«Құрылыс нысанындарындағы өрт қауіпсіздігі»



Кіріспе
I Негізгі бөлім
1 Өрт және өрт қауіпсіздігі
1.1 Өрттің шығу себептері
1.2. Өрт және жарылыс қауіпін тудыратын обектілер
1.2.1 Жарылыстан сақтандыруға қойылатын талаптар
2 Отқа төзімді құрылыс материалдары мен конструкциялары
2.1 Өртке қарсы қолданылатын шаралар
3 Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау
3.1 Өрт сөндіру әдістері мен құралдары
3.2 Өрт кезінде жарақаттанғандарға көрсетілетін алғашқы көмек және көшіру . құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
II ЖҰМЫСТЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН НЫСАНАЛАРЫ
III ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
Өрт – бұл адам өміріне және денсаулығына, материалдық шығын әкелетін жалпы және мемлекеттік назардағы, ешқандай бақыланбайтын жану.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – адам өмірі мен денсулығын, меншікті, ұлттық байлықты және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік қызметтің ажырамас бір бөлігі болып табылады.
Жер бетінде күн сайын 2 млн-нан аса өрт болып, 1 млн-нан көп адам қаза табады, әрбір 2 өртте 1 адам қаза табады.
Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 22 – қарашадағы №48 – II « Өрт қауіпсіздігі туралы » Заңының 3 бабына сәйкес өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының негізгі принципі.
Қазақстанда 2003 жылы ғана 15000-ға жуық өндірістік және тұрмыстық өрттер тіркелген. Олардың ішінде 1000 адамға жуығы зиян шегіп, 532-сі қаза болған. Материялдық шығын 3200 млн.тенгені құрады.
Алматыда жарты жыл ішінде 523 – ден астам өрт шыққан , олардан келген материалдық шығын 30 млн 598 мың теңгені құрап отыр. Тілсіз жаудан 20 адам қайтыс болып, 29 адам әртүрлі деңгейдегі жарақаттар алған. Соның ішіндегі ауқымды өрттер: 295 өрт тұрғын үйде, 12 қойма ғимараттарында, 28 өрт әкімшілік – қоғамдық мекемелерде, 27 құрылыс нысандарында және 37 сауда кәсіпорындарында болған. Соның ішіндегі жарты жылда құрылыс нысанында 27 өрт болатын болса, бір жылда 50-54 өрт болды екен. Бұл дегеніміз мемлекетке кері әсерін тигізеді және адам өміріне қауіптілік күшейеді деген сөз.
Жұмыс орнындағы өрттен келетін қауіпті азайтуға еңбекті қорғау инспекторларының жұмысы да негізгі үлесін қосады. Осы себепті зерттеу жұмысының нысаны ретінде алынған құрылыс объектісінде өрт қауіпсіздігін тексеру және бағалауды жөн көрдік. Мақсатқа жету негізінде төмендегідей міндеттерді жүзеге асырдық:
1. Өрт қауіпсіздігінің талаптарға сәйкестігін тексеру
2. Өрт қауіпсіздік ережелерін жұмыс барысында орындалуын анықтау
3. Өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілу дәрежесін анықтау
1. Пушин В.Н. Безпасность труда в энергостройтельстве: допуск и контроль. – М.1989.144с.
2. Шаташов А.Л. Энергетика Казахстана и рынок Электроенергетики. Алматы. КазНТУ. 2007.176 с.
3. Метеды и средства контроля стройтельных робот. М: Инстутут «Оргэнергострой» 1989.158с.
4. Борисполец Ю.В. Охрана труда в стройтельстве. Вопросы и ответы. Киев.1985.303 с.
5. Электр бөлімі бойынша лобараториялық жұмыстар. А. 1990.45 б.
6. Корнилова О.П. Безопасность электромонтажных работ на высоте. М.1988. 95 с.
7. Безопасность строительств и эксплуатаций зданий. Казань. КИСИ. 1991.107 с.
8. Безопасность труда в строительной производстве. Казань. КХТИ. 1986. 120 с.
9. Безопасность труда при подготовке и организация строительства. Казань. КИСИ. 1984. 61 с.
10. Трудовой кодекс РК. Охрана труда и техника безопасности. 2007. 36 с.
11. Борисполец Ю.В. Безопасность труда на стройтельной площадке. Киев. 1984.192 с.
12. Электрлік барлау оқу құралы. ҚҰТУ: құрастырған Ж. Алмұхамбетов. Алматы. 1997.
13. Клюжев Ю.В. Материалтану. Оқу құралы. Астана. 2007.144 с.
14. Охрана труда. Учебник для электротехнических вузов. 1982. 311 с.
15. Охрана труда в строительстве. М. МИСИ. 1986. 96 с.
16. Жәуітов Б.А. Электр жұйелер мен тораптарын жобалау. Қарағанды. 2002. 134 с.
17. Трофимов Г.Г. Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелері. А. 2002. 183 б.
18. Закон «О труде в Республики Казахстан». А. 2004. 44 с.
19. Закон «О труде в Республики Казахстан». А. 2005. 46 с.
20. Министерство строительства, жилья и застройки территории Республики Казахстан. Строительные нормы и правила. СНиП РК А.3.2.2001. Охрана труда и техника безопасности в строительстве. А. 2001. 91 с.
21. Правила безопасности при работе с инструментом и приспособлениями. М. 1995. 167 с.
22. Правила проведения аттестации производственных объектов по условиям труда. А. 2004. 24 с.
23. Маньков В.Д. Защитное заземление электроустановок. М. 2010. 305 с.
24. Ю.Д. Сибикин. Электробезопасность при эксплуатации электр установок промышленных предприятий. М. 2010. 233 с.
25. Куликов О.Н. Безопасность жизнедеятельности в строительстве. М. 2009.376 с.
26. Т.А. Хван, П.А. Хван. Безопасность жизнедеятельности. М. 2010. 441 с.
27. Ю. Клюжев, М. Шатырбаева. Техника безопасности. Астана. 2010. 93 с.
28. Л. Балабас, Ж. Аманжолов. Основы безопасности жизнедеятельности. Астана. 2009. 231 с.
29. О.Н. Куликов. Охрана труда при производстве сварочных работ. М.
30. 2008. 176 с.
31. Скляров. Н.Е., Рузняев Е.С., Волков В.В. Электробезопасность. Пензенского государственного университет. 2004. 276 с.
32. Куценко Г.Ф. Практическое пособия по электробезопасности. М. 2009. 240 с.
33. Ю.Д. Сибикин. Электробезопасность. Безопасное производство отдельных работ. М. 2009. 234 с.
34. Медведев В.Т. Электробезопасность: задачки: учебное пособия. М. 124 с.
35. Кузнецов Б.В. Электробезопасность при эксплуатации электроустановок. Белоруская наука. 2007. 195 с.
36. Сибикин Ю.Д. Справочник молодого рабочего по эксплуатации электроустановок промышленных предприятий. М. 1984.213 с.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Әлімбетов Қ.М.

