Іле алатауының ландшафтарына физикалық географиялық сипаттама



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ ЛАНДШАФТАРЫНА ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1 Іле Алатауының зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Геологиялық құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.3 Іле Алатауының орографиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.4 Іле Алатауының климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.5 Іле Алатауының гидрографиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
1.6 Іле Алатауының өсімдігі және жануарлар әлемі ... ... ... ... ... ... ... ... 20

2. ТУРИСТІК АУДАНДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ. АУМАҚҚА РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ БАҒА БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Туристік рекреациялық ресурстар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2 Аумаққа рекреациялық баға берудің әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.3 Туризм және экология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.4 Таулы аймақтардағы ресурстарды тиімді игерудің жолдары ... ... ...33

3. ІЛЕ АЛАТАУЫНДАҒЫ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ БАСТЫ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ЛАНДШАФТАР
3.1 Іле Алатауы Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі ... ... ... ... ... ... ... ... .38
3.2 Үлкен Алматы көлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
3.3 Түрген, Үлкен Алматы және Кіші Алматы шатқалдары ... ... ... ... ...42
3.4 Медеу мұз айдыны және Шымбұлақ тау шаңғылық курорты ... ... ..44
3.5 Шарын Мемлекеттік Ұлттық саябағында геотуризмді дамыту мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
3.6 Іле Алатауының ландшафтарын туризмде қолдану ... ... ... ... ... ... ..51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54
Таулы аймақ жер шарының шамамен 40% алып жатыр. ТМД елінде 26% алса, соның 12% биіктігі 1500 м-ден асатын биік таулар болса, ал қалғаны орташа таулар. ТМД халқының 20% таулы аудандарда қоныстанған. Бұл жерлерде әр түрлі табиғи ресурстар – минералдар, өсімдіктер, ормандар, аң шаруашылығы, демалыс орындары мен рекреационды орындар кездеседі. Жазықтар мен салыстырғанда таулы облыстар айтарлықтай алуан түрлі табиғи жағдайлармен ерекшеленеді. Бұл зоналы биіктік ландшафтармен, жоталардың түрлілігі мен геологиялық құрылымының қиындылығы мен анықталады.
Таулар Қазақстан аумағының 12% -ын құрап, республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс белдемін қамтиды. Бұл көтерілімдер Балқаш суайрығын құрайды. Негізінен көтерілімдер шығыстан-батысқа және оңтүстіктен-солтүстікке қарай төмендейді.
Іле Алатауы – Солтүстік Тянь-Шаньның ең биік жотасы, ол 350 км-ге созылған, ең биік жері – Талғар шыңы (5017м). Таудың солтүстік етегінде Алматы қаласы орналасқан. Іле Алатауы шығыс жағында орографиялық тұтастығын жоғалтып, Жалаңаш және Сөгеті ойпаттарымен бөлінген үш сілемге тармақталады. Солтүстік сілемге Қараш тауы кіреді. Түрген өзенінен кейін Бақай мен Сөгеті таулары басталады, бұлар бірте-бірте Үлкен Бұғыты және Бала Бұғыты деп аталатын екі кішкене тауға ұласады. Орта тармақ – Сарытау мен Торайғыр тау жоталарынан, оңтүстік тармақ Далашық жазық тауынан тұрады. Іле Алатауы батысында Кіндіктас тауына (1506м), солтүстік-батысында Шу – Іле аласа таулары (1274м) бөліп тұратын Балқаштың батыс жағалауына ұласады.
1) Солтүстік – Қараш, Бақай, Сөгеті, Бұғыты
2) Ортаңғы – Сарытау, Торайғыр
3) Оңтүстік – Далашық тау үстірті
Олардың аралықтарында Сөгеті, Жалаңаш, Асын, Жіңішкен ойыстары жатыр.
Іле Алатауының оңтүстік бөлігі тігінен келіп, Шоңкемін және Шілік өзендерінің аңғарларына тіреледі. Іле Алатауының беткейлері алуан өрнекті терең шатқалдармен тілімденген. Аймақ сейсмикалық қауіп-қатерімен, сел тасқынының молдығымен, қар көшкінімен, ірі мұздықты тораптарымен сипатталады. Мұнда 393 – тен астам мұздық (жалпы көлемі 27,7 км3) бар.
1. Абдуллин А.А. Геология Казахстана. Алматы. Наука 1981.
2. Абдуллин А.А. Геология и минеральные ресурсы Казахстана. Алматы. Ғылым 1994.
3. Джаналиева К.М. Ландшафты дельты реки Или. Алматы: КазГу 1992.
4. Насыров Р.М., Науменко А.А., Соколов А.А. География почв Заилийского Алатау. – Алма – Ата: Қазақ университеті, 1991.
5. Жандаев М.Ж. Геоморфология Заилийского Алатау и проблемы формирования речных долин. Алма – Ата: Наука, 1972. - 167 с.
6. Жандаев М.Ж. Речные долины. Алматы: Казахстан ,1984.
7. Гуриков Д.Е. Іле Алатауы.
8. Ердавлетов С.Р. География туризма; история, теория, методы, практика. – Алматы, 2000.
9. Менеджмент туризма; Туризм и отраслевые системы. – М.: Финансы и статистика, 2001.
10. Алиева Ж.Н. Туризмология негіздері. Алматы: Қазақ университеті, 2004. - 172 б.
11. Алиева Ж.Н. Экологический туризм. – Алматы, 2002.
12. Географические проблемы освоение пустынных и горных территорий Казахстана. Тезисы докладов 3. науч. конфер. Алма – Ата. Казахстан 1965.
13. Географические основы рационального природопользования. сбор. стат. М.: Знание, 1991.
14. Баймағанбетова Ж.Т. әл – Фараби атындағы Қазақ ҰУ, Алматы қаласы. Ғылыми конф. 2003.
15. Алматы. Центр туризма Казахстана: Путеводитель по Казахстану. Алматы. Баур. 2002.
16. Ахметов Қ. Қаз. Ұлт. Энцикл. Алматы. 6 том, 434 – б. 2004.
17. Фишман И.Л., Казакова Ю.И. «Возможности развития геотуризма в Чарынском Гос. нац. природном парке». Терра. Научный журнал. Алматы – 2007. 67 – 72 с.
18. Алиева Ж.Н. «Проблемы рационального использования туристко – рекреационных ресурсов Семиречья». Научно – практической конфер. Вторые Жандаевские чтения. Алматы: «Қазақ университеті», 2003.
19. Чигаркин А.В. Памятники природы Казахстана. Алматы: Кайнар, 1994.
20. Шабельникова С.А.Оценка рекреационных ресурсов Республики Казахстан для целей развития отдыха и туризма. Алматы. 2000.
21. О туризме в РК в 2000 г. Статистический справочник. Агенство по статистике. Алматы, 2001.
22. Ярмухамедов М.Ш. Экономическая и социальная география Казахстана. Учебник для 9 кл. Алматы: Рауан, 1993.
23. Ким А.Г. Рекреационная оценка территории и развитие туристко-рекреационного хозяйства в Казахстане. Алматы: Рауан, 1997.
24. O развитии туризма как доходной отрасли экономики РК. Официальные материалы.- Алматы:Раритет, 2001.
25. Пирожник И.И. Основы географии туризма и экскурсионного обслуживания. Минск, 1985.
26. Ердавлетов С.Р. Казахстан туристский. Алматы: Кайнар,1989. 27. Чигаркин А.В. Охрана природы Казахстана. Учебное пособие для студентов университета. Алма-Ата,1973.
28. Аркадий Поздеев – Башта. Горные тропы Алматы. Туристко – информационный справочник. Алматы: Ғылым, 1998.
29. Вуколов В.Н. Халықаралық туризмнің тарихы және теориясы. Астана: Парасат әлемі, 2005.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ ЛАНДШАФТАРЫНА ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1 Іле Алатауының зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Геологиялық
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..5
1.3 Іле Алатауының
орографиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.4 Іле Алатауының
климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14
1.5 Іле Алатауының
гидрографиясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
1.6 Іле Алатауының өсімдігі және жануарлар
әлемі ... ... ... ... ... ... ... .. ..20

2. ТУРИСТІК АУДАНДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ. АУМАҚҚА
РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ БАҒА БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Туристік рекреациялық ресурстар туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2 Аумаққа рекреациялық баға берудің
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ...26
2.3 Туризм және
экология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..30
2.4 Таулы аймақтардағы ресурстарды тиімді игерудің
жолдары ... ... ...33

