сипаттама беру;
2. Екі тілдегі сомтикалық фразеологизмдерге ұйытқы болатын ішкі
ағзалардың фраземажасамдағы жиілігін нақтылау;
3. Адамның ішкі ағзаларына байланысты туындаған тіларалық соматикалық
фразеологиялық бірліктерді мағыналық-тақырыптық топтарға жіктей
отырып, қазақ және ағылшын тілдеріндегі соматикалық
фразеологизмдердің ортақ белгілер мен айырмашылықтарды анықтау;
4. Генетикалық жағынан әртүрлі қазақ және ағылшын тілдерінің ішкі
ағзалардан туындаған соматикалық фразеологизмдерінің семантикалық
жіктемесін айқындай отырып, лексика-семантикалық табиғатын
(синонимдігі, антонимдігі, омонимдігі мен көпмағыналығы) ашу;
5. Зерттеу нысаны ретінде алынып отырған тілдік бірліктердің тіларалық
әмбебап және бірегей формаларын анықтай отырып, қазақ және ағылшын
лингвомәдени қауымдастығының фразеология саласындағы уникалия және
универсалия құбылыстарын айқындау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: фразеология саласында ішкі ағзалардан
туындаған соматикалық фразеологизмдер жүйелі түрде туыстығы жағынан әртүрлі
қазақ және ағылшын тілінде алғаш рет салғастырыла зерттелініп отыр. Осы
жұмыстың нәтижесінде қазақ және ағылшын тілдеріндегі ішкі ағзалардың ұйытқы
болуымен жасалған соматикалық фразеологизмдердің аталған екі тілдегі
жиілігі, ортақ мағыналық-тақырыптық топтары, лексика-семантикалық табиғаты
(ішкі ағзалар ұйытқы болған соматикалық фразеологизмдердің синонимдік,
омонимдік, антонимдік және көпмағыналық қатар құруы), соматикалық
фразеологизм аясындағы ұлт менталдығының көрсеткіші болатын уникалия және
екі тілде де универсалия құбылысының көрінісі айқындалды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Анатомиялық атаулардан,
оның ішінде ішкі ағзалардан туындаған соматикалық фразеологизмдерді өз
алдына жеке тақырып етіп зерттеудің бүгінгі таңда практикалық та, теориялық
та үлкен мәні бар.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі ішкі ағзалардың ұйытқы болуымен
жасалған соматикалық фразеологизмдерді салғастыра отырып, тіларалық
ерекшеліктер мен ұқсас белгілерін анықтау негізінде әр халықтың өзіндік
ұлттық болмысымен, мәдени ерекшеліктерімен, тарихы, дәстүрі, әдет-ғұрпымен
тереңірек танысуға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының нәтижелерін қазақша-ағылшынша ішкі ағзалардың ұйытқы
болуымен жасалған соматикалық фразеологизмдердің сөздігін жасауда,
фразеология, лингвоелтану, лексикология және лексикография салалары бойынша
арнайы курстар мен дәрістерде, семинарларда қолдануға болады.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу әдістері мен тәсілдерін белгілеу, ғылыми
жұмыстың алға қойылған мақсаты мен міндеттеріне байланысты туындап отырады.
Жұмыс барысында жинақтау, мәліметтерді статистикалық тұрғыда өңдеу тәсілі,
құрылымдық, сипаттау, салыстырмалы-типологиялық, салғастыру, тарихи-
этимологиялық, талдау, нақты материалды жинақтау барысында бірыңғай іріктеу
әдістері қолданылады.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі. Тіл білімінің
лексикология және фразеология салалары бойынша тұжырымдар жасап,
фразеология саласының дамып, жеке ғылым ретінде қалыптасуына үлес қосқан
ағылшын тіл білімі зерттеушілері А.В. Кунин, И.В. Арнольд, Н.Н. Амосова, Л.
Смит, В.Д. Аристова, И.И. Алехина, Ү. Кеңесбаева, орыс ғалымдары ішінен
В.В. Виноградов, В.П. Жуков, А.И. Смирницкийдің теориялық пікірлері мен
қазақ тіл біліміндегі І. Кеңесбаев, М.М. Копыленко, Ә. Болғанбаев, Ғ.
Қалиев, Ә. Қайдаров, Г. Смағұлова, Р. Авакова сынды ғалымдардың ғылыми
еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеудің материалдары мен дереккөздері. І. Кеңесбаевтың авторлығымен
жарық көрген Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі (1996, 2007), Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі (І-Х), Comption’s Encyclopedia, Cowie A.P.,
Mackin R., McCaig I.R. Oxford dictionary of Englush idioms, А.В. Кунин
Англо-русский фразеологический словарь, сондай-ақ көркем-әдеби
шығармалардан ішкі ағзалардың ұйытқы болуымен жасалған соматикалық
фразеологизмдер жинақталды. Х.Қ.Қожахметова, Р.Е.Жайсақова, Ш.О., Х.Қ.
Қожахметовалардың Қазақша-орысша фразеологиялық сөздігі (1988),
Ә.Қайдардың Тысяча метких и образных выражений: казахско-русский
фразеологический словарь с этнолингвистическими пояснениями (2003) атты
зерттеу-сөздігі сияқты лексикографиялық көздерден жаппай сұрыптау тәсілімен
жинақталған ішкі ағзалардың ұйытқы болуымен жасалған соматикалық
фразеологизмдердің 700-дей бірлігі топтастырылды.
Зерттеу тақырыбының мақұлдануы: ғылыми еңбектің негізгі мазмұны мен
бағыттары, басты мәселелер түйіні бойынша 3 мақала жарияланды: Соматикалық
фразеологизмдердің ерекшеліктері (Қазіргі білім берудегі ізгілендіру
үдерістері және жаңаша оқытудың өзекті мәселелері. ХҚТУ профессоры Ө.
Танабаевтың 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция
материалдары. І бөлім. – Шымкент, 2010. – 452 б. 125-128б.); Қазақ және
ағылшын тілдеріндегі жүрек соматизмі (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Хабаршысы. Филология сериясы. № 4-5 (128-129). Алматы, 2010. 409 б. 146-148
б.); Ішкі ағзалар ұйытқы болған адамға қатысты соматикалық
фразеологизмдер, (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай
институтының хабаршысы. № 6 (6), Алматы. – 2010. 75-78 б.)
Зерттеудің құрылысы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, 4 кесте мен диаграмма
бейнеленген екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен,
сондай-ақ жұмыстың нысанына айналған қазақ және ағылшын тілдеріндегі ішкі
ағзалар атауларының (соматизмдердің) сөздігі, қазақ және ағылшын
тілдеріндегі ішкі ағзалар ұйытқы болған соматикалық фразеологизмдердің
қысқаша түсіндірмелі сөздігін қамтитын, сондай-ақ қазақ және ағылшын
тілдеріндегі ішкі ағзалар ұйытқы болған соматикалық фразеологизмдердің
пайыздық көрсеткіші сызбасынан тұратын 5 қосымшадан тұрады.

1 тарау. СОМАТИКАЛЫҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР – ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ

1.1 Фразеологизм туралы жалпы түсінік

Кез келген халықтың фразеологиялық қоры аса құнды лингвистикалық
мұра болып табылады. Мұнда сол халықтың дүниетанымы, ұлттық мәдениеті,
менталитеті, болмысы, салт-дәстүрі, наным-сенімі, қиялы, әдет-ғұрпы мен
тарихы жатыр. Фразеологизмдерді зерттеу арқылы тек тілдің өткенін,
түптамырын ғана емес, сол тілді қолданушы халықтың мәдениетінің тереңін
білуге, тілінің тарихымен кеңінен танысуға болады.
Фразеология (гр. phrasis – cөйлеу оралымдары, logos – ғылым) – құрамы
мен құрылымы тұрақты, сөйлеу кезінде бөлшектенбей, даяр қалпын сақтай
отырып қолданылытын, мағына тұтастығы мен тіркес тиянақтылығы тән бейнелі
тұрақты тіркестердің қазіргі күйін және тарихи қалпын зерттейтін тіл
білімінің саласы [1, 414 б.]. Ал фразеология саласының негізгі зерттеу
нысаны фразеологизмдер болып табылады. Фразеологизм дегеніміз – екі немесе
бірнеше сөздердің тіркесуі арқылы тұтас бір мағына білдіретін тұрақты сөз
тіркестері.
Тілдегі фразеологизмдер әр халықтың өзіндік ұлттық ерекшеліктерін
көрсетіп отырады. Ә.Болғанбаевтің пікірінше, фразеологизмдер – жансызға
жан бітіретін бейнелеу құралы [Ә.Болғанбаев]. Фразеологизмдер – кез келген
тілдің, ұлттың айшықты да мәнерлі, бай саласының бірі, халық өмірінің
айнасы, ұлттық-мәдени өмірі мен ұлттық болмысының басты көрінісі. Тілдегі
фразеологизмдер өзінің суреттеме, бейнелік, әсерлік, экспрессивті-
эмоциялық, көркемдік қасиетімен басқа тілдік бірліктерден ерекшеленеді.
Осындай көркем, бояуы қанық, алуан түрлі тұрақты тіркестер халық тарихын,
ұлттық болмысын, мәдени құндылығын, сал-дәстүрі мен әдет-ғұрпын ұрпақтан-
ұрпаққа ғасырлар бойы жеткізіп келеді.
Фразеологияның зерттейтін пәні – кез келген халықтың сөздік қорында
кездесетін сол халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін, тарихын ажарлайтын
фразеологизмдер. Фразеологизмдерге қатысты тіл білімінде қалыптасқан
терминдер көп: фразеологиялық единица, идиома, тұрақты тіркес,
фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірліктер, фраземалар, фраземика,
фразеотіркес және т.б.
Тіл білімі сөздігінде бұл терминнің ғылыми атауын фразеологизмдер
деп, аталған терминге былайша анықтама берген: Фразеологизмдер (грек.
phrasis – сөйлеу, logos – сөз; ағыл. Phraseological unit, locution phrase,
formula) – кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалынған, құрамы мен құрылымы
тұрақты, сөйлеу кезінде конструкцияланбай, даяр қалпын сақтай отырып
жұмсалатын біртұтас, мағына жағынан идиоматикалық единица [, 413 б.].
М.М. Копыленко фразеологияның негізгі зерттеу нысаны ретінде
фразеотіркес (фразеосочетание) терминін ұсынған, яғни фразеология
объектісі болып табылатын – лексемалар тіркесі тұжырымдамасының негізін
қалаған.
Р. Авакова Фразеология теориясы атты еңбегінде қандай да бір
тілдің фразеологиялық бірліктерін фразеология деуден гөрі (себебі ғылым
саласымен омонимдес болып қалады) морфемика, лексика терминдеріне
сәйкестендіріп фраземика деп атаған жөн, [Авакова Р., 14б.] – деп
фраземика терминін ұсынады. Фраземика термині тіл білімінде синоним
ретінде жарыса қолданылып жүрген фразеологиялық оралым, фразеологиялық
единица, фразеологиялық бірлік, тұрақты сөз тіркестері атауларының орнына
қолданылады. Терминді алғаш рет Ресейдің фразеолог ғалымы Н.Ф. Алефиренко
ұсынған.
Тіл біліміне қатысты сөздіктерде фразеологизм ұғымына бара-бар
қолданылып жүрген терминдерге төмендегідей анықтамалар берілген. Мысалы:
Фразеологиялық единица (грек. рhresis – сөйлемше, logia – ілім) –
фразеологизмдермен бара-бар. Ал фразеологиялық тіркес немесе идиома –
семантикалық жақтан ажырамайтын, біртұтас мағынасы құрамындағы сыңарларының
негізгі номинативті мағынасынан мүлдем басқа мағына беретін сөздер тізбегі.
Мысалы, аузы-мұрны қисаймау – ұялмастан. Идиома (грек. idioma – ерекше
сөйлемше; ағыл. idiom, idiomatic expression) – идиоматизм, идиоматикалық
тіркес, фразеологизммен бара-бар, басқа бір тілге сөзбе-сөз аударуға
келмейтін, стилистикалық та, семантикалық та айшықты ерекшеліктері бар
тілдік единицалар. Тұрақты сөз тіркесі – фразеологиялық бірлік ұғымымен
бара-бар.
Сонымен фразеология объектісі саналатын фразеологизм терминіне қазақ
тілінде балама ретінде бірнеше ұғымдарды қолдануға болады. Алайда ғылыми
түрде бекітілген, кеңінен қолданысқа ие, фразеология ғылымының мәнін ашатын
фразеологизм термині екені белгілі.
Ағылшын тілінде де фразеологизм терминіне бірнеше балама бар. Мұны
ағылшын тіліндегі The New Oxford Thesaurus of English (Oxford university
Press, 2000. – 1087р.) жиілік сөздікте идиома терминімен қатар бір мағынада
қолданылатын бірқатар терминдерден байқауға болады. Мысалы, idioms,
collocations set phrases, set expressions, phraseological units,
fixed phrases, idiomatic expression, turn of phrase, phrase,
locution (formal). Ең жиі таралған термин – idioms. Ағылшын және
америка тіл білімінде фразеологиялық бірлік (phraseological unit) термині
көп қолданылмайды, кең қолданысқа ие – set expressions және idioms.
