Жазаны жеңілдетудің тәсілдері



I. Кіріспе
ІІ. Жазаны жеңілдетудің тәсілдері
ІІІ. Белгiлi бiр қылмыс үшiн көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңiл жаза қолданудың тарихи . құқықтық және салыстырмалы құқықтық анализі
ІV. Белгiлi бiр қылмыс үшiн көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңiл жаза қолданудың маңызы

V. Қорытынды

VI. Қолданған әдебиеттер
Жазаны тағайындаудың жалпы бастауларына сәйкес, сот органдары кінәлі адамға әділетті шешім шығаруға міндетті. Бірақ та Қазақстан Республикасының 55 - бабына сәйкес, белгiлi бiр қылмыс үшiн көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңiл жаза қолдану әрекеттiң мақсаттары мен себептерiне, айыпкердiң рөлiне, оның қылмыс жасау кезiндегi немесе одан кейiнгi мiнез-құлқына байланысты ерекше мән-жайлар және әрекеттiң қоғамдық қауiптiлiгi дәрежесiн едәуiр азайтатын басқа да мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушы топ жасаған қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдескен кезде жаза осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында көзделген ең төменгi шектен төмен тағайындалуы мүмкiн, не сот жазаның осы бапта көзделгеннен неғұрлым жеңiл түрiн тағайындауы не мiндеттi жаза ретiнде көзделген қосымша жаза түрiн қолданбауы мүмкiн. Жазаны жеңiлдететiн жекелеген мән-жайлар да, сондай мән-жайлар жиынтығы да ерекше мән-жай деп танылуы мүмкiн. Сот органдары өзінің шешімін жеңілдетуі мүмкін, ауырлатуы да мүмкін.
Бұл әрекет адамның қылмыс жасалғаннан кейін мінез-құлқына байланысты жүзеге асырылады. Мысалы: Қылмыс жасағаны туралы, өз еркімен, құқық қорғау органдарына жуырда жеткізіп әкелуі, жасалған қылмыс нәтижесінде зардап шеккен адамға медициналық немесе басқа да көмек көрсету барысында, болмаса қылмыс жасап, содан соң өз еркімен келтірген шығындарын өтеп беру, қылмысты зерртеуге белсенді түрде қатысып көмек беру немесе ұрланған мүлікті табуға көмектесу болып табылады. Тағы да мысалдар қосуға болады: Қылмыскердің кәмелет жасқа толмауы, жүкті болуы, жасқа толмаған балаларының болуы, әлеуметтік жағдайына байланысты қылмыс жасауына белгілі жазадан гөрі жеңіл жаза қолданылады.
І. Дауылбеков Нұрлан Орынбасарұлы - Қылмыстық жаза тағайындау (диссертациялық жұмыс). Қолданған әдебиеттер:
Монографиялар:
1. Қылмыстық жаза тағайындау (теория және практика мәселелері). Монография.- Астана: Фолиант, 2002. - 446 бет.
2. Проблемы дифференциации и индивидуализации ответствености и наказания (в соавторстве). Монография. Караганда: издательство КарГУ, 2001. 216 бет
және т.б.

ІІ. Николаева Татьяна Викторовна - Назначение более мягкого наказания, чем предусмотрено за данное преступление. Қолданған әдебиеттер:
Хрестоматиялар, сөздіктер, аудармалар:
1. Н.Н.Коротких - «Рецидив как вид множественности преступлений в Российском уголовном праве» Владивосток, 2001. С. 110. Наталья Николаевна Коротких
кандидат юридических наук Город: Владивосток
Координаты:
Дальневосточный государственный университет. Юридический институт. Кафедра уголовного права
• старший преподаватель кафедры уголовного права
• Тел. : +7(4232)457-308 ; e-mail : ugpra@chair.dvgu.ru
13. оперативно: http://law.wl.dvgu.ru/kaf/crime/4.htm
2. Л.С.Тосаковой - «Назначение наказания при рецидиве преступлений по действующему уголовному законодательству»
3. Т.Г.Черновой - «Назначение наказания по совокупности приговоров по уголовному праву России»
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі

ІІІ. Дьяченко Роман Анатольевич - Условно-досрочное освобождение и замена неотбытой части наказания более мягким видом наказания. Кубанский Государственный Университет. - Москва - 1999 г. 187 бет.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе
ІІ. Жазаны жеңілдетудің тәсілдері
ІІІ. Белгiлi бiр қылмыс үшiн көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңiл жаза қолданудың тарихи - құқықтық және салыстырмалы құқықтық анализі
ІV. Белгiлi бiр қылмыс үшiн көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңiл жаза қолданудың маңызы

