«Техногаз» АҚ



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3
1 БӨЛІМ. «ТЕХНОГАЗ» АҚ.НЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

5
1.1 Кәсіпорынның құрылу тарихы және қызметінің негізі түрлері ... ... ... 5

1.2 Кәсіпорынның құрамы мен орталық аппаратының құрылымы ... ... ...
8

1.3 Кәсіпорынның тарифтік саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.4 Кәсіпорынның персоналды басқару жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15

17



2 БӨЛІМ. «ТЕХНОГАЗ» АҚ.НЫҢ ӨНДІРІСТІК.ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

25
2.1 «Техногаз» АҚ қызметінің қаржылық.экономикалық анализі ... ... ...
25
2.2 Кәсіпорынның магистральды газ құбырлары жүйесіне баға беру ... ... .
31
2.3 Кәсіпорынның ақпараттық қауіпсіздік жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.4 «Техногаз» АҚ әлеуметтiк саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 35

40

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

46
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына жолдауында Елбасы мықты бизнес болған жағдайда ғана мықты мемлекет болуы мүмкін екендігін айтты. Нұрсұлтан Әбішұлы отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға шақырды, ол заманауи және тиімді технологияларға негізделуі тиіс. Бүгінгі күні республикадағы көптеген кәсіпорындар мен компаниялар осы қағидатты басшылыққа алып жұмыс істеуде. Өз қызметін олар еліміздің экономикалық та әлеуметтік те үлгісінің дамуына үлкен күш береді. Осындай кәсіпорындардың бірі отандық аса ірі газ құбыры компаниясы – «Техногаз» АҚ.
Бүгінгі күні «Техногаз» АҚ компаниясы экспортқа және республиканың ішкі нарығына Қазақстанда өндірілетін барлық газды 57%-ын тасымалдайды. 2011 жылы компания өзінің магистральды газ құбыры жүйелерімен 52,5 млн. тоннадан артық көмірсутек шикізатын тасымалдады. Газды жүк айналымы 2011 жылы 34 млрд. 223 млн. тонна км деңгейге жетті, бұл алдыңғы жылдың осындай көрсеткішінен 710 миллион км артық.
Өндірістік көрсеткіштердің өсуі нәтижесінде компания 2011 жылға жоспарланған инвестициялық бағдарламаны іс жүзінде толық орындай алды және өз табыстарын 13%-ға арттырды.
«Техногаз» АҚ негізгі қызметі құбырмен «қара алтын» тасымалдаумен бірге Астрахань-Маңғышлақ су құбыры бойынша Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына су жеткізуді де жүзеге асырады. Су құбырларын суық күндерге дайындау үшін компания қажырлы жұмыстар жүргізeді. Атап айтсақ, құбыр қақпақтары бітелді, тастанды ысырмалар мен құдықтар тексеріліп, тазаланды, суды тазартуға арналған қажетті химиялық реагенттер қоры дайындалды. Жасалған жұмыстар Батыс аймағының барлық тұтынушыларын кез келген ауа райында сапалы тұщы сумен іркіліссіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл компанияның әлеуметтік жауапкершілігін жете сезініп, сөзбен емес іспен дәлелдеуінің кезекті көрінісі екені анық.
Жыл сайын «Техногаз» АҚ өзінің техникалық қарулануын кеңейтіп жаңа деңгейге шығаруда. Бұл магистралды газ құбырларының жылдың барлық маусымында сенімді жұмыс істеуін және жоспарланбаған шығындарға жол бермеу мақсатын көздеуде. Ал Қазақстан бойынша тартылған «қара алтын» тасымалдауға арналған магистралды құбырлар жүйесін қысқа дайындау өнімді өндірістік көрсеткіштердің кепілі болып қала бермек.
Газ өндірумен қатар газ көлігі жүйесінің тиімді жұмысы әлемдік энергетика нарығының елеулі факторы екендігін назарға алсақ, «Техногаз» АҚ-ның табысы мен жетістікері тұтас алғанда Қазақстан экономикасының бәсекелестік қабілетінің артуына да тікелей әсер етеді. Кәсіпорынның технологиялық дамуы жөніндегі айқын жоспарларын басшылыққа алып, компания жұмыстың заманауи әдістемелерін және күрделі техникалық үрдістерді басқаруды тұрақты түрде енгізіп отырады.
1. Положение АО «Техногаз» от
2. Устав АО «Техногаз» от 17 марта, 2009 года.
3. Учетная политика группы компаний АО «Техногаз» от от «12» февраля 2010 г. № 1/2010 г.
4. «Техногаз» АҚ-тың 2011 – 2015 жылдарғы кадр саясаты, астана 2011 ж.
5. «Техногаз» АҚ топтық басқару кодексi, Астана 2011 ж.
6. «Техногаз» АҚ-ның тариф саясаты;
7. «Техногаз» АҚ әлеуметтiк саясаты, Астана 2010 ж.
8. Консолидированная финансовая отчетность по МСФО
АО «Техногаз» за 2008-2012 гг.
9. «Kazenergy» информационно-аналитический журнал, № 3-4 (39-40) 2011 год;
10. «Kazenergy» информационно-аналитический журнал, № 5-6 (60-67) 2011 год;
11. PETROLEUM. Аналитический журнал. Интернет источник: http://www.petroleumjournal.kz//index.php?outlang=17.
12. EXCLUSIVE обзорно аналитический журнал. Интернет источник: http://exclusive.kz/
13. «Техногаз» АҚ компаниясының интернет сайты: www.kaztransoil.kz

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1 БӨЛІМ. ТЕХНОГАЗ АҚ-НЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Кәсіпорынның құрылу тарихы және қызметінің негізі түрлері ... ... ... 5

1.2 Кәсіпорынның құрамы мен орталық аппаратының құрылымы ... ... ... 8

1.3 Кәсіпорынның тарифтік саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15

1.4 Кәсіпорынның персоналды басқару жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17


2 БӨЛІМ. ТЕХНОГАЗ АҚ-НЫҢ ӨНДІРІСТІК-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
... ... ... ... ... ...
2.1 Техногаз АҚ қызметінің қаржылық-экономикалық анализі ... ... ... 25
2.2 Кәсіпорынның магистральды газ құбырлары жүйесіне баға беру ... ... . 31
2.3 Кәсіпорынның ақпараттық қауіпсіздік жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... . 35

2.4 Техногаз АҚ әлеуметтiк саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 40

