Тілдік санадағы мәдениет ұғымы



РЕФЕРАТ

ГЛОССАРИЙ

КІРІСПЕ

1 САНА
САНАНЫҢ ӘРБІР ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ
ТІЛДІК САНА
1.1 Тіл . сана мазмұнын білдіретін негізгі құрал
Сана, тілдік сана ұғымдары
1.2 Мәдениет ұғымы
Материалдық және рухани мәдениет
1.3 Мәдениет қызметтері

2 МӘДЕНИЕТ ҰҒЫМЫНЫҢ ТІЛДІК САНАДАҒЫ КӨРІНІСІ
2.1 Мәдениет және тіл
2.2 Мәдениет және тұлға
2.3 Мәдениет және өркениет
2.4 Ұлттық мәдениеттің тілдік бірліктерде көрініс табуы
2.5 Ағылшын және қазақ тілдерінің фразеологиялық теңеулеріндегі ұлттық мәдени көріністер
2.6 Әлеуметтік топтар тілдік санасындағы мәдениет ұғымы(диаграммалық көрсеткіш)

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША
Еліміздің егемендік алуы ұлтымыздың рухани байлығы – жылдар бойы жоғалып кеткен ұлттық дәстүріміз, мәдениетіміз бен тіліміздің жанданып дамуына үлкен жол ашты. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа тең құқылы ел болып енуі – әлем жұртшылығының ұлттық тілімізді, тарихымыз бен мәдениетімізді мойындағанының айғағы. Бұл – ұлттық мәдениетіміз бен тілімізді жан-жақты зерттеп, өшкенін жандандырып, дамытып келесі ұрпаққа табыстау, рухани қазынамызбен дүние жүзі халықтарын таныстыруды міндеттейтіні де белгілі. Әрине, бұл – өзгеден гөрі алдымен өзімізге қажет рухани дүние, болашақ ұрпаққа қажетқұндылықтар. Сан ғасыр бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан мәдениетіміздің тілдегі көрінісі уақыт өте келе тіл қолданысынан шығып, немесе мағынасы күңгірттене бастаған тілдік белгілермен қатар заман ағымымен өзгеріске ұшыраған ұлтымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы, этнографиясы тілші және мәдениеттанушы ғалымдар тарапынан нақты ізденістерді талап етеді. Соңғы жылдары тіл мен мәдениеттің өзара қатынасы мәселесі лингвомәдениеттану ғылымы ұстанымдары негізінде зерттеле бастады. Тілді мәдениеттен бөлек қарастыру да мүмкін емес. Бұл, сайып келгенде, ана тілдің ұлттық рухтың қалыптасуына ықпалы, дүниенің тілдік суреті мәселелерінің теориялық аспектілерін зерттеуге жол ашады.
Қазірде лингвистиканың құрылымдық, яғни тілді өз жүйесі ішінде ғана зерттеу парадигмасының антропоцентристік қағида негізінде – сол тілдің иесі болып табылатын адаммен, оның (тілдің) функционалды қолданыс табатын әлеуметтік орта, тарих мәдениет пен танымдық үрдіспен байланыстыра зерттеулердің нәтижесі болып табылар соңғы он жыл көлемінде тіл мен мәдениеттің өзара байланыс тетіктері мен жалпы ұлттық дүниетаным, ұлттық мәдениеттің тілдегі көрінісін зерттейтін лингвомәдениеттану ғылымы пайда болды.
Тілдік мәселелерді басқа ғылым салаларымен байланыстыра қарастыру ауқымы кең зерттеулерге жол ашып, ғылыми нәтижелерге қол жеткізді. Осындай интегративті, пәнаралық бағыттың бірі – XX ғасырдың екінші жартысында пайда болған лингвомәдениеттану ғылымы. Жалпы тіл мен мәдениет арқатынасы мәселелері түрлі деңгейде философтардың Платон, И. Гердер, Э. Кант, т.б. еңбектерінде қарастырылған. Бертін келе Гумбольдт , Э. Сепир, Б. Уорф және Э. Кассирер мен Л. Вайсгербер зерттеулерінде ғылыми ізденіс дәрежесінде көрініс тапты. Кеңестік дәуірде орыс ғалымдары арасынан А. Потебня, Н. Топоров, В.В. Иванов, А. Толстой еңбектерінде, қазақстандық ғалымдар академик Ә. Қайдаров, Р. Сыздық (салыстырмалы диахроникалық (мәтіндік)), Е. Жанұзақов, Ә. Ахметов, және Ж. Манкеева ғылыми еңбектерінде этнолингвистикалық бағытта зерделенді.
1. Daphne M. Gulland, David Hinds – Howell. Penguin Dictionary of English Idioms.- London, England, 2001. - 378 p.
2. Oxford English Compact Dictionary over 145000words, phrases, and definitions edited by Catherine Jones. – Oxford University press, 2000.
3. Словарь по языкознанию. Тіл білімі сөздігі / Под. ред. Э.Д. Сулейменовой. – Алматы: Ғылым, 1998. – 544 с.
4. Кунин А.В. Англо-русский фразеологический словарь. –М.: Рус.яз., 1984. - 944 с.
5. Маслова В.А. Лингвокультуралогия.- М., 2001.-208 с.
6. Воробьев В.В. Лигвокультуралогия.- М., 1997.-331 с.
7. Сабитова М.Т. Национально - культурный компонент семантики немецкого и казахского фразеологизмов // Известия АН КазССР. Серия филологическая. – Алматы, 1989. -№4 - С. 17-22.
8. Ислам А. Ұлттық мәдениет контекстіндегі дүниенің тілдік суреті: автореф. ... филол. ғ. док. - Алматы, 2004.-50 б.
9. Сепир Э. Избранные труды по языказнанию и культуралогии. -М.: Наследие, 1993.-656 с.
10. Вежбецкая А. Язык. Культура. Познание. -М., Международные отношения,1996.-411 с.
11. Гумбольдт В. Фон. Избранные труды по языкознанию. - М., 1984.- 370 с.
12. Мықтыбаева Т.Ж. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің лексика-семантикалық сипаты: филол.ғ.к. ... автореф. – Алматы, 2004.-26 б
13. Арғынғазина Ш.Б. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдерден лексика-семантикалық сипаты: филол.ғыл.конд. ... автореф. –А.2004.-26 б.
14. Оспанова Ф.А. Фразеологизмдер уәждемесінің лингвомәдени аспектісі: филол.ғыл.конд. ... дисс. – Алматы,2006.-136 б.
15. Ағабекова Б.Н. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени сипаты: филол.ғыл.конд. ... дисс. –Алматы, 2010.
16. Словарь ассоциативных норм русского языка. – М.,1997. – 461 с.
17. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдер сөздігі. Алматы, 2001. – с.
18. Теория языказнание: учеб. Пособие. – В.А. Гречко.-П: Высш. шк., 2003.- 375 с.
19. Язык и культура: лингвострановедение и преподавание русского языка как иностранного.-3-изд. перераб. и доп. - М: «Русский язык»,1983. (Библиотека преподавателя русского языка как иностранного). – 269 с.
20. Ахманова О.С. Предисловие // Словарь лингвистических терминов. – М., 1966.- 608 с.
21. Лингвистикалық энциклопедиялық сөздік. – М.,1990. - 685с.
22. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика: Учебное пособие. –Минск.: Тетра Системе,2004.-225с.
23. Воробьев В.В. О русской национальной личности в языке и культуре // Язык и культура. – 1998. – ч.1.- С.52-57.
24. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі/ Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзаков. – Алмыты: Дайк-Пресс, 2008.- 968б.
25. Қазақ тілінің сөздігі/ Жалпы редакциясын басқарған Т.Жанұзаков. – Алмыты: Дайк-Пресс, 1999.- 776б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Диплом жұмысының тақырыбы: Тілдік санадағы мәдениет ұғымы.
Диплом жұмысының көлемі: 54
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы реферат, глоссарний,
кіріспеден, екі бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшадан тұрады.
Диплом жұмысының зерттеу нысаны: Тілдік санадағы мәдениет ұғымының
көрінісін анықтау, тұлға санасындағы мәдениеттің рөлін белгілеу, ұлттық
мәдениеттің тілдік бірліктердегі нышанын айқындау.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысының мақсаты
– лингвистика ғылымында зерттеліп келе жатқан жаңа лингвомәдениеттану
бағытының өрісін кеңейтіп, мәдениетті сана ұғымымен байланыстыра зерттеу.
Осы мақсатқа байланысты келесідей міндеттер қойылды: сана және тілдік сана
ұғымдарын зерттеу; сананың басқа ғылымдар жүйесінде алатын орны мен тіл
білімі саласындағы рөлін айқындау; мәдениет ұғымының өресін аша түсу,
тілдегі қызметін анықтау; мәдениеттің тіл, тұлға, қоғам, өркениетпен
байланысын түсіндіру; тілдік санадағы мәдениеттің көрінісін талдау; санада
мәдениет қандай жүйеде көрінетіндігін эксперименталды көрсеткіштермен
дәлелдеу; ұлттық мәдениеттің тілдік бірліктердегі айшықтарын белгілеу;
қазақ тіліндегі мәдени бірліктер мен өзге тілдердегі бірліктерді салыстыру;
Қазақстандағы қазақ және орыс халықтары санасындағы мәдениет көріністерін
талдау.

