Абай және Шәкәрім – сазгерлік өнер мәселесі



Кіріспе
І. 1. Абай әндері және қазақ мәдениеті.
1.2. Абайдың музыкаға байланысты эстетикалық көзқарасы.
1.3 Абай өлеңдерінің музыкалық стилі.
Абайдың күйі хакінде
ІІ. Шәкәрімнің қазақ музыкасына қосқан үлесі.
2.1. Шәкәрімнің композиторлық өнері.
2.2. Шәкәрім әндеріндегі көркемдік категориялар.
2.3. Шәкәрім әндерінің орындалып, талалуы.
Қорытынды
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ халқының рухани бай мұрасынан ауыз толтырып айтатын мақтанышымыз – сазгерлік өнер яғни музыка. Музыка өнері- әр ұлттың ертеден келе жатқан мәдени талғамының бір арнаға құйылып, асқақты күйімен өрбіп-дамып отырған көптеген ғасырлық үнінің жемісі. Музыка - әлемде тіршілік ететін адамзаттың немесе адамдар игілігіне қызмет жасайтын бүкіл өмір мен оның құбылыстарының өзара қарым-қатынаста сырласа үндесуін сезімге жеткізіп отыратын құрал. Яғни адам жан-күйін тәрбиелейтін, эстетикалық қабілетін дамытатын, сенсорлық мәдниетке баулитын, іске батыл жетелейтін эмоциялық құралдардың бірі – музыка.
Қазақ халқы ежелден сөз қадірін түсіне білген, ән құдірітіне ұйып тыңдай білген халық. Қазақта музыканы өмірге әкелушілер халықтың сазгерлері, ақындары, сал-серілері, жырау-жыршылары және ақын-композиторлары болды.
Жоғарыда аталған сазгерлік өнер мен сөз өнерін қатар алып жүрген, екеуінің де қадір-қасиетін түсініп, тамырына терең бойлай білген ақын – композиторлар болып табылады. Оларға Ақселеу Сейдембек: «Ақын-композиторлар ақындық пен композиторлықты да, әншілікті де игерген өнерпаздар» деп баға беріп, осынау синкретті өнерпаздық дәстүр XIX-XX ғасыр аясындағы ақын-жазушылардың бойынан айқын байқалатындығын айтады. Сонымен қатар А.Сейдембек қазақ қаламгерлері ақын-жазушы ретінде неғұрлым тегеурінді болса, соғұрлым олар шығарған ән-күй де төлтума болмысымен дараланып отырады. Бұл ретте А. Құнанбаев, Ә.Найманбаев, К.Әзірбаев, Ш.Қошқарбайұлы, И.Байзақов тағы басқа ақындардың әндерә мейлінше дара саз-сарынымен қазақтың дәстүрлі ән өнерінің қадір қасиетін сақтай отырып, әр қайсысы өзіндік әуен-нақыш қалыптастыруымен ерекшеленетінін атап өтеді. Олай болса, осылардың ішінде, қазақ ән өнерінің көкжиегін кеңейткен, әуен-сазын байытқан, тақырып өресін ұзартқан рухани құбылыс ретінде назар аудартатын тұлғалар – ұлы ақын, ерекше дарын иесі Абай Құнанбаев пен оның шәкірт-інісі қазақ әдебиеті тарихында өзіндік даралығымен ерекшеленетін Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Тақырыптың өзектілігі.
Қазақ халқының композиторлық өнерінде өзіндік үні, әуен-сазы, поэзиялық өрнегімен сүре салған Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары – қазақ музыкасының биік белесін байқататын лириканың көркем де керемет үлгілері. Олар қазақ мәдениетіне екі бірдей арнада – музыка және поэзия саласында қатар үлес қосқан дарын иелері. Олай болса, олардың шығармашылығын осы екі арнаны қатар ұстай отырып қарастырған ләзім.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Абай және Шәкәрім – сазгерлік өнер мәселесі

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ халқының рухани бай мұрасынан
ауыз толтырып айтатын мақтанышымыз – сазгерлік өнер яғни музыка. Музыка
өнері- әр ұлттың ертеден келе жатқан мәдени талғамының бір арнаға құйылып,
асқақты күйімен өрбіп-дамып отырған көптеген ғасырлық үнінің жемісі. Музыка
- әлемде тіршілік ететін адамзаттың немесе адамдар игілігіне қызмет
жасайтын бүкіл өмір мен оның құбылыстарының өзара қарым-қатынаста сырласа
үндесуін сезімге жеткізіп отыратын құрал. Яғни адам жан-күйін тәрбиелейтін,
эстетикалық қабілетін дамытатын, сенсорлық мәдниетке баулитын, іске батыл
жетелейтін эмоциялық құралдардың бірі – музыка.
Қазақ халқы ежелден сөз қадірін түсіне білген, ән құдірітіне ұйып
тыңдай білген халық. Қазақта музыканы өмірге әкелушілер халықтың
сазгерлері, ақындары, сал-серілері, жырау-жыршылары және ақын-
композиторлары болды.
Жоғарыда аталған сазгерлік өнер мен сөз өнерін қатар алып жүрген,
екеуінің де қадір-қасиетін түсініп, тамырына терең бойлай білген ақын –
композиторлар болып табылады. Оларға Ақселеу Сейдембек: Ақын-композиторлар
ақындық пен композиторлықты да, әншілікті де игерген өнерпаздар деп баға
беріп, осынау синкретті өнерпаздық дәстүр XIX-XX ғасыр аясындағы ақын-
жазушылардың бойынан айқын байқалатындығын айтады. Сонымен қатар
А.Сейдембек қазақ қаламгерлері ақын-жазушы ретінде неғұрлым тегеурінді
болса, соғұрлым олар шығарған ән-күй де төлтума болмысымен дараланып
отырады. Бұл ретте А. Құнанбаев, Ә.Найманбаев, К.Әзірбаев, Ш.Қошқарбайұлы,
И.Байзақов тағы басқа ақындардың әндерә мейлінше дара саз-сарынымен
қазақтың дәстүрлі ән өнерінің қадір қасиетін сақтай отырып, әр қайсысы
өзіндік әуен-нақыш қалыптастыруымен ерекшеленетінін атап өтеді. Олай болса,
осылардың ішінде, қазақ ән өнерінің көкжиегін кеңейткен, әуен-сазын
байытқан, тақырып өресін ұзартқан рухани құбылыс ретінде назар аудартатын
тұлғалар – ұлы ақын, ерекше дарын иесі Абай Құнанбаев пен оның шәкірт-інісі
қазақ әдебиеті тарихында өзіндік даралығымен ерекшеленетін Шәкәрім
Құдайбердіұлы.
Тақырыптың өзектілігі.
