«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 «МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ.ШЫРАЙЛЫ
ТҮБЕГІМІЗДІҢ АЛТЫН ҚОРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ұйымдық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бөлімшелерімен танысу ... ... ... ... ... ... ...9

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҰНАЙДЫ ТАСЫМАЛДАУШЫ ҚҰБЫР
ЖҰЙЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1 Мұнай тасымалдау маршрутының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2 Каспий Құбыр Консорциумы жеткізілімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.3 Атырау.Самара маршрутаның мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.4 Транскаспийлік жеткізілімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.5 Оңтүстiк вектор маршруттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2.6 Қазақстан. Қытай мұнай құбыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Қазіргі заманда мұнайдың адам өмірінде алатын орны өте зор. Қазіргі таңда мұнай бағасының күрт өсуі, оған дген сұраныстың артуын айқындайды. Маңғыстау мұнай нарығында негізгі компаниялар «Маңғыстаумұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «Қаражанбасмұнайгаз». Бірақ соңғы кезде инвестиционды компаниялардың ролі өте жоғары болып келеді. Басты кен орындар Жетібайда, Қаламқаста, Қаражанбаста, Тасболтта, Опорныйда орналасқан. Маңғыстауда мұнайдың ролі оте зор, мұнайшы мамандығыда жоғары бағаланады. Маңғыстау өлкесі Қазақстан Республикасының мұнайлы аймақтарының бірі болып келеді. Мұнайдан басқа Маңғыстауда мал шаруашылығы, атым энергетикасы, уранды өндіру және газ өндіру саласы өте жақсы дамыған.
Зерттеу объектісі: «Маңғыстаумұнайгаз» Акционерлік Қоғамы және оның еншілес компаниялары. Өлкеміздегі ең ірі мұнай өндіру компаниясы бұл «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ. Республикамыздың экономикасының өркенеуіне үлкен үлесін қосып келеді. Компанияның екі ірі кен орны, олар Жетібай және Қаламқас. Маңғыстау аймағында көп жылғы іздеу жұмыстарының алғашқы жемісі Жетібай кен орны Оңт. Маңғыстау өңірінде 1961 жылы ашылды. Ал солт.Бозашы өңірінде 1974 жылы Қаламқас кен орны өзінің қоры жөнінен Маңғыстау аймағында екінші орын алады. Компаниямен бірлесіп жұмыс істейтін серіктестіктері, ұғылар қорын пайдаланумен, бұрғылаумен айналысатын “Oil Service Company” компаниясының, автокөлік және арнаулы техникалар кәсіпорындары “Oil Transport Cоrporation”, құрылысшылар мен монтажшылардың “Маңғыстаумұнайжолдары”, “Маңғыстаумұнара” және “Нефтестрой” еншілес серіктестіктері жаңадан құрылған “Oil Constraction Company” кәсіпорнының, тереңдікте пайдаланылатын мұнай сораптарын сынақтан өткізетін және жөндейтін “Techno Trading” кәсіпорнының, шыныпластикалық құбыр заводының, Ақтау қалалық су тұщытатын заводының, ғылыми өндіріс орталығының негізгі іс-әрекеттерін айта кетсек, осы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері компания қызметінің бірқалыпты жағдайда болуына елеулі секптігін тигізеді.
1. «Мұнай мен газды өндіріп, өңдеу» – Нұрсұлтанов Ғ.М., Абайұлданов Қ.Н. Алматы 2000 ж.
2. «Мұнай мен газ» Алматы “Ғылым” 2003 ж.
3. «Маңғыстау» энциклопедиясы Алматы 1997 ж.
4. «Маңғыстаумұнайгаз» – 2003 ж.
5. «Егемен Қазақстан» газеті, 5 ақпан 2006 ж.
6. «Егемен Қазақстан» газеті, 22 сәуір 2006 ж.
7. «Егемен Қаақстан» газеті, 5 наурыз 2007 ж.
8. «Егемен Қазақстан» газеті, 10 маусым 2007 ж.
9. «Нефть и газ» журналы, 2006 ж.
10. «Нефть Казахстан» газеті, 2007 ж. маусым
11. «Үш Қиян» газеті, 2007 ж. сәуір

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ-ШЫРАЙЛЫ
ТҮБЕГІМІЗДІҢ АЛТЫН ҚОРЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Маңғыстаумұнайгаз АҚ даму тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Маңғыстаумұнайгаз АҚ ұйымдық
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Маңғыстаумұнайгаз АҚ бөлімшелерімен
танысу ... ... ... ... ... ... ...9

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҰНАЙДЫ ТАСЫМАЛДАУШЫ ҚҰБЫР
ЖҰЙЕЛЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .15
2.1 Мұнай тасымалдау маршрутының
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 19
2.2 Каспий Құбыр Консорциумы
жеткізілімдері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 22
2.3 Атырау-Самара маршрутаның
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..24
2.4 Транскаспийлік жеткізілімдер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2.5 Оңтүстiк вектор маршруттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2.6 Қазақстан- Қытай мұнай құбыры
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..31
КІРІСПЕ

