Delphi-дің графикалық мүмкіндіктерін қолдана отырып қозғалатын бағдарлама құру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
I. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1Delphi ортасымен танысу, Delphi ортасы туралы жалпы түсінік ... ... ... ...6
1.2Delphi бағдарламалау ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3Проект. Форма. Қасиеттер. Объект инспекторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
II. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.1 Форма бетіне қойылытын негізгі компоненттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2 Бағдарламаны құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.3 Бағдарламаның код листингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Бұл курстық жұмыста Delphi ортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың ерекшеліктері, Delphi жобаларының негізгі файлдары, Delphi кітапханасындағы компоненттердің жиі қолданылатын түрлері, Delphi-ді өңдеудің интегралданған ортасымен жұмыс істеу әдістемесін қарастырамын. Delphi ортасының қолайлы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көптеген танымдық және қызықты жұмыстар жасауға болады. Ол үшін ең алдымен Delphi программасы туралы қысқаша мәлімет берейік.
Жоғарғы деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және объектілі-бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі – бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері – Object Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland, Borland C++ for Windows.
Солардың ішінде Visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, Delphi тілі Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (Visual- көзбен көру). Әсіресе Delphi программалау тілі – кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Delphi ортасы – бағдарламаушының жоғары әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол визуалды түрде бір уақытта бірнеше ашылған терезелермен жұмыс атқарады. Терезелер экранда толық немесе бөлшектелген түрде бір- бірін жаба отырып жылжи алады.
Қазіргі техникалық жетістіктердің арқасында Delphi программасының құрылымы күннен-күнге күрделіленуде.
Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6, 7 – нұсқалары жарық көрді. 5, 6 – нұсқаулардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows 32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және мәліметтер қорымен жұмыс істеуде өзгешеліктер енгізілген.
Delphi-де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа үрдістерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу жене т.б. іс-әрекеттерді орындауға болады. Delphi көптеген есептерді шешуге мүмкіндік береді, оның ішінде:
- Әртүрлі бағыттағы аяқталған қосымшаларды Windows үшін құру;
- Кез келген тілде кез келген қосымшалар үшін профессионалды көрінетін интерфейсті тез құру. Интерфейс Windows- тың барлық талаптарын қанағаттандырады және қолданушы компьютерінде орнатылған жүйеге автоматты түрде ыңғайланады. Өйткені Windows- тың көптеген функцияларын, кітапханаларын қолданады;

- Бағдарламалаудың басқа түрлерінде қолдануға болатын функция, форма, компоненттердің динамикалы біріктірілетін кітапханасын (DDL) құру;
- Кез келген типтегі жергілікті және жойылған мәліметтер базасымен жұмыс істеудің қуатты жүйесін құру;
- Кестелері, графиктері бар күрделі есеп берулерді құру және баспаға шығару;
- Қосымшалардан Windows арқылы жұмыс істеуге болатын өз қосымшалары үшін анықтамалық жүйелерді (hlp файлдары) құру;
- Windows- тың барлық талаптарын және спецификасын ескеретін Windows- тың қосымшалары үшін орнатудың профессионалды бағдарламаларын құру.
Бұл курстық жұмысты жазудағы мақсатым – Delphi-дің графикалық мүмкіндіктерін қолдана отырып қозғалатын бағдарлама құру.
Негізгі әдебиеттер

