Қақтығыстар мен шиеленістер



1 . модуль. Кактыгыстард ің негізгі ұғымдары

Шиеленісті дамыту ғылым ретінде
Шиеленістің жалпы теориясы
Шиеленіс туындауының тұлғалық ерекшеліктері

2 . модуль. Шиеленіс түрлері
4. Ішкі тұлғалық шиеленіс
5. Тұлғааралық шиеленіс
6. Шиленіс туындауының топтық ерекшеліктері
7. Ұйымдағы билік және шиеленіс
8. Топаралық шиеленіс
9. Саяси шиеленіс
10.Ұлтаралық шиеленіс
11. Халықаралық шиеленіс

3 . модуль. Шиеленістің алдын алу және шеу тәсілдері

12. Шиеленістің алдын алу үшін ширығуды басқару
13. Шиеленістің алдын алу
14. Шиеленісті басқару
15. Келіссөздер шиеленісті шешу әдісі ретінде
Конфликтология көптеген денгейлік құралдар мен анықтамаларға ие. Батыста Л.Козердің шиеленіс туралы анықтамасы кең етек жайған.
Шиеленіс – құндылықтар мен белгілі бір мәртебе, билік, ресурстар үшін күрес. Бұл күресте қарсыластардың мақсаты бір-біріне зиян келтіру, бірін бірі бейтараптандыру немесе тіпті жою болып табылады. О.Н.Громованың пікірі бойынша, шиеленіс дегеніміз әр тараптың қатты эмоционалды күйзеліс үстінде өзінің мақсат мүддесін іске асыруға белсенді бағытталған іс-әрекеттер.
Бұл процесс кезінде байқалады.
В.П.Ратников мынадай анықтама береді: Шиеленіс - өздерінің мақсат, мүдделеріне жету жолындағы күресте айқталған адамдардың арасындағы (немесе тұлғаның ішкі құрылым элементтері) іс-әрекет сапасы.
Шиеленістің негізі адамдардың және адамның ішкі дүниесі арасында пайда болатын қарама-қайшылық. Осы қарама-қайшылық шиеленісуші тараптардың арасындағы күрестің себепшісі болады. Бірақ шиеленісті туғызатын қарама-қайшылықтың объективті сипатта болуы міндетті емес. Олар субъективті немесе тіпті жалған болуы мүмкін. Дегенмен олар адам үшін маңызды болса, шиеленіс жағдайдың туындауына себеп болады. Шиеленістің өзі өзара іс-әрекетке қатысушылар арасындағы күрестен туындайтын шектен тыс қарама-қайшылықты айқындайды. Бұл жерде қарама-қайшылықтың бірден асқынуы туралы айтып отырмыз, өйткені кез келген қарама-қайшылық шиеленіс туғызбайды. Тіпті қарама-қайшылық шиеленіссіз формада болуы мүмкін. Бұған мысал ретінде әйел мен еркек, адам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылықты алуға болады.
Әрбір шиеленіс – ол әлеуметтік субъектілердің арасындағы қарым-қатынас. Алайда кез келген қарым-қатынас шиеленіс бола бермейді. Тайталас жоқ жерде жағымсыз эмоциялық қарама-қайшылықтар болмайды. Әрбір конфликт әлеуметтік қарым-қатынастың сапасы ретінде адамның қызметі мен мүдделері негізінде туындайды.
Оның жануарлар әлеміндегі тіршілік үшін күрестен басты ерекшелігі осы болып табылады. Шиеленіске қатысушылар кімнің мүддесі тікелей айтылса, ол шиеленістің субъектісі болып табылады. Шиеленістің субъектісі – жеке тұлға, топ, бөлімше болуы мүмкін. Шиеленістің объектісі ретінде тайталасты тудырушы тараптың білдірген жағы анықталады. Шиеленістің мәні – тараптар арасында дау туғызуға себепті болған объективті (билік, алғашқы болу) түрде шынайы бар немесе қиялдан туған проблема.
Табиғат, ресурстар және т.б. егер оларға қызығушылық пайда болса, оған бақылау жасауға, иемденуге, немесе тартып алуға әрекет етсе, онда ол шиеленістің объектісі болып табылады. Қызығушылық шиеленістің туындауы үшін қажетті бірақ жеткіліксіз себеп болып табылады. Шиеленістің объектісі, танымы, қол жетпейтін болып және оны шиеленіске түсушілердің бәрі иемденуге ұмтылған кезде нағыз күшіне ие болады. Әр түрлі жағдайларға байланысты шиеленістің шынайы объектісін адамдар кейде жасырады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 143 бет
Таңдаулыға:   
Пән мазмұны

1 - модуль. Кактыгыстард ің негізгі ұғымдары

Шиеленісті дамыту ғылым ретінде
Шиеленістің жалпы теориясы
Шиеленіс туындауының тұлғалық ерекшеліктері

2 – модуль. Шиеленіс түрлері
4. Ішкі тұлғалық шиеленіс
5. Тұлғааралық шиеленіс
6. Шиленіс туындауының топтық ерекшеліктері
7. Ұйымдағы билік және шиеленіс
8. Топаралық шиеленіс
9. Саяси шиеленіс
10.Ұлтаралық шиеленіс
11. Халықаралық шиеленіс

3 – модуль. Шиеленістің алдын алу және шеу тәсілдері

12. Шиеленістің алдын алу үшін ширығуды басқару
13. Шиеленістің алдын алу
14. Шиеленісті басқару
15. Келіссөздер шиеленісті шешу әдісі ретінде

