Ақша нарығы жайлы



1. АҚША ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. НЕГІЗГІ АҚША АГРЕГАТТАРЫ. АҚША ЖИЫНЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. АҚША АЙНАЛЫСЫ ЗАҢЫ
1.1. Ақша айналысы заңы
1.2. Ақша агрегаттары
1.3. Ақша жиыны

2. АҚША ҰСЫНЫСЫНЫҢ ҮРДІСІ. ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ АҚША АЙНАЛЫСЫН БАСҚАРУЫ. ДЕПОЗИТТЕР. ОРТАЛЫҚ БАНК ЖӘНЕ АҚША БАЗАСЫ
2.1. Орталық банктің ақша айналысын басқаруы
2.2.Орталық банк және ақша базасы
2.3. Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша мультипликаторы
2.4. Коммерциялық банктердің ақша жасаудағы рөлі

3. АҚША СҰРАНЫСЫ, ҚАСИЕТТЕРІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚШАҒА СҰРАНЫС ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1. Ақша сұранысы: теория
3.2.Келісімдер жөніндегі сұраныс
3.3. Ақша сұранысының икемділігі
3.4. Монетарлық жиынтық құрауыштары
3.5. Ақша қаржы жаңалығы
Ақша дегеніміз - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісівде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "жеке адам езінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нетижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғаңца, ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас үрдісіңце ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну қүны түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарама-қарсы ақша тұрады.
Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну құны мен құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткені, егерде тауар сатылса, оның ұүтыну құнының біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік туады.
1. Сейiтқасымов Ө.С. Ақша, несие, банктер.– А., Экономика, 2001.– 466 б.
2. Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары.– А., Экономика, 2000. – 328 бет.
3. Линвид Т.Г. Макроэкономическая теория и переходная экономика.– М., ИНФРА-М, 1996.– С.560
4. Экономикалық теория негiздерi Оқулық.– А., Санат, 1998.–455 бет.
5. Гальперин В.М. Макроэкономика.– С.-Пб., Экономика и финансы, 1997.–С.710
6. Жуков Е.Ф. Общая теория денег и кредита.– М., Банки и биржи ЮНИТИ, 1998.–С.359
7. Мэнкью Н.Г. Макроэкономика.– М., МГУ, 1994.–С736
8. Агапов Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика.– М., Дело и сервис, 1999.–С.416

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
АҚША НАРЫҒЫ
1. АҚША ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. НЕГІЗГІ АҚША АГРЕГАТТАРЫ. АҚША ЖИЫНЫ ТУРАЛЫ
ТҮСІНІК. АҚША АЙНАЛЫСЫ ЗАҢЫ
1.1. Ақша айналысы заңы
1.2. Ақша агрегаттары
1.3. Ақша жиыны

2. АҚША ҰСЫНЫСЫНЫҢ ҮРДІСІ. ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ АҚША АЙНАЛЫСЫН БАСҚАРУЫ.
ДЕПОЗИТТЕР. ОРТАЛЫҚ БАНК ЖӘНЕ АҚША БАЗАСЫ
2.1. Орталық банктің ақша айналысын басқаруы
2.2.Орталық банк және ақша базасы
2.3. Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша мультипликаторы
2.4. Коммерциялық банктердің ақша жасаудағы рөлі

3. АҚША СҰРАНЫСЫ, ҚАСИЕТТЕРІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚШАҒА СҰРАНЫС ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1. Ақша сұранысы: теория
3.2.Келісімдер жөніндегі сұраныс
3.3. Ақша сұранысының икемділігі
3.4. Монетарлық жиынтық құрауыштары
3.5. Ақша қаржы жаңалығы

АҚША НАРЫҒЫ

1. АҚША ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. НЕГІЗГІ АҚША АГРЕГАТТАРЫ. АҚША ЖИЫНЫ ТУРАЛЫ
ТҮСІНІК. АҚША АЙНАЛЫСЫ ЗАҢЫ

Ақша дегеніміз - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі,
құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар.
Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісівде басқа тауарлардан
бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ
балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады.
Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "жеке адам езінің қоғамдық билігін де,
қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен
сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық
еңбектің нетижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар
айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі
айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де
ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы
ретінде алғаңца, ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас үрдісіңце ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі
қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл
тауарлар тұтыну қүны түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал
екінші жағында бүкіл тауарларға қарама-қарсы ақша тұрады.
Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну
құны мен құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын
шешуге жол салады. Өйткені, егерде тауар сатылса, оның ұүтыну құнының
біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші
жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша
түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен
ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын
алуға мүмкіндік туады.