3. ІЛЕ АЛАТАУЫНДАҒЫ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ БАСТЫ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ЛАНДШАФТАР
3.1 Іле Алатауы Мемлекеттік Ұлттық табиғи
паркі ... ... ... ... ... ... ... .. ...38
3.2 Үлкен Алматы
көлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...41
3.3 Түрген, Үлкен Алматы және Кіші Алматы
шатқалдары ... ... ... ... ...42
3.4 Медеу мұз айдыны және Шымбұлақ тау шаңғылық курорты ... ... ..44
3.5 Шарын Мемлекеттік Ұлттық саябағында геотуризмді дамыту
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
3.6 Іле Алатауының ландшафтарын туризмде
қолдану ... ... ... ... ... ... ..51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..54

КІРІСПЕ

Таулы аймақ жер шарының шамамен 40% алып жатыр. ТМД елінде 26% алса,
соның 12% биіктігі 1500 м-ден асатын биік таулар болса, ал қалғаны орташа
таулар. ТМД халқының 20% таулы аудандарда қоныстанған. Бұл жерлерде әр
түрлі табиғи ресурстар – минералдар, өсімдіктер, ормандар, аң шаруашылығы,
демалыс орындары мен рекреационды орындар кездеседі. Жазықтар мен
салыстырғанда таулы облыстар айтарлықтай алуан түрлі табиғи жағдайлармен
ерекшеленеді. Бұл зоналы биіктік ландшафтармен, жоталардың түрлілігі мен
геологиялық құрылымының қиындылығы мен анықталады.
Таулар Қазақстан аумағының 12% -ын құрап, республиканың шығыс және
оңтүстік-шығыс белдемін қамтиды. Бұл көтерілімдер Балқаш суайрығын құрайды.
Негізінен көтерілімдер шығыстан-батысқа және оңтүстіктен-солтүстікке қарай
төмендейді.
Іле Алатауы – Солтүстік Тянь-Шаньның ең биік жотасы, ол 350 км-ге
созылған, ең биік жері – Талғар шыңы (5017м). Таудың солтүстік етегінде
Алматы қаласы орналасқан. Іле Алатауы шығыс жағында орографиялық тұтастығын
жоғалтып, Жалаңаш және Сөгеті ойпаттарымен бөлінген үш сілемге
тармақталады. Солтүстік сілемге Қараш тауы кіреді. Түрген өзенінен кейін
Бақай мен Сөгеті таулары басталады, бұлар бірте-бірте Үлкен Бұғыты және
Бала Бұғыты деп аталатын екі кішкене тауға ұласады. Орта тармақ – Сарытау
мен Торайғыр тау жоталарынан, оңтүстік тармақ Далашық жазық тауынан тұрады.
Іле Алатауы батысында Кіндіктас тауына (1506м), солтүстік-батысында Шу –
Іле аласа таулары (1274м) бөліп тұратын Балқаштың батыс жағалауына ұласады.
1) Солтүстік – Қараш, Бақай, Сөгеті, Бұғыты
2) Ортаңғы – Сарытау, Торайғыр
3) Оңтүстік – Далашық тау үстірті
Олардың аралықтарында Сөгеті, Жалаңаш, Асын, Жіңішкен ойыстары жатыр.
Іле Алатауының оңтүстік бөлігі тігінен келіп, Шоңкемін және Шілік
өзендерінің аңғарларына тіреледі. Іле Алатауының беткейлері алуан өрнекті
терең шатқалдармен тілімденген. Аймақ сейсмикалық қауіп-қатерімен, сел
тасқынының молдығымен, қар көшкінімен, ірі мұздықты тораптарымен
сипатталады. Мұнда 393 – тен астам мұздық (жалпы көлемі 27,7 км3) бар.

1 ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ ЛАНДШАФТАРЫНА ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

1.1 Іле Алатауының зерттелу тарихы

Іле Алатауы Тянь-Шань таулы жүйесінің солтүстік жоталарының бірі болып
табылады. Ең алғашқы зерттеушілер бұл кең аймақты Іле өлкесі деп атаған.
Солтүстігінде жота тауалды жазығымен, ал оңтүстігінде – Шелек және Шоңкемін
өзендерінің аңғарлары болып табылады. Батысында Қастек өзенімен, шығысында
Шарын өзенімен шектеледі. Жотаның ең биік нүктесі Талғар шыңы. Биік таулар
негізінен орталығында орналасқан. Климаты континентальдығымен ерекшеленеді.
Іле Алатауының геологиялық құрылымы өте күрделі. Мұнда интрузивтік магмалық
жыныстар кездеседі. Сонымен қатар метаморфтық тау жыныстары да кездеседі.
Тау жотаның үлкен бөлігінде палеозойлық жыныстардан құралған сөрелер
пайда болды.
XIX ғасырдың екінші жартысында Еуропаның ғылыми әдебиетінде, Тянь-Шань
таулы елі мүлде белгісіз қалды. Батыс Еуропа ғалымдарының Тянь-Шань
табиғатымен танысуы өте қызық болды. Мысалы атақты неміс ғалымы А.
Гумбольдт Тянь-Шань тауы қазіргі вулкандық аймақ екенін дәлелдеді.
Көрнекті қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов еуропалықтардың аяғы жетпеген,
жұмбақ болып келген Тянь- Шань таулы аймағын алғаш зерттеген. 1856 жылы
белгілі Семенов Тянь- Шаньский екі рет саяхат жасады. Ыстық көлдің шығысына
жасаған бірінші саяхатында ол Верный бекінісінен Уәлиханов маршрутымен
аттанды. Географ, әрі геолог, ботаник, әрі зоолог болған П.П. Тянь-Шаньский
маршрут бойынша әр түрлі әсіресе Іле Алатауының геологиясын ғылыми тұрғыдан
зерттеді. Ол жотаның рельефі геологиясы және өсімдік жамылғысына ауқымды
сипаттама берді. Биіктік ландшафтық белдеулікті алғаш рет ұсынды. Оны бес
зонаға; далалық, мәдени және бақшалық, қылқан жапырақты ормандар зонасы,
альпілік және мәңгілік қар зонасы деп бөлді. 1902-1903 ж. ж. В.В.
Сапожников неміс геологы Фридерхсенмен бірге Жетісуда геоботаникалық
жұмыстар жүргізді. 1903 жылы және одан кейінгі жылдары С.В. Димитрев Іле
Алатауы мұздықтарын зерттеді. 1916-1920 жылдары Іле Алатауының мұздықтарын
В.Д. Городецкий зерттеді. Д.Н. Казаналин 1946-1949 жылдары Іле Алатауының
сейсмикасы мен тектоникасын зерттеді. Ол өзінің есеп беруі кезінде жотаның
геологиялық картасын көрсетті. 1946-1948 жылдары Іле Алатауының тауалды
лессті түрімен Ломонович айналысты.
Іле Алатауын зерттеген көрнекті орыс ғалымы, географ Семенов Тянь-
Шаньский. 1856-1857 жылдары оның Тянь-Шаньға жасаған атақты саяхаты арқылы,
Еуропа ғалымдары бірінші рет географиялық тұрғыдан сол аймақтың геологиясы
мен өсімдіктерінен нақты мәлімет алды. Ол Іле Алатауының солтүстік
беткейінің орталық бөлігіне, тік бағытта ландшафтық белдеу орналастырды. Ең
бірінші Іле Алатауының топырақ жамылғысы, осы аймақта 1886 жылы
геоботаникалық зерттеу жүргізген атақты ботаник әрі географ А.Н. Красновтың
еңбегін еске түсіреді.