2. Шиеленістің жалпы теориясы
2.1. Шиеленіс туралы түсінік, нысаны және мәні

Конфликтология көптеген денгейлік құралдар мен анықтамаларға ие.
Батыста Л.Козердің шиеленіс туралы анықтамасы кең етек жайған.
Шиеленіс – құндылықтар мен белгілі бір мәртебе, билік, ресурстар
үшін күрес. Бұл күресте қарсыластардың мақсаты бір-біріне зиян келтіру,
бірін бірі бейтараптандыру немесе тіпті жою болып табылады. О.Н.Громованың
пікірі бойынша, шиеленіс дегеніміз әр тараптың қатты эмоционалды күйзеліс
үстінде өзінің мақсат мүддесін іске асыруға белсенді бағытталған іс-
әрекеттер.
Бұл процесс кезінде байқалады.
В.П.Ратников мынадай анықтама береді: Шиеленіс - өздерінің мақсат,
мүдделеріне жету жолындағы күресте айқталған адамдардың арасындағы (немесе
тұлғаның ішкі құрылым элементтері) іс-әрекет сапасы.
Шиеленістің негізі адамдардың және адамның ішкі дүниесі арасында
пайда болатын қарама-қайшылық. Осы қарама-қайшылық шиеленісуші тараптардың
арасындағы күрестің себепшісі болады. Бірақ шиеленісті туғызатын қарама-
қайшылықтың объективті сипатта болуы міндетті емес. Олар субъективті немесе
тіпті жалған болуы мүмкін. Дегенмен олар адам үшін маңызды болса, шиеленіс
жағдайдың туындауына себеп болады. Шиеленістің өзі өзара іс-әрекетке
қатысушылар арасындағы күрестен туындайтын шектен тыс қарама-қайшылықты
айқындайды. Бұл жерде қарама-қайшылықтың бірден асқынуы туралы айтып
отырмыз, өйткені кез келген қарама-қайшылық шиеленіс туғызбайды. Тіпті
қарама-қайшылық шиеленіссіз формада болуы мүмкін. Бұған мысал ретінде әйел
мен еркек, адам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылықты алуға болады.
Әрбір шиеленіс – ол әлеуметтік субъектілердің арасындағы қарым-
қатынас. Алайда кез келген қарым-қатынас шиеленіс бола бермейді. Тайталас
жоқ жерде жағымсыз эмоциялық қарама-қайшылықтар болмайды. Әрбір конфликт
әлеуметтік қарым-қатынастың сапасы ретінде адамның қызметі мен мүдделері
негізінде туындайды.
Оның жануарлар әлеміндегі тіршілік үшін күрестен басты ерекшелігі
осы болып табылады. Шиеленіске қатысушылар кімнің мүддесі тікелей айтылса,
ол шиеленістің субъектісі болып табылады. Шиеленістің субъектісі – жеке
тұлға, топ, бөлімше болуы мүмкін. Шиеленістің объектісі ретінде тайталасты
тудырушы тараптың білдірген жағы анықталады. Шиеленістің мәні – тараптар
арасында дау туғызуға себепті болған объективті (билік, алғашқы болу) түрде
шынайы бар немесе қиялдан туған проблема.
Табиғат, ресурстар және т.б. егер оларға қызығушылық пайда болса,
оған бақылау жасауға, иемденуге, немесе тартып алуға әрекет етсе, онда ол
шиеленістің объектісі болып табылады. Қызығушылық шиеленістің туындауы үшін
қажетті бірақ жеткіліксіз себеп болып табылады. Шиеленістің объектісі,
танымы, қол жетпейтін болып және оны шиеленіске түсушілердің бәрі
иемденуге ұмтылған кезде нағыз күшіне ие болады. Әр түрлі жағдайларға
байланысты шиеленістің шынайы объектісін адамдар кейде жасырады.
Шиеленістің субъектісінсіз объект болмайды. Керісінше объект шиеленіске
қатысушылар мүдделерімен үнемі байланысты, және ол мүдделер қайшылықта
болып келеді.
Шиеленістің объектісі болғанда ғана шиеленіс туындайды.
Индивидтердің, әлеуметтік топтардың арасындағы қақтығыстар негізсіз
болмайды, олар өзара бір нәрсені бөлісе алмаған жағдайда туындайды. Бір
нәрсе деген түрлі материалдық және рухани құндылықтар болуы мүмкін:
жекеменшік билік ресурстар, мәртебе, идея және т.б. Тайталасушы тараптардың
мүдделері қақтығысынан туындайтын құндылық шиеленістің объектісі деп
аталады.
Шиеленістің объектісі мен мәнін ажырата білу қажет. Жалпы
шиеленістің объектісі деп - шиеленіс субъектілерінің әрекеттістігіне
байланысты шынайлықтың бір бөлігін атауға болады. Ал шиеленістің мәні
шиеленіске өзара әрекет етуші тараптардың арасында туындаған және оны
тайталас арқылы шешуге әрекеттенген қарама-қайшылық. Сондықтан шиеленістің
шешілуі алдымен объектіні емес, мәнінің жойылуымен байланысты. Мынадай
жағдай да кездеседі: шиеленіс объектісі жоқ, ал субъектілер арасында
қайшылық әлі де қалған. Шиеленістің объектісі шынайы потенциалды, қияли
иллюзиялық болады.
Бірақ шиеленістің мәні әрдайым шынайы және маңызды. Сонымен қоса
шиеленістің объектісі ашық және жасырын түрде болуы мүмкін. Шиеленістің
мәні - оппоненттер арасындағы қайшылық әрдайым анық көрінеді.
2.2. Шиеленіс түрлері

Шиеленісті жіктеудің кең тараған түрі, оны субъектілерге немесе
шиеленістің жақтары бойынша топтастыру.
Олар мынадай болып бөлінеді:
1. Ішкі тұлғалық.
2. Тұлғааралық.
3. Тұлға мен топ арасындағы.
4. Топаралық.
5. Мемлекетаралық.
Ішкі тұлғалық шиеленіс иесі негізі – жеке тұлға. Бұл шиеленістің
мазмұны қайшылықты талпыныстардан туындаған, тұлғаның негативті
уайымдарынан пайда болады. Бұл шиеленістер мазмұнына қарай көбінесе
психологиялық болып табылады, олар себептердің, мүдде, құндылықтардың және
тұлғалардың өзіндік бағалауынан туындап, эмоционалдық қысым мен жағымсыз
уайымдармен бірге болады. әрбір жанжал сияқты ол деструктивті және
конструктивті сипатта болады және оның туындауының әр түрлі себептері
болады.
Мысалы:
- қажеттіліктер қайшылығы;
- ішкі қажеттілік пен әлеуметтік норма арасындағы қайшылық;
- индивидтің әр түрлі ролдерінің арасындағы қайшылық;
- мінез-құлықтың әр түрлі нұсқасы арасындағы таңдау қиыншылығы.
Тұлғааралық шиеленіс – бұл жеке индивидтердің арасында психологиялық
және әлеуметтік байланыс кезінде туындаған қақтығыс. Мұндай шиеленістер
қоғамдық өмірдің әр саласында туындайды: тұрмыстық, экономикалық, саяси,
өндірістік және т.б.
Тұлғааралық шиеленістің туындау себептері әр түрлі болады:
объективті, яғни адамның қалауынан тыс; материалдық және идеалды, уақытша
және тұрақты және т.б.
Кез-келген тұлғааралық шиеленістерде тұлғаның психикалық, әлеуметтік-
психологиялық және адамгершілік мінездері, адамдардың және қасиеттерінің
маңызы зор.
Тұлға мен топ арасындағы шиеленіс көп қырлы, оған топтық ұйымның
себептері де қосылады. Ол деструктивті және конструктивті болуы мүмкін.
Топаралық шиеленіс кіші, орта үлкен топтар мүдделерінің
қақтығысуынан пайда болады. Топаралық шиеленістің себептері алуан.
Экономикалық, саяси, ұлттық-этникалық, діни, мәдени және т.б.
Әлеуметтік топтардың әр түріне шиеленістің пайда болуын өзіндік
ерекшеліктері мен әр түрлі шешу тәсілдері бар. Мемлекетаралық шиеленісте
тайталасушы тараптар ретінде жеке мемлекет немесе мемлекет топтары болады.
Мұндай шиеленістің негізі – мемлекет мүдделерінің қайшылығы.
Мемлекетаралық шиеленістің ерекшелігі – мемлекеттер арасында соғыс
туындаған жағдайда жаппай жойылу қаупті.
Шиеленістің туындау нұсқаларының алуандығына байланысты, олардың
саны мен түрі көп. Шиеленістер мынадай факторларға байланысты жіктеледі.
Шешу тәсілдері (күштеу әдісі немесе ерікті) пайда болу саласы (саяси,
әлеуметтік, экономикалық, өндірістік, тұрмыстық, отбасылық, әскери,
педагогикалық және т.б.) әсер ету бағыты бойынша (вертикальді немесе
горизонтальді), анықтығына байланысты (ашық, жабық), шиеленістік
объектісіне байланысты объектісі бар және объектісі жоқ) қажеттіліктерге
байланысты (мүдделер, көзқарастар объектің сипаттамасы бойынша (ресурсты,
рольдік-мәртебелік, әлеуметтік-мәдени, идеологиялық т.б.). Шиеленістер
кеңістікте, уақытта өтеді және алуан түрлі субъектілердің қатысуымен
болады. Уақытша (ұзақтығы бойынша) кеңістік (шиеленіс болған аумағын
анықтау) және субъектілік (негізгі қатысушылардың саны) және оның
шекаралары.
2.3. Шиеленістің құрылымы