1.1. Ақша айналысы заңы
Ақша айналысы заңы — құн заңының айналыс аясындағы керінісі. Ол тауар
— ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы
ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі, Тауар
айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға: біріншіден,
бір кезенде, айталық бір жылда сатылуға тиіс тауарлар бағасының
қосындысына, екіншіден ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді.
Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:

Ақша айналысы заңының мәні — ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы
үшін қажетгі ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының көбейтіндісін
бір аттас ақша өлшемінің айналым санына (айналым жылдам-дығы) бөлгенге
теңесуі керек.
Ақша тек айналыс құралы ғака емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін
де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан
тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бір-сыпырасы
қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен
міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп, несиенің даму
дөрежесі ақша мелшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым көп белігі
несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа,
айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың
тұрақты ақша қорын құрайды.
Экономикада сатылған тауарлар бағасынан айналыста олдеқайда кем ақша
жиыны жүруінің себебі толемеушілік проблемасының болуынан. Ол кезде Ү
мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстанда және басқа да директивалы
экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған
кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік проблемасы жай ақша жиынын ұлғайтумен
шешілді дегенді көрсетпейді. Өйткені төлемеушіліктің көптеген себегттері
бар: төлем төртібінің босаңцығы, төлемеушіліктің тізбегінде әлуетті
күйреушілердің болуы, күйреушіліктің тиімді тәжірибесінің болмауы, жеке
меншіктендіру үрдісінің аяқталмауы, төлем құраддарының дамымауы және т.б.
Сөйтіп, айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына
әсер ететін көптеген факторларға: айналыстағы тауар мелшеріне, тауарлар мен
қызмет бағасының деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді. Айналысқа қажетті
ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгереді. Ал
ақша айналысына әсер ететін жағдайлар мыналар:
— несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса,
айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
— қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
— ақша айналысы санының өсуі.
Айналысқа ақша екі түрде шығарылады, эмиссияланады: қолма-қол ақша,
яғни айналымдағы банкноттар және ұсақ тиындар; банктік айналымдағы ақша
түрі, яғни банктегі шотгарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде
ақшаның бірінші түрін, яғни қолма-қол ақшаны монополиялы құқықпен орталық
банк эмиссиялайды да, қолма-қол емес ақша белгілерін коммер-циялық банктер
жүйесі шығарады. Ақшаның екі түрі бірімен-бірі тығыз байланыста жүреді.
Егер банк клиенті — шоттағы ақшаның иесі өз қаражатын қолма-қол ақша
түрінде алса, онда банктік айналымдағы ақша белгілері нақты қолма-қол
банкнотқа айналады. Керісінше, клиенттің шотқа жазу арқылы банкке ақша
сомасын салуы қолма-қол ақшаның банктік айналымдағы ақша түріне айналуын
көрсетеді.
Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір түрінің екіншісіне
ауысуы жалпы ақша жиыны құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақша жиыны
ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында және
белгілі бір күнге ақша айналымындағы сандық өзгерістерді таддау үшін, сол
сияқты ақша жиынының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар
жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер (ақша агрегаттары) қодданылады.

1.2. Ақша агрегаттары
Өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшін
негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығын пайдаланады:
М1 — айналыстағы қолма-қол ақша (банкнотгар, тиындар, ал кейбір
мемлекетгерде қазыналық билеттер) және банктік ағымдағы шоттардағы қаражат
(депозиттер) жатады;
М2 — оған Мі агрегаты және мерзімді 4 жылға дейінгі коммерциялық
банктердегі мерзімді және жинақ салымдары кіреді;
М3 - оған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ
салымдары кіреді;
L — оган Мз агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік
сертификатгары қосылады.
Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты озінен алдыңғылардың
барлық элементтерін өзіне біріктіріп үлкен ақша жиынын құрайды. Бірақ оның
алдыңғыға қарағанда өтімділігі төмен.

