Қазақ әдебиеті сынының тарихы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

ҚАЗАҚТЫҢ СЫНИ ОЙ.ШКІРІНІҢ
ОЯНУЫ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ СЫНЫНЫҢ ТУУЫ

Бірінші тарау. Әдеби сын арналары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1. Халықтық эстетика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Көне дәуірдегі сүбелі ойлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
3. Қазақтың ұлы ағартушы.демократтарының сыни ойлары ... ... ... ... ... ...28

Екінші тарау. Баспасөз және сын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
1. Оянған ойға кең өріс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
2. "Айқап" журналы мен "Қазақ" газетінің әдебиет сынын тудырудағы тарихи маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54

Үшінші тарау. Жазба әдебиет және сын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..106
1. Дәйектеме.сын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 106
2. Абай өнері . өсер сынға өрелі өрнек ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 123.

ҚАЗАҚ СЫНЫНЫҢ ЖАНРЛЫҚ ҚАЛЫПТАСУЫ
ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТАНУЫ

Төртінші тарау. Қазақ сынының жанрлық қалыптасуы және әдебиеттануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 147
1. Заман және көркемдік мұрат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...147
2. Дарындар . сын додасында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..157
3. Өркендеу өзегі . көркемдік әдіс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..174
4. Көркемдік тәжірибе . қисын негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .191
5. Ұйымдасудың қияметі мен қиястығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .203
6. Эстетикалық.социологиялық сын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...221
7. Тұсаулы ой толқындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..241
Бесінші тарау. Әдеби мұраны игеру мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 265
1. Әдеби өркендеудегі тарихи сабақтастық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 265
2. Ауыз әдебиетінің үлгілерін жинау мен зерттеу мәселелері ... ... ... ... ..272
3. Абайтану асулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 291
Қазақ әдебиеттануы нақты мәселелерді зерттеуде әдебиеттің ішкі даму заңдылықтарын, жанрлардың ерекшеліктері мен туу, қалыптасу жолдарын анықтауға батыл қадам жасап отыр. Әдебиетімізде зерттеліп жүрген проза, поэзия, драматургия жанрлары сияқты әдебиет сынының да тарихы мен қалыптасу процестері, өзіне тән шығармашылық, ғылыми мәселелері арнайы зерттеуді талап етеді.
Бұл мәселе тек ғылымдық тұрғыдан ғана емес, практикалық, тұрғыдан айрықша қажеттілікке айналып отыр. Сондықтан әдебиеттің басқа жанрларының ішкі түрі, нақыштары тарамдала зерттеліп жатқан уақытта сол игі істі жүзеге асырып отырған сын жанрының өзі тасада қалып қоюы орынсыз болар еді. Оның да басқа жанрлар сияқты өзіне тән творчестволық, ғылыми проблемалары, тарихы бар.
Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының тарихи белестерінен үш кезеңді анық байқаймыз. Бірінші кезең — қазақ әдебиеті сынының туу дәуірі. Қазақ әдебиеті сынының туу процесі Қазан төңкерісіне дейін созылған. Екінші кезең — қазақ әдебиеті сынының жанр ретіңде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. Бұл процесс 1917—1937 жылдардың арасын қамтиды. Үшінші кезең — қазақ әдебиеті сынының өсіп-өркендеу және әдебиеттану ғылымының қалыптасу дәуірі 1938— 1985 жылдар аралығы.
Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының өсіп-өркендеуінің соңғы екі кезеңі пәлендей дау туғызбайды. Ал бірінші кезең, яғни Қазан төңкерісіне дейін қазақ әдебиеті сынының туу дәуірі жайлы әр қилы ой-пікірлер бар.
Бұл жөнінде европацентристік кейбір ой-пікірлерді сөз етудің қажеттігі шамалы. Қоғамдық сананың әрбір саласын, әсіресе қазақ әдебиеті жанрларының ғана емес, тіпті ешбір шүбә тудырмайтын, тарихи желісі үзілмеген мәселелердің өзі төңкерістен кейін сапалық жаңа қасиеттермен толысқанын тілге тиек етіп, бұрынғыны мансұқтайтын, місе тұтпайтын кезіміз аз болмайды. Соны әдебиет жанрларына жақындатқанда, әсіресе қазақтың әдебиет сыны туралы шолақ пішіп, нығайта айтуды мақұл көріп келдік. Мұның өзі аксиома түрінде тұжырымдалды. "Қазақ әдебиетінде сынның белгілі орын алуға ұмтылуы тек кеңес өкіметі тұсыңда, айналасы басы 10—15 жылдың ішінде. Қазанға дейін бізде сын атаулының болмауы тіпті заңды нәрсе" (М.Қаратаев) деп таптық.
Халық болған жерде өнер бар, оған деген көзқарас, эстетикалық талғам бар. Халық ауыз әдебиетінен тартылған жайлар жазба әдебиет туындыларына ұласып, өзінше бір көркемдік әлем жасағаны даусыз. Қазіргі қазақ әдебиеті сыны мен әдебиеттану ғылымы дүниеге келген әрбір көркем туыңдының идеясын, айтар ойын, эстетикалық өреге қол созғанын, қандай әлеуметтік мәселені көтергенін, нені насихаттайтынын саралап алуға міндетті. Әдеби сынның туу, қалыптасу проблемалары тек творчестволық қана емес, саяси-әлеуметтік мәселелермен де тікелей байланысты болғандықтан әдебиет сыны тарихында оны орағытып өту мүмкін емес. Сынның социологиялық және эстетикалық дәрежесі көркем әдебиеттің шыққан биігіне тәуелді.
1. Ысмайлов Е. Сын мен шығарма. Алматы, 1960.
2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. Алматы, 1973.
3. Әуезов М. Мақалалар, зерттеулер, 17 т. — Алматы: Жазушы, 1985.
4. Мұқанов С. Проза және сын туралы // Әдебиет және искусство, 1939, № 7. 37-57 беттер.
5. Мұстафин Ғ. Бес томдық шығармалар жинағы. 5 Т. А.: Жазушы, 1984.

Қосымша әдебиеттер:
1. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. – Алматы: Жалын, 2001. – 464 б.
2. Кәкішев Т. Оңаша отау. А.: Жазушы, 1982.
3. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік: Сын мақалалар, портреттер, эссе. — Алматы: Жазушы, 1993.
4. Қаратаев М. Казахская литературная критика на современном этапе. Алматы, 1974.
5. Ахметов 3. Абайдың ақындық әлемі. Алматы, 1995.
6. Аймауытов Ж. Шығармалары. Алматы, 1989.
7. Кәкішұлы Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы, Білім, 1997ж.
8. Ысқақұлы Д. Сын өнері. Алматы, ҚАЗақпарат, 2001.
9. Ысқақұлы Д. Сын жанрлары. Алматы, ҚАЗақпарат, 1999.
10.Жүсіпова А. Әдеби сын тарихы. Алматы, ҚазҰУ баспасы, 2008.
11.Қараңыз: Венгеров С.А. В чем очарование русской литературы ХІХ века? — С-Петербург, 1912; Бурсов Б.И. Национальное своеобразия русской литературы. Изд. 2-е — Ленинград, 1967; Берковский Н.Я. О мировом значений русской литературы. — Л., 1975; Купреянова Е.Н., Макогоненко Г.П. Национальное своеобразие русской литературы. Очерки и характеристики. — Л., 1976; Фридлендер Г.М. Национальное своеобразие и мировое значение русского романа. // В кн.: История русского романа в 2-х т-х. — М. - Л., 1964, т.2.
12.Соколов Н.И. О литературной критике и филологическом образовании // Русск. лит., 1977, № 1.
13. Егоров Б.Ф. О мастерстве литературной критики. Жанры, композиция, стиль. — Ленинград: Советский писатель, 1980. - 319 с.
14. Белинский В.Г. Шығармалары /Ауд. Б.Шалабаев. — Алматы: Жазушы, 1987. - 352 б.
15. Чернышевский Н.Г. Литературная критика. Т.1. М.: Художественная литература. 1981.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 301 бет
Таңдаулыға:   
Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Тұрсынбек Кәкішұлы