ГЛОССАРИЙ

Ұғым – 1. болмыс заттары мен құбылыстарын жалпылама түрде белгілейтін
ой; 2. Грамматикалық немесе семантикалық категория ретінде Ұ. сөз
мағынасына ұқсас құбылыс, бірақ мағына тіл жүйесінде болады, ал Ұ.
–логикалық қатынастар жүйесінде болады. Ұ.-ның құрылысы күрделі болады: 1)
сигнификат –заттың (құбылыстың) дұрыс аталуы үшін маңызы бар белгілердің
жиынтығы; 2) интенсионал – ұғымның заттық негізімен байланысты дұрыс
аталуы. Интенсионал заттың (құбылыстың) негіз категориясымен байланысты
болады; 3) Денотат – белгілі бір сөзбен атауға болатын нақтылы заттар; 4)
компрегенция белгілі бір сөзді қолдануға болатын бүкіл заттардың тобы.
Заттар бар не жоқ болуы мүмкін. Сөз болған жерде ұғым болады. Мағынамен
тікелей байланысып, оймен, ойлаумен ұштасады. Ұ. мәні – сөз мағынасынан
гөрі кеңірек, әрі жалпылау. Жаңа ұғым бұрыннан бар белгілі сөздің байланысы
арқылы дамып, көбейіп отырады [24, 251 б].
Билингвизм (лат. Bi – екі; lingua – тіл) – қостілділік: белгілі
әлеуметтік топтың (мемлекеттің) екі тілде сөйлеуі. Бірнеше тілде сөйлеу
(полилингвизм) көп ұлттар тұратын елдерге тән. Мыс.: Ресей Федерациясы,
АҚШ, Үндістан, Нигерия, Қазақстан т.б. [24,36 б].
Аналогия (грек. analogia – сәйкестік, ұқсастық) – тіл бірлігін басқа
тіл бірлігіне тұлғалық немесе семантикалық жағынан ұқсату құбылысы. А.-ны
қолдану дегеніміз, тілдегі құрылымдық үлгіні пайдалану арқылы, соның
негізінде жаңа бірліктер жасау. Кез келген модельді, ережені т.б. қорыту
кезінде А.-ның әсері байқалады. А. маңызы тіл үйренуде аса зор [25, 14 б].
Антрополингвистика немесе этнолингвистика (грек. ethnos – халық, тайпа
және лингвистика) – тілді мәдениетпен, тілдік этномәдени және
этнопсихологиялық факторлармен байланыстыра қарастыратын тіл білімінің
бағыты.
Парадигма (грек. paradeigma – үлгі, мысал) – бір-біріне қарама-қарсы
қойылған, бірақ ортақ белгісі бар немесе ұқсас ассоцияция тудырушы кез
келген лингвистикалық бірліктер тобы.

МАЗМҰНЫ

РЕФЕРАТ

ГЛОССАРИЙ

КІРІСПЕ

1 САНА
САНАНЫҢ ӘРБІР ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ
ТІЛДІК САНА
1.1 Тіл – сана мазмұнын білдіретін негізгі құрал
Сана, тілдік сана ұғымдары
1.2 Мәдениет ұғымы
Материалдық және рухани мәдениет
1.3 Мәдениет қызметтері

2 МӘДЕНИЕТ ҰҒЫМЫНЫҢ ТІЛДІК САНАДАҒЫ КӨРІНІСІ
2.1 Мәдениет және тіл
2.2 Мәдениет және тұлға
2.3 Мәдениет және өркениет
2.4 Ұлттық мәдениеттің тілдік бірліктерде көрініс табуы
2.5 Ағылшын және қазақ тілдерінің фразеологиялық теңеулеріндегі
ұлттық мәдени
көріністер
2.6 Әлеуметтік топтар тілдік санасындағы мәдениет
ұғымы(диаграммалық көрсеткіш)