Ағылшын тіліндегі сөздіктерде идиома терминіне төмендегідей анықтамалар
берілген. Idiom – is a phrase or expression whose total meaning differs
from the meaning of the individual words. Idioms come from language usage
generally cannot be translated literally (word by word). [The World Book
Encyclopedia. London. Volume 10, 1994, 47p.526p] Idiom – 1. the
characteristic form of expression of a language; 2. an expression that
cannot be understood from the meanings of its separate words but must be
learnt as a whole. [Webster’s New Encyclopedic Dictionary.1787р.]. Ағылшын
тілінің фразеологиялық қорын сипаттауда idioms термині барлық тұрақты
тіркестерді толығымен айту үшін қолданылады.
Ағылшын тілінің фразеологиялық қорын теориялық тұрғыда қарастырған
лингвист Н.Н. Амосова фразеологизмдерді идиомалар және фразалық
тіркестер деп екіге бөліп қарастырады. Н.Н. Амосованың пікірінше:
фраземы – это единицы постоянного контекста, в котором указательный
минимум, требуемый для актуализации данного значения семантически
реализуемого слова, является единственно возможным, не варьируемым, ал
идиома терминіне зерттеуші былайша анықтама береді: единицы постоянного
контекста, в которых указательный и семантически реализуемый элемент
нормально составляют тождество и оба представлены общим лексическим
составом словосочетания и которые характеризуется целостным значением,
условимся назвать идиомами . 72бет
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдері алғаш зерттеген І. Кеңесбаевтың
ертеректе ұсынған тұрақты сөз тіркестерінің екі түрі де – фразалық
тіркестер мен идиомалық тіркестер не идиомалар Н.Н. Амосованың
пікірімен сәйкес келеді. Аталған екі ұғым тек олардың семантикалық
табиғатына ғана байланысты екен. Басқаша айтқанда, қабырғамен кеңесу, жүрек
жалғау сияқты фразеологизмдер алғашқы мағынасынан кейінгі мағынасының тым
алшақтап кетуіне байланысты идиома тобына жатса, белін бекем байлау, бас
ию, аяқтан шалу сияқтылар фразалық тіркестер қатарына жатады.
Академик В.В. Виноградовтың фразеологияға қатысты танымал еңбектерінің
жарық көруіне байланысты ағылшын фразеологиясын зерттеуші ғалымдардың
бірқатары аталған орыс ғалымының пікірлерін ағылшын тілі материалдарына
қатысты қолдана бастады. Орыс академигі В.В. Виноградовтың фразеологиялық
теориясы негізінде фразеологиялық бірлік (фразеологические единицы)
термині ғылымға енген болатын. Осы терминді ғалымдар тікелей аудару арқылы
ағылшын тілінің фразеологиясын сипаттау барысында кеңінен қолданып келеді.
Ғалымның еңбектерінде фразеологиялық бірліктерге төмендегідей анықтама
беріледі: Фразеологическими единицами являются устойчивые, словесные
комплексы, противопоставляемые свободным синтаксическим словосочетаниям
как готовые языковые образования, не создаваемые, а лишь воспроизводимые в
процессе речи. Алайда, фразеологиялық бірлік (рhraseological units)
термині ағылшын тілінде сөйлеуші халықтардың сөздік қорында, лингвистикалық
терминдер сөздігінде көп қолданылмайды, аталған терминді ағылшын тілін,
фразеологиялық қорын зерттеуші өзге елдің ғалымдары кеңінен қолданады.
Фразеологизмдер формасы жағынан және қолдану тұрақтылығы жағынан да
мақал-мәтелдерге ұқсас келеді. Сол себепті де кейбір лингвист ғалымдар
(М.Н. Шанский, Р. Сәрсенбаев) мақал-мәтелдерді фразеологизмдер құрамына
енгізіп, оларды фразеологиялық сөйлемшелер деп атап жүр. Мақал – ағыл.
proverb – үйлесімді құрастырылған, ғибрат айтып, бейнелі аяқталған ойды
қысқаша түсіндіріп беретін тұрақты сөз орамы. Ол тура мағынасында да,
ауспалы мағынасында да жұмсалады, өз алдына аяқталып тұрған жеке сөйлем
[Қаз.тіл.түссөздігі]. Мақал-мәтелдің фразеологизмдерге ұқсастығы ең алдымен
құрамындағы компоненттерінің тұрақтылығынан көрінеді, яғни құрамындағы
сөздердің орнын мүлдем ауыстыруға келмейді. Көптеген зерттеушілер осы
жағдайды ескере отырып, мақал-мәтелді фразеология аясына енгізуді дұрыс
санайды. Біз бұл пікірмен келіспейміз. Мақал-мәтелдерді тіл жүйесінде өз
орны бар жеке құбылыс ретінде қарастыру керек. Себебі мақал-мәтелдер мен
фразеологизмдердің әрқайсысының құрылысында, қолданысында өз ерекшеліктері,
айырмашылықтары болады. Мысалы, морфологиялық-құрылымдық жағынан алып
қарайтын болсақ, мақал-мәтелдер ерте кезден тілде құбылмай, өзгермей
қолданылып келеді, ал фразеологизмдер бұл ережеден ауытқып отыратынын
ескеру керек. Фразеологизм құрамындағы сөздерді түрлендіріп қолдануға
болады, бұл кезде сөздер морфологиялық өзгеріске ұшырайды. Мысалы, жүрек
жалғады (жеңіл-желпі тамақтанды) деген фразеологизмді жүрегін жалғап алды
немесе жүрек жалғаудың қамы деп жіктік жалғауын жалғап, аталған
фразеологизмнің тұлғасын өзгертуге, құбылтуға болады екен. Осы тұрғыдан
алып қарайтын болсақ, мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің морфологиялық,
синтаксистік айырмашылықтарын байқауға болады. Сол себепті де бұл екі ұғым
– мақал-мәтел және фразеологизмнің әрқайсысының жеке ғылыми тұрғыда
қалыптасқан нақты терминдік атауы бар, екеуін екі бөлек тілдік бірлік деп
қарастыруды жөн көреміз.
Бұл жөнінде тіл білімі ғылымында түрлі пікірлер бар, яғни бір топ
ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология аясына жатқызса, кейбір ғалымдар бұл
пікірді қостамайды. Міне, осы мәселе жөнінде ғалымдар пікіріне жүгінейік:
І. Кеңесбаевтың пікірінше, Мақал-мәтелдер мен ФЕ-лер аралығында үлкен
айырым бар. ФЕ-ге кейбір ұқсастықтары бола тұрса да, мақал-мәтел сөз
саптаудың өзгеше түрі болып табылады. Мазмұны жағынан мақал-мәтел атаулының
көпшілігі игі қасиеттерге үндеу, уағыз-өсиет сипатында болуы мүмкін. Мақал-
мәтел нақылға, жөн-сілтеуге ойысса, ФЕ-лер тек анықтауыш-бейнелеу мәнде
келеді [], – деп мақал-мәтел мен фразеологизм арасындағы айырмашылықты
нақты жеткізеді.
