Шәкәрім Құдайбердіұлының би ретіндегі қызметі



КІРІСПЕ
3
1 ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН ХХ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ АРАЛЫҒЫНДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ


8
1.1 Қазақстандағы ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы саяси жағдай
8
1.2 Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі және саяси қайраткерлігінің кезеңдері
17
1.3 Шәкәрім Құдайбердіұлының болыстық қызметі 29


2 ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
38
2.1 Шәкәрімнің саяси және құқықтық көзқарастарының ерекшеліктері 38
2.2 Шәкәрімнің мемлекеттік басқару туралы ойлары 52
2.3 Шәкәрімнің би және дәстүрлі сот билігі туралы ойлары 62
2.4 Шәкірімнің шәриат заңдары және қазақ әдет құқығының енші институты туралы көзқарастары
71


3 ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ СОТТЫҚ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ БИЛІК.ШЕШІМДЕРІ
83
3.1 Шәкәрімнің соттық қызметі және билік . шешімдері 83
3.2 Шәкәрім және жер дауы 94
3.3 Шәкәрім және жесір дауы 98
3.4 Шәкәрімнің “Базаралы.Тәкежан” (мал дауы) дауына қатысуы 106


ҚОРЫТЫНДЫ

113


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 118
Диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық зерттеуде Қазақстандағы ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы саяси жағдай, Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі және саяси қайраткерлігінің кезеңдері, Шәкәрім Құдайбердіұлының болыстық қызметі, Шәкәрімнің саяси және құқықтық көзқарастарының ерекшеліктері, Шәкәрімнің земство туралы ойлары, Шәкәрімнің би және билік туралы ойлары, Шәкәрімнің дін және шәриат заңдарына байланысты көзқарастары, Шәкәрімнің қазақ әдет құқығының енші институты туралы пікірлері, Шәкәрімнің соттық қызметі және билік – шешімдері, Шәкәрімнің “Базаралы-Тәкежан” дауына қатысуы, Шәкәрім және жесір дауы мәселесі талдаудан өтеді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Шәкәрім Құдайбердіұлы Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы саяси-құқықтық ой тарихының дамуында ерекше роль атқарған тарихи тұлғаның бірі болып табылады. Сол кезеңдерде қалыптасқан Қазақстандағы саяси-әлеуметтік ахуал ұлт жанашарылары мен алаш қайраткерлерінің елдің болашағы үшін оның тарихтан жойылып кетпеуі үшін бар қажыры мен қайратын салып, күресуді талап етті. Осы кезең туралы Елбасы былай деген еді: «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды» [1, 156 б]. Осы бір заманауи кезеңде Шәкәрім Құдайбердіұлы сол кезеңдегі қазақ зиялыларымен қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауға тырысты. Қаншама жылдар өткеннен кейін ақын, ойшыл Шәкәрімнің ел үшін еткен еңбегі өлең сөздерінде көрініс тапқан жан айғайы, елін бірлікке шақырған үндеулері, еліміз тәуелсіздік алған жылдардан кейін кең етек жая халқымен қайта табысты.
Шын мәнінде, кеңестік идеология ХХ ғасырдың басындағы бас көтере қазақ зиялыларын ұлтшыл, байшыл, реакцияшыл топтар деп жазықсыз айыптап, оларды бірінен кейін бірін абақтығы тоғытып жатты. Ең соңында көбісі нақақтан – нақақ атылып кеткенін біз жақсы білеміз. Соның кебін кезінде Шәкәрім Құдайбердіұлы да киген болатын.
Шәкәрім Құдайбердіұлы тек қана ақын ғана емес, сегіз қырлы, бір сырлы, ойшыл тұлға еді. Оның шығармашылығында қазақтың сол кезеңдегі жай-күйі ғана емес елінің болашағы да тілге тиек етілген болатын. Шәкәрім шығармашылығы қазіргі Қазақстанның ғылымының ішінде әдебиеттанудың ғана мұрасы емес ол сонымен қатар, барлық қоғамтану ғылымының ой елегінен өткізетін пайымдау объектісі болып отыр.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Шәкәрімтанудың шын бет-бейнесі қалыптаса бастады. Шәкәрімтану бағытында әдебиеттанушылар, тіл мамандары қажырлы еңбек етті. Сонымен қатар, Шәкәрімнің философиялық, тарихи, педагогикалық, психологиялық ұстанымдары туралы көптеген ғылымдар да қалам тербеді. Шәкәрім мұрасына шын үңіле қарайтын болсақ, ол өзінің өлеңдерінде мемлекеттің бірлігін, ұлттың тұтастығын, әділеттілікті жырлаған болатын. Шәкәрім тек қана бұл жағдайларды жырлап қана қоймай, жастайынан ел ісіне араласып, болыс та, би де болып қызмет атқарды. Сондықтан да, Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақ қоғамындағы мемлекеттік басқару жүйесінің сырттай бақылаушысы ғана емес, оны іштей сезінген осы саланы жетілдіруге қажырлы еңбек еткен адамның бірі.
1 Назарбаев Н.Ә. тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 2003. – 288 б.
2 Искакова Г.К. Шәкәрімнің саяси-құқықтық көзқарасы және қазіргі заман // Евразия орталығы. – 2008. - №2. – 103-109 бб.
3 Құдайбергенова А.Қ. Шәкәрім дастандарындағы ел дәстүрі және дала билігі // Шәкәрім дәрістері (3-ші республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция материалдары). – Семей. – 2002. – 186-188 бб.
4 Абиль Е.А. История государства и права Казхастана: Курс лекции. / 3-е изд. перераб. И доп. Караганда: Учебная книга, 2005. – 256 с.
5 История государства и права Казахской ССР. – Алма-Ата: Мектеп, 1982. – 182 с.
6 Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің Қазақстандағы мемлекеттік басқару мекемелерінің тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000. – 324 б.
7 Жиренчин К.А. Политическое развитие Казахстана в ХІХ - начале ХХ веков. – Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 352 с.
8 Временное положение об управлении в Уральской, Тургайской, Акмолинской и Семилатинской областях от 21 октября 1868 г. // Материалы по истории политического строя Казахстана. - Алма - Ата: Изд АН КазССР. – Т.1. - С. 323-340.
9 Артыкбаев Ж.О. Казахское общество: традиции и инновации. – Астана: Парасат Әлемі, 2003. – 290 с.
10 Андабеков Ш.А. Вопросы развития государства и права в условиях становления рыночных отношений. – Алматы: Стайлинг, 1994. – 99 с.
11 Өмірзақов Ө. Ресейге қосылғаннан не ұттық? – Алматы: Санат, 1999. – 195 б.
12 Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 388 б.
13 Джампеисова Ж. Казахское общество и право в пореформенной степи: Научное издание. – Астана: ЕНУ им.Л.Н. Гумилева, 2006. – 269 с.
14 Сетон-Уотсон Х. // Есмағамбетов К. Қазақтар шетел әдебиетінде. – Алматы: Атамұра. – Қазақстан, 1994. - 146-147 бб.
15 Уилер Дж. // Есмағамбетов К. Қазақтар шетел әдебиетінде. – Алматы: Атамұра. – Қазақстан, 1994. 147-148 бб.
16 Абайдың дүниетанымы мен философиясы. – Алматы: Ғылым, 1995. – 184 б.
17 Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. – Алматы: Қазақстан-Сана, 1991. – 80 б.
18 Құдайбердиев Ш. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер / Құраст. М. Жармұхамедов, С. Дәуітов. – Алматы: Жазушы, 1988. – 560 б.
19 Құдайбердиев Ш. Шығармалары: Өлеңдері, дастандары. – Алматы: Жібек жолы, 2006. - 1.Т. – 488-489 бб.
20 Өзбекұлы С. Шәкәрімнің саяси-құқықтық көзқарастары: Монография. – Алматы, 2008. – 156 б.
21 Шәкәрімұлы А. Шәкәрім жайындағы естеліктер // Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары: Роман, қара сөздер, мақалалар, аудармалар. – Алматы: Жібек жолы, 2006. – 2.Т. – 437 б.
22 Шәкәрім. Энциклопедия / Бас ред. Е.Б. Сыдықов. – Семей: Тенгри, 2008. – 864 б.
23 Мұхаметқанұлы Қ. Шаһкәрім // Шәкәрімтану мәселелері: Сериялық ғылыми жинақ. Атамекен серия. – Алматы: Раритет: 2007. – 1.Т. - 50-100 бб.
24 Шәкәрімұлы А. Менің әкем, халық ұлы-Шәкәрім // Шәкәрімтану мәселелері: Сериялық ғылыми жинақ. Атамекен серия. – Алматы: Раритет: 2007. – 1.Т. - 145-242 бб.
25 ҚР әдебиет және өнер институтының қолжазба қоры, 374 папка.
26 Сәтбаева Ш.К. Шәкәрім Құдайбердиев. – Алматы: Білім, 1990. – 185 б.
27 ҚР ОММ, 25 қор, 2 тізім, 27 іс.
28 Кудиярова А. Педагог – просветитель Шакарим Кудайбердиулы. – Алматы. – 1998. – 19-20 бб.
29 Есім Ғ. Поэт мечтал об этом дне, верил, что час свободы настанет.www.inform/kz., 22.04.2008 ж.
30 Күмісбаев Ө. Шәкәрім және шығыс әдебеиеті // Шәкәрімтану мәселелері. - Семей-Новосибирск: Талер-Пресс, 2006. – 1.Т. -171 б.
31 Мағауин М. Ақын, тарихшы, философ // Шәкәрімтану мәселелері: Сериялық ғылыми жинақ. Атамекен серия. – Алматы: Раритет: 2007. – 1.Т. - 5-49 бб.
32 Құдайбердіұлы Ш. Ардақты Сәбит бауырым // Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары: Роман, қара сөздер, мақалалар, аудармалар. – Алматы: Жібек жолы, 2006. – 2.Т. – 313-314 бб.
33 Сары Арка. – 1918. 18 наурыз.
34 Созақбаев С. Общественно-политическая деятельность ссыльных-воспитанников Петербургского университета в Казахстане // Известия АН КазССС, серия общественных наук. – 1984. - №3. – С. 71-73 бб.
