Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу



КІРІСПЕ
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
1.1 Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің әдістері мен формалары
1.2Мемлекеттік инвестициялық саясат және оның құралдары.
1.3 Мемлекеттік инвестициялық саясат басымдықтары, модельдері, мемлекеттің инвестициялық стратегиясы
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙ
2.1 ҚР.ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері.
2.2 Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуын талдау
2.2 Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуын талдау
2.3 Инвестициялық саясатты жүзеге асырудың ұйымдастырушылық негіздері
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ СЕКТОРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ЫНТАЛАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Инвестициялық үдерісті құқықтық реттеу жағдайын талдау
3.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде жеке секторға инвестиция басым сипатқа ие. Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Инвестициялық қатынастар әлемдік экономикада қашанда шешуші рөл атқарады. 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру бағытында көптеген шаралар іске асуда. Бүгінгі күні Қазақстан экономикасы тұрақты даму үстінде.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткен күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену мақсатындағы стратегиялық шаралары мен “кластерлік бастамасын” жүзеге асыруы үшін елге капитал ағынын әкелу тәсілдерінің біріне оның инвестициялық саясаты жатады.
Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік шаруашылықтың толық қанды мүшесі болып табылады. Республикамыздың экономикасының дамуы экономикалық ортада инвестициялық бағытты құруды талап етті. Инвестицияның құйылуы өндірістің масштабының кеңеюіне және сонымен қатар экономиканың әлеуметтік экономикалық дамуының сапалы, жаңа деңгейге шығуын қамтамасыз етеді. Экономикадағы жаңалықтар мен өсулер инвестицияның көлемімен, құрылымымен және олардың жүзеге асырылу сапалары мен қарқынымен анықталынады. Сонымен қатар, инвестициялық жинақтаулар мен олардың материалдық ресурстарынсыз инвестицияда ешқандай оң нәтижелер болмайды.
Инвестициясыз ішкі және сыртқы рыноктардағы тауар өндірушілердің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету, қазіргі кездегі капитал жұмсалымдарының болулары мүмкін емес. Рыноктік инфрақұрылымдардың және әлемдік тауар өндірушілердің құрылымдық және сапалық өзгертулерінің процесстері инвестициялаудың есебімен және жолымен жүзеге асырылады. Инвестициялау экономикалық өсуді, аймақтың әлеуметтік жағдайын, халықтың жұмыспен қамтылуын және сонымен қатар елдің экономикасының дамуын анықтайды [1].
1 Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы “ Жаңа онжыл-дық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты жолдауы.
2 ҚР-ң 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. “Елорда”, Астана – 2002ж.
3 Қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жылғы “ Болашақтың іргесін бірге қалаймыз ” атты жолдауы.
4 Алибекова К.Ж. ҚР инвестициялық саясаты – экономикалық өсудің негізі // ҚазЭУ хабаршысы – 2007, №3-50-55б.
5 Иманбекова Б. Қоғамдағы инвестициялық саясат // Ізденіс. Гуманитар-лық ғылымдар теориясы, 2005. №3-72-77б.
6 Байшоланова Қ.С. Қазақстан экономикасындағы инвестициялық саясат барысы. // ҚазҰУ хабаршысы, №2, 2008ж.
7 Инвестиция-Қазақстан экономикасының бәсекелестік деңгейін жетілдіре-тін негізгі фактор // Материалы Международной научно-практической конфе-ренции. «Инновационное развитие и интеграция Казахстанской экономики в условиях глобализации», Алматы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 2008, Б. 124-128.
8 Жеңісбек А. Әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында инвестициялық саясатты жетілдіру бағыттары. Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2009.Т2-84-87б.
9 Мендиханова Э. Инвестиционная политика РК. Актуальные проблемы современных международных отношений и международного права материалы научно-теоритический конференций проведенной в рамках І международного конгресса молодых ученых и студентов “Мир науки” (18-19 апрель 2007 год)-Алматы: Қазақ университеті 2007-16-18с.
10 Тапенова Г.С. Әлемдік дағдарыс жағдайындағы Қазақстан Республика-сындағы инвестициялық стратегияның басты мәселелері мен оларды шешу жолдары. // Наука и ее роль в современном мире: материалы международного научно-практический конференций. 29 январь 2010 г. Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2010ж.
11 Ахтанов Ш.К., Қасымова Н.Ш., Ахтанова Н.Ш. ҚР шетел тәжірибесі не-гізінде инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары // Наука и ее роль в современном мире: материалы международного научно-практический конференций. 29 январь 2010 г. Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2010-5т.101-106б.
12 Мороз М. «Қазіргі кездегі инвестициялар жағдайы». // Қазақстан жоғар-ғы мектебі, 2007ж. №1.16-19б.
13 Андреева Ж.М. Совершенствование механизма государственного регу-лирования инвестиций в экономической деятельности Республики Казахстан. Туркестан, 2008. Автореферат.
14 Избасаров. Принципы привлечения и использования прямых иностран-ных инвестиций // ҚазҰУ хабаршысы, №6, 2008ж.
15 Әлемдік инвестициялардың қалыптасу көздері және капиталдың халы-қаралық қозғалысы // Халықаралық бизнес университеті (Хабаршы ғылыми журналы. – Алматы, 2008. – № 1. 37–40 бб.
16 Омарбаева А.К. Ұлттық экономиканың жаһандануы жағдайындағы кәсіпкерлік және ссудалық капиталдың халықаралық мобильділігі: теориясы, әлемдік тәжірибесі және реттеу проблемалары. Алматы, 2010 жыл. Автореферат.
17 Наметша А.С. Инвестиционная активность США в мировой экономике. Материалы международной научно-практической конференции молодых ученых “Современные научные труды молодых ученых” – Астана. Евразийский нацональный университет им. Л.Гумилева, 2005г.
18 Омарбаева А.К. Дүниежүзілік шаруашылықта инвестициялық процес-тердің қазіргі заманға сай даму тенденциялары және капиталдың халықаралық мобильділігінің теориялық негізі // Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің хабаршысы (Хабаршы ғылыми журналы). – Алматы, 2008. № 1(65) – 71-76 б.
19 Андрианов В.Д. Роль государств в создании динамичной модели устой-чивого развития в Южной Корее – М.1996. – 6-28 с.
20 Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңы. 08.01.2003 жыл және 2005, 2006 жылдардағы енгізілген өзгертулермен.
21 Қазақстан Республикасының Президентінің 2000 жылдың 6 наурызын-дағы №349 жарлығы «Экономиканың басты салаларына инвестициялық іс-әрекетті асырушы инвесторлар мен келісім-шарт жасауда жеңілдікпен преференциялар беру тәртібі».
22 Пралиева С.Ж. ҚР инвестициялық қызметтің қалыптасуы мен дамуы: ерекшеліктері және мәселелері. Алматы, 2008. Кандидаттық диссертация, Тұран университеті.
23 Калдияров Д.А. Инвестиционный процесс и перспективы привлечения иностранных инвестиций в Казахстан. // Транзитная экономика, №2, 2010г.
24 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» атты жолдауы, 1997 ж.
25 Манабаева И.Т. ҚР-ң экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар-ды тартудың қазіргі жағдайы. // ҚазҰУ хабаршысы, №1, 2009ж.
26 Епбаева А.Т. Анализ инвестиционной деятельности в РК. Алматы: 2005-28с. Автореферат.
27 Инвестиция иірімі.// Дала мен қала, № 46 (375), 2010 жыл.
28 Адилова Ш.Ж. Иностранные инвестиций: динамика вливания в эконо-мику Казахстана. // Аль-Пари, №2, 2010г.
29 Түзубекова М.Қ. ҚР инвестициялық үдерісті жетілдіру (Қарағанды облысы мысалында). Астана, 2008. Кандидаттық диссертация, Қазақ гуманитарлық-заң университеті.
30 Вопросы улучшения инвестиционного климата РК // Высшая школа Казахстана.- 2005. - №1. – С.244-247.
31 Төлеулиева Қ.Б. Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы инвестиция-лық саясаты . Актуальные проблемы современных международных отношений и международного права материалы научно-теоритический конференций проведенной в рамках І международного конгресса молодых ученых и студентов “Мир науки” (18-19 апрель 2007 год)-Алматы: Қазақ университеті 2007-77-79 б.
32 Инвестициялық қызмет. Қазақстан Республикасының Статистика жө-ніндегі агенттігі – Алматы, 2005-2010 жж.қаңтар.www.stat.kz.
33 Мәлімбетов А. «Инвестициялық ахуалды жетілдіру».// Егемен Қазақс-тан, 2003ж.6 маусым.3б.
34 Жұмашова М. Инвестициялық саясат талқыланды. // Нұр-Астана, 11 қа-
раша 2010 жыл.(№44)-2б.
35 Изекенова А.Қ. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы инвести-циялық ынтымақтастық. // Аль-Пари, №3, 2009ж.
36 Жаркынбаева А. Привлечение иностранных инвестиций в экономику Казахстана: современное состояние и перспективы. // Аль-Пари, №3-4, 2006г.
37 Файзуллина С.А. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жүйесіндегі инвестициялық әлеуетті оңтайландыру тетігі (Қазақстан Республикасы материалдары негізінде). Алматы, 2009. Автореферат.
38 Сулейменов Д. Вопросы регулирования инвестиционного процесса. // Транзитная экономика, №6, 2004г.
39 Түлеубаева М.К. ҚР-ғы инвестициялық іс-әрекетті мемлекетпен реттеу. // ҚазҰУ хабаршысы, №6, 2003ж.
40 Ложникова А.В. Инвестиционные механизмы в реальной экономике. – М., 2001.
41 “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
42 2007-2010 жж. ішіндегі ҚР-ң төлем балансы мен сыртқы қарызы. ҚР Ұлттық Банкі.
43 Асилова А. С. «Инвестициялық қызметті несиелеу және қаржыландыру» Алматы қаласы. 2009 жыл.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде
жеке секторға инвестиция басым сипатқа ие. Инвестиция - Қазақстан
экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин.
Инвестициялық қатынастар әлемдік экономикада қашанда шешуші рөл атқарады.
2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриялық-
инновациялық стратегиясын жүзеге асыру бағытында көптеген шаралар іске
асуда. Бүгінгі күні Қазақстан экономикасы тұрақты даму үстінде.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының
бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі
резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткен күннен бастап экономикалық жағдайды
тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және
инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену
мақсатындағы стратегиялық шаралары мен “кластерлік бастамасын” жүзеге
асыруы үшін елге капитал ағынын әкелу тәсілдерінің біріне оның
инвестициялық саясаты жатады.