Тұрақтылық белгісі негізінде фразеологизмдерге Р. Сарсенбаев ерекше
топ ретінде мақал-мәтелдерді жатқызады. Мақал-мәтелдер мен ФЕ-нің кейбір
ортақ белгілері болғанымен, мақал-мәтелдер синтаксистік жағынан
фразеологизмдермен салыстырғанда күрделі болып келеді. Сондықтан да мақал-
мәтелдер мен фразеологизмдердің семантикалық, грамматикалық құрылысы,
сондай-ақ синтаксистік жағынан да айырмашылықтары бар деп есептейміз.
Фразеологизмдердің негізгі қасиеттеріне тіркес тиянақтылығы, қолдану
тиянақтылығы, оның бөліп жаруға келмейтіндігі, мағына тұтастығы, идиомалығы
мен тұрақтылығы жатады. Фразеологияны тілдік жүйенің құрамдас бөлігі,
құрылымдық және мағыналық жағынан ерекше қасиетке ие тілдік бірлік ретінде
тану негізгі ғылыми дәйектеме болып табылады. Сондықтан да фразеологиялық
бірліктерді жан-жақты талдаудың маңызы артып, зерттеуге деген қызығушылық
толастамайды.
Тіл білімінің жаңа бағытының негізін салатын фразеология термині
жеке лингвистикалық пән ретінде ХХ ғасырдың 40-жылдары дүниеге келді.
Фразеологияның алғашқы теориялық негізі және осы мәселе жөніндегі идеяны
дамытушы Ш. Балли болса, оның Ресей топырағындағы фразеология ғылымының
дамуы мен жаңа, жеке лингвистикалық сала ретінде қалыптасып дүниеге келуі
академик В.В. Виноградов есімімен тығыз байланысты болып келеді.
Қазақ тіл білімінде алғашқылардың бірі болып ХХ ғасырдың 40-жылдары
проф. С. Аманжолов идиомалық тіркестер мен фразеологизмдерді зерттеуді
қолға алу керектігін атап өтіп, олардың ғылыми бағыттарын көрсетті. Тұрақты
тіркестерді идиомалық форманы екіге бөліп қарастыруға болады: 1) образды
бернелі құрама (идиомалық тіркес) және 2) бернесіз құрама (фразеологиялық
тіркес). Осылар сияқты қазақ тіліндегі кейбір сөйлемдерді басқа тілге тура
аударғанда, олар тура мағынасынан басқа мағына беріп кетсе, сөздердің
грамматикалық формаға дұрыс жауап бермегені деуге болады. Бұл – идиом. Бұл
– идиомды айыруда негізгі критерий [Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми
синтаксисінің қысқа курсы. Алматы, 1940. 210б., 115б.]
ХХ ғасырдың 40-жылдарынан бастап қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді
теориялық жағынан зерттеу ісі белең алды. Бұл мәселемен түбегейлі
шұғылданып, фразеологизмдерге арнайы зерттеу жүргізген, қазақ
фразеологизмдерін теориялық тұрғыдан зерттеп және арнайы лексикографиялық
еңбектерді басып шығаруға ат салысқан атақты ғалым, академик І. Кеңесбаев
екені белгілі. Түркі тілдес халықтардың ішінде алғашқы фразеологияның
іргетасын қалаған еңбекті академик І. Кеңесбаев 1977 жылы басып шығарды. ХХ
ғасырдың орта шенінде Қазақстан топырағында І. Кеңесбаев мектебі мен оның
шәкірттері тұсында дүниеге келген фразеология саласының басты мәселелері
бүгінгі таңда оның нысаны, материалдары, қолдану аясы мен функциясы
тұрғысынан әртүрлі аспектіде зерттелініп жүр. І. Кеңесбаев былай дейді:
фразеологизм сөйлеу процесінде, демек сөйлем ішінде құлпырып кететіні
белгілі. Ал тұтас сөйлемнің бөлшегі ретінде кездесетін фразеологиялық
бірліктер өзін қоршап тұрған еркін тіркеске тұрғыласып, мағына жағынан да,
синтаксистік байланыс жағынан да жымдасып жатады [,].
Қазақстан топырағында дүниеге келген, қазіргі таңда әлемдік тіл білімі
саласында өзіндік орны бар профессор М.М. Копыленконың фразеотіркес
(фразеосочетание), яғни фразеология объектісі болып табылатын – лексемалар
тіркесі концепциясы мен осы бағыттағы ғалым шәкірттерінің еңбектері мен
ғылыми монографияларының фразеология теориясын қалыптастырудағы маңызы зор.

Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы, теориялық тұрғыдан жан-
жақты зерттеу ХХ ғасырдың ортасынан бастап, бүгінге дейін толастамай
келеді. Осы уақыттағы фразеологизмдерге қатысты зерттеулерді төрт кезеңге
бөліп қарауға болады:
1. ХХ ғасырдың 40-50-жылдары – қазақ фразеологиясын теориялық тұрғыдан
зерттеудің алғашқы кезеңі болып табылады. Алғашқы кезеңде ұлттық тіл
білімін қалыптастырудағы аса көрнекті тілші ғалымдардың дені
фразеологияның теориялық жағынан зерттеуге назар аударған болатын. К.
Аханов, Р. Сәрсенбаев, І. Кеңесбаев, С. Аманжолов және т.б. ғалымдар
осы салада фразеологизмдердің теориялық-практикалық мәселелері бойынша
алғаш тұжырым жасаушылар болды.
2. ХХ ғасырдың 60-70-жылдары – қазақ фразеологизмдерін жіктеу, жеке
авторлар еңбектеріндегі фразеологизмдердің қолданылу жайы сөз болды.
Қазақ фразеологизмдерін зерттеудің екінші кезеңінің 60-жылдары
фразеологизмдер мен тұрақты тіркестер бір ме, оларға не жатады деген
сауалға көңіл бөлінді. Р. Сәрсенбаевтың Қазақ мақал – мәтелдерінің
лексика – стилистикалық ерекшеліктері атты кандидаттық
диссертациясында, С. Исаевтың Қазақ тілінің тұрақты сөз тіркестерінің
бір типі жөнінде мақаласында осы мәселеге мән берілді, сөз топтарына
жүйеленді, сөйлемде беретін мағынасына қарай топтастырылды. Осы
кезеңнің жемісі ретінде І. Кеңесбаевтың көп жылдық еңбегінің нәтижесі
ретінде он мыңнан аса фразеологизмдерді қамтыған Қазақ тілінің
фразеологизмдер сөздігі жарық көрді.
3. ХХ ғасырдың 80-жылдары – фразеологизмдерді жан-жақты зерттеу кезеңі.
Үшінші кезең фразеологизмдерді жан-жақты зерттеуге бағытталады. Қазақ
фразеологизмдерін өзге тілдердегі тұрақты тіркестермен салыстыра
зерттеу, аударма мәселесі жайында кандидаттық диссертациялар қорғалды.