35 Ізтілеуова С. Зият Шәкәрімұлы. – Алматы: Інжу-Маржан, 2008. – 160 б.
36 Ыбырай Алтынсарин. Шәкәрім Құдайбердіұлы / Бас ред. Б. Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2007. – 632 б.
37 Есімов Ғ. Хакім Абай: (даналық дүниетанымы). – Алматы: Атамұра - Қазақстан, 1994. – 200 б.
38 Шәкәрім. Мал жима // Құдайбердиев Ш. Шығармалары: Өлеңдері, дастандары. – Алматы: Жібек жолы, 2006. - 1.Т. – 100 б.
39 Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы. : Жазушы, 1986. – 1.Т. – 385 б.
40 Жиенбаев Е. Өзіңді өзің танысаң-істің басы // Адамшгершілік сабақтары: жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту бағытындағы авторлық бағдарламалар мен оқу-тәрбие іс-шараларының үлгілері. – Алматы, 2001. – 63-84 бб.
41 Искакова Г. Политико-правовые взгляды Шакарима и современность // Вопросы шакаримоведения: Собрание научных трудов. Серия Атамекен: Алматы: Раритет, 2007. - С.180-190.
42 Байтұрсынұлы А. Жаңа низам / Құраст. Қыстаубайұлы З. – Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 128 б.
43 Сыдықов Е. Шәкәрім және Алашорда // Шәкәрімтану мәселелері: Сериялық ғылыми жинақ. Атамекен серия. – Алматы: Раритет: 2007. – 4.Т. – 5-19 бб
44 Семей жаңа тарихи құжаттама орталығы. – Қор – 37, тізбе 01, іс-26, папка – 5.
45 Айтқазин Т. Шәкәрімнің әлеуметтік – философиялық ойлары // Шәкәрімтану мәселелері: Сериялық ғылыми жинақ. Атамекен серия. – Алматы: Раритет: 2007. – 4.Т. – 89-98 бб.
46 Артықбаев Ж.О. Мемлекет және билік. (Көне дәуір). - Алматы: Заң әдебиеті, 2004. – 90 б.
47 Өзбекұлы С. Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқық. Монография. – Алматы: Мектеп, 2002. – 224 б.
48 Зиманов С.З. Қазақтың билер соты-бірегей сот жүйесі. – Алматы: Ата-мұра, 2008. – 216 б.
49 Сартаев С.С. Казахский суд биев и его цивилизационное значение // Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер / Бағдарлама жетекшісі С.З. Зиманов. – Алматы: Жеті жарғы, 2009. - С. 271-275.
50 Уәлиханов Ш. Таңдамалы. 2 бас. – Алматы: Жазушы, 1985. – 560 б.
51 Ибраева А.С. Особенности формирования и развития казахского права «Жаргы» и роль бив в его укреплении // Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер / Бағдарлама жетекшісі С.З. Зиманов. – Алматы: Жеті жарғы, 2009. - С. 165-169.
52 Омарханов Қ. Дәстүрлі құқықтағы билер соты. – Алматы. – 2008. – 2 кітап. - 320 б.
53 Нурлин А.Қ. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы сот процесі // Применение кредитной системы в юридическом образовании в контексте инновационных процессов: проблемы и перспективы: Материалы Республиканской научно-практической конференции. - Астана, 2008. – С. 355-365.
54 Бөкейханов Ә. Шығармалар. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 384 б.
55 Негимов С. Шешендік өнер. – Алматы: Ана тілі, 1997. – 208 б.
56 Шәкәрім. Ескі билік // Таң. – 1925. - № 3.
57 Өсерұлы Н. Қазақтың үкім-кесімдері. - Алматы: Ана тілі, 1994. – 104 б.
58 Баишев Ж. Общие принципы исламского права, теория доказательств и система наказания. – Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 80 с.
59 Всемирная история государства и права: Энциклопедический словарь / Под ред. А.В. Крутских. – М.: ИНФРА-М, 2001. – 398 с.
60 Д. Андре Описание киргизских обычаев, имеющих в орде силу закона // Материалы по казахскому обычному праву: Сб. Научно-популярное издание / Сост.: Т.М. Культелеев, М.Г. Масевич, Г.Б.Шакаев. – Алматы: Жалын, 1998. – С. 164-213.
61 Құдайбердіұлы Ш. Мұсылмандық шарты. – Алматы: Қазақстан, Мерей – Ақиық, 1993. – 80 б.
62 Өзбекұлы С. Шәкәрім діннің құқықтық мәселелер туралы // Егемен Қазақстан. – 2008. – 28 мамыр.
63 Өзбекұлы С., Туматаева А. Ойы бүгінгі күнге ұласқан // Тураби. – 2004. - №1. - 98-107 бб.
64 Өзбекұлы С., Туматаева А. Шәкәрімнің сот билігі және дәстүрлі құқық туралы ойлары // Тураби. - 2003. - №1. – 104-109 бб.
65 Есім Ғ. Данышпан Шәкәрім. – Алматы: Атамұра, 2008. – 336 б.
66 Сейдімбек А. Енші нституты // Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер / Бағдарлама жетекшісі: Зиманов С.З. Қазақша, орысша, түрікше, ағылшынша. – Алматы: Жеті жарғы, 2008. – 489-504 бб.
67 Баллюзек Л. Народные обычаи имевшие, а отчасти и ныне имеющие, в малой киргизской орде силу закона // Материалы по казахскому обычному праву: Сб. Научно-популярное издание / Сост. Т.М. Култелев., М.Г. Масевич., Г.Б. Шакаев. - Алматы: Жалын, 1998. – С. 217-299.
68 Кенжалиев З.Ж. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы соттық-билік қатынастарының ерекшеліктері // Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер / Бағдарлама жетекшісі С.З. Зиманов. – Алматы: Жеті жарғы, 2009. – 178-182 бб.
69 Әлдибеков Ж.С. қазақ мемлекетінің даму тарихының құқықтық-теориялық мәселелері: ХҮІІ ғасырдың соңғы ширегі – ХҮІІІ ғасырдың алғашқы жартысы. – Алматы, 2007. – 416 б.
70 Бейсенбаева М.Т. Ақтайлақ бидің соттық шешімдері мен биліктері: Заң ғыл. канд. дисс. автореф: 12.00.01. - Алматы, 2009. - 24 б.
71 Едіге би // Төреқұл Н. Даланың дара ділмарлары. – Алматы: Қазақстан, 2006. - 34-43 бб.
72 Тоғыз жасар Төленің бала дауына билігі // Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер. 10 томдық, 2 басылым. - Алматы: Жеті Жарғы, 2004. – 1. Т. - 229-233 бб.
73 Семей жаңа тарихи құжаттама орталығы. Қор-37, тізбе-01, іс-7.
74 Мыңбатырова Н.Қ. Төле бидің соттық шешімдері және қазақтың әдет-ғұрыптық құқығы: заң ғыл. канд. дис. - Алматы, 2002. - 115 б.
75 Гумилев Л.Н. Хұндар. Алматы: Қазақстан, 1998. – 528 б.
76 Омарханов Қ. Майқы биден қалған Жеті жарғы // Тураби. - 1999. - №2. -57-62 бб.
77 Қосжанов А.С. Сырым бидің құқылық шешімдері. Қарағанды, 1996. – 83 б.
78 Байболұлы Қ. Төле би. Алматы, НБ - пресс 1991.
79 Өсерұлы Н. Жеті жарғы. – Алматы: Жеті жарғы, 1995. – 80 б.
80 Мемлекет және құқық тарихынан хрестоматия (2 кітап) / Құраст. Н. Дулатбеков, Ж. Артықбаев, З. Тайшыбаев. – Алматы: Жеті жарғы, 1998. – 144 б.
81 Шахматов В.Ф. Казахская пастбищно-кочевая община (вопросы образования, эволюции и разложения) Изд-во: АНКазССР. Алма-Ата. - 1964. - 206 с.
82 Рычков П.И. Топография Оренбургской губернии. Оренбург, 1877. – 372 с.
83 Арғынбаев Х. Қазақ отбасы: (қазақ отбасының бүгінгісі жайындағы ғылыми зерттеу еңбек). – Алматы: Қайнар, 1996. – 288 б.
84 Қуандықов Б.Ж. Әйтеке Бәйбекұлының би ретіндегі қызметі: заң. ғыл. канд. дис. автореф. – Алматы. - 2001. - 28 б.
85 Тілеуқабылұлы Ө. Шипагерлік баян. - Алматы: Жалын, 1996. - 464 б.
86 Жеті Жарғы: Бұрынғы қазақтардың ел билеу заңы. - Алма-Ата: Айқап, 1993. - 20 б.
87 Левшин А.И. Описание киргиз - казачьих или киргиз кайсацких орд и степей. - Алматы: Санат, 1996. – 656 б.
88 Нұралыұлы Н. Қазақтардың дәстүрлі отбасы және неке құқықтары. – Алматы: ҚазМЗА, 2001. – 105 б.
89 Кенжалиев З.Ж. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет: (теориялық мәселелері, тарихи тағылымы). – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 192 б.
90 Рычков П.И., Рычков Н.П. Капитан жазбалары. Астана: Аударма, 2002. – 144 б.
91 Өсеров Н. Қазақтардың дәстүрлі неке және отбасы құқықтары (қазақ әдет-ғұрып материалдары бойынша): заң. ғыл. канд. дис. автореф. – Алматы, 2002. - 19 б.
92 Қазиев О. Көшпелі қазақ өркениетіндегі әйел құқығының мәртебесі (ХҮІІІ-ХХ ғ.ғ. бас кезеңі): заң. ғыл. канд. дис. автореф. – Алматы, 2005. - 30 б.
93 Әйтеке би . – Алматы: Атамұра, 1998. – 141 б.
94 Кенемолдин М. Алашорда соты // Абай журналы. – 2008. - №2. – 59-61 бб.
95 Қазақ мақал-мәтелдері / Құраст. Ө. Туманжанов. - Алматы: Ана тілі, 1997. - 184 б.
96 Қашқари М. Түбі бір түркі тілі . - Алматы: Ана тілі, 1993 . – 192 б.
97 Прошлое Казахстана в источниках и материалах / Под ред. С.Д. Асфендиярова и П.А. Кунте. - Алматы: Қазақстан, 1997. - Т. 1. - 382 с.
98 Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в ХYІІ – начале ХХ века. - Алма-Ата: Наука, 1971. - 633 с.
99 Ғаббасұлы Ғ. Түркі қағанатының әдет заңы туралы // Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер: халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. - Алматы, 2001. - 580-584 бб.
100 Өсерұлы Н. Ант беру мен қарғану // Заң газеті. – 1997. - 9 шілде.
101 Қоңыратбаев Ә. Шешендік сөздер дәстүрі // Жұлдыз. - №5. – 1984. – 102-103 бб.
102 Садри Максуди Арсал. Қазақтардың Тәуке ханнан қалған заңдары // Ана тілі. – 1992. – 21 мамыр.
103 Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея. Алматы. Жеті жарғы, 1997. – 3 кітап. – 320 б.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 123 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ӘОЖ *****
Қолжазба құқында

