Фариза оңғарсынова поэмаларындағы идеялық - көркемдік ізденістер



Кіріспе

І тарау
Ф.Оңғарсынова поэмаларының тарихи, сюжеттік негіздері.
1.1. Тарихи тұлға және ақындық таным.
1.2. Әйел.тұлға образы.


ІІ тарау
Ф.Оңғарсынова поэмаларындағы лиризм.
2.1.Ақынның лирикалық поэмадағы ізденістері.
2.2.Лирикалық монологтың кейіпкер бейнесін ашудағы рөлі.

ІІІ тарау
Ф.Оңғарсынова поэмасының тілдік.бейнелілік ерекшеліктері
3.1.Көркемдегіш құралдар(метафора, эпитет,т.б.)
3.2. Буын, ұйқас, шумақ.

Қорытынды

Сілтемелер көрсеткіштері.
Халықтың рухани өмірі мен әдебиеттің жалпы даму процесінде поэма жанрының алар орны ерекше. Қазақ поэмасы өзінің қарқынды даму барысында әрдайым ғылыми және теориялық талдау жасауды талап ететін елеулі құбылыс. Қазақ әдебиетіндегі эпикалық, лирикалық поэмалар бастауын батырлар жыры мен ғашықтық жырларынан алады. Өйткені, поэма әу бастан эпос түрінде пайда болды, және оның осы қасиеті әлі күнге дейін өз құндылығын жоғалпаған.
Поэманың жанр ретіндегі ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін анықтауға байланысты орыс және кеңес әдебиеттануында әртүрлі пікірлер кездеседі. Мәселен, Г.Н.Поспелов: “Будем называть поэмой всякое большое стихотворно – повествовательное литературное произведение, в отличие от подобных же произведений в устном песенном народном творчестве”/1.161/, - деп ауыз әдебиетіндегі ұзақ жырлардан басқа барлық баяндау өлеңдерді поэма деп есептесе, Числов: “Поэма – қоғамның рухани өмірінің маңызды мәселелеріне және оларды әмбебап шешуге арналған синтетикалық жанр”/2.12/, - дейді. “Новые пути поэмы” атты мақаласында В.Кубилюс та поэманың синтетикалық жанр екендігін айта келе: “Әрбір әдеби жанрды басқа әдеби жанрлардан оқшау, байланыссыз, томаға-тұйық “автономия” ретінде қарауға болмайды. Белгілі бір жанрдың өмірге келу, даму эволюциясы басқа әдеби жанрдың өзара әсеріне байланысты. ....Алайда әдебиетте өмір сияқты, диалектика заңына тәуелді. Қатып қалған қағидасы болмайды. өмір ағымымен қатар, адам, оның әлемді қабылдауы өзгереді, содан келіп әдебиетте жаңа идеялар пайда болады. Кез-келген үлкен өнер жанрдың қатып қалған шекарасын бұзады, жылжытады. Дегенмен, біз дәстүр мәселесінен аттап кете алмаймыз. Қазіргі әдебиетте жанр араласады, ауысады, бірақ әр жанрдың дәстүрлі негізі сақталады”, - дегенді айтады./3.70/. Ал латвиялық ақын Ю.Марцинкявичус өзінің “Судьбы поэмы” атты мақаласында әдебиеттанушылардың ортасына “Поэманың басты көздеген мақсаты не?” деген сауал тастай отырып былай деп жазады: “Мен әдебиеттің өзге жанрларына қарағанда, поэманың алдына үлкен міндеттер қоямын. өз заманында философия ғылымының ғылымдардың атасы атанғаны белгілі. Дәл сол сияқты мен де поэманы жанрлардың жанры деп есептеймін. ...Поэма мінез даралай отырып, прозаның тәжірибесіне сүйенеді, лириканың жарқ еткен бір сәттік көңіл-күйін пайдаланып, драмада үнемі қозғалыс үстінде көрінеді. Тіпті публицистиканың өзі де поэмаға жат емес. Бұдан өзге әмбебап жанрды мен білмеймін. Бұл – тұтас симфониялық оркестр”/4.142/ Көріп отырғанымыздай, поэма туралы өз заманында аз жазылмады.
1. Поспелов Г.Н. Проблемы исторического развития литературы. – М: 1972.
2. Числов М. Время зрелости – пора поэмы.- М: Советский писатель,1982
3. Кубилюс В. Новые пути поэмы // Вопросы литературы. 1962. №1.
4. Марцинкявючус Ю. Судьбы поэмы. Литература и современность вып.7. – Москва: 1966
5. Әлібеков Ш. Қазақтың революцияға дейінгі сюжетті поэмасының өсу жолдары. Кандидаттық диссертация.Алматы.1961.
6. Жанр және шеберлік. Жауапты редакторы М.Базарбаев.- Алматы: Ғылым, 1968.- 352 б.;
7. Нарымбетов Ә. Қазіргі қазақ поэмасы.- Алматы: Жазушы, 1982.
8. Алпысбаев Қ. Поэма және сюжет. - Алматы, Қазақ университеті. 1992. – 124б.
9. Байтұрсынұлы. Ақ жол. – Алматы, Ғылым, 1997, 532-б.
10. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. –Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1959.-398 б.
11. Мұқанов С. Поэма деген не? // Лениншіл жас. 1938ж, 21-қыркүйек.
12. Мүсірепов Ғ.Суреткер парызы. – Алматы: 1970.
13. Кенжебаев Б.Қазақ әдебиетінің тарихы мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1973.
14. Қаратаев М. Эпостан эпопеяға. -Алматы: 1969. -444 б; Әдебиет және эстетика. – Алматы: 1970.
15. Ысмайылов Е. Ақындар. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас., 1956. – 340 б.
16. Сүйіншәлиев Х. Қазақ поэмасының даму жолы. Кітапта: Дастандар. – Алматы: 1960
17. Жұмалиев Қ.Әдебиет теориясы. – Алматы: Мектеп, 1964 – 320б.
18. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. -352 б.
19. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы, Мектеп. 1973.
20. Дүйсенов М. І.Жансүгіров. – Алматы: Ғылым, 1965.
21. Әбдірахманова Т.Қ.Аманжоловтың поэтикасы. – Алматы: Ғылым, 1976.
22. Қарбанова Н.Тарихи адамдар бейнесі. 50-жылдардағы қазақ совет поэмасы туралы. диссертация. Алматы. 1968.
23. Отарбаева Б. Эпикалық поэмалардың жанрлық ерекшеліктері // Қазақстан мектебі. 1982. №5.
24. Нарымбетов Ә. Қазақ совет поэмасы. – Алматы: Ғылым, 1977. – 240б.
25. Толысбаева Ж. Лирическая поэма рубежа ІІ-ІІІ тысячелетий. - Алматы – Семей. 2005.
26. Поспелов Г.Н. Теория литературы. – Москва: Высш. школа, 1978. – 351с.
27. Тимофеев Л.И. Основы теорий литературы. – Москва: 1959
28. Абрамович.Г.Л. Введение в литетатуровидение. – Москва: Просвещение, 1975.
29. Соколов А.Н. Очерки по истории русской поэмы ХҮІІІ и первой половины ХІХ века. – Москва: 1955
30. Коваленко С.А. Художественный мир советской поэмы. Жозможности жанра. – Москва: Наука, 1989. – 272с.
31. Кисилев И. Конфликт в поэме. – Киев: Советская Украина .1957
32. Кипрель И. Лирический герой современной поэмы. – Киев: Радяньский письменник, 1977.
33. Колмановский Е. Естественность поэмы.// Литературное обозрение, 1974.№1
34. Максимов Д. О лирическом герое// Литературная газета. 1954. 15-май.
35. Швецова Л.К. Современная советская поэма 50-70гг. – Москва: Просвещение, 1984. – 144с.; И лирика и эпос //Литературное обозрение 1974.№1
36. Суровцев Ю. Лиризм в поэме//Литературная газета 13,Ү.1952
37. Уманская Е. Зачем поэма? //Литературное обозрение 1974. №2
38. Нарымбетов Ә. 70-80-жылдардағы қазақ поэмасы.- Алматы:Қазақ университеті.1999.
39. Нұрғали Р. Мінезді жырлар. Кітапта: Оңғарсынова Ф. Екі томдық таңдамалы шығармалар.– Алматы:Жазушы, 1987. 2-том. - 368б.
40. Аяпбергенұлы Р. Ф.Оңғарсынова поэмалары//Қазақ тілі мен әдебиеті.2002.№5, Ф.Оңғарсынованың “Мүшәйра” поэмасы, №6, Ф.Оңғарсынованың “Дала тағдыры” поэмасы№7, Ф.Оңғарсынованың “ Мен өмірді сен деуші ем” поэмасы №8, Ф.Оңғарсынованың “Алмас қылыш”, “Қасірет пен ерлік жыры” поэмалары №12; Ф.Оңғарсынованың “Тыңдаңдар, тірі адамдар!”, “Сайраған Жетісудың бұлбұлымын” поэмалары 2003. №1, Ф.Оңғарсынованың ““Ақбөбек жырлары”, “Дыбыстар әлемі”, “Қазақтың бір қызы бар Кәмшат деген” поэмасы поэмасы №3, “Ф.Оңғарсынова өлеңдеріндегі эпитет”№6, Ф.Оңғарсынованың “Интервью” поэмасы № 9.
41. Мүтитегі З. Ф.Оңғарсынованың лирикасы. Филология ғылымының кандидаты ғылыми атағын алу үшін дайындалған диссертация. Алматы.2000.
42. Әбдезұлы Қ. Тарих және тағдыр. – Алматы: Қазығұрт, 2004. – 208б.
43. Тарақ. Ә. Қазақ әдебиетіндегі тарихи тұлға проблемасы: Абылай хан бейнесінің көркемдік тағылымы. - Алматы: Қазақ университеті, 2004.- 342 б.
44. Жанр сипаты. Редакциясын басқарған: М.Қаратаев.- Алматы: Ғылым, 1971.- 272 б.
45. Қазақ поэзиясындағы дәстүр ұласуы. – Алматы: Ғылым, 1981. – 320б.
46. Оңғарсынова Ф. Шашы ағарған қыз. Мақала, эссе, повестер.– Алматы: Жазушы, 1990 - 336б.
47. Оңғарсынова Ф. Екі томдық таңдамалы шығармалар.– Алматы:Жазушы, 1987. 2-том.
48. Оңғарсынова Ф. Қыз – ғұмыр: Өлеңдер мен эсселер. - Алматы: Шартарап, 1996. – 441б.
49. Гуляев Н.А. Теория литературы. – Москва: Высшая школа, 1985.
50. Мұртаза Ш. Намыс қайрағы //Астана ақшамы, 2000ж, 29-сәуір.
51. Ербөлекқызы Т. І.Омаров және ақын Сара мұрасы//ҚазҰУ хабаршысы***
52. Мұқанов С. Халық мұрасы. – Алматы: Жазушы, 2003. – 304б
