Нарықтық экономикадағы инфляция жайлы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Инфляцияның пайда болу түрлері және оны әлемдік экономикада айқындау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Инфляцияны реттеудегі ақша.несие және фискальді саясаттың
халықаралық тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2 ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРГЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.1 Қазақстанда инфляцияға қарсы саясаттың жүргізілуінің қалыптасуы ... ... .25
2.2 Шетел капиталының ағыны жағдайындағы инфляцияны реттеу шараларының экономикалық талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

3 ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ
БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46
3.1 Инфляцияға қарсы саясатты дамытудың кейбір өзекті мәселелері ... ... ... 46
3.2 Инфляцияны реттеуде мемлекеттердің орталық банктерінің рөлін
жетілдіру бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .77

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 80

ҚОСЫМША
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономиканы құрудың бүкіл кезеңінде инфляция тұрақтандыру үдерісіне анықтаушы ықпал ететін шешуші факторлардың бірі болып қала береді. Дамушы нарығы бар экономикаларда инфляцияның өзіндік ішкі ерекшелігі бар.
Экономикасы өтпелі елдерде өтпелі кезеңнің тез өзгеретін жағдайларымен, ерекшеліктерімен және қарама-қайшылықтарымен шарттасылған инфляцияның ерекше түрі туралы сөз қозғау керек.
Бұл елдердегі инфляцияның негізінде бірнеше өзара байланысты себептер бар. Ұсыныс жиынтығының көлемінен қысқа мерзімді сұраныстың асып кетуі байқалған жағдайда, ол сұраныс жағынан пайда болуы мүмкін (сұраныстың инфляциялануы). Ол өндіріс факторларының кенеттен қымбаттауы салдарынан жиынтық ұсыныс қысқарған кезде, өнімді шығару шығындарының инфляциясынан пайда болуы мүмкін.
Инфляция қарқыны жұмыссыздық деңгейіне тәуелді болады. Инфляция қарқынының өсуі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді және керісінше.
Жұмыссыздықтың жоғары деңгейінің (стагнация) және бағалардың жалпы деңгейінің жоғары өсімділігінің бір сәттегі үйлесімі инфляцияға тән болады.
Ақшалай салымдардың есебінен жұмыссыздықтың қысқаруын ынталандыратын мемлекет саясаты инфляцияның деңгейін күткен деңгейден де жоғарыға көтереді.
Берілген мәселелерді зерттеудің дер кезінде орындалуы және өзектілігі, қазіргі жағдайда әлемдік экономикада әсерлі өзгерістер болып жатқанына байланысты. Әлемдік экономика тек ұлттық экономиканың жиынтығы ғана болып қоймай, сонымен бірге өзара себептелген, өзара байланысты жүйеге – жаһандық әлемдік шаруашылыққа айналып бара жатыр. Жаһандану халықаралық сауданың ырықтандыруында, кәсіпкерлік капиталдың ұтқырлығында, ұлттық нарықтардың ашықтығында көрініс алды. Осының бәрі әр түрлі ұлттық экономикаларда инфляциялану жағдайларының қалыптасуына әсер етпей қоймады.
1 Макроэкономика / под ред. проф. И.П. Николаевой. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000. – 319б
2 Ростовски Я. Гиперинфляция и стабилизация в Югославии в
1992–1994 гг. // Вопр. экономики. – 1995. – № 8. – 103–123бб.
3 Кейнс Дж.М. Общая теория занятости, процента и денег. – М.: Гелиос АРВ, 1999. – 352б
4 Сатубалдин С. Азиатский кризис: Причины и уроки. – Алматы: САК, 2000. – 680б
5 Чистякова Л.А. Макроэкономический анализ инфляционной динамики: закономерности и деформации // В кн.: Инфляция и антиинфляционная политика в России / под ред. Л.Н. Красавиной. – М.: Финансы и статистика, 2000. – 64–72бб.
6 Орланюк-Малицкая Л.А. Влияние инфляции на страховой бизнес // В кн.: Инфляция и антиинфляционная политика в России / под ред.
Л.Н. Красавиной. – М.: Финансы и статистика, 2000. – 147–154бб.
7 Павлова Л.П. Налоги и инфляция // В кн.: Инфляция и антиинфляционная политика в России / под ред. Л.Н. Красавиной. – М.: Финансы и статистика, 2000. – 135–146бб.
8 Ершов М.В. Валютно-финансовые механизмы в современном мире (кризисный опыт конца 90-х). – М.: Экономика, 2000. – 319б
9 Левченко Д.В. О таргетировании инфляции // Деньги и кредит. – 2001. – № 10. – 28–34бб.
10 Бертаева К.Ж. Политика таргетирования в Казахстане // В кн.: Актуальные проблемы теории национального воспроизводства. – Алматы: КазНУ им. аль-Фараби, 2002. – 71–75бб.
11 Краткий статистический ежегодник Казахстана: стат. сб. / под ред.
К.С. Адиева. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2003–2005. – 35б.
12 Спанов М. Валютно-финансовая устойчивость Казахстана // Саясат. – 1999. – № 5. – 15–17бб.
13 Национальный Банк Казахстана. Годовой отчет за 2000–2007 год. – Алматы, 2000–2007. – 90б.
14 Республика Казахстан. Правительство. Основные направления денежно-кредитной политики НБРК на 2006 2008 гг.: одобрено Постановлением Правительства РК № 20 от 11.03.2006 г. // Казахст. правда. – 2006. – 15 марта.
15 Среднесрочная фискальная политика Правительства РК на 2007 2009гг. // Казахст. правда. – 2006. – 1 августа.
16 Иришев Б.К. Денежно-кредитная политика: концепция и механизм. Алма Ата: Галым, 1990.- 176б
17 Гордиевич Т.И. Инфляционные процессы в переходной экономике: генезис и проблемы регулирования (на примере Республики Казахстан): дис. … канд. экон. наук. – Алматы, 1997. – 135б.
18 Волков В.Н. Финансовый кризис в России и его инфляционные последствия // В кн.: Инфляция и антиинфляционная политика в России / под ред. Л.Н. Красавиной. – М.: Финансы и статистика, 2000. – 155–164бб.
19 Бобков И. Инфляция в инвестиционной сфере и механизм ее сдерживания // Вопр. экономики, 1992. – № 2. – 38–47бб.
20 Чистякова Л.А. Инфляция в развивающихся странах Южной и Юго-Восточной Азии. – М.: Наука, 1981. – 200б
21 Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития: в 2 т. / под ред. М.Б. Кенжегузина. – Алматы: ИЭ МОП РК, 2001. – Т. 1. – 384б
22 Инфляция и хозяйственный механизм (80-е годы) / под ред.
С.М. Никитина. – М.: Наука, 1996. – 298б
23 Общая теория денег и кредита / под ред. Е.Ф. Жукова. – 2-е изд. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1999. – 359б
24 Шелекбай Ә.Д., Әлмереков Н.А. Валюта нарығында операциялардың жүргізілу теориясы мен практикасы. – Алматы: Экономика, 2008. – 189 б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1 Инфляцияның пайда болу түрлері және оны әлемдік экономикада айқындау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.2 Инфляцияны реттеудегі ақша-несие және фискальді саясаттың

халықаралық
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

2 ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРГЕ ТАЛДАУ
ЖҮРГІЗУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

2.1 Қазақстанда инфляцияға қарсы саясаттың жүргізілуінің
қалыптасуы ... ... .25

2.2 Шетел капиталының ағыны жағдайындағы инфляцияны реттеу шараларының
экономикалық талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

3 ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ

БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46

3.1 Инфляцияға қарсы саясатты дамытудың кейбір өзекті мәселелері ... ... ... 46

3.2 Инфляцияны реттеуде мемлекеттердің орталық банктерінің рөлін

жетілдіру бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...77

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 80

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономиканы құрудың бүкіл
кезеңінде инфляция тұрақтандыру үдерісіне анықтаушы ықпал ететін шешуші
факторлардың бірі болып қала береді. Дамушы нарығы бар экономикаларда
инфляцияның өзіндік ішкі ерекшелігі бар.
Экономикасы өтпелі елдерде өтпелі кезеңнің тез өзгеретін жағдайларымен,
ерекшеліктерімен және қарама-қайшылықтарымен шарттасылған инфляцияның
ерекше түрі туралы сөз қозғау керек.
Бұл елдердегі инфляцияның негізінде бірнеше өзара байланысты себептер
бар. Ұсыныс жиынтығының көлемінен қысқа мерзімді сұраныстың асып кетуі
байқалған жағдайда, ол сұраныс жағынан пайда болуы мүмкін (сұраныстың
инфляциялануы). Ол өндіріс факторларының кенеттен қымбаттауы салдарынан
жиынтық ұсыныс қысқарған кезде, өнімді шығару шығындарының инфляциясынан
пайда болуы мүмкін.
Инфляция қарқыны жұмыссыздық деңгейіне тәуелді болады. Инфляция
қарқынының өсуі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді және
керісінше.
Жұмыссыздықтың жоғары деңгейінің (стагнация) және бағалардың жалпы
деңгейінің жоғары өсімділігінің бір сәттегі үйлесімі инфляцияға тән болады.

