Мемлекет қаржысы жайлы



Кіріспе
1. Мемлекет қаржысының әлеуметтік экономикалық мәні
1.1 Мемлекет қаржысының мазмұны және құрамы.
1.2 Мемлекет қаржысын жұмылдырудағы қаржы саясатының рөлі
2.Мемлекеттік бюджет . жалпы мемлекеттік қаржының буыны Ретінде
2.1 Мемлекеттік бюджеттің құрылысы және экономикадағы рөлі
2.2 Мемлекеттің бюджеттің кірістерінің құрамы мен құрылымы
2.3 Мемлекеттік бюджет шығыстары және олардың жұмсалу бағыттары
3. Бюджет тапшылығы және оны қаржыландырудың жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік қаржы саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет. 1990-шы жылдардың басындағы Қазақстан экономикасын қайта құру әлеуметтік-экономикалық реформаларды қаржыландыруға және ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге өз қаржы қорының тапшылығымен (жетіспеуімен) сипатталды. Бұл мемлекет қаржы жүйесінің басқаруындағы түбегейлі өзгерістерді қамтамасыз етті.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қогамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттің қаржылары әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен корғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.
Мемлекеттік қаржының материалдық мағынасында мемлекеттік қаржылар мемлекеттің және қоғамның тиісті мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті, әрдайым мемлекет меншігінде болатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларының жиынтығын көрсетеді.
Халықаралық тәжірибе көрсеткеніндей, мемлекеттік қаржысын ойластырылған түрде жұмылдырып, қолдану және қаржы саясатын ұтымды қолдану мен реттеу саласында мемлекеттің әлеуетін нығайту үшін уақытында қажетті шаралар қолдану елдің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады.
Осыған байланысты мемлекеттік қаржысының әлеуметтік экономикалық мәнін негіздеу мен қаржы саясатының бағыттарын айқындап отыру өзекті болып табылады.
Мемлекеттік қаржы туралы сұрақтарға мемлекеттік қаржы ұғымын күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл ұғымның авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған. Және де XIX ғасырдағы неміс экономисі Вагнердің заңы – «Өспелі мемлекеттік белсенділік заңы» жұмысында баяндалған
1. Құлпыбаев С.Қ. Ынтықбаева С.Ж. Мельников В. Қаржы. Оқу құралы. – Алматы: экономика баспасы 2010 ж.
2. Нурумов А.А., Аймурзина Б.Т. Государственные финансы: Учеб.пособие.- Астана: Изд. КазУЭФМТ, 2009.- 214с.
3. Мельников В. Д., Ли В. Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285 с.
4. Қаржы-Қаражат 5/2004, 3 бет З. Искакова «Прочность финансовой системы Казахстана и ее факторы»
5. Иванова М.А. Государственные заимствования на современном этапе.\\Финансы и кредит №14 2006 г.
6. ҚР-ның Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», «Егемен Қазақстан» 2007, 2 наурыз;
7. Қазақстан Республикасының бюджет кодексі – Алматы: Юрист, 2009ж.
8. Елубаева Ж. М., Бюджетная система Республики Казахстан: теория, практика и направления развития. – Алматы: 2004 – 346 с.
9. Ильясов К. К., Исахова П. Б. Расходы государственного бюджета. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2003. – 290 с.
10. Проблемы эффективности использования средств государственного бюджета Республики Казахстан в условиях развития рыночных отношений /Ж.А. Кулекеев, А.Ж. Султангзин, А.Б. Зейнельгабдин, А.М. Мухаметкарим; под общей редакцией д.э.н. А.С. Серикбаева – Астана: Академия государственной службы при Президенте Республики Казахстан, 2003 – 169.
11. План совместных действий Правительства Республики Казахстан,
Национального банка Республики Казахстана и Агентства Республики Казахстана по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций по стабилизации экономики и финансовой системы на 2009-2010 годы /Казахстанская правда, 15.01.09
12. Қ.Р Сатистикалық жинағы 2004ж ,Қаржы бөлімі
13. ҚР-ның мемлекеттік бюджеті\\www.minfin.kz
14. ҚР-ның республикалық бюджеті \\ www.minfin.kz
15. ҚР-ның жергілікті бюджеті \\ www.minfin.kz
16. Илиясов Қ. Қ., Құлпыбаев С. Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
17. 2007-2009 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің орта мерзімді фискады саясаты N 660 12.06.2006жылы
18. Проблемы эффективности использования средств государственного бюджета Республики Казахстан в условиях развития рыночных отношений /Ж.А. Кулекеев, А.Ж. Султангзин, А.Б. Зейнельгабдин, А.М. Мухаметкарим; под общей редакцией д.э.н. А.С. Серикбаева – Астана: Академия государственной службы при Президенте Республики Казахстан, 2003 – 178.
19. 2007-2009 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің орта мерзімді фискады саясаты N 660 12.06.2006жылы
20. Зейнельгабдин А.Б. и др. Экономический рост и расходы государства – Астана, Академия государственной службы при Президенте Республики Казахстан, 2004 – 146.
21. Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі № 1641 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмді перспективаға арналған тұжырымдамасы
22. Салық кодексі – Алматы 2009ж.
23. Бюджет тапшылығы туралы www.egemen.kz
24. Бюджет тапшылығын қаржыландыру жолдары www.google.kz;
25. Бюджет тапшылығының көрсеткіші www.khabar.kz

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың
стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық процестерді
мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық
дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру
үшін ең алдымен мемлекеттік қаржы саласында мемлекеттік басқарудың
нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет. 1990-шы жылдардың басындағы
Қазақстан экономикасын қайта құру әлеуметтік-экономикалық реформаларды
қаржыландыруға және ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге
өз қаржы қорының тапшылығымен (жетіспеуімен) сипатталды. Бұл мемлекет
қаржы жүйесінің басқаруындағы түбегейлі өзгерістерді қамтамасыз етті.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қогамдық ұдайы
өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда,
өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттің қаржылары
әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен
корғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық
қызметті атқаруға жұмсалады.
Мемлекеттік қаржының материалдық мағынасында мемлекеттік қаржылар
мемлекеттің және қоғамның тиісті мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті,
әрдайым мемлекет меншігінде болатын орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларының жиынтығын көрсетеді.
Халықаралық тәжірибе көрсеткеніндей, мемлекеттік қаржысын
ойластырылған түрде жұмылдырып, қолдану және қаржы саясатын ұтымды
қолдану мен реттеу саласында мемлекеттің әлеуетін нығайту үшін уақытында
қажетті шаралар қолдану елдің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз
етудің маңызды факторы болып табылады.
Осыған байланысты мемлекеттік қаржысының әлеуметтік экономикалық
мәнін негіздеу мен қаржы саясатының бағыттарын айқындап отыру өзекті
болып табылады.
Мемлекеттік қаржы туралы сұрақтарға мемлекеттік қаржы ұғымын
күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл ұғымның авторлығын
1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған
француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы")
алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның
"Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған. Және де XIX
ғасырдағы неміс экономисі Вагнердің заңы – Өспелі мемлекеттік
белсенділік заңы жұмысында баяндалған
Мемлекеттік қаржының мәні, оның даму зандылықтары, тауар-ақша
қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіңдегі рөлі
қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және
функцияларымен айқындалады.