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Еліміздің егемендік алуы ұлтымыздың рухани байлығы – жылдар бойы
жоғалып кеткен ұлттық дәстүріміз, мәдениетіміз бен тіліміздің жанданып
дамуына үлкен жол ашты. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа тең құқылы ел
болып енуі – әлем жұртшылығының ұлттық тілімізді, тарихымыз бен
мәдениетімізді мойындағанының айғағы. Бұл – ұлттық мәдениетіміз бен
тілімізді жан-жақты зерттеп, өшкенін жандандырып, дамытып келесі ұрпаққа
табыстау, рухани қазынамызбен дүние жүзі халықтарын таныстыруды
міндеттейтіні де белгілі. Әрине, бұл – өзгеден гөрі алдымен өзімізге қажет
рухани дүние, болашақ ұрпаққа қажетқұндылықтар. Сан ғасыр бойы ұрпақтан-
ұрпаққа беріліп келе жатқан мәдениетіміздің тілдегі көрінісі уақыт өте келе
тіл қолданысынан шығып, немесе мағынасы күңгірттене бастаған тілдік
белгілермен қатар заман ағымымен өзгеріске ұшыраған ұлтымыздың салт-
дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы, этнографиясы тілші және мәдениеттанушы
ғалымдар тарапынан нақты ізденістерді талап етеді. Соңғы жылдары тіл мен
мәдениеттің өзара қатынасы мәселесі лингвомәдениеттану ғылымы ұстанымдары
негізінде зерттеле бастады. Тілді мәдениеттен бөлек қарастыру да мүмкін
емес. Бұл, сайып келгенде, ана тілдің ұлттық рухтың қалыптасуына ықпалы,
дүниенің тілдік суреті мәселелерінің теориялық аспектілерін зерттеуге жол
ашады.
Қазірде лингвистиканың құрылымдық, яғни тілді өз жүйесі ішінде ғана
зерттеу парадигмасының антропоцентристік қағида негізінде – сол тілдің иесі
болып табылатын адаммен, оның (тілдің) функционалды қолданыс табатын
әлеуметтік орта, тарих мәдениет пен танымдық үрдіспен байланыстыра
зерттеулердің нәтижесі болып табылар соңғы он жыл көлемінде тіл мен
мәдениеттің өзара байланыс тетіктері мен жалпы ұлттық дүниетаным, ұлттық
мәдениеттің тілдегі көрінісін зерттейтін лингвомәдениеттану ғылымы пайда
болды.
Тілдік мәселелерді басқа ғылым салаларымен байланыстыра қарастыру
ауқымы кең зерттеулерге жол ашып, ғылыми нәтижелерге қол жеткізді. Осындай
интегративті, пәнаралық бағыттың бірі – XX ғасырдың екінші жартысында пайда
болған лингвомәдениеттану ғылымы. Жалпы тіл мен мәдениет арқатынасы
мәселелері түрлі деңгейде философтардың Платон, И. Гердер, Э. Кант, т.б.
еңбектерінде қарастырылған. Бертін келе Гумбольдт , Э. Сепир, Б. Уорф және
Э. Кассирер мен Л. Вайсгербер зерттеулерінде ғылыми ізденіс дәрежесінде
көрініс тапты. Кеңестік дәуірде орыс ғалымдары арасынан А. Потебня, Н.
Топоров, В.В. Иванов, А. Толстой еңбектерінде, қазақстандық ғалымдар
академик Ә. Қайдаров, Р. Сыздық (салыстырмалы диахроникалық (мәтіндік)), Е.
Жанұзақов, Ә. Ахметов, және Ж. Манкеева ғылыми еңбектерінде
этнолингвистикалық бағытта зерделенді.
Соңғы жылдары лингвомәдениеттанудың өз алдына дербес ғылым саласы болып
айқындалуы, тіл мен мәдениет арақатынасы мәселелерін жаңа ұстанымдар мен
әдістемелер негізінде зерттеуді міндеттейді. Қазіргі кезде
лингвомәдениеттану ғылымы өзінің дамуы, ұғымдық терминдік жүйесі қалыптасу,
жүйелену, толықтырылу, кейейтілу кезеңінде. Орыс тіл білімінің Ю.С.
Степанов, А.Д. Арутюнова, В.Н. Телия, В.В. Воробьев, В.А. Маслова, В.
Воркачев, және т.б. ғалымдардың лингвомәдени зерттеулер нысаны орыс кең
көлемде – славян халықтары тілдерінде көрініс тапқан ұлттық мәдениет
мәселелері болып табылады.
Зерттеудің өзектілігі. Лингвомәдениеттану ғылымының лингвистика
саласында пайда болуынан бастап, тіл мен мәдениеттің байланысына,
мәдениеттің тілдегі көріністерінің тілде қалай берілуіне, тіл арқылы
мәдениетті тану жүйесіне ерекше көңіл бөлініп, тың зерттелуде. Мәдениет
тілмен бірге өмір сүріп, тіл арқылы дамып, тілде көрініс табатының
дәлелдері жасалуда. Осыған орай бірнеше зерттеулік жұмыстар жасалып,
диссертациялар жазылуда. Бұл жұмыстар қазақ тілінің мәртебесін көтеріп,
мәдениетіміздің жарыққа шығып, танылуына орасан зор әсер етеді деген
үміттеміз.
Зертеу нысаны. Зерттеу жұмысының басты нысаны – мәдениеттің санадағы
көрінісін ашып көрсету. Тұлға санасында мәдениет қандай ұғымдармен
ұштасады, қандай орын алады, нендей дәрежеге ие екендігін айқындау –
жұмыстың негізгі нышаны. Негізгі нысан болып табылатын мәдениет ұғымының
санадағы рөлін анықтау маңызды орынға ие.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты –
лингвистика ғылымында зерттеліп келе жатқан жаңа лингвомәдениеттану
бағытының өрісін кеңейтіп, мәдениетті сана ұғымымен байланыстыра зерттеу.
Осы мақсатқа байланысты келесідей міндеттер қойылды:
• Сана және тілдік сана ұғымдарын зерттеу. Сананың басқа ғылымдар
жүйесінде алатын орны мен тіл білімі саласындағы рөлін айқындау;
• Мәдениет ұғымының өресін аша түсу, тілдегі қызметін анықтау;
• Мәдениеттің тіл, тұлға, қоғам, өркениетпен байланысын түсіндіру;
• Тілдік санадағы мәдениеттің көрінісін талдау. Санада мәдениет қандай
жүйеде көрінетіндігін эксперименталды көрсеткіштермен дәлелдеу;
• Ұлттық мәдениеттің тілдік бірліктердегі айшықтарын белгілеу;
• Қазақ тіліндегі мәдени бірліктер мен өзге тілдердегі бірліктерді
салыстыру;
• Қазақстандағы қазақ және орыс халықтары санасындағы мәдениет
көріністерін талдау.
Зерттеудің әдістері. Зерттеуде салғастырмалы және ассоциативті
эксперименталды талдау әдісі қолданылды.
Зерттеу материалдары ретінде әр түрлі ұлт өкілдерімен қарым-қатынас
барысында бақылау жүргізу арқылы жиналған материалдары болып табылады.
Жұмысты жазу барысында арнайы кітаптардан ұлттық мәдени көріністі анықтау
мақсатында фразеологиялық жүйелер алынып, талданды. Диплом жұмысында келесі
лексикографиялық дереккөздер қолданылды: Мағыналас фразеологизмдер сөздігі
(Смағұлова Г.); Словарь по языкознанию. Тіл білімі сөздігі ( Э.Д.
Сулейменова). Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (Жалпы редакциясын басқарған
Т. Жанұзаков).
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Зерттеу барысында алынған қазақ
және ағылшын халықтарының ұлттық санасындағы мәдени белгілер, ассоциативті
эксперименттер арқылы алынған санадағы мәдениет көріністерінің
көрсеткіштері лингвомәдениеттану бағытының теориялық тұрғыдан толыға
түсуіне өз әсерін тигізеді.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Жұмыста алынған нәтижелер мен
қорытындылар тіл білімі саласының лингвомәдениеттану бағыты бойынша арнаулы
курстарда, сонымен қатар оқу-әдістемелік материал құрастыруда, дерек
көздерін алуда пайдалануға болады.

1 САНА. САНАНЫҢ ӘРБІР ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ. ТІЛДІК
САНА