Ақшалай салымдардың есебінен жұмыссыздықтың қысқаруын ынталандыратын
мемлекет саясаты инфляцияның деңгейін күткен деңгейден де жоғарыға
көтереді.
Берілген мәселелерді зерттеудің дер кезінде орындалуы және өзектілігі,
қазіргі жағдайда әлемдік экономикада әсерлі өзгерістер болып жатқанына
байланысты. Әлемдік экономика тек ұлттық экономиканың жиынтығы ғана болып
қоймай, сонымен бірге өзара себептелген, өзара байланысты жүйеге – жаһандық
әлемдік шаруашылыққа айналып бара жатыр. Жаһандану халықаралық сауданың
ырықтандыруында, кәсіпкерлік капиталдың ұтқырлығында, ұлттық нарықтардың
ашықтығында көрініс алды. Осының бәрі әр түрлі ұлттық экономикаларда
инфляциялану жағдайларының қалыптасуына әсер етпей қоймады.
РЕФЕРАТ

Инфляцияның кең таралуы және тұрақтылығы оны қазіргі заманғы нарықтық
шаруашылықтың табиғи және қажетті бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік
береді, оған қатысты күрес емес, реттеу терминін қолданған орынды.
Реттеудегі басты мәселе – инфляцияны белгілі шекте ұстап тұру, яғни осы
шектеулердегі инфляция экономикалық дамуға, жұмысбастылыққа және төлем
балансының тепе-теңдігіне зиян келтірмейтін болады.
Осы орайда инфляцияны қазіргі заманғы өндірістің даму факторы ретінде
немесе осы дамудың міндетті төлемі ретінде түсіндіруге болады. Бірақ оны
бақылаусыз қалдыруға болмайды, оның реттелуі үздіксіз және тиімді болуы
тиіс.
Соңғы жылдары ТМД елдерінің инфляцияға қарсы саясатта қол жеткізген
елеулі жетістіктеріне қарамастан, инфляцияның жаңа айналымының қаупі
бұрынғыдай сақталып келеді. Бағалардың үйлеспеуіне және өндірістік
қуаттарды қолданудың төмен тиімділігіне байланысты инфляцияның әлеуеті де
едәуір болып отыр. Осының барлығы осы елдердегі, соның ішінде Қазақстандағы
инфляция мен қаржылық тұрақтылық мәселелерін маңызды етеді.
Аталған мәселелердің өзектілігі қазіргі жағдайда инфляцияның мәнін,
түпкілікті себептерін және даму тетіктерін анықтау қажеттілігімен,
Қазақстандағы инфляция үдерісінің табиғатымен және ерекшеліктерімен,
инфляцияны реттеудің қаржылық құралдарын жетілдірумен және шетел
тәжірибесін қолдану негізінде мемлекетте инфляцияға қарсы саясаттың негізгі
бағыттарын көрсетумен анықталады.
Осының барлығы дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға негіз болды және
динамикалық үдеріс ретінде инфляциялану феноменін зерттеу, инфляцияны
реттеу құралдарын қалыптастыру және тиімді деңгейде оны ұстап тұру бойынша
сәйкес ұсыныстарды зерттеп дайындау қажеттілігін анықтады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты әлемдік тәжірибе негізінде экономикасы өтпелі
кезеңде мемлекеттерде инфляцияның теориялық-әдістемелік ерекшеліктерін
дәлелдеу және жаһандану жағдайында Қазақстан экономикасының қаржылық
тұрақтылығына себеп болып, оны реттеудің құрама шараларын дайындау.
Зерттеу мақсатынан туындайтын міндеттер:
– Филлипс қисығының негізінде инфляция теориясының негізгі күйлерінің
эволюциясын зерттеу;
– өндірістің көлемі және инфляция қарқыны арасындағы, номиналды
еңбекақының өсу қарқыны мен күтілген инфляция арасындағы өзара
байланысты сипаттау;
– инфляцияның экономикадағы қаржылық тұрақтылыққа әсерін айқындау;
– инфляцияны қаржылық тұрақтандыру және қаржылық реттеу бойынша шетел
тәжірибесінің негізінде осы тәжірибені Қазақстан экономикасында
қолдану мүмкіндігін дәлелдеу;
– экономикасы өтпелі мемлекеттерде инфляцияның өзіне тән ерекшеліктерін
анықтау және экономиканы инфляцияға қарсы реттеу бойынша ұсыныстар
жасау;
– ұлттық валютаны нығайтуда ақша-несие саясаты және инфляцияның одан
әрі өсуін қатал қадағалаудың әсерін анықтау.
Диплом кең көлемде мазмұндалған, ол кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Инфляцияның пайда болу түрлері және оны әлемдік экономикада
айқындау әдістері

Бұрынғы өндірісті ұйымдастыру түрлерімен салыстырғанда, нарықтық
экономиканың артықшылығы – жедел экономикалық өсімді қамтамасыз ету. Алайда
нарықтық экономика бұрын болмаған ауыртпалықтарға да тәуелді болып отыр.
Зерттеу жұмысы ең алдымен инфляция және жұмыссыздық жайын зерттеуден
басталады.
Инфляция дегеніміз тауарлар мен қызметтерге қатысты ақшаның құнсыздануы
және бағалардың өсуі. Дегенмен, бағаның өсуі өз бетінше инфляциялық көрініс
болып есептелмейді. Осылайша, экономиканың өркендеуі, әдеттегідей, бағаның
өсуімен қатар жүреді, бірақ та ақшаның салыстырмалы құнсыздануы болмауы
мүмкін, өйткені өндірісті кеңейту олардың қосымша көлемін қажет етеді.
Инфляция бағалардың өсуінен көрінетіндіктен, егер өткен жылдардағы
бағалар индексі мәлім болса, онда инфляция қарқыны ағымдағы және базалық
кезеңдегі индекстер айырмасының базалық кезең индексіне қатынасы ретінде
анықталады, ол пайызбен өрнектеледі:

(1)

мұндағы π – инфляция қарқыны;
Р – ағымдағы кезең бағаларының көрсеткіші;
Р0 – базалық кезең бағаларының көрсеткіші.
Инфляция қарқынының кіші мәндері үшін 70 санының ережесін қолдануға
болады. Инфляцияның кіші-гірім қарқыны кезінде (жылына 5%-дан аз), егер 70-
ті бағалардың жыл сайынғы өсу қарқынына бөлсе, онда анықталған жыл ішінде
инфляция қарқыны екі есеге ұлғаяды:

, (2)