1.2 Геологиялық құрылысы

Қазақстан Республикасының кең-байтақ аумағы ұзақ қалыптасу тарихы бар
күрделі геологиялық құрылым болып табылады. Осы кең аумақтың геологиясын,
тектоникалық құрылысын және пайдалы қазбаларын зерттеуде көптеген геологтар
жемісті еңбек етті. Олардың ішінен А.А. Абдуллин, А.Д. Архангельский, Ш.Е.
Есенов, Г.Ц. Медоев, Қ.И. Сәтбаев, А.Л. Яншин және т.б. ғалымдарды атап
көрсетуге болады.
Осы ғалымдар Қазақстанның геологиялық құрылысын жан-жақты
зерттеулерінің нәтижесінде СССР геологиясы (1967-1970 ж. ж.) топтамасында
Қазақстан геологиясы туралы мәліметтер, А.А. Абдуллиннің монографиялары
(1981, 1994 ж.), В.Ф. Беспалов еңбектері (1971, 1975 ж.), тектоникалық
карталар (1971, 1976 ж.), Қазақстандағы палеозой (1969 ж.) және
Қазақстанды геофизикалық мәліметтері бойынша геоботаникалық аудандастыру
жинақтары жарық көрді.
Палеозой дәуірінде Қазақстан Республикасы аумағының негізгі
геологиялық құрылысының құрылымдық-тектоникалық белгілері анықталды. Жер
қабығы үлескілерінің шекараларында тектоникалық жарылымдар пайда болды. Жер
беттерінде жанартаулық құбылыстар байқалды.
Кембрий шөгінділері Ерментау және Баянауыл тауларында жақсы
зерттелгенімен, біз қарастырып отырған аумақта ол шөгінділер кремний-сазды
тақтатастармен, тиллитті конгломераттармен және хемогенді құрылымдар арқылы
көрінеді. Ол дәуірде Қазақстан аумағының көп жерін су басып жатқанымен,
ороген алқабы орнында аралдар тізбегі болған 1.
Климаттық жағдайлар құрғақ және жоғарғы температурада болды. Бұған
дәлел Қаратау жоталарындағы қабаттардың алуан түрлілігі және доломиттердің
кеңінен дамуы болады.
Ордовик кезеңінде Қазақстанның шығыс бөліктері күрделі аралдар
архипелагын құрды. Олардың теңіз суымен шайылуы сазды және кремнийлі
шөгінділердің жинақталуына алып келді. Ордовикте магмалық іс-әрекет
қарқындылығы жоғары болды. Кембрий климаты ордовик климатына ұқсас болды.
Төменгі силур соңында күшті қатпар құрылуы үрдісі жүре бастады. Осы
кезеңде теңіз түптерінен жаңа таулар көтеріліп, басқа аймақтарда бату және
шөгінді жиналу белдемдері қалыптасты. Силур кезеңінде теңіз алаптары тек
Алтайдың батыс және шығыс шектерінде, Жоңғар Алатауының шектерінде ғана
қалды 2.
Каледон қатпарлығында пайда болған тау құрылымдары көп мөлшерде
сынықтық материалдарды бөліп шығарды. Ондай шөгінді жыныстар Жоңғар
Алатауының батыс шектерінде молынан байқалады.
Девон кезеңі басында теңіз тек Жоңғар Алатауы мен Мұғалжарда кіші
үлескілерде ғана қалды. Басқа аумақтың бәрінде континенттік жағдай басым
болды. Каледон қатпарлығының жоғарғы таулы қыраттары Алтай мен Жоңғар
Алатауында болды. Бірақ төменгі девондағы күшті денудациялық үрдістер
олардың биіктігін біраз төмендетті. Девон шөгінділері Алтайда кең таралған.
Олар негізінен қызыл құмтастар және эффузивтер түрінде.
Триас дәуірінде ыстық климат жағдайында тау жыныстарының химиялық
үгілу құбылысы кеңінен жүрді. Бұлардың шөгінділері тектоникалық қозғалыстар
нәтижесінде пайда болған ойпаңдарға жиналды. Жер кабығындағы жарылымның
пайда болмаған жерлерінде осындай жарылымдар Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауы
арасындағы Іле ойпаңы, Алтайда Кендірлік ойпаңы қалыптасты.
Юра кезеңінде вулканизм процестерінің орын алған жерлері Алакөл ойпаңы
және Кетмен қыраты. Алтайдың көтеріле бастаған қыраттарының етектерінде
өзен сулары мен ағындарының тасымалымен келген ірі сынықты қабаттардың
жиналуы жүрді.
Төрттік дәуірде тау түзілу процесі одан әрі жалғасып, әлі күнге дейін
қарастырылып отырған аймақта қарқындылығын тоқтатқан жоқ 2.
Геоморфология — жер бетінің рельефін, оның әр түрлі формаларының
құрлымын және шығу тегін зерттейтін ғылым. Кез-келген ауданның
геоморфологиясын жеткілікті зертеу үшін рельеф формаларын белгілі бір
жүйеге келтіру керек, яғни оларды ең маңызды белгілері бойынша топтастыру
керек. Мұндай жүйелеу рельефтің берілген ауданның геологиялық құрылымы мен
генетикалық байланысын, жер бетінің даму заңдылықтарын қамтып көрсетуі және
геоморфологиялық карталардың шартты белгілерін өңдеуде негізгі қызмет
атқаруы керек.
Мұндай жүйелеу рельефтің берілген ауданның геологиялық құрлымы мен
генетикалық байланысын, жер бетінің даму заңдылықтарын қамтып көрсетуі және
геоморфологиялық карталардың шартты белгілерін өңдеуде негізгі қызмет
атқаруы керек. Іле Алатауының территориясы шығу тегі әр түрлі рельеф
пішіндері және типтерінің күрделі үйлесімімен сипатталады, рельефтің
қалыптасуына әсер етуші факторлар да алуан түрлі. Осының бәрін есепке ала
отырып, біз Іле Алатауын екі кешенге: эрозиялы-тектоникалық (таулы) және
аккумулятивті-тектоникалық (жазықтық) кешенге біріккен рельефтің жеті типін
бөліп көрсетеміз. Бірінші жағдайда жер қыртысының тектоникалық көтерілуін
үнемі бұзу процесі басып озады, сондықтан таулы рельефтің әр түрлі типтер
қалыптасады. Осы кешенге кіретін рельеф типтерінің сипаттамасын келтірейік.
Биік таулы-мұзды рельеф. Әдеттегідей жотаның ең жоғарғы зонасында,
3000-5000м-ге дейін биіктікте орналасады. Бұл максимальды тау көтерілу
зонасы. Берілген рельеф типі ендік бағытта 160 км-ден көп қашықтыққа
созылатын Іле Алатауының орталық бөлігін алып жатыр. Ол жотаның ең биік
шыңдары: Талғар (5017), Қопа (4600), Погребецкий (4551) және тағы басқа
шыңдарын қамтиды. Олардың барлығы тауларда пирамидалы жарлы шыңдар түрінде
жақсы ерекшеленеді. Мұнда асулар 3600 метрден жоғары биікте орналасқан және
шығуға қиын.
Мұзды биік тау қазіргі заманғы мұз басу зонасында орналасқан,
сондықтан рельефтің сыртқы көрінісі тік, құламалы, баурайлы (40-500С) дейін
және үшкір шыңды болып келеді. Суайрық қырқасының саласы қыртысты қимамен
ерекшеленеді. Қырқаның баурайларын бойлай аумағы 800 м-ге дейін, кейде
көлденеңінен километрден көп мұздықтардан құралған орасан зор тостаған
тәрізді қазан шұңқырлар карлардың тізбегі байқалады. Олар көп камералы
болады және мұздықтардан тұрады. Қыста олар орасан мол қармен тығыздалып,
қабырғалары аппақ қарға оранады. Жиі, қарама-қарсы беткейлердің карлары
артқы қабырғаларының жақындауынан суайрық қырқасында ойпат түзеді, немесе 3-
4 карлар қабырғалары үйлескенде ортасында құзды шың - карлинг қалады бұл
типке жотаның көптеген шыңдары жатады.
Дәл осы зонаны П.П.Семенов-Тянь-Шаньскийдің жазған мына сөздері
сипаттайды: Күнмен, көгілдір көлеңкелермен, мәңгі ұйқыдағы қарлармен