1.1 Тіл – сана мазмұнын білдіретін негізгі құрал. Сана, тілдік сана
ұғымдары
Сана, тілдік сана ұғымдары әртүрлі ғылыми жұмыстардың зерттеу пәніне
айналды. Айталық, психология, философия, логика, лингвистика ғылымдарының
әрқилы салаларында жан-жақты сөз етіліп жүрген аталмыш ұғымдар ғылыми
термин ретінде әрқалай түсіндіріліп жүргендігі белгілі. Оның себебі бұл
ұғымдардың күрделі табиғатынан болса керек. Әр ғылым саласы сана ұғымының
өзіне тән ерекшеліктерін айқындауға талпынуда. Осы уақытқа дейін сана мен
тілдік сана бір нәрсе ретінде қарастырылып келсе, қазіргі таңда сана мен
тілдік сана арасында теңдік белгісін қоюға болмайтындығына көптеген
зерттеушілер назар аударып отыр.
Психологияда сана ұғымы адамдардың қоғамдық-тарихи әрекетінің
жалпыға бірдей формаларымен сипатталатын объективтік әрекетке қатысты
адамға тән амал. Сана – әлемнің объективтік заңдылықтары, қасиеттері мен
мүмкіндіктері жайлы біліммен дүниеге деген көзқарас ретінде анықталады.
Сана көптеген пәндер үшін ақиқатты мінсіз қайталау қабілетін, сондай-ақ,
әртүрлі деңгейде механизмдер мен формаларды білдіретін негізгі ұғым болып
табылады. Өткен ғасырда сана мәселесі тек гуманитарлық ілімдер пәні, соның
ішінде әсіресе философия мен психологияның пәні болып табылады деп
есептеледі. XX ғасыр бұл шеңберді айтарлықтай кеңейтті. Көптеген
жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар да сананы зерттеумен айналысып,
оның кейбір заңдылықтарын зерттеді. Философия мен психология үшін сана
мәселесі негізгі зерттеу нысандарының бірі болып саналады. Әлеуметтану
ғылымы сананы қоғамның әлеуметтік топтарының қызығушылығы, елестерінің
(представление) түзілуі және жүзеге асуы тұрғысынан зерттейді. Ал тіл
білімін сананың тілдік сипаты қызықтыратыны сөзсіз, осы тұрғыдан
лингвистиканың қарқынды дамып келе жатқан жас бағыттарының бірі
психолингвистика үшін тілдік сана ұғымы орталық ұғымдардың біріне айналып
үлгерді, оның себебі де жоқ емес. Тіл – сана мазмұнын білдіретін негізгі
құрал болып табылады. Тілдің өзі тіл білімінің жас бағыты
психолингвистикада арнайы бейнеде әлемді бейнелейтін және адамдардың
айналадағы ақиқат жайлы ұғым түсінігін қалыптастыратын тірі құрал ретінде
түсініледі.
Қазіргі лингвистикада да тілді антропологиялық аспектіде, яғни
адаммен, оның санасымен, ойлаумен, рухани-практикалық әрекетімен тығыз
байланыста қарастыру қажеттігі атап көрсетіледі. Тіл иесі – сөйлеуші
адамның ішкі әлемінде назар аударуды місе тұтқан көптеген зерттеулер тұтас
лингвистикалық парадигманың өзгеруіне әкеп соқтырды, сөйтіп ғылымдардың
назары сөйлеу құралдардың көмегімен жүзеге асатын күрделі адами өзара
қатынастардың жиынтығына ойысты. Қазіргі лигвистикалық ғылыми парадигманың
антропоцентризмі тілді сөулеу, когнитивтік, әлеуметтік және оны
қолданушының басқа да қызмет түрлерімен байланыстыра зерттеудің бірқатар
бағыттарынан бастау алды.
Қазіргі лингвистикада тіл табиғатын қарастырудағы түбегейлі
өзгерістердің себептері көп-ақ, солардың бірі тілді және оның қарым-
қатынастық қызметін тек формалық құрылым тұрғысынан зерттеу арқылы тіл
табиғатын толық әрі жан-жақты тану мүмкін еместігі болып отыр. Жиырмасыншы
ғасырдың аяғында тілге деген антропоцентристік көзқарастың нығая түсуіне
байланысты лингвистердің зерттеу мүдделері тіл – әлеуметтік ақиқат,
болмыспен тығыз байланысты құбылыс тұжырымында тоғысты. Антропоцентристік
ғылыми парадигма тілді статистикалық жүйе ретінде зерттеумен шектеліп
қалмай, тіл мен қоғамның өзара байланысын қарастыруға дейінгі ғылыми
зерттеулердің шекарасын кеңейтетін лингвистикадағы жаңа бағыттарға негіз
болды.
Теориялық тіл білімі саласында тіл мен ой және тіл мен сана арасында
нақты шектеулер жоқ. Соған қарамастан, бұл байланыстар белгілі бір
өзгешеліктерге ие. Тіл мен ой қатынасы ең алдымен тілдік бірліктердің
сезімдік және абстрактылық оймен байланысын, осы байланыстың заңдылықтарын,
сонымен қатар, ойдың вербальды көрінісін, тілдік функцияларға (аперцепция,
аналогия, ассоцияция, ой конденсациясы(конденсация мысли)), қатысты әртүрлі
психологиялық үрдістерді оқытуды қамтиды. Тіл мен ой қатынасы, сондай-ақ,
тілдің шығуы секілді түпкі мәселелерді де қарастырады. Ой жиегі тіл мен
сана жиегінен кеңірек, өйткені ол тілдік ойды ғана емес тұлғаның
психологиялық қызметін де қоса біріктіреді. Егер тіл мен ойды зерттеуде
байланыстың формалық жағы қарастырылса, тіл мен сананы зерттеуде өмір
заңдылықтарына, қоғамның дамуына байланысты өзгеріп отыратын байланыстың
мазмұндық жағы есепке алынады. Ойдың сезімдік және абстрактілік формалары
адамзаттың бүкіл өмір тарихында өзгеріссіз қалады. Ал ұлттың өмірі мен
тіршілігінің көрінісі болған сана өзгеріп отырады. Сана тілде жылдар бойы
жинақталған білім мен қоғамның әртүрлі дәуірде әлемді әртүрлі бейнеде
қабылдауы арқылы көрініс табады. Маркс пен Энгельстің тілдің көнелігі және
сана жайлы айтқан мынадай тұжырымдары бар: Тіл сана секілді көне; тіл
тәжірибеде бар, басқа тұлғалар және мен үшін өмір сүруші, әрекеттегі
сана.... Ал С.Н. Трубецкой: Біздің әрбір сөзіміз ұжымдық сананы
дәлелдейді деген. Алайда, бұл авторлардың пікірлері нақты лингвистикалық
зерттеуді қажет етеді. Ұжымдық сана тіл туралы ғылымның және теориялық тіл
білімінің зерттеу обьектісі болып табылмайды. Дегенмен, ұлттың тілдік
санасын қарастыруда табиғи тілдік факторларға сүйену ұжымдық сананың
эволюциясын зерттеумен айналысатын қоғамдық ғылымдарға пайдасын тигізер
еді. Кей ғалымдардың пікірі бойынша, сана жеке индивидтік және ұжымдық
болып бөлінеді. Ұжымдық сана мен индивидтік сана арасында байланыс бар.
Ұжымдық сана индивидтік сананың жетілуінде, әлемді тану бейнесін
қалыптастыруда қызмет атқарады. Ұжымдық сана индивидтер бірлестігінен
тұратындықтан, жеке сананың өзгеруі ұжымдық сананың өзгеруіне әкеп соғады.
Қазақстан республикасы секілді көп ұлтты мемлекетте билингвизм
(полилингвизм) – әрдайым орын алатын әлеуметтік құбылыс. Бір қоғамда
тұратын әртүрлі тілді иеленетін ұлттар үшін міндетті түрде әртүрлі ұлт
өкілдерінің қарым-қатынасына қажетті дәнекер-тіл қажет болып табылады.
Біздің елімізде мұндай қызметті орыс тілі иемденеді. Қазақстан
Республикасында өмір сүретін барлық қазақ ұлтынан өзге ұлттар осы тілде
белгілі бір дәрежеде меңгерген және оны ұлтаралық қарым-қатынас ретінде
қолданады. Осыған орай біздің елде билингвизм орын алған.
Билингвизм (қостілділік) – екі тілді меңгеру ұғымын білдіретін және
әлемнің тілдік бейнесі, тілдік сана, тілдік тұлға сондай-ақ ұлттық мәдениет
түсініктерімен байланысты күрделі психолингвистикалық құбылыс. Тіл қарым-
қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар ойлау тетігі, тану құралы және
әлемдік бейненің көрінісі болып тадылады.
Әлемнің тілдік бейнесі – бұл тіл арқылы әлемді тану, бұл тиянақталған
әлеуметтік маңызға ие, қоршаған орта жайлы ақпараттармен жинақталған тілдік
таңбалар жүйесі, бұл объективті тетіктің нақты тіл арқылы бейнеленуі.
Объективті мәннің біздің санамызда, яғни тұлға санасында түсініктермен
бейнеленеді, ал түсінік сөздер арқылы жеткізіледі.