Шиеленіс бір жағдайдан екінші жағдайға өту процесі, олардың әрқайсы
өзінің қиындығымен сипатталады. Өздерінің сипаттамасы бойынша шиеленіс
элементтері 2 топқа бөлінеді: объективті (тұлғалық емес) және тұлғалық.
Шиеленістік объективті элементіне адамның қалауына, тұлғалық
ерекшеліктеріне (психологиялық, құндылықтың бағытына) тәуелсіз факторлар
жатады. Мұндай элементтерге шиеленіс объектісі, қатысушылары және
шиеленістің болған ортасы жатады.
Қазіргі конфликтология шиеленістің қатысушыларын негізгі (тура) және
негізгі емес (жанама) деп бөледі. Шиеленістің негізгі қатысушылары – бұл
қақтығысқа тікелей қатысушы. Олар шиеленіс дамуындағы ең және белсенді
ролге ие. Негізгі қатысушыларды субъект шешуші оппоненттер деп атайды.
Шиеленіске қатысушы тараптардың қарымы мен немесе күштеріне байланысты
оппонент дәрежесі деген ұғым туындайды. Шиеленіске қатысушылардың
қақтығысқа әсер ету мүмкіндігі көп болса, олардың дәрежесінің жоғары
екендігін білдіреді. Шиеленістің негізгі емес қатысушыларына қалған
қатысушылар жатады. Олардың шиеленіске әсер етуінің ролі екінші деңгейлі
және оларды үшінші жақ деп атайды. Шиеленістің негізгі және негізгі емес
қатысушыларының арасындағы шекара жиі жылжымалы болып келеді, орындары
ауысуы мүмкін. Шиеленістің жанама қатысушыларының арасынан шиеленіс
субъектісіне қолдау көрсету үшін ұйымдастырылатын топтарды айтуға болады.
Олар қолдау топтары деп аталады. Шиеленістің пайда болуымен дамуына
шиеленістің басқа да қатысушылары әсер етеді: инициаторлар,
ұйымдастырушылар, делдалдар (медиаторлар). Инициаторлар – басқа тұлғалар
немесе мемлекеттер арасындағы шиеленістің бастамасын өзіне алатын
шиеленіске қатысушылар. Олар жеке адам, топ, тіпті мемлекет болуыда мүмкін.
Шиеленісті шешілуін бастаған адам оған қатыспауына да болады.
Ұйымдастырушылар – қақтығысты өзінің пайдасына шешу мақсатында жоспарды
ұйымдастыратын, оппоненттермен бірге жалпы шиеленіске
қатысушылар.Шиеленісті ұйымдастыру дегеніміз – шиеленістің динамикасын
өзінің үлесіне зияннан гөрі пайда көп түсіру мақсатында ойластыру.
Делдалдар – қатысушыларға шиеленістің шешілуіне ұйымдастыруға және
дамуына топ немесе жекелеген адамдардан тұруы мүмкін. Делдалдардың көмегі
әртүрлі сипаттамада бола алады: материалдық, идеологиялық, рухани,
ресурстық, ақпараттық, әкімшілік және т.б. Делдалдар (медиаторлар)
шиеленістің үшінші тарабы. Делдалдың ролі – шиеленісті шешуші беделді
көмекшінің ролі, бұл рольде жеке адам, сондай-ақ ұйымдармен мемлекет те
бола алады. Делдалдың айрықша белгісі екі жақ та мойындаған оның беделі
және бейтарап позициясы болып табылады.
Делдалдық мақсаты – оппоненттер арасында белгілі бір ымыраға келу
арқылы шиеленісті тоқтатуға қол жеткізу. Аралық соттан айырмашылығы –
делдалдың аралық сот сияқты ақтық шешім шығару құқығы жоқ. Арбитр (төреші)
де ұйғарым айту құқығына ие және оның қолында билік бар, алайда оның
ұйғарымы аралық сот шешімі сияқты соңғы шешім бола алмайды, жоғары сатылы
соттарға шағымдалуына болады.
Шиеленістің ортасы – шиеленістің объективті шарттарының жиынтығы
және оның пайда болуы мен динамикасына ықпалы зор. Әлеуметтік жүйе
деңгейіне байланысты макроорта мен микроортаны топтастырады. Шиеленістің
микроортасы – тұлғааралық және топаралық шиеленіске тікелей әсер ететін
адамдардың қарым-қатынасы. Микроорта көлемі – шағын әлеуметтік топ.
Шиеленіс макроортасы үлкен әлеуметтік топтар мен мемлекет аралық
шиеленістің дамуына әсер ететін шарттар.
Шиеленіс құрамына байланысты шиеленіс ортасын үш тұрге бөлуге
болады: физкалық, қоғамдық – психологиялық және әлеуметтік. Шиеленістің
физикалық ортасы – шиеленіс өтетін физикалық, географиялық және
экологиялық шарттар мен факторлардың жиынтығы. Қоғамдық – психологиялық
орта – шиеленіс дамитын мінез–құлық, көңіл-күй, сезімдер мен пікірлердің
жиынтығы. Бұл факторлар шиеленіске қатысушылар үшін объективті болып
табылады. Олардың еркіне, сана-сезіміне, қалауына байлансты емес. Бұл орта
қоғамдық жүйенің микро және макро ортасында білінеді. Шиеленістің
әлеуметтік ортасы – тараптардың тайталасы туындаған және дамыған қоғамдық
шарттар жиынтығы. Шиеленістің әлеуметтік ортасының жалпы және іргелі
факторлары: өркениеттің түрі, өмір сүрудің әлеуметтік-экономикалық шарттары
мен қоғамның әлеуметтік саяси жүйесі. Алайда шиеленістің әлеуметтік
ортасына адамдар өмір сүріп отырған әлеуметтік мәдени шындық та кіреді.

2.4.Шиеленістің себептері

Себеп дегеніміз – басқа бір құбылысты тудырушы құбылыс пен іс-
әрекет. Шиеленіс әр түрлі себептерге байланысты туындайды: сыртқы және
ішкі, жалпы және жеке, материалдық және идеалдық, объективті және
субъективті.
Себептерді былай топтастыруға болады:
1. Мүдделер қайшылығы шиеленістің негізгі себебі ретінде.
2. Шиеленіс туындауының объективті факторлары.
3. Шиеленіс туындауының тұлғалық себептері.
Себепті сылтаудан ажырата білу қажет. Сылтау – шиеленістің
басталуына әсер етеді, бірақ оның қажеттіліктен пайда болуын анықтамайды.
Себепке қарағанда сылтау байқаусызда немесе жасанды түрде жоқ жерден
пайда болады. Себеп заттардың заңды байланысын көрсетеді. Мүдделер
қайшылығы шиеленістің негізгі себебі ретінде. Шиеленістің себебі – оның
пайда болуын алдын ала анықтайтын құбылыс.
Егер шиеленіс субъектілері үшін қажеттілік ретінде туындаған болса,
онда ол шиеленіс себебі болады. Қажеттілік – организмнің, тұлғаның,
әлеуметтік топтың немесе өмірге сүруге қажеттілігінің кемшілігі немесе
жетіспеушілігі. Қажеттілік адамның белсенділігін арттырушы. Бірақ
қажеттіліктің болуы шиеленіс туындауы үшін жеткіліксіз шарт. Шиеленіс қарым-
қатынасқа түсушілердің қажеттіліктері тапшылығы кезінде туындайды.
Шиеленістің себебі – мүдде ретінде болатын саналы қажеттілік. Алайда кез
келген мүдде шиеленіс себебі бола бермейді, тек қана тапшы қажеттілікті
қанағаттандыруға байланысты мүддеде ғана бола алады. Сонымен, кез-келген
шиеленістің себебі – оның субъектілерінің мүдделерінің қайшылылығы.
Шиеленіс- қарама қайшылылықтың көрінісі.
Қайшылық дегеніміз - қарама-қарсы бағытталған көзқарастардың,
талпыныстар мен қимылдардың өзара әрекеттестігі. Өзінің сипаты бойынша
олар: ішкі және сыртқы, антогонистік және антогонистік емес, негізгі және
негізгі емес, объективті және объективті емес, негізгі және қосымша тұрақты
және уақытша және т.б. болады. Ішкі қайшылықтар – топ, ұйым, қауым ішіндегі
мүдделердің қақтығысында айықталады. Сыртқы қайшылық екі немесе бірнеше
өзіндік жүйе арасында пайда болады. Кейде ішкі және сыртқы қайшылықтар бір-
біріне әсер етуі мүмкін. Антогонистік қақтығыс – шиеленіске қатысушылардың
арасындағы бір-біріне жек көрушілік сезімі бар шиеленістерде кездеседі.
Мұндай шиеленісті шешудің жолы деструктивті, яғни екі жақты немесе бір
жақты жою. Шиеленіске қатысушылар мүдделері арасындағы антогонистік емес
қайшылықтар – бұл оппоненттердің мүдделерінің келісушілігі. Бұл
қайшылықтардың ерекшелігі ымыраға келу арқылы шешу мүмкіншілігі. Негізгі
қайшылықтар шиеленістің пайда болуы мен дамуында шешуші роль атқарады.
Сонымен қатар, негізгі емес қайшылықтар тек шиеленіс процесінде болады. Бұл
қайшылықтар өзара әрекеттестікте болады. Объективті қайшылықтар объективті
факторларға негізделген, яғни адамның қалауы мен санасына тәуелсіз
құбылыстар мен процестер. Сондықтан объективті қайшылықтардан құтылу мүмкін
емес. Субъективті қайшылықтар, керісінше адамның еркі мен санасына тәуелді.
Бұл қайшылықтар адамдар мінездерінің сәйкес келмеуінен, мінез-құлық
ерекшелігінен туындайды. Субъективті қайшылықтар негізінен ішкі тұлғалық,
тұлғалық және топаралық шиеленіске себеп болады. Объективті факторлар
материалдық және рухани игіліктер, ресурстар, билік, мәртебе, қызмет.
Оларға ортақ нәрсе – адамдардың еркі мен сана-сезімі, құндылықтары мен
құмарлық сияқты адамдардың жеке қасиеттерінің тәуелсіздігі. Объективті
факторлардың шиеленіс туындауына әсерін, оның ролі мен маңызын ұйымдастыру
мысалынан түсіндіруге болады. Қазіргі конфликтология шиеленістің мынадай
объективті себептерін анықтайды:
- бөлінетін ресурстардың шектеулігі;
- жауапкершілік пен тапсырманың байланысы;
- әр түрлі топ жұмысшыларының мақсаттарының қайшылығы;
- коммуникация нашарлығы;
- міндеттер мен құқықтардың нақты бөлінбеуі;
- құқықтар мен міндеттерді дұрыс бөлмеу;
- білімсіздік, лауазымға сәйкес келмеуі;
- қызметкерлердің мүмкіндіктерінен артық жүктеме атқаруы;
- өндірістегі инновациялар мен жаңалықтар;
- этникалық нормалардың әлсіз ұйымдасуы немесе этникалық комиссиялар
мен комитеттердің болмауы.
Шиеленістің тұлғалық себептері кез келген шиеленісте тұлғалық
элементтердің болуымен байланысты. Оларға: тұлғаның мінез – құлқының
негізгі психологиялық басымдылығы, өзіндік қабылдау мен бағылау
ерекшеліктері, мінез - құлқы және тұлғалық типтері, жеке тұлға идеалын
құрайтын тұлға қалыптасуы. Өзіндік бағалау мен жалпы бағалау келесі
жағдайлардан туындайды: шынайы және күтілетін нәтижелердің арасындағы
айырмашылық; қарауындағы қызметкерлерді дұрыс бағаламау.
Шиеленіс екі немесе одан да көп тарап мүдделерінің сәйкес келмеуінен
басталады. Осыған орай, объективті және субъективті шиеленістің себептерін
анықтайды.
Шиеленістің объективті себептері қатысушыларды еркі мен қалауына
тәуелсіз (бөлінуге жататын ресурстардың шектеулілігі, қызмет мақсаты мен
әдісіндегі айырмашылықтар, тапсырмалардың өзара тәуелсіздігі т.б.) бірақ
олар аталған шиеленіс субъектілердің нағыз себептеріне айналуы нақты
тұлғаға, топқа өз мүддесін жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Адамдардың көзқарастарындағы айырмашылық, оқиғаларды әр түрлі
қабылдауы және бағалауы жиі даулы жағдай туғызады. Егер осы жағдай
қатысушылардың жеке қызығушылығын туғызып қатысушылардың біреуінің мақсатқа
жетуіне қауіп төндірсе, онда шиеленіс пайда болады. Шиеленіс жағдайы –
қажетті, бірақ шиеленістің туындауына міндет шарт емес. Кейбір жағдайларда
шиеленіс бірден шиеленіс жағдайынсыз туындайды.