шағылысқан таулар аспанда төніп тұрған тәрізді. Олардың үшкір шыңдары,
қатты пирамидалар, орасан зор күмбездер, бұзылған және дөңгелек асулар
жердің түбіне созылған, көтерілген тұтас қабырға тәрізді көрінеді.
Мұз зонасында барлық жерде мәңгі тоң таралған, мұнда көптеген бұзу
процестер байқалады: сел тасқындары, тасқұлауы, беткейдегі малтатастардың
жаппай қозғалысы, қар опырылымдары: сондай-ақ таулардың үстінде тасты
көпбұрыштардың қалыптасуы байқалады. Сел тасқындарына жеткілікті материал
болып табылатын ежелгі және қазіргі заманғы мореналардың көптеген жиналуы
жүреді. Мұздықтардың соңынан алынған тік беткейлі және тегіс түпті үлкен
мұз аңғарлары басталады.
Жотаның шеткі сілемдерінің сондай-ақ тік жартасты пішіндері бар. 3000-
3500 м биіктікте жотаның солтүстік және оңтүстік беткейлерінде әрекетсіз
карлардың орналасқан типтері бар. Олар Асы, Түрген өзендерінің басталар
жерінде, Үлкен Алматы, Ұзынағаш, Қарақастек және тағы басқа өзендердің
бастауларында жақсы көрінеді. Ежелгі трогтардың төменгі шетінде сондай-ақ
едәуір биіктікте тік кертпештер түзетін мореналардың үйіліп жатуы және
сарқырамалар байқалады. Мұндай кертпештің биіктігі мысалы: Үлкен Алматы
аңғарында 500 метрге дейін жетеді.
Орташа тау. Ол Іле Алатауында ең көп таралған және 1600-3000 м
биіктік шекарасында орналасқан. Жотаның орталық бөлігінде ол тікелей биік
таулы рельефке жалғасады, ал шығыс бөлігінде азды-көпті дербес тау
сілемдерінен тұрады; Бақай, Сөгеті, Торайғыр, Далашық және т.б. Орташа
тауға көбірек тегістелген майда пішіндер (контурлар) тән, бірақ сондай-ақ
ол тереңдігі 800-1000 м-ге және тіпті одан да көп бірнеше метрге жететін
орасан зор шатқалдар жүйесімен күшті тілімделген. Бұл осы зонадағы жауатын
жауын-шашын және мұздықтармен қатар шұғыл төмендейтін және тек қана
бірыңғай энергиямен терең эрозия тудыратын суы мол өзендерді
қоректендіретін атмосфералық жауын-шашынның максимальды мөлшерінің
басымдылығымен түсіндіріледі. Олардың аңғарларының беткейлері тіп-тік 30-
400С.
Сондай-ақ орташа таулар шекарасында, өте құламалы бірте-бірте бұзыла
отырып малта тастармен немесе көлге айналатын сулармен толығатын ежелгі
сөнген карлар көп.
Осы типке жататын таулар айналасы түгелдей дерлік рельефте айқын
көрсетілген опырылмалармен қоршалған. Таулардың беткейлері сонау шыңдарына
дейін тығыз таулы шалғынды өсімдіктермен, жотаның орталық бөлігіндегі
солтүстік экспозиция беткейлері орманмен көмкерілген.
Сатылы аласа таулар. Іле Алатауының геоморфологиялық құрылымының өзгеше
ерекшеліктерінің бірі-оның солтүстік беткейінің сатылы құрылымы, яғни екі
айқын сатыланған прилавкалардың бар болуы. Жоғарғы сатының рельефі
тығыздалған немесе сатылы бетті және бірқалыпты кескінді жотаның негізгі
сілемінен солтүстік бағытта шегінген кішкене таулар немесе тізбектер болып
табылады. Олардың абсолютті биіктігі 1200-1700 м. Олар шатқал тэрізді
тереңдігі 300-400 м-ге дейінгі өзен аңғарларымен тілімденген.
Олардың беткейлері тік 25-30°С, шымға айналып қыртыстанған және қалың
таулы-шалғынды өсімдіктермен жамылған жыныстардың көптеп жиналуы
нәтижесінде топырақ түзілу процесі сферасына қатыстырылған және едәуір
биіктікке көтерілген осы тау белдеуінің бұрынғы гипсометриялық күйінің өте
төмендегенін көрсетеді.
Төменгі тау алды сатысының биіктігі 900-1200 м. Рельефтің оң
пішіндеріне тегіс немесе солтүстікке жалпы еңістелген, әлсіз адырлы бетті
аласа таулар жатады. Олар өзендермен және көптеген уақытша ағын сулар
сайларымен тілімделген сатылы тау алды шекарасында табиғи және рельефтің
жасанды формалары үлкен даму алған: карьерлер, каналдар, сатыланған
беткейлер, жолдар, платиналар, дамбалар және тағы басқа. Төбелі аласа
таудың өзен аңғарлары кең, ысырынды конустарға ауысатын, айқын байқалған
террассалы болып келеді.
Тізбектелген-ұсақ шоқылы аласа таулар. Ол жотаның батыс және Шығыс
атыраптарында жекелеген үлескелермен таралған: Торайғыр массивінің
шекарасында, Жіңішке ойпатында, Қозыбасы тауларында, жотаның оңтүстік батыс
бөлігінде және басқа аудандарда. Оның рельефі көбінесе салыстырмалы
биіктігі 100 м-ге дейін, сирегірек 200 м-ге дейінгі ассиметриялы аласа
таулар болып табылады. Олар құрғақ аңғарлармен немесе тереңдігі 50-70 м
сайлармен тілімденген. Қозыбасы тауларының солтүстік беткейі тік және
биіктігі 200 м жоғары тектоникалық кертпеш, оңтүстігі жазық созылған болып
келеді. Сөгеті массивінің сілемі солтүстігінде меридиан бағытында
орналасқан және алмаспайтын өтпелі құрғақ аңғарлармен тілімденген қысқа
ассиметриялы тізбектер дамыған. Торайғыр жотасының шығыс бөлігінде
симметриялы жоталар таралған, олардың осьтері бойынша әдетте аса тұрақты
жыныстардың желілері айқын көрініп тұрады. Торайғырдың оңтүстік беткейінде
тегіс қырқалы немесе салыстырмалы биіктігі 100 м-ге дейінгі қысқа тізбекті
таулар дамыған.
Ұсақ шоқы. Ол екі аймақта таралған. Біріншісі - Қызылқырқа ұсақ шоқысы
орналасқан Сөгеті тауларының шығыс бөлігі, оның рельефінің қарапайым
пішіндері жекеленген шоқылар немесе оң конус тәрізді шыңды төбелер болып
табылады. Олардың салыстырмалы биіктіктері 15-30 м. Өзінің оңтүстік
бөлігінде Қызылқырқа биіктігі 50 м-ге дейінгі тектоникалық кертпешпен
шектелген. Мұнда ұсақ шоқы аса қарқынды тілімденген және аласа тау сипатына
ие.
Сөгеті ойпатының шығыс бөлігінде орналасқан Шөладыр ұсақ шоқысының
дамуы біршама өзгеше. Мұндағы оң элементтер биіктігі 10-15, кейде 30 м-ге
дейінгі сиретілген аласа және жайпақ төбелер болып келеді. Шөладыр ежелгі
тегістелу бетінің аса көтеріңкі аймағы болып табылады. Өзінің дамуында ол
барлық тау аралық ойпаттармен бірге айналасындағы таулардан елеулі артта
қалады және бірте-бірте соңғыларының қалдықтарының астына көміледі.
Екіншісі эрозиялық - тектоникалық жазық кешен Іле Алатауының тауалды
зонасының және тауаралық ойпаттарының рельеф типтерін біріктіреді, онда
теріс тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде үлкен қалдықты материал
жиналады. Жекелеген аймақтарда, орта антропогеннен басталып, керісінше
көтерілулерді бастан өткізеді. Әр түрлі бедерлердің тектоникалық
қозғалыстарының байланысы және борпылдақ қалдықты материалдардың жиналуы,
сондай-ақ тау өзендерінің қарқынды эрозиялы әрекеті рельефтің әр түрлі
типтерінің қалыптасуын алдын ала анықтайды.
