Қазақстан Республикасының ұлттық қоры жайлы



КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ
1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының мәні мен қызметтері
1.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы
1.3 Ұлттық қордың кіріс көздері мен пайдалану бағыттары
1.4 ҚР Ұлттық қорының активтерін басқару
1.5 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, үкiметтiк қарыз алудың және квазимемлекеттiк сектордың өзара қарым.қатынасы
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗІМІН ТАЛДАУ
2.1Ұлттық қордың қалыптастырылуы және қызмет ету ерекшеліктерін бағалау
2.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының кірістері мен шығыстарын талдау
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ
3.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару моделін дамыту
Тақырыптың өзектілігі. Қа¬зір¬гі уақытта ел экономи¬касының қарқынды дамуы нәти¬же¬сінде көптеген қаржы инсти¬тут¬тары қанатын қатайтып, жаңа құ¬рылымдар ірге қалауда. Соның ішін¬де соңғы жылдар бедеріндегі басты жа¬ңалықтардың бірі жеткіншек буынға табиғи ресурстардан түсетін табысты тепе-тең бөлуді қамтамасыз етуге ба¬ғытталған Ұлттық қордың құрылуы дер едім Мемлекеттiң қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бiрге дүниежүзiлiк бағалардың конъюнктурасына республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң тәуелдiлiгiн төмендету мақсатында құрылған Ұлттық қорды жан-жақты зерттеу қазіргі таңда ерекше орынға ие болып отыр. Соңғы жылдар бедеріндегі басты жа¬ңалықтардың бірі болашақ ұрпақ үшiн қорланымды және елдiң экономикасын келеңсiз сыртқы факторлардан қорғау үшiн қаржы резервтерiн шоғырландыруға ба¬ғытталған Ұлттық қордың құрылуы, қызмет ету аясы және қор қаражатарын тиімді пайдалану мақсаты өзекті болып табылады.
ҰҚ Мемлекет басшысының 2000 жылғы 23 тамыздағы “Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы” Жарлығына сәйкес құрылды. Ұлттық қор материалдық емес ак¬тивтерді қоспағанда, Ұлттық Банк¬тегі және Үкіметтің есеп-шо¬тын¬да шоғырландырылған қаржы ак¬тивтері түрінде, сондай-ақ өзге де мүлік түрінде мемлекет активтерінен құрылған.
ҰҚ қалыптасуы сол сияқты бiржолғы сипаттағы (республикалық меншiктегi және тау-кен өндiру мен ұқсату салаларындағы мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сату) не түсiмдер көлемi бойынша тұрақты емес (мұнай секторының түсiмдерi) кiрiстер көзi есебiнен жүзеге асырылуы тиiс, оның мөлшерi едәуiр шекте ауытқуы мүмкiн, ол осымен Қазақстанның бюджет саясатына елеулi ықпал жасайды.
ҰҚ жинақтарын қалыптастыру моделi республикалық бюджет пен Ұлттық қор арасында мұнай түсiмдерiн бөлудiң оңтайлы теңгерiлiмiн қамтамасыз етуi тиiс. Сондай-ақ қолайсыз әлемдiк баға конъюнктурасы кезiнде мемлекеттiң әлеуметтiк мiндеттемелерiн қамтамасыз ету үшiн мұнай секторы түсiмдерiнiң көлемiне қарамастан тұрақты деңгейде ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға арналған шығыстарды ұстап тұрудың маңызы зор. Бұл ретте макроэкономикалық деңгейде iшкi баға өсуiн тоқтатуға және теңге бағамын ұстап тұруға арналған Ұлттық қордың тұрақтандырушы функциясы неғұрлым тиiмдi жүзеге асырылуы тиiс. Ұлттық Банк пен Үкімет арасында жасалған Ұлттық қорды сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Ұлттық қорды дербес ин¬вес¬тициялауды жүзеге асырады. Со¬ған сәйкес Ұлттық Банк Ұлттық қор¬дың активтерін басқаруға сырт¬қы басқарушылармен шарттар жа¬сасады. Ұлттық қорды басқаруға бай¬ланысты қызметтің транспаренттігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын Ұлттық қордың сыртқы аудиті жүргізіледі.
ҰҚ пайдалану ҚР БК көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады. ҰҚҚ пайдалануға қатысты осыған ұқсас басқа қорлардың қара¬жатын пайдаланудың түрлі бағыт¬тары бар.
1. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық / – Алматы: 2005.-322 бет
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 23 тамыздағы № 402 Жарлығы
3. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, -2011- 360 б.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi № 962 Жарлығы
5. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорын басқару бойынша Кеңес құрамы» ҚР Президентінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығы
6. Указ Президента Республики от 1 сентября 2005 года №1641 «О Концепции формирования и использования средств Национального фонда Республики Казахстан на среднесрочную перспективу»
7. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, -2010- 322 б.
8. Қаржы министрлігінің ресми сайты: www.minfin.kz
9. Сихимбаева Д.Р. Национальный фонд Республики Казахстан: инвестиции в устойчивое развитие. – Алматы. – 2011 г. – 7 б.
10. Постановление Правления Национального Банка от 28 ноября 2010 года №91 О внесении изменеие в постановление Правления Национального Банка от 30 ноября 2009 года №130 «Об утверждении Правил конвертации и реконвертации активов Национального фонда Республики Казахстан».
11. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры - болашақ кепілі. Айқын республикалық қоғамдық-саяси газет, 28 мамыр 2011 ж.
12. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi № 962 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы ҚР Президентiнiң 2012 жылғы 16 наурыздағы № 289 Жарлығына
13. Интыкбаева С.Ж. Фискальная политика и ее роль в обеспечении устойчивого развития экономики Казахстана. – Алматы – 2002 год.
14. Проблемы и перспектива развития Национального Фонда Республики Казахстан. Материалы исследования/Под редакцией С.М. Злотникова – Алматы: ОФ «Транспаренси Казахстан», 2004. -86 с.
15. Финансы. Учебник для вузов. Под. ред. М.В. Романовского – М.:Юрист 2001г.
16. Құлпыбаев С. және басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы. – Алматы: Мерей, 2001 жыл.
17. ҚР ҰҚ қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2010 жылғы есеп
18. ҚР ҰҚ қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2008 жылғы есеп
19. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану бойынша 2009 ж. арналған есебі
20. Указ Президента Республики Казахстан «О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 1 сентября 2005 года №164» от 29 мая 2007 года №336
21. www.stat.kz
22. Қазақстан Республикасының бюджет кодексі. Егемен Қазақстан, 2011ж. 6 мамыр.
23. Постановление Правления Национального банка от 25 июля 2006 года №66 «Об утверждении правил выбора внешних управляющих активами Национального фонда Республики Казахстан».
24. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. Алматы – Қазақстан 2000ж.
25. Н.Назарбаев. Қазақстан жолы. – Қарағанды. – 2006 ж. – 253 б.
26. ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорының кейбір мәселелері туралы”2001 жылдың 29 қаңтарындағы №543 Жарлығы
27. Баян Шапагатова Национальный фонд Республики Казахстан: инвестиции в устойчивое развитие.- Алматы. - 2011 г. -5 б.
28. Общенациональная ежедневная газета Казахстанская правда: www.kazpravda.kz
29. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
30. «ҚР ҰҚ берілетін 2008 жылга арналған нысаналы трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 23 қазандағы N 682 Жарлығы
31. Фонд Сорос – Казахстан: www.soros.kz
32. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы
33. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау министрлігінің 2009-2011 жылдардағы есебі
34. 2010 жылдың 30 қарашасында қабылданған Қазақстан Республикасының «2011-2013 жж Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы» Заңы
35. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2011 жылғы есебі
36. «Нефтяное благополучие на Аляске: эту серебряную жилу можно затмить»// Вашингтон Пост, 2 сентября 1979.