V. Қорытынды

VI. Қолданған әдебиеттер

Кіріспе

Жазаны тағайындаудың жалпы бастауларына сәйкес, сот органдары кінәлі адамға әділетті шешім шығаруға міндетті. Бірақ та Қазақстан Республикасының 55 - бабына сәйкес, белгiлi бiр қылмыс үшiн көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңiл жаза қолдану әрекеттiң мақсаттары мен себептерiне, айыпкердiң рөлiне, оның қылмыс жасау кезiндегi немесе одан кейiнгi мiнез-құлқына байланысты ерекше мән-жайлар және әрекеттiң қоғамдық қауiптiлiгi дәрежесiн едәуiр азайтатын басқа да мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушы топ жасаған қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдескен кезде жаза осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында көзделген ең төменгi шектен төмен тағайындалуы мүмкiн, не сот жазаның осы бапта көзделгеннен неғұрлым жеңiл түрiн тағайындауы не мiндеттi жаза ретiнде көзделген қосымша жаза түрiн қолданбауы мүмкiн. Жазаны жеңiлдететiн жекелеген мән-жайлар да, сондай мән-жайлар жиынтығы да ерекше мән-жай деп танылуы мүмкiн. Сот органдары өзінің шешімін жеңілдетуі мүмкін, ауырлатуы да мүмкін.
Бұл әрекет адамның қылмыс жасалғаннан кейін мінез-құлқына байланысты жүзеге асырылады. Мысалы: Қылмыс жасағаны туралы, өз еркімен, құқық қорғау органдарына жуырда жеткізіп әкелуі, жасалған қылмыс нәтижесінде зардап шеккен адамға медициналық немесе басқа да көмек көрсету барысында, болмаса қылмыс жасап, содан соң өз еркімен келтірген шығындарын өтеп беру, қылмысты зерртеуге белсенді түрде қатысып көмек беру немесе ұрланған мүлікті табуға көмектесу болып табылады. Тағы да мысалдар қосуға болады: Қылмыскердің кәмелет жасқа толмауы, жүкті болуы, жасқа толмаған балаларының болуы, әлеуметтік жағдайына байланысты қылмыс жасауына белгілі жазадан гөрі жеңіл жаза қолданылады.

1. Жазаны жеңілдетудің тәсілдері

Жазаны жеңілдетудің ҚР-ң ҚК-інде 3-тәсілі белгіленген:
1. ҚР ҚК-ң Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген ең төменгі шектен төмен жаза тағайындау;
2. ҚР ҚК-ң тиісті бабында көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындау;
3. Міндетті жаза ретінде көзделген қосымша жаза түрін қолданбау;
Бірдей жан-жақты қамтылған, демек мүмкін болатын барлық өмірлік жағдайларды барынша ескеруге мүмкіндік береді және сондықтан да қолдануға барынша тиімді.
Қылмыстық жазаны жеңілдету санкциялармен салыстырғанда гуманизм және қылмыстық қудалауды үнемдеу қағидаларына жауап береді, істің барлық мән-жайларын есепке ала отырып жауаптылықты жеке даралауға мүмкіндік жасайды. Осыған байланысты аталған институтты пайдалану мүмкіндігі туралы мәселені шешуге ықпал ететін, оны қолдану үшін негіз болып табылатын мән-жайларды нақтылы анықтап алудың маңызы ерекше. Заң мұндай негіз ретінде ерекше мән-жайлардың болуын атайды(1).
___________________________________ _________________
(1) Қараңыз:
Ерекше мән-жайлар - Дауылбеков Нұрлан Орынбасарұлы "Қылмыстық жаза тағайындау" (ақ түсті кітап) Алматы - 2003, заң ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертация.

Сөз болып отырған институтты соттардың жиі қолдануы қылмыстық-құқықтық саясаттың өзгергенін білдіреді, соған сәйкес заң шығарушыдан қылмыстық-құқықтық санкциялардың ең төменгі шегін қайта қарауды талап етеді. Соңғы жылдарғы сот статистикасы азаматтардың белгілі бір тобына, атап айтқанда кәмелетке толмағандарға, әйелдерге, оның ішінде балалары бар әйелдерге, әскерилерге, зейнет жасындағы адамдарға, мүгедектерге, өмір сүру құралдарынан айырылған адамдарға және т.б., сондай-ақ қылмыстық қол сүғушылықтан бірқатар объектісі бойынша жаза тағайындаған кезде барынша кешірімді, адамшылық тұрғысынан келетіндігін көрсетеді. Заңның бірқатар баптарының санкциялары келетіндігін көрсетеді. Заңның бірқатар баптарының санкциялары экономикалық және саяси себеп-салдарларға орай өзгертуді талап етеді. Осыған байланысты диссертант Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына жаза тағайындаудың соттық тәжірибесіне жиі назар аударып, оның бір мәселесі ретінде ҚР ҚК 55-бабын қолданудың негізі мен жиілігін қайта қарау қажет деп біледі. ҚР ҚК 55-бабын төмендегідей редакцияда түзетуді ұсынады:
1. Осы кодекстің Ерекше бөлімі баптарының санкциясында көзделген жазаларды қолдануды қажет етпейтін ерекше мән-жайлар болған жағдайда, сот:
1) Осы бапта көзделген ең төменгі шектен төмен жаза тағайындауға;
2) Жазаның осы бапта көзделгеннен неғұрлым жеңіл түрін тағайындауға;
3) Не міндетті жаза ретінде көзделген қосымша жаза түрін қолданбауға құқылы.