Қазіргі таңда мемлекетік қаржы ұғымы - елдегі макроэкономикалық
тұрақтылықтың негізгі факторлардың бірі. Мемлекет қолданған қаржы саясаты
шешімінен Қазақстанның бюджет қабілеттілігінің, мемлекет пен оның
кәсіпорынының функцияларын ұтымды пайдалану қорытындылары, инвестициялық
климат, және отандық қаржылық нарықтың барлық сегменттерінің жағдайы
тәуелді болады. Жоғарыда айтылған себептер Қазақстанның қаржылық
нарығының барлық қатысушыларына берілген мәселенің өзектілігін
айқындайды.
Диплом жұмысымның мақсаты мен міндеттеріне келетін болсақ, бюджет
шығыстарын қалыпты деңгейде ұстап, қаржы саясатының бағытын қарастырып,
бюджет түсімдерінің жолдарын көбейтіп, бюджет тапшылығына жол бермеу.
Қойылған мақсатты жүзеге асыру төмендегі міндеттерді шешуді
көздейді:
- Мемлекеттік қаржыны ұйымдастырып оның теориялық аспектілерін ашу;
- Бюджеттік қаражаттарды пайдаланудың тиімділігін анықтаудағы стратегиялық
жоспар қажеттілігін негіздеу;
- Мемлекеттік қаржыны басқару жағдайында теориялық негіздерін зерттеу;
- Мемлекеттік қаржы саясатын тиімділігін, мемлекеттік қаржының экономикалық
дамуға ықпалын бағалаудың тәжірибеленген тәсілдерін қарастыру;
- Мемлекеттік қаржы түсімдерін талдай отырып, шығындарды азайтып,
мемлекеттік қаржының экономидағы рөлін одан әрі жоғарлату;
- Мемлекеттік қаржының стратегиялық жоспарлау арқылы Қазақстан
Республикасының дамуына ықпал ету;
- Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі ретінде оңтайлы стратегиялық
жоспар жасап, бюджеттік шығындарды қадағалау арқылы түсімдерді жоғарылату
болып табылады.
Зерттеудің предметі оның нысандарының, әдістерінің, элементтерінің
экономикалық рөлі ретіндегі мемлекеттік қаржының мехенизмі болып
табылады.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы негізінде мынандай нәтижелерге қол
жеткізілді:
- Мемлекеттік қаржының экономикалық мәні анықталған;
- Қазақстан Республикасында Мемлекеттік қаржысын жұмылдырудағы қаржы
саясаты мен қаржы механизмінің әдістері мен нысандары жүйеленген;
- Мемлекеттік бюджет кірістері құрамы мен құрылымы айқындалып талданған;
- Бюджет шығыстарының дұрыс жұмсалу бағыттарына талдау жасалып
анықталған;
- Мемлекет қаржысының экономикалық мәні теориялық тұрғыда нақтыланған;
- Мемлекет қаржысын жұмылдырудағы қаржы саясатының рөлі анықталған;
- Мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрылымы нақтыланып, талданған;
- Бюджет тапшылығын қаржыландыру жолдарын жетілдіруге байланысты
ұсыныстар жасалған.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі ретінде экономикалық ғылым
классиктерінің еңбектері, сонымен қатар қазіргі қазақстандық және
шетелдік ғалымдардың мемлекеттік қарыз әл-ахуалына талдау еңбектері,
мемлекеттік бюджет пен бюджет тапшылығын қаржыландыру жолдарымен
айналысатын халықаралық экономикалық және қаржы институттарының ғылыми-
әдістемелік басылымдары алынды.

1. Мемлекет қаржысының әлеуметтік экономикалық мәні

1.1 Мемлекет қаржысының мазмұны және құрамы.

Кез-келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының
таңдап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге,
сыртқы факторларға байланысты экономикалық қызметке қатысады. Жалпы
мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі оның мына функцияларында
көрінеді:
1) Экономикалық дамудың қалыпты барысына мүмкіндік туғызатын құқықтық
базаны анықтау;
2) Монополиялық қызметті шектеу және бәсекені қорғау;
3) Табыстар мен байлықты қайта бөлу;
4) Экономиканы тұрақтандыру;
5) Ресурстарды қайта бөлу.
Аталған функциялардың әс әрекеті тікелей немесе жанама түрде қаржы
категориясын пайдаланумен байланысты болып табылады; айтарлықтай дәрежеде
бұл байланыс мемлекеттің үшінші, төртінші және бесінші функцияларында
көрінеді.
Рыноктық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде айтарлықтай
теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет
азаматтардың табыстарын теңестіру үшін салық салудың, трансферттердің,
жалақыны реттеудің, бағалардың жүйелерін пайдаланады.
Мемлекеттің экономиканы түрақтандыру жөніндегі іс-қимылы
экономикалық конъюнктураның ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтылу және
инфляция деңгейін бақылауды, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру
жөніндегі шараларды кірістіреді.
Экономикалық ресурстарды қайта бөлу екі жағдаятта нарықтық жүйенің
жетілмегендігінен барып туады:
1) Бірқатар тауарларды өндірудің тепе-теңдік көлемінің олардың оңтайлы
көлемінен ауытқуы;
2) Ресурстарды бөлуден рыноктың бас тартуы немесе қоғамдық тауарларды,
игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен өндіру үшін оларды
жеткілікті бөлмеу.
3) Бірінші жағдаятта тауарлар мен қызметтер көрсетудің бірқатарын өндіру
немесе тұтыну бұл тауарларды тікелей өндіруші немесе тұтынушылар болып
табылмайтын субъектілерде шығын тудырады немесе пайда келтіреді. Бұл
құбылыс жанама нәтижелер немесе құйылымдар деп аталады және бұл
шаруашылық процесстердің қатысушылары емес адамдардың немесе топтардың
пайдалары немесе шығындары болып табылады.
Құйылым шығындарына айналадағы ортаның ластануымен, шудың,
тербелістердің, түрлі қолайсыздықтардың болуымен байланысты шығындар
жатады. Бұл жағдайда өндірушілер өздерінің шығындарының бір бөлігін
халыққа аударып салады және өндірушілердің шығындары азаяды. Нәтижесінде
өндірушілерде өндірістің үлкен көлемі болуы мүмкін, демек бұл тауарларды
өндіру үшін ресурстар көбейтілген көлемде түсетін болады.
Құйылым пайдаларын: білім беру, санитарлық-профилактикалық шаралар,
медициналық көмек, ауа-райын болжау, өрттен қорғау және басқа бірқатар
қызметтер көрсетулер жасайды, бұлардан пайданы, бұл игіліктерді нақты
пайдаланушылар ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғам да алады. Бұл
қызметтер көрсетуді нақты пайдаланушылар тек рыноктық сұранымды
қалыптастырады, ал құйылым пайдалары ақиқаттық мөлшерге дейін сұранымды
толықтырады және қызмет көрсетудің қажетті көлемін белгілейді. Бұл
жағдаят мұндай қызметтер көрсетуге ресурстарды бөлудің жеткіліксіздігін
сипаттайды.