37. Стейнер Р. Налогооблажение нефтедобычи и использование нефтяной ренты (поучмиельный опыт американского штата Аляска) // Российский экономический журнал. – 2004 г. - №1. – 36 c.
38. Светлана Цалик. Каспийские нефтяные доходы: кто окажется в выигрыше? – Алматы.- 2011 г. -24 с.
39. Махмутова М., Уаррак А., «Политика управления ресурсами и Фонд наследия Альберты: уроки для Казахстана».-2011 год
40. Дениэл Джонстон. Международный нефтяной бизнес: налоговые
системы и соглашения о разделе продукции. Пер.с англ. – М.: ЗАО «Олимп - Бизнес», 2000 г. – 352 с.
41. www.abc-aksu.narod.ru
42. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаев к народу Казахстана: «Через кризис к обновлению и развитию» 6 марта 2009 год.
43. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы – Алматы : ЮРИСТ, 2002. – 230бет.
44. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.
45. Махмутова М. Доклад «Управление нефтяными доходами: Концепция Национального фонда», Алматы 2011
46. Концепция перехода Республики Казахстан к устойчивому развитию на 2007-2024 гг.Астана, 2006
47. Отчеты о движении средств Национального фонда за 2006-2010 гг.- www.minfin.kz
48. Закон Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2010-2012 годы», статья 8.
49. Стратегический план развития РК до 2020 года – Указ Президента РК от 1 февраля 2010 года. № 922.
50. Regional Financial Centre of Almaty city: www.rfca.kz
51. www.minfin.kz
52. www.budget.kz
53. Интернет газета: www.zona.kz
54. Интернет газета: Central Asia Monitor: Национальный фонд: куда и на что?
55. Деловое издание Казахстана AIM. – www.aim.kz
56. Информационный портал о личных инвестициях и финансах: Investfunds: К концу 2013 года Национальный фонд Казахстана вырастет до 65 млрд. долларов США.
57. Интернет сайт: Агенство «Хабар»: www.khabar.kz
58. 2012 жылдың 27 қаңтарындағы Президенттің халыққа жолдауында
59. Министерство экономического развития и торговли Республики Казахстан: о прогнозе социально-экономичекого развития Республики Казахстан на 2012-2016 годы:
http://www.slideshare.net/KarimMassimov/20122016-20122014
60. Прогноз социально экономического развития Республики Казахстан на 2013-2017 годы: www.budget.kz
61. www.caspionet

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта ел экономикасының қарқынды дамуы
нәтижесінде көптеген қаржы институттары қанатын қатайтып, жаңа құрылымдар
ірге қалауда. Соның ішінде соңғы жылдар бедеріндегі басты жаңалықтардың
бірі жеткіншек буынға табиғи ресурстардан түсетін табысты тепе-тең бөлуді
қамтамасыз етуге бағытталған Ұлттық қордың құрылуы дер едім Мемлекеттiң
қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бiрге дүниежүзiлiк бағалардың
конъюнктурасына республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң тәуелдiлiгiн
төмендету мақсатында құрылған Ұлттық қорды жан-жақты зерттеу қазіргі таңда
ерекше орынға ие болып отыр. Соңғы жылдар бедеріндегі басты жаңалықтардың
бірі болашақ ұрпақ үшiн қорланымды және елдiң экономикасын келеңсiз сыртқы
факторлардан қорғау үшiн қаржы резервтерiн шоғырландыруға бағытталған
Ұлттық қордың құрылуы, қызмет ету аясы және қор қаражатарын тиімді
пайдалану мақсаты өзекті болып табылады.
ҰҚ Мемлекет басшысының 2000 жылғы 23 тамыздағы “Қазақстан
Республикасының Ұлттық қоры туралы” Жарлығына сәйкес құрылды. Ұлттық қор
материалдық емес активтерді қоспағанда, Ұлттық Банктегі және Үкіметтің есеп-
шотында шоғырландырылған қаржы активтері түрінде, сондай-ақ өзге де мүлік
түрінде мемлекет активтерінен құрылған.
ҰҚ қалыптасуы сол сияқты бiржолғы сипаттағы (республикалық меншiктегi
және тау-кен өндiру мен ұқсату салаларындағы мемлекеттiк мүлiктi
жекешелендiру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сату) не
түсiмдер көлемi бойынша тұрақты емес (мұнай секторының түсiмдерi) кiрiстер
көзi есебiнен жүзеге асырылуы тиiс, оның мөлшерi едәуiр шекте ауытқуы
мүмкiн, ол осымен Қазақстанның бюджет саясатына елеулi ықпал жасайды.
ҰҚ жинақтарын қалыптастыру моделi республикалық бюджет пен Ұлттық қор
арасында мұнай түсiмдерiн бөлудiң оңтайлы теңгерiлiмiн қамтамасыз етуi
тиiс. Сондай-ақ қолайсыз әлемдiк баға конъюнктурасы кезiнде мемлекеттiң
әлеуметтiк мiндеттемелерiн қамтамасыз ету үшiн мұнай секторы түсiмдерiнiң
көлемiне қарамастан тұрақты деңгейде ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға
арналған шығыстарды ұстап тұрудың маңызы зор. Бұл ретте макроэкономикалық
деңгейде iшкi баға өсуiн тоқтатуға және теңге бағамын ұстап тұруға арналған
Ұлттық қордың тұрақтандырушы функциясы неғұрлым тиiмдi жүзеге асырылуы
тиiс. Ұлттық Банк пен Үкімет арасында жасалған Ұлттық қорды сенімгерлік
басқару туралы шарттың негізінде Ұлттық қорды дербес инвестициялауды жүзеге
асырады. Соған сәйкес Ұлттық Банк Ұлттық қордың активтерін басқаруға сыртқы
басқарушылармен шарттар жасасады. Ұлттық қорды басқаруға байланысты
қызметтің транспаренттігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын Ұлттық
қордың сыртқы аудиті жүргізіледі.
ҰҚ пайдалану ҚР БК көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады. ҰҚҚ
пайдалануға қатысты осыған ұқсас басқа қорлардың қаражатын пайдаланудың
түрлі бағыттары бар.
Магистрлік диссертацияның мақсаты ҰҚ атқарып отырған қызметі негізінде
оның Қазақстан Республикасының экономикасына ықпалын және тиімділігін
көрсету, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлтық қорының мақсатына талдау
жүргізу, қор қаражатын тиімді қалыптастыру жолдары қалай іске асып жатыр
деген сауалға жауап іздеу болып табылады.
Магистрлік диссертацияның міндеттері:
- ҰҚ мәні мен қызметін зерттеу;
-ҰҚҚ қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына, қордың кіріс және
шығыс көздеріне, пайдалану бағыттарына талдау жүргізу;
- ҰҚ ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуының заңнамалық негіздерін
қарастыру;
- ҰҚ үлгі тұтатын Норвегияның мемлекеттік мұнай қорына шолу жасау;
Зерттеу объектісі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорының
қызметі, мемлекетте алатын орны, қор қаражатының қалыптастыру және
пайдалану операциялары, сонымен қатар қордың даму болжамы алынады.
Зерттеу пәні болып соңғы қабылданған тұжырымдам негізінде анықталған
қор саясатын, мақсат-мүдделерін іске асыру кезінде қор мен үкімет арасында
туындайтын қатынастар табылады.
Зерттеудiң теориялық және әдiстемелiк негiзiн ретінде Қазақстан
Республикасының Бюджет, Салық Кодексі және заң актілері мен нормативтері,
Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің және Ұлттық Банкінің
нормативті-құқықтық құжаттары, қордың жылдық есептері қолданылды. Бұл
диссертацияда қордың қаржы есептеріне талдау жасалып, қор қызметінің жүзеге
асуының құқықтық негіздері қарастырылған. Осыған байланысты Магистрлік
диссертацияның мақсаты қордың тиімді қалыптасуы мен пайдалануының, мақсат
мүдделерінің мәнін ашу болып табылады.