ЖАҚСЫМБЕТОВ БАҚЫТЖАН ПАРМАШҰЛЫ

Шәкәрім Құдайбердіұлының би ретіндегі қызметі

12.00.01 – құқық және мемлекет теориясы мен тарихы;
құқықтық және саяси ілімдер тарихы

Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекшiсi
заң ғылымдарының докторы,
профессор З.Ж. Кенжалиев

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ХІХ ҒАСЫРДЫҢ
ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН ХХ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ АРАЛЫҒЫНДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ

8
1.1 Қазақстандағы ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың
І жартысындағы саяси жағдай 8
1.2 Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі және саяси қайраткерлігінің
кезеңдері 17
1.3 Шәкәрім Құдайбердіұлының болыстық қызметі 29

2 ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
38
2.1 Шәкәрімнің саяси және құқықтық көзқарастарының ерекшеліктері 38
2.2 Шәкәрімнің мемлекеттік басқару туралы ойлары 52
2.3 Шәкәрімнің би және дәстүрлі сот билігі туралы ойлары 62
2.4 Шәкірімнің шәриат заңдары және қазақ әдет құқығының енші
институты туралы көзқарастары 71

3 ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ СОТТЫҚ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ БИЛІК-ШЕШІМДЕРІ
83
3.1 Шәкәрімнің соттық қызметі және билік – шешімдері 83
3.2 Шәкәрім және жер дауы 94
3.3 Шәкәрім және жесір дауы 98
3.4 Шәкәрімнің “Базаралы-Тәкежан” (мал дауы) дауына қатысуы 106