2. Жазаны жеңілдететін жекелеген мән-жайлар да, сондай мән-жайлар жиынтығы да ерекше мән-жайлар деп қылмыстың және адамның жеке басының қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі заң бабының санкциясы шегінде жаза тағайындау шамадан тыс қатал және сот төрелігі міндеттеріне жауап бермейтін болып табылатындай болып өзгеруін білдіретін мән-жайлар танылады.

3. ҚР ҚК 55-бабын қолдана отырып сот анықтаған жаза мөлшері кез келген жағдайда осы жаза түрі үшін заңда белгіленген ең төменгі шектен төмен болмауы тиіс.
Аяқталмаған қылмыс, сөзсіз, аяқталған қылмыстық іс-әрекеттен мүлде бөлек, соған сай, қылмыстық жауаптылықтың шараларын қолдану туралы мәселені шешу кезінде заң шығарушы және сот тарапынан басқаша тұрғыдан қарауды талап етеді. Дегенмен заң шығарушының аталған институтқа қатысты көзқарасы барлық уақытта бірдей болған емес. "Аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау" бөлімшесінде осы тақырыпқа орай өріс алған пікір қайшылықтары, заңдық даму үрдісі кеңінен көрініс тапқан.
Аяқталмаған қылмыстық әрекет аяқталған әрекеттен екі өзіндік ерекшелігімен бөлектенеді:
біріншіден, басталған істің айыпкерге қатысты емес себептермен аяқталмай қалуы және
екіншіден, қол сұғушының қылмыстық-құқықтық норманың диспозициясында белгіленген нәтижеге қол жеткізуге ұмтылуы.
Қылмыстық әрекеттің қоғамдық қауіптілігі одан келетін зиянмен сипатталады. Зияндар келтірілген немесе болашақта келтірілуі мүмкін зардап барынша болымсыз, сондықтан да аяқталмаған құқыққа қайшы мінез-құлқы аяқталған істен пиғыл-ниеттің жүзеге асуы дәрежесіне қатысты болып келеді.
Ережелерден тыс екiншi жағдай, белгiлi бiр қылмыс үшiн көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға мүмкiндiк беретiн, ҚК-тің 55-бабымен көзделген ерекше жағдайлардың анықталуымен байланысты ҚК-тің 55-бабы сотқа ҚК-тің Ерекше бөлiмi санкцияларының ең төмен шегiнен шығу құқығын бередi. Осындай ереженi белгiлей отырып, заң шығарушы сотқа жасалған қылмыс үшiн баптың санкциясымен көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңiл жаза тағайындау немесе қосымша жаза қолданбау құқығын бередi. Бұл жерде мiндеттi шарт - сот ҚК-тің 55-бабын қолдануды жақтайтын сенiмдi уәж келтiруге тиiс.
ҚК-тің 59-бабының бiрiншi және екiншi бөлiктерi, жасалған әрекетте қылмыстың қайталануы мен оның түрлерінің болуына байланысты жаза тағайындауды сараландыруды көзде тұтады, ал осы баптың үшiншi бөлiгi қылмыс қайталануының түрлерi үшiн жаза тағайындаудың айрықша ережелерiн көздейдi. Сонымен бiрге, ҚК-тiң 59-бабы, мән-жайдың ерекшелiктерi бар кезде соттың ҚК-тің 55-бабы ережелерiн қолдануына кедергi жасамайды.
Осылайша, ҚК-тің 59-бабына сай, қылмыстың қайталануы жағдайында неғұрлым қатаң жаза тағайындау жеке тұлғаның сот арқылы қорғалуына құқығын жоққа шығармайды. Бұл жоғарыда аталғанның бәрi де ҚК-тiң 59-бабы нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына қайшы келмейтiнiн, соттың нақты қылмыс үшiн нақты сотталушыға жаза тағайындау туралы шешiмiн күнi бұрын белгiлеп қоймайтынын және соттың жаза тағайындау кезiнде жазаны дараландырудың жалпы негiздерi мен принциптерiн ескеруiне кедергi жасамайтынын атап көрсетедi, өйткенi ҚК-тің 59-бабының өзi Қылмыстық кодекстiң Жалпы бөлiмiнің "Жаза тағайындау" деп аталатын IV-бөлiмiне кiредi.