53. Айтыс. 2-том .- Алматы: Жазушы:19****
54. Мүсірепов Ғ. “Ақын Сараға соқтықпасақ қайтер”. Кітапта: Заман және әдебиет.- Алматы:Жазушы. 1982
55. Айтқожина М. “Ешкіөлместегі ескерткіш” // Социалистік Қазақстан. 1974. 8-наурыз.
56. Кәкішев Т. Өрелі де кестелі ойлар. Кітапта: Айтқожина М. Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1986. – 440б.
57. Иманасов С. Ғашықпын саған. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: 1981.- 264б
58. Асылжанов Б. Менде бір тебіреніс бар //Жалын 1982. №2.
59. Ұйықбаева М. Қанатты жырдың қарлығашы. Кітапта: Оңғарсынова Ф. 10 томдық шығармалар жинағы. 9-том. – Астана.2001.
60. Сұлтанғалиева Ж. Қазіргі қазақ лирикасындағы мінез мәселелері. Кандидаттық диссертация. – Алматы, 1998.
61. Сұлтанов Қ. Ақынның аманаты Кітапта: Оңғарсынова Ф. 10 томдық шығармалар жинағы. 8-том. – Астана.2001.
62. Боков В.“Жаркий жанр”// Литературная газета. 16.09.1956.
63. Дүкенбаева З. Қазақтың шығармашылық интеллигенциясының тарихы (1917-1941жж). – Алматы: Ғылым, 2003.
64. Қоспақов З Әнші Майра. Кітапта: Майра Уәлиқызы атындағы 1-халықаралық әдеби-көркем, ғылыми-әдістемелік жинақ Құраст: Исағұлова А, Қоңыратбай Т. 2001ж, 7-9-қараша.
65. Тәжібаев Ә. Майра//Жұлдыз 1976. №3,4; Тәжібаев Ә. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Жазушы, 1979.2-том.
66. Нарымбетов Ә. Уақыт шындығы – көркемдік кепілі – Алматы: Жазушы, 1989. – 184б
67. Мәдібай Қ. Жұмекен-жыр – ақын ғұмыр. Кітапта: Тұғыры биік тұлға. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 235б.
68. Оңғарсынова Ф. Мен оны туысымдай көретінмін...// Алтын Орда .18.09.2003.
69. Байоралова Н. Жырдың пірі – Махамбет. //ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – Алматы: Қазақ университеті. 2003.
70. Сейітов С. Өлең өлкесінде. – Алматы: Жазушы, 1986.
71. Мақпырұлы С. Қазына. Әдеби мақалалар, зерттеулер. Әдістеме.- Алматы: Арыс, 2004.- 320 б.
72. М.Өтемісұлы. Шығармалары. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы – Алматы: 1951.- 138б
73. Нарымбетов Ә. Махамбет – дастан//Алматы ақшамы. 2003. 5-тамыз.
74. Өтеев Ж. Парасат поэзиясы.Кітапта: Оңғарсынова Ф. Он томдық шығармалар жинағы. 9-том. – Астана. 2001ж.
75. Ахметова К. Ақиқат пен ар алдында//Лениншіл жас. 1989ж,22-желтоқсан.
76. Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері (Түс көру, бейвербалды ишараттар, заттық әлем). Монография.– Алматы: Алаш, 2003.- 328 б.
77. Оңғарсынова Ф. Екі томдық шығармалар жинағы. 1- том. Алматы: Жазушы. 1987.
78. Піралиева Г. Ішкі монолог.– Алматы: Ер-Дәулет-Қазақстан, 1994.-138 б.
79. Нұрахметов С. Қ.Мырзалиевтың ақындық шеберлігі. Кандидаттық диссертация. Алматы, 1994.
80. Бисенғали З. //ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – Алматы: Қазақ университеті. 2003.
81. Жақыпбекова М.Г. Ерлікті бейнелеудің ұлттық өрнектері. Кандидаттық диссертация. Алматы. 2003.
82. Әдебиеттану терминдер сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1998. -240 б.
83. Толстой Л.Н. О литературе. – Москва: 1955
84. Нәжімеденов Ж. Үш томдық шығармалар жинағы. 1-том. – Алматы:Жазушы, 1996.
85. Юсупов Қ. Жыр жиһазы (Ж.Нәжімеденовтің ақындығы туралы).– Алматы: Рауан, 1995.
86. Есембеков Т.О. Художественно-эстетическое значение драматизма в казахской прозе. Диссертации на соискание ученой степении кандидата филологических наук.- Алматы, 1998.
87. Дүсіпова Қ. Фариза – поэзия әлемінің жарық жұлдызы// Атырау.1999, 25-желтоқсан
88. Қамбаров Қ. Ерлік эпосы. Монография.- Алматы: Жазушы, 1979.- 216 б.
89. Хакімжанова М. М.Мәметова. – Алматы: Жазушы, 1945
90. Кәрібозұлы.Б. Сырлы сөз сипаты. – Алматы: Қазақ Университеті, 1997. - 281 б.
91. Қалижанов У.Парасат жырлары***
92. Бүркітов О.***
93. Шәріп А. Қазақ поэзиясы және Ұлттық идея. – Алматы: Білім, 2000. – 336 б.
94. Есіркепова К.Қ. 60-80 жылдардағы қазақ ақын әйелдер поэзиясының тілі. Автореферат. Астана. 2005.
95. Қабош Б.Қазіргі қазақ поэзиясының түрлік – бейнелілік ерекшеліктері. Кандидаттық диссертация. Алматы. 2006.
96. Мұқанов С. Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы әдебиет тарихынан очерктер. – Алматы: Қазақ мемл.баспасы, 1942.
97. Тілепов Ж. Елім деп еңіреген ерлер жыры. – Алматы: Білім, 1995; Тарих және әдебиет. – Алматы: Ғылым, 2001.
98. Кекілбаев Ә. Бар бол, баһадүр сөз// Астана ақшамы. 2000ж, 29-сәуір.
99. Жармағамбетов Қ. Поэмалар туралы //Социалистік Қазақстан. 1954. 26-тамыз.
100. Ыдырысов Очерк туралы ойлар. – Алматы: Қазақстан,1969
101. Пірәлиева Г. Ізденіс өрнектері. – Алматы:М.Әуезов ат. Әдебиет және өнер институты, 2001.
102. Егеубаев А. Сыр мен сымбат. – Алматы: Жазушы, 1981. – 224б
103. Сильвинский И.**//Литературная газета 1965, 22-шілде.
104. Кекілбаев Ә. “Өлі жандарды неге Гоголь жазбаған?// Қазақ әдебиеті.1965ж.10-желтоқсан.
105. Поэма туралы кеңесу// Қазақ әдебиеті 1964ж,
106. Шәменов К. Лирикалық поэмалар туралы ойлар //Қазақ әдебиеті 1965ж,29-қазан.
107. Жұмабеков С. Жыр –Шынар //Қазақ әдебиеті 1989ж, 22-декабрь
108. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Ана тілі, 1991.
109. Нұрғали Р. Сырлы сөз. Әдеби сын, зерттеу. Бір томдық.- Алматы: Жазушы, 2000.- 400 б.
110. Белинский В.Г. Полное собрание сочинений. Том 5. – Москва: 1953. -768с.
111. Майтанов Б. Монолог құрылымы. – Алматы.2006
112. Қамарова Н. Қазіргі қазақ өлеңіндегі психологизм. Кандидаттық диссертация. – Алматы, 2001.
113. Қазақ поэзиясының антологиясы. (ХХ ғасырдың бас кезі). – Алматы: Ғылым, 1992. – 488б.
114. Адамбаев Б. Ақбөбек. Поэма мен өлеңдер. – Алматы: 1962. – 87б
115. Шапай Т. Шын жүрек – бір жүрек: Эссе. Әдеби сын. Зерттеу. – Алматы: Жазушы, 1999. – 256б.
116. Қайырбеков Ә “Өлеңдегі “мен” – нен өрбіген ой”. Кітапта: Беталыс. – Алматы: Жалын, 1984
117. Оңғарсынова Ф. “Менің досым – халық”//Ана тілі. 1998ж, 29-қазан. 4-бет.
118. Шапай Т. Ой түбінде жатқан сөз Бүгінгі лирика бағдары. – Алматы: Жазушы,1989.- 192б.
119. Мақатаев М. Қазақ жырының бір жылы. Кітапта: Қош, махаббат. Алматы.
120. Толстой Л.Н. Полное собрание сочинений Т-13
121. Медетбек Т. Баба дәстүрінің мұрагері кім. – Алматы: Өлке, 2001.
122. Қирабаев С. Талантқа құрмет. – Алматы: жазушы,1989. – 248б
123. Кенжебаев Б.Ақан сері. (А.Хангельдиннің “Ақан сері” поэмасы туралы) //Әдебиет және искусство 1948ж, №10. 74-79бб.
124. Дәдебаев Ж.Өлеңдегі сөз. Кітапта: Уақыт және қаламгер.11-кітап. –Алматы: Жазушы, 1985.
125. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1979. Том - 2,4,7,10
126. Жақсылыков А. Образы, мотивы и идеи с религиозой содержательностью в произведениях казахской литературы***
127. Шәйекенов Ж. Ә.Сәрсенбаевтің лирикасы. Кандидаттық диссертация. Алматы, 1999.
128. Қирабаев С. Ақынның тіршілігі өлеңімен. // Қазақ әдебиеті. 1987ж, 4-қыркүйек.
129. Негимов С. өлең өрімі. – Алматы: Ғылым, 1980. – 136б.
130. Балақаев ***
131. Таласпаева Ж.С. Ғ. Малдыбаев поэмаларындағы көркемдік құралдар. Автореферат. Петропавлск, 1999.
132. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1985. – 560б
133. Айбергенова С. Мен даланың қызы едім. (Ақын әйелдер поэзиясы туралы). – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1999. – 141б.
134. Балтоғаева Ж.Е. М.Жұмабаев поэмаларының жанрлық-көркемдік ерекшеліктері. Кандидаттық диссертация. Алматы, 2003.
135. Оңғарсынова Ф. Шілде. Таңдамалы өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1978. – 320б.
136. Елікбаев С.Т. 60-80 жылдардағы өлең құрылымы. Кандидаттық диссертация. Астана. 2000.
137. Тәжібаев Ә. Ой мен сезім нақыштары. Кітапта: Сөзстан. 3-кітап. – Алматы: Жалын, 1982.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 146 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Керімбекова Баян Дәулетханқызы

Фариза Оңғарсынова поэмаларындағы идеялық - көркемдік ізденістер.

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған кандидаттық диссертация

Алматы, 2007

Мазмұны

Кіріспе

І тарау
Ф.Оңғарсынова поэмаларының тарихи, сюжеттік негіздері.
1.1. Тарихи тұлға және ақындық таным.
1.2. Әйел-тұлға образы.