Тақырыпты зерттеу деңгейі.
- қордың мәні мен қызметтері зерттелді;
- қор қаражатының қалыптасуы және пайдалану тұжырымдамасы, қор
саясатының іске асуының заңнамалық негіздері қарастырылды;
- әлемдегі ірі қорлар қызметіне шолу жасалды;
- қорды басқару моделдері ұсынылып, қордың ел экономикасымен байланысы
анықталды.
Жұмыстың құрылымы мен құрамы. Магистрлік диссертация кіріспеден,
негізгі үш бөлімнен, қортындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ

1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының мәні мен қызметтері

Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы
активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де
мүлік түріндегі активтер Қазақстаннның ҰҚ болып табылады. ҰҚ қорланымдарын
қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюкторасына
Республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету
мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық
дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес
активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат
секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын
төмендетуге арналған. Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ
үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау
үшін қаржы резервтерін шоғырландырады. Сөйтіп, ҰҚ екі функция орындайды:
Жинақтаушы және тұрақтандырушы функциялары. Жинақтаушы функция қаржы
активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де
мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы функциясымен қатар қор
қаражаттарының қалыптасуымен пайдаланылуының қолданылып жүрген ағымдары
экономиканың жағдайын тұрақтандыруына ықпал етеді. Тұрақтандырушы функция
шикізат ресурстарының әлемдік бағамын конъюнгтурасына республикалық
бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын
іске асыру мемлекеттік бюджетті орта мерзімде жоспарлауға мүмкіндік береді.

ҚР ҰҚ қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және шикі тауар қаржы
нарықтарының конъюктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық
жағдайы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары
ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және
Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады.
Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарымен
жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі
есебі мен есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
ҚР ҰҚ сенімгерлік басқаруды ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалатын
сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының ҰБ
жүзеге асырады.
Қаражаттардың көздері мен қорды қалыптастырудың тәртібі төмендегідей
анықталады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының бес
жылдық индикативтік жоспарының құрамында Қазақстан экспортының едәуір
үлесін құрайтын шикі мұнайға, мысқа және басқа шикізат тауарларына есептік
тұрақты дүниежүзілік бағалар белгіленеді, олардың негізінде Республикалық
және жергілікті бюджеттерді әзірлеп, бекіткен кезде Қазақстан тауар
өндірушілері шикізат тауарларын өткізудің орташа бағаларын және оларға
сәйкес шикізат секторынан мемлекеттік бюджеттің кірістерін есептеп
шығарады.
Қор республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы процесінде оған
шикізат секторы ұйымдарынан (заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының
үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық және өзге
міндетті төлемдердің республикалық және жергілікті бюджеттердегі
түсімдердің мына түрлері бойынша қалыптасады:
- корпорациялық табыс салығынан;
- қосылған құнға салынатын салықтан;
- үстеме пайдаға салынатын салықтан;
- бонустардан.
Роялтилердің бекітілген соммаларынан асып түсуін есепке жатқызу жолымен
Ұлттық қор мына түсімдердің есебімен қалыптасады:
1) шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін нақты
түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда
бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсу ретінде айқындалатын
республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
2) республикалық меншіктегі және кен өндіру мен өңдеу салаларына
жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен
айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;
3) шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін
республикалық бюджетке жоспарланған түсімдер сомасының он пайызы мөлшерінде
есептелген республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;
4) ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер
есебінен айқындалатын жергілікті бюджеттің ресми трансферттері;
5) қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынбаған өзге де
түсімдер мен кірістер.
Қаражаттарды ұлттық қорға есептеудің тәртібін Үкімет анықтайды.
Негізгі қызметі табиғи ресурстардың өндіру мен өңдеу болып табылатын
заңды тұлғалар шикізат секторының ұйымдары болып табылады. Шикізат секторы
ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдер – шикізат секторы
ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлері бойынша түсетін түсімдердің
жиынтығы:
Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер болжамы шикізат секторының
тауарларына республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді
жоспарында айқындалған дүниежүзілік тұрақты есеп айырысу бағалары ескеріле
отырып жасалады.
Жоғарыдағы бірінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттерді,
республикалық бюджеттің атқарылуы барысында оны Қазақстан Республикасының
Парламентінде нақтыламай-ақ бюджетті атқару жөніндегі
орталық уәкілетті орган айқындап, республикалық бюджеттен Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорына аударады.
Үшінші тармақшада көрсетілген ресми трансфеттер, сондай-ақ
республикалық меншіктегі және кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын
мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспарлы түсімдер есебінен
айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер тиісті
қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Ауылшаруашылық мақсатындағы жер участкелерін сатудан түскен түсімдер
есебінен айқындалатын, төртінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттер
маслихаттың тиісті қаржы жылына арналаған ЖБ туралы шешіммен бекітіледі, ал
жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын трансферттерді жергілікті
бюджеттен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті
бюджетті атқару барысында оны маслихатта нақтыламай-ақ Ұлттық қорға
аударады.
ҚР ҰҚ басқарудан түсетін инвестициялық кірістер Ұлттық қорды қаржы
активтеріне және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге
орналасуынан құрылады.
Қордың қаражаттары мына бағыттар бойынша жұмсалады:
1) тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойынша шикізат секторы
ұйымдарынан түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдері
арасындағы айырма ретінде анықталатын республикалық бюджет
шығынын өтеу үшін. Өтем мөлшері РБ түсімдері бойынша толық
атқарылмаған жалпы сомасынан аспауға тиіс. Түсімдердің нақты
көлемі олардың бекітілген көлемінен асып түскен жағдайда өтем
жүзеге асырылмайды;
2) Ұлттық қорда республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының
Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін арнаулы
трансфеттер түрінде;
3) Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты
шығыстарды жабуға.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау;
2) Ұлттық қордың жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұру;
3) Тәуекел деңгейінің қалыптылығы жағдайында ұзақ мерзімді перспективада
Ұлттық қор табыстылығының жоғары деңгейін ұстап тұру;
4) инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында рұқсат етілген
қаржы активтеріне және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де
мүліктерге орналастырылады.
Рұқсат етілген қаржы активтерін және материалдық емес активтерді
қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша ҰБ бірлесіп Үкімет
айқындайды.
Ұлттық қоры жеке және заңды тұлғаларға несие беруге және
міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебінен РБ шығынын өтеу оның
атқарылуы барысында Қазақстан республикасының Ұлттық қорын басқару
жөніндегі кеңестің келісімімен қаржы жылының қорытындылары бойынша
Қазақстан Республикасының Парламентінде республикалық бюджетті нақтыламай-
ақ жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының есебінен республикалық
бюджетке берілетін нысаналы трансферттердің көлемі тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Активтерді Ұлттық қорға есептеу және Ұлттық қорды пайдалану тәртібін
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды [1].
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2000 жылғы 23 тамыздағы № 402 Жарлығымен бюджет кiрiстерiнiң
қомақты бөлiгi табиғи ресурстарды экспорттаудан түсетiн түсiмдер есебiнен
қалыптастырылатын басқа елдерге ұқсас Ұлттық қор құрылды. 2001 жылдың
ішінде Ұлттық қор жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі қажетті іс-шаралар толық
тиянақталды. Атап айтсақ, ел Президентінің 2001 жылғы 29 қаңтардағы
Жарлығымен “Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және
пайдалану ережесі”, сондай-ақ Үкімет қабылдаған бірнеше қаулыларға сәйкес,
жоспардан тыс салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті түсімдері
Ұлттық қорға есептелген шикізат секторы ұйымдарының тізбесі, Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт, Қазақстан
Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру
ережесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін
жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесі бекітілді [2].