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46

КІРІСПЕ

Болашақтың іргесін бірге қалаймыз! атты Қазақстан халқына жолдауында
Елбасы мықты бизнес болған жағдайда ғана мықты мемлекет болуы мүмкін
екендігін айтты. Нұрсұлтан Әбішұлы отандық экономиканың бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға шақырды, ол заманауи және тиімді технологияларға
негізделуі тиіс. Бүгінгі күні республикадағы көптеген кәсіпорындар мен
компаниялар осы қағидатты басшылыққа алып жұмыс істеуде. Өз қызметін олар
еліміздің экономикалық та әлеуметтік те үлгісінің дамуына үлкен күш береді.
Осындай кәсіпорындардың бірі отандық аса ірі газ құбыры компаниясы –
Техногаз АҚ.
Бүгінгі күні Техногаз АҚ компаниясы экспортқа және республиканың ішкі
нарығына Қазақстанда өндірілетін барлық газды 57%-ын тасымалдайды. 2011
жылы компания өзінің магистральды газ құбыры жүйелерімен 52,5 млн. тоннадан
артық көмірсутек шикізатын тасымалдады. Газды жүк айналымы 2011 жылы 34
млрд. 223 млн. тонна км деңгейге жетті, бұл алдыңғы жылдың осындай
көрсеткішінен 710 миллион км артық.
Өндірістік көрсеткіштердің өсуі нәтижесінде компания 2011 жылға
жоспарланған инвестициялық бағдарламаны іс жүзінде толық орындай алды және
өз табыстарын 13%-ға арттырды.
Техногаз АҚ негізгі қызметі құбырмен қара алтын тасымалдаумен бірге
Астрахань-Маңғышлақ су құбыры бойынша Атырау және Маңғыстау облыстарының
тұтынушыларына су жеткізуді де жүзеге асырады. Су құбырларын суық күндерге
дайындау үшін компания қажырлы жұмыстар жүргізeді. Атап айтсақ, құбыр
қақпақтары бітелді, тастанды ысырмалар мен құдықтар тексеріліп, тазаланды,
суды тазартуға арналған қажетті химиялық реагенттер қоры дайындалды.
Жасалған жұмыстар Батыс аймағының барлық тұтынушыларын кез келген ауа
райында сапалы тұщы сумен іркіліссіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл
компанияның әлеуметтік жауапкершілігін жете сезініп, сөзбен емес іспен
дәлелдеуінің кезекті көрінісі екені анық.
Жыл сайын Техногаз АҚ өзінің техникалық қарулануын кеңейтіп жаңа
деңгейге шығаруда. Бұл магистралды газ құбырларының жылдың барлық
маусымында сенімді жұмыс істеуін және жоспарланбаған шығындарға жол бермеу
мақсатын көздеуде. Ал Қазақстан бойынша тартылған қара алтын тасымалдауға
арналған магистралды құбырлар жүйесін қысқа дайындау өнімді өндірістік
көрсеткіштердің кепілі болып қала бермек.
Газ өндірумен қатар газ көлігі жүйесінің тиімді жұмысы әлемдік
энергетика нарығының елеулі факторы екендігін назарға алсақ, Техногаз АҚ-
ның табысы мен жетістікері тұтас алғанда Қазақстан экономикасының
бәсекелестік қабілетінің артуына да тікелей әсер етеді. Кәсіпорынның
технологиялық дамуы жөніндегі айқын жоспарларын басшылыққа алып, компания
жұмыстың заманауи әдістемелерін және күрделі техникалық үрдістерді
басқаруды тұрақты түрде енгізіп отырады. Жоспарлау және инвестициялау
мәселелеріндегі жоғары қаржылық тәртіп арқасында Техногаз АҚ 2011 жылы
өзінің күрделі қаржы жұмсалымы бағдарламасын орындады. Сондай-ақ компания
қызметінің көрнекі мысалы ретінде алдыңғы жылмен салыстырғанда
республиканың ішкі нарығына газ тасымалдау көлемінің артқандығын атап өтуге
болады.
Компанияның әлеуметтік саладағы жұмысын да назардан тыс қалдыруға
болмайды. Техногаз АҚ былтырғы жылы өзіне қабылдаған барлық әлеуметтік
міндеттемелерді орындады. Компанияның халықтың әлеуметтік қорғалмаған
қатарын қолдау бағдарламасы республиканың көптеген ірі кәсіпорындары үшін
қызмет үлгісі бола алады. Бүгінгі күні Техногаз АҚ басшылығы компанияның
экономикалық та, әлеуметтік те саладағы жетістіктері туралы айта отырып,
олар өз еліміздің жеңістерімен және жасампаздықтарымен тығыз байланысты
екендігін көрсетеді.

1 БӨЛІМ. ТЕХНОГАЗ АҚ-НЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ

1.1 Кәсіпорынның құрылу тарихы және қызметінің негізі түрлері

Техногаз жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласында 2005 жылдың 22-желтоқсанында тіркелген, оның мәртебесі
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы №82427-1910-ЖШС
куәлікпен рәсімделген. Техногаз жауапкершілігі шектеулі серікестігінің
орналасқан жері Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Рысқұлов көшесі, 99 үй.
Ұйымның қызмет ету мерзімі шектеусіз. Ұйымның мақсаты негізгі қызметтен
барынша табыс табу және оны ЖШС-нің құрылтайшыларының қызығушылығына қарай
қолдану.
Ұйым жарғысына сәйкес негізгі қызметтерге келесілер жатады:
• Газды сатып алу және газбен халықты қамтамасыз ету;
• Газ жабдықтарын тексеру және орнату;
• Көтерме және бөлшек сауда, сауда-саттық, делдалдық қызмет, тұрғындарға
ақылы қызмет керсету;
• өндіру және өндеу өнеркәсібіне арналған құрал жабдықтарды сатып алу,
сату, өндіру, жөндеу және күту;
• азаматтық және өндірістік ғимараттарды жөндеу және салу;
• құрылыс және жөндеу-құрылыс, жобалық және жобалық-құрылыс, құрылыс-
жинактау, жинақтау және іске қосу-жөндеу жұмыстары, жалпы құрылыс,
сәулет және шеберлік қызметі, сантехникалқ және электротехникалық
жұмыстар;
• өнімдерді өндіру және өнім алу үшін жаңа технологияны және
инвестицияларды енгізу;
• консалтинггік, ғылыми-зерттеулік тәжірбиелі конструкторлық жұмыстарды,
өнеркәсіптік және өндірістік әр-түрлі салаларында маркетингті жүргізу;
• Маркетинггік, инжирингтік, лизингтік, консалтингтік, басқа да қызмет
түрлері, соның ішінде ғылыми-техникалық сипаттағы;
• құрылыс материалдарын өндіру, сату және алу;
• Бірігіп қызмет атқару үшін жеке және заңды түлғалардың тарапынан
инвестицияларды тарту;
• Басқа заңды түлғалардың активтері, сенімді басқару жөніндегі қызметті
атқару
• авто келікке жанар май құю станцияларын ашу;
• жарнамалық-ақпараттық, баспа қызметі;
• сауда-саттық операцияларын және делдалдық қызметін жүргізу үшін ауыл-
шаруашылық өнімдерімен қалдықтарын дайындау.мал, құс балық аулау өндіру
және өңдеу;
• Жалпы коммерциялық қызмет;
• Тұрындарға қызмет көрсету;
• Сыртқы экономикалық қызмет; шетел фирмаларымен тікелей қатынас
орнату;
• Инвестициялау, инвестицияны алу және оны құрылтайшылардың
келісімімен тиімді бөлу;
• ҚР-ның заңдарына қайшы келмейтін басқа да қызмет түрлері.
Қаржылық есеп беру−бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық
қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер
жүйесі. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан
Республикасының 2008 жылғы 28 ақпандағы №234 Заңының 4-бабында
Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсаты мүдделi тұлғаларды
дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi
және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен
қамтамасыз ету болып табылады делінген. Яғни, ұйымның қаржылық есеп беруі
есеп үрдісінің соңғы сатысы болып табылады. Қаржылық есептілік экономикалық
шешім қабылдауда кең ауқымды тұтынушылар үшін маңызды болып табылатын
ұйымның қаржылық жағдайы, қызмет нәтижесі және ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы ақпараттың құрылымданған сипатын береді. Сонымен қатар,
қаржылық есептілік басшылықтың ұйымның ресурстарымен басқару қызметінің
нәтижесін көрсетеді. Көрсетілген ақпараттармен қатар, аталған мәліметтер
қаржылық есеептілікті тұтынушыларға ұйымның ақша қаражаттарының қозғалысын
болжауға, ақша ағымдарының туындау мерзімін және анықталғандық деңгейін
анықтауға көмектеседі.
Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан
Республикасының 2008 жылғы 28 ақпандағы №234 Заңының 5-бабында
Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң  қағидалары мен негiзгi
сапалық сипаттамалары: есептеу мен үздiксiздiк бухгалтерлiк есептi
жүргiзудiң және қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерi болып табылады;
түсiнiктiлiк, орындылық, сенiмдiлiк және салыстырмалылық қаржылық
есептiлiктiң негiзгi сапалық сипаттамалары болып табылады делінген. Яғни,
қаржылық есептілік қызметтің үзіксіздік принципі негізінде дайындалады,
егер басшылық ұйымды есептен шығарағысы немесе қызметін тоқтатқысы келмесе.
Қаржылық есептілікте ұйымның үздіксіздік принципіне сүйенбеу мүмкіндігі
туралы кез-келген маңызды күмән ашылады. Егер ұйым үздіксіздік принципін
сақтамаса, онда қаржылық есетілікте үздіксіздік принципіне сәйкессіздік
себебі және қаржылық есептлікті құруға негіз болған принцип ашылып
көрсетіледі. Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды
қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын не кемшілігін
анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті, несиелік және өзге де қарыз
құралдарымен қамтамасыз етілгендігін анықтауға болады. Қаржылық есеп беру
кәсіпорынның несие қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша толықтай
және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді.
Баланстың өтімділігін ұйым өз активтерімен міндеттемелерді жабу дәрежесімен
анықталады. Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру
көрсеткіштерінің рөлі басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорының нарықтағы
жағдайын анықтау кезінде өте маңызды болмақ.
Техногаз ЖШС-нің бухгалтериясы қаржылық есептілікті дайындау барысында
ұйымның кем дегенде есепті кезеңнен кейінгі алдағы он екі айда өз қызметін
жалғастыру мүмкіндігін бағалауы қажет. Техногаз ЖШС-нің бухгалтериясы
операциялар мен жағдайлар олар келіп түскенде немесе төлемі төленгенде
емес, олар туындаған кезде танылады деген есептеу принципіне сәйкес ақша
қаражаттары туралы есептілікті ескермей қаржылық есептілікті құрастырады.
Шығыстар пайда және зиян туралы есептілікте қатыстылық принципі негізінде
танылады, яғни нақты баптар бойынша келіп түскен табыстар мен шеккен
шығындар арасындағы байланыс негізінде.
Техногаз ЖШС-і қаржылық есептілікті беру форматын мынадай жағдайда
өзгертеді, егер жаңа формат тұтынушыларды сенімді әрі орнықты ақпартпен
қамтамасыз етсе, ал есептік мәліметтердің сәйкестігін бұзбас үшін
өзгертілген құрылымды сақтап қоюды қарастырады. Егер қаржылық есептілікті
көрсетуде өзгерістер болса, онда ұйым салыстырмалы ақпараттың
классификациясын қайта жүргізеді.
Компания келешегі
Техногаз АҚ – тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті және қазіргі
заманға сай әртараптандырылған газ құбыры инфрақұрылымы бар, табысты газ
тасымалдау компаниясы.
Техногаз АҚ стратегиялық мақсаттары және даму міндеттері
1 Мақсат – Ағымдығы және болашақ пайданы сақтап көбейту
2 Мақсат – Шығындарды оңтайландыру
3 Мақсат – Капитал салымдарының (инвестициялардың) тиімділігін арттыру
4 Мақсат – Бар газ құбырларының жүйесін дамыту және жаңа экспорттық газ
құбырларын пайдалануға және олардың құрылысына қатысу.
5 Мақсат – Тиімділігі жоғары газ құбыры компаниясын құру
6 Мақсат – Еңбекті ұйымдастырудың қазіргі бар жүйесін және кадрлар әлеуетін
дамытуды жетілдіру
7 Мақсат – Қоршаған ортаны сақтауды және өндірістің экологиялық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Қызметтің негізгі түрлері
Бүгінгі таңда Техногаз АҚ магистральды газ құбырларының қуатты
тармақталған жүйесі бар, олармен газ тасымалдауды және су жеткізуді
қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының аса ірі газ тасымалдаушы
компаниясы болып табылады.
Сондай-ақ Қоғамның қызметінің негізгі түрлері – жылу энергиясын өндіру,
беру және тарату, электр энергиясын беру және тарату, Қазақстан
Республикасының тұтынушылары үшін таратушы құбырлармен табиғи газ
тасымалдау, өзге заңды тұлғаларға тиесілі магистральды құбырларды пайдалану
және оларға техникалық қызмет көрсету.

