Әл – Фарабидің қоғам туралы философиялық, әлеуметтік - саяси тұжырымдамалары



Кіріспе
І.тарау. Әл . Фарабидің қоғам туралы философиялық, әлеуметтік . саяси тұжырымдамалары
1.1. Әл.Фараби шығармаларындағы қоғам жөніндегі философиялық, әлеуметтік.саяси идеялары мен көзқарастары.
1.2. Әл.Фарабидің еңбектеріндегі мемлекет және саясат туралы тұжырымдамаларының мазмұны мен мақсаты.
II.тарау. Әбу Насыр әл . Фарабидің мемлекеттік билікті іске асырудағы ұтымды ойлары туралы
2.1. Әл.Фараби шығармаларындағы мемлекеттік билікті қалыптастыру және жүзеге асырудағы әдіс.тәсілдер.
2.2. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» және «Азаматтық саясат» трактаттарының мазмұны мен маңызы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Зерттеудің өзектілігі: Асқар таулар қоршаған қазақ жері, жусан иісі аңқыған ежелгі Қыпшақ даласы бұдан он мың жылдар бұрын жүріп өткен мұз көшкінінен, тарихшылардың айтуы бойынша, мұз дәуірінен аман қалғаны рас болса, онда адамзаттық өркениеттің туған бесігі – біздің байтақ өлкеміз деуге толық негіз бар.
Шындығында да туған даламыздың құнарлы топырағы рухани суат көзі болып ашылып, әлемге сирек ұшырасатын кемеңгер тұлғаларды жарық дүниеге әкелгені ақиқат[1].
Халық өзінің ұлы адамдарының өсиеттерін негізге ала отырып, қоғамдық құрылымы мен әлеуметтік жағдайын, адамдардың өмір сүру деңгейін, бостандық пен демократия принциптері және тағы басқа жоғары адами құндылықтарды жаңартып, дамытып отыруға қол жеткізеді.
Қай халықтың болсын, өткенін таразылап, болашағына көз жүгіртуі тек белгілі бір тарихи кезеңмен, жеке алмағайып дәуір атымен ғана байланысты емес. Ертеңін ойлаған ел әр тарихи белесті артқа тастағаннан кейін, уақыт бедеріне түскен ізін бағамдап, пайымдауы – бұрын да болған, қазір де бар және алда да жалғаса беретін кәделі іс.
Ұлттық мемлекетіміз шынайы тәуелсіздікке бет бұрған кезеңде халқымыздың тарихи зердесін жаңғыртып, оның елдігін, ерлігін паш ететін асыл мұраларын түбегейлі жан-жақты пайымдап жинақтау – азаматтық парыз.
Халқымыздың әлем елдері түскен бірыңғай даму жолына кірігуге ұмтылысы, осы ыңғайда есесін жіберіп алмай, ұлттық мүддесіне нұқсан келтіріп алмай қимылдау талабы үнемі есте тұруы тиіс. Ал бұған әкелетін жолдың басы – халқымыздың рухани кемелденуі.
1. Алдаспан-№1-2-2003-7б.
2. Мемлекеттік «мәдени мұра» бағдарламасы «Әлемдік саясаттану антологиясы» І-том, Алматы:Қазақстан-2006-303б.
3. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы «А-Ә» І-том, Алматы-1998-613б.
4. Сонда-614б.
5. Құрманалаева А.Д. «Әл-Фарабидің іліміндегі әлеуметтік танымның әдіснамалық негіздері» Алматы-2002-5б.
6. Сонда-5-6б.
7. Алдаспан-№1-2-2003-8б.
8. Конюхов Л.Ф. «Аль-Фараби и современный мир» Усть-Каменогорск-2003-120стр.
9. Қасабеков А., Алтаев Ж. «Қазақ философиясы» Алматы:Ер-Дәулет-1996-78-79б.
10. Нысанбаев Ә. «Қазақ даласының ойшылдары» Алматы:Ғылым-1995-6б.
11. Дербісалиев Ә. «Қазақ даласының жұлдыздары» Алматы:Рауан-1995-14б.
12. Сонда-15-16б.
13. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» халқына жолдауы Астана- 6 ақпан-2008ж.
14. Сонда.
15. ҚазҰУ хабаршысы. Саясаттану сериясы-№1-2006-73б.
16. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» халқына жолдауы Астана-6 ақпан-2008ж.
17. Ақиқат-№7-1996-91б.
18. Әл-Фараби «Әлеуметтік-этикалық трактаттар» Алматы:Ғылым-1975ж.
19. ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы-№2-2006-56б.
20. Сонда-57б.
21. Сонда-57-58б.
22. http://www.google.kz/ru
23. Нысанбаев Ә. «Қазақ даласының ойшылдары» Алматы:Ғылым-1995-41б.
24. ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы-№2-2007-58б.
25. «Наследие аль-Фараби и мировая культура» Алматы-2001-163стр.
26. Сонда-169б.
27. Әл-Фараби «Философиялық трактаттар» Алматы:Ғылым-1972-324б.
28. Нысанбаев Ә. «Қазақ даласының ойшылдары» Алматы:Ғылым-1995-32б.
29. Сонда-42-43б.
30. http://www.rambler.ru
31. Мұхамедов М., Сатершинов Б., Сырымбетұлы Б. «Саяси-құқықтық ілімдер тарихы» Алматы-2002-85-86б.
32. Келімбетов Н. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Алматы:Ана тілі-1991-116б.
33. Сонда-117б.
34. ҚазҰУ хабаршысы. Саясаттану сериясы-№1-2006-42б.
35. Келімбетов Н. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Алматы:Ана тілі-1991-117б.
36. Қабылова А.С. «Әбу Насыр әл-Фараби және араб-мұсылман философиясы» Алматы:Қазақ Университеті-2004-36б.
37. Сонда-36б.
38. Сонда-37б.
39. Көбесов А. «Әл-Фараби» Алматы:Қазақстан-1971-383б.
40. Ақмамбетов Ғ. «Философия және мәдениеттану» Алматы:Жеті жарғы-1998-134б.
41. Көбесов А. «Әл-Фараби» Алматы:Қазақстан-1971-383-384б.
42. Мемлекеттік «мәдени мұра» бағдарламасы «Әлемдік саясаттану антологиясы» І-том, Алматы:Қазақстан-2006-305-307б
43. Көбесов А. «Әл-Фараби» Алматы:Қазақстан-1971-378б.
44. Әл-Фараби «Әлеуметтік-этикалық трактаттар» Алматы:Ғылым-1975-378-379б.
45. Ақмамбетов Ғ. «Философия және мәдениеттану» Алматы:Жеті жарғы-1998-133б.
46. ҚазҰУ хабаршысы. Саясаттану сериясы-№1-2006-42б.
47. «Наследие аль-Фараби и мировая культура» Алматы-2001-270стр.
48. Сонда-270стр.
49. Сонда-271стр.
50. Әл-Фараби «Әлеуметтік-этикалық трактаттар» Алматы:Білім-1973-255б.
51. http://www.google.kz/ru
52. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» халқына жолдауы Алматы:Білім-1998-28б.
53. Право и государства-№1-2004-23стр.
54. Сапаргалиев Г.С., Таукелев А.Н. «Государственно-правовые взгляды аль-Фараби» Алматы:Наука-1975-32стр.
55. Аль-Фараби «Избранные трактаты» Алма-Ата:Наука-1994-221стр.