2.5. Шиеленіс функциясы
Шиеленіс функциясы дегеніміз – қоғамға, оның әр түрлі қоғамдық
құрылымдарына қатысты шиеленістің (әлеуметтік топ, мекеме және индивид)
атқаратын ролі. Шиеленістің ашық және латентті (жасырын) қызметтері бар.
Ашық қызметі шиеленіс оппоненттерінің көздеген мақсаттарына сәйкес келуімен
сипатталады. Жасырын қызметі – оның нәтижесі уақыт өткенде ғана анықталады.
Шиеленіс оппоненттерінің басында айтқан мақсаттарымен кейінгілерінің сәйкес
келмеуі. Латентті қызмет нәтижелері күтпеген және тіпті шиеленіске
қатысушылардың мақсаттарына сәйкес болмауы да мүмкін.
Шиеленіс жағымды (конструктивті) және жағымсыз (деструктивті) қызмет
атқарады. Жағымды қызмет шиеленістің қатысушыларға қандай пайдасы
болатындығымен сипатталады. Қызметтерді шиеленістің жалпы және жеке
қызметтері деп бөлуге болады. Шиеленістің жалпы құрылымдық қызметтері
мынадай нәтижеге әкелуі мүмкін. Шиеленістің қоғамдағы, ұйымдағы, топтағы
қайшылықтар мен проблемаларды анықтау, оны түзету тәсілі болып табылады.
Әрбір шиеленіс ақпараттық қызмет атқарады, яғни өзінің және біреудің
мүдделерін саралауға мүмкіндік береді.
Тайталаста:
- шиеленіс саралауға қайшылықты шешудің амалы болып табылады.
Оның дамуы шиеленіске алып келген кемшіліктер мен ауытқұларды жоюға әсер
етеді;
- әлеуметтік қысымды және стресстік жағдайдың жойылуына әсер етеді;
- шиеленіс біріктіруші қызмет атқарады. Сырттан қауіп төнгенде топ
ұйымдасып, жауға төтеп беру үшін күштерін біріктіреді;
- шиеленіс әлеуметтік жүйені тұрақтандырады.
Шиеленістің конструктивті қызметі тұлғалық деңгейде былай көрінеді:
- шиеленіс оған қатысатын адамдарға қатысты танымдық қызмет атқарады;
- шиеленіс тұлғаның өзін - өзі тануына және өзін-өзі бағалауына ықпал
етеді:
- шиеленіс мінез-құлықтың жағымсыз қасиеттерінен мысалы, өзін өзгелерден
кем сезіну, бағыныстылық, жағымпаздық т.б. арылуға септігін тигізеді;
- шиеленіс адамды әлеуметтендірудің, оны тұлға ретінде дамытудың маңызды
факторы болып табылады;
- шиеленіс адамның топқа үйренуіне ықпал етеді, өйткені шиеленіс
жағдайында адамдар барынша ашыла түседі, яғни кімнің кім екені
байқалады;
- шиеленіс, егер адамдардың пайдасына шешілсе топта психикалық қысымды
жоюға, оның қатысушыларының стресс жағдайын кетіруге көмектеседі;
- шиеленіс өзін-өзі таныту әдісімен адамның алғашқы ғана емес, қайталама
қажеттіліктерін де қанағаттандыру құралы бола алады;
- шиеленіс топпен шығармашылық жұмыс істеуге үйретеді, субъектілердің
алдында тұрған міндеттерді шешуге күшті жұмылдыруға ықпал етеді;
- шиеленіс әлеуметтік топтар мен қауымның күштерін салмақтау құралы
ретінде қызмет етеді, және оның аяғы қатты шиеленіске апарып соғуынан
сақтандырады;
- шиеленіс адамдардың арасында қарым-қатынастың жаңа нормасы туындауына
немесе ескі нормаларды жаңа мазмұнмен толықтыруға көмектеседі.
Шиеленістің деструктивтік функциясы әлеуметтік жүйенің әр түрлі даму
кезеңдерінде кездеседі және нәтижелері мынадай болады:
- шиеленіс күштеу әдісі арқылы шешілсе, адам шығыны және материалдық
шығын болуы мүмкін;
- шиеленіс әлеуметтік, экономикалық, рухани, саяси және мәдени
дамуды тежеуі мүмкін;
- шиеленіс қоғамдың ыдырауына рухани деңгейдің төмендеуі мен
әлеуметтік-мәдени байланыстарды жоюы;
- шиеленіс жаңа бір деструктивті жағдайды түдыруды мүмкін;
- мекемелердегі шиеленіс өндіріс жүйесінің деңгейін, тәртібін,
қызмет тиімділігін төмендетуі мүмкін.
7. Шиеленістің деструктивті қызметі тұлғалық деңгейде төмендегідей
жағдайларға апарып соғады:
- шиеленіс топтағы әлеуметтік-психологиялық климатқа жағымсыз әсер етуі
мүмкін;
- шиеленіс тұлғаның өзінің мүмкіндіктері мен қабілетінің болмауына көзі
жеткізуі мүмкін;
- шиеленіс өзіне деген сенімсіздік тудырады, бұрынғы қарқынын жоғалтуға
және өзінің бойындағы мінез-құлық үлгілерінен ажырауына апарып соғады;
- шиеленіс адамның серіктестері мен бұрынғы достарын басқаша бағалауына
итермелейді;
- шиеленіс жағымсыз қорғаныс механизмдерді қосуға мүмкіндік береді.
Шиеленістің жағымсыз қызметтері шиеленіске қатысуға кеткен ресурстар
(эмоционалдық, материалдық, уақытша және басқа) шығынымен және оның
нәтижесімен бағаланады.