Қазіргі заманда мұнайдың адам өмірінде алатын орны өте зор. Қазіргі
таңда мұнай бағасының күрт өсуі, оған дген сұраныстың артуын айқындайды.
Маңғыстау мұнай нарығында негізгі компаниялар Маңғыстаумұнайгаз,
Өзенмұнайгаз, Қаражанбасмұнайгаз. Бірақ соңғы кезде инвестиционды
компаниялардың ролі өте жоғары болып келеді. Басты кен орындар Жетібайда,
Қаламқаста, Қаражанбаста, Тасболтта, Опорныйда орналасқан. Маңғыстауда
мұнайдың ролі оте зор, мұнайшы мамандығыда жоғары бағаланады. Маңғыстау
өлкесі Қазақстан Республикасының мұнайлы аймақтарының бірі болып келеді.
Мұнайдан басқа Маңғыстауда мал шаруашылығы, атым энергетикасы, уранды
өндіру және газ өндіру саласы өте жақсы дамыған.
Зерттеу объектісі: Маңғыстаумұнайгаз Акционерлік Қоғамы және оның
еншілес компаниялары. Өлкеміздегі ең ірі мұнай өндіру компаниясы бұл
Маңғыстаумұнайгаз АҚ. Республикамыздың экономикасының өркенеуіне үлкен
үлесін қосып келеді. Компанияның екі ірі кен орны, олар Жетібай және
Қаламқас. Маңғыстау аймағында көп жылғы іздеу жұмыстарының алғашқы жемісі
Жетібай кен орны Оңт. Маңғыстау өңірінде 1961 жылы ашылды. Ал солт.Бозашы
өңірінде 1974 жылы Қаламқас кен орны өзінің қоры жөнінен Маңғыстау
аймағында екінші орын алады. Компаниямен бірлесіп жұмыс істейтін
серіктестіктері, ұғылар қорын пайдаланумен, бұрғылаумен айналысатын “Oil
Service Company” компаниясының, автокөлік және арнаулы техникалар
кәсіпорындары “Oil Transport Cоrporation”, құрылысшылар мен монтажшылардың
“Маңғыстаумұнайжолдары”, “Маңғыстаумұнара” және “Нефтестрой” еншілес
серіктестіктері жаңадан құрылған “Oil Constraction Company” кәсіпорнының,
тереңдікте пайдаланылатын мұнай сораптарын сынақтан өткізетін және
жөндейтін “Techno Trading” кәсіпорнының, шыныпластикалық құбыр заводының,
Ақтау қалалық су тұщытатын заводының, ғылыми өндіріс орталығының негізгі іс-
әрекеттерін айта кетсек, осы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері
компания қызметінің бірқалыпты жағдайда болуына елеулі секптігін тигізеді.
Зерттеу мақсаты: Маңғыстаумұнайгаз Акционерлік Қоғамы және оның
еншілес компанияларымен танысу. Қазіргі заманда жоғарғы оқу орны
студенттері үшін теориялық, яғни оқулық жүзіндегі біліммен қоса,
тәжірибенің де маңызы зор. Бұл тәжірибені Маңғыстау облысының ірі
компанияларының бірі “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ-ның болашақ мамандары үшін
жасап отыр. Бұл танысу практикасының алға койған мақсаты болашақ мамандарға
компания туралы, компанияның жұмыс жағдайы жайында алғашқы түсінік беру.
Білікті мамандар мен көш бастаушы басшылардан ақыл кеңес алу. Биыл
тәжірибеден екінші курс экономистермен бірге бірінші курс мұнайшылары өтті.
Практиканың алға қойған мақсаты – Маңғыстау өңіріндегі ірі-ірі мұнай кен
орындарымен таныстыру болды. Жалпы тәжірибелік экскурсияда компания
құрамындағы сегіз жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде кездесу өтті.
Тәжірибелі мамандар өз қызметтері жайында көпті – көлемді мағлұматтар
беріп, жұмыс орындарымен таныстырды. Сонымен қатар компанияның экономикалық
жағдай және болашақ жоспарлары жайында айтылды. Аймақтағы ең ірі екі мұнай
кен орны Жетібай және Қаламқаста кездесу болды және олар жайында азын –
аулақ мағлұматар белілді
Зертеу заты: Бұл әрине өлкеміздің ұйытқысы болып отырған кара алтынымыз.
Ол қазіргі нарықтық жағдайда басты бәсекеге түсе алатын еліміздің алтын
қоры. Қазақстан дамушы елдер қатарына енгендіктен әлемдік нарыққа тек
шикізат арқылы кіре алады. Мұнайдың өзіне тән физикалық және химиялық
қасиеттері бар. Маңғыстау мұнайын айтар болсақ, Қаламқас мұнайының
тұжырымдылығы жоғары, ауыр, меншікті саағы 0,9 – 0,91 г\см3,құрамында смола
18- 30%, күкірт 2% , әрі микроэлемент тергебай болды, бензин фракциясы аз.
Ал Жетібай мұнайының құрамында парафин 20 - 24%, смола 8 – 15% жетті,
меншікті салмағы – 0,84 – 0,87г\см3.
Негізгі тақырып жайында Қазақстанның магистралды құбыры-жоғары
миханикаланған және автоматтандырылған күрделі гидравликалық өте дамыған,
әлі ұзартылған жүйе. Ол күрделі сорапты станциалармен, линиялармен, әрі
технологиялық байланыс құрылыстары, телемеханика мен автоматика,
эоектрохимиялық қорғаныс, өртке қарсы пайдаланылатын шаралармен, кейбір
керекті жағдайларда қыздыру пештерімен жабдықталған.
Қазақстан мұнайын құбырөткізгіштік жүйсі аркылы тасымалдау. Қазақстан
Республикасы құбырөткізгіштік жүйенің қалыптасуы мен дамуы барыснда
көптеген жылдарды керек етті. Бұл құбырөткізгіштік жүйенің құрылуы мен
қалыптасуы барысында ас назарды аудуарды. 1920 жылы Ембі және Саратов мұнай
құбыр жүйесін салу жөніндегі деректе қол қюдан бастау алған бұл құрылыс
күні бүгінге дейін шарықтау шегінде.
Қазақстан мұнай тасымалдау жүйесінің қалыптасуы мен дамуы мұнай өңдеу
және мұнай өндіру өнеркәсібінің дамуы мен тығыз байланысты.
Қазақстанның алдында тұрған маңызды мәселе – оның ішкі рыногының
әлсіз дамуы жағдайында экспорттық рыноктарда да мұнайға деген сұранысқа ие
болу үшін мұнай өндірісінің мүмкіндіктерін қайткен күнде де орынды
пайдалану болып отыр. Әр кез Қазақстанның алдында тұрған кедергілердің бірі
оның географиялық жайғасуы дер едік. Осындай табиғатың қатаң жағдайында
мұнайды теміржолы арқылы тасымалдау тиіміз болғандықтан құбыр жүйсі осы
проблеманың шешуі. Магистральды құбыр жүйесі әләмдік нарыққа салынған алтын
көпір.