ҚР Президенті:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі
Кеңестік құрамын құрады;
2) Қор мәселелері жөнінде Кеңесте, Үкіметке және Ұлттық банкке
орындау үшін міндетті нұсқаулар береді;
3) Қорды басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады;
4) Ұсыныстар беру үшін Кеңеске қорды басқарумен байланысты оған
бекітуге берілген құжаттарды бағыттайды;
5) Ұлттық қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге
асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қорды басқару кезінде мына
өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) есептемені жасау ережелерін, ақшаны қорға есепке алу және оны
пайдалану тәртібін әзірлеп, бекітеді;
2) ұлттық банкпен бірлесіп ақпараттық материалдардың және қорды
басқарумен байланысты қызмет бойынша қаржылық есептеменің
графигін жасап, бекітеді;
3) Президентке қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы
есепті және парламентке қорды қалыптастыру және пайдалану
жөнінде ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді;
4) Қордың жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізуді қамтамасыз етеді;
5) Қорды қалыптастыру мен пайдаланудың бухгалтерлік есебін
қамтамасыз етеді;
6) Қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қорды сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалынған
сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады:
1) Қорды оның бір бөлігін сыртқы басқаруға беруді қоса дербес
инвестициялау;
2) Инвестициялық операцияларды жүзеге асырудың ережелерін әзірлеп,
бекіту;
3) Үкіметке қорды сенімгерлік басқарудың нәтижелері туралы есепті
ұсыну;
4) Сенімгерлік басқару туралы ережелер мен шартта қарастырылған
өзге өкілеттіктер.
Қорды тиімді сенімгерлік басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық
банктің шешімімен арнаулы лауазымды тұлғаны (Ұлттық банк төрағасының
орынбасарынан төмен емес деңгейде) - өкілетті өкілді анықтайды, оның
өкілеттігінен Ұлттық банктің атынан қорды сенімгерлік басқару жөнінде
шешімдерді оперативті қабылдау кіреді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ҰБ қорды басқару мәселелері
бойынша болжамды іс-әрекеттер мен қол жеткен нәтижелер туралы бір-біріне
ақпарат беріп отыруға міндетті .
ҚР ҰҚ басқару жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасының Президенті
жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны
қаржылық активтерге және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де
мүліктерге орналастыру жөнінде ұсыныстарды талдап, жасайтын консультациялық
– кеңесші орган болып табылады.
Кеңестің негізгі міндеті қорды пайдалану мәселелері бойынша Президентке
жәрдемдесу және ұсыныстар жасау болып табылады. Кеңестің мәжілістері
Президенттің немесе оның тапсыруы бойынша кеңес мүшелері бірінің төрағалық
етуімен жүргізіледі және хаттамамен рәсімделеді. Кеңес шешімі Кеңес
мүшелерінің жалпы санының жай көп дауысымен қабылданады және заңнамамен
бекітілген тәртіппен Қазақстан республикасы Президентінің актілерімен іске
асырылады. Кеңестің құрамына мыналар кіреді: Қазақстан Республикасының
Президенті, Премьер-министрі, Сенаттың төрағасы, Парламент мәжілісінің
төрағасы, Президент Әкімшілігінің басшысы, Ұлттық банктің төрағасы, Премьер-
министрдің орынбасары, Қаржы министрі, Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы.
Кеңестік жұмыс органы Қазақстан республикасы Президентінің Әкімшілігі
болып табылады.
ҚР ҰҚБЖК функциялары:
1) ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру
жөніндегі ұсыныстарды талдап жасау;
2) қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды
қарау және талдап жасау;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат
етілген ҚА және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де
мүліктердің тізбесі жөнінде ұсыныстар талдап жасау болып
табылады.
ҚР ҰҚБЖК құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы
Президент бекітеді.
Жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1-сәуіріне дейін Ұлттық банкпен
бірлесіп қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті
Қазақстан Рсепубликасының Үкіметі жасайды және оны Ұлттық банкпен бірлесе
отырып жыл сайын ағымдағы жылдың бірінші сәуірінен кешіктірмей Президентке
бекітуге табыс етеді.
Ұлттық қордың қалыптастыруылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті
Президент бекіткеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан
Республикасының парламентіне ұсынады.
Қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепнамаларды
кіріктіруі тиіс:
1) Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық қорды сенімгерлікпен
басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;
3) Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзгеде мәліметтер.
Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметін транспаренттілігін
қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторды немесе
аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде және Үкімет белгілеген
тәртіппен жүзеге асырылады.
Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп және аудит
жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына
жарияланады [3].
Президенттің 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жаңа онжылдық – жаңа
экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері Жолдауын жүзеге асыру
шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі №962
Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорының құрылуы мен
пайдаланылуы Тұжырымдамасының жаңа мазмұны бекітілді.
Қолданыстағы Тұжырымдама Ұлттық Қордың жинақталу бағытын күшейту және
республикалық бюджетке кепілдендірілген трансфертті бекітуді
көздейді.Тұжырымдама Қордың бұдан әрі белсенді жинақталуын, республикалық
бюджеттің тұрақтылығын, экономиканың әртараптануын, мұнай табыстарының
ұрпақтар арасында бөлінуін қарастырады.
Тұжырымдамаға сәйкес, Қордың құралу көздері болып тұтас мұнай
секторынан түсетін тікелей салық түсімдері – корпоративті табыс салығы,
үстеме пайдаға салық, роялти, бонустар, өнімді бөлу туралы Келісімдер
бойынша үлестер, экспортталатын мұнайға ренталық салық болып табылады.
Мұнай секторына мұнай және газ конденсатын өндіруші және экспорттаушы
барлық заңды тұлғалар жатқызылады.
Республика меншігіндегі мемелекеттік мүлікті жекешелендіруден және
ауылшаруашылығына арналған жер учаскілерін сатудан түсетін табыстар да Қор
құралуының көздері болып табылады.
Ұлттық Қордан республикалық бюджетке берілетін жыл сайынғы кепілденген
трансферттің көлемі бюджет шығындарының қалыптасқан құрылымына қарай
анықталады. Сонымен қатар, КТ болашақ ұрпақ пайдалана алатын жобаларды
инвестициялауды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың және
бюджеттік даму бағдарламаларының шығындарын қаржыландыруға бағытталады.
Қор активтерін басқару саясаты инвестициялау құралдарын кеңейтуді және
елдер мен валюталар байынша тәуекелдерді барынша әртараптандыруды жүзеге
асыруды көздейді.
Сонымен қатар, сыртқы басқарушылар арасында активтердің бөлінуі
оңтайландырылады және оларға әртүрлі стильдегі басқару мандаттары
енгізіледі [4].
ҚР Президентінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорын басқару бойынша Кеңес құрамы
(лауазымы бойынша):
- Қазақстан Республикасы Президенті – Кеңес төрағасы
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
- ҚР Парламент Сенатының Төрағасы (келісу бойынша)
- ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы (келісу бойынша)
- ҚР Президент Әкімшілігінің Басшысы
- ҚР Ұлттық Банк Төрағасы
- Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау бойынша комитет Төрағасы.
- ҚР қаржы Министрі
- ҚР экономикалық даму және сауда Министрі.
Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі болып
табылады [5].

1.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және
пайдалану тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы қаңтардағы Жаңа
онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi атты
Қазақстан халқына Жолдауында дағдарыстан кейiнгi дамуға дайындалуға,
индустрияландыру арқылы әртараптандыруды жеделдету және адами капиталдың
бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру есебiнен экономиканың орнықты өсуiн
қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi
Стратегиялық даму жоспарын және Қазақстан Республикасының үдемелi
индустриялық-инновациялық дамуының 2010 - 2014 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде мемлекеттiң одан әрi даму
басымдықтары айқындалған болатын.