Құрылыс нысанындарындағы өрт қауіпсіздігі

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

050731 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
мамандығы

Алматы 2012
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Қорғауға жіберілді
Химиялық физика және материалтану
кафедрасының меңгерушісі, профессор
М.И. Тулепов _________
_____ ______________ 2011ж.

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Құрылыс нысанындарындағы өрт қауіпсіздігі

050731 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
мамандығы бойынша

Орындаған:
Әлімбетов Қ.М.

Ғылыми жетекші:
PhD,аға оқытушы
Исанбекова А.Т.

Норма бақылаушы
Рахимова Б.У.

Алматы 2012

Мазмұны

Кіріспе
I Негізгі бөлім 8
1 Өрт және өрт қауіпсіздігі 8
1.1 Өрттің шығу себептері 9
1.2. Өрт және жарылыс қауіпін тудыратын обектілер 10
1.2.1Жарылыстан сақтандыруға қойылатын талаптар 12
2 Отқа төзімді құрылыс материалдары мен конструкциялары 14
2.1 Өртке қарсы қолданылатын шаралар 17
3 Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау 19
3.1 Өрт сөндіру әдістері мен құралдары 20
3.2 Өрт кезінде жарақаттанғандарға көрсетілетін алғашқы көмек және26
көшіру - құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
II ЖҰМЫСТЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН НЫСАНАЛАРЫ
III ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

РЕФЕРАТ

Бітіру жұмысы 46 беттен, 12 суреттен, 11 кестеден,13 қосымша, 36
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Түйінді сөздер: ЭЛЕКТР ТОҒЫ, ЭЛЕКТРЛІК СОҚҚЫ,ЭЛЕКТР ЖАРАҚАТЫ, ҚАДАМДЫҚ
КЕРНЕУ.
Зерттеу нысандары ретінде: ЖШС АЛМАТЫГОРСТРОЙ
Жұмыстың міндеті:
1. Электр қондырғылардың оқшаулануына бақылау жүргізу.
2. Электр дәнекерлеу жұмысы кезіндегі қауіпсіздікті тексеру.
3. Электр құралдар және қорғаныс құралдарының қауіпсіздігін тексеру.
4. Электр жарақат алудын себептерін тексеру.
5. Жұмыс аймағында уақытша жарықтандыруды жүргізуді тексеру.
6. Құрылыс нысанындағы электр қауіпсіздігін бағалау.

РЕФЕРАТ

Дипломная работа состоит из 46 страниц, содержит 12 рисунков, 11
таблиц, 13 списка использованных источников, 36 приложения.
Ключевые слова:
Объекты исследования: ТОО АЛМАТЫГОРСТРОЙ
Цель работы:
1. Проведение контроля изоляции электрических установок.
2. Проверка безопасности электрических паяльных работ.
3. Проверка безопасности электрических и защитных средств.
4. Причины электрических травм.
5. Проверка проведения временного освещения на рабочих зонах.
6. Оценка электробезопасности на строительных объектах.

ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР

Т- тотықтырғыш
ЖК- Жану көзі
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік
О- отын

КІРІСПЕ

Өрт – бұл адам өміріне және денсаулығына, материалдық шығын әкелетін
жалпы және мемлекеттік назардағы, ешқандай бақыланбайтын жану.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – адам өмірі мен денсулығын,
меншікті, ұлттық байлықты және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік
қызметтің ажырамас бір бөлігі болып табылады.
Жер бетінде күн сайын 2 млн-нан аса өрт болып, 1 млн-нан көп адам қаза
табады, әрбір 2 өртте 1 адам қаза табады.
Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 22 – қарашадағы №48 – II Өрт
қауіпсіздігі туралы Заңының 3 бабына сәйкес өрт қауіпсіздігін қамтамасыз
ету Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау
басқармасының негізгі принципі.
Қазақстанда 2003 жылы ғана 15000-ға жуық өндірістік және тұрмыстық
өрттер тіркелген. Олардың ішінде 1000 адамға жуығы зиян шегіп, 532-сі қаза
болған. Материялдық шығын 3200 млн.тенгені құрады.
Алматыда жарты жыл ішінде 523 – ден астам өрт шыққан , олардан келген
материалдық шығын 30 млн 598 мың теңгені құрап отыр. Тілсіз жаудан 20 адам
қайтыс болып, 29 адам әртүрлі деңгейдегі жарақаттар алған. Соның ішіндегі
ауқымды өрттер: 295 өрт тұрғын үйде, 12 қойма ғимараттарында, 28 өрт
әкімшілік – қоғамдық мекемелерде, 27 құрылыс нысандарында және 37 сауда
кәсіпорындарында болған. Соның ішіндегі жарты жылда құрылыс нысанында 27
өрт болатын болса, бір жылда 50-54 өрт болды екен. Бұл дегеніміз мемлекетке
кері әсерін тигізеді және адам өміріне қауіптілік күшейеді деген сөз.
Жұмыс орнындағы өрттен келетін қауіпті азайтуға еңбекті қорғау
инспекторларының жұмысы да негізгі үлесін қосады. Осы себепті зерттеу
жұмысының нысаны ретінде алынған құрылыс объектісінде өрт қауіпсіздігін
тексеру және бағалауды жөн көрдік. Мақсатқа жету негізінде төмендегідей
міндеттерді жүзеге асырдық:
1. Өрт қауіпсіздігінің талаптарға сәйкестігін тексеру
2. Өрт қауіпсіздік ережелерін жұмыс барысында орындалуын анықтау
3. Өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілу дәрежесін анықтау