1.2 Кәсіпорынның құрамы мен орталық аппаратының құрылымы

Техногаз акционерлік қоғамы Батыс филиалының негізгі міндеттері:
- Батыс Қазақстан кеніштерінен газды Қаламқас – Қаражанбас – Ақтау,
Өзен – Атырау – Самара магистральды газ құбырлары арқылы Атырау
МӨЗ-ге және экспортқа тасымалдау;
- Атырау МАС темір жол қотару-құю құярлықтары және Ақтау МАС
қотару құярлығы арқылы газ жеткізу, Кеңқияқ – Атырау газ құбыры,
Кеңқияқ – Құмкөл газ құбыры және КҚК-Қ АҚ жүйесі арқылы газды
ауыстырып құю;
- Ақтау қаласы теңіз кемежайы арқылы танкерлерге құю;
- Атырау және Маңғыстау облыстарының, соның ішінде Құлсары, Жаңаөзен
қалаларының газ, өнеркәсіптік кәсіпорындары мен бюджеттік
ұйымдарының халқы үшін Еділ өзенінің Қиғаш саласынан техникалық және
ауыз су дайындау және жеткізу.
Техногаз акционерлік қоғамы Шығыс филиалының негізгі қызметі мен
міндеттері:
Шығыс филиалы Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне, елдің орталық
өңірінен шығысқа (ҚХР) тартылған жалпы ұзындығы 4298,6 км газ құбырларын
пайдаланады.
Техногаз АҚ Шығыс филиалы Омбы ҚТП-де қабылданатын Батыс Сібір
газын, Құмкөл, Ақшабұлақ, Торғай-Петролеум ҚТП-де, Атасу құю
эстакадасында қабылданатын Қазақстан газын және Кеңқияқ-Құмкөл ММҚ
бойынша Қазақстанның батыс аймақтарынан келетін газды қабылдау, тасымалдау,
сол секілді Ресей газын ТОН-2 ММҚ арқылы тасымалдау бойынша қызмет
көрсетеді.
Жүк жөнелтушілер газы Павлодар газ-химия зауыты АҚ-на, Шымкент газ
өңдеу зауытына (Петро Қазақстан Ойл Продактс ЖШС), Атасу – Алашанькоу
экспорттық газ құбырымен (Қазақстан – Қытай құбыры ЖШС) Қытайға
тасымалданады.
Сонымен қатар, Шағыр газ құю пунктінде және Атасу ТҚЭ жақын және
алыс шетелдерге темір жолмен тасымалдау үшін темір газ жол вагондарына
тиеледі.
Техногаз АҚ Ұжымдық пайдалану есептеу орталығы филиалының негізгі
міндеттері:
- технологиялық және басқару үдерістерін автоматтардыру,
телекоммуникация желілерін жаңғырту және ақпараттық технологияларды
дамыту.
Техногаз АҚ Ұжымдық пайдалану есептеу орталығы филиалының негізгі
қызметі:
• ақпараттық жүйелерді енгізу, жаңғырту және техникалық сүйемелдеу:
o электронды құжат айналымы жүйесі (ЭҚЖ);
o SAP R3 ERP-жүйелері;
o топтық кірігу тұғырнамасы (КТ);
o техникалық жай-күйді және жөндеуді бақылау мен басқару
• автоматтандырылған жүйелері (ТЖКжәнеЖБ менБАЖ);
o топтық геоақпараттық жүйе (ТГАЖ);
o топтық ақпараттық экологиялық жүйе (ТАЭЖ);
o Ақтау БМҚС экологиялық мониторингі (ЭМ);
o Басқа жүйелер;
• техникалақ қолдау көрсету және сенімді жұмысты қамтамасыз ету:
o технологиялық және кеңселік бағдарламалық жасақтау;
o серверлер мен жұмыс стансалары;
• көмекші жүйелер:
▪ іркіліссіз және кепілді электрмен жабдықтау;
▪ кіруді басқару және бақылау;
▪ бейне бақылау;
▪ белсенді өрт сөндіру және өрт сөндіру дабылы;
▪ дәлдікпен салқындату.
Техногаз АҚ Ғылыми-техникалық орталығының негізгі мақсаты:
• Жаңа технологиялар мен техникалық шешімдер әзірлеп, оларды одан әрі
Қазақстан магистральды газ құбырлары жүйесіне енгізуге бағытталған
ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және инжинирингтік жұмыстар
жүргізу
Техногаз АҚ Ғылыми-техникалық орталығының бүгінгі күнгі негізгі
қызметі:
• Қазақстан газын тасымалдау режимін оңтайландыру мақсатында оның
геологиялық сипаттамасын зерттеу;
• Қазақстан шикізат ресурстары негізінде әзірленген жаңа импорт
алмастырушы депрессанттарды және ингибаторларды енгізу;
• құбыр көлігі және экология саласындағы жоба-смета құжаттамасын және
нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу;
• инновациялық технологияны енгізу жолымен газ тасымалдау үдерістерін
жетілдіру.
1.2 Кәсіпорынның тарифтік саясаты

Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес Техногаз АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Техногаз
АҚ мына қызметтер түрі бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы
№30-НҚ бұйрығымен бекітілген табиғи монополия субъектілері мемлекеттік
тізіліміні187; республикалық бөліміне кіргізілген:
• газды магистральды құбырлармен тасымалдау;
• су шаруашылығы жүйелерінің қызметтері;
• газды бөлу құбырларымен тасымалдау;
• жылу энергиясын өндіру;
• электр және (немесе) жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу.
Қоғам барлығы 68 реттелетін қызмет көрсетеді.
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісінің реттелетін
қызметтеріне арналған тарифтер реттелетін қызметтер көрсету үшін қажетті
шығындар құнынан төмен болмауға және субъектінің тиімді қызметін қамтамасыз
ететін пайда алу мүмкіндігі ескерілуге тиіс. Реттелетін қызметтерге
тарифтерді уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) бекітеді.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген Магистральды құбырлармен газ тасымалдау
жөніндегі қызметтерге арналған тарифтерді есептеу әдістемесі Агенттіктің
2008 жылғы 27 шілдедегі №202-НҚ бұйрығымен бекітілген. Осы Әдімтемеге
сәйкес учаскелер бойынша газ айдауға арналған тарифтер меншік тариф, яғни 1
тонна газды 1000 км-ге айдауға арналған тариф негізінде есептеледі.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жүктемені жетілдіру мақсатында
тариф деңгейін есептеу кезінде экспорттық бағыттар мен транзиттік газды
тасымалдау есебінен ішкі нарық бағыттарын субсидиялауға жол беріледі.
Сонымен бірге Агенттіктің 2005 жылғы 5 шілдедегі №304-НҚ бұйрығымен
Магистралдық труба құбырлары арқылы газ тасымалдау бойынша қызметтер
көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің
реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілді.
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап Техногаз АҚ магистральды құбырлары
жүйесімен газ тасымалдау жөніндегі мына қызметтерге жаңа тарифтер
енгізілді:
• магистральды құбырлар жүйесімен экспортқа газ айдау жөніндегі
қызметтерге 1000 км-ге 1 тонна үшін ҚҚС есебінсіз 3331 теңге
деңгейінде бекітілді. Бұл ретте магистральды құбырлар жүйесімен ішкі
нарыққа газ айдау жөніндегі қызметтерге арналған тариф 1000 км-ге 1
тонна үшін ҚҚС есебінсіз 1303 теңге бұрынғы деңгейінде сақталып қалды;
• газды сұйыққоймаларда сақтау жөніндегі қызметтерге арналған тариф 1
тонна газды сақтау үшін айына ҚҚС есебінсіз 223,42 теңге мөлшерінде;
• газды Мақат МАС-та Кеңқияқ – Атырау газ құбырына ауыстырып құю
жөніндегі қызметтерге арналған тариф 1 тонна үшін ҚҚС есебінсіз 425
теңге мөлшерінде.
Бұдан басқа Атырау МАС-та газды темір жол шандарына құю жөніндегі
қызметтерге арналған, 1 тонна үшін ҚҚС есебінсіз 304,18 теңге мөлшерінде
белгіленген тәртіпте бекітілген тариф 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап
қолданысқа енгізілетін болды.
Кеңқияқ ЖӨДС-та газды ауыстырып құю жөніндегі қызметтерге арналған, 1
тонна үшін ҚҚС есебінсіз 20,24 теңге мөлшерінде оңайлатылған тәртіпте
бекітілген жаңа тариф 2010 жылғы 17 қарашадан бастап қолданысқа
енгізілді[1].