1 сурет – Санадағы көріністер

Бұл жалғастық кескініндегі маңызды бөлік ақиқат (действительность), ал
түсінік және сөз қосымша бөліктер болып табылады. Сөз түсініктің тілдік
эквиваленті болып, сонымен бірге беріледі және заттың, белгінің, әрекеттің,
құбылыстың көрінісіне айналады.
Тіл және санамен қатар сана мен ойлау, тіл мен мәдениеттің өзара
байланыс мәселелері Э. Сепир, А.А. Потебня, Л.В. Щерба, Л.В. Выготский,
А.Н. Леонтьев, А.А. Леонтьев, А.А. Залевская, сонымен бірге Е.Ф. Тарасов,
Н.В. Уфимцева және т.б. секілді әртүрлі ғылымдардың еңбектерінде әрқилы
ғылыми және әдіснамалық тұрғыдан түсіндіріліп жүр. Ғалымдардың аталмыш
мәселені жан-жақты талдауы арқылы тілдік сана ұғымының күрделілігін
байқауға болады. Көптеген зерттеулердің барлығына қарамастан бірегей тұтас
тілдік сана теориясы бар деп айта алмаймыз. Тілдік сананы талдау
амалдарының ортақ нәтижесі көрсетіп отырғандай, тілдік сана тіл арқылы
көріністенеді, бейнеленеді. А.Н. Леонтьев тілдік сана ұғымын әлем
бейнесі ұғымымен салғастырып, әлем бейнесін индивид психикасындағы
заттық мағыналармен сәйкес когнитивтік сызбалар арқылы және саналы
рефлексияға бағынатын заттық әлемнің бейнеленуі ретінде анықтайды. Ол әлем
бейнесі әлемнің өзі секілді көпқырлы, ал әлем туралы білім әлемдегі біздің
әрекетімізден ажырағысыз екендігін атап көрсетеді. Ал Т.Н. Ушакова тілдік
сана туралы былай деді: Тілдік сана ұғымның өрісі кең, оның екі түрін
айқындауға болады: динамикалық – сананың жай-күйін вербалдық түрде білдіру,
санаға сөйлеу арқылы әсер ету, сондай-ақ, құрылымдық – субъектінің
менталдық тәжірибесінің, оның санасының әрекетінің нәтижесінде қалыптасатын
тілдік құрылымдармен жасалады. Сөйтіп, сананың дамуын тілдік деректерсіз
зерттеу мүмкін емес екендігіне зерттеу нәтижелері куә болып отыр. Н.В.
Уфимцева тілдік сананы тілдің көмегімен тіркелген адам санасы деп
сипаттайды. Сананы құрайтын мағына болып табылады. Тіл мен сана адамның
рефлекстік болмысының сәйкесетін екі түрі ретінде қарастырылады. Е.Ф.
Тарасов сана тікелей бақыланбайтындығын атап көрсетеді, ал сананы білдіру
құралдары, ең алдымен, вербалдық құралдар болып табылады. Е.Ф. Тарасов
тілдік сананы тілдік құралдардың көмегімен – сөздердің, еркін және тұрақты
сөз тіркестері, сөйлем, мәтіндер және ассоциативтік өрістердің көмегімен
құралып, көріністенетін сана бейнелерінің жиынтығы ретінде анықтайды:
Тілдік сана – тілдік құралдармен – субъектіллердің өзі сөйлеу қатынасы
барысында туындататын ілім ретінде және заттық іс-әрекетте сезім
мүшелерінен алынған перцептивтік деректерді қайта өңдеу нәтижесінде санада
пайда болатын сезімдік ілімдер ретінде жекелеген лексемалармен, сөз
тіркестерімен, фразеологизмдермен, мәтіндермен, ассоциативтік тезаурустар
мен сана бейнелері.
Бұл пікірмен толықтай келісе отырып, тілдік сана мазмұнын айқындау
амалдарының бірі еркін ассоциативтік экспериментте тіл иелері
реакцияларынан құралатын ассоциативтік өрістер болып табылатындығын атап
көрсетеміз. Тіл мәні оның бірегей екі қызметімен айқындалады, олар – қарым-
қатынас құралы және ойлау құралы қызметі. Сана мен тіл тұтастықты құрайды,
олар бірге өмір сүре отырып, бір- бірін толықтырады, тіл – ой мен сананың
тікелей болмысы, ақиқаты. Сана тек айқындалып қана қоймай, тілдің көмегімен
құралады. Оларды бір – бірінен бөліп қарастыруға болмайды. И.А. Стернин
тілдік сананы когнитивтік сананың бөлігі ретінде, адамның сөйлеу әрекеті
механизмдерінің меңгерушісі ретінде анықтайды, алайда адамның сөйлеу
әрекетінің өзі неғұрлым кеңірек ұғым – адамның коммуникативтік әрекетінің
бөлігі болып табылады. Осыған орай тілдік және коммуникативтік сананы
ажырату қажеттігін атап көрсетеді. Мысалы, тілдік санада сәлемдесу
формулалары жайлы ақпарат, ал коммуникативтікте – қалай саләмдесу керек
екендігі жайлы ақпарат бар.
Лингвистика мен психолингвистикада әлі күнге дейін адамның сөйлеу
әрекетін, адамның өз тілі жайлы білімінің жиынтығын қамтамасыз ететін
сөйлеудің психикалық механизмдері дұрыс терминдермен берілмей жүргендігіне
тоқталу манызды. Біздіңше, дәл осы механиземдер мен білімдер адамның
тілдік санасы құрайды. Олай болса, дәстүрлі лингвистика да тілдік сананы
зерттейді – тілдің қолданылу ережелері, нормалар, тілдік бірліктердің
санада реттелеуі және т.б., бірақ ол іс жүзінде орындалатын сипаттаулардың
психологиялық ақиқатын зерттемейді. Дәстүрлі тіл білімінің даму тарихының
бір кезеңінде мұның өзі жеткілікті. Алайда қазіргі таңда коммуникативтік,
антропоцентристік бағыт лингвистикада үстемдік етіп отырғанда, жаңа зерттеу
әдістері пайда болып отырған шақта, оның ішінде психолингвистикада,
зерттеушілердің тіл иесінен алшақтанған өлі тілге, сөздіктер мен
грамматикада ғана көрінетін тілге емес, тірі тілге деген, нақты
коммуникацияда қоладыналатын тілге деген қызығушылығы айтарлықтай өсті. Бұл
коммуникация, тілдің психикалық механизмдері, ассоциативтік – вербалдық
желілер, ассоциативтік өрістер және т.б. саласындағы зерттеулердің жедел
қарқынмен дамуына алып келді. Осыған орай тілдік сананы сөйлеудің шығу,
түсінудің менталдық механизмдерінің және тілді санада сақтаудың жиынтығы
деп түсіну ұсынылады, яғни адамның сөйлеу әрекет үдерісін қамтамасыз ететін
менталдық механизмдер.
Сөйтіп тілдік сана – сөлеу әрекетінің механизмдерін қамтамасыз ететін
сананың бір бөлігі: сөйлеудің тууы, сөйлеуді қабылдау және қосарымыз өте
маңыздысы – тілдің санада сақталуы. Әрқилы мағыналары бар тілдік бірліктер
жүйесі санада сақталады және тілдік сананың керек-жарағы болып табылады, ал
сана феномені ретіндегі тіл жүйесін зерттеу тілдік сананы зерттеу деген
сөз.
Тілдік сананы дәстүрлі лингвистикалық сипаттау деңгейі мағыналардың
және сөйлеуші адамның психологиясынан орындалатын сипаттаудың қолданылуын
жинақтап көрсетуді болжайды. Дәстүрлі, классикалық сипаттау лингвистикасы
тілді бірліктер жүйесі және олардың қолданылу ережелері ретінде
қарастырады.Мұндай бағдар тілде бар нәрсені, мәтіндерде, сөздіктерде,
жазбаша және ауызша сөйлеуде тіркелгенді, анықталып, жалпыға бірдей
қабылданғанды, тұрақталғанды сипаттауды болжайды.
Тілдік фактілерді психолингвистикалық сипаттау деңгейі эксперименталдық
зерттеу нәтижелерін көрсетеді, атап айтқанда, әртүрлі ассоциативтік
эксперименттер мен көптеген басқа эксперименталдық процедуралардың
көмегімен орындалған нәтижелер, олар тілдік таңбалар мен құрылымдардың
мазмұны тіл иесі санасында нақты қай түрде болатындығын айқындап,
сипаттауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, түсіну, сақтау және сөйлеу
туындыларының шығуы үдерістеріндегі тілдік бірліктер мен құрылымдардың
өзара әрекеттесу сипатын анықтайды.
Тілдік сананы лингвистикалық, та психолингвистикалық та деңгейде
зерттеуге болады. Екі бағдардың да өз әдістері бар, олар тіл жүйесін
сипаттауда бір-бірін толықтырады. Дәстүрлі-лингвистикалық сипаттамалардың
шынайылығы егер олар психолингвистикалық сипаттаулар нәтижелерін қосып
алатын болса жоғарылай түспек.
Қорытындылай келе, Е.Ф. Тарасовтың айтқан мына пікірін келтіргенді
жөн көрдік : бірдей ұлтық мәдениет жоқ, оның үстіне бірдей және сол бір
мәдени затты сипаттайтын біркелкі сана бейнелері жоқ. Егер мәдени зат бір
ұлттық мәдениеттен екіншісіне тасымалданған болса да, онда сезімдік бейне
бірдей болуы тиіс еді, бірақ бұл олай болмайды, себебі оның қалыптасуы үшін
тек бұл затты сезімдік қабылдауда алынған перцептивтік деректер ғана емес,
сондай-ақ табиғаты жағынан концептуалдық, мәдени білімнен тұратын априорлық
білімдер де қолданылады. Бұл заттың ақыл-ой бейнесінде (бір мәдениеттен
екіншісіне ауысқан) әрқашан ұлттық-мәдени айрықшылық элементтері болады.
Демек, бөтен мәдениетке жетуде алынған жаңа білімдер адамның өз және өзге
мәдениеттің бейнелері арасындағы айырмашылықтарды іздеу және бұл
айырмашылықтардың мәнін айқындау қажеттілігін сезігенде ғана қалыптасады,
ал бұл танылған бейне әлі толық танылмаған бөтен ретінде қабылданған
жағдайда ғана болмақ. Бөтен мәдениетті танудың мұндай амалында жаңа
білімдер талдап отырған субъектінің ескі білімдерінен қалыптасатындығын
есте ұстау қажет.
Білім мәдениет құбылысы ретінде танымның ортақ үдерістерімен де,
мәдениеттен қалыптасатын ақиқаттың ұйымдастырылу және мәнін ұғыну
формаларымен де байланысты өзіндік даму заңдылықтарына ие. Бұл, ең алдымен,
қабылдау және кеңістік, уақыт, қозғалыс, себеп-салдарлық байланыстардың
мәнін ұғыну құрылымдарымен байланысты білімнің категориялық-семантиқалық
формалары.