1МАҢҒЫСТТАУМҰНАЙГАЗ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ-
ШЫРАЙЛЫ ӨЛКЕМІЗДІҢ АЛТЫН ҚОРЫ

Манғыстаумұнайаз-Манғыстау мұнай өнеркәсібінің қара шағыраңы-үлкен үйі.
Қазыналы өлкедегі бүгінде кең қанат жайған бұл жетекші өндіріс саласының
даму тарихы, бүкіл облыстың индустриялы өркенделуінің ең әуелі осы кәсіп
орыннан бастау алады.
1.1 Манғыстаумұнайаз АҚ даму тарихы
Оның даму тарихына тоқтала кетейік.1963 жылдың қараша айында
Мангышлакнефть өндірістік бірлестік ретінде қаланған Маңғыстаумұнайгаз
акционерлік қоғамы бүгінде Қазақстн Республикасының мұнай-газ өндіретін
бірден бір ірі кәсіпорынның қатарындағы аймақта өндірілетін мұнайдың тең
жартысынан астамын, ал Респудликада бестен бірінен астамын қамтамасыз
етеді.
Маңғыстаумұнайгаз ААҚ мына негізгі қызмет түрлерімен айналасады:
✓ көмірсутекті шикізат жатқан жерлерді барлау;
✓ мұнай мен газды іздестіру,құрылымдық және пайдалану ұңыларын қазу;
✓ мұнай, газ оорындарын жарақтандыру, құрылыс-монтаж және жөндеу-
құрылыс жұмыстарды, жол салу және жөндеу;
✓ мұнай мен газ өндіру;
✓ мұнайды кәсіпшілікшілік жинақтау, тасымалдау және комплексті
дайындап, тұтынушыларға өткізу;
✓ республика мұнай өңдеу зауыттарында өңделгеннен кейін мұнай
өнімдерін өткізу;
✓ ұңғыларды, мұнай кәсіпшілік, электромеханикалық қондырғыларды жөндеу
және күту;
✓ өндірісті автоматтандыру мен байланыс құралдарын монтаждау және
пайдалану;
✓ ішкі және халықаралық рынокта мұнай мен мұнай өнімдерін өткізуді
зерттеу;
✓ тауарлар мен қызметті сыртқа шығару және әкелу, өзара тиімді сыртқы
экономикалық байланыстарды, шетел фирмалармен сауда-экономикалық,
ғылыми-техникалық қарым-қатынасты дамыту;
✓ кен орындарын пайдалану барысына ақпараттық-есертеу
қызметін көрсету;

1961 жылдың 5 шілдесінде Жетбай жеріндегі №6 барлау ұңғысын қазу
кезінде өнеркәсіптік қуатты мұнай фонтаны атқылады. Сол сәттен Маңғыстау
мұнай эпопеясы басталып, Қазақстан Республикасының ірі өндірісі бар елдер
қатарына қосылды.
Мемлекет байлығын игетуді тұрақты түрде назарға алды. 1963 жылы
қараша айының 27-нде Батыс Қазақстан Халық шаруашылығы кеңесінің № 280
Қаулысымен мұнай-газ өндіру кәсіпорны – Мангышлакнефть өндірістік
бірлестігі құрылды.
1965 жылы Мангышлакнефть1 бірлестігі Казахстан нефть бірлестігіне
өзгертілді.
1966 жылы 30 желтоқсанда Маңғыстада екінші мұнай кәсіпшілігі пайда
болды. Бұл күні Жетібай кен орнында алғашқы үш ұңғы мұнай бере бастады.
Сол жылы мұнай кен орындары ашылған жерде Жетібайнефть мұнай кәсіпшілік
басқармасы құрылды.
1967 жылы Өзен мен Жетібай кенорындары елге 3733 мың тонна, 1970 жылы
10401 мың тонна, немесе, 1913 жылы революцияға дейінгі бүкіл Ресейдің
өндіргенімен тең берді. 1967 жылы қаңтарда салынып болған 154 километрлік
Шевченко-Жетібай-Өзен автомагистралі өндірістердің материалдық-техникалық
жабдықталуын жақсартуға мүмкіндік берді.
1970 жылы 25 тамызда 1500 километрлік Өзен-Құлсары-Гурьев-Құйбышев
ыстық мұнай құбырының ске қосылуы Маңғыстау мұнайын елдің орталық
аудандарына жеткізу проблемасын толықтай шешті. Өзен кенорныгда тораптық
сорап стансасы арқылы теңіз суын қабатқа айдау объектісіпайдалануға
тпсырылды. Оның тәуліктік қуаты 2500 текшеметр құрады. Жетібайнефть МГӨБ
бойынша жылдық мұнай өндіру көлемі 1,5 млн тоннаға жетті.
1972 жылы Жаңа Өзен қаласында 5000 орындық стадионның бірінші кезегі
ашылды. Теңге газ кәсіпорнының өнеркәсіптік газы Орта Азия-Орталық газ
құбырына қосылды.
1973 жылы Мамырда – Қарамандыбас, қазанда – Асар, оңтүстік Жетібай мұнай
кен орындары пайдалануға қосылды. Екі жылдан соң Ұлы Отан соғысының 30
жылдығын байланысты Өзен мұнайшылары 100 миллионыншы тонна мұнай өндірді.
Өзен кен орнында қабатқа тәулігіне 1400 текшеметр ысытылған теңіз суын
айдайтын қондырғы іске қосылды. 1978 жылы Ұлутас кен орны пайдалануға
қосылды. 1982 жылы Жетібайнефть МГӨБ ұйымдасқаннан бері 40 млн тонна
мұнай өндірілді. Қаражанбаста №82, 809 ауа айдау ұңғылары бойынша өнімді
қабаттың ішін қыздыру тәжірибесі жасалды. 1988 жылдары Кумкольнефть мұнай-
газ өндіру басқармасы құрылды. Оның қарамағына кен орнын жарақтандыру,
материалдық-техникалық және көлік қызметін көрсету, әлеуметтік сала
ұйымдары берілді. Жетібайнефть МГӨБ ұйымдасқаннан бері 50 млн тонна мұнай
өндірілді. 1994 жылдары МұнайГаз холдинг компаниясының бұйрығымен
Маңғыстаумұнайгаз Өзенмұнайгаз өндірістік бірлестігі бөлініп шықты.
Манғысаумұнайгаз АҚ бүгінде Қазақстан Республикаының ең ірі мүнай-газ
кәсіпорындарының қатарында келді. Атырау, Батыс Қазқстан, Ақтөбе, Қызылорда
облыстарында және Манғыстауда жаңа кенорындары ашылып пайдланып жатқан
қазіргі таңда ол облыс мұнайның 40 пайызынан астамын, респулика мұнайының
11пайызын беріп отыр.
2005 жылдың бірінші қаңтарына дейін акционерлік қоғамның кен
орындарында алғаш игеріле бастаған күннен бастап барлығы 178 миллион
тоннадан астам қара алтын өндірілген.