мұндағы φ – шамамен алынған жылдар саны, осы уақыт ішінде инфляция қарқыны
екі есеге ұлғаяды;
π – ТБИ-дің жыл сайынғы өсу қарқыны, %.
Мынаны атап өту керек, яғни 70 санының ережесі жиі түрде шынайы жалпы
ішкі өнімнің немесе жеке жинақтардың екі есе өсу уақытын анықтау үшін
қолданылады [1–3].
Сандық тұрғыдан алғанда, инфляция төмендегі түрлерге бөлінеді: баяу –
шамамен жылына 5–10%-ға дейін, шоқырақтаушы – 20–50%-ға дейін және
гиперинфляциялық – жылдық көрсеткіші 100%-дан астам. Кейбір жағдайда,
гиперинфляция ретінде инфляцияның 20-30%-дық деңгейі алынады, бірақ та ол
айлық өлшемде қарастырылады. Бағаның жылдық өсімі бұл жағдайда он есе артуы
мүмкін [4].
Әлемдік тәжірибеде инфляцияның гиперинфляцияға айналуы жиі кездескен.
Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында және одан кейінгі жылдары
Германияда болған бағаның өсуін гиперинфляцияның айқын мысалы ретінде
қарастыруға болады. Осылай, 1923 жылдың соңына қарай ақша массасы қажетті
көлеммен салыстырғанда триллион есеге өсті, осы кезде еңбекақы күн сайын
беріле бастады, яғни адамдар оны бағаның келесі өсуіне дейін жұмсап
бітірулері тиіс еді.
Шамамен, дәл осы уақытта осыған ұқсас үдерістер Ресейде де болып жатты.
Гиперинфляция аздап баяу жүргеніне қарамастан (рубль шамамен 50 миллион
есеге құнсызданды), халықтың жапа шегуі (аштық, жылудың болмауы) өте
шиеленіскен сипатта болды.
Бағаның жалпы өсуімен сипатталатын ашық инфляцияны атап көрсетуге
болады. Бұл кезде жекелеген тауарларға баға төмендеуі мүмкін. Ашық инфляция
нарықтық экономикасы бар мемлекеттерге тән болып келеді, бұл жағдайда
бағалар сұраныс және ұсыныс әсерінен қалыптасады.
Өкімет баға деңгейін реттеп, олардың еркін өзгеруіне кедергі жасаған
жағдайларда, ақшаның құнсыздануы тауарлар тапшылығынан, тауарларды төмен
мемлекеттік бағалармен сатып алу кезектерінен, ақша шатыры көрінісінен
(monetary overhand) байқалады. Ақша шатыры әрқашанда тауарлар нарығының
және ақша нарығының теңгерілмегендігінің нәтижесі ретінде қарастрылады.
Халықтағы ақша саны мәжбүрлі қор жинау нәтижесінде көп болып саналады,
бірақ та ол ақшаға қажетті мөлшердегі және қажетті сападағы тауарларды
сатып алуға болмайды, бұл жағдай өз нәтижесінде нарыққа ашық инфляция
қысымы түрінде қауіп төндіреді. Алғаш рет ақша шатыры Кеңестік Одақта
1929–1930 жж. көрініс алды. Ақша эмиссиясы бір жарым жылда бүкіл алғашқы
бесжылдыққа жоспарланған мөлшерден де жоғарылап кетті және ақшаның көп
бөлігі шаруалардың қолында болды.
Жасырын инфляция өкімет шығындарының өсуі кезінде мемлекеттік бюджет
тапшылығы жағдайларына тән болып келеді.
Инфляция деңгейін өлшеу үшін статистиктер ЖІӨ (жалпы ішкі өнімі)
дефляторы көрсеткішін қолдануды ұсынады. Бұл Пааше бағалар индексі:

(3)

мұндағы – Пааше бағалар индексі;
– ағымдағы кезең бағаларында берілген ЖІӨ-нің ағымдағы көлемі;
– базистік кезең бағаларында берілген ЖІӨ-нің ағымдағы көлемі.
Инфляцияны өлшеудің басқа әдісі – Ласпейрес бағалар индексі. Ол
бағаларды өлшеу үшін таразы ретінде ЖІӨ базалық көлемін қолданады.
Берілген әдіспен тұтынушы бағаларын, көтерме бағаларын және т.б. өлшеу
үшін кеңінен қолданады. Ласпейрес көрсеткішінің формуласы:

(4)

мұндағы – Ласпейрес бағаларының көрсеткіші;
– ағымдағы кезең бағаларында ЖІӨ базалық көлемі;
– негіз боларлық кезең бағаларында ЖІӨ-нің базалық көлемі.
Тәжірибе көрсеткендей, Ласпейрес бойынша өлшенген бағалар көрсеткіші
бағалар өскен жағдайда жоғарылатылған мәнді береді. Ол Пааше бойынша
өлшенсе инфляция деңгейін төмендетеді.
Біздің ойымызша, осындай жағдайларда орташа мәндерді пайдалану қажет.
Олардың бірі ретінде Фишер индексі қарастырылады, ол орташа геометриялық
көрсеткіш ретінде есептеледі:

(5)

мұндағы – Фишер индексі.
Инфляция әрқашанда байлықты белгілі дәрежеде қайта бөлу деген мағынаны
береді. Біріншіден, тауар массасымен қамтамасыз етілмеген қосымша
шығарылған қағаз банкноттарға өкімет тарапынан белгілі бір қызметтер мен
игіліктердің сатып алынуы (мысалы, соғыс кезінде қару-жарақ сатып алу,
полиция қызметкерлерінің, шенеуніктердің қызметі). Дәл осы себепке
байланысты, инфляция әрқашан инфляциялық салықпен қатар жүреді.
Инфляциялық салықпен байланысқан жағдай өсіп кеткен ақша массасының
көлемімен байланысқан, ол тауар массасының бұрынғы көлеміне бөлістіріледі.
Бұл жағдай бүкіл жалпы ішкі өнімге деген тауар бойынша (өндіру немесе
тұтыну көлеміне байланысты) салықты белгілеуге бара-бар.
Сонымен бірге салықты белгілеу үшін, ереже бойынша, заң шығарушы жиналыс
атынан өкілдердің рұқсаты қажет. Қосымша ақша көлемін шығару кезінде бұл
сұрақтар талқыланбайды.
Инфляциялық салықтан алынған шығындардың мөлшері төмендегі формуламен
есептеледі:

(6)

мұндағы λ – пайыз түріндегі инфляциялық салық;
( – бірлік үлесінде өлшенген инфляция қарқыны (базалық бағалар деңгейі
бірге тең деп қабылданады).
Екіншіден, инфляция халықтың түрлі санаттарында әр түрлі деңгейде
көрсетіледі. Қазіргі уақытта сатып алуларды жүргізген адамдар ұтылады. Ал
кімде-кім несиеге сатып алып, енді арықтаған ақшалармен төлеп жатса, олар
инфляция нәтижесінде ұтады.
Үшіншіден, инфляция ақша шығару орталығына қатысты әр түрлі жағдайы бар
адамдарға да түрлі деңгейде ықпал етеді. Ақшаны ертерек алатын адамдар
ұтымды жағдайда болады. Олардың ақшалары ең аз шығын мөлшеріне арықтап
үлгереді.
Ақырында, инфляция алыпсатарларды, епті алаяқтарды және инфляция
ауыртпалықтарын басқаларға жүктейтін кәсіпкерлерді байытады.
Егер айналымдағы ақша санының өсу қарқыны төмен болған жағдайда,
инфляция аздап кешіксе, халық құнсызданып қалған ақшаға да сеніммен қарауды
жалғастырса, онда инфляциялық салық саясатын жалғастыру нәтижесінде халық
инфляцияның өзіне үйреніп, инфляция күтулері маңызды рөлді атқара бастайды.
Ақшаның сандық теориясы айналымға қажетті ақша саны баға деңгейіне және
нарықта айналатын тауарлар мен қызметтер көлеміне тікелей пропорционалды
тәуелділікте екенін және ақша бірлігінің айналымдық жылдамдығына кері
тәуелділікте екенін көрсетеді:

M · V=P · Y, (7)

мұндағы M – экономикадағы ақша көлемі;
P – бағалардың орташа деңгейі;
V – ақша бірлігінің айналым жылдамдығы;
Y – нарықта айналатын тауарлар мен қызметтер массасы.
Параметрлердің біршама өзгерісі жағдайында шамамен алынған формуланы
қолдануға болады, онда өсім қарқындарының пайызбен өрнектелген сол және оң
жақтағы көрсеткіштері қосылады:

(8)

