Көптік қылмыстар жайлы



ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР 3

КІРІСПЕ 4

1 КӨПТІК ҚЫЛМЫСТАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
9
1.1 Қылмыстық құқық теориясындағы көптік қылмыстардың анықтамасы 9
1.2 Қылмыстық құқық тарихындағы көптік қылмыстар ұғымына шолу 17
1.3 Көптік қылмыстардың негізгі нысандары 31

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ КӨПТІК ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ НЫСАНДАРЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ . ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ


37
2.1 Қылмыстарды бірнеше рет жасау
37
2.2 Қылмыстардың жиынтығы және оның түрлері 44
2.3 Қылмыстың қайталануы және оның түрлері
55
2.4 Қылмыстық.құқықтық нормалардың бәсекелестігі және көптік қылмыстар 70

3 КӨПТІК ҚЫЛМЫСТАР БАРЫСЫНДА ЖАЗАНЫ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
78
3.1 Қылмыстардың жиынтығы барысында жаза қолдану 78
3.2 Үкімдердің жиынтығы барысында жаза қолдану
82


3.3
92

ҚОРЫТЫНДЫ 114

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 118
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қылмыстық құқық ғылымының ең маңызды және күрделі мәселелерінің бірі көптік қылмыстар болып табылады. Қылмыстық құқық теориясы және сот-тергеу тәжірибесінде бұл мәселенің түсінілуі және шешілуі әрқилы.
Зерттеу барысында көптік қылмыстардың ұғымы айқындалып, заң нормаларын жетілдіруге байланысты ұсыныстар енгізілді. Көптік қылмыстардың нысандарын анықтауға, қылмыстарды бірнеше рет жасау, қылмыстардың жиынтығы және қылмыстардың қайталануын бір-бірінен ажыратуға, көптік қылмыстарды жеке қылмыстардан және қылмыстық-құқықтық нормалардың бәсекелстігінен ажыратуға, көптік қылмыстар барысында жаза тағайындау мәселелеріне тиісті дәрежеде көңіл аударылды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Диссертациялық зерттеу көптік қылмыстар инситутының қылмыстық құқықтық мәселелеріне арналған. Көптік қылмыстар мәселелерін зерттеудің өзектілігі және маңыздылығы бірқатар себептермен түсіндіріледі.
Бірінщіден, ұлттық құқықтық жүйені қалыптастыру барысында жеткілікті дәрежеде зерттелінбеген құқықтық құбылыстарды зерттеу үлкен мағынаға ие. Бұл құбылыстардың қатарына көптік қылмыстар да жатады.
Екіншіден, көптік қылмыстардың қоғамға қауіптілігі жекелеген тұлғаларға, қоғамға, мемлекетке келтірілетін зиянды ұлғайтумен, сонымен қатар, қылмыстардың кең таралуына, елдің қылмыстануына әсер етумен түсіндіріледі.
Сондықтан да, мемлекет көптік қылмыстармен күресті, оның ішінде рецидивті қылмыстылықпен күресті құқық қорғау органдарының қызметінің маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырады да, көптік қылмыстар, қылмыстарды бірнеше рет жасау, қылмыстардың жиынтығы және қылмыстардың қайталануы қылмыстық-құқықтық, криминология, пенитенциарлық ғылымдарының өзекті мәселелерінің қатарында бола береді.
Заң әдебиеттерінде көрсетілгендей, қылмыстық заңнама концептуалды тұрғыдан толық еместігімен сипатталынады да, бұл көптеген қылмыстық-құқықтық нормалардың жаңсақ талқылануын туындатып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың кепілдіктерін қамтамасыз ете алмады. Осы мәселелерді шешуге байланысты ғылымның алдында бірнеше жол бар: кеңестік дәуірді қалыптастырылған қылмыстық-құқықтық институттар мен ұғымдарды жаңа жағдайға бейімдеу; қылмыстық-құқықтық ұғымдар мен институттардың алғашқы классикалық мазмұны мен заңи мағынасын қайтару; жаңа қылмыстық-саяси бағдар қалыптастыру. Яғни, ғылым бұл сұрақтарға қылмыстық-құқықтық новеллалардың қарапайым комментаторына айналмас үшін жеткілікті дәрежеде жылдам жауап беруі керек.
Айтылғандардың барлығы толық көлемде диссертациялық жұмыста зерттелінген көптік қылмыстардың ұғымына және көптік қылмыстар барысында жаза тағайындауға қатысты. Аталған мәселелердің қылмыстық құқық ғылымының аясында болып келгендігі мәлім.
1 Яковлев А.М. Совокупность преступлений по советскому уголовному праву. – М., 1960. - 120 с.
2 Уголовное право России. Общая часть: Учебник / Отв. Ред. Здравомыслов Б.В. – М.: Юристъ, 1996. - 512 с.
3 Красиков Ю.А. Множественность преступлений (Понятие, виды, наказуемость). – М., 1988. – 95 с.
4 Фролов Е.А., Галиакбаров Р.Р. Множественность преступных деяний как институт советского уголовного права. – Свердловск, 1967. – 20 с.
5 Зелинский А.Ф. Квалификация повторных преступлений. – Волгоград, 1976. – 55 с.
6 Советское уголовное право. Общая часть. – М., 1977. – 217 с.
7 Направления изучения советского уголовного права // Советское государство и право. – М., 1981. №7.
8 Малков В.П. Множественность преступлений и ее формы по совесткому уголовному праву. – Изд-во Казанского унив-та 1982. – 173 с.
9 Наумов А.В. Российское уголовное право. Общая часть. Курс лекций. – М.: Изд-во БЕК, 1996. – 560 с.
10 Уголовное право. Общая часть. – М.: ИНФРА М – НОРМА, 1998. – 516 с.
11 Чугаев А.П. Малозначительное преступление и товарищеский суд. – Казань, 1966. – 113 с.
12 Ткачевский Ю.М., Крылова Н.Е. Амнистия, помилование, судимость // Курс уголовного права. Общая часть. - М.: Зерцало, 1999. – Т.2. – 400 с.
13 Курский Д.И. Избранные статьи и речи. – М., 1948. 147 с.
14 Булатов С.Я. Руководящие начала по уголовному праву РСФСР // Правоведение – 1959. №12.
15 Крылова Н.Е. // Курс уголовного права. Общая часть. Том 1: Учение о преступлении – Москва: Издательство Зерцало, 1999. – 592 с.
16 Сборник материалов по истории социалистического уголовного законодательства (1917-1937гг.) – Москва: Юридическое издательство НКЮ СССР, 1938. – 371 с.
17 Сборник документов по истории уголовного законодательства СССР и РСФСР 1917-1952гг./Под редакцией И.И.Голякова – Москва: Государственное издательсво юридической литерауры, 1953. – 463 с.
18 Уголовное право. Общая часть – Москва: Юридическое издательство Министерства юстиции СССР, 1948. – 575 с.
19 Уголовное законодательство СССР и союзных республик - Москва: Государственное издательство юридической литературы, 1957. – 531 с.
20 Сборник действующих постановлений Пленума Верховного Суда СССР 1924 – 1957. – Москва: 1958г. – 519 с.
21 Сборник законодательства СССР. 1937. №61.
22 Советское уголовное право / Под редакцией М.Д.Шаргородского, Н.А.Беляева. Издательство Ленинградского университета, 1960. – 587 с.
23 Вроблевский А.Б., Утевский Б.С. Уголовный кодекс. Комментарий / Под редакцией Е.Г.Ширвиндта. Москва: Издательство народного комиссариата внутренних дел, 1928. – 523 с.
24 Сборник постановлений Пленума Верховного Суда СССР. 1924-1963. – Москва: Издательство Известия Советов Депутатов Трудящихся СССР, 1964. – 487с.
25 Шаргородский М.Д. Преступления против жизни и здоровья – Москва: Юридическое издаельство Министерства юстиции СССР, 1947. – 511 с.
26 Пионтковский А.А., Меньшагин В.Д. Курс советского уголовного права. Особенная часть. Том 1 – Москва: Государственное издаельство Юридической литературы, 1955. – 799 с.
27 Комментарий к Уголовному кодексу Казахской ССР / Под редакцией В.Н.Маркелова, Г.Ф.Поленова. Алма-Ата: «Казахстан», 1980. -477 с.
28 Уголовное законодательство Союза ССР и союзных республик. В двух томах. Том: 1. – Москва: Государсвенное издательство юридической литературы, 1963. – 655 с.
29 Курс советского уголовного права. Часть Общая / Под редакцией Н.А.Беляева, М.Д.Шаргородского. Том 1. – Издательство Ленинградского университета, 1970. – 671 с.
30 Свинкин А.И., Юшков Ю.Н. Особо опасный рецидив как квалифицирующий признак // Правоведение – 1975. №5.
31 Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступлений – Москва: Юристъ, 1999. – 304с.
32 Юшков Ю.Н. Множественность преступных деянии (вопросы квалификации пресуплений и назначения наказания). Автореф. дисс. канд. юрид. наук – Свердловск, 1974. – 23 с.
33 Малков В.П. Совокупность преступлений – Издательство Казанского университета, 1974. – 308с.
34 Панько К.А. Вопросы общей теории рецидива в советском уголовном праве – Воронеж: Издательство Воронежского университета, 1988. – 192с.
35 Караев Т.Э. Поворность преступлений – Москва: Юридическая литература, 1983. – 104с.
36 Кафаров Т.М. Проблема рецидива в советском уголовном праве – Баку, 1972. – 167 с.
37 Яковлев А.М. Борьба с рецидивной преступностью – Москва: Государственное издательство юридической литературы, 1964. – 215 с.
38 Словарь синонимов- Ленинград: Издательство Академии наук СССР, 1976. – 587 с.
39 Алиев Н.Б. Повторность и рецидив преступлений по советскому уголовному праву – Махачкала, 1978. – 193 с.
40 Горелик И.И. Отвественность за оставление в опасности по советскому уголовному праву - Минск: Высшая школа, 1964. – 113 с.
41 Некипелов П.Т. Актуальные вопросы уголовно – правовой охраны природных богатств в СССР//Проблемы социалистического законодательства на совеременном этапе развитя Советского государства. Межвузовксая научная конференция – Харьков, 1968. 199 с.