1.3. Ақша жиыны
Ақша жиыны нақты әр мемлекетгің езіне тән ақша-несие жүйесімен
анықталады. Мысалы, АҚШ-та ақша жиынын анықтау үшін - төрт, Швейцария мен
Германияда - үш, Ұлыбританияда - бес, Францияда - екі ақша агрегаты
қолданылады.
Қазақстан Республикасының ақша жиынының құрылымына төмендегі ақша
агрегатгары кіреді:
М1 — айналыстағы қолма-қол ақша;
М2 — құрамына М, агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есепшотгары
мен басқа депозитгерінің, занды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының
ұзақ мерзімді несиелеу және қаржыландыру қорлары шотының, чектік және
аккредитивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар
шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалардың талап етіп алатын
салымдарын біріктіреді.
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы
құралдарының дамуына байланысты өзгереді.
Ақша жиыны бірнеше жолмен өсуі мүмкін:
- банкноттар мен тиындарды эмиссиялау есебінен;
- Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуымен;
- мемлекеттік бюджеттің кемшілігін жабу үшін Орталық банктің
үкіметке несие беруімен;
- Орталық банктің асыл металдарды, шетел валютасын және мемлекеттік
бағалы қағаздарды сатып алуымен;
- чек шығаруымен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде
қарыз беруімен (депозитгер негізінде несие ақшаларын шығару).
Ақша жиыны көлемінің өзгеруіне айналыстағы ақша жиынының
өзгермелігімен қатар, оның айналым жылдамдығы да әсер етеді. Ақшаның
айналым жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға: экономиканың циклмен
өркендеуіне, экономикалық дамудың қарқынына, бағаның өзгеруіне, сонымен
бірге таза монетарлық факторларға, яғни телем айналымының құрылымына,
несиелік операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы
пайыз деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді.
Ақша жиыны айналымының баяулауы — ұлтгық жиынтық өнімді орналастыру
коэффициентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының
жылдамдығы артса, ол жоғары жағдаяттың (конъюнктура) барлығы және ақша
қаражатын жүмсаудың шапшандығын көрсетеді. Ақша айналысы жылдамдығы
айналыстағы ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша неғұрлым
көп айналыс жасаса, соғұрлым қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды.

Ақша айналысының баяулауы шаруашылық субъектілерінің ақша қорын
жинауга ұмтылысын және ақша жиынының құрылымыңца банктердегі ұзақ мерзімді
салымдардың ұлғаюын корсетеді. Айта кететін жайт, "ақша айналысының
жылдамдығы" жөне "төлемдердің жүру жылдамдығы" деген ұғымдардың бір-бірінен
ерекшелігі бар. Соңғысы, сөзсіз, шапшаң болуы қажет. Оны шапшаңдататын
факторларға: өзара есеп айырысу жүйесін дамыту, банк ісіне электронды
есептегіш техниканы және электронды ақша жүйесін енгізу жатады.

2. АҚША ҰСЫНЫСЫНЫҢ ҮРДІСІ. ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ АҚША АЙНАЛЫСЫН БАСҚАРУЫ.
ДЕПОЗИТТЕР. ОРТАЛЫҚ БАНК ЖӘНЕ АҚША БАЗАСЫ
Басқа да нарық секідді, ақша нарығында да ақшаға сүраныс пен ұсыныс
болады. Ұсыныс — ақша жиынының айналымы, яғни берілген мезетге мемлекетгегі
төлем құралы айналымының жиынтығы.
2.1. Орталық банктің ақша айналысын басқаруы
Ұлттық банк — заңды төлем құралын, яғни банкноттарды шығаруға
эмиссиялық құқығы бар жалғыз мемлекеггік орган. Олар Ұлттық банктің
эмиссиялауымен шығарылады және банктерге сатып, қолма-қол емес балама алу
түрінде болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі — т е ң г е
болып табылады.
Ұлттық банк банкноттар мен тиындардың қажетті мелшерін анықтайды,
олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақтау, жою жөне қолма-қол ақшаны
жинақтау тәртібін орнатады.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен тиындардың атаулы
құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноттар мен тиындардың
сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасы Парламентінің
құқығы бар. Ұлтгық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін
анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің
ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
Қолма-қол ақшаның айналымы олардың банк кассасына үздіксіз оралып
отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында ақша банкноттарын өндіру және коммерциялық
банктерге ақша жинақтауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен
байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен
салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы
қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен
қатар операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.
Эмиссия — мемлекет тарапынан банкноттардың, тиындардың, бағалы
қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қол ақшасыз
түрінде де болуы мүмкін.
Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия — айналысқа банкноттар мен тиындардың
қосымша шығарылуын сипаттайды.
Депозиттер қалай жасалады. Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік
қарыздық операциялар үрдісінде іске асады. Банктегі депозиттер сомасы несие
ақшаны құру үшін қажет әлуетін жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы
немесе қарыз беру арқылы жүмыддырған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл
операциялардың сызбасы келесідей: мысалы, Дрезднер банкіне 10000 маркалы
салым келіп түсті делік. Соңда бұл банктің активтері (резервтер) мен
пассивтері (депозиттер) 10000 маркаға өседі (а сызбасы). Біздің мысалымызда
резервтер талабының көлемі 10%. Осы жағдайда банк қолма-қол ақша немесе чек
түрінде 9000 марка көлемінде несие береді (ә сызбасы). Қарыз алған кісі оны
басқа банкке салады (б сызбасы). Қарыз берген бірінші банкке депозиттерді
10000 маркаға жеткізу үшін 100 маркалы резерв жетеді. Банктердің қызметі
нәтижесіңде 9000 маркалық жаңа ақша пайда бодды. Екінші банк салы-мындағы
9000 маркадан 900-ін қалдырып, 8100 марканы қарызға береді. Сонымен жалпы
сома енді 7290 марка болады. Алғашқы салым 10000 маркаға тең еді. Бұл үрдіс
төмендегі суретте көрсетілген.