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Өрт және өрт қауіпсіздігі

Өрт – бұл адам өміріне және денсаулығына, материалдық шығын әкелетін
және мемлекеттік назардағы, бақыланбайтын жану процесі және үрдісі. Өрт
және жарылыстар есебінен өндірістік ғимараттар бұзылады, қоғамдық және
тұрмыстық объектілер қирайды, адамдар өледі және жарақат алады, қоршаған
ортаға зиян келеді.
Өртті сипаттайтын негізгі құбылыс-жану процесі. Жану дегеніміз – өте
жылдам жүретін физикалық – химиялық процесс, жылу бөле жүреді, өзіндік
таралуға қабілетті, жарықтанады және жалын түзеді. Өрттің пайда болуы үшін
жанғыш зат, тотықтырғыш және жану көзі қажет. Жану осы аталған
жағдайларының біреуі болмаса тоқтайды. Ең кең таралған тотықтырғыш ауадағы
оттегі.
Жанудың пайда болуы бірнеше түрге бөлінеді: жарқ ету, тұтану,
өздігінен тұтану, өздігінен жану.
Жану – жану көзінің әсерінен пайда болады. Жалын пайда болысымен
тұтану процесі жану процесіне ауысады. Жану пайда болатын және жалғасатын
температура тұтану температурасы деп аталады.
Өздігінен тұтану температурасы – белгілі бір температурада ашық отпен
жанаспай-ақ, оттың сыртқы көзімен қыздырылған қатты денелердің және сұйық,
газ тәрізді заттардың жануы.
Өздігінен тұтану температурасы жанғыш зат компанеттерінің қоспасы мен
ауаның қатынасына тәуелді. Жанғыш зат зат қоспасының көлемі мен қысымы
артқан сайын өздігінен тұтану температурасы төмендейді. Көптеген жанғыш
газдардың тұтану температурасы 400 – 700 0С (ағаш үшін – 236-3990С, көмір
үшін – 400–5000С, керосин үшін – 235-2900С) аралығында болады.
Жарқ ету деп – бу, газ, шаң және басқа заттардың тез жануын және жану
барысында сығылған газдар түзілмеуін айтамыз. Жарқ ету температурасы –
жанғыш заттың ең төменгі температурасы. Жанғыш заттың беттік қабатында жану
көзінің әсерінен тұтануға қабілетті булар және газдар түзіледі, алайда
газдар және булардың түзілу жылдамдығы жануды жалғастыруға жеткіліксіз
болады.
Жану көзі жоқ болғанда да жанғыш заттың жануына алып келетін, жану
барысында жылу бөлінетін, экзотермиялық реакциялардың жылдамдығы бірден
артатын жануды – өздігінен жану деп атаймыз. Өзіндік жану жүретін
температура төменболған сайын, заттардың өртке қауіптілігі арта түседі.
Өзіндік жануға бейім заттар мен материалдардың бірнеше топтары бар: табиғи
заттар (ағаш ұнтағы) оларда 60-700С температурада биологиялық процес жүреді
(тотығу процесі); торф және қазып алынатын көмір; тез тотығуға бейім
органикалық байланыстардан тұратын сұйық май және майлар.
Жанғыш заттар екіге бөлінеді.
1-классқа жарқ ету температурасы 450С төмен, жеңіл тұтанатын
сұйықтықтар (жанар май, спирт, керосин және т.б.) жатады;
2-классқа жарқ ету температурасы 450С болатын жанғыш заттар (май,
мазут) жатады.
Өзіндік жануға қабілеті бар заттар 4 топқа бөлінеді.
I топ – ылғалды дән, шөп, ағаш үгінділері;
II топ – тас және қоңыр көмір, торф;
III топ – май;
IV топ – химиялық заттар;
Жанғыш заттар шаңы шіриді және жана алады, ал аса көп мөлшерде болса,
онда жарылады. Ауада метан, шаң және көптеген әртүрлі сұйық жанғыш
заттардың болуы жарылғыш немесе жанғыш қоспалардың түзілуіне алып келеді.
Қазақстан Республикасының “Өрт қауіпсіздігі туралы заңы” 1996 ж
қарашадан бастап мемлекеттік органдармен жеке физикалық және заңды тұлға
лауазымды қызмет етіп жүрген жетекшілермен меншіктік алшағына қарамастан
өртке қарсы қауіпсіздігті Қазақстан Республикасы барлық аймақтада зиянды
түрде іске асырылуы қамтамасыз етілген. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз
мемлекет қызметін адам өмірінің және денсаулығын, жеке меншікті, халықтың
байлығын және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бөлінбейтін бөлігі.
Өрт қауіпсіздігі - өрт шығудың және дамуының мүмкіндігін, өрттің
қауіпті себептері адамға әсерінің ықтималдығы болдырмайтын, сонымен қатар
құнды материалдың, бағалы заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін объект
күйі.
Өрт қауіпсіздігі МЕСТ 12.1.033-81 бойынша реттеледі. Өрт қауіпсіздікті
қамтамасыз ету адам денсаулығының, ұлттық байлықты және қоршаған ортаны
қорғаудағы мемлекет ісінің басты бөлігі болып табылады.Өрт қауіпсіздігінің
қамтамасыз етілуі адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау
ұлттық байлық иеліктері мен қоршаған ортаны туралы мемлекеттік іс-
шаралардың ең бастысы болып табылады.
Өрт қауіпсіздігінің ең маңызды тапсырмасы: құрылыс ғимараттарын
қираудан құтқару және олардың өрт кезіндегі жоғары температура әсері
кезіндегі жеткілікті беріктігін қамтамасыз ету.