ІІ тарау
Ф.Оңғарсынова поэмаларындағы лиризм.
2.1.Ақынның лирикалық поэмадағы ізденістері.
2.2.Лирикалық монологтың кейіпкер бейнесін ашудағы рөлі.

ІІІ тарау
Ф.Оңғарсынова поэмасының тілдік-бейнелілік ерекшеліктері
3.1.Көркемдегіш құралдар(метафора, эпитет,т.б.)
3.2. Буын, ұйқас, шумақ.

Қорытынды

Сілтемелер көрсеткіштері.

КІРІСПЕ

Халықтың рухани өмірі мен әдебиеттің жалпы даму процесінде поэма
жанрының алар орны ерекше. Қазақ поэмасы өзінің қарқынды даму барысында
әрдайым ғылыми және теориялық талдау жасауды талап ететін елеулі құбылыс.
Қазақ әдебиетіндегі эпикалық, лирикалық поэмалар бастауын батырлар жыры мен
ғашықтық жырларынан алады. Өйткені, поэма әу бастан эпос түрінде пайда
болды, және оның осы қасиеті әлі күнге дейін өз құндылығын жоғалпаған.
Поэманың жанр ретіндегі ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін анықтауға
байланысты орыс және кеңес әдебиеттануында әртүрлі пікірлер кездеседі.
Мәселен, Г.Н.Поспелов: “Будем называть поэмой всякое большое стихотворно –
повествовательное литературное произведение, в отличие от подобных же
произведений в устном песенном народном творчестве”1.161, - деп ауыз
әдебиетіндегі ұзақ жырлардан басқа барлық баяндау өлеңдерді поэма деп
есептесе, Числов: “Поэма – қоғамның рухани өмірінің маңызды мәселелеріне
және оларды әмбебап шешуге арналған синтетикалық жанр”2.12, - дейді.
“Новые пути поэмы” атты мақаласында В.Кубилюс та поэманың синтетикалық жанр
екендігін айта келе: “Әрбір әдеби жанрды басқа әдеби жанрлардан оқшау,
байланыссыз, томаға-тұйық “автономия” ретінде қарауға болмайды. Белгілі бір
жанрдың өмірге келу, даму эволюциясы басқа әдеби жанрдың өзара әсеріне
байланысты. ... Алайда әдебиетте өмір сияқты, диалектика заңына тәуелді.
Қатып қалған қағидасы болмайды. өмір ағымымен қатар, адам, оның әлемді
қабылдауы өзгереді, содан келіп әдебиетте жаңа идеялар пайда болады. Кез-
келген үлкен өнер жанрдың қатып қалған шекарасын бұзады, жылжытады.
Дегенмен, біз дәстүр мәселесінен аттап кете алмаймыз. Қазіргі әдебиетте
жанр араласады, ауысады, бірақ әр жанрдың дәстүрлі негізі сақталады”, -
дегенді айтады.3.70. Ал латвиялық ақын Ю.Марцинкявичус өзінің “Судьбы
поэмы” атты мақаласында әдебиеттанушылардың ортасына “Поэманың басты
көздеген мақсаты не?” деген сауал тастай отырып былай деп жазады: “Мен
әдебиеттің өзге жанрларына қарағанда, поэманың алдына үлкен міндеттер
қоямын. өз заманында философия ғылымының ғылымдардың атасы атанғаны
белгілі. Дәл сол сияқты мен де поэманы жанрлардың жанры деп есептеймін.
...Поэма мінез даралай отырып, прозаның тәжірибесіне сүйенеді, лириканың
жарқ еткен бір сәттік көңіл-күйін пайдаланып, драмада үнемі қозғалыс
үстінде көрінеді. Тіпті публицистиканың өзі де поэмаға жат емес. Бұдан өзге
әмбебап жанрды мен білмеймін. Бұл – тұтас симфониялық оркестр”4.142 Көріп
отырғанымыздай, поэма туралы өз заманында аз жазылмады.
Поэма еркін құрылған жанр қатарына жатады. Революцияға дейін қазақ
әдебиетінде поэма деген термин қолданылмай, көбінесе өлең, дастан, қисса,
хикая деген әдеби терминдер қолданылып келді. Қазақтың революцияға дейінгі
поэмаларын зерттеген ғалым Ш.Әлібеков: “Поэма өлеңмен жазылған көркем
шығарманың көлемді бір түрі. Өзінің шығу тегі жағынан эпосқа жатады”, -
деп поэманың дастан, қисса - хикаялардан айырмашылықтарын атап
көрсетеді5.8.
Қазақ поэмаларын зерттеуші Ә.Нарымбетов 1968 жылы жарық көрген “Жанр
және шеберлік” атты еңбектің “Қазіргі қазақ поэмалары” атты тарауында қазақ
әдебиетіндегі орын тепкен поэмалардың “лирикалық поэмалар, эпикалық
поэмалар, лиро-эпикалық поэмалар” сынды түрлерін ажырата келе, бұлардың
өзара айырмасы барлығына тоқталады.6.171. Ғалым кейінірек 1982 жылы
жазылған “Қазіргі қазақ поэмасы” еңбегінде поэманың мынадай түрлерін
ажыратады: “сюжетті эпикалық поэма, лирико-публицистикалық поэма, очерк-
поэма, драмалық, циклды поэмалар”7.186. Поэмалардың мұндай түрлерінің
өзіндік ерекшеліктерін профессор Қ.Алпысбаев былайша анықтайды: “Эпикалық
немесе сюжетті баяндау поэмаларында эпикалық сипат шешуші мәнге ие болып,
бүкіл шығарма құрылымын айқындайды. Мұндай поэмаларды көбінесе эпикалық деп
атайды. Эпос элементтерінің барлық поэмада кездесетіні сияқты эпикалық
баяндау формаларында да лирикалық элементтер болуы мүмкін Ал лирикалық
сипат болса, көбінесе қосалқы элемент түрінде ғана көрінеді де, негізгі
сюжеттік желінің құрылымына, оның дамуына ықпал ете алмайды, онымен өзара
композициялық байланысқа түсе алмайды”8.12.
Қазақ поэмасының өсу, даму жайлы айтқан С.Мұқанов, М.Әуезов,
Ғ.Мүсірепов, М.Қаратаев, Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, т.б. ғалымдардың
пікірлерінен бөлек, қазақ әдебиетінің тарихында поэма жанрына арналған
бірнеше арнаулы ғылыми зерттеу еңбектер жарық көрді. “Қазақ совет
әдебиетіндегі 20-30-жылдардағы поэмалар”деген еңбегінде ғалым Ә.Нарымбетов
қазақ поэмаларының қалыптасу кезеңін белгілесе, “Қазіргі қазақ поэмасы”
1982, “70-80 жылдардағы қазақ поэмасы”1999 т.б. еңбектерінде әдебиет
тарихында бағалы орынға ие бірқатар поэмалардың тақырыптық – идеялық маңызы
теориялық тұрғыдан әр қырынан қарастырылады. Ш.Әлібековтің “Қазақтың
революцияға дейінгі сюжетті поэмалары”атты диссертациясында ХХ ғасыр
поэмалары сөз болады. Н.Қарбанованың “Тарихи адамдар бейнесі”1968
диссертациясында 50-60-жылдардағы тарихи тақырыпқа жазылған поэмалардың
жанрлық-көркемдік ерекшеліктері Х.Ерғалиев, Қ.Бекхожин, Ғ.Қайырбеков,
Қ.Тоғызақов поэмалары негізінде сараланып, ғылыми негізде тұжырымдалса,
М.Султанбековтың “Поэмы Абая” 1970 атты кандидаттық диссертациясында
А.Құнанбаевтың поэмаларының ерекшеліктері танылады. Б.Отарбаеваның “Идейно-
художетвенное и жанровое своеобразие казахской советской поэмы 50-60х
гг”1983, Қ.Алпысбаевтың “Проблемы жанров современной казахской поэмы”
1986,“Поэма және сюжет”1992, А.Егеубаевтың “Идейно-художественное
влияние поэмы “Кудатгу билик” Юсуфа Баласагунского на развитие казахской
литературы” 1989 ғылыми еңбектері де қазақ поэмасының көркемдік
ерекшелігін ашуға арналған.
Кейінгі жылдары поэмаға қатысты жазылған Ж.Балтоғаеваның “М.Жұмабаев
поэмаларының жанрлық-көркемдік ерекшеліктері” 2003, М.Жақыпбекованың
“Ерлікті бейнелеудің ұлттық өрнектері”(28 Панфиловшылар туралы поэмалар)
2005, Ж.Досбайдың “Қ.Бекхожин поэмаларының көркемдік әлемі 2005,