2005 жылы Ұлттық қордың қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың
орта мерзiмдi перспективаға арналған алғашқы тұжырымдамасы қабылданып, онда
оның активтерiн басқарудың негiзгi қағидалары мен тәсiлдерi айқындалды.
2006 жылдың ортасынан берi қолданылған Ұлттық қор қаражатын ел
экономикасына бағыттау схемасында республикалық бюджетке кепiлдендiрiлген
және нысаналы трансферттер, сондай-ақ қаражатты отандық бағалы қағаздарға
ұзақ мерзiмдi инвестициялау көзделген. Бұл ретте кепiлдендiрiлген
трансферттi айқындау кезiндегi шектеу республикалық бюджетте әзiрленетiн
жылдың алдындағы жылдың соңындағы Ұлттық қор активтерiнiң үштен бiр
бөлiгiнен аспауы болып табылды.
Ұлттық қордың негiзгi мақсаты болашақ ұрпаққа арналған жинақтарды
қалыптастыру және республикалық бюджеттiң әлемдiк шикiзат нарықтарындағы
жағдайға тәуелдiлiгiн төмендету арқылы қаржы ресурстарын жинау болып
табылады [6].
Ұлттық қор қаражатын бөлудiң ашықтығына қол жеткiзу үшiн олар ел
экономикасына республикалық бюджет арқылы ғана жiберiлетiн болады.
Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану мынадай қағидаларға
негiзделетiн болады:
- транспаренттiлiк - Ұлттық қордың бекiтiлген (нақтыланған,
түзетiлген) көрсеткiштерiн, Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру туралы
және пайдалану туралы есептердi, Ұлттық қордың қаражатын инвестициялық
басқару туралы есептердi мiндеттi түрде жариялау;
- толықтық - Ұлттық қор туралы есептiлiкте Қазақстан
Республикасының заңнамасында көздел ген барлық түсiмдер мен шығыстарды
көрсету;
- уақтылық - Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке
алу және оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiндегi Үкiметтiң
шоттарына тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiптi сақтай
отырып мерзiмiнде аудару;
- тиiмдiлiк - Ұлттық қорды тәуекел деңгейi орташа болған жағдайда
ұзақ мерзiмдi перспективада активтердi сақтау мен кiрiстiлiктi қамтамасыз
ету қажеттiлiгiне сүйене отырып басқару [7].
Ұлттық қордың қаражатын жинақтау мынадай түсiмдердiң есебiнен жүзеге
асырылатын болады:
1) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн тiкелей салықтар (жергiлiктi
бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда), оларға корпоративтiк
табыс салығы, пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық, бонустар,
экспортқа салынатын рента салығы, үстеме пайдаға салынатын салық, өнiмдi
бөлу бойынша үлес және қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша
жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың қосымша төлемi жатады;
2) мұнай секторының ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетiн
басқа түсiмдер (жергiлiктi бюджеттерге есепке алынатын түсiмдердi
қоспағанда), оның iшiнде мұнай келiсiмшарттарының талаптарын бұзғаны үшiн
түсiмдер (жергiлiктi бюджеттерге есепке алынатын түсiмдердi қоспағанда);
3) республикалық меншiктегi және кен өндiру және өңдеушi салаларға
жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдер;
4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн
түсiмдер;
5) Ұлттық қорды басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстер;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де
түсiмдер мен кiрiстер.
Iшкi нарықтағы ақша ұсынысы шамадан тыс болған жағдайда инфляцияның
өсуiне жол бермеу үшiн, сондай-ақ табиғи ресурстарды экспорттаудан түсетiн
кiрiстердiң Қазақстан экономикасының басқа секторларының дамуына керi
әсерiн жою мақсатында Ұлттық қорда өзге де түсiмдер шоғырландырылуы мүмкiн.
Ұлттық қордың ең жоғарғы мөлшерi шектелмейтiн болады [8].
Қаражатты пайдаланудың келесi онжылдыққа арналған жаңа тәсiлiне сәйкес
2010 жылдан бастап абсолюттi мәнi 8 млрд. АҚШ доллары мөлшерiндегi
кепiлдендiрiлген трансферттi РБ тiркеу оның жаңалығы болып табылады.
Шығыстардың басқа түрлерiн қаржыландыруға, соның iшiнде республикалық
бюджетке нысаналы трансферттер бөлуге, мемлекеттiк, квазимемлекеттiк және
жеке секторлар субъектiлерiнiң қазақстандық бағалы қағаздарды сатып алуға,
заңды және жеке тұлғаларға кредит беруге, мiндеттемелердi орындауды
қамтамасыз ету ретiнде активтердi пайдалануға тыйым салынады.
Ұлттық қордан РБ берiлетiн жыл сайынғы тiркелген КТ мөлшерi бюджет
шығыстарының қалыптасқан құрылымы ескерiле отырып айқындалады. Бұл ретте КТ
жобаларды инвестициялауды көздейтiн ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен
бюджеттiк даму бағдарламаларының шығыстарын қаржыландыруға бағытталады,
олардың нәтижелерiн болашақ ұрпақ пайдаланатын болады.
Ұлттық қордың жинақтау функциясын орындау үшiн тиiстi қаржы жылының
соңына ЖIӨ-нiң болжамды мәнiнiң 20%-ы мөлшерiнде азайтылмайтын қалдық
белгiленедi. Бұл ретте кепiлдендiрiлген трансферттi жүзеге асыру үшiн
Ұлттық қордың қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда азайтылмайтын қалдық
лимитiн сақтау қажеттiлiгiне байланысты кепiлдендiрiлген трансферттiң
мөлшерi тиiстi шамаға азайтылатын болады.
Тұтас алғанда, Ұлттық қордың қаражаты тiркелген кепiлдендiрiлген
трансферттi қамтамасыз етуге және басқару мен аудитке байланысты шығыстарды
қаржыландыруға бағытталуы тиiс. Ай сайын (тоқсан сайын) Ұлттық қордың
шотында республикалық бюджетке берiлетiн айлық (тоқсандық) кепiлдендiрiлген
трансферттi қамтамасыз етуге арналған қаражат қалыптастырылады. Көрсетiлген
шамадан асып кеткен сома рұқсат етiлген қаржы құралдарына инвестициялануы
тиiс.

Төменде ҚР Ұлттық қорына тікелей салықтар түрінде мұнай және газ
кондентсатын өндіру мен оны жүзеге асырумен айналысатын компаниялар тізімі
берілген:

Кесте 1 - ҚР Ұлттық қорына тікелей салықтар түрінде мұнай және газ
кондентсатын өндіру мен оны жүзеге асырумен айналысатын компаниялар

1 АО “Разведка Добыча “КазмунайГаз”
2 ТОО “Тенгизшевройл”
3 ТОО “Казахойл-Актобе”
4 ТОО “Казахтуркмунай”
5 ТОО СП“Матин”
6 ТОО СП“Тенге”
7 ТОО “Эмбаведьойл”
8 АО“ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз”
9 ТОО “Тургай-Петролеум”
10 ТОО СП“Казгермунай”
11 ТОО СП “Куатамлонмунай”
12 АО“НЕФТЯНАЯ КОМПАНИЯ “КОР”
13 АО “СНПС – Ай Дан Мунай”
14 “Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.”, казахстанский филилал
15 ТОО “Жаикмунай”
16 АО“Мангистаумунайгаз”
17 АО“Каражанбасмунай”
18 Филиал компании “Маерск Ойл Казахстан ГмбХ”
19 Филиал компании “СНПС – Интернейшнл (Бузачи) Инк”
20 Филиал компании “Нельсон Петролеум Бузачи Б.В.”
21 ТОО “Казполмунай”
22 ТОО “Толкыннефтегаз”
23 ТОО “Тасбулат Ойл Корпорэйшн”
24 ЗАО “Каракудукмунай”
25 СП ТОО “Совместное предприятие “Арман”
26 ТОО “ХазарМунай”
27 ОАО “СНПС - Актобемунайгаз”
28 ТОО “Каратобе Интернэшнл Ойл Компани”
29 АО “КокжидеМунай”
30 ДОАО “Каспий Нефть ТМЕ”
31 ТОО “Сазанкурак”
32 Атырауский филиал компании “Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.”