42 Пионтковский А.А., Меньшагин В.Д., Чхиквадзе В.М. курс советского уголовного права. Особенная часть. Т.2 – Москва: Госюриздат, 1959. - 811с.
43 Ожегов С.И. Словарь русского языка. 4-е издание Москва: 1961. – 917 с.
44 Даль В. Толковый словарь живого великорусского языка. Т.3 – Москва: 1980г. – 589 с.
45 Уголовное право. Общая часть – Москва: Манускрипт, 1992. – 367 с.
46 Кузнецова Н.Ф. Значение преступных последствий для уголовной ответственности. – Москва: , 1958. – 165 с.
47 Сборник постановлений Пленума Верховного Суда СССР (1924-1986) – Москва: , 1987. – 645 с.
48 Кригер Г.А. Квалификация хищения социалистического имущества – Москва: Государственное юридическое издательство, 1971. – 213 с.
49 Сборник постановлений Пленумов Верховных Судов СССР и РСФСР по уголовным делам – Москва: , 1995. – 215 с.
50 Кругликов Л.Л., Савинов В.Н. Квалифицирующие обстоятельства: понятие, виды, влияние на квалификацию преступлений – Ярославль, 1989. – 125 с.
51 «Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 Нормативтік қаулысы.
52 Пионтковский А.А. Уголовное право РСФСР. Часть общая. - М., 1923. - 624 с.
53 Курс советского уголовного права. Общая часть. Т.1. - М., 1970. - 456 с.
54 Ткачевский Ю.М. Давность в советском уголовном праве. М., 1978г. 165 с.
55 Гернет М.Н. Избранное произведения. 610 с.
56 Корнецкий.// Еженедельник советской юстиции. 1924. №5.
57 Уголовный Кодекс Советских Республик /Тексты и постатейный комментарий под редакцией С.Канарского. Гос. Изд-во Украины 1924. - 97 с.
58 Рогинский Г.К. Уголовный кодекс РСФСР. - Л., 1928. - 86 с.
59 Карницкий Д.А. Рогинский Г.К. Строгович М.С. Уголовный Кодекс РСФСР /Постатейной комментарий изд. 4-е. - М., 1934. - 413 с.
60 Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления М. 1957 г. 245 с.
61 Гроздинский М.М. Рецидив и привычная преступность //Право и жизнь. - М., 1923 г.Кн.5,6. - 119 с.
62 Утевский Б.С Вопрос о рецидивистах – профессионалах на Всесоюзном совещании пенитенциарных работников //Административный вестник. №1.
63 Познышев В.С. Учебник уголовного права: Очерк основных начал науки уголовного права. Общая часть. - М. 1923. - 515 с.
64 Бытько Ю.И. Учение о рецидиве преступлении в Российском уголовном праве: история и современность. Дисс. На соиск. д.ю.н. - Саратов, 1998. - 513 с.
65 Куфаев В. Рецидивисты (повторно обвиняемые) // Преступный мир Москвы. - М., 1924 г.
66 Утевский Б.С. Сколько у нас преступников- профессионалов и что с ними делать. // Административный вестник №4.
67 Утевский Б.С. Рецидив и профессиональная преступность в капиталистических странах. // Советская юстиция. 1937. №2.
68 Советское уголовное право. Часть общая. - М. 1952. – 265 с.
69 Крылова Н.Е., Серебренникова А.В. Уголовное право современных зарубежных стран. - М., 1997. – 125 с.
70 Герцензон А.А. Квалификация преступлений. - М., 1948. – 115 с.
71 Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. - М., 1984. – 259 с.
72 А.Н.Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы, 2001. - 218 б.
73 Маликова А.Ш. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығындағы қылмысты саралаудың жалпы түсінігі мен маңызы. З.ғ.к. диссерт. Алматы, 2003. - 121 б.
74 Бекбергенов Н.А. Назначение наказаний по совокупности преступлений и приговоров. Дисс на соиск. уч. степ. к.ю.н., – Алматы, 2002. – 160 с.
75 Байжарасов Б. З. Назначение наказания. Дисс на соиск. уч. степ. к.ю.н., – Караганда, 2005. – 121 с.
76 Алауханов Е., Рахметов С. Жаза: Практикалық-оқу құралы. - Алматы: Өркениет, 1999. – 212 б.
77 Каиржанов Е. Уголовное право Республики Казахстан (общая часть). Издание 3-е, дополненное. – Алматы: Компьютерно-издательский центр «ДОИВА-Братство», 2003. – 315 с.
78 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Оқулық. - Өңд. толықт., 4-бас. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. – 315 б.
79 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» №1 нормативтік қаулысы.
80 Рахметов С.М., Кулмуханбетовва Б.А. Наказание: понятие, цели, виды, порядок и назначение: Учебное пособие. – Алматы: Жеті жарғы, 1999. – 185 с.
81 Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. Ответственные редакторы: проф. Рогов И.И., доц. Баймурзин Г.И. – Алматы: Жеті жарғы, 1998. – 315 с.
82 Таганцев Н.С. Русское уголовное право. Лекции. Часть общая. Т.2. - Тула, 2001. – 445 с.
83 Уголовный кодекс Российской Федерации. Постатейный комментарий. М., 1997. – 519 с.
84 Пионтковский А.А. Учение о преступления по советскому уголовному праву. - М., 1961. – 345 с.
85 Советское исправительно-трудовое право. - М., 1960. – 245 с.
86 Никифоров Б.С. Новый Уголовный кодекс РСФСР - важный этап в дальнейшем развитии советского уголовного законода¬тельства. // Сб.: Новое уголовное законодательство РСФСР. - М., 1961. – 15-19 сс.
87 Степичев С. Нужен ли институт судимости // Социалисти¬ческая законность. 1965г. №9.
88 Зелинский А.Ф. Взаимосвязь преступлений при рецидиве. - Волгоград, 1974. – 245 с.
89 Гришанин П.Ф. Вопросы уголовной ответственности особо опасных рецидивистов. // СПб.: Проблемы советского уголовного права в период развернутого строительства коммунизма. Материалы научной конференции (14-17 мая 1963 г.). - Л., 1963.
90 Шутов Ю.И. Рецидивная преступность и меры борьбы с ней по советскому уголовному праву. Основные вопросы применения законодательства / Дисс. канд. юр. наук. - Свердловск, 1965.
91 Пионтковский А.Л. Уголовное право РСФСР. Часть общая. - М., 1924. – 267 с.
92 Шаргородский М.Д. Наказание по советскому уголовному праву. - М., 1958. – 195 с.
93 Ткачевский Ю.М. Досрочное освобождение от наказания. - М., 1962. – 117 с.
94 Голик Ю.В.. Мирончик И.Я. Неосторожный рецидив: уголовно-правовой и криминологический аспекты. // Сб.: Уголовно-правовые меры борьбы с преступностью в условиях перестройки. - Сверд¬ловск, 1990. – 189 с.
95 Зельдов С.И. Уголовно-правовые последствия судимости. - Орджоникидзе, 1966. – 113 с.
96 Ераксин В.В..Помчалов Л.Ф. Погашение и снятие судимости в советском уголовном праве. - МГУ. 1963. – 97 с.
97 Евтеев М.П. Погашение и снятие судимости. - М., 1964.- 121 с.
98 Виттенберг Г.Б. Некоторые вопросы практики применения Указа Президиума Верховного Суда СССР от 27 марта 1953 г. «Об амнистии». - Иркутск, 1955.
99 Филимонов В.Д. Уголовная ответственность и общественное принуждение. - Томск, 1957. – 135 с.
100 Пинчук В.Н., Царев М.И. Вопросы уголовного права и про¬цесса при исполнении приговоров. - М., 1966. – 125 с.
101 Хан-Магомедов Д.О. Освобождение от наказания. - М., 1964.- 87 с.
102 Лейст О.Э. Санкция в советском праве. - М., 1962. – 131 с.
103 Алиев Н.Б. Повторность и рецидив преступлений по советскому уголовному праву. - Махачкала, 1978. – 147 с.
104 Сборник документов по истории уголовного законодательства СССР и РСФСР. 1917-1952. - М., 1953. – 513 с.
105 Уголовное право Российской Федерации. Общая часть. - М., 1996. – 417 с.
105 Комментарий к Уголовному кодексу Российской Федерации. Под ред. Ю.И.Скуратова и В.М.Лебедева. - М., 1996. – 519 с.
106 Уголовный кодекс Российской Федера¬ции. Постатейный комментарий. - М., 1997. – 489 с.
107 Сборник постановлений Пленумов Верховного Суда КазССР по уголовным делам. Т. 1. - Алма-Ата, 1997. – 489 с.
108 Криминология. Под ред. В.Н.Кудрявцева, В.Е.Эминова. - М., 1997. – 455 с.
109 Уголовное право. Общая часть Под ред. А.Н.Агыбаева, Г.И.Баймурзина. - Алматы, 2003. – 319 с.
110 Рецидивная преступность: предупреждение преступлений среди лиц, судимых к лишению свободы. - Минск, 1985. – 147 с.
111 С.М.Рахметов., Б.А.Кулмуханбетова., А.А.Нурымбетов. НАКАЗАНИЕ. Учебное и практическое пособие. – Алматы: Данекер, 1998, - 157 с.
112 Е.Ә. Оңғарбаев., А.А. Смағұлов. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. Оқулық. – Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2005, - 384 б.
113 Ештаев Е.А. Рецидив преступлений по Уголоному кодексу Республики Казахстан. Дисс. на соискание ученой степени к.ю.н. - Алматы, 2007. – 120 с.
114 Бытко Ю.И. Рецидив, отдаленный во времени. Уголовно-правовые и криминологические исследования. – Саратов, 1984. – 115 с.
115 Шнарбаев Б.К. Наказание по уголовному законодательству Республики Казахстан: Учебное пособие. – Алматы: «Данекер», 2002. – 135 с.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 143 бет
Таңдаулыға:   
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР 3

КІРІСПЕ 4

1 КӨПТІК ҚЫЛМЫСТАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ҰҒЫМЫ 9
1.1Қылмыстық құқық теориясындағы көптік қылмыстардың анықтамасы 9
1.2Қылмыстық құқық тарихындағы көптік қылмыстар ұғымына шолу 17
1.3Көптік қылмыстардың негізгі нысандары 31