1. Компьютерная технология обучения:словарь-справочник/Под редакцией В. Ю. Гриценко, А. М. Довгялло, А. Я. Савельева-К.: «Накова думка», 1992
2. Нұрғалиева Г. Қ. Электрондық оқулықтар – мұғалім мен оқушы арасындағы әрекетттестікті гуманизациялау құралы// «Информатика негіздері» республикалық журналы, №2, 2002.- 2-3 б.
3. Тажигулова А. И. Конструирование электронных учебников//Научно-практический журнал «Информационные технологии в Казахстане», №1, 2000.- С. 42-43.
4. Виштынецский Е. И., Кривошеев А. О. Вопросы применения информационных технологий в сфере образования и обучения//Информационныетехнологии, 1998, №2 – с. 32-36.
5. Сливина Н. А., Фомин С. С. Компьютерное учебное пособие «Высшая математика для инженерных специальностей»//КомпьютерПресс.- 1997.- №8.- с.72-77.
6. Белошапка В., Лесневский А. Основы информационного моделирования // Информатика и образование. – 1989. – № 3.
7. Суханов А. П. Информация и прогресс. – Новосибирск : Наука, 1988. – 258 с.
8. Тюкачев Н., Сидоров Ю., Delphi 5. Создание мультимедийных приложений. – СПб. : Питер, 2001. – 400 с.
9. Нурбекова Ж. К., Даутова А. З., Кашкинбаева Д. Б., Технология проектироваия мультимедийных обучающих систем. – Павлодар, 2003. – 108 с.
10. Демушкин А. С., Кириллов А. И. и др. Компьютерные обучающие программы //Информатика и образование. – 1995. – № 3. –С. 18.
11. Деревнина А. Ю., Кошелев М. Б., Семикин В. А. Принципы создания электронных учебников // Открытое образование : проектирование учебников. – 2001. – № 2.
12. Нурбекова Ж. К. Информационное взаимодействие между субъектами процесса электронного обучения в информационно-коммуникационной среде // Вестник КазНУ. – 2004. – № 1(12). – С. 30–35.
13. Мануйлов В. Г. Разработка тестирующих интерактивных презентаций // Информатика и образование. – 2002. – № 4. – С. 47–54.
14. Нурбекова Ж. К., Майдисарова Д. С. Практикум по проектированию и конструированию мультимедийных образовательных систем : учебно-методическое пособие. – Алматы, 2007. – 110 с.



Қосымша әдебиеттер
1. Александровский А.Д «Delphi 5 разработка корпоративных приложений»
2. «Программирование в среде Delphi 7.0» С.В. Глушанов А.Л. Кливцов
3. «Delphi 3. Учебный курс. » Фарманов В.В.
4. «Delphi 3.Учебный курс» Бодровский С. Изд. Дом ПИТЕР, 2001
5. «Delphi 6.Программирование на Object Pascal» Культин Н.Б. Изд.: БХВ Санкт– Петербург, 2002
6. Давыдова Е.В., Скородумов И.А., Балаханов В.А. Создание базовых элементов интерфейса Windows программы в среде Delphi. Информатика и образование. № 4,5,6. 2002.
7. Дудина И.П. Построение графиков функций в Delphi. Информатика и образование. №6, 2003, стр.27 -31.
8. Кнопка Р. Создание оригинальных компонентов в среде Delphi. Пер.с англ.Рей.К.: НИПФ «Диа Софт ЛТД», 1996-152 с.
9. Культин Н. Delphi 3. Программирование на Object Pascal. Санкт-Петербург, 1998. -304 с.
10. Орлик С.В. Секреты Delphi на примерах. М.: Бином, 1996-136 с.
11. В.Фаронов. Объектно-риентированная среда Delphi. Версия 6. Учебное пособие. «Русская редакция», 2002.
12. М.Фленов. Библия Delphi. Санкт-Петербург «БХВ-Петербург», 2004-880 с.: ил.
13. Халықова К.З., Бостанов Б., Тұрғанбаев А. Объектілі бағдарланған программалау жүйелерінің негіздері. Оқу құралы. Абай ат. ҚазҰПУ. Алматы, 2005-301 б.
14. Халықова К.З. Паскаль тілінде программалау. Оқу құралы. Абай ат. АлМУ. Алматы, 2002-210 б.
15. В Фаронов. Объектно-риентированная среда Delphi. Версия 6. Учебное пособие. "Русская редакция", 2002.
16. Я. Н. Глинский, В. Е. Анохин, В. А. Ряжская – TURBO PASCAL 7.0 и Delphi. Учебное пособие. Москва – Санкт – Петербург-Киев. 2001.
17. Культин Н. Delphi 3. Программирование на Object Pascal. Санкт-
Петербург, 1998. -304 с.
18. Конопка Р. Создание оригинальных компонентов в среде ОеІрһі.Перс англ.Рей.К.:НИПФ «Диа Софт ЛТД», 1996. -152 с.
19. Орлик С.В. Секреты Delphi на примерах. М.: Бином, 1996. - 136 с.
20. Нурбекова Ж. Практикум решения задач на Delphi 5.O. Учебно-
методическое пособие. Павлодар, 2001. -106 с.
21. Халықова К.З. Паскаль тілінде программалау. Оқу құралы. Абай ат.ҚазҰПУ. Алматы, 2002. -2106.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
I. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1Delphi ортасымен танысу, Delphi ортасы туралы жалпы түсінік ... ... ... ...6
1.2Delphi бағдарламалау ортасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3Проект. Форма. Қасиеттер. Объект инспекторы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..9
II. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 12
2.1 Форма бетіне қойылытын негізгі компоненттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Бағдарламаны құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.3 Бағдарламаның код листингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыста Delphi ортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың ерекшеліктері, Delphi жобаларының негізгі файлдары, Delphi кітапханасындағы компоненттердің жиі қолданылатын түрлері, Delphi-ді өңдеудің интегралданған ортасымен жұмыс істеу әдістемесін қарастырамын. Delphi ортасының қолайлы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көптеген танымдық және қызықты жұмыстар жасауға болады. Ол үшін ең алдымен Delphi программасы туралы қысқаша мәлімет берейік.
Жоғарғы деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және объектілі-бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі - бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері - Object Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland, Borland C++ for Windows.
Солардың ішінде Visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, Delphi тілі Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (Visual- көзбен көру). Әсіресе Delphi программалау тілі - кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Delphi ортасы - бағдарламаушының жоғары әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол визуалды түрде бір уақытта бірнеше ашылған терезелермен жұмыс атқарады. Терезелер экранда толық немесе бөлшектелген түрде бір- бірін жаба отырып жылжи алады.
Қазіргі техникалық жетістіктердің арқасында Delphi программасының құрылымы күннен-күнге күрделіленуде.
Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6, 7 - нұсқалары жарық көрді. 5, 6 - нұсқаулардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows 32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және мәліметтер қорымен жұмыс істеуде өзгешеліктер енгізілген.
Delphi-де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа үрдістерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу жене т.б. іс-әрекеттерді орындауға болады. Delphi көптеген есептерді шешуге мүмкіндік береді, оның ішінде:
- Әртүрлі бағыттағы аяқталған қосымшаларды Windows үшін құру;
- Кез келген тілде кез келген қосымшалар үшін профессионалды көрінетін интерфейсті тез құру. Интерфейс Windows- тың барлық талаптарын қанағаттандырады және қолданушы компьютерінде орнатылған жүйеге автоматты түрде ыңғайланады. Өйткені Windows- тың көптеген функцияларын, кітапханаларын қолданады;

