Пайда мен шығын теориясы



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Шығындар теориясы
1.1. Өндірістік шығындыр туралы концепциялар
1.2. Шығындардың түрлері
2. Пайда теориясы
2.1. Пайда және оның мәні, қайнар көзі, қызмет түсіндірмелерінің айырмашылықтары
2.2. Кәсіпкерлік табыс
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Шығындар - өндірістің сатып алынған факторларының төлемі.
Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктеріде айналысқан. А.Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы
шығындар теориясының авторы. «Шығындар» деген терминді олар, бірлікте жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелденді.
Марксистік концепция бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың не тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне жұмсалған шығдардың сомасы болады. К.Маркс ерекше капиталистік шығындардан, тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын – ақиқат өндіріс шығындарын – ажыратып зерттейді. Өндіріс шығындарын осылай бөлу – еңбек шығындарына және капитал шығындарына – бұл капиталистік ұдайы өндіріс процесіне марксистік талдау жүргізудің бастапқы принциптерінің біреуі болып табылады.
XIX ғ. Соңында бірнеше жаңа концепциядар пайда болды. Маржиналистер (Менгер, Визер) бойынша, шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалылығымен белгіленетін, өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Маржиналистік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке кәсіпорынға тән жағдай деп есептелінеді. Осы кәсіпорнының табысы мен шығындары өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі.
1. Я.Ә. Әубәкіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова,
Т.П. Табаев «Экономикалық теория» Алматы 1999
2. С.Әкімбеков, А.С.Баймұхаметова, У.А.Жанайдаров
«Экономикалық теория» Астана 2002

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   


ЖОСПАР

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Шығындар теориясы
1.1. Өндірістік шығындыр туралы концепциялар
1.2. Шығындардың түрлері
2. Пайда теориясы
2.1. Пайда және оның мәні, қайнар көзі, қызмет түсіндірмелерінің айырмашылықтары
2.2. Кәсіпкерлік табыс
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Шығындар теориясы.
1.1. Өндірістік шығындар туралы концепциялар.
Шығындар - өндірістің сатып алынған факторларының төлемі.
Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктеріде айналысқан. А.Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы
шығындар теориясының авторы. Шығындар деген терминді олар, бірлікте жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелденді.
Марксистік концепция бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың не тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне жұмсалған шығдардың сомасы болады. К.Маркс ерекше капиталистік шығындардан, тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын – ақиқат өндіріс шығындарын – ажыратып зерттейді. Өндіріс шығындарын осылай бөлу – еңбек шығындарына және капитал шығындарына – бұл капиталистік ұдайы өндіріс процесіне марксистік талдау жүргізудің бастапқы принциптерінің біреуі болып табылады.
XIX ғ. Соңында бірнеше жаңа концепциядар пайда болды. Маржиналистер (Менгер, Визер) бойынша, шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалылығымен белгіленетін, өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Маржиналистік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке кәсіпорынға тән жағдай деп есептелінеді. Осы кәсіпорнының табысы мен шығындары өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі.
Австриялық теоретик Ф.Визер балама мүмкіндіктер шығындарының субьективтік теориясының авторы. Осы тауардың нақты өндіріс шығындары, өндіріс ресурстарын басқаша пайдаланғанда өндірілген өнімдерден қоғамға түсетін барынша жоғары пацдалылыққа тең болады. Австриялық мектептің өкілдерінің маржиналистік көзқарастарын математикалық негізге көшірумен байланысты, шығындарды барынша төмендету теориялары пайда болды.
Шығындардың институционалистік теориясының көрнекті өкілдері Дж. К. Кларк және Джон А.Гобсон. Кларк қосымша шығындар мәселелерімен айналасқан және шығындардың әр қилы типтерін индивидуалдық, қоғамдық, абсолюттік, үстеме, қаржылық, өндірістік, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жан-жақты зерттеген. Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғым енгізді. Бұған еңбек амалының сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі және қоғамдағы еңбек бөлінісінің тиіділігі жатады.
Өндіріс шығындарының неоклассикалық концепциясы, оны өндіріс факторларына жұмсалатын шығындар сомасы дейді.
Соңғы жылдары неоинституционалистік трансакциондық шығындар теориясы пайда болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары жатады – тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін т.б.). Трансакциондық шығындар деген түсінікті американдық экономист Р.Коуз енгізді. К.Эрроу бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас дейді. Неоинституционалистер нарықтың функциясы трансакциондық шығындарды үнемдеу болып табылады дейді. Ал оның артықшылығына айырбас мүшелерінің әрқацсысының информация алуға жұмсалатын шығындардың барынша төмендеу тенденциясы жатады дейді.

1.2. Шығындардың түрлері.