Қазақ халқының композиторлық өнерінде өзіндік үні, әуен-сазы, поэзиялық
өрнегімен сүре салған Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары
– қазақ музыкасының биік белесін байқататын лириканың көркем де керемет
үлгілері. Олар қазақ мәдениетіне екі бірдей арнада – музыка және поэзия
саласында қатар үлес қосқан дарын иелері. Олай болса, олардың
шығармашылығын осы екі арнаны қатар ұстай отырып қарастырған ләзім.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
А.Құнанбаев пен Ш.Құдайбердіұлы музыка өнеріндегі өзіндік орындарын әлі де
толық алған жоқ. Ұлы тұлғалардың бізге қалдырған мұралары олардың тек ғана
біртума ақын емес дарынды композитор екендіктерін де дәлелдейді. Олардың
әндерінен қазақ музыка тарихының ән-күй құдіретінің сыры есіп тұр.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
А.Құнанбаевтың музыка саласындағы еңбегі жайлы алғашқы сөз
А.В.Затаевичтың Қазақ халқының 1000 әні деген еңбегінде айтылады. Еңбек
1925 жылы жарық көрген. Жинақта автор Абай әндеріне жан-жақты түсініктеме
бере отырып, оларға қазақ әндері аясында сондай-ақ орыс романстарымен
салыстыра отырып, өз көзқарасы тұрғысынан баға берген. Бұдан кейін
А.Сидельников Қырғыз өлкесі деген еңбегінде Абай әндерінің ерекшеліктерін
атап өтеді. [3.11]. 1927 жылы жарық көрген Э. Бимбоэс еңбегінде Абай
әндері кездеседі.
Ал орыс зерттеушісі В.М.Беляев Қазақтың музыка мәдениеті очеркінде
Абай әндері қазақ ән өнерінде жаңа стильдің – қазақтың қала әндерінің
қалыптасуына жол ашты деп, көрегендікпен бағалаған. [4.11]
Қазақ музыка зерттеушілерінің арасынан алғашқылардың бірі болып Абайдың
музыкалық твочествосын Г.Шомбалова Абай әндері деген еңбегінде
қарастырады. Бұдан кейін Ғ.Бейсенованың Сегіз аяқ очеркі Абайдың
музыкалық мұрасына арналды.
Абайдың музыкалық творчествосын зерттеуге музыка зерттеушісі
В.П.Дернова зор үлес қосты. [3.13].
Сонымен қатар Абай әндерін жинақтап зерттеуде Б.Ерзакович,
Е.Брусиловский, А.Жұбанов, Д.Мацуцин, М.Ахметова, С.Мұхаметжанов тағы
басқалардың еңбектері зор.
Шәкәрім әндері кеңестік дәуірде солақай саясаттың кері әсерінен өз
дәрежесінде зерттелген жоқ. Дегенмен, бұл тақырыпта қалам тартып,
зерттегендер бар. Олардың қатарында ең алдымен ақынның ұлы Ахат
Құдайбердиевтың еңбегі үлкен. Ол әкесінің әндерін бүгінге жеткізіп, олардың
нотаға түсуіне түрткі болған адам. [5.4].
Шәкәрімнің Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек деген әні А.В.Затаевичтың
1931 жылы жарық көрген Қазақ халқының 500 әні мен күйі атты жинағына
Шәкәрім Құдайбердин ән деген атпен жарық көрген.
Бүгінгі күнде Шәкәрім әндерін жинастырып, нотаға түсіруде Т.Бекхожина
елеулі еңбек сіңіруде. Оның Аманат атты еңбегі 1989 жылы жарық көрген.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

Қазақ халқының тыныс-тіршілігімен, оның тұрмыс-салтымен ежелден
етене бірігіп дамып келе жатқан өнер түрі - ән.
Еліміздің кең даласына жайылған әндердің бір сыпырасы халықтың
дербес ұлт болып жаңа-жаңа қалыптаса бастаған кезеңінен бермен қарай
белгілі болса керек. Бұған тұрмыс-салт жырларына жататын “Тойбастар”,
“Беташар”, “Жоқтау”, “Жар-жар”, “Алтыбақан” әндері тағы басқалар дәлел
бола алады.
Қазақ халқы әннің қасиетті киесіне сеніп келген көпшілік қауым
әнмен жадында сақтап, әнші-жыршыны мықтап қастерлеген. 9.28
“Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді” деп
қазақ халқының әдебиеті мен өнерін көп зерттеген Шоқан Уәлихановтың досы
Г.Потанин айтқандай қазақта әнсіз өмір жоқ. Бар қазақ жай сөзбен
айтқанда жетіспейтін сезім тасқынын ән арқылы шығарған. Әннің осы
қасиетін қазақ халқы “Жігітке өнер де - өнер, өлең де-өнер”, “Ақылың
болса жыр тыңда” деген сөздер арқылы жақсы айтқан. Халық ауызындағы
“Бір әнді сатып алдым құннан нарға”, немесе “Сұрасаң менің атым-
Таңжармаймын, Болсам да малға жарлы әнге баймын” – деген жолдар әннің
аса жоғары бағаланғанын, әншілердің өз өнерлерін байлардың үйірлеген
жылқылары мен қоралаған қойларынан төмен санамайтын көкірегін
көрсетеді.
Ал қазақ тұрмысында өлеңнің алатын орны жайлы
А.Е. Алекторов былайша суреттейді. “Күн қатты боран болатын, мен болсам
жылы қыстаудың ішінде жайғасып отырып ән тыңдап отырмын. Әнші тері
тулақтың үстіне жайғасып, домбырасының шегін қаға бастады. Шектің
баяу дірілі, орындаушыға жақындай түскен адамдардың қозғалыс
дыбыстары, домбыраның күмбірлеген, қайғылы дыбысы маған ерекше бір
әсер етті. Мына сияқты қарапайым әнге, қарапайым музыкаға қанша
поэзия сыйып жатыр. Қолдан істеген екі ішекті домбырада мұндай нәзік,
мұндай әсем дыбыстар шығады дегенге мен еш уақытта сенбеген болар
едім. Егер де мына қарапайым, жаныңа жақын тиетін әнді өз құлағыммен
есітпеген болсам, мен оның ызыңдаған жаратылыс үнмен ұласатын күшіне де
сенбес едім” [3.6.]
Жоғарыдағы пікірлерге сүйене отырып қазақ халық поэзиясы мен
музыкасы - әрдайым асқақ, ақылгөй, таза, әсемдіктің неше алуан
қасиетін бойына жинаған асыл қазыналар екенін көреміз.
Қазақта әнді тудырушы, оған лайықтап сөз жазушы, оны ел
арасына жайып таратушы тұлғалар болды. Белгілі бір өлеңнің авторы бір
адам, әнін шығарған бөлек адам болуы мүмкін. Немесе әнін де, сөзін де
бір адам шығарады. Оларды қазақ әдебиетінде ақын-компазиторлар деп
атайтынын біз жоғарыда атап өттік.