ҚОРЫТЫНДЫ 113

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 118




КІРІСПЕ

Диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық зерттеуде
Қазақстандағы ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың
І жартысындағы саяси жағдай, Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі және саяси
қайраткерлігінің кезеңдері, Шәкәрім Құдайбердіұлының болыстық қызметі,
Шәкәрімнің саяси және құқықтық көзқарастарының ерекшеліктері, Шәкәрімнің
земство туралы ойлары, Шәкәрімнің би және билік туралы ойлары, Шәкәрімнің
дін және шәриат заңдарына байланысты көзқарастары, Шәкәрімнің қазақ әдет
құқығының енші институты туралы пікірлері, Шәкәрімнің соттық қызметі және
билік – шешімдері, Шәкәрімнің “Базаралы-Тәкежан” дауына қатысуы, Шәкәрім
және жесір дауы мәселесі талдаудан өтеді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Шәкәрім Құдайбердіұлы Қазақстанның ХХ
ғасырдың басындағы саяси-құқықтық ой тарихының дамуында ерекше роль
атқарған тарихи тұлғаның бірі болып табылады. Сол кезеңдерде қалыптасқан
Қазақстандағы саяси-әлеуметтік ахуал ұлт жанашарылары мен алаш
қайраткерлерінің елдің болашағы үшін оның тарихтан жойылып кетпеуі үшін бар
қажыры мен қайратын салып, күресуді талап етті. Осы кезең туралы Елбасы
былай деген еді: ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға
тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін
өз мойнына алды [1, 156 б]. Осы бір заманауи кезеңде Шәкәрім Құдайбердіұлы
сол кезеңдегі қазақ зиялыларымен қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауға
тырысты. Қаншама жылдар өткеннен кейін ақын, ойшыл Шәкәрімнің ел үшін еткен
еңбегі өлең сөздерінде көрініс тапқан жан айғайы, елін бірлікке шақырған
үндеулері, еліміз тәуелсіздік алған жылдардан кейін кең етек жая халқымен
қайта табысты.
Шын мәнінде, кеңестік идеология ХХ ғасырдың басындағы бас көтере қазақ
зиялыларын ұлтшыл, байшыл, реакцияшыл топтар деп жазықсыз айыптап, оларды
бірінен кейін бірін абақтығы тоғытып жатты. Ең соңында көбісі нақақтан –
нақақ атылып кеткенін біз жақсы білеміз. Соның кебін кезінде Шәкәрім
Құдайбердіұлы да киген болатын.
Шәкәрім Құдайбердіұлы тек қана ақын ғана емес, сегіз қырлы, бір сырлы,
ойшыл тұлға еді. Оның шығармашылығында қазақтың сол кезеңдегі жай-күйі ғана
емес елінің болашағы да тілге тиек етілген болатын. Шәкәрім шығармашылығы
қазіргі Қазақстанның ғылымының ішінде әдебиеттанудың ғана мұрасы емес ол
сонымен қатар, барлық қоғамтану ғылымының ой елегінен өткізетін пайымдау
объектісі болып отыр.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Шәкәрімтанудың шын бет-бейнесі
қалыптаса бастады. Шәкәрімтану бағытында әдебиеттанушылар, тіл мамандары
қажырлы еңбек етті. Сонымен қатар, Шәкәрімнің философиялық, тарихи,
педагогикалық, психологиялық ұстанымдары туралы көптеген ғылымдар да қалам
тербеді. Шәкәрім мұрасына шын үңіле қарайтын болсақ, ол өзінің өлеңдерінде
мемлекеттің бірлігін, ұлттың тұтастығын, әділеттілікті жырлаған болатын.
Шәкәрім тек қана бұл жағдайларды жырлап қана қоймай, жастайынан ел ісіне
араласып, болыс та, би де болып қызмет атқарды. Сондықтан да, Шәкәрім
Құдайбердіұлы қазақ қоғамындағы мемлекеттік басқару жүйесінің сырттай
бақылаушысы ғана емес, оны іштей сезінген осы саланы жетілдіруге қажырлы
еңбек еткен адамның бірі.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Шәкәрім Құдайбердіұлының әмбебап тұлға
ретіндегі қыры жүйелі зерттеліп келеді. Осы жерде кенже қалып отырған
Шәкәрімтанудағы бір мәселе, оның саяси-құқықтық көзқарастары мен би
ретіндегі қызметі. Сондықтан да, арналы тұлғаның осы бір қырын зерттеп-
зерделеудің қажетілігі туындауда. Тағы да бір ескеретін жағдай еліміз
өзінің тәуелсіздігін қалыптастыру үстінде, оны нығайту жолында әлі талай
белестерден өту керек. Осы бағытта да Шәкәрім Құдайбердіұлының саяси-
құқықтық қызметінің тәжірибесінен алар, өнеге тұтар үлгілер көп.
Жоғырыда айтлыған жағдайлардың барлығы диссертация өзегіне айналып
отырған тақырыптың көкейтесті екендігін және бүгінгі күн талабынан туындап
отырғандығын толығымен көрсетеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Шәкәрім Құдайбердіұлының мол мұрасын
толағай теңіздей болған ой-пікірлерін зерделеу ісі, Қазақстан Республикасы
тәуелсіздік алған кезеңнен бастап, шынайы түрде қолға алынып, зерделеніп
келе жатыр. Шәкәрімтанудың айшықтанып, қалыптасуында, қоғамтану ғылымының
барлық өкілдері, қажырлы еңбек сіңіруде. Олардың алғашқыларының қатарында
әдебиеттанушылар мен тіл мамандары тұрғандығы белгілі.
Шәкәрімтанудың алғашқы кезеңі Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, М. Әуезов
еңбектерінен бастау алады. Қазіргі кездегі отандық әдебиеттенушылар мен
тіл мамандары осы игі дәстүрді жалғастырып, Шәкәрім Құдайбердіұлының
еңбектерінің мәнін ашуда, тау қопарар іс-шараларды жүзеге асырып та қойды.
Әдебиеттанушылардың ішінде шәкәрімтануға М. Мағауин, Р. Нұрғали,
З. Ахметов, М. Базарбаев, Т. Кәкішұлы, М. Мекемтасұлы, Р.
Бердібай, Ш. Елеукенов, С. Қирабаев, Ш. Сәтпаева, Б.
Сапаралының, Ә. Дербесәлин, Н. Келимбетов, А. Қыраубаева,
С. Негимов, Б. Әбіғазиұлы, Б. Майтанов, З.
Бейсенғали, М. Жармұхамедов, Ө. Күмісбаев, Т. Шаңбай және т.б. ерекше еңбек
сіңірді.
Шәкәрімнің философиялық, саяси-әлеуметтік, тарихи, педагогикалық,
психологиялық, ой-иірімдері Ж. Әбдилдиннің, Ғ. Есімнің, Б. Рақымжановтың,
Т. Жұмажанованың, Т. Айтқазиннің, А. Үсенованың, Р. Мәмбетбаеваның,
Ф. Буланованың, Е. Жетібайдың, А. Омаровтың, Е. Сыдықовтың,
М. Кәрімовтың, Т. Еңсегенұлының, Т. Баймұхановтың, С.
Борбасовтың т.б. еңбектерінде қарастырылды.
Шәкәрім Құдайбердіұлының саяси-құқықтық көзқарастары
Г. Искакованың Шәкәрімнің саяси-құқықтық көзқарас және қазіргі
кезең [2, 103-109 бб] атты мақаласында, сонымен қатар, соңғы
кезеңде заңгер ғалым С. Өзбекұлының Шәкәрімнің саяси-құқықтық
көзқарастары (Алматы, 2008. – 156 б) атты көлемді монографиясы жарық
көрді. С. Өзбекұлы А. Туматаевамен бірге Шәкәрімнің сот билігіне қатысты,
дәстүрлі құқыққа қатысты ойларын зерделеген бірнеше мақалалар шығарды.
Шәкәрімнің билік мәселесіне байланысты ойлары А. Құдайбергенованың Шәкәрім
дастанындағы ел дәстүрі және дала билігі [3, 186-188 бб] атты мақаласында
сөз етілген болатын. Шәкәрім Құдайбердіұлының саяси-құқықтық көзқарастарын
ашуда, бұл еңбектер толық оның бейнесін аша алмайды. Аталған еңбектерді
Шәкәрімнің саяси-құқықтық көзқарастарын зерделеудегі алғашқы тырнақ алды
ізденістер деп қарауымыз керек. Біз сөз етіп отырған еңбектерде, Шәкәрім
Құдайбердіұлының болыстық қызметі, би ретіндегі атқарған еңбегі, Алаш Орда
Үкіметі кезіндегі соттық қызметі, оның билік-шешімдері қарастырылмаған. Бұл
жағдайлардың барлығы Шәкәрім Құдайбердіұлының саяси – құқықтық көзқарастары
мен соттық билік-шешімдерін жүйелі түрде қарастыруды қажет етеді.
Диссертациялық жұмыс Шәкәрімтанудағы осы тұрғыдағы ақтаңдық беттердің
орнын толтыруға бағытталған, жүйелі жүргізілген, ғылыми зерттеудің көрінісі
болып табылады. Диссертациялық жұмыстың аталған еңбектерге қарағандағы
өзгешелігі де, ұтымды тұсы да осында.
Зерттеу объектісі. Диссертациялық жұмыстың негізгі зерттеу объектісін