Ж. Қонақбаева антоним фразеологизмдерді қазақ, орыс, ағылшын
тілдерінде салыстыра зерттесе, Д. Алтайбаева фразеологизмдердің
аудармадағы берілу жолдарына (калька, дәл баламасымен берілуі) назар
аударды. Осы жылдары қазақ фразеологиясын зерттеуде М.М. Копыленко мен
З.Д. Попованың жаңа әдісін қолдану тәжірибелері бар. Аталған
авторлардың бірлесе жазған Очерки по общей фразеологии атты еңбегі
жарық көрді. Үшінші кезеңде қазақ-орыс фразеологизмдерін салыстыра
зерттеу нәтижесінде қазақша-орысша фразеологиялық сөздік жасалды.
4. ХХ ғасырдың соңғы он жылы (1990-2000-жж.) – фразеологизмдердің
этнолингвистика, этномәдени тұрғыдан зерттелу және салғастырмалы
фразеологияға мән берілген кезең. Қазақ фразеологизмдерін зерттеудің
төртінші кезеңі 90-жылдардан басталып бүгінге дейін жалғасып келеді.
Бұл салада төртінші кезеңде көп ізденістер мен жан-жақты талдау жүзеге
асты.
С. Сәтенова қазақ тілінде мал шаруашылығына байланысты қалыптасқан
тұрақты тіркестердің табиғатын зерттесе, Ш. Сеитова өсімдікке байланысты
тұрақты тіркестерге этнолингвистикалық сипаттама берген, Қ. Ғабитханұлы
наным-сенімге байланысты тұрақты тіркестерге талдау жасаса, Б. Уызбаева
соматикалық етістікті фразеологизмдерді зерттеді.
ХХ ғасырдың 70-жылдары қазақ фразеологизмдерін орыс тілімен салыстыра
зерттеу белең алса, ендігі кезекте дамыған әлем тілдерімен салыстыра
зерттеу орын алды. Осы кезеңде Ф.Н. Дәулетованың Қытай және қазақ тілдері
фразеологизмдеріне лексикографиялық салыстырмалы талдау, М.Р.
Есімжанованың Межязыковые фразеологические соответствия (на материале
английского, русского и казахского языков); Ж.К. Өміралиеваның Национально-
культурная специфика конвенциональных фразеологизмов с соматизмами (на
материале русского, казахского и английского языков) атты диссертациялық
еңбектер жарық көрген. Сонымен қатар фразеологизмдер бойынша қорғалған
зерттеулердің лексикографиялық еңбектермен толықтырылатынын айта кеткен
жоқ. Мысалы, проф. А.С. Аманжолов пен Ш.Қ. Құрманбаеваның Түрікше-қазақша
фразеологиялық сөздік (1999), Р.А. Авакова мен П.Н. Дәулетованың Қысқаша
қытайша-қазақша фразеологиялық сөздік (1998), М.Р. Есімжанованың Қысқаша
ағылшын-орыс-қазақ фразеологиялық сөздік секілді лексикографиялық құнды
еңбектермен қатар проф. Э.Д. Сүлейменованың жетекшілігімен диссертациялық
жұмыс жазған С.Қ. Сансызбаеваның Адамның зооморфтық сипатына байланысты
қазақша-орысша сөздігін (2000), Қазақша-түрікше фразеологиялық сөздік,
Қысқаша қытайша-қазақша фразеологиялық сөздік, Краткий англо-русско-
казахский словарь секілді сөздіктер де жарық көрді.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай, қазақ тілін
ағылшын тілімен салғастыра зерттеп, түрлі қырынан қарастырған, туыстығы
жағынан алшақ қазақ және ағылшын тілдерінің фразеологиясындағы ұқсас
жақтары мен айырмашылықтарын анықтаған еңбектер де баршылық. Ағылшын
тілінің фразеологиясын теориялық тұрғыдан зерттеген еңбектерге шолу жасар
болсақ, алдымен А.В. Куниннің ағылшын тілінің фразеологиясының дамуына
қосқан елеулі үлесін атап өту жөн болар. Ғалым ағылшын тілінің идиомасы
бойынша бірқатар теориялық та, лексикографиялық та еңбектерімен ғылымға
құнды үлес қосқан. Англо-русский фразеологический словарь атты автордың
сөздігі ағылшын тілінде ХІХ-ХХ ғғ. кеңінен қолданылатын тұрақты тіркестерді
қамтыған. Сөздік бірнеше рет жаңартылып, қайта басылып шыққан. Сондай-ақ
автордың Английская фразеология, Фразеология современного английского
языка атты еңбектері теориялық тұрғыда фразеологизмдерді жан-жақты
сипаттаған. Л.П. Смит (Фразеология английского языка), Дж. Сейдл,
Макморди (Идиомы английского языка и их употребление), Н.Н. Амосова
(Основы английской фразеологии), Г.Б. Антрушина (Лексикология
английского языка), А.И. Смирницкий, И.В. Арнольд (Вопросы фразеологии и
фразеоматики), В. Коллинз (Книга английских идиом) және т.б. лингвист-
ғалымдар ағылшын тілінің фразеологиялық қорын жан-жақты зерттеумен
шұғылданды.
Тілдік даму барысында әбден қалыптасқан, орныққан, сыңарларынан
бөлініп ажыратылмайтын, көркемдеуіш құрал ретінде қарастырылатын тұрақты
тіркеске қазақ тілімен қатар ағылшын тілі де өте бай келеді. Тұрақты
тіркестер тілдік тұлғалар жүйесінде олармен жарыса қатар өмір сүріп,
ғасырлар бойы қалыптасып, дайын күйінде қолданылатын тіркестерге айналады.
Қас пен көздің арасында, бауыры құтсыз, қуыс кеуде, без бүйрек, жүрек
жұтқан деген тұтас мағына беріп, мағыналары жеке сыңарларының мағыналарына
бөліп-жарылмай, сөйлемде тұтасымен жеке сөздер тәрізді бір ұғым беріп, бір
сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын фразеологизмдердің ерекшеліктері, басқа
тілдік тұлғалардан айырмашылығы, ұқсас жақтары талас тудыратын мәселе.
Сондықтан да А. Байтелиев тұрақты сөз тіркестерінің бес ерекшелігін атап
өтеді:
• Тұрақты түрінде даяр қолданылады;
• Құрылымдық-семантикалық үлгіден тыс қалыптасқан;
• Фразеологиялық немесе тұрақты мағыналы оралымдар;
• Нормаға сай өзгерістерге ғана икемді, даяр қолданылатын тұлға;
• Үлгі-нұсқа ережелеріне тәуелсіз тұлғаланған оралым болып табылады [3,
102б].
Сонымен фразеологизмдер – құрылымы мен мағынасы тиянақты, тілде дайын
түрде қолданылатын тілдік бірлік. Фразеологизмдердің пайда болуына
күнделікті өмір, сондай-ақ өзімізді қоршаған заттар мен құбылыстардың бір-
бірінің әсерінен туған бейнелі қабылдаудың ықпалы зор. Сол себепті де
фразеологизмдер сол халықтың тұрмыс-тіршілігін, қлттық болмысын кеңінен
баяндайды.