Көрнекті халық композитор - әншілері – Біржан сал, Ақан сері,
Мұхит, Абай, Балауан Шолақ, Жаяу Мұса, Мәди, Үкілі Ыбырай, Құлтума, Сары,
Майра, Естай, Әсет, Нартай, Кенен және Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов,
Қосымжан Бабақов тағы басқалар болды. Осындай жоғарыда аталған сал-
серілердің қазақ музыкасындағы орны жайлы А.Жұбанов былай деп жазған:
“Ақан - әншілердің айтысы, күйшілердің күй тартысуы көбінше-ақ дүйім
жұрттың басын қосқан үлкен мерекеге айналатын. Әсіресе, қазақтың “сал”,
“серілерінің” орны бөлек болатын. Олар халықтың ауыр тұрмысын аз да болса
жеңілдетіп оған сән беретін, әрі жергілікті шонжарлардан, әрі патша
өкіметінің ұлықтарынан екі жақты қысым көрген халықтың рухын
көтеретін. [9.36].
Аталған ақын-композиторлардың ішінен ерекше орын алатын, әндері
бүкіл қазақ даласына таралып, жоғары бағаланған, өзі қазақ әні жайлы:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең, - деп нақты суреттеген Абай
Құнанбаев және ақын, тарихшы-философ, әрі композитор, әнді:

Ән - өлшеуіш, өлең – күміс,
Қоспаңыз мыс аралас – деп бағалаған Шәкәрім Құдайбердиев. Олар тек
әнді тудырып, оған лайық сөз шығарған ақындар ғана емес, сөз қадірін
жете түсініп, қазақ музыка саласының, қазақ әдебиет саласының, жалпы
айтқанда қазақ мәдениеті мен әдебиетінің өркендеп дамуына, тамырын кең
жайып тарала түсуіне үлес қосқан тұлғалар.

І. 2. Абай әндері және қазақ мәдениеті.

Қазақтың ұлттық музыка саласының қалыптасып, өркендеу тарихында
Абай мұрасының алатын орны ерекше. Сондықтан да қазақ халқының
мәдени тарихын Абай Құнанбаевтың есімінсіз елестету мүмкін емес.
Ағартушы – ақын, жаңашыл композитор –басына осындай сирек дарын қонған
Абай қаламынан қазақ музыка тілін абайлық стильмен байытқан тамаша
әндер туды. Абайдың ақындық, композиторлық мұрасы, ағартушылық еңбегі
қазақ халқының мәдени тарихының ажырамас бөлігіне айналып, музыка
жанрын дамытуға жаңа жол ашты.
Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші
жартысында көркемдік пен кемелдіктің шырқау шыңына көтерілді. Бұл кезеңді
зерттеушілер “Бұл – патша өкіметі мен жергілікті бай-феодал өкілдерінің
кертартпа саясатына қарамастан, қазақ халқы өнерінің еңбекші бұқараның
мұң-мұқтажы мен арман-үмітін білдіретін демократиялық идеялармен
рухтанған, атақ-даңқы бүкіл қазақ даласына кеңінен тараған халық
әншілері мен күйшілері шеберліктерінің гүлденуге бағыт алған кезеңі
болатын” деп суреттейді. [4.5].
Міне осы кезеңдегі Абай әндері өзінің алғашқы қалпында да, үзінді
ретінде де көптеген камералық, симфониялық шығармаларға, хор және опера
музыкаларына арқау болып, сол үлгідегі көптеген әндер мен романстар
жазылды. Абайдың жаңаша лирикалық поэзиясы оның композиторлық тума
талантымен ұштасып, шығармаларындағы ағартушылық идеяларын халыққа,
әсіресе жас ұрпақ арасына кеңінен таратуға мүмкіндік берді.
Яғни Абайдың мақсаты өз өлеңдері, қара cөздері, әндері арқылы адам
санасын ояту. Көркем сөзді, сөз қадірін білетін, оны ден қоя оқитын
адам тез ұғады, ал сурет талғамдық көзқарасы қалыптасқан, бейнелік
көріністі түсінетін адам тамашалайды, ал әнді кез-келген адам тыңдайды.
Себебі ән адам жанын баурап алады. Онда сөз де, көрініс те, оқиға да, әуен
де бар. Міне сондықтан да Абай әнге ерекше баға берген. Қазақтың халық
музыкасын терең білген Абай өз шығармаларында сол дәстүрдің әуен-саздық
ерекшеліктеріне сүйене отырып, өзіндік ән нақышын таба білді. Абай
әндерінің көркемдік ерекшелігі – оның әуез-сазының нәзіктігінде,
әуезділігінде, өлең сөзі мен әуеннің сәйкестігінде деп білу керек. Қазақ
музыкасын көркемдік бейнелеудің жаңа тәсілдерімен байытқан Абай әндері
болды. [2.303].
Әннің адам өміріндегі мән-маңызы туралы Абай өте бейнелі әрі терең
тұжырым жасады:
Өзгеге көңілім тоярсың,
Өлеңді қайтіп қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың.
Сайра да зарла, қызыл тіл,
Қара көңілім оянсын.
Жыласын көзден жас ақсын,
Омырауым боялсын.
Қара басқан, қаңғыған,
Қас надан нені ұға алсын?
Көкірегінде оты бар,
Құлағын ойлы ер салсын 4.5..
Жоғарыдағы Абай өлеңіне мазмұндық тұрғыдан көңіл аударсақ, ақынның
мақсаты, ойы байқалады. Сөз “адам ойының” көрсеткіші болса, ән – оны
екінші адамның жүрегіне тез жеткізудің құралы. Бірақ оны кез келген адам
түсіне бермейді. Абай тілімен айтсақ көзі ашық, көкірегі ояу, сөз
қадірін түсініп, одан ғибрат алатын жандар ғана тыңдай біледі, ұғына
біледі. Дегенмен, Абай әндері көптің көкейіне қона кетіп, халықтың
сүйікті әндеріне айналды.
Абай әндерінің мелодикасы, ырғағы, формасы өзіне дейінгі келген
қазақ әндеріне ұқсамайды. Бірінші жағдай – Абай әндерінің әрқайсысының
өзіне меншікті өлеңі болды. Қазақтың халықтық дәстүріндегі он бір буынды
өлеңге келетін болса, әннің сөзін білмейтін немесе ұмытқан адамға:
“Қарағым айналайын келдің қайдан” деп айта беретіндей “еркіндік” мұнда
жоқ. “Сегіз аяқты”, “Көзімнің қарасының” сөзімен айта алмайсың. Міне, бұл
– музыка мен сөздің кәсіпқойлық дережеде қосылуы болады. Осының өзі үлкен
жаңалық болды. Осылайша, Абай музыка шығаруға сөз арқылы келді.
Абай бүкіл шығыстың, орыстың, қазақтың, халықтық, кәсіпқойлық
әдебиетін терең зерттегеніндей, музыкада да алдымен қазақтың халық
әндерін, күйлерін жақсы білді. Ол Біржанның, Ақанның, Жаяудың әндерін
жоғары бағалады. Сонымен қатар қазақтың аспапты музыкасын жете білді.
Осылардың нәтижесінде Абай қазақтың халықтық музыкалық интонациясы
шеңберінде үлкен, терең тамырланған ортада болды. Поэзияның халықтық демде
суғарылған болса, музыка дүниесінде де Абай қазақтың халық музыкасының
мұхитында тәрбиеленді. Абайдың ән шығарудағы қадамдарының кейбіреулері осы
бағытта. Алғашқыда форма жағынан да халықтық негізде басталған көрінеді.