1.1. Өрттің шығу себептері

Өрт шығудың себебі электрлік және элктрлік емес сипатта болады. Егер
ұшқын шығу көзі болса, онда жану процесі болуы мүмкін. Өрт келесі
себептерден пайда болады: электр желілерінің тозуынан, тармақтарды құрайтын
электр желілерінің ақаулығы, электр тармақтарының қысқа тұйықталуы.
Ереже бойынша, өрт және жарылысқа негізгі себеп болып: технологиялық
процестердің кемшіліктері, технологиялық режимнің бұзылуы, электр
құрылғының істен шығуы, құрылғыда ақаулар болуы, құрылғының тозығының жетуі
және тот басуы, құрылғының құрылымдық кемшіліктері, құрылғыны жөндеу
жұмыстарын дұрыс жасамау, материалдардың өздігінен тұтануы, пісіру
жұмыстары, жұмыс режимінің бұзылуы, еңбекті ұйымдастыруды және жұмысшы
қызметін бақылауды дұрыс жүргізбеу және басқа да іс-әрекеттер болып
табылады [2].

1.2. Өрт және жарылыс қауіпін тудыратын обектілер

Өрт және жарылыс кезiнде адамдарға әсер ететiн қауiпке және зиянды
факторларға келесiлер жатады: жалын, екпiндi толқын, қондырғылардың
бұзылуы, ғимараттың конструкциясы, коммуникациялық қирау және олардың
шишалары, iстен шыққан аппараттардан бөлiнетiн зиянды заттардың мөлшерi.
Өрт және жарылыстардың алдын алу шараларының ішіндегі ең тиімдісі
ғимаратты дұрыс жобалау. Өрт және жарылыстардың алдын алу үшін құрал
таңдау және дұрыс жобалау үшін өрт және өрт қауіпсіздігі бойынша сыртқы
және ішкі ғимарат қондырғылары, өндірістің жіктелуі маңызды роль алады.
Өрт және жарылыс туғызу қаупі бойынша ғимараттар келесідей
категорияларға бөлінген:
А- категориясы-жарылыыс және өртке қауіпті өндірістер. Оларға төменгі
шегі 10% ауа қатынасында болатын жанғыш газдар, буының жарқ ету
температурасы 280С болатын сұйықтықтар жатады. Бұл газдар және сұйықтықтар
жарылысқа қауіпті қоспалар түзеді.
Б- категориясы иелігінде келесідей жарылыс және өрт қаупі бар заттар
жатады: төменгі шегі 10% ауа қатынасында болатын жанғыш газдар; булардың
тұтану температурасы 28-610С-ге дейін жететін сұйықтықтар; тұтану және одан
жоғары температураға дейінөндіріс жағдайында қыздырылған сұйықтықтар;
жанғыш тозаңдар мен талшықтар.
В- категориясы иелігінде бұлардың тұтану температурасы 610С-ден жоғары
болатын ауа оттегісімен немесе өзара әсерлесуден жанатын жанғыш тозаңдар
мен талшықтар, қатты жанғыш материалдар мен заттар.
Г- категориясына территориясында жанбайтын заттары мен ыстық, сынған
немесе балқытылған күйдегі материалдары бар өндіріс жатады. Оларды өңдеу
үрдісі сәулелі жылу, ұшқын және жалынның пайда болуымен қатар жүреді. Отын
ретінде бір түрге келтірілетін немесе жанатын сұйық, қатты және газ тәрізді
заттар пайдаланылады.
Д- категорисы иелігінде жанбайтын заттары бар және сұйық күйде
материалдары бар өндірістер, қоймалар мен сыртқы құрылғылар жатады.
Сонымен қатар А, Б, В категорияларына отын ретінде қатты, сұйық және
газ тәрізді заттар жағылатын немесе технологиялық процесі ашық от әдісімен
жүргізілетін өнеркәсіп орындары кіреді.
Жарылғыш қауіпі бар өнімдер не өздігінен тұтану қасиеті бар өнімдер
өндірілетін, сақталатын, тасымалдайтын мекемелер.
Бұл мекемелерге жарылғыш және жану қасиеті жоғары заттар, сонымен
қатар сұйық газ тәрізді өрт және жарылғыш қауіпті жүк тасымалдайтын темір
жол және құбыр тасмалы жатады.
Жарылғыш өрт тудыратын жарылғыш және өрт қауіпсіздігі бойынша ӨҚЖО 5
категорияға: А,Б,В,Г,Д. Әсіресе А,Б,В, категориясына жататын объектілер өте
қауіпті категориясы – мұнай өндіруші зауыттар, химиялық кәсіпорындар, су
құбырлары, мұнай шикізат қоймалары.
Б категориясы – көмір тозаңының, ағаш үгіндісі, қант шекері, диермен
бөліктерін тасмалдау және дайындау цехтары.
В категориясы – орман шабу, ағаш өңдеу жұмыстары.
Өрттің пайда болуы ең біріншіден құрылыс және құрал-сайманның отқа
төзімдігіне байланысты 5 негізгі топқа бөлінеді.
Барлық құрылыс материалдары және олардан салынған құрылыстар үш топқа
бөлінеді: жанбайтын, оңай жанбайтын және тез жанатын.
Кесте №1

Өртке тұрақтыҒимараттар мен үймереттер бөліктері
дәрежесі
Саты Сат Жабындылардың Жабынды
торларының торларыны конструкциялары элементтері
құрлыстары мен өтпелері
I 3 сағатта, 1 сағатта, 1 сағатта, 0,5 сағатта,
өртенбейтін өртенбейтін өртенбейтін
өртенбейтін
II 2,5 сағатта, 1 сағатта, 0,25 сағатта, 0,25
өртенбейтін өртенбейтін өртенбейтін сағатта,
өртенбейтін
III 0,5 сағатта, 1 сағатта, 0,25 сағатта, өртенетін
өртенбейтін өртенбейтін өртенбейтін
IV 0,5 сағатта, 0,25 0,25 сағатта, өртенетін
өртенбейтін сағатта, өртенбейтін
өртенбейтін
V Өртенетін

Жанбайтын-от және жоғары температураның әсерінен тұтанбайтын,
ісінбейтін және күймейтін материалдар.
Оңай жанбайтын –от және жоғары температураның әсерінен қиындық пен
тұтанып, егер от жанып тұрса, күйіп жанатын материалдар.
Тез жанатын- от және жоғары температураның әсерінен тез тұтанып,
күйіп, от көзін алып тастаған күнде де жануын тоқтатпайтын материалдар.
Үлкен өндірістік мекемелер мен тұрғылықты мекемелерде жекелеген және
жалпылай түрде болады. Жекелеген өрттер – ғимарат не құрылыс ішінде, ал
жалпылама өрт - ғимараттың 25% - ін құрайтын жекелеген өрттер. Қатты өрттер
кейбір жағдайда отты боранға айналады.