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси-құқықтық басқару жүйесінің
үрдістері және осы кезеңдегі саяси-құқықтық ой-пікірдің дамуы құрайды.
Зерттеу пәні. Диссертациялық жұмыстың нақты зерттеу пәнін Шәкәрім
Құдайбердіұлының саяси-құқықтық көзқарастары мен соттық билік-шешімдері
айқындайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі
мақсатына – Шәкәрім Құдайбердіұлының саяси-құқықтық көзқарастары мен билік-
шешімдерінің тұтастай болмысын айқындау, оның ерекшеліктерін сипаттап
көрсету жатады.
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделеді:
- Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі және саяси қайраткерлігінің
кезеңдерін айқындау;
- Шәкәрім Құдайбердіұлының болыстық қызметіне саралау жасау;
- Шәкәрімнің земство туралы ойларын талқылау;
- Шәкәрімнің би және билік туралы ойларын талдау;
- Шәкәрімнің дін және шәриат заңдарына байланысты көзқарастарын
қарастыру;
- Шәкәрімнің қазақ әдет құқығының енші институты туралы пікірлерін
зерделеу;
- Шәкәрім Құдайбердіұлының соттық қызметі және билік-шешімдерін
саралау;
Зерттеудің әдістері және әдістемесі. Зерттеу жұмысында Шәкәрім
Құдайбердіұлының саяси-құқықтық көзқарастары мен билік-шешімдерінің
табиғатын айқындау барысында ғылым саласына белгілі әдістердің ішінде
хронологиялық, тарихи-салыстырмалы, құқықтық-салыстырмалы, жүйелеу т.б
әдістер кеңінен қолданылды.
Шәкәрімтануға қатысты орталық мұрағаттағы ҚР ОММ, 15-қор, 1-тізбе, 386-
іс, ҚР ОММ, 15-қор, 1-тізбе, 399-іс, ҚР ОММ, 25 қор, 2 тізім, 27 іс,
Семей жаңа тарихи құжаттама орталығы. – қор – 37, тізбе 01, іс-26, Семей
жаңа тарихи құжаттама орталығы. - қор-37, тізбе-01, іс-7, ҚР әдебиет және
өнер институтының қолжазба қоры, 374 папкадағы деректер пайдаланылды.
Диссертациялық жұмыста ізденуші сонымен қатар, өзінің ғылыми
тұжырымдарын негіздеу барысында Қазақстанның саяси-құқықтық дамуына қатысты
зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдардың еңбегіне арқа сүйеді. Олардың
қатарына: С.З. Зиманов, С.С. Сартаевтың, Ғ.С. Сапарғалиевтің,
С.Н. Сабикеновтің, З.Ж. Кенжалиевтің, Н. Өсеровтің, С. Өзбекұлының,
А.С. Ибраеваның, Қ.А. Жиренчиннің, Ж.С. Әлдибековтің, Ш.В.
Тлепинаның. Ж.Д. Бусурмановтың, Е.Б. Абайдельдиновтің, У. Шапаққызының,
Қ.Е. Нұрмамбетовтің, О. Қазиевтің, Н.Қ. Мыңбатырованың
т.б. жатқызамыз.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұымысында Шәкәрім Құдайбердіұлының
саяси-құқықтық көзқарастары мен билік-шешімдері алғаш рет отандық заң
ғылымында жеке-дара қойылып, зерттеліп отыр. Диссертациялық жұмыста Шәкәрім
Құдайбердіұлының осы уақытқа дейін ғылыми талқыға түспеген болыстық және би
ретіндегі қызметі жүйелі түрде саралаудан өтеді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: Зерттеу жұмысында қорғауға
шығарылатын негізгі тұжырымдарға мыналар жатады:
- Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858-1931 жылдар аралығында өмір сүрген
қазақ елінің белді саяси-құқықтық қайраткерлерінің бірі. Оның
саяси қайраткер ретіндегі өмірінің кезеңдерін: балалық шағы (20-
жасқа дейінгі аралық); би – болыс ретіндегі (20-40 дейінгі жас
аралығы); алаш соты ретіндегі және саяси ойшыл ретіндегі кезеңі
(1917 жылдың аяғы мен 1918 жылдың күзіне дейінгі аралық) деп
бөліп көрсетуге болады;
- Шәкәрім Құдайбердіұлының Шыңғыс болысындағы болыстық қызметі 4-5
жылды қамтыған болатын, яғни Шәкәрім 1878-1880 және 1887-1888
жылдар аралығында болыс ретінде ел арасында танылып, үлкен
қызметтер атқарды. Болыстық қызметінде Шәкәрім ел арасындағы
рулық жіктелу мен партия болып бөлінумен күресті;
- Шәкәрімнің саяси-құқықтық көзқарастарында мемлекеттік билік
мәселесі ерекше роль атқарды. Соның ішінде, жергілікті басқару
земство туралы ойлары ерекше. Земство басқару ісіне ойшылдың ойы
бойынша адал, оқыған, халқын ойлайтын, парақорлықтан ада, адамдар
сайлануы қажет деп саналды;
- Шәкәрім би ісін жүргізуде ертеден келе жатқан дағдыға айналған
әдет-ғұрыптарға ата жолына арқа сүйеуді қолдады. Би сайлау арқылы
қазақтың өз ісін өзіне бере отыра, елдің бірлігін, тұтастығын,
қамтамасыз етуді көкседі. Билерге қойылатын талап ретінде
шешендікті, ұшқыр ойлылықты, тапқырлықты ұсынған болатын;
- Шәкәрім Құдайбердіұлы шариат заңдарын, адам заңдарынан бөле
қарастыра отыра, оны абсолюттік тұрғыда мойындауға шақырған
болатын. Ойшылдың ойы бойынша Алла заңы - ақиқат заңы ақиқат
заңы болып табылады;
- Шәкәрім қазақ әдет құқығының ішінде қоғамға бейім, пайдалы
тұстарын қолдануды ұсынған болатын. Соның ішінде, енші
институтының қазақ қоғамы үшін пайдалы қырларының болғандығын
және оған байланысты дауларды шешкенде, билер әрқашанда енші
бөлісуге қатысушылардың жағдайына мән беруге баса көңіл бөлді;
- Шәкәрім Құдайбердіұлы дәстүрлі би болудың жолы мен алаш соты
ретінде де, билік ісіне араласып, әрқашанда шешім шығарғанда ел
ішіндегі татулықты, әділеттілікті қолдаған болатын. Шәкәрімнің
жесір, жер, мал және т.б. дауларға қатысты айтқан шешімдері
белгілі. Олардың ішінде, әмеңгерлік және Базаралы-Тәкежан
арасындағы мал дауына байланысты шешімі ерекше.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысының қол
жеткізген негізгі ғылыми тұжырымдарын дәстүрлі қазақ қоғамындағы би
-шешендердің билік қызметін және жалпы дәстүрлі қазақ құқығының басқа да
қырларын зерттеу барысында басшылыққа алуға болады. Сонымен қатар, аталған
жұмыс дәстүрлі қазақ қоғамындағы билердің билік-шешімдерін зерттеу ісін
одан әрі дамытуға негіз болатын еңбектердің бірінің қатарына жатады.
Диссертациялық жұмыстың негізгі байлам-түйіндерін жоғарғы оқу
орындарында заң пәндерінің ішінде: Қазақстан Республикасының мемлекет және
құқық тарихы, Қазақстанның саяси-құқықтық ой тарихы, қазақ әдет құқығы және
т.б. пәндерден дәрістер жүргізуде тәжірибелік сабақтар өткізуде пайдалануға
болады.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ-нің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында орындалды.
Диссертациялық зерттеудің негізгі ғылыми тұжырымдары мен қорытындылары
төмендегі конференцияларда ғылыми көпшіліктің талқысына салынды: Қазіргі
қазақ әдебиетін оқыту мен зерттеудің өзекті мәселелері: Халықаралық ғылыми-
практикалық конференция материалдары (Алматы, 2006. 23 ақпан); 2007 жылғы
конституциялық реформаны жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасынлағы
демократиялық институттардың дамуы: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференция материалдары (Алматы, 2008. - 29 ақпан); Шәкәрім әлемі: таным
мен тағылым: Ш. Құдайбердіұлының 150 жылдығына арналған: Халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференция материалдары (Алматы, 2008. - 30 мамыр).
Зерттеу жұмысының нәтижелері ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау
Комитетінің тізімінде бекітілген ғылыми мақалаларда көрініс тапты. Сонымен
бірге, ізденуші зерттеу бойынша: Шәкәрім және ұлт мәселесі (Алматы: Қазақ
университеті, 2007. – 27 б) атты шығарған еңбегінде де өзінің негізгі
ғылыми қорытындыларын жариялаған болатын.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен,
он бір бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