2.2.Орталық банк және ақша базасы
Ақша базасы - Ұлттық банк шығаратын ақша. Оған айналымдағы қолма-қол
ақша, міндетті және артық резервтер жатады.
Міндетші резервтер — бекітілген нормативке сәйкес Ұлттық банктегі
арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуға міндетті банк
депозиттерінің бөлігі (бұл Ұлттық банктің келісімі бойынша тек қана қаржы-
лық тұрақты банктер қолданатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады).
Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлтгық банктегі корреспонденттік
шотта қаражатының барлығына байланысты болғандықтан, Ұлтгық банк ақша
базасының мөлшерін, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі
корреспонденттік шоттағы қаражатының көлемін, яғни банктер өнімділігін
реттеу арқылы реттейді.
Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл
құралдар ақша базасының кеңею шегін көрсететін және ақша жиынының, ақша
базасы арқылы есептелетін ақша мультипликаторының мөлшеріне өсер етеді.

2.3. Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша мультипликаторы
Ақша ұсынысы (М5) екі қосыңдыдан тұрады:
1) Банк жүйесінен тыс қолда бар ақша (С);
2) Экономикалық агентгер қажет кезде мәміле жасау үшін қолданатын
депозитгер (О). (Дәлірек айтқавда бұл М, агрегаты).

Қазіргі замандағы банк жүйесі - жеке резервті жабумен байланысты жүйе.
Банк депозиттерінің бір бөлігін ғана резерв түрінде сақтайды, ал қалған
бөлігін қарыз беру үшін және актив операциялар үшін пайдаланады. Басқа
қаржылық институттармен салыстырғанда, банктің ақша ұсынысын өсіру
мүмкіндігі бар.
Несие мультипликаторы — коммерциялық банктер жүйесі шеңберіндегі төлем
құраддарының эмиссиялық үрдісі.
Қосымша ақша ұсынысының жалпы түрі жаңа депозит пайда болуының
нәтижесінде туындайды.

Мұндағы гг — банк резервінің нормасы. О — алғашқы салым.
1 банк мультипликаторы немесе депозит-гг тік
мультипликатор.
Ақша ұсынысының жалпы үлгісі Орталық банк рөлін ескере отырып жасалады
және банк жүйесіндегі депозиттік ақшаның бір бөлігінің қолма-қол ақшаға
ауысуы.
Ақша базасы — Орталық банкте сақталатын коммерциялық банктердің
резервтері мен банк жүйесінен тыс қолма-қол ақша.

Мұндағы МВ — ақша базасы. С — қолма-қол ақша. К. — резерв.

Мұндағы Мs — ақша ұсынысы. С — қолма-қол ақша.D — депозиггер.
Ақша мультипликаторы (т) — ақша ұсынысының ақша базасына қатынасы:

Ақша мультипликаторын қолма-қол ақша депозиттерінің (сг) депозит
коэффициенттеріне және резерв депозитіне (гг) қатынасы түрінде анықтауға
болады.