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ КӨПТІК
ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ НЫСАНДАРЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ
37
2.1Қылмыстарды бірнеше рет жасау 37
2.2Қылмыстардың жиынтығы және оның түрлері 44
2.3Қылмыстың қайталануы және оның түрлері 55
2.4Қылмыстық-құқықтық нормалардың бәсекелестігі және көптік 70
қылмыстар

3 КӨПТІК ҚЫЛМЫСТАР БАРЫСЫНДА ЖАЗАНЫ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 78
3.1Қылмыстардың жиынтығы барысында жаза қолдану 78
3.2Үкімдердің жиынтығы барысында жаза қолдану 82

3.3Қылмыстың қайталануы барысында жаза қолдану 92


ҚОРЫТЫНДЫ 114

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 118


МАЗМҰНЫ

Қысқартулар мен белгілеулер

ҚР – Қазақстан Республикасы
ҚК – Қылмыстық кодекс
ҚІЖК – Қылмыстық істер жүргізу кодексі
РФ – Ресей Федерациясы
БОАК (ВЦИК) – Бүкілроссиялық орталық атқару комитеті (Всероссийский
центральный исполнительный комитет)
ХКК (СНК) – Халық комиссарлар кеңесі (Совет народных комиссаров)
КСРО – Кеңестік социалистік республикалар одағы
РСФСР –
УКСР – Украин кеңестік социалистік республикасы
ҚазКСР – Қазақ кеңестік социалистік республикасы
ІІМ – Ішкі істер министрлігі
б – бап
т.б. – тағы басқа

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қылмыстық құқық ғылымының ең маңызды және
күрделі мәселелерінің бірі көптік қылмыстар болып табылады. Қылмыстық құқық
теориясы және сот-тергеу тәжірибесінде бұл мәселенің түсінілуі және шешілуі
әрқилы.
Зерттеу барысында көптік қылмыстардың ұғымы айқындалып, заң нормаларын
жетілдіруге байланысты ұсыныстар енгізілді. Көптік қылмыстардың нысандарын
анықтауға, қылмыстарды бірнеше рет жасау, қылмыстардың жиынтығы және
қылмыстардың қайталануын бір-бірінен ажыратуға, көптік қылмыстарды жеке
қылмыстардан және қылмыстық-құқықтық нормалардың бәсекелстігінен ажыратуға,
көптік қылмыстар барысында жаза тағайындау мәселелеріне тиісті дәрежеде
көңіл аударылды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Диссертациялық зерттеу көптік қылмыстар
инситутының қылмыстық құқықтық мәселелеріне арналған. Көптік қылмыстар
мәселелерін зерттеудің өзектілігі және маңыздылығы бірқатар себептермен
түсіндіріледі.
Бірінщіден, ұлттық құқықтық жүйені қалыптастыру барысында жеткілікті
дәрежеде зерттелінбеген құқықтық құбылыстарды зерттеу үлкен мағынаға ие.
Бұл құбылыстардың қатарына көптік қылмыстар да жатады.
Екіншіден, көптік қылмыстардың қоғамға қауіптілігі жекелеген
тұлғаларға, қоғамға, мемлекетке келтірілетін зиянды ұлғайтумен, сонымен
қатар, қылмыстардың кең таралуына, елдің қылмыстануына әсер етумен
түсіндіріледі.
Сондықтан да, мемлекет көптік қылмыстармен күресті, оның ішінде
рецидивті қылмыстылықпен күресті құқық қорғау органдарының қызметінің
маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырады да, көптік қылмыстар,
қылмыстарды бірнеше рет жасау, қылмыстардың жиынтығы және қылмыстардың
қайталануы қылмыстық-құқықтық, криминология, пенитенциарлық ғылымдарының
өзекті мәселелерінің қатарында бола береді.
Заң әдебиеттерінде көрсетілгендей, қылмыстық заңнама концептуалды
тұрғыдан толық еместігімен сипатталынады да, бұл көптеген қылмыстық-
құқықтық нормалардың жаңсақ талқылануын туындатып, азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарын сақтаудың кепілдіктерін қамтамасыз ете алмады. Осы
мәселелерді шешуге байланысты ғылымның алдында бірнеше жол бар: кеңестік
дәуірді қалыптастырылған қылмыстық-құқықтық институттар мен ұғымдарды жаңа
жағдайға бейімдеу; қылмыстық-құқықтық ұғымдар мен институттардың алғашқы
классикалық мазмұны мен заңи мағынасын қайтару; жаңа қылмыстық-саяси бағдар
қалыптастыру. Яғни, ғылым бұл сұрақтарға қылмыстық-құқықтық новеллалардың
қарапайым комментаторына айналмас үшін жеткілікті дәрежеде жылдам жауап
беруі керек.
Айтылғандардың барлығы толық көлемде диссертациялық жұмыста
зерттелінген көптік қылмыстардың ұғымына және көптік қылмыстар барысында
жаза тағайындауға қатысты. Аталған мәселелердің қылмыстық құқық ғылымының
аясында болып келгендігі мәлім. Сонда да, Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексі қабылданып, қолданыста жүргендігіне қарамастан
өзектілігін жойған жоқ. Қылмыстық құқық ғылымында көптік қылмыстарға
қатысты бірқатар еңбектердің болуына қарамастан, сот-тергеу тәжірибесі
көптік қылмыстар ұғымына және оның нысандарына қатысты заң шығарушылық
новеллаларды терең тұрде ұғынуға мұқтаж.
Қылмыстылықты зерттеудің нәтижелілігі және оған қадағалау жүргізудің
тиімділігі ұғымдық аппараттардың нақтылығына, яғни көптік қылмыстар
ұғымын дұрыс анықтауға байланысты. Қылмыстық құқық ғылымындағы аталған
ұғымға қатысты көзқарастар мен оның ғылым және заңнама тарихындағы даму
сұрақтарына елеулі түрде көңіл бөле отырып, диссертант қолданыстағы
қылмыстық заңнамадағы осы ұғымның мазмұнын, қызметін, мақсатын,
міндеттерін, тек оның өткендегі өзгерістерін білу арқылы мүмкін екендігін
ескереді.
Әрине, нарықтық экономикасы қалыптасқан елдердің құқық шығармашылық
тәжірибесі Қазақстан үшін өте пайдалы. Бірақ та, өзіміздің тарихи
тәжірибеміздің, оның ішінде кеңестік қылмыстық-құқықтық құқық шығармашылық
тәжірибесінің құны шамалы деп айта алмаймыз.
1997ж. ҚР ҚК-де алғаш рет қылмыстарды бірнеше рет жасау, қылмыстардың
жиынтығы және қылмыстардың қайталануы ұғымдарының бекітілуі арқылы
қылмыстық-құқықтық ғылым мамандарының алдына көптеген мәселелердің қойылуы
диссертациялық зерттеудің өзектілігін білдіреді. Бұл мәселелердің қатарына
бірінші кезекте, көптік қылмыстардың нысандарын анықтау; қылмыстарды
бірнеше рет жасау, қылмыстардың жиынтығы, қылмыстардың қайталануы
ұғымдарын нақты ажырату; жеке қылмыстардың әртүрлі нысандарынан және
қылмыстық-құқықтық нормалардың бәсекелестігінен көптік қылмыстардың
айырмашылықтарын белгілеу; көптік қылмыстар барысында жаза тағайындау
жатады.
Көптік қылмыстарды құрайтын қылмыстарды дұрыс саралау аса маңызды,
осыған байланысты қандай жағдайда қылмыстарды бірнеше рет жасау немесе
қылмыстардың жиынтығы; не болмаса қылмыстардың жиынтығы не жеке күрделі
қылмыс; яки қылмыстарды бірнеше рет жасау не қылмыстардың қайталануы
екендігін анықтау туралы қажеттілік туындайды.
Жоғарыда аталған мән-жайлар диссертациялық зерттеудің тақырыбын таңдап
алуға түрткі болды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Көптік қылмыстар институтына байланысты
белгілі бір тәжірибе және ғылыми білім жинақталған. Диссертациялық
зерттеудің әртүрлі аспектілері жанама түрде келесі отандық авторлардың:
А.Н. Ағыбаевтың, Е.О. Алаухановтың, Ғ.И. Баймурзиннің, Е.А.Ештаевтың, Е.И.
Қайыржановтың, Д.С. Чукмаитовтың еңбектерінде көрініс тапқан. Сонымен
қатар, ресейлік ғалымдардың зерттеулерінде, атап айтсақ Н.Б. Алиев, И.Б.