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
СЫНЫНЫҢ ТАРИХЫ

Оқулық

Алматы

2011

Кіріспе

Қазақ әдебиеттануы нақты мәселелерді зерттеуде әдебиеттің ішкі даму
заңдылықтарын, жанрлардың ерекшеліктері мен туу, қалыптасу жолдарын
анықтауға батыл қадам жасап отыр. Әдебиетімізде зерттеліп жүрген проза,
поэзия, драматургия жанрлары сияқты әдебиет сынының да тарихы мен қалыптасу
процестері, өзіне тән шығармашылық, ғылыми мәселелері арнайы зерттеуді
талап етеді.
Бұл мәселе тек ғылымдық тұрғыдан ғана емес, практикалық, тұрғыдан
айрықша қажеттілікке айналып отыр. Сондықтан әдебиеттің басқа жанрларының
ішкі түрі, нақыштары тарамдала зерттеліп жатқан уақытта сол игі істі жүзеге
асырып отырған сын жанрының өзі тасада қалып қоюы орынсыз болар еді. Оның
да басқа жанрлар сияқты өзіне тән творчестволық, ғылыми проблемалары,
тарихы бар.
Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының тарихи белестерінен үш кезеңді анық
байқаймыз. Бірінші кезең — қазақ әдебиеті сынының туу дәуірі. Қазақ
әдебиеті сынының туу процесі Қазан төңкерісіне дейін созылған. Екінші кезең
— қазақ әдебиеті сынының жанр ретіңде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының
туу дәуірі. Бұл процесс 1917—1937 жылдардың арасын қамтиды. Үшінші кезең —
қазақ әдебиеті сынының өсіп-өркендеу және әдебиеттану ғылымының қалыптасу
дәуірі 1938— 1985 жылдар аралығы.
Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының өсіп-өркендеуінің соңғы екі кезеңі
пәлендей дау туғызбайды. Ал бірінші кезең, яғни Қазан төңкерісіне дейін
қазақ әдебиеті сынының туу дәуірі жайлы әр қилы ой-пікірлер бар.
Бұл жөнінде европацентристік кейбір ой-пікірлерді сөз етудің қажеттігі
шамалы. Қоғамдық сананың әрбір саласын, әсіресе қазақ әдебиеті жанрларының
ғана емес, тіпті ешбір шүбә тудырмайтын, тарихи желісі үзілмеген
мәселелердің өзі төңкерістен кейін сапалық жаңа қасиеттермен толысқанын
тілге тиек етіп, бұрынғыны мансұқтайтын, місе тұтпайтын кезіміз аз
болмайды. Соны әдебиет жанрларына жақындатқанда, әсіресе қазақтың әдебиет
сыны туралы шолақ пішіп, нығайта айтуды мақұл көріп келдік. Мұның өзі
аксиома түрінде тұжырымдалды. "Қазақ әдебиетінде сынның белгілі орын алуға
ұмтылуы тек кеңес өкіметі тұсыңда, айналасы басы 10—15 жылдың ішінде.
Қазанға дейін бізде сын атаулының болмауы тіпті заңды нәрсе" (М.Қаратаев)
деп таптық.
Халық болған жерде өнер бар, оған деген көзқарас, эстетикалық талғам
бар. Халық ауыз әдебиетінен тартылған жайлар жазба әдебиет туындыларына
ұласып, өзінше бір көркемдік әлем жасағаны даусыз. Қазіргі қазақ әдебиеті
сыны мен әдебиеттану ғылымы дүниеге келген әрбір көркем туыңдының идеясын,
айтар ойын, эстетикалық өреге қол созғанын, қандай әлеуметтік мәселені
көтергенін, нені насихаттайтынын саралап алуға міндетті. Әдеби сынның туу,
қалыптасу проблемалары тек творчестволық қана емес, саяси-әлеуметтік
мәселелермен де тікелей байланысты болғандықтан әдебиет сыны тарихында оны
орағытып өту мүмкін емес. Сынның социологиялық және эстетикалық дәрежесі
көркем әдебиеттің шыққан биігіне тәуелді.
Әдебиет сыны көркем әдебиетпен үзеңгілес дүниеге келеді. Көркемдік даму
мен эстетикалық талап-талғамның өркеңдеу процесі уақыт жағынан бір-бірінің
ілгері-кейінділігіне қарамастан, өзара байланысты болады. Бұл заңды да. Ал
енді көркем әдебиетпен үзеңгілес дүниеге келген сынның дәрежесі қандай
болмақ деген мәселеге келгенде, екі себепке, атап айтқанда, субъективтік
және объективтік себептерге тоқтала кеткен жөн. Түптеп келгеңде, сынның
эстетикалық дәрежесі көркем әдебиеттің шыкқан биігімен өлшенеді. Сынның
кейде социологиялық, кейде эстетикалық таңдауларға ден қоюының өзі де
әдебиеттің қамтыған өмір шыңдығына белгілі дәрежеде тәуелді болатын кезін
естен шығармау қажет.
Субъективтік себепті сөз еткендер, ең алдымен, сыншының білім деңгейі
мен эстетикалық талғамының мол-аздығын еске алуы керек. Қай кез болмасын,
әдебиеттің өрлеу кезінде де, оның кейде көркемдік жағынан да, қоғамдық
пікірді ұйымдастыру жағынан да биік деңгейден табылмай қалатын шағында да
сыншының білім-парасаты мен эстетикалық талғамы санаттан шығып қалған емес.
Мұның өзі сын дәрежесін аңғартуға қажетті субъективтік себеп.
Екінші, объективтік себеп — көбіне әдебиеттің жалпы дәрежесіне тәуелді.
Егер көркем шығармалар өзінің қоғамдық мәні жағынан көркем бейнелер жасау,
типтік жағдайларды көрініспен суреттеу, тіл байлығын игеру, оқушыны ілгері
ұмтылдыратын эстетикалық идеяларды белгілеу жағынан биік деңгейден табылып
жатса, онда сынның өресі биік болғаны. Сыншы әрқашан көркемдік дамудың
кезеңді асуларында ойын өрбітуге қажетті дәлелдерді әдебиеттің күнделікті
шындығынан ала отырып, келешекте шығар биіктерді бағдарлайды, әдебиеттің
өркендер арнасын анықтайды, әдеби процеске белсене араласады.
Сын жанрының арнайы зерттелуінде бұрынғы одақтас республикалардың қал-
жағдайы бізбен қатарлас. Екі томдық "Орыс сыны тарихының" жарық көргеніне
біраз болды. Ол тарих орыс сынын кеңес дәуіріне дейін қамтиды. В.Кулишев
жазған оқулық та осы кезенді әңгімелейді. Ал кеңес әдебиеті дәуіріңдегі сын
туралы бірталай ізденістер мен зертгеулер бар болғанымен әлі оқулық жазыла
қойған жоқ. Сондай-ақ К.Талыбзаде бастаған әзірбайжан әдебиет сыны мен
ғылымының зерттелуі едәуір биікте. Өзбек әдебиетшілері де көне дәуірге
бағышталған жинақ шығарып үлгерді.
Қазақ сынының ғылыми негіздері туралы Д. Ысқақов, әдебиеттану ғылымының
туып, қалыптасуы хақында Ж.Смағұлов докторлық, атақты сыншы-ғалымдар
жайында 6-7 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Қазақстанда сынтанудың
негізі қаланды.
1972 жылы "Әдеби-көркем сын туралы" қаулы алынған-ды. Эстетикалық ойды
терендетудің бір жолы — сыншы кадрлар даярлау мәселесіне айрықша назар
аударылып, ол міндеттің негізгі салмағы университеттерге жүктелді. Оқу
жоспарларында әрбір ұлт әдебиеті сынының тарихы жалпы пәнге айналды. Оған
қоса, ыждаһат білдіргендерге арнайы семинар, яғни нақты тәжірибеге
негізделген сабақ өткізу де ескерілген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде "Қазақ әдебиеті
сынының тарихы" 1971 жылдан бастап арнайы, 1974 жылдан бері жалпы курс
ретінде оқытылып келеді. Оның бағдарламасы 1982 жылы жасалып, гуманитарлық
оқу орыңдарыңда басшылыққа алынуда. Енді студенттерді оқулық зәрулігінен
құтқару қажеттігі туып отыр.