1 ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ
ЖАРТЫСЫ МЕН ХХ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ АРАЛЫҒЫНДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ

1.1 Қазақстандағы ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың
І жартысындағы саяси жағдай
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы-қазақтың рухани өміріндегі
ерекше кезең. Бұл тарих сахнасына Абай, Шоқан, Ыбырай секілді кемеңгерлер
шыққан, солардың аяғын ала Алаш атын аспанға көтеріп, қазақтың іргелі
елдермен терезесін теңестіруді көздеген Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мұстафа
секілді ұлт жоқшыларының қалың легі жарқырай көрінген белесті кезең.
Солардың арасынан ескінің соңы, жаңаның басында йболған, діни және дүнияуи
ғылымды тел емген, Батыс пен Шығыстың ғылым-білімін бойына қатар сіңірген
ғұлама философ, ойшыл, ақын, әділетшіл гуманист Шәкәрім Құдайбердіұлы
ерекше көрінеді.
Дүниеде қандай адам болмасын, ол өз заманының туындысы, қоршаған
ортасының көрінісі. Адамды орта қалыптастырады, заманы шыңдайды. Олай
болса, Шәкәрім де өз заманының төл баласы. Заманы ортаға шығарған өмір
кұбылыстары қазақ ойшылының санасынан тыс қалмаған. Сондықтан да Шәкәрімнің
дүниетанымы мен көзқарасын анықтау үшін, оны өз заманынан бөліп қарай
алмаймыз.
Қазақстандағы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші
жартысы аралығындағы саяси жағдай дала өміріне үлкен өзгерістер алып келді.
Бірінші жағынан алып қарағанда, Ресейдің отарлау саясаты қазақ даласына
түпкілікті енді; Екінші жағынан ХХ ғасырдың басында болған революциялар мен
кейінгі қазан төңкерісінде дәстүрлі қазақ қоғамныңы дамуын мүлдем басқа
арналарға бұрып алып кетті. Осы бір алмағайып заманда өмір сүрген Шәкәрім
Құдайбердіұлының қоғамдық саяси қайраткер ретінде қалыптасуында аталған
жағдайлар өзінің белгілі ізін де қалдырған болатын. Сондықтан да, қандай да
болмасын, саяси тұлға, өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамда қалыптасқан
саяси-әлеуметтік жағдайдан тыс қала алмайды. Оның саяси-құқықтық санасында
қоғамда болып жатқан үрдістер белгілі дәрежеде көрінісін тауып сол туралы
бағалау, пайымдаулар өмірге келеді. Шәкәрім Құдайбердіұлының
шығармашылығына қарайтын болсақ, өзі өмір сүрген қоғамдағы саяси
жағдайлардың бел-белесі орын алғандығын байқаймыз. Бұл айтылған жағдайлар,
бізден Шәкәрімнің саяси-құқықтық көзқарастары мен билік-шешімдерін қарамас
бұрын, ол өмір сүрген кезеңдегі саяси үрдістерге үңілуді талап етеді.
Қазақстанда жүргізілген саяси-құқықтық реформалар 1867-1868 жылы
қабылданған уақытша ережелер одан сайын тереңдей түсті. Бұл ережелер
алғашында уақытша деп қабылданғанмен, қазақ жерінде көп уақыт қолданылған
болатын. Ол туралы Е.А. Әбіл былай дейді: Эти Положения вводились на
переходный период в 2-3 года, однако, фактически действовали гораздо
дольше, став основными правовыми документами, регламентирующими
административную и правовую жизнь края до конца ХІХ века [4, с 173].
Қазақстан аумағы: По реформам 1867-1868 гг. территория Казахстана была
разделена на шесть областей, входивших в состав трех генерал-губернаторств.
Области Уральская и Тургайская были переданы в ведение Оренбургского
генерал-губернаторства; Акмолинская и Семипалатинская и Сырдарьинская
входили в состав Туркестанского генерал-губернаторства. Области делились на
уезды, уезды, в свою очередь, подразделялись на волости, а волости - на
аулы [5, с 125]. Бұл саясат қазақ даласын бөліп ал да, билей бердің кебі
болып табылған.бұл ережелерді қабылдауға патша үкіметі үлкен дайындықпен
келді. Аталған ережелерді қабылдамас бұрын, қазақ даласына әр түрлі
экспедициялар жүргізіп, өзінің барлау, бақылау қызметін күшейте түсті.
Осының қортындысы ретінде жоғарыдағы ережелер өмірге келді. Аталған
реформалар бойынша арнайы комиссия екі жылдан астам уақыт жұмыс жасады.
Дала комиссиясының екі жылдан астам уақыт жүргізген жұмысының нәтижесінде
1868 жылы 7 мамырда Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы
Ереженің жобасы аяқталып, ол 1868 жылы 21 қазанда заң жүзінде бекітілді.
1868 жылғы Ереже бойынша, қазақ жерінде осы кезге дейін өмір сүріп келген
Орынбор қырғыздары, Сібір қырғыздары, Семей обылыстары құрылды. Әр
облыс төрт уезге бөлінді. Жалпы алғанда басқару жүйесі үш буыннан:
облыстық, уездік жәнежергілкті басқармалар болып құрылды [6, 267 б]. 1868
жылғы реформаға сәйкес вертикальді юасқару жүйесінің көрінісі мынандай еді:
Облыстық басқармалар. Орал және Торғай обылыстық басқармалары тікелей
Орынбор генерал–губернаторына, ол Ақмола және Семей облыстық басқармалары
Батыс-Сібір генерал-губернаторына бағындырылды. Обылыстардың әскери
губенаторы мен облыстық басқармаға біріктірілді. Орал және Торғай
облыстарының әскери губернаторларының құқықтары мен міндеттері жалпы
империялық мекемелер бойынша, ал Ақмола және Семей әскери губернаторлары-
арнаулы Сібір мекемесі бойынша Ресейдің ішкі губерниялар губернаторларының
құқықтары мен міндеттеріне теңестірілді. Облыстық басқарманың төрағасы мен
вице-губернаторы генерал-губернаторлармен келісе отырып, ішкі істер
министрі тағайындалды. Облыстық басқарма жанында кеңсе құрылды.
Уездік басқармалар. Уезд басқармасын басқаруға уезд бастығы лауазымы
енгізілді. Ол қызметке үкімет орыс шенеуниктерін ғана тағайындап, билеуші-
сұлтан билігін жоя бастады. Уезд бастықтарының құқықтары мен міндеттері
жалпы империялық мекемелер бойынша Ресейдің ішкі губернияларындағы полиция
исправниктерінің құқықтары мен міндеттеріне теңестірілді.
Жергілікті басқармалар. Бұл буын уездегі қазақ халқы арасындағы
азаматтық құқық процесстерді әкімшілік жағынан тікелей реттеп отыру
қызметін атқарды. Уездер болыстар мен ауылдарға бөлінеді. Болыс
басқарушылары-болыс съездерінде, ауыл старшындары ауыл жиындарында
сайланды. Бұл лауазымды адамдарды ұстауға арналған қаражатты алды сайлаған
болыстардың халқы қосымша міндеткерлік ретінде төлеп отырды. Шынына
келгенде, орыс әкімшілігі қазынадан ешқандай да материалдық қаражат
шығармай, патша шенеуніктерінің барлық талаптарын болыс басқарушылары мен
ауыл старшындары түрінде төменгі буындағы әкімшілік құрады [6, 267-268
бб]. Біз сөз етіп отырған қазақ даласында жүргізілген реформалар қазақтың
мемлекеттілігін жойып, оның орнына Ресейдің Қазақстанды белгілі бір
коллониялық аумағына айналдыру қызметін атқарды. Осы кезеңдегі
Қазақстандағы саяси жағдайды терең зерттеген отандық ғалымдардың бірі, Қ.А.
Жиренчин ол туралы былай дейді: 1. Изменение правового статуса Казахстана
в составе Российской империи-постепенное превращение протекторатно-
вассалитетных отношений в колониальные.
2. Реорганизация управления - создание более эффективного по сравнению
с дореформенным периодом административного аппарата и новой системы
местного самоуправления, которая должна была сама себя содержать.
3. Превращение Казахстан в базовый лагерь царизма для дальнейшего
наступления на Среднюю Азию и захвата важнейшего среднеазиатского рынка,
освоения ее богатейших растительных и минеральных ресурсов
4. Усиление налогового пресса для покрытия расходов на содержание
войсковых подразделений и огромного количества чиновников.
6. Объявление земель Казахстана государственной собственностью –
создание предпосылок для дальнейшей колонизации казахской степи.
7. Создание и развитие административно-территориальной определенности с
целью облегчение казахского обычного права интересам проводимой в
Казахстане внутренней политики.
8. Создание новой структуры судебных органов как системы, более гибко
реагирующей на выступления населения Казахстана и своим острием
направленной против их борьбы [7, с 82-83]. Айтылған оймен келісе отыра,
біз бұл реформалар қазақ даласының саяси-құқықтық өмірінің әр қырында үлкен
өзгерістер жасаған болатын. 1868 жылғы ережеге сәйкес тұрғылықты халықтың
да өзіндік құқықтарын да үлкен өзгерістер болды. Ол туралы ережеде былай
деп көрсетілген болатын: Киргизы пользуются общими правами,
предоставленными всем сельским обывателям по их состоянию. Права и
преимущества, присвоенные другим состоянием Российской империи,
приобретаются киргизами на основании общих законов.
Внутренний быть киргизов сохраняется на основании народных обычаев
насколько оные не противоречат идеям человеколюбия и основным началам
настоящего Положения.
Киргизы освобождаются от рекрутской повинности.
Вступая в сословие, обязанное платежом податей, киргизы пользуются
пожизненною свободою от рекрутства и пятилетию льготою от податей.
Киргизы, принявшим христианство, дозволяется или оставаться в своих
обществах, или прикочевывать к русским селениям в степи, с сохранением
предоставленных киргизам прав.
Принявшие христианство киргизы, если пожелают, могут приписываться к
городским и сельским обществам всех наименований, не испрашивая на то
предварительного согласия означенных обществ.
Киргизы освобождаются от гербовых пошлин, употребления гербовой бумаги
и тому подобных штемпельных налогов во взаимных между киргизами исковых и
других делах; но в исковых всякого рода делах между нами и лицами других
состояний сборы сии производятся на общем законном состоянии.
Киргизы, служащие по общему, уездному и местному управлениям, за
усердную и полезную службу награждаются: почетным гражданством, орденами,
медалями, почетными халатами, подарками и денежными наградами, на основании
установленных правил [8, с 338]. Шынайы өмірде, егер қазақтар ат үсітнде
келе жатқан орыс чиновнигін көретін болса, басынан қалпағын алып иіліп
сәлем беруге міндетті болып табылды. Егер бұл жағдай орындалмай қалса, орыс
чиновнигі қазақты өлермен қылып, сабайтын еді. Сонымен қатар, орыс
басшыларына қарсы тұрып, одардың әділетсіздігін бетіне айтқан қазақтардың
барлығы Сібірге жер аударылып, ит жеккенге жіберіліп отырды. Сонымен бірге,
аталған ережелер қазақ даласында түтін салығының, жасақ салығының
мөлшерлерін ауырлатып жіберді. Қазақтарды орыс чиновниктері адам түгілі
көрмеген болатын. Оларды бір затты жанға теңестірді. Уақытша ереже адам
құқығының ішінде дін еркіндігіне де белгілі дәрежеде тұсау бола бастады.
Қазақтарды айла-амалмен патша үкіметі шоқындыруға кірісе бастады. Мұсылман