Мысалы: “Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа” деген әнінде, сөзсіз, арқаның
ән-дәстүрімен сәйкес. “Ол әннің формасынан да, интервалдық секірулерінен
де, сөздің буындарына сай келетін белгілі созатын, көтеретін жерлерінен
де көрінеді”, - деп жазған А.Қ.Жұбанов [3.112].
Сол сияқты “Мен көрдім үлкен қайың құлағанын” әнінде де халықтың ән
формасы басым көрінеді. Әрине бұл әннің мелодиялық дамуында бірқатар
жаңалықтар бар. Әсіресе Абай музыка сөйлемінің ортасында бір дыбысты
созып, шырқатып тұрмайды. Ол сөзге көбірек мән беруден, бірінші жоспарға
кейбір әндерінде сөзін қоюдан болуы да мүмкін. Соның өзінде де ол қазақ
интонациясынан кетпейді. Ал сөзді бөлу – речитативті түйін қазақ
музакасындағы тағы бір қасиет.
Ондай әндер де аз емес. Айтарымыз – Абай ән шығаруға қазақтың
халықтық бай музыка интонациясын жақсы біліп, сол бір ән мұхитын
аралап, жүзіп келеді.
Үшінші, Абайдың басқа әншілерден айырмасы, ол қазақ әндерімен
қатар, орыстың халық музыкасын қаланың демократиялық әндерін және
романстарды есітті. Ол Семейде бола жүре орыстың Глинка, Рубинштейн
сияқты музыка шеберлерінің романстарын есітті. Демократиялық ән-романс
лирикасы ол кезде Ресейдің алға басушы арнайы білімі барлар арасында көп
жайылды. Ал сол интеллегенцияның бір тобымен үнемі кездесіп жүрген Абай
олардан, сөзсіз музыкадағы демократиялық ағылуын түсінуге де жәрдем
алды. Оның үстіне Абай ауылына келген орыс достары, орыс қонақтары көңіл
көтерген кездерде ыңылдап салмауы, музыканың төңірегінде Абаймен әңгіме-
дүкен құрмау мүмкін емес. Бұларға қосымша Абайдың Санкт-Петербургта оқып
жүрген баласы Әбдірахман кәсіпкерлік аспапты музыка үлгілерін, батыстың
музыкалық шығармалырын жаз айларында демалысқа келгенде алып келіп жүрген.
Абай ауылында татар ұлтының қоныстанып, үйленіп, сіңіп кеткендері аз
болмаған. Олар да өздерінің “талькаларын, скрипкалары, мандолиналары
арқылы татар, орыс халық әндерін, орыстық қалалық әндерін орындаған. Абай
ауылында домбыраға үш сым ішек тағып тарту дәстүрі осылардан – мандалина
үлгісінен болса керек. Музыка зерттеушісі А.Қ. Жұбанов жоғарыдағы пікірді
қолдай отырып былай дейді: Біздіңше Абай әндерінде орыстың, украинның
халық әндеріне еліктеу, ән, романстық лирикалардың үлгісін алу, қаланың
демократиялық музыка дәстүрінің ізінде болу – осылардың негізінде жаңа
түрлі, жаңа ырғақты, жаңа мелодиялық құрылысты ән шығару Абайдың музыкаға
келген жолының бір тарауы [3.112].
Абайдың тағы бір музыкалық ерекшелігі, оның музыкалық тамашасы
болды. Абайдың асқан музыкалық қабілеті, қазақтың халық музыкасын терең
білетіні, орындаушылықтың не бір түрінен хабары барлығының үстіне оның
айналасында Мұқа сияқты скрипкашы өзінің баласы Әбдірахман, Ақылбай, әнші
Әлмағамбет, әйелі Әйгерім болды. Бұлардың алдыңғылары орыс, еуропа музыка
үлгілерін орындаушы болса, кейінгілері қазақтың халықтық ән дәстүрінің
белгілі адамдары болды. Бұлардың қолдарында тек домбыра ғана емес,
скрипка, мадалина, гармонь болды. Олар Абай шығарған әндердің тек
тыңдаушысы емес, ол әндердің бабына келтіріп орындаушысы және Абай
тәрбиесі арқылы әдебиетте, музыкада әрбір жаңалықтың басы қылт ете
қалса, соған өңмендерін созып, түсінуге, баурауға, айналаға үгіттеуге,
соны өткізуге жолында қолдарындағы бар рухани қаруларын жұмсауға даяр
кісілер еді. Абай ұйымдастырған поэзияда музыкада жаңа, өткір тіл,
ұнамды үн, қолайлы ырғақ іздеу, тәжірибе жүргізу ісінің” тілектес,
мақсаттас белсенділері еді. Міне солардың мақсаттары Абайдың
жаратылыс берген қасиеттерінің кейбір шек қойылған кезеңдерін кеңейтіп
алып кетіп, ал күшті жақтарын дамытып, әлсіз соққан жерлері болса оған
шылбырдың ұшын беріп, көтермелеп, көтеріп беру болды. Ол айтып
отырғанымыз – Абайдың дауыстық шегі. Сөз жоқ, Абай Біржандай, Мұхиттай,
Жарылғаптай алты қырдан асатын дауысқа қожа болған жоқ. Сонда да шағын
да болса Абай өзінің бар дауысымен ән шығарды. Әдетте, ол заманда ақын,
композитор, орындаушы – үшеуі де бір кісі болатын. Әнді шығаратын да,
бірінші рет орындайтын да сол үш маманның міндетін атқаратын бір кісі
болатын. Абай да осылай істеді. Дегенмен, Абайдың басқа халық
композиторларынан айырмасы болды. Жоғарыда аттары аталған Ақылбай,
Баймағамбет, Әйгерім Абайдың “жай дауысы” мен айтып шығарып бергендерін
ауызынан қағып алып, шырқата, үдете, құйқылжыта орындап кетті. Абайдың
міндеті – бірінші рет: автор дауысымен орындап беру болды. Әрине бұл
Абай өз әндерін орындамады деген сөз емес.
Міне, осылайша Абай әндері ауылынан шықпай жатып жоғарыда
ескертілген тұлғалардың сараптамасынан өтіп, халық арасына тарады.
Оның үстіне Абайдың музыкалық, әдеби туындыларына өзіндік бағаларын
беретін “Сыншылар” да болды. Олар табанда өздерінің пікірлерін айтып,
әннің қасиеттерін санап, ұнамай тұрған жері болса көрсетіп, яғни
музыкалық өзара сынды дамытып, Абай әндерінің анатомиялық, физиологиялық
жақтарының бәрін тексеріп, жетілдіріп отырды. Мұндай жағдай қазақтың халық
композиторларының көпшілігінде болған жоқ [3.114].
Жоғарыда баяндалған түйінділер, жағдайлар, жаңалықтар Абайдың
музыкаға келуін, музыкадағы іздену жолдарының өзгешелігін көрсетті.