І БӨЛІМ
ҚАЗАҚТЫҢ СЫНИ ОЙ ПІКІРІНІҢ ОЯНУЫ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

СЫНЫНЫҢ ТУУЫ

Бірінші тарау

ӘДЕБИ СЫН АРНАЛАРЫ

1.1 ХАЛЫҚТЫҚ ЭСТЕТИКА

Сынның жазба әдебиетке тән жанр екені, онымен үзеңгі қатыса тарихи-
эстетикалық сахнаға шығатыны, көркем әдебиеттің бүгінгісіне назар аударып,
келешегіне барлау жасайтыны, алынбаған шеберлік қамалдарын нұсқайтыны,
жаңалықтың жаршысы болып, қалың жұртшылыққа әдебиеттің әлеуметтік мәнін
түсіндіретіні, насихаттайтыны теориялық тұрғыдан анық тұжырымдалған
шындықтар.
Алайда әсемдікті танып-білу, оны ардақтау, сұлулықтың сырын ашып,
ажарсыздық пен келіссіздікті мінеу сияқты эстетикалық түсініктер халық
творчествосына, оның ауыз әдебиетіне жат па? Әрине, жоқ. Жазба әдебиетке
дейінгі немесе жазба әдебиетпен қатар дамыған, күні бүгінге дейін өркендеп
келе жатқан ауыз әдебиетінде, оның озық үлгі-өрнектерінде эстетикалық талап-
талғамның элементтері молынан кездеседі. Мұның бәрі де оқушы мен тындаушыны
ажарлылықты ардақтауға, көркемдікті танып-білуге, ләззат алуға, сұлулықты
қастерлеуге үйретеді де, халықтық эстетиканың негізін қалыптастырады.
Әдебиеттану ғылымы ауыз әдебиетінің өсіп-өркендеу зандылығын зерттеп,
оның әлеуметтік-эстетикалық нәріне айрықша мән беруде. Сын жанрының туу,
даму жолдарына назар аударсақ, халықтық эстетиканы сыни ойдың бастауы деп
танып, халыктық көркемдік түсінік-танымы мен талап-талғамының өресін
байқауға болады.
Талай ғасырдан бері халықтың рухани азығы болып келген ауыз әдебиеті
эстетикалык мұратты қалыптастыру барысында елдік пен ерлікті, әсемдік пен
сұлулықты, әділдік пен имандылықты ардақтауды, қадірлеуді, жалғандық пен
жамандықтан, зорлық пен зомбылықтан, ажарсыз бен көріксіздіктен жиренуді
үйрету, ұғындыру арқылы жұрттың көркемдік талап-талғамын жетілдіруде озық
үлгі-өнегесі бар ауыз әдебиеті көне дәуірде де, бүгінгі заманда да өзінің
ықпалынан арылған жоқ.
Мысалға ертегілерді алайық. Одан керемет поэзияның желі еседі,
көркемдік шеберліктің тамаша үлгісі көрінеді. Халық ертегілері әрқашанда
адамды тәрбиелеудің тамаша құралы болып, әділдік жолына бас байлатып,
зұлымдықтан жирентеді. Пушкинді еске түсіріңіздерші, ол балалық шағында
ғана емес, атақты ақын аталған соң да Арина Родионованың айтқан ертегілерін
құмарта тыңдаған ғой. Осы ойды қазақтың халық батыры, жазушы Бауыржан
Момышұлының: "Менің осы күнгі келіндерім бесік жырын айта білмейді. Бесікте
жатқанда құлағына анасының әлди үні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең
болып қала ма деп қорқамын" – деп қоюлата түскені тағы бар.
Халық даналығынан туып, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіретін
мақал мен мәтелдердің өміршеңдігін, жиі қолданылатындығын, оның эстетикалық
қуаты мен қауқары, әсері мен ықпалының молдығын кім жоққа шығара алмақ? Ән
әуені естілген жерде қуаныш-шаттықтың желі еседі. Халықтың өнер сайысына,
ақындар айтысына айрықша ілтипат білдіруі де тегіннен-тегін болмаса керек.
Бұл күнде тұрмыс-салт жырлары той-томалағымыздың сәніне айналуда.
Ата мұрасы, халық өнері әлі күнге дейін қазақ әдебиеттану ғылымында
социологиялық және эстетикалық тұрғыдан терең зерттеле қойған жоқ. Халықтық
эстетиканың көп мәселелері қаға берісте қалып келе жатыр. Біз соның бір
ғана саласына, атап айтқанда, халықтық эстетиканың ауыз әдебиеті
үлгілерінен көрінуіне назар аударып, сыншылық ойдың бастауын аңғартпақпыз.
Басқа халықтар сияқты, казақ елі де көне заманнан бері сұлулық пен
әсемдікті айрықша ардақтай білген. Оны сөз өнерімен қастерлеген. Көрік пен
келбеттің, шынайы сұлулық пен табиғи әсемдіктің тамаша белгісі "Қыз Жібек"
жырыңдағы көш суретінен аңғарылады. Қыз Жібекті іздеп келе жатқан
Төлегеннің талай көшке жетіп, қыз дидары мен қылығына көз салған тұстарында
қаншама көркемдік таным жатқанына әрдайым мән бере бермейміз. Әйтпесе,
Көш алдына қараса:
Бір қыз кетіп барады,
Шытырма көйлек етінде,
Нұр сәулесі бетінде,
Бұралып кетіп барады
Перінің қызы секілді.
Бұл сипаттаудағы әсем де ажарлы суреттер эстетикалық әсер туғызатыны
даусыз.
Толған айдай толықсып,
Ақ сазандай бұлықсып,
Алтынды қамшы қолға алып,
Әбжыландай толғанып,
Бұралып кетіп барады,
Жын соққандай теңселіп, –
дегеңдегі сөз бояулары нақты портрет жасауға қажетті қимыл мен
детальдарды аңғартады. Он бір көштен өткен Төлеген:
Орта бойлы дембелше,
Алтын шыны кеседей,
Екі көздін шарасы.
Бейіште жанған шамшырақ
Көзінің гауһар қарасы
Туған айдай иілген.
Екі қастың арасы
Сымға тартқан күмістей
Он саусақтың саласы.
Сондай-ақ боп туар-ау,
Адамзаттың баласы, –
дегенде сөз бояуы кірігіп, ажарлы ару портреті көлбеңдейді. Бұдан да
асқан сұлу бар ма екен деген ой қылаң бере бастағанда жаңа бір көшке
жетеді. Жыр әуені өз тыңдаушысын әсемдік пен сұлулықтың буына әбден жығып
алған соң, әсірелеудің биік шегіне жетеді де, кілт бұрылады. Бұдан әрі
суреттеу қиындап, сөз бояуы таусыла бастаған шақта көркемдік "қулыққа"
көшеді. Тыңдаушысын тәнті еткен ақын енді өзінің поэтикалық мүмкіндігінің
азайып қалғанын сезген соң, көш алдыңдағы келбетті бәйбішені, яғни Жібектің
анасын суреттеуден басқа амалы қалмайды. Салдығы мен серілігі қыздардан
асып түсетіндігін жыр өрнегіне қосып өріп, әсемдікті ардақтау, одан ләззат
алу сезімін эстетикалық танымға айналдырады.
Осындай ажарлы көрініс пен шынайы әсемдіктің әр алуан құбылысын түсіне
білген оқушы енді өз қиялына ерік беріп, Қыз Жібектің сұлулығын көңіл
көзінен өткізеді. Бір ғажабы — жырда Қыз Жібектің бейнесі жасалмайды.
Ақынның осалдығынан емес, қиял жүзіндегі сұлулықтың әсері күшті екеңдігін
ескергендіктен туған көркемдік тәсіл. Сондықтан тыңдаушы, оқушы өзінің
көркемдік танымында әсемдік пен сұлулықтың келісті ажарын енді өзі
кестелейді. Әркім өз сұлуын таңдайды, құшады. Міне, осындай жыр маржандары
халықтың көркемдік таным-түсінігін эстетикалық талап-тілегін
қалыптастырмады дегенге кім сенбек?
Ол ол ма, халықтың керемет қиялы тек адамның ажар, көрік, сұлулықты