Г.Қажыбаеваның “Қазіргі қазақ балалар поэмасы” 2006, Қ.Құрмамбаеваның
“Шәкәрім поэмаларының тарихи және әдеби негіздері”200 атты кандидаттық
диссертацияларда қазақ поэмаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктері
жекелеген ақындар шығармашылығымен байланысты қарастырылады. Сонымен бірге
Қ.Юсуповтің “Ж.Нәжімеденовтың ақындығы”, Ж.Мәмбетовтің “Ж.Молдағалиевтің
ақындық шеберлігі”, Қ.Хамидуллаевтың “М.Мақатаевтың ақындық шеберлігі” т.б.
сынды диссертациялық жұмыстарда аталған ақындардың өлеңдерімен қатар
поэмаларына да жан-жақты талдаулар жасалады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Ф.Оңғарсынованың жалпы шығармашылығы,
оның ішінде лирикасы жөнінде көптеген құнды пікірлер айтылып, бірқатар
зерттеу еңбектердің арқауына айналды. Ал біз сөз еткелі отырған ақын
поэмаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері бірқатар мақалалар аясында
сөз болғанымен, арнайы көлемді ғылыми-зерттеу нысанасына айнала қойған жоқ.
Бітімі бөлек өлеңдерінен тыс оннан астам поэмалардың авторы, қазақ
поэзиясында өзіндік дара қолтаңбасымен ерекшеленетін ақын Ф.Оңғарсынова
поэмалары үшін мақала түріндегі мұндай ой-пікірлердің аздық етері сөзсіз.
Ақын поэмаларына арналған Р.Аяпбергенұлының шағын көлемді бірқатар
мақалаларынан бөлек толымды зерттеу еңбектің жоқтығы зерттеу тақырыбының
өзектілігін өткірлей түседі. Бұл турасында ақынның өзі: “Менің поэмаларым
туралы өз кезінде де, кейін де ешбір баспасөз бетінде сын айтылып, сөз
қозғалмады. Соған қарап менің поэмаларым оқылмайды екен-ау деген ойға
қалдым”, - дейді. Алайда, бұл ақын поэмаларының аз оқылғандығынан туындаған
жайт емес еді.
Біздің бүгінгі диссертациямыздың арқауына айналып отырған
Ф.Оңғарсынова шығармашылығын әдебиеттанушы-ғалымдар 1960-80 жылдардағы
әдебиет аясында қарастырып келеді. Осы дәстүрден біз де алшақтамай, ақын
поэмаларын осы кезеңнің әдеби даму процесімен байланыста сөз етпекпіз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Зерттеу жұмысын жазу барысында әдебиет
тарихы мен әдебиеттану ғылымындағы поэма жанры жөнінде маңызды ой айтқан
отандық және шет елдік ғалымдардың теориялық тұжырымдары негіз ретінде
алынады. Мәселен, ұлттық әдебиеттану ғылымында А.Байтұрсыновтан9 бастап
қазақ әдебиетіндегі поэмалар табиғатына сипаттама беріп, олардың
поэтикасын, көркемдік қасиеттерін талдап қарастырған М.Әуезов10,
С.Мұқанов11, Ғ.Мүсірепов12, Б.Кенжебаев13, М.Қаратаев14,
Е.Ысмайлов15, Х.Сүйіншәлиев16, Қ.Жұмалиев17, З.Қабдолов18,
З.Ахметов19, М.Дүйсенов20, Т.Әбдірахманова21, Н.Қарбанова22,
Ш.Әлібеков5, Б.Отарбаева23, Ә.Нарымбетов24, Қ.Алпысбаев8,
Ж.Толысбаева25 т.б. ғалымдардың монографиялық еңбектері, ғылыми-сын
мақалалары бар.
Сондай-ақ, Г.Н.Поспелов26, Л.И.Тимофеев27, Г.Л.Абрамович28,
А.Н.Соколов29, М.М.Числов2, С.А.Коваленко30, И.Кисилев31,
И.Кирпель32, Е.Колмановский33, Д.Максимов34,Л.К.
Швецова35,Ю.Суровцев36, Е.Уманская37, Ю.Марцинкявичюс4, т,б,
сынды жақын шет ел ғалымдарының кең көлемді зерттеу еңбектері мен ғылыми
мақалалары, ой-пікір, ұсыныс-анықтамалары осы поэма жанрдың ерекшеліктерін
танытуға бағытталған.
Ал біздің зерттеу жұмысымыздың басты насанасына айналғалы отырған
Ф.Оңғарсынова поэмалары Ә.Нарымбетовтың “70-80-жылдардағы қазақ поэмасы”
атты оқу құралында осы жылдардағы озық үлгідегі қазақ поэмаларының аясында
қарастырылса38, ғалым Р.Нұрғалиевтің “Мінезді жырлар”39 мақаласында
ақын поэмаларының тарихи - тақырыптық сипаты сөз болады. Сонымен қатар,
филология ғылымдарының кандидаты Р.Аяпбергенұлының “Қазақ тілі мен
әдебиеті” журналының 2002-2003 жылдар аралығындағы сандарында ақын
поэмаларының әрқайсысына қысқа көлемді шағын мақалалары арналып
отырады40.Бұлардан бөлек ақын лирикасы туралы сөз қозғалғанда ақын
поэмаларының кейбір қырлары жөнінде де аракідік әңгімелер айтылып жүрді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты:
Ф.Оңғарсынова поэмаларын тарихи-тақырыптық, жанрлық тұрғыда жан-жақты
қарастыру; әрбір поэмаға жеке-жеке талдаулар жасау арқылы ондағы ұлттық
сипат, мінез даралығының ақын қолданысындағы ізденіс іздерін көрсету.
Ақынның лирикалық поэма жазудағы ақындық қолтаңбасын айқындау; лирикалық
поэманы дамытудағы дәстүр мен жаңашылдық мәселелерін анықтау. Басты мақсат
- Ф.Оңғарсынованың әлі де сыншылар назарына ілінбеген, ғылыми айналымға
енбеген поэмаларының жанрлық-көркемдік ерекшеліктерін жіті зерттеп, оларды
бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша бағамдау. Осы мақсаттарды жүзеге асыру
үшін зерттеу жұмысы төмендегідей міндеттер жүктейді:
- Ф.Оңғарсынова поэмаларының композициялық, сюжеттік құрылымын
анықтау;
- ақын поэмаларының тақырыптық – идеялық сипатын нақтылау;
- тарихи тақырыпқа жазылған ақын поэмаларының ерекшелігі мен олардың
әдебиеттегі орнын анықтау;
- дәстүр мен жаңашылдық мәселесін басшылыққа ала отырып, ақынның
тарихи тақырыпты игерудегі жетістіктерін көрсету;
- лирикалық поэмадағы ақындық дербес ізденістермен ондағы лиризм
белгілерін айқындау;
- ақынның соғыс тақырыбындағы поэмаларына тән ақындық ізденіс іздерін
бағдарлау;
- Ақын поэмасындағы “Жалғыздық” мотивінің берілуі;
- Ақын поэмалардың тілдік-бейнелілік, көркемдік ерекшеліктерін
саралау;
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Жоғарыда айтылған
мәселелер бойынша тақырыпты ашу барысында зерттеудің теориялық және
методологиялық өзегі Қазақстан мен жақын шетел ғалымдарының поэма жайлы
жазылған еңбектеріне негізделген. Қазақ поэмасының өзіндік ерекшеліктерін
зерттеген әдебиеттанушы – ғалымдар: А.Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов,
З.Қабдолов, М.Дүйсенов, Т.Әбдірахманова, Ә.Нарымбетов, Н.Қарбанова,
Ш.Әлібеков, Қ.Алпысбаев, Ә.Тарақ, т.б. сынды қазақ әдебиеттанушы
ғалымдарының еңбектеріне және қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті
өкілдері: Р.Нұрғалиев, Ж.Дәдебаев, С.Қирабаев, С.Негимов, Б.Кәрібозұлы,
Қ.Мәшһүр Жүсіп, Қ.Әбдезұлы, Б.Майтанов, Ж.Тілепов, Б.Кәрібаева, Т.Шапай,
Г.Пірәлиева, т.б. сынды ғалымдардың еңбектері құрайды. Сондай-ақ, поэма
табиғатын жете зерттеген көрнекті орыс ғалымдары: Г.Н.Поспелов,
Л.И.Тимофеев, Г.Л.Абрамович, А.Н.Соколов, М.М.Числов, Л.К. Швецова т.б. ой-
пікірлері басшылыққа алынып, жалпы поэма жанрына қатысты зерттеулеріндегі
поэманың дамуы, оның заңдылықтары жайлы ой-пікірлеріне сүйендік.