1.3 Кәсіпорынның персоналды басқару жүйесі

Техногаз АҚ (бұдан әрі - Қоғам) тәуекелдерін басқару жүйесінің
мақсаттары:
• Қоғамның стратегиялық және оперативтік тұрақтылығын қамтамасыз ету;
• Қолайсыз жағдайлар туындаған кезде Қоғамның шығынын азайту.
Қоғамда 2012 жылғы наурызда бекітілген Техногаз АҚ тәуекелдерді
басқару саясаты қабылданды, ол тәуекелдерді басқару мақсаттарын, негізгі
қағидаттарын белгілейді және тәуекелдерді басқару жүйесінің құрылымын әрі
тәуекелдерді басқару үдерісі қатысушыларының қызметтерін айқындайды.
Қоғам Басқармасының консультациялық-кеңесші органы болатын және Қоғам
мен оның еншілес және бірлескен-бақылаудағы ұйымдарының тәуекелдерді
басқару мәселелерін алдын ала қарайтын және Қоғам Басқармасының қажетті
шешім қабылдауы үшін ұсыныстар дайындауды жүзеге асыратын тәуекелдер
Комитеті құрылды.
Қазақстандық газды сыртқы нарыққа тасымалдау мәселесін қозғайтын
болсақ, экспорттық саясатында біздің Техногаз АҚ көпвекторлық принципті
ұстанады. Осы орайда, Қазақстан үшін сату нарығының неғұрлым тиімді
жақтарын қамту мүмкіндігін туғызатын ауқымды жобалар туралы тақырып жиі
көтеріліп отырады. Егер қолданыстағы бағыттарға қарайтын болсақ, негізгі
жобалар РФ-нан және ҚХР-нан серіктестермен жүзеге асырылады. Географиялық
жағынан орналасуына және өзара мүдделілікке байланысты, бұл басым бағыттар
деп атауға болады.
Сонымен қатар, компания жаңа бағыттар іздеу мүмкіндігін қарастырады
және компания жүзеге асырылып жатқан жобаларды дамытуға барлық назарын
аударады. Каспийдегі ең ірі жобаларды игеру процессі жақындап келе жатыр.
Аталмыш көрініске еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым ерекше
назар аударады. 2010 жылы Техногаз АҚ-ның Қытай
серіктестерімен тепе-теңдік бастамаларымен құрылған Қазақстан-Қытай
құбыры ЖШС Кенқияқ-Құмкөл газ құбырының құрылысы және қолданысқа беру –
ірі инвестициялық жобасын жүзеге асырды. Осы жағдай бүкіл ел үшін маңызды
оқиғаға айналды, себебі, Қазақстан-Қытай экспорттық газ құбыры құрылысы
екінші кезеңінің бірінші кезегі мезгілінен бұрын тапсырылды. 2014 жылдан
бастап Қазақстан-Қытай газ
құбырының өткізу қабілеттілігін жылына 20 млн. тоннаға жеткізу жоспарланып
отыр.
Техногаз АҚ 2010 жылы ТЭН өндіруді қамтамасыз еткен басқа ірі
инвестициялық жоба Ескене-Құрық газ құбырының құрылысы болып табылады.
Бүгінгі күні оны жүзеге асыру жөніндегі өкілеттік КМГ-Транскаспий ЖШС
басқаруында. Өз жағынан Техногаз газ тасымалдаушы активтерді жобалау және
құрудағы құнсыз әлеуетке және тәжірибеге ие бола отырып, аталмыш жобаны
дамытуда тікелей қатысуға дайын.
Қазақстандық газды Әзірбайжан территориясы арқылы тасымалдау да
айтарлықтай перспективті болып көрінеді. Аталмыш бағыт, мен атап кеткендей,
алдағы Каспийдегі жұмыс шеңберінде өте тиімді. 2009 жылы Техногаз Батумдық
газ терминалын (БМТ) сатып алу және Батумдық теңіз кемежайын (БТК)
басқарудағы эксклюзивті құқықты иемдену жөніндегі процессті аяқтады.
Аталмыш активтерді сатып алудағы стратегиялық мақсат ҚТО-ның бәсеке
қабілеттігін жоғары деңгейге жеткізу болып табылады. Каспий шельфіндегі
перспективті кен орындарын өндіру жөніндегі еліміздің жоспарларын ескере
отырып, бүгін компанияда БМТ дамыту жөніндегі жоспар жасап шығарылған, ол
болашақта үлкен қазақстандық газды тасымалдау құқығы үшін күрестегі тиімді
құралға айналдыру үшін терминалдың ауқымды жаңаруын қарастырады. Одан
басқа, бүгін Қазақстан Баку – Қара теңіз, Самсун – Джейхан, Бургас –
Алексан-друполис, Констанца–Триест паневропалық газ құбыры сияқты газ
құбырларын құру жөніндегі бірнеше ірі жобаларға қатысуға деген
қызығушылығын білдіріп отыр. Аталмыш жобаларды жүзеге асырудағы осы
бағыттардағы маңызды нүкте ретіндегі БМТ-ның маңызы айтарлықтай артуда.
Компания неғұрлым тиімді бағыттар бойынша жұмыс істейді. Және де
Техногаздың экспорттық саясатын белгілі деңгейде агрессияшыл деп атауға
болады, бұл компанияның озат жұмыс атқарғысы келетіндігіне қатысты
айтылған.
Бүгін компания болашақтағы тұрақты даму үшін жеткілікті қаражатқа ие
болып отыр. ҚТО-дың ағымдағы шығындарды, капиталдық салымдарды және
болашақтағы инвестициялық жобларды жоспарлаудағы қаржылық тәртібі жоғары
деңгейде. өткен жыл ішіндегі компаниямыздың табысы 107 млрд. Теңгені
құрады, бұл 2009 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 6 пайызға артық. Таза
пайда 24.4 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 2 есе артық.
Дағдарыс бәрімізді үнемдеуге және ресурстарды дұрыс бөлуге үйретті. Былтыр
өндірістік өзіндік құны, компаниямыздың жалпы және әкімшілік шығындары 62,9
млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 7 пайызға
төмен. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығының қаржылық қорытындылары да
жақсы өсімді көрсетіп отыр. Алдын ала көрсеткіштер бойынша компанияның таза
табысы, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген 1000 кв м 1 тоннасын 3
331 теңге көлеміндегі экспортқа деген меншікті тарифке және газ тасымалы
ауқымдарының артуы нәтижесінде 67 пайызға өсті. Бірінші жарты жылдықтағы
табыстың осындай өсімінің нәтижесінде біз шығындарымызды 10 пайызға
төмендете алғандығымызды ерекше атап өткім келеді. 2010 жылы Техногаз
халықаралық рейтингтік агенттіктерден несиелік рейтингтердің жоғары
деңгейіне иемденді.
Осылайша, Fitch Ratings Техногаздың несиелік рейтингін Қазақстан
Республикасының егеменді рейтингіне дейін, ВВВ -, Тұрақты рейтингіне
дейін өсірді, ал Standart&Poors компания BB+ Тұрақты деген рейтинг қойды.
Moody`s International берген несиелік рейтинг те Baa2 деңгейінде, ол
Қазақстан Республикасының егеменді рейтингіне тең.
Өз қызметінде кез-келген компания, кез-келген кәсіпорын қиындықтарға тап
болады. Бұл – табиғи процесс. Кей кездері мәселелерді үкіметтік деңгейге
шығаруға тура келеді. Біздің ең маңызды мәселеміз – газ құбырларына заңсыз
ойып орнату проблемасы. Техногаз жыл сайын құбырларды қорғауға және заңсыз
ойып орнатылған құбырлардан қорғанудың жаңашыл жүйелерін енгізуге қомақты
қаражат жұмсайды. Аталмыш жоғалту шараларынсыз КТО өте үлкен болар еді.
Құбырларға қылмыстық ойып орнату санының өсуі газға деген сұраныстың және
оның бағасының өсуінің күннен-күнге артып келуімен, қылмысты ұйымдастыруға
азғантай ақша бөліп, тез арада үлкен табысқа жетумен байланысты. Ең бастысы
– газды ұрлау үшін жазаның көлемі қылмыскерлердің көретін пайдасымен
салыстыруға да келмейді. Сондықтан Техногаз АҚ біріншіден, заңсыз ойып
орнатқаны үшін қатаң жаза қолдануға, екіншіден, қылмыстық кодекске және
әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне Газды заңсыз тасымалдау, сақтау немесе
өндіру және Газды заңсыз тасымалдау, табу, сату, сақтау немесе өндіру
сияқты жаңа баптарды енгізуді қарастыруға бағытталған заң жобасын жасап,
алға шығарды. Жаңа заң жобасы құбырларды әдейі және байқаусыз бүлдіру
немесе бұзу үшін қылмыстық құрамға шек қоюға мақсатталған. Бұл құбырларды
әдейі бүлдіргені үшін қатаңдау шаралар дегенді білдіреді.
Сонымен қатар, қылмыстық газ бизнесін тоқтату мақсатында біз осы заң
жобасында Қазақстан Республикасының Газ өнімдерінің бөлек түрлерінің
өндірісін және айналымын мемлекеттік бақылау туралы Заңына толықтырулар
енгізуді қарастырдық. Олар бойынша газ өнімдерін өндірушілеріне өндіру үшін