1.2 Мәдениет ұғымы. Материалдық және рухани мәдениет
Мәдениет ұғымы анықтамаларының саны тек ғылыми әдебиеттің өзінде екі
жүзден асады. Бұл сөз күнделікті өмірде де кең қолданылатындығына мән беру
керек. Газет-журналдардан әлеуметтік және буржуазиялық мәдениет,
материалдық және рухани мәдениет, музыка және шахмат мәдениеті, кәсіптік
мәдениет, сауда мәдениеті, өзін-өзі ұстау мәдениеті, тіпті вирустар
мәдениеті деген тіркестерді ұшыратамыз. Мәдениеттің ғылыми түсінігін
бірыңғай жалпы мәнінен ажырату үшін, аксиологиялық (оценочных(баға беру))
талдауынан арылу керек. Ауызекі тілде мәдениет сөзі аксиологиялық тұрғыда
қабылданып, өз мағынаснда баға беру мәніне ие болады. Мысалға, мәдениетті
адам (культурный человек) сөзі адам санасында жақсы, ал мәдениетсіз адам
(некультрный человек) жаман болып қабылданады. Ғылыми түсінікте,
мәдениет адамның әлеуметтік қызметінің үрдістерінің және шешімдерінің
жиынтығы болып табылады. Көпқырлы мәнге ие мәдениет ұғымының түсінігін
ашу үшін, оны әрқилы саладан талдау қажет деп есептеймін. Ең алдымен,
мінездемені тұлғалық ерекшелік көзқарасынан беріп көрелік. Атақты совет
психологы А.Н. Леонтьев, егер жануардың әрекеті оның тұқымқуалаушылық және
индивидтік тәжірибесінен анықталса, адам әрекеті қоғаммен де байланысты,
яғни, мәдениеттің бөлігі болып табылатын әлеуметтік-тарихи тәжірибемен де
басқарылады. Бұл тұжырым арқылы, А.Н. Леонтьев мәдениетті қоғамдық тұрғыдан
да зерттеудің қажеттілігін ашып көрсеткен.
Философиялық энциклапедияда мынадай түсінік беріледі: Мәдениет – бұл
қоғамның материалдық және рухани дамуындағы жетістіктерінің жиынтығы,
мәдени дәстүрдің қоғамда қолданылуы. Әлеуметтану сөздіктерінде: Мәдениет
– бұл экономикалық негіз арқылы қалыптасып, тарихи көрініске ие болған
қоғамның материалдық және рухани құндылықтарының жиынтығы деп
түсіндіріледі. Сонымен қатар, Культура, творчество, человек атты кітапта:
Мәдениет... – бұл мәдени құндылықтармен боялып, сақталып, жүйеге енгені
секілді, сол жүйелік құндылықтар арқылы қолданылатын, өмір сүретін тұлғаның
танымдық әрекеті. Ол тарихи тұлғалық құндылықтарды жеке тұлғалық байлыққа
айналдырып, адамның өзін және әрекетін өзгертеді. Сонымен, мәдениет
тұлғаның әлеуметтік қызметі ретінде түсіндіріледі. Екіншіден, барлық
зерттеушілер мәдениетті тарихи генезис деп мойындайды. Және әрбір жаңа
ұрпақ оны толықтырып тұрады, сондықтан мәдениет жинақталатын құндылық деп
түсіндіреді. Үшіншіден, мәдениет тұлғалық құндылықтардың қалыптасуына
орасан зор ықпылын тигізеді.
Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: материалдық және рухани
мәдениет. 1. материалдық – бұл өндірістегі құрал-саймандар, техника,
құрылымдар және тағы басқалар. 2. рухани – бұл ғылым, өнер, әдебиет тағы
басқалар. Мәдениеттің бұлай бөлінуі белгілі шартқа байланысты. Олардың
арасында тығыз байланыс, қатынастар бар. Осылардың нәтижесінде олар бір-
біріне әсер етеді. Мысалы, адам ойындағы кейбір ғылыми-техникалық жобалар,
тұжырымдар нақтылы өмірде жаңа техника, сайман, басқа құрал-жабдық түріне
айналады. Ал жаңадан пайда болған техника, құрылғы, технология, жаңа ой-
пікірлер, тұжырым, теория жасауға мүмкіндік туғызады. Материалдық мәдениет
құрамына еңбек құралдарымен бірге барлық қолмен, ақылмен өңделген еңбек
заттары жатады. Олардың мазмұны мен түрі мәдениеттің даму сатысын
көрсетеді. Сондықтан мәдениеттегі қазіргі бардың, болашақтың сабақтастық
байланысын тани білу қажет. Өткендегі құрал-саймандар із-түссіз жоғалып
кетпейді. Адамдар күнделікті өмірде мәдени құбылыстарды әртүрлі түсінеді.
Біреулері мәдениетті қоғамдағы құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы
түрде меңгеріп алуы десе, екіншілері – қоғамдағы адамдардың білім мен
тәрбие алу процестерінде пайда болған адамның саналы ақыл-ойы, мінезі, оның
ойлау қабілеті, сезімі ретінде қарайды. Мәдениет – тұтас бір құбылыс,
жүйелі талдау әдісі арқылы зерттеледі. Бұл әдісті екі тұрғыда қолдануға
болады. 1. мәдениет қоғамның оның әрбір саласының сапалық сипаттамасы
ретінде болады. 2. мәдениет жүйе ретінде, яғни, оның құрылымы, оған кіретін
бөліктер, элементтер, олардың арасындағы байланыс-қатынастарды, мәдениеттің
жүйелік салаларын зерттейді.  Адам іс-әрекеті дамуының өзі мәдени
құбылыстың жеке көрінісі болады. Жалпы мәдениет құрылымы екі үлкен бөліктен
құралады: 1. Материалдық мәдениет – бұл адамның табиғатты өзгерту, қайта
құру процесімен байланысты; 2. Рухани мәдениет – бұл адамның рухани
дүниесін және оның әлеуметтік өмірін өзгертумен байланысты болады.
Мәдениеттің мәні мен мазмұны оның құрылымымен тығыз байланысты. Ал, оның
құрылымы күрделі болғандықтан әртүрлі элементтерден, бөліктерден тұрады.
Мәдениеттің негізгі элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты
атқаратын қызметі таным, яғни таңба – символдық элемент болып саналады.
Халықта күш – білімде деген сөз бос айтылманы белгілі. Білім әр уақытта
белгілі бар ұғымдар, түсініктер арқылы қалыптасып, көрініс тауып,
анықталады.
Мәдениет қызметтері. Осыған дейін қарастырылған ұғымдарды негізге
алып, қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау мүмкіндігі
бар:
Адамды калыптастыру қызметі. Бұл – мәдениеттің қоғамдағы басқа
қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен тікелей
байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек
жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет
адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан
қоғамның туындысы, төл перзенті. Адамға ең қиыны – адам болу. Ал оның
негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен
жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен
ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде жеке
тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына
сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік
тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында
толыққанды ашылуы болып табылады.
Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір
ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір төсілдерінің өзіндік
ерекшеліктеріне қатысты. Ақпараттық (информациялық) беріліс әлеуметтік
жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді. Шын мөнісінде
қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны
шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар – салт-
дәстүр, әдет-ғұрып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және өнер, білім тағы
басқалары руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет
субъектісінің өзіндік санасының жанды буынына айналады.
Танымдық қызметі. Мәдениеттің қоғамдағы бұл қызмет, міндетінің сан
алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе – мәдениет
пен білімнің арақатынасы. Табиғаттан қулығын асырып жіберуге (Гегель)
бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігіне
жатады. Ертедегі гректің пайдейя, ислам өркендеуіндегі маариф, қазіргі
өркениеттегі интеллигенттілік ұғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей
туыстығын, үндестігін білдіреді. Осы сипатта, әсіресе зиялылар
(интеллигенция) мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет атқарады.