Шетел әдебиетіндегі шығындарды күрделі топтастыру кездеседі. Оларға өндіріс көлемдерінің артуының әсеріне байланысты шығындар тұрақты және айнымалы болып бөлінеді
Тұрақты шығындар - өндіріс көлеміне байланыссыз шығындар. Оларға құрылыс және ғимараттарға амортизациялық аударымдар, ренталық төлемдер,әкімшілік басқару шығындары т.б.жатады. Бұндай шығындар тіпті кәсіпорын жұмысын тоқтатқанда да төленуі тиіс.
Айнымалы шығындар - өндіріліп жатқан өнім көлемі санына тәуелді шығындар. Олар шикізатқа, материалдарға, еңбекақыға және т.б. кететін шығындардан тұрады. Өндіріс көлемі өскен сайын олар өседі.
Шығындарды шартты түрде тұрақты және айнымалы бөлу талдау жасалып отырған кезеңде де байланысты болады. Ұзақ мерзімде барлық шығындар айнымалы болады, себебі ұзақ мерзімде барлық құрал-жабдықтар ауыстырылады.
Айнымалы және тұрақты шығындардың қосындысы жалпы шығындарды құрайды.
Өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын шығынды өлшеу үшін орташа жалпы, орташа тұрақты және орташа айнымалы шығындар қолданылады.
Орташа шығындар фирманың кірістерін анықтау үшін маңызды: егер баға орташа шығындарға тең болса,фирма пайда алмайды.
Егер баға орташа шығындарадан кем болса, онда фирма зиян шегеді және банкрот болады. Егер баға орташа шығындардан жоғары болса, фирма баға мен шығындар арасындағы айырма мөлшерінде пайда табады.
Орташа жалпы шығындар жалпы шығындарды өнім көлеміне бөлгендегі бөліндіге тең.
Орташа тұрақты шығындар, жалпы тұрақты шығындарды өнім көлеміне бөлгенге тең.
Орташа айнымалы шығындар жалпы айнымалы шығындарды өндірілген өнім санына бөлгенге тең.
Шығындарды бағалау әдісіне байланысты, олар бухгалтерлік және альтернативтік шығындарға бөлінеді.
Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі санын өндіру үшін жұмсалатын өндіріс факторларының сатып алу бағасы бойынша шығынды қарастырады. Бірақ, бірдей ресурстарды әр түрлі альтернативті мақсаттар үшін пайдалануға болады. Сондықтан жіберіп алған мүмкіндікдер шығыны немесе альтернативтік шығындар болады. Мысалы, кәсіпкер тоңазытқыш өндірісін ұйымдастыра отырып, автомобиль шығару мүмкіндігін және онымен байланысты пайдаларды босқа жіберіп алуы мүмкін.
Альтернативтік шығындар - ресурстарды пайдаланудың мүмкін болатын альтернативті әдістерінің ең тиімдісін қолданғанда алуға болатын ақша сомасы.
Құрал-саймандардың кіруіне байланысты шығындар сыртқы және ішкі шығындарға бөлінеді.
Сыртқы шығындар - фирманың шикізат, құрал-жабдық, транспорт, энергияны басқа жақтан, яғни кәсіпорын құрамына кірмейтін жабдықтаушылардан сатып алуға кеткен ақшалай шығындары.
Ішкі шығындар - өзі өндірген және дербес қолданылатын ресурсына төленбейтін шығындар. Мысалы, өсірген бидайдың бір бөлігін фирма өзінің егіс алқаптарына себуге пайдаланады. Бұл бидайды фирма өзінің ішкі мұқтаждықтарына жұмсайды және төлемейді.
Фирма шығаруға мүмкіндігі бар өнімнің максималдылығын анықтау мақсатында шеткі шығындар есептеледі.
Шеткі шығындар - берілген өнім көлеміне салыстырғанда өнімнің әрбір қосымша өнім бірлігін өндіруге кеткен қосымша шығындар.
Олар фирма стратегиясын анықтау үшін өте маңызды .Тұрақты шығындар өзгеріссіз болғандықтан, шеткі шығындар айнымалы шығындардың өсіміне тең.

2. Пайда теориясы.

2.1. Пайда және оның мәні, қайнар көзі, қызмет түсіндірмелерінің айырмашылықтары.

Пайда экономикалық теорияда ең күрделі және қарама-қайшы мәселелердің бірі болып табылады. Пайданың қайнар көзі және оның экономикадағы өсуі туралы сұрақтар пікір таласты тудырады. Орыс сөзі ''пайда''В.Дальдің ''түсіндірме сөздігінде'', ''өсім'', ''көбею'', яғни бастапқы жұмсалған капитал санына ''үстеме'' деп түсіндіріледі. Бұл үстеме тауар өндірілгенде емес, сонымен бірге сатылғанда да көрінеді. Сондықтан пайданы тікелей коммерциялық қызметтегі табыспен байланыстырады. Осыған байланысты заңды сұрақтар туындайды: пайда қандай ортада құрылады, кім оны өндіреді, ненің есебінен пайда болады.
Әр түрлі мектептер бұл сұрақтарға түрліше жауап береді.
Меркантелистер пайда айналыста пайда болады және оның қайнар көзі сыртқы сауда болып табылады деп есептеген.
А.Смит және Д.Рикардо пайданы өнімнен жұмысшы еңбегі үлесін алып тастағанға тең деп есептейді.
К. Маркс пайданы тек жалдамалы еңбекпен жасалған екінші, туынды және өзгертілген формадағы қосымша құн деп қарады.
Бұл категорияның анықтамасы қазіргі батыс экономистер бойынша түрлі варианттардың келісімді бірігуі болып табылады, оның ішінде негізгілері төмендегілер:
- пайда - бұл барлық өндіріс факторлардан алынған табыс, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Альфред Маршаллдың экономикалық оқуы
Рыноктық экономикадағы баға: қызметтері, түрлері, қалыптасу механизмі, баға теориясы
Жетілген бәсеке нарық теориясы
Кәсіпорын шығындарының есебі
Пайданы есептеу түрлері
Микроэкономика пәні, методологиясы, әдістері
Курно дуополиясының моделі
Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк
Кәсіпорынның құралдары мен машиналарын бағалаудың маңызы
Олигополияның үлгілері
Пәндер