Қазіргі  таңда  Қазақстан  әлемдік шаруашылықтың толық қанды мүшесі
болып табылады.  Республикамыздың   экономикасының  дамуы экономикалық
ортада инвестициялық бағытты құруды талап етті.  Инвестицияның  құйылуы
өндірістің масштабының кеңеюіне және сонымен қатар  экономиканың 
әлеуметтік экономикалық дамуының сапалы, жаңа деңгейге шығуын қамтамасыз
етеді. Экономикадағы жаңалықтар мен өсулер  инвестицияның  көлемімен,
құрылымымен және олардың жүзеге асырылу сапалары мен қарқынымен
анықталынады. Сонымен қатар, инвестициялық жинақтаулар мен олардың
материалдық ресурстарынсыз  инвестицияда  ешқандай оң нәтижелер болмайды.

Инвестициясыз ішкі және сыртқы рыноктардағы тауар өндірушілердің бәсеке
қабілеттілігін қамтамасыз ету,  қазіргі  кездегі капитал жұмсалымдарының
болулары мүмкін емес. Рыноктік инфрақұрылымдардың және әлемдік тауар
өндірушілердің құрылымдық және сапалық өзгертулерінің процесстері
инвестициялаудың есебімен және жолымен жүзеге асырылады. Инвестициялау
экономикалық өсуді, аймақтың әлеуметтік жағдайын, халықтың жұмыспен
қамтылуын және сонымен қатар елдің  экономикасының  дамуын анықтайды [1].

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс
әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып,
еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр.
Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры
болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп,
сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының
көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп
халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде
жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп,
әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз
керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне
экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды
ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі
құрамдас бөлікке жіктеуге болады.

Сөйтіп, инвестициялар - Қазақстан экономикасының қозғаушы күші екенін
ұғынуымыз керек.

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы
қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысындағы Қазақстан – 2030
барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының
артуы Жолдауында шетел инвестициясына тоқталды.

Қазақстанда инвестициялық саясат сұрақтарына Республиканың мемлекеттік
егемендігін алғаннан бері көп көңіл бөлініп келеді.
Соңғы жылдары Казақстанда макроэкономикалық жэне саяси түрақтылыққа қол
жетті, ол Казақстандағы инвестициялық климатты айтарлықтай жақсартты.

Инвестициялық саясат туралы өз еңбектерінде қарастырған көптеген
экономистерді атап өтуге болады бұл мәселенің зерттелуіне П.Массе,
Дж.Кейнс, Л.Дж.Гитман, М.Д. Джонк, Ю.А. Матькин, В.Д. Миловидов,
В.Д.Никифорова, П.Хейне, П.Н.Завлин, А.В.Васильев, А.И. Кноль, В.В.
Бочаров, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде зерттеп кеткен. Ал Қазақстандық
ғалымдардың ішінде М.Т. Оспанова, Т.И. Мухамбетова, Н.К. Нурланова, Г.С.
Тапенова, М. Жұмашова, Қ.Б. Төлеулиева, Ш.К. Ахтанов, Н.Ш. Қасымова, А.
Жеңісбек, Э. Мендиханова және тағы басқа да ғалымдар еңбектерінде
қарастырған.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі – қазіргі таңдағы инвестициялық саясатты
іске асыру мәселелері, басымдылықтары мен оны жетілдіру жолдары,
инвестицияларды жеке секторға жұмылдыру механизмі және оны мемлекеттік
реттеу бағыттары.

Дипломдық жұмыстың мақсаты -  елімізде инвестициялық қызметтің ролін,
яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап
көрсету, инвестициялық саясатты жүзеге асырудағы мүмкіндіктері мен
перспективасын зерттеу, инвестициялық климаттың жағдайын талдау.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

1.Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің әдістері мен формалары;

2. Мемлекеттік инвестициялық саясат және оның құралдары;

3. Инвестициялық саясатты жүзеге асырудың ұйымдастырушылық негіздерін
талдау;

4. Инвестциялық қызметті құқықтық реттеуді талдау;

5. Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуын талдау.

6. Инвестициялық саясатты мемлекеттің реттеудің бағыттарын атап
көрсету;

Дипломдық жұмыстың пәні – инвестициялық саясатты және қызметтә жүзеге
асыру нәтижелерін сипаттайтын экономикалық қатынастар.

Дипломдық жұмыстың объектісі – мемлекеттің жеке сектордың инвестициялық
қызметңін жүзеге асыру қызметі.

Дипломдық жұмысты жазуда ақпараттық база ретінде – Қазақстан
Республикасындағы инвестициялық саясатты жүзеге асыру мәселелеріне
байланысты заңдық және нормативтік актілері, статистика жөніндегі
Агенттіктің мәліметтері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
талдау материалдары, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдаулары, Қазақстан – 2030, Қазақстан Республикасының
“Инвестиция туралы” заңы (08.01.2003 жыл), “Қазақстан Республикасының
Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi
стратегиясы”және көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектері қолданылған.
Зерттеу әдістеріне салыстырмалы және логикалық талдау жатады [1].