тану-сезінумен шектелмей, қимыл әсемдігін, іс-әрекет жарастығын да
келістіріп айта білген. Оны шын поэзияға айналдырған, көзге көрсеткен.
Шырағым Бурыл, шу, – деді,
Құбылып Бурыл гуледі.
Табаны жерге тимеді
Тау мен тасты өрледі...
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі...
Осы суретгегі әсем қимылды әсірелеудің күштілігі мен нанымдылығы сонша,
болмайтыңды болдырады да, халықтың эстетикалық талғамын оятады. Сөзбен
жасалған осындай тамаша суреттер, көрікті келбеттер, ажарлы әсемдіктер,
талай ұрпақтың көркемдік танымын тәрбиелеп, сезімін жетілдірді, түсінік
өрісін биіктетті.
Сынның негізгі мақсаттарының бірі – ажарсыз бен келіссізді мінеу емес,
ең алдымен адамның жан дүниесін, талап-талғамын әсемдік пен сұлулыққа,
ізгілікке тәрбиелеу. Ендеше ауыз әдебиетіндегі талай тамаша көркемдік
тәсілдерді қадірлеп, оның шын мән-мағынасын ашуға тиіспіз..
Қазақ ауыз әдебиетінде ерлік пен ездік, адамшылық пен зұлымдық,
жақсылық пен жамандық, достық пен қастық, адалдық пен опасыздық, баяндылық
пен тұрақсыздық, саналық пен санасыздық бір-бірімен қашаннан бері арпалысып
келе жатқан құбылыс екенін саралайтын ғибратты шығармалар көп. Халық әшейін
ермек үшін емес, оны өмірде пайдалану үшін шығарған, кереғарлықтың ақ-
қарасын айыра отырып, өзінің көзқарасын білдірген. Халықтық эстетиканың,
әдеби сынның бастауы, кайнар көзі болып табылады.
Фольклордың қай туындысын алсақ та ғибрат айтарлық, жөн-жоба мен үлгі-
өнеге көрсетерлік қасиеті мол. Мұның бәрі де халық пікірі, келешек ұрпақты
тәрбиелеудің эстетикалық құралы деп тануды қажет етеді. Тіпті тұрмыс-салт
жырының бір саласы — беташардың мәніне назар аударыңызшы. Қайын жұрттың бар
адамын мінездей, сипаттай келіп, жас келінге олардың әрқайсысына қандай сый-
құрмет көрсетуді айтқанда ибалы тәрбиенің қағидаларымен қатар тіршілікке
қажетті іс-әрекеттерді түсіңдіруі басым жатады. Демек, мұның өзі тек
дидактикалық сипат алып қана қоймай, ғасырлар бойғы тәжірибеде шыңдалған
шындықтарды іріктеп, сұрыптап айтуға негізделеді де, эстетикалық мәнге
ие болады. Творчестволық саралаудан өткен осындай көзқарастан халықтың
сыншылық ой-пікірі көрінеді.
Қазақ әдебиетінде адамның жас мөлшеріне байланысты шығармалар көп.
Адамның тууы, өсуі — табиғат заңы. Бірақ халық санасы адам өмірінің әр
кезеңіне әр қилы сипаттама беріп, сәбилікке мәз болады, жігіттікті айрықша
қадірлеп, кәрілікті сықақтайды.
Он бес жас құйын қуған желменен тең,
Жиырма бес дауыл ұрған перімен тең,
Отыз бес ағып жатқан селменен тең,
Қырық бес аю аспас белменен тең,
Жетпіс бесте көнілің жерменен тең,
Сексенде селкілдеген шал боларсың...
деген тәжірибе түйіні өлең өрнегіне талай өріліп, тындаушысына ғибрат
дарытқаны сөзсіз.
Сонымен ауыз әдебиетінің қай үлгісі болмасын халықтық эстетиканы,
халықтың сыншылдық көзқарасы мен парасатын танытып отырады. Өйткені
көркемдіктен ләззат алу, әсемдік пен сұлулықты ардақтау, озық үлгі-өнегеге
бастап, жамандықтан жирендіріп отыру — халықтың талап-талғамының жемісі,
сыншылдық көзқарастың нышандары.
Қазақ ауыз әдебиетінің ең көне түрлерінің бірі — айтыс жанры.
М.Әуезовтің сөзімен айтқанда, "өлең жарысы, өнер жарысы" ретінде "ақынның
сынға түсетін майданына" (Е. Ысмайылов) айналады. Демек өнердің қадір-
қасиетін айқын тану үшін белгілі бір эстетикалық критерийлер жасалады.
"Ақындар айтысы тындаушы, сыншы жұрттың көз алдында туып, орындалады. Мұнда
тындаушы жұрт құр естуші ғана емес, айтысушылардың сөздерін сынаушы,
қорытушы болып отырады. Ақындардың бірі жеңіп, бірінің жеңілгеніне төрелік
айтушы да сол жиынның өзі болады" ("Қазак әдебиетінің тарихы" І том, 1-
кітап, 1961, 673-бет).
Қызу айтыс үстінде туған ағыл-тегіл өлең шумақтары ақындық қиял-
шабыттың жемісі ғана емес, әлеуметтік шындықтың сыртқа шыққан көрінісі.
Міне, осы кезде творчестволық саралау принципі бой көрсетіп, көркемдік ажар
табады. Сондықтан да ақындықтың сыр-сымбаты мен психологиясын арнайы
зерттеген Е.С. Ысмайылов: "Ақын өмір шыңдығын қайшылық көркемдік бейнемен
қабылдап танитын болса да, оның түпкі реалдық негізі ақынның саналы ойынан
мықтап орын алады. Сондықтан айтыс, суырып салып жырлау үстінде түйдек-
түйдегімен айтылатын өлең, жыр санадан тыс, тек сезімнің, шабыттың ғана
жемісі емес, ақынның саналы образды ойының түйіңі, жинақты көрінісі" деп
айтыс жанрының ішкі сырын ашып, соны эмоциялық тұрғыдан түсіне білген
халықтың эстетикалық талап-талғамының жетілгендігін аңғартады ("Ақындар,
1956, 32-6.). Халықтық эстетиканың мәнді принциптері ақындар айтысынан,
айшықты сын пікірлерінен анық байқалып отырады. Ақындар тек сұлулық пен
асқақ сана-сезімді ғана қастерлемей, әлеуметтік қиястық пен ожарлықты,
қоғамдық зорлык-зомбылықты, кем-кетіктерді айтып, өздерінің өнерін
өрелендіріп отырады. Ажарлы сөз, тапқыр образ, өткір теңеулерге айрықша мән
береді. Әуелінде тілек айту, ықылас білдіру сияқты эстетикалық сәттер
ұшырасқанмен шабыт шалқары алысты шалар кезде сатыр-сұтыр сөз найзасы
сұңғыласып жатады.
"Жүз толқытып жібекгей өлеңінді айт",
немесе
"Сусындайық өлеңнің тұнығынан" –
деген сияқты тілек білдіру айтыстың алғашқы сәтіңде аңысын анду,
ақынның дарын қуатын аңғару үшін қолданылатын өнерпаздық амалдар. Ал озық
өнерімен, ән думанымен қадірлі болған ақын өз басын асыра бағалап, қарсы
ақынды кішірейте сөйлеп, мысын басып алуға ұмтылуы да эстетикалық
зандылыққа бағынады. Өйткені сөз өнеріңің сипаты туралы халықтық түсінік
айқындалып, талап-талғамның қалыптасуына жағдай жасалады.
Өлеңге бейсауат сөз қосамын деп,
Қалтырап топ ішінде пақыр болдың, –
не болмаса:
Көсілген көмекейің ақын емес,
Суындай сөзің нәрсіз шалшық көлдің, –
дегенде бірін-бірі сынап, мысын басу ниеті басым жатқанын көреміз.
Жамбыл мен Құлмағамбет айтысындағы:
Болғанда мен — ақ сұңқар, сен — бір тауық,
Сен Әтеш - айқайлағыш ауық-ауық.
Болмаса аты шыққан Сүйінбайың
Басқасын қою керек жылы жауып.
Ажал түртіп жүрмісің аңдамастай
Оқтаулы ақ беренге қарсы шауып.
Әсет пен Ырысжан айтысындағы:
Айыр көмей, жез тандай, қаусырма жақ,
Алты арысқа білінген әкең менмін.
Сөз тамырын байқарсыз тартысқанда,
Жығылмай түзу кетсең, ақын дермін, –
дегеннің бәрі де қарсылас ақынның сағын сындыру мақсатын көздеумен
қатар, сөз өнерінің құдіретіне қанша мән берілетінін айқындайды. Осының
классикалық үлгілерін Біржан мен Сараның айтысынан анық көреміз. Бұл
айтыста от шашып, найзағайдай жарқылдаған сөз өрнектері мен бедерлері
өзінің образдылығымен ғана емес, эстетикалық нәрімен асқақтай түседі
Сондықтан олардың өнер тартысы халықтық эстетиканың негізгі талаптарын
аңғартып отырады. Әрбір ақын өзін көтере сөйлеген уақытта ойлы, ажарлы
сөзге халықтың қаншалықты мән беретінін ескеріп:
Сайраған Орта жүздің бұлбұлымын,
Арғынның Алтай, Қарпық ақтан кері.
Барабар сөзі теңдес адам болса
Көңілімнің тарқаушы еді қайғы-шері...
Алтын менен күмістің нақысындай
Міні жоқ бізден шығар сөз бедері, –
дегенде, бейнелі сөзді көркемдік талғам деңгейінде түсіну жағы басым.
Осындай сөз қүдіретіне табынған, оны аспанға көтерген Біржанға Сара оңтайлы
жауап бермесе, мұндай айтыс та болмас еді. Сара:
Данышпан білгіш қой деп ойлаушы едім,
Арғын да айтады екен жоқты мақтап.
Найманда екі жүзді наркескенмін
Желкенді қимақ үшін қойған сақтап.
Тозаңың анда-санда бір бұрқ етер
Саулатсам қызыл тілді екі жақтап, –
деп жауап қайтарғанда, Біржан қарсыласының тегін еместігін, сөзден
тұзақ құра алатындығын сезеді де үлкен өнер тартысына жетектейді. Сара да
бөтен сөзбен айтыс ырқын бұзбай, өнер еліне беттеп:
Сөзбенен жеңемін деп ойламаңыз
Бір жерде мүдірер деп, көңіл бөліп, —
Жүз Жанақ, он Орынбай жолдас алсаң,
Мен кепіл сен жеңілмей тұрмасыңа.
Санаң болса осымен тоқта,
Біржан Арғынды бос қаздырмай ұрғашыға, –
дегенді естіген соң, Біржан Сараны шын өнердің өзегіне тартып, айтысты
өрелендіре түседі.
Барынша өнеріңді аянбай сал,
Көңілімді көтермей-ақ сөзбен жуып, –
деп алады да, соны әуенмен өзінің өнерімен таныстырады.
Ой желке, қамыс құлақ, қаракөкпін,
Тұнықтан жүзіп ішпей қанбайтүғын...
Әнімді он екі взвод жіберейін
Есіңнен еле-өлгенше қалмайтұғын.
деп, Сара бұрынғыдан да өрлеп, қолға оңай түспейтін бұлбұл екенін
аңғартады. Соны сезген Біржан:
Шіркін-ай, мұндай жүйрік туармысың,
Сөйлейсің алтындай қып сөздің жезін, –
деп, айрықша ардақтап, өнеріне тәнті болады. Енді "мақтамен
бауыздамаса" алдырмайтындығына көзі жеткен Біржан шырайлы шындыққа дақ
салатын өмір өткелін іздейді. Бұл әуелінде сүріндірудің тәсілі болғанмен,
Сараның жүрек жарасына айналған Жиенқұл сұлу өмірге жасаған қастандықтай
көрініп, жалындаған сөз тартысы, өнер тартысын біртіндеп қайғы-мұң
торлайды. Ақындық интонация да өмір шындығына оралып, Сараның мысын
құртады. Сөйтіп екі ақын "екі жақсы бір жерге қосылмайды" деген халық
даналығын растайды, өнердің қор болғанын паш етеді. Бірін-бірі жеңу, мұқату
ойы енді екінші қатарға шығып, халықтың жанын жадырататын өнерпаздың қор
болып бара жатканын көрген Біржан Сараның ақындық дарынына бас иіп:
Садаға тырнағыңнан кетсін, Сара,
Сан жүйрік көріп едім мен нелерді! –
деп алады да, халыкқа, ел-жұртқа қарап:
Қылайын көп ұзатпай сөзді қысқа
Өлеңге жан көрмедім мұнан ұста.
Аты ұрғашы демесең, қарындасым,
Адамның артығы екен осы тұста.
Шынымен баптап күнде дауға салса
Ілеспес ақын түгіл, ұшқан құс та, –
деп марапаттауының өзі өнерді тану, оны қадірлеудің эстетикалык астарын
аңғартып, сыншылык ой-пікірмен сабақтасып кете барады. Біржан мен Сараның
айтысы — ақыңдар айтысының классикалық үлгісі және өнер қасиетін айрықша
ардақтаған тамаша туынды ғана болып қалмай, күні бүгінге дейін ел жадында
өнерді құрметтеу, өнерпазды қадірлеуді өнеге тұтар халықтық эстетиканың
шыңына айналды. Ақындық дарынның қоғамдық мәнін айқындау арқылы көркем
сөздің қадір-қасиеті, өнерпаздардың абыройы, елге тигізер әсер-ықпалы
еселене түсіп, халықтық эстетиканың мәнді принциптері калыптасады.
Қазақтың ақыңдар айтысыңдағы сыншыл ой-пікірлер мен көзқарастың жаңа
бір соны сілемдері Сыр бойы ақындарының айтысынан көрінеді. Олар көбіне
жазып айтысатындықтан және екеу ара емес, бірнеше адам сөз сайысына
түскендіктен жазба поэзияның сілемдері, эстетикалық сынның элементтері
байқалады. Шығыс дәстүрінің ықпалдары, көбіне сюжетті әңгіме-аңыздары,
жұмбақтары араласып, оның шешуін іздеу де, сондай-ақ өздерінің өмірін
сынауы да, айтысушыларға төрелік айту да айтыстың жаңа бір түрі ғана емес,
халықтық эстетиканың бір парасы болып корінеді. Ол айтыстар тарихта аты
қалған Шораяқтың Омары, Ізтілеудің Тұрмағанбеті, Кете Жүсін, Таубай Жүсіп,
Қаңлы Жүсіптердің өзара сөз жарыстыруынан туған, әлеуметтік-эстетикалық
мәселелерді қозғап отырған.
Шораяқтың Омары Ботабайдың Әбішіне мін тағып, басшы болсаң ақылды бол,
сөздің нарқына түсін дегенде Таубайдың Жүсібі Әбіштің "намысын" қорғап,
Омарға тиіседі:
Болды ғой шайырлығың халыққа мәлім
Жүйріктей заманында озған топтан,
Ұялмай ұйқас сөзге мәз болатын
Өтпеген бала емессің балиғаттан.
Бұған "шамданған" Ыбыраш Ержанүлы Омарды жақтап жауап жазады. Оның
ақындық өнеріне көңілі толмаған Таубай Жүсіп:
Эбият, назым, гәзел, бәйіт, мүхаммас
Мазмүнын көріп едім бірталайдың
Кітаптың, не казақтын ұйқасына
Келмеген екісі боп бір ыңғайдың
Шарлапсың, сөз көшесін шамадан сырт
Қырық құрап қиындысын қиқымдардың.
Термесі ия өлеңіне ұқсамайды
Қырғыз бен қарақалпақ, сарт, ноғайдың.
Білмеймін орыс назымы бола қойса
Ұзынды-қысқалысы осындайдың, –
деп Ыбыраш өленін сынап, онын ешбір жөн-жобаға келмейтінін, өзінің әр
ел поэзиясынан хабары барын аңғартады. Мұндай шумақтан сынның элементтерін
бірқыдыру мол кездестіреміз. Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Нақып Қожаның жазбаша
айтысы бірнеше жылға, яғни 1908 жылдан 1915 жылға дейін созылып, айтысушы
үш ақынға кейде жарастыру, кейде от беріп тұтату, кейде билік айту
мақсатымен Кеңесбай Сүйінбайұлы, Аппаз Жарасбайүлы, ақын Тұрмағанбет
Керейіт Даңмұрын, Мықан Балтекейұлы, Мансұр Бегежанұлы араласқанда екі