33 Актюбинский филиал компании “Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.”
34 АО “Атырауская нефтяная акционерная компания” (АНАКО)
35 ТОО “Атыраумунай”
36 ТОО “Светланд-ойл”
37 АО “Конденсат”
38 ТОО “АРНАОЙЛ” (“КазМунайГазТельф”)
39 ТОО “Прикаспиан Петролеум Компани”
40 ТОО “Адай Петролеум Компани”
41 АО “Каспий Нефть”
42 ТОО “Казнефтехим-Копа”
43 ТОО “Корпорация Модульная Технология” (ДТОО“Жалгизтобемунай”)
44 ТОО “Тараз”
45 ТОО “НБК”
46 ТОО “АралПетролеум Кэпитал”
47 ТОО “Саутсойл”
4 кестенің жалғасы
48 ЖШС “Санако”
49 ТОО “Озтюрк Мунай”
50 ЖШС “Тобеарал ойл”
51 ЖШС “Табынай”
52 ТОО “Лайнс Джамп”
53 ТОО “Амангельды Газ” (конденсат)
54 АО “Торговый дом “КазМунайГаз”

ҚР Ұлттық қорына тікелей салықтар түрінде мұнай және газ кондентсатын
өндіру мен оны жүзеге асырумен айналысатын компаниялар тізімі автормен
есептелген

Тұтас алғанда, ҰҚ активтерiн басқару саясаты консервативтiк болып
қалады. Сонымен қатар, Ұлттық қордың қаражатын басқару кезiнде
инвестициялық операциялардың негiзгi мақсаттары сақтау, өтiмдiлiктiң
жеткiлiктi деңгейiн ұстау, тәуекел деңгейi орташа болған кезде ұзақ
мерзiмдi перспективада кiрiстiлiктi қамтамасыз ету болып табылады [9].
Ұлттық қор активтерiнiң ұйымдық құрылымы оның мақсаттарына сәйкес
айқындалады.Ұзақ мерзiмдi перспективада Ұлттық қор активтерiнiң
кiрiстiлiгiн қамтамасыз ету кiрiстiлiктiң қысқа мерзiмдi ауытқуын көздейдi.
Ұлттық қордың активтерiн сенiмгерлiк басқаруды – ҚҰ ҰБ, қызметiн жалпы
үйлестiрудi ҰҚБЖК жүзеге асырады [10].
ҰҚА орналастыру шетелдiк қаржы нарықтарында айналымдағы және Ұлттық
қорды басқару жөнiндегi кеңестiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының
Үкiметi бекiткен материалдық емес активтердi қоспағанда, Рұқсат етiлген
қаржы құралдарының тiзбесiне қосылған қаржы құралдарында жүзеге асырылуы
тиiс. Бұл ретте шектеулер 2010 жылғы 1 қаңтарға дейiн сатып алынған, ҰҚА
құрылымында ескерiлетiн қазақстандық қаржы құралдарына қолданылмайды.
Осылайша, ұлттық холдингтердiң, ұлттық басқарушы холдингтердiң және
олардың еншiлес компанияларының қарыз алуы мен мiндеттемелерiнiң барабар
деңгейiн айқындау ҰҚ жинақталған активтерi ескерiлетiн сындарлы тәсiлдi
талап етедi. Үкiмет осы мақсатта ұлттық басқарушы холдингтер мен олардың
еншiлес компанияларының борышын мониторингтеу мен бағалаудың тиiстi
көрсеткiштерiн және осы ұйымдар сақтауға мiндеттi қарыз алу жөнiндегi
шектеулердi айқындайды.
ҰҚҚ пайдалану жөнiндегi жаңа тәсiл квазимемлекеттiк сектордың Ұлттық
қордан облигациялық қарыздарды тарту мүмкiндiгiн жояды. Бұдан басқа, Үкiмет
бюджет заңнамасында белгiленген шектеулер шеңберiнде Астана және Алматы
қалаларының муниципалдық қарыз алуы арқылы жергiлiктi атқарушы органдар
борышының өсуiн реттейтiн болады.
ҰҚҚ үкiметтiк қарыз алумен алмастыруды болдырмау мақсатында мынадай
шектеулер енгiзiлетiн болады:
- үкiметтiк борышқа қызмет көрсетуге арналған жыл сайынғы шығыстар
Ұлттық қордың жыл сайынғы тiркелген шартты инвестициялық кiрiсiнiң 4,5%-
ынан аспауы тиiс;
- үкiметтiк борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге арналған шығыстар
онжылдық кезеңде орташа алғанда Ұлттық қордан берiлетiн трансферттi
қамтитын бюджетке түсетiн түсiмдердiң 15%-ынан аспауы тиiс.
Тұжырымдама шеңберiндегi шараларды iске асыру ҚР ҰҚ жұмыс iстеуiнiң
және оның жинақтарын қалыптастырудың оңтайлы моделiн таңдаудың негiздерiн,
инвестициялық стратегияны өзгертудi көздейдi. ҚР өзгерiстер енгiзудi талап
етедi.
Жоғарыда айтылған тәсiлдердi ескере отырып, 2020 жылға Ұлттық қордың
қаражаты 90 млрд. АҚШ долларына дейiн өсуi тиiс, бұл ЖIӨ-нiң кемiнде 30%-ын
құрайды.
Тұжырымдамада көзделген шараларды iске асыру республикалық бюджеттiң
тұрақтылығын одан әрi қолдауға, экономиканы әртараптандыруға және мұнай
кiрiстерiн ұрпақтар арасында қайта бөлуге ықпал етедi [11].
Ең соңғы қабылданған "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын
қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi № 962 Жарлығына өзгерiстер енгiзу
туралы ҚР Президентiнiң 2012 жылғы 16 наурыздағы № 289 Жарлығына сәйкес
біршама түзетулер енгізілді, олар:
- Ұлттық қордың қаражатын пайдаланудың келесi онжылдыққа арналған жаңа
тәсiлiне сәйкес 2010 жылдан бастап абсолюттi мәнi 8 млрд. АҚШ доллары
мөлшерiндегi кепiлдендiрiлген трансферттi республикалық бюджетке тiркеу
жаңалық енгiзу болып табылады.
- Бұл ретте республикалық бюджетке берiлетiн тiркелген кепiлдендiрiлген
трансферттiң мөлшерi экономикадағы жағдайға байланысты 15 %-ға дейiн азайту
немесе ұлғайту жағына түзетiлуi мүмкiн.
- Экономикалық өсу қарқынының орта мерзiмдi кезеңге арналып
жоспарланған деңгейге қатысты төмендеуi кезiнде республикалық бюджетке
берiлетiн кепiлдендiрiлген трансферттiң мөлшерiн экономикалық өсудi қолдау
мақсатында 9,2 млрд. АҚШ долларына дейiн ұлғайтуға болады. Экономикалық өсу
орта мерзiмдi кезеңге арналып жоспарланған деңгейге қатысты жоғары болған
кезде республикалық бюджетке берiлетiн кепiлдендiрiлген трансферттiң
мөлшерiн Ұлттық қордың жинақтау функциясын қамтамасыз ету үшiн 6,8 млрд.
АҚШ долларына дейiн азайтуға болады.
- Республикалық бюджетке берiлетiн кепiлдендiрiлген трансферттiң
тiркелген мөлшерiнен (8 млрд. АҚШ доллары) ауытқу сомасы туралы шешiмдi
Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңес қабылдайды.
- Республикалық бюджеттiң кiрiс бөлiгi қаржы жылының басында
болжамдалған параметрлермен салыстырғанда асыра орындалған жағдайда, Ұлттық
қорды басқару жөнiндегi кеңес ағымдағы қаржы жылына бөлiнген республикалық
бюджетке берiлетiн кепiлдендiрiлген трансферттiң сомаларын азайту жағына
түзету бойынша шешiм қабылдай алады.