1.2 Маңғыстаумұнайгаз АҚ ұйымдық құрылымы
Манғыстаумұнайгаз АҚ қазір бастапқы мұнай қоры 969миллион тонна(6783
миллион баррель) құрайтын 15 мұнай, газ кен орындарын пайдаланып отыр.
Манғыстаумұнайгаздың негізгі өндірістік обектілері Қаламқас пен Жетібай
кен орындары.
Қаламқас кен орыны 1979 жылдан игеріліп келеді. Оның қойнауында жалпы
мұнай қоры 510 миллион тоннадан астам (3570миллион баррель) 13 өнімді
деңгейі бар.
2000 жылға қарай Жетібайда мұнайлы қабат көздерін сұйықтықпен ашу
тәсілін қолдану қосымша 63 мың тонна өнім алуға мүмкіндік берді. Жетібай
кен орыны осы топтағы бірнеше серіктес кен орындрымен бірге пайдалануда.
Олардың қатарында Асар, Шығыс Жетібай, Оңтүстік Жетібай, Бектұрлы, Оймашы,
Бұрмашы, Солтүстік Қарағия, Алатөбе, Атамбай-Сартөбе, Ащығар, Солтүстік
Аққар, Айрантақыр, Придорожие бар. Жетібай тобының жалпы мұнай қоры 458
миллион тоннаға жуық (3206 миллион баррель).
Өнімді деңгейлердің төмендігі Қаламқас кен орында 505-936метр,
Жетібай кен орыныда 1700-2500метр аралығында.
Өндіріске жаңа техника мен техналогиялар батыл енгізілген. Мысалы,
қабат мұнай көздерін үлкен қысыммен айдалған сұйықтықпен ашу ( гидро-разрыв
пласта ГРП ) тәсілі мен терең бұрандалын айта кетсек болады. Бұл Жетібай
кен орынынның көрсеткіштерін әлде қайда жоғарлатты. Қазіргі таңда Қаламқас
пенен Жетібайда 250-ге тарта ұңғы жасап тұр. Оларды пайдалануға ыңғайлы,
жеңіл және жөндеуаралық мерзімі кәдеуілгі штангалы сораптан төрт-бес есе
арық.
Соңғы жылдары өндірісті оңтайлардыру процестері де сәтті жүріп
жатырған көрінеді. Мәселен, ұңғылар қорын пайдаланумен, бұрғылаумен
айналысатын Химремонтскаважин, Шегендеу, Бұрғышы ЖШС-тері
ірілендіріліп, 2001 жылы Oil Serves Company ЖШС компаниясына
біріктірілді. Маңғыстау Технологиялық Көлік, Бозашы Технологиялық
Көлік, Жетібай Технологиялық Көлік, сонымен қатар Арай автокөлік және
арнаулы техникалық кәсіпорындары Ойл Транспорт Корпорейшэн компаниясының
құрамында жұмыс жасауда. Құрылысшылар мен монтажшылардың
Маңғыстаумұнайжолдары, Нефтестрой еншілес серіктестері жаңадан құрылған
OIL CONSTRUCTION COMPANY кәсіпорыны кұрамында қызмет ете бастады. Осы
өзгерістердің нәтижесінде жұмыста ұйымшылдық байқалады.
Маңғыстаумұнайгаз кен орындары орталықтан шалғай орналасқанына
қарамастан электр қуатымен мүлтіксіз қамтамасыз етілген. Қаламқас пен
Жетібайда арнайы учаскелері бар Маңғыстауэнергомұнай ЖШС де 500ден
астам адам еңбек етеді.
Телефон байланысы да қалтқысыз қызмет етеді.Акционерлік Қоғамда
сенімді байланысты қамтамасыз етіп отырған Мұнайтелеком ЖШС қазіргі
заманғы озық байланыс құралдарымен жабдықталған.
Барлық өндірістік және технологиялық жұмыс прцесстері
автоматтандырылған және компьютерлендірілген. Акционерлік Қоғамда
автоматтандыру, ақпараттық технолгиялар және байланыс басқармасы жұмыс
жасайды. Ал, кенорындарын ғылыми зерттеп, пайдалану мақсатында Ғылыми
өндірістік орталық қызмет етеді.
Жаңа компьютерлік технологиялар көмегімен мұнай мен газдың
қабатта орналасуының геологиялық және гидродиномикалық модельдері
жасалып, ол кенорындарының пайдалану жағдайын талдап, бақылауға алыып,
сөйтіп қабатқа аз залал келтіре отырып мұнай өнімділігін арттыруға қолайлы
жағдай туғызуда. Графикалық станциялардың қуатты есептеу мүмкіндіктері
бүгінде Манғыстау өңірінің экономикасына қызмет етуде. Акционерлік қоғамда
2003жылдан бастап жаңа шыны пластикалық тұрбалар зауыты іске қосылды.
Маңғыстаудың табиғи жағдайында болат тұрбалардың тез тозып, катты қысымға
шыдамай, пайдалануға жарамсыз болып қала тынын тәжірибе көрсетіп отыр. Ал,
өте жаңа технологияларға сәйкес жасалған шыны пластикалық тұрбалар біздің
жағдайымызда 15-35жылға дейін қызмет ете алады. Ендеше олардың тиімділігі
де жоғары. Сонымен бірге тереңдікте пайдаланатын мұнай сораптарын сынақтан
өткізетін және жөндейтін Технотрейдинг кәсіпорныда құрылып нәтижелі жұмыс
жасауда.
Сөйтіп,мұның бәрі жыл сайын жаңа жұмыс орындарын ашуға, облыста
жұмыссыздықты қысқартуға мүмкіндік беріп отыр. Бүгінгі күні Акционерлік
Қоғамның ондірістік басқармалары мен Еншілес серіктестіктерінде,әлеуметтік
салаларында он екі мыңға таяу адам еңбек етеді. Маңғыстаумұнайгаз АҚ –
ның 2005-2007 жылдарға мұнай өндіру көрсеткіші 1-інші кестеде кескінделген.
Бұл көрсеткіштер мұнай өндіру көлемі жылдан – жылға өсіп отырғанын
көрсетеді.