Зерттеу әдістері. Ф.Оңғарсынова поэмаларының тарихи-тақырыптық сипатын,
тілдік-бейнелілік ерекшеліктерін ашып, тұжырым –қорытындылар жасау
барысында салғастырмалы – салыстырмалы, объективті – аналитикалық, талдау,
жүйелеу әдіс- тәсілдерін қажетімізге орай қолданыландық.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Ф.Оңғарсынованың өлеңдері әдебиеттанушы
ғалымдар тарапынан өзінің әділ бағасын алғанымен, ақын поэмалары
ғалымдардың арнайы тақырып етіп, жекелеген зерттеу нысанасына әлі айнала
қойған жоқ. Осы себепті бүгінгі зерттеу жұмысымызға ақынның тек қана
поэмалары арқау болмақ. Ақын поэмаларының ғылыми негізде алғаш рет кең
көлемде зерттеу көзіне айналуы да жұмысымыздың ғылыми сипатын салмақтандыра
түседі. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мыналар:
- Ф.Оңғарсынова поэмалары алғаш рет жүйелі түрде негізделіп,
ғылыми айналымға енеді;
- Ақынның тарихи тұлғалар мен өнер иелеріне арналған поэмаларының
тарихи – тақырыптық сипаты анықталады;
- Ақынның лирикалық поэма жазудағы идеялық - көркемдік
ізденістері сараланады;
- Ф.Оңғарсынова поэмасындағы драматизм, психологизм көріністері
айқындалады;
- Ақын поэмаларына тән “Батылдық”, “Жалғыздық” мотивтері турасында
алғаш сөз болады;
- Кейіпкер әлемін ішкі монолог құру арқылы ашудағы ақын шеберлігі
мысалдармен дәлелденеді;
- Поэмалардың эстетикалық қуатын арттырудағы көркемдік әдіс-
тәсілдердің ақын қолданысындағы ерекшеліктері көрсетіледі.
Зерттеу жұмысының нысанасы ретінде орыс және отандық әдебиеттанушы
ғалымдардың поэмаға қатысты бірнеше ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар,
Ф.Оңғарсынованың “Шілде” таңдамалы өлеңдер жинағы (1978), “Сенің
махаббатың”(1979), Екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы: өлеңдер мен
поэмалары (1987), “Шашы ағарған қыз”: мақала, эссе, повестер (1990), “Қыз -
ғұмыр”: Өлеңдер мен эсселер (1996), “Мен саған ғашық емес ем” (1999), Он
томдық шығармалар жинағы (?), “Қазына”(2002) сынды жыр жинақтары алынды.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы: Зерттеудің ғылыми
нәтижелері мен негізгі тұжырымдарын XX ғасырдың 60-80 жылдарындағы қазақ
поэмасына арналған арнаулы курстарда, ақын Ф.Оңғарсынова шығармашылығына
арналған семинар сабақтарда қолдануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- -Ф.Оңғарсынова сыршыл лириктігімен қоса, кең құлашты шебер
эпик ақын;
- Ол – тарихи тұлға тағдырын арқау ете отырып, олардың көркем
бейнесін сомдауда тың ізденістерге барды;
- соғыс тақырыбына арналған ақын поэмалары жаңаша көркемдік
арнада шешім табады;
- Ф.Оңғарсынова поэмаларында тұлға дәрежесіне көтерілген лирикалық
қаһарман мінезі бой көтереді;
- Ақын поэмаларындағы ұлттық рух, ұлттық сипат шынайылығымен,
айқындығылығымен танылады;
- Қазақ әйелінің ұлттық болмысы, әйел-ананың дүниетанымы, ішкі
рухани әлемі ашылып, “әйелдер галереясы” сомдалады;
- лирикалық поэмалардағы ақын ізденістері, ондағы лиризм,
драматизм, психологизм, мотив мәселелеріне баса назар
аударылады;
- ақын поэмаларындағы кейіпкер тұлғасын ашудағы ішкі монологтың
ақындық дербес қолданыс табу ерекшеліктері нақты мысалдармен
дәлелденеді;
- Ф.Оңғарсынова поэмаларындағы тілдік, көркемдік ерекшеліктер
дәстүрлі әдеби әдіс-тәсілдерді сақтай отырып, жаңашылдықпен
қолданылуымен ерекшеленеді. Ол өз поэмаларында қазақ тілінің бай
сөздік қорын ақындық шеберлігіне орайластыра отырып, түгелімен
дерлік пайдалана білді.
Жұмыстың жариялануы мен сыннан өтуі. Зерттеудің теориялық мәселелері
мен тұжырымдары халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияларда,
республикалық конференцияларда баяндама ретінде тыңдалып, жинақтарда
жарияланды.
Сондай-ақ, диссертацияның зерттеу нәтижелері Білім және ғылым
саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті бекіткен республикалық
ғылыми басылымдарда жарық көрді. Ғылыми мақаланың жалпы саны – 10. Жұмыс
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында
талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Жұмыстың құрылымы: Диссертициялық жұмыстың құрылымы талапқа сай
кіріспеден, үш тараудан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ
Ф.Оңғарсынова поэмаларының тарихи, сюжеттік негіздері
Поэма жанры әдебиеттегі күрделі жанрдың бірі ретінде бірден қалыптаса
салмады. Оның ұзаққа созылған өсу жолдары, даму кезеңі бар. Сондықтан да,
Ф.Оңғарсынованың поэма саласындағы еңбектерін сөз етпестен бұрын, ең
алдымен, қазақ поэмасының тарихының өткеніне көз жіберіп, қысқаша шолу
жасап өтелік.
Поэма жанрын жетілдіруде ақындар туған халқының ғасырлар бойы
жинақталған бай көркемдік дәстүріне сүйенуді басты мұрат тұтты. “Қазақ
әдебиетінде алғашқы поэманың басты белгілері ХҮІІІ-ХІХ ғасырдан тарихта
белгілі Дулат, Нысанбай, Күсен, Мұрат, т.б. творчествосында айқын көрінді.
Мысалы, Дулаттың “Еспембет” дастаны, Сүйінбайдан кейін Жамбыл жырлаған
“Өтеген батыр”, Алмажан Азаматқызының “Жетім қыз” поэмалары әлгі айтылған
үлгіде жасалды”22.2. Ежелгі дәстүрге сүйенген, соны жалғастырып байыта
түскен олар қазақ поэмасының алғашқы ең жақсы үлгілерін қалыптастырып
берді.
Жаңа әдебиеттің басы болған “қазақтың бас ақыны” Абай поэма жанрында
да жаңашылдықтың көшбасшысы болды. Абайдың “Ескендір”, “Масғұт”, “Әзімнің
әңгімесі” поэмалары шығыстық желіге құрылған қазақ поэмаларының озық
үлгілерінің қатарынан саналады. Сондай-ақ, сол кездегі поэмалардың басы
болып Абай мектебінің өкілдері Ақылбайдың “Дағыстан”, “Зұлыс” поэмалары мен
Мағауияның “Медғат-Қасым” поэмасы тұрды.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі М.Сералиннің (“Гүлхашима”, “Топ жарған”),
С.Торайғыровтың (“Кедей”, “Адасқан өмір”) поэмалары осы ғасырдың
жиырмасыншы жылдарындағы Б.Майлин (“Разия қыз”, “Хан күйеуі”, “Өтірікке
бәйге”, “Қанай”), С.Мұқановтың (“Құрдас”, “Батырақ”, “Октябрь өткелдері”,
“Сұлушаш”) поэмаларымен бұл жанр ерекше қарқынмен дами түсті. Аталған
поэмалардың басым көпшілігінде әлеуметтік теңсіздік пен кедей өмірінің
көріністері суреттелсе, С.Сейфуллиннің “Аққудың айырылуы”, “Көкшетау”
поэмалары таза романтикалық бағытта жазылған туындылар болатын.
Отызыншы жылдардағы поэмаларды сөз еткенде, І.Жансүгіровтің “Құлагер”,
“Күй”, “Күйші”, “Дала” поэмалары ақындық шеберліктің қайталанбас үлгісі
ретінде алдымен ауызға ілігеді. Дегенмен, бұл жылдардағы көп жырланған
тақырыптың бірі - колхозға ұйымдастыру науқаны мен еңбекшілердің талмай
еткен еңбектері еді. Ал шын мәніндегі реалистік поэма жанрын өмір шындығы
тудырды. С.Сейфуллиннің “Советстан”, “Альбатрос”, И.Байзақовтың “Құралай
сұлу”, “Алтай аясында”, Ж.Сыздықовтың “Майкөл тамы”, Т.Жароковтың “Күн тіл
қатты”, “Тасқын”, т.б. поэмалар қазақ поэзиясының қалыптасу кезеңінен
іргелі орын алды.
Негізгі тақырыбы – Отан қорғау жолындағы жан аянбас ерліктерге толы
халық өмірі болған Ұлы Отан соғысы жылдарында да поэмалардың саны арта
түсті. Осы тұста дүниеге келген поэмалар қатарында Н.Байғаниннің “Ер
туралы жыр”, Қ.Аманжоловтың “Ақын өлімі туралы аңыз”,Т.Жароковтың “Зоя
туралы жыр”, Д.Әбілевтің “Майданбек”, Қ.Сатыбалдиннің “Әлия”,
М.Хакімжанованың “Мәншүк” поэмалары бар. Бұл поэмалардың да басым көпшілігі
халық ауыз әдебиетіндегі жыр-дастандар үлгісімен жазылған.
Елуінші жылдардағы қазақ поэмасын зерттеуші ғалым Н.Қарбанова осы
тұстағы қазақ поэмаларының сан жағынан орасан өскендігін айта келе: “Біз
сөз етіп отырған 1950-1960-жылдардағы поэмалар санын жылдап есептейтін
болсақ, 1950-54 - жылдары 11 поэма, 1951-52-жылдар аралығында 14 поэма,
1959-60 -жылдары 21 поэма, ал 1950-60- жылдар аралығындағы он жылда 200 ге
жуық поэма жазылыпты. Бұл сөз жоқ, көңіл аударарлық құбылыс”22.10, -
дейді. Көркем шығарманың өсу, даму процесін санмен өлшеу арқылы анықтау-
әдебиеттану ғылымындағы аса табысты тәсіл болмағанымен, сөздің дәйектілігі
үшін керек. 1950-60-жылдардағы жарық көрген эпикалық поэмалар – кеңес
әдебиеті тарихында көтерер жүгі, алар орны, көркемдік сапасы жағынан ерекше
көзге түсті. “Сондықтан да кеңес әдебиетін зерттеушілер мен әдеби
сыншылардың 60-жылды әдеби процесс тарихында жаңа даму кезеңіне жатқызуы
тегін емес“23.77.
Әдебиеттің өзге салалары сияқты 1960-80 жылдардағы поэма жанры да
сапалық тұрғыдан өсіп, жетілудің үлгісін көрсетті. Бұл жылдары еліміздің
саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық өмірі өрлей түсіп, қоғамдық өмірдің
барлық саласындағы мұндай өсу сатысы қаламгерлеріміздің де көңілін ерекше
аударған еді. “Көрсетілген кезеңдердегі поэмаларда дәуірдің көкейтесті
конфликтілерін көрсетумен қатар, өткен соғыс өрті шарпыған өмір шежіресі де
дүркін-дүркін еске түсе суреттелді. Мәселен, бұл ретте Ә.Тәжібаевтің
“Қазақстан – алтын сандық”, “Портреттер”, “Ол”, Қ.Бекхожиннің “Ақсақ
құлан”, “Тұрлаулы тағдыр”, Х.Ерғалиевтің “Жылдар, жылдар”, О.Сүлейменовтің