Бүгінгі күнге лайық адамдық қарым-қатынас орнату интеллигенцияның басты
міндеті... Ал біздің өркениеттілігіміз жаппай компьютерге көшумен
сипатталмауы керек, мәдени диалогтың түрін жасап, оны сақтай білу
қабілетімізбен көрінуі керек. Яғни білімділік мәдениеттіліктің маңызды
алғы шарты болғанымен, бұл екі ұғымның арасында елеулі айырмашылық, белгілі
алшақтық, кейде тіпті қайшылық бар.
Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық өрекет мәдениетке
үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейде мәдениеті бар өркениет
ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра алады.
Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ, өнер арқылы әсемдікке ұмтыламыз, ал
моральдық таным арқылы – жақсылық пен жамандықты айырамыз.
Реттеу қызметі. Бұрынғы Кеңес Одағында шыққан кітаптарда мәдениетті
ғылыми жолмен басқару атты сөз тіркесі кең етек алған-ды. Бірақ адамның
дүниеде өмір сүру тәсілі ретінде түсіндірілетін мәдениетті басқару мүмкін
емес, әйтпегенде адамды тетікке, қуыршаққа айналдырған тоталитарлық айла-
шарғы үлгілерін көреміз. Айталық, Ертедегі Грекияда ешқандай шенеуніктер
адам басына театрлар неше билет сатты деген ақпараттар жинаған жоқ. Солай
болса да ол елдегі жоғары мәдениеттің және рухани ізденістің қандай
деңгейде болғаны бөрімізге белгілі. Алайда солай екен-ау деп мәдениетке
сыртқы ықпал жасау мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Мәдениеттегі
реттеушілік әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәдениетте
күнделіктіден гөрі жоғарыға, идеалдыға, үлгіге көбірек көңіл бөлінеді.
Мәдени ұғымдарда нормативтік, ережелік талаптар басымырақ. Мысалы,
мәдениетті адам дегенде оның адамдық жан-жақты белгілерді бойына
толығырақ, тереңірек дарытқандығын көрсетеді. Ол – білімі ғылым деңгейіне,
киімі сол кезде көп тараған сәнге, мінез-құлқы осы қоғамның адамгершілік
талаптарына сай адам.
Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызметі. Бұл мәдениеттің қоғамдағы
негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер
сұхбаттасуы – әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Адам ерекше бір өрісте –
қарым-қатынас өрісінде болады. Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық
тербелісі адамды нәзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар
ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық, шеберлік тәжірибелерімен,
сезімдік үлгілерімен ауысу толастамақ емес. Мәдениет игіліктерін жас
нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына шомылып
қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды. Ғылымда социализация
(әлеуметтену) деп аталатын процесс те мәдени қарым-қатынасқа негізделген.
Мәдени қарым-қатынастың түрлері дегенде олардың әмбебаптығына және
көпмағыналылығына көңіл бөлу қажет. Мәдени құндылықтарды оларды жасаушылар
және тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас ретінде алуға болады. Мәдени
туынды қаншама асыл болғанымен, егер ол рухани азық ететіндері белгілі бір
себептермен жетпей жатса, онда ол мәдени айналыстан шығып қалады. Адам
тұрмайтын үй қаңырап бос тұрады, отарба жүрмейтін темір жол жай темір мен
ағаштың үйіндісі, ешкім оқымайтын кітап шаң басып жатқан қағаз. Мәдени
болмыстың тірегі деп қарым-қатынасты айтамыз. Мәдениеттің қоғамда атқаратын
басқа да қызметтері жеткілікті. Зерттеушілер оның аксиологиялық,
футурологиялық, герменевтикалық тағы басқалары түрлерін атайды.
Тарихи мәдени процесс. Біз осыған дейін мәдениетті ұғымдық жағынан
қарастырып келдік. Ал мәдениет болмысы – тарихи-мәдени процесс. Оны
әлеуметтік қозғалыстың ақпараттық түрі деп атауға болады. Мәдениеттің
заттық пішіндерінде ақпараттық беріліс адам әрекеті нәтижесінде жасанды
табиғатта ұяланса, ал рухани мәдениетте ол текстер мен тілде жүзеге асады.
Тарихи-мәдени қозғалысты мәдениеттану дүниежүзілік тарихтан басқаша
қисынмен зерттейді. Оның алдында оқиғалар мен тарихи деректердің тізбесін
жасау мақсаты тұрған жоқ. Ол осы тарихи-мәдени процесстің қисындық
модельдерін бейнелеуге тырысады. Егер біз дүниежүзілік тарихқа осы сипатта
назар аударсақ, онда адамзат дамуында екі бағыт бар екеңдігін байқаймыз.
Біріншісі, табиғатты меңгеру арқылы өндіргіш күштер мен өндірістік
қатынастарды өркендетумен, білім мен техниканың дамуы нәтижесінде
қалыптасатын өркениетпен байланысты. Өркениет заманы адам өміріне машинаның
жан-жақты енуімен, тіпті адамның руханилығының құндылығы кеміп, оның осы
машинаның тетігіне айналған көріністерімен айқындалып тұр. Н.А. Бердяев бұл
туралы былай деген: Өмір органикалық сипатын жоғалтып, табиғи
тербелістермен байланысынан айырылады. Адам мен табиғаттың ортасына,
адамның табиғатты бағындырғысы келген құралдары қойылған... Өркениеттің
негізі енді табиғилық та, руханилық та болмай қалды, оның негізі –
машиналық.
Әрине өркениет адам өмірін қазіргі кезде тұтынудың жоғары деңгейіне
көтерді. Дамыған елдерде не жеймін, не киемін сияқты мәселелер түбегейлі
шешілген. Бірақ адамзат үшін бұлардан басқа маңызды талап-тілектер бар.
Екінші бағытты – адам руханилығының дамуы (мәдениет) деп атауға болады. Ол
адамның ішкі дүниесіне, оның терең сезім қатпарларына, ой-өрісіне бұрылған.
Осы екі бағыттың айырмашылығын Шығыс пен Батысты салыстыру арқылы да
байқауға болады. Егер Шығыс мәдениетке көбірек көңіл бөлсе, Батые
өркениетті дамытуда бірталай жетістіктерге жетті. Батые адамы Дүниемен,
табиғатпен, өзі сияқты басқалармен күресуде. Шығыс адамындағы күрес пафосы
керісінше: ол өзімен-өзі, өзіндегі толымсызбен күреседі. Егер тарихи-
мәдени қозғалыстың динамикасын алып қарастырсақ, онда тарихи тұрғыдан
төмендегідей сатыларды бөліп көрсетуге болады.
• Льюис Генри Морганның ілімі бойынша: 1. Тағылық. 2. Варварлық.
3. Өркениет.
• Маргарет Мидтің ілімі бойынша: 1. Постфигуративтік (дәстүрлік)
мәдениет. 2. Кофигуративтік (замандастық) мәдениет.
3. Предфигуративтік (жас ұрпақтық) мәдениет.
• Даниелл Беллдің пікірі бойынша: 1. Индустриалдыққа дейінгі қоғам.
2. Индустриалдық қоғам. 3. Индустриалдықтан кейінгі қоғам.
Марксизм бес қоғамдық-экономикалық формацияға (алғашқы қауымдық,
құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік) тән мәдениеттің бес
түрін көрсетеді. Бұған дейін мәдениет өзінің тұтастық және жалпылық
белгілері бойынша бүкіладамдық қасиет ретінде сипатталды. Алайда, нақтылы
тарихта әртүрлі мәдени жүйелер өмірге келіп жатады, олар кейін орнын
басқаларға береді. Ал этностық (ұлттық) мәдениеттерді алсақ, олар тіпті бір
ғасырдың ішінде талай өзгерістерді басынан өткізген. Мысалы, XX ғасырдағы
қазақ мәдениеті туралы сөз болғанда көшпенділерден бастап кеңестік
тоталитарлық мәдениетпен қоса, қазір қайта жаңғырып жатқан қазақтың төл
мәдениеті туралы айту қажет. Сонда, әр мәдениеттің өзіндік ерекшеліктерін
жоғалтпай, оларды белгілі бір жүйеге, топқа келтіруге бола ма? Бұл
мәдениеттер типологиясы туралы және мәдениеттанудағы ең келелі мәселелердің
бірі болып табылады.
Типология (грек тілінен типос пішін, үлгі, із және логия ілім, сөз
деп аударылады) деп қазіргі ғылыми әдебиетте 28 зерттеу объектілерін