Кесте 1 – Мұнай өндіру көрсеткіштері
көрсеткіштер 2005 2006 2007 2007 жылдың
1жартысы
Мұнай өндіру,мың.тонна 5660 5741,78 5800 2835,966
орта күндік мұнай 15507 15731 15890 15668
өндір,тонна
"Қаламқасмұнайгаз" ӨБ. 29722,658 31338,99 33353,67 15932,87
мың.м3
"Жетібаймұнайгаз" ӨБ, 6441,4 7184,6 6742 3882
мың.м3


Сурет 1 – Мұнай өндіру көрсеткіштері
Бұл көрсеткіштер арқылы кционерлік қоғамның мұнай өнідіру
көлемі жылдан жылға артып келе жатырғанын көруге болады.

1.3 Маңғыстаумұнайгаз АҚ бөлімшелерімен танысу
Ғылыми- Өндіріс Орталығы- Маңғыстаумұнайгаз Акционерлік Қоғамы үшін
мұнай кен орындарын игеруге арналған Жобалар дайындайды.
Бұл Орталық Маңғыстаумұнайгаз мекемесімен 2000 жылы өз өндірісінің
жобаларын ақтау мақсатында құрылып, тек қана аталған мекемесіне қызмет
етеді. Нарықтағы алтыншы жыл ішінде 15 жоба қорғаған. Орталықта 70 адамдай
еңбек етеді. Олардың ішінде басым көпшілігі геологтар, бұрғылаушылар,
іздестірушілер, геофизиктер, экономистер және т. б. Арнайы мамандар
белгіленген аймақ жайында толық мәліметтер жинап, оларды өңдеп, ондағы қор
көлемін санап, игеруге қанша шығындалатынын тағы да өзге параметрлер
бойынша есептей келе болашақ жобаны дайындайды. Ол Қазақстан Республикасы
заңнамасына және экологиялық шарттарға қайшы келмеген жағдайда, дайындалған
Жоба Республика көлемінде қорғауға қатысады. Қорғалған Жобаны
Маңғыстаумұнайгаз АҚ сатып алады. ҒӨО қазіргі кезде Оймаша жобасын
әзірле Орталықтың уде.
Oil Transport Corporation ЖШС - Маңғыстаумұнайгаз Акционерлік
Қоғамының барлық бөлімшелерін тасымалдаудың кез келген түрімен қамтамасыз
етуші және транспорт түрлерімен жабдықтаушы мекемесі.
Ол 1964 жылы Транспорттік компания болып қалыптасып, 2001 жылдың
сәуір айында 4 басқарма бірігіп келіп ортақ корпорация құрды. Құрылған
жылдары ММГ Акционерлік қоғамының Еншілес компаниясы атанып жүрді.
Кейінірек Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестікке аталды.
Oil Transport Corporation ЖШС –нде барлығы 2438 адам қызмет етеді.
Серіктестіктің басқару құрылымында 83 адам, қызмет көрсетуде – 14, Орталық
Ремонт Базасында -38
Кесте 2 компания көрсеткіштері
Басқармалар атауы Техника бірлік саны Жұмыс жасайтындар саны
ТУПП 157 377
МУТТ 137 280
ЖУТТ 368 601
БУТТ 506 1180
барлығы 1168 2438

Мекемеде негізінен автокөлік жүргізушілер, машинистер, жөндеу жұмыстарын
жысайтындар, слесарьлар т. б. Жұмыс жасайды. ОТК Серіктестігі бүгінгі күнде
1168 техника бірлігімен қамтылған. Техника бірліктерін ММГ АҚ арқылы сатып
алады. Негізгі жабдықтаушылары Ресейдегі Кримен зауыты, Белорусиядағы Минск
зауыты және Қытай Халық Республикасы. Барлық транспорттарды келесі қызмет
көрсету түрлерінде пайдаланады:
1) Технологиялық
2) Оперативтік
3) Жер өңдеу
4) Вахталық
5) Тракторлар, Бұрғылау тасымалында
6) Монтажды
7) Инженерлік
8) Орталық тасымалдау