“Адамға табын, жер енді”, Ғ.Қайырбековтің “Жер астындағы жұлдыздар”,
Ж.Молдағалиевтің “Сел”, “Қыран дала”, “Жесір тағдыры”, “Мен – қазақпын”,
т.б. ақындардың туындыларын ауызға аламыз”23.78.
Қазақ әдебиеті тарихында өз бағасын алып, өзіндік айқын қолтаңбасымен
ерекшеленетін Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын
Ф.Оңғарсынова поэзиясы хақында әдебиетші-ғалымдарымыздың өздерінің ғылыми
талдау-тұжырымдары, бағам-байлаулары бар. Ақын лирикасын зерттеген
З.Мүтиевтің сөзімен айтсақ, “Ф.Оңғарсынова поэзиясының табиғатын тану
алыптардан бастау алады”41.24. Көрнекті сөз зергерлері Ғ.Мүсірепов (“Екі
ауыз сөз”), Ә.Тәжібаев (“Ой мен сеззім нақыштары”) айтқан бағалы ойлармен
қоса М.Қаратаев, Ә.Шәріпов, С.Сейітов, З.Ахметов, З.Қабдолов, Ә.Жәмішев,
С.Қирабаев, Т.Тоқбергенов, Р.Нұрғалиев, т.б. сынды ғалымдарымыз да өз сыни
еңбектерінен біраз орын берген-ді. Фариза ақынның өз замандас-
қаламдастарынан, жолын қуған іні-сіңілілерінен Б.Асылжанов (“Менде бір
тебіреніс бар”), К.Ахметова (“Ақынсыз бір сәті, бір күні аңыз”),
С.Жұмабеков (“Жырлары жанарында жарқылдаған”), Н.Оразалин (“Асқақтық пен
Рухты аялаған жыр”), Ә.Кекілбаев (“Нұрлы жүрек туғызған Жыр-құдірет”),
У.Қалижанов (“Уақыт үндестігі”), Ә.Бөпежанова (“Өжет жырға өлім жоқ”),
Т.Медетбек (“Қасіреттен тұрады бақытым да”) оның өлеңдеріне
тоқталмағандары, жоғары бағаламағандары кемде-кем. Мұндай әдеби-сын
мақалалар, зерттеу еңбектер ақын шығармашылығының зерттелу аясын кеңейте
түсті. “Жыр жазу деген - азап, от, Әйел боп туған болмысқа”, - деп бар
өмірін өлеңге сыйғызған Ф.Оңғарсынова поэзиясының қазақ поэзиясынан ойып
орын алуы да заңдылық.
Сонымен қатар, Ф.Оңғарсынова поэзиясы С.Т.Айбергенованың “Қазақ ақын
әйелдер шығармашылығындағы дәстүр жалғастығы” атты ғылыми еңбегінде алдыңғы
буын мен кейінгі толқын қазақ ақын қыздарының шығармашылығымен байланыста
қарастырылса, Н.С.Қамарованың “Қазіргі қазақ өлеңдеріндегі психологизм” деп
аталатын кандидаттық диссертациясында ақын өлеңдеріндегі психологизм
табиғаты танылып, теориялық терең талдаулар жасалады. “Қазіргі қазақ
лирикасындағы мінез мәселелері” атты Ж.С.Сұлтанғалиеваның диссертациясында
ақынның өлеңдеріндегі мінез ерекшеліктері сөз болады. Ал, З.Мүтиевтің
“Ф.Оңғарсынова лирикасы” дейтін кандидаттық диссертациясында ақынның
лирикасы жан-жақты әрі кең көлемде зерттелінеді.
Алайда, Ф.Оңғарсынова мұрасында әлі де жүйелі арнада зерттелмеген,
ғылыми тұжырымға енбеген бір сала бар. Ол - ақынның поэмалары. Поэма -
жалпы әдеби процестегі көрнекті қызмет атқарып келе жатқан күрделі жанрдың
бірі. Ұлттық, жанрлық, стильдік, көркемдік ерекшелігі мол, үздіксіз дамып
отырған қазақ әдебиетінің үлкен саласында Ф.Оңғарсынова оқырман жүрегіне
жол тапқан өлеңдерінен тыс әртүрлі тақырыпта, әртүрлі жанрда онннан астам
поэмалар жазды. “Сайраған Жетісудың бұлбұлымын”, “Тартады бозбаланы
магнитім”, “Тыңдаңдар, тірі адамдар”, “Қасірет пен ерлік жыры”, “Сырласу
немесе ақын әйелдің анасымен диалогы”, “Дала тағдыры”, “Мүшәйра”, “Қырдағы
айқас”, “Мен өмірді сен деуші ем”, “Алмас қылыш немесе мен Махамбетпен
қалай кездестім”, “Ақбөбек жырлары”, “Қарғыс”, “Дыбыстар әлемі”, “Қазақтың
бір қызы бар Кәмшат деген” сынды поэмалары оның ақындық диапазонының кең
және терең екендігін дәлелдеді. Ф.Оңғарсынова поэмалары уақыт пен заман
сырын, оның тарихи-әлеуметтік мәнін көркем бейнелеуде, шындықтың қоғамдық-
философиялық сипатын ашуда көрнекті қызмет атқарады. Көркемдік ізденістерін
үнемі толықтыра отырып, заман жайын, халық сөзін көкейіне түйіп, әділетті
ту ғып ұстаған ақын екенін байқатады. Қай поэмасын алып қарасақ та, оның
ақындық кредосын анық байқаймыз.
Біз сөз еткелі отырған Ф.Оңғарсынова поэмаларының басым көпшілігі
тарихи тұлғаларды арқау еткен. Сол арқылы ақын тарих пен бүгінгі күннің
өзара сабақтастығын тауып, тарихи дәуірдің шындығын көрсетуді мақсат
тұтады. Сондай-ақ, ақын өлең сөзбен тарихқа айналған тұлғалардың рухани
портретін сомдайды. Осы тұста “тарихи тұлға” дегеніміз кім? деген заңды
сұрақтың туары анық. Бұл ұғым жайында Қ.Әбдезұлы “Тарих және тағдыр” атты
зерттеу еңбегінде былай дейді: “Ең алдымен, тұлға деген ұғым – тарихи
өлшем. Яғни, тарихи тұрғыдан ел үшін, халық үшін орасан маңызы зор, тарихи
мәні терең іс-әрекеттерге барған, немесе аса жауапты тарихи сәттерде халық
тағдырында айрықша орны болған адамға халықтың өзі осындай тұлғалық
деңгейге көтеретін бағаны беріп отырған”42.158. Ал “Қазақ әдебиетіндегі
тарихи тұлға проблемасы” атты монографиясында Ә.Тарақ осы ұғым турасындағы
В.Г.Белинскийдің мынадай анықтамасын ұсынады: “Тарихи тұлға бұл қашанда
белгілі бір дәуірдің құбылысы, бірақ оны әрбір жазушы өзінің уақыты және
дербес психологиясы тұрғысындағы көзқарас бойынша қарастырады”43.274.
Демек, тарихи тұлғаға арнап шығарма жазу – ақынның биік интеллектін, терең
танымы мен биік парасатын байқататын күрделі процесс.
Қазақ поэмаларындағы тарихи тақырып отызыншы жылдардан бастап идеялық
шеберлік тұрғысынан кемелдене түсті. Ал тарихи тақырып-бір кезеңнің
әдебиетімен шектеліп қалатын тақырып емес. “І.Жансүгіровтің “Күйші”,
“Құлагер”, Ә.Тәжібаевтің “Абыл”, И.Байзақовтың “Алтай аясында”, Ж.Саинның
“Күләнда”, Ә.Сәрсенбаевтың “Ақмаралдың жүрегі”, т.б. поэмалар осы кезеңдегі
қазақ поэзиясының ірі жеңісі болғандығы мәлім. Тарихи тақырыпқа жазылған
поэмалар осымен шектеліп қалған жоқ. Бұдан кейінгі кезеңде де бұл тақырыпқа
поэмалар жазуды ақындар тоқтатқан жоқ. Осы жылдар ішінде қазақ поэзиясында
Қ.Бекхожиннің “Мәриям Жагорқызы”, Ғ.Қайырбековтың “Дала қоңырауы”,
Қ.Тоғұзақовтың “Сібір омар”, І.Есенберлиннің “Біржан сал” трагедиясы”,
Х.Ергалиевтің “Құрманғазы”, С.Омаровтың “Сәукен” атты поэмалары келіп
қосылды”44.48. Аталған поэмалардың басым көпшілігі тарихта болған өнер
адамының өнер жолын бедерлеуге бағытталды. Белгілі ғалым Н.Қарбанованың
айтуынша: “Ән-күй, көркемөнер мәселесін Абайдан кейін Кеңес үкіметі кезінде
алғаш сөз еткен Сәкен Сейфуллин. Оның 1914 жылы Қазан қаласында басылған
“Өткен күндер” жинағына енген өлеңдерінде, Орынборда басылған “Асау тұлпар”
жинағындағы “Домбыра”,“Тергеген болсаң айтайын” өлеңдерінде ақын домбыра
үнін өз жанының барометрі ретінде суреттейді. “Көкшетау” поэмасында, “Тар
жол тайғақ кешу” романында ән-күй лирикалық сарынға толы суреттеледі
22.32.
Тарихта болған өнер қайраткерлері, дарын иелері туралы поэма жазуда
ақындардың арқа сүйегені – І.Жансүгіровтің ақындық дәстүрі болғаны белгілі.
І.Жансүгіров өнер адамын бейнелеудің поэмадағы жарқын үлгісін қалыптастырды
дейміз. “Қазақ әдебиетінде көркемөнер өкілін өз шығармасына арқау еткен І.
Жансүгіров 1915-16 жылдары “Әншіге”, “Бұлбұлға” өлеңдерінде, “Күй”,
“Күйші”, “Құлагер” поэмаларында дамытты. Сол дәстүр жалғастығының мысалы
ретінде Ә.Тәжібаевтің “Ақын”, “Күй атасы” “Майра”, “Оркестр”, Қ.Бекхожиннің
“Аппақ-наме”, “Құрманғазы”, “Мәриям Жагорқызы”, Ж.Молдағалиевтің “Кісен
ашқан”, М.Әлімбаевтың “Естай-Қорлан”, Т.Бердияровтың “Біржан сал”,
“С.Иманасовтың “Айтыс”, С.Сейітхазиннің “Балуан шолақ”, Ө.Күмісбаевтің
“Махамбет” поэмаларын атауға болады”45.32.
Тарихи тұлға өмірінің белгілі бір кезеңдерін суреттеу, шығармаларына
тарихилық сипат дарыту осы жылдардағы әдебиеттің қай жанрында болса да
белсенді түрде көріне бастады. “1960-80-жылдардағы қазақ прозасында да
тарихи тұлғаларды, олардың есте қаларлықтай бейнесін, тіршілік-тағдырын сол
кезеңдегі әлеуметтік ортамен, қоғамдық-саяси шындықпен астастыра,
сабақтастыра бейнелеген көркем шығармалар аз жазылмапты. Бұл қаламгерлер
әсіресе, қазақ прозасындағы өнер тақырыбын, яғни сол өнерді әкелген өнерпаз
тағдырын сол кезеңдегі тарихи шындықпен сабақтастыра бейнелеу мақсатындағы
айтулы, салмақты көркем туындыларымен оқырман жүрегіне жол таба білді.
Олар: қазақтың дарынды, суреткер қаламгерлері Д.Әбілев, І.Есенберлин,
Т.Әлімқұлов, С.Бақбергенов, Ә.Әлімжанов, Ә.Кекілбаев, Д.досжанов,
С.Жүнісов, М.Мағауин, Қ.Жұмаділов, С.Сматаев, Ә.Сарай, Ж.Молдағалиев,
І.Жақанов, М.Ысқақбай, Қ.Мұханбетқалиев, Ж.Тұрлыбаев, Н.Әбуталиев,
М.Мажитов, О.Әбділдаев т.б.42.3.
Ф.Оңғарсынованың халық үшін күрескен тұлғаларға арнап жазылған тарихи
тақырыптағы поэмалары өзінің композициялық жүйесінің мықтылығы, сюжеттік
желісінің қызықтылығымен, образ жасау шеберлігімен қазақ поэмаларын
дамытудағы мәнді туындылар ретінде бағаланады. Яғни, ақын дәстүрлі эпикалық
шығармаларды жаңа сапаға сай жаңғырта отырып, әр түрлі тақырыпты қамтитын
поэмалар туғызды. Ф.Оңғарсынованың тарихи тұлғаны арқау еткен кең көлемді
шығармаларының қатарында Жетісудың бұлбұлы атанған Сара ақынға арнаған
“Сайраған Жетісудың бұлбұлымын”, қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш
кәсіби әнші Майра Уәлиқызына арнаған “Тартады бозбаланы магнитім”, атақты