- Бағдарламалаудың басқа түрлерінде қолдануға болатын функция, форма, компоненттердің динамикалы біріктірілетін кітапханасын (DDL) құру;
- Кез келген типтегі жергілікті және жойылған мәліметтер базасымен жұмыс істеудің қуатты жүйесін құру;
- Кестелері, графиктері бар күрделі есеп берулерді құру және баспаға шығару;
- Қосымшалардан Windows арқылы жұмыс істеуге болатын өз қосымшалары үшін анықтамалық жүйелерді (hlp файлдары) құру;
- Windows- тың барлық талаптарын және спецификасын ескеретін Windows- тың қосымшалары үшін орнатудың профессионалды бағдарламаларын құру.
Бұл курстық жұмысты жазудағы мақсатым - Delphi-дің графикалық мүмкіндіктерін қолдана отырып қозғалатын бағдарлама құру.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Delphi ортасымен танысу. Delphi ортасы туралы жалпы түсінік

Жоғарғы деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және объектілі-бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі - бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері - Object Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland, Borland C++ for Windows.
ОБП тілінде программаның жұмысы оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері - Visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, Delphi тілі Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (Visual- көзбен көру). Олар әсіресе Delphi программалау тілі - кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Delphi ортасы - бағдарламаушының жоғары әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол визуалды түрде бір уақытта бірнеше ашылған терезелермен жұмыс атқарады. Терезелер экранда толық немесе бөлшектелген түрде бір- бірін жаба отырып жылжи алады, бұл Word тексттік процессор немесе Exsel кестелік процессор ортасының қатаңдығына үйренген қолданушының дисккомфорт сезімін оятуы мүмкін.
Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6,7 - нұсқалары жарық көрді. 5,6 - нұсқаулардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows 32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуде өзгешеліктер енгізілген.
Delphi-дің негізгі ерекшелігі - онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттерден жинақталады. Ол жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме бағдарлама құрылады.
Компоненттер визуальды компоненттер кітапханасында (VCL - Visual Component Library) жинақталған. Компоненттер панелінде түрлі кластарға тиісті стандартты компоненттер өте көп. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.