2.6. Шиеленістің динамикасы

Шиеленіс динамикасы дегеніміз - оның өзгеру процесі. Әрбір шиеленістің
3 кезеңі бар: басталуы, дамуы, аяқталуы. Сонымен қатар, шиеленістің тағы
екі кезеңі бар: шиеленіс алды және соңы.
Шиеленістің жалпы динамикасының кестесі:
I. Шиеленіс алдындағы жағдай (латентті кезең).
II. Ашық шиеленіс: 1) Түрткі (инцидент) (шиеленіс басы);
2) Эскалация (шиеленістің
дамуы);
3) Шиеленістің аяқталуы;
III. Шиеленістен кейінгі кезең.
Шиеленіске дейінгі жағдай – шиеленістің болу мүмкіндігі, яғни қарама-
қайшылықтың дамуы мен өркендеуіне байланысты. Бұл кезең шиеленіске әкелуі
мүмкін.
Шиеленіске дейінгі жағдайда болашақ оппоненттер болғалы тұрған
қайшылықтардың немен аяқталатынын әлі білмейді.
Шиеленіске дейінгі жағдай тудырған шарттар жойылған жағдайда
шиеленіссіз-ақ шешілуі мүмкін. Сонымен қатар шиеленіске дейінгі жағдайда
шиеленістің шарттары дәл және дәл емес болуы мүмкін. Егер шиеленістің
шарттары дәл емес болса, бұл шиеленіс толығымен жойылмайды.
Қайшылықты жағдайды дұрыс қабылдамау 2 түрлі нәтиже беруі мүмкін:
1.Ашық шиеленіс туындауын тежеуі мүмкін. Бұл проблемалық жағдай
бағаланбай немесе азайтылып көрсетілген жағдайда туындайды.
2.Ол ашық шиеленістің басталып кетуіне әсер етуі мүмкін.
Бұл қайшылықтың қаупі күшейгенде болады.
Кейбір оппоненттер шиеленіске дейінгі жағдайды дұрыс емес бағаламауы
мүмкін және шиеленіске қатысушыларды сапалы түрде шатастыруы мүмкін. Дұрыс
ақпарат бермеу қайшылықты тежеуге немесе опоненттердің біреуінің тайталасты
бастауына бағытталады. Сонымен, шиеленіске дейінгі жағдайды дұрыс және дәл
бағалау, осы жағдайды шешудің ең оңтайлы амалы болып табылады.
Егер шиеленіске дейінгі жағдайда қайшылық шешілмесе, ол ерте ме кеш пе
ашық шиеленіске ұласады. Мүдделердің қайшылығы пісіп жетілген кезде оны
жасыру немесе байқамау мүмкін емес. Олар адамдардың арасындағы қарым-
қатынастарына әсер етеді. Екі жақтың әр қайсысы өздерінің мүдделерін ашық
қорғай бастайды. Бұл кезеңде шиеленістің оппоненттері өздерінің
көзқарастарын үшінші жаққа айта бастайды. Тайталас субъектілері өз жағына
көбірек жақтаушыларды жинауға тырысады. Оппоненттер тек жалпы қабылданған
амалдардан басқа материалдық, қаржы, саяси, ақпараттық, әкімшілік т.б.
күштеу, қорқыту, үркіту, қысым жасау сияқты тәсілдерді қолдануы мүмкін.
Ашық шиеленіс кезінде екі жақтың бірі ымыраға келгісі келмейді. Объективті
қайшылықтарға тұлғааралық қайшылықтар қосылып, жағдайды одан әрі қиындата
түседі.
Ашық кезеңде қысымның әр түрлі денгейіне байланысты ішкі кезеңдерге
бөлуге болады: оқиға күшеюі және шиеленістің аяқталуы.
Оқиға – шиеленістің туындауына себеп болған жағдай.
Оқиғаны сылтаудан ажырата білу қажет. Сылтау дегеніміз – шиеленістің
басталып кетуіне түрткі болған жағдай. Ол кездейсоқ және әдейілеп
ойластырылуы мүмкін, дегенмен сылтау шиеленіс емес.
Бұған қарағанда бұл шиеленіс, яғни оның басталуы болып табылады.
Оқиға екі жақтың ұстанымдарын анықтайды, оларды өзінікі және
өзгенікі, дос және жау ретінде бөліп қарайды. Оқиғадан кейін кімнің кім
екені белгілі болады. Бірақ, қарсыластардың күші әлі де анық болмайды.
Қарсыласының шынайы күшін білмеу шиеленістің басталып кетуін тежейтін басты
факторлардың бірі. Сонымен қатар бұл белгісіздік шиеленістің одан әрі
дамуына да әсер етеді. Егер, қарсыластар өзінің мүмкіндіктерін толық білсе,
онда көптеген шиеленістер басында-ақ тоқтайтын еді. Өйткені, әлсіз жақ
көптеген жағдайда мәнсіз қарсыласуды ушықтырмайтын еді, ал күшті жақ
қарсыласын басып тастар еді.
Сондықтан шиеленістің бұл кезеңінде маңызды элементтердің бірі:
қарсыласының шынайы мүмкіншіліктері туралы ақпарат жинау, барлау жүргізу.
Одақтастарды іздеу және өз жағына тарту. Оқиғадан кейін қарсыластар
келісімге келмесе, шиеленіс үдей түседі.
Шиеленістің күшеюі дегеніміз – бұл ең негізгі ең кернеулі кезең. Осы
кезде қайшылықтар асқынады және қайшылықта жеңіске жету үшін әр түрлі
амалдар мен тәсілдер қолданылады. Бұл кезеңде келісімге келу және
шиеленісті бейбіт жолдармен шешу қиынға түседу. Эмоциялар ақылдан,
логикадан басым болады. Ең негізгі мақсат қарсыластарда үлкен зиян келтіру.
Сондықтан бұл кезеңде негізгі мақсат пен алғашқы себептер жоғалып бірінші
орынға жаңа себептер мен мақсаттар ие болады. Бұл кезде құндылықтардың
бағыттары өзгереді. Шиеленістің дамуы спонтанды және тежеусіз сипатқа ие
болады.
Шиеленіс кезеңінің бірнеше негізгі сәттерін қарастыруға болады:
Жаудың бейнесін жасау.
Күшін көрсету және оны пайдалану қауіпі.
Күшті қолдану.
Шиеленістің кеңеюі мен тереңдеуі.
1. Жаудың бейнесін жасау. Шиеленіс дамуының маңызды сәттерінің бірі.
Ол шиеленістің алғашқы кезеңінде қалыптаса бастайды және эскалация
кезеңінде толығымен анықталады. Шиеленістің бейнесі топты біріктіруші,
қосымша әлеуметтік – психологиялық және идеологиялық фактор. Жаудың бейнесі
болғанда қарсыласу пәні объективті сипатқа ие болады. Топаралық шиеленісте
топтағы татулықты дамыту мен тұрақтандыру үшін жаудың бейнесі жасалуы
мүмкін. Бұл жағдайда бейне ішкі саясаттағы, экономикадағы қателіктерді
жақтау үшін шеткіш табу мақсатымен жасалынады. Осылайша кім бізбен бірге
болмаса, сол бізге қарсы ұстанымы пайда болады. Оның қолданылуы күресті
ушықтыра түседі.
2. Күшін көрсету және оны қолдану қауіпі. Күштеу біреуді бағындырудың
ең жоғарғы фазасына жеткендігін білдіреді. Мұндай жағдайда екінші тарапқа
ультиматум қойылады. Күш көрсету және оны қолдану қаупіне табиғи қарсылық
көрсету қорғану, бас сауғалау болып табылады. Алайда, қорғанудың ең оңай
жолы – тойтарыс беру.
3. Күшті қолдану. Күштеу біреуді бағындырудың ең қатал тәсілі. Бұл
қайшылықтың ең жоғарғы фазасына жеткендігін білдіреді. Мұнда тек физикалық
күш туралы айтылмайды, күштердің экономикалық, саяси, рухани, психологиялық
және т.б. түрлері болады. Зорлық ашық немесе құрылымдық (яғни адамның
құқықтарын шектейтін немесе оның заңды мүдделерін қолдануға кедергілер
жасау) болады.
4. Шиеленістің кеңеюі мен тереңдеуі тенденциясы. Шиеленісті белгілі
бір шектері болмайды және ол тұрақты емес. Бір жерде басталып, ол жаңа
аумақтар мен салаларды қамтиды.
Шиеленістің соңы оның аяқталғандығын білдіреді және шиеленіс кейін
оның субъектілерінің құндылықтары өзгеруі мүмкін. Бұл кезеңде екі жақтың
немесе біреуінің шиеленісті аяқтауға үрткі болады, ондай жағдайларға:
- бір жақтың әлсіреуі, қарсыласуды жалғастыруға ресурстарының бітуі;
- шиеленісті жалғастырудың мәнсіздігі және қатысушылардың осыны түсінуі;
- бір жағының басымдылығы, оның оппонентін басып тастау қабілеті
басымдығы;
- шиеленісте үшінші жақтың пайда болып, оның қарсыласуды тоқтата алуы
және қалауы.
Осы жағдайларға байланысты шиеленісті аяқтаудың алуан түрлі тәсілдері
бар.
Ең кең тараған түрі:
- оппонентік немесе екі жақтың да жойылуы;
- шиеленістің объектісін жою;
- шиеленіске қатысушылардың екуінің немесе біреуінің көзқарасының
өзгеруі;
- шиеленісті күштеу әдісі арқылы тоқтата күштің пайда болуы;
- келісім арқылы шешу;
- субъектінің төрешіге жүгінуі және оны аралық сот арқылы шешу.
Шиеленістің аяқталу сипаттамасы бойынша:
1. Мақсатын іске асыру бойынша:
- жеңіске жету;
- ымыраға келу;
- жеңілу.
2. Шиеленістің шешілу нысанына байланысты:
- бейбіт жолмен;
- күштеу арқылы.
3. Шиеленістің қызметіне байланысты:
- конструктивті;
- деструктивті.
4. Тиімділігі және шешілуіне байланысты:
- толық аяқталған;
- белгісіз (уақытша тоқтатылған).
Шиеленістің аяқталуы және шешілуі сияқты анықтамаларды айыра білу
қажет. Шиеленістің шешілуі – шиеленістің позитиві аяқталғандығы. Сонымен
қатар, шиеленістің аяқталуының басқа да формалары бар: тоқтап қалуы,
шиеленісті жою және жаңа шиеленісті басқа шиеленіске ауысып кетуі.
Шиеленіс аяқталғаннан кейін оның белгілері қалуы мүмкін, яғни
қарсыласушылардың арасындағы кернеулі қатынастар. Ал қайшылықтардың
ушығуынан жаңа шиеленіс туындауы мүмкін.