Агаев, О.И. Бажанов, Е.А. Борисенко, Ю.И. Бытко, Б.В. Волженкин, Р.Р.
Галиакбаров, А.С. Горелик, П.Ф. Гришанин, П.С. Дагель, А.Ф. Зелинский, В.А.
Иванов, Н.А. Стручков, Л.С. Тосакова, Т.Э. Караев, Ю.А. Красиков, Г.Г.
Криволапов, В.Н. Кудрявцев, Б.А. Куринов, К.А. Панько, В.П. Малков, Ю.Н.
Юшков, А.М. Яковлев және т. б. бейнеленген.
Зерттеудің теориялық базасын көптік қылмыстар аясындағы аталған
мамандардың еңбектерінен басқа жалпы теориялық: Н.А. Беляев, А.А.
Герцензон, И.И. Карпец, Г.А. Кригер, Н.Ф. Кузнецова, И.С. Ной, Н.Д.
Сергеевский, Ю.И. Скуратов, Э.С. Тенчов, Ю.М. Ткачевский, А.А.
Пионтковский, М.Д.Шаргородский және тағы басқалардың еңбектері құрайды.
Аталған авторлардың еңбектерінде зерттелінген тақырыптың әртүрлі
жақтары, осы аяда қалыптасқан қоғамдық қатынастар мен заңдылықтар
сипатталынған.
Зерттеу жұмысының мақсаты және міндеттері. Диссертациялық зерттеудің
мақсаты – көптік қылмыстардың теориялық және тәжірибелік мәселелерін
кешенді түрде зерттеу.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- көптік қылмыстардың ұғымын және оны сипаттайтын белгілерді анықтау;
- көптік қылмыстардың нысандарының құқықтық табиғатын талдау;
- көптік қылмыстардың нысаны ретінде қылмыстарды бірнеше рет жасаудың
ерекшеліктерін айқындау;
- қолданыстағы қылмыстық заңнаманың нормаларын жетілдіру үшін ұсыныстар
жасау.
Зерттеу объектісі – қылмыстарды бірнеше рет жасау, қылмыстардың
жиынтығы және қылмыстардың қайталануына қатысты қылмыстық-құқықтық
нормалармен қорғалынатын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Зерттеу пәнін – көптік қылмыстардың әртүрлі нысандарын заңи бағалауға
байланысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының нақты
нормалары, әр – түрлі теориялық көзқарастар және сот-тергеу тәжірибесінің
материалдары құрайды.
Зерттеудің әдістемелік негіздері.
Диссертациялық зерттеудің әдістемелік негізін әлеуметтік және құқықтық
құбылыстарды ғылыми танудың диалектикалық әдісі және одан туындайтын жалпы
ғылыми және арнайы-ғылыми әдістер құрайды. Диссертациялық зерттеу
барысында тарихи, салыстырмалы-құқықтық, формалды-логикалық, жүйелік, нақты-
әлеуметтік әдістер пайдаланылды.
Диссертациялық зерттеу жұмыста қарастырылған мәселелерге тікелей
қатысты қылмыстық саясат, қылмыстық құқық, криминология және қылмыстық
құқық тарихынан жазылған теориялық еңбектерде бейнеленген ережелерді
зерттеуге негізделген.
Диссертациялық жұмысты дайындау барысында Қазақстан Республикасының
Конституциясының, ҚР Қылмыстық кодексінің, ҚР Қылмыстық істер жүргізу
кодексінің ережелері қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақстан Республикасының қылмыстық
заңнамасындағы өзгерістерді ескере отырып, алғаш рет кешенді түрде ғылыми-
құқықтық зерттеудің объектісі ретінде көптік қылмыстар институты
қарастырылды. Қылмыстардың жиынтығы, үкімдердің жиынтығы және қылмыстардың
қайталануы барысында жаза тағайындаудың қолданыстағы ережелерінің
тиімділігі талданылып, көптік қылмыстар кезінде жаза тағайындау ережелерін
жетілдіру процесінің үстемдіктері анықталынды. Осыған байланысты, ҚР ҚК 11,
12, 13, 58, 59 баптарының редакциясына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар
жасалынды.
Қорғау үшін ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
1. Көптік қылмыстардың ұғымы бір адамның қылмыстық жауаптылыққа
тартылғанға дейін немесе алдыңғы қылмысы үшін сотталғандығы жойылмаған,
қылмыстық заңмен қарастырылған дербес қылмыс құрамдарының белгілерін
құрайтын, екі немесе одан да көп қылмыстарды жасауы, - деп анықталынды.
2. Көптік қылмыстардың нысаны ретінде тек қылмыстардың қайталануы және
қылмыстардың идеалды жиынтығын қарастыру қажеттілігі негізделді.
Қылмыстарды бірнеше рет жасау, қылмыстардың нақты жиынтығы және
қылмыстардың рецидивін қылмыстардың қайталануының түрі ретінде тану
ұсынылды.
3. Ұқсас және біртектес қылмыстарды жасауды қамтитын қылмыстарды
бірнеше рет жасау ұғымын талдаудың нәтижесінде біртектес қылмыстарды
жасауды нақты жиынтық ретінде саралау қажеттілігі туралы тұжырым жасалынды.
4. Қылмыстық құқық ғылымында таралған және қолданыстағы заңнамада
бекітілген қылмыстарды бірнеше рет жасаудың анықтамасы (ҚР ҚК 11б. 1б.) –
Осы Кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлігінде
көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау,-деп беріледі. Қылмыстарды
бірнеше рет жасаудың анықтамасынан (ҚР ҚК 11б. 2б.) – Осы Кодекстің Ерекше
бөлімінің түрлі баптарында көзделген екі немесе одан да көп қылмыс жасау
осы кодексте арнай көрсетілген жағдайларда ғана бірнеше рет жасалған деп
танылуы мүмкін,-атты белгісін алып тастау қажеттілігі ұсынылды.
Диссертациялық зерттеудің (эмпирикалық) деректік негіздері.
Диссертацияның деректік негізіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
2000 – 2007 жылдардағы әр түрлі аймақтарында қаралған 230 қылмыстық істер
бойынша жарияланған материалдары пайдаланылды. Диссертациялық зерттеуде
Алматы қаласы бойынша 150 құқық қорғау органдары қызметкерлерінен алынған
сауалнама нәтижелері қолданылды.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Диссертациялық зерттеудің
теориялық және тәжірибелік маңызы құқық қорғау органдарының алдында тұрған
өзекті міндеттерді шешуге бағытталғандығымен анықталынады. Зерттеу
нәтижесінің негізінде қылмыстық заңнаманы жетілдіруге, оның нормативтік-
құқықтық реттеуін жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстар жасалынды.
Диссертациялық жұмыста жасалынған ғылыми тұжырымдар көптік қылмыстарды
саралауға байланысты құқық қорғау органдарының қалыпты қызметін қамтамасыз
ететін құқық нормаларын қабылдауға бағдарлайды.
Диссертациялық зерттеудің нәтижелерін жоғары оқу орындарының заң
факультеттерінің, заң институттарының оқу процесінде қолдануға болады.
Зерттеу нәтижесінің сыннан өтуі. Ғылыми зерттеудің негізгі мазмұны –
ғылыми мақалалар ретінде Заң және заман, ҚазҰУ Хабаршысы Заң сериясы
басылымдарында жарық көрді. Сонымен қатар, Ұйымдасқан қылмыспен күресудің
өзекті мәселелері, Реализация уголовной ответственности: история,
современность и перспективы атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференцияларында және басқа да халықаралық конференцияларда талданып,
олардың жинақтарында жарыққа шықты.
Зерттеу тақырыбы бойынша жеті мақала жарияланды, оның үшеуі ҚР БҒМ
ғылым және білім беру саласындағы қадағалау және аттестациялау комитетімен
ұсынылған басылымдарда жарияланған.
Жұмыстың құрылымы және көлемі зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай
келеді. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, он бөлімшеден, қорытынды мен
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. КӨПТІК ҚЫЛМЫСТАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ҰҒЫМЫ