Ақан сері Қорамсаұлына арнаған “Ақан сері аңыздары”, поэзия алдаспаны
Махамбетке арнаған “Алмас қылыш немесе мен Махамбет ақынмен қалай
кездестім”, Шығыстың қос жұлдызы атанған Әлия мен Мәншүкке арнаған
“Тыңдаңдар, тірі адамдар”, композитор Ғ.Жұбановаға арнаған “Дыбыстар
әлемі”, қазақ қыздарының ішінде алғашқы болып “темір тұлпарды” бағындырған
Еңбек ері К. Дөнентаеваға арнаған “Қазақтың бір қызы бар Кәмшат деген” атты
поэмаларының қазақ поэзиясынан алар орны өзгеше. Сондай-ақ,
Ф.Оңғарсынованың “Күй” атты күйші Динаға арнаған диптих, ақын М.Хакімжанова
жайлы “Жыр анасы” атты триптихін, ақиық ақын М.Мақатаевқа арнаған “Мақатаев
туралы жыр” циклдық топтамасын, Халық артисі, күміс көмей әнші
Б.Төлегеноваға арнаған “Бибігүл-ән” арнауын даралап айтуымыз қажет. Тарихи
тұлғалар өмірін өз поэмаларына негіз етіп алғанда, Ф.Оңғарсынова өзінен
бұрын салынған дәстүрді негізге ала отырып, осы тақырыпты өзіндік жаңалық,
ерекшелігімен байытты, өзіндік дара қолтаңбасын да байқата білді.
Ф.Оңғарсынова поэмаларына тән жанрлық – түрлік ерекшеліктер турасында
әдебиеттанушы Р.Аяпбергенұлы: “Ф.Оңғарсынова поэмаларындағы ең негізгі
ерекшелік - лиризмнің үстемдігі. Мысалы, “Мен өмірді сен деуші ем”, деген
поэмасы бозбаланың күнделігі түрінде жазылған таза лирикалық поэма. Ал
“Сайраған Жетісудың бұлбұлымын”, “Тыңдаңдар, тірі адамдар!”, “Алмас
қылыш немесе мен Махамбетпен қалай кездестім?”, “Ақбөбек жырлары” поэмалары
тарихи-лирикалық поэмалар. “Дыбыстар әлемі” - лирикалық поэма, ал
“Мүшәйра” - лиро-драмалық поэма деп білеміз”40.31, - дейді. Дегенмен,
Фариза Оңғарсынова поэмаларын жоғарыдағыдай қандай да бір шартты
топтастырудың ақын поэмаларының зерттелу аясы үшін аздық етері анық.
Ф.Оңғарсынованың “Сайраған Жетісудың бұлбұлымын”, “Тартады бозбаланы
магнитім”, “Ақан сері аңыздары”, “Дыбыстар әлемі” поэмаларын, күйші Динаға
арнаған “Күй”, әнші Б.Төлегеноваға арнаған “Бибігүл-ән” атты циклдық
жырларын өнер адамының өзгеше тағдырына арналған шығармалар қатарына
қосуымызға болады. Аталған поэмалардағы негізгі мәселе бір адамның
тағдыры емес, еркіндікті, азаттықты аңсаған шығармашылық адамына ортақ
тағдыр. Мұндағы Майра, Сара, Ақандар солардың жиынтық образы. Ф.Оңғарсынова
шығармашылығын осы негізде бағдарлап, ой елегінен өткізетін болсақ, ақынның
өнер адамының тарихи тұлғасын жасауда поэма жанрында жаңа стильдік
ізденістерге барғандығын байқаймыз. Ақынның тарихи тұлғалар хақындағы
поэмалары мен жыр-циклдары дәл бүгінгі күн тынысымен аса үндес. Бұл
поэмаларда ақын өнерпаз тұлғалардың өмір жолын әлеуметттік ортаның
ахуалымен тығыз байланыста бейнелейді. Осылайша қилы тағдырлар арасындағы
тартыс әрекетті суреттей отырып, тарихта белгілі адамдардың, өнерпаз
тұлғалардың характерін ашып, образ жасауға тырысады.
Әдебиет атты әлемде әрбір суреткердің қызыға, қызықтыра жырлайтын
өзіне етене жақын тақырыбы болатыны белгілі. Сол арқылы оның авторлық
идеясы, дербес көзқарасы аңғарылып жатады. Ф.Оңғарсынованың
шығармашылығындағы басты тақырыптардың бірі - әйел тағдыры, әйел жолы. Әйел
тәкаппарлығының, әйел жанының азаттығын өз халқының өткен тарихынан
іздестіру – Фариза поэзиясының өзгешеліктерінің бірі. “Оңғарсынова
лирикасындағы өзгешелік сол – ондағы әйелдер образы типтік дәрежеге дейін
көтерілген бейне саналады. ...Суреткердің қаламынан туған әйел тағдыры,
оның өмір түйткілдерінен сыр тартқан сан қилы поэтикалық дүниелердің ауқымы
да қомақты.”41.11.Сонау ауыз әдебиетіндегі мәңгі өлмес образдар:
Қарашаш, Қарлыға, Құртқа, Назым, Қыз Жібек, Баян сұлу, Айман-Шолпандардан
бастау алатын қазақ әйелінің қайсар мінезі, олардың бір-біріне ұқсамайтын
өзіндік болмыс-бітімі ақын шығармашылығында да бөлекше сипат табады.
“...Шынымды айтсам, мен жалпы әйел тағдырының жүгі көбірек, қиынырақ
дер едім. Ал нағыз өнердің шытырман жасы, тіпті суреткерлік табиғаты әйелге
бұйырса, ол екі есе қиын. Тағдыры өнермен байланысты әйелдер жайлы
ойланатыным да осыдан болар. Қазақ әйелінің бойындағы адам таңғаларлық
ғажайып қасиеттер кім-кімді де табындырады деп ойлаймын. Ал, заманның
қаталдығына, қыз жолының жіңішкелігіне қарамастан, қазақ қызының
қабілетін, өнерін халыққа таныта білген Сара, Майра, Диналарға гимн жазса
да артық болмас еді”46.189, - деген Фариза қазақтың біртуар талантты да
қайраткер қыздарына арнап бірнеше поэмалар жазды. Соның бірі – атақты
“Жетісудың бұлбұлы” – Сара Тастанбекқызының өмір тарихын, өнер жолын арқау
еткен “Сайраған Жетісудың бұлбұлымын” поэмасы.
Поэма ерекшеліктеріне тоқталмас бұрын, ақындар осы көркемөнер
тақырыбына неге барды, оның психикалық, эстетикалық себебі неде деген
сұраққа жауап беріп көрелік. Ең алдымен, жастайынан ауыз әдебиетінің
маржанынан қанып ішкен ақын содан алған әсерін, көріп-біліп, көкірегіне
түйгендерін өз шығармашылығына орнымен пайдалана білген. “...Менің ерекше
сүйіп оқитыным “Біржан мен Сара қыздың айтысы” еді. ...Әйел заты ер-
азаматқа тура қарап тұрып өзінің ой-пікірін, мүмкіндігін ашық айтуына
болады екен-ау, деген ой – ұшығын кеудеме түсірген де Сара апамыздың осы
айтысы”еді, - деген еді Ф.Оңғарсынова бұл жөнінде “Сұқбаттар” атты
естелігінде46.160 Осы сөздің шындығын ақын “Сайраған Жетісудың
бұлбұлымын” поэмасында:
Арман-жолда шың-құздар өріндегі,
Адастырмай албырттау көңіл мені.
Жалқы темірқазығым – Махамбет те,
Жыр – Шолпаным өзіңсің көгімдегі47.7, - деп жырмен ажарлай түседі.
“...Жаратылыс берген сәуленің үлкен алауға айналуы үшін алдында теңіздегі
маяктай алыстан болса да жарқыраған бір үлгілер болуы қажет-ақ. Өнердегі
ұстаздық деген сол. Мен үшін Сара апамыз сондай шамшырақ болған еді. Менің
рухани ұстазымСара. Бұл шығармаларды анам да ұнататын, мен қанша оқысам
да, анам жалықпай, сүйсіне тыңдайтын” 46.329,- деген ақынның анасы Халима
“көп сөйлемейтін, аса ақылды, рухани қуатты, ылғи мақалдап сөйлейтін”
48.4 ән-жырға жақын жан болған екен. Болашақ ақын да өнерге бала кезінен
ынтық болып өседі, өзінің айтуынша домбыра, қобыз, сырнай сияқты аспаптарда
еркін ойнайтын. Ақынның ән-күйге деген осы сүйіспеншілігі, оны терең
түсіне білетіндігі “Дыбыстар әлемі” поэмасынан анық байқалады. Яғни,
ақынның бұл тақырыпқа келуі кездейсоқтық емес. Өнерге деген құштарлық ақын
бойына ана сүтімен дарыған талант болса керек. Талант – күрделі құбылыс.
Орыс әдебиетінің теориясын зерттеуші Н.А.Гуляев талант жөнінде: “Это –
комплекс творческих сил и способностей человека, обеспечивающих прежде
всего эстетическую сторону писательского труда, образную, эмоционально-
выразительную специфику художественного произведения”, – дейді 49.106. Ал
қазақтың өз ұғымында, талант – ана сүтімен бойға даритын туа біткен қасиет.
Ақындық та солай. Ақынның өмір жасы оның өлеңдегі өмірімен өлшенбек.
Оқырман жүрегінен алған орнына қарай біреулері сан ғасырлар өмір сүрсе,
кейбіреулері уақыт төрешінің талғамынан шықпай шетте қалып қояды. Сирек
кездесетін тағы бір талант иелері бар, олардың шығармашылық ғұмыры қашанға
созылса да, олар мәңгі жас. Оқырманы да жас. Заман талабы өзгеруі мүмкін,
бірақ оның өлеңдері бәрібір оқылады. Осындай өміршең туындылар арасында
Ф.Оңғарсынова шығармашылығы тұр. Халық жазушысы Ш. Мұртазаның сөзімен
айтар болсақ: “Нағыз ақындар гауһар тас іспетті өте сирек. Жүз жылда бір
келеді. Ендеше сол сиректің бірі және асылы Фариза”50.3. Демек, ақынның
эстетикалық талғамының биіктігі, жан әлемінің нәзіктігі, рухани байлығы,
осының барлығы ақынды өнер тақырыбына арналған шығармалар жазуына алып
келеді.
Поэмаға негіз болған бас кейіпкер - Сара Тастанбекқызы тарихта болған,
1878-1916 жылдар аралығында өмір сүрген айтыскер ақын. Туған жері – Алматы
облысының Қапал ауданы. Руы – Найман. Сара әкесінен ерте айырылады.
Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, әлеуметтік теңсіздіктің
тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы тым ауыр да күрделі. Сараның
өмір жолы, оның жеке өмірінің кейбір сәттері жөнінде “Сара Тастанбекқызының
өмірбаяны мен творчествосы туралы деректер” деп аталатын жоғарғы оқу
орындары студенттеріне арналған шағын зерттеу еңбекте біршама мағлұматтар
беріледі. “ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақтың аяулы ақын қызы Сараның дара да
дана тұлғасының айқындалмаған, көлеңкелі кезеңдері көп. Біреулер – Сара
тарихи тұлға десе, екіншілері – Сара көркем бейне, жиынтық тұлға деседі.
Қазақ қоғамындағы әмеңгерлік, атастыру сияқты келеңсіздіктерді өз тағдыры
үшін күресе алатын рухы биік, талғамы күшті әйел тұлғасына сұраныс тудырды,
осыған орай халық ақындары асқақ та сұлу Сара бейнесін жасады деушілер де
табылар. Дегенмен, Сараның өмірде нақты болғандығын дәлелдейтін жайт – оның
өлеңдері. І.Омаров Сараның 1500 жол өлеңімен танысқандығын айтады. Атап