2 Модуль. Шиеленістің түрлері
4. Тұлғаның ішкі шиеленісі
4.1. Түсінігі және түрлері
Әрбір адам өзіндік шиеленістің генераторы болып табылады. Тұлға
әрқашан өз ішінен тұлға шиеленісін шығарады. Адамның барлық өмірі – бұл біз
қашып құтыла алмайтын сырқы шиеленіс емес, ішкі шиеленістен тұрады. Әр адам
әрдайым тек әлеуметтік қоршаған орта ғана емес, сонымен қатар өзімен-өзі де
шиеленістің жағдайымен кездесіп отырады. Бұдан қорқуға болмайды. Психикасы
дұрыс адамға ішкі шиеленіс жағдайы табиғи, ішкі тұлға жағдайы және кері
әсерге табиғи ғана емес, сонымен қатар тұлғаның дамуы да аса қажетті. Әрбір
өсу ішкі қайшылықтарсыз болмайды, қайшылық бар жерде шиеленістің де
мағынасы бар.
Ішкі тұлғалық шиеленісті ғылыми зерттеу 19 ғасырдың аяғында басталды,
ол психоанализді ашқан австриялық ғалым Фрейдтің есімімен байланысты болды,
ішкі тұлға шиеленісінің биопсихологиялық және биоәлеметтік мінездемесін
ашты. Ол адамзаттың өмір сүруі биологиялық қажеттілік пен адамның қалауы
(ең алдымен сексуалдық) арасындағы үнемі болатын қайшылықтарды жеңумен
байланысты деп көрсетті. Осы қайшылықпен күресуде Фрейдтің ішкі тұлға
шиеленістің мәні де осы. Фрейдтің пессемист деп кінәлады, сол кезде оның
ойы керісінші шиеленістің сана-сезімді үнемі өсіп отырған мәдени
диктатурадан азат ету жолдарын іздеуге бағытталды. Будущем одной иллюзии
және Неудобства культуры атты еңбектерінде Фрейд амбивалентті кестені
көрсетеді. Рахаттану принципі ақиқат принципі қарсы қойылған. Ол
сонымен қатар мұхиттың сезімге ішкі Мен-ге сәйкес келетін қоршаған орта
жобасын ұсынады. Бұл сезім, бақыт сезімі, ол адам психикасында тумыстық
және іргелі деп есептеледі. Фрейд көптеген өркениет феномені жүйкеге әсер
етуші мәдени процестер болып табылады деп есетеді. Қатты диктат
индивидуальды суперэго мен әлеуметтік суперэго теңдей төмен болуы керек,
себебі олардың талаптарына сай елуі үшін. Психоаналитик, сонымен қатар
жүйкені сақтай отырып, ішкі шиеленісті шешуге арналған көптеген шараларды
қарастырады. Фрейдтің жүйкені сақтау мәдениетке арналған тізімінің ішіне
есірткіні қосқаны таң қалдырады.
Ішкі тұлға шиеленісі мәселелерін зерттеуде неміс психологы Курт Левин
үлкен үлес қосты (1890-1947 ж.ж.). ол мәселені тұлғаға бір уақытта кері
әсер беретін жағдай ретінде қарастырады. Осыған орай, ол шиеленіс жағдайын
3 түрге бөледі:
1. Адам екі бірдей күштің аралығында болады. Бұл жағдай
С1+---------------- Тұлға--------------С2+
2. Адам шамамен күштері бірдей қарама-қарсы күштердің арасында тұр.
Оған тән сипат-жазалау жағдайы. Сонымен, мысалға, студентке емтиханға
дайындалу керек, егер дайындалмаса және тапсырма алмаса онда стпендия ала
алмай қалады. Бұл жағдайды мына кестемен көрсетуге болады
С1 - --------------- Тұлға -------------------С2-
3. Адамға бір уақытта көлемі бір және екеуі екі бағыттағы күш әсер
етеді, бір жерде орналасқан. Мысалы, бала итін сипалағысы келеді, бірақ ол
одан қорқады немесе торт жегісі келеді, ал оған рұқсат бермейді. Бұл
шиеленісті былай көрсетуге болады
С1+ ----------------------------- Тұлға ----------------------- С2-
Бастапқы бетте қарастырып өткендей ішкі тұлға шиеленісі К.Р.Родженстің
мен концепсиясын түсінуге көмектеседі. Тұлғаның фундаменталды
компоненттерінің структурасы өзін-өзі таныстыруда болып табылады, өзіндік
мен бейнесі, тұлғаның қоршаған ортамен қарым-қатынасы. Өзіндік мен –
концепсиясында адам өзін-өзі бақылайды. Бірақ мен – концецсиясы жақсы мен
мен көбінесе сәйкес келмейді. Олардың арасында келіспеушілік болуы мүмкін.
Бұл диссонанс мен – концепциясы бір жағынан жақсы, мен – екінші жағынан бұл
екеуі ішкі тұлға шиеленісі бұл психологиялық ауруға әкеліп соқтыруы
мүмкін.
Ішкі тұлға шиеленісі А.Маслоудың тұлға құрылымның мотивациялық
теориясын ашты, ол ұйымдастыру қажеттілігін көрсетеді: физиологиялық
қажеттілік, қауіпсіздік қажеттілік, махаббат қажеттілігі, сыйлау
қажеттілігі, өзін өзі таныту қажеттілігі. Ең жоғарғысы - өзінік жоғарлауға
қажеттілік, яғни адамның қабілеті мен өнері. Ол адам кім болғысы келеді,
соған ұмтылады деп көрсетеді. Бірақ олай бола бермейді. Өзін өзі таныту
қабілеті көптеген адамдарда болуы мүмкін, бірақ оған барлығының қолы жете
бермейді.
Өзін өзі танытуға талпыну нәтижесі мен ішкі тұлға шиеленісі
арасындағы айырым болып табылады. Ішкі тұлға шиеленісін тағы да бір атақты
австриялық психолог және психиатр Виктон Франк қарастырған, психотерапияның
жаңа бағыты логотерапияны ашқан (ол гр. Logos – ойлау, ой және гр.
Therapeia – емдеу), оның пікірі бойынша логотерапия адамның пайда болу
мәні және осы мәндей ізденістерді қарастырып отырады. Франклдың
концепциясы бойынша әр адамның басты өмірінің қозғаушы күші өмірдің мәнін
іздеу және сол үшін күрес болып табылады. Бірақ бұларды жүзеге асыру барлық
адамдардың қолынан келмейді, оның болмауы адамда экзистинционалды вакуум
деп аталатын жағдай туғызады. Ондай жағдайда адамда мақсатсыз бос өмір сүру
қалыптасады. Осы экзистиционалдық вакуум көптеген адамдарда неогендік
невроз деп аталатын ішкі тұлғалық шиеленіс тудырады.
Автордың ойы бойынша тұлғаның рухани ядросының бұзылуы және рухани
мәсселелер шиеленісі түріндегі неогенді неврозды тудырады. Сонымен қатар,
неогенді невроз – экзистенционалды вакууммен байланысты тұлғаның ішкі
құрлымының бұзылуы, адам өмірінің мәнінің жоқтығы болып табылады.
Дальды да айта кетуі керек, ол мұқтаждыққа қарағанда зерігу
психиатрдың алдына маңызды проблема қояды. Зерігу мен көңілсіздікке
қарағанда бұл жерде мұқтаждықтан құтылу оңайырақ. Зерігу - өмірдің мәнін
түсінбеу, өмірдің маңыздылығын бағаламау, бұл маңызды, өйткені өмірдің
мәнін түсіну байлыққа қарағанда қиынырақ және маңызды.
Сонымен қатар, мұқтаждық адамды іс-әрекетке және ливроздан құтылуға