Өндіріске және тиісінше белгілі бір тауарларды , игіліктерді және
қызметтер көрсетуді өндіретін, қамтамасыз ететін салаларды қаржыландыруға
сонымен бірге мемлекеттің тікелей қатысуы нұсқалары болуы мүмкін алады.
Олар қоғамдық және әлеуметтік деп аталады. Қоғамдық тауарлардың рыноктық
тауарлардан қағидалы айырмашылығы, олар бөлінбейді және шығарып тастау
қағидатының әрекетіне ұшырамайды.
Бөлінгіштік жеке сатып алушының тауарға қол жетушілігін оның тап
өзіне қажетті нақты тауарларды сатып алу мүмкіндігін қажет етеді, бұның
өзі сатып алушының егемендігін анықтайды.
Шығарып тастау қағидаты тұтынушы егер ол тауардың нарықтық бағасын
төлей алмаса немесе төлегісі келмесе осы тауардан болатын пайданы
аластатуды білдіреді.
Қоғамдық тауарлар бөлінбейді, өйткені олар жеке сатып алушыларға
бөлшектеніп сатылмайды және пайдаланушыларды әдеттегідей олардан
аластатуға болмайды, яғни бұл жерде шығарып тастау қағидаты іс-әрекет
етпейді. Рыноктық тауарлардан алынған пайда оларды сатып алу кезінде, ал
қоғамдық тауарлардан алынған пайда өндіру кезінде ажыратылады.
Елеулі сипаттағы қоғамдық тауарларға қалалар мен елді мекендердегі
абаттандыру объектілерінің құрылысы мен оларды: көше жарығын,
көгалдандыруды, тротуарларды және басқа қолайлықтарды ұстау; кеңірек
аспектіде – құқықтық тәртіпті қорғау жөніндегі қызметтер, мемлекетті
сырттан қол сұғушылықтардан қорғау, мемлекеттік басқару қызметтері
жатады[1].
Кез-келген жағдайда нарықтық жүйе не қоғамдық тауарларға ресурстарды
бөлмейді немесе оларды жеткіліксіз көлемде бөледі. Сондықтанмемлекет
қаржысының механизмі арқылы мұндай тауарларды, игіліктерді және қызметтер
көрсетуді өндіру және қоғамды олардың белгілі бір көлемімен қамтамасыз
ету туралы мемлекет шешім қабылдауы тиіс. Экономикалық ресурстарды қайта
бөлуге салық-бюджет жүйесі арқылы жетеді: салық және басқа да міндетті
төлемдер арқылы, жекеше сектор дара, рыноктық тауарларды өндіруде, ал
халық оларды тұтынуда шектелінеді. Сөйтіп ресурстардың бір бөлігі
мемлекеттік бюджетке беріліп, керекті қажеттіліктер, қоғамдық мүдделерді
қанағаттандыруды қамтамасыз етуші салалар, өндіріс қаржыландырылады.
Теориялық айқындамалар тұрғысынан қоғамдық тауарлардың оңтайлы саны
тұтынушы таңдауының теориясына, тұтынушылардың соңғы қосымша өлшемді
төлеуге жалпы әзір екендігі, яғни оның бағасы қоғамдық тауардың бұл
өлшемінің шекті шығындарымен теңестірілгенде шекті пайданың шекті
шығындарға сәйкестігі қағидаты бойынша баға мен өндіріс көлемінің
есептелуіне сәйкс анықталады.сөйтіп, экономикалық ресурстарды қайта бөлу
проблемалары саяси тұрғыдан салықтық-бюджеттік механизм арқылы шешілетін
мемлекеттің қаржы салаларының аспектісіне ауысады және қоғам дамуының бұл
кезеңінің мемлекеттік қаржылық саясаттың тиімділігі мен мақстаына
сайлығының мән-мағынасын құрайды.
Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси
функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз
ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар
экономика мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын
мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс
қимылмен байланысты.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның
кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды
мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін
қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта
бөлумен байланысты болатын ақшалай қатынастарды білдіреді.
Мемлекет (өзінің билік пен басқару органдары арқылы), бір жағынан,
жеке кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан бұл
сферадағы ақшалай қатынастардың субъектілері болып табылады.
Ішкі ұлттық өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары
көлемінің озыңқы қарқынмен өсуі мемлекеттің қаржыларына тән сипат болып
табылады. Бұл құбылыс XIX ғасырдағы неміс экономисі Вагнердің заңы –
Өспелі мемлекеттік белсенділік заңы ретінде белгілі. Бұл заңға сәйкес
өнеркәсіп саласы дамыған елдерде мемлекеттің шығындары өндіріс көлеміне
қарағанда жылдамырақ өсуі тиіс. Вагнер мемлекет белсенділігін үш
фактормен байланыстрады:
1. Экономика дамуының натижесінде экономикалық тірліктің күрделенуімен және
еңбек бөлінісінің тереңдеуімен; бұл мемлекет тарапынан тиімді және ұтымды
экономиканы, құқық тәртібін, заң қызметтерін кеңейтуді қолдаудың
қажеттігіне жеткізеді;
2. Теника мен технология дамуы капиталдың үлкен мөлшеріне қажеттілікті
қажет етеді, бұл капиталды майда фирмалардың алдында артықшылықтары бар
акционерлік компаниялар немесе мемлкеттік корпорациялар қамтамасыз ете
алады; мемлекет монополиялардың қызметін реттеу үшін техникалық шаттар
бойынша олар құрылатын өндірістерге қатысуы тиіс;
3. Көрсетілетін қызметтерден болатын пайда экономикалық бағалауға төзбейтін
білім беру және денсаулық сақтау сфераларында мемлекет белсенділікті
күшейтеді.
Сөйтіп, Вагнер заңы рыноктық шаруашылықтың белгілі бір шектеулігін
және экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеудің қажеттілігін
дәлелдейді.
Мемлекет қаржысы үшін көп дәрежеде бөлгіштік тұжырымдаманың іс-
әрекеті қолайлы. Сондықтан ол бөлу мен бақылау функцияларын орындайды.
Сонымен бірге экономиканың мемлекеттік секторында нақтылы өндіріспен
байланысты қаржылық қатынастар әрекеті жағдайларында мемлекет қаржысының
ұдайы өндірістік функциясы іс-әрекет етеді. Жалпы кеңейтілген түсінікте
бұл буын қоғамдық ұдайы өндіріске оның адамның өсіп-өнуіне, оның
материалдық, әлеуметтік, табиғи және моральдық игіліктеріне жәрдемдесу
бөлігіне жұмыс істейді. Бұл мағынада қаржыда ұдайы өндірістік функцияның
ғаламдық әрекеті және жарым-жартылай бөлгіштік туралы айтуға болады.
Алайда бөлгіштік функциядағы мемлекеттің қаржысын неғұрлым толық
сипаттау үшін мемлекеттің реттеуші іс-қимылдарының қажеттігінен
туындайтын құрамдас қосалқы функцияларды бөліп көрсеткен жөн, олар:
1. Орналастыру; 2. Қайта бөлу; 3. Тұрақтандыру.