Дипломдық жұмыстың маңыздылығы – қазіргі таңдағы инвестициялық саясатты
жүзеге асыру мүмкіндіктері мен мәселелерін, басымдылықтарын атап көрсетуде,
сонымен қатар инвестициялық қызметті жетілдіруде ұсынылған ұсыныстардың
көрсетілуінде. Бұл ғылыми жұмыстың теориялық пен тәжірибелік маңыздылығы
қазіргі жағдайда өте жоғары.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 15 сурет пен 10 кесте бар.

Кіріспеде дипломдық жұмысқа жалпы сипаттама берілген. Жұмыстың мақсаты,
міндеттері, маңыздылығы, ерекшелігі, объктісі, пәні және де жұмысты жазуда
басшылыққа алынған негізгі шетел мен қазақстандық ғалымдар көрсетілген.

Бірінші тарауда инвестициялық саясаттың қалыптасу негіздері оның
мазмұны, инвестициялық саясатты жүзеге асырудың негізгі кұралдары мен
әдістері және әлемдік тәжірибесі мен модельдері қарастырылған.

Екінші тарауда Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жағдайға
талдау жасалған. Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу, инвестициялық
климатқа баға беру, елімізге шетел инвестицияларының тартылу барысы
зерттелген.

Үшінші тарауда инвестициялық саясатты мемлекеттің реттеу бағыттары мен
оны жетілдіру жолдары қарастырылған.

Қорытындыда осы дипломдық жұмысқа қорытынды шығарылып, инвестициялық
саясатты жүзеге асыруға тиімді жағдай жасау, оның мәселелеріне шешу
жолдарын ұсыну.

Қолданылған әдебиеттерде дипломдық жұмысты жазуда пайдаланылған негізгі
әдебиеттер, ғылыми еңбектер, заңдық-нормативтік актілер атап көрсетелген.

1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

1.1 Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің әдістері мен
формалары

Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономиканы
тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және
инвестициялық қызметті белсенді жүргізе бастады. қазіргі уақытта
жүргізілген нарықтық экономиканың оң нәтижелерін айқын көруге болады.
Мәселен, Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша 1999 жылы Қазақстан
жан басына инвестиция тарту көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде алғашқы
орындардың бірін иеленді.

“Инвестиция” термині экономикаға жаңа келгендердің ұғымдарында кейде
шатасуға дейін апарады. Инвестиция жалпы тәртіп бойынша, бұрыннан бар
активтерді әртүрлі адамдардың араларында бөліске түсіретін сатып алушылық
экономика үшін инвестиция болып саналады. Экономистер қолданып жүрген
инвестициялардың мазмұны жаңа капиталды жасау деген ұғымды білдіреді.

Негізгі қорға қаржы жұмсау ( өндірістің негізгі қоры) босалқы
қорларға, резервтерге, сондай-ақ пайда, дивиденд және басқа да табыс табу
мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуді инвестиция
деп атайды.

Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс)
құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да
түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектілік
құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі
экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

Инвестицияны материалдық-заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады.
Материалдық-заттық инвестиция−ол салынуға тиісті өндірістік және өндірістік
емес объектілер, жабдықтар, машиналар және т.б. сонымен қатар, ол −
ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге, материалдық заттарды
басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған, ал инвестицияның
ақшалай нысаны болса, ол − ақшалай капиталдың материалдық-заттық
инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады.

Өндірістегі жалпы инвестицияны өнім инвестиция деп атайды. Ол −негізгі
капиталдың (негізгі қор ) артуын қадағалауға бағытталады. Жалпы инвестиция
біріктірушінің екеуінен қосылады. Оның ішінде біреуі −амортизация. Ол
−негізгі өндіріс құралдарының ұдайы тозу және оның құнын өндірілетін
өнімге көшіру процесі.

Екінші біріктіруші таза инвестиция−бұл капиталдың қаржы жұмсау негізгі
қорларды арттыру, өсіре беру, ғимараттар салу, өндіру және қондыру, қосымша
жабдықтар, қолда бар өндіріс қуаттығын жаңғырту мақсатында іске асырылады.
Материалдық өндіріс салаларындағы инвестициялармен қатар, олардың едәуір
бөлігі әлеуметтік-мәдени салаларына, яғни ғылым, білім, денсаулық, дене
шынықтыру, спорт, қоршаған табиғи ортаны қорғау, осы салалардағы жаңадан
салынатын объектілерге, олардағы қолданылып жүрген техника мен
технологияларды одан әрі жетілдіруге жұмсалады.

Инвестициялар ЖІӨ-нің ең маңызды және ең өзгермелі компоненттерінің
бірі болып табылады. Қашанда болмасын құлдырау кезінде тауарлар мен
қызметтерге деген шығын қысқарады, бұл қысқарудың үлкен бөлігі
инвестициялық шығындар көлемінің құлдырауына қатысты.

Қазақстан Республикасының “Шетелдік инвестиция туралы” Заңында:
“Инвестициялар дегеніміз— мүліктік құндылықтардың барлық түрлері және
оларға деген құқық, сондай-ақ пайда (табыс) алу мақсатында инвесторлардың
кәсіпкерлік қызмет нысандарында жұмсалған интеллектуалдық меншікке құқық”.

Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы екі біріктіруден анықталады:
көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы.
Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорын стратегиясын қисынға келтіруге
мүмкіндік береді [5].

Сонымен, жалпы түрінде инвестиция ақша қаражаты ретінде, банктік
салықтар, акциялар және басқа да құнды қағаздар, технология, машиналар,
жабдықтар, лицензиялар, оның ішінде тауар белгілеріне, несиелер, кез келген
басқа да мүліктер немесе мүліктер құқығы, зиялы құндарды кәсіпкерлік қызмет
объектілеріне немесе басқа да қызмет түрлеріне пайда (табыс) және
әлеуметтік нәтижеге жету мақсатына пайдаланады.

Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді және ұзақ
мерзімді кѕрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады. Инвестициялардың
түрлері бойынша тәуекелдік (венчурлік), тікелей, портфельдік және
аннуитеттік болып бөлінеді.

Венчурлік капитал− үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет
көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып
табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі
есебіндегі өз өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне
түрлі формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.

Тікелей инвестициялау −шаруашылық субъектілерінің табыстар түсіруіне
және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға
капиталға жұмсалуы болып табылады.

Портфельдік инвестициялар −портфельді қалыптастыруға байланысты (түрлі
инвестициялың құндар жиынтығы) және құнды қағаздарды сатып алу, сол сияқты
болса да активтер болып есептеледі.

Аннуитеттік− тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс
әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын ұаржыларды
көрсетеді [4].

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі — оның жалпы шаруашылық қызметінің
ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның экономикасында
инвестицияның маңызы орасан зор. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді
формалардың маңызының өсуі ерекше. Егер де кәсіпорын ойдағыдай жұмыс
істейтін, өнімнің сапасын арттыратын, шығындарды азайтатын, өндіріс
қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдығын
арттыратын және рынокта өзінің жайғасымын нығайтатын болса, онда капитал
салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық
стратегияны мұқият әзірлеп, жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны
үнемі жетілдіріп отыру қажет.

Инвестициялық қызметті жүзеге асыру көздері екіге бөлінеді:

– Тартылған құралдар;

– Қарызға алынған құралдар.

Тартылған құралдарға тұрақты түрде берілген және олардың иелеріне
табыс төлене алатын (дивидент, процент түрінде) және иелеріне
қайтарылмайтын құралдар жатады. Олардың қатарына: акция эмиссиясынан
түсетін құралдар, қосымша салымдар (поллар), сонымен қатар қайтарымсыз
несие үлестік негізде жасалатын мақсатты мемлекеттік қаржыландыру жатады.