Oil Services Company ЖШС негізгі қызметі – Қаламқас пен Жетібай кен
орындарындағы ұңғылардың жер асты және толық жөндеу, ұңғылар құрылысы,
мұнай өндіру процесіндегі технологиялық процестерді химизациялау.
Oil Services Company Жаупкершілігі шектеулі серіктестігі үш ірі
Бұрғышы ЖШС, Химремонтскважин ЖШС, Шегемдеу ЖШС-нің бірігуімен 2001
жылдың 20 наурыз айында құрылды.
Компанияның негізгі қызмет ету обьектісі – келесідей мұнай сервистік
қызмет көрсету:
➢ Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау
➢ Толық және жер асты жөндеу
➢ Мұнайды өндірудің технологиялық процесін химизациялау
➢ Транспорттық қызмет көрсету және лицензияға сәйкес басқа да қызмет
түрлері
Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің белгілеуі бойынша,
2004 жылғы Қазақстанда жұмыс жасайтын 4400 ірі компаниялардың барлық
экономикалық қызметтерді іске асырудан түскен кірістің негізгі көрсеткіші
бойынша Oil Services Company 33-орын, ал шикі мұнай өндіруде көрсеткен
қызметі үшін – бірінші орын алды ( Деловой журнал National Business,июнь
2005№6(20).
Қаламқаста - 3 бригада, Жетібайда – 2 бригада және 1 барлау бригада
вахталық әдіспен жұмыс жасайды. Әр бригада 36 адамнан тұрады.
Қазіргі кезде компания барлық қуаттылығымен жұмыс жасап келеді. Соңғы
жылдары өз жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында жаңа технологиялар
енгізуде. Соның бірі – Зареска бокогого ствола. Бұл технологиямен жұмыс
жасау шығындарды біршама қысқартып отыр.
Technotrading ЖШС қызметтеріне геофизика басқармасы, сонымен қатар
мұнай өндіру жабдықтайтын және электр жабдықтарын жөндейді. Компания 2000
жылдың қараша айында құрылып, Маңғыстаумұнайгаз Акционерлік Қоғамының
тапсырысы бойынша қызмет етеді.
Компанияның екі ірі цехы мен Интерпретационды Бақылау Партиясы қызмет
етуде. Мұнай өндіру жабдықтарын жөндеу цехы сервиопыстік қызметпен
айналысады:
1) Штангылы ұңғыларды тексеру, жөндеу
2) Винтті сораптарды жөндеу
3) Бұрғылау сораптарын жөндеу
4) Ц2, НШ маркалы станок-кочалкаларды жөндеу
5) Бұрғылау қондырғылардың толық жөндеуі
6) Стандарт емес қондырғыларды жөндеу, демонтаж
Цех штангалы сораптардың айына 350ден кем емес данасын жөндеп
шығарады. Штангалы сорап кен орындарында не бары 48 күндей жұмыс жасаса,
винтті сораптар 5 жылға дейін қызмет ете алады және винтті сораптың қасиеті
сол- жыл сайын жұмысы жақсара түседі. Цехқа келіп түскен сораптардың жөндеу
процесі төмендегідей өтеді:
➢ Механикалық тазалаудан өтеді, әдетте ыстық сумен шайылады
➢ 2 үлкен станок арқылы диагностика жасалынып, мұнда сорапқа 2-өмір
беріледі
➢ сораптарға пунджилер (1 сорапқа 3 пунджи тағылады) таңдалынады
➢ опыльцовка жасау
Электр қодырғылады жөндеу цехының электросчетчиктер, трансформаторлар,
двигатель т.б. токпен қатысты қондырғыларды жөндейді. Мында 53 адам жұмыс
жасайды. Цех аумағы 2 учаскеге болінген:
1. Жоғары вольтті, яғни 6-10 кВ. Мұнда жоғары вольтті трансформаторлар
мен двигательдер жөнделеді
2. Төмен вольтті , яғни 1000В-қа дейінгі қондырғылар жөнделеді. Бұл
учаскеде стартерлер, төмен вольтті трансформаторлар бұрынғы күйіне
келеді. 1 айда 1 адам 100 стартер жасап шығара алады. Сондай-ақ
электросчетчиктер мен электрощиттер дайындалады.
Technotrading серіктестігіндегі - Интерпритационды Бақылау партиясы
(ИБП). Ол кен орындардан алынған геофизикалық көрсеткіштерге талдау жасап,
қорытындылайды. Маңғыстаумұнайгаз АҚ -ндағы барлық кен орындарда 20
геофизикалық партиялар жұмыс істейді. ИБП - солардың ішіндегі бас партия
болып саналады. Әр бір партя құрамында 5 адам: партия бастығы, мастер,
инженер, моторист, машинист.