1.2 Соматикалық фразеологизмдердің зерттелу тарихына қысқаша шолу

Фразеология – құрамы мен құрылымы тұрақты, сөйлеу кезінде
конструкцияланбайтын, әрдайым даяр қалпын сақтай отырып қолданылатын,
мағына тұтастығы мен тіркес тиянақтылығына, құрылымы жағынан тұрақтылыққа
ие бейнелі фразеологизмдердің қазіргі күйін және тарихи қалпын зерттейтін
тіл білімінің саласы.
Фразеологизмдер – айтылатын ойға ерекше мән, әр мен мәнерлілік беріп,
көркем шығарма тілін жандандыратын, астарлап, бейнелей суреттеудің тілдегі
дайын құралы. Бұлар халық даналығынан суырылған образды ойлау тілінің
үлгісі болып саналады.
Көптеген тілдерге ортақ, әмбебап құбылыс болып табылатын
фразеологизмдердің тақырыптық топтастырылуы бір тілде басқа тілдер
фраземасының семантикалық ерекшеліктерін, әр тілдің фраземаларының
бейнелілігін, өзіндік көркемдігін нақты көрсетуге мүмкіндік береді. А.Т.
Қайдаров, Р.Е. Жайсақова секілді тілтанушылар қазіргі қазақ тілінің
фразеологизмдерін пәндік-тақырыптық тұрғыда классификациялауда соматикалық
фразеологиялық бірліктер (СФБ) тобын ерекше бөліп қарастырады.
Мұндай топтастыруды фразеология саласын жан-жақты зерттеп жүрген Р.А.
Авакованың [4] еңбектерінен де байқауға болады. Зерттеуші фраземалардың
ішкі формаларының туындау көздеріне шартты түрде төмендегідей топтастырулар
жасайды:
▪ адамның анатомиялық атаулары (соматизмдер) мен қимыл қозғалыстарына
байланысты туған соматикалық фразеологизмдер;
▪ жануарлар әлеміне қатысты пайда болған фраземалар – зооморфтық
фразеологизмдер немесе бұл ұғымды ғылымда анималистік фраземалар деген
атпен қолданылып жүр;
▪ өсімдіктер (флора) әлеміне қатысты фразеологизмдер – фитонимдік
тұрақты тіркестер;
▪ табиғат құбылыстарына байланысты туындаған фразеологизмдер;
▪ өлшем бірліктерді (метеорология) білдіретін мезуративті тұрақты
тіркестер;
▪ сандық (нумеративтік) фраземалар;
▪ түр-түстік және сындық мәнді символдық фразеологизмдер;
▪ алғыс және қарғыс мәнді фраземалар;
▪ мифтік және діни фраземалар;
▪ тарихи кезеңдермен және тұлғалармен байланысты туған фраземалар;
▪ сәлемдесу және қоштасу мағынасын білдіретін фразеологизмдер.

Жоғарыда атап өткен фразеологизмдердің ішкі формаларының туындау
көздеріне байланысты зерттеуші Р. Авакованың ұсынған жіктемесін сызба
түрінде былайша беруге болады:

-

Жоғарыда аталған топтардың ішінде фразеологиялық қордың басым бөлігін
құрайтын ең көп тараған компонент соматизмдер болып табылады. Көптеген
зерттеушілер мен лексикографтардың пікірінше, анатомиялық атаулар мен дене
мүшелері ұйытқы болған соматикалық фразеологизмдер кез келген халық тілінің
фразеологиялық қорының 30% құрайды екен.
Т.Ж. Мықтыбаева өзінің Қазақ және ағылшын тілдеріндегі анималистік
фразеологизмдердің коннотативтік семантикасы 2005 жылы қорғалған
кандидаттық диссертациясында фразеологизмдердің мағыналық-тақырыптық
тұрғыдан топтастырылуы жөнінде төмендегідей пікірін айтты: Қазақ және
шетел тіл білімінде тілдердің лексика-фразеологиялық жүйесін тақырыптық
топтарға бөлу арқылы зерттеу әдісі кең көлемде жүргізіліп, өз нәтижесін
беруде. Фразеологиядағы бұл бағыт фразеологизмдерді фразео-тақырыптық өріс
мүшесі ретінде қарастырылады [ ]. Осы бағыттағы зерттеулер аталмыш
тілдерде, негізінен, екі түрлі жолмен жүргізіліп келетінін, біріншіден,
кәсіптік терминология негізінде қалыптасқан фразеологизмдер, мысалы,
әскери, спорттық, теңіз шаруашылығы, саяси т.б. терминологиялық атауларға
байланысты туындаған фразеологизмдерге қатысты зерттеулер болса, екінші топ
бойынша, кәсіптік емес тақырыптық топтарға жататын фразеологизмдер,
соматикалық фразеологизмдер, құрамында фауна және флора, өлшем, түр-түс,
сан, тарихи тұлғалар атаулары кездесетін фразеологизмдер қарастырылғанын
атап өтеді.
Ағылшын тілінің фразеологиялық қоры да басқа тілдердегі секілді халық
туындысы, мәдени, тарихи өмірінің айнасы, ұлттық менталитетінің көрінісі
болып табылады. Көпшілік фразеологизмдерде ағылшын халқының дүниетанымы,
болмысы, салт-дәстүрі мен түрлі реалийлері, ағылшын халқының тарихи
фактілері көрініс тапқан.
Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің де тақырыптық жіктемесін ғылыми
еңбектерден кездестіруге болады. Қазақ және ағылшын тіліндегі
фразеологизмдерді зерттеумен, оларды өзара салыстыра-салғастырумен
шұғылданып жүрген зерттеуші Үрила Кеңесбаеваның Ағылшын тіліндегі
фразеологизмдердің шығу төркіні атты мақаласында: ағылшын тіліндегі
фразеологизмдерді шыққан тегіне қарай: 1. төл фразеологизмдер (ағылшын
тілінің өз ортасынан шыққан); 2. әміркенизмдер (американизмдер) 3. басқа
тілден енген фразеологизмдер [8, 90б.], – деп үлкен үш арнаға бөліп
қарастырған.