Жүсіпті Тұрмағанбет татуластырып, айтысты тоқтатқан екен. Мәселе олардың
ұзақ айтысуында, көп ақынның араласуында ғана емес. Осы айтыста бір-бірінің
өлеңін сынау тенденциясының айкындығында. Кете Жүсіп өзінің бір жауабында:
Шығыс поэзиясындағы өлең түрлері
Екі "ұят" бір орында қате түсіп,
Сөзіңді халық сынапты болған алжас.
"Гүл" мен "бақ" бір орында төрт айтылып,
Кеткен жоқ кеңесінен келмей ұйқас.
Топқа айтып мұнан былай мін тақтырма,
Ағаңның сөзі болса жазған оғаш, –
деп өз өлеңінің кемшілігін мойындайды. Бірақ Қаңлы Жүсіптің шақпа тілі,
әсіресе менсінбеу ниеті жанына батқанын жасырмай айтқанда, айтыс тағы да
үдеп сала береді. Бір сүріндіріп алғанына мәз божан Қаңлы Жүсіп енді дыбыс
үндестігін, ұйқасын, жүйесін сақтауды талап етеді, сөзді мәніне қарай
қолдану қажеттігін ескертеді.
Сынменен сирағымнан сонша басып,
Емлесі келмегендей басқа ұйқастың.
Түспей-ақ біздің ізге, өз бетіңмен
Білікті емес пе едің адаспастың, –
деп тың тыныс, өзіңдік өрнек таба алмаған ақынды сынайды. Осы ұзақ-
сонар айтыстың негізгі аркауы — екі ақын бір-бірінің өнерін, ақындық арынын
мінеп-сынаудан өрбиді де, шын өнердің кадір-қасиетін ардақтауға,
өнерпаздардың тату болып, ел мұңын жырлауға, өнеге боларлық сөз тудыруға
үндеген. Ал көркемдік жағынан болымды-болымсыз айтылуы екінші мәселе.
Ақындық өнерге қойылар талап жайында Нүриланың Үмбетәліге айтқанынан
анық көреміз:
Бұл Үмбет ақын емес, анық шатпақ,
Ежелден ескі мінез сөзге тақпак.
Әйгілі ақын болсаң ел мақтайтын
Сөзіңді сөйлесеңші екі жақтап.
Әйтеуір ақынмын деп әуектейсің
Білмейсің не айтқаныңды қылжалақтап.
Белгісі өлеңшінің олай емес,
Жақсының сөзі балдай сырлы кеңес.
Майда тіл, жұмсақ көңіл болмайынша
Ақындық адамзатқа оңай емес, –
деген ойлар сыншылдық ауылының алыс еместігінің, ақындық дарынға қандай
талап қойылатыңдығының дәлелі.
Ақындар айтысы – өнер жарысы, сөз сайысы. Ол халықтық эстетиканың ең
мәнді де құнарлы принциптерін белгілейді. Осындай озық дәстүрден нәр алған
халықтың сөз қадірін білуге, оған айрықша мән беруге ұмтылуы — мақтаныш.
Ақыңдар айтысы бір жағынан эстетикалық мән-мағынасымен елдің көркемдік
талап-талғамын тәрбиелесе, екіншіден, тарихи деректерге толы. Көптеген
тарихи мағлұматтар хатқа түспегенімен, мүлдем ұмыт болып кетпегенін ақындар
айтысынан көреміз. Көпшілік айтыста ең әуелі ақынның қай елден, қай рудан
екені, оның қандай өнерпаздары болғаны, тарихтан өткен билері мен батырлары
жайлы айтылады. Осы айтыстардан талай ақынның өмірбаянын суыртпақтап, тіпті
қай жерде болғанын, кіммен кездескенін, қандай ақынмен сөз сайысына
түскенін, нендей олжа, абырой-атақ алғанын білуге әбден болады. Ата-
бабаларының шежіресін шертетіні қаншама. Сонымен қатар, айтыс барысында әр
өлкенің кәсібін, шаруашылығын, әдет-ғүрпын, этнографиялык ерекшелігін,
аймақтық айырмашылығын аңғару қиын емес.
Қарақалпақтың классик ақыны Әжінияз бен Меңеш қыздың, молда Мүса мен
Манат қыздың, Түбек пен Құлмағанбеттің, Орынбай мен Шортанбайдың, тағы
басқа айтыстардың бәрі дерлік тарихи, әдеби, этнографиялык деректерге толы.
Ақын өміріндегі кезеңдік оқиғаны әдейі қадай айтатын сәт көп. Мәселен, Ақан
серінің:
Омбыда патша келіп болған жиын
Қалдырмай бәрін тегіс болыс, биін.
Министр, губернатор, советниктер
Бас қосып, мәжіліс болған ұлы дүйім.
Николай император құзіретіне
Сөйледім бұл қазақтың жайы-күйін, –
деген дерегін архивтерден іздеп тауып, "қазақтың жай-күйі" туралы не
айтқанын біліп алу тарих үшін айрықша қажет. Демек, қазақтың ақындар
айтысына тек эстетикалык қана емес, тарихи-этнографиялық тұрғыдан қарап,
арнайы зерттеу – қазақ әдебиеттану ғылымының кезектегі өзекті проблемасы.
Халықтық эстетиканы сөз еткенде оның ең мәнді де айшықты көрінісін
ақындар айтысынан кездестіреміз дегенде, халық творчествосының басқа
саласына назар аударудың қажеттігі жоқ деген пікір тумаса керек. Ауыз
әдебиеті өмірдің алуан саласын қамтитындықтан, халықтың ой-арманы мен
тілегі, дүниеге көзқарасы, көркемдікті тану процесі, оған өз ойын білдіру
әрқашан көрініс беріп отырады. Халықтық эстетиканың сілемдері юмор мен
сықақтан, әзіл-оспақ өлендерден, әжуалағыш сатиралардан, сондай-ақ
лирикалық толғаулардан да аңғарылады.
Халықтың эстетикалық танымы мен сыншылдық ой-пікірі ауыз әдебиетінің
қай саласынан болса да кездесетіні туралы сөз болғанда, бірер жайға назар
аударған жөн. "Қазақ ауыз әдебиетінде жерге, елге, малға айтылатын шешендік
сынның алуан түрі бар. Түйенің қомы, аттың жалында өскен малшы, аңшы қазақ
аса сыншы келеді. Жүйрік ат, қыран құсты шаппай, ұшпай танитын саяткер,
құсбегілер болған, ізіне қарап түйенің түсін айтатын, қозыға карап қоралы
қойдан енесін тауып салатын, жоғалған биенің іште кеткен құлынын ат
болғанда танып алатын сыншылар туралы аңыздар көп" ("Қазақ әдебиетінің
тарихы", I том, 146-бет).
Сол сияқты, "ата балаға, көпті көрген және жаңа талап жасқа сын айтып,
болашағына болжал жасау — казақ елінде ежелден келе жатқан дәстүрлердің
бірі" (бұл да сонда, 147-бет) екендігін еске алғанда, қазактың билер және
шешендік сөздерінен нелер шұрайлы ойларды кездестіреміз. Қазақ халқының бай
ауыз әдебиетінің эстешкасын терең зерттеп, мән-мағынасын жарқырата
түсіндірсек, әр халык өзінің дүниетанымының шама-шарқына қарай адамзат
мәдениетіне үлес қоса алатындығын, түйінді ойлар мен қомақты пікірлер айта
алатындығын байқаймыз. Сонымен, казақ ауыз әдебиетінің тамаша үлгілеріңде,
әсіресе акындар айтысында халыктық эстетиканың таным-түсінігін
калыптастыратын шұрайлы өрнектер мол, жиі кездеседі. Айтылар ой, қорытар
пікір, берер баға өнердің, әсіресе сөз өнерінің қадір-қасиетін, өнерпаздың
дарын қуатын айқындайтып халықтық эстетиканың әр алуан принциптері бой
көрсетеді. Нақты дәлелдер, жүйелі талдау-анализдермен тұжырымдала бермесе
де, халықтың сыншылдық ой-пікірінің, эстетикалык таным-білігінің айшықтары
анық көрініп жатады. Оны сыншылық ой жүйесінің бастауы, қайнар көзі деп
біліп, әрбір көркемдік құбылысқа жіті назар аударған абзал.