56. Сапаргалиев Г.С., Таукелев А.Н. «Государственно-правовые взгляды аль-Фараби» Алматы:Наука-1975-69стр.
57. Право и государства-№1-2004-22стр.
58. Григорян С.Н. «Великие мыслители Средней Азии» Москва-1958г.
59. «Наследие аль-Фараби и мировая культура» Алматы-2001-271стр.
60. Аль-Фараби «Избранные трактаты» Алма-Ата:Наука-1994-46-47стр.
61. Қазақ тілі мен әдебиеті-№10-2006-50-51б.
62. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы-№4-2006-91б.
63. Әл-Фараби «Әлеуметтік-этикалық трактаттар» Алматы:Білім-1973-195-196б.
64. Келімбетов Н. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Алматы:Ана тілі-1991-117б.
65. Мұхамедов М., Сатершинов Б., Сырымбетұлы Б. «Саяси-құқықтық ілімдер тарихы» Алматы-2002-87б.
66. Келімбетов Н. «Ежелгі әдеби жәдігерліктер» Алматы:Алатау-2005-153-154б.
67. Қыраубаева А. «Ежелгі дәуір әдебиеті» ІІ-том, Алматы:Ана тілі-19991-83б.
68. http://www.rambler.ru
69. Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. «Көне мәдениет жазбалары» Алматы:Қазақ Университеті-1991-282-287б.
70. Әлемдік философиялық мұра «Әл-Фараби мен Ибн Сина философиясы» ІV-том, Алматы:Жазушы-2005-566б.
71. Машанов А. «Әл-Фараби» Алматы:Жазушы-1970ж.
72. Көбесов А.«Әл-Фараби» Алматы:Қазақстан-1971-380-381б.
73. ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы-№2-2007-59б.
74. Мемлекеттік «мәдени мұра» бағдарламасы «Әлемдік саясаттану антологиясы» І-том, Алматы:Қазақстан-2006-309б.
75. Дербісалиев Ә. «Қазақ даласының жұлдыздары» Алматы:Рауан-1995-17б.
76. Ақиқат-№7-1996-92б.
77. Ақмамбетов Ғ. «Философия және мәдениеттану» Алматы:Жеті жарғы-1998-132б.
78. Право и государства-№1-2004-23б.
79. Оңтүстік Қазақстан-16 наурыз-2006-3б.
80. «Аль-Фараби и развития восточной философий» Астана:Елорда-2005г.
81. «Философия аль-Фараби и исламская духовность» Алматы-2005г.
82. Әл-Фараби Әбу Насыр «Трактат және өлеңдер» (аударған Ә.Нысаналин) Алматы:Жазушы-1974-39б.
83. «Тұңғыштар» Алматы:Кітап-2007-20-22б.
84. Дала мен қала-30қараша-2007-24б.
85. Сегизбаев О. «История казахской философии» (учебник для ВУЗов) Алматы:Наука-2001-455стр.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Көненің көзін зерттеу – болашақ.

Зерттеудің өзектілігі: Асқар таулар қоршаған қазақ жері, жусан иісі аңқыған ежелгі Қыпшақ даласы бұдан он мың жылдар бұрын жүріп өткен мұз көшкінінен, тарихшылардың айтуы бойынша, мұз дәуірінен аман қалғаны рас болса, онда адамзаттық өркениеттің туған бесігі – біздің байтақ өлкеміз деуге толық негіз бар.
Шындығында да туған даламыздың құнарлы топырағы рухани суат көзі болып ашылып, әлемге сирек ұшырасатын кемеңгер тұлғаларды жарық дүниеге әкелгені ақиқат[1].
Халық өзінің ұлы адамдарының өсиеттерін негізге ала отырып, қоғамдық құрылымы мен әлеуметтік жағдайын, адамдардың өмір сүру деңгейін, бостандық пен демократия принциптері және тағы басқа жоғары адами құндылықтарды жаңартып, дамытып отыруға қол жеткізеді.
Қай халықтың болсын, өткенін таразылап, болашағына көз жүгіртуі тек белгілі бір тарихи кезеңмен, жеке алмағайып дәуір атымен ғана байланысты емес. Ертеңін ойлаған ел әр тарихи белесті артқа тастағаннан кейін, уақыт бедеріне түскен ізін бағамдап, пайымдауы – бұрын да болған, қазір де бар және алда да жалғаса беретін кәделі іс.
Ұлттық мемлекетіміз шынайы тәуелсіздікке бет бұрған кезеңде халқымыздың тарихи зердесін жаңғыртып, оның елдігін, ерлігін паш ететін асыл мұраларын түбегейлі жан-жақты пайымдап жинақтау – азаматтық парыз.
Халқымыздың әлем елдері түскен бірыңғай даму жолына кірігуге ұмтылысы, осы ыңғайда есесін жіберіп алмай, ұлттық мүддесіне нұқсан келтіріп алмай қимылдау талабы үнемі есте тұруы тиіс. Ал бұған әкелетін жолдың басы – халқымыздың рухани кемелденуі. Осы орайда, түркі, шығыс халықтарының заңды мақтанышы болып қана қоймай, адамзаттың ортақ қазынасына кесек үлес қосуымен бүкіл әлемдік деңгейдегі елеулі тұлғалар санатына қосылған Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұрасына қатысты зерттеулер жұмысы ұлттық, саяси-философиялық тарихын жүйелеу ісіне тың серпін беріп, жаңа өріс аша алатындығымен құнды болмақ.
Әр дәуір, әр кезеңнің өз шежіресін жасайтыны белгілі. Көне мұраны көзден өткізе отырып, оларды жаңамен сабақтастыра, жалғастыра білу біздің салтымыз. Тарихи тұрғыдан қарағанда халықтардың өмірі олардың нанымдары мен дүниетанымына байланысты. Бүгінгі ықпалды идеялар ертеңіне мәнінен айрылды және керісінше, ақырғы дәрежеге ие болғандары кенеттен адамзат ақыл-ойына билік жүргізді. Жеке адамдардың рухани әлемінің дамуы оның материалдық мұқтаждықтарынан әлдеқайда озып кеткен тұста тарихтағы бақытты кезеңдер, қоғамның оның мәдениетінің, білімінің, экономикасының бақытты даму дәуірі басталды. Қайта өрлеу дәуірі және одан кейінгі ағарту дәуірі дәл осындай кезеңдер болса керек. Ал бұл дегеніңіз қайта туу, қалпына келтіру, мәдениеттің қайсыбір классикалық жағдайына оралу мен рухани мәдениеттің маңыздылығына мән беру.
Қазақ халқының саяси ойының жандануы, қазақтың халық болып қалыптасуы, қазақ хандығының құрылуымен сәйкес келеді. Қазақ жеріндегі рулар, тайпалар, жүздер бір халық болып бірікті. Қазақ халқының қалыптасу процесінде оны құрайтын түркі тілдес тайпалар мен әлеуметтік топтарда аса ірі ойшылдар болды.
Қасиетті қазақ халқының даласы талай ғұламаларды дүниеге келтірді. Қазақ топырағында туған, көкірегі ояу, көзі ашық ойшыл азаматтар шығыс, араб, парсы мәдениетін меңгеріп, шығармаларын көпке ортақ тілде жазып, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыра білді.
Қазақ даласында талай елдерді философиялық көзқарастарының терең танымдылық қасиеттерімен таң қалдырған қаншама ұлы ғұламалар дүниеге келген. Қазақ халқының рухани мұрасы саяси ой-пікірлерге өте бай. Оның ішінде ең шоқтығы биігі ислам философиясының негізін салушылардың бірі, тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, атағы әлемге танымал, біздің қандас бабамыз ұлы ойшыл - Әбу Насыр әл-Фараби.