2. Белгiлi бiр қылмыс үшiн көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңiл жаза қолданудың тарихи - құқықтық және салыстырмалы құқықтық анализі

Құқықтың тарихын зерттеу бізге тікелей заңның нормалары мен институттарына толық және объективті баға беруге мүмкіндік береді(1).
_______________________________
Қараңыздар:
(1) Николаева Татьяна Викторовна ( Докторлық жұмысдиссертация) "Назначение более мягкого наказания, чем предусмотрено за данное преступление (Вопросы теории и практики)" Уфа, 2005, 190 бет

Біздің елімізде ХХ ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап болып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгеріс-жаңғырулар қоғамның құқықтық саласындағы өзгерістерге де еріксіз алып келді, Ел ішінде жүргізіліп жатқан кешенді реформалар жаңа базасыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Соңғы он жыл ішінде кез келген құқықтық мемлекеттің алғашқы тұғыры, берік іргетасы болып табылатын бірқатар заңдар: Конституция, Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-атқару кодексі және т.б. қабылданды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының негізінде жаңа конституциялық құқық түзілді. Оған сәйкес біздің мемлекетіміз үшін неғұрлым қолайлы президенттік басқару нысаны берік орнықты. Мемлекеттік біртұтас биліктің үш тармаққа бөлінуі жүзеге асырылды. Тұрақты жұмыс істейтін қос палаталы Парламент күннен күнге жемісті жұмыс істеуде. Атқарушы билікті нығайту және жетілдіру жөнінде шаралар қолданылды. Біртұтас сот жүйесі құрылды, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданды.
Жеке меншік, азаматтық қоғам, еркін кәсіпкерлік қатынастарын реттейтін азаматтық құқық одан әрі дами түсті. Қылмыстық құқықта адамның табиғи, ажырамас құқықтары мен бостандықтарының басымдығына негізделген, қорғалуға тиіс әлеуметтік құндылықтардың түбегейлі жаңа сатысы айқындалды.
Қазақстан Республикасының 1997 жылы Қылмыстық кодексі қылмыстылықпен күрес бойынша жаңа нормативтік базаның қалыптасуында маңызды бір белес болды. Ол бұрынғы кеңестік кезеңдегі кодекстерден барынша ерекшеленеді, ең бастысы идеологиялық қасаңдықтардан және қылмыстылық пен жаза проблемаларын шешу барысындағы таптық көзқарас, бір жақты ұстанымдардан бостан болды.
Жаза тағайындау институты бұрында қоданыста болып келген ҚР 1960 жылғы ҚК-мен салыстырғанда мейлінше көп өзгерістерге ұшырады. Атап айтқанда, жаза тағайындаудың барлық мәселелеріне арналған баптардың редакциясының көпшілігі дерлік мүлде жаңаша түзілді.
Қоғам өмірінің үрдіс дамуы, замана көшінің адымдап алға озуы соған сәйкес әлеуметтік, саяси ахуалдың жаңаша жағдайға жылдам бейімделіп, осы салаларға қатысты заңнамалардың, нормативтік-құқықтық актілердің де дер кезінде өзгертіліп отыруын міндеттейді. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін заңдарды жетілдіру талап еліледі.
Қылмыстық заң өзгергеннен бері Қазақстанда жаза тағайындау институты түпкілікті, қажетті деңгейде - теориялық ілімдер талап ететіндей, түрлі институттар тұрғысынан, кешенді және жүйелі зерттеу жүргізілген жоқ. Қазақстан Республикасының, алыс-жақын шет мемлекеттердің қолданыстағы қылмыстық заңнамаларын салыстырмалы түрде талдау және қылмыстық-құқықтық нормаларды ретроспективалық зерртеу негізінде жаза тағайындау туралы бірыңғай ілім дайындап шығарудың қажеттігі дайындап шығарылды.
Жаза тағайындаудың жалпы қағидалары жинақталып, жан-жақты талданды, жаңа қағидалар тұжырымдалып, алға тартылды.
Қылмыстық құқық қағидаларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазаны жеңілдететін мән - жайлар
Қылмыстың жиынтығы және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау
Қылмыстардың қайталану жағдайында жаза тағайындау
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
Сүт және сүт қышқылды өнімдердің афлатоксиндермен ластануы
Қоғамға қауіптілік - қылмыстың объективтік белгісі
Қылмыстық жауаптылық және жазаны жеңілдететін мән-жайлар
Қылмыстық жауаптылықты және жазаны жеңілдететін мән - жайлар
ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖӘНЕ АУЫРЛАТАТЫН МӘН - ЖАЙЛАР
Бас бостандығынан айыру
Пәндер