Бөлшектің алымын да, бөлімін де D-ға бөлеміз.

сr мәні халықтың іс-әрекеті арқылы анықталады. Қандай пропорцияда
қолма-қол ақша жөне депозиттің тұруына байланысты болады.
rr мәні Орталық банк тағайындаған міндетті резерв нормасынан және
коммерциялық банктердің артық резервтеріне тәуелді. Ақша ұсынысын
төмендегідей жазуға болады.

Сонымен, ақша ұсынысы ақша базасы және ақша мультипликаторы
көлемдеріне тәуедді.
Ақша мультипликаторы — ақша базасы бір бірлікке өскенде, ақша
ұсынысының қалай өзгеретіндігін көрсетеді.
Ақша мультипликаторының мөлшері міндетгі резервтеу нормасына
байланысты, өйткені мівдетті резерв банктер мен несие ресурстарының көзі
ретінде пайдаланылмайды, сонымен қатар айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес
салмағына байланысты болады.
Бұл айналымдағы қолма-қол ақшаның банктерден тыс орналасқан бөлігінің
мультигошкацияланбауына байланысты. Ақша мультипликаторының қарқындылығы
олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді, мультипликатордың
коэффициенттік жылдамдығы азаяды.
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық банк арқылы тікелей
реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-
несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақша айналысы
жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді
инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана жалпы эко-
номиканың тұрақтылығы және ұлттык валютаға деген сенім болғанда ғана
мүмкін, керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген
сенімнің көрсеткіші болып, акдпа жиынындағы қолма-қол ақша үлесінің
өсуімен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық
субъекгілерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударуымен бірге
жүреді.
Ақша айналысының жылдамдығы экономиканың монетарлық деңгейіне
байланысты болады, ол ақша жиынының жалпы ішкі өнімге қатынасымен
анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетарлық деңгейі
жоғарылайды.
Монетарлық деңгей 1989 жылы Францияда 68,5%, Германияда - 64,5%,
Ұлыбританияда - 89,1%, АҚШ-та -77,5%, Жапонияда — 11,6% бодды. Қазақстанда
1995 жылы монетарландыру деңгейі 12%-ға жуық бодды, бұл әрине жеткіліксіз.
Ақша базасы төмендегі кестеде көлтірілген.

2.4. Коммерциялық банктердің ақша жасаудағы рөлі
Уақытша бос ақша қаражаттарын жасау — коммерциялық банктердің алғашқы
дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капитал мен
тартылған қаражаттан түрады. Меншікті капитал — банктің несиелік
ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, б-рақ ол оның барлық
ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда
қаржылық ресурстар құрамында меншікті капитаддың деңгейі төмен болуы
мынандай жағдайлармен түсіндіріледі — б-ріншіден, банк қаржылық нарықта
қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың
уақытша бос қаражат сомасын депозит түрінде жинақтайды, оларды тиімді
басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық
негізде қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік
сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қаупін
төмендетеді. Үшіншіден, банктерде таратылатын депозиттер басқа
кәсіпорындардың материаддық объектілерінде орналастырған активтеріне
қарағавда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер
коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара
қатынасында ез міндеттерін жүзеге асыруға және дүрыс қызмет етуіне
мүмкіндік береді. Ең аддымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін
қажет. Сонымен қатар кеңсені, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу,
сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңцерінде шығындарды
төлеу үшін кажет. Меншікті капитал — банктің қорғаныс кепілдік коры. Осы
сипаттағы меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады,
банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін
банктік қаражаттар құрылымында оның рөлі өте жоғары.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінен активтік операцияларын
жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан көп бөлігін пайдаланады,
сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын
жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер
қүрайды. Депозит пен банк клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа да
мерзімді және мерзімсіз салы.едарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің
ақшалай қаражатгарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында
орналастыру жұмыстары депозитшік операциялар деп аталады. Осылардың
негізінде коммерциялық банк несиелік ресурстарының негізгі болігі құралады.
Соңғы уақыттарға дейін республикамызда депозиттерді басқару,
жинақталатын несиелік ресурстардың мөлшері мен езіндік ерекшелігіне
байланысты қарыз беруді қамтамасыз ету міндеттері жолға қойылған жоқ
болатын. Қарыздық салымдар мен қарыздық қордың баланстары Қазақстанның
Мемлекеттік банкінің бөлімшелерінде қүрастырылған, қарыздық қор өз
кезегінде Қазақстанның Мемлекеттік банкінің өзінде орталықтандырылған
тәртіппен қалыптастырылған жоне ол республикалық кеңселер бойынша несиелік
жоспар негізінде бөлінген, ал республикалық — облыстық әкімшілік кеңселер
бойынша, облыстық белімшелер аудандық кеңселер бойынша бөлінген, сонымен
қатар, мемлекеттік банктің төменгі мекемелері пассивтік операциялармен
айналыспаған. Осы себептерге байланысты елде банктің депозиттік саясаты аз
зерттелген. Депозиттік саясат теориясының шетел тәжірибесіне назар
аударамыз. Жеке түлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке
кәсіпорындар, коммерциялық емес үйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік
кәсіпорындар, жергілікті билік органдары қаражаттарын коммерциялық
банктерге зор ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі.
Біріншіден, банктер салымның үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді,
екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытга қаитаруды талап етш
қана қоймай, одан асатын шамада қарыз ала алады, үшіншіден, бұл салымдар
табыс әкеледі.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
■ банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасау
қажет;
■ депозиттік операциялар әрекет етуі керек;
■ банк балансының жедеддік өнімділігін демеу мақсатында икемді
депозиттік саясат жүргізілуі керек;
■ банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демек отыратын
мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру үрдісівде ерекше
назар аударылуы қажет;
■ депозиттік операциялар мен қарыз беру бойынша операциялардың
арасында мерзімін және сомалар бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты
қамтамасыз ету қажет;
■ депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға
шаралар колдану қажет.