Инфляция бағалардың өсуінен көрініс табады және пайыздық нысандағы осы
өсімді көрсетеді, онда бұл формула инфляцияға әсер ететін негізгі
факторларды да айқындайды.
Бұл біріншіден, тауар массасының көлемі. Дәл соғыс кезеңдерінде
өндірістің азаматтық салалардан басқа жаққа көңіл аударуы көрініс алды және
инфляция – соғыстар мен революциялардың тұрақты серігі.
Екіншіден, экономикада ақша көлемінің өсуі. Орталық банктің негізгі
мақсаттарының бірі – айналымда ақша көлемінің артық болуына жол бермеу.
Қосымша ақша эмиссиясы үнемі революцияларды және экономиканы қайта
реформалауды ілестіріп жүреді, өйткені бұл кезде өндіріс – арзан қолды
мәселе, ең бастысы – қайта өзгеріс жасау (жерді қайта үлестіру,
жекеменшіктердің басқа қолға ауысуы және т.б.). Бірақ та судың да сұрауы
бар, сондықтан өзгерістер үшін де жауап беру керек. Революциялар, соғыстар
және қайта құрулар негізінен баспа станогы, яғни инфляциялық салық арқылы
есесін қайтарады.
Үшіншіден, инфляция ақша айналымының жылдамдығына байланысты. Әдеттегі
жағдайларда бұл ақша айналымының жеткілікті дәрежедегі статикалық, баяу
сипаты болып табылады. Бірақ та кейде ол өте қозғалмалы шамаға айналады.
Әдетте, ол дәл жоғары инфляция кезеңдерінде және ыстық ақшалардан қашу
кезеңдерінде көрініс алады. Гиперинфляция кезінде халық ақшаны, олар
арзандап кеткенге дейін тез жұмсап тастауға, оларды нақты құндылықтарға
алмастыруға асығады. Бұл жағдайда айналым жылдамдығы бірнеше есеге ұлғаяды,
ол инфляцияның келесі айналымын әрі қарай орнатудың факторы болып табылады.
Төртіншіден, ақшамен жұмыс істейтін тауар массасының көлемі инфляция
факторы болып табылады. Дағдарыс кезеңдеріндегі өндіріс көлемінің қысқаруы
ақшаның инфляциясына әкелуі мүмкін. Алайда, бұл кезде кедейлену салдарынан
халықтың сатып алушылық қабілеті де төмендеуі ықтимал.
Революциялар мен революциялық реформалар өндіріс көлемінің өсуімен қатар
жүрмейді. Сонымен қатар, әдеттегідей, негізгі революциялық өзгерістер
инфляциялық салық есебінен, яғни ақша массасының өсу кезінде іске асырылады
[5–8].
Бесіншіден, нарықтық экономикаға көшкен бұрынғы социалистік елдер үшін
бастапқы кезеңде инфляцияның жоғары қарқынымен алынған төлемдер дағдарысы
тән болды.
Осылай, 1994 жылдың Қазақстандағы тұтынушылық бағалардың көрсеткіші
1260%-ды, ал өндірушілердің бағалары – 2040%-ды құрады. Энергия
тасымалдаушылар бағасының өсуі, өз ретінде, өндірістік өнімге де бағаның
өсуіне әкелді және жалпы шығындар құрылымы мен бағалар құрылымы өте жоғары
деңгейде қайта қалпына келді.
ТМД елдеріндегі инфляцияның жоғары деңгейі бағаларды ырықтандыру кезінде
индекстелмеген кәсіпорындардың айналым қаражаттарының құнсыздануына әкелді.
Осыған сәйкес, ЖІӨ-дегі айналым қаражаттарының үлесі күрт қысқарды және
контрагенттер арасында қалыпты есеп айырысулардың жүргізілуін, әсіресе
банктік есеп айырысулардың жаппай кідірістерімен үйлесуін қамтамасыз ете
алмайтын болды. Осыған байланысты, төлемеулердің өсуі өндірісті сақтау
мақсатында кәсіпорындардың айналым қаржыларын толықтыру әдістерінің бірі
болып табылады. Бірақ та, бұл жағдай кәсіпорынның айналым қаражатының
тапшылығының өсуіне және өндірістің әрі қарайғы құлдырауына әкеліп соғады.
Сондықтан да, айналым қаражатын қалпына келтіру мәселесін шешусіз қарапайым
өзара есеп айырысу жүйесін қалыпты деңгейге дейін жетілдіру төлемеулер
мәселесін шеше алмады [9].
Төлеумеулердің инфляцияға және экономиканың өсуіне әсерін бағалау үшін
келесі тәсілді қолдануға болады.
Ақшаны айырбастау теңдеуі айналымдағы ақша массасы көлемінің өзгерісін
бағаның жалпы деңгейіне және қысқа мерзімді болашақта өндіріс көлемінің
жалпы деңгейіне әсерін зерттеуге мүмкіндік береді, ол инфляциямен күресудің
жалпы экономикалық стратегиясы аясында ақша-несие және қаржы саясатын
әзірлеу үшін өте маңызды болып келеді. Бұл жағдайда төлемеулер, бір
жағынан, шикізат пен материалдарды сатып алуға, еңбекақыны төлеуге және
т.б. қаражаттың жоқтығынан әрі қарайғы құлдырауды қолына алады. Екінші
жағынан, инфляциялық үдерістерді сақтауда төлемеулер рөлі жоғары болып
табылады. Өзара төлемеулер дегеніміз мәні бойынша барлық технологиялық
тізбек бойынша тауарлық несиелер. Олар жалған (квази) ақшалардың рөлін
атқарады.
Төлемеулер тәжірибесінің кең таралғандығын ескере отырып, айналымда
жүрген ақша массасының төмендегідей көлемі бар есептеуге болады:

М=М1+М2, (9)

мұндағы М1– айналымда жүрген шынайы ақша массасы;
М2 – төлемеулер сомасына тең жасанды ақша массалары.
Онда айырбастау теңдеуін келесі түрде көрсетуге болады:

М1 · V + М2 = P · Y. (10)

Бұдан М1 · V= P · Y – М2 аламыз.
Бұл кезеңде экономика дұрыс жұмыс істеді және төлемеулер болмады деп
болжайық.
Қолданыстағы ақша массасы экономиканың қажеттіліктерін толығымен
қамтамасыз етуге қабілетті. Онда, ақша айырбастау теңдеуін келесі түрде
жазуға болады:

М1 · V1= P1 · Y1. (11)

Ақшаның сандық теориясының негізгі алғышарттары мынада, яғни ақшаның
айналу жылдамдығы қысқа мерзімде тез өзгере алмайды және V=const тұрақты
шама болып табылады.
Сонымен бірге, осы кезеңде шығарылған өнімнің физикалық көлемі
өзгеріссіз деп есептейік, яғни Y1=Y. Онда берілген тепе-теңдіктің
қолданылуы төлемеулер болған кезде іс жүзінде қалыптасқан бағалардың басқа
деңгейі кезінде орынды болады. Нәтижесінде төмендегі теңдік алынады:

P1 · Y1= P · Y – М2,

немесе

P1=(P · Y – М2)Y1= P – М2Y1. (12)
Осыдан шығатыны, яғни P1=P–М2Y1 теңдігі бүгінгі таңда орнатылған
бағалардың жалпы деңгейінің қай бөлігі төлемеулерге жататынын сипаттайды.
Осыған орай, мемлекеттерде инфляция қарқынының төмендеуі белгілі
мөлшерде өзара қарыздар мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Инфляцияға әсер ететін факторлар тұрғысынан, сұраныс инфляциясын және
шығындар инфляциясын атап көрсетуге болады.
Дж. М. Кейнс ақшаға деген сұраныс факторлары үшеуін атап көрсетеді:
а) затты сатып алу үшін ақшаның қажеттілігенен туындайтын трансакциялық
себеп;
ә) сақтандыру себебі – ақша қорын жинау қажеттілігі, өйткені нарықтық
экономика тұрақсыз;
б) өзінің үй шаруашылығы жинақтары үшін табысты қаржылық активтер
жинаудағы алыпсатарлық себебі.
Трансакциялық себеп айналу қаражаты ретінде ақша функциясынан шығады.
Сондай-ақ, ақшаға деген сұранысты шынайы кассалық қалдықтарға деген сұраныс
деп айтуға болады.
Қысқа мерзімді кезеңде шынайы кассалық қалдықтар шынайы табыстар
деңгейіне – оң тәуелділікте, ал ақшаны сақтаудың баламалы шығындарына –
кері тәуелділікте болады. Ақшаны сақтаудың баламасына табысты тәуекелсіз
активтерге пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, яғни мемлекеттік ұзақ мерзімді
құнды қағаздар (облигациялар) жатады.
Ресурстардың толық жұмысбастылығы жағдайында бағалардың жалпы деңгейі
ақшаның сұранысы мен ұсынысының арақатынасымен оңай анықталады. Ақша
ұсынысы ОБ саясатымен анықталады және оның міндеті – ақша мөлшерін тұрақты
деңгейде ұстап тұру. Ақшаға деген сұраныс ақша бағасына қатысты кері
тәуелділікпен және баға деңгейіне қатысты оң тәуелділікпен сипатталады.
Басқаша айтқанда, орталық банк тарапынан ақша ұсынысы ұлғайған жағдайда,
айқын кассалық қалдықтарға сұраныс бұрынғы қалпында қалады, бірақ ақша
бағасы төмендейді және олардың көп мөлшері үй шаруашылықтарына қажет
болады.
Артық көлемдегі жиынтық сұраныс өнімнің шынайы көлеміне әсер етпейді.
Бұл – сұраныс инфляциясы. ОБ тарапынан ақша ұсынысының ұлғаюы ақшаға деген
сұраныс көлемін жоғарылатуға әкеліп соғады. Нәтижесінде, ақшаның шынайы
бағасы төмендейді. Бағалардың инфляциялық өсімі жүзеге асады.
Сұраныс инфляциясы дегеніміз қысқа мерзімді сұраныстың жиынтық ұсыныстан
қысқа мерзімді асып кетуі салдарынан болатын инфляция. Қысқа мерзімді
кезеңде жиынтық сұраныстың өсуі ақырғы өнімге деген бағаның өсуіне, сондай-
ақ өндірістің шынайы көлемінің өсуіне, жұмыссыздықтың қысқаруына әкеледі.
Әрі қарай өндіріс факторларына деген бағалар да өседі. Сұраныс инфляциясы
жиі түрде өндірісті ынталандыру бойынша мемлекет әрекеттерінен туындайды.
Ұзақ мерзімді кезеңде жиынтық сұраныстың әрі қарайғы өсуі ақырғы өнім
бағасының өсу қарқынының өндіріс факторларына деген бағалардан асып кетуіне
әкеледі, басқаша айтқанда, инфляцияның белгілі деңгейі жұмыссыздықтың
салыстырмалы төмен деңгейі кезінде сақталады.
Шығындар инфляциясы өндіріс шығындарының өсуі немесе өндірістік
факторлардың күрт қымбаттауы нәтижесіндегі жиынтық ұсыныстың қысқаруынан
болады. Аталған құбылыс өндірісте де, айналымда да көрініс алуы мүмкін.
Өндіріс шығындарының өсуі қолданыстағы ақша массасы кезінде пайданы және
жиынтық ұсыныс көлемін қысқартады. Жиынтық ұсыныстың қысқаруы бағаның
өсуіне әкеледі, өйткені қысқартылған тауар массасы бұрынғы ақша көлеміне
сәйкес келеді. Осылайша, бұл жерде баға деңгейін сұраныс көлемі емес,
шығындар көтереді. Жиынтық ұсыныстың қысқару себептеріне жататындар:
шикізаттың, соның ішінде экспортталатын шикізат бағасының өсуі, ұлттық
валюта бағамының төмендеуі.
Шығындар инфляциясының салдары – өндіріс көлемінің қысқаруы және
жұмыссыздықтың өсуі.
Өндіріс шығындарының өсуін анықтайтын факторларға, ең алдымен, номиналды
еңбекақының, шикізат пен энергия бағаларының көтерілуі жатады [10–13].
1973–1974 жж. және 1979–1980 жж. мұнай бағасының өсуі шикізат пен
энергия бағасының өзгеруіне ықпал етті. Бұл кезде өндіріс шығындары, соның
ішінде транспорттық шығындар күрт өсіп кетті. Инфляция қарқыны да өсті.
Алайда, мұнай картелінің пайда болуы және 1973–1974 жж. бағаның көтерілуі
күтпеген жағдай болмауға тиіс екенін атап өту керек, өйткені оған 60-шы
жылдардың басында мұнай компанияларының шикізат бағасын төмендетуі ықпал
етті. Мұнай өндіруші елдер өздерінің ықтимал әрекеттері жайлы алдын-ала
ескертіп отырған, бірақ та тұтынушылар ешқандай әрекет қолданбаған, өйткені
олар өндірушілердің келісілген әрекеттерінің табысты болуына көп сене
қоймаған.
Экономиканың қазіргі кездегі даму барысы күрделене түскендігін байқап
отырмыз. Осылайша, ұзақ уақыт аралығында жұмысбастылық пен инфляция қарама-
қайшы бағыттарда дамып келген. Осы тұрғыдан, 1973–1975 жж. дағдарыс кезінде
ең алғаш рет инфляцияның жоғары қарқындары жұмыссыздықтың жоғары қарқынына
сәйкес келді. 1978-80 жылдардағы дағдарыста жағдай тағы да қайталанды. Жаңа
құбылыс жұмыссыздықтың жоғары қарқындары кезіндегі стагфляция-инфляция
деген атқа ие болды.
Нарықтық қатынастарға енудің Ресейлік және Қазақстандық жолы ең басынан
бастап тауарлардың жоғары деңгейімен және тапшылығымен, сонымен қатар
мемлекеттік бюджет тапшылығымен, яғни мемлекеттік шығындардың мемлекеттік
табыстардан артық болуымен қатар жүреді. Сондықтан да инфляция өз бетінше
таңқаларлық жағдай емес. Төменде келтірілген 1-кестеде оның масштабтары
көрсетілген.
1992–1994 жж. Ресейдің федералдық бюджетінің тапшылығы және Қазақстанның
республикалық бюджеті негізінен Орталық және Ұлттық банктердің несиелерімен
жабылып отырған. Әдетте, бұл қалыпты жағдай және мемлекеттік борыштың ірі
көлемі де инфляциялық-ушықтырушылық фактор болып табылмайды. Сонымен бірге
мемлекеттік борыш ұлтты біріктіретін фактор болып табылуы мүмкін. Ресей
және Қазақстан жағдайында бұл несиелер қағаз ақшалардың шығарылуымен өтеліп
отырды, өйткені сол кезеңде басты міндет – инфляциямен күрес емес,
жекешелендіру болды, ол үшін халықта жеткілікті қаржы болған жоқ, қорларды
біршама тең көлемде үлестіру нұсқасы орындаушылар тарапынан қабылданбады.

1-кесте. Экономикалық реформа барысындағы Ресей мен Қазақстандағы инфляция

Жылдар
1998 1999 2000 2001
Қысқа мерзімді сыртқы қарыздағы 250 150 147 88
резервтер үлесі, %
ЖІӨ-гі ағымдық шот балансының үлесі,-3.3 -4.9 -5.7 -0.97
%
Экспорттағы сыртқы қарыздың үлесі, %280 50 240 142