1.2.1 Жарылыстан сақтандыруға қойылатын талаптар

Жарылыстың алдын алу үшін алдымен жарылыс пайда болатын ортаны
болдырмау. Жарылыс қауіптісі бар ортаның шығу кезеңдері: процестерді
жарылыс қауіпті өндірістің процесі жүргізетін;
өрт қауіпсіздігін өндірістің санитариясы, техника қауіпсіздігінің
ережесі мен нормасына технологиялық ереженің сақталуын қадағалау;
аварияға қарсы, тау жұмыстарын қорғау, газдан сақтау жұмыстарын
ұйымдастыру және авариялық жағдайда жұмыстарды жүргізу тәртібі.
Әрбір зауыт, өндіріс орындары егер жарылғыш және өрт қауіпті зат
өндіретін болса, міндетті түрде арнайы даярланған командасы болуы тиіс. Бұл
өрт сөндіру камандалары негізгі қауіпті өндірістен алыста орналаспауы тиіс.
Оларда сигнализация және телефон байланысы болуы тиіс. Бірақ аз уақыт
ішінде жарылғыш зат жанған кезде жарылыс болуы мүмкін. Егер жұмысшының өзі
шешім қабылдау керек болса, оның өртті өртсөндіргіш, су не топырақпен
сөндіруі тиіс. Сонымен қоса ол өрт сөндіргіш команданы не өрт
сөндірушілерді тез арада шақыруы тиіс. Өрт сөндіру командасы жану өртке
айналмаса да шақыруы тиіс. Бұл ережені есте мұқият сақтап, кез-келген
жануды жасыруға тырыспау керек.
Жарылыстың алдын алу үшін алдымен жарылыс пайда болатын ортаны
болдырмау.
Жарылыс қауіптісі бар ортаның шығу кезеңдері:
заттардың (газ, бу, шаң) ауамен және басқа тотығыштар мен пайда болатын
жарылыстың қабілеті бар қосындылар (оттегі, хлор, азот және т.б.)
жарылуға дайын жеке заттар (ацетилин, азон, гидразин, аммиакты селитра және
т.б.)
Жарылыс көздері:
жанатын, қызатын заттар;
механикалық қозғалыстар мен химиялық реакция жылуларының шығуы;
соққыдан пайда болған ұшқындар;
соққылық толқындар;
электромагниттік және де басқа сәулелердің күндік радиациясы.