Адамзаттың ұлы перзенті, асқан білімдарлығынан екінші Аристотель деп аталған әл-Фараби ғылымның әр алуан саласынан аса маңызды, құнды пікірлер, тұжырымдар, философиялық сындарлы мұралар қалдырған кемеңгер. Әл-Фараби бүкіл дүниежүзінің халықтарына қазақ халқының даңқын шығарып қана қоймай, өзінің қазақтың ұлы ұрпағы екенін жер шары халықтарына шүбәсіз мойындатты.
Қазақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист – ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі Әбу Насыр әл-Фараби (870-950ж.ж.) араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда 870 жылы Арыс өзенінің Сырдарияға құяр тұсында Фараб (кейін Отырар) қаласында әскербасының отбасында дүниеге келген. Заманында Екінші ұстаз (Бірінші-Аристотель) атанған ол Таяу және Орта Шығыста аристотелизмнің негізін қалаушылардың бірі, Фараб ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі атанған ұлы ғұлама. Әл-Фарабидің толық аты- жөні Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби[2].
Шығыс тарихында Фараб ғылым мен мәдениеттің үлкен ордасы ретінде мәлім, оның кітапханасы, аңызға қарағанда, кітап саны жағынан тек әйгілі Александрия кітапханасынан ғана кем түссе керек. Әл-Фараби алғашқы білімін Фараб медреселерінің бірінде алған. Кейіннен Александрия, Каир, Дамаск, Бағдат қалаларында тұрып, білімін ұштап, қызмет атқарды. Талай уақыт өз білімін араб халифатының саяси және мәдени орталығы Бағдатта молықтырды, өмірінің соңын Дамаск (Шам) қаласында өткізді.
Әл-Фарабидің жас кезінен Бағдатқа баруының екі сыры бар еді. Біріншіден, сол кездегі Бағдат халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған. Екіншіден, Бағдат шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша тұрмыстық жағдай жасаған. Бағдатта Байт-ал-хакма атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған[3].
Мұсылман өркениетінің, оның ішінде ұлтымыздың саяси-философиялық ойы тарихында терең із қалдырған ұлы ойшыл, жерлесіміз әл-Фараби шығармашылығы энциклопедиялық білімділігімен, философиялық-теориялық ізденістеріндегі даралылығымен ерекшеленеді. Себебі бұл дара тұлға екі жақты рухани мәдениеттің, яғни Батыс пен Шығыстың, көшпенді және отырықшы әлемнің белсенді рухани сұхбаттасу, іштесу шарттылығында кәсіпқой философ деңгейіне көтерілді, адамзат танымының көкжиегін кеңейтті.
Әл-Фарабидің дүниетанымы екі әлемнің - көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Оның заманы Жібек жолы бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне тұспа-тұс келеді. Өздігінен көп ізденген ойшыл, философ, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан жүз алпыс төртке жуық трактат жазып қалдырған. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе Аристотельдің Метафизика, Категория, Бірінші және екінші аналитика сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған. Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукалдың Китаб-ал-масалик уә-л-мамалик деген еңбегінде және XIII ғасырда өмір сүрген ибн-Халликанның Уфиат әл-алан фи әз-заман атты еңбегінде әл-Фарабидің арғы аталарының есімдері (Тархан, Узлағ) таза түркі тілінде келтірілген[4].
Өз заманында әлемге әйгілі болған қазақтың данышпан ұлдары дүниежүзілік тарихта дарынды да шынайы ұлы рухани мұралар қалдырды. Сондықтан да қазақ халқының әлемдік аренадан аса жоғары дәрежелі орын алуға мүмкіндігі зор болды.
Отырарлық ойшылдың адамгершілік, достық, салауаттылық, әділеттілік тәрізді этикалық қазына мұраттарға сүйене отырып, ізгі өркениет яғни, қайырымды қала жасау идеясы сан ғасырды көктей өтіп келіп, осы заман келбетіне көшсе, орта ғасыр мен жаңа дәуірдің өзгеше бітімді үйлесіміне, жарасымды ұрпақтар сабақтастығына айналары сөзсіз.
Түптеп келгенде, әл-Фараби мұрасының өзегін құрайтын бақыт мәселесі – адамзаттың ежелгі арман-аңсары. Бақытқа сан түрлі жолмен жетуге болады. Әйтсе де нағыз сарасы – ақиқатқа ғылыми таным арқылы жетуге ұмтылыс. Шын бақыт – кісінің материалдық дүниеге ындыны тоймайтын кіріптарлықтан, таусылып бітпейтін мұқтаждықтан арылып, рухани дүниесін ғұмырының мәніне, өмірінің сәніне айналдыра алуы, сөйтіп, жеке адам мәдениетінің деңгей-дәрежесі арқылы өркениет дамуының көрсеткіші, өлшемі түзілетіндей биікке көтерілуі.
Біздің данышпан бабамызды бүкіл жер жүзінің жұртшылығы ықылым заманнан бері жақсы таныған. Ендігі таңда оны қайта жаңғырту, жаңалау керектігі сөзсіз. Ал сол ертедегі тарихи тамырларымызды қалпына келтіру қазақ халқының абзал да ардақты міндеті болса керек.
Зерттелу деңгейі: Дүниежүзінің көптеген ғалымдары Әбу Насырдың өмірі мен шығармаларын орта ғасырларда-ақ зерттей бастаған. Міне, ол күні бүгінге дейін жалғастырылып келеді.
Әлемдік өркениетте әл-Фараби алатын мәртебелі орын соған сәйкес оның мұрасын танып-таныту ісінің де ауқымын белгілеп келеді. Ғұлама шығармалары орта ғасырдан берменгі уақытта да зерттеу нысанасы болудан таныған емес. Осы орайда аты мәшһүр Ибн Синаның өзі грек ойшылдарының шығармаларын жүз қайыра оқып, әйтсе де ештеңе түсінбей, әл-Фарабидің сол шығармаларға берген түсіндірмелерін бір-ақ мәрте оқып ұққаны белгілі.
Жаңа дәуірде әл-Фараби мұрасын зерттеу ойшыл еңбектерінің Еуропа халықтары тілдерінде жарық көру кезеңімен тұспа-тұс келеді. Бұл кезеңде батыстағы фарабитанудың қарқынды даму тарихы А.Бадауи, Я.Р.Неттон, И.Мадкур, Л.Массиньон, Г.Дайбер, Г.Дэвидсон, У.Уотт және тағы басқалардың ғылыми еңбектері әл-Фараби мұрасының зерттеуден тыс қалып отырған мәселелер мәнін шешуге ықпалдасты[5].
Фарабитану Кеңес Одағы дәуірінде қарқынды жүргізілді. Мәселен, М.М.Хайруллаевтың Мировоззрение аль-Фараби и его значение в истории философии ( Ташкент, 1967 ) атты еңбегі ойшылдың дүниетанымына қатысты жәйттерді саралаумен бірге әлеуметтік танымындағы ерекшеліктерін де жан-жақты қарастырумен бұл іске серпін берді. Сондай-ақ С.Н.Григорянның редакциялауында жарық көрген Избранные произведения мыслителей стран Ближнего и Среднего Востока жинағы (Москва, 1966 ) әл-Фараби еңбектері мен орыс тілді оқырманның тікелей танысуына мүмкіндік туғызды, жинақ ойшылдың онтологиялық, әлеуметтанулық көзқарастарын айқындау ісіне үлкен қозғау салды.