Ол тәжірибе жүзінде шығын инфляциясы факторын елемеді. Қазақстандағы
инфляциялық үдерістің ерекше күрделі, кешенді де көп жақты сипаты бар. Қуат
көздерінің, шикізат тауарларының, металлдың, көлік қызметінің шығындық
инфляциясы кезіндегі бағаның секіртпелі өсуі дайын өнімдер құнының өсуіне
қысым жасады, яғни бұл үдерісте өте маңызды рөл атқарды.
ХВҚ-ның нұсқауымен Қазақстан Үкіметі мен ҚР Ұлттық Банкі жүргізіп
отырған монетарлық саясатта елеулі кемшіліктер орын алды, қоғамдық ұдайы
өндіріс үдерісінде ілгері басу мен терең бұзу болды. Яғни елде экономиканың
қалыпты өсуі тәжірибе жүзінде іске аспай тұрғанда, ақша көлемін қолдан қысу
кең көлемде жүргізілді. Бұл Қазақстан экономикасын монетизациялау
коэффициентінің төмендеуіне әсер етті.
Инфляция кері шегерілді, бірақ үлкен инфляциялық әлеует сақталды,
өйткені оның ұдайы өндірістік факторы игерілген жоқ. Инфляциялық саясаттың
басты кемшілігі мынада: басқа да ТМД елдеріндегі сияқты Қазақстанда да
еңбекақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны төлемеу жолымен, экономикалық құлдырау
жағдайында, әлемдік тәжірибе бойынша бірінші рет сұраныстың төмендеуі –
дефляция (артық ақшаны айналымнан шығару) қолданылды. Сонымен мемлекет
өзінің қаржылық қиындықтарын халықтың мойнына аударды.
Басқа да тауарлар тәрізді бағасы өсетін доллар бағамы инфляцияға әсер
етеді. Бұл фактор импортталушы инфляция түрлеріне қатысты. Сатып алынатын
долларлар елдегі тауарлар мен қызметтер бағасының сомалық көлемін көтереді,
яғни кәсіпорындар, банктер және тұрғындар тарапынан ұлттық валюта мен
қосымша төлем төлеуге қабілетті сұранысқа қажеттілік бар. Экономиканың
долларизация жағдайында мемлекет инфляцияны монетарлық әдіспен бақылау
мүмкіндігінен айрылады, өйткені тауарларға ұсыныс тек теңгеге ғана емес,
өткізілетін көлемі белгісіз долларға да болады.
Долларға қарағандағы теңге бағамының төмендеуі бағаның инфляциялық
өсуінің белсенді факторы болды, өйткені импорттық тауарлар Қазақстан тұтыну
нарығының жартысын құрады. Импортталатын инфляцияның тетіктері доллар мен
басқа да шетел валюталарына жоғары сұраныстың пайда болуынан айқын көрінді.
Соңғы уақытта Үкімет пен Ұлттық Банк өзінің ақша-несие саясатында екі
мақсатқа жетуге ұмтылуда. Бірінші мақсат – инфляцияны төмендету, екіншісі –
экономиканың нақты секторы жағдайының нашарламауы үшін теңгенің тиімді
бағамын ұстап тұру болып табылады. Бұл мақсаттар іс жүзінде бір-біріне
қарама-қайшы. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттің ірі қарызды тұтыну
мүмкіндігі жоқ кезде инфляцияны төмендету өте қиын емес. Ұлттық банктің
нарықтан валютаны сатып алуын және өзінің алтын-валюта қорын көбейтуін
тоқтату қажет. Мұндай жағдайда ақша көлемі баяу өседі, одан кейін ол мүлдем
тоқтайды. Бұл инфляцияның төмендеуін ең соңында нөлге дейін алып келеді.
Сонымен бірге бұл нақты, атаулы құнында көрініс табатын теңге бағамын
білдіреді, ол өз кезегінде импорттың өсуіне, экспорттаушылар жағдайының
нашарлауына және мүмкін өндірістің құлдырауына әкеліп соқтырады.

2.2 Шетел капиталының ағыны жағдайындағы инфляцияны реттеу
шараларының экономикалық талдауы

Қазақстан экономикасының әрі қарай дамуы көп жағдайда мемлекеттің
инфляцияны қабылдай алатын деңгейіне және сыртқы фактордың тұрақсыздығы,
сыртқы қарыз бен шетел инвестициясы түріндегі шетел капиталының өсіңкі
ағыны кезінде қаржы-несие балансын реттеу жолымен қаржыны тұрақтандыруына
байланысты.
Айырбастың еркін де қалқымалы бағамын сақтау саясаты кезінде шетел
валютасының артық ұсынысы айырбас бағамын атаулы құн жағына түсіруге, яғни
нақты қымбаттатуға қысым көрсетеді. Бұл өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының
бәсекелестік қабілетіне кері әсерін тигізеді.
Экономиканың шикізатты емес секторының бәсекелестік қабілетінің
нашарлауы экономиканың салалық шоғырлануының күшеюіне әсерін тигізеді.
Аяғында Қазақстан экономикасын сыртқы бағаның ықпалымен нашар қалыпқа
түсіреді және экономикалық саясаттың ұзақ мерзімді мақсаттарына қол
жеткізуге қосымша кедергілер жасайды.
Теңгенің нақты да тұрақты бағамын сақтау кезінде Ұлттық банктің ішкі
валюта нарығынан шетел валютасын артық сатып алуы ақша көлемінің өсуіне
алып келеді. Нәтижесінде, егер ақша ұсынысының көбеюі нақты сұраныстың
өсуімен өтелмесе, инфляцияның төмен деңгейін ұстап тұруда қиындықтар
туындайды, онда Ұлттық Банк қарыздық құралдарға қызмет ету аясында залал
шегеді, оның көмегімен ақша көлемі залалсыздандырылады.
Сонымен бірге шетел капиталының елеулі ағыны инфляция қарқынының
көтерілуіне көмектесіп, ұлттық валютаның айырбас бағамын күшейтеді. Сондай-
ақ өңдеуші өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығы тауарларының бәсекелестік
қабілетін төмендетеді.
Ұлттық валютаның құнсыздануы шетел валютасындағы экспорттық бағаны
азайтады, ал бағамды көтеру көрсетілген елдің тауарларын сатып алушы
шетелдіктер үшін қымбаттайды, оның резиденттері үшін шетел тауарларын алып
келуді арзандатады.
Айырбас бағамындағы өзгерістердің капитал қозғалысына ықпалы әр түрлі.
Елге ұзақ мерзімді капиталды енгізу келешек мақсаттармен анықталады,
сондықтан онда айырбас бағамының өзгерістері бұлдыр көрінеді.
Еркін айырбасталатын валюталық капиталды елге әкелу үшін, керісінше,
мұның маңызы зор, өйткені мұнда бағамның өзгеруінен ұтуға мүмкіндік туады.
Қайта көтерілу (ревальвация) алдында валютаны әкелу көбейеді, ал одан кейін
капиталды шығару өседі.
Зерттеу көрсеткендей, инфляцияның нәтижесінде ұлттық валютаның бағамы
үлкен дәрежеде құнсызданады, ал ұлттық пайыздық мөлшер қосылады. Сөйтіп
шетел валютасындағы депозитке қарағанда, шетел депозитінің табысы жоғары
болғанын байқауға болады.
Шетел валютасына сұраныс шамамен алғанда тауар мен қызметтердің
импортына тең, ал оның ұсынысы – экспортқа тең.
Капитал ағыны тауар қозғалысынан гөрі басқа қисынға бағынышты. Әдетте,
капитал пайыздық мөлшері жоғары, төлем балансы жағымды, ұлттық валютасының
бағамы өсу үстіндегі елдерге ауысады, ал пайыздық мөлшері төмен, төлем
балансы тапшы және ұлттық валютасының бағамы төмендеу үстіндегі елдерден
ығысады. Жоғары пайызға қатысының үйлесімділігі мен ұлттық валюта бағамының
өсуі капитал ағынының келуіне жоғары жағдай тудырады. Егер пайыз жоғары, ал
бағам түсіп жатса, онда пайыз бен бағам қозғалысы қарқындарының өзара
қатынасымен байланысты жағдай қолайлы да пайдалы болары сөзсіз.
Валюта саясатында инфляция үдерістерін баяулату, қалыпты да қолма-қол
ақша айналымын ұйымдастыру, елдің банк жүйесінің қызметін жақсарту,
экономикалық өсімді қамтамасыз ету басым бағыттар болып саналады.
Республикада экономикалық реформалар жүргізу барысында Ұлттық Банктің
қызметтері ауыстырылды және кеңейтілді, қаржы-несие аясындағы валюталық
қатынастарды реттеу тетіктері мен әдістері жетілдірілді.
Ондаған жылдар бойы қазақстандық экономиканы реформалау тәжірибесі
республика әлемдік экономикаға кіріккен сайын оның ақша-несие және
валюталық саясаттарына сыртқы экономикалық факторлардың күшті ықпалы
болатынын көрсетті. Қазақстан экономикасы шикізаттық бағытта болғандықтан,
ол көбіне-көп экспорттың дәстүрлі түрінің әлемдік бағасына аса тәуелді еді.
Консервативтік болжам бойынша 2010 жылы мұнай өндіру 1,5 есе өседі екен.
Жаңа мұнай көздерін пайдалану Қазақстанға шетел инвестициясының көптеп
келуін қамтамасыз етеді.
Соңғы уақытта әлемдік нарықта орын алған үрдіс Қазақстан
макроэкономикасының дамуына жағымды әсер еткенмен, бірнеше мәселені де
туындатты. Соның бірі – кәсіпорындардың нақты секторлары мен коммерциялық
банктердің сырттан қарыз алуы, оның ішінде банк жүйесінің шартты түрдегі
өтімділігі. Сыртқы қаржыландырудың қомақтылығы ішкі несиелеу көлемін
арттырды (9-сурет).