Oil Construction Company ЖШС Маңғыстаумұнайгаз Акционерлік
Қоғамының тапсырысы бойынша әр түрлі құрылыс, монтажды- жөндеу жұмыстарын
жүргізеді. Оның қызмет түріне жер бетіндегі құрылыс, вахталық поселкесін
құру, монтажды - демонтажды жұмыстар т.с.с жатады
Компанияда 2000-нан астам адам қызмет етеді. Негізгі мамандары:
слесарьлар, монтажниктер, механиктер, құылысшылар т.б. Серіктестікте 4
басқарма бар:
1. Ақтау құрылыс монтаж басқармасы
2. Қаламқас құрылыс монтаж басқармасы
3. Жетібай құрылыс монтаж басқармасы
4. Транспотр және арнайы техника басқармасы
Ақтау құрылыс монтаж басқармасы жергілікті аймақтағы құрылыс пен
монтажды жұмыспен, жол салумен айналысады. Учаскеде 295 адам жұмыс жасайды.
АҚМБ 3 негізгі учаскелерге бөлінеді:
• Монтажды құрылыс учаскесі 100 адам
• Жол құрылыс учаскесі 130 адам
• Жөндеу дайындау учаскесі 34 адам
Жөндеу дайындау учаскесі - монтаж- демонтажға, бұрғылауға керекті
заттарын, ОЖБ-ның детальдарын жасайды. ЖДУ сварочный, токарный, изолрочный
учаскелерінен тұрады.
Транспотр және арнайы техника басқармасы бұзылған арнайы техникаға мен
транспорт түрлеріне толық түрде жөндеулер жүргізеді. Техниканың көп бөлігі
кен орындарда орналасқан. Толық жөндеу керек техника түрлерін Орталық
Жөндеу базасына әкеледі. Басқарманы 3 колоннаға бөледі:
I. Колонна – Жетібай кен орнына қызмет атқарады
II. Колонна - Қала обьекттеріне қызмет атқарады
III. Колонна - Қаламқас кен орнына қызмет атқарады.
Ақауы бар транспортты немесе оның бөлшегін жөндеу үшін келесідей цехтар
қызмет етеді:
o Жоғары вольтті цех
o Гидравлика цехы
o Жанармай цехы
o Котельді цех
o Метал жасау
o Автосорап дайындау
o Аккумулятор жөндеу
o Мотор оңдау
o Вулканизация
o Мысты цехы
Oil Construction Company компаниясы қарамағына тас шығару карьеры де
кіреді. Ондағы шыққан шикізатты басқа жерге сатпайды, тек қана ММГ-дың
қажеттіліктеріне жіберіледі. Шыққан тастарды Қаламқас, Жетібай және басқа
да қаланың обьектілеріне жіберіледі. Сурет 2 – Тас
шығару карьері
Карьер 1963 жылы ашылып, 1967 жылдан бастап игеріле бастады. 1976 жылы
консервация жауып тасталынып, 2000жылдың басында қайта іске қосылды.
Карьерде 16 адам, жалпы 25 адам жұмыс жасайды. Карьер мастері – Ткачь В.
Карьерде әкті, ракушкалы тастар алынады. Жердегі тас тегіс
жатпағандықтан, әуелі тас кесетін машиналармен тегістеп алып, комбайнмен
жер массивінен кесіп алады. Кен орнынан тек қана 35% тас
Сурет – 3 Тас кесу құралы шығады, қалғаны қалдық (отсел).
Акционерлік қоғамда 2003 жылдан бастап жаңа Шыны Пластикалық Тұрбалар
Зауыты іске қосылды. Маңғыстаудың табиғи жағдайында болат тұрбалардың
тез тозып, катты қысымға шыдамай, пайдалануға жарамсыз болып қала тынын
тәжірибе көрсетіп отыр. Ал, өте жаңа технологияларға сәйкес жасалған шыны
пластикалық тұрбалар біздің жағдайымызда 15-35жылға дейін қызмет ете
алады.
Сурет 4 – Шыны пластикалық зауытының №2 цехі. Цех d=300-
700мм аралықтағы құбыр өндіреді.
Ендеше олардың тиімділігі де жоғары.Ол Ақтау қаласынан 43км қашықтықта
орналасқан. Зауыт екі ірі цехтан тұрады. Бірінші цех d=50-217мм деңгейдегі
аралықтағы құбыр шығарса, екінші цех d=300-700мм аралықтағы құбыр өндіреді.
Зауыт Қазақстан Республикасының индустрия жәе сауда министрлігі құрылыс
істері жөніндегі комитет бұйрығымен құрылды. Жұмыс қуаты 1жыл=380км3.
Тәулігіне әртүрлі диаметрден 100 құбыр шығарады. Құбырды дайындау бірнеше
сатылардын өтеді.
1 12 позиционды пеш (вулканизация)
2 экстрактар (пештен шыққан құбырды қабылдап алады)
3 кесу станогы

Құрал – жабдықтар АҚШ-ң ЭНТЭК фирмасынан тапсырыспен алынады.
Құбырлардың қолданылуы:
1 Мұнай өндіру
2 Құбыр арқылы тасымалдау
3 Сумен қамтамасыз ету, канализаци жүйесі
4 Тамақ өнеркәсбі.
Шыныпластикалық құбыр заводы жылна көлемі 400 мың метр өнім шығарады.
Шыныпластикалық құбыр заводың негізгі өзіндік құны 500 миллион теңге. Бұл
заводтың бірінші кезеңінде проектке 6 миллион АҚШ доллар инвестиция
бөлінді, екінші кезеңде 4 миллион доллар бөлінді.

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҰНАЙДЫ ТАСЫМАЛДАУШЫ
ҚҰБЫРЖҮЕЛЕРІ