Өйткені, бұл жолдың өзі де уақыт тудырған, заман сазы болатын. Абай
болса, әрине, заман сазына ере бермейтін, мыңмен болса да, өзінің жаңашыл
мақсатын орындауда жалғыз да болса белсенділік күреске шығатын адамға,
оның айналасындағы жас талапкерлердің білгенінше, өздері шәкірт бола
жүре, бойындағы табиғи қасиеттерін Абаймен бөлісуі, оның үстіне ән
дегенде арқасы қозатын халықтың Абайдың музыкалық шығармашылығындағы
ерекшелікті бірден көруі үшін, осындай Абай аулында болған ән
шыңдаудағы алдын ала жүргізілген дайындық, аз мүшелі топтың еңбегі
болғанымен, көптің ісіндей нәтиже берді.
Абай әндерін халық бірден түсініп кетті, бірден ауыздан ауызға
қағып алып кетті десек, ол үстірт пікір болар еді. Себебі Абай әндерін
түсінбегендер де көп болды. Десек те әр кезде де жаңалыққа жаны жақын
жастар жағы Абай әндерін бірден қабылдады. Одан кейін әншілер, өлеңшілер
өздерінің музыкалық шығармаларын байыту, жаңаландыру мақсатында Абай
әндерін орындап кетті. Біреулер Абайдың асыл сөздерін халыққа жаю үшін
айтып бергенде, толық жеткізе алмай жатса да, Абайдың әндерін сол
сөздермен қоса орындады. Ал Абай айналасындағы әншілер Абай әндерін
жақсы орындау қалпына келтіріп алып, ауыздары, аяқтары жеткен жерге
жалғастырып жүрді. “Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жайылады”
дегендей, басында бірен-саран талапкерлердің ауызынан шыққан Абай
әндері көп ұзамай Арқаны аралап, Ертіс, Есіл, Нұраны бойлап кетті.
Бұл жөнінде өткен ғасырдың өзінде қазақ ауылдарына келген орыстың
жолаушылары, оқымыстылары, офицерлері Абай әндерін есіткендерін жазып
кетті. Сонымен қатар “Абай жолы” романында М.О. Әуезов бұл оқиғаны былай
баяндайды:
“Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән, сан-салалы жырлар көшіріліп,
жатталып, әуендер толқып тарап жатты. Алуан сырлы жаңа сөз Арқаның қоңыр
желіндей жай жылжып, бірақ кең жайылып тарады. Бұл атырап, бұл сахара
бұрын естілмеген сарын есітті. Ғасырлары бойы жұмбақтай үнсіз сұрақпен
мелшиіп, мүлгіп тұрған далаға жел қанатымен жырдай жауап есті. Игі
желдей. Жыл жетерін білдіретін көктем желіндей есті. Ол – тарихтың жаңа
бір төлінің үні. Арттағы қыстан тумай, алдағы жаз үшін, жаздың жаңа өсім-
өнімі үшін, гүл атар тірлігі үшін туған төлдің үн-лебізі” [10.320].
Ал Нұрымбеков А. өзінің Абай музыкасы жайлы еңбегінде “Абай атақты
әнші болмаса да, домбыраның қоңырлы үнімен қосарлана шыққан қоңыр дауыcпен
шығарған әндерінің берісі тобықты іші, арысы қазақтың кең даласына
таратқан оның ақын-әнші шәкірттері: Көкбай, Әсет, Әріп, Мұқаметжан,
Ақылбай, Әубәкір, Әмір, Мұқа, Уәйіс, Мауқай, Әлмағамбет сүйген жары
Әйгерім болып жалғаса береді. Осында аты аталғандардың көпшілігі әрі ақын,
әрі әнші ретінде белгілі” дейді [6.176].
Абайдың тұңғыш ұлы Ақылбайдың баласы Исрайл естелігінде “Абай
ауылындағы домбырашы, әншіні жинап алып, соларды сынап, түзеп отыратын
болған. Өзі ырғағын, үйлесімін келтіріп, лайықтап өлеңдеріне ән шығарады
екен. Оны жастар жаттап, ұғып айтып, ауыздан-ауызға таратып елге жаяды
екен” деген.
Абай әндерінің таралуы жайлы Абайдың музыкалық творчествосы
жинағында былай деп жазған:
“Абай өз өлеңдерінің әндерін жазып алған жоқ, халық традициясы
бойынша “ауыздан-ауызға” көшу арқылы өзінің дoстарына жеткізді. Осылай,
Абай әндерін олардың жарыққа шығу шағынан-ақ ән-сүюшілер жаттап алып
жүрді, сөйтіп халық арасына тез тарап кетіп жатты. Сонымен Абай өлеңдері,
бүкіл халықтық творчествосы сияқты, халық ортасынан шыққан айтушылардың
сындарынан өте отырып, болмай қоймайтын белгілі өңдеулермен толықтырылды.
Алайда, халық Абай әндерінің заңды түрде бірге жасаушысы болғанына
қарамастан, ол әндердің авторлық ерекшеліктерін жойған жоқ. Абай әндерін
авторы жоқ халық творчествосынан немесе басқа халық композиторларының
шығармаларынан ажырату қиын емес, өйткені ол әндерде Абай интонациясы
барынша күшті [7.6].
Абайдың ән шығаруға келу түйіндері, халыққа жайылу топтары осылай
болды. Абай әндерінің осы кезде кең жайылуымен байланысты біз оның әрбір
туындысына баға беріп жатпаймыз. Ондай бағаны халық беріп келеді. Тіпті
радио, теледидар, концерт сахнасын, өнерпаздар үйірмелерін былай қойғанда,
Абай әндері бұл күнде жай үйлердің бас қосу кештерінің “көркемдік
бөлімдерінде”, көшеде келе жатқан жастар тобының ауызында, студенттердің,
оқушылардың жатақханаларының терезе алдарынан өткенде орындалуын
естисің. Осының бәрі де Абай әндерінің басқа бір халықтың музыкасына
соқыр сезім арқылы еліктеуден тумай, қиын мәнісінде қазақ халқының бай
музыка дәстүрімен суарылып, халқымен қаны-жаны бір жайда дүниеге келуінің
нәтижесі деп қарау керек.
Өзінің ғажайып поэтикалық творчествосымен қатар музыкалық
шығармаларында да Абай дарынның ерекше құдіретімен, ой-сезімдері мен
толғаныстарының сан алуан қыры бар болмысымен танылды.
Абай әндері өзінің көзі тірісінде жұртшылыққа кең таралып, халық
сүйіспеншілігіне бөленген. Революцияға дейінгі әдеби деректер мен көне
сөз ақсақалдардың ескерткіштері бойынша, көптеген профессионал ақындар мен
әншілердің репертуарында ұланғайыр қазақ даласына кеңінен тараған Абай
әндері болғаны анықталды. Бұл сөзімізге дәлел ретінде Абайдың музыкалық
творчествосын зерттеп, сараптама жүргізген зерттеушілердің еңбектеріне
жүгінейік, яғни Абай әндерінің зерттелу тарихы жайлы сөз қозғасақ...
Абайдың музыкалық творчествосы жайлы қазақ музыка зерттеушілері мен
орыс музыка зерттеушілерінің еңбегі біршама.