А.Х.Қасымжановтың Абу Наср аль-Фараби еңбегі Шығыс Аристотелінің әлемдік мәдениеттегі беделін биікке көтеріп, бұл өреде жинақтаушы еңбектің алар орны ерекше екендігін аңғартты.
Ал Қазақстандағы фарабитану сөз болғанда, алдымен А.Х.Қасымжанов, А.Ж.Машанов, М.С.Бурабаев, А.К.Көбесов, Қ.Б.Жарықбаев еңбектері ауызға ілігеді. Осы ғалымдардың ұзақ жылғы зерттеулерінің нәтижесінде ғұлама өз кіндік қаны тамған топырақта танылып, танытылып қана қоймай, фарбитанудың Орталық Азия бойынша ірі орталығының негізі салынды. Осы орайда әл-Фарабидің логика, философия, жаратылыстану, әлеуметтік этика саласындағы еңбектерінің ғылыми түзімімен жарық көруі ізденістің деректік базасын едәуір кеңейтті. Оларды аударуда К.Тәжікова, Б.Ошерович тәрізді ғалымдар ерекше еңбек сіңірді. Ал трактаттардың қазақ және орыс тілдерінде жарық көруі А.С.Иванов, Г.К.Құрманғалиева, С.К.Сатыбекова, А.Н.Таукелов, Г.Б.Шаймұхамбетова, н.С.Қирабаев және тағы басқа ғалымдардың зерттеу жұмыстарына мұрындық болды[6].
1868 жылы Қазақ КСР-ы Ғылым академиясының Философия және құқық институтында (қазіргі Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Философия және саясаттану институты) әл-Фараби мұрасын зерттеумен шұғылданатын арнайы шығармашылық топ құрылды. Ол 1991 жылы фарабитану бөлімі болып аталса, одан кейінгі жылдарда бұл бөлім фарабитану және шығыс философиясы деп аталады[7].
Философия институтының қызметкерлері әл-Фарабидің еңбектерімен бірге оның мұрасына аса маңызды зерттеу монографияларын жариялады. Әл-Фараби мұрасын жүйелі зерттеумен философия және саясаттану институтының қызметкерлері ғана емес, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі Әл- Фараби ғылыми зерттеу орталығының қызметкерлері де айналысады.
Әл-Фараби тәрізді айтулы тұлғаның мол мұрасы фарабитанудың ғана еншісі емес. Бұл дүниетаным әлем мәдениетінің бір тарамы ретінде, соның ішінде Қазақсатнның рухани мәдениетінің төркіні ретінде жалпыұлттық философия ғылымының нәр алар бұлағына айналып отыр.
Әл-Фараби шығармашылығын зерттеудің жаңа көкжиектерін ашуға, ең бастысы Батыс пен Шығысың диалогына, әр түрлі елдер мен халықтардың дүниетанымдарының өзара жақындай түсуіне, адамзат баласы енді аяқ басқан жаңа мыңжылдықты бейбітшілік пен келісімнің салтанат құруына септігін тигізетіні де ақиқат.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Дипломдық жұмыстың мақсаты - әл-Фараби шығармашылығындағы мемлекеттік басқару саласы мен дәл қазіргі таңдағы елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетті басқаруда жүргізіп отырған саясатымен ұштастыра, байланыстырып салыстырмалы түрде талдау жасау. Осы мақсатқа орай туындаған басты міндеттер деп, мына төмендегілерді айтуға болады:
әл- Фарабидің туып-өскен, өмір сүрген, қызмет еткен тарихи кезеңінің ерекшеліктерін айқындау;
әл-Фарабидің дүниетанымы мен философиялық көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен орта ғасырлық мұсылман шығысындағы қоғамдық ой-сананың, философиялық, саяси-әлеуметтік ойдың, экономикасы мен мәдениеттің даму деңгейін бағдарлау;
әл-Фарабидің шығармашылық қызметіне, көзқарастарының қалыптасып, әрі қарай дамуына тікелей әсер еткен тарихи жағдайлар мен негізгі идеялық арқау болған философиялық, саяси-әлеуметтік, этикалық, эстетикалық ілімдер мен теориялық алғы шарттарды анықтау;
әл-Фараби дүниетанымының қалыптасуының өзіндік алғы шарттарын ойшылдың төл туындылары негізінде айқындау;
әлеуметтік таным негізін құрайтын этикалық білім мен саяси философия сипаттарының мәнін ашу;
әлеуметтік таным ерекшеліктерін адам мәселесі төңірегінде қарастырып, жетік адамның онтологиялық біліміне көз жеткізу;
қайырымды қала құрудың әдіснамалық ұстанымдарының ерекшеліктерін байыптау;
әл-Фарабидің мемлекет басқарудағы ойлары мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың елді басқарудағы саясатымен салыстыра талдау;
әл-Фараби шығармашылығындағы мәдениеттер синтезінің, қазақ философиясының, ой-санасының дамуындағы орнын анықтау, оның бүгінгі Қазақстанда қалыптасқан мәдени жағдайға байланысты маңыздылығын ескеру, бағалау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Бұл тақырыпты зерттей келе, сегіз қырлы бір сырлы қазақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист, ғұлама ғалым, ойшыл, философ, математиг, астролог, әдебиет зерттеуші, ақын, музыка теоретигі Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың бойынан табылатын қасиеттері мен дарындылығын оқып біліп, өз білімімді молайттым деуге негіз бар. Бұл қасиетерінен өзге де көптеген ерекшеліктерін байқадым. Атап айтқанда:
Шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы, оқымысты;
Орта және Таяу Шығыс елдеріндегі музыка ғылымының негізін салушылардың ең кемелділерінің бірі;
өз дәуірінің көрнекті ақындарының бірі, әдебиет теориясымен жан-жақты шұғылданған;
жетпіске жуық тіл білген;
дүниежүзі халықтарына қазақ халқының даңқын шығарып, қазақтың ұлы ұрпағы екенін жер шары халықтарына шүбәсіз мойындатқан.
Әл-Фарабидің мемлекетті басқару саласындағы ой-пікірлері ойшылдың төл туындыларын негізге ала отырып зерттелуімен белгіленеді:
әл-Фарабидің әлеуметтік танымы жеке адамның құлықтық харекеті мен мадинадағы (қала) адамдар арасындағы қарым-қатынас саясатының тоғысуынан туындаған бақыт туралы ілімнің нақ өзі екеніне көз жеткізілді;
Қайырымды қаладағы басқару мен философ қызметінің әдіснамалық принциптеріне адам баласының этикалық-имандылық келбеті негіз етіп алынғандығы түйінделді;
әл-Фараби шығармашылығындағы идея мен ақиқат – тарихи процестің екі жағы болып табылады. Тарихтағы идеялар – толыққанды мемлекеттілік принципімен қосылып, жеке тұлғалардың өмір сүруінің қажетті рухани бастамаларына айналады[8].
Әбу Насыр әл-Фарабидің көптеген ой-толғамдары осы күнгі өтпелі заманның ырғағына орамдас екенін, бүгінге дейін өз маңызын жоймағандығын айта кеткен жөн.
Зерттеудің объектісі: Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың мемлекетті басқару саласына байланысты жазылған еңбектері.