- Республикалық бюджетке нысаналы трансферттер бөлуге, мемлекеттiк,
квазимемлекеттiк және жеке секторлар субъектiлерiнiң қазақстандық бағалы
қағаздарды сатып алуға, заңды және жеке тұлғаларға кредит беруге,
мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз ету ретiнде активтердi пайдалануға
тыйым салынады [12].

1.3 Ұлттық қордың кіріс көздері мен пайдалану бағыттары

ҰҚ толтыру көздері екі жолдан тұрады. Бұл Қор құрылғанға дейінгі
шетел банктердің жеке тұлғалары және үкіметтің құпия шоттарында сақталған
тау-кен мен мұнай-газ кәсіпорындар өндірісі кешенінің акция пакеттерін
сатудан, қатысу үлесінен алынған ақша құралдары [13].
2001 жылдың ҰҚ жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі қажетті іс-шаралар
толық тиянақталды. Ел Президентінің 2001 жылғы 29 қаңтардағы Жарлығымен
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану
ережесі, сондай-ақ үкімет қабылдаған бірнеше қаулыларға сәйкес жоспардан
тыс салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті түсімдерді ҰҚ
есептелген шикізат секторы ұйымдарының тізбесі, ҚР ҰҚ сенімгерлік басқару
туралы шарт, ҚР ҰҚ инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесі, ҚР ҰҚ
жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесі
бекітілді.
Президент бекіткен ереже бойынша, Қор негізгі үш жағдайда жұмсалады деп
көрсеткен:
1) Өндірістің шикізат секторынан бюджетке түсетін міндетті төлем және
салықтан түсетін нақты сумма мен бекітілген айырмашылықты жою үшін
жергілікті, республикалық бюджетке Қордан түсім түсу түрінде жұмсалады.
2) Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген бір мақсат үшін
республикалық және жергілікті бюджетке Қордан Қордың тұтас трансферті
түрінде беріледі.
3) Қорды басқаруға және жыл сайын сыртқы аудит жүргізу шығындарына
байланысты жұмсалады.
Бірінші екі жағдайда Қор тұрақтылық қызметін жүзеге асыру мақсатында
қолданылады (жинақтық қызмет автоматты түрде іске асады). Ережеде Қорды
қолдануға болатынын бірнеше жағдайлардың тізімі көрсетілген, сонымен
қатар міндетті қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік немесе жеке
мекемелерді несиелеуді тыятын нормаларды бекітті. Қор берік және өтімді
шетел қор активтеріне инвестициялық табыс пен оны жинақтау мақсатында
таратылуы тиіс. Қазіргі уақытта активтердің көп мөлшері (60 % жоғары) АҚШ
қаржы нарығына үлестірілген. Содан кейін Япония, Германия, Великобритания,
Италия, Франция, Канада, Испания, Швейцария және басқа елдер нарығына.
Ережеге сәйкес ҰҚ нақты дербес субъект болып табылады, сенімді басқару
шарты негізінде Қорды инвестициялау жеке жүзеге асады, инвестициялық
операцияларды жүзеге асыру ережесін бекітеді және құрастырады. [14]
ҚР әлеуметтік-экономикалық даму бесжылдық индикативті жоспар құрамында
қазақстандық экспорттың көп үлесін құрайтын шикі мұнай мен мыс және басқа
да шикізат тауарларына тұрақты есептелген әлемдік баға қойылады, шикізат
секторынан мемлекеттік бюджет табысына сәйкес және қазақсандық тауар
өндірушілердің шикізат тауарларын жүзеге асырудағы мемлекеттік және
жергілікті бюджетте өңделген, бекітілген орташа бағасы есептеледі.
Шикізат тауарларындағы тұрақты баға есебі әлемдік баға динамикасының
болжамына қарай белгіленеді.
Тұрақтандыру қызметін орындау мақсатында қордың қалыптасуы
республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау процесінде Қазақстан
Республикасы өнімдер бөлімі бойынша шикізат секторының ұйымдарынан түсетін
түсімдер мен республикалық және жергілікті бюджеттерге заңды тұлғалардан
түсетін табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, үстеме пайдаға
салынатын салық, роялти, бонустармен қарастырылады [15].
Шикізат секторы ұйымдарының тізімі үкіметпен аңықталады, ал олардың жылдық
түсім көлемі Алматы және Астана қалалары, кейбір облыстарында республикалық
бюджет туралы жыл сайынғы заңымен және Қазақстан Республикасы үкіметімен
кварталдық көлемі тағайындалады.
ҰҚ жіберілетін бюджеттік түсімдер Ұлттық қорды қалыптастыру көздері
болып табылады. Бұл түсімдер:
1) мұнай секторы ұйымдарының тура салықтарынан (жергілікті бюджеттерге
есептелетін салықтарды қоспағанда) тұрады, оларға: корпоративтік табыс
салығы, үстеме пайда салығы; бонустар, пайдалы қазбаларды өндіру салығы;
өнімді бөлу бойынша үлестер; экспортқа рента салығы және өнімді бөлу туралы
келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының
қосымша төлемі жатады;
2) мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа
түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда),
соның ішінде мұнайлық келісімшарттар талаптарының бұзылғаны үшін түсетін
түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда);
3) республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына
жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдерден;
4) ауыл шаруашылығы арналымындағы жер учаскелерін сатудан түсетін
түсімдерден тұрады.
ҰҚ құралдарының негізгі қайнар көздері ретіндегі республикалық және
жергілікті бюджеттерден бөлінетін ресми трансферттер, сондай-ақ осы қорды
басқарудан түсетін инвестициялық табыстар қарастырылады. Республикалық
бюджет арқылы ресми трансфеттер келесідей анықталады:
- шикізаттық сектор субъектілерінің нақты түсімдері мен олардың
бекітілген жылдық көлемдері араларындағы айырмасы мөлшерінде;
- бекітілген жылдық көлемдері араларындағы айырмасы мөлшерінде
- шикізат табу мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүліктерді
жекешелендіруден түскен түсімдер мөлшерінде;
- шикізаттық сектор субъектілері түсімдерінің жоспарлы соммаларының 10
пайыз мөлшерінде.
Жергілікті бюджеттер бойынша ресми трансферттер көлемі ауылшаруашылық
арнаудағы жерлерді сатудан түскен түсімдер мөлшерінде аңықталады.
ҰҚ бюджеттік және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге
бағытталған, ал мұнай кірістерінің көп бөлігін Ұлттық қорда жинақтау
барынша жүйелі фискалдық саясат жүргізуге, индустриялық-инновациялық даму
стратегиясында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға, сондай-ақ болашақ
ұрпақтың Қазақстанның мұнай ресурстарының игілігін пайдалану мүмкіндігіне
ие болуына жол ашады.
ҰҚ пайдалану ҚР бюджет кодексінде көзделген мақсаттармен ғана жүзеге
асырылады. Ұлттық қор қаражатын пайдалауға қатысты осыған ұқсас басқа
қорлардың қаражатын пайдаланудың түрлі бағыттары бар. Ол мынандай
тәсілдермен өрлейді тұрақтандыру трансферттері үшін республикалық бюджетке
аудару, сыртқы борыштарды өтеу, инвестициялық кірістің бір бөлігін халықтың
арасында бөлу, экологиялық бағдарламаларды қаржыландыру және басқа да
шешімдер негізінде жүзеге асырылады.
ҰҚ қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит
жүргізудің нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Қордың
қалыптастырылуы және пайдаланылуы жайлы жылдық есепте ұлттық қордың
түсімдері және пайдаланылуы, ұлттық банктің ұлттық қорды сенімгерлікпен
басқару жөніндегі қызметі туралы есептер, ұлттық қорды басқару жөніндегі
өзге мәліметтер болуы тиіс [16].