Орналастыру қосалқы функциясы қоғамдық тауарлар, игіліктер және
қызметтер рыноктық жуйе арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін еместігінде
мемлекеттің оларды өндіру және халықты қамтамасыз ету үшін ресурстарды
бөлуі және орналастыруы қажет екендігінде көрінеді. Мәселе шектеулі
экономикалық ресурстарды жекеше және қоғамдық тауарлар арсында оңтайлы
бөлуде және олардың құрылымы мен мөлершін таңдауда болып отыр. Қоғамдық
тауарлардың ресурстары көбінесе салықтардың есебінен өалыптасатындықтан,
жекеше, рыноктық тауарларды өндірудің мүмкіндіктері шектелінеді,
оңтайландыру проблемалары фискалдық саясат үшін қиын болып көрінуі
мүмкін[2,214].
Түрлі фискалдық құралдар арасында бөлгіштік қосалқы функция
көбінесе тікелей мыналар арқылы орындалады:
1. Табысы төмен үй шаруашылықтарын қаражаттандыруды жоғары табыстарға
үдемелі салық салумен ұштастыратын салықтық-трансферттік тәсілі арқылы;
2. Баламалы түрдегі бөлініс жалдаушылардан төмен табыс болатын тұрғын үй
сықылды қоғамдық шаруашылықты қаржыландыру үшін пайдаланылатын
прогрессивті салықтар арқылы орындалуы мүмкін;
3. Ақырында қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылар пайдаланатын басқа
тауарларды қаражаттандыруды көбінесе жоғары табысты тұтынушылар сатып
алатын тауарларға салынатын салықтармен ұштастыру арқылы жетуі мүмкін.
Саясаттың баламалы құралдарын таңдауда тұтынушылардың немесе
өндірушілердің таңдауға араласуы болғанда көтерілетін толық нәтижеленетін
ысыраптар немесе тиімділік шығындары есепке алынуы тиіс.
Салықтық-трансферттік механизм арқылы қайта бөлудің жеке тұтыну
немесе өндірістік таңдауға кедергі жасамайтын артықшылығы болады. Алайда
тіпті бұл механизм де тиімділік шығындарыңыз емес, сондықтан жанжалды
теңдік пен тиімді мақсаттарды теңгеруді табу қажет. Жүргізілетін оңтайлы
саяссат мүдделердің екеуіне қолданылуы тиіс.
Тұрақтандырудың қосалқы жүйесінің іс–әрекеті сыртқы сауда мен төлем
балансының жай–күйінің нәтижелерін ескере отырып, жоғарғы жұмыспен
қамтуға, бағаны тұрақтандыру мен экономикалық өсудің қолайлы дәрежесін
қамтамасыз етуге саяды. Сонымен бірге мемлекеттік бюджеттің шығыстары
және салық салудағы өзгерістер бойынша қатаң не шектеулі шараларды
қолдана отырып, мемлекет жиынтық сұранымға ықпал жасайды. Осыған
байланысты бұл қосалқы функция қаржының ұдайы өндірістік функциясына
барып тіреледі және мемлекет жұмылдырған қаржылық ресурстарды ұлғаймалы
ұдайы өндіріске инвестициялау мақсатына бағыттау кезінде оған түрленуі
мүмкін[3,285].
Мемлекеттің қаржысы бұл буынға имманенттік түрде тән ретінде бұрын
баяндалған түсініктерді бақылау функциясын орындайды.
Мемлекет қаржысының экономикалық мазмұны бірыңғай емес: олардың
құрамында жеке оқшауланңан буындар бөлінеді, олардың әрқайсысы өзгеше
функцияларды орындайды.
Мемлкеттің қаржысы республикалық және жергілікті деңгейлерде
іс–әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік бюджеттен тыс
қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік және муниципалдық
кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын кірістіреді. Аталған буындардың
түрлі функциялық арналымының арқасында мемлкет экономикалық, әлеуметтік,
саяси үдерістердің үлкен спектріне, салалық және аумақтық проблемаларды
шешуге ықпал етеді.
Экономикалық және әлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың
деңгейіне қарай мемлекеттің қаржысы жалпымемлкеттік (республикалық) және
жергілікті (муниципалдық) қаржылар болып бөлінеді.
Функциялық арналымы бойынша мұндай сан алуан қаржылық
байланыстардың арқасында мемлекет аумақтық, сондай–ақ салалық
аспектілерде көптеген экономикалық және әлеуметтік үдерістерге ықпал
жасай алады.
Егер қаржылық қатнастарды топтастыру кезінде мемлекеттің
экономика мен әлеуметтік үдерістерге басшылық жасау деңгейіне сүйенетін
болсақ, онда Қазақстан Респпубликасындағы мемлкет қаржысының құрылымын
шамамен мынадай түрде көрсетуге болады.
Мемлекет қаржысының құрамында республикалық және жергілікті
деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік қатынастар маңызды рөл атқарады.
Бюджеттік өзара байланыстар қатынастар көмегімен мемлекеттік
құрылымдардың қарамағына қаржылық әдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың
едәуір бөлігі жұмылдырылады.

Сурет 1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысы құрылымы
Қайнар көзі: Қаржы негіздері. С.Құлпыбаев, С.Ж.Интыкбаева,
В.Д.Мельников

Түрлі деңгейдің бюджеттері ─ республикалық, жергілікті бюджеттер
тиісінше билік пен басқарудың республикалық және жергілікті органдары
үшін тірліктің қаржы базасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы аумағында жалпы функцияларды орындау үшін
республикалық бюджет қалыптастырылады. Оның ресурстары мемлекеттік
мақсатты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық
функцияларды орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен басқару органдарын
ұстауға байланысты мемлекеттңің шығыстарын қамтамасыз етуге арналған.
Бюджеттік қатынастар жуйесінде жергілікті бюджеттерге маңызды орын
беріледі. Жергілікті бюджеттер көбінесе экономикалық үдерістерді реттеу
үшін пайдаланылады, өндіргіш күштерді орналастыруға ықпал етеді,
жергілікті кәсіпорындар шығаратын өнімнің бәсекелестік қабілетін
арттыруға, аумақтық инфрақұрылымды жасауға еңбек ресурстарының ұдайы өсуі
жөніндегі шығындарды қаржыландыруға жәрдемдеседі. Жергілікті бюджеттер
әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда зор рөл атқарады.
Бюджеттен тыс қорлардың арналымы арнаулы мақсатты аударымдар мен
басқа көздер есебінен жеке нысаналы шараларды қаржыландыру. Бюджеттерде
қаражаттар иесізденеді, ал бюджеттен тыс қорлардың құқықтық мәртебесі
қаражаттарды қатаң мақсатты арналым бойынша пайдалануға мүмкіндік береді.

Қорлардың дербестігі өкілетті және атқарушы органдардың қатысуысыз
дербес басқаруды қажет етеді, мұның өзі бюджеттен тыс қорлардың
қаражаттарын неғұрлым жедел пайдалануға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік кредиттің мазмұнын құрайтын ақша қатынастары
кәсіпорындардың ұйымдар мен халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруға
және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін
билік органдарына уақытша беруге байланысты пайда болады.