Зерттеудің құрылымы: Зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, екі тараудан, әр тарау екі тараушадан және қорытынды бөлімінен тұрады.

І-тарау. Әл – Фарабидің қоғам туралы философиялық, әлеуметтік - саяси тұжырымдамалары

Ғалымдардың сиясы – шәкірттердің қанындай қасиетті.
Әбу Насыр әл-Фараби.

1.1. Әл-Фараби шығармаларындағы қоғам жөніндегі философиялық, әлеуметтік-саяси идеялары мен көзқарастары.

Ұлы ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің толық ғылыми-шығармашылық өмірбаянын жасау - өте маңызды әрі қиын. Әл-Фараби өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын, оның философиясын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халликанның айтуына қарағанда Әбу Насыр Аристотельдің Метафизикасын қырық, Жан туралы еңбегін жүз, ал Риторикасын екі жүз рет оқып шыққан сияқты. Осындай ыждаһаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген. Ибн Халликан өз еңбегінің тағы бір жерінде жерлесіміз жайлы: Ол – аса ірі мұсылман философтарының бірі. Оның деңгейіне жеткен ешкім жоқ. Тіпті, Әбу Әли ибн Сина (980-1037ж.ж.) өзінің шығармаларын жазу үстінде оның еңбектерін пайдаланғанын, сол арқылы мәшһүрлікке жеткенін еске алады- деген[9].
Әл-Фараби ерекше әлеуметтік философияны дамытты. Ол адамзат қоғамының пайда болуын, сол қоғам өмір сүріп отырған мемлекет жүйесінің мәселелерін терең талдап берді. Осы күнге дейін әл-Фарабидің Қайырымды қала атты тұжырымдамасы саяси құрылым мен тиісті әлеуметтік дамудың мәселелерін зерттеп, зерделеуге игі ықпал етуде[10].
Орта ғасырлық тарихшылар оның қарапайым, аса қанағатшыл, жұпыны ғана киініп, той-думан, ырду-дырдудан бойын барынша аулақ ұстаған адам бол- ғанын тәптіштей жазған. Күндіз ол көбінесе қаладағы бақта күзетшілік қызмет атқарып, тапқан ақшасына сатып алған шырақ жарығымен түні бойы кітап оқумен шұғылданған[11]. Әл-Фараби алғашқылардың бірі болып адамды ардақтап, асқақтатты. Оның айтуынша, адам бақытты болуға лайықты, сол бақытын ол табуға тиіс. Оған өзінің іс-әрекетінің, жұмысының, тынымсыз ізденуі мен оқу-үйрену нәтижесінде жетуге болады. Ал адам жақсы да дұрыс басқарылатын қоғамда ғана шын мәнінде бақытты өмір сүре алады деді.
Әл-Фараби Шығыс пен Батыс мәдениетінің, ғылымының, білімінің, сенімдерінің біте қайнасып кеткен ошағы Бағдат қаласында көп мағлұмат алды. Сонымен бірге ол өз білімін Шашта, Самарқанда, Бұхарада одан ары жалғастырып, жетілдіреді. Исфахан Хамадан, Рей және басқа қалалардағы ғылыми мектептерде ұлағат алады. Жас кезін, іздену жылдарын әл-Фараби тіл үйренуге, ғылымның түрлі салаларын өздігінен меңгеруге бағыштайды. Соған орай ғұламаның түркі, араб, парсы, грек тілдерін жетік меңгергені, бұл тілдерде трактаттар ғана емес, өлеңдер де жазғаны белгілі. Оның тіл білу қабілеті орасан зор болғаны мәлім. Өзі ғана үйренумен қоймай, ол кісі тіл ғылымдарының өркендеуіне зор көңіл бөлген. Тарихи деректер бойынша әл-Фараби жетпіске жуық тіл білген. Жетпіс тілді білсе де ана тіліне құрметпен қараған. Көп тіл білгендігі туралы, Ибн Халликан шежіресінде Әбу Насырдың Халабқа алғаш келген кездегі Сайф ад-Дауламен танысуы жайлы қызықты деректер келтірілген. Мысырдан қайтып оралған бетінде әл-Фараби Сайф ад-Даула өзінің нөкерлерімен мәжіліс құрып отырған үстіне кіріп келгенде, Сайф ад-Даула оған Отыр! деп әмір етеді. Әл-Фараби: Қай жерге отырайын, сіз отырған жерге ме, жоқ әлде өзім тұрған жерге ме?-дейді. Сонда Сайф ад-Даула: Өзіңе қай жер лайық деп тапсаң, сол жерге отыр,-дейді. Сонда әл-Фараби Сайф ад-Дауланың қасына келіп, оны орнынан ығыстырыңқырап қасына жайғасады. Әміршінің өзі және бірнеше нөкері ғана білетін құпия сарай тілімен оларға: Мен мына кісіге қазір бірер сұрақ қоямын, егер ол лайықты жауап бере алмаса, жазалаңдар,-дейді. Сонда әл-Фараби іле-шала Сайф ад-Дауланың өзі жаңа ғана сөйлеген құпия тілмен О, әміршім, сәл сабыр ет. Әр істің артын баққан жөн болар!деген кезде ол қайран қалып: Апырай, сіз бұл тілді қайдан білесіз?-дейді. Сонда әл-Фараби: Ия, мен жетпіске жуық тіл білемін-деген екен[12].
Әл-Фараби көптеген тіл білгеніне қарамастан, ана тіліне құрметпен қарағандығынан кейінгі ұрпаққа еліктеуге тұрарлық асқан үлгі бола алады. Дәл осы тұста тәуелсіз еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевта 2008 жылғы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты деген тақырыпта Қазақстан халқына жолдаған жолдауында Тілдердің үш тұғырлылығы мәдени жобасын ұсынды. Бұл жобаны іске асыруды жеделдету керектігі туралы Үкіметке тапсырма берді. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды[13].
Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәрбиелік оқу-құралдарын, аудио-бейнематериалдарды әзірлеу керек деді. Қазақ тіліндегі оқулықтар шығаруға арналған тендерді үнемі жеңіп алатын бір-екі баспа ғана бар. Сонда оқулықтардың сапасын жақсарту үшін қандай бәсекелестік бола алады. Сол үшін де осы салаға жауапты тиісті органдарға нақты бір тиімді шешім қабылдауды тапсырды[14].
Әбу Насыр әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырды. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана, рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. Демек, ғұлама ғалым ең алдымен білімге ерекше назар аударады. Біліммен тапқан дүниенің маңыздылығына ден қояды. Білімді болудың басты қағидасы – ақылда,-дейді.
Ең алдымен, әл-Фараби білімнің маңыздылығына тоқталады. Бақытты болу, кәмелетке толу, қоғамдық өмірді жақсарту – барлығы да білімділікке байланысты, шын мағынасындағы білімділік – үлкен адамгершілік қасиет. Білімді болу – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз. Зиялылық – адамның көркем мінезі, білімге құштарлылығы, имандылық, яғни ар-ұждан қасиеттері арқылы қалыптасады. Ақылды болу үшін ғылым меңгеру, өнер жетілдіру қажет дейді. Білім алудың алғы шарты, әдісі дегенде әл-Фараби: Ғылым-білім үйренемін деген жас адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты тек ақиқат пен шындық жолына ғана бағытталуы тиіс, онда ғылымнан жай ләззат іздеу болмайды. Адамның көздеген мақсатына жету үшін бұған жетудің тәсілін, жолын жақсы білуі қажет. Содан соң оны меңгеруге кірісуі қажет. Бір кәсіпті не бір өнерді игеру үшін адамға бәрінен бұрын табандылық керек. Ғылымды ұғу үшін үнемі сол ғылымның жолында болуы қажет. Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл ойының жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлуі қажет. Парасаттылық адамға өзінен-өзі келмейді. Ол көп еңбек етіп, ғылым-біліммен сусындаған кісіге дариды,-деп білді[15].