Қазақстанның магистралды құбыры-жоғары миханикаланған және
автоматтандырылған күрделі гидравликалық өте дамыған, әлі ұзартылған жүйе.
Ол күрделі сорапты станциалармен, линиялармен, әрі технологиялық байланыс
құрылыстары, телемеханика мен автоматика, эоектрохимиялық қорғаныс, өртке
қарсы пайдаланылатын шаралармен, кейбір керекті жағдайларда қыыздыру
пештерімен жабдықталған.
Батыс Қазақстанда ұзындығы 154км Доссор-Ракуши-Каспий мұнай құбыры
революцяға дейін салынып, пайдаланлған. 1934ж ұзындығы 830км Касспий Өрек
мұнай құбыры , ал 1966ж 141км Өзен-Жетібай
Ақтау мұнай құбыры пайдалануға берілді. 1968-1970жж дүне жүзінде бірінші
рет трансконтиненталды ұзындығы 1500км Өзен-Атырау-Самара ыстық мұнай
құбыры салынды, ал 1969ж Өзен-Атырау ұзындығы 683км мұнай құбырның бірінші
кезегі пайдалануға берілді.
Республиканың басты магитралды мұнай құбыры “Оңтүстік мұнай
магистралі” (ПО “Южнефтепровод”) өндірістік бірлестігі балансында, бұл
ертеректегі Гурьев (Атырау) пен Манғышлақ (Манғыстау) мұнай өнімдері
өткізгіші негізінде магистрал басқармасы, сонымен бірге Өзен-Атырау-Самара
мұнайқұбыры басқармасы негізінде құрылған.
1971ж Манғыстау мұнайының Орал-Волга саласына қосылуы мұнай
құбырларын бір орталықтан басқару қажеттілігіне байланысты болды, бір
технологиялық комплексте мұнайды араластырып жылжыту үшін, әрі ең ірі Өзен-
Атырау-Самара мұнайқұбыры сенімді жұмыс жасауы үшін Оңтүстікмұнайқұбыры
ӨБ-сы, Ақтау қаласына көшірілді.
Оңтүстікмұнайқұбыры ӨБ-нің пайдаланылатын негізгі мұнай құбыры, олар:
Өзен-Жетібай-Ақтау, Өзен-Атырау-Самара , Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау,
Сарықамыс-Тенгиз, Прорва (теңіз)-Құлсары, МАС З-Қосшағұл-Ескене-эстакада,
Мақат-Доссор, Ақтау-Жетібай.
Жоғарыда айтылған мұнай құбырлары Маңғыстаумұнайгаз,
Теңізмұнайгаз, Ембімұнайгаз өндірістік бірлестігінен Атырау МӨЗ мен
Самара араластыру базасын қамтамасыз етеді.
1642км созылған Павладар-Шымкент магистралды мұнай құбыры тартылды.
Бұл құбыр қысқа жолмен сібірдің қара алтын кен орындарын Қазақстан мен
Орта Азия мұнай өңдеу зауытымен байланыстырады. Жаңа артерия қымбат
шикізатты теміржол ұзындығы 2000км қысқартты. Қазіргі кезде Павлаар-
Шымкент мұнай құбыры бойнша Павладар мен Шымкент МӨЗ-на , Шымкент-Чарджоу
құбыры арқылы Чарджоу МӨЗ-на, ал Ферғана зауытына-Өзбекстандағы осы зуыттың
құю пунктінен теміржол
цестерналарына құйып тасмалданады.
Қазіргі кезде Қазақстан мұнайын тұтынушыға тасмалдау және Ресей
мұнайын Республикаға МӨЗ-на жеткізу екі өндірістік бірлестікпен және
мұнай құырларының үш технологиялық тәуелсіз жүйесі бойнша бір аудандық
басқармасымен іске асды.
1. Атырау МӨЗ-ты мен Ресей МӨЗ-на Маңғыстаумұнайгаз, Ембімұнайгаз ,
Қаражанбастерммұнай , Теңізмұнйгаз АҚ-ның өндірген мұыны тасмалдауды
қамтамасыз ететін Батыс Қазақстан мұнай құбыр жұйесі.
2. Ақтөбемұнай АҚ-ның өндіретін мұнайын Орск МӨЗ-на тасмалдауға
арналған құбыр жүйесі.
3. Павладар мен Шымкен МӨЗ-на Батыс Сібір мұнйынын жеткізуді және
Шымкент МӨЗ-на Құмкөл мұнайын жеткізу соныме бірге Ферғана мен Чарджау
сұнай өндіру зауытына мұнай жеткізуді қамтамасыз ететін Шығыс Қазаұстан
мен Орта Азия мұнай құбыры жүесі.
Қазіргі жұмыс істеп тұрған мұнай құбырлары жүйесін жтілдіру
мақсатнда Кеңқияқтан №З МӨЗ-на дейін диаметрі 500мм , ұзындығы 275км мұнай
құбырын салу жоспарланған. Бұл Ақтөбемұнай АҚ-ның өндіріліп жатқан
мұнайын Ақтау ауданымен одан әрі қарай шетелге шығаруға мүмкіндік бреді.
Қазіргі таңда жұмыс жасап тұрған мұнай және газ тасымалдаушы
құбыр жүйелерінің шығыс фелиялы 1984ж КСРО-ның мұнай мен газ өнеркәсібі
министрлігінің бұйрығымен құрылған басқарма негізнде Батыс-Сібір мұнайын
Қазақстан мен Орта Азияның өңдеу зауттарына тасымалдау үшін ұймдастырылады.

1977ж Сүргіт -Омбы - Павладар одан кейін Павладар -Шымкент
арналы құбыры іске қосылды. Қазақстанның солтүстік-шығысымен оңтүстігінде
химия өнеркәсібінің дамуы үшін шикізат базасы құрылды.
Қазақстан Республикасының аумағында Омбы - Павладар мұнай
құбырының ұзындығы 222км.диаметрі 1020мм.Бас мұнай айдау станциясы Омбы
қаласында (Ресей) орналасқан және оны Трансибнефтепровод акциоерлік
қоғамы пайдаланады. Мұнай құбырының бір екті қуатының үштен біріндей ғана.
Диаметірі 820мм және ұзындығы 1636км Павладар -Шымкент арналы мұнай
құбыры 1983 ж берілді. Оның бір жылдық жобалық қуаты 40млн.т. шекті
өнімділігі 16,5млн.т. мұнай құбырының бойында 11 мұнай айдайтын станция
бар, оның 4 мұнай сақтауға арналған сыйымдылықтар паркі бар, ал 7 аралық
станциялар. Павладарда салынған сыйымдылығы паркінің қуаты 160 мың метр куб
Шымкент -Чаржау арналы мұнай құбыры Павладар - Шымкент мұнай құбырларының
жалғасы болып табылады және ол сібір мұнайын Чаржоу мұнай өңдеу зауытына
тасмалдау үшін салынды. Мұнай құбырының диаметірі 720мм, жалпы
ұзындығы 700км, оның 294км Қазақстан, 471-і Өзбекстан және 35-і Түркменстан
арқылы өтеді. Мөнай құбырынн 424км нүтесінде мұнайды теміржол
цестерналарына құйатын пункт салынған. басты мұнай айдайтын Шымкент
станциясынан мөлшері 80 мың метр куб мұнай сақтайтын сыйымдылық паркі бар.
Мұнай құбырының шекті өнімділігі 8 млн.т 1990 ж. Құмкөл құбрын іске қосуға
байланысты. Құмкөл мұнайын Павладар - Шымкент мұнай құбырына дейін
тасымалдау үшін , Құмкөл - Қарақойн мұнай құбыры салынды. Осы екі желілі
мұнай құбырының диа- метірі 530мм, біріншісі Сібір мұнайын Құмкөлге және
оны Құмкөл мұнйымен арластыруға арналған, алекінші дияметірі 720мм құбыр
арқылы алынған қоспны Қарақойынға айдауға арналған. Құмкөл мұнайының
мынадай ерекшелігі-ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маңғыстаумұнайгаз АҚ- ның ішкі шаруашылық жоспарлау басқармасы
Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияны пайдаланудың қажеттілігі және ерекшеліктері
Мұнай саласындағы жобаларды басқару
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының персоналмен жұмысын басқару бөлімшесі
Маңғыстаумұнайгаз Акционерлік қоғамында өнім сапасын басқаруды талдау
Бұрғышы ЖШС
«МаңғыстауМұнайГаз» акционерлік қоғамы
Маңғыстау мұнай өндіру заводы
«Маңғыстаумұнайгаз» өндіру бірлестігі
Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыру
Пәндер