Заңи және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын мемлекеттің
жұмылдыруы қаржы рыногында облигацияларды, қазынашылық міндеттемелерді
және мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа түрлерін сату арқылы жүзеге
асады. Халықаралық кредитте қарым қатынастарға шетелдік мемлекеттер,
олардың компаниялары, фирмалар сонымен қатар халықаралық және мемлекет
аралық қаржы мекемелері кіріседі.
Мемлекеттік сектордың жұмыс істеуі мемлекеттік меншіктің болуына
негізделген. Меншікті жіктеу тұрғысынан мемлекеттік заңи ұйымдардың мүлкі
және мемлекеттік қазына болып ажыратылады.
Мемлекеттік заңи тұлғалардың мүлкі заңмен бөлектелген және
мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының жұмыс істеуінің негізін
құрайды. Олардың қызметтерінің ерекшеліктері Шаруашылықты жүргізуші
субъектілердің қаржысы бөлімінде баяндалған, өйткені мемлекеттік сектор
кәсіпорындар ының өзіндік қаржы жуйесінің бұл буынының барлық
субъектілері үшін ұқсас және басқарудың біртұтас қағидаттарына бағынады.
Мемлекеттік қазына республикалық және жергілікті қазына болып
бөлінеді. Республикалық қазына мыналарды кіріктіреді:
1. Республикалық бюджеттің қаражаттары;
2. Мемлекеттің алтын валюта қаражаттары:
3. Мемлекеттік меншіктің айрықша құқығының мүлкі(жер, оның қойнауы,
өсімдік және жануарлар әлемі, басқа табиғи ресурстар);
4. Республикалық меншікке жататын оқшауландырылмаған мүлік. Мүлік иесі
талап етпеген иесіз мүлік, тәркілегнген, мұраланған құқығы бойынша
мемлекетке берілген өлген адамнан қалған мүлік (иесіз мүлік), мемлекетке
қазынаға өткізуге немесе беруге жататын көмбелер, олжалар қазыналық бола
бастайды.
Жергілікті қазына мыналарды кіріктіреді:
1. Жергілікті бюджеттің қаражаттары;
2. Коммуналдық меншікке жататын оқшауландырылмаған мүлік.
Меншікті пайдаланудың ұқсас саналуан нысандары мемлекетке икемді
және атаулы экономикалық және қаржы саясатын жүргізуге, экономикалық және
әлеуметтік үдерістерге, оларды керекті арнаға бағыттай отырып, ықпал
етудің қаржы механизмін белсенді қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен
бірге үкіметтің экономикалық функцияларын орындаудың, қоғамның өмір
сүруінің әр кезеңінде оның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың
негіздері ретінде мемлекеттің қаржысы категориясының рөлі мен маңызы
білінеді [4].

1.2 Мемлекет қаржысын жұмылдырудағы қаржы саясатының рөлі

Кез-келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен
міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін
пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржылық саясат маңызды
рөл атқарады. Оны жасап жүзеге асыру үдерісінде қоғам алдында тұрған
міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық
мүдделерге ықпал жасаудың белгілі бір құралы болып табылады.
Елдің қаржы заңнамасының негізінде қаржылық ресурстарды жұмылдыру,
бөлу және пайдалану жөніндегі мемлекеттің және басқа экономикалық
агенттердің іс-шаралары қаржылық саясат деп аталады. Ол мемлекеттің
экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың
бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржылық саясатына негізделеді.
Матералистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржылық
саясат қондырмаға жатады, ал қаржылық саясатта білінетін және өндірістік
қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде
көрінетін қаржылық қатынастар базистік болып табылады.
Қаржылық саяста қоғамның әлеуметтік-экономиалық дамуы жөніндегі
міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы
қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі
болып табылады [1].
Қаржылық саясаттың бағыттары елдің экономикалық жай-күйіне,
шешілетін әлеуметтік-экономикалық және өзге міндеттерге байланысты
болады. Экономиканың дағдарысты жағдайы бір жағынан, өндірістің
құлдырауының тоқтатылуына және өндірісті ынталандыруға(мысалы,
өндірушілерге жекелеген салық жеңілдіктері түрінде), қаржылық ресурстарды
экономиканың белгілі бір салаларына тиімді жұмсау мақсатында оларды
жұмылдыруға, ал бақа жағынан, әлеуметтік бағдарламаларды тежеуге,
қорғанысқа жұмсалатын шығыстарды қысқартуға және т.с.с. бағытталған
қаржылық саясатты алдын ала анықтайды. Тиісінше, экономика басқа жай-
күйге ауысқанда қаржылық саясаттың бағыттары да өзгеріп отырады.
Таңдап алынған қаржылық саясаттың дұрыстығы, сөзсіз, елде
қалыптасыпотырған экономикалық жағдайды сыни бағалауға, экономикалық
теорияның алтын ережесін сақтауға – болжамдар мен ұсыныстарды әзірлеу
кезінде экономикалық жағдайды объективті бағалауға байланысты болады.
Оның үстіне бұл аса маңызды, өйткенідамудың жалпы үрдісі қаржы жүйесі
арқылы, атап айтқанда, әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі
бағдарламаларға, табыстардың орташа деңгейін қолдауға, денсаулық
сақтауға, т.с.с. жұмсалатын мемлекеттің басым шығыстары арқылы ұлттық
экономиканы реттеуде мемлекеттің жоғары рөлі болып табылады.
Қаржылық саясатты жасау үдерісінде елдің алдына қойылған
міндеттердің орындалуы үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Тап
сондықтан қаржылық саясат экономика мен әлеумкттік сфераға ықпал жасаудың
белсенді тетігі болып табылады. Демек қаржылық саясат
қаржылық ресурстарды іздестірудің, шоғырландырудың және жинақтаудың және
экономикалық саясатпен жасалатын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің
міндеттерін шешеді.
Қаржы жалпы экономикалық категория ретінде абстракцияның аз дәрежесі
болатын (салықтардың, бюджеттің және,т.б.) жеке қаржылық категориялардан
тұратындықтан, дербестіктің белгілі дәрежесімен саясаттың түрлерін:
салықтық, бюджеттік, шаруашылық жүргізуші субъектілер, мемлекеттік қарыз
алу саясатын және оларға сай келетін салықтық, бюджеттік, шаруашылық
жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік- кредиттік, қаржылық жоспарлау,
қаржыны басқару, қаржылық құқықтық, сақтық механизмдерін бөлуге болады.
Осы бес бағыттың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі
құралы болып табылатын қаржы саясатын анықтайды.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді.
Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары
қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне
қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық
Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында
ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты
бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын
жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету
мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс.
Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет
қаржы саясатын іске асыруға қажетті зандардың жобаларын жасайды және
оларды қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады.
Мемлекеттің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы
болып екіге бөлінеді және олар қаржылық саясаттың құрамдас бөліктері
болып табылады [2].
Қаржы стратегиясы – экономикалық және әлеуметтік стратегиямен
анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді
қарастыратын қаржылық саясаттың ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық
үдерістер дамуының ұзақ мерзімді кезеңіне бағытталған, ал оның
шеңберіндегі күнделікті міндеттербасты стратегиялық мақсатқа жетудің
кезеңдері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржылық саясаттың
мазмұны экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық
бағыттылығымен үнемі анықталып отырады.
Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне
үлестіре отырып жасайды. Оны жасау үдерісінде қаржыны дамытудың негізгі
үдерістері болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржылық
қатынастарды ұйымдастырудың қағидаттары белгіленеді. Ұзақ мерзімді
мақсаттарды таңдап алу және қаржылық саясатта мақсатты бағдарламаларды
жасау қаржылық ресурстарды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты
бағыттарында шоғырландыруды қажет етеді.

Сурет 2. Қоғамдық-экономикалық формацияның базистік және қондырмалық
жүйесіндегі қаржы
Қайнар көзі: Қаржы негіздері. С.Құлпыбаев, С.Ж.Интыкбаева,
В.Д.Мельников

Қаржы тактикасы – қаржылық байланыстарды ұйымдастыруды дер кезінде
өзгертіп отыру, қаржылық ресурстарды қайта топтастыру арқылы қоғамды
дамытудың нақты кезеңінің мәселелрін шешуге бағытталған. Ол назарды кезек
күттірмейтін міндеттерді шешуге, пайда болған үйлесімсіздіктерді
қаржылардағы және елдің, өңірдің, саланың экономикасындағы
ауытқушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқаманы
нақтылайды. Қаржы стратегиясының біршама тұрақтылығы кезінде қаржы
тактикасы орамдылығымен ерекшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың,
әлеуметтік факторлардың және басқалардың ширақтылығымен алдын ала
анықталады [2].
Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты.
Стратегия тактикалық есептерді шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Экономика мен әлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен басты
проблемаларын анықтай отырып, тактика әдістерді өзгерту, қаржылық
байланыстарды ұйымдастырудың нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім
ішінде ысырап пен шығындарды өте аз жұмсап, қаржы стратегиясы белгіленген
міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Қаржылық саясат экономикалық қатынастардан туындайды, өйткені қоғам
қаржылық саясатты жасауда ерікті емес, ол өзінің мүмкіндіктеріне,
объективті шындықтың шарттарына сүйенеді. Қаржылық өатынастар дамуының
өзінің айрықшалықты заңдары болады. Қаржының логикасы дамуға өзара кері
ықпал жасай алады: экономиканы тездетеді немесе оған кедергі жасайды.
Мемлекеттің қаржылық саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-
әрекетін ескере отырып, қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны
жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде
қаржылық саясаттың өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін,
қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін
және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.
Мемлекеттің қаржылық саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені
ол шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын
қамтиды, олар:
1) Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізінде ұзақ және таяу
перспективаларға арналған қаржының ғылыми негізделген тұжырымдамасын
жасау;
2) Экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей
отырып, қаржылық саясаттың стратегиялық және тактикалық шараларын
тұжырымдау;
3) Қойылған мақсаттарға жету үшін белгіленген практикалық іс-қимылдарды
қаржылық механизм арқылы жүзеге асыру.
Осы негізгі үш буынның бірлігі мемлекеттің қаржылық саясатының
мазмұнын анықтайды. Егер бұл буындардың ең болмағанда бірі жоқ болса,
онда қаржылық саясат қазіргі жағдайларды қанағаттандыра алмайды.
Қазақстан жағдайларындағы қаржылық саясаттың мақсаты іс-шаралар
әзірлеу және оларды индустриалдық-инновациялық дамудың ұлттық
шаруашылықтың құрылымын қайта құрудың негізінде экономикасын әлемдік
шаруашылыққа ұтымды біріктіру жолымен сырқы экономикалық өсуді қамтамасыз
ету, әлеуметтік бағдарламаларды үздіксіз және ұлғаймалы қаржыландыру
жөніндегі қаржылық механизм арқылы іске асыру болып табылады. Бұл ретте
қаржылық саясаи пен қаржылық механизм рыноктық үдерістерде инфляциядан,
жұмыссыздықтан, табыстарынан айырылудан халықты әлеуметтік
қорғаудықамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстан Республикасында тиісті қаржылық саясаииы және оны жүзеге
асыру механизмін жасау мен айтылған бағыттарды кіріктіретін рыноктық
реформаларды тереңдету жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру
жалғастырылуда.
Қазіргі кезеңде қаржылық саясаттың көмегімен шешілетін басты
міндеттердің қатарына мыналар жатқызуға болады:
а) елдің дамуынынң әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктерінегізінде
қаржылық ресурстардың неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың
жағдайларын қамтамасыз ету;
б) қаржылық ресурстарды қоғамдық өндірістің сфералары арасында,
ұлттық шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану,
ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау.
с) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті
қаржылық механизмді жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.
Қаржылық саясатты жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың
маңызы зор: қолда бар нақты қаржылық ресурстарды негіздей отырып,
бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық
қатысушыларының әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін
сақтау;
- қаржылық қатнастардың жоспарлы жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз
ету;
- қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен
шығыстардың теңгерімділігі;
- қаржылық резервтерді жасау;
- мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында қаржылық
ресурстарды оңтайлы бөлу.
Қаржылық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға
мыналарды жатқызуға болады:
- объективті экономикалық заңдардың іс-әректін есепке алу;
- нақты тарихи жағдайларды есепке алу;
- өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені
есепке алу.
Ғылыми тәсілдеме мыналарды талап етеді:
1. Қаржылық саясаттың өндірістің объективті заңдылық дамуына сәйкестігі,
сондықтан сенімді ақпараттың болуының маңызы зор. Ақпарат тиімді
қаржылық саясаты жасаудың базасын құрайды. Кері байланыс қағидаттарын
сақтаудың қажеттігі – қаржылық саясаттың дұрыстығының негізі.
2. Шешімдер есеп-қисаптардың және жүргізілетін іс-шаралардың салдарынан
анық көруге білудің негізінде қабылдануы тиіс.
3. Маңызды талап қаржылық саясатты жасап, жүргізуге кешенді тәсілдемені
сақтау болып табылады. Үйлестіру негізгі міндеттерді шешуге бағытталуы
тиіс. Қазіогі жағдайда қаржылық саясаттың негізгі бағыттары мыналар
болып табылады:
1) Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасында рыноктық
қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;
2) Дағдарысты жай-күйді жою және қаржы жүйесін сауықтыру;
3) Халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу.
Экономикалық дағдарыстан шығу және одан ары серпінді даму
мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Қаржылық
саясаттың басты субъектісі Мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ
перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын
әзірлейді және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және
оған жетудің жолдарын анықтайды. Жалпы экономикалық саясат сияқты
қаржылық саясатты мемлекет экономикалық заңдардың - қоғамның экономикалық
өмірінде мәнді, тұрақты қайталанып отыратын, объективті байланыстар мен
өзара тәуелді құбылыстардың және үдерістердің талаптарын негіздей отырып
жасайды [6,95].