Delphi бағдарламалау ортасы

Delphi-де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа үрдістерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу жене т.б. іс-әрекеттерді орындауға болады. Delphi көптеген есептерді шешуге мүмкіндік береді, оның ішінде:
- Әртүрлі бағыттағы аяқталған қосымшаларды Windows үшін құру;
- Кез келген тілде кез келген қосымшалар үшін профессионалды көрінетін интерфейсті тез құру. Интерфейс Windows- тың барлық талаптарын қанағаттандырады және қолданушы компьютерінде орнатылған жүйеге автоматты түрде ыңғайланады. Өйткені Windows- тың көптеген функцияларын, кітапханаларын қолданады;
- Бағдарламалаудың басқа түрлерінде қолдануға болатын функция, форма, компоненттердің динамикалы біріктірілетін кітапханасын (DDL) құру;
- Кез келген типтегі жергілікті және жойылған мәліметтер базасымен жұмыс істеудің қуатты жүйесін құру;
- Кестелері, графиктері бар күрделі есеп берулерді құру және баспаға шығару;
- Қосымшалардан Windows арқылы жұмыс істеуге болатын өз қосымшалары үшін анықтамалық жүйелерді (hlp файлдары) құру;
- Windows- тың барлық талаптарын және спецификасын ескеретін Windows- тың қосымшалары үшін орнатудың профессионалды бағдарламаларын құру.
Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Бірақ, мұнда прогаммалауды үйрену үшін объект, оқиға, қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен еркін танысып, компоненттерді пайдалану және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет. 1-суретте Delphi ортасының басты беті көрсетілген.

1
5
6
2
7
3
1
5
6
2
7
3
4
4

1-сурет. Delphi ортасы.

1. Delphi 5-тің негізгі терезесі.
2. Форма (Form1).
3. Объект инспекторы терезесі (Object Inspecteor).
4. Модуль терезесі (программалық код терезесі).
5. Негізгі мәзір.
6. Аспаптар панелі.
7. Компоненттер палитрасы.

Delphi-ді Windows арқылы іске қосу командасы:
Іске қосу - Программалар - Borland Delphi - Delphi 7.
Экранда Delphi ортасының үш терезесі көрінеді (1-суретті қара).
Delphi -дің негізгі терезесі құрамына негізгі мәзір (5), аспаптар панелі (6) және компоненттер палитрасы (7) енгізілген (1-суретті қара). Негізгі мәзір пункттеріне Delphi-де жұмыс істеу командалары, аспаптар панеліне мәзір пункттеріне енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған. Ортада программа құруға арналған төртінші терезе - модуль терезесі (программалық код терезесі) де іске қосылады. Бұл модуль терезесі форма терезесінің астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрінбейді.