9-сурет. 1999–2007 жылдардағы (09.1999=100) Қазақстанның ішкі несиесінің
серпіні

Екінші деңгейлі банктер жүргізген белсенді несие саясаты ақша көлемінің
өсімін және соған сәйкес айналымдағы қолма-қол ақшаның, ең бастысы тұтынушы
сұранысының өсуін туындатты.
Жыл сайын еңбекақы мөлшерінің көтерілуі есебінен тұрғындардың тұтыну
қабілеті артты. Орташа айлық еңбекақы мөлшерінің өсуі мен оның ең аз
деңгейі 10-суретте көрсетілген.
Әлемдік валюта-қаржылық дағдарыстан кейін іскерлік белсенділік пен
сұраныс жоғарылауының жандануы тәжірибе жүзінде әлемнің барлық аймақтарында
байқалды. Бұл әлемдік сауданың кеңеюі мен өндірісте қолданылатын тауарларға
бағаның өсуіне жағдай туғызды.
2004 жылы әлемдік экономиканың өсуі 2000 жылғы деңгейден асып түсті. АҚШ
пен Жапонияда ЖІӨ-нің өсуі 4 пайыздан артық болды, Евроаймақ елдеріндегі
ЖІӨ 1,9 пайызды құрады. АҚШ-тағы негізгі өсу көзі инвестицияның молаюы мен
үй шаруашылығында тұтынудың көбеюі болды, ал Еуропа мен Жапониядағы ЖІӨ-нің
өсуіне дамып келе жатқан елдер тарапынан сыртқы сұраныстың көбеюімен
байланысты экспорттың артуы негіз болды. Қытай экономикасының жоғары
қарқыны 8,8%, Ресейде – 8%, ал Үндістанда – 6%-ға көтеріліп, қалған дамыған
елдер экономикасының дамуына оң ықпал етті.

10-сурет. 2000–2006 жж. (теңге) атаулы құндағы ең аз еңбекақы және өмір
сүру көлемінің минимумы

2004–2005 жж. ішінде энергия көздеріне бағаның көтерілуі жалғасты, ол
белгілі бір дәрежеде мұнай өндіретін елдердің сыртқы экономикалық қызметіне
ықпал етті. Мұнайдың негізінен Еуропа елдеріне басымдылықпен жеткізілуі
ұлғайды: Швейцарияға мұнай экспорты (мұнай экспортының 32 пайызы) 2 есе
өсті, Италияға (мұнай экспортының 20 пайызы) – 2 есе, Францияға (мұнай
экспортының 11 пайызы) – 4,3 есеге көбейді. Табиғи газды өндіру көлемінің
өсуі базалық кезеңдегі шикізаттың осы түрінің жеткізілу көлемінің 1,6 есе
көбеюіне себеп болды. Табиғи газ экспортының артуы Әзербайжанға (5 есе),
Грузияға (4 есе) және Арменияға (2,5 есе) жеткізілу есебінен көтерілді.
Экономикада инфляциялық көріністің сақталуы ақша агрегаттарының елеулі
өсуіне себеп болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық таза
резервтерінің өсуі 2007 жылы оның қаржылық базасының 26,5 пайызға, яғни
1501,5 млрд. теңгеге дейін кеңеюіне мүмкіндік жасады
(4-кесте).

4- кесте. Қазақстан Республикасының кезең аяғындағы ақша агрегаттары
Млн. теңге
2000 ж. 2001 ж. 2002 ж.
1996 1014,2 115,7 11,4
1997 1415,8 135,0 9,5
1998 1672,1 173,0 10,3
1999 1733,3 148,5 8,6
2000 2016,5 273,9 13,6
2001 2600,0 397,0 15,3
2002 3250,6 376,0 17,7
2003 3747,2 764,9 20,4
2004 4449,8 969,9 21,8
2005 5542,5 1650,1 29,8
2006 6867,0 1881,3 27,4
2007 9738,8 3716,0 38,2

Дерек көзі:Статистический бюллетень Национального Банка Казахстана за
1996-2007 гг. – Алматы

5-кестеден көрінгендей, ЖІӨ-нің өсуі экономиканы монетизациялау
деңгейінің көтерілуінен орын алды.
Мұнайдың әлемдік бағасының тез өсуі мұнай компанияларын оны шығаруды
арттыруға ынталандырды және ішкіден гөрі сыртқы нарыққа шығаруға итермеледі
(6-кесте).

6-кесте. Мұнайдың өндірілуі мен экспорты (газ конденсатынсыз)
Млн. тонна
2001 ж.2002 ж.2003 ж.2004 ж.2005 ж.2006 ж.2007ж
Өндіру 30,6 36,1 42,1 45,3 50,6 60,0 62,8
Өндіру қарқынының 114,6 118,0 116,6 107,6 111,7 118,6 104,7
өсуі, % өткен
жылмен
салыстырғанда
Экспорт 23,2 28,4 34,3 39,3 47,7 52,6 54,6
Өткен жылмен 105,0 122,4 120,8 114,6 121,4 110,2 103,8
салыстырғандағы өсу
Өндірудегі экспорт 75,8 78,7 81,5 86,8 94,3 87,6 86,9
үлесі, %

Дерек көзі:Статистический бюллетень Национального Банка Казахстана за
2001-2007 гг. – Алматы, 2002–2008.

Қазақстан экспорты құрылымын жандандыратын шикізат тауарларының әлемдік
бағасы 2006 жылы рекордтық көрсеткіштерге жетті. 2006 жылы мұнайдың әлемдік
орташа бағасы 2005 жылға қарағанда 44%, қара металл – 24,5%, ал түсті
металл – 23%-ға тең болды. Бағаның өсуі Қазақстанға импортталатын
тауарларға да тән болды, бірақ әлемдік бағаның қатынасы Қазақстан
экспортының пайдасына шешілді.
Түсті металдар экспортының тұлғалы көлемі қалыпты қарқынмен өсті, оның
ішінен тек Батыс Еуропа елдеріне жеткізілетін алтын, қорғасын және цинкті
бөліп алуға болады. 2004 жылғы өндіру деңгейі сақталса да, өңделмеген
алтынның сандық экспортының өсуі осы кезеңде 30 пайызды құрады. Бұл өсудің
негізін осы аталмыш тауарды негізгі тұтынушы елдерге жеткізілген экспорт
құрады, Германия (3,5 есе) мен Швейцарияға (1,2 есе) жеткізу артты.
2007 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 62,9 млрд долларды құрап,
2006 жылға қарағанда 35,9 пайызға өсті. Ал ТМД елдерімен тауар айналымы
13,6 млрд долларды құрап, 14,4 пайызға артты, қалған елдермен тауар
айналымы 32,7 млрд долларға жетіп, 45 пайызға көтерілді.
Дамыған елдердің орталық банктері экономикалық өсімді ынталандыру
мақсатында несие мөлшерлемесін салыстырмалы түрде төмен деңгейде ұстады, ол
дамушы елдердің шетел капиталын тартудағы мүмкіндіктерін елеулі кеңейтті.
2004 жылы ағымдық операциялар шоты бойынша жағымды қалдықпен қамтамасыз
етілген экспорттық табыстың ең жоғары көрсеткішіне қол жетті, ондай нәтиже
бұрын, 2000 жылы ғана тіркелген болатын. Ағымдағы операциялар түсімінен
басқа ресурстар ағыны шетел капиталын кең көлемде тартумен қамтамасыз
етілді, әрине, олар капиталдың халықаралық нарығына тартылған қарыздық
ресурстар мен тікелей шетел инвестициялары түрінде келтірілді. 2005 жылы
қаржыларды тікелей инвестициялау операциялары бойынша ол өзінің ең жоғары
деңгейіне жетті. Бұл нәтижелер белгілі бір деңгейде әлемдік мұнай
нарығындағы үрдістерге де байланысты болды.
Қуат көздеріне бағаның өсуі экспорттық табыстарды жедел арттырды, таза
тауарлар экспортының бір жарым есе өсуін қамтамасыз етті, өтелім төлемдері
мен дивиденттер түрінде шетел инвесторлары қайтарған қаржы көлемінің өсуі
үшін негіз болды.
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің әлемде жоғары бағалануы және
макроэкономикалық тұрақтылық Қазақстан банктері мен кәсіпорындарының
капиталдың халықаралық нарығына шығуына жол ашты және сырттан қарыз алу
көлемін әрі қарай ұлғайтуға көмектесті. Тартылған қаржылар ішкі
экономиканың инвестициялық қажетін өтеп қана қоймай, халықаралық
активтердің елеулі түрде өсуінің көзіне айналды (7-кесте).
7- кесте. Қазақстанның халықаралық активтері
Млн. АҚШ долл.
Көрсеткіштер Сомалары
2005 ж. 2006 ж. 2007ж.
1 Жалпы алтын-валюта активтері, барлығы 4962,106 9280,494 7069,705
оның ішінде:
1.1 Монетарлық алтын 725,916 803,562 985,512
1.2 Еркін айырбасталатын валюталық активтер 4236,192 8476,931 6084,192
және СДР
а) Қолма-қол шетел валютасы (СКВ) 3,461 3,299 2,654
б) Еркін айырбасталатын валюталық депозит 767,964 1085,720 669,459
в) Бағалы қағаздармен кепілденген еркін 325,090 539,924 290,800
айырбасталатын валюталық несиелер
г) Еркін айырбасталатын валюталық акциядан 3133,659 6840,441 5104,825
басқа бағалы қағаздар
д) Қаржылық деривативтер және басқа шоттар 6,018 7,547 16,454
2 Сыртқы міндеттемелер (СКВ) 3,178 3,516 3,849
оның ішінде:
2.1 Халықаралық қаржы ұйымдары алдындағы 0,167 0,314 1,001
міндеттемелер
2.2 Орта, ұзақ мерзімді несиелер 1,887 1,903 1,903
2.3 Қаржылық деривативтер 0,746 0,050 0,080
2.4 Басқа да шоттар 0,379 1,249 0,866
3 Таза халықаралық резервтер (1-2) барлығы 4958,928 9276,977 7065,856