Абайдың музыкалық мұрасын, оның халық өнерімен байланысын және
Қазақстанның профессионал композиторларының творчествосына тигізген
әсерін зерттеу – қазақ музыкасының өркендеуімен бірге маңызы артып келе
жатқан ғылыми-зерттеу жұмысының тұрақты мәселесі.
Абай әндері совет дәуірінен бастап жинала бастады. Бұған 1919 жылы
негіз салған А.Э.Бимбоэс. Одан екі үш жыл өткеннен кейін
А.В. Затаевич бұл істі қолға алды. 30-шы және одан кейінгі жылдары бұл
жұмысты Л. Хамиди мен Б. Ерзакович, Е. Брусиловский, А. Жұбанов,
Д. Мацуцин т.б. жалғастырды. Совет фольклоршылары Абайдың, түрлі
орындаушылардың айтуы бойынша жазылып алынған нұсқаларын қосқанда, 60-тан
астам әндерін нотаға түсірді. Абай әндерін жинап, насихаттауда
заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов ұлы ақынның музыкалық
творчествосының асқан білгірі болған, оның көмегімен Абайдың біраз әндері
табылып, жазылып алынды, көптеген халық әншілерінің бұл әндерді сол
кісінің айтуынан үйренгені белгілі.
Қазақ халық композиторларының музыкалық мұраларының ішінде Абай
әндері тарихи, музыкалы-эстетикалық және теориялық аспекті тұрғысынан
толық ғылыми тұжырым алды.
Орыс музыка зерттеушісі В.М. Беляев “Қазақстанның музыка
мәдениеті” очеркінде халықтың профессионал композиторлары Біржан сал
Қожағұлов пен Жаяу Мұса Байжановтың творчествосына қысқаша анықтама
бере келіп, “Абай әндері ән өнерінде жаңа стильдің қазақтың қала
әндерінің қалыптасуына жол ашты. Бұл стиль қазақтың көпшілік -бұқаралық
және романстық әндерінің тууына негіз салды” –деп көрегендікпен
бағаланған.
Абайдың музыкалық творчествосы жайлы қазақ музыка зерттеушілерінің
жазған еңбектері де аз емес. Композитор шығармаларын зерттеуге арналған
алғашқы тыңғылықты еңбектердің бірі– Г.
Шомбалованың “Абай әндері” атты очеркі [8.47].
Автор мұнда қазақ халқының ұлы ағартушысы Абай қызметін жоғары
творчествосындағы өлең құрылысы мен музыка тіліндегі жаңашылдық
тенденциясының сыр-сипатын ашуға басты назар аударады. Ол Абайдың музыка
тілі халық әуеніне жақын екенін, оған орыстың тұрмыстық романстарына тән
белгілердің енгенін атап көрсете келіп, “Өлсем орным қара жер сыз болмай
ма”, “Біреуден біреу артылса”, “Желсіз түнде жарық ай”, тағы басқа
бірқатар әндерінің өлеңдеріне төрт немесе үш күрделі буын тобының
ырғақты кезектесуіне құрылған дәстүрлі а а в а ұйқасты өлең негіз
болғанын анықтайды. Г. Шомбалованың пікірі
бойынша, Абайдың дәстүрлік ұйқастан өзгеше жаңа өлең ұйқасын ойлап
табуына төрт емес, авсвсв ырғақты сегіз жолдық ұйқасқа құрылған
“Қарашада өмір тұр” әні мысал болады.
Абайдың 5,5,8+5,5,5+8,8 түрінде кездесіп келген жаңа ұйқас
үлгісін құрауына “Сегіз аяқ” әні дәлел. Өзінің очеркінде Шомбалова Абай
әндерін зерттеу үшін, оның музыкалық тілінің бастауын, негізін
анықтап алудың маңызды екенін атап көрсетеді.
Абайдың музыкалық мұрасына Ғ. Бисенованың “Сегіз аяқ” очеркі
арналды. Музыка зерттеушісінің “Сегіз аяқ” әнін негізгі объект етіп
алуының себебі – Абай талантының гүлденген шағында туған, әрі ән
лирикасында алғашқы шығармалардың бірі болып саналатын бұл ән оның
шумақ құрылымына әсер ететін жаңа өлең ұйқасын ойлап табуының айқын
мысалы болуынан. Сонымен қатар, “Сегіз аяқ” әні Ғ.Бисенованың пікірі
бойынша “әлеуметтік мәні, көркемдік қасиеті және форма сонылығы жөнінен
этапты шығарма болды. Алайда, Абай әндері автордың өз ауызынан
жазылып алынбай, түрлі әншілердің айтуы бойынша ауызша таралғандықтан, бір
текстегі әннің бірнеше түрде кездесуі Э. Бисенова “Сегіз аяқ” әні
нұсқаларының ноталық жазба әуендеріне тән қасиет - өлең мен әуен
ырғақтарының мінсіз жымдасып, қабысуын дәлелдеу арқылы компазитор
әуендерінің түп нұсқасына біршама жақын түрлерін анықтайды [4.12]
М.М. Ахметованың халықтық вокальдық музыканың эстетикалық және
көркемдік қасиетіне баға берілген, формасына, мелодиялық оралымдарына,
ладтық-ырғақтық құрылысына тән негізгі белгілер анықталған “Ән және
қазіргі дәуір” еңбегінде “Абай әндері” атты бөлім бар. А. Жұбанов бұл
еңбек жайлы былай деген: “Мұнда М.Ахметова Абай әндерінің біразын дәстүрлі
созылмалы әндер тіркесінің ырғағына байланысты драматургиялық функциясын
анықтайды. Бұл еңбекте М.Ахметова Абай әндерінің ағартушылық және
әлеуметтік мәнін ашып, ондағы өлең мен әуеннің бірлігін баса көрсетеді,
композитордың творчествосын Қазақстанның революцияға дейінгі ән
мәдениетінің шырқау шыңы деп бағалайды. Автор ақын – композитордың
творчествосындағы жаңашылдық, қазақтың ән творчествосын одан әрі дамытуға
жаңа негіз салынуында, өз халқының көптеген ғасырлар бойғы мәдениеттің
құнды жақтарын ала біліп, оны өзге мәдениеттердің құнды дәстүрімен
байытуында”, - деп ой қорытады.
Абайдың музыкалық творчествосын зерттеуде музыка зерттеушісі В.П.
Дернова зор үлес қосты.
Оның жарияланған үш мақаласы мазмұн жағынан ақынның музыка тілінің
бастау-бұлағын, оны түрлендіру арқылы өзіндік ән стилін қалыптастырған
жаңашылдық сипатын зерттеген біртұтас еңбек болып саналады. Абай әндерінің
әуені ғылыми тұжырым жасай келіп, автор ол шығармалардың ақынның халыққа
ағартушылық идеяларын жеткізудегі мән-маңызы туралы жазады.