1. Қылмыстық құқық теориясындағы көптік қылмыстардың анықтамасы
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде қылмыстардың көптігі үш
бапта: 11, 12, 13 баптарда көрсетілген. Бұл нормалар заңнамада сот
тәжірибесінде кең таралған бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстарды
жасау жағдайларын бейнелеуге оқталу болып табылады.
Назар аударатын бір мәселе, 1959 жылғы ҚазССР-нің Қылмыстық кодексіне
қарағанда 1997 жылғы ҚР Қылмыстық кодексі көптік қылмыстарды дербес
қылмыстық құқықтық институт ретінде бекіткен. Қылмыстық кодексте көптік
қылмыстар терминінің болмауына қарамастан, аталған қылмыстық - құқықтық
құбылысқа арналған баптардың мазмұны осындай қорытынды жасауға мүмкіндік
береді.
Алғаш рет қылмыстық заңнамада, Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінде,
қылмыстардың көптігінің нысандары туралы айқындық байқалады, қылмыстарды
бірнеше рет жасау, қылмыстардың жиынтығы және қайталануының мазмұны
ашылған.
Аталған мәселелер төңірегінде әртүрі көзқарастардың болуы 22 шілде 1959
жылғы ҚазССР-нің Қылмыстық кодексіне де байланысты, себебі, кодекстің
Ерекше бөлімінде қылмыстардың көптігінің әртүрлі нысандарын ауырлататын
және аса ауырлататын мән-жайлар ретінде тани отырып, Жалпы бөлім тек қана
аса қауіпті рецидивист деп тану, қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы
барысында жаза тағайындау тәртібі мен жағдайларын қарастырады. Осы
жағдайлар қылмыстардың көптігінің мәселесіне байланысты қылмыстық құқық
теориясында әртүрлі ғылыми пікірталастарды тудырады.
Бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстық іс-әрекеттерді жасауы
қылмысты дұрыс саралаумен, кінәлінің жауаптылығын дараландырумен, сондай-ақ
жеке күрделі қылмыстарды қылмыстардың көптігінен ажырату қажеттілігімен
байланысты ерекше жағдайларды туындатады.
Осы сұрақтарды табысты шешу үшін қылмыстардың көптігі ұғымының
мазмұнын анықтау қажет.
Құқықта бекітілген құқықтық ұғымдар мен құқықтық ғылым пайдаланатын
ұғымдар екі бөлек. Яғни, заңнамада бекітілген ұғымдар ғылыми зерттеулер мен
құқық қолдану тәжірибесінде заң шығарушы берген мағынада қолданылуы қажет.
Құқықтағы ұғымдар ғылыми құқықтық ұғымдарға қарағанда нақты анықталғандығы
және тұрақтылығымен сипатталынады, заңшығарушы заңға өзгерістер енгізгенге
дейін өзгеріссіз болып табылады. Осыған байланысты, құқықтағы ұғымдардың
нақты анықталғандығы және тұрақтылығы құқық қолдану тәжірибесіндегі
заңдылықтың сақталуының маңызды алғышарты.
Ғылыми құқықтық ұғымдарға нақты анықталғандық тән емес. Ғылыми ізденіс
барысында кез келген автор зерттелінетін құбылыстар мен объектілерге
қатысты өз ұғымын беруі мүмкін. Ғылыми құқықтық ұғымдардың мазмұны мен
көлемі ғылым арқылы зерттелінген соң, қажеттілік туындаған кезде заңнамада
бекітілуі мүмкін. Сондықтан да, қылмыстардың көптігінің ұғымын, оның
мазмұны мен көлемін ғылым деңгейінде зерттеу өзекті болып табылады.
Қылмыстардың көптігінің ұғымы қылмыстық құқық теориясымен қарастырылған
да, қылмыстық заңнамада берілмеген. Қылмыстардың көптігінің ұғымының
анықтамасын беруге оқталу жасалған ғылыми еңбектерден, осы қылмыстық-
құқықтық институтқа қатысты көзқарастардың әртүрлі екендігін байқауымызға
болады.
А.М.Яковлевтің пікірі бойынша, қылмыстық іс-әрекеттердің көптігінің
ұғымы қылмыстарды қайталау, қылмыстардың рецидиві және жиынтығы
түсініктерінен нақты көрініс табады [1, 5 б.].
Біздің көзқарасымыз бойынша, аталмыш пікірде, тек қылмыстардың
көптігінің нысандары сипатталған да, нақты қылмыстардың көптігінің ұғымы,
оның белгілері ашылмаған.
Г.Г.Криволапов қылмыстардың көптігінің ұғымын, оның белгілерін көрсету
арқылы, яғни, қылмыстардың көптігі әрқайсысы дербес қылмыс құрамдарының
белгілерін құрайтын, бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстық
жазаланатын іс-әрекеттерді жасауы деп берген.
И.Ткаченко көптік қылмыстар ретінде, алдыңғы сотталғандығына
қарамастан, адамның сот үкімі арқылы белгіленген, екі немесе одан да көп
қылмыстарды жасауын түсінеді [2, 285 б.]. Берілген анықтамалар
қарастырылатын ұғымға тән басты белгі - бір адамның екі немесе одан да көп
қылмыстарды жасауын ғана көрсетеді. Бұл белгі қылмыстардың көптігінің
барлық жағдайларына ортақ болып табылады. Бірақ та, біздің ойымызша, тек
бұл белгіні көрсету жеткіліксіз, себебі біріншіден, адамның бірнеше
қылмыстарды жасауы барлық жағдайда бірдей қылмыстардың көптігін құра
бермейді, екіншіден, бұл ұғымға бір емес, бірнеше белгілер тән.
Ю.А.Красиков көптік қылмыстарды кінәлі адамның кезектілікпен орындаған
бір немесе бірнеше іс-әрекеттер арқылы бірнеше қылмыс құрамдарын жасауы,-
деп анықтаған [3, 6 б.].
Е.А.Фролов және Р.Р.Галиакбаров бойынша, қылмыстардың көптігі -
қылмыстық заңмен қарастырылған бір адамның мінез-құлқындағы бірнеше құқық
бұзушылықтардың үйлесуі [4, 6 б.]. Аталған пікірді А.Ф.Зелинский де
қолдайды [5, 8 б.].
Жоғарыда көрсетілген анықтамалардың әрқайсысы қылмыстардың көптігінің
ұғымын жалпы алғанда дұрыс ашады. Дегенмен де, қылмыстардың көптігі
ұғымының анықтамасы бір адамның қылмыстық жауаптылыққа тартылатын бірнеше
қылмыстарды жасауын ғана емес, оның алдыңғы іс-әрекеті үшін сотталғаннан
кейін жаңа қылмыс жасауын да қамтуы қажет деп есептейміз.
Осыған байланысты, И.М. Гальпериннің берген анықтамасы назар аудартады.
Қылмыстардың көптігі - кінәлінің қылмыстық жауаптылыққа тартылғанға
дейінгі әртүрлі қылмыс құрамдарының белгілері бар, бірнеше қылмыстық іс-
әрекеттерді, немесе өзара ішкі байланыста емес, бір қылмыс құрамының
белгілерін құрайтын бірнеше қылмыстық іс-әрекеттерді, немесе алдыңғы
қылмысы үшін сотталғаннан кейін кез келген басқа қылмысты жасауы [6, 249-
250 бб.]. Берілген анықтамада қылмыстардың көптігін әртүрлі және біртектес
қылмыстардың құрайтындығы, сондай-ақ қылмыстардың қылмыстық жауаптылыққа
тартылғанға дейін және алдыңғы іс-әрекеті үшін сотталғаннан кейін де
жасалатындығы айтылған. Біздің ойымыз бойынша, бұл анықтаманы қылмыстардың
көптігін жоққа шығаратын белгілерді көрсету арқылы толықтыру қажет.
Қылмыстардың көптігін жоққа шығаратын кейбір белгілер Б.А.Куриновтың
анықтамасында көрініс тапқан, яғни, қылмыстардың көптігі - адамның соттылық
жойылмаған және қылмыстық қудалаудың мерзімдері өтпеген, екі немесе одан да
көп қылмыстарды жасауын қамтиды [7, 159 б.].
Н.И.Загородников пен Н.А.Стручков қылмыстардың көптігінің ұғымын
анықтай отырып, оны дербес элементтерден - қылмыстардан тұратын, күрделі
құрылым ретінде сипаттайды [8, 54 б.].
В.П.Малков қылмыстардың көптігінің кең анықтамасын береді:
Қылмыстардың көптігіне - егер де жасалынған қылмыстардың кемінде екеуі
үшін қылмыстық-құқықтық нәтижелер жойылмаған және қылмыстық істі қозғау
үшін процессуалдық кедергілер жоқ жағдайларда адамның бір мезгілде немесе
кезектілікпен қылмыстық жауаптылыққа тартылғанға дейін, немесе алдыңғы
қылмысы үшін сотталғаннан кейін, қайта қылмыс жасауын жатқызамыз [9, 12
б.].