Бақытқа жетудің жолы – философиямен айналысу деп есептеген әл-Фараби барлығын білімге, оқуға, ағартуға шақырады. Әл-Фарабидің осындай ізгілікке толы гуманистік идеялары Қазақстан Республикасының бүгінгі күнгі ұмтылыстарына сай келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты деп аталатын 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында осы мәселеге тоқталып өтті.
Білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту болып табылады. Ғылым және білім министрлігі заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтауы тиіс. Үкіметке, мемлекеттік холдингтерге облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып кәсіптік-техникалық білім беруді одан әрі дамыту бағдарламасын әзірлеп, іске асыруды тапсырды. Бұл бағдарлама ел экономикасы үшін барынша қызығушылық тудырып отырған тиісті білім салаларына шетел ғалымдарымен оқытушыларын тартуды көздеуі тиіс[16].
Дегенмен де осы заманғы дүниетаным, елбасымыздың тапсырмалары және әл-Фарабидің заманындағы дүниетанымдық көзқарастар мен қойылатын талаптардың арасында айырмашылықтар да болды. Әл-Фарабидің заманында материалистік дүниетаным қалыптаса қойған жоқ-ты. Сол себепті оның: дүниені құдай жаратты деген түсініктен туатын идеалистік іліміне ғұламаның өз заманының биігінен қараған жөн. Ал әл-Фараби діни-технологиялық бағыттағы топшылауларында еркін ойға, ақыл-парасатқа айрықша көңіл бөледі. Қазақ әмбебабында атап көрсетілгеніндей, әл-Фараби философиясы– материалистік нышанды философия, идеализм мен материализм арасындағы ауытқу философиясы[17].
Шығармаларында әл-Фараби қоғамның пайда болу себептерін, қоғамның типтерін және бұл қоғамдардың өмірге қабілеттілігін бағалау сияқты мәселелерді қозғайды. Бұл жағдайда ол феодализмге ғана тән жеке бастың тәуелділікте болуын кез келген қоғамдық байланыстарды қарастырудың басты критерийі деп қарастырады. Бас әкімнің тұлғасына баса назар аудара отырып, ол бұлардың адамгершілігі мен білімділігі қоғамда қайырымдылықты жүзеге асырудың негізгі шарты деп білді. Қоғам мен организмнің арасындағы ұқсастықты мейлінше мұқият қарастыра отырып, ол сонымен бірге бұлардың арасында айқын айырмашылық бар екенін айтады. Тірі организмнің мүшелеріндей емес, жеке адамдарда өзінің еркі болатынын, ол тұтас бір системаның элементі ретінде ғана әрекет етпейтінін атап көрсетеді[18].
Әл-Фараби қоғамды мемлекеттен бөліп қарамайды. Қоғамның өзі адамдардың ағзасы сияқты қайырымды қала дене мүшелерінің бәрі де тіршілік иесінің өмірін сақтау, оны анағұрлым толыққанды ету үшін бір-бірін толықтырып тұратын адамның сау тәні секілді көрінеді. Өйткені, қоғам да оның толыққанды мүшелерінен тұрады және олар да бір-бірін қажетсінеді. Адамның әлеуметтік теңсіздігі туралы айтқан әл-Фараби адамдардың әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты қайырымдылық пен жаман әрекеттер де әуел бастан жаратылысынан дарымайды олар адамдардың бір-біріне деген үстемдік құруға ұмтылысынан пайда болған деген ой түйеді.
Фарабидің өмір сүрген заманы саяси-қоғамдық, мәдени, идеялық жіктелістің кезеңі еді. Орталық билік әлсіреп, халифат бірнеше жеке мемлекеттерге бөлініп, мұсылман елдерін анархия, саяси тартыс жайлап, ислами құндылықтар ұмытылып, діни сана әлсіреген заманда өмір сүрген Фараби бұл тартыстардан тыс қалмады. Оның қайырымды қала туралы идеясы ортағасырлық араб-мұсылман қоғамының саяси-қоғамдық, рухани-тарихи жағдайының көрсеткіші. Бұл еңбек оның ішкі идеялық әлемі мен оның өзі өмір сүрген қоғамның саяси және қоғамдық шындығының синтезі. Ол өмір сүрген қоғамның тарихи ерекшеліктеріне тоқталсақ, Фарабидің жаңашыл, жасампаз талпынысының қаншалықты қажетті және маңызды екенін түсінер едік. Фараби қоғамда бірлік, жүйе және әділеттілікті орнатуды мақсат тұтты. Ол әр адам өзінің функциялық қабілеттілігі мен табиғи бейімділігіне сәйкес қауіпсіздік, тұрақтылық және әділеттіліктен өз нәсібін алады деп есептеді[19].
Фараби бұл жөнінде екі шешімді ұсынды: біріншісі – пікірдің бірлігі, екіншісі – қоғамның бірлігі. Пікірдің бірлігіне келсек, Фараби мектептердің көптігіне қарамастан, философиялық ақиқаттың бірлігін қуаттады. Ол Аристотель мен Платонның ойларын біріктіруге тырысты. Алайда жоғарыдағы грек философтары ақиқаттың бірлігі турасында қарама-қайшы көзқараста болды. Сондай-ақ, Фараби адамның ішкі толғанысын, жеке ойшылдығын әсірешіл шииттер мен Тазалық ағайындары сияқты философиялық принцип ретінде қабылдады. Оған Фараби адамдардың ой бірлігі идеясын негіздеді. Сол тарихи кезеңде Фарабиден басқа Тазалық ағайындары атты ағым да шариғаттың әлсіреп, оның орнын надандық пен адасушылық басқанын алға тартып, оны философия арқылы тазартпақшы болды. Олар гректік философия мен исламдық шариғатты біріктіргенде екеуі де мінсіз толық болады деген идеяны таратты. Фараби бұл ойын жүзеге асыра алмаса да, одан кейінгілер исламдық наным мен гректік ойды біріктірді. Ал бұл жайт өз кезегінде еврей философы Мұса бэн Маймунның, одан кейін Ф.Аквинскийдің еңбектерінде көрініс берді[20].
Қоғамның бірлігіне келсек, Фараби қоғамның тұрақты негіздерге, өзгеріссіз заңдарға сүйенгенін қалады. Ол әр қалада бірлікті жүзеге асыруда, қоғамның барлық топтары арасында әділеттілік пен жүйені орнатуда тұрақты ғаламдық құрылымдық негіздерге жүгінді. Сонда ғана саяси тұрақтылық орнайды деп түсінді. Осы тұрақты негіздерді жасау үшін Фараби ғылыми, метафизикалық, саяси және этикалық білімдерін біріктіреді. Яғни, тіршіліктегі барлық заттар бар болуы міндетті, қажетті алғашқы заттың болуын, сондай-ақ өздігінен бар болуы мүмкін заттардың және басқасы тарапынан бар болуы қажетті заттардың болуын қажет етеді[21].