Қарызға алынған құралдарға белгілі бір мерзімге беріліп, уақыты
аяқталған соң процентерімен қайтарылатынақша ресурстары жатады. Қарызға
алынған құралдарға: облигацияларды шығарумен байланысты құралдар, сондай-ақ
банктер мен басқа да қаржы –несиелік институттарымен, мемлекетпен берілген
несиелер [6].

Тартылған және қарызға алынған құралдарды мобилизациялау әртүрлі
әдістермен жүргізіледі, олардың негізгілеріне, несие ресурстары нарығы
арқылы, мемлекеттік қаржыландыру арқылы капиталды тарту.

Капиталды бағалы қағаздар нарығы арқылы тарту нарықтың экономикада
маңызы зор. Бағалы қағаздарды эмиссиялау мен орналастырудан түсетін
құралдар инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады.

Қаржы нарығында айналымда жүрген бағалы қағаздарэкономикалық мазмұны
бойынша екі екі негізгі түрге бөлінеді:

– Үлестік, нақты меншіктегі иеленушінің белгілі бір үлесін анықтайды
(акционерлік қоғамдардың жай және артықшылығы бар акцияларға
бөлінеді).

– Қарыздық, иеленушіменн төлеуге міндеттелетін нақты процент ставкасы
мен нақты өтеу мерзімі бар бағалы қағаздар (мысалы, облигация).

Қаржы құралдарын осындай критериге сәйкес эмиссия негізінде пайда
болған бағалы қағаздар келтірген және қарызға алынған болып бөлінеді.

Акциялар эмиссиясы. Акцияларды эмиссиялағаннан түскен қаржы
құралдары акциянерлік қоғамдармен акциянерлік капиталды келтіруге арналған
инвестициялық көздерді қаржыландыруда маңызы үлкен. Акцияларды шығару
арқылы меншікті капиталды ұлғайту тек қаржы құралдарына қажеттілігі бар
фирманың қайта жаңару негізде ғана болады.

Айта кету керек меншікті капиталдың ұлғаюы басқа шотпен жүзеге
асады—бөлінбеген пайданың капитализация арқылы. Меншікті капиталды осы әдіс
арқылы ұлғайтуды акционерлік қоғам басшылығы акционерлік қоғам жиналысының
қабылдаған шешімі негізінде қарапайым акция ұстаушылардың бөлінбеген
пайдадан дивиденттерін төлемей, оны әр түрлі іс-әрекеттерге
инвестициялайды. Пайданың қалған бөлігін акционерлік қоғамның акционерлері
оларды болашақта табыс алу мақсатында инвестициялайды.

Пайданы ұстап қалу акционерлік капиталды ұлғайтудың акцияны
эмиссиялауға қарғанда қарапайым, әрі арзан әдіс болып табылады. Өйткені бұл
жағдайда акцияларды сақтау шығындар болмайды. Сонымен қатар пайдаланған
инвестициялау практикасы ағымдағы дивиденттерді көбейтуге кедергі келтіріп,
акция курсына теріс әсер етуі мүмкін. Өткені, дивиденттерді төлеу
үздіксіздігін акция курсының нақты формалары болып табылады. Акциялардың
парақтық құнының өсуі олардан түсетін табыстық шоғырлануына байланысты.
Сондықтан да неғұрлым көп дивиденттер төлеу, соғұрлым қосымша акцияларды
сатқаннан капиталды ұлғайтуды жеңілдетеді.

Пайданы ұстап қалғанда құралдар жоғарғы табыс нормасын беретіндей және
дивидентті төлеумен байланысты шығындарды жабатындай инвестициялану қажет.
Осылайша жаңа акцияларды сатудан түскен қаржы құралдарына сол акцияның
дивиденттерін, сол акция курс кезіндегідей бұрын болған акцияларын капитал
көлеміндегі табыстар қайтамсыз ететіндей инвестициялау қажет.

Жалпы алғанда акциянерлеу, инвестициялау әдісі тек бәсекеге қабілетті
кәсіпорынға ғана тиімді болады. Акцияларды эмиссиялау мен орналастыру үлкен
шығындармен байланысты. Сондықтан бірге алдындағы акциялардың құнсыздануы
мүмкін, акциялардың бақылау пакетінің жоғалуы, акционерлік қоғам басқа
фмрмамен сатып алынуы.

Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарды қаржыландыру үшін
жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық
қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының
бірі − инвестициялық қызметті және процесті ұлғайту, ең алдымен еліміздің
ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.

Инвестициялар кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда құралатын
немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да
түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік, интелектілік және шетелдегі
экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалуы.

Инвестициялау (инвестициялық процесс) –бұл қарапайым және өндіріс
қаражаттарын қалпына келтіруді ұлғайту процесі. Кәсіпорынның негізгі қоры,
машиналар мен құрал-жабдықтар ескіріп, табиғи және сапалық тозуға ұшырайды.
Олар өндірістік процесс барысында ұдайы ауыстырылып отырады. Кәсіпорынның
дамуы, оның тиімділігінің ұдайы артып отыруы өндіріске жаңа үлгідегі
техника мен технологияны тартуға, оны техникалық жағынан қайта жарақтану
және қайта құруды жүргізумен тікелей байланысты.
Инвестициялар нақты ипвестициялар және қаржы инвестициялары больш
бөлінеді. Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына,
құрылысқа және т.б. жұмсалынады. қаржы инвестициялары — мемлекеттен, басқа
да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды
сатып алуға бағытталған.
Бірінші жағдайда инвестор, өзінің ендірістік капиталының көлемін –
өндірістік негізгі қорлар мен айналым корларын ұлғайтады.

Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы
өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді.
қазақстан Республикасындағы Тікелей инвестиіщяларды мемлекеттік қорғау
Заңы бойынша тікелей инвестициялар - республиканың тәуелсіздік
кепілділігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған
нвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері.

Инвестицияныє негізгі түрлері. Әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды
бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске
асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.

Коммерциялык тәжірибеде мұндай инвестициялардың түрлері:

– табиғи активтерге инвестициялар;

– ақша активтеріне инвестициялар;

– материалдық емес активтерге инвестициялар.

Табиғи активтерге - өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету
уакыты бір жылдан асатын әртүрлі машиналар мен жабдықтар және өндіріс
процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.

Ақша активтеріне — басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын
алуға болатын кұкық жатады. Мысалы, банкіде – депозиттер, облигациялар,
акциялар несиелер, қарыздар, кепілділіктер т.б.

Материалдық емес активтерге - фирмалардың жұмысшыларының қайта жеке
оқыту және біліктіліктерін жоғарылату арқылы, сауда белгілерін жасау
тапқыштық патенттер мен лицензия алу, өнеркәсіп үлгілерінің куәлігін алу,
өнімге сертификат алу, жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар
жатады.

Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:

– Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар.
Олардың негізгі мақсаты – жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және
өндіріс қуаттарын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға
қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай
жасау.

– Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар.

Негізгі мақсаты – өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару
қабілеттілігін кеңейту.

– Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар.

– Жаңа өнімдер, тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға
бағытталады [7].

Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған
инвестициялар. Бұл инвестициялар кәсіпорындардың, мемлекеттік ұйымдардың
экологилық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі және басқа да жағдайларға
байланысты талаптарын орындауға мәжбүр болған жағдайында қолданылады.
Жанама инвсстициялар - қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды
қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы
қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық
қоржынында жетекші рольге ие болып отырған меншікті инвестицияларға және
қайталама өтімді резервтер дейтінге, яғни өтімді активтерге ең алдымен
мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді. Оны 1- суреттен көруге болады.