Проект. Форма. Қасиеттер. Объект инспекторы

Name (Атау) - формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің негізгі қасиеттерінің бірі. Программаның жұмыс істеуі барысында Delphi объектіні осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктеген атауын (Form1) өзгертіп, басқа атау беруге болады. Ол үшін қасиеттер терезесінен Name қасиеті таңдалып, жаңа атау клавиатурадан теріледі.
Font (Шрифт) - формаға шығарылатын мәтін шрифтінің қасиеті. Оны таңдап, оң жағында көрінген көп нүкте (...) түймесін шерткен кезде Windows-тың сұхбаттық Қаріпті таңдау терезесі көрінеді. Терезеден, әдеттегідей, қажетті қаріп типін, өлшемін таңдап (мысалы, Time Kaz, 10), OK түймесін шерту керек.
Caption (Тақырып) - форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтін. Алғашқы кезде қасиеттер терезесінің Caption қасиетіне Form1 сөзі енгізіліп қойылады. Оның мәнін өзгерту Name қасиетіне мән меншіктеу сияқты.
Color(Түс) - форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң жағында тілсызық түймесі көрінеді. Тілсызық түймесі - қасиет мәнінің бірнеше екенің белгісі. Тілсызық белгісін шерткен кезде мәндер (түстер) терезесі ашылады. Тізімде көрінген қалаған түс таңдалған соң форма сәйкес түске боялып қойылады.
Width (Ен), Height (Биіктік) - пиксель өлшем бірлігімен берілген форманың ені мен биіктігін орнату қасиеттері (бұл мәндер форманы қолдан кеңейту не сығу кезінде де автоматты түрде орнатылып қойылады).
Экранда қасиеттер терезесі көрінбесе, оны шығару үшін View-Object Inspector командасын беру жеткілікті. Ол F11 клавиші басылған кезде де көрінеді.
Delphi-де программалар түрлі оқиғалар арқылы басқарылады. Оқиға - программаның жұмыс істеу барысында объект жағдайының белгілі бір әрекетке жауап ретінде өзгеруі. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компонентті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның іс-әрекеті оқиға шақырады.
Delphi-де оқиғаға атау беріліп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесі арқылы формада орнатылған Button1 компонентін шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.
Әр объектіге байланысты оқиғалар көп. Мысалы, формаға байлансты оқиғалар саны - 35. 2-суретте бағдарламаның қасиеттері және оқиға терезесі көрсетілген.

2-сурет Форма оқиғалары
Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиғалар атауының алдына On префиксі (қосымшасы) тіркестіріліп жазылған. Ол - атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі. Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар:
OnClick - тышқан батырмасын бір рет басу;
OnDblClick - тышқан батырмасын екі рет басу;
OnKeyDown - пернені басу;
OnCreate - форманы екі рет шерту; т. б.
Проект екі бөлімнен тұрады: автоматты түрде project1 атауы берілген проект файлы (негігі модуль) және unit1, pas атауы берілген модуль. Олар жеке терезелерде орналасқан. Модульге оқиғаларға сәйкес іс-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Программа мәтінін программалық код деп, ол енгізілетін терезені программалық код терезесі деп атайды.Формадан код терезесіне өту және код терезесінен формаға өту үшін F12 пернесін басу жеткілікті.

3-суретте форманы екі рет шерткен кезде программмалық код терезесіне енгізілген процедура дайындамасы көрсетілген.

3-сурет Программмалық код терезесі

Код терезесі программа мәтінін құру үшін арналған. Бұл мәтін арнайы ережелермен құрастырылады және программа жұмысының алгоритімін сипаттайды. Мәтін жазу ережелерінің жиыны бағдарламалау тілі деп аталады. Delphi жүйесінде Borland корпорациясының Паскальдің кең тараған түрін құрайтын Object Pascal бағдарламалау тілі қолданылады.
Бастапқы кезде код терезесі Windows терезесі ретінде нормальды бос форманың жұмысын қамтамасыз ететін минимальді нәтижелік мәтіннен тұрады. Жобада жұмыс жүргізу кезінде бағдарламалаушы программаға қажетті функционалдықты беру үшін қажетті толықтырулар енгізеді. Жай программа жасау үшін де программалық кодты жасау және өзгерту керек болады.
Оқиғаға байланысты құрылатын процедура оқиғаны өңдеуіш не оқиғаны өңдеу процедурасы делінеді. Терезенің сол бөлігіндегі - браузер терезесі. Онда код терезесінде барлық жарияланулардың құрылымын көріп шығуға болады.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ

Форма бетіне қойылытын негізгі компоненттер.

Image - компоненті арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды оқулықтың тиімділігі
WEBbrowser компонентін қолданып бағдарлама құру
Delphi ортасының компоненттер тақтасы
Delphi бағдарламасын қолданып, графикалық мүмкіндіктерін көрсететін бағдарлама құру
Delphi - де «Мозаика» ойын бағдарламасын жазу әдістері
Форма қасиеттерін өзгерту
XXI ғасыр елімізде қоғамдық информатикаландыру
Растрлік графика форматтары
«Тест» қосымшасын құру»
Білімнің жаңа технологиялары мен маниторингтің облыстық жүйені жасақтау бағдарламасын құрастыру
Пәндер