итермейді, ал зерігу экзистенционалды вакуумен байланысты қарсы тұйыққа
қамалу.
Ішкі тұлға шиеленісті түсінуге көмектесетін тағы бір теория
А.Н.Леонтьевтің тұлғаның қалыптасуындағы пәндік роль теориясы болып
табылады. Оның теориясы бойынша, ішкі тұлға шиеленісінің мінезі мен
құрылымына байланысты. Бұл құрылым өз кезегінде адамның әр түрлы қызметі
барысында кездесетін объективті қарама-қайшылықтармен детерминделген болып
табылады. Тұлғаның ішкі құрылымының сипаттамасы маңызды, кез келген адам,
тек бір ғана мақсатпен өмір сүре алмайды. Адамнан мотиватциялық ортасы
А.Н.Леонтьевтің пкірі бойынша, жоғары даму дәрежесінде қатып қалған
пирамида секілді. Өмірдің әр түрлі кезеңдерінде, әр түрлі жағдайларда басқа
да мотивациялық саланы қалыптастыратын қазір айтылып жүргендей тұлғалық
мотивациялық алаңы пайда болады. Тұлға құрылымынң өзнің ішкі иерархиялық
мотивациялық желіс болатындығын атап көрсетеді. Мәселен, тұлғаға бағытталу
толық қарастырылмайды, толық емес өйткені, тіпті адамның өмір сүру
сызығында нақты жүру жолы көрсетілсе де ол жалғыз бола алмайды. Қалаған
мақсатқа қызмет ету, идеал адамның басқа өміріндегі қатынастарына шек
қоймайды, яғни өз кезегінде ой тудырушы мотивтері қалыптастырады. Бейнелеп
айтқанда, тұлғаның мотивациялық саласы көп қырлы болады.
Сол қырларының мотивациялық әрекеттердің қайшылығы ішкі тұлғалық
шиеленіс тудырады. Сонымен қатар, ішкі тұлға шиеленіс тұлғаның ішкі
құрылысына тән қалыпты құбылыс. Кез келген тұлға құрылымы ішкі қайшылықтар
мен әртүрлі мотивтер арасындағы күрестерден тұрады. Кейде бұл күрес
тұлғаның үйлесіділігін бұзбай жай ғана өтеді. Үйлесіндегі тұлға дз
ешқандай ішкі күресті білмейтін тұлға емес қой. Адамның жүріс тұрысын,
елбетін көрсететін бұл күрес кейде басты нәрсеге айналады. Қайғылы тұлға
құрылымы дәл осындай.
Ішкі тұлға шиеленіс негізі осы. Сонымен ішкі тұлға шиеленісі бұл
тұлғаның құрылым жағдайы, онда қайшылық пен өзін өзі жоққа шығару мотиві
бар болса, қазіргі уақытта онымен күресуге шамасы жоқ, құнды бағыттар мен
мақсаттары соларға байланысты болады. Басқаша айтқанда, ішкі тұлға шиеленіс
бұл оның элементтерінің қайшылығын сипаттайтын тұлғаның ішкі құрылым
жағдайы.
Сонымен қатар, ішкі тұлға жанжалының келесі сипаттарға бөліп қарауға
болады:
- ішкі тұлға шиеленіс тұлғаның ішкі құрылым элементтерімен байланыс
нәтижесінде пайда болады;
- ішкі тұлға шиеленістің тараптары ретінде тұлға құрылымына әр түрлі
немесе қайшы мүдделер, мақсаттар, мотиві және қалауы болады;
- ішкі тұлға шиеленісуу тұлғаға әсер ететін күш тең болса пайда
болады, керісінше адам екі күштін азын, екі жақсының көбін тандайды, ол
мақтауды күтеді;
- кез келген ішкі тұлға шиеленісі жағымсыз эмоциямен бірге жүреді;
- ішкі тұлға шиеленістің негізін жағдай тараптардың қайшылықты
үстанымы, қайшылықты мотиві, мақсаттары мен мүдделерін құрайды, осы
жағдайда белгіленген мақсатқа қарсы құралдармен қол жеткізу, қандай да бір
қажеттілігін қанағаттандыру.
Ішкі тұлға шиеленіс үш түрі бар:
- қажеттілік шиеленісі;
- әлеуметтік норма мен қажеттілік арасындағы шиеленіс;
- әлеуметтік норма шиеленісі.
Қажеттілік шиеленісі мәні мынада, біздің қажеттілігіміз бір-біріне
қарсы тұруы мүмкін, және бізді әртүрлі іс-әрекетке итермелейді. Кейде біз
бір уақытта қарама-қарсы заттарды қалаймыз, сондықтан біз әрекет ете
алмаймыз. Мысалы: кішкентай бала конфет жегісі келеді, бірақ анасы тәттіні
өзіне беруді сұрайды. Бұндай жағдайда бала конфетті жегісі келеді, сонымен
бірге оны анасына бергісі келеді, бұл жерде бала қажеттілік шиеленісті
сезінеді.
Әлеуметтік норма мен қажеттілік шиеленісі З.Фрейд пікірі бойынша Ол
және Жоғары – Мен деп сипатталады.
Адам әр түрлі нормадағы екі бірдей жағдайды басынан өткізеді, бұл
әлеуметтік шиеленіс нормасы болып табылады, мысалы, бұрын мешіт тыйым
салған дуэль әдісі арқылы өзінің кеткен кегін және ар-намысын қалпына
келтіріп отырған. Шиеленіс жағдай дінін ұстанған дворянин үшін діни және
топтық міндет арасындағы қайшылық болып табылады. Ішкі тұлға шиеленіс толық
классификациясы А.Я.Анцуков пен А.И.Шипилованың жұмысында көрсетілген, олар
классификацияның негізіне тұлғаның құндылық-мотивациялық ортасын алуды
ұсынады. Тұлғаның ішкі әлемінің қай жағы шиеленіске түсуіне байланысты
келесі түрлерін көрсетеді:
- мотивациялық шиеленіс (алға ұмтылыс пен қауіпсіздік арасында, екі
бірдей оң тенденцияның арасында);
- адамгершілік (тілек шиеленіс пен парыздың арасында, адамгершілік
принципі мен жеке бауыр басу қағидағы арасында);
- жүзеге аспаған тілек пен толыққанды сезінбеу (тұлғаның қалауы мен
шындық арасында, яғни олардың қанағаттануына кедергі келтіреді);
- рольдік шиеленіс (әр түрлі әлеуметтік рольді орындау арасында);
- адекватты емес, өзін-өзі бағалау шиеленісі (мүмкіндіктері мен
тұлғаның талабы арасында);
- невротикалық шиеленіс тұлғаның (ішкі күштері мен мотивтері
арасында).
Шиеленіс тарихының дамуынан басқа да типологиясын көрсетуге болады.
Олардың кейбіріне тоқталсақ:
- мораль мен адамгершілік арасындағы шиеленіс;
- моральдық идеал мен шындық арасындағы;
- биологиялық қажеттілік және әлеуметтік норма;
- адамдардың қызығушылығы арасындағы шиеленіс (З.Фрейд);
- тұлғаға әсер етуші бірдей шама күштері арасындағы қажеттіліктен
туындаған шиеленіс (К.Левин);
- Мен-концепциясы және идеалдық Мен арасындағы шиеленіс (Я.Роджерс);
- өзіндік актуализацияға ынтасы мен шынайы нәтиже арасындағы шиеленіс
(А.Маслоу);
- экзистенционалды вакуум мен өмірдің мәніне деген талпыныс арасындағы
шиеленіс, - яғни экзистенционалды фрустрация (В.Франк);
- тұлғаның ішкі құрылымының элементтерінің арасындағы, оның мотивтерінің
арасындағы шиеленіс (А.Леонтьев).
-
Ішкі тұлға жанжалының себептері мен іс-әрекеті