заңды құжаты жоқ жеткізушілерден газ қабылдауға тыйым салынады. Осындай
шаралардың арқасында ғана газ және газ өнімдері айналымы саласында
қылмыстардың санын азайтуға болады.
Компанияның көрсеткіштерінің тұрақты өсуі, жаңа технологияларды енгізуі
және дамуының жарқын келешегі көп нәрсені көрсетеді. Қазақстанның көптеген
салалары үшін кадрлық мәселе өзекті. Бұл мәселе жақында Елбасы жанындағы
Шетел инвесторлары кеңесінің 23-ші отырысында талқыланды.
Осы тұрғыда, – Техногаз АҚ еліміздің әртүрлі аймақтарында 7 мыңнан астам
адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Ертеңін ойлайтын компания ретінде ол
кадрлық саясатқа және мамандардың кәсіби даярлығына баса назар аударады.
Атап айтқанда, компанияның кәсіпорындарында еліміздің және шетел жоғары оқу
орындарында, профильдік колледждерде және компанияның оқу-курстық
комбинатында (ОКК) арнайы дайындықтан өткен жүздеген жоғары білікті
мамандар еңбек етеді. Аталмыш оқу орны газ-газ секторы мамандарын қайта
дайындауды жүзеге асыратын таңдаулы профильдік мекемелерінің бірі. Оның
негізгі мақсаты – ұжымның қайта дайындау процесін және біліктілігін
арттыруды қамтамасыз ету.
Бүгінгі таңда ОКК материалдық базасы жылына 2,5 мың маманды қабылдауға
мүмкіндік береді. Ұжымға бөлінетін осындай көңілдің арқасында
Техногаз АҚ-нда балалары өз ата-аналарының жолын қуып, компанияның
гүлденуі үшін солардың ісін жалғастыратын көптеген еңбек династиялары
құрылды. Газ құбыры компаниясының өндіріс нысандарында ондаған жылдар бойы
жетекші мамандар қызмет етіп келеді. Олардың еңбегі компания деңгейінде
ғана емес, Қазақстан өкіметі деңгейінде де атап өтілген.
Компанияға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында оқитын үздік
студенттердің қатарынан жас, келешегі бар мамандарды тарту үшін КТО өткен
жылдың өзінде оқу-өндірістік тәжірибеге 95 студентті қабылдады. Сондай-ақ,
соңғы жылдары Қазақстан-Британ техникалық университеті, Қ.И.Сәтбаев
атындағы Қазақстан ұлттық техникалық университеті, Ш.Есенов атындағы Ақтау
мемлекеттік университеті және Атырау газ және газ институты РМУ сияқты
профильді қазақстандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық шарттарына қол
қойылды. Егер компания ұжымының дамуы туралы тұтастай айтсақ, 2011-2015
жылдарға арналған Компанияның кадрлық саясатын жасады. Оның басты
мақсаттары – жоғары кәсіби қызметкерлерді тарту, дамыту, ұстап қалу және
ұжымды басқаруға алдынғы қатарлы әдістерді енгізу. Компанияда бос орынды
лауазымдарға конкурстық
іріктеу жүйесі бар.
Сонымен қатар, компания 2011 жылдың басында кадрлық резерв, қатаң
конкурстық іріктеуден өткен 50 келешегі бар қызметкерден арнайы тізім
құрды. Компанияда өз қызметкерлерінің денсаулығын қорғауға, еңбек ету үшін
барынша жағдай жасауға және салауатты өмір салтын ұстануға, сондай-ақ
зейнеткерлер мен ардагерлерді әлеуметтік қолдауға бағытталған Әлеуметтік
жауапкершілік кодексі бекітілді.
Магистралдық газ құбырларын, өндірістік объектілерді салу мен дамыту
жөніндегі аса ірі жобаларды және тұтастай алғанда – компанияның
стратегиясын әзірлеушілер мен алға жылжытушылар нақ солар болды.
Қазақстанның құбыр салудағы аңызға айналған қайраткерлері туралы, Техногаз
компаниясының көрсетілетін қызметтің сапасы, еңбекті қорғау, қоршаған
ортаны қорғау саласында халықаралық жоғары стандарттарға қол жеткізу
жолдары туралы Техногаз АҚ Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін елімізде
өз жүйеміздің және құбырмен тасымалдауды басқару құрылымының болмағанын
түсінуіміз керек. Бұрын басқару бір орталықтан –
Мәскеуден, Басгазтасымалдан жүзеге асырылды, ал 1990-жылдары газ
құбырларын басқарудың бірыңғай жүйесі жаңа мемлекеттердің дербес
кәсіпорындары болып бөлініп кетті. Ал бұл газ құбырлары жүйесін басқарудың
жаңа технологиялық жүйесін ғана емес, сонымен бірге ТМД елдерінің газ
құбырлары кәсіпорындарының арасындағы өзара қатынас жүйесін жаңадан құруды
да қажет етті. Техногаз компаниясы 1997 жылы
нақ осы үшін құрылған болатын, ол 6,5 мың км. жуық газ құбырларын және 2
мың км. астам су ағарларды мұраға алды. Сол кезде компанияның алдына
көптеген міндеттер қойылды, оларды шешу бізге газ құбырларының бүкіл
магистралдық жүйесінің жұмыс қабілеті мен сенімділігін сақтап қалуға
мүмкіндік туғызды.
20 ғасырдың техникалық прогресінің озық шешімдерін енгізу есебінен
жүйенің сенімділігін қамтамасыз етуге қол жеткізілді. Бұл бәсекеге
қабілеттілікті сақтау үшін қажет болды. Компания басқа елдердің тәжірибесін
зерттеді. Осы кезде басқарудың автоматтандырылған жүйесін (БАЖ) техникалық
және бағдарламалық қамтамасыз ету зор қарқынмен дамыды, диагностиканың
жаңа, жоғары дәлдік құралдары, осы заманғы, эргономикалық жабдықтар
жасалды.
2002-2010 жылдар аралығында жүргізілген газ құбырларының технологиялық
объектілеріне БАЖ енгізу мен жаңғырту тұтастай бір дәуір болды. Осындай
жұмыстың арқасында газ құбырларының бүкіл магистралдық жүйесі бойынша газ
айдаудың технологиялық режиміне бақылау жасау бір орталықтан – Астана
қаласында орналасқан Бас диспетчерлік басқару орталығынан жүргізіледі.
Жалпы алғанда объектілерді бақылау және ақпаратты жедел түрде беру мәселесі
ең маңыздылардың бірінен саналады. Кім ақпаратқа ие болса, соның бес қаруы
сай дейді ғой. Сондықтан компания кезінде осы бағытта орасан зор жұмыстар
жүргізді.
Осы заманғы автоматтандырылған жүйелердің тиімді жұмысы көбіне
талшықты-оптикалық байланыс желілері (ТОБЖ) арқылы қамтамасыз етіледі. 8
жыл ішінде компания өзінің өндірістік объектілерінің қапталынан 3 810 км
ТОБЖ жүргізді. Осылайша, Техногаз Қазақстанда аса ірі ведомстволық
телекоммуникациялық жобаны жүзеге асырды.
Қазіргі кезде ТОБЖ бен цифрлық радиорелейлік жоғары технологиялық
байланыс желілері 10 газ құбырын басқаруды, 42 газ айдау станцияларын (СПН-
ді қоса алғанда), 200-ден астам желілік пункттерді өзара біріктіреді. Бұл
біздің газ құбыры қапталында кез келген ақпаратты беру мүмкіндігімізді
кеңейтті, объектілерді осы заманғы технологияларды пайдалана отырып
басқарға мүмкіндік туғызды.
Өндірістік компанияның даму деңгейі туралы бірінші кезекте оның
қызметкерлерінің өнеркәсіп жарақатынан қорғалу және қоршаған ортаға әсерді
барынша азайту дәрежесіне қарай бағаланатыны белгілі. Өз қызметкерлерінің
өндірісте денсаулығын қорғау саласында Техногаз АҚ қызметкерлердің өмірі
мен денсаулығына өндірістік факторлардың зиянды әсері тиюіне жол бермеуді
өз жұмысының ең басты қағидаттарының бірі деп санайды. Сондықтан өз
қызметінде компания Қазақстан Республикасының нормативтік және заңнамалық
актілерін, сондай-ақ осы саладағы халықаралық стандарттарды басшылыққа
алады. Персоналмен жұмысқа көп көңіл бөлінеді. Жұмысқа қабылдау кезінде
барлық қызметкерлер, оның ішінде басшылар үшін кіру нұсқамасы жүргізіледі.
Одан әрі қызметкерлер кәсіп түрлері бойынша тиісті нұсқаманың барлық
түрлерінен өтетіндігін атап көрсеткен жөн.
Инженер-техникалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және
қызметкерлерге өндіріс қауіпсіздігінің әдістерін оқыту жарақатты азайтудың
негізгі іс-шаралары болып қала береді. Осы мақсатта команияның Оқыту-
курстық комбинатында өндірістік буындағы мамандар, инженерлік-техникалық
мамандар даярлау мен қайта даярлаудан жүйелі негізде өтіп отырады.