Студенттердің өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тақырыптары:
1. Қазақ әдеби сыны туралы жалпы түсінік.
2. Сыншылық ой-пікірдің мол арнасы - халықтық эстетика элементтерінің
халық ауыз әдебиетіндегі көрінісі.
3. Орхон - Енисей ескерткіштерінің эпостық сипаты және олардың түрік
поэзиясын тудырудағы ролі.
4. Қазақ хандығы тұсындағы ұлы жыраулар мен ойшылдардың сыни
толғамдарының мәні.
5. Мағыналы шешендік сөздердің мемлекеттік деңгейге көтерілуі,
қоғамдық және эстетикалық сананың бұлағына айналуы.

1.2 КӨНЕ ДӘУІРДЕГІ СЫНИ ОЙЛАР

Бағзы замандардан өнер мен талғам қатар жүрген. Талғам тек тамсанудан,
қоштаудан ғана тумайды. Жақсы мен жаманның, ізгілік пен зұлымдықтың,
сұлулық пен ажарсыздықтың ара жігін ажырататын таным-білік, парасат,
түсінік әрқашан әділдік туын тіккен. Бүл процесс халықтық эстетикада ғана
емес, көне замандағы түркі ескерткіштерщде, ортағасырлық жазбаларда,
мұсылман, қараханит, Алтын Орда замандарындағы, қазақ хандығы тұсындағы
жыраулардың, шешен-билердің туындыларында, мемлекет қайраткерлері мен
ғұламалардың тарихи зерттеулерінде, жарғыларында кездеседі.
Қазақстанның кең өлкесін жайлаған тайпалардан қалған ескерткіштер
ежелгі мәдениет үшін де, оның әр қилы салалары үшін де айрықша құнды.
Сондықтан У-ХУ ғасырларда жасалған рухани байлықты бүкіл түркі тілдес
халықтардың ортак мұрасынан бөлмей, әр халық өзіне қатысы барларын жалпының
бөлшегі ретінде зерттеп, өзіндік таным-білікке пайдалануға тиіс. Сондықтан
қазақ әдебиет сынының қайнар көзі, мәнді бір арнасы ретінде сонау көне
заман ескерткішгерінен бастау алғаны жөн.
Көне дәуірдегі туындылардың көркемдік сипатына Б.Кенжебаев пен
Ә.Марғұлан Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңде-ақ көңіл аударды. Ал "V–VIII
гасырлардағы халық фольклорында эпостық поэзияның Орхон ескерткіштеріңде
жазылып қалған ең ертедегі ақындық тәсілдері мен дәстүрлері белгілене
бастаған. Бұл поэзияның элементтерін Күлтегін мен Білге ханның басына
қойылған құлпытастардағы жазулардан көруге болады. Бұл жазулардағы текст
эпостық әңгіме стилінде жазылған" ("Қазақ ССР тарихы", А.,1957,1 том,117-
бет). Көркемдік танымның алғашқы элементтеріне жататын пікірлер мен бейнелі
ойлар Орхон-Енисей, Талас-Шу ескерткіштерінде көптеп кездеседі. Мәселен,
"Табғаш халкының сөзі тәтті, бұйымы асыл еді. Тәтті сөз, асыл дүниесіне көп
алданып, түркі халқы кырылдың, түркі халқы жойылдың" (М. Жолдасбеков, "Асыл
арналар", А, 1991. 44-бет) дегендерді де немесе "Қол қосылса – күш өсер",
"Жұқаны таптау – оңай, жіңішкені үзу – оңай" деген мақал-мәтелмен қатар
"Орхон" ескерткіштерінде шешендік арнаудың, келісімді ырғақтың, ойлы
мақалдың, азалы жоқтаудың" (сонда, 76-бет) үлгілері көп ұшырасуы халықтың
эстетикалық таным-білігін, сайып келгенде, көркемдік түсінігін қалыптастыра
беруге септігін тигізді. М.Әуезов сол жазуларда "эпостық аңыздардың шағын
да ықшам фабулалық желілері бар" деп тапқан болатын.
Қорқыт әфсаналары мен "Оғызнамадан" біз талай үлгілерді көреміз.
Қоркыттың Желмаямен желіп жүріп жерұйық іздегенде әр өлке-аймаққа берген
бағаларында сыни көзқарас басым жатады. Шешендік нақыл, өсиет сөздерде "Ат
тұяқты келеді, ақын тілді келеді", "Ескі темір біз болмас, ескі дүшпан дос
болмас", "Күйің үшін өлейін, тілің үшін өлейін, құлыным", "Тізгінсіз тіл
бас жұтқызар", "Ақын тілі қақсауық", дегеңдерде сыни көзқараспен қатар
пәлсафалық ой ағыны күшті екенін көреміз ("Жалған сөздің дүниеге келмегені
мақұл. Адам ішпес ащы судың ақпағаны мақұл").
Көне әдебиетіміздін мұсылмандык дәуірі ғылыми-әлеуметтік ой-
пікірлерімен катар эстетикалык таным-біліктің қайнар көзін бұрынғыдан да
кеңірек ашып, адамзаттық мәдениетке үлес болып қосылатын үлгілерді мол
тастап кетті. Өзгелерді былай койғанда, Әл-Фарабидің қолынан жүзден аса
еңбек шыққан. Оның социология, этика, әсіресе эстетика мәселелерін қамтитын
күрделі де қомақты еңбектері, атап айтканда "Ақылдың мәні туралы трактат",
"Мемлекет қайраткерлерінің афоризмдері", "Қайырымдық мағынасы хақында",
"Ғылымды меңгеру және оның мақсатын түсіндіру", "Ғылымдардың шығуы", "Сөз
ғылымын классификациялау", "Аристотель еңбектеріне түсіндірме (поэтика;
риторика, софистика)", "Музыканың ұлы кітабы", "Өлең кітабы", "Өлең
өнерінің қағидалары туралы трактат". "Поэзия туралы" әлі күнге дейін
таптырмай келе жатқан "Өлең ырғағы туралы", "Ырғақ пен өлең туралы
трактат", "Поэзия өнерінің негіздері туралы", "Өлең және ұйқас туралы сөз"
атты еңбекгері әдебиеттанудың өзекті салаларына арналған, әдебиет теориясын
жан-жақты зерттеген.
"Сөз өнері дертпен тең" екенін Әл-Фарабидің ғылымдарды жүйелегенде
бірінші орынға қоюынан-ақ анық байқаймыз. Бар ғылымды бес салаға жіктеп,
бірінші кезекте тіл туралы ғылым және оның бөлімдеріне назар аударады. Тіл
туралы ғылым әр халықта жеті ірі бөлшектен тұрады дей келіп, сөз құрастыру
ғылымының ең өзекті саласы — өлең құрастыру өнері екенін айтады. Атақты
шешендер, ақындар мен сөзуарлардың артында қалдырған мұраларын зерттеу
амалына, поэтика заңдылықтарына тоқталады. Ал ол өз кезегінде буын-бунақ,
сөз әуезділігі мен ұйқас жүйелеріне бөлшетіндігін айтып, теориялық
толғамдар жасайды.
Аристотельге қанша сыйынып отырғанмен, Әл-Фараби риторика мен поэтика
жайындағы ойларын таза эстетикалык тұрғыдан: "Сәннің кілті – сәйкестікте,
сәйкестік жоқ жерде сұлулық аз", "Сұлулық сүйсіндірсе, ұсқынсыздық
жиіркентеді" деп табады да, осының ішкі заңдылықтарына үңіледі. Әл-Фараби
поэтиканы үшке бөліп қарайды:
1. Өлең құрылысы мен оның өлшем түрлері.
2. Ұйқас.
3. Әуезділік.
Поэзияның алғашқы негізгі элементі – фонема – сөз болса, музыканікі –
тон, әуен, ал живопистікі (жанды жазу) – бояу екенін айтып, оқығанда да,
тыңдағанда да, көргенге де олардың үндестігі сезілмей, адамды қуаныш
сезіміне батыруы керек. Сондықтан әуен мен сөздің, бояудың үйлесімі мен
пропорциясы қатаң сақталуы тиіс.
"Поэтика (көркем ой) және оған қатысты нәрселер сезіммен, қиялмен және
санамен бірдей байланыста болады. Өлең біздің сезімімізге, қиялымызға, ақыл-
санамызға әсер ететін сыртқы, дүниенің көрінісін қайта еске түсіре білу"
деп тапқан Әл-Фараби ("Философиялық трактаттар" А, 1973-бет) одан шығатын
салдарларды, оны жазушыларды, әсіресе ақындарды өз ерекшеліктеріне қарай
жіктейді.
Кейбір ақындарда, елестету, қиялдау қабілеті күшті болса, әуен ырғағына
көбірек ден қойып, дарын қуаты дараланады. Қайсыбір ақында түйсіну қабілеті
басьім болса, сезімге сүйенбей-ақ өлең шығара береді. Осы қабілеттер
тұтастық тауып, кемедденсе, ақын өзінің киялын да, елестету қабілетін де,
сезім түсінгіш де ақыл-санаға бағындырып, көркемдік шеберліктің биігіне
көтеріледі деген тұжырымдар жасайды.
Әбу Нәср әл-Фараби "Өлең өнерінің қағидалары туралы трактатында" көне
грек өнерін Аристотельдің, түйіндегендерінен гөрі тарамдата баяндап,
трагедия, дифирамба, комедия, ямба, драма, диаграмма, сатира, поэма, эпос,