Сондай-ақ өз мақаласында автор ағылшын фразеологизмінің пайда болуына
негіз болған жайттарды, идиомалардың шығу төркінін себептерін анықтап,
ағылшын фразеологиясының жеті түрлі пайда болу арналарын атап өткен:
▪ фразеологизмнің құрамында жалпы есімге айналған жалқы есімнің болуы
– фразеологизмдену барысында құрамындағы жалқы есімнің, яғни
антропоним, астроним, зооним, топоним, лақап ат, этноним, түрлі
ұжымдар мен кәсіпорын атауларының бастапқы семантикасын жоғалтып,
жалпы есімге айналуы;
▪ анималистік (зооморфтықзоонимді) фраземалар – фразеологизмдердің
құрамында жан-жануардың атауларының ұйытқы болуымен жасалған тұрақты
тіркестер;
▪ соматикалық фразеологизмдер – фразеологизмнің құрамында адамның дене
мүшелерінің атауының ұйытқы болуы;
▪ фразеологизмнің құрамында дөрекі не анайы сөздің болуы;
▪ фразеологизмнің құрамында Harry деген сөздің болуы - Harry деген
кісі аты көп жағдайда эвфемизм ретінде сайтан деген сөздің орнына
қолданылады;
▪ шексперизмдер – ағылшын дарматургы У. Шекспир шығармаларынан
туындаған авторлық фраземалар;
▪ фольклордан енген төл фразеологизмдер – ауыз әдебиеті үлгілерінен
шыққан тұрақты тіркестер.

Ү. Кеңесбаеваның жіктемесі бойынша ағылшын тіліндегі фразеологизмдер шығу
тегіне байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:

Фраземажасамның бірден-бір ұйытқысы болып табылатын соматизмді
фразеологизмдерді қай тілдің де болса фразеологиялық қорынан көптеп
кездестіруге болады. Адамның дене мүшелерінің атаулары адамзат тарихында
алғаш пайда болған сөздердің бірі, соматикалық фразеологизмдерді де
ертедегі адамдардың бейнелеп сөйлеуге талпынған ежелгі көркемсөз үлгілері
деген болжам жасауға болады.
Сондай-ақ, J. Seidl және W. McMordie-дің Oxford Pocket English
Idioms сөздігінің Idioms with key words from special categories (арнайы
категориялардың ұйытқы болуымен жасалған идиомалар) атты бөлімде тұрақты
тіркестерге негіз болған арнайы ұйытқы сөздерге байланысты фразеологизмдер
бөлек-бөлек қарастырылған. Мысалы, жануарлар атауы ұйытқы болған
фразеологизмдер, өлшем бірліктерді білдіретін фразеологизмдер, түс атаулары
негізіндегі фразеологизмдер, уақыт ұғымындағы фразеологизмдермен қатар,
саны жағынан ең көп бөлікті құрайтын анатомиялық атаулар ұйытқы болған
соматикалық фразеологизмдерді жеке-жеке бөліп көрсеткен. Мұнда ағылшын
тілінде жарық көрген түпнұсқалық еңбектерде де қазақ тіліндегідей
фразеологизмдерді мағыналық, тақырыптық жағынан топтастыру қалыптасқанын
атап өтуді жөн көрдік.
Сонымен, жоғарыда келтірілген мәліметтерден көріп тұрғанымыздай, қазақ
тілімен қатар ағылшын тілінде де фразеологизмдердің жасалуына және олардың
тақырыптық жағынан топтастырылуына байланысты фразеологизмдерді бірнеше
топқа бөліп қарастыруға болады екен. Мұның ішінде екі тілге де ортақ, әрі
әрбір тілдің фразеологиялық қорының ең көп бөлігін құрайтын, кез келген
тілде кеңінен кездесетін соматикалық фразеологизмдерге арнайы тоқтап, оның
өзіне тән ерекшеліктерін, мағыналық топтарын анықтауды жөн санадық.
Сонымен қазақ және ағылшын тілдеріндегі адамның дене мүшесі ұйытқы
болған соматикалық фразеологизмдер – тұрақты сөз тіркестерді тақырыптық
топтастыруға байланысты туындаған атауы.
Адам – табиғаттың тұла бойы туындысы, төл перзенті бола тұрса да, ол
сол табиғаттың тылсым күштерімен бірде алысып, бірде сырын ұғысып, өмір
сүріп келеді. Бұлардың бәріне адамның өзіне өте жақын дене мүшелерінің
тікелей қатысы бар деп есептейміз, себебі адам қоршаған ортаны тану
үдерісін өзін-өзі байқаудан, танудан бастайды.
Адамның өзіндік болмысы, күрделі табиғаты, сан алуан тіршілік-тірлігі,
қимыл-қозғалысы, физиологиялық қалпы, психологиялық күй кешуінің бәрі дене
мүше атауларына (соматизмге) қатысты соматикалық фразеологизмдер арқылы
сипатталып тұр. Адам өзінің физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік жай-
күйін суреттеуде және объективті шындықтағы барлық заттар мен құбылыстарды
сипаттауда өзінің дене мүшелеріне, олардың қалып-күйіне, атқаратын
қызметтеріне жүгінетіні белгілі.
К.Н. Жидебаев: Анатомические названия, оказываются связанными в
составе идиом или идиоматических сочетаний. В этих сочетаниях смысл
высказывания определяется всем целым. Анализ анатомических выражений с
участием анатомических названий показывает, как постепенно скаладывалось
единство подобных словосочетаний. С другой стороны, наличие названия частей
тела в составах идиоматических выражений доказывает древность и исконность
отдельных слов, – деп анатомиялық атаулардың өте көне тілдік бірлікке
жататындығын дәлелдейді. (Жидебаев)
Дене мүше атауларына қатысты көптеген лингвистикалық еңбектер бар. Сол
еңбектердің анатомиялық атауларды қай жағынан қарастырылғанына келер
болсақ, анатомиялық атаулар көптеген ғылыми мақала, зерттеу жұмыстарында
жан-жақты зерттелгеніне, ғалымдардың түрлі қырынан қарастырғанына көз
жеткіземіз. Төмендегі еңбектерде аталған мәселе тілдің тарихи сипаты,
тілдің қазіргі жай-күйіне байланысты сипаттамалы және салғастырмалы жағынан
сөз болды. Сол еңбектердің әрқайсысына жеке-жеке толталайық:
Ә.С. Ташауов Кодекс Куманикус тіліндегі соматикалық атаулар және
олардың лексика-семантикалық топтары атты ғылыми зерттеуінде анатомиялық
атауларды зерттеп, олардың Кодекс қолжазбасында сөздердің лексикалық
мағынасына қарай қырық топқа бөлініп берілген латынша-парсыша-куманша үш
тілдік сөздігі бар екенін және осындай сөздердің бір тобына тілде жиі
кездесетін дене мүше атауларына қатысты сөздер жататындығын атап өткен.
К. Жидебаев Анатомические названия в казахском языке (1977 ж.) атты
кандидаттық диссертациялық жұмысында алғаш рет қазақ тіліндегі дене мүше
атауларын басқа түркі тектес тілдермен салыстырмалы тұрғыда тарихи-
этимологиялық және семантикалық талдау жасап, олардың мән-мағынасын,
құрылым-құрылысын, шығу төркініне қалам тартқан. Сонымен қатар, кейбір дене
мүше атауларының тиянақты сөз тіркестер жасаудағы қызметін де сөз қылған.