дініне көп жағдайда шек қойылды. Ол туралы Ж.О. Артықбаев былай деп өте
рынды пікір білдіреді: Временное положение значительно ограничило права
мусульманского духовенства, в то время как альтернатива исламу -
образование и медицинское обслуживание - не получила достаточной поддержки.
Все это определило обреченность борьбы против религии, к тому же зачастую
именно дискриминация по религиозному признаку возбуждала население к
сочувствию исламу. Правительство всемерно поддерживало миссионерство.
Положение содержало ряд параграфов, направленных на распространение
христианства. В качестве мер по ограничению ислама в Казахстане
правительство предложило отделение казахской степи от ведомства
Оренбургского муфтия и утверждение в звании мулл только коренных казахов. В
каждой волости должно быть не более одного муллы, причем они утверждались
в этом звании и увольнялись областным правлением [9, с. 115]. Дінінен
айыру өз кезегінде сол елді ділінен айыруға жол ашатындығын білген. Орыс
отарлау саясаты бұл бағытта мемлекеттік деңгейде үлкен іс-шараларды жүзеге
асырды.
Уақытша ережелер дәстүрлі қазақ қоғамының демократиялық негізін қалаған
билер сотының қызметіне де үлкен өзгерістер алып келді. 1867-68 жылдардағы
басқару реформалары қазақ даласына елеулі өзгерістер енгізді. Қазақ
даласының саяси өміріне терең де күрделі қайта құру жүргізілді. Соның бірі
қазақтың төл сот-билердің жағдайы. Патша үкіметі қазақ әдет-ғұрып жүйесін
Ресей заңдарын бірте-бірте енгізіп күшін жою, ең болмаған күнде өзіне
қызметке қою елді отарлаудағы басты құрал деп белгіленген. Ресей мен қазақ
даласындағы саяси өмірдің алшақтағы, екі ел мәдениетінің бөлектігі және
патша үкміетінің әсерінің әлі де әлсіздеу болу ыхалық дәстүрлеріне жол
беруіне мәжбүр етіп отырды. Бұл құбылыстың айқын көрінетін жері билер сотын
заң жүзінде бекітуінде болды. Аталған заңдарда ол қазақтардағы халық сот
деген атпен жазылды. Қазақтардағы халық соты дегеніміз сайланған судья-
билердің дауларды ел ішіндегі әдет-ғұрыппен шешуі деп анықтады Түркістан
өлкесін басқару туралы уақытша заңның 181 параграфы [10, 3 б]. Осы ойды
Ө. Өмірзақовта былай деп қолдайды: Сөзіміз жанды
болу үшін фактілерге жүгінейік. 1867 жылы шілденің 11 күні бекітілген
Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару жайлы Уақытша Ереже қабылдаған
Орынбор және Батыс Сібірі генерал-губернаторы дала облыстарын басқару
жайлы Уақытша Ережеге сәйкес, қазақ қоғамындағы сот жүйесіне түпкілікті
өзгерістер енгізді. Бұл реформа бойынша қазақ қоғамында сан ғасырлар бойы
қалыптасып, халық қолдауына ие болған биелр сотын мүлдем жойып, олардың
орнына сайланбалы болатын халық сотын енгізді. Енді халық сотының судьясы
болу үшін 25 жасқа келу шарт болып есептелді [11, 116 б]. Осыған дейін
қазақ даласында тек қана әділеттілік пен арға жүгінген билер соты енді,
өзінің дәстүрлі сипатын жойып, патшалық Ресейдің отарлау саясатын жүзеге
асырудың құралына айнала бастады. Билерді сайлау қазақ даласында партия-
партия болып бөлініп, өзара текетіреске жол ашты. Сайланбалы билер
өздерінің негізгі қызметі болып табылатын сот әділдігін жүзеге асырудың
орнына парқорлыққа белшесінен батып тек қана патша чиновнитеріне жағынуды
ойлады. Бұл билер сотын халық ортасында жеккөрінішті құбыжық кейіпке
енгізген болатын. Халық осы арқылы билер сотының өзінен-өзі жирене бастады.
Осы арқылы қазақ даласының сан ғасырлардан бері келе жатқан дәстүрлі билік
жолы өзінің қалпынан тайып, патша отарлауының шоқпары болып қала берді.
Патша өкіметі қазақ даласындағы шұрайлы жерлерді иемденіп, оны мемлекет
меншігі ретінде жариялады. Барлық қазақ даласындағы жерлердің бәрі патша
өкіметінің меншігіне өтті. Бұл мәселе қазақ ішінде үлкен ашу-ыза тудырды.
Қазақ жерінде өткен әр түрлі көтерілістер жер үшін, ел үшін, мемлкет үшін
болған болатын. Қазақ зиялылары жер мәселесінде ерекше көзқарас ұстанды. Ол
туралы Т. Омарбеков пен Ш. Омарбеков былай дейді: Жер мәселесінің қазақ
ұлты тағдырындағы орны ерекше. Мұны ұлттық интелегенция дұрыс түсінді,
сондықтан да өз еңбектерінде мәселеге үлкен мән берді. Осы орайда әсіресе
патша үкіметінің қазақ жерін отарла усаясатының тұрпайы да өрескел әдеттері
жәнеоның қазақ халқының тағдырындағы қасіретті салдардары нақты деректер
негізінде ашылып көрсетілді. Ос ытақырыпты талдау барысында қазақ
интеллегенциясы көзқарасында негізінен төмендегідей мәселелер айқын көрініс
берді:
- Патша үкіметінің отарлау саясатының қазақтың дәстүрлі шаруашылығын
және дағдылы табиғи-тарихи тұрмысын бүлдірушілік ықпалы;
- Отарлау саясатында заңдық негіз-қағидалар мен ережелердің қазақ ұлты
мүддесін аяққа басатын әділетсіз астарлары;
- Кеңес үкміетінің алғашқы жылдарында қазақ қайраткерлерінің жер
мәселесіндегі әділдікке ұмтылысы [12, 235-236 бб]. Міне, бұл саяси
өзгерістер Шәуәрім Құдайбердіұлының қайраткер ретінде қалыптасуында өзінің
белгілі дәрежеде ізін қалдырды. Өзінің шығармашылығында осы ойлар өлең
сөздерімен өріліп отырған болатын. Жоғарыдағы 1867-1868 жылғы реформалар
нақты қандай кезеңдерге дейін өмір сүрді деген мәселеге келетін болсақ, оны
Ж. Джанпейісованың сөзімен айтатын болсақ: Временные положения 1867-1868
гг. Как мы отметили, вводились на два года в порядке опыта, но в реальности
они просуществовали до введения административно-политического кодекса 1886
г. В Туркестанском губернаторстве и 1891 г. В Степном губернаторстве.
Изменения в этих документах не содержали в себе серьезного концептуального
пересмотра российской политики в Казахстане, наоборот, закрепили некоторые
изменения в административно - политическом устройстве, которые частично уже
произошли за этот период. Например, до 1882 года Акмолинская и
Семипалатинская области находились в ведении Западно-Сибирского генерал-
губернаторства. В 1882 году эти две области вместе с Семиреченской,
выделенной из туркестанского генерал-губернаторства, вошли в состав
Степного генерал-губернаторства, что было необходимо отразить в новом
основном документе [13, с 168].
Жоғарыда біз айтып өткендей, Шәкәрім Құдайбердіұлы екі кезеңді бастан
өткерген болатын. Бірі, Ресей патшалығының отарлауын көрсе, екіншіден,
қазан төңкерісінде бастан өткерді. Қазан революциясы қазіргі кезеңде
отандық ғылымда әр түрлі бағалауларға ие болып жүр, бір ғалымдар оны
төңкеріс десе, екіншілер оны көтеріліс ретінде бағалауда. Шетелдік ғалымдар
да қазан төңкерісін әр түрлі қырынан қабылдайды. Х. Сетон-Уотсон: Қазан
революциясын Орта Азия мен Қазақстанда тұратын орыстар ғана қабылдады.
Большевиктер үкіметі атынан жаңа әкімшілік Түркістанда социалистік
революция ұйымдастыру емес, ұлт-азаттық қозғалысын басып-жаншуды көздеді.
Большевиткредің орыстан басқа ұлттар жөніндегі әрекеттері әрқашанда да
белгілі бір есептерден құрылған еді. Әр ұлттың мүддесі оның жұмысшы табының
(агралық шаруашылығы басым елдер ұлттарының мүддесі-бір күнде пайда бола
қалатындай болашақ пролетариат) мүддесіне, ал соңғысының мүддесі
Коммунистік партия мүддесіне бағындырылды. Мұндай есеп-қисапқа негізделген
теория ешкімді иландырмаса, ондайларды күштеп мойындатуға тырысады [14,
145-146 бб]. Шын мәнінде, кеңестік террордың сырт елдерге өте жақсы
сезілгені байқалады. Тағы да бір шетелдік ғалым Дж. Уилер былай дейді:
Орта Азия мен Қазақстанның Еуропалық Ресейден өзгешілігі мұнда таптық
айырмашылықтар болған жоқ. Орта Азия мен Қазақстанның жергілікті халықтары
үшін Қазан революциясының мән-мағынасы орыс үстемдігі жойылып, тартылып
алынған жер-суымыз өзімізге қайтарылады деген үмітке ғана сайды... [15,
147-148 бб]. Міне, осындай көңілде қабылдаған қазақ халқы қазан
төңкерісінен үлкен үміт күтті. Алғашқы кезеңде халықтың үміті ақталғандай
да болған. Кейінгі 1937-1938жылдары жүргізілген жаппай жүргізілген
репрессия қазақтың бетке ұстар ұлдарының көбін нақақтан – нақақ ату
жазасына бұйырған болатын. Шәкәрім Ресейдегі 1917 жылғы ақпан және қазан
айларында болған оқиғаларға үлкен үмітпен қарады. Дегенмен де, өз халқының
ақылды қорғаны бола білген ол Ресейдегі түрлі партиялардың, таптар мен
топтардың арасындағы қантөгісті көре отырып, қазақтардың болашағына
алаңдаушылық білдірді, бұрынғы патшалық отарлау саясатын қайта орнатуға бас
көтергендер болса, оларға қарсы тұрар қауқар бар ма өзі бізде? Бұл үшін
қазақтарға жасақ, қару-жарақ, білім мен мәндениет, әлбетте, еркіндік пен
бостандық қажет, сонда ғана елді басқаруға да, оларды қорғауға да мүмкіндік
болады [16, 168 б]. Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақ даласындағы осы
өзгерістерді көре отыра, өзінің қазағының артта қалып бара жатқанына
ғылымсыз, білімсіз болып күй кешіп отырғанына да күйінді. Оны өзінің
өлеңдерінде мұң ретінде ақтарып отырған болатын. Ақын бірде былай дейді:
Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа,
қазақ жүр құмарланып құр шатыққа.
Анау қу, мынау пысық, мен батыр деп,
Айналды, бірін-бірі құрытпаққа.
Ойда жоқ өнер біліп жол табайын.
Жалмауға жалықпайды өз маңайын.
Мұның түбі не болар деген жан жоқ,
Ұрлық, ұрыс, араздық күнде дайын.
Өтірікпен өткізіп күн мен айын,
Демейді жамандықтан жалығайын,
Анау шыным, мынауым сырым ғой деп,
Сонша жақсы біледі алдау жайын.
Жаз жалымен жібермей жалғыз тайын,
Тыныштықпен ішкізбей тәтті шайын,
Ұрысы ұрлап, қуы алдап, сұмы өлтіріп,
Құрытады үш жақтап тамам байын,
Байдың да ойлағаны ел алайын,
Білмейді, қу шағып жүр, өз бақайын.
Көз аспанда, көңілі мақтанда боп.
Тауысқанын сезбейді ішкі майын,
Демейді ғылым біліп жанданайын.
Мақсаты мақтан іздеп панданайын.
Қанша ұқтырып айтсаң да қалыбыңда,
Ойда жоқ жігерленіп қамданайын,
Мінекей, естісеңіз елдің жайын.
Көтінен кейін кетті басқан сайын.
Қайран елім, қазағым, қайран жұртым,
Көп айтып Аһ дариға, неғылайын [17, 67 б].
Шәкәрім мұрасын зерттеу ісі тәуелсіздік алғаннан кейін кезеңде қарқын
алды. Ол қазақ халкының рухани өмірінде өшпес із қалдырған ғажайып тұлга.
Шәкәрім – ескінің соңы, жаңаның басы. Артына өшпес із қалдырған. Келер
ұрпақ еншісіне аманаттаған рухани мұрасы – көл-көсір. Сол мұраны тиісінше
игеру, тереңіне бойлау - бүгінгі ұрпак алдындағы басты парыз.
Әлбетте, Шәкәрім мұрасын зерттеу терең білімі, зор жігерді талап етеді.
Ол анау-мынауға асу бермес заңгар тау. Акынның өзі айтқандай:

Иесін білме, ісін біл,
Сыртын ұқпа,
Тағдырдың сырын тәлім қыл,
Ойлап сырын тәлім қыл,
Ойлап теріс, жөндігін [18, 51].

Яғни, ақын мұрасының бар құпиясы, терең сыры - ішінде. Ал, ақынның ой
орманының ішін аралау үшін сол өреге жете аламасаң да, соны ұғынсам, жетсем
деген таза ақыл, нұрлы жүрек қажет. Сонда ғана осынау рухани құбылыстың
тылсым сырының тереңіне бастар саңылау ашылмақ. Шәкәрім шығармашылығындағы
ұлттық мәселені, елді түзеу, ел ішіндегі қоғамдық қатынастарды құқықтық
тұрғыдан реттеу жөніндегі ой-пікірлерін сараптау барысында жоғарыда
айтылған қағидаларды шама-шарқымызша нысана қылуға тырыстық.
Ақиқаты Шәкәрім еш уақытта өзін туган жұртынан бөліп қарамаған. Немере
ағасы әрі рухани ұстазы Абайдың үлгісемен қазақты қалай ел қыламын,
өркениет өріне қалай көтеремен деген ойдан ешқашан қол үзбеген. Осы
бағыттағы ойларын жалаң мысалмен негіздемей, өзі темірқазық еткен таза ақыл
талқысынан өткізіп барып ұсынган. Ақынның:
Білгенімді жазушы ем,
Бекем буып белімді
Мінін айтып қазушы ем,
Түзетпек боп елімді [18, 201 б], - дегені жай әңгіме ыңғайымен айтыла
салған сөз ес. Акынның - өмірлік мұраты, туган халқына деген ыстық
махаббаты. Ойшыл елінің мінін қазғанда, қазымырлық ниетпен емес, еліне
жанашырлық тілек талабынан шамырқана тіл қатады. Мақсаты - қазактың марғау
тартқан санасын сілкілеу, шамына тиіп, намысын жану.
Дүниеде сөзің ұгар жанның болмауы қиын. Ұлы Абай өз басындагы осы жай
туралы Қайран сөзім қор болды, Тобықтының езіне, - деп күңіренсе, бұл
кептен Шәкәрім де тыс қалмаған. Ақын:
Алпыстан жасым асқанша,
Жетпіске аяқ басқанша,
Зарладым, жаздым, қатырдым,
Құлаққа ешкім құйган жоқ, - десе, енді бірде:
Көкіректе толған шер, көңіл қаяу,
Ермейсің деп елім жау, досым баяу.
Сүйер кісім, сүйенер жақыным жоқ,
Бір өзіңе сиындым, бір Құдай-ау! - деп торығады. Алайда ақын, торықса
да, үмітсіздікке салынбаған. Келер күннен, болашақ өмірден зор үміт күткен.
Ақын ойы шығандап, көкті кезген. Шын мәніндегі рухани тэуелсіздікке қол
жеткізе алған. Осы ой арнасындағы шығармаларын ғұламаның қырық жастан
кейінгі өлең жырлары мен прозалық туындыларынан таба аламыз. Яғни Шәкәрім
қырық жасына дейін өмірін тәжірибе жинауға, оқуга, ізденуге жұмсаса, будан
кейінгі өмірі сол жиған-тергенін қорытуға, таза ақыл сүзгісінен өткізуге
арналған. Мұны өмірінің соңғы кезінде жазған Мұтылғанның өмірі атты
көлемді жырынан да байқаймыз. Шәкәрім ес жиып, етек жапқан саналы өмірінен
бастап қырыққа толғанға дейін өмірін:
Жиырма мен қырық арасы -
Жас өмірдің, сарасы,
Бос өткенін қарашы
Жүрекке төгіп қанды ірің [20, 488-489 бб], - деп өкініш білдірсе де,
бұл кезеңнің ақын шығармашылығы үшін пайдалы болғанын жоққа шығаруга
болмайды. Осы шақта ақын ағасы Абайдай ғұламаның тәрбиесін көрді, білім
алды, ел ісімен айналысты, болыс та болды. Дүниенің жақсылы-жаманды,
қызықты-қызықсыз істерінің дәмін татты. Барлығын іс жүзінде керді. Соның
нәтижесінде мәселені сырттай топшыламай, ішінен танып білуге, тамырын тап
басып ой айтуға қол жеткізді.
Шәкәрім қырықтан кейінгі өмірін талайымен ой еңбегіне, шығармашылыққа
арнаған жан. Осы үшін тіпті елуден асқаннан кейін жұртшылықтан оқшауланып,
оңаша ой кешу мақсатында елсіз мекенде саяқ ғұмыр кешкен. Елден оқшау оғаш
қылығына қарап, жұрттың таратқан қаңқу сөздеріне де мән бермеген. Осы
кезендегі шығармалары адамзаттық ақыл-ойына қосқан өлшеусіз үлес болып
табылады.
Қорыта айтқанда, ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі
Қазақстанның экономикалық әлеуметтік-саяси және рухани күйі Шәкәрім
Құдайбердиевтің жалпы дүниетанымдық, оның ішінде саяси-құқықтық
көзқарастарының қалыптасуына орасан зор ықпал етті. Оны қоршаған микро
орта, жас кезінен бір қазанда қайнап өскен әдет-ғұрып, салт-сана, діни
қағидалар әсер етсе, екінші жағынан оның саяси-құқықтық көзқарастарының
алыптасуына орыс, дүниежүзілік өркениеттің саяси ілімінің және бай, жан-
жақты қамтыған философиясы өшпес із қалдырды. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың
бас кезеңінде қазақ қоғамында қалыптасқан саяси ахуал, орталық саясаттың
жағымсыз көріністері Шәкәрім Құдабердиевтің тұлға ретінде қалыптасуына мол
әсер етті. Оның мол мұрасын, саяси-құқықтық көзқарастарын зерттегенде
жоғарыда көрсетілген айшықтар мен көріністерді еш уақытта естен шығаруға
болмайды. Оларды ескермей ойшылдың саяси-құқықтық көзқарастарын зерттеу
догматикалық, жалған субъективтік тұжырымдарға әкеп соқтырады [20, 22 б].
Шәкәрім Құдайбердіұлының саяси – құқықтық көзқарастарының және билік
шешімдерінің жүйесінің қалыптасуында өзі өмір сүрген дәуірдегі қазақ
даласындағы саяси-құқықтық даму үлкен әсер етті. Шәкәрімнің саяси-құқықтық
көзқарастары осы үрдістердің негізінде қалыптасып, дамыды. Шәкәрім
Құдайбердіұлының ой-тұжырымдарының қалыптасуында екі кезеңнің үлкен ықпалы
болды:
Бірінші, Ресей патшалығының отарлау дәуірі;
Екіншісі, қазан төңкерісінен кейінгі алғашқы саяси әрекеттері. Шәкәрім
өзінің саяси-құқықтық көзқарастарында патша үкіметінің озбырлық саясатын
сынады. Ал, кеңестің дәуірді алғаш төңкерісті дұрыс қабылдағанмен кейіннен
бұл саяси режимнің де солақайлығын тани отыра, оған өзінің өлең сөзімен
айтылған үнедеулерінде қарсы үн қатты.

1.2 Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі және саяси қайраткерлігінің
кезеңдері
Әлбетте, кез-келген тұлғаның қалыптасуы үшін өзін қоршаған орта мен
заманындағы өмір ағысының әсерлерінен бөлек, игерген білім-ғылымы, оқыған
кітаптары, қуат алған рухани көздердің де ықпалы ұшан-теңіз. Демек,
тұлғаның болмыс-бітімін толыққанды танып білу үшін көрсетілген мәселелердің
ешқайсысы да қаперден тыс қалмауы тиіс.
Бұл ретте ақынның ұлы Ахат Шәкәрімұлының Шәкәрім жайындағы естеліктер
[21, 437 б] атты естелігі көп мағлұматтарға жол ашады. Ақынның ата-тегі,
маңайы, оқыған кітаптары мен жұмыс істеу тәсілі жайлы деректер жақсы
қамтылған. Бұл естеліктің құндылығы аса зор. Өйткені мұны ақынның туған
ұлы, тікелей көзін көрген, өнегесін алған жан жазып отыр. Сондықтан да
шығарма барысында осы естелікке жиі-жиі жүгінетін боламыз.
Шәкәрім Құдайбердіұлының ата-баба тарихына келетін олсақ, арғынның
Тобықты ішіндегі ең беделді билері мен шешендері осы рудан шыққан.билік
сонау ата-бабаларынан дарып, Шәкәрімге дейін жеткен. Арғы аталарын
қойғанда, Құнанбайдың өзі, бүкіл орта жүзге ары кетті жалпы қазаққа мәлім
тұлға екендігін біз жақсы білеміз. Ал өзінің әкесі Құдайберді де беделді
адамның бірі болған. Құдайберді Құнанбайұлы (1829-1866)-Шәкәрімнің әкесі,
Құнанбайдың бәйбішесі Найман Ағанас бидің қызы Күңкеден (негізгі аты
Әйбөбек) туған жалғы ұлы. Құдайберді жас кезінен атасы Өскенбай мен әжесі
зеренің тәрбиесінде болады, түрікше, арабша сауат ашады. Құдайберді ер
жеткенде әкесі Құнанбай баласына Қаракесек руының Кедей деген табынан
шыққан орта дәулеті бар, ұл-қыздарын ерте оқытқан, адалдықты жоғары қойған,
ел қадірлеп, қастерлеген, абыройы жоғары Алдабергенге құда түсіп, оның
Төлебике деген қызын айттырып алып береді [22, 501 б]. Көптеген
зерттеушілер осы ойды қолдайды. Мысалы, Қ. Мұхамедқанұлы Құдайбердінің
өмірбаяны туралы былай дейді: Құнанбайдың Күңке дейтін бәйбішесінен туған
жалғыз ұлы Құдайберді. Құдайбердінің Дәметкен (Төлебике) дейтін
бәйбішесінен төрт ұлы болған: Омар, Мұртаза, Шаймардан (Шәке), кенжесі-
Шаһкәрім [23, 53 б]. Шәкәрім Құдайбердіұлының баласы Ахат та Құдайбердінің
туу туралы мынандай дерек келтіреді: Сол Күңкеден Құдайберді жалғыз.
Құдайберді ер жеткен соң, Құнанбай оған әйел әпермек болып, Қаракесек
руының Кедей деген табынан шыққан Алдабаргенге құда болам деп кісі
жібертеді: Мен қыз берейін. Бірақ қоятын екі түрлі тілегім бар. Бірінші,
ауыл арасы шалғай, бір-біріміздің қуаныш, қызығымызға кезінде құтты болсын
айта алмасақ, өкпелеспейік. Екінші, өлім бар да, қаза бар бір-біріміздің
қаза болғандарымызға уақытында көңіл айтып, бата жасаса алмасақ
ренжіспелік. Осы екеуіне келіссек, мен көндім, - дейді.
Құнанбай: Алдабергеннің екі тілегін орындаймын, - дейді. Сүйтіп,
Құнанбай Құдайбердіге Алдабергеннің қызы Төлебикені айттырып, алып береді
[24, 145 б]. Құдайбердінің шежіресін тарата келе, Шәкәрімнің туған, өлген
жылын былай тұжырымдайды: Шаһкәрім 1858 жылы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім және оның заманы
Шәкәрімнің депутаттық қызметі
Шежірелердің Қазақстан тарихындағы деректік орнын көрсету
Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі
Шәкәрім Құдайбердіұлының Әділ - Мария романының зерттелуі
Шәкәрім поэзиясының негізгі арқауы
ШӘКӘРІМ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ
Шаһкәрім Құдайбердіұлы
ХІХ ғ. екінші жартысы –ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті
Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде. "Әдебиет танытқыш" - ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы. Шәкәрім шығармаларының текстологиясы
Пәндер