Дерек көзі: Национальный Банк Казахстана. Годовой отчет за 2005–2007
год. – Алматы, 2006–2008.

7-кестеден көрінгендей, Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта
активтерінің жалпы көлемі 2007 жылдың 1 қаңтарында 7,1 млрд долларды
құрады, бұл 2006 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткішпен салыстырғанда 2,2 млрд
долларға аз. Жалпы алтын-валюта активтерінің өзгерістеріне еркін
айырбасталатын валюталық активтердің 2,4 млрд долларға азаюы мен монетарлық
алтынның 18,2 млн долларға өсуі себеп болды . Ал енді 2008 жылдың 1
қаңтарында Ұлттық Банк алтын-валюта резервтері 19,1 млрд. долларға жетті.
Елге шетел валютасының ағылып келуі қуат көздеріне әлемдік бағаның
жоғары болуына байланысты болды, олар Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорына аударылуының есебінен тазаланды. 2007 жылдың аяғында ҚР ҰҚ-ның
активтері 13 млрд. АҚШ долларынан асты.
Республиканың банк секторы капиталдың халықаралық нарығынан қарыз алып,
артық ұсынысты көбейтуі ішкі валюталық нарықта елеулі ықпал көрсетті. Шетел
активтеріне қаржы салу көлемі айтарлықтай дамығаны байқалды. Банктердің
шетел инвестициялары түрінде валюталарды шетелге толассыз шығаруы, ҚР ҰҚ-
ның өсуі, сондай-ақ операциялар бойынша тікелей инвестициялық қаржылардың
елден шығуы сұраныс қатынастары мен нарықтағы валюта ұсыныстарын қайтадан
қалпына келтірді.
Әлемдік тауар нарығында Қазақстан экспортының негізгі тауарларына
бағаның өсуі отандық өндірушілердің ішкі нарықта өз тауарларының бағасын
соған сәйкес көтеруіне мәжбүр етті. Бір жағынан, мемлекеттік бюджет
шығынының өсуі экономикалық белсенділікті ынталандырса, екінші жағынан,
инфляциялық қысымды күшейтті. Ел табысының өсуімен қатар күтілген инфляция
қосымша инфляциялық фактор болды.
Азық-түлік тауарлары 8,1%, азық-түлік емес тауарлар – 5,9%, ал ақылы
қызметтер – 8,0%-ға қымбаттады. Сондай-ақ газбен қамтамасыз ету – 34,5%,
жеміс пен көкөніс – 23,1%, білім беру мекемелерінің қызметі – 19,5%, күріш
– 18,3%, ал ет пен теңіз өнімдері -12,5%-ға қымбаттады.
Қалыптасқан макроэкономикалық жағдай республиканың тұтыну нарығында
инфляциялық үрдістің күшеюіне алып келді. Нәтижесінде, ол жыл аяғында (2006
жылдың желтоқсанынан 2007 жылдың желтоқсанына дейін) Статистика
агенттігінің деректері бойынша 8,4 пайызды (2005 жылы 7,5 пайыз еді), ал
орташа жылдық инфляция – 8,6 пайызды құрады (14-сурет).
2007 жылғы инфляцияға ықпал еткен негізгі микро және макроэкономикалық
факторларға экономиканың елеулі өсуі, Қазақстанға шетел капиталының
үздіксіз ағыны, банк несиелерінің айтарлықтай көтерілуі, қуат және шикізат
тауарларына әлемдік бағаның жоғары болуы жатты.
Мұнайлы жерлерді әрі қарай игеру төлем балансының ағымдағы шотына
ағылатын капиталдың қосымша көздеріне жол ашты, бұл өңдеуші өнеркәсіптің
бәсекелестік қабілетін төмендетуге әсер етуі мүмкін, өйткені тікелей
инвестицияны әрі қарай игерумен жалғасатын экспорттық түсімдердің көбеюі
теңгенің айырбастау бағамын нақты қымбаттатуға тікелей қысым көрсетеді.
Ағымдағы операциялардан түсетіннен басқа елге келетін ресурстар ағыны
тікелей шетел инвестициялары мен халықаралық капитал нарығынан тартылған
қарыздық ресурстар түрінде қамтамасыз етілді. Мемлекеттік емес секторлардың
сыртқы қарыз көлемінің өсуіне негізгі үлес қосқан республиканың банк
секторы болды. Жоғары ішкі сұраныс пен халықаралық капитал нарығындағы
қарыз ресурстарының салыстырмалы түрдегі төмен құны шетел капиталының
елеулі көлемін тартуға ынталандырды. Қазақстан қарыз алушылары үшін шетел
капиталы құнының төмен болуына Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің
жоғары бағалануы себеп болды. Инвестиция санаттарына қосылатын рейтингтерді
ірі халықаралық рейтинг агенттігі тұтастай Республикаға және қазақстандық
көшбасшы банктерге берді (8-кесте).
Базалық кезеңдегі жоғары көрсеткіштермен салыстырғанда шетел
инвестициясының қысқаруы Қазақстанның шетел инвесторларынан ірі Солтүстік
Каспий жобасындағы мұнай саласының үлесін сатып алуына байланысты болды.
Каспий теңізінің Қазақстан секторындағы, Теңіз, Королев және Қарашығанақ
мұнай көздерін қалай игеру жөніндегі жобаларды, көмір сутегін тасымалдаудың
баламалы маршруттарын салу, Каспий шельфіндегі Аташ және Түп-Қараған мұнай
көздерін барлау және Атасу-Алашаңқай Қазақстан-Қытай мұнай құбырының
құрылысын жүзеге асыру туралы ұсыныстар республикаға қарыз капиталы
нысанындағы тікелей шетел инвестицияларының ағылып келуін туындатты.

8-кесте. 2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстандағы өндіріс
салаларына салынған шетел инвестициялары
Млн. АҚШ доллары
Салалар 01.01.07 жылғыОның ішінде:
аттары жағдай
ҚР-на тікелей портфельдік басқа
инвестиция инвестиция да
инвест
ицияла
р

Тау-кен өнеркәсібі
Ақша-несие саясаты Бюджеттік-салықтық Сыртқы экономикалық
саясат саясат
Ашық нарықтағы операция.Шығындарды шектеу. Өтпелі курс.
Ашық нарықтағы Салықтардың өсуі. Тауарлардың жылжуына
операцияларға ұқсас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өтпелі экономикадағы макроэкономикалық тұрақсыздық
Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляция қарқыны
Инфляцияның мәні және пайда болу себептері
Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері
Қазақстандағы инфляциялық процестерді басқару және болжау
Макроэкономикалық көрсеткіштер туралы ақпарат
Нарық түсінігі, экономикалық мәні
Инфляцияның қалыптасу және асқыну себептері мен механизмі
Қазақстан Республикасындағы инфляция мен жұмыссыздық процестерді мемлекеттік реттеу
Макроэкономикалық саясат
Пәндер