Жекелеген мамандықтар бойынша оқыту таяу және алыс шетелдердегі оқу
орындарында жүргізіледі. Мәселен, 2010 жылы компанияның үш мыңнан астам
қызметкерлері оқудан өтті, оның 700-і инженерлік-техникалық мамандар.
Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында қауіпті объектілерге қызмет
көрсететін мыңнан астам қызметкерлер, сондай-ақ 354 басшылар мен мамандар
өздерінің білім деңгейін көтерді.
ҚТО бас директорының басшылығымен еңбек қорғаудың, өрт қауіпсіздігінің
және қоршаған ортаны қорғаудың жай-күйі мәселелері бойынша филиалдармен
және газ құбырлары басқармаларымен ай сайын селекторлық кеңес өткізіледі.
Оларда қауіпсіздік пен еңбек қорғау саласында белгілі бір кезең ішінде
жүргізілген жұмыстар қарастырылады, жұмыс бағыты айқындалады, орындалуына
жауапты адамдарды тағайындай отырып, шешім қабылданады.
Бұдан басқа, компания қолданыстағы жабдықтарды тұрақты түрде
жетілдіріп отырады және техникалық жағынан неғұрлым жетілдірілген жаңа
технологиялар енгізеді, бұл өндірістік процестің тиімділігін арттырумен
қатар, жұмыстың қауіпсіздігіне де оң әсерін тигізеді. Еңбекті қорғау мен
техника қауіпсіздігі мәселесіне жан-жақты бақылау жасау мен жіті назар
аудару арқасында 2009 жылы Техногаз АҚ қызметі OHSAS 18001:2008
менеджмент жүйесінің стандартына сәйкес келеді деп танылды.
Компания еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі қызметін ұдайы
жетілдіре беруге ұмтылады. Осы мақсатпен компания еңбек қорғауды басқару
жүйесін реформалауды жоспарлап отырады, бұл өндірістегі жазатайым
жағдайлардың санын мейлінше қысқартуға, құрылымдық бөлімшелердің барлық
деңгейдегі басшыларының қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау
мәселелерінде жауапкершіліктерін арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Компанияның болжамдалып отырған құрылымы жобасының Қазақстанның және ТМД
елдерінің кәсіпорындарында қолданылып жүрген еңбек қорғауды басқару
жөніндегі жалпыға ортақ жүйеден едәуір айырмашылығы бар. Оның тиімділігі
мойындалған жағдайда қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау
бөлігіндегі комания қызметінің деңгейін арттыруда үлкен қадам жасалады.
Өндіріс саласында қызмет ететін компанияның даму деңгейі туралы оның
экологияға әсер ету дәрежесі бойынша бағаланатыны мәлім. Газды тасымалдау,
әсіресе осы процесте пайда болатын қалдықтар қоршаған ортаға үлкен қауіп
қатер тудырады. Қазіргі таңда экологияға компанияның өндірістік
бөлімдерінің әсер етуі жөнінде Техногаз АҚ туған жер табиғатының
ахуалына, экологиялық таза қоршаған ортаға деген өз жауапкершілігін жете
түсінеді. Бүгінгі таңда бизнестің экологиялық қауіпсіздігі Техногаз АҚ-
ның тиімді қызметі үшін маңызды көрсеткіштерінің бірі. Әрине, газ тарту
процесі шынында қиын технологиялық процесс. Газды ондаған және жүздеген
шақырымдық құбырлар арқылы тарту үшін насостар үлкен қысым тудырады. Жалпы
көлемі 1 миллион текше метрден асатын алып резервуарлық парктердің болуы
резервуарларды техникалық пайдалану ережелерін және әсіресе өрт
қауіпсіздігі ережелерін сақтауды талап етеді. Насостық станциялармен қатар
тасымалданатын газды жылыту үшін жылыту пештері де осындай ауқымды көлемде
қолданылады. Hысандардағы өндірістік қауіпсіздік қаншалықты маңызды екенін
түсіну үшін осы факторлардың өзі жеткілікті.
Осыған орай компания өзінің барлық бөлімшелерінде қауіпсіздік
техникасын қамтамасыз етуге ғана емес, сондай-ақ газды тасымалдау
процесінен қоршаған ортаға тиетін кері әсерді барынша азайту мәселелеріне
де баса назар аударады. Жаңа технологияларды енгізу де комания ұжымы мен
құралдарға ғана емес, сонымен бірге экологияға деген қамқорлықты
айғақтайды. SCADA жобасы барлық газ құбырлары желілерін басқаруды бір
тұтасқа біріктіріп, апаттық жағдайларды азайтуға мүмкіндік берді. Біз
энергия және ресурстарды үнемдеу, барлық технологиялық құрылымның
қызметінің тиімділігін арттыру саласында оң нәтижелерге қол жеткізуге
мүмкіндік беретін жаңа техника мен технология енгізуге әрқашан баса назар
аударып келеміз. Атап айтқанда, өткен жылы компанияның қаражатын барынша
тиімді, әрі орынды пайдалану үшін құрастырылған Шығыстарды басқару
бағдарламасын жүзеге асыру аясында елсіз, аз елді технологияға өтуді есепке
ала отырып, газ құбырлары және сутартқы нысандарын техникалық қайта
құралдандыруды қарастыратын ресурстарды үнемдейтін технологиялар енгізу
жоспарлануда. Енгізілетін жаңашылдықтар мен құралдар электр және жылу
энергиясын пайдалануды барынша азайтуға, газ тасымалдау және су жеткізу
процестерінің тиімділігін жақсартуға, негізгі және қосалқы құралдарды
жөндеу жұмыстарына шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Яғни жоғарыда
айтылғандарды қорыта келгенде, шаралардың бүкіл жүйесі әрбір бөлімшенің
болсын, Техногаз АҚ-ның болсын жұмысының тиімділігін арттыруға
бағытталған. Бұл өз кезегінде, компанияның табиғатты қорғау қызметіне оң
әсер етеді.
Сонымен қатар, компанияда Кешенді экологиялық бағдарлама (КЭБ) жасалды
және іске асырылуда. Басында бағдарламалыққұжат 2008-2011 жылдарға арналған
болатын. Оған үлкен кешенді табиғатты қорғау шаралары кірді. Ол біріншіден,
Қазақстанның табиғи ресурстарын үнемдеуге және экологиялық зардапты
азайтуға бағытталған болатын, екіншіден, компанияның шығындарын азайтты.
КЭБ қызметінің нәтижелері газ тасымалы көлемінің жыл сайын өсуі және жаңа
өндірістік нысандарды пайдалануға берілуіне қарамастан олардың қызметінен
сыртқа шығатын қалдықтардың нақты көлемі бекітілген нормативтен төмен болып
отыр.
Дегенмен, компанияның табиғатты қорғау бағдарламасы техникалық
процестермен қатар алға басып келетін икемді құжат болып табылады.
Компанияда бүгінгі күні 2011-2015 жылдарға арналған Кешенді экологиялық
бағдарлама жасалды және бекітілді. Алдындағы құжатпен салыстырғанда ол жаңа
энергия үнемдегіш құралды енгізуді және жыл сайын қатаңдатылатын табиғатты
қорғау заңнамасын ескере отырып құрастырылды. КЭБ-да қарастырылған шаралар
ИСО 14001 халықаралық стандартының талаптарына
сәйкес құрастырылған үлкен экологиялық аспектерді азайтуға бағытталған.
Сонымен қатар, негізгі табиғатты қорғау шараларынан басқа жаңа
пунктердің бірі Киото хаттамасының парникті газдарды сыртқа шығаруды
басқару жөніндегі тетіктерін жүзеге асыру болып табылады. Оның аясында
атмосфераға ластайтын заттар қалдықтарының көздерін жыл сайын түгендеу және
оларды азайту жөнінде тиісті шараларды қолға алу қарастырылуда.
Kомпанияның алдынғы қатарлы халықаралық стандарттарға жауап беретін
қызметінің жоғары деңгейі жетекші сертификациялық органдармен дәлелденді.
Техногаз АҚ Қазақстан аумағында орналасқан өндіріске халықаралық
стандарттың менеджмент жүйесіне деген талаптарын ойдағыдай енгізген үздік
компаниялардың қатарына кіреді. Компанияда соңғы бірнеше жылда
сертификациялық және өзін жақсы көрсете білген ISО 9001:2001, ISО
14001:2005 және OHSAS 18001:2008 халықаралық стандаттарының талаптарына сай
келетін сапа, экология, денсаулық және қауіпсіздік менеджменті жүйесі жұмыс
істейді.
Сондай-ақ 2009 жылы Техногаз АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің
Сапа саласындағы жетістіктері үшін байқауының Ірі кәсіпкерлік субъекті
санаты бойынша Қызмет көрсететін ең үздік кәсіпорын аталымында жеңімпаз
атанды