ҚР ҰҚ қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2010 жылғы есеп бойынша
2011 жылғы 1 қаңтарға Ұлттық қордың таза активтері 3,3 триллион теңгені
(аудиттелген қаржылық есептемеге сәйкес есептеу тәсілімен) - 27,9 миллиард
АҚШ долларын немесе елдің барлық алтын-валюта резервтерінің 60,5%-ын
құрады. Қордың жинақтау және тұрақтандыру портфелдерінің ара салмағы 63:37%
болды. 2009 жылдың аяғына бұл сома 1,9 миллиард доллар құрап, Қордың
жинақтау және тұрақтандыру портфелдерінің ара салмағы 90:10% болған еді.
2010 жылы Ұлттық қорға 1,7 триллион теңге түсті, соның ішінде мұнай
секторы кәсіпорындарынан түскен тура салықтардың түсімдері есебінен
(жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) -
1,7 триллион теңге, оның 717,8 миллиард теңгесі (6 миллиард АҚШ
долларына барабар) кезекті айырбастау қайта айырбастау операциясын дәл
сол күні жүргізу жолымен Ұлттық қордың тиісті шотына теңгемен есепке
алынған шетелдік валютадағы түсімдер болып табылады, мұнай секторының
кәсіпорындары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа түсімдер
(жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді қоспағанда)- 16,6 миллиард
теңге, ауыл шаруашылығы арналымындағы жер учаскелерін сатудан түсетін
түсімдер -1,6 миллиард теңге, Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық
табыстар - 66,2 миллиард теңге.
ҰҚ басқаруға және жыл сайын сырткы аудитті жүргізуге байланысты Ұлттық
қордың шотынан есепті кезеңде жалпы сомасы 2,7 миллиард теңгеге шығыстар
жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт
туралы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2010 жылы Ұлттық қордан
республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жабуға кепілдендірілген
трансферт түрінде жоспарланған 461,4 миллион теңгенің 461,4 миллион теңгесі
аударылды. Ол жоспардың 99,9%- ын құрайды. Бұдан басқа, 2010 жылы Қазақстан
Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке жоспарланған 5,1
миллиард теңгенің 3,5 миллиард теңгесі аударылды, бұл 69,1%-ды құрайды
[17].
ҰҚ 2008 жылы жоспардағы 1 394,9 миллиард теңгенің орнына 1 378,1
миллиард теңге қаржы түсті. Ал ҰҚ РБ дағдарыска қарсы іс-кимыл шараларын
қаржыландыру үшін жыл ішінде 1 107,5 миллиард теңге қаржы аударылды. Атап
айтқанда, 843,1 миллиард теңге кепілдендірілген трансферт және 261,5
миллиард теңге мақсаты трансферт. Қорыта айтқанда, 2009 жылы Ұлттық қордың
өсімі 270,6 миллиард теңгеге жетіп, 2010 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша
жалпы мөлшері 4 542,8 миллиард теңгеге жетті.
ҰҚА 2020 жылға қарай 90 миллиард долларға дейін өсуі тиіс, мұның
өзі ІЖӨ-нің 30 пайыздан кем емес мөлшерін құрайды. Қазір Ұлттық қорды
қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы жасалуда.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2008 жылга арналған
нысаналы трансферт туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына
сәйкес 2008 жылғы қараша мен желтоқсанда Қазақстан Республикасы ұлттық
экономикасының бәсекеге қабілеттілігін және орнықты дамуын қамтамасыз ету
жөніндегі шараларды іске асыру үшін Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры
акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға Ұлттық қордан
республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде 607,5 миллион теңге
аударылды [18].
ҰҚ сенімгерлік басқарудың қорытындылары бойынша 2009 жылы алынған
ұлттық валютада көрсетілген инвестициялық табыс 66,2 миллион теңгені
құрады.
ҰҚ басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін  қамтамасыз ету
мақсатында аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес 2009 жылға аудиторлық
тексеру жүргізілді [19].
Қордың активтері айрықша шетелдік валюталарда номиналдандырылған
шетелдік қаржылық құралдарға инвестицияланады. Тұрақтандыру портфелі жоғары
кредиттік рейтингі бар елдердің ақша рыногының сенімді активтеріне
инвестицияланады. Жинақтау портфелі әртараптандыру және ұзақ мерзімді
перспективада баршама жоғарырак табыстылық алу мақсаттарында дүние жүзінің
дамыған елдерінде айналыста жүрген борышқорлық, сондай-ақ үлестік қаржылық
қүралдарға инвестицияланады.
2006 жылдың 1 шілдесінен Орта мерзімді перспективаға арналған
Ұлттық қор қаражаттарын қалыптастырудың жаңа әдісіне көшу жүзеге асырылды.
Ұлттық қор да бюджеттік және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз
етуге шақырады: ал мұнайлық табыстардың үлкен бөлігін Ұлттық қорда жинақтау
анағұрлым салмақталған фискалдық саясатты жүргізуге мүмкіндік жасады [20].
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясында қаланған экономиканы
әртараптандыру жөніндегі мәселелерді шешуге көмектесуі, сондай-ақ болашақ
ұрпақтарға Қазақстанның мұнайлық ресурстарының игіліктерін пайдалануға
мүмкіндік беруі тиіс.
ҰҚ мәселесі ТМД елдерінің тап осы қорлар сияқты олардың қаражаттарын
пайдалану тиімділігі болып табылады. Қор активтері шетел банктерінің (ABN
AMRO Bank, State Street Bank, Deutche Bank, BNP Paribas, Citibank,
HSBC) бағалы қағаздарына орналастырылған. Қордың жұмыс істеген бүкіл кезеңі
ішінде қор активтерінің табыстылығы 6,1%-ды құрады, бұл 2007 жылдың осы
көрсеткішінен 8%-ға төмен.
Ел ішінде несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер заңды тұлғалар үшін
орташа есеппен 2008 жылы 14,8%-ды құраса, ал жеке тұлғалар үшін
18,6%-ды құрады. Сондықтан экономиканың нақты секторының ірі
жобаларын инвестициялау бойынша қордың функцияларын көбейту орынды болады.
Бұл экономикалық қызметтің шектес түрлерінде мультипликациялық нәтиже
тудырады, елде қабылданған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске
асыруға жәрдемдеседі. Тап осы бағыт әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайларында
2010-2011 жылдарға арналған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру
жөніндегі жоспарларда қабылданған.
Ұлттық қор қаражаттарының жылдам өсуіне қарамастан оның қалыптасуының
тұрақтылығы шындап күмән тудырмай қоймайды. Қор табысының толымдылығы
көбінесе қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктурамен және ұзақ уақыт бағаның
мұнайға жоғары болуымен байланысты болып отыр [21].
БК сәйкес Ұлттық қорды толтырудың көздері республикалық бюджеттен
түсетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке түсетін жоспарланған
түсімдердің 10%), сондай-ақ шикізат секторынан түсетін нақты түсімдердің
олардың жоспарланғанынан асып түсу көлемі болып табылады [22]. Сөйтіп Қорды
қалыптастыру көздері жеткілікті сияқты болғанымен бірақ бұл оның тұрақты
толымдылығына кепілдік бермейді.
Инвестициялық табыстардың бірде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру
Журналистер құқығының қорғалуындағы шетелдік тәжірибе
Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ТМД КІТАПХАНАЛАРЫ, БАТЫС ЕУРОПА КІТАПХАНАЛАРЫМЕН САЛЫСТЫРУ
Мемлекеттік бюджеттiң атқарымдылығы және оны жүзеге асыру
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнеске қолғабыс ету инфрақұрылымы
Казпочта байланыс қызметі
Мемлекеттік мұрағат және оның қызметі
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің құрылым негіздері
Пәндер