“Абайдың музыкалық творчествосы” атты еңбекке енген “Абай әндері”
атты мақаласында Дернова “Ән - ақынның сенімді серігі болды. Ақынның
серпінді әрі саралы сөзді көрнекті шығармалары сол ән формасында қазақ
даласына жайылды”[7.50] дей келе, Абай өлеңдерінің терме, тақпақ күйінде
келетінін, соның ішінде таза ән саласына жататын өлеңдерін атай келіп,
олардың ерекшеліктеріне тоқталады.
В.П. Дернованың зерттеулерінде, атап айтқанда “Татьянаның хаты”
мақаласында Абайдың музыкалық еңбектері атап көрсетіліп, өзінің
творчествосында орыс әнінің баяндау құрамдарын ұлы ақын-композитордың
қалай пайдаланғаны, терең ұлттық музыкант бола тұрып, өзіне тән абайлық
музыка тілін жасағаны, мұның өзі музыканың бейнелеу әдістерінің ұлттық
стильдік байлығын едәуір кеңейткені жайлы байсалды пікірлер айтады.
Абай әндерінің тууы, таралуы, олардың халық арасында және қазақ
музыка саласында алатын орны, зерттелу дәрежесі жайлы көп қарастырып,
еңбектер жазған академик-ғалым, композитор, музыка сыншысы Ахмет Жұбанов
болып табылады. Ол өзінің “Замана бұлбұлдары”, “Өскен өнер”, “Ән-күй
сапары” тағы басқа халықымыздың профeссионал әнші-композиторлары туралы
жазған еңбектерінде Абай Құнанбаевтың әндеріне, яғни сазгерлік өнеріне
ерекше ден қоя зерттеген. Ахмет Жұбанов “Замана бұлбұлдары” атты еңбегінде
Абай әндерінің табиғатын аша отырып: “Өзінің табиғаты, рухы жағынанАбай
әндері ұлттық сипатта, қазақ халық музыкасының дәстүрінде шығарылған.
Орыс әндерінің және демократиялық тұрмыстық романстардың кейбір белгілері
мен элементтерін қолдану арқылы Абай қазақтың музыкалық “сөздігін”
кеңейтіп, байытты дейді. Бұдан басқа да, жоғарыда есімдері аталған
зерттеушілермен қоса Абай әндері жайлы өз пікір-көзқарастарын білдіріп
жүрген тұлғалар бар. Әйтсе де Абайдың музыкалық мұрасын, оның халық
өнерімен байланысын және Қазақстанның профеcсионал компазиторларының
творчествосына тигізген әсерін зерттеу қазақ музыкасының өркендеуімен
бірге маңызы артып келе жатқан ғылыми-зерттеу жұмысының тұрақты мәселесі
екенін ғалымдар атап өтеді.
Абай әндері тек тақырыптың аясы, құрылысы, таралуы тұрғысынан
зерттеліп қана қоймай, оларға көптеген романстар да жазылады. Соның ішінде
Мұқан Төлебаевтың “Мен көрдім үлкен қайын құлағанын” романсы ерекше атауға
тұрарлық дүние. Бұл романс негізінен қайғы-қасірет шеккен адамның драмалық
монологы, оның өмір туралы терең толғанысы. Композитор бұл шығармасында
Абай өлеңдерінің интонациясын жаңа әуендік образбен асқан нәзіктікпен
үйлестірді: әуен тылсым тыныштықтан трагедиялық шиеленіске дейін шырқайды
да, қайтадан тыныш кейіпке түседі. Профессор Б.Г. Ерзакович оны халыққа
композитордың осы аттас өлеңіне жазылған әні белгілі болғандықтан, бұл өте
қиын іс болған деп бағалайды.
Сыдық Мұхамеджанов Абайдың он бес өлеңіне тамаша романстар циклін
жазған. Соның ішінде “Жарқ етпес қара көңілім не қылса да” лирикалық
романсы ерекше дараланған. Мұнда автор Абай әуенінің стилін, оның
эмоциялық қуатының тереңдігін, ән тынысының кеңдігін ерекше шеберлікпен
жеткізген. Ал “Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа” атты көркем де мазмұнды
өлеңі Мәкәлім Қойшыбаевтың романсында өзіндік көркемдік шешім тапқан.
[4.17]
Композиторлар Қапан Мусин, Еркеғали Рахмадиев, Кенжебек Күмісбеков,
Әбілахат Еспаев, Нұрғиса Тілендиев, Мыңжасар Маңытаевтар Абай өлеңдеріне
көптеген тамаша әндер мен романстар жазған.
Абай және қазақ мәдениеті жайлы сөз қозғағанда негізгі айта кететін
жай – Абайдың музыкалық творчествасының қазақтың ұлттық опера, симфония,
хор және кино-музыкасының дамуына қосқан үлесі туралы. Бұл жайлы Б.Г.
Ерзакович былай баяндайды: “1934 жылы қойылған алғашқы қазақ операсы “Қыз
Жібектің” “Панорама” атты көрінісінің (музыкасын жазған Е. Брусиловский)
Абайдың “Қор болды жаным” әнінің әуенімен басталуы заңды да. Бұл ән ұлттық
опера өнерінің тұңғыш туындысына негіз болған халық әндерінің беташары
іспеттес еді. Абай әндері А. Жұбанов пен Л. Хамидидің 1944 жылы жазған
“Абай” операсының партитурасынан жарқын көрініс тапты. М.Әуезовтың
либреттосына құрылған бұл опера қазақтың классикалық операсының
қалыптасуына негіз салды.
Абай әуендерінің сазы (1946 жылы М.Әуезов пен Л. Соболевтың
сценариі бойынша режиссерлер Е.Е. Арон мен Г.Л. Рошаль қойған) алғашқы
қазақ фильмдерінің бірі “Абай әндеріне Л. Хамиди жазған музыкадан әсем
естіледі. Поэтикалық текст мазмұнын әдемі әуенмен нәзік жеткізетін Абай
әндері қазақ музыкасындағы алғашқы симфониялық – А.Жұбановтың “Абай” және
Е.Брусиловскийдің “Жалғыз қайың” атты поэмаларының музыкалық
драматургиясына өзек болды. Абай әндері әуендерінің икемділігі бұл
авторларға музыкалық табиғаты мен образдылығы жағынан түрлі программалық
шығармалар тудыруға мүмкіндік туғызды. Мұнда Абай әндері гармониялық және
полифониялық даму құралдарымен байытылып, неше алуан оркестр әшекейінде
жаңа көркемдік қасиетке ие болды. Композитор Ғ.Жұбанова оркестрге, хорға,
әншіге және домбырашыға арнап “Татьяна әндері” ораториясын жазды. Мұнда
автор ұлы ақын поэзиясының философиялық – лирикалық образдар тұтастығын
сақтаудың – оның әндерін түрлендірудің жаңа қырын, соны стильдік шешімін
тапқан. Шығарма 1983 жылы Қазақстан композиторларының ҮІІ съезінде
орындалған екен.