риторика, амфигенезис (космогония), акустика деп әрқайсысына анықтама
береді. Әрине бұның бәрі бүгінгі жанрлық жіктеулерге қабыса бермесі өзінен-
өзі түсінікті. Бұлар – көркем шығарманың жанрлық сыртқы көрінісі. "Поэзия
туралы" деген еңбегінде араб поэзиясының сыр-сымбаты, әсіресе бәйіт жазудың
он бір шартын атаған. Мұның негізгі принциптері адамзаттық шығармашылыққа
жанасымды болғандықтан, сонау көне заманның өзінде өлеңнің сыртқы
көрінісіне ғана емес, ішкі заңдылықтарына көңіл бөлген ғұламалықтан ғибрат
алуға тиістіміз.
Әл-Фараби араб ақындары шығарма жазғанда міндетті түрде қалыптасқан
ережелерді басшылыққа алғандарын айтады. Олар:
1. Бәйіт шумағы дәстүрлі, бұрыннан белгілі не мүлдем тың образдармен
тұйықталады. Бәйітті түйіндеуге арабтар айрықша мән бергендіктен өлең
өрнегі әрі ажарлы, әрі көркем болады.
2. Образды сөз ұқсатылған затын көзге елестетуі керек.
3. Ұйқас міндетті түрде сақталуға тиіс.
4. Сөз ағыны бунаққа белінеді.
5. Ырғақ, бунақ бөлшектері бірыңғай болуы шарт.
6. Сөздер белгілі жүйемен орналасады.
7. Сөздердің әуезділігі бірдей болуы шарт.
8. Буын сандары бірдей болмақ.
9. Әрбір тармақтың ұйқасы әрқашан бірдей.
10. Ұқсатылған заттың сыр-сипаты сөз әуенінен аңғарылуы шарт.
11.Сөздердің ішкі ұйқасы мықты сақталмағаны жөн деп табады ("Логические
трактаты" А, 1975, 545—546-беттер).
Сонымен әл-Фараби "ежелгі дәуірдегі араб, парсы және грек позиясының
тарихы, тақырыбы, композициялық құрылысы, ұйқасы, түр-тұлғасы т. б.
мәселелерін әдебиетші ғалымретінде жан-жақты зерттеді". (Н. Келімбетов,
"Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі". А., 1986, 114-бет).
Әл-Фараби көне түркі заманы мен келесі кезең бастау алар өліарада өмір
сүргендіктен оның осы екі этапқа да қатысы бар екенін естен шығармау керек
X—XIII ғасырларда араб тілі жалпы қолданыстан шеттетілгенімен алфавиті
(жазуы) сақталды. Ал Орта Азия мен Қазақстанда түркі тілінің өз алдында
қалыптасу процестері зор қарқынмен жүріп жатты. Өйткені "Қыпшақ, оғыз,
қарлұқ және ұйғыр тайпалары мен халықтарының тілдері негізінде X-XII
ғасырларда араб графикасындағы түркі жазуы қалыптасты. Әдебиеттің көптеген
ескерткіштері аралас қарлұқ-ұйғыр және қыпшақ-оғыз тілдерінде жазылды"
(Қазақ ССР тарихы. А., 1983, 2-том, 113-бет). Ол тіл осы аймакты
мекендеушілердің ортақ қарым-қатынас құралы, эстетикалық арнасы болды.
Түркі тілінің ең кесек және әлемдік мәні бар бір туындысы – Жүсіп
Баласағүнның "Құтты білігі" (ХІғ.). Бұл шығармада сол кездегі түркі
халықтарының, оның ішінде қазақ халқының құрамына кірген ру-тайпалар
тілдерінің тұтастық тапқаны соншама, әр ел, әр жұрт өзімдікі деп иемденуге
хақылы болды және шығарманың тілін түсіну жағынан онша қинала бермеді.
Сондықтан талай ғасырдың тәжірибесінен туған даналық, шешендік сөздер,
мақал-мәтелдер, қанатты тапқыр орамдар, жыр-толғамдар өзіңнің төл дүниеңдей
сезіледі. "Құтты білік"— бүтін бір тарихи кезеңнің көркемдік, саяси-
әлеуметтік арқауын жинақтаған рухани қазына. "Бүкіл тіл орамдары, тарихи
мекен-жайлар, сөз толғамдары туысқан халықтармен қатар қазіргі қазақ тіліне
де үндес. Поэтикалық, қоғамдық-әлеуметтік мәні жағынан, философиялық терең
тұжырымдарымен туған еліміздің рухани, моральдық-этикалық түлғасын,
Қазақстан мәдениеті мен әдебиетінің бай тарихы мен дәстүрін көреміз".
(А. Егеубаев, "Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді". Жүсіп
Баласағұнның "Құтты білік" кітабына жазылған алғы сөзден. А., 1986, 2І-
бет).
Халықтың көркемдік таным-білігін аңғартатын толып жатқан арналардың
біреуін ғана, яғни тілдің қоғамдық-әлеуметтік, эстетикалық мәнін
айқындайтын бәйіттерге назар аударсақ, қазақ жағдайында бір ауыз сөзбен
адам тағдырын шеше беретін дәстүрдің алғашқы бастауын көріп өткенімізде
қаншама рухани байлық жатқанын аңғарамыз. Шынында да "ақыл көркі – тіл,
тілдің көркі – сөз", "таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді, сөз қалады, таяқ табы
кетеді" сияқты нақылдардың тек ғибраттық қана мәні бар деуге болмайды.
Тілімізде қаншалықты күш-қуат, ызғар-айбат, үлгі-өнеге, аталы сөздер
бар екенін мақал-мәтелдерден көреміз: "Тіліңді бақ, басың аман болады.
Сөзді қысқарт, жасың ұзақ болады", "Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан
жіңішке", "Сөз – ойдың көрінісі", "Тіл – елшінің қылышы", "Тіл мен сөз –
көңілдің айнасы", "Ақыл мен білімнің тілмәші — тіл", "Қылыш елді күзейді.
Қалам ерді түзейді". "Білім қадірін оқыған білер, зер қадірін тоқыған
білер". "Жамандық озбайды, жақсылық тозбайды". "Айтылмаған асыл сөз ауыздан
шықса бақыр болар", "Басыңа саулық тілесең, тіліңе мықтап кісен сал",
"Адамның көңіл күйі бейне ат секілді: бірде семіреді, бірде азады". Бұларға
ақыл-парасатпен қатар сыни ойдың тән екенін жоққа шығара алмаймыз.
Тілді меңгеріп, сөзді ұқсатудың, оны эстетикалық тұрғыдан сипаттаудың
бір амалы поэтикалық оралымга айналдыру болса, осы көркем ескерткішті қазақ
тіліне аударып, ғылыми зерттеу жасаған А.Егеубаевтың "Құтты біліктің" өлең
өшнемі — қазақ өлеңдерінде ықылым заманнан келе жатқан 11 буынды қара өлең
өлшемі. Поэма негізінен тұтасқан осы өлшеммен, бір тыныспен жазылған.
Әрине, бунақ пен ырғақ тараулардың мазмұнына, тынысына қарай өзгеріп,
ауысып отырады. Поэманың поэтикасындағы бір ерекшелік — қазіргі қазақ
өлеңінің төл қасиеті болып табылатын аттамалы ұйқаспен жазылуы. Бұл,
көбіне, Абай поэмасынан, XV—ХХ ғ. аралығындағы қазақ ақындарының
шығармашылығынан кеңінен таныс түр. "Терме, толғауларда дәстүрге айналған
аттама ұйқаспен де сайма-сай, әдіптес" (бұл да сонда, 31-бет) дегендерінде
мән бар. Өйткені өлеңнін үлгі-бітімі оп-оңай және тез өзгеріске ұшырай
бермейтін, жеңіл-желпіге құбыла салмайтын, көбіне баянды өрнек екенін естен
шығармаған абзал.
"Құтты білік" кітабының сын саласына айрықша жақындасар тұсы — тұңғыш
рет карасөзбен де, өлеңмен де алғы сөз жазылуы. Әрине, әл-Фараби ғалым
ретінде қай еңбегіне болмасын түсіндірме беріп, талдау жасап отырады. Ал
поэма жазып отырғандардың қысқаша кіріспемен өз шығармасының қалай
туғандығын айтып, оқушы назарын белгілі арнаға бұруы керектігін тамаша
ескерткен.
Алла тағалаға арналар дәстүрлі мінәжатты орындағаннан кейін "бұл бір
бек әзіз кітап" деп алады да, оның мұндай қасиетке ие болуы Шынның мысал-
хикматтарымен, Машынның өлең-жырларымен безендірілгенін ескертіп, оны
насихаттаған пенделердің игі де ізгі іс атқаратынына назар аударады.
Түркістан елдерінде, яғни бүтін түркі халқы жасаған жерлерде Бұғраханға
"түркі сөзімен бұл кітаптан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Д. Ысқақұлы әдебиет сыншысы
Әлемдік әдеби сынның эстетикасы
Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар
Мұхаметжан Қожаcбайұлы Қаратаев – әдебиет сыншысы
Ғылымға даңғыл жол салған – сарабдал сынның сардары (Сындарлы сыншы – Тұрсынбек Кәкішұлы туралы бір үзік сыр)
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы
М.қаратаев - әдебиет сыншысы
Баспасөз және сын
Сын және әдебиет
Пәндер