Қаржылық саясаттың жалпы бағыты экономикалық тиімділікті арттыруға
бағдарлануы және мақсатты қаржылық ресурстардың көлемін және пайдалану
тиімділігін өсіру болуы тиіс. Қаржылық қайтарым көрсеткішінің өсуі
қаржылық саясаттың әсерлігін куәландырады. Әрбір нақтылы жағдайда бөтен
тәжірибені көшіру пәрменді нәтиже бере бермейтіндіктен, қаржылық саясатты
әзірлегенде тәжірибені ескеру және бұл жағдай үшін нақтылы жағдайларды
пайдалану қажет.
Рыноктық экономика жағдайында ұзақ мерзімді ғылыми қаржы
болжамдарына негізделген және қаржы реттеуіштерінің жүйесіне сүйеніп
әрекет ететін тиісті қаржылық саясат материалдық-заттай, ақша ағындарының
күнделікті әрі перстпективалық тепе-теңдігіне жетудің, соның негізінде
қоғамның үдемелі экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізгі өркениетті
әдісі болып табылады. Ол бірінші кезектегі міндеттерді - мемлекеттік
бюджеттің тапшылығын азайту, ішкі және сыртқы борышты қысқарту, қаржы
рыногын дамыту, қолданыстағы салық жүйесін жетілдіру, инфляцияның
қарқынын төмендету және т.б. шешу үшін пайдаланылады. Сонымен бірге
қаржылық реттеуіштердің жүйесімен айла-шарғы жасау арқылы белгілі бір
түрде мемлекет пайдаланатын қаржы айналымында жүрген нақты ресурстар
тиісті қаржылық саясатқа жетудің негізгі құралдары бола бастайды.
Қаржылық саясатты нақты тарихи жағдайларға байланыстыра отырып жасау
қажет. Олар қоғам дамуының әрбір кезеңінің өзгешелігін, ішкі сол сияқты
халықаралық жағдайдың да ерекшеліктерін, мемлекеттің нақты экономикалық
және қаржылық мүмкіндіктерін ескеруі тиіс. Бұл маңызды талапты сақтамау
бюджет тапшылығының, мемлекеттік борыштың пайда болып, көбеюіне,
инфляциялық үдерістерге ұрындырады.
Кезең ерекшелігін есепке алу оның алдыңғы шаруашылық және қаржылық
құрылысының тәжірибесін, жаңа үрдістер мен прогрессивті құбылстарды,
дүниежүзілік тәжірибені мұқият зерделеуді де қажет етеді. Ағымдағы
кезеңнің ерекшеліктерін, экономикалық дамудың толғағы жеткен
қажеттіктерін есепке алу негізінде қаржылық саясатты дер кезінде өзгертіп
отыру алдыда тұрған мәселелерді неғұрлым қысқа уақытта және ең аз
шығындармен шешуге мүмкіндік береді.
Қаржылық саясат қаржылық ресурстарды шоғырландыруға және зәру мен
міндеттерді шешуге бағытталған, мемлкеттің тап осы қоғамдық өндіріске
ықпал етуіне мүмкіндік жасайды. Экономика мен қоғамның әлеуметтік дамуына
қаржылық саясаттың ықпал жасауы қаржылық саясаттың ғылыми негізделген
теориясы негізінде жүзеге асуын талап етеді. Тек ғылыми көзқарас,
саясатты анықтайтын барлық факторларды біліп, зерделеу оның салыстырмалы
дербестігінің объективті экономикалық қатынастар тәуелдігіне ұласпауының
кепілі. Экономикалық дамудың тәжірибесі қаржылық саясаттың экономикадан
қол үзуінің қатаң экономикалық қиыншылықтарға ұрындыратын, қоғамдық
дамудың міндеттерін іске асыруды сөзсіз тоқтататынын дәлелдейді.
Қаржылық саясат ғылыми зерттемелерге негізделсе және ғылыми
тәсілдеме қаржылық саясаттың нақтылы қаржылық қатынастардан
үзілмейтіндігіне қызмет етсе онда қаржылық саясат прогрессивті болуы
мүмкін [5].
Қаржылық саясатты жасаған кезде оның бірнеше нұсқалары дайындалады.
Олардың барлығы сараптық бағалаудан өткізіледі, неғұрлым оңтайлы нұсқасы
Үкіметке жіберіледі. Көп нұсқалы жоба математикалық модельдеу мен
жобалауды пайдалануды талап етеді. Мұнымен бірге үнемі өсіп отыратын
қаржылық ресурстардың босалқы қорын жасау қажет, сондай-ақ мемлекеттің
шаруашылық жүргізуші субъектілерінің табыстарын алудың неғұрлым оңтайлы
үлестерін анықтау қажет. Қаржылық саясатты жасаған кезде қаржылық
ресурстарды бөлуге және оларды негізгі бағыттарға шоғырландыруға үлкен
маңыз беріледі. Елдің қаржылық жағдайы бірқатар көрсеткіштермен
сипатталады:
1) жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс;
2) инвестициялаудың ауқымы;
3) негізгі капиталдарды жаңартудың қарқындары;
4) еңбек өнімділігінің өсуі;
5) халықтың тұрмыс деңгейі;
6) мемлекеттік бюджеттің тапшылығы.
Соңғы жылдары Қазақстанның қаржы жүйесі мемлекет бюджетіне
төленбеген төлемдерден сипатталады. Жүйелі төлем қабілетсіздігінің
салдарынан мемлекеттік борышты арттыруға тура келеді.
Тұрақтандырудың қаржылық саясаты өзіне мына міндеттерді кірістіреді:
1) инфляцияны тоқтату;
2) бюджет тапшылығының ІЖӨ-нің 2%-на дейін төмендету;
3) мемлекеттік борышты ІЖӨ-нің 48%-на дейін жеткізу.
Қаржылық саясатқа ақшалай-кредиттік саясат қосылады. Қаржылық саясат
жетістіктерінің бңрң – Ұлттық банк кредиттерін беру (эмиссия) жолымен
мемлекттік борышты жабудан заңнамалық түрде бас тарту.
Қаржылық тұрақтандырудың міндеттеріне мыналар кіреді:
1) тұрақты бағалар (инфляция нөлге жуық). Алайда инфляция жылына шамамен
1,8%- ға тең болатын дамыған елдерде де болады;
2) бюджет тапшылығы ІЖӨ-нің 2-3%-нан аспайды;
3) мемлекеттік борыш аз соманы құрауы тиіс және тек ІЖӨ-нің өсуімен өсуі
тиіс.
Қаржылық саясатқа қойылатын маңызды талап қаржылық саясатты
жүргізгенде, яғни дамудың белгілі бір кезеңінің негізгі міндеттерін
орындауға шаралар бағыттау жолымен қаржы жүйесінің барлық буындарына
жүргізілетін шараларды келіскенде кешенді көзқарасты сақтау, сондай-ақ
экономикалық саясаттың құрамды бөліктері арасында қаржы, кредит, баға
белгілеу, жалақы салалары саясатында тығыз өзара байланысты қамтамасыз
ету болып табылады.
Қаржылық саясат – шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық
саясатын, қаржы рыногының, сақтандырудың саясатын қоса алғандағы
саясаттың жалпы бағыты.