Атақты бір классик айтқандай, қоғамда өмір сүріп қоғамнан тыс болуға
болмайды. Бір жағынан барлық тұлғалар еркіндікке ұмтылады. Бұл объективті
қарсыласу тұлға мен қоғамның арасындағы ішкі тұлға шиеленісті болдырмауды
айтады.
Адамның дүниеге, басқа адамдарға және өзіне қарым-қатынасына
тұлғаның ішкі қайшы құрылымын қайшылығын тудыратын сипаттама болады.
Ішкі тұлға шиеленісінің себептерін үш түрге бөлуге болады:
1. Ішкі себептер, тұлғаның өзінің тамырындағы қайшылықтар.
2. Сыртқы себептер, әлеуметтік топтағы тұлғаның жағдайына байланысты.
3. Сыртқы себептер, тұлғаның қоғамдағы жағдайына байланысты.
Көрсетілген шиеленіс себептері бір-бірімен байланысты.
Сонымен қатар, адамның ішкі дүниесі күрделі болып келеді, оның
сезімі, құндылығы мен талабы дамыған сайын, оның өзіндік есеп беру, талдау
жасау қабілеті де арта түседі, олай болса, тұлға шиеленіске соғұрлым жақын
болады. Ішкі шиеленіс тудыратын негізгі қайшылықтар арасында төмендегілерді
көрсетуге болады:
- қажеттілік пен әлеуметтік норма;
- әлеуметтік рольдер қайшылығы;
- мотив, мүдде және қажеттілік қайшылығы;
- әлеуметтік құндылықтар мен норма қайшылығы.
Ішкі шиеленіс пайда болуы үшін көрсетілген қайшылықтар терең
тұлғалық мәнге ие болуы керек. Сонымен бірге, қайшылықтардың әр қыры
тұлғаға тигізетін өзінің әсері бойынша тең болуы тиіс. Ішкі тұлғалық
шиеленістің сыртқы әсері мына факторларға байланысты болады:
1) тұлғаның топтағы жағдайына;
2) тұлғаның ұйымдастыруындағы жағдайына;
3) қоғамдағы тұлғаның жағдайына.
Егер тұлғаның топтағы жағдайына тоқталатын болсақ, ішкі тұлғалық
шиеленісті танытатын төрт тұлға түрлі жағдайды атап айтуға болады:
1.Негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыруға кедергі болатын физикалық
кедергілер мысалы: қамауда отырған адамның еркін қозғалысына камера
мүмкіндік бермейді.
2.Биологиялық кедергі (ақыл-есі кем және физикалық дамыған адамдар).
3.Әлеуметтік жағдай (ішкі тұлға шиеленісінің басты ақпаратшысы).
Қажеттілік сыйласуда түсінікті кездестірмесе, адам өзінің еркінен
тыс немесе өзін ұжымда тек кейбір адамдардың қарым-қатынасында ғана
сезінсе, адам фрустрация жағдайында болады.
Ішкі тұлға шиеленіс шақыратын сыртқы себептерде, қарсылықтың мынадай
түрлері болуы мүмкін:
1. Үлкен жауапкершілік пен оны орындаудағы құқықтардың кемшілігі
арасындағы қайшылық.
2. Еңбектің төмен жағдайы қатаң талап пен тапсырманың мерзімі
орындалу сапасы және арасындағы қайшылық.
3. Талап пен тапсырма арасындағы қайшылық.
4. Қатты қойылған мақсат пен төмен қойылған механизм, оны
орындаудағы қажеттілік арасындағы қайшылық.
5. Өндірістік талап, норма мен дәстүрлі ұйымдастыру арасындағы
қайшылық.
6. Еңбекке ұмтылу, карьера және жүзеге асыру мүмкіндігі арасындағы
қайшылық.
7. Тұлғаның әлеуметтік роліне сәйкессіздігінен туындаған қайшылық.
8. Табыс пен адамгершілік норманың арасындағы қайшылық.
Ішкі тұлға шиеленісінің сыртқы себептері, тұлғаның қоғамдағы
жағдайына және олар әлеуметтік макроортамен, қоғамның саяси құрылымы мен
және экономикалық өмірімен байланысты. Біздің елде рыноктық қатынас маңызды
болып табылады, өйткені жақында еліміз рыноктық экономиканың даму жолына
түсті, алайда елдерде экономикалық либерализм жүйесі қалыптауына қарай бұл
мәселе зерделенуде.
Осы мәселені зерлеуге Карен Хорни үлкен үлес қосқан (19885-1952 ж.).
Тұлғаның қалыптасуына қоршаған әлеуметтік ортаның әсер етуін айта отырып,
ол рыноктың қатынас ішкі тұлға шиеленістің дамуы мен пайда болуына әсер
етеді деп көрсетті. Оның бақылауынша, рынок пен жалпы бәсекелестік тұлғаның
құрылымында бәсекелестікті тудырады. Осындай жағдайда тұлға өзгеге таң
емес, риза емес болады. Рыноктық қатынаста барлық мәдениет және мәдени
әлеуметтік ортаға жеке басының қамын ойлау және бәсекелестік қасиет тән. Ол
тек экономиканың қорғаушы күш ғана емес, барлық жеке өмірге әсер етеді.
Ішкі тұлға шиеленістің қайшылығын тудырумен неврозға алып келетінін Хорни
өз тұжырымында көрсетті.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси шиеленістер мен дағдарыстар
Саяси қақтығыстар және әлеуметтік тәртіп
Шиеленістің табиғаты мен психологиялық ерекшелігі
Саяси дау жанжалдардың мәні мен негізгі себептері
Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар
Этностық топ пен мемлекет арасындағы шиеленіс
Саяси жанжалдар
Ұлтаралық қақтығыстар
Әлеуметтік шиеліністердің себептері, атқаратын қызметтері және жіктелуі
Халықаралық шиеленістердің негізгі бағыттары
Пәндер