Ғалымдар Іле Алатауы жоталарында тау жондарының қалыптасу процесі әлі
де жүріп жатыр деп санайды. Таудың жотасы жыл сайын орташа есеппен 5 мм
жоғары көтеріледі, мұның өзі жер сілкінуіне, тастардың құлауына, жер
бедерінің өзгеруіне себепкер болады.
Іле Алтауының орнында көне замандарда әжептәуір жазық жер болған.
Жүздеген миллион жылдардың ішінде герцин қатпарлықтары нәтижесінде құралған
ежелгі тау жүйелерінің барлығы пенипленделген, яғни тегістелген жерлерге
айналған.
Іле Алатауы жотасының биіктеуі осы плиоценде басталған. 13-14 миллион
жыл ішінде таудың биіктігі шамамен 2500 м-ге жеткен. Жотаның биіктеуімен
бір мезгілде тау етегіндегі бөктерлер шөгіп, жотаның шығыс жағындағы
тауаралық алқаптар да бірте-бірте төмендеген. Тектоникалық әсер ету
кезеңінің біршама тынышталған уақытынан кейін орта антропоген дәуірінде
(осыдан 600 мың жыл бұрын ) тектоникалық қимыл-қозғалыстар қауырт күшейіп,
таулар осы күнгі биіктігіне - 4700 метрге жеткен.
Іле Алатау бедерінің қалыптасуына едәуір дәрежеде мұздықтану кезеңі де
әсер еткен, сол әсердің салдарынан тау жыныстары етекке қарай ығыстырылып,
орасан үлкен төкпелі өршіктер пайда болған, жоғары белдікте тау жыныстары
сынықтарының үйілген шөгінділері қалыптасқан.
В.М Чупахиннің (1964) пікіріне қарағанда, мұздықтану дәуірі екі рет болған.
Алғашқысы үшінші кезеңнің ( полеозой эрасы ) соңына тура келеді. Ежелгі
мұздықтанудың екінші дәуірі орта немесе соңғы төртінші кезеңге (мезозой
эрасы ) тұспа - тұс келеді. Бұл уақытта Еуразияның жалпы климаты өзгереді.
Алғашқысында жер беті жартылай мұздықтанған, екінші мұздықтану таулар мен
тау алқаптарына жайылған. Осы мұздықтанулардың нәтижесінде Іле Алатауы биік
таулы альпілік бедерге ие болған. Тау бөктерлерінде шомбал тастардың ұмар-
жұмар үйінділері мен қуыстар (мұздақ эрозиясының нәтижесінде беткейлерде,
бөктерлерде, жартастарда пайда болған) кездеседі. Жоғары жақтағы алқаптар
трог түрінде, яғни түбі жалпақ та дөңгелектеу астау тәрізді шұңқыр, ең
төменгі бөктері тік жарқабақ болып келеді.
Тау жоталарының бөктерлерінде эрозиялық жылғалар сансыз көп, қар
көшкіндері, кей-кейде селге айналатын екпінді су тасқындары осы жылғалармен
сарқырай ағады, осының бәрі сансыз көп тарам-тарам тармақтары бар аса ірі
шатқалдар, құзарттар қалыптасуының негізгі себептерінің бірі - бұл су және
мұзарт эрозиясы екенін дәлелдейді және Іле Алатауының осы күнгі бедерлеріне
тән сипат болып табылады.
Іле Алатуының геологиялық құрылымы аса күрделі. Мұнда интрузивтік
магмалық жыныстар (гранит, гранодиорит, сиенит, диорит) кездеседі, бұлар -
балқыған, содан кейін тереңде суынып, қатып қалған магмадан және шөгінді
жыныстардан құралған саз балшық, сары топыраққа ұқсас қыртыс, утас,
малтатас түріндегі қатқыл денелер. Шөгінді жыныстар қабат-қабат болып
жатады және магма жыныстарының талқандалуы, тасымалдануы нәтижесінде,
солардың шөгінділерінен сондай-ақ жануарлардың сүйектері мен өсімдіктердің
шіруі нәтижесінде құралып, қалыптасады. Сонымен қатар метаморфтық тау
жыныстары - сланец, гнейс, гипарит сияқтылар кездеседі. Метаморфизм
дегеніміз - жер қабығының қозғалысы нәтижесінде, жоғары қысым, температура,
жер астындағы ертінділер мен газдардың әсер етіу салдарынан терең
горизонттарда интрузивтік немесе шөгінді жыныстардың өзгеруі.
Тау жотасының белдікті бөлігін бойлай жеке үлескелер түрінде неғұрлым
көне, ежелгі жыныстар кездеседі, бұлар протерозой дәуірінде, осыдан 500
миллионнан астам жыл бұрын қалыптасқан кристалды сланец, кварцит, гейс,
тағы сол сияқтылар. Тау жотасының үлкен бөлігі палезойлық жыныстардан -
гранит, гранодиорит, сиенит сияқтылардан құралған.
Тау жотасының орталық бөлігінде, әсірісе кіші Алматы шатқалында ірі-
ірі сұр гранит кездеседі. Іле Алатауы жотасында қызыл және қызғылт гранит
мейлінше мол. Талғар шыңы және жотаның орталық бөлігінде шың -шоқылары, тау
торабы негізінен алғанда осы жыныстардан құралған. Граниттің қирап ұсақталу
салдарынан кедір-бұдыр ұсақ - кесек, қиыршық, құмдақ, ауыр балшық түріндегі
жыныстар тау бөліктерінде молынан шашырап жатыр. 2800-3000 метр биікте көне
мұздақ кезеңіне тән бедерлері бар толқын тәрізді болып біткен, Сырт деп
аталатын жазық жабындар орналаскан. Биіктіктегі бұл жазық Сыртта, осы күнгі
жайлау, мал жайлымдарында көне мұздықтардың әсерінен пайда болған
жүлгелері, сай -салалары бар "қошқар маңдай", жылтыр, тегіс шың - шоқылы
танаптар кездеседі. Кайнозой дәуірінен бергі анағұрлым жас тау жыныстары
балшықтан, ұсақ малтатастардан құралған.
Қызыл балшық Іле Алатауында Бұғыты жотасында кездеседі, мұнда гипс кен
орны табылып отыр. Бұл көне балшықтар миоцен кезеңінде, қазіргі Іле
Алатауының орнында жалпақ жазық көсіліп жатқан кездерде құралған. Бұларда
қойтас - малтатас шөгінділері табылған жоқ. Тау жотасының шығыс жақ
бөлігінде, Жіңішке өзенінің алқабы мен Жалаңаш қазан шұңқырында сары балшық
пен ұсақ қиыршық малтатастардан анағұрлым жас плиоцен шөгінді жыныстары
қалыптасқан. Бұл шөгінділер қызыл балшық қабатынан жоғары орналасқан.
Тау аралық аккумулятивті жазықтар. Бұл типке Жалаңаш және Сөгеті
ойпаттарының рельефі жатқызылады. Олардың біріншісі солтүстігінде Торайғыр
және оңтүстігінде Күнгей Алатауы жоталарының аралығында орналасқан және
ұзындығы меридиан бағытында 22 км, ал ендік бағытта — 20 км, абсолюттік
биіктіктері 1300 - 1500 м көтеріңкі жазық болып табылады. Оның беті
солтүстік - батысқа қарай еңістелген және бірыңғай рельефті, тек батысында
ғана кішкене тегіс сайлармен біршама күрделенген. Жазықтың солтүстік
бөлігінде Торайғыр жотасының оңтүстік беткейінің уақытша ағын суларының
ысырынды конустары жақсы ерекшеленеді. Оның шығыс бөлігін солтүстік - шығыс
бағытында тереңдігі 300 м-ге дейін жететін Шарын өзені аңғары басып өтеді.
Сөгеті және Торайғыр тауларының аралығында орналасқан Сөгеті жазығының
құрылымы мен шығу тегі ұқсас. Оның ендік ұзындығы - 35 км, меридиандық -
15, абсолюттік биіктігі 1000-1200 метр.
Сонымен, Іле Алатауының геоморфологиялық құрылымы өте күрделі және әр
түрлі сыртқы факторлардың: климат, өзен, мұздык және т.б. әсерлері тікелей
көрнісі болып табылады. Рельеф типтері Іле Алатауының қалыптасуының бүкіл
кезеңінде бірте-бірте қалыптасты, яғни олар жердің ішкі және сыртқы күштері
әрекеттестігінің нәтижесі ретінде жота дамуының табиғи жүрісін қамтып
көрсетеді.