3. АҚША СҰРАНЫСЫ, ҚАСИЕТТЕРІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚШАҒА СҰРАНЫС ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1. Ақша сұранысы: теория
Ақша — төлем немесе халықаралық айырбас құралы.
Ақша сұранысын талқылағанда біз оны нақты баланстарға сұраныс
тұрғысынан қарастырамыз. Бұдан мынадай тұжырымдар шығады: ақша
сұранысы жеке адамдардың иемденетін ақшаларының сатып алу қабілетіне
байланысты:
1. Нақты ақша сұранысы баға деңгейі өскен кезде өзгеріссіз болады.
2. Атаулы ақша сұранысы баға деңгейімен бірдей артады. Онда
жоғарыдағыдай өзгерістер болмайды.
Өзгерістер байқалмаған жағдайды төмендегіше айтамыз. Егер баға
деңгейіндегі өзгерістер жалпы басқа өзгерістерді тұрақтандырса, жеке адам
"ақша сұранысына" ие болмайды. Бұған керісінше, жеке адам баға деңгейінің
өзгеруіне орай әрекет еткенімен, барлық нақты өзгерістер сол күйінде қалады
да, ол бәрібір ақша салымынан зиян шегеді.
Жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, ақша сұранысының нақты баланс
сұранысымен бірдей екенін, ондағы өзгерістер баға деңгейіне пропорционалды
болатынын көреміз.
Теориялық тұрғьщан алғанда, ақша сұранысы қызметі өзекті мәселенің
бірі болып келеді. Ол нақты табыс өскенде артуы тиіс, ал атаулы пайыз
мөлшерлемесі өскенде ол қысқаруы тиіс.
Ақша сұранысын айқындайтын негізгі үш себеп бар. Табыстағы езгерістер
мен пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістердің ақша сұранысына әсерін көруге
болады.
Сөйтіп, төмендегі үш теория Кейнстің ақша ұстаудағы үш теориясымен
сабақтас келеді:
— Келісімдер мотиві, мүнда ақша сұранысы әрдайым төлем ретінде
қолданылады;
— Сақтық аргументі: ақша сүранысы күтпеген кездейсоқтыққа тап
болады;
— Жалдаптық дәлел: жеке адамдар қолындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты
Нарық механизмі
Нарықтық экономиканың теориялары
Қазақстан Республикасы қаржы нарығын талдау
Нарық, оның қызметтері және қызмет ету қағидалары
Инвестициялық бағалы қағаздар нарығы
Әлемдік қаржы нарығы туралы
Нарықтың әлеуметтік-экономикалық мазмұны туралы ақпарат
Халықаралық сауда мен әлемдік нарықтың экономиқалық мәні
Нарық түсінігі, экономикалық мәні
Пәндер