1.4 Техногаз персоналды басқару.
Қазақстан Республикасының экономикасын қалыптастыру жағдайында
кәсіпорын басшылары мен кадрлық қызмет жұмысшыларының алдында әртүрлі
міндеттер тұрады. Әр кезде шешімдердің басымдылықтарын анықтау қиын болып
келетін жағдайлар да болады. Алайда, кейде ең бірінші болып шешімдер
табылады. Менің ойымша осындай мәселелердің бірі кәсіпорындағы кадрлық
жоспарлау. Әртүрлі деңгейдегі менеджерлер үшін, соның ішінде кадрлық қызмет
жұмысшылары үшін кадрлық жоспарлауды дамыту мәселесі негізгі міндеттің бірі
болып саналуы керек.
Жаңа технологиялардың қарқынды дамуы барысында елеулі мән
кәсіпорындарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесіне беріледі.
Кәсіпорынның барлық бөлімшелерінде қажетті кадрлар кешенін қалыптастыру
кадрлық саясатты жүзеге асуыру мен әзірлеуінсіз мүмкін емес.
Кадрлық жоспарлау кадрлық саясаттың маңызды құралы болып саналғандықтан
оның міндетін, мақсатын анықтайды.
Біздің қоғамымызға қажетті жұмыс күші мен соған сәйкес персоналды
іріктеу мәселесі қол жетерлік дәрежеде болса екен деймін. Нақты өмірде
мұның бәрі тек жай ғана нәрсе сияқты көрінеді. Кәсіпорынның көптеген
басшылары көбінесе біліктілігіне сай мамандарды жұмысқа қабылдау барысына
көптеп назар аударады. Бұл әрине парадокс (оғаштық) емес, бұл біздің
уақытымыздың шындығы. Еңбек нарығында неғұрлым көп ұсыныс болса, соғұрлым
дұрыс таңдау жасау қиынырақ.
Жұмысқа жалдау - бұл өнердің бір түрі болып есептеледі. ҚР-дағы жеке
кәсіпкерлік тәжірибесі қызметкерлерді іріктеу – нарық қатынастарының
дамуында сапалы, жоғары білікті персонал қажет жағдайында біліксіз түрде
өткізілетінін көрсетеді.[2].
Сондықтан да ойлау қабілетін тексеру үшін арнайы тесттер әзірленген.
Бұл тест белгілі бір қатынаста ғана бағалы болып саналады. Бұл
қызметкерлерге дұрыс баға жасауға септігін тигізеді, бірақ та нағыз
қызметкерлерді анықтаудың адсолютті әдісі жоқ. Сенімді және дана әдістердің
бірі - бұл қызметкерлерге қызметтерін белгілі сынақ мерзімінен өткеннен
кейін ғана қызметтерін ұсыну. Осы себептен жаңа қызметкерлер үшін үш айлық
сынақ мерзімін беру. Бұл ҚР-ның заңнамалылығында көрсеілген (№22 КЗОТ бап).
Сонымен қатар жалдамалы қызметкерлерді 2 негізгі топқа бөлуге болады:
өз қызметінде көпшілікпен араласа алатын және араласа алмайтындар. Бірінші
топты үлкен ұқыптылықпен таңдау қажет. Өйткені оның әсері фирма беделін
көтеруі де, түсіруі де мүмкін. Көбінесе қызметкерлерді жалдауда онша мән
беріле бермейді де, олардың барлығы да бірдей жақсы сияқты. Біздің
кәсіпкерлерімізде мынадай мақсат болу керек: сәйкес келуші (фирмаға) адам
–бұл көмек, пайда, ал сәйкес емес адам – залал және масыл деп түсіну
керек. Қазақстандық кәсіпкерлер осындай жай шындықты қаншалықты тез
түсінсе, солай бизнесте оң нәтижесін берер еді.
Кез келген қиын техникалық бұйым, мейлі ол сағат, автокөлік немесе
космос кораблі болсын оның көптеген майда бөлшектері бар. Бірақ олардың
мөлшері оны арзан етіп жасамайды. Оларды жоғары сапалы материалдан
дайындайды. Бұндай бөлшектерді ағаштан немесе пласталиннен жасауға
болатынын ешкімнің ойына келмейді, өйткені ол арзан, ал жұмысқа қабылдауда
көптеген кәсіпкерлеріміз өз бизнесіндегі тұрақтылықты өздері түсіреді.
Механизмдегі кішкене бөлшектер үшін винтиктердің рөлін бағаламауға
болмайды. Бизнесте винтиктер деп телефон диспетчерлерін, хатшы, жарнама
және коммерциялық агенттерді, іс-жүргізушілерді айтамыз. Бір жыл барысында
олар фирманы мыңдаған адамдарға көрсетеді. Күн сайын олардың фирмаға көмек
беруіне немесе фирманың зиян шегуіне әкелуіне мүмкіндігі бар.
Кез-келген ұжымда жүргізілген зерттеулер сөзсіз бекітілген, яғни
қызметкерлердің өз мүмкіндіктерін қалай пайдаланатынын көрер болсақ,
сұралған қызметкерлердің ішіндегі 10%-зы толық қайтарымда жұмыс істейді, ал
30%-зы өз әлуетінің үштен бірін қолданады, қызметкерлердің 30%-зы өз
мүмкіндігінің жартысын пайдалануға еңбектенеді. Сонымен қызметкерлердің өз
мүмкіндіктерін пайдалануы 60%-ды көрсетеді. Орташа қызметкерлер әлуетінің
40%-ті қолданылмайды. Басқа сөзбен айтқанда кез келген кәсіпорын өз
пайдасының 40%-ті шамасында жоғалтады, бұл тек минимум! Осыдан мынадай
сұрақ туындауы мүмкін. Жұмыс берушіге өз қызметкерлерінен жоғары пайда
алуға және олардың деңгейін қалай көтеруге болды?
Дамыған елдердің көп жылдық тәжірибесі бұл сұрақтың шешімін табудың 3
жолы бар екендігін көрсетеді:
Дербес ықылас.
Қызметкерлер жұмысы көбінесе оның фирма басшысымен қандай қатынаста
болатындығына байланысты. Бірақ, егер онымен адамша қарым қатынаста болса,
онда ол өз жұмысын да жақсы жүргізе алады деген сөз. Егер сіз достық
қатынасыңызды үзбесеңіз, онда ол да бар күшін жұмысына салуға тырысады.
Оқыту.
Ереже бойынша жұмыс істеу керек екендігіне үйренбеген жұмысшы жалқау
келеді. Оның білімі аз, қабілеті жоқ немесе оны жұмыс қызықтырмайды. Егер
қызметкерлерге аз да болса арнайы білім берсе, онда ол тек жұмыс күші емес
маман ретінде жұмыс істеуге тырысады.
Ынталандыру.
Мұнда қызметкерлер еңбегін ынталандыру шаралары: яғни, мақтау,
сыйлықақы, жалақының өсуі барлығы кіреді. Қызметкер толық қайтарымда жұмыс
істеу үшін оның себебі болу керек. Кез келген адам оны ақшалай сыйақы
немесе басқа да ынталандыру шараларын пайдаланып отырса, онда ол өз
мүмкіндігін барынша пайдаланып жақсы жұмыс істеп, көзге көрінуге тырысады.
Нәтижесінде жақсы жұмыскерлерді қабылдау және осыдан кейін одан да жақсысы
– қызметкерлер үшін пайдалы нәрсе жасау. Бұл ұйымда көбінесе өндірілмейтін
шығын және ысыраптың әсерін болдырмауға ықпалын тигізеді.
Қызметкерлерді дұрыс таңдай білу және кадрларды іріктеу мен таңдауда
мен мынадай басты ережелерді ұсынғым келеді.
• Штат жинақтау мен іріктеу ережесі. Мақсаты: Техногаз кадрларын
станндарттау мен жинақтау жүйесінің талаптарын жүйелендіру.
Қолданылу аясы.
Техногаз-ның барлық объектілерінің барлық дәрежедегі қызметкерлері
(тұрақты, уақытша, шарт бойынша әртүрлі жұмыстарды уақытша орындау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Ақ» – «Қара» концепті: оппозициясы мен қызметі
Іскерлік этиканың құндылығы, қағидаттары және нормалары
Ақ Орда мемлекетінің территориясы және қоғамдық саяси құрылымы
Ақ, қара түс атауларының лингвистикалық әлеуеті
Ақ және қара түр - түс атауларының тұлғалық дамуы
Ауа әкінің түрлері
Жинақтаушы зейнетақы қорлары
Диплом алдындағы өндірістік тәжірибенің есебі
Қазақ тіл білімінде концептілердің зерттелуі
Ақ амурдың (Ctenopharyngodon idella) морфобиологиялық сипаттамасы
Пәндер