1.3 Іле Алатауының орографиясы

Тау етегіндегі далалы жазықтар, аласа таулар, субальпілік - орманды
орта таулар, шалғынды - альпілік және мәңгі қарлы биік таулардан құралған.
Іле Алатауы оңтүстікке дөңестелген кең доғаны құрайды. Жота ұзындығы 300
км, ені 35-40 км. Орталық қырқалы бөлігі (Қаскелең - Түрген өзен арлығы)
тік беткейлі, жартасты суайрық қырқалы, гляциальды пішіндегі альпілік
бедерге ие. Биіктігі 4500-5000 м шыңдар мен қазіргі мұз басу орналасқан.
Жотаның оңтүстік беткейі тік, бірақ үлкен Кемен мен Шілік алаптары
өзендерімен аз тілімденген. Жоғарғы ағыстарында ұзындығы 10 км созылған
басты суайрық қырқасы Іле Алатауын Күнгей Алатауымен байланыстыратын Шілік
- Кемен тау торабы орналасқан. Талғар шыңынан шығысқа қарай қырқаның
биіктігі төмендейді. Жотаның батыс бөлігінде ауыспалы қырқалар мен
үстірттерден тұратын тегістелген Қастек және Кіндіктас таулары орналасқан.
Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі орта таулардан төмен терраса түрінде
төмендейтін тау алды жоталары орналасқан. Оларды жоғарғы топырақтары көбіне
жазықтық топырақ типтеріне ұқсас болып келеді. Дегенмен, таудағы топырақ
түзілу жағдайлары өзіндік ерекшеліктеріне байланысты дамитындықтан, тау
топырақтары өзгеше ерекше қасиеттерге ие болады. Оларға жоғарғы қиыршықталу
және топырақ материалының нашар сұрыпталуы тән болып келеді. Топырақтардың
құрамының алғашқы минералдарға бай болып, ал екінші реттегі минералдардың
жұтаң болуы осы топырақ типтеріне тән. Бұл топырақтардың гумус құрамы да
өзгеше болып келеді. Құрамында 5-20 % органикалық заттар кездесуі мүмкін.
Сонда да онда әлсіз гумустанған және дұрыс шірімеген қалдықтар басым болып
келеді. Тау топырақтары - тау бедері жағдайында қалыптасатын топырақ
топтары. Тау және тау алды топырақтары Қазақстан Республикасының оңтүстік
және оңтүстік-шығыс белдемін алып доға ретінде жауып жатыр. Бұл доға
ұзындығы 2 мың км, ал жалпы ауданы 34 млн га. Оның 18,1 млн га тау және
15,9 млн га тау алды топырақтарына тиесілі. А.А. Соколов (1980 ж.) бойынша
келесі вертикальді зоналықтың аймақтарын бөліп қарауға болады: Алтай,
Солтүстік Тянь-Шань, Батыс Тянь-Шань. Олардың әрқайсысында бірнеше тау
провинциялары бөліп қарастырылады. Ө.О. Оспанов атындағы топырақтану
институтының мәліметтері бойынша тау территорияларында 71 топырақ типі
ерекшеленеді.
Солтүстік Тянь-Шаньды топырақ зоналары Оңтүстік Батыс Тарбағатай,
Барлық, Жоңғар, Солтүстік Тянь-Шань, Қырғыз тау провинцияларына бөлінеді.
Батыс Тянь-Шань: Солтүстік Қаратау және Батыс Тянь-Шань тау
провинцияларына бөлінеді 3.
Іле Алатауының топырағын И.А.Соколов, И.А. Ассинг, А.Б. Құрманғалиев,
С.К. Серпиковтар егжей-тегжейлі зерттеген. Бұл авторлар таулардағы топырақ
белдеулерінің кезектесуі кейбір дәрежеде жазықтардың топырақ аймақтарын
қайталайды деген пікірде. Алайда таудың ауа райы мен бедерлерінің
өзгешеліктерінен туатын елеулі айырмашылықтар да бар. Төменгі алпілік және
альпілік-шалғын топырақтары тек қана биік таулы жерлерде қалыптасады. Тау
бөктерлерінде топырақ қыртыстарының шайылуы да, топырақ горизонттарының өз
ішінде ертінділерінің жанама қимыл-қозғалыстары да әсер етеді. Түбегейлі
жыныстардың жақын жатуы тау бөктерлеріндегі топырақтың құнарлылығының
кемуіне және тым қиыршықтануына әкеп соғады. Іле Алатауының жоталарындағы
топырақтың Іле өзенінен бастап тау шыңдарына дейінгі көлбей кезектесуімен
қысқаша танысып көрелік.
Тау етегіндегі шөл далалық белдеу. Мұның өзі тау етегіндегі нақты 450-
650 метр биікте орналасқан кәдімгі сұр топырақ. Жауын-шашын мөлшері орта
есеппен 150-350 мм. Осының арқасында мұнда тек көктемде ғана өркен жайып,
жазда қурап қалатын эфемерлі өсімдіктер өседі. Тау етегіндегі сұр
топыракта 1,4 - 1,6 % қарашірік, 0,11 -0,30 % азот болады, суарған күнде
мол өнім алынады.
Іле өзені бойындағы белдеу тау етегінен бастап Қапшағай су қоймасына
дейін толық игерілген және суармалы егіншілікке арналған. Су коймасының
оңтүстік жағалауының өн бойындағы 10 км алқап қана мал жайылымына және
шабындыққа пайдаланылады. Сортаңданған топырақ астында судың жақын жатуы
және жауын-шашыннан кейін бірден жаппай буланып кететіндіктен бірсыпыра
реттерде шамадан тыс суарылғанда топырақтың қайыра сортаңдануына әкеп
соқтырды. Сондықтан бұл белдеуде топырақты суарғанда, суды бетондалған
астаумен ағызу, не артылған сортаңданған суды жинайтын дренаж жүйесін
қамтамасыз ету қажет.
Бұталы - әр түрлі шөптесін дала белдеуі. Қазір бұл мәдени немесе бау-
бақшалық белдеу (теңіз деңгейінен 650-1300 м биіктікте ) деп аталады. 650-
900 м биіктікте үстіңгі қыртысы сары - топырақ тәрізді шаңдақтау-құмдауыт
балшық топырақпен көмкерілген. Қойтасты-малтатасты пролювиальдық
шөгінділерде ашық қызылқоңыр және қою қызылқоңыр топырақ кездеседі.
Құрамында қарашірік 2 - 3,3%-ға дейін, жалпы азот - 0,24 % . Ауа райы ұдайы
жылы болғанда (орта тәуліктік жылы температура қосындысы 2110-3140 градус)
және суарылғанда бұл топырақта дәнді дақылдардан, қант кызылшасынан,
темекіден, жүзімнен, көкөністен мол өнім алынады.
Биіктігі 900-1300 м тау етегіндегі жазықтарда және тау сөрелерінде
куаттылығы 60-100 см-лік орташа және шағын мөлшері қарашірікті таудың қара
топырағы кездеседі. Құрамында қарашірік - 9,5 %, азот -- 0,61 %, құрылымы
түйіршіктілеу, таулы жерлердегі егіншілік жағдайында таңдаулы топырақ деп
танылады.
Жапырақты ормандар белдеуі. (1300-1600 метр) алма-долана ормандарының
орнында пайда болған құлдырама қара топырақтарға және қайың-көктерек
ормандары өскен жердегі қоңырқай-сұрғылт орман топырақтарына орналасқан.
Құлдырама қара топырақтың қуаттылығы 100 сантиметрге дейін, құрамында 13,2
% қара шірік, 0,72 % азот болады. Осы белгілеріне қарай мұның өзі аса
құнарлы қаратопырақ деп аталады. Бұл жерде жауын-шашын жиі болғандықтан
(жылына 600-700 мм) бақша суарылмай-ақ өседі.
Таулы ормандық қоңыр сұрғылт, асты күлденген топырақ анағұрлым
жайпақтау бөктерлерде көктерек, қайың ормандары өскен жерде пайда болады
және құрылымы түйіршікті жаңғақты болып келетін қарашірікті жинағыш
горизонтты 55 сантиметрлік, шаңдақтау-сары балшық түріндегі делювиальды
қырқалардың шыңдарында пайда болады. Бұл әжептәуір шұрайлы топырақ, бұларды
тамаша табиғи ормандар қайың мен қарағай екпелері өседі.
Шыршалы ормандық немесе альпілік белдеу. Белдеу Іле Алатауында бәрінен
өте айқын бейнеленген, теңіз деңгейінен 1600-2800 метр биіктеу орналасқан,
мұнда солтүстік экспозициялар беткейінде бітік бетегелі шалғындармен
орайласа шренк шыршасы қалың өскен. Солтүстік экспозициялардың жарқабақты
бөктерлерінде шырша ормандары өскен жерде қоңыр түсті таулы-ормандық
топырақ кездеседі, анағұрлым жайпақ беткейлердегі шалғындықтарда таулық
шалғындық қара-қошқылдау топырақ басым. Оңтүстік экспозициялар
(оңтүстіктегі, оңтүстік-шығыстағы, оңтүстік-батыстағы, батыстағы және
шығыстағы) шалғындық-далалық өсімдіктер өседі, бұлардың астында қызылқоңыр
шалғындық далалық топырақ қалыптасқан 4.
Сонымен, Іле Алатауының жоталарында, әсіресе шыршалық ормандық
белдеуде топырақ пен өсімдіктің қалыптасуына тік белдеулік пен бөктерлердің
экспозициялары әсер еткен.
Альпілік белдеу шыршалы ормандар да жоғарырақта, 2700 - 3500 метрге
дейінгі орналасқан, мұнда аласа бойлы астық тектес түрлі шөптер шалғыны
арасында ойдым-ойдым төселмелі жатаған арша бұталары қарауытады.
Жоғарырақта кобрезиялық (доңызсырт) шалғын кездеседі. Бұл өсімдіктер
астында таулық-шалғындық альпілік топырақ қалыптасқан, қуаттылығы кемдеу,
қыртысы тым шөптесін, қарашірігі аса көп, Бұл жайылымдар тек жазда ғана мал
бағуға пайдаланылады.
3500 м-ден жоғары биікте альпілік белдеу мұзарт белдеуге - мәңгі
мызғымайтын қар, мұз, шың, жартастар әлеміне ұласады. Алайда осы бір
үнсіздік әлемінде де мұзарттар еритін шекара маңында тау жыныстарының жел
мүжіген қарапайым кеміктерінде өсімдіктер де кездеседі. 1950 жылы
М.А.Глазовский басқарған Топырақтану Институты Іле Алатауының тауалды
топырақ жамылғысына нақты зерттеулер жүргізді.