Орта ғасырлардың өзінде-ақ Әбу Насыр қанаусыз, зорлықсыз бақытты қоғам орнату жөнінде батыл болжам жасаған. Мұндай қоғамның тууын ол мемлекет басшысының ақылымен, білімімен, адамгершілігімен байланыстырған.
Табиғи адамгершілік пен қасиеттер оның ойынша, белгілі бір географиялық ортаның ықпалымен қалыптасады. Әл-Фарабише айтсақ, ұлы қоғам – жер бетіндегі барша адамдар қоғамының жиынтығы, орташа қоғам – белгілі бір халықты ғана қамтитын қоғам, ал, кішігірім қоғам – жекелеген халықтың өмір сүріп отырған жерінің азғантай бөлігін алып жатқан белгілі бір қала тұрғындарының қауымдастығы. Толық емес қоғам – бір ауылдың белгілі бір көшесінде немесе үйінде тұратын адамдардың жиынтығы. Бұл төменгі сатыдағы қоғамды құрайды[22].
Әл-Фарабидің философиялық, әлеуметтік-этикалық, саяси көзқарастарын білдіретін зерттеулері де баршылық. Олар: Бақыт жолын сілтеу, Азаматтық саясат, Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері, Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары, Бақытқа жету жолында деп аталатын ғылыми еңбектері болатын. Сонымен бірге бұл трактаттар әл-Фарабидің дүниетанымын айқын танытатын туындылары болып табылады. Ғұламаның бұл еңбектерінде философия, этика, эстетика, әлеуметтану сияқты және басқа да көптеген мәселелері бірімен бірі таспадай өріліп, өз заманының қоғамдық болмысын айқын суреттейді. Әл-Фараби өз зерттеулерінде этика, мораль мәселелеріне ерекше назар аударып отырған. Этиканың зерттеу объектісі – мораль, мінез-құлық, әдептілік нормалары екенін жан-жақты дәлелдеген. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, этиканың ең жоғары категориясы – бақыт болып табылады. Сондай-ақ ол адам бойындағы ақыл-парасатты этикалық-адамгершілік қасиеттерден бөліп қарауға болмайды дегендей пікір айтады. Ақыл мен адамгершілік, қайырымдылық өзара табиғи түрде байланысып жатқан құбылыстар екенін түсіндіреді. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, адам өзінің мінез-құлқын жетілдіре түсу үшін, ең алдымен, ол өзіне-өзі мейлінше адал болуы тиіс. Сонда ғана адам өз бойындағы ізгілікті қасиеттерді барынша жетілдіре түсуге мүмкіндік алады.
Әл-Фараби ғылымның философия, әлеуметтану, саясат, логика сияқты салаларының іргетасын қайта қалаған, әр ғылым саласын жеке пән ретінде игеру жағын көтере отырып, олардың мәнін айқындап, мазмұнын ажыратуға тырысқан. Ғалым философияны үйрену үшін ежелгі грек ойшылдарынан бастап өзіне дейінгі ғалымдардың ой-пікірлерін сарапқа салады да, соңында өз ойларын айтады. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын ең бірінші талап – ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде адам философияны үйрене де алмайды, үйрете де алмайды. Арың таза, жаның мөлдір, ділің адал болмайынша ғылым әлеміне ену нақұрыстық дейді. Сондықтан да әл-Фараби өзінің Философияны оқып-үйрену үшін алдын ала нені білу керек? деген трактатында: философияны меңгеру үшін ең бірінші алғы шарт ретінде ар тазалығы мен жан тазалығына ден қояды[23].
Философия мәселесі, жекелеген адам мен тұтас қоғам үшін оның пайдалылығы мен қажеттілік негізі жас ұрпақты тәрбиелеудегі әдістемелік және тәжірибелік мәні, оның жан-жақты қызметі - әл-Киндиден Ибн Рушдке дейінгі араб тілдес философтар көзқарастарындағы орталық тақырып. Фараби үшін философия – білімнің ең жоғарғы түрі, қайырымдылықты дарытудың ең жақсы жолы. Қоғамның мінез-құлық, процесіне қажетті шарттылық. Ойшылдың ежелгі екі ұғымды теңдестірмеуінде, жекелеген қала тұрғындары кіші қоғамға, жер бетін мекендеуші барлық адамзатты – ұлылар қоғамына жатқызады. Адам деген түсініктің өзін Фараби ежелгі грек философтары сияқты ұлттық, нәсілдік, мемлекеттік, таптық көмкерумен шектелмейді. Ондағы адам - әлем азаматы. Фараби өзі өмір сүрген қоғамда философияның алдыңғы орынға ие болуына ұмтылыс жасады. Тек философияның дәнекерлігі арқылы жер бетінде ақыл-ой, бақыт және қайырымдылық патшалығын ұйымдастыруға болады,-деп түйіндеді[24].
Әл-Фараби даналықты (философияны) негізге ала отырып, адам қоғамын жан-жақты түрде зерттейді. Сонымен бірге ол тіпті Аристотельдің пікірлеріне де толықтыру енгізіп, адам қоғамын өзінше талдады. Оның ойынша, қоғам неғұрлым үлкен болса, ол соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Өйткені, адамдардың өзара қауымдастығы, еңбек бөлінісі, рухани қарым-қатынастары бір-бірін толықтырып, Платон айтқандай, қоғамды, мемлекетті даналардың билеуіне мүмкіндік жасайды. Ал енді қоғам толық емес деп есептелетін себебі жолдағы уақытша аялдаған жерлердегі адамдар, яғни үнемі бір жерден екінші жерге көшіп жүретін көшпелілер жататын топтар. Мұндай жерлерде халықтың аз болуы мүмкін. Ендеше, ғылым мен мәдениеттің өркендеуіне кедергілер де көп кездеседі. Бірақ әл-Фараби жетілген қоғамға ерекше көңіл бөледі. Өйткені, қоғамдағы ең басты мәселе – рухани-мәдени байлық бірінші орында тұрады[25].
Әбу Насырдың пікірінше, даналық (философия) адам мақсатының тамаша көркемдікке ие болуы. Бұл адамның іс-әрекеті даритын қасиеті бар заттарды танудың негізінде білім алушылық. Бұны Фараби практикалық және азаматтық философия деп аталады. Бұл өз кезегінде Аристотельдің классификациясына ұқсас этика және саясатты қамтиды. Демек, даналық және адамгершілік бір-бірінсіз айырмашылықта әрі бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Себебі дана үшін білім – билік, әрі ең бастысы биік адамгершілік қажет. Сондықтан да қазақ даласындағы ғұлама бабаларымыз даналығының өзі биік мәртебелік, адамгершілік тұрғысынан көрінеді. Даналық ең бастысы ақыл-парасатпен өлшенеді[26].
Әл-Фараби жердегі адамдардың бәрі қосылып ұлы қоғамды құрайтынын айтады. Сонымен қоса олардың орташа қоғам, кіші қоғамға бөлінетіндігін, әр қайсысының өзіндік ерекшелігі бар екеніне тоқталады. Әсіресе, ғұлама құндылықтар әлемін (шынайы немесе жалған) қалалардан іздейді. Мәселен, ғұламаның мынандай тұжырымдары бар: Адамдар бірлестігі шынайы бақытқа жеткізетін істерде өзара көмектесу мақсатын қойған қала қайырымды қала болып табылады, ал адамдарды бақытқа жеткізу мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам қайырымды қоғам. Барлық қалалары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын болса, бүкіл жер жүзі осылайша қайырымды болмақ[27].