айтсақ, “Тұзақ” деген поэма, “Жүрек” атты аңыз өлең, “Арсалаң алдында”,
“Бекіндім”, “Шымылдық”, “Қарлығаш”, “Қош бол, елім” сияқты ұсақ өлеңдерді
кездестіреміз делінген 51.290.
Осы тектес даудың бірі “Біржан-Сара” айтысының айналасында да жүрді.
“Біржан - Сара” айтысы ел арасына қалай тараған? Енді сол мәселеге аз-кем
тоқтала кетейік. Әрине, ол кезде айтысты қағазға түсіріп алып отырған ешкім
болмағандықтан, айтыс ел арасына ауызша тарағандығы белгілі. Қазақтың
академик - жазушысы С.Мұқанов осы айтысты талдай келіп: “Сараны Біржанның
іздеп баруы анық. Біржанның Нұржан деген ағасының баласы Ахметжанды мен
қартайған шағында көрдім. Ахметжан: “Мен Біржанға атқосшы болып барып ем,
Сараны көрдім, айтысқандары рас”, - дейтін. Халық әдебиетін жинаушы, Біржан
мен Сараның айтысын алғаш рет баспаға берген Жүсіпбек Шайқұлисламов бұл
айтысты Сараның аузынан жазып алдым дейді”, -деп жазады.52.29.
Бұл айтыстың өмірде нақты болғандығы, я болмағандығы турасында атақты
М.Әуезов былай деп жазады: “Біржан мен Сараның айтысы болған жоқ, болса
сақталмай қалып қойған. Бұл айтысты шығарушы Әріп ақын” деген де пікір бар.
Бұл қате пікір. Анығында, “Біржан - Сара” айтысы болған. Бірақ дәл сол
қалпымен түгел сақталған жоқ. Кейін көпшілікке өз редакциясымен айтып
беруші Сара болды. сол Сараның айтқандары көпке шейін ауызда жүреді.
Осындай айтушының және ең алғаш хатқа түсірушінің бірі - Әріп болады. Бірақ
бұл айтысты Біржан мен Саранікі емес, жалғыз ғана Әріптікі деген пікір
теріс”.53.41.“Біржан - Сара” айтысының төңірегіндегі тартысқа атақты
Ғ.Мүсірепов те үн қосады. Ол өзінің “Ақын Сараға соқтықпасақ қайтер!” деген
мақаласында: “Қазақтың әдебиет зерттеушілері мен ақын-жазушылары еш уақытта
бұл айтыстың болғанына шек келтірген емес. Ғасырлар бойына жасап келген
поэзиямыздың көрнекті бір саласы болып келген ақындар айтысының ең биігіне
көтерілгені – “Біржан-Сара” айтысы деп білеміз. ...Өз басым ақындар
арасында Сараның алатын орны бірінші қатарда деймін. Мәселен, қазақ
әйелдерінің ішінде әншілік туын Майраға, күйшілік туын Динаға, опера
өнерінің тұңғыш туын Күләшқа ұсынатынымыз сияқты, ақындар айтысының асқақ
туын Сара Тастанбекқызының қолында көргім келеді”, - деп бұл пікірталастың
соңғы нүктесін қояды.54.327.
Қазақ поэзиясында Ф.Оңғарсынованың “Сайраған Жетісудың бұлбұлымын”
поэмасынан бұрын да ақын Сараға арналған біршама шығармалар жазылған
болатын. 1974 жылы 8-наурызда “Социалистік Қазақстан” газетінде
М.Айтқожинаның “Ешкі өлместегі ескерткіш” атты поэмасы жарияланады.
Кейіннен М.Айтқожинаның осы поэмасы 1986 жылғы таңдамалы өлеңдер мен
поэмалар жинағына енген. Аталған поэманы тек қана Сараға арналған поэма дей
алмаймыз. Өйткені, ақын Сара ауылына көз жібере отырып, оның бүгінгі күнгі
қол жеткізген жетістіктерімен қатар, соған ұйытқы болған әкім-қаралардың
елеулі еңбектерін жыр етеді. Ақын М.Айтқожина:
Ащы жаспен жудың-ау, ай жүзіңді,
Нәзік үнің айтшы, қайда
Үзілді.
Қарашы, апа,
Бір көтеріп басыңды,
Қандай ғажап біздің өмір
Бүгінгі 55.397, - деп Сара рухымен ойша тілдесе отырып, бар
айтарын ақын апасына сыр ғып ашады. Алайда, “Ешкі өлместегі ескерткіш”
поэмасындағы Сара бейнесі ашылмаған, алдыңғы орынға Сара образы емес,
ақынның өз толғаныстары шығады. Осы орайда М.Айтқожина поэзиясы туралы
пікір білдірген ғалым Т.Кәкішевтің: “М.Айтқожина бірнеше поэма жазғанымен,
лирикадан алыстап кетпейді екен. Оқушыны шытырман сюжетпен емес, мәнді сыр,
салмақты ойларымен тартып отырады. Оны көбінесе өлеңнің көлемінде
шақтайтында сияқты” 56.9.- деген пікіріне жүгінеміз.
Ақын Сараға арналған С.Иманасовтың “Біржан-Сара” айтысының негізінде
жазылған “Айтыс” поэмасы Сараның тарихи бейнесін жасауға арналады.
С.Иманасовтың “Айтыс” поэмасындағы басты оқиға Біржан мен Сараның айтысы
төңірегіне құрылғанымен, екі ақынның айтыс үстіндегі іс-әрекет, мінез,
көңіл - күй ерекшеліктері поэмада терең ашылмайды. Поэма “Біржанның
бірінші монологы”, “Сараның бірінші монологы” сынды тарауларға бөлініп,
негізгі ой Сара мен Біржанның өз монологтары арқылы беріледі.
С.Иманасовтың “Айтыс” поэмасындағы Сара Ф.Оңғарсынова поэмасындағыдай өр
рухты, кесек мінезді Сара емес, сол кездегі көп қыздардай тағдырына қарсы
тұрар шамасы жоқ, пешенесіне жазылғанға көндіккен Сара. Оны ақын С.Иманасов
поэмасының соңына таман былай деп анық аңғартады:
Сол – ақ па бұйырғаны бақ талайға?
Бұлқынып,
Бұғау үзер таппады айла.
Ақын боп ақырғы рет бір көрініп,
Қатын боп қала берді Қаптағайда 57.131.
Сараға деген тарихи елеулі ескерткіштің тағы бірі – “Біржан - Сара”
операсы болып саналады. Академик жазушы Қ.Жұмалиевтің либреттосы бойынша
атақты композитор М.Төлебаев жазған бұл опера қазақтың музыка өнерінің
төрінен орын алады.
Ал біз сөз етіп отырған Ф.Оңғарсынова поэмасындағы Сара бейнесі мүлде
бөлек көркемдік арнада ашылады. Ф.Оңғарсынованың поэзиясындағы қазақ
әйелдерінің суреттелуінің өзіндік ерекшелігі бар. Оның “әйелдері” әр
дәуірдің, әр кезеңнің өкілдері болып келгенімен, олар іштей өзара бір-
бірімен біртұтастық табады. Ол тұтастық - олардың мінездерінен байқалады.
Сараны өзінің өнердегі ұстазына айналдырған ақын “Бұралаң жол,
бұрқасын өткелімен, Сендік тағдыр менің де тағдырымдай”, - дей келе өткелі
көп өлең өлкесінде өз өмірі мен кейіпкерінің өміріндегі ұқсастықты
аңғартады. Шынында да, поэмадағы Сара ойларынан, Сара сөздерінен лирикалық
қаһарманның тұлғасын көру қиын емес. Яғни, ақындық “мен” Сара бейнесі
арқылы көрініс табады. Осы орайда неміс философы Ф.Ницшенің: “Лириктің
образдары ақынның өзінен басқа ешкім де емес, бұл тек оның әрқилы формада
объективтенген тұрпаты” - деген пікірі ойға оралады. Сара қыздың тағдыры
ақын үшін поэма арқауы ғана емес, лирикалық кейіпкер өмір сүрген қоғамды,
ондағы адамдарды танытудың өзіндік тәсілі де.
Айтыссам ақ бұлақтай ақтарылам,
Кешпеймін біреулердей жыр жылымын, - деп айбынды үн қатқан лирикалық
қаһарман жырға, сөз өнеріне қатаң талап қояды.
Жыршы емес, елдің жүгін тарта алмаса,
Таңдайға алмас сөзді арқандаса.
Іштегі буырқанған жай тасқынын
Жасқанып, ақтара аламай жалтаңдаса – дейді. “Айтпаса, сөздің атасы
өледі”. Ақын болып тұрып халықтың жүрегіндегі сөзді жеткізе алмаса, жырыңа
елдің мұңын ортақтастыра алмасаң, сенің ақынмын дегенің де құр бекершілік.
Ақын “таңдайға алмас сөзді арқандатумен” осы айтпақ ойын көркемдеп, аз
сөзге көп мағына дарыта түскен. Поэманың басында ақын Сараның жыр туралы
найзағай жарқылындай өткір пікірлері айтылса, екінші, үшінші бөлімдерде
Сара қыздың туған жер туралы толғаныстары сөз болады. “Жер жәннаты
Жетісідың” сұлулығы Сара шабытына шоқ тастайды. “Жаңғыртып жоталарын,
Шырқаймын құз басынан. Жаныма от аламын, Найзағай сырғасынан”, - деп туған
жерін жырға қосқан ақын қыздың қиялы алыстарды шарлайды.
Ф.Оңғарсынова поэзиясының ерекшеліктерін танытуға арналған “Менде бір
тебіреніс бар” атты мақаласында Б.Асылжанов былай дейді: “Ақын жырында
әйелдер бейнесінің көңіл- күйі әлем тапырақ сезім болып айтылады, тек жай
ғана айтылу емес – қазіргі замана талабының биік өресіне лайықтап айту –
Фариза туындыларының бір қыры”58.12.Шынында да, ақынның лирикалық
кейіпкер - әйелдерін үнемі бір кейіпте көру мүмкін емес. Және олар өз
басының тыныштығын ғана ойлап, бір сарынды өмірді ұнататын, бейғам жандар
емес. Қажет кезінде қолына қару да алатын, дауды шешер билік те айтатын
өресі кең, өр мінез иелері. Осындай қасиеттердің кейбірін автор ақын
Сараның бойына да дарыта көрсетеді. Сараның сол ауылдың белді бір байының
жылқысын ұрлаған кедей жігітке байдың өзінен кешірім беруді сұрап,
тұтқыннан босатуын өтінгені поэманың төртінші бөлімінде сөз болады.
Байеке, жаралғансыз нық тұғырдан,
Ел билер ерлер ғана жұрттты ұғынған.
Ұрлаған бір жылқыны мен төлейін
Жігітті босатыңыз тұтқынынан 47.10.
Поэмада автор кейіпкер сөзіне аса мән берген. Автордың ақын Сараның
аузына салған осынау намысты, қайратты сөздері кез-келгенге жараса
бермейтін, санаулы жандардың ғана еншісіне тән батыл ойдың жемісі.
Кейіпкердің характерін ашу мақсатында топ алдындағы көпшілікке бағытталған
сөздерін молынан пайдалану арқылы Сара образын айқындауға тырысады. Өз
басының бостандығын қорғай алмаған Сара азаматтың ары тапталғанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фариза Оңғарсынова туындыларының орыс тіліне аударылу мәселелері
Фариза Оңғарсынованың поэзиясы мен поэтикасы
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗДЫҚ САРЫНЫ
Қазақ поэзиясындағы батыр ақын бейнесі
Ф.ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ЛИРИКАЛЫҚ МОНОЛОГ
Орта мектепте Фариза Оңғарсынова лирикасын оқыту
Фариза Оңғарсынованың лирикасы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қазіргі қазақ өлеңінің құрылысы: дәстүр және даму үрдістері
Пәндер