2. Отқа төзімді құрылыс материалдары мен конструкциялары

Құрылыс материалдары мен конструкциялары отқа төзімділігі және өртке
қауіптілігі бойынша 3 топқа бқлінеді.
Отқа төзімділік деп – эксплуатациялық функциясын сақтау барысында
белгілі бір уақыт аралығында құрылыс материалдарының өртке қарсы тұра алу
қабілетін айтады.
Құрылыс конструкцияларының отқа төзімділігі тәжірибелік жолмен
Құрылыс конструкциясы отқа төзімділігін анықтау әдістері. Тіректік және
шектеулі конструкциялар стандартына сәйкес анықталады.
Өрт кезінде ғимараттың жағдайы және оның отқа төзімділігі құрылыс
конструкцияларының (қабырға, бағаналар, аркалар, балка, плитар, ішкі
байланыстырушы діңгектер, баспалдақтар және т.б.) отқа төзімділік
қабілетіне байланысты, ал құрылыс конструкцияларының отқа төзімділігі өз
кезегіндегі оны құрайтын материалдардың отқа төзімділігіне (бетон, кірпіш,
болат, ағаш және т.б.) байланысты болады.
Құрылы материалдары жанатын және жанбайтын деп бөлінеді.
Жанатын материалдар жіктелуі:
Жанғыштығына байланысты: (Г1 – аз жанатын, Г2 – қалыпты, Г3 – орташа,
Г4 – тез жанатын;) тұтану дәрежесі бойынша: (В1 – қиын тұтанатын, В2 –
қалыпты тұтанатын, В3 – тез тұтанатын;) оттың беттк қабатта таралуы
бойынша: (ВП1 – таралмайтын, Д3 – жоғары түтіндейтін;) жанатын заттардың
улылығы бойынша (Т1 – қаупі аз, Т2- қалыпты, Т3 – жоғары қауіпті, Т4 – аса
қауіпті;).
Құрылы материалдары және конструкциялы тұтануға, жануға қарсы тұру
қабілеті бойынша 3 топқа бөлінеді.
Жанбайтын материалдар – жоғары температураның әсерінен тұтанбайтын,
балқымайтын, майыспайтын заттар. Ондай материалдарға кірпіш, ассбест,
балшық, бетон, темір-бетон, тау жыныстарының тастары, құм, шыны және металл
сияқты табиғи және жасанды материалдар жатады.
Қиын жанатын материалдар - жану көзінің әсерінен жануға қабілетті,
бірақ жану көзін алып тастағаннан кейін жану жалғаспайды. Оған жанатын және
жанбайтын құралдардан тұратын материалдар (асфальт бетоны органикалық
толтырулары бар гипс және бетон бөлшегі, цемент фибролиті, антиперенді
сіңірген бөрене, балшық ерітіндісімен ылғалдандырылған киіз, кейбір
полимерлер) жатады. Қиын жанатын конструкцияларға қиын жанатын материалдар
мен жоғары температурада жанбайтын материалдармен қорғалған жанатын
материалдар да (мысалы, өртке қарсы есік – ол ағаштан жасалып, асбест
қағазымен сүртіліп, болатпен қапталған) жатады.
Жанатын материалдар – жану көзін алып тастағаннан кейін де өзіндік
жануға қабілетті материалдар. Жанатын материалдарға антипериндер
сіңірілмеген оргаикалық материалдар (орман материалдары, рубероид, толь,
торфплиттар) жатады.
Құрылыс конструкцияларының отқа төзімділік қабілеті ретінде оның өрт
кезіндегі жоғары температура әсеріне төзіп, өзінің эксплуатациялық қызметін
жоғалтпауы. Құрылыс конструкциясының отқа төзімділігі конструкция үлгілерін
арнайы ошақтарда сынау негізінде анықталады.
Өрт кезіндегі эвакуациялық жолдар. Ғимаратты жобалау жұмыстары кезінде
өрт пайда болған жағдайда адамдардың қауіпсіз эвакуациясы қрастырылады.
Эвакуация жолдары деп адамдарды эвакуациялау кезінде қауіпсіз қозғалыс
бағытын қамтамасыз ететін эвакуациялық шығу жолдарына алып баратын
жолдарды, дәліздерді, алаңдарды, баспалдақтарды айтамыз.
Шығу жолдары келесідей жағдайда эвакуациялық болып табылады:
А) егер олар ғимараттың бірінші қабатынан вестибюль, дәліз, баспалдақ
торы арқылы сыртқа шығуға мүміндік берсе;
Б) бірінші қабаттан басқа ғимараттың кез келген қабатында сыртта
орналасқан баспалдаққа алып баратын дәліздері болса;
В) ғимараттардан көршілес ғимараттарға сол қабаттан шығуға мүмкіндік
беретін а және б пунктері болса;
Адамдарды ғимараттардан эвакуациялау процесі 3 кезеңнен тұрады:
Ең түкпір жұмыс орнында жүрген адамдардың эвакуацияға шығуға қарай
қозғалуы (мысалы цех бойынша жүріп отыру);
А) адамдардың ғимаратта орналасқан орындарынан эвакуациялық шығару
жолдарына қарай жылжуы (дәліздермен немесе баспалдақтармен түсу);
Б) адамдардың эвакуациялық жолдар арқылы сыртқа шығуы;
Эвакуациялық көшірілу үшін мыналар қажетті:
8. эвакуациялық кіретін және шығатын жолдардың өлшемін, санын белгілеп,
олардың конструктивті жасалуын қамтамасыз ету;
9. адамдардың эвакуация жолдары мен кедергісіз өтуін қамтамасыз ету.
Жеке бас және ұжымдық қорғаныс құралдары өрттің қауіпті факторларын
әсер ету уақытының аяғына дейін қорғай алатын болуы тиіс.
Объектінің қорғаныс конструкцияның орындалуы, қорғаныс бөлмелері мен
паналар арқылы іске асырылады.Әрбір объект өрттің алғашқы шығу дәрежесінен-
ақ хабарлау және сигнализация жүйесімен қамтамасыз етілуі қажет.
Жарылыс қауіпсіздігі, жарылыс сақтандыру, жарылысты қорғау
ұйымдастырушылық және техникалық-ұйымдастырушылық шараларымен іске
асырылады.
Жеке өндірістік процестерге және конструктивтік жарылыс қауіптілігіне
қойылатын талаптар осы процестерге бөлінген нормативтік-техникалық
құжаттарға сәйкестендіру қажет. Ортаның жарылыс қауіптілігі мынандай
негізгі параметрлермен сипатталады:
жану аймағымен;
өзіндік жану температурасымен;
жалынның қалыпты таралу жылдамдығы, оттөгінің ең кем жарылу қауіпі бар
үлесімен;
жағудың ең кем қуатымен;
детонация мен жарылысқа бейімділігімен;
механикалық әсерге сезімталдығымен.