Әл-Фараби өз заманындағы әлеуметтік жағдайларды көре отырып, қоғамның өзіндік моделін – адамдар жан-жақты жетілгенде жүзеге асыруға болатын қайырымды қала тұрғындары идеясын ұсынады. Оның бұл ойы, яғни жетік адам бейнесі бүгінгі күн тұрғысынан алып қарағанда да маңыздылығын жоймаған, өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Дегенмен Фараби философиясына қайта оралсақ, ол – шындығында өзгеше сипаттағы философия. Оның белгілі тармақтарын белгілі бір дәрежеде әл-Фараби тұжырымдап берді.
Бұл жерде оның философиялық жүйесіне тірек болған басты үш мәселені тұжырымдап атап өтуге болады.
1. дүниені мәңгілік деп тану;
2. зерттеу принципі ретіндегі детерминизм;
3. парасат жайындағы ілім.
Әл-Фарабидің философиялық ілімінің ең құнды жақтарының біріне – парасат жайындағы ілім жатады. Әл-Фараби: философия дүниені тану, сезіну екендігін, оның бар ғылым саласына қатысы бар екендігін дәлелдеп айтады[28].
Парасат деген ұғымды әл-Фараби ұсына отырып, ойлау мен болмыс пара-парлығының диалектикасын шебер ашып көрсетеді. Таным дәрежесіне жеткенге дейін екі тараптан потенциалды болады. Субъект тарапынан алып қарағанда, парасат - өзін әлі көрсете қоймаған пайымдау қабілеті ретінде потенциалды. Объект тарапынан алып қарағанда, парасат – заттың ойландыруға, пайымдалуға қабілеттілігі себепті потенциалды.
Әл-Фараби парасаттылық, парасатты адам дегенде, мұны интеллект, интеллекция актісі деп түсінеді. Парасаттыға сенім керек ал, сенім дегеніңіз қайырымдылық. Парасатты деп қайырымды адамды – жақсылықа асық, жамандыққа қашық адамды айтады[29].
Оның пайымдауынша, қайырымды, ақылды, тапқыр адам өзінің бұл қасиеттерін мақтауға тұрарлық істер жасау үшін немесе бұзақы істерден аулақ болу үшін қолданатын адам ғана парасатты адам деп саналады.
Әбу Насыр әл-Фараби ғұмыр бойы ғылыммен айналысқан. Оның ғылым жолына келуі былай басталған делінеді: Бірде әл-Фарабидің жақын адамдарының бірі оған кітаптар беріп, оны сақтап қоюын өтінеді. Бұл кітаптардың арасында әрине Аристотельдің көптеген трактаттары болған еді. Сол трактаттарды оқып, оны одан әрі жалғастырады. Сонымен бірге Әбу Насыр бабамыз – әмбебап ғалым болған. Себебі әл-Фараби ғылыммен айналыспас бұрын сот қызметін атқарған деген деректер де бар[30].
Адам алға ұмтылатын және өз күшімен қол жеткізе алатын адам болмысына тән гуманистік принциптер, Фараби ілімінде ақыл-ой, бақыт, қайырымдылық ретінде әрекет етеді. Адамды осы құбылыстарға шартты түрде ұмтылыс жасайтын тірі дене ретінде қарастыра отырып, Фараби алдыға жылжу, даму адамның кемелдену идеясын бекітеді.
Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің қоғамдағы философиялық, әлеуметтік-саяси, этикалық, теориялық, жаратылыстану ғылымдары салаларындағы пікірлерімен, ғылыми тұжырымдарымен жете танысу, оның дәуірін терең түсініп, бойлауға мүмкіндік береді.
Оның ғылыми ой-пікірлері өзінен кейінгі дәуірдегі Шығыс пен Батыс Еуропа халықтарының философиялық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ой-пікірі мен өнерінің дамуына, жалпы рухани құндылықтардың дамуына әсер етіп, оларға үлкен ықпалын тигізуде.
Әл-Фарабидің шығармаларынан өз қоғамындағы философиялық, әлеуметтік-этикалық, саяси көзқарастарынан бүгінгі қоғамның көріністеріне пайдалы да тиесілі үндестік табамыз.

1.2. Әл-Фарабидің еңбектеріндегі мемлекет және саясат туралы тұжырымдамаларының мазмұны мен мақсаты.

Тарихқа неғұрлым терең үңілген сайын біз жеке ұрпақтардың, тайпалар мен ұлттардың мәдениеті мүлде оқшау дамиды деген теорияның негізсіздігін соғұрлым айқын көреміз. Дүниежүзі мәдениетінің дамуында із қалдырған сол көрнекті қайраткерлер, шындығында, адамзат мәдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Әл-Фараби осындай дүниежүзілік тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын, иран, үнді, антика мәдениетінің жемістерін бойына дарытты. Сондықтан да ол тайыз ұғымдар мен соқыр сенімдерден жоғары көтеріле біліп, өзінің ойлау жүйесін сындарлы да икемді ете білді. Әл-Фараби өз заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап ала біліп, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді.
Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінде орта ғасырлық араб философиясындағы саясат, мемлекет және билік пен құқық туралы ойлары жан-жақты талқыланды. Саясат, мемлекет және билік арасындағы айырмашылықтарға көңіл бөлмеген араб философтары бұл ұғымдарды синонимдер ретінде бағалап саясат пен саяси ілімнің басқа нұсқаларын ұсынды. Саяси мәселелерді қарастыруда араб-мұсылман философиясы көп жағдайда ежелгі грек философиясына, әсіресе Платон,Аристотельдің көзқарастарына сүйенді. Саясат олардың көпшілігі үшін өздері қайырымды қала деп ат қойған идеалды мемлекет істері туралы ғылым болып саналады. Мұндай қалалар ретінде олар бірге тұрған, мақсаттары бір, бір басшылыққа бағынған шағын қауымнана бастап Араб халифатына дейінгі адамдар қауымдастығын түсінді. Ал, араб саяси философиясының атасы атанған әл-Фараби саяси теория қайырымды басқаруды сақтау мен оны ұйымдастырудың тәсілдерін, қала тұрғындарына қайырымдылық пен игіліктің қалай келетіндігін және бұл нәтижеге қандай жолмен жетуге болатындығын оқытып үйретеді деп атап көрсетеді[31].
Ғұлама ғалым ретінде әл-Фараби ат салыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, мемлекет, саясат, астрономия, медицина, әдебиет теориясы, музыка және тағы басқа ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды. Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір тізімдері ғана сақталған. Соның өзінде ұлы ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақтылы деректер жоқ. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш.Штейшнейдер жүз он жеті еңбек десе, түрік ғалымы А.Атеш жүз алпыс, ал совет ғалымы Б.Ғафуров екі жүз трактат деп көрсетеді. Ұлы ғалымның ұшан-теңіз еңбектерінің біздің заманымызға дейін сақталып, бүгінгі ұрпақтың қолына тигені қырыққа жуық шығарма деуге болады. Әйтседе осы қырық шақты еңбегінің өзі-ақ әл-Фарабидің энциклопедист-ғалым, дарынды әдебиетші, ұшқыр ойлы ақын болғанын толық дәлелдейді[32].
Әрине, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті және оны оқыту
Орта ғасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ
Дін анықтамалары
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Ортағасырлық философия
Дін және саясат
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері
Баланы тәрбиелеудегі мектеп пен отбасының өзара әрекетінің педагогикалық ерекшеліктері
Социология ғылымының қалыптасуы және дамуы
Пәндер