Сөзіміз дәлелді болу үшін автордың төмендегідей пікірін келтірейік: ...И,
наконец, изучая лексику, в данном случае названия частей тела, нельзя не
обратить внимания на то, что последние легко и широко образуют устойчивые
словосочетания и выступают как опорный компонент идиом и фразеологических
сочетаний.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелері еңбегінде
жарияланған Ә. Болғанбаевтың Анатомиялық атауларға байланысты
фразеологизмдер атты мақаласында дене мүше атауларының ұйытқы болуымен
жасалған фразеологизмдер сипатталған. Мақалада қазақ тіліндегі анатомиялық
атаулардың фразеологизмдер жасаудағы өнімділігі, тілімізде дене мүше
атаулары негізінде қалыптасқан тұрақты тіркестердің көл-көсір байлығы және
олардың құрылым-құрылысының соншалықты күрделілігі сөз болған. Ә.
Болғанбаевтың пікірінше, анатомиялық атаулар негізгі сөздік қорға
жататындықтан, көп мағыналы туынды сөз жасауға сонша бейімдігімен ғана
сипатталмайды, сонымен бірге тұрақты тіркестер жасаудағы белсенді
қызметімен де айрықша көзге түседі [ ... ., 87б].
Зерттеуші Р.Е. Валиханова Сопоставительное исследование соматизмов
казахского и русского языков атты диссертациялық еңбегінде қазақ және орыс
тілдеріндегі соматизмдерді салыстыра зерттейді. Автор соматизмдерді шығу
төркіні мен типологиясына қарамастан тілдердің барлығына ортақ ұғым екенін
атап өтеді. Автордың ғылыми еңбегінде қазақ және орыс тіліндегі барлық
соматикалық атаулардың жетекші рөлі анықталған.
Д.Х. Базарова Семантика наименовании частей тела и производных от них
в тюркских языках атты еңбегінде дене мүше атауларының семантикасын және
олардан туындаған бірліктерді талдаған.
Н.М. Қоқышева Қазіргі қазақ тіліндегі дене мүше атаулары негізіндегі
сөзжасамдық ұялардың сөзжасамдық сатыларындағы туынды сөздер
диссертациясында дене мүше атаулары қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамдық
ұялардың негізі ретінде жұмсалатындығын атап өткен. Автор еңбегінде дене
мүше атауларын сөз тудыру қабілеті бойынша іріктеді. Жиналған тілдік
материалдар ішінен дене мүше атауларын білдіретінең құнарлы деген жиырма
төрт атау іріктеп алынды. Атап айтқанда, олардың қатарынан бас, кеуде, қол,
табан, қарын, іш, арқа, аяқ, бел, жүрек, бет, бауыр, көкірек, төс, кіндік,
иық, ауыз, тіл, тізе, мойын, мұрын, көз, тіс, құлақ атаулары енді. Ал өкпе,
ерін, қабақ, өкше, маңдай, шеке, төбе, самай, таңдай, кірпік, көмей және
т.б. дене мүше атаулары тілімізде жиі қолданылғанымен, сөз тудыру
мүмкіншіліктері жоғарыда аталған сөздерден төмен 53б.
Л. А. Сайфи Концептуализация соматического образа человека в языке и
дискурсивных практиках (на материале современного английского языка) атты
2008 жылғы жазылған диссертациялық еңбегінде қазіргі ағылшын тілінің
жүйесіндегі соматикалық өрісті зерттеген. Автор ғылыми-зерттеу еңбегінде
соматикалық өріске енетін бірліктерді сипаттаған, мәдениеттің соматикалық
кодын, соматизмдердің дискурстағы өзіндік қызметін анықтаған. Аталған еңбек
қазіргі ағылшын тіліндегі анатомиялық атаулардың соматикалық өрісті
құрудағы қызметі мен өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты қарастырған.
Соматизмдер фразеологизм жасаудағы негізгі компоненттердің бірі болып
табылады. Сома грек сөзі дене деген мағынаны білдіреді. Ағылшын
тіліндегі түсіндірме сөздіктерде: Somatic – 1. of, relating to, or
affecting the body especially as distinguished from the germ plasm or the
psyche; 2. of or relating to the wall of the body. Сонымен дене мүше
атаулары ұйытқы болған тұрақты тіркестерді соматикалық фразеологизмдер деп
атаймыз. Соматикалық фразеологияға адамдардың дене қимылын білдіретін
тұрақты тіркестер де жатады.
Фразеологизмдер мағынасы мен оның құрамындағы сөздер арасындағы өзара
байланысты, фразеологизмдерге ұйытқы болған сөздердің рөлі мен жиілігін,
фразеология жасаудағы өнімділігін анықтау фразеологиялық мағынаны тереңінен
әрі толық зерттеуге мүмкіндік береді. Фразеологизмдерді мағыналық тұрғыда
талдау салғастырылып отырылған екі тілдегі өзіндік ортақ белгілер және
тілдер арасындағы ерекше заңдылықтарды анықтауға септігін тигізеді.
Мұндағы ұйытқы соматизм (тірек, таяныш сөздер) дегеніміз
фразеологизм құрамындағы басқа компоненттерге (сыңарларға) басшылық етіп,
ықпал жасап тұратын фразеологиялық мағынаны өз төңірегіне топтастырып,
үйіріп тұратын көсем сөзді айтамыз. Бұл ұғымға І. Кеңесбаев былайша
түсініктеме берген: фразеологизмдердің ішіндегі кейбір сөздер семантикалық
жағынан ерек байқалып, түп қазық есебі қызмет етеді. Ондай сөздер әлденеше
ФЕ-лерде қайталанып отырады. Оны ұйытқы сөз деп атаған мақұл [Кеңесбаев
ФР сөздік, 614б.]. Фраземажасамда негізгі рөл атқаратын сөзді зерттеушілер
әрқалай атап жүр. Мысалы, ағылшын ғалымдары фразеологизмнің ең тұрақты
компоненті саналатын ұйытқы сөзді a key word, headword немесе a strong
word in the idiom десе, орыс ғалымдары О.С. Ахманова – опорная
семантика, лексический инвариант, Л.К. Байрамова – опорное слово, Ю.А.
Гвоздарев – стержневой компонент ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соматизмдер мен фразеологизмдердің құрылымы және қызметі
Қол-рука соматизмдері
Қырғыз- қазақ тілдеріндегі соматикалық фразеологизмдер
Қазақ тілінде фразеологизмдердің зерттелуі
Дене мүшелері мен соматикалық процестер
Мағыналас фразеологизмдер
Сөздің варианттылығы тілдің табиғи ерекшелігінен туған лексика грамматикалық құбылыс
Aғылшын және қазақ тілдерінің лексико - семантикалық фрaзеологизмдерін салыстырмалы талдау
Сәбит Мұқанов Сұлушаш романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Көркемдік тәсілдер арқылы жасалған фразеологизмнің лексикалық варианттары
Пәндер