Жоғарыда берілген анықтамаларды талдай келе, қылмыстардың көптігіне
келесідей сипаттама беруімізге болады: Қылмыстардың көптігі деп бір
адамның қылмыстық жауаптылыққа тартылғанға дейін немесе алдыңғы қылмысы
үшін сотталғандығы жойылмаған, қылмыстық заңмен қарастырылған дербес қылмыс
құрамдарының белгілерін құрайтын, екі немесе одан да көп қылмыстарды
жасауы.
Көптік қылмыстар қылмыстық-құқықтық ұғым ретінде белгілі бір заңи
белгілермен сипаталынады.
Көптік қылмыстардың міндетті белгісі реінді бір адамның екі немесе одан
да көп қылмыстарды жасауы қарастырылады. Егер де, кінәлімен жасалынған екі
іс-әрекеттің біреуі қылмыстық іс-әрекеттің белгілері жоқ құқықбұзушылық,
яғни әкімшілік немесе тәртіптік қылық, маңызы шамалы іс-әрекет (ҚР ҚК 9б.
2б.) болса қылмыстардың көптігі болмайды. Мысалы, ұсақ ұрлық (әкімшілік
құқық бұзушылық) және жай ұрлық - ҚР ҚК 175б. 1б. (қылмыс) көптік
қылмыстарды құрамайды.
Қылмыстардың көптігі әрқайсысы, дербес қылмыс құрамдарының белгілерін
құрайтын, қылмыстық іс-әрекеттерден тұрады. Қылмыстық іс-әрекеттің
дербестігі оның объективтік және субъективтік белгілерінің бірлігімен
анықталынады. Бұл дегеніміз - жеке алынған әрбір іс-әрекетте белгілі бір
қылмыс құрамының болуын бідіреді. Бұл қылмыстардың құрамдары өзінің
юридикалық белгілері бойынша бір-біріне сәйкес келсе де, объективтік немесе
субъективтік қасиеттеріне байланысты бір-бірінен ажыратылады.
ҚР ҚК 9 бабы қылмыстың ұғымын бере отырып, аяқталған, сондай-ақ
аяқталмаған іс-әрекетті де (дайындалу және оқталу) ескереді. Сондықтан да,
қылмыстардың көптігі аяқталған қылмыстар арқылы да, сондай-ақ қылмысты
жасауға дайындалу немесе оқталу арқылы да түзіледі. Бұл жерде қылмыстардың
көптігі ретінде тану үшін бірінші аяқталған қылмыс, одан кейін қылмысқа
дайындалу немесе оқталу жасалуының немесе керісінше болуының, яғни
қылмыстық іс-әрекеттерді жасау кезектілігінің маңызы жоқ.
ҚР ҚК 28 бабына сәйкес, қылмыс ретінде қоғамға қауіпті іс-әрекетті
тікелей орындау ғана емес, сондай-ақ ұйымдастырушының, азғырушының,
көмектесушінің әрекеттері де танылады. Сол себепті де, көптік қылмыстарға
келесі жағдайларды, айталық, қылмыстардың көптігі, егер ұрлықтың бір
эпизодында кінәлі тікелей орындаушы, ал келесісінде - көмектесуші болуын
жатқызамыз.
Қылмыстардың көптігіне енетін әрбір қылмыстың қылмыстық- құқықтық
салдары болуы керек, яғни кінәліні қылмыстық жауаптылыққа тарту
мүмкіндіктерінің болуы немесе заңмен бекітілген тәртіпте соттылық алынбауы
немесе жойылмауы қажет. Бұл дегеніміз, жасалынған екі қылмыстық іс-
әрекеттің біреуі бойынша, қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі
өтсе, немесе айыптау үкімін орындаудың ескіру мерзімі өтсе, немесе соттылық
алынып тасталса немесе жойылса, құқықтық салдарларды жоятын рақымшылық
немесе кешірім беру актісі болса, сондай-ақ заңға сәйкес қылмыстық
жауаптылықтан босату орын алса немесе қылмыстық қудалауды туындатуға
процессуалдық кедергілер болған жағдайларда қылмыстардың көптігі болмайды.
Басқаша айтқанда, қылмыстық жауаптылыққа тартудың айыптау үкімін орындаудың
ескіру мерзімінің өтуі, бұрын жасалынған қылмысы үшін соттылықтың жойылуы
және алынып тасталуы көптік қылмыстарды жоятын мән-жайлар болып табылады.
Қылмыстардың көптігі жасалынған қылмыстардың және қылмыскердің жоғары
қоғамға қауіптілігінің, кінәлінің бойына сіңіп қалған қоғамға жат
көзқарастардың, әдеттің, белгілі бір өмірлік ұстанымдардың заңи көрінісі
болып табылғандықтан, аталынған белгілер болмаған жағдайда, жағымсыз
салдарларды туындататын ұғым ретінде қылмыстардың көптігінің де болмауын
білдіреді. Сондықтан да, қылмыстардың көптігі жасалынған қылмыстық іс-
әрекеттердің біреуіне байланысты қылмыстық-құқықтық нәтижелерді жоятын мән-
жайлар болған жағдайда болмайды.
Қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіруі деп адамды қылмыстық
жауаптылыққа тарту мүмкіндігін жоятын, заңмен белгілінген мерзімнің өтуін
түсінеміз [10, 456 б.].
Егер адам, қылмыс жасағаннан кейін, ұзақ уақыт аралығында жаңа қылмыс
жасамаса, заң талаптарын сақтаса, мінез-құлқы арқылы түзелгенін көрсетсе,
оған бұрын жасаған қылмысы үшін жаза тағайындау тиімсіз. Себебі, заңға
сәйкес, жазаның мақсаты ретінде әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыру,
сотталғандарды түзеу, сондай-ақ сотталғандар және басқа адамдар арқылы жаңа
қылмыстарды жасаудың алдын алу қарастырылады (ҚР ҚК 38б.).
Қылмыс жасағаннан кейін ұзақ уақыт аралығының өтуіне байланысты
қылмыстық жауаптылыққа тартудың тиімсіздігі, сонымен бірге қылмыстық істі
тергеу және сотта қарау барысында дәлелдеу - процессуалдық сипаттағы
қиыншылықтар түріндегі кедергілердің болуымен де түсіндіріледі.
Қылмыстық құқықтағы ескірудің негізі қылмыскердің тұлғасының қоғамға
қауіптілігінің жойылуы болып табылады. Ескіру мерзімінің өтуі жасалынған
қылмыстың нәтижесінің жойылуын, заң тұрғысынан іс-әрекеттің жоқ екендігін
білдіреді. Сондықтан да, алдыңғы қылмысы үшін ескіру мерзімі өтіп кеткеннен
кейін қылмыс жасаған адам, тек соңғы қылмысы үшін ғана қылмыстық
жауаптылыққа тартылады. Қылмыстардың көптігі екі немесе одан да көп
қылмыстардың болуын талап етеді, яғни екі іс-әрекеттің біреуіне байланысты
ескіру мерзімі өтсе, қылмыстардың көптігі де болмайды.
Қылмыстардың көптігі адамның бір уақытта немесе әртүрлі уақытта жасаған
бірнеше дербес қылмыстары немесе алдыңғы қылмысы үшін соттылығы жойылғанға
не алынғанға дейінгі жасаған жаңа қылмысы үшін жоғары қылмыстық
жауаптылыққа тартылуын білдіреді. Яғни, алдында жасалған қылмыс үшін үкім
шығарылмаса, ал ескіру мерзімі өтіп кетсе, тұлға заңи тұрғыдан бұрын қылмыс
жасамаған деп танылады.
ҚР ҚК 69 бабына сәйкес, қылмыс жасаған адам келесі үш шарт болған
жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады: а) егер, заңмен белгіленген
ескіру мерзімі өтсе; ә) егер, адам осы уақыт аралығында басқа қылмыс
жасамаса; б) егер, адам тергеу немесе соттан бұлтармаса. Осы шарттардың
болуы қылмыс жасаған адамның тұлғасының қоғамға қауіптілігінің жойылғанының
куәсі және оны қылмыстық жауаптылықтан босатудың негізі болып табылады.
Қылмыстық заң жасалынған қылмыстың ауырлығына байланысты әртүрлі ескіру
мерзімін көрсеткен. Қылмыс неғұрлым қауіпті болған сайын, заңда ол үшін
көрсетілген жаза да қатаң, сәйкесінше, қылмыстық жауаптылықты болдыртпайтын
ескіру мерзімі де ұзақ болады.
Қылмыстардың көптігін жоятын мән-жай ретінде айыптау үкімін орындаудың
ескіру мерзімінің өтуі де қарастырылады. Қылмыстық құқық теориясында
айыптау үкімін орындаудың ескіруі деп сотпен тағайындалған жазаны орындау
(үкімді орындау) жойылатын қылмыстық заңда көрсетілінген мерзімнің өтуі
түсіндіріледі. Жаза тікелей тағайындалғаннан кейін орындалатын болса ғана,
елеулі сақтандыратын және тәрбиелейтін күшке ие болады. Жоғарыда айтылған
жағдайда, жазаны орындау аса қажетті, себебі жазаны тағайындау барысында
кінәлінің қоғамға қауіпті екендігі, түзеуге мұқтаждығы анықталынған.
Егер, сотталған адам үкім заңды күшіне енгеннен кейін ұзақ уақыт
аралығында мінез-құлқына тәуелсіз мән-жайларға байланысты жазаның әсеріне
ұшырамаса, адал өмір сүрсе, жаңа қылмыс жасаудан бой тартса, жазаны өтеуден
бұлтаруға күш-жігер жұмсамаса, үкімді орындау үшін негіз де жойылады.
Айыптау үкімін орындаудың ескіру мерзімінің өтуі тұлғаның санасында
орын алған өзгерістердің куәсі, оның түзелгендігінің көрсеткіші, болып
табылады, соталған тұлғаның қоғамға қауіптілігінің жойылғандығын немесе
төмендегенін білдіреді. Осы айтылғандардың барлығы алдында жасалынған
қылмысы заңи түрде жойылған деп есептеуге негіз береді. Яғни, осы
жағдайларда жаңа қылмыс жасаған адамның қоғамға қауіптілігі осындай
қылмысты алғаш жасаған адамның қоғамға қауіптілігіне тепе-тең.
Сондықтан да, егер адам алдыңғы қылмысы бойынша айыптау үкімінің ескіру
мерзімі өткеннен кейін жаңа қылмыс жасаса, көптік қылмыстар болмайды.
Қылмыстардың көптігін жояын мән-жай ретінде алдыңғы жасалған қылмысы
үшін соттылықтың жойылуы немесе алынып тасталуы қарастырылады.
Жойылмаған немесе алынып тасталмаған соттылығы бар тұлғаның жаңа қылмыс
жасауының неліктен көптік қылмыстарды құрайтындығын, ал соттылық жойылып
немесе алынып тасталған соң жасалған қылмыстардың көптік қылмыстарды
түзбейтіндігін түсіну үшін соттылықтың мәнін, оны жою және алып тастау
негіздерін алдын ала талдау қажет.
Қылмыстық құқықтық әдебиеттерде соттылықтың түсінігі және мәніне
байланысты бірнеше пікірлер айтылған.
Жекелеген авторлар соттылықты адамның соттың айыптау үкімінде қандай
да бір қылмыс үшін тағайындалған белгілі бір қылмыстық жазаның түріне
масқаралайтын сотталу фактісі деп анықтайды [11, 214 бб.]. Біздің
ойымызша, бұл институттың мақсаты сотталғанның тұлғасының беделіне
келірілген нұқсанның куәсі емес, сондықтан да бұндай түсінік соттылықтың
мәнін және функционалдық тағайындалуын ашып бере алмайды.
Көптеген авторлар соттылықты адамның белгілі бір құқықтық жағдайы
ретінде қарастырады. Соттылық - қылмыс жасағандығы үшін қандай да болмасын
жазаға соттау фактісімен пайда болған және сотталған адам үшін белгілі бір