2.1 Өртке қарсы қолданылатын шаралар

Өртке қарсы қорғаныс мыналарды қамтамасыз етедi: объектiнiң өртке
тұрақты дәрежесiн және элементтер мен конструкциялардың от тұрақты шегiн
дұрыс таңдау, өрт басталуы жағдайында өрттiң таралмауын қамтамасыз ету
қажет; түтiнге қарсы қорғаныс жүйелерiн пайдалану; адамдарды қауiпсiз жерге
көшiру; өрт сөндiру және хабарлау; өрт күзетiн ұйымдастыру.
өрт қауіптілігі бар материалдардың орнына мүмкіндігінше жанбайтын немесе
өте қиын жанатын заттармен алмастыру, жанатын заттарды шектеу, жанғыш
ортаны оқшауландыру, өртті өрт ошағынан асып таралмауын;
өрт сөндіргіштерді қолдану; объект құрламдарын жану және отқа
төзімділік шегін регламенттелгенді қолдану, адамдарды көшіру;
объектіні өрттен қорғауды ұйымдастыру.
Жанғыш заттарды және оларды орналастыру, қолданыстағы санын шектеу
мына төмендегі регламенттеумен болады:
сыртқы немесе ішкі бөлменің өрт құрылыс қауіптілігі класына сәйкес электр
жабдықтарын қолдану, жарыс қауіптілігі бар қосынды мен жұмыс істейтін
техмологиялық процесс пен жабдықтардың электр ұшқыны шықпайтындай
талаптарға сәйкес болуы:
ғимараттарды, құрылыстарды және жабдықтарды найзағайдан қорғау
құрылымдар мен қамтамасыз ету;
жаңғыш ортамен контактіге кіретін материалдар, жабдықтар және
өнімдердің ең жоғарғы қызу температурасын регламенттеу;
жаңғыш ортада пайда болатын, ұшқын шығаратын қуатты максималды
регламенттеу;
жаңғыш ортадағы ұшқын разряды бар максималды қатаң регламенттеу;
жаңғыш заттар, материалдар және құрылымдарды максималды жіберілетін
қызу температурасын регламенттеу;
тез жаңғыш заттармен жұмыс істегенде ұшқын шығармайтын
аспаптарды қолдану;
материалдарды, құрылымдарды өнімдердің жылулық, химиялық немесе
микробиологиялық айналысымдағы өз-өзінен жану ғимараттарын жою.
Өрттің алдын алу:
өртке қарсы тосқауылмен (қабырға, қорғаныс бөліктері ара қашықтық, жәнө
т.б);
өртке қарсы бөліністер мен секциялар және т.б. шектік аймағы;
коммуникация, аппараттар, авариялық өшірілуі;
өрт кезінде сұйық заттардың төгіліп, жайылып көтпеуін қарастыру;
өрт тосқауылдарын қолдану;
коммуникация мен аппараттарға бөлгіш тосқауыл мембраналар қолдану.
Өртті өшіретін заттар, өрттің көлемін мүмкінше азайтып, оны өшіру
қажет. Өрт болу мүмкіндігін шектеу үшін конструкцияларда өрт төзімділігі
өндірістік процестердің өрт жарылыс қауіптілігіне байланысты белгіленеді.
Әрбір объектінің көлемдік-жоспарлау және техникалық шешімі болу керек, яғни
норма мен белгіленген, өрттің қауіпті факторларының төнуінен бұрын адамдар
басқа жақа көшіріліп үлгеруі қажет.
Өрт және жарылыстардың алдын алу жүйесіндегі басты бағыт өрт
профилактикасы болып табылады. Ол өртті болдырмау және жою шараларын
қарастырады, оның ішіндегі оттың тарау сферасын шектеу және адамдардың
көшірілуін, жанып жатқан ғимараттан мүліктерін алып шығу қамтылады.
Өрт пен жарылыстардың алдын алу және болдырмау шаралары төмендегідей
нормативтік – техникалық құжаттарда көрсетілген: мемлекет стандарттары,
санитарлы нормалар мен ережелер, өндірс орындар үшін өрт қауіпсіздігі
ережелері, тұтынушылардың электрқондырғыларын, эксплуатациялаудың
техникалық ережелері және т.б.
Өндіріс орындарындағы өртті болдырмау және алдын-алу шаралары көбінесе
өрт пайда болған мен оның болуын шектеуге бағытталған алдын-ала қабылданған
шешімдерге байланысты.
Осы мақсатта ғимаратты жобалау және салу кезінде өртке қарсы
құралдармен шектеуші кедергілермен жабдықтайды. Олар өрттің таралуын
шектеп, жылу мен энергияның сәулелі іс-әрекетінен оттан қорғап тұрады.
Өртке қарсы кедергілерге өртке қарсы қабырғалар және жауып тасталған
бөліктер, одан бола осы кедергілерге орнатылған өртке қарсы қақпалар,
есіктер, терезелер, люк қақпашалары жатады.
Ғимараттың сыртқы бөлігіндегі кедергілерді жарылыстардан қорғау үшін
тез ашылатын конструкциялар орнатылады (резе, есіктер, қақпа т.б). олар
жарылыс кезінде бұзылып, сынып кетеді, соның есебінен ғимарат ішіндегі
қысым азайып, негізгі құрлымды тіректік конструкция аман қалады.
Өрттің таралуын және қабырғалардағы, аппараттардағы жану мен
жарылыстарды болдырмау үшін от шеттегіштер орнатылады. Олардың іс-әрекеті
оған түскен от бірнеше бөлшектерге бөлініп кетеді, одан кейін ол әрі қарай
тарай алмайды. Отшектеушілер: тік және көлденең торлы, түйіршіктелген
қосымша материалы бар, касеталы, пластикалық және металды – кирамикалық
түрде болады.
Газ құбырлары мен шаң құбырларындағы жарылыс әрекетінің алдын алу үшін
арнайы бөлшектеуші мембраналар және әртүрлі конструкциялардың жобалары
орнатылады.
Өндіріс орнының өнім өндіру қуаттылығына қарамастан кәсіпорында жоғары
қысымды сыртқа өртке қарсы су құбыры болуы тиіс. Оның жүйесіндегі еркін
қысым шағын ғимараттың өзінде 10 метр биіктікке дейін жетуі тиіс. Сыртқы
және ішкі өртке қарсы су құбырларының жүйесінде жекелеген бөліктерін бөліп
тұратын суыриа орнатылады.
Өрт гидранттары және су қоймалары орналасқан жерлер МемСт 12.01.2009
сәйкес жарықтандыру және флуорсецентті құралдармен жабдықталуы тиіс.
Ғимаратты жобалау, құрылыс, резонструкция, жөндеу және эксплуатацияға
беру жұмыстарында нормативті құжаттарда белгіленген талаптарды орындау
міндетті болып табылады.
Өнеркәсіптік мекеменің негізгі өндірістік және қосымша ғимараттарын
жобалау және салу кезінде өрт пен апатты жағдайлардағы ғимарат шіндегі
адамдардың қауіпсіз эвакуациялауға арналған эвакуациялық шығу жолдары
қарастырылады.
Дер кезіндегі эвакуацияның тиімділігі эвакуация жолдарын құру, саны,
ұзақтығы және еніне байланысты болады. Олар нормативтік талаптарға сәйкес
болып табылады. Эвакуация жолдарынан эвакуация шығатын есікке апаратын және
адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін дәліздер, проход, баспалдақтар
және т.б. жатады.
Осы талаптарды орындауға жауабы ретінде ғимаратты жобалаушы,
құрылысшылар мен эксплуатация жасаушы тұлға тағайындалады. Жеке объектінің
өрт қауіпсіздігіне жауаптыларды мекеме басшысының бұйрығы негізінде
тағайындалады. Нормативті құжаттардағы өрт қауіпсіздігіне байланысты
талаптар орындалмаған жағдайда мемлекеттік өртті бақылаушы олардың
шығарылуы туралы үкім шығаруға мүкіндігі бар. Егер өрт қауіпі бар екендігі
анықталған жағдайда ол кәсіп орын қызметін тоқтата алады.