Қазақстан композиторлары Абай творчествосының түрлі көркемдік
шешімін табу жолында көп еңбектенгені белгілі. Абайдың қайталанбас музыка
тілінің игілікті әсер-процесі ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса береді, мұның өзі
композиторларға жаңа творчестволық міндеттер жүктейді. Абай әндерінің
поэтикалық, көркемдік қуат-қасиеті сарқылмақ емес. Абайдың ән мұрасы
Қазақстан композиторлары үшін таусылмас мол қазына. [4.18]
Абай әндерін бұрын өз заманындағы ақын-шәкірттері, балалары, жұбайы
Әйгерім тағы басқа әншілер орындаған болса, бұл күнде олар жазылып алынған
күйінде де, тікелей радио және теледидар арқылы әншілермен қатар опера
театрының, филормония және эстрада әншілерінің орындауында шырқалады. КСРО
халық артистері Күләш Байсейітов, Ришат Абдуллин, Ермек Серкебаев, Роза
Жаманова, Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев, республикамыздың халық
артистері Байғали Досымжанов, Манарбек Ержанов орындауларынан ұлы ақынның
әндерін тыңдаймыз.
Жоғарыда аталған еңбектерге, пікірлер мен зерттеулерге сүйене
отырып, біз Абай әндері қазақтың музыка мәдениетінің алтын қоры екендігін
айта аламыз.

1.2. Абайдың музыкаға байланысты эстетикалық көзқарасы.

Абай музыкасының адам өмірінде, қоғамда алатын орнын ерекше
бағалаған. Ол ақынның бойында ең бірінші шындыққа деген, адалдыққа деген
күрес болу керек деп біледі. Абай өнерді адамның дүниеге деген көзқарасын
қалыптасуына көмектесетін күш деп біледі. Сонымен қатар ән мен әнші, ақын
және ол өмірге әкелген өлеңге ерекше ден қойған. Өлең жайдан-жай жазылмауы
керек. Оның мақсаты, туу себебі болуы керек деп атап өтеді.
“Мен жазбайбын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілімнің көзі ашық, сергек үшін” [11.76]
Абай өзі осындай ақын-тұлғаның, халқының азаматының үлгісі бола білген.
“Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы” атты өлеңінде ақын поэзияға
қоятын талаптарын атап өтеді. Яғни поэзия қандай болуы керек, оның
көркемдік деңгейі қандай, қандай өлеңдерді тыңдаудан, ақындықтың кері
мақсатын көздеуден аулақ болуға шақырады.
Абайдың поэзияға қоятын бірінші талабы – ойдың мағыналылығы, сөздің
адам жүрегінен тез орын таба білуі керек екендігі:
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы [11.48]
Тағы бір жалған көркем туындыдан нағыз өлеңнің айырмашылығы- өлең
құрылысы мен мазмұнының сәйкестігі.

“Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да бар таңдамасы.
Іші - алтын, сырты - күміс сөз жақсысын,
Қазақтың келістірер қай баласы?” [11.48]
Кез келген ақын халықтың жүрегінен орын тауып, оның жанын селк
еткізбеуі мүмкін.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол – ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Нағыз поэзия мен нағыз ақынды сипаттай келіп, Абай біреуге жағу үшін немесе
ақы алу мақсатында өнерді сатып, оның құнын төмендетіп жүрген
ақынсымақтарды құлдырата сынайды [12.15].

Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,
Мал сұрап біреуді алдап,біреуді арбап.
Жат елде қайыршылық қылып жүріп,
Өз елін бай деп мақтар құдай қарғап [11.49]
Абай тек өлең тудыруға талап қойып, поэзияға ғана ден қойған жоқ, сонымен
қатар халық әндері және жалпы әннің адам өміріндегі маңызына тоқталған.
Яғни әнге де талап қоя білген.
Көргені, білгені көп, рухани аса бай Абай тек ән шығарып қойған
жоқ. Ол сол мезгілге қарай үлкен сыншы, біліп баға беретін адал төрешіл
болды. Ол тек өз әндері туралы емес, жалпы музыка жайлы, ән, күй
айналасында орындаушылық мәселесінде терең, философиялық пікірлер айтып
кетті. Ол өмір шымылдығының музыкамен ашылып, музыкамен жабылатынын,
дүниеде музыкасыз ешбір кезең жоғын айта кетті. [3.117]
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығын бәрі өлеңмен,

Ойласаңшы, бос қақпай елең-селең, [11.50] -

деп бесіктен көрге шейін әннің адаммен жолдас болып жүретінін дәл
көрсетті. Біздің бұл жерде ән деп отырған себебіміз А. Жұбанов “бұл арада
“өлең”, “музыка” деген мағынада болу керек” деп атап өтеді.
Бала туса күзетер шілдехана,
Олар да өлең айтар шулап жана.
Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған,
Биде тақпақ, мақал бар, байқап қара, - деп дүниеге шырылдай, әндете
келген нәрестені түні бойы сол әнмен, сол музыкамен күзетіп отыратынын
айтады.
Біреудің кісісі өлсе қаралы ол,
Қаза көрген жүрегі жаралы ол.
Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,
Зарланып неге әнге салады ол. [11.50] –
деп музыканың өмірдің ең ақырғы кезеңіне шейін шығарып салатынын, әкесі
өлген қыздың, күйеуі өлген әйелдің қара жамылып, бірнеше жыл қақсап жoқтау
айтатынын, музыкада көздің жасы да, езу тартқан күлкі де аралас жүретінін
соның бәрінің де ән екенін айтады.
Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,
Қыз таныстыр – қызыққа жұрт ыржыңшыл.
Қынамен де, жар-жар мен беташар бар,
Өлеңсіз солар қызық бола ма гүл? –
деп, қайғыны суреттеген әннің қызықты бұрынғыдан көтере түсетін сиқырлы
күші барын келтіреді. Өмірдің түрлі көрінісіндегі музыканың алатын
орындарын тап басып айтып береді.
Абай мұнымен қатар музыка жайлы өткір, философиялық пікірлер
қалдырады.
Абай әннің адамның жан дүниесін баурап алатын, барлық сезімін
қозғайтын құдіретіне таң қала суреттеген. Сонымен қатар Абай:
“Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй” [11.194] -
деп, бар адамзат баласын әнді сүюге шақырады.
Ал ақын өзінің келесі өлеңінде:
Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа,
Адам ойы түрленіп ауған шақта.
Салған ән - көлеңкесі сол көңілдің,
Тактысына билесін ол құлаққа [11.177] -
деуі, музыканың объективтік өмірдің сәулесі екендігін, сол шындықтың біздің
көңіліміз арқылы сәулеленіп көрінетінін тапшылайды. Философияның,
эстетиканың кітап тілімен айтпаса да, жабайы тілмен-ақ шындықтың үстінен
түседі [3.103].
Ал:
Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шекәрім Құдайбердіұлы
Шәкәрім Құдайбердиев
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірбаяны
Абай көтерген адам болу, азамат болу идеясы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір мен шығармалары
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
М.Әуезов – үлкен ойшыл ғалым, ұлағатты ұстаз
Абай және казіргі заман. Шокан және географиялык детерминизм
Ахмет Жұбанов жайлы
Шыңғыстауға қоныстануды тобықты жұртын
Пәндер