жағымсыз құқықтық салдарлардың туындауымен байланысты адамның құқықтық
жағдайы, - деп жазады Ю.М.Ткачевский, Н.Е.Крылова [12, 279 бб.]. Бұндай
анықтама соттылықтың маңызының қылмыстық - құқықтық және жалпы құқықтық
аспектісін нақтылайды.
Соттылық берілген адамды мемлекет атынан соттың бір немесе бірнеше
қылмыс жасауда кінәлі деп ресми тануының орын алғандығын көрсетеді.
Соттылықтың болуы адамның алдында бір немесе бірнеше қылмыстарды
жасағандығын, оның қоғамға қауіпті екендігін көрсетеді, жағымсыз қылмыстық
- құқықтық салдарлардың туындауы қатерімен жаңа қылмыстарды жасауға
болмайтындығы туралы ескертілгендігімен де, жаңа қылмыс жасауға бел
буғандығын білдіреді. Бұл салдарлар ҚР ҚК 77б. 1б. сәйкес келесі қылмыстық-
құқықтық сипатқа ие: олар қылмыстарды бірнеше рет жасау, қылмыстың рецидиві
және жаза тағайындау барысында ескеріледі. Сонымен, көптік қылмыстар
тұлғада алдыңғы қылмысы үшін соттылықтың болуымен байланысты және кінәліге
қатаң жаза қолдануға негіз береді.
Ізгілік және әділдік қағидалары соттылықтың жойылуы және алынып
тасталуы туралы нормалардың болуын негіздейді.
Соттылықтың жойылуы жазаны өтеп болған соң, заңмен қарастырылған
мерзімнің өтуімен байланысты туындайды. Соттылықтың жойылуы адамның жазаны
өтеп болған соң, белгілі бір уақыт аралығында, жаңа қылмысты жасамауын, осы
арқылы, оның қоғамға қауіпті емес екендігін білдіреді.
Соттылықтың алынып тасталуы заңда көрсетілген шарттар болған жағдайда
сот қаулысы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, соттылық рақымшылық
және кешірім беру актілері арқылы да алынып тасталынады.
Соттылық жойылған немесе алынып тасталған соң қылмыс жасаған адам
қоғамға жоғары деңгейде қауіпті емес, сондықтан да жазаны қатаңдатуға да
негіз болмайды.
Сонымен, соттылықтың жойылуы немесе алынып тасталуы қылмыстардың
көптігін жоятын мән-жай ретінде танылады.
Қолданыстағы қылмыстық заңнама бойынша қылмыс жасаған адам рақымшылық
немесе кешірім беру актілерімен қылмыстық жауаптылықтан және жазадан
босатыла алады. Бұндай жағдайларда жасалынған қылмыстың заңи салдарлары
қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі өткенге дейін жойылады. Сол
себепті де, құқықтық салдарлары рақымшылық немесе кешірім беру актілерімен
жойылған қылмыс, көптік қылмыстардың құрамдас бөлігі ретінде есептеліне
алмайды. Сәйкесінше, жасалынған қылмыстардың біреуімен тұлғаны рақымшылық
немесе кешірім беру актілерінің негізінде қылмыстық жауаптылықтын босату
қылмыстардың көптігін жоятын мән-жай болып табылады.
Егер, қылмыс ҚР ҚК 68 бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылған
адаммен жасалған болса, көптік қылмыстар болмайды. ҚР ҚК 68 бабының
негізінде тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылады, себебі, жағдайдың
өзгеруіне байланысты жасалынған қылмыс қоғамға қауіпті сипатын жоғалтады,
немесе тұлғаның өзі істің сотта қаралуына дейінгі аралықтағы кіршіксіз
мінез – құлқы арқылы қоғамға қауіпті емес екендігін көрсетеді.
Сонымен, жоғарыда қарастырылған мән-ай негізінде қылмыстық
жауаптылықтан босатылған адамның жасаған жаңа қылмысы да көптік қылмыстарды
түзбейді.
Көптік қылмыстарды жоятын мән-жай ретінде ҚР ҚІЖК қарастырылған
жағдайлардан басқа реттерде, егер іс тек арыз бойынша қозғалынуы қажет
болса, жәбірленушінің арызының болмауы қарастырылады.
Егер тұлға екі зорлау жасаса, олардың әрқайсысы ҚР ҚК 120б. 1б.
белгілеріне сәйкес келсе, ал жәбірленушілер арыз бермесе, қылмыстық іс
қозғалына алмайды. Тұлға екі зорлау жасаса, біріншісі бойынша жәбірленуші
арыз берсе, екінші зорлауға қатысты қылмыстық қудалауды қозғау үшін
жәбірленушінің арызы талап етілмейді, себебі ол ҚР ҚК 120б. 2б. г
тармақшасына сәйкес, бірнеше рет жасалынған деп танылады. Бұл жағдайда
қылмыстардың көптігінің орын алғандығын көреміз. Егер, ҚР ҚК 120б. 1б.
белгілеріне сәйкес келетін екі зорлау жасалынса, бірінші зорлау бойынша
жәбірленушіден арыз түспесе, екінші жәбірленушінің арызы негізінде ҚР ҚК
120б. 1б. белгілері бойынша ғана қылмыстық іс қозғалынады.
Қылмыстардың көптігі бірқатар заңи салдарларды тудырады:
1. Заңи біртектес және әртектес қылмыстарды жасау кейбір жағдайларда
ауырлататын (ҚР ҚК 175, 176, 177 б.б.) немесе аса ауырлататын (ҚР ҚК
175, 177, 179 баптарының 3 бөлімдері) қылмыс құрамдарының белгілері
болып табылады. Қылмыстық кодексте қылмыстардың көптігіне қатысты
қылмыс құрамының аса ауырлататын белгісі ретінде бұрынғы соттылық
қана танылған. Бірақ та, соттылық өз бетінше қылмыстың қоғамға
қауіптілік дәрежесін жоғарылатпайды, кінәлінің тұлғасын сипаттайды.
Ал жаза болса, адамның қасиетіне байланысты емес, қылмыс үшін
тағайындалады.
Қылмыстардың көптігі келесі модификациядағы қылмыс құрамдарының
ауырлататын белгілері ретінде қарастырылады:
а) тек ұқсас қылмыстарды жасау барысында: ҚР ҚК 103б. 3б. к
тармақшасы, 121б. 2б. г тармақшасы;
ә) заңи ұқсас, сондай – ақ бір объектілік және әртүрлі объектілік
қылмыстарды жасау барысынада – ҚК 175б. 3 Ескертуі.
Кінәліні соттаумен байланысты қылмыстардың көптігі қылмыс құрамының
ауырлататын белгісі ретінде көрінеді:
а) тек заңи ұқсас қылмыстарды жасау барысында – ҚР ҚК 117б. екінші
бөлімі;
ә) заңи әртүрлі объектілік қылмыстарды жасау барысында – ҚР ҚК 103б.
2б. к тармақшасы, 104б. 2б. ж тармақшасы;
2. Қылмысты саралауды өзгертеді. Мысалы, қызғаныштан бір адамды өлтіру
ҚР ҚК 96б. 1б. сараланса, осы ниет арқылы екі адамды өлтіру ҚР ҚК 96
б. 2б. а тармақшасымен сараланады.
3. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде келесі топтамадан
көрінеді:
а) ҚР ҚК-нің 52, 54, 59 баптарының негізінде қылмыстарды бірнеше рет
жасау және қылмыстың қайталануы барысында, кінәліге қылмысты алғаш рет
жасаған адамға қарағанда, қатаң немесе ұзақ мерзімдегі жаза тағайындалуы
қажет;
ә) ҚР ҚК-нің 58б. негізінде қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза
тағайындау барысында жазаны толығымен немесе ішінара қосу қағидасы ғана
қолданыла алады;
б) ҚР ҚК-нің 60б. сәйкес, жазаны өтеу барысында, сондай – ақ шартты
түрде соттау кезіндегі сынақ мерзімі кезеңінде, жазадан мерзімінен бұрын
шартты түрде босату және жазаны орындауды кейінге қалдыру кезінде
жасалынған қылмысы үшін жаза тағайындауда жазаның берілген түрінің шегінде
толығымен немесе ішінара қосу қағидасы ғана қолданылады;
4. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындау барысында түзеу
мекемесінің түріне әсер етеді. Бұрын, бас бостандығынан айыру
түріндегі жазаны өтеген адамдарға қатаң режимдегі, кейбір
жағдайларда ерекше режимдегі түзеу колониясы тағайындалады (ҚР ҚК
48б.);
5. Кейбір қылмыстар, бұрын қандай да болмасын қылмыстарды жасағаннан
кейін ғана жасалына алады – ҚР ҚК 358б.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде көптік қылмыстарға келесі анықтаманы
береміз.
Көптік қылмыстар - тұлғаның заңи салдарлары жойылмаған немесе қылмыстық
қудалауға процессуалдық кедергілері жоқ, екі немесе одан да көп қылмыстарды
жасауы.
Көптік қылмыстарға келесі белгілер тән:
1) көптік қылмыстарды біріктіретін бастау – осы қылмыстарды жасаған
адам, яғни субъект. Бір адам бір емес, бірнеше қылмыс жасайды.
Бұл қылмыстар өзара қылмыс құрамының кез келген элементтері
бойынша субъектіден басқа, сәйкес келуі немесе айырмашылықта
болуы мүмкін;
2) Тұлға кем дегенде екі қылмыс жасауы қажет. Көптік қылмыстар,
егер екі іс-әрекеттердің біреуі әкімшілік құқық бұзушылық,
тәртіптік қылық немесе азаматтық-құқықтық деликт, маңызы шамалы
іс - әрекет болса түзілмейді;
3) әр қылмыс дербес қылмыс құрамының белгілеріне ие; әр қылмыс
аяқталған немесе аяқталмаған болуы мүмкін.Әр қылмыста тұлға ҚР
ҚК 28 бабында көрсетілген рөлдердің кез келгенін атқара алады;
4) қылмыс қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімімен
жойылмаған болуы керек (ҚР ҚК 69б.), алдында шығарылған үкім оны
орындаудың ескіруімен жойылмаған болуы керек (ҚР ҚК 75б.),
тұлғадан алдында жасалынған іс – қимылы үшін рақымшылық немесе
кешірім беру актісімен соттылық жойылмаған болуы қажет (ҚР ҚК
76б.) немесе ҚР ҚК 77б. негізінде соттылық жойылмауы немесе
алынып тасталмауы керек. Көптік қылмыстарға кіретін әрбір қылмыс
бойынша қылмыстық қудалауды қозғау үшін процессуалдық кедергілер
болмауы қажет.
Қылмыстардың көптігі құқықтық және әлеуметтік аспектіде қарастырыла
алады. Құқықтық мағынада: қылмыстардың көптігі, қылмыстылықтың белгілі бір
нысандарын бейнелейтін, сәйкес құқықтық салдарды туындататын қылмыстық-
құқықтық ұғым ретінде сипатталынады. Әлеуметтік мағынада: қылмыстардың
көптігі жасалынған іс-әрекеттердің объектіге үлкен зиян келтіруімен
байланысты қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғарылығымен сипатталынады.
Сондай-ақ, адамның екі немесе одан да көп қылмыстарды жасауы тұлғаның
қоғамға қауіптілігінің дәрежесін де жоғарылатады. Бұл қылмыстың
субъектісінің санасындағы қылмыс жасауға деген әдет түріндегі әлеуметке жат
психикалық ұстанымдар мен ойлау көрінісін және оларға деген ішкі
қажеттілікті құратын тұрақты қоғамға жат стереотипті білдіреді. Аталған
фактілердің болуы бірқатар қылмыстар үшін жауаптылықты қатаңдату
қажеттілігін көрсетіп отыр.