3. Ғимараттар мен құрылыстарды өрт қауіпінен сақтау

Барлық өндірістік және қойма бөлмелері үшін өрт жарылыс және өрт
қауіптілігінің санаттарын, сондай-ақ бөлмелердің есіктерінде тиісті
белгілері белгіленген электр қондырғылары құрылғыларының техникалық
нормалары бойынша аймақтардың кластарын анықтау қажет.
Жоғары өрт қауіптілігі бар жабдықтардың қасында қауіпсіздіктің
стандарттары белгілері ілінуі тиіс.
Өрт жарылыс қауіптілік көрсеткіштері тексерілмеген немесе
сертификаттары жоқ материалдар мен заттарды өндіріс процесінде қолдануға,
сондай-ақ оларды басқа материалдармен және заттармен сақтауға болмайды.
Барлық нысандар алғашқа өрт құралдарының қажетті санын анықтауға және
IV топтағы объектілер мен көлік құралдарына арналған алғашқы өрт сөндіру
құралдары мен өртке қарсы қызыметті шақыруға арналған байланыс құралдарымен
қамтамасыз етілуге және автоматты өрт дабылы жүйесімен, қолданыстағы
нормаларға сайт өрт сөндіру және адамдарды өрт туралы құлақтандырудың
автоматты қондырғысы жүйесімен жабдықталуы тиіс.
Ғимараттар мен құрлыстарды найзағайдан қорғау құрылғылармен жабдықтау
қажет.
Үй-жайлардың, ғимараттар мен құрлыстардың өртке қарсы жүйелері мен
қондырғыларын (түтінге қарсы қорғаныс, өрт сөндіру автоматының құралдары,
өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйелері, өртке қарсы жасалған қабырғалар
мен аралықтардағы басқа да қорғаныс қондырғылары) жарамды жұмыс күйіндегі
ұстау қажет.
Есіктің өздігінен жабылуына арналған қондырғыларды жарамды жағдайда
ұстау қажет. Өртке және түтінге қарсы есіктердің еркін жабылуына кедергі
клтіретін қандай да болмасын құралдарды орнатуға жол берілмейді.
Өрттің пайда болуына әкелетін жарамсыз жабдықтарда, қондырғылар мен
станоктарды, сондай-ақ қауіпсіздік параметірлердің қауіпсіздік шарттарымен
реттелген температураның, қысымының және басқалардың берілу тәртібін
бақылауды қамтамасыз ететін бақылау – өлшеу құрал жабдықтары мен
технологиялық автоматтары сөндірулі тұрған кезде жұмыс жүргізуге жол
берілмейді.
Құрылыс құрылымдарының өртке қарсы жабдығының ( оттан қорғау
қасиеттерінің жойылуы мен нашарлауына қоса алғанда сылақ, арнайы сырлар,
лак) жанармай және жылу оқшаулау материалдарының, құралдарыдың металл
тіреулерінің ақаулары дереу жөнделуі қажет.
Нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес өңделген (сіңірілген) ағаш
құрылымдары мен талшықтар өңдеу мерзімі аяқталған кезде және оттан қорғау
қасиеттерін жоғалтқан жағдайда қайта өңделу тиіс.
Оттан қорғау өңдеудің жай-күйі техникалық құжаттамада көрсетілген
мерзім ішінде немесе жылына кемінде біррет тексерілуі қажет.
Өртке қарсы жасалған қабырғалар, аралықтар мен қоршау құрылымдарының
қилысуы орындарында әр түрлі инженерлік және техналогиялық қатынастарында
пайда болған саңылаулар мен тесіктер құрылыс ерітіндісі немесе басқа да
отқа төзімді газ түтінін өткізбейтін қажетті шекті қамтамасыз ететін
жанбайтын материалдармен бекітілу тиіс.
Ұйымның ғимараттарында, құрлыстарында ( Жеке тұрғын үйлерді
қоспағанда):
1) Жер төлелер мен астыңғы қабатты ТТС мен ЖС, оқ-дәріні, жарылғыш
заттарды, газ балондар, аэрозолды орамдағы тауарларды, целлулоид
және басқа да жарылыс қауіпі бар заттар мен материалдарды сақтауға
және қолдануға;
2) жобада қарастырылған көшіру жолдарында өрттің қауіпті факторларының
жайылуына кедергі келтіретін қабатаралық дәліздердегі, холлдардағы,
фойлердегі, тамбурлар мен сатылы толардағы және басқа да есіктерді
алып тастауға;
3) нәтижесінде адамдарды көшіру қауіпсіздігі шарттары төмендегідей, өрт
сөндіргіштерге крандар мен басқа да өрт қауіпсіздігі құралдарына қол
жеткізуді шектейтін немесе автоматикалық өртке қарсы қорғаныс
жүйелерінің жұмыс істеу аймағын азайтатын (автоматикалық өрт дабыл
қаққышы, өрт сөндірудің тұрақты автоматикалық қондырғылары, түтін
жою жүйелері, көшіруді хабарлау және басқару жүйесі) көлемді-
жоспарлық шешімдерге өзгеріс енгізу;
4) балкондар мен лоджиялардағы есіктер мен люктерді, жапсарлас секция
аралығы мен сыртқы құтқару сатысына шығатын жолдарды жиһаздармен,
жабдықтармен және басқа да жолмн ашық отты қолдануға;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік мекемелердегі шығындар туралы жалпы түсінік
Өндіріске жұмсалған шығындардың есебінің ұйымдастырылуы
Өрттен қорғануды ұйымдастыру. Өртке қарсы қорғаныс жүйелері
Құрылыс конструкцияларына қойылатын өртке қарсы талаптар
Құрылыс құрылымдарын, материалдарды оттан қорғау тәсілдері
Өрт сөндіру кезіндегі техника қауіпсіздігі
Қ. И. Сaтпaев aтындaғы ҚaзҰТЗУ-дың Бaс оқу корпусындaғы өрт жaрылысқa қaуіпті бөлмелерді бaғaлaу
Өрт қауіпсіздігі негіздері.Автоматты өрт сөндіру құрылғылары.Өрт кезіндегі Эвакуация уақыттын есептеу.Өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеу
Өрт қауіпсіздігі негіздері жайлы ақпарат
Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы
Пәндер