Сурет 1. Инвестицияларды топтастырудың белгілері [43]

Кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір
бөлігі өзінің өндірістік-экономикалық потенциалын сақтау және әрі қарай
дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы іс-әрекеті – инвестициялық іс-әрекет
деп аталады. Қазақстан Республикасының Нақты инвестицияларды мемлекетік
қолдау туралы Заңы бойынша инвестициялық іс-әрекеттің инвестицияларды
атқаруға байланысты кәсіпкершілік іс – әрекет жатады.

Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар
(инвестициялық іс-әрекетті жүргізетін жеке және заңды тұлғалар), тапсырыс
берушілер, жұмысты орындаушылар инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін
қолданушылар, сонымен бірге жеткізушілер, заңды тұлғалар (банкілер,
қамтамасыздандыру ұйымдары, инвестициялық қорлар) және басқа да
инвестициялық процестің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге –
инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаны іске асырушы жеке және
заңды тұлғалар жатады.

Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері
Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралың, Қазақстан Республикасы
Президентінің заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралың, Салықтар және бюджетке міндетті түрдегі төлемдер туралы, Шетел
инвестициялары туралы заңдармен және де Банкроттық жайлы, Бағалы қағаздар
нарығы жайлы, Қазақстандағы инвестициялық қорлар жайлы заңдармен, тағы
басқа да нормативтік актілермен реттеледі.

Республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті
жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші
болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады.
Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды
құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел
инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет
болды.Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру
мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары
құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның
ішінде, “Шетел инвестициялары туралы ”Заң (1991ж.);“Инвестициялық
жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже” (1993ж.) ;”Қазақстан Республикасының
шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы ” ҚР
Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж.); “Инвестициялар бойынша ҚР
Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі ” ҚР Президентінің Жарлығы (қараша
1996ж.); “ Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы ”ҚР-ның
Заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық
бағдарламалар қабылданды.Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті
басқарудың негізін қалады; жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту ,
елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен
әртараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру
мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін ,
олардың функциялары мен міндеттерін анықтады.2000 жылға дейінгі кезеңнің
индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының
жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа
сай болады: жеңіл өнеркәсіптің , агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші
салаларының , машина жасаудың , құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай,
химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар
жүргізу.Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала
объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңберінде
жүзеге асыру қарастырылады.Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке
кезеңде жүзеге асырылуы қажет: Жоспарлау; Бағдарламалау ;Бюджетті дайындау;
Орындау; Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды тиісті
инстиутуционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың
(жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен
тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет.

Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік шаруашылықтың толық қанды мүшесі болып
табылады. Республикамыздың экономикасының дамуы экономикалық ортада
инвестициялық бағытты құруды талап етті. Инвестицияның құйылуы өндірістің
масштабының кеңеюіне және сонымен қатар экономиканың әлеуметтік
экономикалық дамуының сапалы, жаңа деңгейге шығуын қамтамасыз етеді.
Экономикадағы жаңалықтар мен өсулер инвестицияның көлемімен, құрылымымен
және олардың жүзеге асырылу сапалары мен қарқынымен анықталынады. Сонымен
қатар, инвестициялық жинақтаулар мен олардың материалдық ресурстарынсыз
инвестицияда ешқандай оң нәтижелер болмайды.

Инвестициясыз ішкі және сыртқы рыноктардағы тауар өндірушілердің
бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету, қазіргі кездегі капитал
жұмсалымдарының болулары мүмкін емес. Рыноктік инфрақұрылымдардың және
әлемдік тауар өндірушілердің құрылымдық және сапалық өзгертулерінің
процесстері инвестициялаудың есебімен және жолымен жүзеге асырылады.
Инвестициялау экономикалық өсуді, аймақтың әлеуметтік жағдайын, халықтың
жұмыспен қамтылуын және сонымен қатар елдің экономикасының дамуын
анықтайды.ҚР экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялаудың
тартылуымен тығыз байланысты болып келеді. Шетел инвестициялары ҚР
территориясындағы кәсіпкерлік қызметтің объектісіне шетел инвесторына
тиісті азаматтық құқықтардың, соның ішінде ақша, бағалы қағаздар,
интеллектуалды қызметті және тағы басқа мүліктерді, сонымен қатар қызмет
пен ақпарат нәтижелеріндегі ақшалай бағасына ие мүліктік құқықтар түрінде
шетел капиталын салу болып табылады.

Инвестициялық қызмет - жеке жəне заңды тұлғалардың коммерциялық
ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөніндегі не кəсіпкерлік кызмет үшін
пайдаланылатын тіркелген активтерді құрау немесе ұлғайту жөніндегі, сондай-
ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған
жəне алған тіркелген активтері жөніндегі қызметі.Инвестициялық қызметке
мемлекеттің ықпал ету деңгейіне байланысты инвестициялық саясаттың екі
әдісін бөліп көрсетуге болады: белсенді әдіс тікелей мемлекеттік
инвестицияның салық және бюджет саласында мемлекеттік органдардың
жүргізетін іс шараларының жиынтығы. Белсенді емес әдіс кәсіпкердің
инвестиция жоспарын жасау арқылы. Мемлекеттің инвестициялық саясаты-
мемлекеттің инвестициялық қызметке қатынасын білдіретін, әлеуметтік-
экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі.Мемлекеттік инвестициялық
сасясатының мақсаты – инвестициялық қызмет үшін қажетті қаржылық
ресурстарды жинақтау; инвестициялық белсенділіктің төмендеуін болдырмау;
мемлекеттің мақсатты кешенді бағдарлама жүйесін арттыру; құрылымдық қайта
құруларды қамтамасыз ету; капитал салымдарының тиімділігін арттыру.
Инвестициялық саясатты жалпы алғандағы мемлекет алдында тұрған міндеттер:

-ұзақ мерзімді инвестицияға экономикалық жағдай құру;

-шетел капиталын тарту.

Инвестициялық саясатттың негізгі бағыттары:

-инвестициялық қызметтегі басымдақтарды анықтау.Басымдықтар
мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды қаржыландыруға әлеуметтік объектілерге
негізгі қорларды жаңарту мен кеңейтуге беріледі;

-Шығындарды оңтайландыру экономиканың маңызды салаларына бюджеттен
субсидия бөлу;

-инвестор кәсіпорынын кеңейту;

-инвестицияларды бюджет қаржыларды қысқарту, мемлекеттік емес
инвестицияларды дамыту;

-шығындардың өтелу мемзімін қысқарту, инвестицияның тиімділігін
арттыру.Қазақстанның нарықтық қатынастарға бағдарланып жаңа тәуелсіз
мемлекет ретінде қалыптасып даму кезеңінде экномикалық реформалардың
негізгі бағыттарының бірі мемлекеттің инвестицияқ саясатын
жасау.Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру
мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары
құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның
ішінде, “Шетел инвестициялары туралы ”Заң  (1991ж.);“Инвестициялық
жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже” (1993ж.) ;”Қазақстан Республикасының
шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы ” ҚР
Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж.); “Инвестициялар бойынша ҚР
Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі ” ҚР Президентінің Жарлығы (қараша
1996ж.); “ Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы ”ҚР-ның
Заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық
бағдарламалар қабылданды.Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті
басқарудың негізін қалады; жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту ,
елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен
әртараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру
мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін ,
олардың функциялары мен міндеттерін анықтады.Тікелей инвестицияларды
мемлекеттік қолдау.Қазақстанда “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау
туралы” Заң (28 ақпан 1997 ж.) қабылданған. Онда инвестицияның қызметі-
инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп
көрсетілген. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен
келесілерден тұрады:- инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы
кепілдері;- жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесін белгілеу (мемлекетті сол
немесе басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне қолайлы жағдайлар
жасау мақсатымен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі).- Қазақстан
Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті,  бірыңғай
мемлекеттік органның болуы. Бұл қолдаудың мақсаты- экономиканың басым
секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын
қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады.