жалпылама үлгі көмегімен талдау, сұрыптау және жинақтау әдістері мен
тәсілдерін айтады. Типология, әсіресе, бір-біріне үқсамайтын, көп түрлі
құбылыстармен істес болатын ілімдерде реттеу және түсіндіру мақсатында жиі
қолданылады. Осы сипатта типологияның XX ғасырда жан-жақты дамыған
структурализм, жалпы жүйелік ілім мен мәдениеттану сияқты ілімдерде кеңінен
қолданылатынын баса айту қажет.
Бұл ілімдерде типология әр түрлі құрылымдық заңдылықтарды ашу, олардың
негізіндегі архетиптерді айқындау, осының нәтижесінде идеалды типтерді
құрастыру және оларды салыстырмалы тәсілдермен түсіндіру сияқты ғылыми
негізгі әдістерге жатады. Сонымен, адамзатқа тән сан алуан мәдениетті
зерттеу үшін типология ауадай қажет. Қазіргі мәдениеттануда типологияның
бірнеше баламасы қабылданған. Бұл жерде шешуді қажет ететін мәселе – мәдени
типтердің өзара байланысы. Дүниежүзілік тұтас мәдениеттер эволюциясы бар
ма, әлде әрбір мәдениет оқшау, бірбірімен алшақтап кете ме? Осы мәдени
типтердің тарихтағы салмағы, оның қосқан үлесі қандай? Неліктен адамзат
дамуында белгілі бір мәдени тип алға озып шығады? Ал бұрын гүлденгені, неге
кейін солып қалады? Осындай сұрақтарды жалғастыра беруге болады. Енді
соларға түсіндірмелерді іздестіріп көрейік. Осы мәселе бойынша
мәдениеттануда негізінен үш бағытты бөліп алуға болады. XIX ғасыр тарих
тұрғысынан мәдениет типтерін негізінен біртұтас дүниежүзілік өркениеттің
қалыптастыру зандылықтарына сәйкестендіре шешті. Дарвинистік эволюциялық
ілім ықпалымен пайда болған бір бағыттық прогрессивтік мәдени даму
тұжырымдамасы бойынша әртүрлі өркениет жоқ. Тек бір өркениет бар және де
барлық дамыған елдер мәдениеттің ұқсас сатыларынан өтеді. Бұлай ойлау,
әсіресе, марксизм ілімінде анық айтылған (қоғамдық-экономикалық
формациялар, спираль түрінде даму идеялары). Гегель философиясындағы
жалпыламалықтың жекелерден жоғары түрып, оларға үстемдік ету принципі
мәдениет типтеріндегі өзіндік ерекшеліктерді елемеуге әкеліп соқты.
XIX ғасырдың екінші жартысынан басталған бетбұрыс осы мәселеге де өз
әсерін тигізді. Мәдениеттегі ортақ даму заңдылықтарын логикалық тұрғыдан
талдаудың орнына әрбір өркениеттің көркем өмірбаянын суреттеу алдыңғы
қатарға шықты. Ресейде де бұл идея XIX ғасырда терең тамыр жайған. Осы
ретте орыстың белгілі мәдениет тарихын зерттеушісі Н.Я. Данилевскийдің
тарихи-мәдени тип іліміне қысқаша тоқталып өтейік. Ол өзінің Ресей және
Еуропа атты шығармасында тарихта 13 мәдени типтің болғанын атап өтеді. Осы
тарихи-мәдени типтердің арасынан біз түрік халықтарын таба алмаймыз. Ғалым
О. Шпенглер сияқты Н. Данилевский де Орталық Азия халықтары варварлық
сатыдан шыға алмады деген еуроорталықтанған көзқарас шеңберінде қалып
қойған. Әрбір мәдени-тарихи тип оқшау организм тәрізді болгандықтан,
олардың бір-біріне қарым-қатынасы шектелген, араларында шынайы сұхбаттасу
(диалог) мүмкін емес. Н. Данилевскийдің пікірінше, ұлттық мәдениеттер
шығармашылық (творчестволық) және қатып-семіп қалғандар (реликтілік) болып
бөлінеді. Тарихи қозғалыс нәтижесінде кейбір мәдениет алға озып шығады да,
басқалары оларға этнографиялық материал болудан өзгеге жарамайды. Жалпы
қалыптасқан мәдениет шамамен 1500 жылдай өмір сүреді. Оның 1000 жылын
қалыптасу, нөр жинау, басқалардан оқшаулануды қамтитын этнографиялық кезеңі
алса, 400 жыл мемлекеттік кезеңге жатады. Тек соңғы 50-100 жыл ішінде
тарихи-мәдени тип өзін көрсетеді, тарихта із калдырады. Бұл кезеңді Н.
Данилевский өркениет деп атайды. Бірақ өркениет түбінде этностық мәдениетке
орны толмайтын нұқсан келтіреді, оның архетиптік өзегін жегідей жейді.
Әрине, Н. Данилевский тарихи-мәдени типтердің арасындағы байланысты
мүлдем жоққа шығара алмайды. Оның пікірінше, мәдениеттердің арақатынасының
3 түрі бар:
1. жою, тазарту (мысалы, еуропалықтардың Америкадағы үндістер
өркениеттерін мүлдем құртып жіберуі);
2. будандастыру (I Петрдің еуропалық мәдениетті орыс жеріне енгізуі);
3. тыңайту (мәдениет өзінің негізін сақтап, басқалардың нөрімен
толығады). Жалпы алғанда көптеген тың пікір айтқанымен, Данилевский
мәдениеттер тұтастығын жеткілікті ескермейді.
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап адамзат ғасырлар бойы қалыптасқан,
алайда жаугершілік пен алапат соғыстардың салдарынан жиі-жиі үзіліп қалған
өзінің бірыңғай мәдени бірлігін қалпына келтіре бастайды. Бүкіл планеталық
тұтастық идеясы гуманист ойшылдарды тарихтың ішкі мәнісін замандар
сабақтастығынан іздеуге ұмтылдырды. Мәдени оқшаулық теориялары өз орнын
адамзат өркениеті дамуының біртұтастығы жайындағы ілімдерге бере бастады.
Осылардың ішінде белгілі философ-экзистенциалист Карл Ясперстің (1883-1969)
белдеулік (осьтік) уакыт ілімі ерекше орын алады.
К. Ясперстің пікірінше, адамзат біртұтас күйде пайда болатын, негізгі
даму бағыты ортақ және тағдыры мен болашагы ұқсас. Жалпыадамдық мәдениет
пен өркениеттің қалыптасуына шешуші әсер еткен фактор тарихтағы рухани
даму, құдайлық сенімнің адамдарды баурап алуы. Бірақ, әрбір дүниежүзілік
немесе ұлттық дін өзара таластың салдарынан жалпыадамдық наным мен сананы
қалыптастыра алмады. Оны тек қана дүниежүзілік тарихтың белдеулік
уақытында пайда болған философиялық сенім тұжырымдады. Бұл – шамамен
б.э.б. 800 және 200 жылдарды қамтитын уақыт. Осы кезде планетамыздың әр
жерінде (Қытайда, Үндістанда, Персия мен Палестинада, Ежелгі Грекияда)
рухани қопарылыс болып, қазіргі адам типі қалыптасты. Бұл уақытта,- дейді
К. Ясперс одан әрі, керемет құбылыстар болып жатты. Қытайда Конфуций,
Лаоцзы, Мо-цзы, Чжун-цзы, Ле-цзы және тағы да көптеген философтар өз
ойларын дамытты. Үндістанда Упанишадтар пайда болып, Будда өмір сүрді. Осы
екі елде де адамзаттың барлық тағдырлық мәселелері пайымдалып, бабына
жетті. Иранда Заратуштра жақсылық пен зұлымдықтың арасында толассыз күрес
жүретін әлемтуралы өз ілімін уағыздады. Палестинадан Илия, Исайя, Иеремия
және Екінші Иса пайғамбарлар шықты. Ал Грекия – бұл Гомер мен Парменид,
Гераклит, Платон тәрізді философтардың, Фукидид пен Архимед сияқты
трашктердің уақьггы. К. Ясперс ертедегі ұлы мәдениеттердің пайда болуын
адамның өзінің әлсіздігін сезініп, осы жағдайдан құтылу үшін рухани күреске
шығуы арқылы түсіндіреді. Адамзаттың рухани бірлігі идеясын К. Ясперс
мәдениеттер типологиясын талдауға негіз етіп алған. Оны нақтылы көрсету
мақсатымен төмендегідей кестені Тарихтың түп-тамырлары және оның мақсаты
шығармасында ұсынады.
Мәдениеттік сұхбаттың табиғаты. Қазіргі адамзат баласы мыңдаған
халықтардың жүздеген мемлекеттеріне біріккен миллиардтаған саны бар
жұртшылық. Олардың бәріне ортақ не болуы мүмкін? Олардың бәріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы
Аспан денелері атауларының концептуалды өрістері
Әлемнің ұлттық тілдік бейнесі - идеографиялық құрылымдағы лексикалық жүйелер
Лингвоконцептология теориясы және әлемнің тілдік бейнесі.Концепттер ұғымы
«Аққу» концептінің лингвомәдени ерекшелігі
Концептуалды талдау жұмысы
Авторлық сана – мәтіннің базалық ұғымы
Қазақ тіліндегі «Аңшылық» концептісі
Тілдік санадағы ауыл/қала ұғымдары
Концептінің лингвистикадағы мағынасы
Пәндер