1.4 Іле Алатауының климаты

Климаттың негізгі заңдылықтары Тянь-Шань тауының, соның ішінде Іле
Алатауының континент ішіндегі шөл зонасында орналасуымен анықталады. Бұл
жердегі атмосфераның термикалық режимі негізінен географиялық ендік және
инсоляция арқылы, ал ылғалдану режимі атлантикалық атмосфералық ылғалдың
батыс цинлондық бағытта тасымалдануымен, сондай-ақ таулардың кесе-көлденең
орналасуымен анықталады. Ылғалдың тасымалдануы қыс пен көктем мезгілдерінде
артса, ал жаз мезгілінде азаяды.
Қыс пен көктем мезгілінде бұл жерлерге Арктиканың құрғақ суық ауасы
ұдайы еніп, шығыстан Сібір антициклонын әкеледі. Оларға таулардың кедергі
болуы өз кезегінде алдыңғы қатарлы жота беткейлеріндегі ылғалдылық
конденсациясын ұлғайтады, әрі биіктеген сайын термикалық режимнің өзгеруі
де тік климаттық белдеулердің қалыптасуына ықпал етеді 5.
Негізгі климаттық көрсеткіштер 1 және 2-кестелерде келтірілген. Оларға
қарап, климаттық заңдылықты осы тік климаттық белдеулердің анықтайтындығына
көз жеткізуге болады. Жергілікті жерде биіктік өскен сайын, ауаның орташа
температурасы азаяды да, бірақ оның есесіне түсетін атмосфералық жауын-
шашынның мөлшері артады.
Таудың басына көтерілген сайын ауа температурасы төмендейді, әрі
жауған қардың мөлшері көбейеді. Биік таулы зонада жауын-шашын қатты түрде
түсіп, тұрақты қарлар мен мұздықтарды қалыптастырады. Ауа температурасының
күрт ауытқуы нивальды белдеуде үгілу процессінің қарқынды жүруіне ықпал
етеді. Сондықтан бұл жерлерге солифлюкция

құбылысы мен беткей бойымен үшкіртастардың жаппай құлауы тән. Ал тауалды
жазықтарында дефляция процессі, топырақтың кебуі, шаңды құйындар болып
тұрады.
Температуралық режим беткейлердің құламалылығына және беткейлер
экспозициясына байланысты қатты өзгереді. Іле Алатауының солтүстік
беткейіндегі 100С тан жоғары орташа тәуліктік температура қосындысының
өзгеруінен, олардың азаюы 450 м-ден 1500 м-ге дейінгі биіктікте ақырын
жүретіндігін көруге болады. Бұл беткей құламалылығының аудан бірлігінде
айтарлықтай өсетіндігіне байлынысты. Жылдық ауытқу тауға көтерілген сайын
азаяды; тау алдында 360С болса, биік таулы аудандарда 200С тең.5
Жылдың ең жылы айы болып есептелетін шілдедегі температура таудан
жазықтыққа түскен сайын бірте-бірте көтеріледі. Мысалы Медеуде 180С болса,
әуежайда 22.40С-қа жетеді (кесте 1). Мұздықты белдеуде жаз мезгілінде суық
болады. Жалпы алғанда орташа жылдық температура жазықтыққа қарағанда таулы
жерлерде төмен, 2530 м биіктікке дейін ол оң болса, ал одан жоғары теріс
болады. Тау беткейлерінде биіктік бойынша температура бірдей тарайды, әрі
орташа айлық температураның тік градиенті аз өзгеріп, Іле Алатауының
солтүстік беткейі үшін әр 100 м сайын 0.6-0.70С құрайды.
Жер бетінің бедерін қайта құруда немесе қайта жаңартуда атмосфералық
жауын-шашынның рөлі өте зор. Мұндағы жауын-шашынның бір бөлігі батыстан ауа
массасын әкеледі. Бірақ оларға тау кедергі жасайтындықтан жотаның солтүстік
беткейінде жауын-шашын көп түседі. Ал қалған жауын-шашын жер бетінің көктем
мен жазда қызуының салдарынан қалыптасатын жергілікті ауа циркуляциясы
есебінен пайда болады. Жылы ауа тауға көтеріліп, күшті бұлттылықты
қалыптастырып, жауын жаудырады.
Іле Алатауы жотасында атмосфералық жауын-шашынның түсуі барлық жерінде
бірдей емес, Олардың ең аз мөлшері Шелекке (198 мм) түссе, ал батысқа
жылжыған сайын ол 506 мм-ден 557 мм-ге дейін артады. Жауын-шашын мөлшері
жазықтан тауға қарай көбейеді; Алматыда – 557 мм, Медеуде – 843 мм, Жоғарғы
Горельникте – 881 мм (кесте 2). Одан әрі қарай жоғарлаған сайын жауын-
шашын мөлшері тағы да азаяды. Бұған қарап, орта тауларда жауын-шашын
мөлшерінің ең көп түсетіндігіне байланысты бұзылулар да көп жүреді деген
қорытынды шығаруға болады.
Жауын-шашын жыл ішінде түсуінің екі максимумы – көктем мен күз және
екі минимумы – жаз бен қыс бар. Олардың ең көп жауатын кезі көктемде, яғни
жаздың басында.
Іле Алатауының климаттық ерекшеліктері экзогендік процесстердің
дәрежесін анықтайды. Бірақ тауларда өз кезегінде климатқа әсер етеді.
Орографияның әсерінен ауа массасының циркуляциясы өзгеріп, фронтальды
процесстер күшейіп, жауын-шашын мөлшері артып, жергілікті желдер пайда
болады. Климаттың ерекшелігі – бұл биіктікке байланысты анық
дифференциацияның болуы. Тау алды жазықтығында құрғақ әрі ыстық жаз болса,
орта таулы белдеуде аса ыстық емес жаз болып, жауын-шашын көп түсіп, жұмсақ
қыс болады. Ал биік таулы белдеуге салқын, әрі ылғалды жаз, қатты қыс тән.
Жотаның климаттық жағдайы тау жыныстарының қарқынды түрде үгілуіне
жағдай жасайды. Таудағы жауын-шашынның көп, әрі жиі болуы, қар мен мұздың
еруі тау өзендерінің суын тасытады. Соның салдарынан кейде апатты селдер
болып тұрады. Нивальды белдеуде бедер құрушы маңызға ие мәңгі мұздықтар
бар.
Ауа температурасының тәулік бойында ауытқуы биік таулардағы тау
жыныстарының бұзылуына әсер етсе, қатты нөсер жаңбырлар күшті салындылар
ағысын тудырып, үгілген материалдарды тасымалдау жұмыстарын атқарады.

1.5 Іле Алатауының гидрографиясы

Іле Алатауының гидрографиялық торы Іле өзенінің алабына жатады.
Жотаның гидрографиясында өзендердің алатын орны ерекше.
Жалпы алғанда Іле Алатауының өзендері – қатты ағысты, тереңдік
эрозиясы жақсы дамыған жас тау өзендері. Жазықтықта олардың суы азайып,
тыныш ағады. Бастауларының орналасуына, қоректену сипатына, су режиміне
байланысты барлық өзендер таулық, тауалдылық, жазықтықтық деп үш түрге
бөлінеді. Жазықтықтық түрге негізінен жерасты суларымен қоректенетін ұсақ
өзендер жатады.
Тауалды өзендеріне Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі атмосфералық
жауын-шашынмен және жерасты суларымен қоректенетін өзендер жатады. Көптеген
жағдайда олар өз бастауларын мұзды белдеуден төменіректен, яғни 3000 м-лік
биіктіктен төмен алады. Оларға Қараш пен Бақай тауларының беткейлерінен
ағатын Талдыбұлақ, Белшабдар, Қаратұрық, Теректі, Сүгір өзендері жатады.
Негізінен бұл кішірек тау өзендерінің ағысы жылдам, ұзындықтары 15-20 км,
суларының тасуы көктем мезгілінде болады.
Тау өзендері ең суы мол, айтарлықтай су жинау алаптары бар ірі
өзендер. Олардың бастаулары 3000 м биіктіктен жоғарыда жатыр. Негізінен
мұздықтармен, жауын-шашынмен және жерасты суларымен қоректенеді. Олар
Шелек, Түрген, Талғар, Кіші және Үлкен Алматы, Қаскелең, Шамалған өзендері
6.