1.2Мемлекеттік инвестициялық саясат және оның құралдары.

Қазіргі таңда ең маңызды мәселелердің бірі – инвестициялық саясат.
Инвестициялық саясат елдің экономикалық стратегиясының элементі болып
табылады және оның мақсаттары мен міндеттері бойынша айқындалады.
Халықаралық капитал мен инвестиция тарту жөніндегі мемлекеттік саясат
экономикалық реформалар логикасына сәйкес дағдарыс және жоғарғы инфляция
жағдайында өндірістегі қайта құрылымдық жолға,нарықтық құрылымдарды
дамытуға, мемлекеттік және жеке инвесторлардың инвестициялық белсенділігін
арттыруға тигізетін ықпалының қажеттілігі туындайды.

Инвестициялық саясаттың қоғамға енуі объективті саяси құбылыс.
Инновациялық дамудың жаңа бір саласы болып табылатын инвестициялық саясат
жаһанданудың басты нышаны. XI ғасыр қоғамымыздың түбегейлі қайта құрылуын
талап етті. Ірі өзгерістер мен қайта құрулар қоғамның бар саласын қамтыды.
Соның бірі инвестициялық саясаттың өмірге енуі. Инвестицияға теориялық
тұрғыдан берілген анықтамаға сүйенсек жалпы алғанда бұл ұғым мүліктік
құндылық немесе мүліктік иелік дегенді білдіреді. Оған: ақша, құнды
қағаздар, бағалы мүліктер, құндылық иеліктер жатады.

Инвестициялар ЖҰӨ–нің ең маңызды және ең өзгермелі компоненттерінің
бірі болып табылады. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды
да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық қызмет бұл– инвестицияларды
салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер
жиынтығы. Инвестициялық қызметті жүзеге асыру арқылы мемлекет иновациялық
жетістіктерге жете алады.

Кесте 1.

Инвестиция және инвестициялық қызмет түсінігіне тұжырымдамалар

Батыс мектептері
П.Массе Болашақта инвестицияланған игіліктердің көмегңмен күтілетін
қанағаттандыруға бүгінгі қажеттіліктерді айырбастау актісін
инвестициялауды түсінеміз;
Дж.Кейнс Берілген кезеңнің өндірістік қызметінің нәтижесін өндіріс
құралдарының ағымдық құнына қосу болып табылады;
П.Хейне Инвестициялау деп – болашақта күтілетін табысты алу үшін
қандайда бір игіліктерді сатып алуды айтамыз;

Кесте 1. жалғасы
Ресей авторлары
Ю.А. Матькин Инвестициялар деп әлеуметтік,экономикалық және экология
тиімділікке жету мақстаымен елдің шеңберінде және шетелде
қаржылық және материалды-техникалық құралдарға салым болып
табылады;
В.Д. Әртүрлі қаржылық немесе материалдық байлық нысанындағы
Миловидов еркін ақшалай қаражаттарын салу болып табылады.
В.Д. Белгілі шаруашылық қызмет кезеңіндегі жинақталған және
Никифорова қолданылмаған қоғамдық өніріске қайта салынатын табыс
түрінде әртүрлі шаруашылық қызметіне салымының құралы;
П.Н.Завлин, Келешекте табыстар немесе басқа да табыстарды алу
А.В.Васильев,мақстаымен экономиканың обьектілерге мүліктік,
А.И. Кноль интеллектуалдық құндылықтарына капитал салымы;
В.В. Бочаров Инвестициялар жалпы статикада емес, динамикада
қарастырылады, яғни берілген кезеңде инвестициялық
қызметтің соңғы өнімінің айналуы;
Қазақстандық авторлар
М.Т. Жана технологияларға енгізуге еңбек құралдарының материалды
Оспанова, және басқа да заттарман байланысты өндірісті кеңейту және
Т.И. жаңартуға шығындар;
Мухамбетова
Н.К. Инвестициялар тікелей қоғамдық құндылықтарға материалдық
Нурланова емес және материалдық байлықтарға, сондай-ақ жанама түрде
қаржылық құралдар,инновациялық және әлеуметтік салалар
арқылы салынатын ресурстарды түсінуге болады.

Ескерту:[2] көз негізінде автормен құрастырылған

Жоғарыда көрсетілгендей ғалымдардың зерттеуі бойынша инвестиция
ұғымының көптеген анықтамалары бар. Әр салада қолдануына қарай инвестицияға
синонимдер сияқты әр түрлі анықтамалар берілшен. Бірақ олардың жалпы
мазмұны ортақ бір ұғымды түсіндіреді: кәсіпкерлік қызметтегі мүлік түрін
табыс табу мақсатында екінші бір адамға белгілі бір мерзімде иеленуге
уақытша жалға беру.

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс
әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғышартына айналып,
еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр.

Мына екі суреттен инвестициялық қызметтің объектілері мен субъектілерін
көруге болады.

Сурет 2. Инвестициялық қызметтің объектілері [2]

Сурет 3. Инвестициялық қызметтің субъектілері [4]

Инвестициялық саясатты дамыту табиғаты да алуан түрлі. Инвестициялық
саясаттың жүргізілуінің қоғам үшін ғылыми-практикалық маңызы зор.
Инвестициялық процесс қоғамдық өндірістің маңызды элементі. Халықтың тұрмыс
деңгейін көтеру мақсатында жүзеге асырылатын бұл процесс қоғам үшін, адам
мүддесі үшін жүзеге асырылуы тиіс. Инвестициялық саясат – инвестиция
құрылымы мен ауқымын анықтауға бағытталған және оларды экономиканың
салаларынан алу көздері мен қолдану шараларының жүйесі екенін ескерсек,
оған қолайлы жағдай туғызатын орта, яғни инвестициялық ахуал – ел ішіндегі
инвестициялық нарықтың ыңғайлылығы мен ондағы ондағы мүмкін тәуелділік
шамаларын анықтайтын әлеуметтік-экономикалық, саяси-қаржылық факторлар өте
маңызды орын алады.

Мемлекеттік инвестициялық саясат - мемлекеттің инвестициялық қызметке
қатынасын білдіретін әлеуметтік-экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі.
Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында
пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны
тиімді пайдаланудың ,оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың, қоғамдық
өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық
шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір
шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды.
Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол
өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі
керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі
оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып,
одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру
көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат
сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.

Инвестициялық саясат - экономикалық өрістер мен салалардағы күрделі
қаржылардың пайдалануының негізгі бағыттарын сипаттайтын, халық
шаруашылықтың әдістер мен шешімдердің жиынтығын білдіреді. Нарықтық
қатынастарға өтпелі кезеңде инвестициялық саясаттың негізгі мақсаттары
ресурс өндіруші және тұтұнушы салалар арасындағы күрделі қаржыландыру
қатынастарын оңтайландыру, күрделі қаржыларды қайта бөлістіруде халықтың әл-
ауқатын көтеруді қамтушы ғылыми-техникалық прогересті жеделдету, әлеуметтік
инфрақұрылымды дамытушы салалар пайдасына жұмсау.

Инвестициялық саясаттың негізгі міндеттері:

- ұзақ мерзімді инвестицияларға экономикалық жағдай құру;

- шетел капиталын тарту.

Инвестициялық саясаттың басты мақсаты - инвестициялық қызметті
жандандыруға, сонымен қатар отандық экономиканы көтеруге және қоғамдық
өндірістің тиімділігіне бағытталған Қазақстан Республикасы экономикалық
және әлеуметтік дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыру және
нормативтік заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру мен тиімді инвестициялық
жобаларды мемлекеттік қолдау негізінде капитал салымдарын қаржыландырудың
бюджеттен тыс көздерін кеңейту мен жеке меншік отандық және шетел
инвестицияларын тарту үшін қолайлы орта құру болып табылады[3].