Қаржылық саясат мемлекет қызметінің салық салу және экономикаға
ықпал ету мақсатымен мемлкет шығыстарының құрылымын реттеу саласындағы
екі өзара байланысты бағыттарынан тұрады. Қаржылық саясаттан фискалдық
саясат - яғни мемлекеттің салықтық-бюджеттік саясаты бөліп көрсетіледі.
Мемлекеттің салықтық-бюджеттік саясатының және экономикалық
үдерістерде оны іске асыру механизмінің кешенді ұғымы деп түсінілетін
фискалдық саясат термині батыс теориялық тұжырымдамалары мен
практикасын алып пайдаланған.
Фискалдық саясат ең маңыздысы мемлкеттік бюджет болып табылатын
орталықтандырылған мемлкеттік қорларды толықтырумен байланысты. Фискалдық
саясат салық төлемдерін алу, қоғамдық тауарларды өндіру кезінде
ресурстарды орналастыру, оларды бөлу, ақша қаражаттарының трансферттік
ағындарының қозғалысы жөніндегі бөлу және қайта бөлу әрекеттерін, үкімет
пен жергіліктіоргандардың экономикалық және әлеуметтік сфераларда қаржыны
пайдалану жөніндегі басқа іс-қимылдарын қамтиды.
Фискалдық саясат дискредициялық саясат ретінде, яғни ұлттық
өндірістің нақтылы көлемін, жұмыспен қамтылуды (жұмыстылықты) өзгерту,
инфляцияны бақылау, экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің
салықтарымен және шығыстарымен саналы айла-шарғы жасау ретінде
жүргізіледі. Экономикалық циклдің сипатына қарай ынталандырушы немесе
тежеуші фискалдық саясат жүргізілуі мүмкін.
Икемсіз (дискредициялық емес) фискалдық саясат экономикалық циклдің
түрлі фазаларындағы — өрлеу немесе құлдырау фазаларындағы ұлттық өнім
келеміне теңбетең түрде мемлекет шығындарының және салық алудың түрленуі
ұғынылатын автоматты немесе "кіріктірме тұрақтандырғыштың" ("кіріктірме
тұрақтылықтың") іс-әрекетін қажет етеді.
Мемлекеттiң қаржылық саясатының қазіргі кездегі ерекшелігі. Қазiргi
кездегi мемлекеттер өздерiнiң функцияларының көпшiлiгiн экономикалық
саясатын және оның негiзгi бөлiгi болып табылатын - қаржылық саясатын
қалыптастыру арқылы жүзеге асырады.
Мемлекеттiң қаржылық саясаты - бюджеттiк-салықтық және басқа да
құралдардың және мемлекеттегi заңдарға сәйкес, мемлекеттiң қаржылық
ресурстарын қалыптастыру, бөлу, пайдалануды ұйымдастыруға байланысты
өкiлеттiлiктердi иеленген, мемлекеттiк қаржылық билiк институттарының
жиынтығынан тұратын, мемлекеттiң экономикалық саясатының құрамдас бөлiгi
болып табылады.
Қаржылық саясат - экономикалық саясаттың бөлiгi болып табылатындығы,
сондықтан оның мақсаты белгiлi бағыты бар. Қаржылық құралдың қай -
қайсысын алсақ та, олардың экономикалық саясаттың мақсатымен және
әлеуметтiк бағытымен байланысы бар.
Мемлекет өзiнiң қаржылық саясатын қызметi арқылы, яғни қаржылық
қызмет арқылы, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша
қорларының көмегiмен жүзеге асырады.
Соныменен, мемлекеттiң қаржылық қызметi дегенiмiз – оның қалыпты
өмiр сүруiн, дамуын қамтамасыз етуге байланысты соған өкiлеттiлiгi бар
мемлекеттiк органдардың мемлекеттiң орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған ақша - қаражат қорларын қалыптастыру, бөлу,
пайдалануды ұйымдастыруы жөнiндегi әрекеттерi.
Мемлекеттiң ақша-қорларын қалыптастыруға байланысты және сол
қорлардан шығыстарды дұрыс жүзеге асыру үшiн, мемлекет алдыменен өзiнiң
әрекеттерiн жоспарлап алуы керек, ол кiрiстердiң мүмкiн деген көздерiнiң
барлығын анықтап алу қажет.
Қазіргі Қазақстан экономикасының даму кезеңін жетілдіру мемлекеттік
экономикалық саясаттың құрылуына жаңа шарттар туғызады. Экономиканың
жаһандыру шартарында даму стратегиялардың экономикалық механизмдерін
таңдаудың жан-жақтылығы жоғарлайды. Ұзақ мерзімді экономикалық саясаттың
мақсаты - тұрақты экономикалық өсімге тиісті шаралар жасау болып
табылады. Бұл мақсаттың орындалуы халықтың әл-ауқатын көтеріп, әлеуметтік
мәселелерді шешуге болады.
Республиканың қазіргі кезде экономикалық дамуының алғышарттары
ретінде тұрақты өсім мен орнықтылықпен сипатталады. Соңғы жылдардың
макроэкономикалық параметрлері елдің ЖІӨ динамикасын, шикізат
өндірісінің, инвестициялық потенциалдың өсуі мемлекеттің өсімді дамуына
куә. Әлеуметтік-экономикалық программаларды қаржыландыру бюджетте
ресурстардың аздығынан мүмкінсіз болып, сыртқы және ішкі нарықтарды
қаражаттарды тарту қажеттігін тудырды. Алайда мемлекеттік заемдарды тарту
негіздері ретке келтірмегендіктен заемдық ресурстар жүйесіз қолданылып,
тек ағымдағы шығыстарды қаржыландыруға және мемлекеттік борыштың қайта
қаржыландыруы оның қызмет көрсету мәселесін нашарлатты.
Қазақстанның экономикасының қазіргі даму кезеңінде мемлекеттік
бағалы қағаздар нарығы қаржылық нарықтың ең дамыған және ірі бөлігі
болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы экономиканы мемлекеттік реттеу
инструменті, бюджет саясатын іске асырудағы және халықаралық қаржылық
инвесторлар мен шетел инвесторларына бағдар ретінде аса маңызды
макроэкономикалық көрсеткіш.
Алайда аталған қаржылық нарық сегментіның жұмыс істеуі бірқатар
мәселелермен байланысты. Мемлекеттік борыш динамикасының анализі
көрсеткендей, нарықтың дамуы көбіне мемлекеттік заем саясатына, бюджет
тапшылығы көлеміне тәуелді. Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы
тапшылықты, мемлекеттік борыштың қайта қаржыландыруы мен ағымдағы
шығындарды қаржыландыруы иннфляциясыз жабуына бағытталған. Бұл
экономиканың нақты секторына өз қаражаттардың жетіспеуін толтыру
мақсатында, заемдық ресурстардың қолданылу бағыттарын және жаңа қаржылық
инструменттердің дамуына заңнамалық базаны жетілдіріп, өнеркәсіптің
модернизациясына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика туралы
«Қаржы жүйесі,құрылымы және оның бағыттарының өзара байланысы»
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі жайлы мәлімет
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі туралы
Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары
Нарықтық экономикадағы қаржы жүйесі
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметі
Экономикадағы қаржы жүйесінің рөлі
Қаржы жүйесі
Қаржы жүйесінің әлемдік тәжірибесі
Пәндер