Кесте 3 - Іле Алатауы өзендерінің негізгі морфометриялық көрсеткіштері

Ұзындығы, км Алап ауданы, км2Орташа құлауы, мкм
Өзендер
Таулы жерде Ысырынды
конус
белдеуінде
Шелек 281 5309 14 6,6
Түрген 90 905 56 9
Есік 96 550 57 7,6
Талғар 108 1116 104 7,7
Кіші Алматы 102 1090 109 5
Үлкен Алматы 80 498 93 7,5
Ақсай 70 236 110 9
Қаскелең 135 372 80 4,7
Шамалған 56 332 84 9,5

Ең ірі өзен – Шелек. Ол өзінің бастауын жотаның оңтүстік беткейінде,
3750 м биіктікте орналасқан Жаңғырық мұздығынан алады. Төменіректе Оңтүстік
Талғар өзенімен қосылып, енді Тоғызтарау жайылмасын түзеді. Төменіректе
өзен шығысқа қарай мұздықты аңғар бойымен қатты ағып, терең әрі өткелсіз
тар шатқалға кіреді. Жалаңаш ойпатына енген кезде солға күрт бұрылып,
Суықтоғай шатқалы арқылы ағып, екі тау массивін кесіп, тау алды жазықтығына
шығады. Мұнда кең аңғар бойымен ақырын ағады. Тауда Шелек өзенінің
мұздықтармен қоректенетін 45 саласы болса, жазықтықта оған бірде бір өзен
құймайды.
Су жинау алап ауданы 5300 км, жалпы ұзындығы 281 км. Шелек қарапайым
тау өзен, негізгі қоректендірушісі мұздықтар, орташа жылдық ағысы 32,7
м3сек (кесте 3).Негізгі ағысы жазда, шілде мен тамыз айында жылдық ағыстың
40 %-ын құрайды.
Сондай-ақ Шелек өзені Іле Алатауының ең лас өзені. Таудан шығар
жерінде орташа жылдық ластығы 571 гм3 . Жыл сайын бұл өзен таудан 1702 мың
т. салындыны шығарады.
Жоғарғы ағысында оның арнасының ені 3-4 м болса, орта ағысында 10-15
м, ал оның енді жерлерінде 100 м дейін жетеді. Максимальды тереңдігі 1,5-2
м.
Талғар – солтүстік беткейдің ірні өзендерінің бірі. Ол үш бастаудан
басталады. Олардың ішіндегі суы молырағы Сол Талғар өзені. Орманды белдеуде
өзен өте тар аңғармен ағып, Оң Талғарға келіп құяды. Жалпы Талғар өзенінің
суы мол, ұзындығы 108 км, алабының ауданы 1116 км2. Су жинау алабының биік
белдеудегі мұздықты облыста орналасуына байланысты ол негізінен
мұздықтармен қоректенеді.
Іле Алатауының солтүстік беткейінің барлық ірі өзендері бір-біріне
ұқсас. Олардың барлықтары өз бастауларын мұздықтардан алып, орта тау
белдеулерінде олардың ағысы қатты болып, аңғарларының тереңдігі 800-1000 м
болатын тік шатқалдарға айналады. Тауалды жазықтығында судың көп мөлшері
инфильтрацияға, булану мен суғаруға кететіндіктен кейбір өзендер Іле
өзеніне дейін жетпейді. Тау өзендері суды үлкен аумақтан жинайды, суларының
молдығымен ерекшеленеді, барлық биік ландшафтық және геоморфологиялық
белдеулерді кесіп өтеді.
Жалпы алғанда Іле Алатауындағы өзен торларының тығыз орналасқандығына
атмосфералық жауын-шашынның, жерасты суларының молдығы және мұздықтардың
болуы себеп болады. Өзендер өз ағыстарында тауларды тілімдеп, оларды ұдайы
бұзып, тау рельефін өзгеріске ұшыратып отырады. Өз жолдарында көптеген
шатқалдар, жырасайлар қалыптастырып, тауларды жеке массивтерге, қырқа-
жалдарға бөледі.

1.6 Іле Алатауының өсімдігі және жануарлар әлемі

Іле Алатауының жануарлар әлемінде шамамен сүтқоректілердің 60-қа жуық,
құстардың 200-ден астам түрі бар деп есептеледі. Олардың ішінде омыртқалы
жануарлар және Қазақстанның фаунасының 23%-ы бар, оларға балықтың екі түрі,
сүтқоректілердің 11 түрі, қүстар және 18-19% Қызыл кітап құрамына кіретін
сүтқоректілер. Жалғыз түяқтылар Қазақстанның қызыл кітабына енетін арқар
және Тянь-Шань таулы қойы. Іле Алатауының аймағымен қоса, арқар Тянь-Шань
тауында, Шу-Іле, Жоңғар Алатауында (Жетісу) кездеседі. Қазіргі уақытта олар
көптеген жерлерде жоғалып кеткен. Іле Алатауының өзінде өте сирек
кездеседі, олар Асы өзенінің жоғарғы жағында, Түрген суайрығына жақын
жерлерді мекен етеді. Іле Алатауында тіршілік ететін ең үлкен мысық
тұқымдасына жататын Қар барысы, Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
Негізінен алғанда әр түрлі аңдар мен құстар, солардың кәсіптік жолмен
ауланатын, адамға пайда келтіретін не зиянды түрлері жайлы сөз болмақ.
Табиғатты қорғаудың Халықаралық одағының деректері бойынша, жер бетінде
1600 жылдан бері құстардың 94 түрі, сүтқоректілердің 63 түрі жойылып
кеткен.
Қар барысы немесе ілбіс, жыртқыштар отрядына, мысық тұқымдастар
семьясына жатады. Саны қауырт азайып кеткен, сирек кездесетін түр, табиғат
қорғаудың ТМД Қызыл кітабына жазылған. Әжептәуір ірі жыртқыш, денесінің
ұзындығы 112-125 сантиметр, құйрығы өте ұзын (92-105 см), салмағы онша ауыр
емес (33-39 кг). Барыс биік таулы жерлердің типтік өкілі. Қар барысының
негізгі жемі таутеке, оқта-текте қабан, елік, марал, арқар, суыр, саршұнақ,
қоян, ұлар, кекілік. Біздің ғасырымыздың 20-50-жылдарында ол Тянь-Шань,
Жоңғар Алатауы мен Алтай тауларында жиі кездесетін әдеттегі аң болатын.
1958 жылы бұл жыртқыштың іздері Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бас
жағында, Талғар мен Шелек өзендерінде адамның баруы қиын жерлерде кездесті.
60-жылдарда Іле Алатауында барыс мүлдем сирек кездесетін болды.
Қазіргі уақытта бүкіл Қазақстанда 22-30 жұп барыс бар. Барыс 15 жасқа дейін
өмір сүреді. Ұрғашылары 3-4 жасқа келгеннен кейін күшіктей бастайды, бірден
екі немесе үш, кейде бес күшіктен туады.Тауларда адамдар көбейіп кетті де
қар барысының тамақтануына негіз болып келген таутеке, арқар, жабайы қабан,
марал, суырлар азайды.
Тянь-Шань коңыр аюы сирек кездесетін, жойылып бара жатқан аң. Тянь-
Шаньның қоңыр аюының Іле Алатауында мекендейтін негізгі орны-ортатаулық
белдеу (теңіз деңгейінен 1500-2500 м биіктікте). Кей-кейде альпілік
белдеуге енеді. Қазақстанның шөлдерін оңтүстіктен шектейтін немесе кесіп
өтетін биік таулы жоталар елдің жануарлар әлемінің алуан түрлігіне өз
үлесін қосады. Таудағы экологиялық жағдайдың ерекшелігі жануарлардың жылдың
әртүрлі маусымына сәйкес тіршілікке қажет мекендердің үлкен жиынтығын
территорияның аз аумағынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рекреациялық географияны дамыту және оны ұйымдастыру
Қытайдағы қазақтар
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
ҚАЗАҚСТАН ТАУЛАРЫН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Қазақстанның мұздықтары реликті мұздықтар
ТЯНЬ-ШАНЬ ТАУЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасына физикалық-географиялық сипаттама
Жетісу алатауының физикалық-географиялық орны мен геологиялық құрылысының ерекшеліктері
Таулы аймақтардың зерттелу тарихы
Қазақстан Республикасы геоморфология ғылымының негізін қалаушы профессор Мұқатай Жандайұлы Жандаевтың өмір жолы
Пәндер