Мемлекеттік инвестициялық саясаттың мақсаттары:

- инвестициялық қызмет үшін қажетті қаржылық ресурстарды жинақтау;

- инвестициялық белсенділіктің төмендеуін болдырмау;

- мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламаларын жүзеге асыру;

- құрылымдық қайта құруларды қамтамасыз ету;

- капитал салымдарының тиімділігін арттыру

Инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары:

- инвестициялық қызметтегі басымдықтарды анықтау. Басымдықтар
мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды қаржыландыруға, әлеуметтік
объектілерге, негізгі қорларды жаңарту мен кеңейтуге беріледі.

- шығындарды оңтайландыру, экономиканың маңызды салаларына бюджеттен
субсидиялар бөлу;

- инвестор-кәсіпорындардың құқықтарын кеңейту;

- инвестицияларды бюджеттік қаржыландыруды қысқарту, мемлекеттік емес
инвестициялауды дамыту;

- шығындардың өтелу мерзімін қысқарту және инвестициялардың тиімділігін
арттыру.

Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының
барынша тиімді аймақтық - салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың
үйлесімін қамтамасыз ету - мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін
құрайды.Оны қалыптастыру барысында Қазақстан Республикасының Президенті
бекіткен күрделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттілігі де
ескеріледі.

Экономика құрылымын реформалау Қазақстанның қазіргі және келешек
мүмкіндіктерін ескере отырып, кезең-кезеңімен мемлекеттік инвестициялық
саясат негізінде жүзеге асырылады. Жинақталған қорлану деңгейінің
жеткіліксіздігін, қозғалыстағы нарық капиталының болмауы, қаржы-несиелік
ресурстарының шектеулігі инвестициялық саясат сипатын және оның іске
асырылуының кезеңдігін қатаң түрде алдын-ала анықтайды.
Инвестициялық саясаттың бастапқы кезеңдеріне тоқталатын болсақ онда мынадай
міндеттер қойылған болатын.

Бірінші кезеңнің міндеттері (1996-1998ж) макроэкономикалық
тұрақтандыруға қол жеткізу және өндірістік қорлану көздерін кеңейту үшін
жағдайлар жасау еді.

Екінші кезеңнің міндеттері (1998-2000ж)өндірістің жандануы және
экономикалық өсудің басталуы үшін алғы шарттар жасау болып табылады
қаржыландыру көздерінің барлық түрі бойынша күрделі қаржыландыру үлесін
2000 жылға дейін ішкі жалпы өнімдерінің 26-27%дейін жеткізу , ал ол 1995
жылы 20% болған еді.

Нарықтық қатынастардың дамуы және сонымен байланысты макроэкономикалық
саясаттағы өзгерістер мемлекеттің инвестициялық саясатына қосымша
маңыздылық береді.

Батыс экономистері инвестицияны тікелей мемлекеттік саясатпен
байланыстырады және бұл процесс инвестициялық қызмет арқылы жүзеге
асырылады дейді. Біздің елімізде де бұл саясат мемлекет саясатынан тыс
қарастырылмайды. Қоғамдағы кез-келген саясат сияқты инвестициялық саясат
та мемлекеттік саясатпен тығыз байланыста дамиды. Тарихи тәжірибеге
сүйенсек, дамыған елдердің көбі қоғамға инвестициялық саясатты енгізу
арқылы және оны мемлекет тарапынан қолдау арқылы көптеген жетістіктерге қол
жеткізген. Инвестициялық саясат экономикалық реттеу мақсатында
инвестициялық белсенділікті нығайту үшін жүргізілетін шаралардың жиынтығы.
Инвестициялық саясат қоғамда тиімді әлеуметтік тәжірибелерге қол жеткізу
мақсатында жүзеге асырылады. Кез-келген ел өз экономикасын дамытуда осы
саясат арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуді мақста етеді. Инвестициялық
саясат ішкі әлеуметтік саясатпен бірге халықаралық,мемлекетаралық қарым-
қатынастарымен де тікелей байланысты. Инвестиция саяси-экономикалық
категория ретінде қоғамда көптеген маңызды функцияларды атқарады, қоғамдағы
жұмыссыздықтың азаюына, кедейліктің төмендеуіне өндірістің
модернизациялануына тікелей әсер етеді және ғылыми-техникалық прогрестің
өркендеуіне отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің артуына түрткі
болады. Сондай-ақ, азаматтық қоғам құруға, мәдениет пен денсаулық
салаларының дамуына, ғылым мен білімнің өркендеуіне, т.б. қоғамның саяси-
әлеуметтік саласының алға жылжуына өзіндік үлесін қосады.

Сурет 4. Инвестицияларды басқару барысы [4]

Жоғарыдағы суреттен инвестицияларды басқарудың негізгі кезеңдері көруге
болады, яғни инвестицияларды басқару қандай сатылардан өтетінін осыдан
білуге болады.

Инвестициялық саясат – бұл инвестициялық қызметті жандандыру мақсатында
барлық шаруашылық объектілер үшін жағымды жағдай қалыптастыру бойынша
мемлекет жүргізетін мақсатты бағытталған шаралар кешені. Инвестициялық
саясат инвестициялық үрдісті жүзеге асыру және ұйымдастыру функциялары мен
стратегияларын жүзеге асыру және дайындауға бағытталған іс-шаралар
жиынтығы. Мұнда өз кезегіде келесі шараларды жүзеге асыру қажет:

1. Мемлекеттік инвестициялық саясаттың негізгі концептуалды ережелерін
және қағидаларын анықтау;

2. Әлеуметтік сипаттағы міндеттерді шешуге,қарқынды құрылымдық
технологиялық қайта құруларға бағытталған инвестициялаудың мемлекеттік
басылымдықтарын анықтау;

3. Отандық және шетелдік жеке капиталдардың мүмкіндігін есепке ала
отырып, капитал құрылымдарын қаржыландыруды кеңейту көздерін нақтылау.

4.Инвестицияларды тиімді пайдалану және тартудың ұйымдастырушылық-
экономикалық механизмдерін дайындау, халықтың, меншіктің барлық нысанындағы
шаруашылық субъектілердің, басшлардың бос қаржылық ресурстарын
инвестициялық мақсаттарға қосу тәсілдері мен жолдарын табу.

Инвестициялық саясат мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

- нақты және қарыз капитал тарту үшін, инвестициялық белсенділікті
арттыру үшін кәсіпорын шеңберінде әкімшілік және экономикалық жағдайлар
жасау;

- инвестициялық қызметтің тиімділігін қамтамасыз ететін инвестициялық
ресурстарды орналастырудың оңтайлы механизмін қалыптастыру;

- қарыз капитал тартудың оңтайлы стратегиясын қалыптастыру;

- отандық және әлемдік құнды қағаздар, несие, ақша нарықтарына шығуға
қолайлы жағдайлар жасау;

- барлық инвестициялық жобаларды міндетті түрде тәуелсіз сарапшылар
бағалауынан өткізуді ұйымдастыру; инвестициялық жобалар тек экономикалық
табысты және салынған капиталдың өтелімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай,
сонымен қатар сыртқы несие берушілерді (кредиторлар мен инвесторларды)
тартудың әлеуметтік және экономикалық тиімділігін де қамтамасыз етуі тиіс;

- меншік нысанына қарамастан (мейлі коммерциялық нысандағы
объектілерге, мейлі мемлекет меншігіндегі объектілерге болсын),
инвестицияларды қорғаудың және сақтандырудың үнемі қолданыста болатын
жүйесін қалыптастыру;

- елдегі инвестициялық жағдайдың шарттары мен ондағы өзгерістерді үнемі
қадағалау және бақылау жүйесін қалыптастыру, қажет кезінде инвестициялық
жобаларға тиісті өзгертулер мен түзетулер енгізу.

Әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай, жоғары технологияларды және
ғылымды көп қажетсiнетiн өндiрiстiң дамуын ынталандыратын мақсатты
мемлекеттiк ғылыми-техникалық, өнеркәсiптiк және инвестициялық саясат
жүргiзбейiнше экономиканы құрылымдық қайта құру мүмкiн емес. 

Мемлекеттiк инвестициялық саясат бiрiншi кезекте, дайындалуы неғұрлым
жоғары дәрежедегi, импорттық тауарлармен бәсекеге түсуге және оларды iшкi
рыноктан ығыстыруға қабiлетті өнімдердi экспорттауға бағдарланған өндірістi
дамытуға және қолдауға бағытталатын болады [5]. 

Инвестициялық саясат стратегиясы мынадай мiндеттердiң шешiлуiн талап

етедi:

- iшкi жинақ ақша әлеуетiн жүзеге асыруға көңiл аудара отырып
экономиканың нақты секторын дамытуға инвестициялық ресурстарды тарту мен
бағыттау процесiндегi мемлекеттiң рөлiн күшейту;

- қаржы ағынының инвестордан заемшыға ұйымдасқан түрде өтуiн қамтамасыз
ететiн, экономиканың маңызды буыны ретiндегi қор нарығының қалыптасуы үшiн
жағдайлар жасау;

- нақты экономика саласындағы банктердiң кредиттiк қызметiн жандандыру;
- Қазақстанның ұлттық мүдделерiн сақтай отырып шетелдiк
инвестициялардың келуiн ынталандыру мен шетелдiк және отандық инвесторларды
экономиканың басым салаларына тарту үшiн қолайлы жағдай жасау.

1.3 Мемлекеттік инвестициялық саясат басымдықтары, модельдері,
мемлекеттің инвестициялық стратегиясы

Инвестицияға мемлекеттің реттеудің құралдары шектеулі. Олардың
әрқайсысы белгілі бір жағдайда неғұрлым тиімді болғанымен, енді біреулері
тиімсіз болуы мүмкін. Сол себептен қандай жағдайда қандай құралдың тиімді
жұмыс жасайтынын білу қажет. Мұндай жағдайда инвестицияларды реттеудің
мемлекеттік саясатының тарихи тәжірибесі, яғни бірнеше құралдарды
біріктіретін модельдерді қолдану керек. Бұл көзқарас бойынша инвестициялық
саясаттың үш моделін бөліп көрсетуге болады: американдық, жапондық,
тайваньдық.

Жапондық модель мемлекет пен жеке инвесторлар арасындағы белсенді
әріптестік негізінде құрылады. Мемлекет банк жүйесін бақылауға алады.
Халықтың жинақтарын шоғырландырады. Жинақталған қаржыларды жеңілдік
шартымен корпорацияларға береді. Корпорациялар сәйкесінше өзіне жүктелген,
келісілген міндеттемелерді орындайды. Инфрақұрылымға инвестицияларды жеке
фирмалардың қажеттілік деңгейіне қарай үйлестіреді. Үйлестіруші рольді
мемлекетпен ұйымдастырылған кеңес беруші кеңес ұйымдастырады. Модельдің
жүзеге асуының басты шарты - күшті жеке сек-тордың қалыптасуы және тиімді
аппараты бар күшті мемлекет. Модельдің артықшылығы - тиімді инвестицияларға
қаржыларды шоғырландару мүмкін-дігі. Модельдің кемшілігі - инвестицияларды
жоспарлау үрдісінің саясаттануы және саяси ортадағы жемқорлықтың дамуы.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапонияда экономикалық құлдырау болды.
Үкімет өнеркәсіптік базаны құрылымдық қайта құру саясатын қолға алды. Соның
ішінде машина жасау өнеркәсібі. Бірақ машина жасау өнеркәсібін дамыту
металлургия саласындағы бағалардың жоғары болуына сәйкес бәсекеге қабілетті
өндірісті қалыптастыруға мүмкіндік бермеді. Металлургия саласындағы
фирмалар бұл мәселені көмір компанияларымен көмір бағасының қымбаттығымен
байланыстырды. Себебі Жапон аралдарына көмір тасу шығындары өте жоғары
болған. Бір-бірімен өте тығыз байланысты бұл үшбұрышты бұзу Жапондық
үкіметке жүктелді. Соның ішінде сауда және өнеркәсіп министрлігіне.
Министрліктің бастамасымен өнеркәсіпті оңтайландыру бойынша біріккен кеңес
құрылды. Кеңестің құрамына озық кәсіпорындардың өкілдері мен жоғары
буындағы мемлекеттік қызметшілер кірді. Барлық инвестициялық міндеттемелер
Жапондық даму банкінің жеңілдікті несиелерімен қаржыландырылады. Барлық
жобалар банкпен бағаланып, бақыланады. Содан бері мемлекет, банк және жеке
сектор арасында тығыз әріптестік қалыптасты.

Ескерту: сурет [12] адебиет негізінде автормен құрастырылған

Сурет 5. Инвестициялық саясаттың модельдері

Тайвань моделінде жеке инвестициялардың шешімдерімен келісу үшін
механизмдер құрып, мемлекет қажетті инфрақұрылымды жасайды, адам капиталына
салымдарды ынталандырады, үйлестіру және кемшіліктерді болдырмау бағыттарда
қызмет жасайды. Тайвань моделі жапондық және американдық модельдердің
кейбір құралдарын біріктіреді. Бірақ мемлекеттердің инвестициялық
шешімдерді үйлестірудің жеке механизмдерін құру басты мәселе болып
табылады. Бұл модель экспортқа жұмыс жасайтын жеке фирмалардың,
инвестициялық жобалардың әлеуеті жоғары және олар нарықты жақсы біледі
деген көзқарасқа сүйенеді. Бұл фирмалардың айналасына бас компаниямен
бірігіп, өзінің жоспарларын жүзеге асыратын жеткізіп берушілердің желісі
қалыптасады. Мемлекеттің міндеті - жобалық конс-трукторлық бюролар арқылы
қаржыландыру, ғылыми лабораториямен қамтамасыз ету, жаңа технологиялармен,
жаңа өнімді жасауға қатысудың тең

құқықтығын қамтамасыз ету арқылы белсенді топтарға қолдау көрсету.

Американдық модель шеңберінде салықтық құралдарға негізгі роль
беріледі. Бұдан басқа баға және пайыздық мөлшерлемелерді тұрақтандыруға
бағытталаған макроэкономикалық саясатты жүзеге асырады. Бұл жүйеде банктер
бағынышты роль атқарады. Инвестициялық ресурстардың тиімділігін бақылауды
қор биржасы жүзеге асырады. Бұл модельдің сәтті жүзеге асуының қажетті
шарты бағалы қағаздар нарығының жоғарғы деңгейде дамуы. Мемлекет мәселені
шешуге экономикалық даму жағдайы және даму болашағы туралы экономикалық
сапалы ақпаратты жинау, талдау және тарату жолымен ықпал етеді. Мемлекет
инфрақұрылымдарға инвестицияларды қажеттілік деңгейіне қарай салады.
Қажетті алғышарттар болған жағдайда модель инвестициялық ресурстарды тиімді
бөлуді қамтамасыз етеді. Бұл модельдің кемшілігі - сақтауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқару - мемлекеттік меншік институтымен тікелей байланысты құқықтық институт
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Банктік қызмет
Инвестициялық саясаттың модельдері
Инвестициялық құқықтың құқық жүйесіндегі орны
Бағалы қағаз нарығы инфрақұрылымы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құқықтық жағдайы
Экономикалық өсудің құралы - Инвестиция
Инвестициялық қатынастарды мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті дамыту
Пәндер