1.2 Қылмыстық құқық тарихындағы көптік қылмыстар ұғымына шолу
Кеңес өкіметі орнаған алғашқы айлардың өзінде мемлекет кеңестік
қылмыстық құқықты құрудың әртүрлі нысандарын іздей бастады. Кеңес
өкіметінің алғашқы жылдарында белгілі бір дәрежеде сот органдары ескі
заңдарды басшылыққа алды. Бұл жағдайды халықтық әділет коммисариатының сот
құрылымы бөлімінің кезекті 1918ж. сәуір - маусым айларындағы есебінде
Д.Ю.Курский баса көрсеткен: Петроград және Москва сынды екі ірі қаланың
жергілікті соттарының тәжірибесі алғашқы қадамнан - ақ бірінші кезекте -
жаза аясына қатысты Жаза туралы Ереже мен революциялық сана - сезімнің
арасындағы қарама - қайшылықтармен кездесті. Ереже, алдын ала сол немесе
басқа іс - қимыл үшін сазайын тарттырудың мөлшерін тыңғылықты түрде таңдап
алуға тырысты ... революциялық сана - сезім ... істің мән - жайларына
байланысты жазаны таңдауда соттың ерікті екендігін айтып тұруы қажет [14,
30 б.].
1917 - 1918 жылдардағы заңнаманы талдай отырып, осы кезең аралығында
бірқатар институттардың негізі, атап айтқанда алғашқы қылмыстық қызмет
сатылары, қылмысқа қатысу және т.б. қаланған деген қорытындыға келуімізге
болады. РСФРО-ның қылмыстық құқықтан басшы ережелері қабылдағанға дейін
кеңестік қылмыстық заңнамада жаза түрлерінің тізбегін және оларды қолдану
шарттарынқарастырған акт болған емес. Кеңес өкіметінің бірқатар
декреттерінде жекелеген қылмыстардың жазаланушылығына байланысты жалпы
сипаттағы нұсқаулар, мысалы, революциялық заңдардың барынша қаталдығымен
жазаланады, революциялық сотпен жазаланатын ауыр қылмыс және т.б.
беріледі.
1919 жылдың түпкілікті кезінде кеңестік қылмысық құқықтың Жалпы бөлімі
нормаларын жалпылау және жүйелеуге байланысты белгілі бір база құрылды.
Бұндай жұмыстарды жүргізу қажет еді.
1919 жылдың желтоқсанында шығарылған РСФРО-ның қылмыстық құқықтан
басшы ережелері кеңестік қылмыстық құқықтың негізгі ережелерін жалпылауға
деген алғашқы оқталу болып табылды.
Құқықтық табиғатына байланысты аталған акт заң емес, халық соттарына
арналған халықтық әділет коммисариатының нұсқауы еді. Бірақ та, өзінің
мазмұны және маңызына байланысты ол кеңестік қылмыстық құқықтың жалпы
қағидаларын және негізгі институттарын қалыптастыруда елеулі рөл атқарды
[15, 126 б.]. Олар кеңестік қылмыстық кодекстердің Жалпы бөлімдерінің
түпнұсқасы болып табылады да, кейбір ережелер қазіргі таңда да өзінің
маңызын сақтаған.
Басшы ережелер жазаның алдына қылмыскерді түзеу міндетін қойған жоқ,
себебі бұл міндет шешілмейтін болғандықтан пайдасыз деп есептеді. Бұл
концепция әлеуметтік бағыттағы қылмыстық құқықтың постулаттарына
негізделді. Осыған сәйкес, іс - қимылға емес, оны істеген адамға, яғни
қылмыскердің тұлғасына қойылды [16, 571 – 572 бб.]. Көптік қылмыстар
институтына келетін болсақ, ол қылмыс жасаған адамның жауаптылығының сипаты
мен дәрежесіне әсерін тигізетін және сотпен бағалануға жататын фактілердің
тібегінен ғана көрініс тапты. Басшы ережелерге сәйкес олардың қатарына
қылмысты кәсіби қылмыскермен (рецидивист) немесе алғашқы рет жасау
жатқызылды.
БОАК және ХКК 1921ж. 1 маусымдағы декреті талан - таражыға салу
нысандары мен онымен ұштасқан басқа да қылмыстарды қарастырған. Талан -
таражыға салудың нысандары мен түрлерінің құрылысы, бұл қылмыстардың
лауазымды теріс пайдалану және алыпсатарлықпен байланысын көрсетіп, оларда
қылмыстардың жиынтығының және көптік қылмыстардың бар екендігін білдірді.
1922ж. РСФСР ҚК көптік қылмыстар институтына қылмыстардың жиынтығы және
жаза тағайындау шарттары қарастырылған 29, 30 баптарды арнады. Оларға
сәйкес, жеңіл жазаны қатаң жазаның сіңіруі немесе сот әр қылмыс үшін жазаны
анықтап болған соң, жазаларды толық немесе ішінара қосу белгіленді.
Жазаларды қосу барысында соңғы жаза баптың санкциясында белгіленген жоғарғы
шеңберіне дейін көтеріле алды.
1919ж. Басшы ережелеріне қарағанда, 1922ж. ҚК енгізілген мән -
жайлардың тізбегі жетілдірілген, тізбектің мәні де, жекелеген мән -
жайлардың берілу нысандары да өзгерістерге ұшыраған. 30 баптың е
тармақшасы, ауырлататын мән - жайларға, қылмысты кәсіби қылмыскер немесе
рецидивист арқылы жасауды жатқызған.
Назар аударатын мәселе, ауырлататын мән - жайлардың басым бөлігі
қылмыскердің тұлғасының қауіптілік дәрежесін сипаттайды. Кодекс жаза
тағайындау барысында қылмыскердің, сондай - ақ жасалынған қылмыстың
қауіптілік дәрежесі мен сипатын негізгі деп таныса да (ҚК 24б.), заң
шығарушы субъективтік факторлардың ықпалында кеткен. Бұның себебі,
қылмыстық кодекс авторларының позициясына қылмыстық құқықтың әлеуметтік
бағыты, яғни тұлғаның қауіпті жағдай теориясы белгілі бір дәрежеде әсерін
тигізген.
Қылмыстардың көптігі институтына және жазаны колдану шарттарына
арналған 1922ж. РСФСР ҚК енгізілген нормалардың жиынтығы жаза жүйесі, оны
тағайындау қағидалары мен тәртібі туралы жан - жақты және терең
қарастырылған ережелерден тұрды. Осы аяда, сондай – ақ ҚК қалған басым
бөліктерінде тұтас институттарды өңдеп, қалыптастыруға қадам жасалынды. Бұл
институттардың және олардың заңи бейнеленуінің елеулі бөлігі кеңестік
қылмыстық құқықты ары қарата дамытуға үлесін қосты.
Кеңестік социалистік республикалар одағының және одақтас
республикалардың 1924ж. Қылмыстық заңнамасының басшы ережелері
қылмыстардың жиынтығы туралы мәселені бір бапта қарастырған. Басшы
ережелердің 33 бабында Егер жасалынған қылмыста бірнеше қылмыстардың
белгісі болса, сондай - ақ кінәлі арқылы үкім шығарылғанға дейін екі немесе
одан да көп қылмыс жасалынса, жаза мөлшері ең қатаң жазаны қолдануды
туындатаын қылмыс бойынша анықталынады [17, 183 б.]. Идеалды және нақты
қылмыстардың жиынтықтары да барлық одақтас республикалардың ҚК, Украин КСР
ҚК басқа, Басшы ережелердегідей көрсетілінді. Басшы ережелерге
қарағанда, бұл кодексте қылмыстардың нақты жиынтығы үкім шығарылмаған
немесе үкім орындауға келтірілмеген бірнеше қылмыстарды жасау деп
анықталынған.
Басшы ережелер бірқатар сұрақтарды шешусіз қалдыру себебінен, КСРО
Жоғарғы сотының пленумына 1929ж. 4 наурызда қылмыстардың жиынтығы барысында
жазаны қолдану сұрақтарына арналған кең түрдегі түсіндіруден тұратын
қаулысын қабылдауға тура келді.
Пленум, соттар қылмыстардың жиынтығын (идеалды, нақты болсын) жазаның
түрін таңдап алуда ескерілуі қажет, кінәлінің тұлғасының жоғары
қауіптілігін білдіретін біртұтас ұғым ретінде қарастырулары керек деп
көрсеткен.
Басшы ережелер әр қылмыс бойынша жеке жаза тағайындауды талап
етпейді. Бұл тәртіп РСФСР ҚК және Украин және Түркмен КСР ҚК басқа, қалған
одақтас республикалардың ҚК белгіленген. Берілген тәртіптің артықшылығы
мынада: жоғары инстанцияда бұл немесе басқа қылмыс бойынша айыптау
тоқтатылған жағдайларда немесе ескіру мерзімін, рақымшылық актісін қолдану
туралы сұрақтар туындаған реттерде, сотталған тұлға әр қылмыс үшін дербес
түрде қандай жазаның қолданылғандығы туралы біле алмайды. Әйтсе де, әр
қылмыс үшін дербес жазаны тағайындауды міндеттейтін республикалардың ҚК бұл
қағиданы әрдайым сақтай бермеді. Нақты іс бойынша бірінші инстанция сотымен
жіберілген кемшілікке байланысты, КСРО Жоғарғы сот пленумы 1946ж. 15
ақпандағы қаулысында, сот үкімін өзгертіп, заң талаптарының сақталмау
фактілерінің басқа да соттар тәжірибесінде кездесетіндіктерін ескеріп Сот
құрылымы туралы заңның 75 бабына сәйкес, өз қаулысына басшы маңыз берді
[18, 429 б.].
Басшы ережелердің 33 бабының, одақтас республикалардың ҚК сәйкес
баптарының мағынасынан, сондай – ақ 1929ж. 4 наурыздағы Жоғарғы сот
пленумының тікелей нұсқауынан, қатаң жаза белгілейтін бап бойынша
түпкілікті жазаны тағайындағанда, соттың санкция шеңберінен шыға
алатындығы көрінеді [19, 538 б.].
КСРО Жоғарғы сот пленумының түсіндіруінде, жиынтық бойынша жазаны
анықтау барысында, соттың негізгі жазаға қоса жиынтыққа кіретін, қылмыс
сараланған, басқа баптармен қарастырылған, қосымша жазалардың кез келгенін
тағайындай алатындығы көрініс тапқан.
Не Басшы ережелерде, не Жоғарғы сот пленумының аталған қаулысында,
егер бір немесе бірнеше қылмыстар бойынша үкім шығарылған, кейін
қарастырылған істер бойынша үкім орындалғанға дейін кінәлінің бір немесе
бірнеше қылмыстарды жасағандығы мәлім болған жағдайларда қандай шараларды
қолдану қажеттілігі туралы нұсқаулар берілмеген. Бұндай жағдайлар одақтас
республикалардың қылмыстық істер жүргізу кодекстерінде де қарастырылған.
РСФСР ҚІЖК (есте тұтатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көптік қылмыстарды саралаудың теориялық мәселелері
Жекелеген қылмыстармен көптік қылмыстардың ара қатынасы
Көп қылмыстардың заңдылық сипаттамасы және мазмұны
Қылмысқа қатысушылықпен жасалған іс-әрекеттерді саралау
Қылмыстың қайталануымен күресудегі қылмыстық жазаның тиімділігі
Қылмыстың қайталануы жағдайындағы жауаптылық мәселесі
Қылмыстың көптігінің түрлері
Қылмыстың жиынтығы және қайталануы бойынша саралау
Қылмыстардың қайталануы қылмыс құрамының міндетті белгісі ретінде
Қылмыстардың көптігі және олардың түрлері жайлы
Пәндер